ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСПОРТҚА БАҒЫТТАЛҒАН ТАУАР ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Мазмұны
Кіріспе
Қазақстанда экспортқа бағытталған тауар өндірісін дамыту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Еліміздің тәуелсіздігінің айтарлықтай қысқа мерзімінде өзінің сыртқы экономикалық қызметінің географиясын біршама кеңейтті. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа ықпалдасуы барысында тауарлардың экпорттық легінің, қызметтер мен капиталдардың бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен дамыған елдердің рыногына қарай жаппай бағытталуы болып кетті.[1]. 1993-2001 жылдары аралығындағы сыртқы сауданың статистикасына жүгінетін болсақ, экспорт пен импорттың, жалпы тауар айналымының бірте-бірте ақырындап өсіп отырғандығын байқаймыз. Осы жағдайда негізгі экспортталатын тауарлар болып мұнай, газ конденсаты, қара және түсті металл, ауылшаруашылығы өнімдері қалып отыр. Яғни еліміздің экспорты шикізаттық бағытта болып отыр. Жалпы шикізат пен алғашқы өңдеуден өткен өнімдердің үлесіне тұтас экспорттың 80%-ы тиеді. Мұндай жағдайды тек қана отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігінің төмендігімен ғана емес, сонымен қатар экспортты ынталандырудың тиімді саясатының қолға алынбауы арқылы түсіндіруге болады.Осыған сәйкес, еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде экспортты ретеу мәселелері маңызды және өзекті болып табылады. Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерістерді жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында ілгерілеу байқалуда, елде өмір сүру деңгейі жоғарылауда және ұзақ мерзімдік кезеңге индустриялық сервистік-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкіндік беретін қаржы ресурстары жинақталуда.Экономиканың шикізат секторларына едәуір табысқа ие болып, мемлекет пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен бірге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегінде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемі әрекет жасайды. Алайда ұзақ мерзімді келешекте шикізат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейін, тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулі проблемалар туғызады.Экономиканың шикізат секторынан алынатын ірі кірістерден шектен тыс толығу қаупін ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуінің зардаптарын болжау негізінде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түсті металлдарға әлемдік баға деңгейінің белгіленген қалыпты шектен асып кетуінен түсетін кірістер жинақталады.Бұл шара сондай-ақ Қазақстандық қаржы жүйесіне түсетін валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнімнің импортын тежейтін теңгенің айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Өңдеуші өнеркәсіпте металлургия өнеркәсібі ғана сыртқы рынокта бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсібінің кейбір өнімдері осыған ұқсас шетелдік өнімдермен ішкі рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеуші өнеркәсіптің қалған өнімдері бүгінгі таңда тікелей және жанама субсидиялардың есебінен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, өнімді тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негізделмеген тарифтің белгіленуінен,кедендік қорғау баждарын белгілеуден көрініс беруде.
Қазақстан экспортының келешегі мен жағдайын анықтайтын факторлардың жиынтығын есепке алып, бір жағына экспортық қызметтегі бар кедергілер мен қиындықтарды тиімді жеңе білуге, екінші жағынан экспортты дамыту үшін Қазақстанның сыртқыэкономикалық саясаты мен экономикасындағы болып жатқан жағымды өзгерістерді барынша пайдалануға мүмкіндік беретін экспортты ынталандырудың мемлекеттік шаралардың біртұтас жүйесін құру қажет. Осыған байланысты экспорттаушыларға мемлекеттік қолдаудың тиімді механиздерін құру келесі арнайы бірқатар мәселелерді шешуді көздейді.
Халықаралық сауда бүгінгі елдердің өндірісін дамыта отырып, өзінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, осылайша тауарлар мен қызмет түрін ұлғайтатын, халықтың әл-ауқатын арттыратын құралға айналып бара жатыр. ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік сауданың орташа жылдық өсу қарқыны әлемдік жалпы ішкі өнімд өсу қарқынынан 1,5 есеге асып кетті. Бұл көптеген елдердің өмірінде әлемдік рыноктың рөлінің артқанын, олардың арасындағы байланыстың артқанын, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдегенін көрсетеді. Осылайша әлемдік экономикаға тартылған елдерге қатал халықаралық бәсекелесті жағдайында өзінің рыноктық үлесін алуға тура келеді.Сол себепті де сыртқы сауда бір жағынан экономикалық өсудің қуатты факторы болып табылса, ал екінші жағынан елдердің халықаралық сауда айырбасына тәуелділігін арттырады. Сыртқы сауданың пайдасы, ол іскерлік белсенділікті жандандыру арқылы әр түрлі елдердің экономикалық дамуын теңестіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты сыртқы саудададағы кез-келген шектеулер елдің экономикасының дамуына теріс әсер етеді.«Сыртқы сауданың» түсінігіне келсек, ол бір елдің тауарлары мен қызмет түрінің басқа бір елдің еркін айырбасталатын валютасына немесе жалпыға бірдей басқа құндылықтарға айырбасталуы. Бұл жерде тауарлар мен қызмет түрінің экспорты мен импорты бөлініп шығады. Сыртқы сауда саясаты өз кезегінде экспорттық-импорттық операцияларды реттеуге және мемлекетпен жасалған даму стратегиясының шегінде олардың экономикалық тиімділігін арттыру мақсатына бағытталған мемлекеттік әсер ету шараларының жиынтығы ретінде көрініс табады.[2] Сыртқы сауда қазіргі экономикалық ғылымның даулы және ежелгілерінің біріне жатады. Саяси экономияның Адам Смит, Давид Рикардо және Джон Стюарт Мил сияқты классиктерінің тұжырымдары мен идеялары әлі күнге шейін өзекті болып табылады. Сонымен қатар ХХІ ғасырдың қарсаңындағы әлемдік экономикадағы қазіргі таңдағы тенденциялар, еркін тауар айналымы мен протекционизм саясаты кезіндегі сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу механизмі жайындағы экономист ғалымдар арасындағы ескі теориялық дауларға жаңа серпін берді. Сыртқы саудадағы болған соңғы уақыттағы өзгерістерді зерделеуге деген ұмтылыстар негізі ретінде салыстырмалы артықшылықтар мен қатар, ұлғайып жатқан кіріс пен рыноктың құрылымы болып табылатын жаңа теориялардың пайда болуына әкелді. Бүгінде халықаралық сауда теориялары сыртқы сауданы дамытудан түскен пайданың негізіне және сыртқы сауда ағымдарының бағыты немен анықталады деген мәселелерге түсінік береді.Әлемдік экономикалық ғылымда сыртқы сауданың жаратылысын түсіндіретін екі негізгі бағыт бар:
-Дәстүрлі бағыт. Бұл елдің салыстырмалы артықшылығын (абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтар теориясы) Хекшер – Олин тұжырымдамасымен толықтырылған (факторлық пропорциялар теориясы) жүзеге асыруға байланысты.
-Жаңа бағыт – ішкі салалық сауданың пайда болуын түсіндіреді.
Дәстүрлі бағыт дамушы елдер мен экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер үшін тән. Ол өндірісті табиғи фактормен қамтамасыз етудің әр түрлі деңгейіне негізделген. Осындай негізінен дамыған елдер арасындағы немесе дамушы мен дамыған елдер арасындағы әлемдік тауар айналымының ¼-ін құрайтын салааралық сауда пайда болады.Жаңа бағыт (бір саланың әр түрлі тауарларымен сауда) масштабының әсері мен өнеркәсібтің мамандануын жүзеге асырумен байланысты. Сауданың осы түріне негізінен дамыған елдер арасындағы әлемдік сауданың 70% тиеді. Сыртқы сауда мен халықаралық мамандану туралы мәселелерге жауапты экономикалық ғылым бұрыннан іздей бастады және оларды экономикалық теорияның негізгі мәселелеріне жатқызған. Адам Смит халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі мәселелерді талдап, қандай тауарларды экспорттау, импорттау керек екендігі жайлы өз ойын былайша тұнсырымдады: «Егер бөтен бір мемлекет өзіміз шығара алатынымызға қарағанда, арзан тауармен бізді қамтамасыз етуге қабілетті болса, онда сол тауарды өзіміз шығармай-ақ шетелден сатып алу әлдеқайда тиімді».Адам Смиттің «халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты басты еңбегінде (1776 жылы) басты идея-ұлттар мен халықтар байлығының негізі, еңбек бөлінісі екендігіне саяды. Автор келесі қорытынды шығарды: Халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысып жатқан елдер пайда табады.[3] Адам Смит халықаралық еңбек бөлінісі елдің абсолюттік артықшылықтарын ескеру мен іске асырылу керек деп сендірді. Әр мемлекет өзінің абсолютті артықшылығы бар тауар өндірісіне мамандануы керек. Мемлекеттің өзінің абсолютті артықшылығы жоқ тауарларды өндіруден бас тартуы және басқа тауарлардың өндірісіне ресурстарын жұмылдыруы, өндіріс көлемінің ұлғаюына және елдер арасындағы тауар айырбасының кеңеюіне әкеледі.Адам Смиттің қорытындысы меркантилистердің ойына қайшы болды. Экспорттың импорттан үлкен болуы салдарынан елге ағылатын алтын мен күміс емес, елдің өз иелігіндегі табиғи және абсолютті артықшылықтарын пайдалану арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысушылық қана мемлекеттің тұрмыс жағдайының өсуіне себепкер бола алады.Тәжірибеде елдердің кез келгені өздерінің әріптестері алдында абсолюттік артықшылықтарға ие бола бермейді. Табиғи ресурстардың жетіспеушілігінен немесе ұлттық жұмыс күшінің төменгі өнімділігінен кейбір елдер маңызды тауарларды басқа елдерге қарағанда жоғары шығынмен өндіреді, бұл осындай тауарлармен сыртқы сауданың тиімсіз екендігін көрсетеді. Сондықтан да Давид Рикардоның шығын мен бағадағы салыстырмалы артықшылықтар тұжырымдамасы халықаралық сауданың классикалық теориясының негізін қалады. Осы тұжырымдамаға сәйкес кез-келген ел қай тауарды басқа елдерге қарағанда төмен шығынмен өндірсе, онда сол тауарды экспорттауға маманданады.Бірақ та сауданың салыстырмалы артықшылықтары классикалық теориясы негізінде бір ғана өзгеріп отыратын факторы (жұмыс күшінің бағасы) немесе толық мамандану қағидасы бар статистикалық модель. Осы модельдішведтіңекіэкономисі Э. Хекшер мен Б. Олин жетілдірген. Олар халық аралық мамандануға өндіріс факторларымен (негізіненжер, еңбек, капитал) қамтамасыз етілудің айырмашылығының әсеретуінескерген. Хекшер-Олиннің өндіріс факторларымен қамтамасыз етілудің неоклассикалық теориясысонымен қатар экономикалық өсімнің сауда параметріне, ұлттық экономиканың құрылымы мен әртүрлі өндіріс факторлары бойынша төлемдер мен түсімдердің дифференциясына әсерін талдап анықтауға мүмкіндікбереді .[4] Факторлық қамтамыз ету теориясы капиталға бай ел технологиясы капиталды интенсивті пайдаланумен байланысты тауарларды өндіруге маманданады деп пайымдайды. Олар капиталды қажет ететін өнімді экспорттап, жер мен еңбекті интенсивті пайдалануды қажет ететін өнімге айырбастайды. Бұл теория дамушы елдерді жер мен еңбек ресурстарын интенсивті пайдалануды қажет ететін алғашқы өнімді экспорттауға күштерін жұмылдыруға итермелейді.Еркін сауданың неоклассикалық моделінен шығатын негізгі қорытынды халықаралық сауда барлық елдерге пайда әкеледі, соның салдарынан тауарлар мен қызметтердің жалпы әлемдік өндірісі өсіп келе жатыр. Сонымен бірге бірқатар теориялық қорытындыны бөліп қарастыруға болады.
Біріншіден, өндіріс факторында әртүрлі сұранысқа ие тауарлардың арасында бөлінуге ықпал ететін өндірістің балама шығындарының өсуіне байланысты, салыстырмалы артықшылықтардың қарапайым моделінде шамаланғанындай толық маманданудың болуы әбден мүмкін. Елдер қай тауарды өндіруде өзінде бар мол ресурстарды интенсивті пайдаланатын болса, онда сол тауарларға маманданады. Олар өздерінде жетіспейтін ресурстардың орнын дайын өнімді импорттау арқылы толтырады. Ішкі шығындардың өсуі мен бағаның әлемдік деңгейден жоғары болуы толық мамандануды жүзеге асыруға кедергі жасайды.
Екіншіден, өндірудің біртекті технологиясындағы тауарға деген ішкі бағаның арақатынасы мен халықаралық саудадағы бағаның арақатынасын саудаласушы елдердегі факторлық бағамен теңестіреді.
Үшіншіден, мемлекет ішіндегі процестерге факторлық қамтамасыз ету теориясын қолдансақ, мол ресурстарды интенсивті пайдаланғандықтан мол ресурстарды иеленушілер үшін экономикалық қайтарымы ресурстары жетіспеушілерге қарағанда көбейеді.
Төртіншіден, елдердің капитал мен тұтыну тауарларын алу үшін, өндірістік мүмкіндіктерінен тыс сыртқа шығуына мүмкіндік бере отырып, сыртқы сауда экономикалық өсімді ынталандырады. Сыртқы сауда әрбір елге тауар, білім, идея, жаңа технологияларды алуына мүмкіндік бере отырып, өнеркәсіптің дамуына жағдай жасайды.
Соңғы жылдары елдердің біркелкі емес дамуы мен өндіріс факторларын жинақтау процестеріне көңіл бөлетін статистикалық неоклассикалық моделден ерекшелінетін сауда мен өсудің жаңа динамикалық теориялары қалыптаса бастады. Мысал ретінде бай және кедей елдер үшін арналған «Солтүстік-Оңтүстік» деген сауда моделін келтіруге болады. Басында Солтүстіктің индустриялды елдерінің капиталмен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуі өнеркәсіпті, өндірісті тиімді етеді. Нәтижесінде тез өсіп келе жатқан «Солтүстік» ақырын өсіп келе жатқан «Оңтүстік» алдында өзінің бәсекелестік артықшылықтарын арттырады.[5] Қай ел болмасын өзінің капиталы мен технологиясының жоғарғы біліктілігінің жемісін шетелдіктерге жегізіп қоймайды, осылайша біліктілігі төмен жұмыс күшінің орындаған операцияларына маманданғысы келмейді. «Азия барыстары» (Тайвань, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея) деп аталатын кейбір елдер мемлекеттің нақты іс-әрекеттері арқасында квалификацияланған еңбек пен капиталды қажет ететін өндіріске ойдағыдай көше білді. Американ экономисі М. Портер 1991 жылы: «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» деген зерттеуді жариялады. Зерттеуде халықаралық сауда мәселелері мүлде жаңа қырынан талқыланды: «Халықаралық нарықта елдер емес, фирмалар бәсекеге түседі. Елдің бұл процессте алатын орнын анықтау үшін фирманың бәсекелестік артықшылыққа қалайша қол жеткізетінін және оны қалай сақтап қалатынын түсіну керек».Портер өз үлестеріне экспорттың ½-і келетін 10 ірі өндірістік елде зерттеу жүргізген. Ол осы зерттеу нәтижесінде елдің әлемдік нарықтағы бәсекелестік қабілеті соларға бағынышты негізгі параметрлерінің өзара байланысын көрсететін «ұлттық халықаралық бәсекелестік қабілеті» деген теориясын тұжырымдады.Портер қазіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті:
— Факторлық шарттар;
— Сұраныс шарттары;
— Жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар;
— Фирма стратегиясы және бәсекелестігі.
Портер бірінші параметрдің – саны жаңа шарттардың енгізілуі арқылы ұлғаятын факторлық шарттардың маңыздылығын мойындайды. Неоклассикалық теория негізін қалаушылар пікірлерінен өзгешелігі – ол аталған факторлар ел үшін мұра ретінде қалдырылмайды, өндірістің кеңеюі процесінде пайда болады деп санады. Мысалы, Жапониядағы жер жетіспеушілік факторы шағын технологиялық процестерді қалыптастыру үшін негізгі ынталандырушы күшке айналды. Бұл кейін әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Ал швейцар фирмалары соғыстан кейінгі жылдары жұмыс күшінің жетіспеушілігі салдарынан еңбек өнімділігін көтеру бағытын таңдады.
Екінші параметр – сұраныс шарттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін көрсетеді. лар фирманың даму барысын айқындап, оның болашақтағы әлемдік нарықтың әлеуеттік дамуымен байланысын көрсетеді.Портер Линдер теориясын дамыта отырып, компания қызметіне ықпал жасайтын ішкі нарықтың қажеттіліктерін аса маңызды фактор ретінде қарастырды. Мысалы, шағын бөлмелерде тұратын жапондықтар жапон өнеркәсібі шығара бастаған энергия қуатын сақтайтын арзан кондиционерлер тұтынуды қолайлы деп санайды. Кейіннен мұндай кондиционерлер экспортталуын жапондық компаниялар қамтамасыз етуі арқылы бүкіл әлемде кеңінен пайдаланылатын болды.
Үшінші параметр – жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар фирма қызметіне тікелей әсер ететін тиімді өндірістік ортаны сипаттайды. Әшекейлік бұйымдар өндіретін италиандық фирмалардың гүлденуінің себебі: Италия асыл тастар мен металлдарды өңдеу өндірісі бойынша әлемдік жетекші орынға ие болып отыр.
Төртінші фактор – фирма стратегиясы және бәсекелестік фирмалық стратегияға және ұйымдастырушылық құрылымына байланысты. Бұл жерде басқарудың жалпы және универсалдық жүйелерін ерекшелеп бөлуге болмайды. Мысалы жиһаз өндірісі, жарық беру құрылғылары, буып-түю машиналары өндірісінде жетекшілік орындағы италияндық фирмалар өзгерістерге тез бейімделгіштігімен, серпінділігімен, басқару нысандарының икемділігімен ерекшеленеді.[6] Ал оптика, дәлме-дәл машина құрылысы өндірісіне бейімделетін неміс фирмалары үшін орталық басқарудың қатаң жүйесі үйреншікті жайт болып табылады.Ішкі нарықта бәсекелердің бар болуы өте маңызды. Портер өндірістің мемлекеттік көмекпен қорғалған бір ұлттық фирмаға жинақталуының барынша пайдалы екенділігін жоққа шығарады.
Осындай мемлекеттік фирмалардың көпшілігі тиімділік деңгейінің төмендегімен, табиғи шикізаттарды асыралты пайдалануымен, өнімділігінің мардымсыздығымен ерекшеленеді.Ішкі нарықтағы күшті бәсеке фирманы сыртқы нарықтар іздестіре отырып, шетелге шығуға ынталандырады. Ішкі бәсеке ұлттық фирмаларға өзінің тәтсіздіктері үшін шетелдіктерді кінәлауға, сөйтіп мемлекеттен көмек сұрауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы бәсекелестік тауардың жеткілікті дәрежедегі бәсекелестік қабілеттілігі жағдайында оның сыртқа шығарылу жолдарын белсенді түрде іздестіруге ықпалын тигізеді. Осы М. Портердің теориясы 90-шы жылы Австралияда, Жаңа Зеландияда және Америка Құрама Штаттарында сыртқы сауда тауарларының бәсеке қабілеттілігін арттыруға байланысты мемлекеттік деңгейдегі ұсыныстарды дайындауда негіз ретінде қызмет атқарды.Қазіргі таңда халықаралық сауданың қатысушыларының, оның ішінде экономикасы өтпелі кезеңдегі елдердің алдында ұлттық мүдде үшін не жақсы екенін анықтауды қажет ететін күрделі мәселе тұр:
— Еркін сауданы ұстанушылардың айтуынша экспортты көбірек қолдап, сыртқа бағытталу;
— Протекционизмді жақтаушылардың ұсынысына сәйкес ішке бағытталу және импортты отандық өніммен алмастыру;
— Сыртқы саудадағы импорт алмастыру мен экспортқа бағытталу стратегияларын рационалды түрде араластыру (біріктіру).[7]
Осы амалдардың шегінде көптеген жылдар бойы екі үлкен лагерь; тауарлар мен қызметтерді экспорттауды арттыруға мүдделілер фритерлер мен импорт алмастыру стратегиясын жақтаушылардың, протекционистердің арасында қызу пікір-талас жүріп келеді.Импорт алмастыруды жақтаушылар дамушы елдерге алдымен жай тұтыну тауарларының импортын алмастыратын өздерінің өнеркәсібін ұйымдастыру керек, сосын отандық өндірісті дамыта отырып, жоғарғы тарифтер мен импорттық шектеулерді енгізіп бұдан күрделі өндірісті алмастыру қажет деп санайды. Ұзақ мерзімді келешекте протекционистер жергілікті өндірісті әртараптандыруды, бірқалыпты дамуды қамтамасыз етуді, содан кейін осылардың нәтижесі арқылы, жұмыс күшінің төмендігі және өндірістік тәжірибені меңгергеннен кейін ғана өндірістік тауарлардың ішкі бағасы бәсекеге қабілетті болып оны экспорттауға болады.Экспортты көтеруді жақтайтындар өндіруші өндірісті дамыту мен тиімділігін қамтамасыз етуде сыртқы сауданың пайдалы екендігін, тар ұлттық рыноктан, сыйымды сыртқы рынокқа бағытталудың маңызды екендігін атап көрсетеді. Олардың ойынша экспорттық бағытталу стратегиясы мынандай негізгі идеяларға сүйенеді:
— Бірінші кезекте өндіріс өнімдерінің экспортын ынталандыру еліміздің экономикасының индустриалдануына себін тигізеді;
— Шикізат пен құрал-жабдықтардың импортын ырықтандыру өндіріс шығындарының төмендеуіне әкеледі;
— Ұлттық экономиканы жалпы ырықтандыру ішкі рыноктағы бәсекені ынталандырады және әлемдік рынокта бәсекеқабілеттілігінің өсуіне әкеледі.
Неоклассикалық бағыттың көптеген зерттеушілері (А. Крюгер, Д. Лалл және тағы басқалар) сыртқы сауданы дамытуда экспортқа бағытталу моделінің тиімді екенін атап көрсетеді. Осындай моделдің концептуалдық мәні болып Жапонияның сәтті тәжірибесі одан әрі «бірінші эталондағы» жаңа индустриалды елдердің (Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур) тәжірибесі және «екінші эталондағы» Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филиппин елдерінің тәжірибесі табылады. Кейінгі уақытта осы елдердің қатарына Қытайды да қоса бастады.Көптеген дамушы елдер ішкі және сыртқы рыноктағы ахуалдарға байланысты қос стратегияны да қолданады. ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдары Азия, Африка және Латын Америкасы елдері импорт алмастыруға сүйенген индустриалдандыру стратегиясын жүзеге асырған, ал 60-шы жылы ортасынан бастап экспортты көтермелеу стратегиясын ұстанған елдердің саны арта бастады. Осындай елдерге «шығыс-азия барыстары» деген атқа ие болған Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур, Гонконг, Тайланд, Бразилия, Чили, Түркияны жатқызуға болады. .[8]
Қазақстанның тәуелсіз дамуының басынан-ақ ашық экономика старетигиясы жүзеге асырылуда. Елдің сыртқы саудасы тиімділігінің талдауы сауданың жалпы экономикалық өсу қарқынына әсерін көрсетеді. Көптеген сарапшылардың пікірінше жоғары экономикалық көрсеткіштерге жетуге көбінесе шикізат экспорты мен әлемдік нарықтардағы қолайлы бағалық жағдаят әсер етті. Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2015 жылы елдің сыртқы сауда айналымы көлемі 132,7 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 6,5% жоғарырық. Сыртқы сауда айналымының серпіні соңғы 20 жыл бойы өсу үрдісін көрсетіп тұр. Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан сыртқы сауда айналымының көлемі 34% төмендеген 2009 жылды ғана қоспағанда. 2013 жылдан бастап сыртқы сауда айналымының көлемі қайтадан өсе бастады. Көбінесе бұл еліміздің басшылары қолданған дағдарысқа қарсы шаралардың нәтижесі еді.[9]
Сыртқы сауда айналымы көлемінің және импорт үлесінің серпіні
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттік» www.kaznex.kz
Сыртқы сауда айналымының ішіндегі импорт үлесінің серпінінде соңғы 15 жыл ішінде қысқару үрдісі байқалады. 2005 жылы импорт үлесі 45% құраса, 2015 жылы оның деңгейі 35% дейін төмендеді. Осыған сәйкес сыртқы сауда айналымындағы экспорт үлесі өсті. Осы оң серпін сыртқы әлемдік жағдаяттың (шикізат қорларының әлемдік бағаларының өсуі) әсер ету нәтижесі. Экспорттың жалпы көлемінің 75% минералдық өнімдер құрайды.Сонымен катар, ел Үкіметінің де экономиканың өңдеуші саласындағы экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуды қолдау бойынша әрекеттерді жандандыруын атап өтуіміз жөн. Осылайша, «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің деректері бойынша Үдемелі индустриалдық инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен «Экспорт-2020» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда соңғы жылдары өңделген өнімдердің экспорты едәуір өсті.Соңғы 15 жыл ішіндегі импорт пен экспорт көлемінің серпінінде өсу үрдісі байқалады. 2005 жылмен салыстырғанда импорт көлемі 11,5 есе, экспорт көлемі 17,2 есе өсті. Сонымен қатар, 2011 дағдарыс жылымен салыстырғанда импорт деңгейі 1,6 есе, экспорт деңгейі 2 есе өсті. .[9]
Импорт және экспорт көлемінің серпіні, млрд. Теңге
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттік» www.kaznex.kz
Қазақстанның экспорттық өндірісін дамыту. Мемлекеттің экономикалық стратегиясында маңызды орынды алыс және таяу шетелдермен сыртқы экономикалық қатынасты реттеуге және дамытуға, елдің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысуына бағытталған, экспортқа бағытталған саясат алады. Экспортқа бағытталған стратегияның негізгі мәселесі ретінде келешегі зор экспорттық салаларды табу, экономикалық өсімнің жоғарғы қарқыны мен үнемі сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті, сапалы өнімді шығару жолымен өндірістің тиімділігіне қол жеткізу болып табылады. Тек қана экспорттық потенциалды дамыту ұлттық валютаның айналуы мен нығаюының экономикалық қиындықтарын түпкілікті шешеді және отандық экономика мен халықтың әл-ауқатының артуын қаржыландырудың сыртқы көздерін құрады. Еліміздің экспортқа бағытталуы еліміздің басқа елдермен өнімдер мен өндірістің әлемдік рыногында өз орындарын жаулап алуға бағытталған экономикалық байланысының сипатын көрсетеді. Экспортқа бағытталудың процесс ретіндегі мәні мынадан бір жағынан экономиканың ашықтығы мен қолғалысынан, ал екінші жағынан осы қозғалыс кезінде еліміздің белгілі бір макроэкономикалық жүйелерін жақындастыру мен экономикалық қатынастарды қолдаудан тұрады. Экспортқа бағытталған саясаттың мақсаты ретінде экономикалық өсімнің жоғары қарқынымен үнемі өсіп отырған сұранысқа ие немесе әлемдік рынокта тұрақты сұранысқа ие өнімнің түрін шығару жолымен өндірістің тиімділігіне қол жеткізу болып табылады. Бұған алдымен бір жағынан өндірістің тиімділігінің өсуінің көзімен факторлары дұрыс анықталған, екінші жағынан әлемдік рыноктағы бәсекелік таластағы ұлттық салыстырмалық артықшылықтарды таба білген жағдайда қол жеткізуге болады. Экспортқа бағытталған өндіріс деп — өндірістік қызметті бәсекеге қабілетті, сапалы өнімді шығарып, оны ішкі дамудың мәселелерін есепке ала отырып сыртқы рынокқа өткізуге, еліміздің экономикасын жандандыруға, отандық өндірістің өнімдеріне сұранысты кеңейтуге, экономикалык қатынастарды ұлттық, сонымен қатар халықаралық аспектілерде дамытуға бағытталған кәсіпорынды айтамыз. Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту жүйесімен елдердің ұлттық экономикасы әлемдік экономикаға ықпалдасуы арқылы өзара бірігіп әрекет етуге, өзара сіңісуге мүмкіндік алады. Экспортқа бағытталған өндірісті дамытудың басымдықтары келтірілген.[10] Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту ғылыми-техникалық алға басуды жеделдетудің, отандық өндірістің алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтарға, жаңа техникалық процесстерге, шикізат пен материалдарға деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың мәселелерін шешуге, экономиканың аса маңызды және келешегі зор салаларындағы қуатты жетілдіруге, басқару мен маркетингтің жаңа тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік беретін халықаралық қатынастардың кеңеюінің нәтижесі деп түсінеміз. Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту еліміздің валюталық түсімдерін арттырады, сыртқы рыноктағы елімізге жағымсыз бәсеке шарттарын барынша жеңіл етуге және осыған байланысты басқа да өндірістердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту осыған жататын салалардың дамуына әкеледі. Экспортқа бағытталған өндірісті көлемі бойынша ірі, орташа экспортқа бағытталған өндіріс және экспортқа бағытталуды қажет ететін өндіріс деп бөлуге болады. Өндірістің қай топқа жататынын оның мынадай салыстырмалы артықшылықтарына: өндірістік потенциал, шығаратын өнімдерінің әртүрлілігі, өндіріс көлемі, қуатты пайдалануы, қызметкерлердің біліктілік деңгейі, кәсіпоррындағы жұмысшылардың саны, орташа айлық жалақысының деңгейі, қалыптасқан шаруашылық байланыстарының жемісі, өнімнің бәсеке қабілеттілігінің деңгейі, инвестициялық қамтамасыз етілу дәрежесі, ғылыми-техникалық даму, өндірістегі экспорттың үлесі, импортқа тәуелділігі, валюталық түсімдеріне т.б. қарап анықтауға болады.
Экономикалық саясаттың ұзақ мерзімдік мәселесі еңбек пен капиталды қажет ететін өндірістен, технология мен ғылымды қажет ететін өндіріске көшу, импорт алмастыру саясатын белсенді жүргізу жолымен республиканың өңдеуші саланың өнімдерінің импортына тәуелділігін жоспарлы түрде төмендетуден тұрады. Импорт алмастыру өндірісін дамыту еліміздің экономикасын көтерудің келешегі зор бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан аймақтарында импорт алмастыру бағдарламасын дамыту саласында және кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін жандандыруда белсенді жұмыстар атқарылуда. Импорт алмастыру бағдарламасын қолдау және дамыту мақсаты бюджеттен тыс қорлар мен жергілікті бюджет қаржылары есебінен биліктің жергілікті органдары арқылы жүзеге асырылады.[11] Бірақ та қаржылық шектеу жағдайында шаруашылық қызметті ынталандыру үшін үнемі қосымша қаржы көздерін іздестіруге тура келеді. Әрі қарай нысаны мен бағыты әртүрлі болып келетін жергілікті билік органдары тарапынан кәсіпорындарға берілетін экономикалық көмек, шаруашылық субъектілерінің жағдайын жақсартуға себін тигізеді. Импорт алмастыру саясатын жүзеге асыру отандық өндірістің құрыла бастауына, жағымды нәтижелерге қол жеткізуге әкеп соқты. Қазіргі кездегі республиканың экономикасы импорт алмастыру өндірісін дамыту кезеңіне өтумен сипатталатын дамудың сапалы, жаңа кезеңіне аяқ басты.
2010-2014 жылдарда үдемелі индустриалдық — инновациялық дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 29 қарашасындағы 1625 қаулысымен отандық өнімдерді сыртқы рынокқа экспорттаушылардың шығынын орнын толтыру жолы арқылы шығару бойынша мемлекеттік қолдау жасау жағдайлары мен Ережелері бекітілді. /«Экспорт 2020» экспорттауды дамыту және ілгерілету Бағдарламасы/ Бағдарлама мақсаты экспортқа бейінделген және экономиканың шикізаттық емес жүйесіндегі жұмыс істеуші экспорттаушы –кәсіпорындардың көлемін ұлғайту және қазақстандық өнімдер экспорты географиясын кеңейту үшін кешенді қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.Бағдарлама шағын және орташа кәсіпкерлік отандық компанияларды, жұмыс істеуші және өңдеу жүйесінің мүмкіндігі бар экспортшыларын қолдауға арналған.Бағдарлама мына бағыттар бойынша іске асырылады:
— экспортшылар шығыны орнын толтыру
— экспортшыларды сервистік қолдау
— саудалық экспорттық операцияларды қаржыландыру
Экспортшылар шығыны орнын толтыру экспортшы кәсіпорындардың сыртқы рынокка отандық өнімдерді шығару кезінде шығыны орнын толтыру жолымен жүргізіледі. Мұндай жағдайда экспортталатын өнім қаржылық орнын толтыру бойынша экспорттық түрлері тізбесіне сәйкес келуі керек.
Экспортшылар шығыны түрлерінің орнын толтыруға мыналар жатады.
— шетелдерде өнімдерді және тауарлық белгілерді тіркеу;
— шетелдерде өнімдерді сертификациялау;
— шетелдерде өкілдіктерді ұстау (кеңсе, қоймалар, сауда нүктелері), жалдау мен коммуналдық қызметтерді қосқанда;
— шетелдерде отандық өнімдерді жарнамалау;
-шетелдердегі көрмелерге қатысу (көрме алаңдарын жалдау, жаймаларды дайындау, тіркеле жарнасы, үлестіру материалдары);
-шетелдерде мамандарды оқыту немесе шетелдік сарапшыны қазақстандық өндіріске тарту.[12]
Аталған бағдарлама аясында экспорттаушыға негізделген және құжатталған шығындардың 50 пайызы көлемінде шығындардың бір не бірнеше түрінің орны толтырылуы мүмкін.Экспорттаушы шығындар орнын толтыруға тапсырыс және экспортты, шығындарды айғақтайтын құжаттар беруі керек. Мәселен, егер экспорттаушы шетелде кеңсені жалдаған үшін шығын орын толтыруға өтініш берсе, онда экспорттаушының шығынын айғақтайтын құжаттар ретінде кеңсені жалдау, төлем қағаздары көрсетілуі қажет. Сонымен бірге сол елге экспорт барын айғақтайтын құжаттар көрсетілуі керек.Экспорттаушыларды сервистік қолдау — бұл сыртқыэкономикалық қызметте ШОБ – ті дамыту мен қолдауға бағытталған кешенді қызмет көрсету саналады.Отандық кәсіпорындарды сервистік қолдау аясында мынадай қызметтер көрсетіледі:
— экспорттық рыноктар бойынша маркетингтік және сараптамалық қолдау;
— импорттаушы елдердің рыноктық ахуалы туралы саудалық ақпаратпен қамтамасыз ету;
— кәсіпкерлерді экспорттық қызмет мәселелері бойынша оқыту;
— шетелдік сатып алушылдарды қазақстандық өнімдер туралы хабардар ету;
— қазақстандық өндірісшілердің тауар белгілерін қозғау бойынша тұсаукесерлік шаралар ұйымдастыру және өткізу;
— Қазақстанда, сондай-ақ, шетелде сауда-экономикалық миссияларды, форумдарды қалыптастыру;
-қазақстандық өнімдерді тұтынушылардлы іздестіру.
Серваистік қызметтің қолдауын экономиканың өңдеу жүйесіндегі қазақстандық өндірісшілер, өз өнімдерін экспорттаушылар, сондай-ақ шетелдік рынокқа шығуды жобалаушы кәсіпорындар пайдалана алады.Саудалық экспорттық операциялар Бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдауға жатады.
— қаржыландыру экспорттық бекет беру;
— сыртқыэкономикалық келісімдегі жақтар арасында міндеттерді орындау бойынша коммерциялық және саяси тәуекелдікті қамсыздандыру.Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау экспортқа бірінші шығушыларға, экспорт географиясын кеңейтушілерге, жаңа өнімдерді өткізушілерге (әсіресе, инновациялық) қаржыдық көмек берумен көрсетіледі.
Шағын және орта бизнес нысандары болып табылатын экспорттаушы кәсіпорындарға басымдық беріледі.Кәсіпорынның шетелдік тұтынушымен өнімді өткізу бойынша төлемді жартылай немесе толық шегере тұруға келісімі болуы керек. Жүкті жөнелткеннен кейін кәсіпорын қызмет көрсетуші банкіге жүк құжаттарын тапсырады. Банк жөнелтілген жүк көлемінде экспорттаушы есебіне «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-несиелік қамсыздандыру корпороциясы» АҚ депозиті есебінен ақшалай қаржы аударады. Сонан соң экспорттаушы мен импорттаушы банкісі арасында несиелік қатынас күшіне енеді. Сөйтіп «ҚавзэкспортГарант» банкінің қатысуымен экспорттық саудалық қаржыландыру механизмін пайдалану арқылы қазақстандық өнімді сатып алушыны несиелендіруді жүргізеді.
Несиелеумерзімі — 1 жылғадейін.Несиесомасы – АҚШ 1 миллион долларынадейін. Қолдаудың көрсетілген механизмі бойынша, қазақстандық өнімдерді сатып алушылар үшін қаржыландыру құнын атаған жөн (яғни импорттаушы) – соңғы сатып алушы үшін несие ставкасы (импорттаушы) АҚШ долларымен жылдық 6 пайыздан 11 пайызға дейін дәлізде құбылмалы болады. Мұндай айырмашылық қамсыздандыру бойынша тарифіне негізделеді. Ол қаржыландыру құнына енеді және тәуекелді елдер бойынша шкаласымен айрылады. Мысалы, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдері бойынша қамсыздандыру тарифі жылдық 3 пайыздан артық болуы мүмкін. Экспорттаушы есеп айырысу есебіне кіріс жүктиелгеннен кейін түсетіндігі ескерілгенде біздің кәсіпорындар үшін бәсекелестік баға саясатын қалыптастыру бойынша қолайлы жағдай жасалады. Аталған Бағдарламаның үлкен басымдылығы,қазақстандық өнімді Экспорттаушы мен Импорттаушыға өз банкілерінде қызмет көрсетіледі, онда олардың белгілі несиелік тарихы, бағаланған кепілдік және қаржылық жағдайы, сонымен бірге барлық есеп айырысу мен валюталық есептері бойынша айналымы бар. Осыған байланысты ҚазЭкспортГарант банкілермен олардың деңгейі АҚШ долларының жылдық 2 пайызын құрайтын жағдайын қарастырады.Осы бағдарлама бойынша экспорттаушы кәсіпорынға қолдау көрсетілу үшін бірінші кезекте «ҚазЭкспортГарант» экспорт-несие қамсыздандыру корпороциясы» АҚ – нан көмек сұрауға болады. Ол сатып алушы несиесін қаржыландыру үшін экспорттаушыға қызмет ететін банкіге депозиттік шарт бекітуге байланысқа шығады. Өазірші таңда Қазкоммерцбанк, БанкТұранӘлем, БанкЦентрКредит және Альянсбанк осы бағдарлама бойынша ҚазЭкспортГарантпен қарым-қатынас орнатуға дайындықтарын білдіріп отыр. ҚазэкспортГарант экспорттаушы кәсіпорындарға қаржылық көмек жасайтындығы жөнінде хат республиканың екінші деңгейдегі барлық банкілеріне жіберілді. Мынадай жағдайларда көмек көрсетілмеуі мүмкін:
— импортшы банкінің қазақстандық экспорттаушы пайдасына аккредитив ашуға келісімі болмаса;
— импортшы банкінің қаржылық жағдайы болымсыз болса;
— егер мұнай мен газ экспортталса.
Аккредитив талабына сәйкес келетін жүк тиеу құжаттары берілуден бастап кәсіпорын есеп шотына экспорт кірісі 5 жұмыс күніне дейін түсуі қажет.ҚазЭкспортГарант «Экспорттық несиелерді және инвестицияларды қамсыздандыру бойынша мемлекеттік қамсыздандыру корпороциясы» АҚ негізінде құрылған. Оған экспортты ілгерілетуге шаралар белгілеу жүктелген. МҚК бұрын сыртқы экономикалық келісімдер бойынша шикізатсыз жүйе экспорттаушыларын тек коммерциялық және саяси тәуекелділік бойынша қызмет көрсетіп келді. Шетелдердегі осындай ұйымдардың қызмет тәжірбиесіне сәйкес МҚК қазақстандық өнімді сатып алушылар сұранысын қолдау мен ынталандыру мақсатында оларды несиелендіру бойынша механизм ұсынды. Сондай-ақ өнімдер географиясын кеңейту қарастырылған. МҚК ұсынысы ҮИИДБ енді және 2010 жылы республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бірінші транш бөлінді. 2015 жылға дейін қызметтің бұл жаңа бағытын дамыту үшін кезең-кезеңімен тағы 18 миллиард теңге бөлу жобаланып отыр.Орын толтыруға жататын шығында түрі тізбесі, «Экспорт 2020» экспортты дамыту және ілгерілету Бағдарламасына қатысуға өтінім құжаттар туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін мынадай байланыстар бойынша шшығуды өтінеміз;[13]
Экспорттық өндірісті дамыту мен кеңейту экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер мен экономиканың экспорттық секторын дамытуға ұзақ мерзімдік жеңілдетілген несиелерді беру арқылы ынталандырылады. Экспорттық баждан түсетін кірістер мен экспорттық өндірісті қаржыландырудың көзі ретіндегі шетел несиелерін бөлудің сәйкес механизмдерін және сыртқы экономикалық қызметтің заманға сай өндірістік және экономикалық инфрақұрылымын құруға арналған мемлекеттік инвестицияларды пайдалану жолымен экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға болады.Мемлекеттің экспортқа бағытталған стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі ретінде ұлттық өндірістің озаттарын тауып, оларды сыртқы әлемдік рыноктың озатына айналдыру болып табылады.
Ішкі рынок пен әлемдік экономикалық ахуалдарды, мемлекеттің ағымдағы және стратегиялық міндеттерін бақылай отырып, үкімет мемлекеттің экспортқа бағытталған сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын экспортқа бағытталған саясатты жасайды.
Экспортқа бағытталған сыртқы экономикалық саясат мемлекеттің қаржы-бюджеттік, валюталық, құрылымды-инвестициялық, ақша-несиелік, бағалық, аймақтық саясаттарымен бірге жасалуы тиіс. Мемлекеттің құрылымдық саясатының басымдықтары, отандық экономиканың салыстырмалы артықшылықтарымен сәйкес келуї міндетті және жаңа технологиялық әдет-ғұрыптың таралуы негізіндегі ғаламдық техника-экономикалық дамудың объективті бағыттарына ілесуі керек.
Экономика мен ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыруды осы басымдықтарды жүзеге асыруға және сәйкес мақсатты бағдарламаларды орындауға шоғырландыру қажет. Кәсіпорынның табысты қызмет етуі, шығарылатын өнімнің сапасын көтеру, өндірістік қуатты ұлғайту, өнімнің бәсеке қабілеттілігіне қол жеткізу және рыноктағы орнын нығайту капиталдық салымдарды қажет етеді. Сондықтан да мұқият инвестициялық стратегияны жасау қажет және оны нақты мақсаттарға жету үшін, үнемі жетілдіріп отыру қажет. Фирмалар мен атқарушы билік органдарының инвестициялық қызметі белгілі бір қызмет саласында капиталды көбейтуге бағытталуы тиіс. Инвестициялық салымдардың тиімділігі былай сипатталады: халық пен бюджеттің кірістерінің өсуі, жұмыспен қамтылудың өсуі және басқа да факторлар. Инвестициялардың серпіні тұтынуға жұғымды, әлемдік рыноктағы жоғарғы сұраныстың нәтижесі ретіндегі белгілі бір ресурстардың экспортының өсуі инвестициялардың соның ішінде тікелей шетелдік инвестициялардың өсуіне әкеліп соғады.
Мемлекеттің құрылымдық саясатын жүзеге асыру мен қалыптастыру жеке инвестициялық белсенділікті алғышартының жиналуына және келешегі зор жаңа технологияларды меңгеру базасында экономикалық өрлеуге кепілдік беру қажет. Қолда бар ресурстарды келешегі зор бағыттарға шоғырландыру, өндірісті жаңарту арқылы ішкі және әлемдік рыноктағы қатал бәсеке күресі жағдайында жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті шаруашылық ұйымдарын қалыптастыруды қамтамасыз ету өте маңызды. Осы мәселелерді шешудегі қажетті іс-шаралар, бағдарламалар, мемлекеттік тапсырыс, бюджет қаржылары секілді тікелей мемлекеттік әсер етумен шектеліп қалуы тиіс емес. Ең бастысы жаңа техникалық тәртіптегі өндірісті меңгерудегі жеке бастамаларды, тиімді қолдау тиісті бағыттағы кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру болып табылады. Соңғы жылдардағы экономикалық реттеудің тәжірибесі көрсетіп отырғандай шетелдік жеке инвестициялар жоғары құнды өнімді шығаратын бәсеке қабілетті өндірісті құруға жұмсалмайды. Шетелдік капиталға өзінің өндірісіне бәсеке өндірісті құрудың ешқандай мағынасы жоқ.
Шетелдік капитал экономиканың нақты секторын ірі масштабты ұзақ мерзімді инвестициялармен қамтамасыз етпейді. Нәтижесінде өндірістік сектордан қаржылық капиталдың бөлінуі жүреді, бұл республиканың ұлттық мүдделеріне қауіп тудырады.Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясының жүзеге асыру механизмі республикалық және басқарудың жергілікті деңгейінде негізделген нақты және жан-жақты қабылданған шешімдерге сүйенеді. Дамудың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу процессі кезіндегі басқару органдары тарапынан болатын нақты іс-әрекеттер мен шараларға мыналарды жатқызамыз:
-дамудың экспортқа бағытталған жобаларына инвестицияларды тарту үшін жағымды жағдайларды туғызу;
-қайта құру бағдарламаларының орындалуын бақылау және қалыптастыру;
-аймақтық өзін-өзі басқарудың деңгейін көтеру;
-өнеркәсіптік потенциалды тиімді пайдалану бойынша бағдарламаны қабылдау және жүзеге асыру;
-тауар, қаржы және еңбек ресурстары мен қаржылардың еркін қозғалуы мақсатында еңбек рыноктарындағы аймақтық және аймақаралық бәсеке деңгейінің өсуіне көмектесу. [14]
Қазіргі таңда алдыңғы қатарлы техника мен технологияны, сонымен қатар басқару тәжірибесін игеру жоғарғы жалпы кірістен маңыздырақ болып келеді.
Экспорттық өндірістің дамуының басталуымен қатар, ғылымды қажет ететін импорттық өнімдердің бірқатарын шектеу керек. Шетелдік фирмаларға осындай өнімдерді біздің елде шығаруына жол ашуымыз қажет. Бірақ шығарылатын заттың бір бөлігі отандық заттардан құралуы қажет. Осылайша отандық өндірістің үлесін көбейте отырып, ғылымды қажет ететін өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік туады. Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту стратегиясында маңызды орынды технологияның дамуын және олардың артынан ілесіп келе жатқан технологиялық жаруды болжай алады. Өйткені технологияларды жасау мен меңгеру күрделі процесс болып табылады. Технологияларға инвестиция салу туралы шешім әдетте технологиялық шарықтаудың немесе оның көмегімен коммерциялық табысқа жетудің уақытына дейін 5-10 жыл бұрын қабылданады. Бұл жерде маңызды орынды экономиканың құрылымды дамуының негізгі қағидалары алады:
-құрылымды дамудың нысанының жалпы ұдайы өндірістің типіне тәуелділігі қағидасы;
-дамудың циклділігі қағидасы.
Өнеркәсіп өндірісіндегі нақты өзгерістерді есепке ала отырып, бәсекелік артықшылықтарды жүзеге асыру стратегиясы мен Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстарына ықпалдасуы мынандай бірқатар бағыттарды қосады:
-дәстүрлі машина техника экспортын, соның ішінде техникалық көмек беру объектілері үшін мемлекеттің қолдауы негізіндегі құрастырушы жеткізілімдерді тұрақтандыру;
-жұмыс күші, өндірістік қор, технологиялық білім, материалдық ресурстар секілді өндірістің негізгі факторларының арзаншылдығына байланысты бәсекелік артықшылықтарға әсер ету. [15]
Осылайша елдер мен мемлекеттер арасындағы экспорттық қатынастар экспортқа бағытталған өндірісті дамыту нәтижесінде дами бастайды. Бұлардың дамуы халықаралық қатынастарды кеңейтеді, ғылыми-техникалық үдеуді жеделдетеді, отандық өндірістің озық құрал-жабдыққа деген қажеттілігін өтейді, экономиканың аса маңызды және келешегі зор салаларындағы қуатты жетілдіреді. Экспортқа бағытталған өндірістің қызметінің табысты дамуы, көп жағдайда Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасына, жекелеген бәсекеге қабілетті өндрістер бойынша инновациялық даму негізінде нақты іс-шараларды жүргізуге байланысты болып келеді.
Экспортты ынталандыру жәнедамыту жолдары. Дамыған нарықтық экономикалы елдердің сыртқы сауданы реттеу жүйесіндегі негізгі орынды ұлттық экспорттаушыларды ынталандыру тәсілдері алады. Бұл тәсілдер әр түрлі болып келеді. Экспортты көтермелеудің негізгі құралы болып: субсидиялау, экспорттық-импорттық операцияларды сақтандыру мен несиелеу; салық жеңілдіктері, сонымен қатар капиталдарды әкету мен әкелуді ынталандыру, тауарларды өндіру мен өткізуге мемлекеттің белсенді қатысуы, экспорттық өндіріске ұзақ мерзімді капиталдар салу.[16]Экспорттаушыларға қаржылық көмек беру кеңінен таралуда. Бұл экспорттаушы фирмаларға әртүрлі қаржы қызметтерін көрсету, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу арқылы қамтамасыз етіледі. Халықаралық ұйымдардың тиым салуына қарамастан, кейбір елдер экспорттаушыларға мемлекеттік бюджеттен ішкі рыноктағы жоғары бағамен әлемдік рыноктағы сол тектес тауарларға деген төменгі бағаның арасындағы айырмашылықты жабу үшін субсидия беруге ұмтылады. Субсидия экспорттаушыларға шығарылатын тауарлардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді және осындай жолмен өз экспорттарын кеңейтуге, ал жеке фирмаларға қиындық туғызатын рыноктарға енуіне мүмкіндік береді. Осы тәжірибені антидемпингтік конвенциялар да ұстанады. Сондықтан да оған қол қойған елдер басқа тәсілдерді іздейді. Ұлттық тауарлардың экспортын субсидиялаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып ұлттық валютаның бағамын төмендету болып табылады. Бұндай тәсіл Жапонияда шетел рыноктарын жаулап алу үшін әрқашанда қолданылып келген. Осылайша көптеген елдер экспорттық жеткізілімдерді тікелей субсидиялаудан ауытқып, ғылыми зерттеулерді дамытып және оларды өнеркәсіпте пайдалануды қамтамасыз ете отырып, ынталандыруды жоғарғы экспорттық бағытталуы бар өндіріс саласына ауыстырады. Мемлекеттік несиелеудің нысандары. Экспортты ынталандырудың ішіндегі маңызды орынды мемлекеттік несиелеудің әр түрлі, соның ішінде жеңілдетілген нысандары алады. Бұл экспорттаушыларға мемлекеттік банктер мен мемлекеттің қатысуымен құрылған арнайы қаржы мекемелері арқылы орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бұл экспорттық несиелерге сәйкес заңдарға сай мемлекеттік кепілдікті табыстау жолымен де жүргізіледі. Бұл дегеніміз экспорттық несиенің құнын 80-90% жабатын ірі келісім-шарттар бойынша барлық тәуекелді (яғни экономикалық, саяси) өз мойнына алады. Мемлекеттік несиелеуді ұлттық мемлекеттік банктердің жүргізуі міндетті емес. Мысалға, Жапонияда белгілі бір шарттар орындалса ұлттық банк коммерциялық банктерді қаржыландырады, ал олар өз кезегінде экспорттық компаниялар мен фирмаларға несие береді. Жапонияның экспорттық-импорттық банкінің орта және ұзақ мерзімді несиелендіруінің негізгі объектісі болып, құрал-жабдықтар мен машиналар және олардың бөлшектері, жаңа индустриалды елдердегі өнеркәсіп объектілерін салудың техникалық көмегі шегіндегі келісімі табылады. Сонымен қатар бұл банктің қызмет аясына шикізат тауарлары (мұнай, газ, көмір) және металл сынықтарының импорты мен айналысатын фирмаларды несиелеуде кіреді. Америка Құрама Штаттарының экспорттық-импорттық банкі шетелдік борышкерлердің құрал-жабдықтар сатып алуына, қызмет немесе техникалық сипаттағы ірі жобаларды жүзеге асыруың қаржыландыру үшін ұзақ мерзімдік, яғни 5-10 жылға дейін ссудалар береді. Сонымен бірге Америкалық бағдарламалар бойынша несиелер, мысалға “Тікелей ссуда” бағдарламасы бойынша шетелдік сатып алушыларға немесе сауда делдалдарына 5млн. доллардан кем емес көлемде беріледі және бұл келісім-шарттың 85% -ға дейінгі құнын жабады.[17]
Америка Құрама Штаттарының экспорттық-импорттық банкісінің “Орта мерзімдік несие” бағдарламасы шегінде экспорттаушының банкісіне 5жылға келсім-шарттың 100% құнына дейінгі сомада несие береді немесе мәміледен пайда болатын борышкерлік міндеттемесін өзіне жүктейді. Сыртқы сауда мәмілелерінің кепілдендірілген сомасының орташа пайызы батыс елдерінде 90%, экспорттық тауарларды шетелдік сатып алушыларға несие беру бойынша 95-100% жетеді. Орташа жылдық өсім 10% болған кездегі жоғарғы кепілдік мерзімі 15жылды құрайды. Экспортты сақтандыру. Экспортты ынталандырудың маңызды ерекшелігі болып, халықаралық іс-тәжірибе де күшейіп отырған коммерциялық және саяси тәуекелдіктерге, сонымен қатар жеткізілімнің ұзақ мерзіміне байланысты экспортты сақтандыру болып табылады. Соңғы жылдары сақтандырудың рөлі өсіп отыр. Әсіресе бұл көптеген елдердің валюта-қаржылық жағдайына, несиелерді қайтармауына, әлемнің жекелеген аймақтарындағы әскери қимылдар мен елдегі саяси тұрақсыздыққа байланысты болып келеді. Көптеген елдерде сақтандырумен жартылай мемлекеттік (сақтандыру қоғамдары) айналысады. Сақтандыру тәуекелдігінің артуына және онымен байланысты шығындардың көбеюіне қарамастан көптеген дамыған елдердің сақтандыру қоғамдары, сақтандыру жарнасын көтеруге бармай отыр. Сондықтан да Америка Құрама Штаттары, Жапония, Батыс Еуропаның сақтандыру ұйымдарының жүріп келе жатқан негізгі жолы – сақтандыру түрлері мен көлемін кеңейту, сатып алушының төлем қабілеттілігін анықтайтын жүйені жетілдіру болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігін жабу деңгейі олардың сипатына мәміленің көлеміне байланысты, әрі ол әр елде әр түрлі. Мысалға Францияда комерциялық тәуекел кезінде шығын 80-85%, саяси және экономикалық 100%; шет ел рыногын зерттеуге байланысты 50-60% көлемінде қайтарылады. Сыртқы сауданы сақтандыратын Францияның компаниясына түсетін пайда ретіндегі салықтық түсімдер жеке тұлғалар, фирмалар мен компанияларға саяси тәуекел бойынша 0,25%, коммерциялық бойынша 0,85%, валюталық бойынша 0,648 — 0,36% құрайды. Ал мемлекеттік ұйымдар үшін өсімдер 0,5% көбейтілген. Америка Құрама Штаттарында экспорттық-импорттық банк пен экспорттық несиелерді сақтандыру Ассоциациясы саяси және коммерциялық себептер бойынша 90-100%, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша 98% шығындарды жабады. .[18]Жапонияда сыртқы сауда операцияларын мемлекеттік сақтандырудың тоғыз түрі бар, олардың алтауы экспорт бойынша. Мемлекеттік экспорттық сақтандырудың мәні бұл жерде сатып алушы қабылдаған шарттарды орындай алмаса келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін шығындарды үкіметтің өзіне алу ретінде көрініс табады.Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2019 жылға қарай келесі экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуі керек:
- өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін нақты мәнде 43 %-ға ұлғайту;
- өңдеуші өнеркәсіпте жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,4 есе ұлғайту;
- өңдеуші өнеркәсібінде еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,4 есе ұлғайту;
- шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемін кемінде 1,1 есе ұлғайту;
- өңдеуші өнеркәсіптің энергияны қажет етуін кемінде 15%-ға азайту; .[19]
- Салықтық және өзге жеңілдіктер. Экспортты ынталандырудың тәсілдері болып әр түрлі салықтық жеңілдіктер де табылады.
Оның мәні экспорттық тауарларды жеткізушілердің экспорттық операциялардан түскен ағымдағы пайдаға салық салмау, амортизацияға женілдік шарттар беру, экспорттан түскен қаржыны арнайы салық салынбайтын есеп-шотқа аудару, шағын және орта кәсіпорындардың экспорттық өнімдері үшін шетелдік рынокты дамытудың резервін құру және шетелде инвестициялаудың келген шығынды жабу үшін қор құру болып табылады. Экспортты ынталандырудың халықаралық тәжірибесінде қаржы жеңілдігі тәсілі кеңінен қолданылады. Бұл дегеніміз экспорттық өндіріске қажетті шикізатты импорттау кезінде төленген кеден баждары мен салықтарды қайтару және елдегі жетіспейтін материалдарды жанама салықтардан босату. Көптеген батыс мемлекеттері ұлттық экспортты ынталандыру мақсатында негізі әр түрлі Үкіметтің дамушы елдерге көмек бағдарламасының негізінде мемлекеттік қаржыландыруды жүзеге асырады.Соңғы он жылда дамыған мемлекеттердің де өндіріс қуатының шетелден ағылуына ден қойып отыр. Дамыған елдер капиталды белсенді экспорттаушылар бола тұра, шетел инвестицияларының келуіне ынталандыру шараларын қабылдайды. Бұл көбінесе ішкі сұраныстың қажеттілігін өтеумен қатар, өнімдерінің біразын экспорттайтын өндіріске қатысты болып келеді. Мысалға Ұлыбританияда айтарлықтай қолдауға электрондық есептеу машинасын бағдарламалық қамтамасыз ету, микроэлектроника, оптика, биотехнология, робот техникасы салаларындағы шетелдік фирмалар ие болады. Осы мемлекеттерде экспорттық потенциалды арттыру мақсатында технология мен шетел инвестицияларын одан ары тарту үшін қазіргі таңда әлемде бес жүзден асатын бажсыз кеден территориялары құрылған. Сыртқы сауда саясаты 1980 жылға дейін шетел инвестицияларына қатысты қорғанушылық сипатта болып келген Жапонияның өзінде сыртқы сауда және валюталық айырбастаудың бақылауы туралы Заң қабылданғаннан кейін шетел инвестицияларына деген көзқарас күрт өзгерген. Ұйымдастырушылық-техникалық көмек. Әлемдік рыноктағы қатаң бәсекелестік жағдайында ұлттық фирмаларға жаңа рыноктарды иемдену мен экспорттық операцияларының көлемін кеңейту үшін мемлекеттердің ұйымдастырушылық-техникалық көмек беру рөлі артып жатыр. Ұйымдастырушылық көмек беру механизіміне мынандай тәсілдер жатады. Атап айтсақ мемлекеттік органдар арқылы әр түрлі коммерциялық ақпараттарды беру, үкімет ұйымдарында жеке экспорттаушылардың мүдделерін білдіру, сыртқы сауда үшін кадрларды дайындау. Шет мемлекеттердің үкімет министрліктерінде экспорттаушыларға ірі тапсырыстарды алуына, оларды халықаралық сауда және оның шарттары туралы ақпараттармен қамтамасыз ететін және шетел рыногында контрагенттерді табуына көмектесетін арнайы бөлімшелері бар. Экспортты ынталандырудың және қолдаудың мәселелерін шешуде шет елдер осы процеске мемлекеттік органдармен басқарудың барлық деңгейіндегі мемлекеттік аппаратты белсенді тартуда.
Сыртқы сауда қызметі саласындағы жаңа приоритеттерді табу процесінде экспорттаушы өндірушілерді несиелеу, сақтандыру, қаржыландыру бойынша шараларды жүзеге асыратын арнайы органдар құрылады. Қазіргі таңда отандық экспорт еліміздің көп жақты экономикалық достастықты ұйымдастыруға қатысуының кеңеюімен, сыртқы экономикалық қызметтің либерализациялануымен, іскерлік соның ішінде инвестициялық белсенділіктің сипаттарының белгілерінің пайда болуымен Қазақстан экономикасының тұрақтануы үрдісінде дамып жатыр. Экономиканы модернизациялаудың және оның экспорттық потенциалын нығайтудың маңызды тетігі болып капиталдар салымы көлемінің үздіксіз артуы болып табылады. Экспортқа бағытталған өндірісті және экспортты ынталандырудың қосымша көзі ретінде халықаралық лизингті пайдалану арқылы инвестициялық жобаларды аралас мемлекеттік коммерциялық қаржыландыру болып табылады. Сыртқы жағдаятты жақсартудың және Қазақстан экспортының кірістілігінің көтерудің қосымша факторы ретінде отандық өнімдерді шет елдерге жеткізудің географиясын кеңейту, экспорт кезіндегі тауарлардың кедеңдік құнын анықтаудың, оны негізсіз төмендетуін болдырмау мақсатында жүйені жасау, өндірушілер мен экспорттаушылардың салалық одағының ұсынған төменгі экспорттық бағаны бекітудің тәжірибесін кеңейту болып табылады.
Бүгінге шейін Қазақстан экспортына тежегіш әсерін тигізетін факторлар мыналар:
— отандық өнеркәсіп өнімдерінің бәсеке қабілеттілігінің төмендігі;
— өндіруші өнеркәсіптің көптеген кәсіпорындарының қаржылық жағдайының ауырлығы, бұл ішкі ресурстар және бәсекеге қабілеті бар өндірістің коммерциялануы есебінен келешегі зор экспортқа бағытталған жобаларды инвестициялауға мүмкіндік бермейді;
— экспорттық өнімдердің саласын бақылау мен сертификациялаудың отандық жүйелерінің жеткіліксіз дамуы;
— Қазақстан экспортының қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымының жетілдірілмегендігі;
— Қазақстанның көптеген кәсіпорындарының экспорт саласындағы жұмыс тәжірибесінің және арнайы білімінің жетіспеуі және олардың сыртқы рынокқа шығуының координациялануы;
— бұрынғы кеңестік кеңістіктегі дәстүрлі өндірістік байланыстардың үзілуі;
— табиғи монополиялардың қызметтері мен өнімдеріне деген бағаның өңдеуші өнеркәсіптің өнімдеріне деген бағаның өсуімен салыстырғанда асып түсуі;
— несие мен инвестициялар үшін Қазақстанның халықаралық рейтингінің төмен болуы. Бұл Қазақстан экспортын дамытуда шетел қаржысын пайдалануды қиындатады.[20]
Қазақстан экспортының келешегі мен жағдайын анықтайтын факторлардың жиынтығын есепке алып, бір жағына экспортық қызметтегі бар кедергілер мен қиындықтарды тиімді жеңе білуге, екінші жағынан экспортты дамыту үшін Қазақстанның сыртқыэкономикалық саясаты мен экономикасындағы болып жатқан жағымды өзгерістерді барынша пайдалануға мүмкіндік беретін экспортты ынталандырудың мемлекеттік шаралардың біртұтас жүйесін құру қажет. Осыған байланысты экспорттаушыларға мемлекеттік қолдаудың тиімді механиздерін құру келесі арнайы бірқатар мәселелерді шешуді көздейді.
— Сыртқы сауда ақпараттардың жүйесін және аймақтық және шетелдік өкілдерді қоса алғандағы ақпараттық-консультациялық қызметтерді құру;
— Мемлекеттің қатысуымен экспортты сақтандырумен несиелердің механизмдерінің қызмет етуін қамтамасыз ету, сонымен қатар экспорттық несиелер бойынша мемлекеттік кепілдік міндеттемелерді табыстау;
— Қазақстанның экспорттық өнімдерін белсенді жылжыту мен отандық кәсіпорындардың мүддесін шетелде қорғау бойынша мемлекеттік органдардың жедел жұмысын ұйымдастыру;
— Экспортты ынталандыруға байланысты біріккен шараларды өткізуге қазақстандық іскер ортаны кеңінен тарту ;
90-шы жылдың ортасында Қазақстанның алдында барабар экспорттық стратегия мен еліміздің әлемдік рыноктағы орнын нығайтатын және валюталардың тұрақты жоғарғы дәрежеде келуін қамтамасыз ететін халықаралық экономикалық достастықтың қолайлы нысаны таңдауда тұрды. Экспорттық стратегияны таңдаудан оның жүзеге асыру құралдарына байланысты, экспортты ынталандыру бойынша шаралар жүргізу мен жобалау кезіндегі акценттер өзгереді.Қазақстанның қазіргі таңдағы мамандануы негізінен 70-шы жылы қалыптасқан және алдымен оның шикізат ресурстарымен анықталады. Осы 90-шы жылдың басында осы кешендегі жағдай геологиялық барлау жұмыстарының көлемінің қысқаруы, бар ресурстарды үйлесімсіз пайдаланғандықтан және қуаттылықтың тозуы салдарынан төмендеген. Осылардың барлығы шикізатқа негізделген еліміздің экспортының дамуына тұрақсыздық элементтерін ендіреді. Сонымен таяу және орта мерзімдік перспективада Қазақстан экспортында шикізаттық бағыт сақталынады, ал мәселе сәйкес салалардың материалдық-техникалық базаларын бекіту болып табылады.[21]
Осы бағыттағы маңызды қадам болып отын-шикізат салаларындағы инвестициялық қызметті жандандыру болып табылады. Отын-шикізат экспортының тиімділігін арттыру ерекше мағынаға ие болады. Атап айтсақ өңдеудің тереңдігін ұлғайту және шетелге шығарылатын шикізат тауарларымен жартылай фабрикаттардың сапасын жақсарту, келісімнің бағалық және өзге де шарттарын үйлестіру, сыртқы рыноктағы жағдаятқа байланысты шикізат салаларының біртұтас экспорттық потенциалын икемді шебер пайдалану, сонымен қатар мемлекеттің қаржысынан әлемдік бағаның өзгеруіне қарсы, экспорттық резервтерді тұрақтандыратын қор құру; экспорт бойынша шығындарды азайту мақсатында көлік инфрақұрылымын жетілдіру.
Қазақстан экспортындағы отын-шикізат тауарларының басымдығы халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның нақты және аса маңызды бәсекелік артықшылықтардың объективті бейнесі болып табылады. Қазақстанның әлемдік экономикаға тең құқықты әріптес ретінде ықпалдасуы, дайын өнімнің үлес салмағын арттыру пайдасына сыртқы экономикалық айырбастың пропорциясының құрылымын жақсартуынсыз, өндірістік ғылыми-техникалық кооперация, инвестициялық достастық, инновациялық жобаларды бірігіп жүзеге асыру сияқты достастықтың тиімді нысандарын меңгерусіз мүмкін емес. Осындай себеппен Қазақстанның ұзақ мерзімді негізгі экспорттық стратегиясы болып жоғары дәрежеде өңделген тауарлардың экспорты болып табылады.
Ұлттық экспорттық стратегияның маңызды элементі ретінде еліміздің экспорттық потенциалын дамыту үшін халықаралық экономикалық достастықтың әртүрлі нысандарын қолайлы пайдалану болып табылады. Соңғы жылдары мынандай нысандар, шетел инвестицияларын тарту және біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар құру, компенсациялық негіздегі достастық, несиелік келісімдер, лицензиялық сауда, халықаралық лизинг, инжиниринг, еркін экономикалық аймақтарды құру кеңінен таралып отыр. Экспортты дамытудың шешуші факторы ретінде тауарлардың құрылымын жетілдіру мен ассортименттерді кеңейтуге мүмкіндік туғызатын ұлттық шаруашылықтың бәсеке қабілеттілігін арттыру болып табылады. Сондықтан да өзекті мәселе ретінде отандық өнеркәсіп өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін арттыратын, кешенді мемлекеттік бағдарлмалар мен алдынғы қатарлы технологиялар мен өнімдерді меңгеруге жеке, соның ішінде шетел капиталдарының құйылуының ұйымдастыру-құқықтық және өзге де шарттарын белгілейтін мемлекеттік коммерциялық жобаларды дайындап шығару болып табылады. Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы мен оның сыртқы-экономикалық қызметінің дамуының өзекті қиындықтарын есепке алып, экспортқа қаржылық көмек беру саласындағы бірінші кезектегі мәселелерге мыналар жатады:
— Экспортқа бағытталған ұйымдар мен өндірістің айналым қаражаттарын қамтамасыз ету үшін тартылған өкілетті банктердің несие ресурстары бойынша кепілдік міндеттемелерді беру;
— Экспорттаушыларды қорғауды қамтамасыз ету үшін коммерциялық және саяси тәуекелдерден экспорттық несиелерді сақтандыру мен мемлекеттік кепілдік міндеттемелерді табыстау;
— Қазақстан экспортын ынталандыратын қаржылық көмек берудің басқа да бағыттарының арасынан мынадай шараларды қарастыруға болады;
— Экспорттық жеткілізімдерді қаржыландыратын банктерге мемлекеттік кепілдіктерді табыстау;
— Халықаралық саудаға қатысу үшін берілген несиелер бойынша мемлекеттік кепілдік беру;
— Сыртқы рынокты игеруге байланысты операцияларды сақтандыру;
— Өнеркәсіппен, одан әрі тауарлар мен қызметтердің экспортына байланысты шағымдарды арбитраждық сотта қарау кезіндегі мемлекеттік баждардың көлемін төмендету.
Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің қазіргі кезеңінде, ашық нарықтық шаруашылықтың түпкілікті жаңа құқықтық және институциональдық негізін қалыптастырудың белсенді процессі жүріп жатқанда, мемлекеттің экспорттық қызметті ұйымдастыру және өзге де қамтамасыз ету шаралары, нормативті базаны жетілдіру бойынша мақсатты күш салуы ерекше мағынаға ие болады.[22]Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке, сонымен бірге сыртқы саудаға араласудың азаюына байланысты, оның осы саладағы жалпы ұлттық мақсаттар мен мәселелерді жүзеге асыруға жанама түрде қатысу рөлі артып отырады.
Отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін экспортталатын өнімдерді сертификациялаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру қажет. Ал бұл олардың сыртқы рынокқа шығуын жеңілдетеді. Экспортты мемлекеттік қолдаудың бағыттарының бірі ретінде қазақстандық өнімдерді сыртқы рынокқа жылжытуға көмек беру болып табылады. Экспорттық жарнаманың бір нысанына сауда көрмелері мен жәрменкелер жатады. Экспорттық дамытудың кезеңдері экономикалық өзгерістердің серпіндері мен логикасына байланысты және Қазақстан экспортты мен экспорттық потенциалын дамытуда инерция факторларын есепке алуды көздейді. Бірінші кезеңде сыртқы экономикалық қызметтің заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, сонымен қатар экспортты ұлғайтатын валюталық, салықтық және тарифтік саясатты, сауда экономикалық достастықтың тиімді нысандарын жетілдіру қажет: Экспорттаушыларға жедел және сапалы көмек беретін, экспортқа жағдай жасайтын мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық және институциональдық негізін қалыптастыруды аяқтау;
-Ақпараттық-консультациялық қызметтің жүйесіне сүйенетін сыртқы сауда ақпараттар жүйесін құру;
— Экспорттаушы кәсіпорындардың айналым қаржыларын несиелеудің мемлекеттік қолдаудың механизмдерін қалыптастыру, экспортты сақтандыру мен кепілдік беру, экспортқа бағытталған тиімді жобаларды несиелеу;
— Экспортқа кепілдік беру мен несиелеуді жүзеге асыратын арнайы өкілетті банктің қаржылық базасын көбейту;
— Экспорттық жеткізілімдерді тасымалдаудың мәселелерін шешу;
— Экспорттық қызметті ретке келтіретін, билік органдарының барлық деңгейінде өзара бірлескен қызметтерін кеңейту, атқарушы билік органдары мен жергілікті басқару органдарына экспортты дамытудың арнайы бөлімшелерін құру, экспорттық саясатты жасау мен экспорттаушыларға көмек берудің мәселелерінде ведомство аралық үйлестірудің жөнге келтіру бойынша ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар шараларды жүзеге асыру;
— Қазақстанның экспорттық потенциалын кешенді зерттеу, ішкі мүмкіндіктермен әлемдік жағдаятты есепке ала отырып келешегі зор салалар мен жобаларды табуға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды арттыру.[23]
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы он жылда болған Қазақстанның экономикасындағы қайта құрулар өзінің айтарлықтай нәтижелерін беруде. Тәуелсіздігіміздің он жылында сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу түпкілікті өзгерді. Сыртқы сауда саясатындағы болған өзгерістер еліміздің шаруашылықтанудың жаңа жағдайларына бейімделу, әлемдік экономикаға ықпалдасу мен жаһандану, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік жолын таңдау қажеттілігінен туындаған.Қазіргі жағдайда сыртқы сауда көптеген елдер үшін экономикалық өсімнің қуатты және маңызды факторы болып отыр. Сонымен бірге халықаралық тауар айналымының дамуы арқасында әртүрлі елдер арасындағы экономикалық өзара байланыс күшеюде. Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеусоңғы жылдардағы болған өзгерістерге және теориялық көзқарастардың пайда болуына қарамастан бұрынғысынша экономикалық ғылымның даулы тарауы болып қалып отыр. Сыртқы сауданың мәселелері Қазақстан-2050 Стратегиясы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-қимыл бағдарламаларында маңызды орынды алады.ҚР-ның 2010ж. дейінгі даму Стратегиясының жобасымен экономика саласында мемлекетті экономикалық өсімнің жетекшісіне айналдыруды, аймақтық және әлемдік деңгейде мемлекеттің қатысуымен ірі компанияларды құруды, ТМД кеңістігіндегі экономикалық экспансияны көздейтін орта мерзімді басымдықта еліміздің даму модельі анықталған.[24] Бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі мынадан көрінеді: біріншіден жүйелі реформаларды жалғастыру, олардың ашықтығын күшейту, екіншіден инфрақұрылымды құру бойынша белсенді жұмыстарды жүзегеасыру және шешуші салаларды дамытуға жеке секторды тарту арқылы экономиканы барынша ырықтандыруға қол жеткізу.Үкіметтің жоспарында телекоммуникация, электроэнергетика, теміржол секілді табиғи монополиялар саласын қайта құрылымдау және ырықтандыру бағытындағы жұмысты жандандыру көзделген.
Біздің ұлттық экономиканың бәсекеқабілеттілігі, оның әлемдік экономикаға ықпалдасуы жағдайында қол жеткізіледі. Жаһандану, бұл объективті процесс. Мәселе адамдар мен кәсіпорындардың көпшілігінің одан барынша пайда табатын, экономикалық модельін қалыптастыруда. Сондықтанда Қазақстанның БСҰ кіруін жандандыру маңызды мәселе болып табылады. БСҰ мүше болу еліміздің инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай жақсартады. Осы ұйымның негізгі қағидаларының бірі ретінде «транспаренттілік танылады, яғни еліміздің ашықтығы, заңдық базаның айқындығы.Біздің экономикамыздың бәсекеқабілеттілігі көбінесе, өзіміздің кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға тезірек өтуімен анықталады. Қазақстан қысқа мерзім ішінде Батыс елдерінің өнімнің сапасын басқарудағы жарты ғасырға жуық тәжірибесін игеруі тиіс. Қазақстанда стандарттар мен сертификаттардың ұлттық жүйесін 2006ж. дейін дамытудың бағдарламалық құжаттары жасалған, қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық ИСО стандарттарына жедел көшудің жоспары құрастырылды.
Сонымен қатар Қазақстан валюталық реттеуді ырықтандыру бағытында да жігерлі жылжуды, 2007ж. Қаржы секторына Еуроодақ стандарттарын енгізуді жоспарлап отыр. Қазақстандық капиталдың шетелге шығуы олардың сыртқы рынокты игеруі ынталандырылады. Бұл – жаһандық бәсекенің элементі, сонымен қатар әлемдік экономика жайлы маңызды білімдерді алуға деген мүмкіндігі.Экспорттық потенциальды ынталандыру, экспортқа бағытталған кәсіпорындарды қолдау, сыртқы рынокты белсенді игеру және жоғары қосылған құны бар экспорттық тауарларды жылжыту үшін сыртқыэкономикалық саясаттың басымды бағыттары болып мыналар табылады:
— әлемдік экономикаға деген елдердің өзара ықпалдасуына жағдай жасау, оның халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі рөлін рационализациялау;
— шетелдік импорттаушылардың адал емес бәсекесінен ішкі рынокты қорғау және отандық бәсекеге қабілетті тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді қолдау;
— нақты жобаларды дайындау және аймақтық экономикалық бірлестіктер шегіндегі экономикалық бастамаларды жылжыту;
— экспортты әртараптандыру және экспорттың жалпы көлеміндегі жоғары қосылған құны бар өнімнің үлесін арттыру, нақты секторды жандандыру, өндірістің тұрақтануына және әрі қарай өсуіне жағдай туғызу;
— әлемдік рыноктыңжағдаятының өзгеруіне кері әсерін тигізетін икемді салық және кеден-тарифтік саясатты жүргізу
— жоғары қосылған құны бар экспорттық өнімдерді сақтандыру мен несиелеудің механизмдерін қалыптастыру, сонымен қатар экспорттық-импорттық сақтандыру құрылымын құру;
— өңдеуші өнеркәсіпте жаңа жұмыс орындарын ашатын, өсімге әсер ететін, қара, түсті, асыл және сирек кездесетін металлдарды өңдеу саласындағы үшінші, төртінші қайта балқытуды инвестициялау саясатын жүргізу;
— сауда қызметін реттейтін құқықтық өрісті жетілдіру, қызмет көрсетудің жоғарғы сапасы мен қазіргі дизайнының негізінде рыноктарды, өкілдіктерді, сауда үйлерін ашуды көздейтін сауда инфрақұрылымы жүйесін дамыту. Сонымен қатар ішкі рынокты тиімді бағадағы жоғары сапалы тауарлар мен қызмет түрімен қамтамасыз ету;
— республикамыздың алдыңғы қатарлы салаларында, әсіресе агроөнеркәсіп кешеніндегі бәсекеге қабілетті жаңа өндірісті қалыптастыру;
— мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының сауда өкілдіктерінің, сауда-өнеркәсіптік палаталар одағының өзара белсенді іс-қимылдары нәтижесінде сауда дауларын реттеудің механизмдерін жетілдіру; [25]
Аталған мақсаттарға қол жеткізу отандық экспорттың әлемдік рыноктағы шикізат тауарларына деген бағаның құбылуына тәуелділігін төмендетіп қана қоймайды, сонымен бірге экономиканың шикізат бағытындағы қиындықтарын тұтасымен шешеді.Осылайша, республиканың сауда-саяси режимін жақсарту отандық өнеркәсіпті басымды дамытуға, экспортты ынталандырудың тиімді саясатына, және өзара тиімді сауда-экономикалық қатынастар жағдайында әлемдік қауымдастыққа ықпалдасуына негізделген республиканың сауда-саяси режимін жақсарту, орта мерзімдік кезеңде сыртқыэкономикалық саясатты жүргізудің бағдарына айналады.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Келимбетов.К.Н. Стратегия экономического роста. Астана, 2005 г. 23 бет
- Нурсеитов.А.А. Бишимбаев.С.К. Мукашев.Ж.Б. Система государственногорегулирования внешней торговли Республики Казахстан: теория, практика ипути совершенствования. Астана 2011 г. 53 бет
- Г.Н. Доғалова. Халықаралық экономика. Алматы: Экономикс. 2010 ж. 211 бет
- Сәрсембекова.С.Е.Эффективность и механизмы развития экспортоориентированных пройзводств Павлодарской области. //Автореферат диссертаций на соискание ученой степени к.э.н.Костанай, 2005 г. 43 бет
- Рахимова.Б. Импортозамещение как составляющая промышленнаяполитика. // Саясат 2003 г. №2.
- Казахстан: анализ торговой и инвестиционной политики.//Под.ред. С. Байзакова. Астана-Алматы: Аркаим, 2008 г. 45 ст
- «ҚазЭкспортГарант» экспорттау-несиелеу қамсыздандыру корпорйиясы», www.keg.kz.
- Нурсеит.Н. Оценка экспортной ориентаций, импортозамещающегопотенциала и конкурентоспособности продукций промышленности Казахстана. // Аль-Пари 2001 г. №3-6 стр 161-171.
- «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттік» www.kaznex.kz
- Грачев.Ю.Н. Внешнеэкономическая деятельность. Москва, 2011 г.65 ст
- Радостовец.Н. Поддержка экспорта – реализация промышленной политики.// Казахстанская правда 2003 г. 22 апрель. 9 стр.
- Кажумуратова.А. Экспортный потенциал: классификационные признакиформирования. // Евразийское Сообщество 2010 г. №2(30) стр 76-84.
- Стратегический план развития Республики Казахстан до 2010года,
утвержденный Указом Президента Республики Казахстан от 4.12.01. №735 - Программа действий Правительства Республики Казахстан на 2012-
2014годыутвержденная Указом президента Республики Казахстан от 17.02.12. №344
“О дальнейших мерах по реализации Стратегии развития Казахстанадо 2050 года”. - Кусайнов.М. Стратегическое приоритеты развития Казахстана до 2010 и2030 года. // Экономист 2009 г. №11 стр 17-24.
- Мадияров Д. М. Сыртқы экономикалық саясат және экономикалыққауіпсіздік. Оқулық – Алматы: Экономика, 2009ж. 198 бет.
- Егемен Қазақстан №69 (28008) 2013ж.
- Тауарлар экспортын жанама реттеу шаралары жөніндегі Тұжырымдама.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002ж. 2-шілдедегі №714 қаулысымен мақұлданған. - Казахстан в цифрах. Статистический сборник. Агентства Республики
Казахстан по статистике. Алматы: 2012г. 74 ст - Мамыров.Е.Н. Государственное регулирование экономики в условияхКазахстана. Алматы: Экономикс. 1998 г. 23 ст
- Сулейменов М. А. Роль таможенной службы Республики Казахстанв правовом регулировании ВЭД в условиях рынка: Автореферат: 18.00.02Алматы 2002 г. 30 стр.
- Сәрсембекова. С.Е. Импорто замещающие и экспорто ориентированныепройзводство Павлодарской области. // Саясат 2001 г. №7-8
- Момент нестабильности. // Континент 2002 г. 20 марта-2 апреля. 10 ст
- Инвестиционная деятельность в Республике Казахстан. Статистическийсборник. Агентства Республики Казахстан по статистике. Алматы: 2010г. 63ст.
- Токаев К. Внешная политика Казахстана в условиях глобализации.Алматы: Гаухар. 2011 ж. 584 стр.
Құрастырғандар: МырзаханҚ., Сейілхан С.