ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЕХНОПАРКТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Мазмұны

Кіріспе

Қазақстандағы технопарктердің қалыптасуы мен дамуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Кіріспе

Технопарк – бұл менің ойымша ғылыми зерттеу негізінде бизнес орталықтарының құрылуы. Жоғары оқу орындар негізінде немесе ғылыми-зерттеу институттар негізінде бұл ЖОО ғылыми потенциялын өңделген технологиялар арқылы шағын инновациялық кәсіпорындар территориясында орналасатын технопарктерді дамыту үшін ұйымдастырылатын құрылымдар технопарктер үлкен университетті орталықтарда жасалады.

Технопарктерді құру еліміздегі бизнестің дамуы мен қалыптасуына әсерін тигізеді. Бизнесті дамыту елдің инновациялық инфрақұрылымын дамыту мен елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуын жүзеге асырады.

Осыған орай елімізде ірі, орта және шағын бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, халықтың жұмыссыз бөлігін жұмыспен қамту мәселесі шешіліп жатыр.

Қазақстанда технопарктерді енгізу мен жұмыс істету мынадай ерекшеліктерге ие болатын қазіргі заманғы еуропалық модель бойынша жүзеге асырылатын болады:

  • онда шағын кәсіпкерлік субъектілерін орналастыруға арналған ғимараттардың болуы, — бұл ұжымдық қызметтің барлық артықшылықты жүйелерін пайдаланатын жаңа шағын және орта инновациялық кәсіпорындардың үлкен бөлігін қалыптастыруға ықпал етеді;
  • инноваторлар үшін қажетті сервистік пакетті (бухгалтерлердің, маркетологтардың және т.б. қызметі) қалыптастыратын ұйымдардан таңдап алынатын қызмет көрсету жүйесі).

Технопарктерді құру мен дамытудың ағымдағы тұжырымдамасына кейбір өзгерістер енгізген жөн. Технопаркті оның аумағына технологиялық бизнес-инкубаторларды, ғылыми және білім беру ұйымдарын міндетті түрде орналастыра отырып, шектеулі аумақ ретінде айқындау барынша орында болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар технопарктерді құру үшін жер учаскелерін беретін болады және барлық инновациялық қызметке қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы технопаркті басқару үшін оператор компанияны айқындайтын болады.

Қазақстандағы технопарктерді дамытудың негізгі проблемаларының бірі технопарктердің міндеттері мен функцияларын бірыңғай және нақты түсініктерінің болмауы болып табылады. Технопарктердің мәнін нақты түсінбестен, олардың тұрақты дамуына дұрыс тәсілді әзірлеу мүмкін емес, технопарктер жанынан экономиканың нақты секторынан алыстатылған кезекті таратылмайтын ғылыми зерттеу ұйымдарын құру қатері туындайды.

Инновациялық жобалардың бастамашылары — технопарктердің әлеуметті клиенттерінің төлем қабілеті деңгейінің төмендігі операциялық шығыстарды жабу үшін жеткілікті кіріс бөлігін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.

«Технопарктерді жасау мақсаты инновациялық қызмет субъектілерін ұйымдастыру болып табылады. Олар елдің инновациялық инфрақұрылымның бөлігі болып табылады және ғылыми-зерттеулер нәтижесінде қолдану үрдісін тиімді қолдануын қамтамасыз етеді.Технопарктердің қызметтері мен міндеттері:

  • өндіріске отандық және әлемдік ғылыми-техникалық прогресстің ауыстырымдық жетістіктерін енгізу;
  • жаңа инновациялық өндірістерді жасауға қатысу;
  • ғылыми-технологиялық зерттеулерді және инновациялық өндірістерді инвестирлеу;
  • жаңа ойларды жетілдіру;
  • отандық және шетелдік инвестицияларды инновациялық өндірістерге қарату үшін қолайлы жағдайлар және инфрақұрылымдар жасау;
  • ғылыми-техникалық кадрларды даярлауға бағытталған әсіресе жаңа технологиялар және инновациялық өндірістер облысында тез бейімделуге қатысу;
  • шағын инновациялық кәсіпорындар қызығушылығымен құрастырылатын инновационды инфрақұрылымдарды дамыту және жетілдіру;
  • ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлы оқу ұйымдарының және кәсіпкерлі ортадағы қызметкерледің күш-жігерін біріктіру;
  • экономика, менеджмент, маркетинг саласында кәсіпкерлерің құқықтық;
  • экономикалық және басқарушылық білім деңгейін арттыру, даярлау, оқыту;
  • ғылыми, технологиялық ақпараттарды тарату;
  • инновациялық кәсіпкерлікті дамытуда және ұйымдастыруда материалды техникалық көмек көрсету;инновациялық кәсіпкерлерге маркетингті, кеңес берушілік және басқарушылық қызмет көрсету;
  • инновациялық өнімге мемлекеттік сұранысты орындау бойынша тендерлерге қатысу»[1].

Технопарктердің құрылымдық міндеттері:

  • шағын бизнес инкубаторлары;
  • лабораторлы зерттеу-конструкторлы өндірісті базасы;

Сервистік компаниялар және фирмалар технопарк компанияларына ақпаратты, заңды, потентті, лицензиялы, инжинирленген, маркетингті, бухгалтерлі, қаржылық, жарнамалық және т.б. қызметтерді ұсынады.

«Дамушы экономикада технопарктердің технологиялық деңгейі түрлі, әр түрлі ұйымдарда кең ауқымды болып табылады. Әртүрлі ақпарат көздерінен технопарк туралы көптеген ақпараттар бар, бірақ кең көлемде таралған Ұлыбританияның ғылыми парктік қауымдастығының анықтамасы. Технопарк – бұл жер мен жылжымайтын мүлікке ие ұйым және ол өз кезегінде:

  • ғылыми және танымдық орталықтармен формальды және жұмыстық байланыстары бар;
  • негізгі қызметі білімдік және нәрлендіретін жоғары технологиялық компаниялармен байланыс;
  • басқару ісін жүзеге асыра отырып, трансфертті технологиялық үрдіске және технопарк аумағында орналасқан бизнестік оқу орталықтарына белсенді түрде қатысады;

Негізгі белгілері бойынша технопарктердің классификациясы:

  • технологиялық классификация;
  • басқаруы бойынша классификация;
  • кең ауқымды өндіріс орындарының классификациясы;

Басқару құрылымы негізінде технопарк түрлеріне тоқталамыз»[2].

Кесте 1. Қазақстан үшін технопарктердің жіктелуі.

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-68

Ескерту.Мәліметтер ҚазҰУ Хабаршысы.Инновациялық өсу стратегиясы: шетелдік тәжірибеден Қазақстандық шындыққа, Экономика сериясы.№4 (116), 2016 жыл, 159 бет [3].

Сонымен қатар, технопарктерге инкубациялық қызметтер және объектілер, ірі өндіріс орындарының аумағы берілуі мүмкін.

Соған сәйкес, Қазақстан технопарктерді келесі түрлерге бөледі:

«Қазіргі  таңда,  әсіресе,  технологиялық  даму  бойынша  Ұлттық  агенттіктің  технологиялық  бизнес-инкубаторлау  бағдарламасын  жүзеге  асыру  аясында  аймақтық  технопарктердің  жұмысында  бірқатар  оң  үдерістер  пайда  болды.

  • Ғылыми-техникалық парк – бұл, инноваицялық өнімдерді өндіруге бағытталған, ғылым және білім орталықтарымен ресми қарым-қатынаста болып, инновациялық өндірісті ұйымдастыруға еркін бағыттары бар, индустриалды паркте орналасқан кәсіпорындар.
  • Индустриальды парк – бұл,кең ауқымды өндіру үшін объектілерде және ірі өндірісте капиталға сыйымды өндіруге бағытталған, бірақ инновациалық өнімдерді өндіру міндетті емес.
  • Технологиялық бизнес-инкубатор – бұл, құқықтық қызмет көрсету, оның ішінде бизнес-консалтинг, бухгалтерлік есеп, маркетинг және басқа да объектілерді, сондай-ақинкубациялау арқылы шағын шағын инновациялық компанияларды қадағалауға бағытталған, озық өндірістік үлгілерді дамыту үшін инфрақұрылым негізделеді.
  • Бизнес-инкубатор – жаңадан ашылған кәсіпорындарға, бизнестің дамуына септігін тигізетін шаруашылық іс-әрекеттерін және офистік қызмет жүргізу үшін өндірістік және офистік, т.б. орындарды тиімді шарттар негінде беру арқылы қолдау көрсетеді.
  • Техникалық бизнес парк – өндірісті ұйымдастыру үшін, ғылым және білім орталықтарымен ресми қарым-қатынаста болады, сонымен қатар бизнес-инкубатор, соның ішінде инновациялық өнім шығаруға бағытталған.
  • Бизнес-парк – жаңа өнімдерді шығаруға бағытталған, сонымен қатар шағын және орта бизнеске инкубациялық қызметтерін ұсыну, өндірістік алаңдар ұйымдастыру негізінде жұмыс жасайды» [4].

Әлбетте, технопарктер ауқымды парктердің көптеген түрлерін көрсетуге қабілетті, индустриялық парктерді анықтайтын төрт негізгі факторлары кең варияциялық үлгіде.

Негізгі ұғым бойынша технопарктердегі айырмашылықтар инновациялық бағдар бойынша ажыратылады.

Осылайша, бизнес-инкубаторлар мен бизнес-парктердің қызметі төмендегідей:

  • «жаңа өндіріс өнімдерін жоғары құнымен құру;
  • халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру;
  • шағын және орта бизнесті қолдау;
  • халықаралық стандарттарды енгізу арқылы өнім сапасын және сертификаттауды жақсарту;
  • Сонымен қатар, технопарктердің, технологиялық бизнес-инкубаторлар, технологиялық бизнес-парктердің бизнес-парктер мен бизнес-инкубаторлардан айырмашылықтары төмендегідей:
  • Қазақстан экономикасының инновациялық өндірістік процестерін жүзеге асыру;
  • ғылыми зерттеулерді және инновацияларды ынталандыру;
  • технологиялық трансфертті үрдіс арқылы экономикалық технологияны қолдау, дамыту;
  • экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісі»[5].

Технопарктер түрлері арасындағы айырмашылықтар әр түрлілік тұрғысынан айқын болмауы мүмкін, өйткені іс жүзінде қиындықтар туындауды. Осылайша, технопарк құрылымы шығынсыздықты қамтамасыз ету үшін, қаржылық жағдайларға байланысты, өз қызметін түрлі кезеңдерде өзгертіп отырады.

 Технопарктерді жіктеу қиын, технологиялық парктер әлемдек қолданыстағы құқықтық нысандар түрлеріне ресми анықтама жоқ. Әрбір құрылым жеке ұлттық экономиканы, географикалық аймақтарды, шарттарды ескере отырып құрылады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тек аралас табыстарды көруге болады, табысты технологиялық парктер саны аз. Технопарктерді құру тек физикалық инфрақұрылымды салумен ғана шектелмейді. Технопарктердің табысы технопарктер өндірген өнімнің рынокта болуымен түсіндіреді.

«Қазақстан экономикасы жоғары дәрежеге жеткен жоқ, себебі инновациялық және жоғары технологиялық өңімдерді айтарлықтай көлемде қолданыста емес. Сонымен қатар технопарк құрамындағы фирмалардың 60%-ға жуық өнімі экспортқа шығарылуы қажет. Мемлекет қазақстандық сыртқы нарыққа, экспортқа қызығушылық танытуы тиіс.

Технопаркке түрлі тәжірибе жсауға болады, олардың әрқайсысы серіктестерін, байланыстарын және де басқа да ресми және бейресми активтердің қатысуымен заңды тұлға түрінде жақсы ұйымдасқан. Қазақстанның технологиялық дамуына технопарктер мен бизнес-инкубатордың рөлін зерттеуге Қазақстанның инновациялық жүйесінің мәртебесі мен сипаттамаларын талдау үшін қажет.

Қазақстандағы жеке сектордың шығындары өнеркәсібі дамыған елдерге қарағанда үш есе төмен. Осындай жағдай Оңтүстік Кореяда 1970 жылдары болған, Қазақстан 30 жыл артта қалуда. Демек, Тиісті әдістемелердің жоқтығынан, құрылған технопарктер республиканың инновациялық дамуына әкеп соқтырмайтыны анық. Бұл қазіргі технопарктер жұмысымен расталады»[6].

Кесте 2. Бизнес инкубарторлардың Қазақстандағы өсім көрсеткіші.

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-69

Ескерту. Мәліметтер ҚазҰУ Хабаршысы. Инновациялық өсу стратегиясы: шетелдік тәжірибеден Қазақстандық шындыққа, Экономика сериясы.№4 (116), 2016 жыл, 161 бет.

Тек бизнес-инкубатордың клиеттері ғана технологиялық бизнеспен айналысады. Келесі кестеде сондай-ақ бизнес-инкубаторлардың және инкубаторлар құрамын клиенттердің объектілерін даму үрдістеріне индикативтік қамтамасыз ету.

Кесте 3. Бизнес-инкубатор клиенттерінің ортастатистикалық көрсеткіштері.

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-71

Ескерту.Мәліметтер ҚазҰУ Хабаршысы. Инновациялық өсу стратегиясы: шетелдік тәжірибеден Қазақстандық шындыққа, Экономика сериясы.№4 (116), 2016 жыл, 161 бет

«Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып мынадай қорытындылар шығады:

  • Өнеркәсіптің технологиялық қызметі негізінен кәсіпорындардың меншікті ресурстарына байланысты. Инвестициялық бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі. Сондықтан инвестициялар, жаңа технологиялар мен жабдықтарды сатып алу үшін ғана емес, сондай-ақ ескірген өндірістік желілер ақаулықтарын түзету үшін қажет.
  • Компания өзі ие емес елеулі инвестицияларды талап етеді,ірі ауқымды инвестициялар және қайта құрылымдау жөнінде өз ресурстарынан қаржыландыру инновациялық кәсіпорындардың инновациялық әлеуетін жүзеге асыру шектейді.
  • Салалар бойынша негізгі капиталға салынған біркелкі инвестициялық экономиканың шикізаттық салаларында негізінен шоғырланған,өйткені,өңдеу зауыттарында инвестицияны көтермелеу,амортизациялық саясатты нығайту қажеттігін дәлелдейді.
  • Инновацияға жеке инвестициялар болмауы,ол өнеркәсіптік кәсіпорындардың нақты қажеттіліктеріне емес,сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталықтарының қоғамдық әзірлеген инновациялық технологиялар мен өнімдердің кейбір сұранысқа ие қалады емес,бұл шын мәнінде әкеледі.
  • Қазақстанда қолданыстағы кәсіпорындар мен бизнес-инкубаторлардың айтарлықтай бөлігі инновациялық өндірістер мен кәсіпорындар бағдарланған емес.
  • Пайдалы қазбаларды өндірудің экономиканың құрылымдық бағдар ескере байланысты технологиялық және инновациялық өнімдерді сұраныстың төмен деңгейі еліміздің инновациялық өндірістер мен кәсіпорындар әлсіз дамиды.
  • Инновацияның осы түрінде сұраныстың жоқтығынан, ең алдымен, жоғары технологиялы инновация саласының Қазақстанда болмауы.
  • Әлемде инновациялардың айтарлықтай сомасы инновациялық процесс болып табылады, яғни, т.б., процестерді жақсарту немесе жақсартуға инженерлік құрастыру болып табылады»[7].

«Технологиялық парктер – заманауи инновациялық экономиканың маңызды элементі. Бүгінгі таңда елдің толыққанды инновациялық қызметі ғылыми және инновациялық орталықтар мен парктер, идеялар инкубаторы, алдыңғы қатарлы технологиялар, технологиялық полистер, сараптамалар сынды жаңа аймақтық шаруашылық құрылымы негізінсіз дами алмайды. Олардың бәрі әлемнің жетекші индустриялдық аймақтарында жасалып, мамандандырылған инновациялық құрылым негізін құрайды. Технопарктер өндіріс пен ғылымды барынша жақындастыру жағдайында ғана мүмкін болатын, республикамызда құрылған ұлттық инновациялық жүйенің негізін қалаушы элемент болып табылады.

Қазақстанда технопарктерді құру процесін 2 деңгейде жүзеге асырылуда:

  • Ұлттық технопарктер
  • Аймақтық технопарктер

Ұлттық технопарктерге жататындар:

Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы 2003 жылы қабылданды. Оның негізі болып инновациялық жүйе танылды. Бұл жүйе үш негізгі бөліктен тұрады. Біріншісі – жоғары оқу орындары, инноваторлар. Екіншісі – технопарктердің қызметін қадағалайтын инжиниринг және технологиялық трансферті орталығы секілді инновациялық инфрақұрылымдар. Және үшінші құрам – жобаларды қаржыландыратын ұлттық инновациялық қор, ғылым қоры секілді ұйымдар.

Өкінішке қарай, 2005 жылы инфрақұрылымға жауап беретін технопарктер мен ұлттық инновациялық қорды қосып жіберу арқылы қателік кетті. Технопарктер, ең алдымен, жобаны жүзеге асыруға, жобалардың пайда болуына, оларды қолдауға ықпал етті. Ал ұлттық инновациялық қор жобаны қаржыландырумен айналысуы тиіс. Екеуін қосып жіберген соң, «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайдының» кебі келді. Ақыр соңында кімнің немен айналысатыны, не үшін жауап беретіні түсініксіз болып қалды. Бұл технопарктердің, оған келген жобалардың әрі қарай дамуына үлкен кедергі келтірді. Біз мәселені «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығына жеткізіп, оны түзедік. Тұжырымдамада ұлттық және өңірлік болып келетін екі деңгейдегі технопарк құру қарастырылған. Ұлттық технопарк салалық болып келеді, арнаулы экономикалық аймақтың аумағында құрылады. Сондай-ақ, соның есебінен отандық ғылым мен өнеркәсіпті дамыту үшін, аталған салада әлемнің жетекші өндірушілерінің өызмет етуіне тартымды жағдай қамтамасыз етіледі.

Аймақтық технопарктерге жататындар:

Технологиялық «инжиниринг және трансферт орталығы» АҚ аймақтық технопарктерді құру операторы болып табылады. Қазіргі кезде Қарағанды, Орал, Алматы қалаларында технопарктер жұмыс істеуде. Технопарктерде орналастырылатын жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті инфрақұрылым жасалған, мұнымен қатарласа жаңа жобаларды тарту жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Технопарктерде жобаларды орналастыру тәртібін осында көруге болады. Технопарк «Алгоритм» 2004 жылдың 14 шілдесінде орал қаласында құрылған. Міндеті: Қазақстанның Батыс аймақтарында инновациялық қызмет үшін бастамашыларға физикалық инфрақұрылым мен көмекші қызметтердің инновациялық жобаларын ұсыну жолымен оңтайлы жағдайла жасау. Қызмет көрсетудің басымдық бағыттары:

  • технологияларды дамыту;
  • мұнай-газдық машина жасау және металл өңдеу;
  • мұнай химиясы;
  • аспап жасау;
  • қоршаған ортаны қорғау»[8].

«Физикалық инфрақұрылым:

  • технологиялық бизнес – инкубациялау үшін жалпы алаңы – 4200 шаршы метр әкімшілік ғимараттар;
  • жобаларды автоматтандыру жүйесі (САПР) және бақылаудың бұзбайтын әдістері зертханалары;
  • токарлық өңдеу орталығы.

Инновациялық стратегия – бұл барлық дамыған мемлекеттердің дағдарыстан шығудың ең дұрыс жолы, сол арқылы жылдам индустрияландырудың міндеттерін шешеді. Экономикалық дағдарыстан шығудың материалдық негізі инновациялық технология негізінде өндірісті жаппай жаңарту болып табылады. Экономистердің бағалаулары бойынша ұзақ мерзімді келешекте ҒЗТКЖ шығындардың өсуі ІЖО 0,1% өсіруі мүмкін.

Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей жаһанды экономикалық бәсекелестік шарттарында экономиканың тұрақты өсуі өндіріске жаңа технологияларды және әзірлемелерді жоғары деңгейде енгізумен байланысты. Әртүрлі бағалар бойынша бүгін дамыған елдердің өнімділігі 70-тен 100%-ға дейін өсімі инновацияларды пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі»[9].

«Инновациялық даму даму модельдерінің үлгісінде Еуроатланттық, Шығыс азиаттық және баламалық деп бөледі. Әлемде жалп әдісте инновациялық өсудің төрт стратегиясы белгіленді:

  • барлық бағыттар бойынша жаппай көшбасшылық, АҚШ соған ұмтылады;
  • бастырмалап даму, технологияларды тарту, Жапония, Оңтүстік Корея қолданған, қазіргі уақытта Қытай қолданады;
  • алдыңғы қатардағы технологияларды пайдалану шартымен табиғи ресурстарға қолжетімділікке айырбас ретінде шетелдік компаниялар шақырылғанда инновацияларды оқшаулау;
  • тұтыну нарығы мақсаттары үшін қорғау кешенді технологияларды пайдалану стратегиясы»[10].

«Қазақстандағы Ұлттық инновациялық жүйе инстуционалды және физикалық инфрақұрылым түрінде 2003 жылы қалыптасты: «Ұлттық инновациялық қор» АҚ (әрі қарай «ҰИҚ» АҚ) жобалық қаржыландыру, «Инжиниринг және технологияларды трансферттеу орталығы» АҚ инжиниринг және технологияларды трансферттеу, АҚ қатысуымен бір қатар венчурлық қорлар венчурлық қаржыландыру және Алматы, Қарағанды, Орал, Алатау ИТП төрт технопарк түрінде физикалық инфрақұрылым.

Республикада инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асады:

  • мемлекетік инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін экономиалық шарттарды жасау арқылы инновациялық қызметті ынталандыру;
  • инновациялық дамудың басымдықтарын анықтау;
  • инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;
  • инновацияларды жасауда және енгізуде мемлекеттің қатысуы;
  • сыртқы нарықтарға инновацияларды жылжыту»[11].

Бағдарлама әртараптандыру және бәсекеге қабілеттігін көтеру арқылы экономиканың тұрақты және тепе-тең өсуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламаның бірінші бөлімін жүзеге асыру нәтижесінде белгілі оң нәтижелерге қол жеткен.

«Мемлекеттік инновациялық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2010-2014 жж. және 2015-2019 жж. Қазақстанның қарқынды индустриалды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылданған, бұл бағдарлама 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының бөлігі болып табылады.

Төрт жыл ішінде 16 млрд. АҚШ долл. соммасында 651 жоба жүзеге асқан, 67 мың тұрақты жұмыс орындары пайда болған, шикізаттық емес экспорт көлемі 1,6 есе өскен. Бірақ осы бағдарламаны жүзеге асыруда кемшіліктер болған. Солай, осы бағдарламаның меңгермеген жарты  бюджеті 2010-2014 ж.ж. өнеркәсіптік сасатты жүзеге асырумен байланысты емес. Бюджеттің 10% осы бағдарламаның мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес емес шараларға жұмсалған. Мысалы, ядролық сынауды бақылау, авиа тасымалдауларды субсидиялау, қызметтерді автоматтандыру .

Зерттеулер көрсеткендей, жоғарыда айтылғандармен қатар, Қазақстанның негізгі инновациялық даму мәселелері келесілер:

  • технологиялық жаңалықтарды енгізу және оларды нарыққа шығару заманауи механизмдердің жоқтығы;
  • инновациялық үрдістерді басқарудың кешенді жүйелі әдістің жоқтығы елдің инновациылық әлеуетін дамытуды тежейді және оның әрі қарай даму бағыттарының басымдылықтарын дұрыс белгілеуге мүмкіндік бермейді;
  • технологиялық парктер, арнайы бизнес-инкубаторлар, тәуекелді қаржыландыру қорлары сияқты инновациялық жобаларға көмек беретін дамыған инфрақұрылымдық элементтердің болмауы; көптеген ғылыми әзірлемелердің, технологиялардың және өнімдердің бітпегендігі;
  • ішкі нарықта алдыңғы қатардағы технологияларға және өнеркәсіптік жаңалықтарға төлем қабілеті бар сұраныстың жоқтығы. Ғылым және ғылыми-техникалық іс-әрекет қызмет көрсету саласына жатады және бұл қызметтер нарықта сұранысқа ие болу керек. Көптеген кәсіпорындар ғылым нәтижесінің қызметтерін сатып алуға мүмкіндігі жоқ»[12].

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін жоғарылатуға кедергі болатын негізгі факторлар:

  • тапсырыс берушілердің төлем қабілеті жеткіліксіз;
  • жаңалықтарды енгізудің жоғары құны;
  • меншік қаржы қаражаттарының жеткіліксіздігі;
  • мемлекет тарапынан қаржылық қолдау;

«Инновациялық саясаттың тиімділігін көтеру мақсатында шетелдік тәжірибені және отандық зерттеушілердің нәтижелерін ескеріп, Қазақстан үшін келесі бағыттар бойынша шараларды қабылдауды ұсынуға болады:

  • инновациялық қызметтің арнайы қаржыландыру механизмдерін белсенді дамыту;
  • жергілікті кластердің бағытына сәйкес ұлттық масштабта және аймақтық деңгейде корпоративтік және мемлекеттік емес зерттеу мекемелерінің тұтас жүйесін қалыптастыру;
  • білімдерді айырбастаудың институционалдық нысандарын іздеу, ҒЗТКЖ нәтижелерін коммерциялау және оларды шаруашылық тәжірибеге кеңінен енгізуге көмектесу;
  • жаңа шарттарда жоғары әлеуетті сұраныспен, мақсатты нарық өнімділігімен және онда позициялау стратегияларымен сипатталатын келешегі бар салаларда негізгі өнімдер жиынтығын анықтау»[13].

«Мәжілістің V шақырылымының депутаттары еліміздегі бизнесті дамыту саласы бойынша Үкімет басшысы мен орталық мемлекеттік органдарға нақты мәселелер бойынша сауалдар жолдаумен ерекшеленіп жүр. Бұған бизнес саласынан сайланған депутаттардың әсері мол болып отырғаны байқалады. Олар бизнесті жүргізуге нақты қандай кедергілердің барын өмірден өз көздерімен көргендіктерін танытуда.

Мәжілістің соңғы отырыстарының бірінде де қазақстандық бизнесті дамытуды мақсат еткен «Ақ жол» партиясының өкілдері үкімет басшысының атынан нақты мәселе көтерген және оның шешу жолдарын көрсеткен ұсыныс-сауал жолдады. Оны «Ақ жол» ҚДП-ның мәжілістегі фракциясының мүшесі Нұрлан Жазылбеков жариялады»[14].

Технопарктердің жұмысы қазіргі кезде қиын,   жұмысын түбегейлі өзгертуді қажет деп санаймыз. Бұлай сөйлеу мәселені түбегейлі білетін, технопарктермен тікелей жұмыс істеген бизнес өкілдерінің қана аузынан шығатын тұжырым екені анық аңғарылды. Олардың негізгі мақсаты «Қазақстанның инновациялық әлеуетін арттырып, экономикамызды қажетті инновациялық өнімдермен қамтамасыз ету болатын. Сол үшін арнайы базада заңнамалық базада жасалды. Елбасының «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы», одан «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлықтары осының айғағы. Бірақ, өкінішке орай, отандық технопарктердің көбісі өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындап отырған жоқ. Олар тек жалдау орындарын беру және кәсіпорындардың өсуіне жаңа технологиялармен байланысы жоқ қызметтер көрсетумен ғана шектелуде. Технопарктердің басым көпшілігі өздеріне бизнес-инкубаторлар құрып алған. Бұл инкубаторлардың қызметін қолданатын компаниялар жиһаз жасау, киім тігу және тағы басқа шектеліп, тек шағын бөліктері ғана технологиялық бизнеспен айналысады. Жоғары технология компанияларды қолдау туралы идеялар іске аспай, айтылған күйінде қалып отыр», делінген сауалдар.

Одан әрі депутаттар дамыған шетелдердің тәжірибесінде инновациялық экономиканың дамуына мемлекет тарапынан көмек жасалып, арнайы институттар құрылғанын айтады. «Ал біздегі осы мақсатпен құрылған «Ұлттық инновациялық қор» АҚ пен «Инжиниринг пен технологиялар трансферті орталығы» АҚ қандай жетістіктерімен мақтана алар екен? Ғылыми жұмыстарына гранттар алғандарды қай жерден көруге болады? Технопарктер кімдерге бағынады, олар қожайындары кімдер? Бізде неге өнертапқыш Кулибин сияқтыларға көңіл бөлініп, олардың идеяларының іске асуына мөлдірлікпен жағдай жасалмайды? Осындай сұрақтардың барлығы «Ұлттық инновациялық қордың» өзінің алдына нақты мақсатпен пен міндет қоймағандығынан туындап отыр», делінген сауалда.

Одан әрі сауалда ауыл шаруашылығының инновациялық дамуына да жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейтіні атап өтіле келіп,Елбасының биылғы Жолдауындағы аграрлық секторға жүктеген міндеттемелерді тиімді іске асыру үшін агротехнопарктер құру керектігі ұсынылады.Мұның өзі ауыл шаруашылығының да перспективалы сала екенін жастарға көрсетіп,онда да заманауи технологияларды қолданып,биік жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі мол екенін ұқтыратыны атап көрсетіледі.Сайып келгенде,бұл жастардың,мамандардың ауылдан жаппай кетуіне тосқауыл болар еді делінеді.

Егер ауылшаруашылық мәселелермен айналысатын технопарктерге сыбайлас жемқорлық араласып кетпесе,инноввациялық негізде агробизнеспен айналысатын отбасылық фермерлерге тамаша жағдай туып,жас шаңырақтардың әлеуметтік мәселелері де шешілген болар еді,дейді сауалға қол қоюшылар.Олар тіпті ауылшаруашылығы өндірісінің қалдықтарынан биодизель,ибиогаз,ибиогумус, сондай-ақ тыңайтқыштар да алуға болар еді дегенді қосады»[15].

Әрине, мұндай идеяларды іске асырып жатса, ауылшаруашылық технопарктері бүгінгі күннің талабына сай келер еді. Бірақ, технопарктер сыбайлас жемқорлық деген індеттің ықпалына түсіп кетіп, бөлінген қаражаттың бәрі бөрі жегендей болып жүрмесін деген күдік те жоқ емес. Технопарктердің жұмысын жақсарту үшін оларға түбегейлі өзгерістер енгізу керек.

«Осымен төркіндес, оншақты депутат қол қойған сауалды Премьер-Министр К.Мәсімовтің атына депутат Ж.Асанов та жария етті. Бұл сауалда да Үкіметтің алдына нақты ұсыныс жасалады. Атап айтқанда, «Бастамашы адамдарды қолдап, 10 қадам жасайық» жобасын іске асыру үшін төменде көрсетілген нақты 10 бизнес-жағдайды алға тосады:

  • Бизнес жасау үшін жер учаскесін алғым келеді;
  • Пәтерімді сауда орнын ашу үшін қайта құрғым келеді;
  • Құрылыс материалдарын шығаратын цех ашқым келеді;
  • Халықаралық тасымалмен айналысқым келеді;
  • Қоғамдық тамақтандыру орны – асхана ашқым келеді;
  • Лизингке ауылшаруашылығы техникаларын алғым келеді;
  • Көкөніс және жеміс сақтаумен айналысқанды қалаймын;
  • Ауылшаруашылығы бизнесіне несие алғым келеді.

Осы нақты сұрақты қойып отырған сауал жолдаушылар Премьер-Министр К.Мәсімовтен Үкімет, Бас прокуратура, Эконромикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, «Атамекен» одағынан жауапты өкілдері және қол қоюшы депутаттарды жинап, мәселелердің шешімін талқылайтын күнді белгілеңіз деп сұрайды.

Технопарктер құрылтайшыларының, ғалымдардың  сұранысы  бойынша  технопарктер  қызметін  жетілдіру  туралы  мәселені  палатаның  Әлеуметтік-мәдени  даму  комитетінің  төрайымы  көтерді. Ал  комитет  отырысында  негізгі  баяндаманы  Мәжіліс  депутаты  Уәлихан  Бишімбаев  жасады.

…2004  жылдан бастап  технологияларды  дамыту  саласындағы   ұлттық  институттың  қатысумен  елде  9  аймақтық  технопарк  құрылды,  оның  1-еуі  қызмет  атқармайды.Аймақтық  технопарктердің  мақсаты- индустриялық-инновациялық  қызметті  жүзеге  асыру  және  инновациялық  әлеуетті , аймақты  дамытуға  қолайлы  жағдайлар  жасау.

2004-2009  жылдардағы  технопарктердің  қызметін  талдау  олардың  жұмысын  ұйымдастыруда  жүйелік  кемшіліктердің  бар  екендігін  көрсетті.Негізінен,  проблемалар  жарғылық  капиталды,  инфрақұрылымдар  мен  өндірістік  орындарды  құру  мәселелерімен  байланысты.Аймақтық  технопарктер  жоғары  оқу  орындарымен,  ғылыми  ұйымдармен,  бизнес-ортамен  тығыз  байланысты  қамтамасыз  ете  алмады.Жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми  ұйымдардың  қатысуымен  технопарктерді  құруда  жарғылық  капиталдағы  зияткерлік  меншіктің  үлесін  қолдану  тәжірибесінің  болмауынан  және  жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми  ұйымдардың  мүдделерін   қорғауда  кепілдіктің  жоқтығынан  қайшылықтар  туындайды»[16].

 «2012  жылы  «Индустриялық-инновациялық  қызметті  мемлекеттік  қолдау  туралы»Заң  қабылданды,   соның  негізінде  мемлекеттік  қолдаудың  кешенді  жүйесі  жасалды.

Елбасымыздың  «Қазақстан-2050»Стратегиясы  —  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»Жолдауында  көрсетілген  міндеттер  инновациялық  қызмет  саласына  ғылымның  белсенді  қатысуын  талап  етеді.Мұндай  ұстаным  технопарктерді  елдің  инновациялық  алаңында  басты  ойыншы  ретінде  танып,  бір  жағынан,  инновациялардың  генераторы  мен  негізі  болып  табылатын  ғылыми  саламен,  екінші  жағынан  өндірістік  кәсіпорындармен,  бизнеспен  тығыз  байланысты  анықтайды»[17].

«Д.Назарбаеваның  бастамасымен  отандық  технопарктердің  қызметін  талдауға  қатысты  өткен  отырыста  олардың  қызметін  талдауға  қатысты  өткен  отырыста  олардың  қызметін  одан  әрі  қарай  жетілдіру  үшін  шаралар  қолданудың  қажеттілігі  байқалды.Осыған  орай  бірқатар  ұсыныстар  жасалды.

Сонымен,  ел  Президентінің  тапсырмаларын  орындауда «үштік  спираль»-  «бизнес,  университет,  мемлекет»  құру  бойынша  технопарктердің  инновациялық  үрдіске  барлық  қатысушылармен,  соның  ішінде  жоғары  оқу  орындарымен,  ғылыми  ұйымдармен,  кәсіпорындармен  және  инвесторлармен  тығыз  байланыс  орнатуды  қамтамасыз  ету  талап  етілетіні  атап  көрсетілді .

Комитет  отырысында  Индустрия  және  жаңа  технологиялар  вице-министрі  Қаныш  Төлеушин,  «Технологиялық  даму  жөніндегі  ұлттық  агенттік»АҚ  басқарма  төрағасы  Айдын  Құлсейітов  мәселеге  қатысты  түсініктемелер  жасап,  Индустрия  және  жаңа  технологиялар  министрлігінің ,  Білім  және  ғылым  министрлігінің,  Технологиялық  даму  бойынша  ұлттық  агенттіктің,  жоғары  оқу  орындарының  жетекшілері  сөз  алды»[18].

Әуел  бастан-ақ  бұл  жаңа  үрдіс  билік  тарапынан  қолдау  тапқанда  ғана  кең  көлемде  өрістейтіндігі  айтылған  болатын.Солай  болды  да. Әйтпесе,  отандық  экономиканың  дәрежесін  тасытатын  шаруаның  технологиялық   жағынан  дамуына  кедергі  болар  жайттар  жиі  ұшырасатындығы  даусыз  еді.

«Сарапшылардың  бір  тобы  шет  елдердегі  істің  мән  жайына  үңілгендігі,  өздерінің  тәжірибесіне  сүйене  отырып  қазақ  елі  құрылымдарының  бұл  бағыттағы  әлеуетіне  ден  қойған. Шетелдік  технологияға  назар  аудармайынша,  ісіміздің  алға  баспайтыны  айқындалды. Технопарк  жүйесі  арқылы  бүгіндері  талай  белесті  бағындырып  отырғандар  бар.Үнділердің  Банголардағы  кешені,  АҚШ,  Малайзия  елдеріндегі  осындай  құрылымдар  сол  елдегі  салалардың  ғылыми  әлеуетін  арттыруға  септігін  тигізді.Жаңалық  ашамын  деп  тырыштанғанша,  өзгелердің  озық  шаруаларын  біздегі  құнарлы  топыраққа  көшіргеннің  артықтығы  жоқ.Әрине,  бас-көзге  қарамай  көшірудің  реті  бола  қоймас.Өз  ерекшелігімізді  ескере  отырып  жүзеге  асырсақ,  қанекей!

Бұл  процесті  орындаудың  алғышарттары  бар  ма  деген  мәселеге  келсек,бәрі  де  білімнің  деңгейіне  байланысты.Кәсіби  біліктіліктің  жоғары   деңгейіне  жетуіміз  керек.Инновациялық  процестің  кезеңдерін  жүзеге  асыруда  тиімділікке  қол  жеткізу  үшін  білікті  мамандардың  үлес  салмағы  басым  болғаны  жөн.Бұған  тиісті  материалдық-техникалық  база  жасалмайынша  кең  көсілу  қиын.Осы  заманғы  өндірістік,  кеңсе  ғимараттары,  зертханалық,  телекоммуникациялық  құрал-жабдықтар  болуға  тиіс.Қаржылық  ресурстармен  қамтамасыз  етілмейінше  инновациялық  процестерді  алға  апару  қиынға  соғады»[19].

Индустрия  және  сауда  министрлігі  тарапынан  тиісті  бағдарламалар  өткен  жылы  жасалған  болатын. Елдің  индустриялық-инновациялық   стратегиясы  айқындалғанша  бұған  ешкім  де  көңіл  бөлмеген  еді. Инновациялық  жобаларды  жүзеге  асыруға  қолайлы  жағдай  жасайтын  табысты  құрылымдар  болған  жоқ. Әлемдік  рынокта  бәсекелестікке  қол  жеткізудің  тиімді  тетігі  де  осы.

«Жаңа  үрдісті  алға  апару  үшін  министрлік  тарапынан  құрылған  Инжиниринг  және  технологиялар  трансферті  орталығына  көптеген  міндеттер  жүктеліп  отыр. Мақсат-ғылыми  әлеуеті  жоғары  салаларда  жаңа  жұмыс  орындарын  құру. Аймақтарда  тиімді  инновациялық  ортаны  қалыптастыру  да  осыларға  жүктеледі. Мұны  жаңа  құрылым  іліп  әкете  ала  ма, мәселе  сонда.

Елдің  батысында,  яғни  , Орал  қаласында  шамасы  мәшине  және  құрал-аспаптар  жасау  өнеркәсібіне  негізделетін  болар. Орталықта,  Қарағандыда  орналасқан  технопарктен  металлургия  және  кен  өндіру  саласындағы  технологиялық  жаңалықтарды  күтеріміз  рас. Ал  Алматыдағы  технопарктен  ақпараттық  технологиялар  мен  құрылыс  материалдары  өнеркәсібіне  қатысты  жаңашылдықты  күтсек  артықтық  етпейді. Бұл  тек  солардың  төңірегінде  қатып  қалу  дегенді  білдірмейді. Бұрын-соңды  өндірілмеген,  инновациялық  процестің  нәтижесінде  қолға  алынған  өнімдерді  өндірудің  қандай  да  болсын  мысалы  қолдауға  лайық. Тек  рыноктық  әлеуеті  болғаны  ләзім»[20].

Бүгінде  жаңа құрылым  құрудың  жөні  осы  екен  деп  аттандаудың  қажеті  шамалы. Тұтынушысын  тапса  ғана  жаңа  құрылымның  бағы  жанады. Сол  жаңа  құрылымның  алғашқы  қадамдары  қандай  дегенге  келсек,  жауырды  жаба  тоқудың  да  жөні  жоқ. «Әзірге  құрылып  жатқан  технопарктер  кәдімгі  осы  заманғы  кеңселерді  еске  түсіреді. Мұның  нақты  мысалы  ретінде  Қарағандыдағы  технопаркті  алатын  болсақ,  бұл  құрылым  облыстық  әкімшілік  пен  инжиниринг  және  технологиялар  трансферті  орталығының  бірлескен  жобасы  ретінде  дүниеге  келді. Мемлекеттік  орталықтың  үлесі   51  пайызды  құрайды.Өткен  жылы  орталық  тарапынан  бұған  100  миллион  теңге  көлемінде  қаржы  жұмсалған. Бұдан  былай  жыл  сайын  қос  құрылтайшы  200  миллион  теңге  қаржы  шығаруы  қажет. Бұл  өзі  әріден  келе  жатқан  жоба  болатын. Қарағандылықтар  заманның  ыңғайын  байқап  технопарктің  бағдарламасын  1999  жылы-ақ  құрып  қойған. Тіпті  ел  көлемінде  құрылуға  тиіс  технопарктердің  тізіміне  енбей  қалғанда  да  мұның  қарағандылықтар  үшін  қажеттілігін  дәлелдеп,  елдегі  ғалымдардың  12  пайызы  осында  тұратындығын  алға  тартып,  өңірдің  өндірістік  әлеуетін  де  қалқан  етіп  ұстап,  ақырында  осыған  қол  жеткізген. Игі  істі  жүзеге  асырудың  оңайға  соқпайтындығы  алғашқы  сәттен  айқындала  бастады. Кеңсеге  ғимарат  іздестіру  де  қиындықтармен  жүзеге  асты. Бірте-бірте  мұның  өзі  бұдан  кейінгі  проблемалармен  салыстырғанда  майда-шүйде  көрінді. Технопарк  ресми  түрде  өткен  жылдың  сәуірінде  ашылғанымен  ұйымдастыру  мәселелерін  шешудің  өзіне  бір  жылдай  уақыт  кетті. Бұған  тікелей  басшылық  жасауға  тиіс  Индустрия  және  сауда  министрлігінің  шенеуніктері  пәлендей  нақты  ұсыныс  түсіре  алмады. Мемлекет  есебінен  Жапонияға,  Сингапурға,  Финляндияға  іссапарға  баруға  келгенде  құлшынып  тұратын  шенеуніктер  құр  тамсанудан  аса  алмайтын  сыңайлы»[21]. Олардың  барып,  көріп  келгені  нақты  біздің  жағдайымызға  сәйкес  келе  ме,  келмей  ме,  бұған  бас  қатырмайтындай.Мәселе  қаржыландыру  көзіне  келіп  тіреледі. Инновациялық  процестерді  қаржыландыруды  министрліктегілер  жеке  бизнестің  мойнына  артқысы  келеді. Олардың ойынша, технопарк атқарылатын жұмыстарды қаржыландыруға тиіс емес, жағдай жасап берсе болғаны. Өркениетті елдерде, сірә, осылай болар, бірақ ол елдердегі жағдай мен біздегі қалыптасып отырған ахуалды салыстырсақ, тіпті өзгеше екендігіне көзіміз жетеді. Егер осы ұстаным жүзеге асса, онда тағы бір консалтингтік құрылым құрған болып шығамыз. Мұндай кеңселер қазір аз емес. Оның тағы бірін құрғаннан ұтарымыз шамалы.

Оның үстіне бүгіндері еліміздің барлық жоғары оқу орындарында дерлік инжинирнгтік қызмет көрсететін инновациялық орталықтар ашылды. Әкімшіліктер бизнес орталықтарын ашуға көңіл бөлді. Ал бұдан кейін технопарктер инжинирнгтік құрылым ретінде не ұсына алмақшы?. Ал Қарағандыда мұнымен алысқа кете алмайсын. Кеңсеге зәрулік елордасындағыдай емес. Технопарктің жанынан сарапшылар кеңесін құру көзделген. Мұны да ұстап тұру қыруар қаржыны қажет етеді.

Қаржы мәселесі шешілмейінше, шамасы, бұл істі алға апару мүмкін емес. Өйткені, қазір бірде-бір өндірісші ғылыми-зерттеу жұмысына қаржы шығарғысы келмейді. Олар дайын технологияны қаржыландыруға ғана құлықты. Ал бұған дейін біраз шаруаны тындыруға тура келеді. Мұны технопарк атқара алады және бұғпн қаржыны мемлекет бөлгені  қолайлы саналады.

Аймақтардағы технопарктер инновациялық орталықтарға айналуға тиіс. Өңірлердегі ғылыми, қаржылық және өнеркәсіптік әлеуеттер осы жерде шоғырландырылмақшы. Технопаркті дәл бүгіндері жоғары білімнің, ғылымның, өнеркәсіртің, кәсіпкерліктің, қаржы институттары мен биліктің жергілікті атқарушы органдары арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін өзгеше құрылым ретінде бағалауға болады. Бұған мән берілген жағдайда отандық экономиканың технология атаулыны тиімді пайдалануына қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Өңірлердегі өндіріс орындары бұған мүдделілік танытуы тиіс. Өйткені, инновациялық жобаларды жүзеге асыру жолында бұлармен тізе түйістірсе ғана еңьегі ақталмақ.

«Технопарк атаулының осы заманғы зертханалық және сертификаттық кешендері болуы талап етіледі. Әзірге бұл үміт қана. Осыдан да көптеген зерттеушілік бастамалар аяқсыз қалып жатады. Осы заманғы құрал-жабдықтар болмағаннан кейін мұндай бастамалардың шын мәніндегі әлеуетін тексеру мүмкін бола қоймайды. Мысалы, Оралдағы «Алгоритм» технопаркінде осы заманғы және өңірдегі өндіріс орындарын қызықтыра алатын жобалау зертханасы орнатылған. Мұндай оңды мысалдар жоқ емес. Дегенмен, әзірге бұл іс жолға қойылды деп айтуға ерте.

Инновациялық процеске енді кез-келген көлденең ұсынысты тықпалаудың жөні жоқ. Бұған әбден ойластырылып барып ұсынылған, мақсаткерлікпен нәтиже береді деп әзірленген жаңалық қана лайық деп танылады. Мұның нәтижесінде дүниеге келген жаңа дайын өнім бұған дейінгілерге қарағанда басымдыққа ие болу керек. Сондай-ақ әуел бастан инновациялық идеяның жемісін тұтынатындардың үес салмағын айқындаған жөн. Жобаға кеткен шығын түпкі нәтижесінде ақталуға тиіс. Инновациялық идеяны сараптамадан өткізудің бірнеше кезеңдері қарастырылған. Алғашұы кезеңде құжаттардың пакетін сараптамалық кеңес жөніндегі сарапшы бағалайды. Мұның мәнісі, талаптарға жауап бермейтін өтінімдерді електен өткізу және мұның дұрыс толтырылуын қамтамасыз ету.Екінші кезеңде аталмыш ұсынысқа егжей-тегжейлі баға беріледі.Бұл орайда технопарктің талаптарына қаншалықты жауап беретіндігі ескеріледі.Өңір мен ел дамуының басым бағыттары мен үйлесуі қаперге алынады.Жобаны жүзеге асырудың технологиялық және экономикалық мүмкіндіктері қарастырылады.Сырттай сараптама да жасалады»[22].

Әркім өз отына жылынып отырғандай әсер қалдырады.Игі іс басталғанымен қаржылық жағынан қамтамасыз етілмегендіктен де, бірқатар өңірлік жобаларға кең өріс ашылмай отыр.Қарағандылықтар ұсынған он бес инновациялық жобаның алғашқы үшеуіне ғана қаржы табылған.Кейінгілеріне қашан қаржы бөлінетіні белгісіз.Және мұны өңірлік маңызды жобалардан гөрі ел көлемінде елеулілеріне көңіл бөлініп отырғандығымен түсіндіру жағы басым.

 «Жолдауда айтылғандай ,экономикалық тұрақты өрлеу үлгісі өңдеуші өнеркәсіпті,жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететін өндірістерді  ілгерілете дамытуға негізделуі тиіс.Мұны жүзеге асыратындай бізде толық мүмкіндіктер бар.Бұл ретте жоғары технологиялы орталықтар(технопарктер)жасақтауды мысалға алсақ та болады.

Президент Жолдауы мен Үкіметтің Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында бұл міндеттің тұңғыш рет практикалық даму бағдарламасында бұл міндеттің тұңғыш рет практикалық тұрғыдан қаралуы –көңіл қуантарлық жайт. Мәселе-қай істі де оңтайлы бастай білуде ғой.Аталмыш құжатта көрсетілгендерге қоса,келешекте осы тектес өзге де орталықтар дамытылуы мүмкін. Мәселен,Қарағанды қаласында,бір жағынан,академиялық және жоғары дәрежелі оқу орны ғалымдарының ірі әлеуеті топтпстырылса,екінші жағынан,мұнда жаңа материалдар мен қортпаларды өндіру мүмкіндіктеріне жол ашылып,оларды тұтыну қажеттілігі туындап отыр. Технопарктер сондай-ақ республикамызға аса қажетті агроөнер кәсіптік кешен үшін, ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеп, сапасын анықтап, өндіріске енгізу ісіне мамандандырылуы мүмкін. Бұларға ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібі үшін биотехнологияны зерттеп,дайындайтын агроөнеркәсіптік және ғылыми кешендер де жатады. Мұндай парктер «технологиялық ауылдар»деп аталады»[23].

Технопарктерді жасақтау кең ауқымды жобалар санатына кіреді. Жоғары ғылыми-өнеркәсіптік әлеуетке ие өңірлерде бірінші кезекте аймақтық инновациялық-технологиялық орталықтар кеңінен қанат жайғаны жөн. Бұлар технологияны табыстайтын орталықтар ретінде айрықша қажет. Бұл істе облыстардағы өнеркәсіп, оның ішінде бірінші кезекте жоғары технологиялы әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары белсенділік көрсетулері тиіс. Жүзеге асырылған конверсия өнеркәсіптің әскери және азаматтық секторларын өзара жақындастыру орнына,өнеркәсіп әлеуетінің біршама дәрежеде кемуіне әкеліп соқтырғаны белгілі.

«Қазіргі кезде Ресей мұндай жете ойластырылмаған,ұтымсыз конверсиядан бас  тартып ,оны қайта бағдарлап,әскери-өнеркәсіптік кешен әлеуетін қалпына келтіріп жатыр. Міне,осыған байланысты Ресей кәсіпорындарымен технологиялық жағынан тоқайлас біздің кәсіпорындарды да жандандыруға мүмкіндік туады. Инновациялық –технологиялық орталықтарымыз кәсіпорындарымызды Ресейдің осындай қайта бағдарлауына қосқызуда белгілі бір дәрежеде рөл атқара алары сөзсіз. Аграрлық сектор үшін технологияларды табыстауға мамандандырумен бірге,жаңа технологиямен жабдықталған шағын өңдеуші кәсіпорындар мен цехтардың құрылуына,сондай-ақ академиялық институттар мен жоғары оқу орындарының және өнеркәсіптің өзара қауымдасуына жәрдем көрсетіп,озық технологияны меңгеру  мен осы заманғы жабдықтарды пайдалануда кәсіпорындарға,оның ішінде ең алдымен шағын орта кәсіпорындарға қол үшін беру мұндай орталықтар қызметінің басты бағыты болуға тиіс.

Бастапқы кездерде инновациялық-технологиялық орталықтарға жергілікті органдар қолдауы аса қажет. Қолдау мына тұрғыда болуы керек:жергілікті бюджеттен тікелей қаржыландыру ,салыққа қатысты және ғимарат үшін жалдық төлемдерге қатысты жеңілдіктер беру ,тіптен  болмағанда,кепілдік беру жолымен банктер тарапынан несие бөлінуіне жәрдем көрсету. Бұл орталықтар түптің тұбінде өзін-өзі дамыту тәртіптемесіне көше алады.Олардың келешекте аяғынан тік тұрып кетуі тек жергілікті органдардың қолдауынан ғана емес,венчурлік қаржыландыруды,лизингті,несие кепілдігі мен сақтандыру тәуекелдігін беруді, салық пен кеденге қатысты жеңілдіктерді қамтитын инновациялық қызметті ынталандыру тетігінің республикада неғұрлым тез арада қалыптасуына да тікелей байланысты»[24].

Жаһандану жағдайында инновациялық-индустриялық өрлеудің ең маңызды элементі-технологияны еларалық табыстау болып табылады.

«Шетелдік технологиялардың ағынына жол аша отырып, сонымен бірге шетелдік серіктестерге дайын өнімдердегі ұлттық өндірістің қоспаларының,бөліктері мен  тораптарының  үлесін үдемелі арттыру  туралы талапты,технологияны табыстау туралы өзара шартқа енгізе отырып,қоя білу керек. Шеттен келтірілетін технологияны реттеудің негізгі әдісі-өзара шартты тіркеу болуға тиіс. Шарттарда шетелдік серіктестердің жергілікті ғылыми зерттеу ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігі туралы ережеге ескертпе жасалғаны жөн.

Индустриялық-инновациялық өркендеуіміздің келешек бағыттарын анықтау кезінде бірыңғай  экономикалық кеңістікті құру жөніндегі Қазақстан,Ресей, Украина мен Белоруссияның соңғы  бастамаларын ескермеске болмайды.Бұл ретте бірінші кезекте аймақаралық желілік құрылымдарды құру көзделуге тиіс.Оны жүзеге асыруға жергілікті экономика құрылымын өзгертіп,серпінді дамыған салаларды қолдауға мүдделі аймақтардың өздері бастамашы болулары қажет.Екі немесе одан да көп елдердің аймақтары күшімен құрылған бұл құрылымдардың әр түрі бар(бірлестіктер,қауымдастықтар,аймақтың нақты ғылыми-техникалық проблемаларын шешу мақсатында топтаса қауымдасу )және олар аумақтық, аумақтан тысқары сипатқа ие бола алады»[25].

Әртараптандыру негізінде экономиканың тұрақты өрлеуін қамтамасыз ету дегеніміз-бұл аясы тар мақсатты көздеу емес.Ол қоғамның әлеуметтік дамуының көкейкесті міндеттерін шешудің қажетті шарттары мен мүмкіндіктерін жасауға жол ашады.

Қорытынды

Технопарк (технологиялық парк) — ғылыми институттар мен өнеркәсіптік, белгілі бір аумақта күрделі өнім түрлерін (мысалы, компьютер ) шығару үшін тізе қосып жұмыс істеуі.

Технопарктердің негізгі мақсаты елдің, әсіресе, оның өңірлерінің инновациялық әлеуетін айқындау, ашу, дамыту, сондай-ақ инновациялық өнімдердегі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Технопарктерді құру мен одан әрі дамыту ғылымның өндіріспен байланысын нығайту, қазіргі заманғы технологияларды енгізу, өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру және оның әсерінен жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру сияқты экономиканың бәсекеге қабілетті өңдеуші секторларын қалыптастырудағы негізгі міндеттерді шешуге арналған.

Технопарктерді құру мен дамытудың ағымдағы тұжырымдамасына кейбір өзгерістер енгізген жөн. Технопаркті оның аумағына технологиялық бизнес-инкубаторларды, ғылыми және білім беру ұйымдарын міндетті түрде орналастыра отырып, шектеулі аумақ ретінде айқындау барынша орында болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар технопарктерді құру үшін жер учаскелерін беретін болады және барлық инновациялық қызметке қатысушылардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы технопаркті басқару үшін оператор компанияны айқындайды.

Қазақстандағы технопарктерді дамытудың негізгі проблемаларының бірі технопарктердің міндеттері мен функцияларын бірыңғай және нақты түсініктерінің болмауы болып табылады. Технопарктердің мәнін нақты түсінбестен, олардың тұрақты дамуына дұрыс тәсілді әзірлеу мүмкін емес, технопарктер жанынан экономиканың нақты секторынан алыстатылған кезекті таратылмайтын ғылыми зерттеу ұйымдарын құру қатері туындайды.

Инновациялық жобалардың бастамашылары — технопарктердің әлеуметті клиенттерінің төлем қабілеті деңгейінің төмендігі операциялық шығыстарды жабу үшін жеткілікті кіріс бөлігін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.

Осы мәселе технопарктер индустриялық-инновациялық дамудың басты буындарының бірі болып табылатындығымен байланысты айрықша көкейкестікке ие және инновациялық қызметтің субъектілерімен тікелей іс-қимыл жасайды. Олай болмаған жағдайда технопарктерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелерін шешуде жүйеліліктің жоқ болуы осы идеяны беделін түсіруге алып келуі мүмкін.

Ірі өнеркәсіптік аймақтардың, индустриалды және бизнес парктерінің дамуы мемлекеттің индустриалды саясатының приориті болуы керек. Бұндай аймақтар Қазақстанда өндірілетін минералды ресурстарды өңдеуге бағытталуы қажет. Минералды ресурстарды өңдеу және түрлі бөліктердің өндірісі жаңа өндіріс түрлерінің дамуына әкеледі. Осыдан инновациялы өндірістер мен технологиялар пайда болады. олар шикізатты өңдеу процестерін жетілдіруге, жартылай фабрикаттардан өнімдер алуға бағытталады. Өзінің ұйымдастыру формасы бойынша технопарктерді өз тәжірибесін, байланыстарын және формалды мен формалды емес активтерін технопарктің сәтті қызметіне бағыттайтын түрлі серіктестердің қатысуымен заңды тұлға ретінде құру қажет болды.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. ҚазҰУ Хабаршысы, Абдыгаппарова.С.Б. Индустриально-инновационные развитие -путь к успешному экономическому развитию страны // Экономика сериясы.№4 (116), 2016 жыл, 147-бет
  2. Притворова Т.П. Проблемы инновационной инфраструктуры Казакстана: институты и механизмы, доклаттар жиынтығы, Стацурина Ю.А. Технопарки как инструмент технологического развития экономики Казахстана, 2011 ж., 56-бет.
  3. ҚазҰУ Хабаршысы, Ахмедьярова М.В., Инновациялық өсу стратегиясы: шетелдік тәжірибеден Қазақстандық шындыққа, Экономика сериясы.№4 (116), 2016 жыл, 159-бет.
  4. Қазақстанда индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның қазіргі жағдайы, Абдулла. Н. http://adilet.zan.kz сайты
  5. Қазақ білім академиясының баяндамалары, Келимбетов К. Стратегия экономического роста: Проблемы и перспективы.-Астана 2010 ж. 50-бет.
  6. М.Журинов, Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана-№1-2, доклаттар жиынтығы, Индустриально-инновационное развитие-путь к успешному экономическому развитие страны , Бабакулович.Б., 24мамыр 2011жыл, 150-бет
  7. ҚазҰУ Хабаршысы, Дисюпов.Б.А. Технопарки и бизнес-инкубаторы в Казахстане, Экономика сериясы.№4 (116), 2016 жыл, 148-бет.
  8. ҚазҰУ технопаркі – инновациялық идеялар одағы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, экономика және бизнес жоғары мектебінің магистранттары Нұрғали.А, Ғалымқызы Г,bilim-all.kz .
  9. Технопарктердің инфрақұрылымы, Ергеш.Н stat.gov.kz -ҚР-ның статистика агенттігінің ресми сайты.
  10. Государственная Программа форсированного индустриально-инновационнного развития РК на 2010-2014гг., утвержденная Указом Президента РК от 19 марта 2010 г., №958., 23-бет
  11. Межотраслевой план научно-технологического развития страны до 2020 г., утвержденный постановлением Правительства РК от 30 ноября 2010 г. №1291. 92-бет
  12. .ҚазҰУ Хабаршысы,Алдашов Б.А., Ткач Е.В. Инновационная инфраструктура: понятие, основные элементы, Экономика сериясы.№3 (114), 2012 ж., 112-бет.
  13. ҚазҰУ Хабаршысы, Саурукова А.К. Теоретические основы формирования национальной инновационной системы, Экономика сериясы.№5 (112), 2011ж. 96-бет.
  14. Егемен Қазақстан газеті, Технопарктердің қожайыны кім?, Ж.Самрат, №25 (27003), 2012 жыл 14 сәуір, 3-бет
  15. Егемен Қазақстан газеті, Ауылшаруашылығы мен технопарктер, Қ.Бораш, №69 (28008) 2013 ж, 5-бет
  16. Егемен Қазақстан газеті, Технопарктер жайы қаралды, Е.Омаров, №45 (28045), 9 ақпан 2013 жыл, 6-бет
  17. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауынан// Ақ жол газеті, №16, (265), 11 қараша 2014 ж., 2-3бет
  18. Егемен Қазақстан газеті, Технопарктер: бүгін және ертең, Н.Наржан, №90-93 (25939) 12 наурыз жұма, 2010 ж., 3-бет
  19. Нұр-Астана газеті, Тұзы татымайтын технопарктер, М.Қамбаш, №12, 28 шілде 2011ж, 4-бет.
  20. Қазақстандағы технопарктер, М.Жиембай, studfiles.kz
  21. Н.Қ.Парманов. Экономиканың инновациялық дамуын талдауға институтционалдық тәсілдеме, 2013ж.,№1-91бет
  22. Оралда Қазақстанның батыс аймақтарындағы инновацияны дамыту және елдегі мұнай-газ саласындағы инновациялық әлеуетті үдете түсу мәселелері талқыланды, 9 наурыз 2012 жыл 19:07сағ., Н.Серғалиев, http://www.inform.kz сайты
  23. Послание Президента РК Н.А.Назарбаева народу Казахстана от 27.01.2012г. Глава 9. Индустриально-инновационные проекты.
  24. Егемен Қазақстан газеті, Технопарктер құру- уақыттың талабы, К.Көшенов, №17 сәуір 2012ж., 4-бет
  25. Анализ современного состояния развития технологических парков РК, Д.Мушаева http://www.kisi.kz/img/docs/1100.pdf

Құрастырғандар: Әбдіғапар Б., Омарбек А.

Яндекс.Метрика