ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ
Міне, осы «Қазақ даласына» 15-ғасырда күннің шығысынан күннің батысына дейін алып жатқан ұлан байтақ даламызда, Керей мен Әз-Жәнібек туын тігіп негізін қалаған Қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр. Кезінде қазақ — тарихсыз, бұл халық еуропалық жұрттар сияқты таңбалауға жарайтын, шежіреге, хатқа түсіруге татитын тарих жасамаған. Ашық айтылмаған бұл тұжырым қалай негізделеді десеңіз, ең алдымен қазақта бұрын-соңды ұлттық мемлекет болмады деп жарияланады. Мемлекет болмаған, мемлекеттік құрылыстың кейбір элементтері ғана ұшырасқан.
Оның өзінде бұл – біртұтас құрылым емес; әрбір ру, әрбір аймақ өз басына би болған; бұл қазақ басы біріккен хандық құрып көрген жоқ дейді. Тәуба, коммунистік программа жүзеге аспады, қызыл империализм келмеске кетті; тәуелсіздік алдық, дербес ел болдық деп отырмыз. Бірақ еңсемізді қайта көтеру үшін, рухани жаңғырып, санадағы жарақат жазылу үшін әлі де бірталай еңбектенуге тура келді. Иә, тарих — үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих бұл адамзатты, әлемді, өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралына саяхат.Өз халқыңның тарихын білу барлық адамдар үшін қасиетті парыз.
Ежелден түркі тілдес, көршілес, аралас жасаған түркі тайпалары ұзақ тарихи дәуірді бастан кешу арқылы табиғи түрде «Қазақ хандығы» аталып ел болып құрылған. «Қазақ» деген аттың ертеде ру-тайпа атынан қазақ біртұтас халық атына айналуы және Қазақ хандығының құрылуы барысы сияқты тарихи оқиғалар жөнінде ел ішінде көптеген аңыз-деректер сақталған. Қазақстан аумағында біртұтас мемлекеттік Алтын Орданының бөлінуі кезінен бастап, Қазақ хандығы пайда болып, нығайғанға дейін жергілікті этникалық негізде қалыптасты.
Біз XV ғасырдың орта шенінде қазіргі ұлттық республикамыздың шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрдық. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Бай болды, бағлан болды. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иеленді, өзіне лайық ұрпақ өсірді. Кейінгі зерттеушілер 1465 жылды, 1470 жылды, тіпті, бұрын соңғы кезеңдерді атап жатады. Бұл тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ Ордасының ту көтеріп, ірге бекітуі тек Әбілқайыр кенеттен қайтыс болған соң ғана жүзеге асқан сияқты. Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең күрес үстінде өткені есепке алынбайды.
Қазақ Ордасы құрылғанда алдымен үлкен Керей ақ киізге хан көтеріліпті. Керейдің нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Одан соң Жеңібек хан әмір жүргізеді. Сірә, қазақ жұртының Әбілқайырдың жеңіп, біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа хандықтың өзіндік құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты.
Әз-Жәнібек – қазақ жұртының іргесін бекітіп, ордасын орнықтырған ұлы хан ғана емес, сол халықтың бар игілігне ұйытқы болған асыл ұрық, ұлы әулеттің де негізін салушы. Қазақ Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері: Қасым хан, Хақ-Назар хан; Әз-Тәуке хан, Абылай хан, ең соңы Қенесары хан, ұлы ғалымдарымыз Шоқан, Алаш-Орда көсемі Әлихан Бөкейханов – барлығы да осы әулие Әз-Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары.
Отанды сүю — бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз.
Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулық,бірлік, берекесі» деген едіТарихы,тілі,діні, салт-дәстүрі ғасырдан-ғасырға ұласып, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған жерін,байлығын бүгінгі күні «Мәңгілік ЕЛ» болашақ ұрпақтары жалғастырады және ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп қалдырады деп кәміл сенеміз.
Құрастырған: Қыдырбай Айдана