ПАРНИКТІ ЭФФЕКТ (ЖЫЛУ ЭФФЕКТІ)

«Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

Климаттың ғаламдық жылуы — биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.

Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.»\1\

«Қазақстандық зауыттар ауаға көмірқышқыл газын шығаруды азайтуға бағытталған талаптарды орындай алмайды.Қазақстан Электр Энергетикалық Қауымдастығының төрағасы Шаймерден Оразалинов: Елімізде кәсіпорындардың 80 % көмірмен жұмыс істейді. Қоршаған ортаны ластағаны үшін мемлекетке айыппұл төлейді. Оның ойы бойынша айыппұл мөлшерін төмендететін арнайы квота беру тәртібін жеңілдету керек.Әйтпесе кәсіпорындар жұмысын кемінде 2 айға тоқтатуға мәжбүр болады. Салдарынан тұрғындар жылусыз қалуы мүмкін. Ал ауаға зиянды газдарды шығаруды азайтуды баламалы қуат көздері энергия үнемдеу бағдарламалар аясында кезең-кезеңмен жүзеге асыру қажет. Қоршаған ортаны қорғау минстрлігі келер жылдан бастап өндіріс орыдарына парникті газ шығындыларын 2 % төмендетуге бағытталған ұлттық жоспар әзірледі. Бұл кәсіпорындар үшін тиімсіз. Қазір өндіріс орындары жыл сайын сағатына 90 миллиард киловат энергия өндірсе, бұл көрсеткіш 2030 жылы 60 % өседі. Сондықтан оларға квотаны беру жолдарын оңтайландыру қажет. Әйтпесе өндіріс орындары дағдарысқа ұшырайды.»\2\

Жаһандық жылынудың қоршаған ортаға оң әсеріне қарағанда теріс әсері жоғары екені атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мұздардың еруі, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастауынан-ақ білінеді. Жаһандық жылынуға әсер етуші антропогендік және табиғи фактор үлкен рөл атқарады. Антропогендік фактор әсерінен жылыну болып жатыр. Ауа-райының күнделікті өзгерісі адамдардың қолдан жасап отырған зиянды технологияларының атмосфераға әсерінен анықталады. Адамдардың алға жылжығаны сонша жаңа технологияларды өздеріне бағындырып жатыр. Бірақ онысымен қоймай өздеріне ең басты қажеттіліктерді өз қолымен құртып ластауда.

Бұл әлемдік проблеманы шешудің бірнеше жолдарын қарастыруға болады:

  • Көгалдандыру жұмыстарын барынша жиі өткізу керек
  • Өндіріс орындарынан шығатын улы газдарды тежеу үшін, жаңа технология мүмкіндіктерін барынша пайдалану керек
  • Автомобиль көліктерінің санын азайту керек

Пайдаланылған сілтемелер:

1 http://martebe.kz/galamdik_problemalar/

2 https://www.youtube.com/watch?v=VRSdK2cSbMA

Құрастырған: Әбдіхалық Ермахан

Яндекс.Метрика