ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ӘЛЕМДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАН
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕСІ
Қазақстан соңғы жылдары агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттарына қолдау көрсетуде жан-жақты жүйелі саясатты жүргізіп келеді. Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттігін көтеруге, агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық жүйесінің негіздерін қалыптастыруға, аграрлық ғылымның маңызды рөлін жоғарылату мен қарқындату ісіне айрықша мән беріліп отыр. Сондада, ауыл шаруашылығының экономикалық дамуы, ауыл тұрғындарының қолайлы тыныс-тiршiлiгi, қалыптасқан ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану міндеті мен жүйелiлікті қамтамасыз ететін инновациялық негіздегі механизмнің керек екендігін көрсетеді.
Бұл жағдайлар инновацияны еліміздің нақты секторларда дамытудың аса қажет екенін, себебі еліміздегі экономикалық өсу тек шикізаттық өнімдер есебінен ғана емес, нақты секторлардың, соның ішінде ауылшаруашылығының инновациялық дамуы дәрежесімен де көрінуі тиіс.
Аталмыш мәселенің шешу үшін дүниежүзілік тәжірибеге сүйене отырып, мемлекетке келесі әрекеттерді қолдану керек:
- инновациялық үдерістің стимуляциясы мен ғылыми техникалық, азық-түліктік қызметін енгізу;
- ауылшаруашылық мамандарының кәсіпорындарға озық технологияларды ендіруінің тиімділігіне қызығушылығы мен сенімділігін арттыру;
- ауыл шаруашылық саласындағы жұмыскерлерді оқыту мен дайындау;
- инвестицияның тартылуы үшін аграрлық-өнеркәсіптік кешенінде қолайлы жағдайлар жасау;
- тұрғындардың аграрлық және жалпы ғылымға қызығушылығын арттыру.
Экономиканың кез-келген бөлімдерінде инновацияның қажеттілігі, соның ішінде ауылшаруашылығында анық көрінеді. Қазіргі уақытта аграрлық инновацияның импульстері бағдарламалық басқармалардың шеңберінде топталады: яғни өсімдік шаруашылығында тұқым мен тыңайтқышты енгізу, топырақты өңдеу, мал шаруашылығында қоректендіру, емдеу және жануарларға қарау.
Инновацияны енгізу үшін мемлекеттік қаржыландыру мен мемлекеттің көмегі керек. Ал дамыту үшін тек мемлекеттің көмегі жеткіліксіз, қоғам жаңа инновациялық жобаларға әзір болуы, ал экономика — оны енгізуге дайын болуы керек.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан — 2030» атты халыққа жолдауында азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретіндігін, бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайтындығын, еліміз аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие екенін айтып өтті. {1}
Экономиканы дамытуда ауыл шаруашылығының орны ерекше, ауыл шаруашылығын әлемдік деңгейге көтеру Елбасының әрқашанда назарынан тыс қалған емес. Қазіргі таңда ауылшаруашылығының жағдайын көтеру, нарықтық экономикада өндірісті дамыту мен көтерудің әсерінің негізгі факторы болып келетін инновациялық жүйені енгізбеу мүмкін емес. Инновациялық жүйенің құрылымы мен дамуы, кәсіпорындардың ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашуға бағытталған. Осы аталған бағыттардағы жұмыстың нәтижелі болуында еліміздегі ұлттық инновациялық жүйенің тиімді және ұтымды қызметін қалыптастырудың ерекше рөлі көрсетілген.
Қазіргі кезде ғалымдарымыздың инновациялық жүйемен жұмыс жасауын, ауылшаруашылығы салаларын қарқынды дамытуында қосқан үлесінен көруге болады. Егін шаруашылығына озық технологиялар ұсынылып, өндірісте кеңінен қолданылуда. Олардың ішінде: ресурстарды үнемдейтін, экологиялық қауіпсіз технологиялар тамшылата суару жүйесін айтуға болады. Мал шаруашылығы саласында ірі ғылыми жұмыстар жүргізілуде: өнімділігі жоғары мал тұқымын көбейту бойынша сүтті ірі қара малдың тұқымын жетілдіру, молынан жоғары сапалы сүт беретін тұқымдарын көбейту, қойлардың тұқымы мен ірі қара мал етін өндірудің инновациялық технологиясын жасау, өнімділіктің генетикалық әлеуетін жоғары деңгейде қолданылуын қамтамасыз ететін малдарды толыққанды азықтандыру жүйесі жетілдірілген.
Республикамызда инновациялық жүргізілген зерттеулердің нәтижелері шаруашылықтарда жоғары өнімділік сапасы бар мал басын көбейтуге мүмкіндік береді. Еліміздегі жалпы мал басында жоғары генетикалық әлеуетіндегі асыл тұқымды малдардың үлесі артуда. Аталған жетістіктерді өндірісте кеңінен қолдану, ауыл шаруашылығында инновациялық технологияны пайдалану ауқымын ұлғайтып, оның өсіп дамуына үлес қосуда.
Қазақстанда соңғы жылдары агроөнеркәсіптік кешендердің даму бағыттарына қолдау көрсетуді жан-жақты жүйелі саясат жүргізіп келе жатыр. Ауылшаруашылығының экономикалық дамуы, ауыл тұрғындарының қолайлы тыныс-тiршiлiгi, қалыптасқан ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану міндеті мен жүйелiлікті қамтамасыз ететін инновациялық негіздегі механизмді құру бүгінгі таңда өте өзекті мәселе. Аталмыш мәселелерді шешу үшін — ауыл шаруашылық саласындағы мамандар мен жұмыскерлерді білім жетілдіру курстарында қайта даярлап, білікті мамандарды қалыптастыруымыз керек.
Инновацияны еліміздің нақты секторларда дамытудың аса қажет екенін, себебі еліміздегі экономикалық өсу тек шикізаттық өнімдер есебінен ғана емес, нақты секторлардың, соның ішінде ауылшаруашылығының инновациялық дамуы дәрежесінен көрінуі, аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттігін көтеру, агроөнеркәсіптік кешеннің инновациялық жүйесінің негіздерін қалыптастыруға, аграрлық ғылымның маңызды рөлін жоғарылату мен қарқындату ісіне айрықша мән беріліп отырғандығы атап көрсетілген. Қазақстанның аграрлық өнеркәсіп кешенінде кейінгі жылдары ішкі жалпы өнімнің 7-8 пайызы қалыптасады, яғни еліміздің сыртқы тауар айналымының орта есеппен 4 пайызға жуығы агроөнеркәсіптік кешеннің үлесінде. Еңбекке жарамды халықтың үштен бір бөлігінен астамы осы аграрлық салада қызмет етеді. Ұлттық индустриалдық-инновациялық экономиканы қалыптастыруда агроөнеркәсіптік кешеннің стратегиялық рөлі қомақты. Алайда, инвестициялардың ұлғая түсуіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігі төмен деңгейде қалып отыр. Өндірістік қуатты жаңғыртудың, отандық және шетелдік ең озық технологияларды ауыл шаруашылығы өнімінің отандық индустриясына енгізудің баяулығы аграрлық саланың технологиялық тұрғыда артта қалуына негізгі себептердің біріне айналған.
Аграрлық секторы дамыған елдер жоғары экономикалық дамуға ие. Мысалы: АҚШ, Австралия, Дания, Голландия, Аргентина, Бразилия және Канада. ХХ ғасырдағы әлемдік ауыл шаруашылығы өндірілетін өнімнің ғылыми сыйымдылығын арттыруға бағытталған. Бұл арқылы әлемдік деңгейдегі ауыл шаруашылығы ұйымдары ішкі азық-түлік нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін тұрақтандыруға, әлемдегі озық нарықтарға оңай енуге және ұлттық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ығыстырып шығаруға мүмкіндік алмақ. Яғни, осыған орай, Қазақстан да аграрлық секторды инновациялық тұрғыда дамыту міндеттерін ұтымды шешуге талпынуы қажет.
Ғылыми-зерттеу үдерісі мен инновациялық қызмет агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың маңызды бағыттары болып табылады, олар ғылым мен техника жетістіктерін қолданудың негізінде ауыл шаруашылығы өндірісін үздіксіз жаңартып отыруға мүмкіндік бермек.
Қазіргі уақытта елімізде экономиканы дамытудың маңызды факторы ретінде ресурс үнемдейтін инновациялық технологиялар айрықша рөлге ие болуда. Бұл өндіріс құралдары ұдайы қымбаттай түсіп отырған сәтте және түпкілікті өнім бағасының қымбаттау қарқыны саябырлап отырған шақта өте қажет.
Көптеген елдерде ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, сондай-ақ топырақ құнарлылығын сақтап қалпына келтіру мәселелері егіншіліктің ресурс үнемдейтін технологияларын енгізу арқылы жүзеге асырылуда. Мұндай технологиялар топырақты өңдеу әдісін қолданудан бас тартуға негізделген. Бұл тәсілдердің кешені топырақ құрылымының тозуына, құнарлылығының азаюына, топырақ ылғалын жоғалтуға және түсімділіктің азаюына қарсы бағытталған. Ресурс үнемдейтін технологиялардың шешуші қағидаларының бірі рентабелді ауыл шаруашылығы дақылдарын және топырақ құнарлылығын жақсартатын дақылдарды қамтитын ауыспалы егісті қолдану болып табылады. АҚШ-та осындай технологияларды қолдану арқылы 23 млн. га егістік алқабы өңделеді, Бразилияда – 23 млн. га, Австралия мен Канадада – 9 млн.гектардан астам. ФАО деректері бойынша нөлдік технологиялар қолданылған егістік алқаптар көлемі 1 млн. гектарға жеткен. Технологияларды қолдану арқылы топырақтың құнарлылығын арттыру – ең тиімді экономикалық бағыт. Әртүрлі табиғаттық-климаттық жағдайларымен ерекшеленетін өңірлерде өндірістің тұрақтылығын жақсарту, топырақтың жел арқылы немесе су арқылы тозуын болдырмау, су ресурстарын пайдалануды және бүкіл экологияны жақсарту, қаржы және энергетика ресурстарын үнемдеу – егіншілікте ресурс үнемдейтін технологияларды енгізудің артықшылықтары ретінде танылған. Егіншіліктегі ресурс үнемдейтін технологиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге экологиялық және экономикалық әртүрлі жағдайларда қолданылатын ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығын арттыратын егіншіліктің икемді жүйелерін қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, аграрлық өнеркәсіп кешенінің қолданыстағы техникалық паркінің тозғандығын да ескеру қажет. Аграрлық нарық сарапшылары мен шолушыларының деректері бойынша қазіргі уақыттағы ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызға жуығының әбден тозығы жеткен. Бүкіл тракторлардың жиынтық санының 94 пайызға жуығы 10 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз пайдаланылып келген, астық жинайтын комбайндар бойынша бұл көрсеткіш – 77,7 %. Яғни еліміздегі ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 80 пайызынан астамын ауыстыру қажет болып отыр. {2}
Таяудағы жылдарда аграрлық өнеркәсіп кешені өндірісінің материалдық-техникалық базасын жаңарту-ға жұмсалатын инвестициялардың өсуіне орай, сатып алынатын жаңа техникамен бірге қолданылатын ауыл шаруашылығы өндірісінің технологияларын да анықтап алуымыз қажет.
Ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу үшін, ең алдымен, ресурс үнемдейтін технологияларға арналған қазіргі заманға лайық, бәсекеге қабілетті техника өндіруді қолдауға және дамытуға бағытталған, ауыл шаруашылығының жаңа техникаларын, сонымен бірге тұқым себетін кешендік машиналар сатып алуды қаржыландыруға бағытталған, жаңа агротехнологияларға бейімдеп оқыта отырып қолданбалы зерттеулер жүргізуге бағытталған жүйелі мемле-кеттік қолдау қажет.
Ауыл шаруашылығындағы стратегиялық маңызы бар проблемалардың тағы бірі дәнді дақылдар мен басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін арттыру болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы дүниежүзіндегі бидайдың 2 пайызын өндіреді, ал өзінің әлеуеті бойынша 4-5 пайызын өндіре алады. Біздің елімізде бидайдың түсімділігі орта есеппен 10-11 центнер, яғни Австралия, Аргентина, Канада және АҚШ сияқты табиғи-климаттық жағдайлары біздегіге ұқсас елдермен салыстырғанда бір жарым-екі есе төмен. Еліміздің бүкіл өңірлерінде егіннің түсімділігі ауа райының ыстық болуына, суыққа, топырақтың сортаңдығына тәуелді екені белгілі; республикамызда әрбір үш жылдың екеуінде қуаңшылық болып тұрады. Алайда егіннің түсімділігін тек осындай жағдайлар ғана кемітіп отырған жоқ. Қазақстандық сорттар өздерінің әлеуеті бойынша жоғары түсімділікке қабілетті бола тұрса да, олар бидайға тән ауруларға көбінесе қарсы тұра алмайды, қыста өсіп-өнбейді. Аграрлық ғылымның алдында тұрған стратегиялық келелі міндет ― өсімдік шаруашылығындағы молекулярлық биология мен биотехнологиялардың ең озық технологияларын қолдана отырып, бидайдың түсімділігі жоғары жаңа сорттарын шығару. Қазақстандық ғалымдар австралиялық өсімдіктердің функционалдық геномика орталығының ғалымдарымен бірлесіп қазіргі заманға лайық ген инженериясының тәсілдерін қолдану арқылы цисген технологияларын әзірлеуге кірісті. Цисген технологиялары дәстүрлі селекцияда қол жеткізу мүмкін болмаған мейлінше қысқа мерзім ішінде, таңдап алынған гендерді ғана жалғастыру арқылы түсімділігі жоғары жаңа сорттар жасауға мүмкіндік береді. Бидайдың қуаңшылыққа төзімді сорттарын жедел алу үшін, жаңа сорт шығарылғаннан бастап элиталық сорт өндіруге дейін австралиялықтардың тәжі-рибесі қолданылатын болады. Таңдап алынған гендерді ғана жалғастыру арқылы цисген технологияларын қолдана отырып алынған түсімділігі жоғары жаңа сорттар (қолданыстағымен салыстырғанда 50 пайызға жоғары) өсімдіктерді өнеркәсіптік селекциялау технологиясын енгізуге және 12-15 жылға созылатын селекциялық процесті 5-7 жылға дейін қысқартуға мүмкіндік бермек екенін сарапшылар анықтап берген. Сонымен бірге, жаңа сорттар қуаңшылық болған жылдарда түсімділіктің жойылуын 25 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Экономикалық тұрғыда жүргізілген есептеулер бойынша дисконттау ставкасы 15 пайыз болғанда жаңа сорттарды енгізудің экономикалық жиынтық тиімділігі 1,3 АҚШ долларына жетпек. Осылайша, шетелдік агротехнологияларды трансферттеу Қазақстанның ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге, шетелдік ең озық технологияларды ұтымды бейімдеу үшін ғылым көрнекті ғылыми орталықтармен бірлесіп зерттеулер жүргізуді, отандық ғылыми кадрлардың тағылымдамасын күшейте түсуі қажет. Ғылыми әзірлемелердің нәтижелерін ұтымды пайдалану және оларды өндіріске енгізу ― аз шығын жұмсап экономикалық қолайлы нәтижеге жеткізетін, аграрлық өнеркәсіп өндірісін сапалық тұрғыда жақсартудың тиімді тәсілі. {3}
Шетелдік ең озық технологияларды ауыл шаруашылығына тарту ұлттық ішкі жалпы өнімдегі ғылымды қажетсінетін ауыл шаруашылығы өнімін молайтуға ықпал етеді, аграрлық өнеркәсіп кешеніндегі инновациялық қызметтің тиімді құралдарының бірі және саланың техникалық-технологиялық тұрғыда артта қалушылығынан құтқаратын маңызды шара болып табылады Қазақстанның аграрлық секторы инновациялар енгізу үшін экспорттық мүмкіндіктер мен жоғары потенциалға ие. Сондықтан еліміз ауыл шаруашылығының инновациялық және экономикалық дамуына аса көңіл бөлу қажет. Қазіргі уақытта Қазақстан өндірісті техникалық тұрғыда қайта жарақтандыруға арналған қолайлы жағдай жасауда, ауыл шаруашылығына технологиялар мен инвестициялар тарту үшін лизинг схемаларын, жеңілдіктер мен преференцияларды іске асыру қажет.
Қолдаған әдебиеттер
- http://www.kazakzaman.kz/kz/newsDetail_getNewsById.action?newsId=55879
- http://www.kazakzaman.kz/kz/newsDetail_getNewsById.action?newsId=55879
- http://www.enu.kz/repository/repository2014
- http://www.enu.kz/repository/repository2014/Inovacialik-faktor-zhane-onin-Kazahstan-ekonomokasindagi-alatin-orni.pdf0
Құрастырғандар: Амангельдинов Е., Қошан Қ.