ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ

Мазмұны

Кіріспе

  1. Экономикалық дамудың обьективті шарттары мен мәселелері. Экономикалық ресурстар және өндірістің орны.
  2. Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану. Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы
  3. Материалдық және материалдық емес өндірістің ұқсастығы мен айырмашылығы
  4. Өндіріс және ұлғаймалы ұдайы өндіріс

Қорытынды

Кіріспе

 Материалдық игіліктерді жасап шығаратын процесс өндіріс деп аталады. Өнім өндірісінде адам табиғат объектеріне әсер етеді, оларға өзінің материалдық қажеттерін қанағаттандыратындай форма береді. Айтқандай, өндіріс дегеніміз тікелей тұтыну үшін, немесе, өндірісті әрі қарай жүргізу үшін, табиғат заттарын өндеу болып табылады. Өндірістің осы қызметі онын әлеуметтік формасы қандай болмасын сақталады. Игіліктерді дайындауға қатысатын факторларды аныктап білу маңызды мәселе болып табылады. Экономмкалық теорияда өндірістін, мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элементті, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланатын осындай факторлар өте коп болады. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады. Сондықтан оларды біріктіріп, топтастыру қажет. Факторларды бөліп, топтастырудың көптеген әдістері бар./1

  1. Экономикалық дамудың обьективті шарттары мен мәселелері. Экономикалық ресурстар және өндірістің орны.

Экономикалық даму — бұл өзіне сандық және сапалық өсуді біріктіретін экономикалық, әлеуметтік, саяси және өзге де факторлардың тұтастай кешенінің өзара байла­нысты әрекеті. Қазіргі экономика ХІХ ғасырдың соңын­дағы экономикадан өзгешеленіп көрінеді, өйткені меншік қатынастарында, ұлттық табысты бөлуде маңызды өзгеріс­тер болды, әлеуметтік қорғау саясаты мен ұлттық эконо­миканы мемлекеттік реттеу  саясаты пайда болды және қалыптасты.

Экономикалық теория адамдардың мінез-құлқын зерттеп үйрене отырып, өзінің еңбегінің арқасында адам қоғамдық тіршілік иесі деген анықтама берді. Еңбек саналы түрде сезінетін және мақсатты бағытталған қызмет ретінде барлық жануарлар әлемінен бөлектеп, оған сана берді және оның өмірінің қоғамдық сипатын анықтады. Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адамның бір мезгілде өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналатынынан шығарды. Ол тек қана байлықты жасап қоймайды, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін анықтайды және оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді.

«Адам факторы» термині мен ғылыми түсінігі, экономикалық теорияға өте ертеде енген сияқты, содан бері оның  әлі нақты анықтамасы жоқ. Оның себебі мынада сияқты: ешкім де күрделі қоғамдық қатынасты зерттеп-үйренумен айналысқан жоқ. Дегенмен, адам — қоғамның басты өндіргіш күші деген марксистік тезиспен барлық экономикалық мектептің өкілдері: классиктер, неоклас­сиктер, кейсиандықтар, монетаристер, институционал­шыл­дықтар және т.б. келіседі.  Тура осы адам ғана өндірістің заттық факторларын жандандырады: капитал мен жер өндіріс технологиясының өте күрделі жүйесін құрады, өзі және қоғамға қажеттінің барлығын өзі өндіреді. Адам — өндірістің басында тұр, ол өндірісті мақсатқа жұмыл­дырушы болып саналады, сол сияқты кез келген өндірістің мақсаты етінде оның соңында тұр. Демек, адам капиталы капиталдың өзге түрлерімен қатар экономикалық теория­ның басты, негізгі категориясы ретінде  қаралады. Соны­мен, адам капиталы — экономикалық қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектісі ретінде адамның тануы және негіздеуі. Философиялық және әлеуметтік түсінік тұрғысынан адам капиталы адам өмірінің барлық аспектілерін қамтиды, өндірістің барлық факторларымен қосылады және оларды  іс-қимылға келтіре отырып, оларға үстемдік етеді. Адам капиталының аспектісі: білім беру, денсаулықты дамыту, ақпараттар алу, жұмыс күші миграциясы шығындарынан тұрады, осылар­дың барлығы қоғамдағы еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі. Адам өндіргіш күштердің тірі тартушысы ретінде көптеген қасиеттермен сапаларға ие, яғни алуан трлі қажеттіліктер мен қабілеттердің жиынтығына ие. Адамның өндіргіш күштерінің құрылымында екі қасиет бар: жұмыс күші немесе еңбекке деген қабілет және тұтыну күші (қасиеті) немесе еңбекті тұтыну қабілеті. Мұнан шығатын қорытынды еңбек — жұмыс күшінің қызметі, ал тұтыну — адамның тұтыну күшінің қызметі./2/

Сондықтанда, еңбекке деген қабілеті, сол сияқты тұтынуға деген оның қабілеті ретінде адамның қалыптасуы мен даму әдістерін оқып-үйрену қажет. Мұндай қажеттілік, қоғамдық өндірісті дамытудағы адам ролін сипаттау кезінде туындайды, қазіргі экономика ғылымы: «экономи­калық адам», «өндірістегі жеке факторы», «басты өндіргіш күш», «адам капиталы» және т.б. түсініктер мен анықтама­лардың тұтастай арсеналын пайдаланады.

Экономикалық категориялардың ішінен, адам фак­торы сияқты сан қырлы анықтама мен атауларды сонша­лықты кездестіру мүмкін емес. Мұндай категория жоқ деп айтса да болады. Бұл мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: адам капиталы теориясы түсінігі — экономикалық салымдар объектісі және пайда әкелуші экономикалық қызмет объектісі ретінде адамның негіздеуі мен тануы. Дегенмен, өндіріс құралдарына жеке меншік пен адам факторына пайдалар мен инвестицияларды сіңіру нарықтық форма­лары кезінде, біліктілікті өсіру, жұмысшы денсаулығы, оның миграциясы ешқандай назар аударусыз қалды. Тек соңғы 40-50 жылда әлемдік экономиканың дамуымен, дамыған елдерде әлеуметтік проблемаларды шешумен, адам капиталы проблемалары пайда болды.

 Адам капиталына инвестиция — бұл өмір жағдайын жақсартатын,жеке адамның біліктілігін арттыратын, шығаратын тауарлардың сапасын жақсартуға ықпал ететін кез келген әрекет. Өндіріс үшін станоктар мен құрал-жабдықтар сатып алушы кәсіпкерлердің шығындары, сондай-ақ кімнің болсын арттыруға ықпал ететін шығындарды еңбекке инвестиция ретінде қарауға болады. Бұл ағымдық шығыстар немесе шығындар, болашақта бұл шығындар өсіп отыратын кірістермен көп қайтара өтелуі және адамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру үшін, сондай есеппен жүзеге асырылады./3/

Жұмысшыларды оқыту инвестициясын  жабдықтар­ды сатып алуға жұмсалған инвестициялармен салыстыру таң қаларлық, тіпті мағынасыз болуы мүмкін. Дегенмен, нақ­тысында екі шешім де бір-біріне өте ұқсас. Универси­теттегі білім беруге жұмсалған инвестициялардан алына­тын экономикалық қайтарымсыз оның кластасы жоғары оқу орнынан түсу мүмкіндігінен айрылған, түлек пен кәсіпкер алатын қосымша табыс ретінде қаралуы қажет. Қосымша білім алуға инвестициялар сондай-ақ білімнің 7-8 жыл ішінде ескіріп қалатындығынан, ал бұл кезеңде адам білімінің көлемі екі еселенетіндіктен қажет болады. Сөйтіп, білім беру қоры көлемінің 6-7%-ы соған жұмсалатын, екінші мамандық алу, біліктілікті көтеру, қайта даярлық қоғамдық өндіріс өсуінің объективті қажеттілігі болып саналады.

Дамыған нарықтық елдерде соңғы 30-40 жылда адам капиталына құйылатын инвестициялар өндірістің мате­риал­дық-заттық факторларына қарағанда маңызды түрде тез өсуі туралы мәліметтер «адам капиталы» маңызын растау болып саналады. Мәселен, АҚШ-та білім факторы ұлттық табыстың 14%-ын береді.

          Тұтастай алғанда адам капиталына берілетін инвес­тициялардың төрт түрі болады:

  • Білім беруге жұмсалатын шығындар жұмыс күшін құрайды, олар, неғұрлым білікті және неғұрлым өнімді бола түседі
  • Денсаулық сақтауға, аурулардың алдын алуға, медициналық қызмет көрсетуге, диеталық тамақтануға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған шығындар — осылардың барлығы өмір сүру мерзімін ұзартады, жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігін арттырады.
  • Соның арқасында жұмысшылар өндірісі шектеулі орындардан неғұрлым өндірісі жоғары дамыған жерлерге қоныс аудару ұтырлығына жұмсалатын шығындар еңбек өнімділігінің өсуіне әкеледі және инвестицияны ақтайды. Білім беру сияқты географиялық миграция алдағы уақытта олардың еңбек қызметі мен нарықтық құнының өсуінен пайда алуға жағдай туғызады.
  • Адам капиталы теориясына сәйкес еңбек өнімділігі мен соған сәйкес еңбек қызметінің (еңбек ақы) нарықтық құны маңызды дәрежеде, жеке адам немесе оның отбасы және жалдаушы білім беруді, денсаулық сақтауды және жұмыс орнын көбейтуді қажет деп санайтындығымен анықталады.
  • Экономикалық өмірді ғылыми талдау кезінде, адамның жеке басының алуандылығын, оның жеке даралығын, алуан түрлі экономикалық  себептерін және мінез-құлқын ескере отырып, одан моделі пайдаланылады, ол жеке адамды, экономикалық белсенділік мотивтерін, оның мақсаттарын сипаттайтын параметрлер негізінде құрылған.

Экономикалық ғылым адам моделін жасай отырып, адам болмысының көптеген белгілерімен сапаларын абстрак­циялайды. Адамның жеке басының осы алуан­ түр­лілігі, экономкалық ғылымға шаруашылық өміріне теория­лық талдау жасау кезінде ақтылы адамдар белгілеріне сүйенуге мүмкіндік бермейді, өйткені олардың жеке басының мінездемелері тым күрделі, қарама-қайшылықты және бетімен жіберілген болып саналады.

Экономикалық теория адам моделін зерттеу инс­тру­менті ретінде немесе соның негізінде зерттеуші-теоре­тик­тер өзінің сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, пайдаларды бөлу, тұтынушылардың мінез-құлықтары сияқты теория­ларын жасайтын белгілі бір теориялық алғышарт ретінде қарайды /4/

Экономикалық теорияда ең алғашқы мектеп — меркантелизм. Меркантелистердің негізгі идеясы, қоғамның басты байлығы — ақша, ал байлық көзі — айналым деп түсіндірген. Мемлекет, олардың түсінігінше өз азаматтарының баюына мақсатты және белсенді түрде экономикалық саясат арқылы көмектесу керек.

Экономикалық теория дамуының екінші кезеңі — классикалық саяси экономия. Ол физиократтар және Адам Смит пен Да- вид Рикардоның нарық мектебіне болінеді. Меркантелистерге қарағанда, физиократтар қогам баюының негізгі көзі — өндіріс, айналым емес дейді. Олар өндірісті кең түрде қарастырмай, ауыл шаруашылығы көлемінде қарастырады.

Экономикалық теорияның келесі даму кезеңінде А.Смит пен Д.Рикардо зерттеу ортасын жалпы өндіріске бағыттап, ал ауыл шаруашылығын оның бір саласы ретінде қарастырды. Олар классикалық анықтаманы, қоғам баюының өсуінің алғашқы шарты ретінде еркін жэне бәсекелестік нарықтық экономика деп түсіндірді.

Экономикалық теорияның тарихи даму барысында идеологияландыру проблемасы болды. Меркантилистер сатып алушылардың мұддесін қорғаса, классиктер — капиталистердің мүддесін қорғаған. Экономикалық теорияның идеолоғияландыруын кең тарат қан марксистер. Олар теориялық ашық түрде жүмысшы табының мүдделерін қорғауға бағытталған. Сондықтан эко- номикалық ілім оны пролетарлық саяси экономия деп атаған. Ол теорияның негізгі постулаты — барлық экономикалық өндіріс қүралдарына қоғамдық меншік жэне еңбектенушілер мүддесі негізінде орталықтанған жоспарлы басқарылу.

Экономикалық ғылымның қазіргі мектебінің екі бағыты бар:

  • Неоклассикалық
  • Кейнсиандық.

Олардың дискуссиясының негізгі мәселесі — мемлекеттің экономикалық рөлі болды. Неоклассикалық бағытты қолдау шылар, экономикалық даму тиімді болу үшін мемлекеттің арала- суы шектеулі болуы қажет деп түжырымдайды. Ал, керісінше экономиканың проғрессивті дамуы үшін мемлекеттің бақылауы макрореттеу эдістері арқылы жүзеге асуы керек деп түжырымдайды.

Экономикалық теорияның негізі — адамдардың шектеулі ресурстар элеміндегі экономикалық тэртібін, материалдық игілік пен қызметті өндіріс, болу, айырбас жэне тұтыну кезіндегі  экономикалық қатынас жүйесін қоғам дамуының барлық сатысын зерттеп, оқыту болып табылады. Саяси экономия  т а п тық ғылым. Ол белгілі бір таптың экономикалық қатынасын, мүдделерін зерттейді. «Экономикс» түсінігі экономика ғылы мында «экономикалық теория» түсінігіне жақын, бірақ ол ғылым нарықтық шаруашылықты, яғни нарық жүйесінің объектілерін зерттейді. /5/

Экономиканың дамуында  нормативті жэне позитивті эдістер қолданылады. Позитивті немесе дискриптивті экономика объективті немесе ғылыми экономика қызметін іздейді. Ол қазіргі уақытта бар немесе болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы: егер мемлекет бір тауарға салықты өсірсе, тауар бағасы өседі. Нормативті экономика субъективті негізделген жеке бағалау эсерін ұсынады. Ол болашақта болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы, бір экономист бюджетті толтыру үшін салықты өсіру қажет дейді. Бірақ салықтың өсуі, кәсіпкер стимулының төмендеуіне экеледі. Егер «тиіс» жэне «лазым» түсініктері кезіксе — ол нормативті тәсілге қатысты. Экономикалық теория келесі қызметгерді атқарады:

  • танымдық (экономикалық теорияның қоғам экономикасын зерттеуі және түсіндіруі, алынған білімді теориялық түрде көрсету
  • әдіснамалық (экономикалық теория барлық экономикалық ғылым жүйесіне теориялық және әдіснамалық база ретінде қызмет жасайды
  • білім беру (экономикалық теория адамдардың экономикалық мәдениетінің қүрылуына әсері
  • практикалық (экономикалық теория адамдардың прак- тикалық мақсаттарына, қоғамның экономикалық даму жолын көрсетуге көмектеседі./6/

Қоғамдық өндірістің негізі және экономика. Экономнкалық адамның  рационалды мінез- құлқының түрлі модельдері. Адам — ол негізгі өндірістік күш, ол тек кана жасамайды, сонымен қатар өндірістік қүралдарын найдаланудың эдістері мен қүралдарын қозғалысқа әкеледі. Өндірістегі жаңа қүралдардың пайда болуы жүмысшыға жаңа талаптар қояды. Адамды «модельдеудің» төрт бағыты бар:

  • Адамның рационалды мінез-құлқы моделі, маржиналис гер мен неоклассиктер үсынған ағылшындардың классикалық мектептері. Ол мінез-қүлықтың негізінде индивидтің шектеулі мүмкіндіктері мен ресурсты пайдалана отырып, аз ғана шығынмен жоғары табысқа жету.
  • Кейсиандық мектеппен ұсынылган адам моделі. Уәждемелік стимул материалдық игіліктерге қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар психологиялық мінез-қүлық элементтері — бос уақытты пайдаланудағы дәстүрмен байланысты мейірімділік, мақсаттар т.б.
  • К. Маркс үсынған адам моделі. Бұл модель абстрак- тіден нақтыға үмтылу, басқаша айтқанда, «қарапайым тауар өндірушіден» капиталиске дейін өсу, олар өндірістік, саудалық, қарыздық капитал.
  • Әлеуметтік-экономикалық процесс субъектілерінің жаңа моделі. Бүл модель уәждемелік қызметті оның маңыздылық кұрамының өсуіне байланысты, материалдық жүзеге асуын гана емес, түлғаның рухани қажеттіліктерін (еңбек проңесінен қанағаттану, оның әлеуметтік маңыздылығы, қиындығын) зерттейді. Оның әлемдегі ақпараттылығы, адамдардың жалпы жоғары білімділігі жэне мәдени деңгейі жэне т.б./7/
  1. Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану. Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы

Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономикаға кірмес бұрын, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінікке ие болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру — адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдардың бір-бірінің арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс — бұл олардың шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақсатты қызметі. Бұл адамдардың шектеусіз қажеттілігі шектеулі ресурстарға — материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстарға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адам­дар мен қоғамды қанағаттандыруға жататын қажеттілік­терді таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категориясы бұл — өндіру, сату және сатып алу керек, осылар болып саналады. Бұл міндет (таңдау), оның   әлеуметтік-саяси құрылысына қатыссыз түр­де кез келген қоғамда шешілуі тиіс.

Нені өндіру керек — бұл шектеулі ресурстардан, дәл қандай байлық, қандай сапада және қандай санда өндірілуі тиістігі туралы шешім қабылдау.

Қалай өндіру керек — бұл қандай шектеулі ресурс­тар­дан және қандай комбинациялардан, билікті қандай техно­логияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдау.

Кімге және қанша өндіру керек — бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы.

Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруа­шы­лық субъектілері, өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары — жер, еңбек, капи­тал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары  — бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрден тұрады:

  • «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін  әлеуетті, пайда­лы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қал­пы­н­а келтірілетін» немесе «қалпына келтірілмейтін» болып ажыратылады.
  • Материалдық» — бұл, өздері өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған иструменттер, машиналар, қайталама шикізаттар.

          —  «Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

          —  «Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыруға бөлу жағдайындағы ақша қаражаттары.

Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары   «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторлар деген атау алған.

Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурс­тардың алуан түрлерін шынайы түрде тартуды білдіретін түсінік. Ресурстар   бір-бірімен өзара байланысты  әрекет еткенде, олардың комбинациясы жағдайында ғана фактор­ларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі фактор­лардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің  төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкер­лікті бөліп көрсетеді.

Өндіріс факторларының нарығы, ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды тірі (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды — жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да біз ресурстарға бағаның өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі, объекті еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.

Капитал — өндіріс факторлары жүйесіндегі материал­дық және қаржылық ресурстар.

Еңбек — тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік — «еңбек» факторының  бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық пробле­ма­­ларды шешу.

Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның  меншік иелері арқылы таныстырылған, сондықтанда,  өндіріс «қоғамдық процесс»  саясатына ие болады және өндіріс факторларының әртүрлі меншік иелері арасындағы  қарым-қатынас нәтижесіне айналады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғам­дық жиынтық өнім мен табыс алудағы    әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды ./8/

Экономикалык теория шектеулі ресурстар элеміндегі адам қажеттіліктерін қанағаттандыру эдістерін зерітейді. Қажетті категориялар түсініктеріне токталсақ, тұтыну индивидтің түлгалық жэне мәдени даму деңгейінің айрықша пішінінде қажеттілік сияқты анықталады. Адам қажеттіліктері материалдық және рухани болып бөлінеді. Материалдық кажетгілікке тауар мен қызметті пайдалангысы келеді, сонымен қатар олар тиімді. Материалдық қажеттіліктер:

  • Бірінші қажеттілік заттары: тамақ, киім, баспана.
  • Сән заттары \асыл заттар, тері тондары, яхта жэне т.б.
  • Жеке адам қажеттіліктерінен баска өндіріс қүралдары мен жүмыс күшіне өндірістік қажеттіліктер бар.
  • Тұтынуға эсер ететін қажеттіліктер:
    • Халықтың, мемлекеттің, фирмалардың табыстары.
  • Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы.
    • Елдің экономикалық даму деңгейі.
  • Елдің тарихи және ұлттық ерекшеліктері жэне т.б.

Адам қажеттілігінің түрлері шексіз. Бірақ бар лимит- ресустарды шығындауды шектейтін деңгей.

Ресурс — ол өндірістік игілік пен қызметтерді пайдалануда, адам қажеттілігін қанағатгандыратын зат. Ұлттық ресурстар толығымен жүмыс істеп жатқанда, ендірістегі бір өнім көлемін ұлғайтудың бір ғана әдісі бар, ол — басқа өндірісті қысқарту. Әрбір қоғам мүмкіндіктердің шектеулігі проблемасьгмен жиі кезігеді. Барлығының қажетгілігін қанағаттандыру мүмкін емес, эрбір адам, мемлекет немесе фирма тандау жасауы тиіс. Экономистер мүндай жағдайды альтернативтік қүн арқылы сипаттайды. Альтернативтік қүн — ол баға, басқа затпен өлшенеді, сонымен қатар айырбасталады. Тандау жэне альтернативтік қүн эффектісі өндірістік мүмкіндіктер қисығы көмегімен анықталады. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы сызығы, ол өзінің эрбір нүктесі арқылы өндірістегі экономикалық ресурстарды пайдаланғандагы екі өнімнің максималды көлемін көрсетеді. Мысалы, мемлекеттегі ресурстарды пайдалана отырып, белгілі бір А жэне В тауарларыньщ көлемін шығарады. Мемлекеттің өндірістік мүмкіндіктерінің қнсыгы келесідей түрде болады. Экономикалық қүбылыстарды ғылыми тануда экономикалық теорияны зерттеудің келесі эдістері пайдаланылады:

  • Талдау және жинақтау әдісі — элеуметтік-экономикалық құбылыстарды бөлімдер арқылы зерттеу (талдау), (синтез) өзара байланыс жэне өзара тәуелділікті жинақтау
  • Ғылыми абстракция әдісі — кез келген түсінікті абстракция немесе категория арқылы анықтау.
    • Тарихи және логикалық әдіс — экономикалық процестердің тарихи кезеңдері мен оларды логикалық түсіндіруді зерттеп, соны жалпы бағалау жэне қорытындылау.
  • Индукция және дедукцш эдісі — жеке фактілердің жалпыға әкелуі (индукция), ал жалпы жағдайдан жеке қорытындылар жа- сау (дедукция).
  • Сандың және сапалық талдау әдісі — экономикалық теорияда статистикалық көрсеткіштерді, математикалық эдістерді, экономикаматематикалық модельдеуді өндірістік қатынастар жүйесінде сапалық өзгерістерді анықтауда кең көлемді пайдалану.

Экономикалық ресурстар — ол тауар жэне қызмет ондірісінде пайдаланылатын барлықтабиғи, адамдықжэне адаммен өндірілген ресурстар. Ондіріске қосылған экономикалық ресурстар ондіріс факто- рын қүрайды. Негізгі ендіріс факторлары: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік. — Еңбек (жұмыс күші) — материалдық игілік пен қызметті жасау проңесінде адамның мақсатты қызметі, адамдардың барлық физикалық жэне ақыл қабілеттілігінің бірігіп, өндірісте пайдаланылуы. — Капитал өндіріс факторы ретінде — өндіріс қүралы, еңбек қүралы мен еңбек заттарының бірігуі. — Жер — өндірісте пайдаланылатын жер асты, орман, ауа, су, табиғат ресурстарының барлық түрлері.  Кәсіпкерлік қабілепілік — адамның кез келген бизнесті бастауы, сонымен байланысты шығын, тәуекел, жауапкер шілікке бас тігу./9/

Экономикалыық ресурстар – бұлда өндіріс факторы. Табиғатта пайда болады және оны адамдар өндіреді. Оған: көмір, газ, мұнай, бензин, керосин, темір рудасы, темір, болат, машина, станок, жабдық,үй және т.б жатады. Адам ресурстары – олардың еңбек әуелеті, кәсіпкерлік қабілеттілігі болмақ.

Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстарды шектеулі мөлшерде болады. Мысалы, жер өте көп, бірақ жыртуға жарамды жерлдер шектеулі мөлшерде ғана бар. Жердің көптеген көлемін тау сілемі, орман, тундра, құм массивтері – бос дала және т.б алуда.

Бурындары қуатты пайдалы қазбала болған жерлер – оларды алудың нәтижесінде тозады. Мысалы. Атақты «Магнит» тауының орнында, Магнитогорск қалдасы ауданында-бұрын магнит темір рудасының үлкен қоры болған,  қазіргі кезде ол жерде үлкен шұңқыр қалып отыр. Сондай-ақ өндірістік  үйлер,  алып  құрылыстар,  машина, жабдықтар  саныда  шектеулі болады- мұның  барлығы  экономикалық  даму жолына белгілі шектеу қояды. Осыдан барып, экономикалық ғылымының алдында бар ресурстарды мейлінше тиімді қолодану мәселесі туындайды. Себебі, тұрғындардың тез өсіп келе жатқан сұранымдардың қанағаттандыру қажет.

Қолда бар экономикалық ресурстардың шектеулігі кезінде өндіріс қоғамдағы барлық сұранмды қамтамасыз ете алмайды: аштық, ауру, кедейлікті жоя алмайды, оларды сырттан келетін аппттан қорғай алмайды. Қоғамдық өндіріс мүмкіндігінің шектеулігі жағдайында нені өндіруге болады? Экономикалық теорияда мынадай мысалды жие келтіреді: айталық, май өндіріу мен зеңбірек өндіру (басқада әртүрлі жұптық варианттың тізблері болуы мүмкін: нан мен еттің арасындағы, ет пен балық, автомобиль өндірі мен тұрғын-үй құрылысы және т.б) арасында қайсысын таңдауымыз қажет. Өндірістің шектеулі мүмкіндіктерін автомобиль және танкі өндірісімен бейнелейді.

Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығында көрсетілгендей, автомобиль өндірудің барынша көмегіне танкі өндірісі көлемін кеміту есебімен қол жеткізілуі мүмкін.

Басқаша айтқанда: барлық ресурс  түрлерінің шектеулі болуы, кезкелген қолда бар тауларды өндіру туралы шешім, сол ресурстарды қандай да бір басқа бұйымдарды шығару үшін қолданудан бас тартуды қарастырады. Сондықтан да барлық шығындар балама шығындар бойынша көрсетіледі. Мысалы, танкі өндірісінде жұмсалған металл, оны автомобиль өндірісінде немесе қайдағы бір басқа мақсатқа қолдану мүмкін емес./10/

  1. Материалдық және материалдық емес өндірістің ұқсастығы мен айырмашылығы

Кез-келген ұлттық экономикалық жүйе екі саладан: материалдық өндіріс аясындағы салалардан және мате­ри­ал­дық емес  салалардан қалыптасатын экономиканың сала­лық құрылымдарының жиынтығынан тұрады. Бірінші топтағы салаларға мыналар жатады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылысы, көлік пен байланыс, сауда мен қоғамдық тамақтандыру және т.б. Екінші топқа кіретіндер: мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б./11/

Функционалдық және салалықтан өзге аймақтық немесе аумақтық экономикалық құрылым өмір сүреді. Нақ­ты аймақтық экономика ел аумағындағы бүкіл экономи­калық объектілердің жиынтығын білдіреді. Экономикалық аудандар, мысалы: Орталық Қазақстан (Қарағанды), Шы­ғыс Қазақстан (Өскемен), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) және өзге аудандар экономикалық аудандар болып саналады.

Экономикалық аудандар өз құрылымына, нақтылы ауданның жекелеген сала кәсіпорындарының оның табиғи ресурстарымен, жол қатынастарымен және экономикалық-географиялық жағдайларымен үйлесетін шаруашылықкешендерін немесе аумақтық-өндірістік кешендерін еңгізеді.

Макроэкономикалық мақсаттарды шешетін экономи­калық өту негізінде қоғамның бүкіл мүшелерінің өмірлік қызметінің оңайлы жағдайларын қамтамасыз ету ұлттық экономиканың мақсаты болып саналады.

Макроэкономикалық мақсаттар ұзақ мерзімдік неме­се қысқа мерзімдік болуы мүмкін, оған қол жеткізу үшін мемлекет саяси құралдар жиынына иелік етуі тиіс. Оған елдің бюджеттік, салық, несие, ақша, валюта жүйелері жатады,олар саясаттың монетарлық және фискалдық екі түрі арқылы көрінеді. Бірінші, ақша-несие және валюта жүйесі тұтқаларын пайдаланумен байланысты, ал екіншісі — салық жүйесін манипуляциялау жүйесі арқылы.

Бұрынғы және қазіргі ұрпақтардың  өткен еңбегімен жинақталған материалдық игілік ұлттық саясатты баға­лау­дың басты өлшемі болып саналады. Байлық — бұл адамдар нені бағалайды, соның барлығы, яғни материалдық қана емес, сонымен бірге материалдық емес: табиғи ресурстар, кәсіптік білім, адамның қабілеті, бос уақыты. Қоғамдық байлықты заттай және ақшалай формада көз алдыға елестетуге болады. Қазіргі уақытта  адамдардың байлығын бағалау өзгеруде. Бұл көпшілік жағдайда, нормативтік категория және қандай да бір байлықты бағалау туралы адамның пайымдауынан тыс өзге байлық өмір сүрмейді. Былай деп айтуға болады: байлық — бұл адамның таңдауын кеңейтетіннің барлығы немесе оның баламасы мүмкін­дік­тері. Төсекте сал болып ауырып, тақалып  жатқан миллион­ер­ді бай деп айтуға бола ма, жоқ па?Халықтың жан басына шаққанда қоғамның өнімнің өсу қарқыны макроэкономикалық даму көрсеткіштерін бағалаудың басты өлшемдері болып саналады. Дәл осы экономикалық өсудің қарқынынан, қоғамдық өнімді көбей­ту және қарқынын арттырудан ұлттық экономиканың тиім­ділік деңгейі көрініс табады,демек, аталмыш қоғамның эко­­но­микалық дамуының таңдап алынған моделдері, түрлері мен әдістері көрініс табады./12/

Ұлттық экономиканың жұмыс істеуінің нәтижелері, белгілі бір кезеңдердегі материалдық-заттық, интегралдық немесе жалпы нәтижелер, көп жылдық нәтижелер — ұлттық экономиканың жиынтықталуы.

Ұлттық экономиканың материалдық-заттық нәтиже­лері — қоғамдық жиынтық өнім (ҚЖӨ) — белгілі бір кезең­дегі   бүкіл кәсіпорындар өндірген материалдық игіліктер (өнімдер). Бұл жерде басты орынды ұлттық жалпы өнім (ҰЖӨ) алады.

Ұлттық жалпы өнімнің құрамына өндірістің өндіріл­ген бүкіл құралдарының, тұтыну заттары мен қызмет­тері­нің құны, сондай-ақ шетел аумағында аталмыш ел субъек­тілерінің өндіріс факторларын пайдаланудан алған кірістері кіреді.

Ұлттық жалпы өнімді дұрыс өлшеу үшін оған шетелде өндірілген өнімдер  құны (салықтар мен басқа төлемдерді алып тастағаннан кейінгі) — түпкі өнімдер кіреді. Түпкі қоғамдық өнім (ТҚӨ) — бұл тікелей тұтынуға арналған.

Тазаұлттық өнім (ТҰӨ) — амортизациялық аударым­дар­ды шегеріп тастағандағы, жаңадан жасалған құнына сәйкес барлық салалар өнімдерінің жиынтығы.

Одан жанама салықтарды шегеріп тастағаннан кейін­гі (сатудан салықтар, акциздер, мүлік салығы, лицензиялық төлемдер мен кеден баж салықтары) таза ұлттық өнім сомасы ұлттық табысты (ҰТ) білдіреді ҰТ — бұл өндіріс факторының иелері латын: жер, капитал және еңбек, жеке тұтынуға жұмсалатын шығындар — жиынтық табыс. Ол сондай-ақ  бюджетке түсетін табыс салығы, өндірістік емес салалардағы қызметтерге жұмсалатын шығындар, корпора­цияның пайдалары, әлеуметтік сақтандыруға арналған жарна­лар түрінде қайта бөлінеді. Ұлттық табыстың акция­лар мен трансфертке дивиденттер мен жиынтықтағы қалған бөлігі ғана жеке табысты құрайды және ол тұтынуға кетеді. Оқулық экономикалық әдебиеттерде адам қажеттілік­терін бастапқы (төменгі) және қайталама (жоғары) (Американ экономисі А.Масслау және оның пирамидасы) қажеттіліктерге бөлу жиі пайдаланылады.

Бірінші қажет­ті­ліктерге жататындар — тамақ, сусын, киім, түс және т.б. \13\

Екіншіге — адамның рухани, жеке қызметімен байла­нысты қажеттіліктер — өзін-өзі айқындау  қажеттіліктері, білім беру, өнердегі, ойын-сауықтағы қоғамдық құрмет.

Адам, қоғам қажеттіліктері өзгеріссіз қалмайды, олар адамзат өркениетінің эволюциясымен қоса дамып отырады және қоғамдық өндіріс құрылымы — материалдық және материалдық емес аларды айқындайды. Шектеулі ресурс­тардан жасалған материалдық және материалдық емес байлықтар бір тауарды, бір қызметті, бір өндіріс түрін таңдауды білдіреді. Сондықтанда экономикада не сатып алынады сол ғана талданылмайды, сонымен бірге кеден бас тартады (өндірілмейді) солар да талдауға жатады.

Ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдардың, кәсіпорын мен қоғамның әл-ауқат деңгейін ұстап тұру үшін қолда бар ресурстарды тиімді жұмсауға  мүмкіндік беретін дұрыс таңдау жасау маңызды болып саналады. Бұған әрбір мүмкін варианттардан  алынатын пайданы салыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Баламалы пайда варианты баламалы құнды құрайды.

Сөйтіп, қандайда бір формадағы әрбір пайда қоғам­ның әл-ауқат деңгейін қамтамасыз етеді. Әл-ауқат деңгейі — ел азаматтарының тауарлармен және қызметтермен қамта­масыз етушілік дәрежесін, сондай-ақ жайлы және қауіпсіз өмір сүруге қажетті өмір жағдайларымен  қамтамасыз етушілік дәрежесін көрсетеді.

БҰҰ сарапшылары былай деп санайды, әл-ауқат деңгейі үш негізгі көрсеткі өмірдің орта параметрі сауаттылық деңгейі;

Халықтың жан басына шаққандағы кірістерінен тұратын адам дамуының индексімен сипатталады.

Өмір сапасы — материалдық игіліктер мен қызмет­тер­ді тұтыну деңгейі, білім алу, мәдениетке мүмкіндігі, дәрігерлік қызмет көрсету дәрежесі және қоршаған орта жағдайын енгізе отырып, адамдар өмір сүретін жағдай­лар­дың кешенді сипаттамасы.

Сөйтіп, адам қажеттіліктері  абсолютті және салыс­тырмалы, бастапқы және қайталама, жоғары және төмен, тікелей және жанама, нағыз және болашақтағы болып бөлінеді./14/

          Өндіріс — қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адамдардың мақеатты қызметі. Ол материалдық жэне материалдық емес ондіріс болып бөлінеді. Қогамдық өндірістің негізі:

          Материалдық өндіріс құрамында:

  • материалдық игіліктерді өндіру салалары мен кэсіпорындары (өнеркәсіп, ауыл шаруашылыгы, құрылыс)
  • материалдық қызмет көрсету салалары мен кәсіпорындары (көлік, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызметтері).

          Материалдық емес ондіріс құрамына кіретіндер:

  • материалдық емес игіліктерді жасайтын салалар мен кәсіпорындар (кино, театр, онер);
  • материалдық емес қызметтерді көрсететін салалар мен кәсіпорындар (денсаулық сақтау, білім беру және т.б.).

          Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді:

— біріншісі — өндіріс құрал- дарын жасайтын салалар мен кәсіпорындардан, ал екіншісі тұтыну заттарын өндіретін салалар мен кэсіпорындардан тұрады. Қоғамдық өндіріс нәтижесі — қоғамдық онім. Өндіріс нэтижесі мен оған кеткен шығындардың арақатына сы оның даму тиімділігін көрсетеді.

Өндіріс тиімділігі мен ресурстарының түрін пайдалануда жеке көрсеткіштер пайдала- нылады: — еңбек онімділігі — өнім көлемінің еңбек шығынына ара- қатынасы; — онімнің еңбек сыйымдылығы — еңбек онімділігіне кері корсеткіш; — материал қайтарымы — еңбектің заттық түрінде өнімнің еңбек шығынына арақатынасы; — материал сыйымдылығы — материал кайтарымына кері корсеткіш, бір онімге кеткен материал шығынының дең- гейін көрсетеді; — қор қайтарымы — негізгі өндіріс қорларын пайдалану деңгейін көрсетеді және өнімді қор сомасына бәлумен анықталады; — өнімнің қор сыйымдылығы — қор қайтарымына кері көрсеткіш, бір әнімге қор шығынының деңгейін кәрсетеді.

Қайта өндіріс: фазалары, түрлері, типтері Қайта өндіру — өндіріс процесінің үздіксіз жаңаруы. Өндіріс фазалары: өндіріс, бөлу, айырбас жэне түтыну. Өндіріс фазасы өндіріс қүралдары мен еңбек қүралдарының бірігуін көрсетеді. Бөлу фазасы сала бойынша ондіріс факторларының жэне өндіріс сфераларының бөлінуін көрсетеді. Айырбас — өндірушілерге өз еңбек өнімдерін айырбастауга мүмкіндік беретін жүйе. Тұтыну үшін жасалған игіліктерді адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану. Қайта өндіру түрлері: қарапайым және кеңейтілген. Қарапайым қайта өндіру — ол өзгермейтін аукымда жылдан- жылға өндірістің қалпына келуі, ал кеңейтілген қайта ендіру — барлық есу мөлшерінде өндірісті қалпына келтіру процесі. Қайта өндірудің экстенсивті жэне интенсгівгі типтері бар. Қайта өндірудің экстенсивті типі өндірістегі еңбек жэне матери- алдық ресурстардың сандық өсуі. Ал қайта өндірудің интенсивті типі жетілген ендіріс факторлары есебімен жүзеге асырылады./15/

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-83

 Адамдардың тұтынушылықты сезінгенінде еңбекке уәждеме пайда болады. Мұндай жағдайда, тұтынушылық нақты нысанға- нысан мүддесіне ие болады. Экономикалық мүдде- бұл экономикалық тұтынушылықтың пайда болу нысаны. Тұтынушылық — жеке индивид пен мәдениеттің дамуына сәйкес арнаулы түрге ие болатын, мойындалған қажеттілікті анықтаушы. Сатып алу қабілетімен бекітілген тұтынушылық тауар мен қызметке сұранысты көрсетеді. Экономикалық әдебиетте (Маслоу) адамдардың тұтынушылығы деңгейге 5 бөлінеді:

  • Физиологиялық тұтынушылық;
  • Қауіпсіздік тұтынушылығы;
  • Қатынас тұтынушылығы, рухани жақындық;
  • Қоғамдық танымдағы тұтынушылық;
  • Өзін көрсетудегі тұтынушылық.

Материалдық тұтынушылықтар былай бөлінеді:

а) бірінші кезектегі қажетті заттар (тамақ, киім, үй);

б) сән- салтанат заттары (қымбат тастар, қымбат аң терілері  т.б.).

Жеке адам тұтынушылығынан басқа, өндіріс құралдарындағы өндірістік тұтынушылық пен жұмыс күшіне қажеттілік бар.

Тұтынушылыққа әсер ететін факторлар:

  • мемлекет пен фирмалардың, тұрғындардың кірісі;
  • ғылыми- техникалық үдерістердің дамуы;
  • елдің экономикалық дамуының деңгейі;
  • елдің ұлттық және тарихи ерекшеліктері және т.б.

Өндірісті ұйымдастыру —  бұл барлық өндіріс үдерістерін тәртіптейтін және бірлігін қамтамасыз ететін ішкі өндірістік байланыстардың құрылысын анықтаушы құрылым. Өндірістің технологиясы еңбек заттын өңдеудің нақты әдісін, өндіріс үдерістерінің белгілі бір тәртібін көрсетеді. Ақпараттар осындай немесе басқадай білімнің, деректердің және әр түрлі белгілердің ағымдарын көрсетеді. Ғылым- бұл өндірісте пайдалануға тиісті теориялық жүйеленген объективті білім. Энергия- бұл өндіріс құралдарын қажетті қозғалысқа келтіретін осындай немесе басқадай күш.

Экологиялық фактор- қорғау, сақтау және табиғатты қайта түрлендіру қажеттілігіне қатысты, қоршаған орта мен адамдардың өзара қарым- қатынастарына байланысты барлық кешенді мәселелер.

Экономикалық әдебиеттерде «игілік» түсінігі адам тұтынуын қанағаттандыратын және мүдделерге, мақсаттарға, адамдардың ұмтылысына жауап беретін заттар, пайда болу, еңбек өнімі болып танылады. Қызмет көрсетулер- бұл қандай да бір адамның тұтынушылығын қамтамасыз ететін, нәтижесінде тиімді ықпалы болатын адам қызметінің толыққандылығы./17/

Игілік материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. Материалдық игілік былай бөлінеді: табиғаттың табиғи сыйлары (жер, ауа, климат); өндіріс өнімдері (ғимарат, құрылыс, станоктар және т.б.). А.Маршалл оған материалдық игілікті (патенттер, авторлық құқық, кепілдік зат) иеленуді де қосады. Материалдық емес игілік- бұл адам қабілетінің дамуына ықпал ететін жағдай және олар өндірістік емес салаларда құрылады: денсаулық сақтау, білім беру және т.б.

Игілік сондай-ақ, экономикалық (экономикалық қызмет нәтижесінде пайда болады) және экономикалық емес (адам күшінің жұмсалуынсыз табиғат береді) болып екіге бөлінеді.

Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі- өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Ал, оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады:а) субьективті,жеке факторлар немесе жұмыс күші; б) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтары. Осы арада еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек дегеніміз- мақсаттқа сай қызмет ету, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процесі немесе өнім өндіруге адамның жұмсайтын ой және дене қабілеттілігі.

Жұмыс күші дегеніміз- адамның еңбек ету қабілеттілігі.

Ал, заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен құралдарынан бастаймыз.

Еңбек заттары дегеніміз- өнделетін материалдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралдары арқылы өнделетін заттар. Оның 2 түрі бар:

а) табиғи- руда, көмір, мұнай, балық және т.б.;

ә) белгілі бір табиғи процестен, өндеуден өткен- шикізат, материал.

Еңбек құралдары дегеніміз- адамның өзі мен еңбек құралдары арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы. Ол бірнеше түрге бөлінеді:

а) аспаптар, машиналар, механизмдер;

б) қаптау және таралық материалдар;

в) өндірістік объектілер(өндірістік үйлер, ғимараттар, жолдар);

г) жер;

д)электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакциялар.

Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек құралдары мен заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы өндірістің материалдық-заттық факторына жататындығы.

Технология өндірістің негізгі факторларының өзара әректін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндіріс факторларының қасиеттеріне негізделгенін көрсетеді. /16/

Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.

%d1%81%d1%85%d0%b5%d0%bc%d0%b0-26

Қазіргі қоғамдық  өндіріс құрылымына материалдық өндіріс салаларынан басқа, материалдық емес өндіріс салаларына бөлінеді. Оларда ерекше материалдық  емес  игіліктер жасалады, сондай-ақ материалдық емес қызмет көрсету- денсаулық сақтау, білм, ғылым, мәдениет, спорт, және басқаларыда бар және бұлар бұрын өндірістік емес салаға жатқызылған./17/

  1. Өндіріс және ұлғаймалы ұдайы өндіріс

Экономикалық даму  процесін дұрыс түсіну үшін экономиканы оның барлық өзара байланыстарымен және өзара алмастырушылықтарымен, яғни ұдайы өндіріс про­цесі­мен байланысты қарау қажет. Қоғамдық ұдайы өндіріс өзінің дамуында төрт сатыдан тұрады: өндірістің өзінен, бөлуден, айырбас пен тұтынудан. Бұл сатылардың жалғас­ты­ғы болмай қоймайды, уақыт ағыны сияқты.

Өндіріс нақты заттай өнім жасайды: өндіріс құрал­да­ры және тұтыну заттары. Бұл — машиналар, құрал-жабдық­тар, нан, ет, маталар, киім, яғни соның өмір сүріп және дамуы солардың барлығы.

Жыл ішіндегі өнімдерді бөлу сол елде үстемдік ететін меншік қатынастары мен экономикалық жүйеге сәйкес жүзеге асырылады. Мысалы:  нарықтық механизм арқылы немесе орталықтандырылған түрде бөлу арқылы.

Айырбас (айналым) еңбек бөлінісі  және мамандану негізінде жүзеге асырылады, сондықтанда, бұл біртұтастық бір формадағы өз еңбегінің нәтижесін қажетті өнімдер үшін екінші формада берудің  мүмкін жолдары. Бұл — «ақ­ша-тауар» немесе «тауар-ақша» схемасы бойынша сатып алу — сату актісі болып саналады. Экономика дамуының бұрынғы, сол сияқты қазіргі кезеңдерінде «тауар-тауар» (баспа-бас айырбас) айырбасы болуы мүмкін.

Тұтыну — кез келген өндірістің түпкі мақсаты, оның шыңы, онсыз кез келген өндіріс пен шаруашылық қызметі өзінің мағынасын жоғалтады. Тіпті, егер олар тұтынуда көрініс таппаса, кез келген ашылған жаңалықтар, оны қолданысқа енгізу мен дамытудың өзінің мағынасы болмайды.

Тұтынудан соң оны жаңасымен толықтырып отыру, яғни өндіру заңды болып табылады. Өндіріс — бөлу-айырбас-тұтыну тізбегі ешқашанда үзілмейді.

Осы төрт фазаның барлығы бір мезгілде жүзеге асырылады, өйткені осы фазаның біреуінің тоқтауы тізбектің ажырауына және қоғамның құлдырауына әкеледі. Ұдайы өндіріс процесі төмендегі 1 схемада көрсетілгендей жүзеге асырылады

Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен роль атқарады.

Экономиканы басқару жүйесі (өзін-өзі реттейтін рынок, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу,  айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің  ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экон­оми­калық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономи­калық аспектілер аса маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса — тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (форма­ларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосым­ша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латиноамерикалық  және африкалық ба­сым көпшілік елдеріне, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады.

Сонымен, капиталдың шоғырлануы, оның жинақ­та­л­у­ы, қоғамдық байлықтың өсуі — бұл аңыз, ішкі әсер етуі.  Қорытынды — капитал қосымша құн әкелетін  құн, капи­тал — үнемі қозғалыста болатын, қозғалыссыз бола алмайтын өзінен өзі өсетін құн.

Капиталдың өзін-өзі өсуінің өзге формасы оны орталықтандыру болып саналады.

Капиталды орталықтандыру — шағым және орта кәсіп­орындарды ірі кәсіпорындармен күштеп біріктіру (басып алу)  немесе оларды еркімен біріктіру және (бәсеке­лестік) үшін) қаржы өнеркәсіп топтарын құру, акционерлік компаниялар, холдингтер құру, бақылау акция пакеттерін, сатып алу, қатысу жүйесі және т.б.

Өндірісті екі жолмен ғана: өндіріс факторларын көбейтумен — экстенсивті түрде немесе өндіріс техно­логия­сын жақсартумен интенсивті түрде кеңейтуге және дамы­ту­ға болады.

Экстенсивті экономикалық өсу:

— олардың біліктілігін арттырусыз жұмыс істейтіндер санын арттыру;

— өндірістің материалдық факторын ұлғайту (шикізат, материалдар, отын, жарамды жерлер және т.б.);

— технологияларды жақсартусыз капитал жұмсауды көбейту жолымен өндіріс факторларын сандық тұрғыдан кеңейту есебінен өндірісті көбейту.

Интенсивті экономикалық өсу:

— негізгі қорларды (өндіріс құралдарын) жаңарту, ҒТП арқылы жаңа, неғұрлым тиімді технологияларды енгізу есебінен материалдық байлықтар мен қызметтерді өндіруді кеңейту;

— өндірісті ұйымдастыруды жақсарту (шаруашылық байланыстарының жаңа құрылымдары, басқару, маркетинг, кооперация);

— негізгі және айналым қорларын пайдалануды жетілдіру, олардың айналымдылығын, амортизациясын жеделдету және т.б.;

— жұмыс күшінің біліктілігін тұрақты өсіру, еңбегі ғылыми ұйымдастыруды жетілдіру жолымен өндірістің қолдағы бар факторларын неғұрлым тиімді   (интенсивті) пайдалану есебінен өндірістің өсуі./18/

Қоғамдық ұдайы  өндіріс қоғамдық өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесі болып табылады, оның нәтижесі- қоғамдық өнім.

Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.

Ұдайы өндіріс дегеніміз- өндірістің үздіксіз дамып, тұрақты қайталанып, жаңарып, ұлғайып отыруы. Ұдайы өндіріс процесін өндіргіш күштерді ұдайы өндіруден көруге болады.

Өндіргіш күштерді ұдайы өндіру дегеніміз — жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтарын тұрақты түрде қайталап, жаңартып, дамытып отыру.

Ұдайы өндірістің 2 типі бар:

Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің бұрыңғы ауқымда қайталануы, сондықтан да алынған табыстардың бәрі жеке тұтынуға жұмсалады.

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің ұлғайтылған ауқымда қайталануы, өйткені алынған табыстардың бір бөлігі қосымша ресурстар сатып алуға, ал олардың пайдалану есебінен өндіріс процесі ұлғайтылған ауқымда жаңғыртылады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің 3 типі болады:

а) интенсивті – бұл техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістік әлеуетті ұлғайту;

ә) экстенсивті- бұл өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторлары санын ұлғайту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде ұлғайту;

б) аралас- өндіріс қуатын пайдаланатын өндіріс факторлары санын көбейту нәтижесінде ұлғайту./14/

Ұдайы өндірістің типтері  жай өндіріс ұлғаймалы өндіріс.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану — бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.
Меншік қатынастарының формалары бойынша:
— Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

          — Әкімшілік — әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
Нарықтық экономика — меншікке, бәсекеге негізделеді.
Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

         Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
— Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
— Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
-Техникалық прогресс шектеулі.

          Нарықты экономиқаға тән қасиеттер:
— Өндірістік өнімдер мен ресурстарға жеке меншіктін болуы.
— Халық шаруашылығын (экономиканы) еркін бәсекеге негізделген
нарықтық механизм арқылы реттеу мен басқару.
— Қоғамда өз өнімдерін еркін сата алатын дербес өндірушілер мен өнімдерді таңдау арқылы еркін сатып ала алатын тутынушылардың болуы.
Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
— Мұндай жүйеде мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік орын алады.
— Халық шаруашылығын ұйымдастыру мен басқару әдісі тек таза нарықтық механизмге ғана негізделіп қоймай мемлекеттік реттеу мен толықтырылады.
Сондықтан нарықты экономика жағдайында мемлекеттін ұлттық және салалық бағдарламаларынан бас тартуға болмайды.
Экономикасы дамыған елдер осы уақытқа дейін дәстүрлі экономика жүйесі сақтануда. Дәстүрлі экономика артта қалған технологияға қол еңбегіне және ұлттық шаруашылықтың әртүрлілігіне негізделген. Кейбір елде қауымдық шаруашылық пен натуралды өндіріске негізделген натуралды қауымдық жүйе түрі сақталуда.

           Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан республикасындағы басты міндеттері мыналар:

  • Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру.
    — Қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
    — Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен қор биржасы және басқа да әртүрлі нарықтық құрылуы.
    — Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
    — Бағаны либерализациялау, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық сипаттағы бағаға көшу.
    -Экономиканың қаржылық тұрақтануы.
    — Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету. /19/

 Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің үзіліссіз өзгермеген күйде қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің ұлғайып үзіліссіз қайталанып жаңғыруы. Қазіргі заманғы экономикаға өндірісті кеңейту тән. Бұл өндіріске салынған жаңа инвестициялар шығындалған капиталды тек қайтарып қана қоймай, өндірістің қосымша немесе өндірістің ең тиімді құралдарымен оны көбейтеді. Сонымен өндіріске қосымша капитал салу есебімен оны ірілендіріп, капиталдың жинақталуын қамтамасыз етеді.

Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі– ол өндіріс. Қоғамдық өндірістің соңғы нәтижесі – қоғамдық өнім болып табылады. Қоғамдық өнімнің қозғалысы төрт сатыдан өтеді:

  • Өндіріс– адамдарға қажетті материалдық игіліктерді, пайдалы өнімді өндіру процесі.
  • Бөлу— әрбір адамның өндірілген өнімдегі үлесін анықтау.
  • Айырбас– белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
  • Тұтыну— өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану. Ол қоғамдық өнім қозғалысының соңғы сатысы.
  • Қоғамның белгілі- бір уақыт ішінде өндіргіш барлық материалдық игіліктерінің жиынтығы қоғамдық жиынтық өнімді құрайды. Қоғамдық өнім өндіріс дәрежесін немесе оның тиімділігін сипаттайды.

Қоғамдық өндірістің байлық көрсетілетін қызметтер және заттар түрінде көрінетін нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Заттар- өмір сүрудің тұрақтылығымен қалыпты тәуелсіздікке ие болатын материалдық баршылықтың белгісі. Қызмет көрсету белгілі бір тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған адам немесе кәсіпорынның пайдалы қызметінің нәтижесі. Өндірістің ерекшелігі мен қызметтерін өткізуі көп жағдайда өзара айырбасталмайтын, жинау, сақтау, жеткізудің мүмкін еместігіне орай, материалдық ігіліктермен салыстырғандағы тұтыну мен өндіріс үдерістерін қатар алып жүрумен қорытындыланалы. Байлық- бұл еңбекпен құрылған және жиналған материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол мыналарды өзіне қосады: а) негізгі өндірістік қорлар (ғимарат, машиналар және құралдар) және өндірістік емес (тұрғын үй, ғимарат және білім мекемелерінің құралдары, мәдениет және денсаулық сақтау); ә) материалдық айналымдық құралдар; б) азаматтардың жеке мүлкі./20/

Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен рөл атқарады.

Экономиканы басқару жүйесі (өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу,  айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің  ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экон­оми­калық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономи­калық аспектілер үлкен маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса — тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (форма­ларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосым­ша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латынамерикалық  және африкалық елдерде басым, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады.

Кеңейтілген  ұдайы өндіріс — тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі. /21/

Қорытынды

Аталмыш тақырыпта материалдық игілікті жасаушы және тұтынушы ретіндегі адамның мінез-құлқы (тәртібі) қарастырылған, ол өндіріс құралдарын қолданысқа келтіру­ші ғана болып саналмайды, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін айқындайды. Осы­дан «адам факторы», «адам капиталы» деген экономикалық категориялар мен олардың маңыздылығы пайда болады.

Экономикалық категория материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстардың шектеулілігі жағдайында кімге және қалай шығару керектігін таңдау, осылардың барлығы адам қажеттіліктерінің шектеусіз екендігін барған сайын күшейте түседі. Адамдардың қажеттілігін қанағат­тандыру сияқты экономиканың басты міндеттерін шешу кезіндегі өндіріс ресуртары мен факторлары арасындағы бір-бірін өзара толықтырушылықтар көрсетілген.

Қоғамдық өндіріс құрылымдары (материалдық және материалдық емес өндіріс), қарапайым және ұлғайтылған ұдайы өндіріс проблемалары, оларды дамытудың  экстен­сив­ті және интенсивті жолдары көрсетілген. Өндірістің негізгі және айналым қорларының айналымы туралы үз­дік­сіз айналымдары, сондай-ақ олардың қозғалыс саты­лары мен уақыты, қорлардың изикалық және моральдық тозуына талдау жасалған.  /12/

Пайдаланған   әдебиеттер

/1/ С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002\(52-57)

/2/ Әубакиров Я.Ә.“Экономикс”.Оқу құралы.Алматы/ Эк.,  1995 (16-19 )

/3/ Темірбекова А.Б: Экономикалық теория: оқу құралы  /Т.Рысқұлов атын. Қазақ экон. Ун-ті.- Алматы: Экономика. 2008.-276 бет; 20.5см (4-5 бет)

/4/  Темірбекова А.Б: Экономикалық теория: оқу құралы  /Т.Рысқұлов атын. Қазақ экон. Ун-ті.- Алматы: Экономика. 2008.-276 бет; 20.5см  (8бет)

/3/ Темірбекова А.Б: Экономикалық теория: оқу құралы  /Т.Рысқұлов атын. Қазақ экон. Ун-ті.- Алматы: Экономика. 2008.-276 бет;   (9-10бет)

/4/ Байнеева П.Т. Өндіріс экономикасы: оқу құралы/Респ. Техн. Және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті арттырудың ғылыми- әдістмелік орталығы.-Алматы: Триумф «Т».2014.-320б.;   (14-17)

/5/ Жатқанбаев  Е. “Аралас экономика негiздерi”  А., “Қаржы -қаражат”, 1996

/6/ /Меденов Ө.Қ, Сағындықов У.Н ,ғ Жүнісов Б.А,  Байжомартов Ү.С, Конягин Б.И- Ақтөбе, «А-Полинграфия»,2004-455 бет (32-34бет )

/7/ И.И:Сигоов: Экономикалық оқу құралы/ Респ.Алматы: Экономика 2008- Экономика және өндіріс басқару (25-29бет)

/8/ /20/ Куликов Л. “Основы экономияеской теории” схема-конспект (қазақ тiлiнде) 1994 (26-32)

/9/ Дәулетова Азиза: Экономикалқ оқу құралы/ Алматы. Экономика/Ресурстарды оңтайлы пайдалану мен өндіріс тиімділігі арттыру/А: 2010 (58-61)

/10/Байнеева П.Т. Өндіріс экономикасы: оқу құралы/Респ. Техн. Және кәсіптік білім бнруді дамытудың және біліктілікті арттырудың ғылыми- әдістмелік орталығы.-Алматы: Триумф «Т».2014.-320б.;   (35-46бет)

/11//19/Жатқанбаев  Е. “Аралас экономика негiздерi”  А., “Қаржы -қаражат”, Алматы 1996(14-18)

/12/http://1referat.kz/ekonomika-makroekonomika-mikroekonomika/zhaj-zhane-kenejtilgen-udajy-ondiris.html

/13/ Шеденов О.Қ. Ақтөбе, 2004ж Жалпы экономикалық теория.(14-17бет)

/14/ Оспанов Г.А. 2002ж Алматы Экономикалық теория негіздері( 18-20бет)

/15/ Әкімбеков Сғ Баймухамбетова А.С, Жандайров У.А, / тоеория(21-23бет)

/16/  Әубәкіров Я.Ә 1999ж Алматы Экономикалық теория(5-6бет)

/17/Арутюнова Г,М, 2003ж  Алматы/ Экономическая теория.(12-15бет)

/18/Берденова К.А. 2000гЭкономическая история Казахстана(89-92бет)

/19/ Экономика.Самуэльсон П, в2-х томах, М.1999г(78-82бет)

/20/Серяков  С,М.2001г/Экономическая тнория: микроэкономика и макроэкономика.(42-45бет)

/21/ Шеденов О.Қ. Ақтөбе, 2004ж Жалпы экономикалық теория.(18-22бет)

Құрастырған: Асқарқұл Б.

Яндекс.Метрика