ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАР МЕН ШЕТЕЛ КОМПАНИЯЛАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДАҒЫ ЖАС МАМАНДАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Мазмұны
Кіріспе
Қазақстандағы ұлттық компаниялар мен шетел компанияларына жұмысқа орналасудағы жас мамандардың мүмкіндіктері
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жас маман дегеніміз- менің ойымша,жігерлі,алғыр,сұлу да сымбатты, мақсаткер, айтқанды екі етпейтін,мінезі жайсаң,арманшыл, насихатты тез қабылдай білетін болашақ елдің тірегі деп ойлаймын.
Қазақстан Республикасында жалпы алғанда қазіргі таңға дейін қаншама жұмысшы мамандар оқуларын бітіріп жұмысқа орналасу үшін, ұлттық және де шетел компанияларына өз түйіндемелерін ұсынып жүр. Жылына қаншама оқу орындарынан мыңдаған студенттер «жас маман» атанып шығады. Бір өкініштісі сол маман иелерінің өзінің бітірген оқуына сай жұмыс таба алмай жатыр. Қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі де осы болып тұр,яғни жастардың дипломы бар –жұмысы жоқ. Сол жұмыссыз жастарға қолдау көрсету мақсатында Елбасымыз түрлі жолдаулар мен бағдарламаларды енгізіп жатыр.
«Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы.» [1]
Қазіргі дамыған ХХІ ғасырда түрлі ғылыми орталықтардың ашылуына және елді аузына қаратып айды аспаннан шығарып жатқан әрбір адамзаттың тең жартысы- жастар! Осы жастарға зор үміт артып, болашақ жастардың қолында екенін мойындаған М.Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін!»,- деп бекер айтпаса керек.
Елімізде жұмыссыздықпен күресу шаралары қарқынды дамып жатыр. Қазіргі таңдағы жұмыссыздыққа иліккен адамдардың көпшілігі жастар. Себебі, жоғары оқу орындарының барлығы нарық талабына сай маман даярлай алмағандығы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымдардың болмауы. Және де жұмысқа алушылардың қатаң ереже-талаптарына сай келмеуі. Ұлттық және шетел компанияларының жұмысқа алудағы шарттарының тым жоғары деңгейде болуы.
Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы, қызығушылығы төмен. Амалсыздан, болатын жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктік тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.
Жалпы жұмыссыз деп статистиклық тексеру кезінде жұмыссыз болып, бірақ жұмыс іздеп және жұмысқа кіруге дайын адамдарды айтады. Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды.
Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі – олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.
Бүгінгі тақырыбымызда қасартыратын мәселеміз Қазақстандағы ұлттық және шетел компанияларынына жастарымыздың қаншалықты жұмысқа орналасуына мүмкіндіктердің бар екендігі жайлы. Жәнеде қазіргі таңда елімізде қанша ұлттық және шетел компаниялары жұмыс атқаруда,қанша жұмыскерлер жұмыс жасауда,еліміздегі компаниялардың қаншалықты жоғары дәрежеге жеткендігі жайлы.
«Еліміздегі ірі компаниялардың үлесі ұлттық компаниялар мен шетел компанияларына тиесілі. Бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – осы компанияларға жас мамандардың жұмысқа тұру мүмкіндігін анықтау болып отыр. Бұл мәселе қазіргі таңда елімізде жастар саясатының қаншалықты дәрежеде жүзеге асырылып отырғандығының көрінісі ретінде зерттеу жұмысының қызығушылығына айналып отыр. Жастар – еліміздің болашағы. Ал мұндай келешегінен үміт күттірер жас мамандарға ірі компаниялардың басшылығы жұмыс тізгінің қаншалықты дәрежеде сеніп тапсырады, яғни оларда жастардың жұмыс жасауына мүмкіндіктері бар ма деген сұрақ басты нысан болып отыр.» [2] Осы мәселе туралы жастар саясаты аясында және жастарды қолдау бойынша әлеуметтік желілер мен ресми сайттарда, стратегиялық жобалар жасалғанымен, бұл мәселе туралы нақты қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізілмегенін ескере кетуге болады. «Осылайша аталмыш жұмыста жас мамандардың ірі компанияларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мәселесіне көңіл бөлінеді. Жұмысқа орналасу мүмкіндігінің көп екені белгілі болса, жастарға өз мүмкіндіктерін толықтай пайдалану жолдары көрсетілетін болады. Зерттеу жұмысының жүргізілуі барысында сапалық сұхбат әдісі қолданылды. Өз пікірлерімен бөліскен – бес шетелдік университет түлектері, олардың ішінде – төртеуі «Болашақ» стипендиясы бойынша білім алғандар, бес жергілікті университеттердің диплом иелері. Олар – 25-30 жас аралығындағы адамдар. Олардың кемінде екі жыл жұмыс тәжірибелері бар, жұмыс жасайтын және жұмыстан жауап күтіп отырған жас мамандар. Сонымен қатар аталмыш зерттеу жұмысы аясында ресми статистикалық ақпараттарға талдау жүргізілді. Қазақст,ан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы бәсекелестікке қабілетті халықтың қалыптасуына бағытталған аса маңызды жобалардың 412 біріне айналды. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған жас мамандармен сұхбат жүргізу барысында алынған ақпарат осы зерттеу жұмысында өзіндік көрініс тапты. Шетелдік білімі бар түлектер орташа мүмкіндік деңгейін көрсетсе, жергілікті Қазақстандық білім алған мамандар мүмкіндіктің мүлдем жоқтығын айтады.» [3] Алынған нәтижелерге сүйене отырып, жас мамандарға жұмысқа орналасу өте қиын екенін көреміз. Жастардың көпшілігі жұмысқа орналасу барысында непотизмнің (туыстық ықпал) әсерін де атап кетеді. Жоғары оқу орнын ойдағыдай аяқтаған соң, мамандығы бойынша жұмыс іздестіре бастайды. Жұмысқа орналасуда аса маңызды рөл атқаратын жеті жағдайдың қаншалықты өтірік-шынын бірге қарастырайық. «Ел арасында танысың болмаса», «барлық жерде таныстар шешеді» деген пікірлер жүргенменен барлығы өзіңізге байланысты екенін ұмытпаған жөн.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейі 2007 жылғы 12,8 %-дан 2016 жылдың соңында 4,9 % төмендеді.» [4]
Жалпы алғанда Тәуелсіздікті алған сәттен бастап елімізде қаншама мекемелер, кәсіпорындар, компаниялар тағы да басқа шетел инвесторлары келіп, өз кәсіпорындарын салған болатын. Жұмысқа орналасу барысында осы еліміздегі құрылып жатқан түрлі компаниялардағы қазақ жұмысшылары мен шетел жұмысшыларының жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің дәрежелері сараланып қарастырылады.
Салыстырып қарайтын болсақ, шетел және ұлттық компаниялардағы жұмысқа тұру шарттары әртүрлі болып келеді. Адамдардың жұмыс істеу қабілеттілігіне және оның дипломына қарайды. Жұмыссыз жүрген көптеген жастар ерікті,яғни қоғамдық жұмыстармен айналысады. Қоғамдық жұмыс деген-ақы төленбейтін,азаматтардың ерікті түрде жасайтын қосымша жұмысы. Оларға: жазаны өтеуге сотталған тұлғалар,елдi мекендер аумақтарын көрiктендiру және тазалау.арналған жұмыстар жатады.
Сурет 1. 2010-2015 жылғы жұмысқа орналасу сандық өлшемдері
Ескерту: ҚР электрондық порталы http://egov.kz/cms/kk/articles/zanyatost_2020 сайтынан алынған
Мемлекеттегі жұмыспен қамтылған және жұмыссыз жүрген халықты жалпы сараптамадан өткізетін болсақ, олардың қаншалықты деңгейде екенін байқау қиынға соқпайды.
Сурет 2. 2012-2016 жылғы жұмыссыздық пайыздық көрсеткіші
Ескерту: Ш.А.Махметова http://flatik.ru/sh-a-mahmetova-kirispe-1-blim-2-blim-4-blim-7-blim-index-7 сайтынан алынған
Ұлттық компаниялардың және шетел компанияларын тізіп шығатын болсақ: «ЭйрАстана, Қазақстан Ғарыш Сапары, Қазақстан Темір Жолы, Қазақтелеком, Қазмұнайгаз, Қазтрансгаз, Қазатомпром, Самрұқ Қазына және де шетелдік компаниялар: Karachaganak Petrolium Oppereiting (Англия), Лукоил (Ресей), Chevron (АҚШ), Adjip (Италия), China National Petrolium Corporation (Қытай), Royal Dutch Shell (Германия). Шетел компанияларына жұмысқа орналасуда әлеуметтік желілер аз да болса өзіндік рөлін көрсетеді. Қазіргі әлеуметтік желілер дамып отырған кезеңде, оның кез келген саладағы орны ерекше. Интернет арқылы танысып, дискуссия өткізіп, форумдарда осындай мәселелерді талқылау және жан жақты ақпараттану жас мамандарға жұмысқа орналасуда өзіндік септігін тигізеді дейді шетелдік білім алғандар. Ұлттық компаниялар мен шетел компанияларындағы жұмыс берушілер жұмыс тәжірибесі жоқтарды жұмысқа алғысы келмейді.
Жұмыс тәжірибесі болғанның өзінде де қазіргі уақытта шетел білімі, ағылшын тілін білу өте маңызды, яғни толыққанды алған біліміне қарайды деген түсінікті жұмысқа орналасушы жастар берген ақпараттар қалыптастырды. Бұған себеп шетел қомпаниялары аттарынан-ақ белгілі, ал ұлттық компаниялар шетел компанияларымен бірігіп жұмыс істейді. Кез келген экономикалық қатынас әлеуметтік жүйедегі индивидтердің қарым-қатынасына тікелей байланысты. Бұл экономикалық қатынастарды жеке индивидтерді танымай зерттеп білу мүмкін емес. Әлеуметтік желілердің астарында автор олардың үздіксіз қарым-қатынасын негіздейді. Тіпті жұмысқа орналасқаннан кейін де индивидтердің арасындағы қатынас үзілмейді. Әлеуметтік желі ішіндегі жұмыс ұсынушы сол адам бойынан белгілі бір ерекше қабілеттерді байқап, оған ерекше сеніммен қарайды. Бұл да бір жұмыс күшінің сапасының артуын байқатады. Бұл арқылы теорияның артықшылығын көреміз. Жұмыс беруші ірі компаниялардың жеке статистикалық ақпараттарына сүйенер болсақ, ондағы бос орындарға тек білімді де білікті, ағылшын тілін жақсы меңгерген мамандар ғана иелік ете алады.» [5]
Мысалы: «Қазмұнайгаз, Қазақстан Темір Жолы, Қазақстан Ғарыш Сапары, ЭйрАстана, Қазақтелеком компаниялары жыл сайынғы жоспарында «Жас маман» атты бағдарламасын жүргізіп отыр. Бұл бағдарламаның төмен дәрежеде жүзеге асып жатқанын ақпарат беруші респонденттердің жауабынан анықтап отырмын. Бұл бағдарламаның ірі компаниялар үшін тиімсіздігі, әрбір жас маманға арнап тәлімгер – белгілі түрдегі кәсіби тәжірибесі бар, жас маман оқыту мен дамыту бойынша жетекшілік ететін, компанияның жоғарғы білікті қызметкері белгіленеді. Ол айқын түрде шығынға алып келеді. Елбасының өзі байқаған жағдай тек қана 15-20% жас мамандар өз жұмыстарын жетік біледі, ал қалғандары қандай жолмен жұмысқа қабылданып отыр?» [6] Жоғары жастағы жетекші мамандардың көпшілігі жас мамандардың білімділігінің тайыздығын және тәжірибелік білімнің мүлдем жоқтығын, оларды қайта тәжірибелік білімнен өткізетіндіктері туралы қайта-қайта ресми порталдарда жариялап келеді. Осы мәселені шешуде жасалған қорытынды, жұмыс берушінің қоятын талаптары тек ресми формалды түрде ғана, бірақ күшін толықтай сақтай алмайды. Шетел компаниялары туралы қозғалған мәселе, ондағы жас мамандар тек шетел білімі бар және ағылшын тілін жетік меңгергендер мен техника тілін түсінетіндер ғана. Бірақ бұндай қабілеттерді игере отырып та шетел компанияларына жұмысқа орналасу өте қиын. «Ұлттық компаниялар арасында электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы — Кегок бірінші орынды еншіледі. Оның 4600-ден астам қызметкері бар. Қазақстандағы шетелдік компаниялардың көпшілігі ресейліктердікі екен. Олардың саны — 5,8 мың. Түрік компанияларының саны өз кезегінде 1,6 мыңды құрайды.Сонымен қатар, Қазақстанда 950-ден аса нидерландық, 845 неміс, 668 қытайлық, 586 өзбекстандық компаниялар бар. Американдық капитал 500 компанияны, Ұлыбританиялық капитал 495 компанияны қаржыландырады.
Бұдан бөлек, Қазақстанда Украина, Корей, Қырғыстан, Швейцария, Кипр, Үндістан, Иран және басқа да мемлекеттер қаржыландыратын компаниялар жұмыс істейді.» [7]
Қазақстандағы шетел компанияларының сандық мөлшері. Қаншама көршілес мемлекеттегілердің қаншасы компаниялардағы жұмысшылардың жұмыс істеу қабілеттілігіне байланысты болады.
1-кесте: Қазақстандағы шетел компаниялары саны (2015 жылғы мәмет бойынша)
Ескерту: Мәліметтер http://7kun.kz/33656/ сайтынан алынған
Бос орынға басқа маманды алып қойған жағдайда, еңсеңізді түсірмей, жұмыс іздестіруді тоқтатпаңыз. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларының 9-тармағына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер, өндірістік орта факторларын және еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеу бойынша зертханаларының немесе сондай зертханалары бар ұйымдармен шарттарының болуы) интернет-ресурста орналастырады.» [8]
Сондықтан, Сіздің ұйымыңыз өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жүргізетін болса, жоғарыда аталған ақпараттарды ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігіне ресми түрде пошта арқылы жолдауыңыз қажет.
«2016 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 439,3 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 4,9%-ын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2016 жылғы сәуірдің соңына 74,7 мың адамды немесе экономикалық белсенді халық санының 0,8%-ын құрады.Сондай-ақ, 2016 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 71890 теңге болды, бұл 2015 жылғы наурызға қарағанда 16,7% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9% өсті.
2016 жылғы сәуірде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша — 136956 теңге Қазақстанда биылғы жылдың сәуірінде жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті.
Республика экономикасында 2016 жылғы сәуірде, бағалау бойынша 8,5 млн адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,2 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 73,4%) құрады.
2016 жылғы I тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 81,2%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар–18,8% құрады.
«2016 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 439,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2016 жылғы сәуір айының соңына 74,7 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,8%-ын құрады», [9] — делінген хабарламада.
«Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру туралы заңдарға жалпы сипаттама. Қазақстанның және өзге де кеңестік мемлекеттердің нарықтық қатынастарға өтуі Кеңестік Одақ 1930 жылдан 1991 жылдарға дейін білмеген жұмыссыздықтың пайда болуына және еңбек нарығының туындауына алып келді. Қазіргі кезде жұмыссыздық мәселесі елдің миллиондаған еңбекке қабілетті халқына таныс.» [10]
Қазіргі заманда енбек нарығы азаматтарды лайық жұмыспен тиімді қамтамасыз етумен, жұмыс күшіне катысты ұсыныстар мен сұраныстарды қанағаттандырумен байланысты экономикалық және құқықтық қатынастардың жиынтығын білдіреді.
Бұл қатынастардың субъектілері болын әрқайсысы еңбек нарығында ортақ және ерекше мүдделерге ие жұмыссыз тұлғалар, жұмыс берушілер мен мемлекет болып табылады.
Жұмыс күшінің иесі ретіндегі азаматтар еңбек нарығында тиісті ақылы жұмыс табуға тырысады. Жұмыс беруші табыс табу мақсатында өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс күшін табуға тырысады. Бұл ретте, мемлекет аталған қатынастардың өркениетті түрде даму және жұмыс беруші мен қызметкерден тиісті салықтар жинау мақсатын иелене отырып, реттеуші және үйлестіруші болып табылады.
Еңбек нарығын жұмыс берушілер мен жалданбалы қызметкерлер еңбек шарттарын бекітетін, еңбек құқығы қатынастарына түсетін құқықтық кеңістік ретінде де қарастыруға болады. Кең мағынада, мұндай құқықтық кеңістік ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы, шетелдердегі Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарының аумақтары табылады. Алайда, коп жағдайда мұндай құқықтық кеңістік ретінде азаматтарды жұмысқа қабылдайтын ұйымдардың аумағын түсінуге болады. Аталған құқықтық кеңістіктердің шектері «қатып қалған» статикалық сипатқа ие емес. Еңбек нарығының құқықтық кеңістігінің шектерін өзгерту мүмкіндігі еңбектің қозғалысымен байланысты. Халықтың жұмыс істейтін бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында да, бұл аумақтан тыс жерлерде де жұмысқа тұрып, одан ез еркімен шыға алады. Сонымен, еңбектің қозғалысы (халықтың көшіп-қонуы) еңбек нарығының, оның құқықтық кеңістігінің құрамдас бөлігі болып табылады.
«Kazakhstan Today — Шетелдік компанияларда жұмыс істейтін Қазақстандық жұмысшылардың құқығын қорғау мәселесі мемлекеттің ұдайы назарында болады. Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқымен тікелей желі кезінде мәлім етті,деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Шетелдік компанияларда жұмыс істейтін Қазақстандық жұмысшылардың құқығын қорғау мәселесіне қатысты отандық кадр мәселесіне де назар аударыла ма деген Атырау тұрғынының сауалына Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «Қазақстанда 5000 астам шетелдіктердің қатысуымен құрылған кәсіпорын жұмыс істейді, оларда 380 мың адам еңбек етеді. Соның 35 мыңы, яғни, 9 проценті шетелдік мамандар, қалғаны — еліміздің азаматтары».
Президенттің мәліметінше, қазір бұл компанияларда 1 трлн теңгеге Қазақстан өнімі өндірілуде.
«Оларға қойылатын Қазақстандық мамандарды дайындау талабы бар. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квотаны қарап азайтып отыр. Бұл мәселе мемлекеттің ұдайы назарында болады»,- деді президент.
«Осы жылдарда Қазақстанға 100 млрд тікелей инвестиция тартылды. Егер біз оларды шақырмасақ, мұндай көлемдегі қаражат елге келер ме еді? Оның үстіне мұнай өңдеу орындарының үздік технологиясын әкеліп жатыр. Мәселен, бұрынғы Кеңестік республикаларда 800 атмосфера қысыммен жұмыс істейтін қондырғыны өндіретін, онда жұмыс істейтін адам болған жоқ. Сол себепті біз шетелдік мамандарды шақырдық. Қазақстандық мамандар олармен бірге жұмыс істеп үйренсін деген ой болды»,- » [11]
Мемлекеттің еңбек нарығындағы негізгі және басты функциясы — бұл еңбек нарығының өркениеттік нысандарын қамтамасыз ету және дамыту. Қазіргі кезде бұл мақсатты жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына кіретін халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелеріне Қазақстан Республикасының еңбек заңдары салыстырмалы түрде жақында — жұмыссыздық проблемасының туындауымен ден қойды. Дәл осы кезден бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында халықты жұмыспен қамту туралы бірқатар құқық нормалары пайда болды. Қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту қатынастары мыналармен реттеледі:
— жұмыссыздықтан қорғау құқығын көздейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларымен;
— «қызметкерлердің жұмыстан босау кезіндегі кепілдіктерін бекіткен, жұмыссыздықтан қорғауға және еңбекке қатысты конституциялық құқықтың маңызды кепілдігі болып табылатын ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» туралы заңымен;» [12]
— халықты жұмыспен қамтудың және жұмысқа орналастырудың негізгі міндеттері мен функцияларын нақтылаған халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік органдар туралы ережелермен;
— « ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 «Әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу үшін ұйымдарда жұмыс орындарының ең төменгі санын (квотасын) белгілеу мәселелері туралы» қаулысымен; өз кызметкерлері үшін халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықтан қорғау шараларын көздейтін, еңбек құқығының шарттық нормалары ретіндегі ұжымдық шарттар мен әлеуметтік — әріптестік келісімдерінің нормативтік бөліктерімен; » [13]
— Чернобыль апатынан жапа шеккендер, қолайсыз табиғат жағдайларында жұмыс істейтіндер, мемлекеттік қызметшілер және т.б. үшін жеңілдіктер туралы, осы қызметкерлер санаттары үшін олардың еңбекке құқығына кепілдіктерін қамтамасыз ететін нормалардан тұратын бірқатар жарлықтармен және арнайы нормативтік құқықтық актілермен;
— ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының қолданылуына түсіндірме жасаған халықты жұмыспен қамту органдарының актілерімен.
Бұл нормативтік құқықтық актілердің мәні мыналардан көрініс табады:
1) олардың негізінде халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік орғандар құрылған және қызмет етеді;
2) жұмыссыздық, жұмыспен қамтылғандар, лайықты жұмыс және т.б. осы сияқты жаңа түсініктерді бекітті;
3) жұмыссыз тұлғаның мәртебесін бекітті;
4) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мен бағыттарын анықтады;
5) «ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 5-бабында халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер бекітілді;» [14]
6) азаматтардың халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтарын анықтады;
7) халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жұмысын ұйымдастыруды ресми түрде бекітті;
8) жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, соның ішінде, өз қызметкерлерін өндіріс ішінде оқыту және кәсіби дайындығы жүйесін дамытуға және қоғамдық жұмыстарды оз қаражаты есебінен қаржыландыруға катысуын көздеді;
9) әлеуметтік жағдайы нашар азаматтардың қатарындағы жұмыссыздарға мақсатты әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін анықтады.
Сонымен, халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласындағы заңдарда жарияланғандай, мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты түрде тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді:
— еңбекке және кәсіп түрін таңдаудағы еркіндік құқығын;
— қызметінен негізсіз босатылған жағдайда құқықтық қорғануды;
— тиісті жұмысты таңдауда және жұмысқа орналасуда халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның тегін көмегін алуды; — жаңа кәсіпке немесе мамандыққа тегін үйренуді және біліктілігін тегін көтеруді;
— кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға берілген тапсырыстарға сәйкес тиісті мамандарды тауып беруді.
Жоғарыдан байқағанымыздай, халықты жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық актілер жұмыссыздар үшін де, жұмыс берушілер үшін де ерекше мәнге ие, себебі, олар жұмыссыздардың құқықтарын қорғайды, ал жұмыс берушілер үшін қажетті мамандарды таңдауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласындағы бұл құқық нормалары азаматтар мен жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі уәкілеттік органмен қарым-қатынасын реттейді.
«Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз және лайықты жұмыстың түсінігі. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның бірінші тарауында халықты жұмыспен қамту саласындағы маңызды түсініктерге, сонымен қатар, осы саладағы субъектілерге келесідей заңды анықтамалар берілген:» [15]
«Жұмыспен қамтылу — азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі . Басқаша айтар болсақ, жұмыспен қамтылған тұлға — бұл өзінің еңбекке құқығын іс жүзінде жүзеге асырушы, яғни, енбек кызметіне қатысушы тұлға. Бұл ретте ескеретін бір жайт, ҚР Конституциясына және ҚР «ҚР еңбек туралы» заңына сәйкес азаматтарға өздерінің еңбекке қабілетін дербес шешудің айрықша құқығы тиесілі. Заңдарда көздемесе, еңбекке мәжбүрлеудің қандай да бір нысанына жол берілмейді. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінде жазалау шарасы ретінде түзету жұмыстары көзделген. Алайда, мұндай жұмыстарға тарту тек соттың негізінде ғана жүзеге асырылады». [16]
Сонымен, азаматтардың жұмыспен қамтылғандығы оларды жауапкершілікке тартудың негізі болып табылмайды.
Қандай тұлғалар жұмыспен қамтылған деп саналады екен? « ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 2-бабына сәйкес, жұмыспен қамтылған халыққа мына азаматтар жатады:
- жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (кызметі, кірісі) бар;
- кәсіпкерлік кызметпен шұғылданатын;
- өз бетінше жұмыспен айналысатын;
- қосалқы кәсіпкерлікпен айналысатын және шарттар бойынша өнімді өткізетін;
- жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің (артельдердің) мүшелері;
- ақы төленетін кызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық кауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің бөлімдерінде және өзге де әскери құрылымдарда қызмет етіп жүрген азаматтар жатады. » [17]
Байқап отырғанымыздай, «жұмыспен қамтылғандар» түсінігі «қызметкерлер» түсінігіне қарағанда әлдеқайда кең. Себебі, қызметкерлер жұмыспен қамтылғандардың көп санды болса да, бір бөлігін ғана құрайды.
Барлық жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыз тұлғалар елдің еңбек ресурстарын құрайды.
Жұмысқа орналасу — азаматтың жұмысты іздеу және иелену үрдісі. Бұл үрдіс төрт дербес нысанда жүзеге асуы мүмкін:
— азаматтың өзі жұмыс іздеп, оған орналасуы;
— халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі уәкілетті органның немесе халықты жұмыспен қамту жөніндегі жеке агенттіктің көмегімен азаматтың жұмысты табуы;
-азамат өзі бұрын жұмыс істеген және кінәсіз қызметтен босатылған өндірісте өзінің жұмыс берушісі арқылы жұмысқа орналасуы;
— жұмысқа орналасудың өзге де тәсілдері.
Мысалы, квота бойынша жұмысқа орналасу. Бұл тәсіл жұмысқа орналасудың арнайы нысанын — көмекті қажет ететін тұлғалар үшін жұмыс орындарын сақтап, бұл жұмыс орындарына мүгедектерді, жасөспірімдерді және т.б. жіберуді білдіреді.
«Шетелдік компанияларда жұмыс істейтін Қазақстандық жұмысшылардың құқығын қорғау мәселесі мемлекеттің ұдайы назарында
Бәсекеге қабілеттілік рейтингінің (The Global Competitiveness Index) 55 алғашқы еліне кірген Швейцария (6,4%)2, Сингапур (6,7%)3, Финляндия (22,7%)4, Ұлыбритания (13,8%)4, Ресей (18,8%)5, Түркиямен (18,3%)4 салыстырғанда, Қазақстан жастарының жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмен болғанымен, еліміздегі жастардың жұмысқа орналасу мәселесі өзекті болып отыр.
«Кешегі» түлектер жұмыс іздеу барысында қандай қиындықтарға тап болады?
Жұмыс тәжірибесі жұмысқа орналасудың басты критерийлерінің бірі болып табылады. Тиісті еңбек өтілісіз жұмысқа орналасу – өте күрделі. HeadHunter.kz сайтында орналасқан бос орындар (23.11.2015ж. жай-күйі) жұмыс берушілердің ізденушілердің еңбек өтіліне артықшылық беретінін дәлелдейді.6Жұмысберушілердің тек 16%-ы ғана үміткерлерді жұмыс өтілісіз алуға дайын. Қалаулы жұмыс өтілі – 1 жылдан 3 жылға дейін. » [18]
Сурет 4. Жұмыс берушілердің жұмысқа тұрушыларды іздеу деңгейі
Ескерту: Мәліметтер Hh.kz сайтынан алынған
Заңда «лайықты жұмыс» түсінігіне мынадай анықтама берілген: «Тіркелген жұмыссыз азаматтар өзінің кәсіби даярлығына, еңбек стажына және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне. жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көліктің қолайлылығына сәйкес келетін жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі». Мысалы, егер хирург дәрігерге медбикенің орнын, ал оқытушыға мектепте еден сыпыру шының орнын ұсынса — бұл лайықты емес жұмыс болып табылады. Немесе құрылысшы — инженерге оның кәсібі және біліктілігі бойынша, бұрынғы жұмыс орындағыдай жалақысы бар жұмыс орнын ұсынса, алайда жұмыс орнына дейінгі жолдың ұзақтығы 3 сағатты құраса, онда бұл жұмыс та лайықты емес жұмыс болып табылады.
Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ, сондай-ақ екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшін алдын-ала кәсіптік даярлықты талап ететін жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшеліктері мен еңбек туралы заңдардың талаптарын ескеретін басқа да ақы төленетін (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
Жұмыс лайықты емес деп саналады, егер:
— ол жұмыссыздың келісімінсіз жұмыс орнын ауыстырумен байланысты болса;
— жалақысы бұрынғы жұмыс орнындағы орташа жалақыдан төмен болса;
— еңбек жағдайлары еңбекті қорғау және кауіпсіздік нормаларына сай келмесе.
Ал кімдер жұмыссыз деп саналады екен? «ҚР «Халықтың жұмыспен қамту туралы» заңында жұмыссыздарға мынадай анықтама берілген: «Жұмыссыздар — жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген және оған кірісуге дайын, еңбекке қабілетті жастағы азаматтар». Жұмыссыз мәртебесін иелену үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда тіркелу қажет. Жұмыссыздарды тіркеуге алу тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, жеке куәлігі, әлеуметтік жеке кодты (ӘЖК) беру туралы куәлік, еңбек кітапшасы (немесе еңбек қызметін куәландыратын өзге де құжат), арнайы білім, біліктілік туралы құжаттар, тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) ұсынылған соң, ал бірінші рет жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жерінен анықтама берген соң жүргізіледі.» [19]
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, бұларға қоса шетелдіктің ықтияр хатын және азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгі соғылған куәлігін табыс етеді. Алайда, мойындайтын бір жайт, аталған тіркеу жұмыссыздардың нақты санын көрсетпейді. Себебі, мәжбүрлі көшіп-қонушылар, тұрғылықты жері жоқ тұлғалар, өз бетімен жұмыс іздеп жүргендер және бір жылдан астам уақыт жұмыс іздеп жүрген тұлғалар мұндай тіркеуден тыс қалып қояды.
Азаматтар барлық құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жұмыссыз деп танылады. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз адамдар — күнтізбелік күн ішінде кемінде бір рет уәкілетті органда, ал селолық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар — айына кемінде бір рет поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінде белгіленуі тиіс.
«Жұмыссыздар ретінде мына азаматтар танылмайды:
— 16 жасқа дейінгі жасөпірімдер;
— зейнеткерлік жасына жеткен және еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққан зейнеткерлер.
Мүгедектер медициналық-әлеуметтік комиссия берген қорытындының негізінде жұмыссыз деп танылады.
Уәкілетті орган мына жағдайларда жұмыссызды есептен шығарады:
-лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас тартқанда, ал бірінші рет жұмыс іздеушілер — екі рет ұсынылған кәсіби дайындықтан өтуден немесе ақылы жұмыстан, соның ішінде, уақытша жұмыстан бас тартса. Алайда, бір жұмыс орнын екі рет ұсынуға болмайды;
-қайта тіркеу мерзімін себепсіз жағдайлармен өткізіп алған, сонымен қатар, шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде дәлелсіз себептермен уәкілетті органға келмесе.» [20]
Жекелеген жағдайларда жұмыссыз ретінде танылмаған тұлғалар оларды тіркеуден бас тартқан күннен соң, бір ай мерзім өткенде халықты жұмыспен қамту туралы органға өздерінің жұмыссыз ретінде тану туралы қайтадан жалдана алады.
Көрнеу жалған мәліметтері бар құжаттарды ұсынған, сонымен катар, бостандығынан айырылған, бостандығынан айырусыз түзету жұмыстарына жіберілген сотталған тұлғалар жұмыссыздар ретінде тіркеуге алынбайды.
Жұмыссыздың құқықтық мәртебесі. Жұмыссыз тұлғаның құқықтық мәртебесі немесе құқықтық жағдайы 4 элементтен тұрады:
— еңбекке құқық субъект ілік, яғни, жұмыссыздың құқықтар мен міндеттерді иеленуге катысты заңмен танылған қабілеті, еңбек құқығының катысушысы (субъектісі) болу мүмкіндігі. Жұмыссыз тұлға халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда тіркелген сәтінен бастап еңбекке құқық субъектілігін иеленеді (ҚР «Халықты жұмыспен қамту» туралы заңының 15-бабы).
— жұмыссыздың негізгі құқықтары мен міндеттері, бұларды жұмыссыздың еңбекке құқық субъектілігін ие, яғни, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген тұлға иеленеді.
«ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 13-бабы Азаматтар халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласында мыналарға құқылы:
— жұмыс берушіге, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға немесе жеке агенттікке тікелей жүгіну жолы арқылы жұмыс орнын еркін таңдауға;
— шетелде өзі дербес жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға;
— халыққа жұмысқа орналастыруға катысты көмек көрсететін халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардан және жеке агенттіктерден ақпарат және кеңес алуға;
— қоғамдық жұмыстарға қатысуға;
— мемлекеттік органдардың, жеке агенттіктердің және олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерін (әрекетсіздіктерін), шешімдерін орталық атқарушы органда немесе сотта шағымдануға;
— мақсатты әлеуметтік көмек алуға;
— оның келісімімен уәкілеттік органдардың кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өтуге жіберуіне.» [21]
Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтарының арасында аса маңыздысы ретінде жұмыс орнын таңдау құқығын атауға болады. Азамат бұл құқықты жұмыс берушіге — жалданбалы еңбекті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғаға тікелей жолдануы арқылы жүзеге асырады. Жұмыс орнын таңдауға құқық уәкілеттік органның немесе халықты жұмыспен қамту агенттігінің көмегімен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен катар, азаматтар уәкілетті органдарда немесе халықты қамту жөніндегі жеке агенттіктерде кызметтің, жұмысқа орналасудың, кәсіби білім алудың түрін таңдау мақсатында кеңес және ақпараттар алуға құқылы. Азаматтар уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби бағыттылыққа, кәсіби дайындыққа, кайта дайындықтан өтуге және біліктілігін көтеруге құқылы.
Біздің заңдарда алғаш рет азаматтар ез бетімен жұмыс іздеп, шетелде жұмысқа орналасу құқығын иеленді. Бұл құкықты жүзеге асыру үшін мемлекет мемлекетаралық келісімдерді жасасады. Бұларда көшіп-қонушылардың саны, олардың біліктілік кұрамы, еңбек жағдайлары мен мерзімдері көрсетіледі.
«Еңбек нарығындағы жоғары бәсекелестікті ескере отырып, жұмысберушілер жас мамандарды оқытуға өз уақыты мен қаржысын «құрбан етуге» қимайды. Заманауи компанияларда әлеуетті қызметкердің «портреті» бар: еңбек өтілінің болуы, теориялық білімді тәжірибеде пайдалану, шешім қабылдау қабілеті, нәтижеге көзделу, жоғары білімнің болуы және т.б. Жоғары білім өз-өзімен сәтті жұмысқа орналасуға кепілдік береді.
ЖОО-ның 2014 жылғы 47 331 түлегі оқуды аяқтағаннан кейін бір жылдың ішінде жұмыс тапты. Бұл еліміз бойынша жұмысқа орналасқандардың жалпы санының 2,6%-ын құрады.
ЖОО-ның «кешегі» түлектері білім беру, ақпарат және байланыс, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер салаларына, қаржы және сақтандыру қызметтеріне қабылданған 4-тен 4,6%-ға дейін құрады. Ауыл, орман және балық шаруашылықтары, құрылыс салаларында еңбек өтілін бастаған түлектер саны аз болды. Тиісті жұмыс өтілінің болмауы дипломы бар мамандарды жиі жұмыссыз қалдырады, ал «табыс табу» ұмтылысы қызмет саласын ауыстыруға мәжбүрлейді. Осылайша, ЖОО-ны аяқтағаннан кейін бірінші жылы жұмысқа қабылданған ЖОО-ның 2014 жылғы түлектерінің жалпы санының (47 331 адам) тек 12% ғана (5 595 адам) мамандығы бойынша орналасты. ЖОО-ның 2014 жылғы түлектердің 1/3 (14 535 адам) Алматы қаласында, солардың 32% (4 733 адам) мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Ақтөбе облысы дипломы бар жас мамандар үшін анағұрлым тартымсыз болды – 0,6% (318 адам). «Өз» мамандығы бойынша 2014 жылғы түлектер денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында жұмыс істей бастады (18%) және қаржылық және сақтандыру қызметімен айналыса бастады (18%)». [22]
Сурет 5. Қазақстандағы мамандықтарға жыл сайынғы адамдардың жұмысқа тұруы.
Ескерту: Мәліметтер Hh.kz сайтынан алынған
Жұмыссыздардың құқықтары:
— мақсатты әлеуметтік көмек алу;
— зейнеткерлік жасына жеткенде және талап етілетін еңбек стажы болған жағдайда зейнетке мерзімінен бұрын шығу;
— кәсіби дайындықтан, кайта дайындықтан ету. Бұл кезде жұмыссыз тұлға стипендия алады;
— жұмыссыз тұлғаның келісімі бойынша уәкілетті орган оны төленетін коғамдық жұмыстарға жібере алады. Бұл ретте тұлғаның жұмыссыз мәртебесі сақталады;
— басқа жердегі жұмысқа ауысқан жағдайда өтемақы алуға құқылы.
«ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 17-бабы
Жұмыссыздардың жұмыспен қамту саласындағы міндеттері:
— ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын сақтауға;
— уәкілетті органдарға келіп тұрудың тәртібін, шарттарын және мерзімдерін сақтауға;
— уәкілетті орган берген жұмысқа жолдаманы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыс берушіге өтініш жасауға;
— уәкілетті органға:
— тұрғылықты жерін ауыстыруды;
— тұрақты, уақытша, маусымдық жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;
— кәсіпкерлік кызметпен шұғылдануды;
— ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;
— мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;
— зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссыз бен алдағы уақытта жұмыс істеу тәртібіне ықпал ететін өзгерістер туралы мәліметтерді дер кезінде (бес жұмыс күні ішінде) табыс етуге міндетті.» [23]
Жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар.
Мемлекет жұмыссыздар үшін олардың материалдық жағдайының негізін құрайтын белгілі бір әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақыларды белгілеген.
Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды енбекке қабілетті жастағы, еңбек етуге дайын, бірақ табысы немесе өзге де кірісі жоқ азаматтарға мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін уақытша материалдық және өзге де көмек ретінде түсіндіруге болады.
Сонымен қатар, ізденушінің жұмысты іздеу мерзіміне, Spb.rabota.ru порталының пікірінші, білім деңгейі әсер етеді. «Жоғары білімі бар үміткерлер жұмысты бәрінен ұзақ іздейді – 3 айға дейін, ал орта білімі бар үміткер жұмысты 2 айда, колледж түлегі 2,3 айда табады.
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші – әлем ЖОО қызметін бағалау критерийлерінің бірі. ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасудың 2015 жылғы жаһандық рейтингі (Global Employability University Ranking-2015 бойынша Гарвард (АҚШ), Кембридж және Оксфорд (Ұлыбритания) университеттері анағұрлым тиімді болды. АҚШ және Ұлыбританияның ЖОО осы рейтингтің 50 үздік университеттерінің басым бөлігін құрады
Университеттері ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасудың 2015 жылғы жаһандық рейтингінің 50 үздік университеттеріне кірген мемлекеттер.» [24]
Уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға заңдарға сәйкес әлеуметтік қорғаудың келесі түрлері көрсетіледі:
1) заңдарда белгіленген жағдайлардағы және мөлшердегі материалдық көмек;
2) кәсіби дайындықтан өту, біліктілігін көтеру және қайта дайындықтан өту кезінде оқудың ақысын төлеу;
3) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдем беру;
4) қоғамдық жұмыстар үшін ақы төлеу;
5) әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жұмыссыз тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беру.
Белгіленген тәртіп бойынша уәкілетті органда тіркелген және жұмыссыздың мәртебесін иеленген жұмыссыз азаматтар материалдық көмекке ие болады. Материалдық көмекті алудың жағдайлары мен мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жұмыссыздың мамандығы сұранысқа ие емес жағдайда немесе азамат өзінің бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін жоғалтқан жағдайда, жұмыссыздар өз келісімімен уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқу орындарында білім алуға құқылы. Жұмыссыздарға кәсіби дайындықтан, кайта дайындықтан өту және біліктілігін көтеру кезінде көрсетілетін әлеуметтік дайындықтың жағдайлары және тәртібі заңдарда көзделген. Мұндай жағдайда жұмыссыздарды оқыту еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік бюджеттің есебінен жүргізіледі.
Жұмыссыздарға лайықты жұмыс іздеуге жәрдем беру және оларды жұмысқа орналастыру да әлеуметтік қорғаудың түрлерінің бірі болып табылады. Лайықты жұмысты іздеуді және жұмысқа орналастыруды, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Бұл ретте заңдарда шетелде жұмысқа орналастыруға қатысты тыйым салынбаған.
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстардағы еңбегіне ақы төлеу де оларды әлеуметтік қорғауға жатады. Бұл жағдайда ақының мөлшері ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Сонымен қатар, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау ретінде әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар қатарындағы жұмыссыз тұлғаны жерлеуге материалдық көмек беру де танылады.
2-кесте. Жұмыссыздыққа бөлінген қаржы мөлшері
Ескерту: Мәліметтер Егемен Қазақстан газетінің мұрағатынан алынған https://www.egemen.kz
Аталған құқықтар мен міндеттердің заңды кепілдіктері. Біздің мемлекет азаматтардың еңбекке құқығын жүзеге асырудың кепілдіктерін жариялай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді:
— кәсіп түрін таңдау еркіндігін;
— лайықты жұмысты таңдауда және жұмысқа орналасуда халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның немесе жеке агенттіктің тарапынан көмек алуды;
— кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді беруін;
— халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша жаңа кәсіпке (мамандыққа) оқудың, біліктілігін көтерудің, дайындықтан немесе қайта дайындықтан өтудің тегіндігін;
— қызметтен негізсіз босатудан құқықтық қорғауды.
Азаматтардың еңбек нарығындағы және халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық жағдайы олардың (азаматтардың) уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағымдану құқығымен де кепілдеседі. Азаматтар бұл құқықтың негізінде халықты қамту жөніндегі жоғары тұрған уәкілеттік органдарға немесе сотқа жалдана алады. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жолдамасымен келген азаматпен жеке еңбек шартын жасасудан бас тартса да, азаматтар сотқа шағымдануы тиіс. Бұл ретте азаматтар өздерінің құқықтары бұзылған кез келген жағдайда халықты қамту жөніндегі жоғары тұрған уәкілеттік органдарға шағымдануға құқылы. Сотта азаматтардың шағымдарын қарау бұл мәселелердің соттың құзыретіне (ведомстволығына, соттылығына) жататындығын анықтаған соң жүзеге асырылады.
Халықты жұмыспен қамту туралы заңдардың ережелерін бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Келтірілген зиянның мөлшеріне немесе кінәнің дәрежесіне қарай кінәлі тұлға материалдық, тәртіптік, әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Сурет 6. Қазақстан Республикасының аймақтың жұмыссыздың саны
Ескерту: Мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитетінің ресми сайтынан алынған. www.stat.gov.kz
«Ұлттық басқарушы холдингтер
1.«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
2.«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.
3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
Ұлттық холдингтер
- «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы.
2.Алып тасталды — ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1330 қаулысымен.
3. Алынып тасталды — ҚР Үкіметінің 11.04.2013 N 336 қаулысымен.
Ұлттық компаниялар
1.«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
2.«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы.
3.«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы.
4.«Тау -Кен Самұрық компаниясы» акционерлік қоғамы.
5. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
6.«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы.
7.«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық, атом компаниясы» акционерлік қоғамы.
8.«Қазпошта» акционерлік қоғамы.
9.«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.» [25]
3-кесте: Қазақстандағы Ұлттық компаниялардағы жұмыс жасайтын жұмысшылар саны
Ескерту: Мәліметтер Егемен Қазақстан газетінің мұрағатынан алынған https://www.egemen.kz
Сурет 7. Қазақстандағы Ұлттық компаниялардағы жұмыс жасайтын жұмысшылардың пайыздық өлшемі
Ескерту: Мәліметтер Егемен Қазақстан газетінің мұрағатынан алынған https://www.egemen.kz
Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, «2007 жылы қаржылық дағдарыс басталғаннан бері әлемде жұмыссыздық деңгейі 28 млн. адамға көбейіпті, ал 2009 жылы 199 млн. адам жұмыстан босатылған. Одан кейін жұмыссыздық шамалы азайғанымен, 2012 жылдан бастап қайтадан арта бастады. 2012 жылы олардың қатары 197 млн. адамға жеткен. Ал 2013 жылы әлемде жұмыссыздық деңгейі 5 млн.-нан артып, 202 млн. адамға жетуі мүмкін деп болжанған. 2014 жылы жұмыссыздар қатары тағы 3 млн. адамға көбейіп, 2017 жылы 210,6 млн. адамға жетеді-мыс. Дүние жүзіндегі экономикалық белсенді халықтың арасында жұмыссыздар қатары 6 пайыз деңгейінде болмақ.
Швейцарияның Женева қаласында орналасқан Халықаралық еңбек ұйымы әлемде 15 пен 24 жас аралығындағы азаматтардың 13 пайызы – шамамен 75 миллион адам жұмыссыз қалған деп отыр. Олар «әлемде 6 миллионнан астам азамат жұмыс табудан үмітін үзген» деп хабарлаған. Осындай мәліметтермен дабыл қаққан Халықаралық еңбек ұйымы әлем елдерінің үкіметтерін жұмыс орнын ашу мәселесін «ең басты мақсат» деп қарастыруға шақырған болатын. Ұйым өкілі Хосе Мануэль Салазар-Ксиринакс «Дағдарыс деңгейіне жеткен жастар арасындағы жұмыссыздық проблемасы жұмыс орнын ашу мен шешім шығару үрдістеріндегі басты мақсатқа айналып, жекеменшік секторындағы инвестиция айтарлықтай дамыса ғана бұл мәселе шешілуі мүмкін» . [26] деген дейді G-Global коммуникативті алаңы жариялаған ақпарат көзі. Олай болса, жұмыссыздықпен күрес бүкіл жаһан жұртының басты міндеті болса керек.
4 кесте: Ресей және Қазақстан компанияларына ортақ компаниялар
Ескерту:https://ru.
Жаһандағы жағымсыз жаңалықтың жаңғырығы бізге де жұмыссыздық жайына бейжай қарауға болмайтындығын еске салатындай. Ендеше, елдегі жағдай қалай, енді соған тоқталайық.
«Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 5,8 пайызды құрап, 2011 жылы 5,4 пайызға дейін төмендеген болатын. 2012 жылы 5,3 пайыз, ал 2013 жылғы қаңтарда – 5,4, мамырда 5,3 пайызды құраған.
Қазір елімізде жұмыссыздық деңгейін төмендету, яғни жұмысбастылықты көтеру мақсатында халықты жұмыспен қамту саясаты жүзеге асырылуда. Осыған байланысты «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаны орындау аясында 2016 жылға қарай 1,5 миллион адамды жұмыспен қамту қарастырылуда.
Бағдарлама негізінен 4 бағыттан құралған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бірінші бағыт, яғни білім беру және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша, кәсіптік білім беру аясында бүгінде 95,7 мың адам білім алып, 58,7 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасып, 31 мың адам халықаралық тәжірибеден өтіпті. Былтыр әлеуметтік жұмыс орындарына 27 373 адам орналасса, биыл 19 370 адам жұмысқа тұрған. Өткен жылы уақытша жұмыс орындарынан 21,5 пайызы, биыл 33,3 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Екінші бағыт арқылы, ол дегеніміз ауыл тұрғындарын шағын несиемен қамтамасыз ете отырып, ауыл ішіндегі кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, 11 мың адам кәсіпкерліктің негізі бойынша білім алған. Былтырғы жылы 6572 бағдарлама қатысушысы 12 млрд. 368,3 млн. теңге көлеміндегі шағын несиемен қамтамасыз етілді.
Еңбек ресурстарының тиімділігін арттыруды көздейтін келесі бағыт бойынша 2011-2013 жылдарға 1211 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Бүгінде соның 801-нің құрылысы аяқталған. Инфрақұрылымды дамыту арқылы халық көп шоғырланған ауылдарды дамыту негізінде 2700 отбасы әлеуеті төмен ауылдардан әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары елді мекендерге қоныс аударды. Былтыр төртінші бағыт бойынша «Халық көп қоныстанған ауылдарды дамыту» бағдарламасын іске асыру кезеңі басталған. Нәтижесінде 565 жоба жүзеге асып, ауылды жерлерде 7,3 мың жұмыс орны ашылыпты.
Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру үшін 169,4 млрд. теңге қарастырылған. Оның 54,5 млрд. теңгесі кәсіптік білім беру ұйымдары мен жұмысқа орналастыруға, 32,9 млрд. теңге кәсіпкерлікті дамытуға, 26,9 млрд. теңге еңбек ресурстарының тиімділігін арттыруға, 42,3 млрд. теңге халық көп шоғырланған ауылдарды дамытуға бөлінген.
Негізінен бұл бағдарламаны жүзеге асыратын бірден-бір тиісті мекеме ол – жұмыспен қамту орталықтары. 2011 жылдан бастап еліміздің барлық облыстарында және Астана, Алматы қалаларында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыратын жұмыспен қамту орталықтары құрылған болатын.» . [27] Ал осы жұмыспен қамту орталықтары халықты қаншалықты жұмыспен қамтып жатыр дегенге келсек, оған жоғарыда аталған көрсеткіштер жауап бола алады.
Сурет 8. Қазақстан және шетел компанияларындағы қаржы және жұмысшылар санындағы айырмашылықтар.
Ескерту: https://ru.wikipedia.org. сайтынан алынған
«Жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтып жатыр ма?» деген сауалдың жауабын биыл жазда өткен республикалық «Мамандықтар жәрмеңкесінен» де іздеп көрдік. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық талдау орталығының мәліметтеріне қарағанда, биыл жазда еліміздің аймақтарында өткен аталмыш шараға 40,1 мыңнан астам адам қатысыпты. Олардың 61 пайызы, яғни 24,4 мың адам – жұмыссыздар, 23 пайызы немесе 9,3 мыңы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 5206 жұмыс беруші 31275 бос жұмыс орындары туралы жариялап, бұл жұмыс орындарына 10127 адам жолдама алып, оның 78,5 пайызы немесе 7953 адам жұмысқа орналастырылған. Сондай-ақ, 517 оқу орны қатысып, олармен 1013 келісімшарт жасалған. 1505 адам оқуға, оның ішінде 632 адам немесе 42 пайызы кәсіптік дайындыққа жіберіліпті. Жәрмеңкеде жалпы құрылыс мамандықтарына деген сұранысы жоғары болғандығы байқалған. Сұранысы жоғарылар қатарында одан әрі мұғалім және дәрігер сынды мамандықтар тұр.
Өткен жылы Қазақстан Президентінің тапсырмасымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламалық құжат арқылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы айқындаған мақсаттарды әрі қарай жүзеге асыру көзделіп отыр. Қазіргі таңда кейінгі аталған бағдарламаның жұмысы аяқталды. Бес жыл ішінде 800 мыңға жуық адамды мемлекеттік қолдау тетіктерімен қамтыған бұл бағдарлама өзін-өзі ақтады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» көмегімен 620 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты; 130 мың адам кәсіптік білім алып, олардың 110 мыңы немесе 88 пайызы тұрақты жұмыс тапты; 45 мыңға жуық адамға кәсіпкерлік негіздері курстары ұйымдастырылып, шағын несиелер берілді. Солардың арасында отыз мыңға тарта адам өз бизнесін бастауға мүмкіндік алды. Соның арқасында елімізде жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайыздан 4,9 пайызға төмендеді.» [28]
Сурет 9. Ұлыбританияның ЖОО осы рейтингтің 50 үздік университеттерінің басым бөлігін құрады
Ескерту: Global Employability University Ranking 2015
«2013ж. 49-орыннан 2014ж. 17-орынға, биыл 17-орынға көтерілген Сингапурдың Ұлттық Университетін (СҰУ) рейтингтің «жыл жетістігі» деп атауға болады. СҰУ табыстылығы 200 үздік студенттің Силикон алқабында, Нью-Йоркте, Стокгольмде, Бежинде, Шанхайда және Израильде жыл сайын тағлымдамадан өтумен түсіндіріледі. Тағлымадан өту барысында студенттер 6 ай бойы жұмысын енді бастаған компанияларда жұмыс істейді, кешкі уақытта кәсіпкерлік сабақтарына қатысады. Тағлымдама аяқталғаннан кейін студенттер тәжірибе алмасады және өз бизнес өнімін әзірлеуге міндетті. Осылайша, 2001 жылдан бағдарлама жүзеге асырғаннан 350 компания ашылды, олар әлі күнге дейін жұмыс істейді.
Елдің жас мамандары – ЖОО-ның 2014 жылғы түлектері, олар кімдер?
2010 жылы талапкерлердің басым бөлігі (85%) экономикалық, техникалық, құқықтық және педагогикалық мамандықтарды таңдады. 82%-ы мамандығы бойынша диплом алған «техникалық мамандықтың иегерлері» ЖОО-ға түскендердің арасында мақсатқа ең бағытталғыш болды. «Экономисттер» мен «заңгерлердің» шамамен 1/3 бөлігі ЖОО-да оқуды аяқтамады. Өз кезегінде, еңбек нарығында құқықтық және педагогикалық факультеттердің түлектері анағұрлым сұранысқа ие болып шықты (7-сурет). Ветеренария мамандықтары студенттерінің статистикасы қызық. Олар 2010 жылы оқуға қабылданғандардың жалпы санының 0,5% құрады, он студенттің тоғызы ЖОО-ны аяқтап, жұмысқа орналасты.
ЖОО-ны аяқтағаннан кейін жұмысқа бірінші жылы орналасу мәселесінде өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау, сонымен қатар көлік тасымалын, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандықтары бойынша дипломы бар мамандар анағұрлым сәтсіз болды .» [29]
Сонымен бірге, ЖОО түлектерін жұмыспен қамтудың тиімді шараларының бірі кәсіптік бағдар беру болып табылады. Кәсіптік бағдар беру жөніндегі шараларды тек жоғары білім беру жүйесінде ғана емес, сонымен қатар орта білім беру жүйесінде де күшейту керек. Студенттің бірінші курстың өзінде-ақ мамандық таңдауда қателескенін түсінеді. Бұл зерттеуге сәйкес экономисттердің үштен бір бөлігінен астамы «таңдау мүмкіндігі қайта берілген жағдайда, бұл мамандықты таңдамайтын еді»; экологтар да осы мүмкіндікті пайдаланар еді. Өзінің қызмет саласына анағұрлым қанағаттанатын сәулетшілер арасында да шамамен әр бесінші таңдаған мамандығына онша мәз емес. Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Александр Шмелевтің пікірінше, «өзінікі емес» мамандықты таңдаудың тәуекелін төмендетуге кәсіптік тесттер көмектеседі, олар ойлау типін, психикасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін, ой-өрісінің деңгейін, көру абстракт логиканы, зейін қою және тұлғалық типін анықтауға мүмкіндік береді
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында да алда біршама жұмыстар атқарылады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру бірнеше бағытқа бөлінсе, соның бірінші бағыты – колледждер базасында тегін кәсіптік-техникалық
білім берудіұйымдастыру.Оқу мерзімі 2,5 жылға дейін барады. Басымдық мектепті аяқтап, жоғары оқу орындарына түсе алмаған жастарға берілмек. Вице-министрдің сөзінше, биыл еліміз бойынша жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 21 мыңнан астам жасты жұмысшы мамандықтарға тегін оқыту жоспарланып отыр. Бұған қоса, колледждер, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және кәсіпорындардың оқу орталықтары базасында кәсіптік білім беруге арналған қысқа мерзімдік (1-6 ай) курстар ұйымдастырылмақ. Бұл оқу түрімен 26 мың адамды қамту көзделуде.
Қорытынды
«Ресми деректер бойынша еліміздегі жұмыссыз жастар деңгейі 5,6пайызды көрсетіп отыр.Бұл көрсеткіш 2012жылы 4,6пайызға бір-ақ көтерілген.Ал 2014жылыдың статистикалық деректері мынадай сандарды ұсынады:еліміздегі жастардың жалпы саны -4,3млн ,оынң ішінде қала жастары 2,4 млн ,2,2млн-ы жұмыс істесе ,1,9млн-ы оқиды .Ал 117мыңнан астам жас жұмыссыздардың қатарында болған . Дәл осы сынақтан өту мерзімінде де заңға қайшы әрекеттердің орын алатынын Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзі де сынға алған болатын. Жастарды жумыспен қамтудың бір жолы- «Жұмыспен қамту -2020″бағдарламасы. Бұл бағдарлама жұмысжасап жатқанымен алайда аталмыш бағдарлама арқылы екі қолға бір күрек тапқан жас мамандардаң жалақысы 30-40мың теңгені құрап отыр.Ал Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері 118 638теңгені құрайды екен.» [30] Бұл мәселе әлемнің көптеген елдерін мзмлап отырғаны да шындық.
Барлық ұлттық компаниялар және шетел компанияларында жұмысқа орналасу ниеті бар жас маманың міндетті түрде сынақтан өту керек. Жәнеде мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамтып,қоғамды мазалаған мәселенің шешімін табудың оңтайлы жолын сан мәрте қарастырып көрді.
Қазіргі таңда ұлттық және шетел компанияларында жумысқа көбірек орналасатын ,яғни жумысқа орналасу мүмкіндіктері көп ол «Болашақ»бағдарламасымен оқып келген жас маман иелері .Себебі олардың мүмкіндіктері коп яғни барлық стандарттарға сай және үш тілді еркін меңгерген тәжірибесі бар болып келеді.Өткен жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық компанияларды «Болашақ»бағдарламасының түлектерін жұмыспен қамтуға көмектесуге шақырған еді . Мемлекет басшысының сөзінше , «Болашақтықтар «-Қазақстанның жоғарғы білікті кадрлар негізін қалыптастырушылар.
Қолданған әдебиеттер тізімі
- Н. Құдайбергенова. «Еңбек нарығындағы нәтижелі бастама» , Халық газеті, 22 қараша 2012 жыл, 1-бет.
- Елена Әбдіхалықова. «Ұлттық кадрлар — мемлекет негізі», Егемен Қазақстан газеті, 12 наурыз 2010 жыл, 1-бет
- http://www.bolashak.gov.kz/index.php/kz/pretendentu/trebovaniya
- Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы», 2013 жылы, 29 тамыз
- Лекция Алихан Байдусенов «Экономикалық бюро- Жас маман» ҚазМұнайГазakylkenes.com 19.03.2013жыл
- http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100000376 сайтынан алынған
- 2001-2014 жылдары ҚР өңірлері мен білім деңгейлері бойынша жастар (15-28 жастағы) еңбек нарығының негізгі
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығы
- ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігіне ресми түрде пошта
- Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру президенттің жолдауынан
- 17наурыз2017. http://www.kt.kz
- ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» туралы заңы
- ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 «Әлеуметтік қорғау» туралы заңы
- Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 5-бабы
- Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның бірінші тарауы
- Қазақстан Республикасының «ҚР еңбек туралы» заңы
- Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 2-бабы
- РесейФедерациясындағы 2015 жылғы шілдедегі жұмыссыздық пен жұмыспенқамтылу. http://www.gks.ru/bgd/free/B04_03/IssWWW.exe/Stg/d06/168.htm
- ҚР «Халықтың жұмыспен қамту туралы» заңында
- Қазақстан Республикасының «Халықтың жұмыспен қамту туралы» заңы
- ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 13-бабы
- Қазақстан Республикасында жалданбалы қызметкерлер уақытының күнтізбелік қорын пайдалану және жұмыс күші қозғалысының жинағы, 2014ж. ҚР Ұлттық экономика министрлігініңСтатистика комитеті. http://stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersLabor?_afrLoop=20909039697086249#%40%3F_afrLoop%3D20909039697086249%26_adf.ctrl-state%3Dkdzv2y9m4_50
- ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 17-бабы
- Global Employability University Ranking 2015 results. https://www.timeshighereducation.com/carousels/global-employability-university-ranking-2015-results
- http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100000376 сайты
- https://egemen.kz/2013/?p=8002 Егемен Қазақстан газеті сайты
- Д. Бітікова. «Жұмыспен қамту», Егемен Қазақстан, 2013 26 қыркүйек. 5-бет
- http://taraz-gov.kz/kaz/2016/05/27/ сайты
- Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесінің деректері. ҚР БҒМ.
- Қазақстан Республикасының «Халықтың жұмыспен қамту туралы» заңы 17 баб
Құрастырғандар: Кемалова А., Кеңес Д.