ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ   ПРОБЛЕМАСЫ

Қазір әлемді толғандырып отырған басты мәселелердің бірі ол — терроризм. Террорлық әрекеттер салдарынан қоғамға көптеген зардаптар келуде. “Соңғы 10-12 жылда терроризмнің қауіп-қатерлері жаһандық деңгейде өсіп келе жатқаны байқалады. Әсіресе, 2005 жылдан бері бұл құбылыстың артуы 10 есеге дейін барып отыр. Егер 2005 жылға дейін жылына әлем бойынша 200-300 террористік актілер орын алған болса, 2005 жылдан бастап бұл көрсеткіш күрт өсіп, жылына 10 мыңнан астам оқиғалар тіркеліп жатыр. Бұл әлем бойынша орын алып отырған құбылыс. Бүгінгі терроризм әлемнің барлық мемлекеттеріне қауіп төндіріп отырған факторлардың бірі. Ал 2005 жылдан бастап осындай қатерлердің өсуіне басты себеп — Ауғанстан, Ирак, Таяу Шығыстағы мемлекеттер секілді жаңа қауіп-қатер ошақтарының пайда болуымен байланысты.” [1]

“Кейбір сарапшылардың пікірінше, бүгінгі уақытта терроризмнің қауіп-қатері жаңа формаға, жаңа форматқа өтіп жатыр. Өткен ғасырдың 60-80 жылдарындағы террористік ұйымдардың іс әрекеті мен бүгінгі лаңкестік ұйымдардың іс-әрекетіндегі мазмұны да, сипаты да, сыртқы формасында да айырмашылық баршылық. Осының салдарынан терроризм соғыстың жаңа түріне айналып келеді және соның нәтижесінде әлем бойынша әскери мақсатқа бөлінетін қаражат та күрт артып отыр. Мәселен, Стокгольмдегі халықаралық ұйымның зерттеу мәліметтеріне қарағанда, дүниежүзінде соңғы 10 жылда әскери мақсатқа бөлінген қаражат 2 есеге артқан. Мамандар бұл үрдісті терроризм қаупімен тығыз байланыстырады.”

“Саяси терроризм — [лат. terror — қорқыныш] — қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі; тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқыныш пен үркіту тудыру мақсатында бұзақылық әрекеттерді жүзеге асыру, тіптен олардың көзін жою немесе материалдық шығындарға ұшырату. Терроризм мемлекет, ұйымдар, топтар мүддесін қорғау мақсатында саяси күрес құралы ретінде пайдаланылады. Терроризм қарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды. Терроризмге күрестің басқа жолы қалмаған немесе адамдардың мінез-құлқын түбегейлі өзгерткілері келген жағдайда баруы мүмкін. Терроризмнің психологиялық негізі — радикализм, экстремизм.

Қазіргі заманда экстремистік ұйымдардың террористік қызметі үдеуде. Олардың сипаты күрделеніп, адамгершілікке жатпайтын мән алуда. Терроризм әлемдік деңгейдегі ұйымдасқан күшке айналып отыр. Терроризмнің өсу себептері — дағдарыстық құбылыстардың өсуі, саясаттың бақылаушылық-реттеушілік қызметінің әлсіреуі, кейбір елдердің, тіптен әлемдік қауымдастықтың күрделі әлеуметтік-саяси үрдістерді реттей алмауы, идеалдар мен құндылықтардың жылдам өзгеріп отыруы.

Терроризмнің орталық элементі нақты мақсаттарды, сонымен бірге жалпы, кейде символдық мақсаттарды көздейтін террористік актілер. Нақты мақсаттарға саяси көшбасшыны өлтіру, адамдардың көп жиналған жерінде жарылыстар ұйымдастыру жатады. Ал жалпы, символдық мақсаттарға Шешенстанды Ресейден бөлуді талап етуді жатқызуымызға болады. Барлық жағдайда террористік актілердің мақсаты — қорқыту, үркіту, хаосты туындату. Терроризм субъектілері жеке тұлғалар, арнайы террористік ұйымдар және мемлекет болуы мүмкін. Террористік актілерді террористер өздерінің талап-тілектерін жеткізу үшін пайдаланады.

Терроризмді іс-жүзінде келесі түрлерге бөлуге болады: террор бейбіт және соғыс уақытындағы саяси күрес әдісі ретінде; жеке немесе ұйымдасқан террор мемлекеттік саясат ретінде; террор ішкі саяси күрес құралы ретінде; мемлекетаралық сипаттағы террористік актілер; халықаралық терроризм.” [2]

Халықаралық терроризм — мемлекет басшыларының, топ адамдардың, жалпы халықтың үрейін үшыру мақсатында адамдарға немесе жекеменшікке бағытталған бір мемлекет өкілдерінің екіншісіне қарсы акті жасау, үйымдастыру, жүзеге асыруға жәрдемдесу, қаржыландыру немесе қолдау көрсетуі немесе оған жол беру әрекеттері. “XXI ғ. басы Нью-Иорктегі, Вашингтондағы, Мәскеудегі, Мадридтегі, Лондондағы және басқа да терроризмнің барлық түрлерінің көрініс табуы лаңкестік феноменіне жаңаша көзқарасты талап етуде. Бұл оқиғалар адамзаттың жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанының белгісі, осы орайда бүкіләлемдік қауымдастықтың өркениеті күштерінің лаңкестікке қарсы бітіспес соғыс жариялауымен сипатталады. «Халықаралық терроризм» ұғымы 1970-шы жылдардан кеңінен таралғанымен, 2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін ғана жалпы мойындала бастады. Халықаралық террористік қүрылымдар лаңкестік актілерді ғаламдық мақсаттарға жету үшін қолданады, алайда нақтылы талаптар да қоймайды. Халықаралық лаңкестік шаралары ғаламдық БАҚ- тың көңілін аударып, соның арқасында қоғамды дүрліктіреді. Әлемдік тарихтың негізгі қайшылығы дамыған және дамушы елдердің арасындағы даму алшақтығы болып отыр. Осылайша, әлемнің екі жігінің арасындағы алшақтық дамудың негізгі тежеуішіне айналды.” [3]

Қазіргі әлемде террористік күш қолданудың негізгі себептері:

-Бірқатар ықпалды саяси топтар мен мемлекеттердің лаңкестікті  қолдап отыруы;

-Лаңкестерді сапалы материалдық-техникалық қамтамасыз ету және тұрақты қаржыландырып отыру, сондай-ақ оларға жасырынатын  орындар дайындау;

-Лаңкестердің әрекетін күшті идеологиялық (діни-фанаттық) және саяси қамтамасыз ету;

-Лаңкестіктің ең алдымен есірткі бизнесімен байланыстылығы;

-Лаңкестік ұйымдардың қаржылық-өнеркәсіптік топтармен және әлемнің жекелеген елдерінің арнайы қызметтерімен өзара байланыстылығы;

-Лаңкестердің «қылмыстық ортаға» тез түсуі және оларды қаружарақ саудасы, ойын және алкоголь бизнесі сияқты табысы мол дәстүрлі орталарынан жасырынуы;

-Кез келген лаңкестік актіні жария еткізетін, БАҚ-тың қатысуымен өтетін жариялылығы.

Қазіргі түрдегі лаңкестіктің шығу себептері де, барлық соғыстар мен қарулы қақтығыстардай бірнеше мемлекеттік негізге сүйенетіні белгілі: билік, ықпал, аумақ, шикізат көзі және тұтыну нарығы үшін күрес, сондай-ақ ұлттық және мәдени басымдықты, ұлттық-мәдени және діни мемлекеттілікті талап ету. Кейінгі дамыған және дамушы елдердің басым көпшілігінде жоғары деңгейде дамыған және әлемдік лидерлермен соғыс жүргізуге қауқары жоқ. Алайда, олардың кейбіреулерінің осы күні экономикалық әлеуеті де өсіп келеді, дегенмен әлемдік саясатқа ықпал ету мүмкіндігі жоқ немесе шектелген. Бірақ, соғысқа жеткіліксіз болса да, қорқытып үркіту шараларына жарайтындай құралдары жеткілікті болып отыр.

Қоғамға лаңкестік іс- әрекеттерден келетін зиян өте көп, сондықтан да адамдардың қорқыныштары сейілер емес. Қазіргі таңда лаңкестік іс -әрекеттермен әлем болып күресіп жатыр. Халықтың үрейін ұшыратын мұндай оқиғалардың алдын – алу шаралары көптеп жүргізілуде.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. http://www.inform.kz/eng/article/2644151
  2. http://kk.
  3. http://kk.wikipedia.org/wiki/Халықаралық_терроризм

Құрастырған: Құнанбай Арайлым

Яндекс.Метрика