ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ
Мазмұны
Кіріспе
Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: «бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.»\1\
Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады.
Стратегияның негізгі мақсаты – ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ. Бағдарламада сауда саясаты, инвестициялық саясат, еңбек ресурстары, білім беруді дамыту, кадрлар даярлау, денсаулық сақтауды дамыту, қаржы рыногын дамыту, фискалдық саясат, ғылымды дамыту, ғылыми-техникалық және инновациялық саясат, стандарттау және сертификаттау саласындағы саясат, инфрақұрылым, электр энергетикасы саясаты, ақпараттық саясат,телекоммуникацияларды дамыту, көлкті дамыту, тариф саясаты мен бәсекелестікті қорғау, экологиялық саясат мәселелері де қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында елдің индустриалдық-инновациялық дамуының нәтижелері мен бағыт-бағдары анық көрінеді: «Оның жүзеге асуының бірінші жылының нақты нәтижелері бар. Біз 152 кәсіпорынды қолданысқа бердік, 24 мыңға жуық қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік. Ел бойынша барлығы сегіз жүз әртүрлі өндіріс ошақтары құрылды. Біз химия және жеңіл өнеркәсіптің белсенді түрде қалпына келуі және дамуы процесін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде секіріс жасадық»/2/.
Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. Тәуелсіздік алғаннан бері 21 жыл ішінде еліміз ғасырға татитын жетістіктерге жетіп, дамудың инновациялық жолына түсті. Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл ретте Қазақстан өзінің тәуелсіздігін одан әрі нығайту мақсатында мемлекеттік құрылымның әр түрлі саласында өркениетті елдердің үлгілеріне сай келетін түбірлі инновациялық жаңаруларды жүзеге асыру кезеңін басынан кешіріп отыр.
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003- 2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: «əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.»\3\
Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын əртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу және ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк- технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркəсiпте жəне қызмет көрсету саласында бəсекеге түсуге қабiлеттi жəне экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар жəне қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық- инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Бəсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кəсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркəсiптiң өнiмi осындай əлемдiк стандарттарға сəйкес келуi керек жəне баға бойынша бəсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық жəне өндiрiстiк əлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бəсекелестiк артықшылықтарды алуға жəрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс: «Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жəрдемдесу . Жоғары ғылыми-технологиялық əлеуетi бар ғылыми- техникалық жəне өнеркəсiптiк ұйымдар мен кəсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми жəне инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми- технологиялық аймақтар жəне c.c.) қолдау.»\4\ Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық əлеует салаларын пайдалану. Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы əзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар; ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер жəне басқаларды жасау. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар жəне ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау. Ғылыми-техникалық жəне өндiрiстiк ұйымдар мен кəсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркəсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.
Сонымен қатар Қазақстанның индустриялды инновациялық дамуына кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар.Олар кестеде көрсетілген.
1-кесте – Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына кедергі келтіретін негізгі факторлар,ондық шкала бойынша көрсетілген
Ескерту- мәліметтер Қазақстан республкасының статстика жөнінде комитеттің ресми сайтынан алынды www://stat.gov.kz
Индустриалдық — инновациялық саясатты iске асыру нəтижесi 2015 жылы мұнай жəне газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркəсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне əкелмейдi. Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру: «ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту; ¾ ЖIӨ құрылымындағы ғылыми жəне ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру; ¾ ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркəсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады); ¾ Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркəсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % жəне 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру — 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн жəне жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. Өңдеу өнеркəсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия жəне металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркəсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %- тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте 4 ғылымды қажетсiнетiн жəне жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды. Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы жəне зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.» /5/.
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады жəне экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.
Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты.
Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз . Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді.
Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы. Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын- энергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.
Сонымен бірге, алдағы кезде осынау берері мол бағдарлама ауқымындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін еске салды . «Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркəсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % жəне 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру — 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн жəне жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. Өңдеу өнеркəсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия жəне металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркəсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %- тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн жəне жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды. Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы жəне зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды». /6/.
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады жəне экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыруға бағытталған көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі əрі бірегейі Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы – Үдемелі индустриялық- инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бір тетігі. Аталған бағдарлама төрт бағыттан тұрады. Олар – «жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кəсіпкерлік секторды сауықтыру, кəсіпкерлердің валюталық тəуекелдерін төмендету жəне кəсіпкерлік əлеуетті күшейту»\7\ .Кəсіпкерлерден «банктерден неге несие алмайсың?» деп сұрасаңыз, олар «несие өсімі тым жоғары» деп жауап береді.
Мемлекет банктерден несие өсімін төмендетуді талап ете алмайды. Өйткені, банктер – нарық құралдары болып табылады, олар бəсекелестік ортада жұмыс істейді. Сондықтан да өз қызметінің бағасын өздері белгілейді. Десе де, мемлекет маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру үшін берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеп бере алады. Бұл – пайыздық өсімді субсидиялау деп аталады. «Егер кəсіпкер банктерден өсіммен несие алса, мемлекет соның жартысын субсидиялау арқылы жауып береді. Бизнесмендер бұл үнемделген қаржыға кəсіпорынның əлеуетін нығайтады немесе жұмысшыларының жалақысын өсіруге жұмсайды»\8\.
Мемлекет осы бағдарлама аясында мұқтаждарға тегін инфрақұрылым, яғни, жол салып, су жəне газ құбырын, электр желісін тартып береді. Экспортқа өнім шығаратын кəсіпорындардың несиелік өсімінің бір бөлігін субсидиялайды. «Кəсіпкерлік əлеуетті күшейту» бағыты бойынша жұмыс істеп жатқан бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсетіледі. Шағын жəне орта бизнестің топ-менеджментін оқытуға, өндірісті шетелдік серіктестермен іскер байланыс орнату арқылы жаңарту, жаңғырту жəне ұлғайтуға кадрларды еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша əзірлеу жəне қайта даярлаудан өткізу сияқты мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Индустриалды-инновациялық саясатты мемлекет тарапынан келесідей шаралар қолдану арқылы ғылыми тұрғыда қамтамсыз етуге болады:
«· Ғылымды əлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде анықтау;
- Ғылыми сиымдылығы мол, ресурстарды үнемдеуші, экологиялық таза өнім шығаруға бағытталған жəне экспортқа 8 бағытталған жоғары технологиялық өнім өндіруге арналған зерттеуерді дамыту;
- Ғылыми жетістіктердің тəжірибелік тұрғыда іске асуын қамтамасыз ететін тетіктер жүйесін құру мен ынталандырушы жағдайларды жасау;
- Экономиканың жаңалықтарды қабылдау мүмкіндігін арттыру (сұранысты ынталандыру) жəне соларды отандық ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді қолдану арқылы қамтамасыз ету (ұсынысты ынталандыру);
- Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық базаны нығайту;
- Кадрлық мүмкіншіліктерді сақтап қалу мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша жоғары дəрежеде білікті ғылыми кадрларды даярлау жəне аттестациялау;
- Ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ғылыми ұйымдарды аттестациялау мен аккредиттеу жүйесін жетілдіру;
- Ғылымның мемлекеттік емес секторын құру жəне дамыту, оған мемлекет тарапынан қолдау тетіктерін дайындау;
- Жас дарынды ғалымдарға қолдау көрсету;
- Мамандарды əлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарынан тəжірибеден өткізу;
- Ғылыми зерттеулерді грант негізінде қаржыландыру тетіктерін құру мен жетілдіру;
- Қазақстан ғылымын халықаралық ғылыми-технологиялық қоғамдастығымен интеграциясын қамтамасыз ету.» /9/.
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметке үлкен көңіл бөлінеді. Өйткені оның түпкілікті нəтижесі болып өндірістің тиімділігінің артуы, еңбек пен капитал тиімділігінің артуы, жоғары технологиялық өнімнің көлемі табылады, ал бұлар, өз кезегінде – мемлекеттің экономикалық қуаттылығын білдіреді.
Индустриалды дамыған елдерде кадрларды даярлауға, өндірісті ұйымдастыруға, технологиялардан, жабдықтардан көрініс табатын жаңа білім алуға ЖІӨ өсімінің көп бөлігі жұмсалады. Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық мəселелері болып бəсекеге қабілетті өнімдер алуға бағытталған отандық ғылыми сиымдылығы мол өндірістерді дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды дайындау мен игеру, сондай-ақ республиканың өндірістік жəне ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін сақтап қалу мен дамыту арқылы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді белсенді етуге, жаңа технологиялық үрдістерді іске қосуға, өңдеуші өнеркəсіптерде жаңа бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық мүмкіншіліктерді дамытуға, ғылым мен өндіріс арасындағы ажырастықты қалпына келтіруге, инновация саласындағы қызметтерді ынталандыруға, алдыңғы қатарлы шет елдік технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етіп, халықаралық стандарттарды енгізуге ынталы.
Ғылыми-техникалық салада кəсіпкерлік секторды қалыптастырмай, инновация саласын дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркəсіптік өндіріс құрамындағы жəне еңбекпен қамтамасыз етілгендер санындағы шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып, сəйкесінше аз көрсеткіш құрап отыр. Бұл көрсеткіштер индустриалды дамыған елдермен салыстырғанда бірнеше есе аз.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біз бəсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бəсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық ұлттың инновация, кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық» деген тұжырымдар бар. Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясаттын қалыптастырады жəне экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған. Өңдеуші өнеркəсіпте жəне қызмет көрсету саласында бəсекеге түсуге қабілетті жəне экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бəсекеге түсуге қабілетті жəне тиімді ұлттық өнеркəсіпті қалыптастыру үшін кəсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға жəне қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік Стратегиясы 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған Стратегиялық жоспарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ одан кейінгі жылдары қазақстандық экономиканың сервистік-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негіздерін құруы тиіс.
«Стратегияның басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын əртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттің экономикалық жағдайы мен экономикалық өнімнің мықты көрсеткіші алғышарттарын алдыңғы технология мен инновацияның жұмыскерлердің кəсіпқойлығының артуы қамтиды»\10\.
Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізгі қаржы мəселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бəсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық əлеуеттің дамуын, тұрғындардың менталитеті, олардың білім мен мəдени деңгейі жəне сыртқы экономикалық байланысқа тəуелді .Қазір Қазақстан – үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды. Мемлекеттің бəсекеге қабілетін көрсететін басты нəрсе – экономикасы. Экономиканың бəсекеге қабілетті болудың басты бағыты — инновациялық экономика құру жəне шикізаттық емес секторды дамыт отырып инновациялық процесстерге бет бұру .
Инновациялық процесстерге бет бұру дегеніміз – бұрынғы даму жолдарын өзгерту, қоғамның барлық саласының даму динамикасын жаңарту, ғылыми-техникалық дамуға жаңа стимул беру мақсатында жұмыс істеу. Инновациялық жобаны іске асыру үшін ең алдымен жобаның түрлері мен əдістерін анықтау. «Инновациялық саясаттың басты мақсаты – отандық өнімдердің бəсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің əл-ауқатын көтеру жəне қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.»\11\
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін одан әрі нығайту мақсатында мемлекеттік құрылымның әр түрлі саласында өркениетті елдердің үлгілеріне сай келетін түбірлі инновациялық жаңаруларды жүзеге асыру кезеңін басынан кешіріп отыр. Біздің алдағы мақсатымыз – елімізде болып жатқан демократиялық сипаттағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы инновациялық өзгерістердің мәнін жете түсіну үшін ғылыми-әдіснамалық және қол данбалық зерттеулер жүргізу, оларды жүзеге асыру шарттарын анықтау мен оған ғылыми болжам жасау болып табылады. Міне, соған байланысты Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуының жаңа принциптерін ұсынып, индустриалды-инновациялық даму бағытын алға тартып отыр: «Барлық мемлекеттер өткен ға сырдың басында индустрияландырудан өтті, Қазақстанда ол 30-жылдары болды. Бірақ мұндай индустриялизация бізге жарамайды, біз инновациялық индустриялизация туралы айтып отырмыз және ол бүгінгі күнгі әлемдік экономиканың тәртібіне сәйкес келуі керек» /12/.
Кейбір сарапшылар инновация түсінігін экономикалық шеңберден шығарып, оны адамгершілік-мінез-құлықтық құрамдас бөлігін алғашқы орынға шығарып жібереді. Яғни, бұл мағынада инновация ішкі өзгерістерді білдіріп, уақыт қажеттілігіне байланысты адамдар санасының «реформасын» көрсетеді: «Меніңше, индустриалды-инновациялық даму – бұл қоғамдық институттардың сапалық өзгерісі, яғни тек қана технологиялық емес, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік және рухани жаңаруы». Бірақ сарапшылардың басым көпшілігінің қабылдаулары бойынша инновациялар мейлінше қолданбалы мағынаға ие және ғылыми-техникалық прогрестің жемісі ретінде оны өндіріске енгізу деп түсінеді. Осы түсініктен шығып, сарапшылармен бірқатар міндеттер қояды, олар индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асыру барысында шешімін табады. Ең алдымен, бұл – экономиканың диверсификациясы, оны шикізаттық бағыттылығынан өзгерту: «Елде өнеркәсіптік және өндірістік нысандарды ұлғайту қажет. Қазақстан шикізат өндіруші ел болып қала бермеуі керек. Шығыс Азия елдерінің тәжірибесін есепке ала отырып, ғылыми-техникалық бағытты дамытып, шағын және ірі техникаларды өндіруді бастау қажет. Шикізат өзімізде өндірілгендіктен экономикалық тұрғыдан бұл тиімді әрі сапалы болмақ»/13/.
Келесі міндет, ол инновациялық даму шеңберінде шешуді талап ететін – әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарынан тиімді өту. Әлемдік дағдарыс айқын түрде көрсеткеніндей, мемлекеттің барлық экономикалық құрылғыларының әлсіз жақтарына әсер етеді. Бұл тек қана өңдеуші салалардың дамымағандығы мен экономиканың шикізаттық бағыттылығы емес, сонымен бірге экономиканың бөлек секторларының әлсіздігінен.
«Дағдарыс жағдайында алып сатарлық капитал негізінде өскен экономикалық «көпіршіктер» жарылғанда жаңа нарықтар мен инновациялық өнімдерді іздеу қажеттілігі туындады. Үшіншіден, маңызды мәселелердің бірі, инновациялық дамумен байланысты – бұл адам капиталының сапасын көтеру.»\14\
Жаңа индустриалды-инновациялық саясат шеңберінде жоғары кәсіби білікті мамандар класын қалыптастыру жоспарлануда, ол өз кезегінде елде заманауи өнеркәсіп орындарын ашуға, жоғары қосымша құны бар өнім өндіруге және өндірістен қол үзбей ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктер ашылады. Ол үшін елімізде білім беру саласын қаржыландыру көлемі ұлғайтылуда, студенттерді шетелде тәжрибеден өткізу жүйесі белсенді түрде жүргізілуде, орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау мәселесі қарастырылуда. Соған байланысты индустриалды-инновациялық экономикаға өту сарапшылардың бағасы бойынша дамудың қалыпты кезеңі ғана емес, ол сонымен бірге Қазақстан мемлекеті үшін таңдаусыз жол және өз кезегінде таяу жылдарда Азия елдерінің, сонан соң әлемнің мейлінше бәсекеге қабілетті ел ретінде ортаға шығуды мақсат қойып отыр.
Ендігі жерде біз, Қазақстан қоғамының инновациялық даму деңгейінің ағымдық бағасын байқайтын боламыз. Бізге белгілі, инновацияларды енгізу – үлкен еңбекті қажет ететін процесс және тек қана мемлекеттік институттардың күшін ғана емес, сонымен қатар кең түрде қоғамның белсенді қатынасуын да талап етеді.
Осы еңбектердің арқасында елде мынадай көрсеткіштер орын алуда:
2011-2015 жылдардағы инновациалық қызмет тиімділігін бағалау
Ескерту- мәліметтер Қазақстан республкасының статстика жөнінде комитеттің ресми сайтынан алынды www://stat.gov.kz
«Ғылыми-зерттеу институттарына байланысты сарапшылардың пікірлері екіге, яғни инновацияларды енгізу деңгейі төмен және бұл өзгерістерге орташа деп баға бергендер болып бөлінді»\15\. Сонымен қоса Қазақстанда негізінен алғанда шетел компаниялары басқаратын ірі кәсіпкерлік саласында біршама салыстырмалы жағымды жағдай байқалды. Соған байланысты сарапшылардың берген бағасына қарағанда, қызметтері бұқаралық сипатқа ие салаларда модернизациялау деңгейі төменгі дәрежеде қалып отыр.
Аталған әрбір сала көптеген құрамдас бөліктерден тұратыны және өзімен күрделі әлеуметтік және экономикалық құрылымы бар екені, оларды модернизациялау үшін қомақты қаржылық, уақыттық және саяси ресурстарды қажет ететіндігі белгілі. Орта кәсіпкерлік, ұлттық компаниялар, ғылыми-зерттеу институттары және ірі кәсіпкерлік – бұл құрылым көлемі бойын ша салыстырмалы шағын, көбіне ұйымдасқан түрді білдіреді. Сондықтан да модернизация мұнда өзінің нәтижесін жылдам көрсетеді.
Сарапшылардың бір бөлігі бұл жағдайды елімізде «ақылды» экономиканы құрудың дайындық кезеңі енді ғана аяқталғанын, ал инновация ларды жүзеге асыруға біз енді келгенімізді түсіндіреді: «2014-2015 жылдары Қазақстан экономиканы диверсификациялау үшін нормативтік-құқық тық негіздерді құрумен айналысты. Ал қазір біз оны жүзеге асыруға кірісудеміз. Менің мәліметтерім бойынша, соңғы бірнеше жыл көлемінде елімізде шамамен 250 жаңа инновациялық жоба жүзеге асырылуда»/16/.
Басқа бір сарапшылар, инновацияларды жаппай енгізуге қажеттілік жоқ деп ойлайды. Өйткені қалыптасқан салалар мен дәстүрлі технологиялық процестер бар, ол жерде модернизация қалыптасқан жағдайды қиратып, өнімділік деңгейін төмендетіп жіберуі мүмкін деген ой айтып отыр. Сондықтан да бұл сарапшылар инновациялық саясат үшін «ұрандаудан» қашып, нысандарды таңдау әдісімен жанасу қажет екенін ұсынып отыр: Бізде инновацияларды енгізу деңгейі өте төмен дәрежеде. Бұл елде жүргізіліп отырған саясаттың ерекшелігімен және экономикалық дамудың түрімен байланысты болып отыр. Менің ойымша, экономиканың барлығын инновациялық жолмен дамыту мүмкін емес, бұл қажет те емес, өйткені қандай да бір түбегейлі өзгерістерді қажет етпейтін және бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін де салалар бар. Мұнда инновацияларды енгізудің ешқандай да мағынасы жоқ. Инновацияларға бұқаралық және зорлықпен өту меніңше, қоғам тарапынан тұрақсыздыққа, оны жоққа шығаруға алып келуі мүмкін».
Ал Қазақстанның кәсіпорындарының белсенділік деңгейі мынадай көрсеткіште 2015 жылғы статистикалық көрсеткіш бойынша:
1-сурет 2011-2015 жылдар аралығында инновация саласындағы кәсіпорындардың белсенділік деңгейі, с
егіздік шкала бойынша
Ескерту- мәліметтер //“Қала мен Дала газетінен” алынды 2015 жыл №30, 15 бет
Әлеуметтік саладағы инновациялар жаңалықтарды есепке ала отырып, еңбек жағдайын жақсартуды, білім беруді, денсаулық сақтау мен мәдениетті дамытуға бағытталған өзгерістерді білдіреді. Сарапшылар атап отырғандай, әлеуметтік саладағы инновациялар ғана экономикалық саладағы өзгерістердің негізі бола алады. Ағым дағы жағдайда медицина, зейнеткерлік қамсыздандыру саласында, қаржы секторында жекелей модернизациялар байқалады. Сарапшылардың түсінігінде әлеуметтік инновациялар келесідей бағыттарда жүзеге асуы қажет: – «Әлеуметтік мәселелерді шешу: жұмыссыздықпен күрес, жаңа жұмыс орындарын құру; – Аймақтарда бүгінгі заманғы инфрақұрылымдар құру: «Қазір әлеуметтік инновацияларға Астана мен Алматы ғана дайын. Ал басқа аймақтарда болса дайындық жұмыстарын талап етеді. Ол жерлерде қарапайым инфрақұрылым түрлері де жоқ»; Азаматтардың өмір деңгейін көтеру, әсіресе аз қамтылған тұрғындар қабатына әлеуметтік қорғау шараларын жүргізу»\17\. Соған байланысты, сарапшылардың пікірлерінше әлеуметтік саладағы инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі болып әлеу меттік, адами және еңбек әлеуетінің сапалы қайта өндірісі болмақ. Нақ осы мақсатқа инновациялық ортаны қалыптастыру мен әлеуметтік инновациялар толығымен бағыт талуы тиіс. Мемлекеттің экономикалық жағдайы мен экономикалық өнімнің мықты көрсеткіші алғышарттарын алдыңғы технология мен инновацияның жұмыскерлердің кəсіпқойлығының артуы қамтиды. Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізгі қаржы мəселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бəсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық əлеуеттің дамуын, тұрғындардың менталитеті, олардың білім мен мəдени деңгейі жəне сыртқы экономикалық байланысқа тəуелді.
Менің ойымша инновациялық дамудың негізгі мақсаты — жаһандану үдерісі аясында ұлттық экономикалық бәсекеге қабілеттілігін нығайту, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу арқылы халықтынаң өмір сүру деңгейін жақсарту. Ендеше, «инновациялық даму – бұл нарықта адамның өмір сүру сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа тауарлар мен қызметтер ұсынысының артуы. Нақтырақ айтқанда, «инновациялық даму – ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру негізінде қоғамның өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасайтын даму».
Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:
«Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.
Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.
Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.
Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.
Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.»/18/
Индустриалдық — инновациялық саясатты iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi.
Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру:
«ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту;
ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру;
ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады);
Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру — 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды.
Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды»./19/
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған өңірлік инновациялық жүйені қарастырайық.
2-сурет, Қарағанды облысы өңірлік инновациялық жүйесінің құрам бөліктері
Ескерту- мәліметтер Қазақстан республкасының статстика жөнінде комитеттің ресми сайтынан алынды www://stat.gov.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа кезең – жаңа экономика» атты мақаласында «Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен каныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды», – деген сөздері еліміздің бүгінгі күнінің даму бағытын сипаттайды. Сол себепті Қазақстан бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, негізгі мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылатын индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыра бастады .
Әлемде инновациялық қызметті қолдау тәжірибесінің қаншалықты көп болғанымен де Қазақстан экономикасы үшін ең қолайлысын,тиімдісін елдің экономикалық, ғылыми-техникалық, табиғат-климаттық ерекшеліктеріне қарай таңдаған жөн деп есептейміз. Бұл шетелдік тәжірибені бірден көшіре салу емес, керісінше олардың инновациялық ынталандыру шараларын зерттеп, соған қарай инновациялық процестерді жүзеге асыру жүйесінің қазақстандық моделін қалыптастыруымыз қажет.
Мемлекеттің негізгі инновациялық саясаты келесі шараларды қамтуы тиіс:
«-инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалау;
-өндіріс тиімділігі мен ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру;
-кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігін көтеру және инновациялық іс-әрекеттерді асыруға бөлінген мемлекеттік қаржыларды тиімді қолдану;
-отандық инновациялық өнімді халық аралық нарықта өткізуде қолдау және
Республикадағы өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру.
Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге болады:
-өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып, бәсекелік артықшылықтың ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде құрылымдық өзгерістер енгізу;
-халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейінің жақсаруы.»/20/
Инновациялық факторларды өндіріске енгізу арқылы жалпы ішкі өнім көлемін тез қарқынмен дамыту мүмкіндігі пайда болады және бұл факторлар ел экономикасының дамуын экстенсивті бағыттан, интенсивті бағытқа бет бұруға жағдай жасайды екен.
Кәсіпкер-бұл белгілі бір тәуелділікпен өз капиталын салушы адам.Сондықтанда кәсіпкерлік қызмет тәуекелді болып келеді.Өйткені кәсіпкершәләкке қатысушылардың іс әрекеттері қалыптасқан нарықтық қатынастар, бәсекелестік жағдайында экономикалық заңдардың барлық жүйесінің қызмет етуі толықтай есептеулі және жүзеге асуы мүмкін емес.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 12-съезінде ел экономикасының алдағы бесжылдықтағы жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын жеті басым бағытын айқындап берген болатын:
«Агроөнеркәсіп кешені;
Құрылыс саласы;
Мұнай өңдеу;
Металлургия;
Химия өнеркәсібі және фармацевтика;
Энергетика;
Көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту»./21/
Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізі қаржы мәселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық сұранымға, бәсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуы, тұрғындардың менталитеті, олардың білімі мен мәдени деңгейі және сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді. Бұлардың әрқайсысы инновациялық процесстерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп отырады.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясаты 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.
Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы 12 негізгі индикатордың 10-ында жоспарлы өсім көрсеткіші тіркеліпті. Мәселен, 2010 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіп саласындағы қосылған құн салығының нақты өсімі 2015 жылы 24,5 пайызға артқан. Ел кәсіпорындарының инновациялық белсенділік көрсеткіші де екі есеге өсіпті. Жалпы ішкі өнімдегі энергияның қамтымдылық деңгейі 2010-2015 жылдар аралығында 13,6 пайызға төмендеген. Бұл бәсекелестікке қарай бетбұрысты білдірсе керек. Тоқтала кететін жайт, машина жасау, құрылыс индустриясы мен химиялық өнеркәсіп салалары өңдеуші өнеркәсіптегі өсімнің негізгі драйверлері саналады. Бұл ретте машина жасау 75 пайызға, металл емес өндіріс пен минералды өнімдер 47 пайыз, химиялық өнеркәсіп 28 пайызға өскен.»/22/ Бұдан бөлек, Үкімет индустрияландыру картасындағы жобалардың жүзеге асуын жүйелі қадағалап келеді. Жұмыс тобының мәліметтеріне қарағанда, «картадағы жобалардың 80 пайызында жұмыс жоспарға сай жүріп жатса, шамамен 300 жоба өздерінің толық өндірістік қуатына мінген. Тұтастай алғанда, Индустрияландыру картасына ілінген жобалар арқасында 3,2 триллион соманың өнімдері шығарылған». Ал «Карта аясындағы жобалардың шет мемлекеттерге экспортқа шығарған өнімдер құны 133 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, Үкімет қазір 48 республикалық жобаны жіті бақылауға алған. Ал сол 48-дің 15-і бірінші бесжылдық аясында іске қосылады деп жоспарланса, республикалық жобалардың басым бөлігі, атап айтқанда 8 трлн. теңгені құрайтын 33 жоба келесі бесжылдықта іске қосылмақ»/23/. Сөйтіп, индустрияландыру бағдарламасының нақты нәтижелері екінші бесжылдықта сезіле бастайтынға ұқсайды. Бейнелі түрде алсақ, бірінші бесжылдық индустрияландырудың іргетасын қалады, енді негізгі жұмыс жанданбақ. Ендеше, бұл кезең Үкіметтен бұрынғыдан да сауаттылықты талап етеді.
2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде Үкімет нақты басым салаларды айқындау, экспорт бағдарын арттыру, бизнестің қатысуын арттыру, кластерлерді дамыту мен өңірлердің мамандануын тереңдету секілді мәселелерге барынша мән берген. Бірінші бесжылдықта негізінен қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту шаралары жүзеге асты, сонымен бірге екінші бесжылдық үшін қуатты салаларды қалыптастыруға өндірістік негіз қаланды. Біз халықаралық сарапшыларды тарта отырып, қосылған құн тізбегіне қатысты зерттеулер жүргіздік. 300-ден астам өнім сараланып, оның ішінде шикізаттық база, технология мен өндіріс мүмкіндігінің қолжетімділігі, нарықтық әлеуеті мен экономикалық тиімділігі есепке алына отырып, 36-сы басым ретінде айқындалды.. Дегенмен, ағымдағы жылы бізге көршілес нарықтарда да, әлемдік нарықта да жағдайдың күрт нашарлап кетуі болжанады. Бұл негізінен шикізатқа бағаның тұрақсыздығынан, геосаяси тәуекелдердің шиеленісе түсуінен, сонымен қатар, капиталға қолжетімділіктің шектелуінен орын алуы мүмкін. Дегенмен, Үкіметте нақты іс-шаралар жоспары бар, ал ондай жоспарды жүзеге асыру оң нәтиже береді деп сенеміз. Жалпы алғанда, «ағымдағы жылы Үкімет индустрияландыру аясындағы 700 млрд теңгені құрайтын 120 жобаны іске қоспақ.Елбасының сөзіне қарағанда, 2017 жылға дейінгі қабылданған Мұнай және газ секторын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, елімізде мұнай өңдеу 17,5 млн тоннаға, мұнай тасымалы 98 млн тоннаға жетуі тиіс. Газ өндіруді жылына 35 млрд текше метрге жеткізу міндеті де бар»/24/.
Мұның барлығы экономика үшін аса маңызды салалар екеніне тоқталған Елбасы осы бағытта білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, білікті кадрлар ең алдымен индустрияландыру сұранысының талаптарына жауап беруі тиіс. Соған орай, «Білім және ғылым министрлігі мен барлық өңірлер алдында білікті мамандар дайындау міндеті тұр. Қазірдің өзінде сұранысқа ие 20 мамандық пен 9 оқу орны анықталғанТүйіндей айтқанда, 2015-2019 жылдары жүзеге асырылатын индустрияландырудың екінші кезеңі экономиканың теңдестірілген құрылымын жасауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталады. Соның ішінде, ҮИИД-2 бағдарламасында 6 бағыт бойынша басымдық беріліп, негізгі өзек экономиканың теңдестірілген құрылымын жасауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталады. »./25/ Жаңа жұмыс орындары елдің экспорттық әлеуеттін арттыратын қайта өңдеу саласында, макроэкономикалық тұрақтылық пен оның өсіміне қаржылық негізді қамтамасыз ететін дәстүрлі шикізат секторы, инновациялық және қызмет көрсету салаларында ашылатыны көзделіп отыр. Сонымен қатар, 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен әлемнің 30 дамыған елі қатарына кіру мақсатының маңызды құралына айналатын болады
Қорытынды
«Еліміздің алдында тұрған үлкен мақсат – мынадай алмағайып заманда экономикамызды түзеп, жағдайымызды жөндеп, индустриялық Қазақстанды жасау. Сол кезде еліміздің келбеті өзгереді, басқа кадрлар даярланады, басқа ұрпақ өседі, экономика жаңарады. Біз шынымен де 30 өркендеген, өскен елдің арасына енеміз. Мақсатымыз – сол. Осындай мақсат қойған ел қызметкерлерінің жұмысы да қызық болады. Істеген жұмысыңның ертең нәтижесін көресің өзің. Қолыңмен істейсің, көзіңмен көресің, елдің ризашылығына бөленесің. Осы жұмысты атқару – бәрімізге бақыт.
Президентіміздің жемісті еңбегінің арқасында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылды. Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Ендігі уақытта Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілеттілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру. Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты.
Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьердің пікірінше, Қазақстанның индустралды-инновациялық бағдарламасында республиканың өз алдына қойып отырған міндеттері мен оған жетудің нақты саяси түсінігі көрсетілген.
Ол бұл құжатта экономикалық стратегияны жүзеге асыру идеясына деген беріктік анық байқалатындығын айтты. Онда сонымен бірге, қаржылық міндеттемелер мен бағдарламаны жүзеге асырудың тетіктері айтылған. Ал жеке бизнестің дамуына Үкімет себепкер болу керектігіне тоқталған Жан Лемьердің айтуынша, орта және шағын бизнесті қолдау үшін тек бюджеттік әсер етумен қатар, тиісті нормативтік базаны жасау арқылы мемлекет тарапынан да көмек қажет. Индустриалды-инновациялық дамудың 2015 жылға
дейінгі бағдарламасында осы тетіктердің бәрі көрініс тапқан.
Бұл ретте индустриалдық саясатты дамытудағы мемлекеттің маңызын жоғары бағалаған Жан Лемьер түпкі нәтижеге қолдау көрсетілуі тиіс жеке сектордың күшімен ғана жетуге болады, деп атап көрсетті. Жалпы алғанда, Еуропалық Қайта құру және банк президенті аталмыш бағдарламаны аса тиімді деп бағалап, бұл стратегияны қолдайтынын мәлімдеді.
Жалпы қаржының Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асырудағы рөлі аса зор, өйткені кез-келген индустриалды-инновациялық даму стратегияларын жузеге асыру үшін қаржы керек.
Республикада индустриалды-инновациялық стратегия негізінде, өңірлердің ішінде бәсекелестік қабілеті жоғары және экспортқа бейімделген секторларды анықтау арқылы, жалпы өңірлердің дамуына институционалды қолдау көрсету бүгін мемлекеттің негізгі мақсаты болып отыр.
Жалпы айтқанда, ел экономикасын өрге сүйрейтін елімізде әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты бағытының бірі — индустриялдық-инновациялық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігі ақиқат.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Байгісиев М. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. – А.: Раритет, 2010. – 140-б.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы,Астана қ, 2011 жылғы 28 қаңтар
- Алинов, М.Ш. Экологический менеджмент: учебное пособие / М. Ш. Алинов, [б. м.], 2014. – 272-с.
- Әлеуметтік жұмыс: оқу құралы / жал. редак басқ. Г. С. Әбдірайымова. — Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 548-б.
- Доғалов, А.Н. Экономикалық теория: оқулық / А. Н. Доғалов. — Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2015. — 360 б. — (ҚР Білім және ғылым министрлігі)
- Еуразиялық экономикалық одақ: идеядан нақты істерге: халықар. конф. матер. жинағы = Евразийский экономический союз: от идеи к реализации (к 20-летию выступления Президента РК Н.А.Назарбаева в МГУ им. Ломоносова) : мат. межд. конф. (Алматы, 18 марта 2014 года) / под общ. редак. Б. К. Султанова. — Алматы: КИСИ при президенте РК, 2014. – 160-с.
- Шәріпов, А.Қ. Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп: оқулық / А. Қ. Шәріпов. — Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2014. – 59-б. — (ҚР Білім және ғылым министрлігі)
- Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы ролі : Студент топтарының кураторларына көмек ретінде. 1-жинақ / ред. А. М. Ғазалиев. — Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2014. – 114-б.
- Сагинова, Б.К. Жылжымайтын мүлік экономикасы: оқулық / Б. К. Сагинова, А. Е. Бименова. — Алматы, 2014. – 159-б.
- Әлеуметтік жұмыс: оқу құралы / жал. редак басқ. Г. С. Әбдірайымова. — Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 144-б.
- Хамитова К. З.Экономика және кәсіпкерлік негіздері- Алматы, 2014. – 114-б.
- Әлинов, М.Ш. Экология менеджменті: оқу құралы / М. Ш. Әлинов . — Алматы: Бастау, 2014. – 178- б.
- Жалғасбаева, А.А. Аудит: оқулық / А. А. Жалғасбаева, [б. м.], 2014. – 168-б.
- Грант Роберт, М. Заманауи стратегиялық талдау : оқулық. Б.1. / М. Грант Роберт. — Алматы, 2014 . – 272-б.
- Кусаинов Х.Х., Әжмұрат Н.Т. Аймақтықэкономика және басқару: Оқу құралы — Алматы: Бастау, 2014. — 157 б.
- Қазақстан Республикасындағы статистика агенттігі . Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету. // 2015 жылы.
- Бекболатова С. Эффективность инвестиций в современных условиях// Альпари, 4, 2015 Асилова А.С. ҚР инвестицияны тарту мəселелері жəне оларды шешу жолдары//Альпари, 1, 2015 (65) 143-146 б.
- ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ««Қазақстан-2050» Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы
- Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы. – А.: Заң əдебиеті, 2007. – 160-б
- Кәсіпорын эконоикасы.Мейірбеков А.А. ,Әлімбеков Қ.А:оқу құралы-Алматы. Экономика 2012.
- «Нұр Отан» партиясының 12-съезі,2009 жылы 15 мамыр
- Алинов, М.Ш. Экологиялық менеджмент: учебное пособие / М. Ш. Алинов, [б. м.], 2014. – 146- б
- А. М. Ғазалиев. — Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2014. – 137-б.
- Кусаинов Х.Х., Әжмұрат Н.Т. Аймақтық экономика және басқару: Оқу құралы — Алматы: Бастау, 2014. – 154- б.
- Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы айтқан жобасы,2015 жыл
Құрастырғандар: Оразбай Ш., Баймурат М.