ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ (ӨҢІРЛІК) ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мазмұны

Кіріспе

Қазақстанның инновациялық үдерісіндегі аймақтық (өңірлік) даму мәселелері

Қорытынды

Қолданған әдебиеттердің  тізімі

Кіріспе

«Инновациялық дамуды»  жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыруға көзделген экономикалық даму бағыты деп қарастыруға болады. Республикамыздың индустриалды-инновациялық дамуы стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсімге  шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын бағыттау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.

Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;  қаржының аз бөлiнуi; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Инновация интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім және жаңа немесе жаңартылған технолгия түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз. Инновация-инновациялық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнім, көрсетілген қызмет жаңа немесе жетілдірілген технолгиялық үдеріс түрінде іске асырылған нәтижесі. Нағыз инновация деп аталу үшін белгілі бір пайдалылы эффектісіне ие болу шарт.Инновацияның пайдалы эффектісінің мынадай түрлері болады: экономикалық тиімділік, экологиялық тиімділік, ғылыми техникалық тиімділі, әлеуметтік тиімділі.Қазіргі кездегі әдебиеттерге сай инновацияларды жалпы 3 түрге жіктейміз: 1) инновация-өнім-өнімділі инновация 2) технологиялық инновация 3)ұйымдастырушы-басқару саласындағы инновация.

Инновациялық кәсіпкерлік түсінігі және инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асырылу деңгейлерінің түрлері. Инновациялық кәсіпкерліктің астынғы ойы техниктік-технологиялық жаңалықтарды жасау процесі.Кәсіпкерлік қызметтің негізінде жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы, жаңа нарықты жасауға мүмкіндік беретін өнімдер мен қызметтер саласында жаңашылдықтар енгізу.

Инновациялық кәсіпкерлік –жаңа нәрсені жасаудағы ерекше жаңашылдық, жаңа мүмкіндіктерді іздеу негізіндегі шаруашылық процес.Бұл міндетті түрде кәсіпкердің барлық қаржылық жағынан да, моральдық жағынан да, әлеуметтік жағынан да жаңа проектіні іске асырудағы немесе бұрын барды жақсартудағы тәуекелділікте бар мүмкіндігінше жауапкершілігін көрсету.жалпы алғанда инновациялық кәсіпкерлікті қоғамдық техникалық экономикалық процес ретінде анықтауға болады.

Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады. Өңдеушi өнеркәсiпте және ызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.

«Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуының қазіргі кезеңдегі маңызды міндеттерінің бірі мықты, әлеуметтік саясатқа бағытталған, адамның  еркін дамуы мен тұрақты өмір сүруін қамтамасыз  етуге және әлеуметтік теңсіздікті төмендету, халықтың табыстарын арттыру, жалпы сапалы әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қалыптастыру және әрбір адамды лайықты өмір сүру жағдайларымен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған қол жеткізу үшін, ең алдымен, Қазақстан экономикасының әлеуметтік- экономикалық әлеуетін арттырудың маңызы зор. Өйткені ол ұлттық экономиканы іске асыратын мемлекет қызметінің барлық деңгейіне қатысты.Ол елдің өз экономикасының келешегін қалай құрып жатқанын да, онда өтіп жатқан саяси үрдістердің, білім деңгейінің, ақпараттық инфрақұрылым дамуының, инновация үшін қажетті құндылықтар жүйесінің сапасын да бағалайды. Елдің әлеуетін арттырудың басты көрсеткіші- халықтың өмір сүру деңгейі мен елдің тұрақтылығы, қоғамдық заңдылықтарға бағыныштылығын қамтамасыз ету.Қазіргі таңдағы инновацияның қарқынды дамуы жоғары деңгейдегі бәсекеге қабілетті факторларды, алдымен, елдің инфрақұрылымы мен оның ғылыми күш қуатын, халықтың білімділік деңгейін арттыру болып табылады.» [1]

Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.

Негiзгi бағыттар ретінде ұсыныстарымыз :

  1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.
  2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.
  3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.

Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.

  1. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
  2. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.

«Индустриалдық — инновациялық саясатты iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi.

Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру:

  • ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5%-тен

50-52%-ке дейiн ұлғайту;

  • ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес

салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру;

  • ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015

жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады);

  • Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi

тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру — 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды.

Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды.»[2]

1-кесте .  Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру.

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-81

Ескерту  — мәлеметтер Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қараша Қазақстан халқына жолдауынан алынды.

http://www.akorda.kz/kz/addresses/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakhstan-halkyna-zholdauy-2015-zhylgy-30-karasha

Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш – оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процесстерге бет бұру.

«Қазіргі заманда ұлттық тұрғыдан түлеу ел көлемінде  алға қойылған мақсаттардың қаншалықты өміршең екендігіне байланысты.Ал ел көлеміндегі мақсат өміршең болуы үшін ол жалпы адамзат қоғамының заманауи даму ағымдарын дөп басып отыруы қажет. Біздің Елбасымыздың мемлекет басқару саясатының бір көрегендігі — Үкіметке беріп отырған тапсырмаларының қашанда болсын әлемдік даму ағымымен сәйкес келетіндігі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы соның айқын көрінісі.  Бұл Стратегиядағы негізгі мақсаттардың бірі- Қазақстанда инновациялық экономиканы, яғни  адам ресурстарының әлеуетін толық пайдаланатын, бүкіл ұлттың күш жігерін, ақылы мен ой-санасын топтастыра отырып, оны жұмылған жұдырық секілді пәрменді   түрде дамуға бағыттайтын экономиканы құру.

Қазір біз дамыған елдермен салыстырғанда, инновациялық экономика құрудың төменгі сатыларының бірінде тұрмыз. Бірақ экономика саласында дұрыс та  жүйелі жолға қойылған мемлекеттік саясаттың неәтижесінде  қарқынды түрде алға жылжудың  үстіндеміз. »[3]

Индустриалды-инновациялық саясатқа   мемлекет арқылы бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мен оларға қолдау көрсететін шаралар кешені жатады. Өнімнің, тауардың бәсекеге қабілеттілігі ең алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге ие. Дамыған елдердің экономикасының үздіксіз алға басуы инновациялық қызметті үнемі қолдап, қуаттайтын және ынталандыратын саясаттың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл саясат ел экономикасының бұзып-жарып алға шығуын қамтамасыз ететін озық технологияны, басқарудың жаңа түрлерін, ғалымдар мен өнертапқыштардың ойлап шығарған жаңа дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруға бағытталған.

Жалпы, президентіміздің өзі тікелей ендіріп отырған индустриалды-инновациялық саясаттың басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын инновациялық технологияларды ендіру жолымен мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізу екені мәлім.

 «Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында еліміз мүмкіндігінше тез осы жүйеге көшу керектігін атап өтеді. Сонымен қатар, «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау керектігін де айтқан болатын. Жалпы, индустриалды-инновациялық саясат бойынша өңдеуші өнеркәсіптер және қызмет көрсету салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісін дамыту мәселесі ең бірінші орынға қойылады.»[4]

Мемлекет жоғары технологиялы өндірістер қалыптастыруға, оның ішінде шетелдік те, салааралық та технологиялар трансфертінің тиімді жүйесін жасауға жәрдемдесу үстінде. Сонымен қатар, жоғары ғылыми-технологиялық әлеуеті бар ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ұйымдар мен кәсіпорындар желісі бар қалаларда қазіргі заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазіргі заманғы элементтерінің қызметін (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдауда. Индустриядан кейінгі экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазіргі ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану мүмкіншілігі біздің елімізде де берілген. Қазақстан қазірдің өзінде мына салалардағы әзірлемелер негізінде ғылымды көп қажет ететін өндірістерді дамыту үшін белгілі бір ғылыми базаға ие, оның ішінде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың  генотиптері, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнімдер және басқаларды жасау. Ғылыми-техникалық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуіне бағытталған заң шығару базасы да елімізде барынша жетілдіріліп жатыр. Бұл дегеніміз, бізде индустриалды-инновациялық саясаттың алғышарты жасалып қойғанын көрсетеді.

«Бүгінде мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару мемлекттік қаржыларға байланысты өзекті мәселелерді шешу және алға қойлатын мақсатты орындауда күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қаржылық тетікті ынталандыру тәсілдері мен басқа да жолдарын және санкцияларын қолдану арқылы мемлекеттің қаржылық қызметінің аясындағы барлық субъектілердің, сондай-ақ қарамағында мемлекеттің ақша қаражаттары бар уәкілетті органдардың мінез-құлықтарына, әрі іс-қимылдарына жоспарланған және бағдарланған негізде реттеуші-ұйымдастырушы ықпал ету міндетін алға қойылғаны белгілі.

Тұтастай алғанда тұрақтандыру шараларын іске асырудан Қазақстан экономикасы қосымша 2172 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алды, олардың ішінде, мыналардың есебінен: Ұлттық қор қаражаты – 1200 млрд теңге; Ұлттық Банк шаралары – 350 млрд теңге; жаңа Салық кодексін қолдану шеңберінде салықтық  жүктемені төмендету – 500 млрд теңге; Стресті активтер қорын құру – 122 млрд теңге. Жалпы қабылданған шараларды іске асырудың нәтижесінде Қазақстанда 2009-2010 жылдары ЖІӨ-нің нақты өсімі жылына 1-3% деңгейінде көтерілді. Инфляция деңгейі 2009 және 2010 жылдардың соңына қарай 7-9% шегінде ұстап тұрылған.»[5]

 «Жалпы, 2014 жыл – Қазақстандағы индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы аяқталатын жыл. Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай, 2 шілде күні Үкімет Президент Н.Назарбаев алдында елдегі индустрияландыру саясатының барысы жайында жартыжылдықтың ресми мәліметін паш етіп еді. Индустриалды-инновациялық бағдарлама туралы атқарушы билік Елбасы алдында есеп беріп, 2014 жылдың І жартыжылдығының нәтижелері сараланды. Шындығында, бағдарлама барысы елдік дамудың келбетін көрсетіп қана қоймай, келешекке деген нық сенімді айқындай түскен секілді. Өйткені, дәл осы күні Мемлекет басшысы жалпыұлттық телекөпір арқылы ел аймақтарымен байланысып, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы дүниеге келтірген инвестициялық жобалардың және бір парасының тұсауын кесті. Үкіметтің өткен бесжылдық ішінде ел дамуының бас бағдарына баланған индустрияландыру саясатына бар күш-жігерін арнағаны сөзсіз. Өйткені, бұл Президенттің тікелей қадағалауда ұстап отырған тапсырмасы. Сонымен қатар, Елбасы өзінің бір сұхбатында «Менің арманым – индустрияланған Қазақстанды көру» деген болатын. Бұл дегеніміз, индустриалды-инновациялық саясаттың жүзеге асуы президент тарапынан тікелей қадағаланып отырғанын көрсетеді.»[6]

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға арналған кеңестің қорытындысы бойынша, сонау жылдары дағдарыс дауылы дамуға кедергі келтіріп, экономиканы тұралатып тұрған тұста қолға алынған индустрияландырудың бергені аз емес. Үкімет те Индустрияландыру картасында межеленген бағдарламалардың нақты орындалуына баса мән беріп, көрсеткіштердің орындалуын қатаң қадағалаған. Нәтижесі де баршылық. «Мәселен, индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан 4-5 жыл ішінде 672 жоба іске қосылыпты. Ең бастысы, 69 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылған. Сөйтіп, жаһанды жұмыссыздық атты құбылыс жалмап тұрған тұста Қазақстанның осы саладағы көрсеткіші уыста ұсталды. Сонымен қатар, өткен жылдар ішінде индустрияландыру арқасында Қазақстанда бұған дейін шығарылмаған 325 түрлі жаңа өнімдер өндірісі игеріле бастаған. Бұл да индустрияландыру саясатының ел игілігіне айналғанының нақты көрінісі.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы 12 негізгі индикатордың 10-ында жоспарлы өсім көрсеткіші тіркеліпті. Мәселен, 2008 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіп саласындағы қосылған құн салығының нақты өсімі 2013 жылы 24,5 пайызға артқан. Ел кәсіпорындарының инновациялық белсенділік көрсеткіші де екі есеге өсіпті. Жалпы ішкі өнімдегі энергияның қамтымдылық деңгейі 2008-2012 жылдар аралығында 13,6 пайызға төмендеген. Бұл бәсекелестікке қарай бетбұрысты білдірсе керек. Тоқтала кететін жайт, машина жасау, құрылыс индустриясы мен химиялық өнеркәсіп салалары өңдеуші өнеркәсіптегі өсімнің негізгі драйверлері саналады.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-84

1-сурет. Инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі

Ескерту  — мәлеметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі   комитетінің ресми сайтынан алынды. http://stat.gov.kz/faces/wcnav_extemaId/publications

Бұл ретте машина жасау 75 пайызға, металл емес өндіріс пен минералды өнімдер 47 пайыз, химиялық өнеркәсіп 28 пайызға өскен. Бұдан бөлек, Үкімет индустрияландыру картасындағы жобалардың жүзеге асуын жүйелі қадағалап келеді. Жұмыс тобының мәліметтеріне қарағанда, картадағы жобалардың 80 пайызында жұмыс жоспарға сай жүріп жатса, шамамен 300 жоба өздерінің толық өндірістік қуатына мінген.»[7]

«Елбасымыз өнімділікті инновациялық технологиялар есебінен көтері керектігін басып айтқан. Мәселен, ауыл шаруашылығында егістерді тамшылап суару технологиясының тиімділігінің арқасында көкөністердің шығымдылығы артып, суды тұтыну көлемі екі есеге төмендетуге болады. Бұл мқсатта ауыл шаруашылығы саласының ,ғылыми-өндірістік базасы аясында «ҚазАгроинновация» мамандандырылған компаниясы жұмыс істейтін болады. Қазіргі инновациялық жобалар әр облыстың индустрияландыру картасына сәйкес қалыптастырылады. Мәселен Оңтүстік Қазақстан облысында 8,3 мың жаңа жұмыс орындарын құра отырып 10 инновациялық жобаны іске асыру жоспарланған. Олар Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарауында жатыр. Екі жобаны – 2010 жылы, 4 жобаны – 2011 жылы, 1 жобаны – 2012 жылы іске асыру көзделген.

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2007 және 2009 жылдары кәсіпорындардың 4,8 пайызы инновациялық белсенді болып танылды, ал 2010  жылы бұл көрсеткіш 4 пайызға дейін төмендеген болатын, 2011 жылдың бірінші жарты жылығында бұл жағдай жақсарған жоқ және іс жүзінде сол деңгейде қалды.»[8]

Қазақстан экономикасының «ғылыми сыйымдылығын» арттыру арқылы оның «білімге негізделген экономика» жағдайына дамыту қажеттілігі Елбасымыз

Н.Н.Назарбаевтың Жолдауларында үнемі айтылуда. Еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуы оның заманауи талаптарға сай инновацияларды жасап, күнделікті өмір мен өндіріске кеңінен енгізу мүмкіндіктеріне байланысты.

Осыған орай қазіргі əлемдік экономикада ғылыми-техникалық дамудың соңғы уақыттағы негізгі үрдісі ретінде ұлттық инновациялық жүйелердің қалыптасуын айтуға болады. Ұлттық инновациялық жүйе дегеніміз — өзара байланысты жəне ғылыми білімдер мен технологияларды ұлттық шекараның аумағында өндірумен жəне коммерциялық жүзеге асырумен айналысатын ұйымдар мен құрылымдардың жиынтығы ретінде қарастырылады.

 Оған кіретін ұйымдарды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа — инновациялық белсенділігі жоғары кəсіпорындар университеттер, мемлекеттік институттар мен лабораториялар, екінші топқа инновациялық процесті құқықтық, қаржылық жəне əлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған терең ұлттық, дəстүрлік саяси жəне мəдени негіздері бар институттардың кешені жатады.

Инновациялық жүйелер əрбір ел үшін объективті факторлардың əсерімен қалыптасады. Оған оның көлемі, табиғи ресурстың болуы, географиялық жағдайы мен климат, мемлекеттік институттарының тарихи даму ерекшеліктері жəне кəсіптік іс-əрекеттің формалары жатады. Бұл факторлар инновациялық белсенділіктің ұзақ мерзімді бағыты мен жылдамдығын анықтайтын детерминанттары болып табылады

 Сонымен, ұлттық инновациялық жүйелер белгілі бір құрылымымен жəне жүйелік иерархиялық тəртібімен ерекшеленеді. Қазіргі уақыттағы ұлттық инновациялық жүйенің дамуы жаңа экономика ұғымымен байланысты. Яғни инновациялар экономикалық өсудің қозғалтқыш жүйесіне айналуда.

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан қабылданған жүйелі шаралар нəтижесінде инновация Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық маңызды бағыты ретінде анықталды. «Бүгінгі таңда Қазақстанның инновациялық дамудағы проблемаларының бірі ғылыми зерттеулердің аяқталмай қалуы, олардың өндірістен оқшаулануы болып отыр. Жасаған қолдаңбалы жұмыстар коммерциализациялану және өндіріске енгізу түрінде жалғасын таппайды. Қазақстанның 2015 жылға технологиялық бағдарламасында айтылғандай, қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындары ғылыми-зерттеу және тәжірибе- конструкторлық жұмыстармен (бұдан әрі – ҒЗТҚЖ) дербес айналысуға ұмтылмайды және ҒЗТҚЖ өнімдерін сатып алуға ақша салуға тырыспайды, салыстырмалы ьүрде бұл тиісті өндірісті жаңғыртумен айналысатын кәсіпорындарға да тән. Статистикалық деректерге сәйкес Қазақстанда кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі -50%,Турция-33%,Венгрияда-47%,Эстония-36%,ал Ресейде-9,1%-ды құрап отыр. Отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің объективті себептері ең алдымен ондағы-негізгі құралдардың тозуы. Келесі себеп кәсіпорындардың нарық қажеттілігін толық білмеуі және нарыққа сай өнімдер шығара алмауы. Мның мәні отандық кәсіпорындардың нарықты зерттеуге бөлінетін қаражаттарының мардымсыздығымен байланысты.»[9]

«Қазақстанның инновациялық дамуы алдағы уақыттарғы басты тақырыпқа айналды.Бұл жолда мемлекет басшысы инновациялық көрмелерді аралауға қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Қазақстан  әлемнің белгілі сарапшыларының  қатысуымен әзірленген 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын қабылдағанын атап өтті. Мемлекет басшысы осы стратегиялық маңызды құжат тарды өмірге табысты  енгізу үшін бірқатар жүйелі шаралар қажет екенін атап өтті.Бііншісі, білім беру жүйесін инновацияға қажетті кадрлармен қамтамасыз етуге бейімдеу.Екіншісі, Қазақстанның ғылыми әлеуетін іске асыру. Қазақстан Президенті үшінші шара инновацияға сұраныстың туындату қажеттілігін белгіледі.» [10]

Жалпы қабылданған шаралардың арқасында зерттеліп отырған кезеңде елдің ғылыми- инновациялық саласындағы негізгі көрсеткіштердің қарқынының оң үрдісін атауға болады.

«Кəсіпорындардың инновациялық белсенділігі. ҚР ҰЭМ Статистика бойынша Комитетінің арнайы мəліметтеріне сəйкес, Қазақстанда 2013 жылы инновациялық белсенділіктің статистикалық байқауы жүргізілген 24068 кəсіпорын ішіндегі 1940 шаруашылық субъектісі инновациялық белсенді деп танылды (2012 жылы 1774 кəсіпорын). Инновациялық белсенділік максимумына жетті — 8,1 % (2012 жылы 8 %)»[11]

Инновациялық белсенділік көрсеткішінің төмен деңгейі технологиялық инновацияларды қолданудың жалпы төмен қайтарымын негіздейді. «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдардағы индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шикізат бағытынан кетіп, ұзақ мерзімге жоспарланған техникалық-қызмет көрсету экономикасына өтуге жағдай жасайтын экономикалық салаларды диверсификациялау жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге болатындығын көрсетеді. Мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты өңдеуші кәсіпорынның жұмыстары мен қызметі және қызмет көрсетуі, бәсекеқабілетті, экспорт-бағытты тауар өндіру. Сондай-ақ стратегия елдің инновациялық және ғылыми қызметін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік белсенді ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздеді. Соның ішінде, ҮИИД-2 бағдарламасында 6 бағыт бойынша басымдық беріліп, негізгі өзек экономиканың теңдестірілген құрылымын жасауға және жұмыс орындарын ашуға бағытталады.  Жаңа жұмыс орындары елдің экспорттық әлеуетін арттыратын қайта өңдеу саласында, макроэкономикалық тұрақтылық пен оның  өсіміне қаржылық негізді қамтамасыз ететін дәстүрлі шикізат секторы, инновациялық және қызмет көрсету салаларында ашылатыны көзделіп отыр. Сонымен қатар, 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан – 2050» стартегиясы мен әлемнің 30 дамыған елі қатарын кіру мақсатының маңызды құралына айналатын болады.»[12]

Зерттеулер мен əзірлемелерге ішкі шығындар құрылымы. Осы көрсеткіш елдегі инновациялық үдерістің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылатын жəне жалпы экономика бойынша «кіру» кезіндегі шығындар көрсететін зерттеулер мен əзірлемелерге жұмсалған шығындарды сипаттайды.

«Зерттеулер мен əзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындардың 66 347,6 млн теңгені (2013 жылы 61 672,7 млн тг) құрайтынын, яғни 7,5 %-ға өсуі байқалғанын, атап кету қажет. Алайда осы шығындардың ЖІӨ-дегі үлесі соңғы 3 жылда өзгеріссіз қалды — 0,17 % дегенмен 2010 жылы 0,24 %-дан төмендеді.

«Инновациялық даму мәселелерінің 20 жылдық шебіне Қазақстан нақты нәтижелермен келіп отыр. Бүгінгі күні елімізде ин­новациялық қолдаудың қажетті инфрақұрылымдары құрылып үлгерілді. Солардың қатарында Ұлттық инновациялық қор, Ғылым қоры, ҚазАгроИнновация, венчурлық қорлар, өңірлік технопарктер, коммерцияландыру офистері, салалық конструкторлық бюролар, Технологиялар трансфертінің ха­лықаралық орталығы секілді даму институттарын айтуға болады. Инновациялық технологиялар паркінің бірінші кезегінің құрылысы да басталып кетті.

2010 жылдан бастап бірінші рет төрт түрлі ұсыным бойынша инновациялық гранттарды берудің кестесі іске қосылды. Оның тиімділігі 2011 жылы өтініш берушілердің санының екі есе өсе түсуімен дәлелдене түсуде. Осы мәселе бойынша бөлінген 7,5 миллиард теңге қаражатты игеруге 65 миллиард теңгенің ұсыныстары келіп түсті.

Технологияларды коммерцияландырудың толыққанды жүйесі жүзеге асырыла бастады. 2010 жылы Технологияларды коммерцияландыру жүйесін үйлестіру орталығы құрылды. Жеті университет пен екі ғылыми-зерттеу институты базасында 9 коммерцияландыру офисі қанатқақты жоба ретінде іске қосылды. Олардың күшімен коммерцияландыру жөніндегі қызметті алу үшін берілген 74 өтінімнің ішінен 18 жоба таңдап алынды. Инновациялық белсенді кәсіпкерлер, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін білім тарату орталық­тарының құрылуы нәтижесінде жаңа технологиялар неғұрлым қолжетімді бола түсті. Мұндай сегіз орталықта кәсіпкерлер білім және консалтингтік қызметтерді игеру үстінде.»[13]

Технологиялар трансфертін ынталандыру үшін инновациялық инфрақұрылымдардың қызмет аясы кеңейтілуде. Астана, Петропавл және Өскемен қалаларында көлік және мұнай-газ мәшинелерін жасау, сондай-ақ тау-кен метал­лургия құралдарын жасау салаларының салалық конструкторлық бюролары құрылды. Жүк вагон-хопперлері, шахталық желдеткіштердің өндірістері қалыптастырылды. Еліміздің шығысында перфораторлар өндірісі іске қосылды. 9 мәшине жасау кәсіпорны мен технологиялық үдерісте оларды қолдану жөнінде келісімшарттар жасалынды. Мәшине жасау өнімдерінің жекелеген атаулы бөлшектерін шығаратын өндірістер игерілді. Таяудағы уақыттарда осындай кесте бойынша ауыл шаруашылығы және прибор жасау салаларына арналған мәшине жасау өнімдерін әзірлеу жұмыстары басталмақ.

«Әсет Исекешев жас Қазақстанның инновациялық дамуының қазіргі жағдайына үш түрлі сипаттама бере кетті.

Біріншісі, идеядан бастап өнеркәсіптік өндіріске дейінгі аралықтағы инновацияларды қолдаудың институттық және инфрақұрылымдық қаңқасы құрылды.

Екіншіден, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың отандық бизнес сұранысына лайықталған тиімді аспаптары әзірленді және оны қаржылай қолдау үс­тіндеміз.

Үшіншіден, тиімді және орнықты, ыңғайлы ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырудың белсенді ортасы өмірге келді.»[14]

Инновациялық белсенділікті ынталандыру жаңашылдықты насихаттап және өнертапқыштық қозғалысты қайта жандандыруға ықпал ететін болады. Оның үстіне біз осы мәселеге деген әдіс-тәсілдерді де өзгерте алдық. Қазіргі күні бұл мәселеде фильмдер түсіріліп қана қоймайды, сонымен қатар бұл істе белсенді жас жаңашылдар инновациялық үдерістерге тартылады және жұмыс нәтижелері ынталандырылады.

«Қазақстан экономикасында инновациялардың бірінші дәрежеде  басымдылық алуы үшін оған тек ғалымдар мен мемлекеттік басқару органдарыының ғана мүдделі болуы жеткіліксіз. Әр елдің инновациялық технологияларды  дамытуға мүмкіншілігінің деңгейі қазірі қоғамымыздың негізгі сипаттарының бірі деп саналады. Мұндай мүмкіншілік тек жаңа өнім тудыратын ғылыми ізденістер мен зерттеулерден шектеліп қалмайуы тиіс. Белсенді инновацияларды қалыптастыру мен қолдап отырудың ұлттық мүмкіншіліктерін қажетті деңгейге көтеріп отыру үшін қоғам осы құндылықтар мен озық идеялардың ұлттық басымдылығын түйсіне білгендігі өте керек дүние.Инновацияның табиғаты өте күрделі нәрсе  және ол көптеген факторлар және қоғамдық институттармен байланысты. Инновация тек бір мамандар тобының ғана емес, ол сондай-ақ жалпы қоғамтарапынан қолдауға ие болуы тиіс. Инновациялық  проблематика жалпы ұлттық диалогтың күн тәртібіндегі ең маңызды мәселесі ретінде қаралып, оны талқылауға ғалымдар, менеджерлер, бизнесмендер, саясаткерлер мен заң шығарушы органдар белсенді  ат салысулар тиіс. Қоғамымызды инновациялық бағыт- бағдардың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдары өте маңызды рөл атқарады.»[15]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-85

2-сурет. Қазіргі кездегі инновациялық белсенділік деңгейі

Ескерту  — мәлеметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитетінің ресми сайтынан алынды. http://stat.gov.kz/faces/wcnav_extemaIId/publications

«Аймақтық даму көрсеткіштері бұл Қазақстан Республикасындағы жеке аймақтардың индустриалды-инновациялық дамуын анықтап, көрсететін көрсеткіштер. Өзімнің жұмысымда мен Қазақстан Республикасындағы облыстарға емес, аймақтардың жеке дамуына тоқталғым келеді. Негізгі қазір дамуына көп көңіл бөліп отырған – Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарын қарастырамыз.

Аймақ басшысының, айтуынша 2010-2012 жылдарға арналған өңірдегі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражатынан құны 43 млрд теңгеге бағаланған 20 жобаның бар болғаны бесеуі ғана толық қуатында жұмыс жасап тұр.

Өңірде жүзеге асуы тиіс ҮИИДБ-ның үш жобасынан кәсіпкерлер бас тартса, төрт жоба тоқтап тұр. 12 жобаның жұмыс жасауы толық қуатында емес.

Мұнайлы өңірдің ғана емес, тұтас елдің экономикасының дамуына үлес қосуы көзделген осы жобаларды нәтижелі жүзеге асыру үшін облыс әкімдігі Германия, Корея, Чехия, Түркия, Ресей елдерімен Атырау облысындағы индустриялық жобаларды жүзеге асыру үшін келіссөздер жүргізілді.

Облыстағы инновациялық белсенділік деңгейі 7,0% құрап, инновациялық кәсіпорындар саны 67 болды. Жаңа технологиялар саны 132 бірлікті құрады (2009 жылы – 67, 2006 жылы – 47).»[16]

«Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жақсартудың негізгі құралы болып отыр. Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін жаңа технологияларды және ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.»[17]

«Шығыс Қазақстан өңірінде – Шығыс Қазақстан облысы. Инновационды белсенді кәсіпкерлік саны 60 бірлікті құрап,инновациялық өнім шығарылымы 13854,5 млн тг құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті. Бұл көрсеткіштер бойынша облыс Қазақстан Республикасында 3-ші орынды иеленуде. Инновация облысындағы белсенділік 5,9 %- дан 6,4% өсті. Кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға кеткен шығындары 7,5 есе өсіп 141842,2 млн тг құрады. Бұл көрсеткіштің өзі Қазақстан Республикасының жалпы технологиялық инновацияларға кеткен шығындарының 60,2 % құрады. Облыстан 127 шығарылым мен инновациялық зерттеулер сатылды, оның ішінде 27 Қазақстаннан тыс елдерге. Өңірдегі инфраструктураға келсек, Өскемен қаласында «Алтай» ғылыми-техникалық паркі құрылуы жалғасуда және Курчатов қаласында ядролы технологиялар паркі жасалуда. Бұл парктер инновациялық үрдісті жетілдіруге, соның ішінде өндірісті, өңірдің заңи, экономикалық және әлеуметтік қатынастарын қалыптастыруға бағытталған. Индустриалды-инновациялық карта шегінде әкімшілік 35 жоба жасауға 280 млрд тг, нәтижесінде 9,7 мың жұмыс орны жасалуы керек.» [18]

Осыған байланысты негізгі мәселе тек Республиканың жалпы инновациялық потенциалын қарастыру емес, сонымен қатар бөлек өңірлік потенциалды анықтау. Себебі, жекеден жалпыға өту әрқашан да перспективалы нәтиже береді деп ойлаймын.

Өңірлік инновациялық потенциал аймақтың экономикалық субъектілерінің интенсивті дамуын және максимум пайда алуын көздейтін инновациялық ресурстар жиынтығы. Инновациялық потенциалдан өңірдік инновациялық белсендігі түсінігі тәуелді: потенциал бұл өңірдің қолда бар негізгі күштері және олардың инфраструктурасының ерекшеліктері.

«Нарықтық жүйедегі мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін органдарының рөлі арта түседі. Оның негізгі себептері: өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым рол атқаруы, аймақтардың өзара байланыстарының ұлғаюы; еңбек қорлары жылжымалылығының күшейе түсуі; аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі; территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық маңызының артуы.

Аймақтық саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен шығармашылық іскерлігі болып табылады. Өзін-өзі басқарудың нәтижесі нақтылы территориядағы тұрғындардың мұқтажын қамтамасыз ету деңгейі және сол өңірдің ұлттық табысқа қосқан үлесі.»[19]

Сонымен қоса дайын құрал-жабдықтарды шет елдерден сатып алу, бұл өзіміздің дайындап, шығарып жатқан өнімдерімізге зиян тигізеді; өндіріс пен ғылыми сектор арасындағы әлсіз байланыс; өңірлерде кадрлардың жетіспеушілігінен инновациялық белсенділіктің төмендігі. Ал, инновациялық экономикаға өту бәсекеге қабілетті инновациялық жүйесіз және құқықтық, қаржылық және әлеуметтік типтегі институттардың тиянақты жұмысынсыз мүмкін емес.

Дамып келе жатқан немесе өтпелі экономикалы елдердің экономикалық дамуы – бұл жай ғана ішкі жалпы өнімнің адам басына шаққандағы өсу қарқыны емес, бұл экономиканың өсуі, яғни, ішкі жалпы өнімнің сапалық тұрғыдан да өсуі. Жаңартылған өскелең өндіріс аппараты, жаңа алдыңғы қатарлы технологиялар, өндірістің жоғарғы ғылыми-техникалық деңгейі, экономиканың шикізат өндіруге емес, жоғары деңгейлі технологияға және ғылыми молыққан инновациялық жүйеге құрылуы, яғни әлемдік рыноктың толқымалы коңюнктурасына байланған бәсекелестігі жоғары өнімдерді өндіруі – осы саланың көрінісі болып табылады.

«Қазақстан үшін әлемдік экономикаға ықпалдасу – ең бір өзекті мәселелердің бірі. Оны мына екі фактімен ғана дәлелдеуге болады. Мысалы, еліміздегі экспорт көлемі жылдық жалпы ішкі өнімнің мөлшерінен 40 пайызға артық. Яғни, біз жылына 25 млрд. доллар көлемінде өнім өндіретін болсақ оның 11-12 млрд.-ын сыртқа шығарамыз. Сондықтан да бұдан былай осы өнімдерімізді дүниежүзілік рынокта лайықты қорғай білуіміз керек.Өткен жылдармен салыстырғанда, өнеркәсіп өндірісінің дамуында анағұрлым жоғары межелер белгіленіп отыр. Бұл салада жыл сайынғы орташа даму қарқыны 9-9,5 пайызды құрауға тиіс. Сондай-ақ, экономиканың даму қарқыны сыртқы факторлардың ықпалына да тәуелді болып келеді. Ал ол факторларды перспективалық жоспарларды жасаған кезде ескермеске болмайды. Елдер арасындағы бәсекелестіктің жаһандық тұрғыда шиеленісе бастаған қазіргідей кезеңінде негізгі макрокөрсеткіштерді одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету негізгі міндеті.» [20]

Өндіріс пен экспортқа бағытталған шикізат ресурстары ұлттық экономиканың дағдарысынан өтті және соңғы жылдардағы жоғары экономикалық өсімді қамтамасыз етіп келеді. Демек, осы өсім болашақта экономикамызды постиндустриалдық дамудан қызмет көрсету мен технологиялық даму жолына шығарады. Экономикамызды сыртқы факторлардан сақтау үшін де елімізде жоғары технологиялық өндірістің діңгегін қағуымыз керек. «Оның басты бағыттары Елбасының биылғы Жолдауында және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған дәрісінде: “Қазақстанның алдағы он жылда бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатын орындау жолындағы басымдықтың бірі – осы заманғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет”, – деп атап өткен еді.»[21]

Мемлекет басшысы инновациялық білім беру мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының қызметі инновациялық білім беруге, яғни өзінің теориялық тәжірибесін практикалық нәтижелерге бағыттауы қажет. Осыған орай оқу ордаларының жанынан инновациялық, ақпараттық технологиялар бөлімдері мен тәжірибелік-зерттеу орталықтарының ашылуы бұл студенттердің қолданбалы білімге деген ынтасын арттырады. Осындай инновацияға негізделген білім ордалары арқасында мемлекетті қарқынды экономикалық дамудың жаңа белесіне көтеруге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, экономика салаларының мәселелерін талдау барысында озық ғылыми-инновациялық тәсілдер жүйелі тұрғыда қолданылуы тиіс. Осы орайда Елбасы еліміздегі барлық жоғары оқу орындарындағы математикалық бағыттағы қолданбалы кафедраларда дәріс беру деңгейлерінде тың инновациялық технология үрдістерін кеңінен енгізу қажеттігін қадап айтты. Яғни, әлемдік практика көрсеткендей, кез келген маман иесінің, математикалық әзірлігінің жоғары деңгейі барлық салаларда сапалық секірісті қамтамасыз ететіндігі айтылды.

Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену – кемел келешектің маңызды сатысы. Алайда соңғысы емес. Елулік – бүгінгі меже. Ал басты мақсаттың одан да биік болуы заңдылық. Межені бағындыру, негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет. Бұл жағдай ғылым мен инновацияға тікелей қатысты. Ғылыми-инновацияның өркендеуіне кең өріс ашылмайынша, толыққанды дамуға қол жеткізу мүмкін емес.

Инновациялық-технологиялық даму стратегиясының басты мақсаты өнеркәсіпті тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ жекелеген өндірістер тұрғысынан да қайта құрылымдау болып табылады. Бұл өнеркәсіп өндірісінің құрылымында оңды өзгерістерге қол жеткізуге, бүгінгі заманға сәйкес корпоративті құрылымдарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімдік ыңғайда сервисті-технологиялық экономикаға көшу үшін негіз әзірлеуге тиіспіз деген сөз. Отандық өнеркәсіп өнімінің әлемдік нарықта бәсекелесуге қабілеттігіне қол жеткізу ең елеулі міндеттің бірі ретінде алға тартылып отыр. Бұл мәселелер Бүкіл әлемдік сауда ұйымына енетін уақыты жақындаған сайын айқындала түсуде.Біз көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар нарығын берік орнықтырдық, деді Елбасы. Сонымен бірге, біз республика экономикасының жоғарғы қосымша құнды өнімдерімен халықаралық еңбекті бөлуде де лайықты орын алуы үшін ұмтылатын боламыз. Елімізде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жасалып, бекітілді және іске қосылды. Оның басты мақсаты экономиканың салаларын әртараптандыру, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады. Осы орайда, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда қол жеткізген алғашқы табысымыз ретінде өткен жылдары құрылған бес даму институтын атауға болады. Аталмыш институттар болашақта игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсетеді.

Өнеркәсіптік өнімдерді жаңа технологиялық деңгейге көтеру инновациялық үдерімді дамытпайынша мүмкін емес. Сондықтан инновациялық үдерім тегершігін жасақтау қажет. Инновациялық құрылымдарды, технопарктерді, технологиялық инкубаторларды, инновациялық орталықтарды дамыту өзекті мәселеге айналады.

Қазақстан ғылымы жаңа экономикалық идеялар, ғылыми ашылымдар, технологияларды серпінді жүзеге асыруды қажетсінеді, өйткені ғылымы мен инновациясы екінші орындағы басымдыққа ие ел еш салада бірінші болып бағы жанбайды.

«Бүгінде Қазақстанның ғылымды қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 0,26%ын құрайды. 2020 жылға қарай 3%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр немесе он екі есе көбейту, бұл 3,9 млрд АҚШ долларын құрайды.

Дамыған шет мемлекеттердің тәжірибесіне қарасақ, ҒЗТКЖ (ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыс) жасауда негізгі үш қағидаға сүйенеді екен. Алғашқысы, ғылыми білім – болашақтың кілті, екіншісі, технология дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші, үшіншісі – үкіметтің жауапкершілігі ғылым мен технологияны ынталандыру. »[22]

Бүгінгі таңда инновациялық белсенділік дегеніміз – ел дамуының негізгі факторы, әлемдік экономикадағы көзбасшылық позициялардың бірі. Сондықтан тек мемлекет деңгейінде емес, әрбір аймақтың, бизнес субъектінің өз деңгейінде инновацияның маңызы әсіресе әлемнің бұрын көріп-білмеген қазіргідей ең қуатты технологияларға көшіп жатқан тұсында арта түседі.

Бүгінге дейін Қазақстанда экономика саласын әртараптандыру және инновацияларды ауқымды түрде енгізу аясында көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданғанымен, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыру айтарлықтай нәтиже бермеді. Осыған байланысты инновациялық дамудың деңгейін бағалаудың әдістемесін жасау және оның инновациялық әлеуетін жүзеге асырудағы мәселелерді шешу күн тәртібіндегі мәселе.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Р.Сағиева инновациялық үрдістерді басқару тиімділігін айқындау мақсатында шаруашылық иерархиясының әртүрлі деңгейлеріндегі оның қазіргі жай-күйінің ерекшелігін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті бағалау көрсеткіштерінің бейімделген жүйесі әзірледі. Ғалымдар ұжымымен әзірлеген осы өлшемдер «InnoMap.kz» Қазақстанның инновациялық дамуының электрондық атласы» ақпараттық жүйесінің негізіне еніп отыр. Қабылданған шешімдер мемлекеттің инновациялық салалары мен аймақтық даму тиімділігін басқару шараларының бөлігі болып табылады.» [23]

«Электронды атлас – Қазақстан Республикасындағы инновациялық үдерістерді тиімді басқару құралы. Мысалы, Павлодар өңірі, электронды атласта көрсетілгендей, металлургия өнеркәсібі пен машина жасауды дамытуда үлкен мүмкіншілігі бар аймақ. Павлодар облысы республика бойынша барлық көлемнің 51%-ын алады. Осылайша өңір инновациялық өнім өндіруде көшбасшылық танытып келеді. Барлық өнімдер қайта енгізілген немесе айтарлықтай өзгеріске ұшыраған технология негізінде жасалған.Аймақтағы өнеркәсіптік кәсіпорындардағы инновациялық үдерістер облыстық инновациялық инфрақұрылымын жасауға мүмкіндік береді. Олардың қатарында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми-технологиялық паркі, Инновациялық Евразия университетінің инновациялық орталығы, сонымен бірге Ақсу ферроқорытпа зауытының ғылыми-техникалық бөлімі, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы және өзге де ірі кәсіпорындар бар.»[24]

Қорыта айтқанда, Қазақстанда инновациялық қаржыландыруға басымдық беру керек, бұл ғылым және технологияны дамытуға, технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыру сынды ірі келісімдерге қол жеткізеді. Мысалы, мотор жасау, құрылыс, озық технология саласы, зертханаларда жүргізілген ғылыми зерттеулер мен зерттемелердің нәтижелерін қолдану сынды үдерістер. Сонымен қатар венчурлік қаржыландыру да инновациялық үдерістерді басқаруды жетілдіреді, экономикалық әлеуетті қалыптастырады, ғылымға құйылған қаржы еселеніп қайтады.

Қорытынды

Қорыта келе, Қазақстанда инновациялық дамудың ұлттық жүйесі біртіндеп қалыптасып келетінін көреміз. Сондықтан біз үшін осы жолдан өтіп, бүгінде айтарлықтай экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізіп отырған елдердің тәжірибесі өте қызғылықты. Осыған орай, өнеркәсіп саласын дамыту барысында кластерлер желілерінің құрылуына көп қолдау көрсетілуде. Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша соңғы өнім шығаруға қол жеткізудің бірегей тәжірибесі болып табылады.

Қазақстанның ғылыми-технологиялық секторы үлкен әлеуетке ие, ол әлеует елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына барынша жұмсалады да. Әлемдік тәжірибеде сыннан өткен инновациялық даму тәсілдері біздің елімізде де қолданысқа енетін болады. Бұл тәсілдердің алғашқысы технология мен құрал-жабдықтардың халықаралық рыногын тартуға келіп тіреледі. Оның негізгі тетіктері трансфер және технологияны бейімдеу орталықтары, лизинг бойынша құрал-жабдық алу, франчайзингті қолдану, бірлескен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Екінші тәсіл төл ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға негізделеді. Еліміздің ғалымдарының ұсыныстары негізінде Отанымызда бірнеше өндіріс орындарында тың технологияларды енгізу мәселесі қолға алына бастады. Аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, сондай-ақ, көптеген аймақтарда өндірістік бірлестіктерінің өнеркәсіптік базасы негізінде арнаулы технопарктер құрылып, биотехнологиялық өндіріс жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Осындай, инновациялық игі үрдістер жалғаса түспек.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстаның индустрияландырылуын тереңдетуге, мәшине жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Демек, өз жұмысында инновациялық ойларды іске асыра білген адам да, компания да алдыңғы қатардан көрінеді деген сөз. Яғни, инновация дамудың қозғаушы күші болмақ.

Отандық өнімдердің халықаралық рыноктардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшудің маңыздылығы зор. Яғни, шығарылатын өнімдеріміздің әлемдік стандарттарға сай келуіне баса назар аударуымыз қажет. Әрине, осы мақсатпен сапаның ИСО-9000 халықаралық стандарттарын енгізу жөнінде көп күш-жігер жұмсалады.

Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі атқарылуға тиісті міндеттер:

  • елдегі индустриялық-инновациялық күштерді қалыптастыру және нығайту. Бұл саладағы іс-шаралар Қазақстанның Даму банкі мен Қазақстандық инвестициялық және инновациялық қор мемлекет тарапынан жоспарланған жұмыстарды қаржыландыратын болады;
  • мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді. Мұндағы көзге көрініп тұрған жаңа бағыт – экономиканың индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау саясаты;
  • индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау, мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы түсіністік механизмін қалыптастыру.

Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының стратегиясына сәйкес негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуға және құруға бағытталады. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында басты назар ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы өндірістерді дамыту үшін жағдай жасауға аударылатын болады.Инновацияның, яғни жаңалықтың, жаңа туған немесе жаңадан қолданысқа енгізілген дүниенің халыққа берері көп болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Мұратова А.Н. Инновациялыққ даму жағдацында халықтың әлеуеттік-экономикалық әлеуетін қалыптастыру ерекшеліктері//Наукоемкая экономика – новый этап индустриально-инновационного развития Казахстана: материалы межд. науч.-прак. конф.-541б.-Алматы,2014
  2. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми веб-сайты https://www.stat.kz/publishing/Documents
  3. Инновациялық дамуға- ерекше екпін. Әліпбай С. Егемен Қазақстан, 2014.1 қаңтар №1 (28225)-2б.
  4. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2012 жылғы желтоқсан. —Егемен Қазақстан №828.- Астана, 2012. — 9 б.
  5. Инновациялық даму шарттарында қаржы нарығын реттеу, бағалау және қадағалау. Дарибаева М.Ж. ҚазҰУ жаршысы. Экономика сериясы. №3 (109) 2015.
  6. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» 2014 жылғы 11 қараша. —Егемен Қазақстан . Астана, 2014. — 7б.
  7. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ресми веб-сайтының «Ресми статистикалық ақпарат» — «Жедел деректер» бөлімі // http://stat.gov.kz/faces/wcnav_extemaIId/publications
  8. Инновациялық даму – Қазақстанның болашағы. /Қалиева С.С.// Молодежь в науке-2011. 4-й Международный форум: Международной научой конференции (13 мая 2011г.).-2-бөлім.-122-123б.-Алматы, 2011.
  9. Қазақстанның инновациялық саладағы қазіргі жағдайын талдау./Кубеева А.М.// Молодежь в науке-2011. 4-й Международный форум: Международной начной конференции (13 мая 2011г.).-2-бөлім.-78-79б.-Алматы,2011.
  10. Инновациялық дамумен- жаһандық бәсекеге/Қойбақов С.//Президент және халық.2013.24 мамыр (№22) 1 б.
  11. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы».- Астана, 2013. — 10 б.
  12. Қазақстан республикасы ұйымдарының инновациялық белсенділік деңгейінің даму жағдайы мен болашағы. / Купешова С.Т.,Нурмагамбетова А.М. //ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.-2015.-№3.-243б.=Вестник КазНУ. Серия экономическая.
  13. Қазақстандағы ғылым жəне инновациялық қызмет: 2012: Стат. жин. — Астана: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитеті, 2012. -23б.
  14. Инновациялық Қазақстан және болашаққа көзқарас//Егемен Қазақстан http://egemen.kz/2011/?p=320382
  15. Сəбден О. Инновациялық экономика: монография. — Т. — Алматы: ҚР БҒМ ҒК ЭИ, 2011. — 38–39-б.
  16. Қалимова Т. Аймақтың дамуы айқын// Айқын.-2010,-20 қыркүйек №176.-23б.
  17. Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағыты қатаң қадағалауда./Д.Аязбеков-2014ж.http://old.el.kz/m/articles/view/Қазақстанның-индустриалды-инновациялық-даму-бағыты-қатаң-қадағалауда
  18. Қазақстанның инновациялық үдерісіндегі аймақтық даму мәселелері.-2013ж. http://group-global.org/ru/node/5262
  19. Балқияұлы Н. Өңірдің дамуы – елдің дамуы // М.Тынышпаев ат.Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының хабаршысы.-2010.-№4.-138б.
  20. Инновация – жаңа экономиканың негізі/ Ә.Сапарбаев // Егемен Қазақстан. 2006. https://egemen.kz/old/?act=readarticle&id=2366
  21. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 2015 жылғы 30 қараша. — Егемен Қазақстан.-Астана, 2015. — 11 бет.
  22. Самат Л. Инновациялық даму жағдайында өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары мен даму стратегиясы //Cтуденческое научное творчество:международное партнерство и перспективные технологии: Сб.докл.междунар.студенч.науч.-практ.конф.(9-10апр.2010г.). -Усть-Каменогорск, 2010.- 1-бөлім.-73б.
  23. Инновацияны дамыту – игілікті іс. http://www.inti.kz./kk/node/8
  24. Инновациялық дамудың электрондық атласы маңызды бағыттарды айқындайды. http://dalanews.kz/11579

Құрастырғандар: Ғабдуали А., Иманғалиева Ғ.

Яндекс.Метрика