ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мазмұны

Кіріспе

Қазақстанның бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруінің қазіргі жағдайы және өзекті мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың даму кезеңінде әлемдік шаруашылық байланыстарының жүйесінде жетекші орынды халықаралық сауда алады. Әлемдік сауда халықаралық еңбек бөлінісінің барлық дерлік түрлерін қамтып, барлық мемлекеттерді бір бүтінге біріктіреді.

Әлемдік саудаға қатысушы мемлекеттер әрдайым осы саладағы келіспеушіліктерді жою жолдарын іздестіруде. Бір жағынан, олар сыртқы сауданы дамыту мен кеңейтуде өз талпыныстарын біріктіруге ұмтылады, екінші жағынан, жеке мемлекеттер мен экономикалық топтарды алшақтататын өз мүдделерін қорғау саясаты. Бұл орайда халықаралық сауданың қатысушы мемлекеттері арасындағы бір-бірімен байланысқан сыртқы сауда саясатын жүйелендіру орынды болып табылады.

Сыртқы сауда саясатының ішінде алдыңғы қатарда Дүниежүзілік Сауда ұйымы кіреді. Ол тауар және қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын реттеуде, меншік құқығын қорғау, халықаралық сауда дауларын шешуде, әлемдік сауда саясатын қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Дүниежүзілік Сауда ұйымы шеңберінде көпжақты келіссөздер, консультациялар және қатысушы мемлекеттердің ресми және ресми емес кездесулері өтіп тұрады.

Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Сол ықпалдың әсерінен мемлекеттің сыртқы саясаты күшейеді.

Қазақстанның алдында халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде нақты орынды иелену міндеті тұр. Республика отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экпорт пен импорт құрылымын реттеу, мемлекеттік төлем және сауда балансын жүйелендіру, мемлекет тарапынан экспорт-импортты бақылау және салық салу жүйесін жетілдіру, мемлекеттің нормативті-құқықтық базасын жүйелендіру сияқты міндеттерді қамтитын экономикалық дамудың маңызды бағыттарды анықтауы тиіс. Бұл міндеттердің барлығы тек нақты және рационалды сыртқы сауда саясаты арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Қазақстанның ДСҰ-на кіруі тек республиканың осы ұйымға кіруінің экономикалық мүмкіндігін талдауды ғана емес, осы қадамның салдарларын талдауды да қажет етеді.

ДСҰ-ға мүше болудың тағы бір артыұшылықтарын айтатын болсақ, ДСҰ-ға мүше елдер халықтарының әл-ауқатын, өмір деңгейін жоғарылатуына, тауарлар және қызметтермен толық қамтылуына қол жеткізуіне, сонымен қатар нақты кірістердің жоғарылауы және үнемі өсуіне ықпал етуіне мүмкіндік алады.

Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Осылайша, Қазақстан Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруге дайын екенін көрсетуде. Және осы орайда, елімізде сауда, яғни импорт пен экспорт көлемі артып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, жұмыссыздықтың саны біршама азая түседі. Жеке елдермен қатынасты жақсартуға  Дүниежүзілік сауда ұйымы бірден бір себепші болады.

«ХХ ғасырдың аяғынан халықаралық қатынастар жүйесіне белсенді араласа бастаған Қазақстан Республикасының өзекті мәселелерінің бірі ДСҰ-ның мүшесі болу. Қазақстан бұл ұйымға 1996 жылы қаңтар айында мүше болу жөніндегі өтінішін білдіргеннен кейін бақылаушы мәртебесіне ие болды. ДСҰ – ға толыққанды мүше болу үрдісі бірқатар құжаттарды дайындауды, яғна елдің сыртқы сауда тәртібін анықтайтын, сондай — ақ осы тәртіпті және ДСҰ-ға мүше болар кездегі елдердің міндеттемелері жөніндегі екі жақты келіссөздер желісін талқылау мақсатында ДСҰ-ға мүше болу бойынша құрылған жұмысшы тобының мәжілістерін өткізуді қажет етеді. ДСҰ бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай дамуы үшін өте қажетті ұйым болып табылады.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) – либерализм қағидасына сай халықаралық сауда ережелерін реттейтін халықаралық экономикалық ұйым. ДСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарынан өз қызметін бастады, ДСҰ – ны құру жөніндегі шешім Тауар саудасы жөніндегі бас келісімнің (ТСБК — ГАТТ) Уругвайлық кездесуі шеңберіндегі 1993 жылдың желтоқсанында аяқталған көп жылдық келіссөздердің соңында қабылданған болатын. Ресми түрде ДСҰ 1994 жалдың сәуірінде өткен Марракеш маслихатында құрылады, сол себепті де ДСҰ-ны құру жөніндегі Келісімді Марракештік келісім деп атайды. Егер ТСБК тек қана сауда тауарларын реттеумен ғана айналысса, ДСҰ-ның қызметтің саласы әлдеқайда: сауда тауарларымен қатар ол қызмет көрсету саудасын және зияткерлік меншік құқықтарының саудагерлік қырларын да зерттейді. ДСҰ БҰҰ жүйесінің арнайы мекемесі деген заңды мәртебесіне ие.

ДСҰ-ның алғашқы кезінде 77 мемлекет мүше болса, 2003 жылдың отасында 146 мемлекет – дамыған, дамушы және бұрыңғы социалистік елдер де мүшесі болды. ДСҰ-ның мүше – мемлекеттерінің “ала — құла” құрамы бұл уайымның өзіндік таңбасында  да айқындалған. ДСҰ – ның құрамына кейбір бұрыңғы кеңестік елдер де кірді: Литва, Латвия, Эстония, Армения, Грузия, Молдова, Қырғызстан.

2001 жылғы ДСҰ – ға әлемдік саудадағы келешегі мол қатысушыларының бірі Қытайдың мүшелікке кіруі маңызды оқиға болды. ДСҰ – ға мүше елдердің  әлемдік сауда айналымындағы үлесі шамамен 95 пайызы құрайды. Бірқатар елдер қазіргі таңда ДСҰ- ға мүше болуға ынта білдіруде. Олар бақылаушы – мемлекеттер мәртебесіне ие. 2003 жылы мұндай елдердің саны 29 болатын, олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Әзібайжан, Беларуссия, Украина және Ресей бар».[1]

Мемлекеттердің жалпы ұлттық өнімін көру үшін «Жалпы ұлттық өнім» терминімен таныса кетейік. «Жалпы ұлттық өнім (Gross National Product) – экономикада белгілі бір кезең ішінде (әдетте 1 жылда) нақты елдің азаматтары меншігіндегі өндіріс факторларын пайдаланып, елдің ішінде ғана емес, одан тыс жерде де өндірілген түпкі тауарлар мен көрсеткен қызметтердің нарықтық жиынтық құны. Жалпы ішкі өнім (Gross Domestic Product) – ел территориясындағы барлық өндірушілердің белгілі бір кезең ішінде қндірілген түпкі тауарлары мен көрсетен қызмттерінің нарықтық құнын білдіретін жиынтық көрсеткіш.

Бұл анықтаманың әрбір сөзін таңдайық:

Жиынтық.

ЖІӨ – бұл өндірістің жалпы көлемін сипаттайтын біріктірілген (агрегирленген) көрсеткіш, шығарылған өнім көлемінің жиынтығы.

Нарықтық.

ЖІӨ-нің құнына тек қана ресми нарықтық мәмілелер, яғни сатып алу – сату кіреді. Сондықтан ЖІӨ-нің ұүрамына төмендегілер кірмейді:

  • Өзіне еңбек ету (адам өзіне өз күшімен үй салады, көйлек тігеді, үйін жөндейді, ұста өзінің теледидарын немесе автокөлігін өзі жөндейді, шаштараз өзінің шашын өзі сәндейді);
  • Ақы алмайтын еңбек (көршіге көмек беру, танысты керек жеріне жеткізу, досқа қол ұшын созу);
  • Көлеңкелі экономиканың өндіретін тауарлары мен қызметтерінің құны.

ЖІӨ өндірістің жалпы көлемін ақша мөлшерімен, яғни құн түрінде өлшейді, себебі алманы тонмен, көлікпен, компьютермен, СД – плейермен, пепси – коламен қосу мүмкін емес. Ақша экономиканың өндіретін түрлі тауарлары мен қызметтерінің бәрін бағалап, салыстыруға мүмкіндік беретін, барлық тауарлардың құнын өлшеуші болып табылады».[2]

Осындай жалпы өндірістік өнімдерге ұлттық шаруашылықтар арасындағы қарым-қатынастардың үлесі зор тиеді.  «Қазіргі әлемдік нарық өзіндік күрделенген жүйе ретінде ұлттық шаруашылықтар арасындағы қалыптасқан сауда-саттық қарым-қатынастарымен сипатталады. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер, жұмыс күші, капиталдың түрлері, технология, валюталар сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Әлемдік нарықтыңқалыптасуы мен дамуы: халықаралық еңбек бөлінісімен(ХЭБ) тығыз байланысты. ХЭБ бірнеше факторлармен анықталады. Ол әлем елдердің өндірістік шарттарының алуан түрлілігі жағдайында дамиды. Әлем елдерінің табиғи ресурстарға, капиталға, еңбек ресурстарына, технологияға және тағы басқаларына әртүрлі иелік етуі  (мысалы, бір ел пайдалы қазбаларға өте бай, ал басқа бір елде олар мүлдем тапшы болуы мүмкін) олардың өңдірістік мүмкіндіктерінің бірдей болмайтындығына алып келеді. Адамдар өнімнің барлық түрін өндіргісі келеді, бірақ бұл кейбір жағдайларда тиімсіз және мүмкін емес болып табылады».[3]

Тиімсіздігті көру үшін келесі мәліметтерге назар аударайық. Осында елдердің экспорт пен импорт мүмкіншіліктері көрсетілген. «2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның шет елдермен өзара саудасы 3901,6 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде 584,9 млн. АҚШ доллары экспорт, 3316,7 млн. АҚШ доллары импорт үлесінде.

Ресей Федерациясына экспорт шығару көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда 462,4 млн. АҚШ долларын, осы елден импорттау көлемі – 3179,7 млн. АҚШ долларын құрады.

Беларусь Республикасына экспорт шығару көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда 9 млн. АҚШ долларын, осы елден импорттау көлемі – 102,9 млн. АҚШ долларын құрады. Қырғызстан Республикасына экспорт шығару көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда 113,5 млн. АҚШ долларын, осы елден импортау көлемі – 31,9 млн. АҚШ долларын құрады.  Армения Республикасынан экспорт шығару көлемі 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда 0,03 млн. АҚШ долларын, осы елден импорттау көлемі – 2,1 млн. АҚШ долларын құрады».[4]

Кесте –1.  Қазақстанның шет елдермен өзара саудасының 2016 жылғы қаңтар-қыркүйектегі негізгі көрсеткіштері, мың АҚШ доллары.

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-77

Ескерту –  мәліметтер ҚР-ның статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды www.stat.gov.kz/almaty .

«ДСҰ жұмысының тәжірибелік қағидасына тоқталатын болсақ, ДСҰ қызметінің негізінде әлемдік шаруашылық қатынастарына белсенді қатысатын көпшәләк мемлекет қол қойған үш халықаралық келісімдер бар: 1994 ж. Мәтініндегі Тауар саудасы жөніндегі бас келісім (ТСБК-ГАТТ), Қызмет көрсету саудасы жөніндегі бас келісім (ҚСБК-GATS-General agreement on Trade in Services) және Зияткерлік меншік құқы саудасының астарлары жөніндегі келісім (ЗМҚСК – TRISP-Trade – related Aspects of Intellectual Property Rights). Бұл келісімдердің  негізгі мақсаты – шетке тауар шығару және ішке әкелу әрекеттерімен айналысатын барлық елдің фирмаларына кқмек көрсету. ДСҰ келісімдерін жүзеге асыру, негізінен тек қана  ұзақ мерзімді табыс әкеліп қана қоймай, сонымен бірге сол сәттегі қиыншылықтарға да толы. Мысалға, протекционистік кеден тарифтерін төмендету сатып алушыларға шетелдік әлдеқайда арзан тауарлар сатып алуын жеңілдетеді, бұл тек отандық өнім шығарушылардың күйреуіне әкелу мүмкін, егер олардың шағаратын  тауарының өзіндік құны жоғары болса. Сол себепті ДСҰ ережелеріне сай мүше – мемлекеттердің қарастарған өзгерістерін бірден емес, сатылап, өрлеуші либерализация қағидасы бойынша жүргізуіне мүмкіндік берген. Бұл тұста көбіне дамушы мемлекеттерге өз міндеттерін толық жүзеге асыру үшін ұзақ мерзім беріледі.

Ал ДСҰ – ның ұйымдастырушылық құрылымы өте жүйелі десе болады. ДСҰ – ның басқару жүйесі үш деңгейден тұрады: Біріншісі –Министірлік мәслихат, екіншісі – Бас кеңес, үшіншісі – Тауар саудасы бойынша кеңес, Қызмет көрсету саудасы бойынша кеңес және Зияткерлік меншік құқы саудасының астарлары жөніндегі кеңес, бұл кеңестердің әрқайсысында өз хатшылығы жұмыс істейді. ДСҰ жоғары деңгейдегі стратегиялық шешімдерді екі жылда жоқ дегенде бір рет жиналатын Министірлік мәслихат қабылдайды. Министірлік мәслихатқа күнделікті жұмыстың орындалуына жауапты және Женевадағы бас штаб пәтерде жылына бірнеше рет жиналатын ДСҰ мүше – елдерінің өкілдерінен құралған Бас кеңес бағынады. Бас кеңестің құзіретіне сауда саясатын сараптау жөніндегі және дауларды шешу бойынша екі арнайы мекеме қарайды. Сонымен қатар Бас кеңеске арнайы комитеттер бағынышты: сауда және даму бойынша; сауда балансына байланысты шектеуліктер бойынша; бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі. ДСҰ – ның Бас кеңесі негізгі келісімдерді жүзеге асыруға байланысты туындайтын қақтығыстарды реттеу үшін дауларды шешу мекемесі ретінде әрекет етеді. Нақтылы дауларды қарастыру үшін төрелік топтар құру өкілеттілігіне ие, осындай топтар ұсынатын баяндамаларды бекітуге, сонымен бірге шешімдер мен ұсыныстардың орындалуын қадағалау және ұсыыстарды орындамаған жағдайда жауапты шараларды қолдану үшін аппеляциялық мекеме ретінде бола алады.

Бас кеңес өз қызметінің бір бөлігін өзінен кейінгі үш кеңеске – Тауар саудасы бойынша кеңеске, Қызмет көрсету саудасы бойынша кеңеске және Зияткерлік меншік құқы саудасының астарлары жөніндегі кеңеске бөледі. Тауар саудасы бойынша кеңес өз кезегінде ДСҰ қағидаларын тауар саудасы саласындағы ТСБҚ-1994 келісімдерінің жүзеге асуына бақылау жасайтын арнайы комитеттердің қызметіне басшылық етеді. Қызмет көрсету саудасы бойынша кеңес Қызмет көрсету саудасы жөніндегі бас келісімнің жүзеге асуына бақылау жасайды. Оның құрамына Қаржылық қызмет көрсету саудасы бойынша комитет және кәсіптік қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы тобы кіреді. Зияткерлік меншік құқы саудасының астарлары жөніндегі кеңес – ЗМҚСК келісімдерінің орындалуын қадағалаумен қатар, сондай –ақ халықаралық жасанды тауарлар саудасына байланысты мәселелермен айналысады. Женевада орналасқан ДСҰ хатшылығында 500-ге таяу штаттағы қызметкерлер бар, оған ДСҰ – ның Бас директоры басшылық етеді. ДСҰ хатшылығы осыған ұқсас басқа да халықаралық ұйымдардан өзгешелігі өз бетінше шешім қабалдамайтындығы, өйткені мұндай әрекет мүше – елдердің қзіне жүктелген. Хатшылықтың негізгі міндеттері – ДСҰ – ның әр түрлі кеңестері мен комитеттерін, сонымен бірге Министірлік мәслихатты қолдау ретінде техникалық жағынан қамтамасыз ету, дамушы елдерге техникалық қолдау көрсету, әлемдік саудаға сараптама жасау, ДСҰ – ның ережелерін қоғамға және БАҚ-қа жеткізу. Хатшылық сонымен бірге даулады шешу үрдісіне кейбір құқықтық көмек түрлерімен қамтамасыз етеді және ДСҰ – ға мүше болуға өтініш білдірген елдердің үкіметтеріне кеңес береді.

Дегенмен, ДСҰ – ға мүше – елдер арасында бірқатар қайшылықтар да кездеседі. ДСҰ жарғысы барлық қатысушы – елдердің теңдігін мәлімдегенімен, бұл ұйымның ішінде дамыған жәнен дамушы елдер арасында күшті объективті қайшылықтар бар. Дамушы елдер арзан, тек тым білікті жұмысшы күшіне ие. Сондақтан «үшінші әлем» мемлекеттері негізінен дәстүрлі тауарларды, ең алдымен киім – кешек және металдар, ауыл шаруашылық өнімдерін ішке енгізе алады. Дамыған елдер өзінің тоқыма өнеркәсібі мен агробизнесін қорғай отырып, ішке әкелетін тауарларға жоғары кедендік баж салығын салу барысында дамушы елдерден өнім кіргізуді шектейді. Өзінің протекционистік шараларын олар дамушы елдер демпинг саясатын ұлдануда деп негіздейді. Өз кезегінде, дамыған елдер жоғары технологиялық тауарлар нарығында алда және қазір дамушы елдер де оларға қарсы протекционистік қорғаныс шараларын қолдануда. Осыған орай, протекционистік қорғанысқа ұандай да сәтте барлық елдер жүгінеді. Сондықтан протекционистік кедергілерді өзара төмендету өте қиын үрдіс болып табылады».[5]

Осыны ескере тұра Елбасымыздың мемлекеттің шығыстары туралы сөздері еске түседі.  «Жаһандық экономикалық ахуалдың күрделі жағдайында бюджетті қамтамасыз ету ісі бар ғана бағытта – бюджет шығыстарының үнемділігі мен тиімділігі бағытында болуы тиіс. Үкімет биылғы жылдың бюджетін нақтылығында менің тапсырмам бойынша бюджет шығыстарын 57 млрд теңгеге қысқартты. Сонымен қатар мен әлі де қысқарту мен бюджеттік үнемдік резервтері бар деп санаймын. Экономикалық өсімді қамтамасыз етпейтін және халықты еңбекпен қамтуды қарастырмайтын шығыстар қарастырылмауға тиіс, — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев».[6]

«Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің құқықтық базасын жақсарту ең маңызды міндеттің бірі екеніне тоқталды. – Бұл тұрғыда ең басты мәселе – БЭК аясында алдағы уақытта ДСҰ-ға кіруіндегі интеграциялық процестер жағдайында Қазақстандағы тиімді экономикалық қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Үкіметке ДСҰ-ға кіру барымында қабылданатын міндеттемелерді ратификациялау бойынша арнайы жаңа жобалар топтамасын жасауды тапсырамын. Қазір Қазақстандық үлесті қолдаудың барлық жүйесін, әсіресе, өңдеуші өнеркәсіп, аграрлық кешен, шағын бәсекелестік саласын қайта қараудың маңызы зор. Әлемдік барлық ел өзінің тауар өндірушілеріне қолдау көрсетеді. Бұл тәжірибе біз үшін маңызды, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.»[7]

  «Мемлекет басшысының айтуынша, еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша 110 мыңнан астам адам әлеуметтік шарттар жасасқан. Ал осы шарттар аясында жаңа кәсіпке ие болған 96 мыңнан астам азамат болса, олардың тең жарымының жас мөлшері 29-ға жетпеген жастарды құрайды. Экономикалық өсімнің құқықтық базасын қарастыру қажеттілігіне тоқталған Елбасының пайымынша, бұл ьұрғыда ең басты мәселе БЭК аясында интеграциялық процестер жағдайында Қазақстандағы тиімді экономикалық қарым-қатынастарды қалыптастыру және еліміздің алдағы уақытта ДСҰ-ға кіруі болуы тиі».[8]

 ДСҰ қай мақсатпен, не мүддемен кіретінімізді анықтаған соң, ең бастысығ осы ұйым мен оның  негізгі мәселелеріне тоқталып кетейік. «Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) – халықаралық сауда ережелеріне еркіндік қағидаларына қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым. Дүниежүзілік сауда ұйымын құру тарихы Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде бастау алғанымен, ол 1995 жылы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. ДСҰ басты міңдеті – іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндік туғызу. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс-тіршілігін көрсетуге ықпал етеді деп есептеледі. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымының 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанның өзінде бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады.

Бұрынғы кеңестік елдермен оның қатарында қазір Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғыстан, Украина және Ресей бар. Бауырлас республикалардың арасынан алғашқылардың бірі болып 1998 жылы 20 желтоқсанда ДСҰ мүшелігіне Қырғыстан қабылданды. Одан соң 1999 жылы 10 ақпанда Латвия, 1999 жылы 13 қарашада – Эстония, 2000 жылы 14 маусымда – Грузия, 2001 жылы 26 шілдеде – Молдова, 2003 жылы 5 ақпанда – Армения, 2008 жылы 16 мамырда – Украина Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды. Көршілес Ресей Федерациясы ДСҰ құрамына 2012 жылы 22 тамызда енді. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелігіне 156 ел (155 мемлекетпен Еуроодақ) қабылданып отыр.

Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру – елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Еліміздің дүниежүзілік сауда ұйымына ену үрдісі 1996 жылы 26 қаңтарда ДСҰ Хатшылығына Қазақстанның Ұйымға енуі туралы ресми өтінішін жеткізген сәтінен бастау алды. 1996 жылы ақпаннан бері Дүниежүзілік сауда ұйымы Қазақстанды бақылаушы ел ретінде танып отыр. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы тобы құрылып, оған Ұйымның 40-тан астам мемлекеті кіреді. Сонымен қатар, нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіксөздерге 14 ел, ал, қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады. Бүгінгі күні Қазақстанның 29 мүше-елдерімен ДСҰ-ға кіру шеңберінде қазақстандық тауарлар мен қызметтерге қол жеткізу бойынша екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы хаттамаларға қол қойылған.

Қосылу мақсаттары мен міндеттері:

  • Дүниежүзілік экономикаға ықпал жасау үрдісін күшейту;
  • Өнеркәсіппен ауылшаруашылық тауарларын сауда тарифтік және тарифтік емес кедергілерді төмендету, халықаралық әрі қарай ырықтандыру мен дүниежүзілік нарықта еркін және әділ бәсекелістікке жағдай туғызу;
  • Әзірленген үрдістермен ережелер негізінде қызметтерді халықаралық сатуды реттеу. Оны ірә қарай кеңейту және келіссөздерді жүргізу жолымен кезеңдеп ырықтандыру;
  • Ұлттық құқықтық жүйелерде айырмашылықтарды есептеумен зияткерлік меншікке құқықтардың сауда аспектілері саласында тиімді қорғау механизімін құру;
  • Сауда дауларың реттеудің тиімді көпжақты механизімін құру;
  • ДСҰ мүше-елдердің ұлттық сауда саясатына бақылауды жүзеге асыру;
  • Қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспорттау үшін дүниежүзілік нарықтардың қол жетімділігі;
  • Елде болжамдалатын саудалық-инвестициялық ортаны қалыптастыру.

Жеке елдермен өткізідген екі жақты келіссөздердің  кезеңінің қорытындылары бойынша Қазақстан тауарлар нарығыга шығу жөнінде келіссөздердің соңғы мәресіне жетті. Бүгінгі таңда тарифтік міндеттемелерді егжей-тегжейлі талқылап, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада сияқты елдермен диолог құруңа қол жеткізді.Сонымен қатар, қызметтер нарығына шығу жөніндегі келіссөздер процесін одан әрі қарқынды жүргізуге негіз қаланды. Қазіргі кезде Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр.Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда. АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық өозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұсқан келтіретін әсіреқатң талаптарының қоюынан туындады. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру келіссөздермен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекмелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасалуда.                                                     Кеңес үкіметі ыдырап жатқан тұста, Батыс елдері КСРО-ның мирасқоры болып табылатын Ресейдің ықпалың әлсірету мақсатында бұрынғы одақтас республикалар үшін халықаралық ұйымдардың есігін айқара ашып, жеқілдікпен кіруді ұсынды.  Ә, дегеннен ДСҰ мүшелігіне ұмтылған Ресейдің келіссөздері 20 жылға жуық уақытқа созылып, ол енді ғана Үйымға мүше бола алатын болды. Елеусіз Қырғыз Республикасы 1998 жылдың өзінде-ақ Ұйым мүшесі болып шыға келді. Ресейдің бұрыңғы тағы жеті бауырлас елдері Ресейдің алдын орап, ДСҰ қатарынан бір-ақ табылды. “Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма” деген бабаларымыздың өсиетін өзгенің ұрпағы қағып алған сияқты. “Ерте туып, кеш қалатын” біз ғана. Ресей жаққа қарай алаңдайтын әдетімізді қоя алмаған күйі, “құшағына қуана шақырған” Ұйымнан бастапқыда ойланбастан бас тартып, 1996 жылы жіберген “әбестігімізді” түсініп, ДСҰ-ға ұмтыла бастадық. Ол кезде оған кіру шарттары да күрт өзгерді. “Қысыла-қысыла қыз болдық” дегендейін, жалтақтауды қоятын мезшіл жетпеді ме екен осы?! Дүниежүзілік сауда ұйымыа Қазақ елін тәуелді етіп қойып, артық қыламыз деп, тыртық қылып қоймаймыз ба? Осы турасында ойланатын кез келген сияқты ағайын!».[9]

Осы сөздерден кейін бұл ұйымның біздің экономикамыз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Себебі, мемлекеттің мүмкіншіліктері осыған тәуелді. «Бірде – бір мемлекет басқа елді тауар шығаруын және тауар әкелуін шектеп аластауға тиіс емес. Шын мәнінде, кез келген елдің ішкі нарығында шетелдік және ұлттық өнім арасында сату жағдайына қарай ешқандай аластаушылық болмауы керек.  Сауда бөгеттері деп шетелдік тауардың қандай да бір елдің нарығына кіру мүмкіндігін төмендетуді азайтады. Оларға, ең алдымен кедендік баж салығы мен ішке кіргізу мөлшерін шектеу жатады. Халықаралық саудаға сондай-ақ әкімшілдік кедергілер мен валюта айырбастау бағамдарын айқындау саясаты ықпал етеді. Шетелдік компаниялар, қаржы салушылар (инвесторлар) мен үкіметтер сауда жағдайының (тарифтік және тарифтік емес тосқауылдар) кенеттен және өз бетінше өзгерістерге түспейтіндігне сенімді болуға тиіс.

Әр түрлі елдер фирмаларының тең құқылы бәсекелестігі үшін “әділетсіз” бәсекелестік күрестің алдын алу, яғна сыртқа өнім шығарушы  фирмаларға мемлекеттің көмегін (экспорттық субсидия), өнім өткізудің жаға нарығын басып алу үшін бағаны қасақана төмендетуді (демпинг) пайдалануға жол бермеу. Бұл қағида алдыңғыларына қайшы келеді, тек ол әлемдік шаруашылыққа шеттегі әлсіз дамыған елдерді тарту үшін қажет. Өйткені олар бастапқы кезде дамыған елдермен тең жағдайда бәсекеге түсе алмайды. Сондықтан әлсіз дамыған елдерге ерекше жағдай туғызу әділ деп есептелінеді. Жалпы ДСҰ еркін сауда (фридерлік) ілімін насихаттай отырып, протекционистік кедергілерді жоюмен күреседі».[10]  Халықаралық сауда артықшылықтарын көру үшін негізгі терминдерге түсініктеме беріп кетейік. «Сыртқы сауда — басқа елдермен сауда жасау, яғни елден тауарды экспорттау және басқа елге импорттау. Экспорт — елде өндірілген, шығарылған, жасалған тауарды шетке шығару. Импорт- тауарларды және басқа да материалдық құндылықтарды ішкі нарыққа сату мақсатында әкелу.Қазіргі таңда Қазақстан алдында өзінің экономикалық қауіпсіздігі  сақтай отырып, әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялану міндеті тұр. ҚР сыртқы сауда экономикасы экспорт шикізат бағытында басым».[11]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-82

Сурет-1. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы импорт құрылымы (пайызбен,%)

Ескерту –  мәліметтер: Ходжаниязова Ж. Нарықтық экономика негіздері: Оқулық. 2- басылым.- Астана: Фолиант, 2010ж. – 151 бет.

«Жаңа Әлемдік шаруашылыққа өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы, екіжақты немесе көпжақты қатынастар жүйесі, көптеген мемлекеттер мен мемлекетаралық ұйымдар шеңберінде ашық экономиканың қалыптасуы тән болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мен Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) стандартты классификациясы 184 елді қамтып, оларды келесідей түрге бөледі:

  • Дүниежүзілік ЖІӨ – нің 50% — ы, халықаралық экспорттың 2/3-і келетін индустриалды елдер. Оған Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Тынық мұхит бассейнінің 24 елі кіреді. Негізгі рөлді бұнда улкен сегіздік алады. Оған АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Италия, Канада, Франция, Жапония және соңғы уақытта Ресей кіреді.
  • Дамушы елдер – Азия, Африка, Латын Америкасының 132 елі кіреді. Сонымен қатар дамушы елдер регион, негізгі экспорт тауарлары, қаржы критерийлері (таза несие берушілер және таза қарыздарлар) және даму деңгейіне байланысты бөлінеді.
  • Өтпелі экономикалы елдер – Орталық және Шығыс Еуропаның және бұрыңғы КСРО құрамында болған мемлекеттер кіреді, небары 28 мемлекет. Сонымен қатар Әлемдік банк 209 мемлекетті табыс деңгейі бойынша классификациялап, оларды 4 топқа жіктейді». [12]

Осыған орай Қазақстан мен Ресей арасында көптеген келісімдер жүргізіледі. Сол себепті халықта неше түрлі пікірлер туындайды. «Қазақстан мен Ресей келіссөздер келе жатқан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру төңірегінде соңғы кездері түрлі пікірлер қалыптасып келеді. Бір шетінен халықаралық саудада тиімді бір үйым болғанымен, кемшіліктеріде кездесіп жатады. Бұл ұйымның мақсаты, мүшелер арасында шикізат экспортына қойылатын шектеулерді жою және сырттан келетін дайын өнімге кедергі жасамауын қадағалау арқылы халықаралық саудада әділеттік орнату. Халықаралық саудада бір елдің басқа бір елге экспорттық және импорттық шектеулер арқылы қысымшылық жасамауын қадағалау да бұл – ұйымның негізгі принципі. Дұрысың айтқанда ұйымның жұмысы терең зерттеуді талап етеді.

Бұл ұйым сонау бастан, батыстық дамыған елдердің сойылын соғып жүргендігі туралы сынға салынып келеді. Батыстың қолындағы саяси бір құрал екендігі де көп айтылып жүр. Бұл ұйымға кіру үшін келіссөздер жасап жүрген Қазақстанның алдында зерттеуге тұрарлық екі үлгі бар. Біріншісі – ұйымға 1996 жылы мүше болған Қырғыстан болса, екіншісі – соңғы кездер ұйыммен дауласып жүрген Қытай. Осы Дүниежүзілік сауда ұйымы бізге керек пе? Оған кіргеннен біз не ұтамыз? Ұйымға кіру қазіргі заман талап етіп отырған бір мәжбүрлік болса, оған кіруге асықпаған жөн. Әуелі ішкі нарықты бір реттеп, аяққа мығым тұрғызып алу керек. Себебі ұйымға кіргеннен кейін оған мүмкіндік берілмейді.

Осыған орай бүгінгі мақаламыздың соңғы күндердің өзекті жаңалығы – Қытаймен ұйым арасындағы дау-дамай туралы жазсақ, келесі де Қырғыстанның жағдайын зерделеп көрмекшіміз.Америка, Еуропалық Одақ және Мексика 2009 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына Қытай туралы шағым жасаған. Шағымдануға себеп болып отырған мәселе Қытайдың сирек кедесетін металдарға қойып келе жатқан экспорттық шектеулері болатын.

Еуропа мен Американың шырылдайтынындай негізі бар. Себебі сирек кездесетін металдар – жоғары технологиялық өнімдер өндірісінің шикізаты. Компьютерлер, ракеталар, гибрид көліктер, қару-жарақ, энергоунемдеуші лампалар, планшеттер, үялы телефондар, қысқасы қазіргі заманның барлақ жаңа техникалары осы металдарды қолданатын өндірістерден шығарады. Ал Қытай болса аз емес, сирек кездесетін металдардың дүниежүзілік нарығының 90%-ын иемденіп отыр. Себебі бұл металдардың өндірісі бойынша шығыны ең аз мемлекет – Қытай.

Өндіріс шығынын азайтушы негізгі фактор еңбек бағасының арзандығы. Сондықтан қазіргі әлемдік нарықтағы бағада өндіріс орнын ашу батыс елдерінде қымбатқа шыққандықтан, Америка бастаған біраз ел, өзінің сирек металдар қазба кен орындарын жауып тастаған.Өткен аптада Еуропалық Одақтың елшісі Жюстен мырза газетімізге берген сұхбат барысында Қытвйдың экспорттық шектеулері туралы сөз қозғаған еді. Ол: “Қытай түрлі шикізат материалдарына. Оның ішінде боксит, кокс, флуорит, магний, марганец, метал кремний, сары фрсфор және цинкке экспорттық тосқауылдар (квоталар, экспорттық баж салығы т.с.с.) қойды. Бұл тосқауылдар бұл шикізаттардың нарықтағы мөлшерін азайтуда, сәйкесінше шикізаттардың әлемдік бағаларының өсуіне жол ашуда және жеткізілімдердегі белгісіздіктерді арттыруда, осы арқылы әлемдік нарыққа ықпал етуде. Бұл мәселе әлемді абыржытып отыр, себебі барлық елдер импортқа тәуеді және мұқтаж, әсіресе, оларға керекті кейбір шикізат маериалдарына және алдын ала жасалған бақылаулар, шикізатматериалдарына деген әлемдік сұраныстың өсіп келе жатқандығын көрсетіп отыр” деген болатын. Кейбір сирек кездесетін метадардың құны соңғы бір жылда 1000%-ға өскен. Бұл металдардың әлемдік нарыққа шығуы азайған сайын батыс елдері Қытайға қаншалықты тәуелді болып қалғандығын сезе бастады. Қытайдың дүниежүзілік сауда ұйымындағы ел ретінде бұндай шектеулер қоюы дұрыс емес әрине. Шілде айының басында, келіп түскен шағымға байланысты 18 айлық тексеру жұмыстарын жүргізген ұйымның сарапшылары ”Қытайдың кейбір шикізат түрлеріне қойған экспорттық баж салықтары, бұл елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жөніндегі хаттама аясында қабылданған жауапкершіліктеріне сай келмеуде” деген тұжырымға келген. Олардың пікірінше Қытайдың енгізген экспорттық квоталар, саудаға сандық шектеу қоюға салынған тыйымды бұзып отыр, ал ол енгізугее байланысты ұсынған дәлелдері сенімсіз.Бұндай тұжырымдамадан кейін импорттаушы елдер Қытай үкіметіне шағымдама сыналады, бұл экспорттық шектеулерді төмендетудеге мүмкіндік беру керек.

Қытай шикізат сатушы ел емес, сол шикізатты өз ішінде жоғары қосымша құнды өнімдерге қолданғысы келіп отыр. Сирек кездесетін металдардың экспортына шектеулер қою арқылы, өз ішінде осы металдарды қолданатын салаларға инвестицияны арттыруды көздеп отыр. Бұндай шешімдер қабылдау және оларға сай саясат жүргізу кез-келген елдің өз еркі. Қытай экспорттық шектеулердің себебін қоршаған ортаны қорғау деп көрсетіп отыр. Дүниежүзілік сауда ұйымының Қытайдағы миссиясы ұйымның қаулысына байланысты жасаған мәлімдемесінде “Дүние жүзілік сауда ұйымының қаулысы көңілімзге кірбің түсіріп отыр, себебі ұйым, саланы реттеу бойынша қабылданған шараларды назарға алмай отыр”.“Қолданып жатқан шаралар қытай және шетелдік тқтынушыларға ықпал етіп отырғанымен, олар Дүниежзілік сауда ұйымының тұрақты даму және қазба индустриясының саулықты дамуына ат салысу мақсатына сай келуде” делінген екен мәлімдемеде. Қытайлық миссия ұйымының қажетті құрылымдарына апеляция беруге ниет білдіріп отыр».[13]   Қандай да кикілжіңдер болмаса да ДСҰ-на кіру біз үшін өте тиімді. Себебі біздің эканомикамыздың өрлеуі осыған тікелей байланысты. «ДСҰ бастапқыда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім ұйымы ретінде құрылып, кейіннен 1995 жылы өз атауын осылай өзгерткен. Қазір ДСҰ-ның құрамында 153 мемлекет мүше болып саналады. ДСҰ-ға мүше елдердің үлесіне әлемдік жиынтық сауда айналымының 95%- ы тиесілі.

ДСҰ өзін оған мүше елдер арасындағы өзара сауда- экономикалық қарым-қатынастарды ұйымдастыру, кеңестер мен келіссөздер жүргізу арқылы ерікті түрде сауда саттық рұқсаттарын беру үшін қажетті халықаралық форум ретінде жұмыс істейтін ұйым деп таниды. ДСҰ-ға мүше елдер өзара сауда тарифтерін және импорттық кеден баждарын қысқартуға, тауарлар мен қызметтерді саудалау бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде тарифтік емес шектеулерді қолданбауға міндетті. Бұл іс- әрекеттер оларға артықшылық береді, өйткені сауда кедергілерін қысқарту тауарлар мен қызметтердің арзандауына және сол арқылы ДСҰ-ға қатысушы елдер халқының әл-ауқатын көтеруге жағдай жасайды, сонымен қатар ұйымның ережелері инвестицияларға деген қолжетімділікті де арттырады. ДСҰ қызметінің негізінде жатқан тың идялардың тартымдылығы, ондағы елдердің халықаралық саудадан ұтыс көру қалаулары соңғы уақытта, бірқатар елдердің осы ұйымға мүше болып қабылдану кезегінде тұрғандығын наұты айғақтайды. Ол кезекте әрине Қазақстан да бар. Ресей болса, 2011 жылдың аяғында осы ұйымға мүше болып үлгереді».[14]

Бұл ұйымға кіру не үшін керек деген сұрақ туындайды? Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жалпы ұлттық өнімнің көлемін ұлғайтады. «Экспорттық салалардағы өндірістің өсуі шет мемлекеттерде қарастырылып отырған мемлекеттің тауарларына сұраныстың өсуін көрсетеді, бұл қарастырылып отырған мемлекеттің ЖҰӨ көлемін өсіреді. Керісінше, импорттың өсуі шет мемлекеттердің тауарына сұранысты өсіреді,  бұл жағдай ЖҰӨ көлемін кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттың экономикадағы жалпы табысқа әсері мультипликатор әсері арқылы өлшенеді».[15]                Сонымен қатар ДСҰ-на мүше-мемлекеттердің талаптарына сай жаңа заңдар қабылданды, кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізлген. «Қазақстанның ДСҰ-на кіруі бойынша Жұмыс тобының отырыстарында және келіссөз жүргізуші мемлекеттермен екі жақты кездесулерде Қазақстан Республикасының нарығына тауарлар мен қызмет көрсетулерді шығару мселелері, екі жақты қолдау көрсету және аулы шаруашылығын субсидиялау мәселелері де қарастырылды. Кездесулерде маңызды назар ДСҰ-ның келісімдеріне қазақстандық заңнамалық базасының сәйкестігі мәселесіне аударылды. Бұл қазақстандық заңнамалардың «жалпыға орта әлемдік тәжірибеге» жақындауына мүмкіндік береді. Сонымен, ДСҰ-на мүше-мемлекеттердің талаптарына сай жаңа заңдар қабылданып, кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізлген. Келесі заңдар қабылданды:

  • ҚР-ның «Бәсекелестік туралы» Заңы (1998)
  • ҚР-ның «Тауарлық белгілер, қызмет көрсетулер белгілері және тауарлардың шығу орындарының белгілері туралы» Заңы (1999)
  • ҚР-ның «Селекциялық жетістуктер туралы» Заңы (1999)
  • ҚР-ның «Қазақстан Республиасының Патенттік заңы» (1999)
  • ҚР-ның «Антидемпингтік шаралар туралы»Заңы (1999)
  • ҚР-ның «Банктік құпиялар мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы (2000)
  • ҚР-ның «Қаржылық лизингі туралы» Заңы (2000)
  • ҚР-ның «Қазақстан Республикасының белгілерді тіркеу мақсатында тауарлар және қызмет көрсетулерді халықаралық классификациялау бойынша Ниццелік келісімге қосылу туралы» Заңы (2001)
  • ҚР-ның «Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық классификациясын ұйымдастыру бойынша Локарн келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Заңы (2002)
  • Қазақстан Республикасының Кедендік кодексі (2003)
  • ҚР-ның «Салық салу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы (2004)
  • ҚР-ның «Мемлекеттік және бюджеттік басқару деңгейлерінің құзыреттері арасындағы айырмашылықтар мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы (2004)
  • ҚР-ның «Техникалық реттеу тцралы» Заңы (2004)
  • ҚР-ның «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» Заңы (2004)
  • ҚР-ның «Қазақстан Республикасының Авторлық құқық бойынша интеллектуалық меншік халықаралық ұйымының Келісіміне қосылуы туралы» Заңы (2004)
  • ҚР-ның «Қазақстан Республикасының Өлең айту және фонограммалар бойынша интеллектуалық меншік халықаралық ұйымының Келісіміне қосылуы туралы» Заңы (2004)
  • ҚР-ның «Интеллектуалдық меншік мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы (2004, 9 қараша)
  • ҚР-ның «Лицензиялау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы (2005)
  • ҚР-ның «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңы (2005)

ҚР-ның «Қазақстан Республикасының Кедендік кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңы (2005) және тағы басқа».[16] Бұл толықтыруларды енгізуге ерекше себептер болды. Кезінде атақты экономист Д.Рекардо халықаралық сауда теориясы осыған негіз болды. «Халықаралық сауда теориясы ХІХ ғасырдың басында Давид Рикардо айтып өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негізінде құрылды. Д. Рикардодан бұрын бұл проблеманы А. Смит зерттеген еді. А. Смит халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді және әр түрлі мемлекеттерде тауар өндіруге кететін абсолютты шығындарының айырмашылығы арқылы пайда табу жолдарын көрсетті. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу тиімді деп есептеледі. Өйткені әртүрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен еңбек жағдайлары  әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір артақшылық теориясы, шаруашылықпен айналысатын субъектілердің іс – әрекеттері принципі халықаралық сауда теориясына да таралады.Егер де шет мемлекеттерден тауарды өз мемлекетіне қарағанда төмен бағаға сатып алыға болса, онда сол тауарды арзан өндіретін мемлекеттен сатып алған жөн. Еңбекті бөлісу және мемлекеттердің тауар өндіруге мамандануы, өндірісте абсолюттық артықшылыққа ие бола алатындығы – ішкі тұтынуды қанағаттандырғаннан соң, бұл тауарларды экспортқа шығарып, басқа тауарлармен айырбастауға болады – мұның барлығы жалпы үндемеуге мүмкіндік береді».[17]  Осыдан Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі қызметтері қалыптасады. Оның тигізер пайдасы да анықталды. «ДСҰ –ның негізгі қызметтері: ДСҰ – ның негізгі келісім талаптарының орындалуын бақылау; сыртқы экономикалық қатынастар бойынша ДСҰ қатысушы-елдер арасындағы келіссөздерге жағдай жасау; сыртқы экономикалық сауда саласындағы саясатын бақылау; дамушы елдерге көмек көрсету; басқа халықаралық ұйымдармен ынытымақтастық. Сыртқы сауда қатынастарына қатысушы көптеген елдер тарапынан келісімдер мәтінінің жасалуы мен қол қойылуына қарай, бұл жиі-жиі пікірталастар туғызады. Келіссөздерге қатысушы тараптар көп жағдайда әр қилы мақсаттар көздейді. Сонымен бірге келісімдер мен шарттарды (тіпті ДСҰ- ның делдалдылығы негізінде ұзақ келіссөздердің нәтижесінде жасалынған келісімдерді де қосқанда) қайта талқылау жиі қажет етеді. Сондықтан ДСҰ-ның негізгі міндеттерінің бірі сауда келіссөздерінде өзіндік делдалдық қызмет атқарып дау-дамайларды реттеуге қолдау көрсету болып табылады. Халықаралық экономикалық қақтығыстар тәжірибесі көрсеткендей, даулы мәселелерді өзара келісілген заңды негізге және тараптардың тең құқысы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге негізделген ДСҰ бекіткен тәртіп негізінде шешкен дұрыс. Сол мақсатта ДСҰ шеңберінде қол қойылған келісім мәтіндері міндетті түрде дауларды реттеу ережелерінің тармағын қамтиды. Дауларды реттеу ережелері мен әрекеттері бойынша келісім мәтіні «ДСҰ шеңберінде дауларды реттеу жүйесі әлемдік сауда жүйесінің қауіпсіздігі мен кездейсоқтығын қамтамасыз етудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады» деп көрсеткен. ДСҰ мүшелері сауда ережелеріне қарсы келетін біржақты әрекеттер қабылдамау жөнінде міндеттеме алады. Соған қоса, олар даулы мәселелерді көпжақты жүйе шеңберінде реттеуге және оның ережелері мен шешіміне бағынатындықтарына да міндеттеме алады. Даулы мәселелер бойынша шешім көп жағдайда барлық қатысушы-мемлекеттер тарапынан консенсус тәсілі бойынша қабылдануы ДСҰ қатарындағы келісушілдікті нығайтуда қосымша ынталандыру болып табылады».[18]   Осыған орай ұлттық шаруашылықтың сауда қарым – қатынастарының көрсетер пайдасы анықталады. Нақтырақ айтсақ, мына мәліметтерге назар аударайық. «Халықаралық сауда – әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі —  халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Нәтижесінде өндіріс пеен ғылыми техникалық қызметтерді тауарлармен айырбастау жағдайын туғызып, халықаралық сауда дами түседі».[19]

Кесте – 2: Халықаралық айырбастың өзара тиімділігі (2013 жылғы көрсеткіш).

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-78

Ескерту –  мәліметтер: Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ — Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013. – 303 б.

«Нағыз “алға тартсан арба сынады,артқа тартсан өгіз өледінің” дәл өзі, дүниежүзілік сауда ұйымы жақсы ғой, кез келген елге өз дайын тауарынды шектеусіз экспорттай бересің, жол ашық. Алайда, мен қалағанымды сатамын,қаламағанымды сатпаймымн дей алмайды екенсңғ. Шығыс болмай кіріс те болмайды. Батыстың “сенің кез-келген тауарынды алам, бірақ маған сенің шикізатың да керек” дегенін де түсіну керек.Оларға көптеген тауарды сенен алғаны, өзінде өндіргенге қарағанда тиімдірек, себебі шығынысенікінен көп. Ал жоғары техгологиялық қару-жарақ, ракетв, техника өндірісіне келетін болсақ, оның жөні бөлек.

Батыстың бұл саласы үшін Қытайдың арзанқолы, шикізатты арзанға қазып беріп отырған жақсы. Сондықтан да, “мен саған, сен маған” дегендей, ойынды ережесімен ойнайық дейді. Сен маған шикізатынды бер, себебі ол таққа сені біз шығардық және ол тақтан да тек біз түсіреміз уақытын келгенде дейтіндей. Өз еркінмен тақтан түсуге болмайды. Бұған біз рұқсат бермейміз дейді. Ал бұл ойынға қатысуға ерік бердін екен, енді ережесін сақтауын керек.Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бойынша 1996 жылдан бері келіссөздер жүргізіп келеді.

Жоспар бойынша 2012 жылы кіру қарастырылған. Көршіміз Ресейдің келіссөздер жүргізіп келе жатқанына 18 жыл болған екен. Олар осы жылдың аяғына дейін кіркміз деп жоспарлап отыр. Алайда Гүржістанмен араларындағы кикілжін, ұйымға крунк тосқауыл болатын сияқты. Себебі ұйымға қабылдану үшін ұйымның барлық мүшелері дауыс беруі қажет. “Бір ел — бір дауыс” – Дүниежүзілік сауда ұйымының ұраны.Оларға қарағанда Қазақстанның кіріу ыңғайырақ сияқты. Ұйымға кіру деген сөз – елге батыстан өнеркәсіп саласына келетін инвестициясын және технологиялардың артуы дегн сөз. Бұл артықшылығы. Бірақ ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттітөмен өндіріс салаларының көбісі , сыртқы бәсекеге төтеп бере алмай құрып кету қаупі де бар. Бір шетінен ұйымға кіру, Қазақстанныі транзиттік ел ретінде маңыздылығын арттырады. Батыс Қытай – Батыс Еуропа транзит жолы – Дүниежүзілік сауда ұйымына кірумен тікелей байланысты жоба. Сондықтан Қазақстан бұл ұйымға ерте ме, кеш пе кіреді. Ал бұл үшін қандай баға төлейді, оны алдағы жылдар көрсете жатар.

Кедендік Одақ құрылған кезде кейбір сарапшылар, бұл одақ Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруді жеңілдету үшін құралған деген уәж айтқан болатын. Алайда өткен аптада Еуропалық Одақтың елшісі Жюстен мырзадан осы туралы сұрағанда ол ”Ресей мен Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру келіссөздерін Кедендік Одақтан бұрын бастаған, солай жалғаса бермек. Құқық тұрғысынан әр мемлекеттің келіссөздері жеке-жеке жүргізгені абзал” деген болатын».[20]

ҚОРЫТЫНДЫ

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — бұл елдер арасындағы сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық ұйым. Осы ережелердің негізгі мақсаты елдерді ашық және либералды сауда саясатын жүргізуге қолдау болып табылады.

ДСҰ — бұл бір жағынан әрі ұйым, әрі халықаралық тауарлар саудасы мен қызметтер саласында үкіметтің құқықтарын және міндеттерін белгілейтін көпжақты сауда келісім-шарты, құқықтық құжаттар кешені.

Жалпы, Қазақстанның ДСҰ-на кіруі бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде келіссөз үрдісінде  елдің ДСҰ-на болашақ мүшелігін  егжей-тегжейлі талқылау бір ағымға жинақталды, ДСҰ-на мүше-мемлекеттердің біздің республикамыздың осы халықаралық ұйымға ықпалдастығына қатысты жалпы ұстанымдары анықталды.

ДСҰ-ның өтпелі экономикалы дамушы елдерге қатысты қатаң талаптарына қарамастан, Қазақстанға жаһандану үрдістерінен алшақтауға болмайды. Әлемдік саудаға қатысудан максималды пайда алу үшін ДСҰ-на кіру керек. Бірақ кіру механизмін нақты даярлап, ойластырылған келіссөздер және келіссөз үрдісінде әрбір қадамды өлшеп отыру қажет

ДСҰ-на мүшелік Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтады, елге халықаралық шаруашылыққа араласуына және халықаралық экономикалық мәселелерді шешуге қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен коса, Азия мен Еуропаның тоғысында геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ республикамыздың елеулі әлеуетін есепке лағанда, Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарға белсенді қатысуы оның қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесінде Орталық Азия аймағында маңызды рөлді ойнаушы держава ретінде өз статусын бекіте алады.

Қазақстанның ДСҰ-на кіруі тек республиканың осы ұйымға кіруінің экономикалық мүмкіндігін талдауды ғана емес, осы қадамның салдарларын талдауды да қажет етеді. Бірақ қазіргі таңда Қазақстанда оның ДСҰ-на мүшеліктен кейінгі болатын экономикалық салдарын нақты бағалайтын сәйкес мәліметтер базасы жоқ. Бұл, біріншіден, реттеудің тарифтік емес әдістерінің көптігімен, екіншіден, нақты мөлшерлі бағалауға мүмкіндік беретін сәйкес құралдар мен әдістемелердің жоқтығымен түсіндіріледі.

Сонымен, Қазақстынның Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруі – экономикалық саясаттың маңызды мәселесі болып табылады. Қазақстан Республиакасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында ДСҰ-на кіру елдеің стратегиялық мақсаттарының бірі, ұлттық экномиканың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және елдің тұрақты даму траекториясын бекітуге қажетті шарт ретінде көрсетілген

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Бюжеева Б.З. Дүниежүзілік сауда ұйымының маңыздылығы мен мәні/ ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы.-2007.-№5-6.-47бет.
  2. Есенғалиева Қ.С. Экономика негіздері: лекциялар, есептер мен жаттығулар, тест сұрақтары, ойлану сұрақтары: Оқу құралы. – Алматы, 2011. — 304 б
  3. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Экономикалық теория: Оқулық, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2013. – 263 б
  4. ҚР-ның статистика жөніндегі комитеттің ресми сайты: www.stat.gov.kz/almaty
  5. Б.З. Бюжеева Дүниежүзілік сауда ұйымының маңыздылығы мен мәні // ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы.-2007.-№5-6-48бет
  6. МЕЙІРМАНОВ А. ДСҰ-НА КІРУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ЕНУДЕГІ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМЫ/ Алматы ақшамы 11.09.2015, А.МЕЙІРМАНОВ, -8 бет
  7. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі// Қазақстан Республикасының президентінің ресми сайты/ www.akorda.kz
  8. Қазақстан жаһанды жайлаған дағдарыстың ең қиын зардаптарын жойып, тұрақты дамудың даңғылына түсті- Н. Назарбаев/03.09.2012ж/ Халықаралық ақпарат агенттігі/ www.kazinform.kz //
  9. Ә. Бөген // Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге Қазақстан мүдделі ме?/Газет:Әділет.-2012ж.- 10 қазан(№38).-4 бет
  10. Б. Нұрмағанбетов/ Дүниежүзілік сауда ұйымының маңыздылығы мен мәні/ ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы.-2007.-№5-6.-49-бет
  11. Ходжаниязова Ж. Нарықтық экономика негіздері: Оқулық. 2- басылым.- Астана: Фолиант, 2010ж. – 138 бет.
  12. Есенғалиева Қ.С Экономика негіздері: лекциялар, есептер мен жаттығулар, тест сұрақтары, ойлану сұрақтары: Оқу құралы. – Алматы, 2011. 948б.
  13. Бекжан Досым // ДСҰ мен Қытай арасындағы кикілжің неден туды?// Алтын Орда-2011ж.- 11 тамыз(№32) -5 бет
  14. А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов Экономикалық теория: Оқулық/.- Алматы, 2014-321 бет.
  15. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008ж- 472 бет.
  16. Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі: www.adilet.zan.kz
  17. Н.С. Досмағанбетов/ Экономикалық теория: — Алматы, 2014-322 бет.
  18. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008ж-472 бет
  19. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ — Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013. – 303 б.
  20. Бекжан Досым/ ДСҰ мен Қытай арасындағы кикілжің неден туды?// Алтын Орда-2011ж.- 11 тамыз(№32) -5 бет

Құрастырғандар: Аршынбек І.М.,  Ғалымжан А.Ғ.

Яндекс.Метрика