ҚАЗІРГІ  ТАҢДАҒЫ ӘЛЕМДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАСЫНДА ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕСІ

Қазақстанда отандық медициналық ғылымының тиімді моделі құрылуда және ең алдымен, медициналық ғылымның тәжірибелік денсаулық сақтау жүйесімен өзара байланысы күшейтілуде. Еліміздің өңірлерінде жаңа инновациялық технологиялар қолданысқа енгізілуде: заманауи 400 медициналық жобаның 123-і бүгінде облыстарда іске асырылуда, деп хабарлады. Медициналық технологиялар — бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласы үшін ортақ мәселе болып отыр. Сондықтан оларды қажетті деңгейде бағалап, тиімді түрде пайдалану керек.Еліміздің өңірлерінде жаңа технологиялардың қолданысқа шығуын дамыту барысын жүзеге асыру.

Бүгінде «Са­ла­матты Қазақ­стан-2015» мемлекеттік бағ­дар­ламасы жү­зеге асы­рылуда. Денсаулық сақтау жүйесі са­палы дамып келеді. Елде озық ем­деу-диагностика­лық ке­шендер, ме­дицинаның негізгі бағыт­тары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құ­рылды, көліктік ме­дицина дамы­тылуда. Бізде ме­дициналық пой­ыз­дар, автокөлік, медициналық авиация пайдала­ны­лады», -деп атап көрсетті. Қазақстанда 2012 жылы 24 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылады. Оның ішінде, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді медициналық білім берумен және ғылыммен айналысатын 32 ұйым іске асыруда.«Саламатты Қазақстан» бағдарламасында медициналық ғылымды дамытудың басымдықты бағыттары көрсетіліп отыр»  [1]

Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуына байланысты күшейіп келе жатқан бәсеке, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі ниеті дамудың келешектегі жолын айқындап берді  – инновациялық экономикаға жеделдетіп өту. Осы Тұжырымдамада «Қазақстан – 2050» Қазақстанның даму стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, Қазақстан Республикасының «Үдемелі-индустриялық-инновациялық қызметті  мемлекеттік қолдау туралы» және «Ғылым туралы» заңдарының негіз қалаушы нормалары ескеріледі. Тұжырымдаманы әзірлеу кезінде ғалымдар мен академиялық сала өкілдерінің қатарындағы сарапшылардың, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен экономиканың әрқилы салаларындағы даму институттары сарапшыларының ұсынымдары қарастырылған. [2]

Қазақстанда экология және денсаулық, халықтың өмір жасын ұзарту, регенеративті медицина клеткалар технологиясы, жасанды ағзалар балалардың денсаулығын және ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулықтарын қорғау технологиялары, аурулар мен жарақаттардың салдарынан орын алатын өлім-жітімнің және еңбекке жарамдылыққа ұшырау оқиғаларының алдын алу, инфекциялық, әлеуметтік маңыздағы аурулардың салмағын азайту және оларды болдырмау технологиялары сияқты мәселелер.Бүгінде еліміздің медицина саласының қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтау жүйесіне жаңа жобаларды нәтижелі енгізіп жатыр. Мысалы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың базасында жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау отасы жасалды. Травматология және ортопедия ғылыми орталығында жамбас буынын цементсіз бекітуге арналған эндопротез ойлап табылса, көз ауруларының ғылыми-зерттеу институты емдеудің жаңа әдісін — кәрілікпен келетін макулодистрофияның фотодинамикалық терапиясын ойлап тапты.

«Медициналық травматология және ортопедиялық ғылыми техникалардың     даму              жолдары:

— Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыру;

— Профилактикалық iс-шараларды, скринингтiк зерттеулердi күшейту, негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеудi және оңалтуды жетiлдiру;

— Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi жетiлдiру;

— Денсаулық сақтаудың бiрыңғай ұлттық жүйесiнде медициналық көмектi ұйымдастыруды, басқару мен қаржыландыруды жетiлдiру;

— Медициналық, фармацевтикалық бiлiмдi жетiлдiру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгiзу;

— Халыққа дәрiлiк заттардың қолжетiмдiгi мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту.» [3]

 «Қазақстан мен ТМД елдерінде теңдесі жоқ және халықаралық стандарттарға сай бірегей медициналық жабдықтар шығарылатын болады. Алдағы кезде «КазМедПрибор» ЖШС-нің  кәсіпорыннан рентген–аппараттары УЗИ аппараттары, эндоскопиялық, хирургиялық үшін бейнекешені, ота жасауға арналған столдар мен шырақтар, медициналық консолдар, электркар диографтар, пульсоксиметрлер, пациент мониторы, фетальды мониторлар мен доплерлер, ауа және бу стерилизатор, дезинфекциялау-жуу машиналары, биологиялық ламинарлық бокстер, т.б. медициналық жабдықтар шығарылатын болады. Кәсіпорын шығармақ техникалар емдеу – профилактикалық және сауықтыру мекемелері мен «Жедел жәрдем» ауруханаларына, санаторийлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттар үйлеріне, реанимобильдерге және жеке тұтынушыларға арналған». [4]

Бір айта кетерлігі, аталмыш жоба медициналық мекемелерге қолданыстағы тозығы жеткен және сапалығы ескірген жабдықтарды ауыстыруға және жоғары технологиялық бағыттағы әлемдік деңгейдегі медициналық техникалар шығаратын отандық өнеркәсіптің дамуына ықпал ететіндігі даусыз. Өндіріс орнының құрылысына Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржылай көмек көрсетіліп, жоба банктер арқылы қаржыландырылуда.

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық дамуының тұжырымдамасы елді 2020 жылға дейін инновациялық дамудың қағидаттарын, іргелі негіздері мен басымдықтарын білдіреді.

Тұжырымдамада Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің жай-күйін талдау, сондай-ақ инновациялық дамудың негізгі мақсаттары, міндеттері мен тәсілдері көрсетіледі, бұлардың түпкілікті мақсаты нарыққа бәсекеге қабілетті тауарларды, процестер мен қызметтері шығару болып табылады. Бүгінде инновациялық қызметтің қарқындылығы көбінесе экономикалық даму деңгейінен көрінеді: жаһандық бәсекеде инновациялар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін елдер жеңіске жетеді. Яғни, инновациялық экономиканы дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады».

Елде дамыған кәсіпкерлік сектор мен қоғамның инновацияларды қабылдау мәдениеті болған жағдайда ғана ұлттық инновациялық жүйе тиімді болып, жоғары кіріс әкелетіні туралы шет елдердің тәжірибесінен тұжырым жасауға болады. Жаңа технологияларға, қызметтерге, кадрлар біліктілігіне, басқару әдістеріне шоғырландырылған инновация экономикалық дамыған елдердің бәрінде де бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы болып табылады.

Қорыта келетін болсақ елімізде қазіргі таңда медициналық  технологиялық инновациялар қарқынды дамуда.Медицина саласындағы технологиялар өте маңызды болып табылады. Сол себепті Қазақстан Республикасы әлемдік медициналық технологиялармен қамтамасыз етудің жолдарын жасауда. Дегенмен қазір елімізде кейбір медициналық  технологиялар жетіспеуде. Бүгінде инновациялық қызметтің қарқындылығы көбінесе экономикалық даму деңгейінен көрінеді, жаһандық бәсекеде инновациялар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін елдер жеңіске жетуде. Яғни, инновациялық экономиканы дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. http://www.inform.kz/kaz/article/2453355
  2. http://www.inform.kz/kaz/article/2505349
  3. http://uakit.kz/?p=3435
  4. .http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000990

Құрастырғандар: Жаниманова Д., Тойшыбек А.

Яндекс.Метрика