ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

XV ғасырдың ақыры мен XVI ғасырдың алғашқы он жылдығында қазақ халқын құрайтын негізгі этникалық топтардың мемлекеттік бірлестігі халықтың бірігу барысын жеделдете түсті. Әбілқайыр мен Ақ Орда хандықтарына қарағанда Қазақ хандығының ерекшелігі – оның анағұрлым кең де берік этникалық негізгі – қалыптасқан қазақ халқы болды. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыранқылық салдарынан Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылымын пайдаланудың дағдылы көшіп қону тәртіптері бұзылды,көшпенді тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды.Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді.Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді,Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып,өз алдына тіршілік етуді арман етті.Ақ Орданың ақырғы ханы Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек бұл жағдайды өз мақсаттары үшін пайдаланды да,Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен болашақта қазақ деп аталған тайпаларға басшылық жасады.Осы қазақ атанған қалың тайпаларды бастап батыс Жетісуға қоныс аударды.Ол кезде 1434-1462 жылдары Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға бұл қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып,қоныс берді.Бұлар батыс Жетісуды мекен ете отырып,қазақ хандығын құрды.

Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи-и-Рашиди  »атты еңбегінде: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі.Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей фмен Жәнібек Моғолстанға көшіп кетті. Есенбұға хан оларды қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді.Ол көшіп келген өзбектерді «қазақтар»  деп атады.Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465-1466) билей бастады…»деген мәлімет қалдырған. Орта ғасырлық атақты тарихшы Мұхаммед – Хайдар Дулатидың куәландыруы бойынша, бұл оқиға 1456 жылы болған. Осы 1456 жыл, еркіндік аңсаған Керей мен Жәнібек жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялаған шешуші оқиға – халқымыздың тарихындағы маңызды құбылыс, мемлекеттік құрылым бастау алған,қазақ деп аталатын,жаңғырған этностың дүниеге келген мезгілі деп есептелуге тиіс. Кейінгі зерттеушілер 1456 жылды,тіпті, бұдан соңғы кезеңдерді атап жатады. Бұл тарихшылардың пайымдауынша, Қазақ Ордасының ту көтеріп,ірге бекітуі тек Әбілхайыр кенеттен қайтыс болған соң ғана жүзеге асқан сияқты. Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең күрес үстінде өткені ес0пке алынбайды.1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес,көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана.Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері,Шу өзені мен Талас өзенінің алқабы еді. Міне нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақтар» деген атау қолданылады.

Қазақстан тарихындағы маңызды мәселелердің бірі қазақ хандығының бірі қазақ хандығының құрылуы болып табылады.XV ғасырдың 50-60 жылдарында этносаяси прцестердің нәтижесінде,яғни аймақтағы жерлердің бір саяси құрылымға бағынуы,қазақ жүздері мен тайпаларының бірігуі,ұзақ уақытқа созылған халықтық құрылымының аяқталуы қазақ хандығының құрылуына әкелді.Қазақ хандығының дәл осы уақытқа құрылуына,оның алдында болған оқиғалар ықпал етіп,оның тарихи алғы шарттары дайындалған болатын.Хандықтың құрылуының алғы шарттарын оның алдындағы он-он бес жыл бұрынғы оқиғалардан емес,одан 100-150 жыл бұрынғы оқиғалардан іздеу керек.Алтын Орданың сол қанаты Ақ Орда ( Көк Орда ) қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтыған мемлекеттік құрылым болды.Астанасы Сығанақ қаласы болған Ақ Орда мемлекеті XIV ғасырдан,Орыс ханның кезінен бастап дербес саясат жүргізе бастады.1357 жылы Алтын Орданың ұлы ханы Жәнібек өлгеннен кейін үлкен ұлыстың саяси жағдайы қиындайды,аумалы-төкпелі д.рбелең кезең басталады.Жошыдан тараған әулеттер арасында тақ билігі үшін күрес өзара соғыстарға айналады.Айналасы жиырма жылда жиырма хан ауысады,барлығы да өзара қырқыс нәтижесінде қаза болады.Міне,осындай аумалы-төкпелі дүрбелең кезінде Ақ Орда хандарының әулеті де Алтын Орда тағына ұмтылады.Солардың арасында ұлы хан дәрежесіне қол жеткізгендердің бірі Жошы ұрпағы Орыс хан еді.Ақ Ордада билік тізгінін ұстаған Тоқтамыстың сыртқы саясаттағы әрекеттері жер жаһанды жаулап алуға ұмтылған Ақсақ Темірмен күрес үстінде өтеді.Ақ Орданы жеке мемлекет ретінде сақтап қалуға ұмтылған Барақ ханның да күш-қайраты бұған жетпейді.1428 жылы Барақ хан опасыздықпен өлтіріледі.Алтын Орланың шығыс бөлігінде тағы да береке кетеді.Тақ үшін күрес басталады.Бұл күресте Әбілхайыр жеңіске жетіп,өз мемлекетін құрады.Бірақ Әбілқайыр мемлекетінің құрылымы берік болмады,оның ішкі жағдайы тұрақсыз болды.Міне,осы жағдай қазақ хандығының құрылуына жол ашты.Әбілқайыр ханның 1457 жылы ойраттардан ойсырай жеңілуі оның беделін біржолата түсірді.Жеңілістің ашуын Әбілқайыр хан өз қарамағындағылардан алады,өзінің билігін мойындамағандарды жазалай отырып,қатал тәртіп орната бастады.Өзара тынымсыз соғыстар мен таластар және Әбілқайырдыңқатал шаралары халық бұқарасының жағдайына ауыр тиді.Биліктен шеттелген Жошы ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің және Махмұт пен Уәлидің маңына көптеген ру және тайпа көсемдері топтаса бастады.Хан билігіне наразы болған халықтың өзара топтасып сыртқа кетуі бұл ғана емес еді.Әбілқайырға деген наразылық уақыт өте келе жаулыққа ұласады.Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек бастаған үлкен топ Әбілқайыр билігінен бас тартады да, соңына ерген барлық жұртымен іргесін көтеріп бір күнде ауа көшеді және қазақ хандығының алғашқы іргесін Шу мен Қозыбасқа тігіп,хандықтың шаңырағын көтереді.Бұл Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбасы бойынша хижраның 870 жылы ( 1464-1465 жылдар) еді.Бірақ кейбір тарихшылар қазақ халқының құрылуын одан да әрі 1456-1457 жылдарға дейін ұзартады.Бүлік шығарған туыстарын тәртіпке шақырмақ болып Әбілқайыр хан 1468 жылы үлкен қол жинап Шу бойына аттанады.Керей мен Жәнібек те қапы қалмай ұрысуға дайындалады. Бірақ суық түсіп, әскерлердің алға жылжуы қиындайды және осы кезде кенеттен Әбілқайыр хан өлгеннен кейін ол құрған мемлекеттің іргесі шайқалады. Ірі тайпалар мен рулардың көп бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшеді,олардағы шаңырақ саны екі жүз мыңға жетеді.Әбілқайыр хандығын қалпына келтірмек болған оның ұлы Шейх-Хайдардың әрекетінен ештеңе шықпайды.Осы кездегі Моғолстан мемлекетіндегі өзара тартыс пен оның әлсіреуі де қазақ хандығына қаз-қаз тұрып іргесін кеңейтуге жағдай жасады.Қазақ хандығы алғашқы кезде Батыс Жетісу жерін,Шу мен Талас алқаптарын иеленді.Моғолстан хандары Есен Бұға мен Жүністің қазақтардың Жетісу жеріне одан әрі жылжуын тоқтатарлық күштері болмады.

Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының  негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына  1457 жылдан кейін Керей  мен  Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне  қоныс аударуы мұрындық болды. Алғашында  Қазақ хандығының территориясы -батыс Жетісу жері,  Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді.

Ежелден осы алапты мекендеген  тайпалар Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті.  Әбілхайыр хандығындағы аласапыран  соғыс салдарынан күйзелген  қазақ тайпалары бұл араға келіп, ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле  бастады.  Мұны көрген  Дешті-Қыпшақ  қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп  жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі  әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының,  Моғолстанның,  Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал  Әбілхайыр хан  болса өзіне қарсы  шығып,  Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген  тайпалардың  ағылып барып жатқанына  азуын  басып,  қылышын  қайрап отырды. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты.

Бұл одақ  жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан  біріге отырып  қорғануға  мүмкіндік берді. 1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң  өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының  нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды.  Өзбек ұлысының  үлкен бөлігі Керей  мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың  ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары — Ахмет хан мен Махмұд хан,  батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және  Ноғай  мырзалармен одақтаса отырып  күрес жүргізді. Әбілхайыр ханның  мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты.  Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте  Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті — Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XY асырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірініңбірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.

Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды  Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды. Сыр бойы  калалары үшін Қазақ хандары өте  қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның  немересі Мұхаммед Шайбани  Түркістан аймағына келіп,  Мұхаммед Мәзит Тарханды  паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан  Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы  — Созақ және  Сауран  қалалары  Қазақ хандығының  құрамына  кірді.

Пайдаланған әдебиеттер

1.«Қазақ елінің тарихы», Есенғазы Қуандықов;

2.«Қазақстан тарихы», Мұхамедов, Сырымбетұлы.

            Құрастырған: Тұрлыханова Әсел

Яндекс.Метрика