ҚАЗАҚСТАНДА ФРАНЧАЙЗИНГ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Мазмұны
Кіріспе
Қазақстанда франчайзинг жүйесінің дамуы
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстанның нарықтық экономика жағдайына өтуіне байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің әдісі ретінде біздің нарыққа — франчайзинг термині енді. Бұл тақырыпты таңдғаған себебім, еліміздің экономикасындағы елеулі құбылыстардың бірі болып отыр. Франчайзинг – белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі. Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернацианалдандыруы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен шарттастырылады. Атап айтсам, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі жағдайында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне аударту арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда. Осындай себептерге байланысты, бизнесті ұцымдастырудың франчайзингтік нысанының қалыптасуы мен дамуы ұйымдық-экономикалық тетіктерін дайындаудың басым бағыты болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен байланысты. Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман-мақсаты франчайзингтің арқасында шынайлыққа айналуда.
Бүгінгі франчайзинг — өздерінің арман -мақсаттарына берілген және оны іске асыруда франчайзинг иесінің атауымен, өзінің меншікті бизнесін құштарлы түрде бастаушы дербес тұлғаларға кең мүмкіншілік беретін жан-жақты реттелген өнеркәсіп. Франчайзинг құбылыс ретінде өз істеріне берілген, жігерлі және талантты адамдар үшін ерекше шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады. Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысаны қарапайым әрі тиімді. Оның негізгі мәні — бір компанияның немесе франчайзердің өзінің тауарлық белгісін, атауын (бренд) белгілі бір анықталған шартта басқа бір кәсіпорынға немесе франчайзиға қолдану құқығын ұсыну.
Франчайзинг – жеңілдік, кәсіпкерлік, жалғасымды іскерлік ынтымақтастық нысанындағы үрдісте, ірі компания, жеке дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобында өнімді өндіруге , тауарлар сауда –саттығында және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген аумақта өзара шартпен анықталған бір мерзімде және белгілі бір шарттағы қызеттерін ұсынады. Франчайзинг — бизнесті жүргізудің ең тиімді түрі. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамытуда франчайзингтің орны үлкен болып табылады. Бұл құбылыс экономиканың көтерілу деңгейіне де өз үлесін қосады. Дамыған мемлекеттердің экономикасындағы кәсіпкерліктің қарқынды дамуында франчайзингтің рөлі жоғары.
Франчайзи шартта белгіленген тауарлар партиясын, шығыс материалдарын немесе өзге өнімдер және қызметтер сатып алуға міндетті. Сондықтан франчайзингтің басым ерекшелігі ол франчайзер үшін шағын болса да, бірақ өз өнімдерінің кепілді тұрақты сату көлемі болып табылады. Егер табыс тұрақты болса, онда оны болашаққа жоспарлап жаңа бағыттар дамытуға болады [1].Сонымен қатар, қарапайым бизнес қатысушылардың бірқатар ауыртпалық шығындық қиындықтары (персоналды оқыту және іріктеу, сапасын бақылау және т.б франчайзерге ауыртпалық түсірмейді. Сонымен қатар, франчайзингтік желіні дамыту арнайы қаржы салымдарын қажет етпейді және онымен қоса бренд үшін тамаша жарнама болып табылады. Франчайзи үшін артықшылықтар тексерілген бизнес-жүйесін пайдалану. Өз франшизасын нарықта ұсынудан бұрын, франчайзер өз бизнес-жүйесін жетілдіріп және барлық бизнес-процестерінің тиімділігін дәлелдеу тиіс. Сонымен қатар франчайзингтік желіні тиімді дамыту үшін франчайзердің флагмандық кәсіпорыны болуы тиіс, соның негізінде бизнес клондау жүргізіледі. Сондықтан франшизаны сатып алу кезінде кәсіпкер тексерілген және қазірдің өзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген бизнес- модельдің иегері болады.
Тауар сатудағы және қызмет көрсетудегі әдістер мен франчайзинг бизнесінің ерекшеліктерін қолдану арқылы айналысуға болады. Көптеген елдерде франчайзинг бизнестің прогрессивті әдісі болып табылады және табысқа жету үшін тәуекелге дайын кәсіпкерлер үшін өте тиімді.
Франчайзинг — « franchize» деген сөзінен шыққан, аударғанда жеңілдік, арнайы құқықтық мағынасын білдіреді.
Бұны жәй тілге аударғанда мына түсінікті береді: кәсіпкер жаңа техника мен технологияны авторлардың рұқсатымен пайдалана отырып, дер кезінде үйреніп, күнделікті тірлігіне қолдануына мүмкіндік алады. Бір жақ екінші жаққа белгілі функцияларды орындауға рұқсат беруін- франчайзингілік лицензия деп атайды.[2]
Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайын ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Сондықтан франчайзинг атаулы бизнес, ақпарат пен тәжірибені қолдануға оңтайлы жағдайларды туғыза отырып, техника мен технологияны қолдануға кететін шығындарын азайту арқылы шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге мүмкіншілік береді. Бұл жүйені күнделікті өмірде қолдана білу бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылады. Мысалы, франчайзингілік жүйені:
«Макдональдс», «KFC», «BURGER KING» немесе «Дока-пицца» (Ресей), «Coco Cola» (АҚШ) және көптеген фирмалардың қол жеткізген оң нәтижелі еңбектерін ауызға тиек қылып айтуға болады. Білімнің, тәжірибенің, қаржылық қорлардың және сақтандыру жүйелерінің деңгейінің төмен болуына қарамай Қазақстанда франчайзингтің тәжірибесін қолдануға тырысатын кәсіпкерлер саны көптеп табылады [3].
Сондықтан франчайзинг Қазақстанда тек бөлек фирмалар қолданып, басқалармен өз тәжірибесін қолдануға дайын емес. Сонымен қатара франчайзинг заңдылық базасын және лицензиялауды қажет етеді. Республикада осы жаңа дүниелерді үйрету үшін рұқсат алуға мүмкіншілік жоқ. Франчайзингілік заңдылықтың үлгісі ретінде Жапонияның, АҚШ-ның заңдарын алуға болады.
Франчайзинг ұғымы жалпы мағынасында франчайзинг — тауар таңбасын немесе коммерциялық белгілерін жалға беруді білдіреді. Франшизаны пайдалану шарттары франчайзер (франшизаны ұсынған адам) және франчайзи (франшизаны алатын адам) арасында регламенттеледі. Шартының мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан өте күрделіге дейін, құрамында өте ұсақ егжей-тауар белгісін пайдалану ережелеріне дейін өзгешеленеді. Әдетте келісім-шартта франшиза пайдаланғаны үшін аударымдар сомасы реттеледі (ол тіркелген параметрлеріне белгілі бір кезеңдегі құрамдас сату пайызы болуы мүмкін). Талап аударымдарды болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдайда франчайзи франчайзерден белгілі бір тауар саны, жұмыс немесе қызметтер сатып алуға міндеттенеді. Зингер тігін машиналарының сату және қызмет көрсету жүйесі қазіргі заманғы франчайзинг жүйесінің прототипі болып саналады. Әлемге әйгілі «Singer Sewing machine company» компаниясының негізін қалаушысы Исаак Зингер қазіргі заманғы франчайзингтің негізін салушысы болды.
1851 жылдан бастап Зингер фирмасы франшиза тапсыру үшін жазбаша шарт түрінде дистрибьюторлармен бітім жасауды бастады. Шартта Америка Құрама Штаттарының белгілі бір аумақтарда тігін машиналарының сату және жөндеу құқығы белгіленген. Ұйымдастыру кезінде әлемдегі ең бірінші толыққанды франчайзингтік жүйе Зингер фирмасы бәсекеге ең қабілетті бағалар қолдайтын тігін машиналарының жаппай өндірісін қамтамасыз етті.(” Кәсіпорын экономикасы” Р.Т. Дуламбаева Алматы -2011ж) [4].
Дегенмен, бұл ретке келтірілген қызмет бүкіл АҚШ аумағында қызмет көрсету және машиналар жөндеу жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндігін бере алмады. Осыған байланысты франчайзингтік жүйесі құрылған. Оның ішінде қаржы-тәуелсіз фирмаларға ұсынылатын айрықша құқықтар белгілі аумақта тігін машиналарын сатуға және қызмет көрсетуге мүмкіндік берілген. Өз мәні бойынша алғашқы франшиза қолданыстағы дистрибьюторлік келісімдерге қосымша дилерлер (франчайзи) машиналарға қызмет көрсетуге міндетті болды.
1920 жылдан бастап АҚШ-та стандартты тауарлық франчайзинг дами бастады. Франчайзинг қағидаты бойынша ірі көтерме сауда жеткізушілер бөлшек сауда дүкендер иелерімен өздерінің қарым-қатынастарын дамыта бастады. Көтерме сатушы (франчайзер) кіші бөлшек сауда ұйымдарына көптеген қосымша жеңілдіктер алуға мүмкіндік берген, сонымен қатар сауда-саттық фирмалардың маркасын пайдалануға және бұл ретте өз тәуелсіздігін сақтауға ырзалығын білдірген [5].
1930 жылы орын алған АҚШ экономикасындағы дағдарыстан кейін мұнай өндіретін компаниялар франчайзингті меңгере бастады. Осылай тәуелсіз франчайзиге тиесілі алғашқы бензин колонкалар желісі пайда болды. Әдеттегідей, май құю станциялары ұсақ жергілікті кәсіпкерлерге жалға берілді.
Классикалық тауарлық франчайзинг тек 1950-інші жылдары түрін өзгерте бастады. 1945 жылы Рэй Крок, болашақ Мак Дональдс компаниясының негізін қалаушысы, АҚШ батысында San Bernardino атты облысында орналасқан бір шағын мейрамхананың танымал болуының себептеріне қызығушылық танытты
Нәтижесінде ол табысты мейрамхананың иелеріне жолығып, көп ұзамай ұқсас мейрамханаларды сатып алу немесе сату құқығына лицензия алды.
1955 жылы Рэй Крок Мак Дональдс Систем Инк компанияның негізін салды. Ол франчайзингтің қазіргі түріндегі бизнес форматының (Business Format Franchisings) негізін салушы болып табылады, яғни франчайзиге франшизамен бірге тұтас бизнес жүргізу жүйесі беріледі [6].
Үлкен фирмалар технологияның «ноу-хау»-дың иелерінің өзінің әріптестеріне көмек көрсетуде ұйымдастырылған қолданылған іс-қимыл- фрачайзинг деп аталады. Мысалы, франчайзинг сауда және қызмет көрсету сферасында қазіргі кезде кең құлаш жайып отыр. Франчайзиді жеңілдік көмек ретінде алу үшін төмендегі талаптар шешімін табуы қажет
- Берілетін тауарлар мен қызметтерге мүмкін болатын заңдылықтардан қорғау үшін сақтандыру әдістері қолданылуы қажет, яғни кепілдік керек.
- Франчайзердің сауда маркасын қолдану белгілері бір ережелер мен нормалардың талаптарына сай жүргізілуі қажет.
- Франчайзер (сатушы) өзінің сауда маркасын белгілі бір келісілген территорияның аумағында ғана жүргізуге рұқсат етеді. [7].
Кәсіпкерлік бизнесте франчайзингілік іс әрекеттер үлкен және шағын компаниялардың арасында жүреді. Сонымен қатар негізгі келісім шартпен бірге субфранчайзінгілік келісімдер болуы мүмкін. Бұл келісімдер франчайзерлер рұқсатымен франчайзингке тән талаптардың орындалу негізінде басқа тұлғаларға қайта берілуігне рұқсат етеді.
Франчайзингтің мынадай түрлері болады:
1.Франчайзерлердің дистрибьюторы ретінде франчайзердің тауарлық маркасын қолдана отырып тауарды сатуын тауарлық франчайзинг деп атайды.
2.Франчайзердің өндіретін өнімге қолданатын технологияны пайдаланып, тауардың маркалық атауын пайдалану- өндірістік франчайзинг деп аталады
3.Франчайзерлердің атынан сатуға немесе қызмет көрсетуге болатын мүмкіншілікті пайдалану- іскерлік франчайзинг деп аталады.
Франчайзингтің көптеген түрлері болады және оның ішінде ең көп тарағандары:
а) аймақтық франчайзинг;
б) дамушы франчайзинг;
Жоғарыда көрсетілген фрачайзингтің басқа франчайзинг түрлерінен айырмашылығы- франчайзинг келісім-шарттың ұзақтығымен, қарым-қатынастардың деңгейі мен және жарнамалардың төлем деңгейімен анықталады. Қажетті мөлшерде қаржының жеткілікті болмауынан және белгілі мөлшерде жұмыс күштерінің жеткіліксіздігінен франчайзер өзінің іс-қимылын ұйымдастыру үшін, тиімді аймақтық франчайзингті таңдап франчайзерден көмек сұрайды. Негізгі франчайзи аймақтық дилерлік жұмысты ұйымдастыру барысында франчайзерледен болашақ табыстан роялти негізінде өз үлесін келісім шартта көрсетіп алуы қажет.(” Экономикалық ілімдер тарихы” Ө.Қ.Шеденов ,Б.А.Жүнісов Алматы-Ақтөбе- 2006 ж) .
Субфранчайзинг кезінде франчайзи франчайзерлермен шектелген қарым-қатынаста болады. Мысалы, «Дока-пицца» фирмасының жаңа қондырғысы мен технологиясын немесе ТВ сервистік қызмет қөрсету аймақтық франчайзинг пен субфранчайзинг арқылы іске асырылып отырады. Авторлық құқығы бар тұлға қолданудан пайда болған табыстан емес франчайзингтің түсімінен өзіне тиесілі бөлігін алады. Сонымен қатар франчайзингтен табылған табыстар келісімдегі өлшемдерге сәйкес франчайзингке қатысатын субъектілерге бөлініп беріледі. [8].Франчайзингтің негізгі ерекшелігі сапалы тауар немесе қызметі ғана емес, франчайзингке қатысушылардың кәсіпкерлік деңгейі нақтылығымен анықталады және олардың қарым-қатынастары келісім-шарт негізінде құрылуы қажет.
Бизнесті ұйымдастыру кзінде жарнама өте үлкен рөл атқарады. Жарнаманың шығыны өте көп болады. Сондықтан франчайзерге келісім-шарт кезінде кететін шығынның көп бөлігін франчайзи жарнама жұмысы атқарады. Сонымен қатар франчайзер үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп, маркетингтік ақпараттарды жинайды. Франчайзи франчайзерден қажетті кеңесті алып нарықты зерттеуді , бизнесті басқарудың басқа да аспектілерін және ақшалай көмек алуға мүмкіндігі болады. Франчайзингілік бизнестің негізгі ерекшеліктерін моральдік талаптар жатады. Франчайзердің жетістікке жеті ілтипаттылығымен, шыншылдығымен, ашықжарқындылығымен анықталады. Тек қана ақшаға сатылаитын франчайза (комек) көпшілік жағдайда қажетті нәтижеге жеткізе бермейді. [9]. Арамдыққа негізделген франчайзингтің болашағы жоқ. Сонымен қатар франчайзинг әрқашанда комерцциялық тәуекелге байланысты, сондықтан бір адамның қолынан келген франчайзингілік іс-әрекет екінші бір адамның қолынан келмеуі мүмкін.
В. Довгань «Бизнес жолын кеңейтуші- франчайзинг» деп аталатын өз шығармасында: фирмалардың жартысы франчайзингілік жұмыстарын 2-3 жылдан кейін тоқтатуға мәжбүр болады, ал 5 жылдан соң банкроттар саны 70-ке жетіп, бұл бұл франчайзингілік іскерлік қызметте өте нашар көрсеткіш болып табылалады.(”Экономикалық ілімдер тарихы” Ө.Қ.Шеденов ,Б.А.Жүнісов Алматы-Ақтөбе- 2006 ж)
АҚШ-та статистика бұған қарама-қарсы, франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтін тек 4 фирмалар ғана жыл сайын жабылады. Бұл фирмалар, негізінен, өз себептерімен жабылғандар. Мысалы, қайта құру, басқа бизнеске көшу, жұмысын тоқтату.т.б. [10]
Халықаралық франчайзингілік асоциация өз мүшелері арасында банкроттарды аз мөлшерде тіркейді. Жапониядағы фрначайзнгтің қалыптасуы және даму үрдісі өте баяу қарқынмен жүргізілуде.
Жапонияда франчайзингтің тез дамуы халықаралық нарықтарды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Франчайзингілік белсенділіктің құрлықтар мен аймақтарда әртүрлі деңгейде таралғандығымен анықталады. Даму қарқындарының өзгешеліктері елдегі іскерлік климатын , азамттардың ұлттық психологиялық ерекшелігін, ақшаны табу, жұмсай білу қабілетін және мемлекеттің құқықтық саяси жағдайын көрсетеді [11].
Сонымен қатар франчайзингілік бизнес басқа аймақтардан қосымша адамдарды фирмаға жалдау мүмкіншіліктерімен анықталмайды. Бұл өзіндік ерекшелігі бар бизнес. Көп қаражат қажет етпейтін және авторлар франчайзердің көмегін керек ететін белгілі талаптардың негізінде жүзеге асатын үрдіс . Бұл талаптар франчайзингілік басты компаенияның франчизаны сатқанда басқару (жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, және бақылау) мәселелерінде, кадрларды оқытуда, жарнама шығындарын азайтуда және көптеген жеңілдіктерді беру кезінде жүзеге асырылады. Сондықтан франчайзингілік бизнестің оң ерекшеліктерін қолдана отырып, коммерциялық табысқа жету үшін мүмкіндіктер іздеу керек.
Франчайзинг француздың Franchise деген сөзінен шыққан,және “жеңілдік,артықшылық қатысу құқығы” деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасының кешенді кәсіпкерлік лицензия(франчайзинг) туралы заңына сәйкес, Франчайзинг — лицензиялық кешеннің құқық иеленушісі және осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет. Ал лицензиялық кешен деп бірқатар санаткерлік меншік обьектілеріне (тауар таңбасына, фирмалық атауға,қызмет көрсету таңбасына, патентке, ноу-хауға, қндіріс құпияларына) құқықтарды айтамыз.
Жалпы мағынасында, франчаайзингті–тауарлар мен қызметтерді өткізу, материалдық және қаржылық ресурстарды кооперациялау негізіде нарықты жауап алу және дамыту тәсілі ретінде, сондай-ақ, шағын және орта бизнес интеграциясы ретінде қарастыруға болады. [12].
Яғни ірі танымал компаниялардың шағын фирмалар мен кәсіпкерлерге қзінің тауарлық белгісін пайдалану құқығвһын сату арқылы шағын кәсіпорындар торабын кеңейту мен қзмет тиімділігіне әсер ету мүмкіндігін айтамыз.
Өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында белгілі бір төлем негізінде атынан іс жүргізу құқығын беретін “ноу-хауды” иеленетін танымал тауарлық белгісі бар ірі компания франчайзер деп аталады. Ал өндірістік және қызмет көрсетуші операциялар технологиясын,сапа стандарттарын сақтау міндеттемесін ала отырып,бқл құқықты алатын шаған фирма немесе кәсіпкерді франчайзи деп атаймыз.(“Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” А.Д.Үмбетқалиев Алматы- 2010 ж)
Франчайзер мен франчайзи қарым-қатынас франшиза деп аталатын лицензиямен реттеледі. Қалыптасқан тәжірибе бойынша франчайзингтің негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады. Олар:тауарлық,өндірістік,іскерлік. Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арөылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады.
Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты,материалдарды,технологиялар мен жабдықты пайдалана отыры,қзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз. [13].
Іскерлік франчайзинг жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни,танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын акәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Бизнесті ұйымдастырудың басқа нысандары сияқты франчайзингтің де артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Франчайзер үшін:
— ең аз салым жасай отырып,өткізу нарықтарын арттыру.
— франчайзи бизнеске өз үлесін салады және франчайзермен теңдей тәуекел етеді
— өткізу бөлімшелерінде жұмыс жасайтындарды жалдамалы жұмыскерлерді ынталандыруға байланысты үнемдеу. Франчайзи кәсіпорын иесі ретінде жоғары табыс табуға мүдделі болады
— әкімшілік шығындар мен еңбек шығындарының төмендеуі. Бизнесті жүргізу бойынша шығындарды франчайзи көтереді.
— франчайзиге арнайы ингредиенттер,залдар мен кеңселер үшін құрал-жабдықтар жеткізу жолымен қосымша табыс табу.
Франчайзи үшін артықшылықтар:
— тек ірі кәсіпорындардың ғана қолы жететін артықшылықтарды пайдалана отырып,шағын болса да өз кәсіпорындарын басқару мүмкіндігі
— кеңінен танымал сауда маркасын пайдаланып тауарлар сату арқылы маркетингке жұмсалатын шығындарды үнемдейді.Франчайзи ағымдағы мәселелермен айналысып,нарықтағы тауарлар қозғалысына көп көңіл бөлмеуіне болады.
— бастапқы капитал салымдары көлемінің төмендігі,қаражаттардың тапшылығына байланысты шағын кәсіпорындардың көпшілігі алғашқы жылдары жабылып жатады. Ал франчайзер бастапқыда капитал салымының қолайлы шарттарын ұсынады,сондай-ақ,қызметтің алғашқы жылдарында жақсы көмек көрсетеді.
— тәжірибе жинау және бизнеске кірудің » жұмсақтығы»,яғни қызметін жаңадан бастаған кәсіпкер франчайзердің көмегіне сүйенеді және әзірленген сызба бойынша жұмыс істейді.
Франчайзингтің кемшіліктері
Франчайзи үшін:
— дербестіктің шектеулілігі ,бас компанияның ‘франчайзердің’ бақылауы бизнесте өзін-өзі көрсету үшін аз кеңістік қалдырады. Франчайзидің өз идеяларын іске асыру,тауарлар мен қызметтерді жетілдіру мүмкіндігінен айырылуы оған өз кәсіпорынының иесі екендігіне күмән туғызады.
— франчайзердің танымалдығының төмендеуі немесе банкроттық жағдайында дағдарысқа ұшырау қауіптілігі.Егер франчайзердің репутациясы төмендесе ол франчайзидің қызметіне деи кері әсерін тигізеді.
— франчайзер қызметін пайдалану нәтижесінде шығындардың жөнсіз артуы. Франчайзи франчайзерден құрал-жабдықтар мен ингредиенттерді жоғары бағаға сатып алуға мәжбүр болады,бірақ олар басқа жерде арзан бағамен де с атылуы мүмкін.
Франчайзер үшін:
— франчайзер жалпы табыстан ғана үлесін алатындықтан,кейбір табыстарының төмендеуі.Басқа жағдайда,яғни сауда немесе қызмет кқрсету желілері компанияның өзінем тиесілі болса және менеджерлер басқарса көбірек табыс әкелуі мүмкін.
— бақылаудың қиындығы,франчайзи жалдамалы жұмыскерлер емес кәсіпкерлер болғандықтан оларды тікелей басқару мүмкін емес. Ал, тек бір сауда нүктесінің нашар репутациясы бүкіл желінің репутациясын бұзуы мүмкін және тауарлар мен қызметтер сапасына күмән тууы да ықтимал.
— есеп және есептілікпен байланысты проблемалар,франчайзер оған барлық франчайзилер қызметі жқнінде дұрыс есептемелерді өткізетініне сенімді емес.
— жарамсыз франчайзиді ауыстырудың мүмкін еместігі.Егер менеджер үмітті ақтамаса,кәсіпкер оны жұмыстан босатуы немесе басқа қызметке ауыстыруы мүмкін,ал қз нүктесін дұрыс басқара алмаған франчайзиді қашан франшиза шартын бұзғанша босата алмайды
Франчайзинг әдісі бойынша үйымдастырылған кәсіпкерлік қызметін жаңадан бастап келе кәсіпкерлік қызметін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер ашады,олардың көбісінің істі табысты жүргізу і,тәжірибесі және қаржылық мүмкіндіктері көбейді. Сондықтан да табысты жұмыс істеп жатқан фирмалар тарапынан қолдауды қажет етеді. Франчайзингтің мәні- ірі және болашағы бар кәсіпорын өз бизнесін жаңадан бастап келе жатқан шағын кәсіпорынға персоналды оқыту мүмкіндігін,белгілі бір сауда маркасын ,”ноу-хауды” өзін-өзі ақтаған технологияны пайдалана отырып белгілі бір уақыт аралығында жіне бір жерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу құқығын береді. Франчайзер әріптеске сауда мен қызмет ету аясын таңдаусауда және өткізу желісін ұйымдастыру жарнамалық компанияны қткізу барысында кеңес береді.шикізат пен материалардықұрал-жабдықтарды тасымалдау бойынша міндеттемелердерді басқаруды ұйымдастырудакейде тікелей қаржылық (несиелер нысанында) немесе жанама (кепілдемелер мен кепілдер ретінде) көмекті кқрсетеді. Франчайзер мен франчайзидің өзара қарым-қатынастарының барлық мәселелері келісімшартта көрсетіледі. [14].
Франчайзинг келісімшартының мәнінің ерекшелігі франчайзиге тек лицензия беру ғана емес сонымен қатар оны тәжірибелік тұрғыдан пайдалануда. Көптеген жағдайларда ол үшін техникалық құжаттаманы жұмысқа қажетті нұсқауларды беру франчайзиге жұмыс істеу әдістеріне оқыту мен кеңес берушілік қызметтерді ары қарай жалғастыру. Шағын кәсіпорын франчайзер көмегін пайдалана отырып салыстырмалы қысқа мерзімде өз ісін бастай алады және де мұнда бас кәсіпорын тарапынан тұрақты қолдау қиындықтарды (әсіресе бастапқы қызмет ету барысында ) жеңуге мүмкіндік береді. Франчайзер тарапынан көмек пен қолдау ақылы болады (роялти) және жеткілікті түрде жоғары болады.Франчайзинг пен франчайзингтік құрылымдарды бірнеше типтер мен түрлерге бөлінеді. Франчайзингтің негізгі типтері тауарлық,өндірістік,іскерлік,еншілес және конвессиялық франчайзинг болып табылады. [15].
Тауарлық франчайзинг бизнесті жүргізу тәсілін сипаттайды,онда франчайзи жетекші компаниядан тауарларды,оның тауарлы маркасымен бірге сату құқығын сатып алады. Өндірістік франчайзинг кезінде ірі компаниялар басқа компанияларға өнім өндіру мақсатында патенттелген үрдіс арқылы өзінің сауда белгісін немесе сауда маркасын пайдалануға лицензиялар береді.Іскерлік франчайзинг франчайзердің басшылығымен тәуелсіз бизнесті ұйымдастыруды қарастырады. Конверсиялық франчайзинг өнім франчайзинг өнім франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс істейтін көтернме немесе бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы сатылатындығымен сипатталады. Франчайзингтің негізгі түрлері дара немесе аумақтық болып екіге бөлінеді.Кең таралған түрі болып табылатын дара франчайзинг кезінде лицензия франшиза өнімнің қандай да біпр белгілі түріне сатылады.
Аумақтық франчайзинг кезінгде бірегей бас кәсіпорны бар,белгілі бір аумақта қызмет ететін екі және үш деңгейлі франчайзингтік құрылымдар құрылады.Аумақтық франчайзинг келесідей қосалқы түрлерге бөлінеді:
— көптеген кәсіпорындарды иеленетін франчайзинг дара франчайзинг негізінде дамиды. Бұл жағдайда франчайзер мен франчайзи бизнесті аймақта дамыту үшін келісімшарт жасайды. Сонің негізінде франчайзидің белгілі бір ауданда өз кәсіпорындардың құқығы пайда болады.
— субфранчайзинг жағдайында бас кәсіпорын франчайзимен келісімшарт жасап,әрі бір мезгілде субфранчайзер ретінде болады.Соңғысы басқа франчайзиларда келісімшарттық қарым-қатынастар негізінде басқа франчайзиларды тартады.
— дамушы франчайзингтің субфранчайзингтің субфранчайзингтен ерекшелігі,төменгі франчайзи субфранчайзермен және франчайзермен де келісімшарттық қарым-қатынастармен байланысты болады. Келісімшарттың талбына сәйкес субфранчайзер дара франчайзиді өзі таңдайды жіне оны оқытуға, оларға тәжірибелік,әдемелік көмек көрсетуге ,олардың қызметін бақылауды жүзеге асыруды міндеттеді. Сонымен қатар франчайзер ара франчайзиге тікелей лицензия береді және онымен тікелей келісімшарттық қатынастарға түседі. Франчайзинг жүйесі барлық қатысушылармен бабысқа бірдей қол жеткізуге бағытталған. Франчайзердің артықшылықтары:
— үлкен қаржылық шығынсыз бизнесті аз уақыт аралығында кеңейту тиімділігі
— өз өнімдері мен қызметтерін өткізу кезінде тиімді бақылауды жүзегеасыру мүмкіндігі
— роялти түрінде табыс алу
— өндіріс масштабтарын кеңейту нәтижесінде өз өнімінің немеме қызметінің шығындарын төмендету есебінен қосымша пайдаға қол жеткізу.
Франчайзинг жүйесіне қатысу франчайзиге келесідей артықшылықтар береді:
— тәуелсіз бизнесмен болу мүмкіндігі
— нарықта жақсы беделі бар сауда маркасы атынан өз бизнесін жүргізу құқығы
— бизнес пен маркетингтің бейімделген тұжырымдамасын қолдану
— сәйкес аядағы сарапшылардан басқарушылық кеңес алу мүмкіндігі
— бірлескен қызметті жүзеге асыру есебінен жарнамаға деген шығындарды азайту
— бастапқы оқу және білімін жетілдіру барысында бас фирманың қызметтерін пайдалана алу мүмкіндігі
— бизнес мектебінде оқымай-ақ немесе осы салада өз бизнесін жүргізбей-ақөз ісін бастау мүмкіндігі
— франчайзердің қолдауы арқасында қателерді болдырмау . [16].
Бірақ бұл артықшылықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктері көптеген жағдайларға байланысты болады. Мысалы ең алдымен нарықтағы франчайзердің имиджіне франчайзиге берілетін технологияның ғылыми –техникалық деңгейінен өндірілетін тауарлардың сапасынаносы тауарларға деген сұраныс сипатына және бәсекелік ортаның жағдайына тәуелді.Барлық кәсіпкерлік аяларына тарату туралы шешім қабылдау үшін ұсынылатын қызметтің бизнес-жоспары қажет.
Сонымен қатар франчайзингте белгілі бір кемшіліктер бар,кемшілікті есепке алу франчайзер үшінде ,франчайзи үшінде маңызды. Франчайзинктік келісімшарт франчайзер мен франчайзидің қарым-қатынастарын анықтайды және франчайзиді қорғайтын бірқатар ережелерді қамтиды. Бұл ережелер франчайзерге франчайзимен келісімшартты үзіп жіберуді қиындатады.
Франчайзи франчайзердің қызметкерлерді болып табылмайды. Олар бизнестің тәуелсіз иелері болып табылады.Франчайзингтік келісімшарттың болуы жағдайында да, франчайзимен өз бизнесінде жүзеге асырылатын мәмілелерді бақылауда белгілі бір қиындықтар туы мүмкін. Көптеген тұтынушылар әрбір франчайзингтік кәсіпорынды ортақ тауарлық белгімен жұмыс жасайтын кәсіпорындардың бірегей желісінің бөлігі ретінде қабылдайды. Егерде қандай да бір франчайзи өз бизнесін нашар жүргізсе ,ол барлық франчайзингтік жүйеге әсерін тигізеді. Франчайзи франчайзирге жалпы сатылымдар сомасы туралы есеп беріп отыруға міндетті. Кез келген франчайзингтік жүйенің жұмысы франчайзердің интеллектуалды менешігі болып табылатын қағидалар мен стандартқа негізделеді. Бизнестің мұндай қағидалары коммерциялық құпияны сипаттайды және франчайзингтік жүйенің негізгі табысы болып табылады. Франчайзи франчайзинг бағдарламасы бойынша оқу барысында ,кейбіп коммерциялық құпияларға қол жеткізеді. Франчайзингтік келісімшарт франчайзиге мұндай ақпаратты таратуға тыйым салғанымен,іс-әрекет барысында ондай жағдай жиі кездеседі. Франчайзи есебі бойынша франчайзингтік қатынастар оған үлкен шектеулер қояды деп есептегендіктен ,өз бизнесін ашу үшін франчайзермен келісімшартын бұзғысы келеді,ал өз кезегінде франчайзерге тікелей бәсекелес болады. Франчайзи франчайзингтік жүйенің ережелерін қатал ұстануы тиіс. Олар ұсыныс енгізе алады,бірақ бизнесті ұйымдастыру әдісін өзгерте алмайды. Франзайзингтік келісімшартқа сәйкес франчайзи франшизаның тауарлық белгісін пайдалану мен күнделікті операцияларға қатысты арнайы ережелерді ұстануы тиіс. Мұндай шектеулер тұтынушыға ұсынылатын өнім ассортиментіне ,жұмыс уақытының ұзақтығына қызмет көрсету ерекшеліктеріне қатысты болуы мүмкін. Франчайзи,осы шектеулерге франчайзилік келісімшартқа байланысты іс- әрекеттер басталмай тұрып келісімшарт болу керек. Франчайзи өз бизнесінің тәуелсіз иелері ретінде сипатталғанымен ,ол франшиза иелерінің желісінде маңызды буын болып табылады. Әрбір жеке франчайзи басқалары үшін бизнесте тең құқылы әріптес болуы қажет.
Потенциалды франчайзи франчайзер ұсынатын қолдау мәндерін анықтау үшін,франчайзингтік жүйенің жұмысымен мұқият танысып алуы керек. Франчайзер тарапынан жеткіліксіз қолдау болған жағдайда,франчайзингтік жүйенің күші әлсірейді.
Франчайзи франчайзердің қаржылық жағдайы туралы толық мәліметпен танысуы керек. Себебі,франчайзер өзін банкрот деп жариялаған жағдайда, франшизаны сатып жіберуі мүмкін немесе басқа да қолайсыз салдар туындауы мүмкін.
2007 жылдан 2011 жылдар арасында франчайзинг айналымы 100% дерлік ұлғайды және қазіргі таңда шамамен бір миллиард долларды құрайды. Бұл Қазақстанның франчайзинг секторы бойынша Орталық Азияда көшбасшы болып табылатынын сенімділікпен айтуға болады. 2002 жылдан бастап франчайзинг туралы арнайы заң шығарылған, ол заң бойынша шамамен 150 франчайзингтік жүйе және 1000-нан астам франчайзингтік ұйымдар жұмыс істейді. Тек қана 2003-2007 жылдар арасында елде франчайзингтік жүйелер 2,5 есе дерлік өсті. Франчайзингтің орташа жылдық айналымы үш еседен аса өсті. Франчайзингтік компаниялардың арқасында жұмыс орындарының саны көбейді және сектор көрінісі түрлендірілді.
Қазақстандық франчайзинг «Coca-Cola» зауытының пайда болуымен басталады, қосалқы түрік сублицензиясы лицензиардың аттас сауда маркасы бойынша ашылды. Зауыт 1994 жылы салынды. Елдегі өндірістің ашылуы, сапалы шетелдік компанияның қатысып отырғанын білдірді. Осылайша, атақты сусындар өндірушінің өнімі жай қарабайыр импорт түрінде ғана қол жетімді болған жоқ. Компанияны құру барысына жергілікті компания қызметкерлердің қатысуымен ұлттық өнім жасалынды [17]. Сол жылы Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бірінші 5-жұлдызды «Рахат Палас» қонақ үй пайда болды. Кейіннен бұл қонақ үй «Hayatt Regency» халықаралық франчайзингтік қонақ үйлер желісінің бөлігіне айналды. 90-ыншы жылдардың ортасынан бастап халықаралық өндірушілердің көптеген сәнді киімдерінің дүкендері және бутиктері елдегі франчайзинг жүйе бойынша ашылды. Мысалы, Қазақстандағы 90-ыншы жылдардың екінші жартысындағы «Adidas» фирмалық дүкеннің пайда болуын атап өтуге болады.ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдардың соңында «Сеймар» компаниясы өз өнімін сату схемасында франчайзинг элементтерін қолданғанын көруге болады. Компанияның дүңгіршектері және автодүкендері сауда нүктелерін безендірілуі бірыңғай фирмалык дизайн ретінде жасылынған. Сондай-ақ, компанияның логотипі және сауда белгісі міндетті түрде тұрды. Cауда нүктелерін жалға алушылардың бірі тәуелсіз кәсіпкерлер (дилерлер), сондай-ақ франчайзи компанияның өкілдері болды.
1999 жылдың желтоқсан айында «Анкара» қонақүйі өз жұмысын бастады, қазіргі кезде белгілі InterContinental қонақ үй желісінің франчайзилердің бірі болып табылады.
1999 жылы Алматыда лицензия бойынша Баскин Роббинс халықаралық балмұздақ желісінің бірінші нүктесі ашылды.
2002 жылы Қазақстан Республикасының 24 маусым 2002 жылы № 330 «кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)» Заңы пайда болды.
2007 жылы Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице президенті Кисиков Бекнұрдың авторлығымен шыққан Қазақстандық франчайзинг туралы бірінші басылым пайда болды.
2013 жылғы Ұлттық “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры қазақстандық франчайзинг үшін арнайы көрме және конференция ұйымдастыруды бастады. Франчайзинг дамыту институттары [18].
Қазақстандағы франчайзингтің дамуына бірнеше мамандандырылған және мамандандырылмаған институттар ықпал етті:
- Ұлттық Зияткерлік Меншік Институты (Казапатент). Тауар белгілерінің айналым секторын реттеу және франчайзингтік келісім шарттарды тіркеу оның негізгі миссиясы болып табылады.
- Еуразиялық Франчайзинг Қауымдастығы (EAFRAN). Агенттіктің негізгі миссиясы — кәсіпкерлерге франчайзинг және оны лицензиялау мәселелері бойынша тегін кеңестер беру.
- «Даму» – Шағын Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры. Қордың негізгі миссиясы – франшиза сатып алғысы келетін кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру. Сондай-ақ, Қазақстандағы франчайзингке бірқатар банктер, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар жанама түрде қолдау жасайды. Франчайзинг туралы заңнама Франчайзинг арнайы 2002 жылғы “Кешенді кәсіпкерлік лицензия/франчайзинг заңы” бойынша реттеледі. Сонымен қатар, франчайзингті 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 45-тарауы реттейді. Тауар белгілерінің мәселелері үшін арнайы тауар таңбалары туралы заң арналған [19].
Негізгі проблемалар
- Франчайзингтің секторына арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы.
- Зияткерлік меншіктің жеткіліксіз қорғалуы
- Кәсіпкерлер үшін ұзақ мерзімді қарыздардың шектеулі болуы
- Отандық кәсіпкерліктің ашық (прозрачность) болмауы
- Франчайзингтың пайдалы кәсіпкерлік нысан ретінде жеткілікті ақпараттың болмауы.
2000-2007 жылдар аралығында ақша мөлшерінің үлкен ағыны нәтижесінде жылжымайтын мүлік бағалары гиперинфляциялық түрде өсті. Жылжымайтын мүліктің жоғары бағалары, франчайзингтік нүктені ашу үшін кедергі болды. Елімізде үлкен ақша мөлшері жиналғанмен, инвестициялау объектілері өте шектеулі. Елдегі қор нарығының дамымауы франчайзинг үшін тағы бір кедергі болып табылады. Себебі, ол ресурсты халыққа инвестиция көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейді. Инвестициялардың негізгі бөлшегі жылжымайтын мүлікке жіберіледі де нәтижесінде бұл инфляцияның күшеюіне әкеліп соғады. [20]. Сонымен қатар кәсіпкерлік пен франчайзинг әлемдегі кең тараған инвестициялау объектілерінің бірі болып табылады. Батыс тәжірибесі көрсеткендей, кез келген адам, зейнеткерден бастап үй шаруасындағы әйелге дейін, табысты кәсіпкер болуы мүмкін. Франчайзинг тәуекелі аз бизнес түрі болғандықтан, бизнеске жаңадан келген кәсіпкерлерге ыңғайлы болып табылады. АҚШ-тың Сауда-Өнеркәсіп Палата мәліметтеріне сәйкес соңғы 5 жыл ішінде ашылған франчайзингтік кәсіпорындардың 97% табысты жұмыс істеуде, ал франчайзингке қатысы жоқ кәсіпорындардың 62% сол кезең ішінде жабылған. Бірақ, халықтың кәсіпкерлікке төмен қатысуы, Қазақстанда кәсіпкерлік туралы ақпараттандыру деңгейінің жеткіліксіз болуын көрсетеді.
Халық арасында кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар үлесі әлемдік статистикамен салыстырғанда өте төмен («өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық» ресми кәсіпкерлікке жатпайды). Бұл бастауыш кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.
Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар үлесі басым болып табылады. Бірақ, соңғы кездері франчайзинг жүйесі бойынша белсенді түрде дамып келе жатқан бірқатар отандық компаниялар қалыптасқан. Әрине, Қытаймен көршілестік франчайзингтің даму тарихында үлкен рөл атқаруы мүмкін. Себебі, Қытай өндірушілерінің ұстап тұрған өнімінің өзіндік құнымен бәсекелесуге өте киын болады. Сондықтан осындай жағдайда тек бірегей және қайталанбас кәсіпорынның тауарлары мен қызметтері бәсекеге қабілетті бола алады. Сектордың Ерекшіліктері Егер Қазақстандағы франчайзинг түрлерін қарастыратын болсақ , онда елде аса жиі дистрибьютивтік немесе саудалық франчайзинг тараған. Ал батыс елдерінде іскерлік форматтың үлесі сауда форматымен салыстырғанда жоғары болып табылаты. Қазақстандағы франчайзинг нарығының тағы бір ерекшелігі ол-сублицензия. Халықаралық франчайзерлер Қазақстанда тікелей жұмыс істемейді. Қазақстанда франчайзер мен франчайзи арасында тікелей классикалық қатынастар өте сирек кездеседі. Халықаралық франчайзерлер Қазақстанда өзінің Ресей немесе Түрік мастер-франчайзи (субфранчайзерлер) арқылы жұмыс істегенді қалайды, ал Қазақстандық компаниялар өз кезегінде субфранчайзи (сублицензиаттар) рөлін атқарады. [21]. Франчайзинг секторында бас франчайзимен тікелей қатынас болмауының бірнеше себептері бар: жергілікті тұтынушылардың субфранчайзер елдерімен менталитетінің/болмысының,ұқсастығы (шетелдік франшиза жергілікті ерекшеліктерге бейімдеуді талап етпейді) халықтың тығыз болмауы және өтім нарығының жеткіліксіздігі,жергілікті кәсіпкерлердің халықаралық франчайзинг нарығындағы енжарлығы және т. б. Қазақстандағы франчайзинг нарығының тағы бір ерекшелігін атап кетуге болады..
Ол франчайзингтің ел ішіндегі көші-қонының өте сирек кездесуі. Яғни ірі бизнес пен шағын кәсіпкерлік арасындағы байлыныстың жоқтығы. Ірі компаниялар өңірлік дамуды франчайзингтік системадан қөрі филиалдық нысанды артығырақ деп есептейді. Корпоративтік және мемлекеттік франчайзинг әлемде өте кең таралған. Ірі мемлекеттік және жеке компаниялар шағын және орта кәсіпкерлерге (франчайзи) франчайзинг жүйесі арқылы бизнес жүргізу технологиясы мен әдісін үйретеді. Бірақ Қазақстанда әзірге ірі компаниялар мен шағын кәсіпкерліктердің өзара іс-қимылдары өте аз кездеседі. Кедендік Одаққа кіруі Сарапшылардың деректеріне сәйкес Қазақстан Кеден одағына кіргеннен кейін елдегі нарықта ресейлік франчайзингтік операторлардың рөлі күшейеді. Атап айтқанда, Қазақстанда жақын арада Ресейден шыққан франчайзингтік желілердің саны 100% өсуі мүмкін. Қазақстандағы Франчайзингтің Мемлекеттік қолдау Кисиков Бекнұр кітабының (екінші басылым) деректеріне сәйкес, Қазақстандағы франчайзингті мемлекеттік деңгейде колдау “Даму” мемлекеттік кәсіпкерлік ісін дамыту қоры арқыры жүзеге асырылады. Франчайзингке байланысты іс-шаралар 2013 жылдың желтоқсан айында және 2014 жылдың қазан айында Қазақстандағы Kazfranch франчайзинг іс-шара туралы көрме мен конференция өтті. Ресейдегі Франчайзинг Франчайзинг Ресейге 90-ыншы жылдардың ортасында келді. Бұл нарықтың негізінің қалаушылардың бірі “ГМР Планета гостеприимства“ компаниясы болып табылады. Олар 1997 жылы нарыққа «Sbarro» мастер-франшиза ретінде шықты. Сол жылдан бастап АК Спортмастер белсенді жұмыс істеуді бастады [22].
Ол Ресейге танымал шетелдік спорттық брендтерді (Kettler, Columbia, o ‘ Neil) алып келіп, өзінің меншікті мультибрендтік дүкендерді (Footerra, Спортландия) дамыта бастады. VKO туроператор франшизасы да белсенді дами бастады. Кейіннен бұл франшиза Mostravel және Вояж Киев компанияларымен бірігіп “TUI Россия и СНГ” компаниясын құрды. Сол жылы Ресей франчайзинг Қауымдастығы құрылды. 2004 жылы Ресейге «Sela» және «Subway» брендтері келді. 2000 жырдардың ортасында Ресейдің нарығында Milavitsa, 2ГИС, Бэби-клуб, Алфавит, BERGhoff, Азимут қонақ үйі, Ұлттық жинақ банкі, News Media («Жизнь» және «Твой день» газеттері), EVITA, кофейнялар және т. б. франшизалар пайда болды. «Fransh стратегия роста» компаниясы франшизалардың бірінші баспа каталогын шығарды, сонымен бірге Ресейдегі бірінші «БиБосс» франшизалардың интернет-каталогының негізін қалады. (2) 2008 жылғы дағдарыс франчайзинг нарығының қатысушыларына ауыр соқты. 2008-2009 жылдардың ішінде көптеген компаниялар өз франчайзингтік қызметін тоқтатып, Ресей нарығын толығымен тастап кетті. Тек 2010 жылға қарай жағдай қалпына келе бастады. 2011 жылы франчайзерлердің саны дағдарысқа дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда екі есе асып түсті. 2014 жылдың соңындағы дағдарыс құбылыстары бірінші кезекте тауарларды немесе ингредиенттерді импорт жасайтын компанияларға әсер етті.
Бұл Ресейдегі франчайзинг нарығындағы компаниялардың үлесін айтарлықтай өзгертті. БиБосс порталының рейтинг нәтижелері бойынша барлық шетелдік киімдік брендтер ең үздік франшизалардың рейтингі арасындағы позициялары жүздіктің екінші жартысына төмендеді. Осылайша, олар өздерінің үлесін ресейлік өндірушілер, және импорқа тәуелді емес қызмет көрсету саласы мен IT-кәсіпорындар компаниялар үшін босатты. Сонымен қатар, 2014 жылдың қорытындысы бойынша микроқаржыландыру саласы елеулі өсім көрсетті. Халық арасында лездік қарыздар сұранысы үлкен көлемде өскеннен кейін микроқаржыландыру саласындағы франшизалар санын көбейді. Ресейлік құқық бойынша франчайзинг: коммерциялық концессияның келісім-шарты Ресейлік заңнамада франчайзингтік қарым-қатынастары коммерциялық концессия шартымен реттеледі. Коммерциялық концессияның шарты бойынша бір тарап (құқық иеленуші) екінші тарапқа (пайдаланушыға) сыйақы үшін, мерзімге немесе мерзімін көрсетпей, құқық иеленушіге тиесілі құқықтардың кешенің беруге міндеттенеді. Құқықтар кешенінің ішіне тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, сондай-ақ шартта көзделген айрықша құқықтармен белгіленген объектілер, атап айтқанда, коммерциялық белгілер және өндіріс құпиясы (ноу-хау) кіреді.
Коммерциялық концессияның келісім-шарты құқық иеленушінің іскерлік беделін және коммерциялық тәжірибесін (нақты пайдалану көлемі де айқындалады) пайдалануды көздейді. Келісім-шартта кәсіпкерлік қызметінің белгілі бір салаларында қолданыстағы территория ескертілуі мүмкін. коммерциялық концессияның шарты бойынша құқық иеленуші ретінде коммерциялық ұйым немесе дара кәсіпкерлер болуы мүмкін. Франчайзинг сферасындағы танымал компаниялар Көпшіліктің пікір қайшылығына қарамастан әлемдегі “Mcdonald’s” мейрамханаларының тек 15% ғана Mcdonald’s корпорациясының иесілерінің меншігі болып табылады; қалған фаст-фуд нүктелерінің барлығы бас (ұлттық) дистрибьюторлардың (франчайзи) меншігі болып табылады. Пайдалану шарттары өте қатаң — тіпті түс гаммасы мен үстелдердің көлемі шартпен регламенттеледі. Белгілі спорт киім өндіруші Columbia sportswear company қазіргі уақытта толығымен франчайзинг жүйесі бойынша сатуға көшті. Пайдалану шарттары өте қатал емес, басты талаптар — сауда алаңы 100 шаршы метр болуы тиіс және ол бөлек тұрған ғимаратта немесе сауда орталығында орналасу тиіс. Және бастапқы сатып алатын тауардың көлемі кем дегенде $80 000 болуы тиіс. Ресейде франчайзингтік қызметімен 1С компаниясы (2012 жылы франчайзи саны шамамен 4500 жетті), X5 Retail Group — 3 882 «Пятерочка» универсамдары, 390 «Перекресток» супермаркеттері, 83 «Карусель» гипермаркеттер, 189 «Перекресток Экспресс» дүкендері белгілі. (31 желтоқсан 2013 ж) БиБосс рейтинг қорытындысы бойынша 2015 жылы топ-10 ресейлік франшизалардың тізіміне келесі компаниялар кірді: 4 қоғамдық тамақтандыру франшизалары, соның ішінде: • «Subway» — халықаралық дәмханалар желісі, әлем бойынша 40000 кафелері жұмыс атқарады • «33 пингвина» — балмұздақ, инвестициялар 1 миллион рубльден басталады, 1155 кәсіпорындар желісі бар • «Крошка картошка» — фаст-фуд, инвестициялар 1,5 миллион рубльден басталады , 148 кәсіпорындар желісі бар • «Traveler’s coffee» — кофейнялар, инвестицилар 5 миллион рубльден басталады, 115 кәсіпорындар желісі бар • 2 ресейлік медициналық зертхана — «Инвитро» және «Гемотест» франшизалар. Компаниялардың бірнеше меншікті зертханалық орталықтары мен дамыған логистикалық желісі қысқа мерзімде материалдарды анализге жеткізуге мүмкіндік береді. • «2ГИС» франшизасы — Новосибирскте құрылған ірі IT-компаниясы. Аз уақыт ішінде компания халықаралық нарыққа шығып, қазірдің өзінде өз карталарын Ресей, Чехия, БАӘ, Италия және басқа елдерде ұсынады . • «Аскона» — ресейлік матрас өндірушісі. Компания желісінде 480-нен астам кәсіпорындары 184 Ресей қалаларынында орналасқан. • «Milavitsa» — әйелдерге арналған белорустік іш киім өндірушісі. Қазіргі уақытта компания желісі 132 қалада 360-тан астам дүкендерден тұрады. • «Бегемотик» — ресейлік ойыншық дүкендер желісінің саны мыңнан асады. «Бегемот» компаниясының жобасы болып табылады, компания өзінің ойыншық өндірісімен айналысады, сондай-ақ басқа өндірушілердің тауарларың көтерме жеткізулерін жүзеге асырады
«Дока-хлеб», «Дока-пицца» фирмалары ретінде Қазақстанда, «Макдональдс» және «Пицца-хат» ресторандары Ресейде, ал Пекинде «Кентукки Франд Чикен» және «Холидейс- Иннс» фирмаларының филиалдары ретінде франчайзинг пайда болды. Бизнестің басқа компаниялармен әріптестік қатынаста бола отырып, табыс табу жолы қиындайды. Белсенділігімен, кәсіпкерлігімен, шынайылығымен көзге көрінетін кәсіпкерлер үшін бұл үрдіс ауыр тиеді [23].
Сондықтан франчайзингтегі өзара келісмдерді қалыптстыру өте қиын жұмыс. Қазақстандағы көптеген кәсіпкерлер Шығыстың рухында тәрбиеленгендіктен, бұл үрдіс одан да қиынға түседі. Әсіречсе, елдің қылмыс деңгейінің жоғарылығы және экономикалық жағдайының нашарлығы республика кәсіпкерлеріне шын және шынайы қарым-қатынас құруға мүмкіндік бермейді. Өйткені франчайзминг экономикалық мазмұны сәйкес корпорациялық және ассоциациялық мазмұнды қажет етеді.
Кесте-1 Әлемдік кеңістіктегі франчайзингті қолдану масштабтары
(салқын саусындар мен автомобильдік бизнестен басқа)
(“Кәсіпкерлік” А.С.Сейдахметов, Қ.Ж.Елшібаев, А.Қ.Ізмаханова “Экономика баспасы” Алматы 2011 ж)
Халықаралық франчайзингілік келісімдер құруы кезінде көптеген мәселелерді ескеруі қажет, сондықтан шет елдіік юристік фирмалар және Қазақстан Республикасының Сыртықы істер министірлігі коммерциялық негізде франчайза келісімін құруға құқығы міндетті түрде тіркелуі қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернациалдандырылуы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуын ұйымдық- экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен байланысты. Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман мақсаты франчайзингтің арқасында айналуда. Франчайзинг 20 ғасыр бизнесінде “төңкеріс” қалыптасқан іскерлік қарым-қатынас нормаларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық жаңа енгізілімдер ,франчайзинг сияқты бүкіл әлем экономикасына ,оның ішінде ,экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы елдерге елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да, франчайзинг 21-.ғасырдың ұтымды, оңтайлы,іскерлік үлгісі болып табылады. [24].
Франчайзинг- белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімші келісім- шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығы немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту маңызды шарттардың бірі болып табылады.Шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің құралы ретінде біздің нарыққа франчайзинг жүйесі енді.Жалпы айтқанда ,франчайзинг дегеніміз-тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудың түрін,сонымен қатар, ірі және белгілі бір фирманың ұсақ кәсіп иесіне өнім сату үшін берілген лицензиясымен және оның брендімен қандай да бір қыызмет көрсету. Франчайзинг тік жүйеде ірі фирма ноу- хау,технологиялардың иесі, өзінің әріптесіне консультациялық көмек көрсетуге мүмкіншілігі үлкен.Франчайзинг екі жаққа да тиімді бір жағынан лицензия берушіге франчайзирге екінші жағынан лицензия алушыға -франчайзиге. Себебі, лицензия үшін консультациялық көмек үшін,сонымен қатар,сауда маркасын пайдалануға ,франчайзи,яғни кәсіпкерлік иесі,адам франчайзиге ақша төлеп отырады. Сондықтан да,франчайзинг бизнесті жүргізудің ең тиімді жолы.
Қазіргі таңда франчайзинг 70- тен астам шаруашылық салаларында қолданылады.
Франчайзинг менің көзқарасым бойынша,Қазақстандық нарыққа өте оңды болып табылатын ,тауар мен қызметтерді үйлестіруде және маркетингтің бірегей жүйесі.Ең алдымен,бұл жағдай сауда-саттық және әр түрлі қызмет көрсету аясына тән мазмұнда дамиды.Франчайзингтің артықшылығы – олардың әріптестер республикасы , тәжірибесі және қалыптасқан жеткіліктілігі,франчайзер және франчайзи,бірге жұмыс істей отырып, бір-бірінің жетістігін алмастыру арқылы және жіберген қателіктербойынша бизнесте инвестиция жасап,пайда табады. Осы тұрғвыдан алғанда,Франчайзинг бизнесті жүргізудің ең прогрессивті түрі болып табылады. [25].
Франчайзингілік компаниялардың бірігу негізінде нарықта монополистерді пайда болдырмау үшін және франчайзи қатынастары бәсекелестік туралы заңдардың және монополияға қарсы заңдылықтың талаптарына сәйкес құрылуы керек. Республика франчайзерлердің лицензиялануын және басқа да құқықтарын қорғауға, жаңадан келе жатқан монополистерге – барлығына тең , қатал шешімдер қабылданып , олар жүзеге асырылуы керек. Әрине, франчайзингтік келісім негізінде ерекше заңдарды қабылдамай-ақ, тиісті заңдардың талабы мен өзара қарым-қатынастарды рәсімдеп қолдануға болады. Жоғарыда айтылған ерекшеліктер франчайзингілік бизнеспен айналысатын фирмалардың Қазақстан нарығында жаңа дәстүрі емес кәсіпкерлік түрімен айналысып, өзінің бай тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.
Жаңа ғана дамып келе жатқан Қазақстан Республикасы үшін кәсіпкерлікті дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтанда кәсіпкерлікті дамыту үшін оның жеңіл жолдарын карастырғанымыз жөн. Кәсіпкерлікті енді ғана ашып келе жатқан кәсіпкерлер қаржы жағынан қысым көреді, ал франчайзингті осы мәселені шешудің құралы ретінде қарастыруға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
- ”Кәсіпкерлік” Р.Қ.Елшібаев Экономика баспасы ЖШС Алматы- 2014 жыл,77 бет
- ” Кәсіпорын экономикасы” Р.Т. Дуламбаева Алматы -2011 96 бет
- ”Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” А.Д.Үмбетқалиев,Ғ.Е.Керімбек Астана- 2011 65 бет
- “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” А.Д.Үмбетқалиев, Ғ.Е.Керімбек Астана — 2013 25 бет
- .” Экономикалық ілімдер тарихы” Ө.Қ.Шеденов ,Б.А.Жүнісов Алматы-Ақтөбе- 2006 18 бет
- “Кәсіпорын экономиясы” Р.Қ.Ниязбекова ,Б.А.Рахметов Алматы- 2014 68 бет
- “Технологиялар нарығы” А.С.Сейдахметов ,Қ.Ж. Елшібекова Алматы- 2011 96 бет
- “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” А.Д.Үмбетқалиев Алматы- 2010 65 бет
- “Кәсіпорын экономикасы” Қ.Ж.Оразалин Алматы- 2014 109 бет
- Шмит Гофф К.М. Экспорт: право и практика междунородной торговли: Пер. С англ.- М.: Юрид. Лит., 1993 35 бет
- Кешендік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Қазақстан Республикасының Заңы, 2002. 24 маусым // «Юрист» базасы. № 330. (соңғы өзгерістермен толықтырулар ҚР 25.03.2011ж. № 421-IV)
- Сейдахметова Ф «Нарықтық экономикадағы кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартының дамуы» «Әділ-Сот №6 «Заң» Медия Корпороциясы баспасы.» 02.11.2013.
- Бекнұр Сейітжанұлы «Қазақстандағы франчайзинг» Монография ,. А., 2014 63 бет
- «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ, Қазақстан Республикасының Президенті — елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халқына Жолдауы, Астана қ., 18.01,2014
- ” Кәсіпорын экономикасы” Қ.Ж.Оразалин Алматы-2013 150 бет
- ”Кәсіпорын экономикасы” Р.Қ.Ниязбекова ,Б.А Рахметов.П.Т.Байнеева Алматы-2010 42 бет
- “Кәсіпорын экономикасы” Р.Қ. Ниязбекова, Б.А Рахметов, П.Т. Байнеева Астана-2012 160 бет
- Кәсіпорын экономикасы Р.Қ.Мейірбеков,Қ.Ә.Әлімбетов Алматы- 2013 62 бет
- “Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы” 2002 жылдың 28 маусымындағы ҚР заңы
- “Кәсіпорын экономикасы” Р.Қ.Ниязбекова ,Б.А Рахметов.П.Т.Байнеева 2010 85 бет
- “Кәсіпорын экономикасы” І.Ж. Нарғозиев Алматы- 2010 93 бет
- ”Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік құқықтың негізгі аспектілері” 2012 58 бет
- Франчайзинг-табысты бизнес кілті Алдаберген Кемпірбаев Айқын 2016-12 қараша 7 бет
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том 18 бөлім 26 бет
- “Кәсіпкерлік” А.С.Сейдахметов,Қ.Ж.Елшібаев,А.Қ.Ізмаханова “Экономика баспасы” Алматы 2011 56 бет
Құрастырғандар: Орынбасар Г., Нұртай Ш.