ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕС
Бүгінгі күні кедейшілік қандай мемлекеттік болмасын өзекті мәселесіне айналып отырғаны баршамызға айдай анық. Кедейшілік ол басқару органдарының назарын аударуды қажет ететін ең маңызды мәселелердің бірі. Қазақстандағы кедейшілік әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени-психологиялық және табиғи себептерге негізделген. Кедейлік – адам мен отбасының өмір сүруінің барлық қырларын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Бұл күрделі мәселе бүгінде тек адамның өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде ғана емес, жалпы қоғамның тіршілік тұрмысын анықтайды, яғни халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмысы, экономикалық жағдайы қаншалықты қанағаттанарлық екенін көрсетеді. Кедей адамдар мемлекет алдында экономикалық тәуелді. Ол мемлекеттің көмегінсіз өзінің отбасының материалдық жағдайын қамтамасыз етуге қабілетсіз әлеуметтік топ.
Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік күш экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар тұрмысы нашар халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне де бағытталыл отырғаны туралы мәліметі туралы айта аламыз.
Кедейлік қоғам өмірінің барлық қырларына әсерін тигізеді; оны болдырмау үшін кедейліктің ең негізгі шығу себептеріне көңіл аудары керек. Әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық, әлеуметтік жанжал, қылмыс, дискриминация, шынайылықтан бас тарту сияқты қоғамдағы болып отырған көптеген мәселелер осы кедейшіліктің әсерінен туындап отыр.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда халықты кедей тобына жатқызатын нақты бір қабылданған критериялар жоқ, сонымен қатар елдегі кедейшіліктің масштабын анықтауда халықтың орта деңгейдегі табысы туралы ақпараттың жоқтығы қиынға соқтырады. Кедейліктің негізін анықтаудың қажеттілігі ол елдегі бай адамдар мен кедей адамдар арасында айырмашылықты анықтауға және кедейлікті жою мақсатында қолданылып отырған күш қай аймаққа бағытталуы керектігін көрсетеді.
«Жоғарыда көрсетілген өзекті мәселені шешу жолында елдегі кедейшілік деңгейін төмендету басымдықтарын таңдауда анықтау қажет. Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарға әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары белсенді түрде қызмет ету керек. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан басқа да елдер сияқты әлеуметтік саясаттың негізгі шараларын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қолданып келді. Республикада әлеуметтік кепілдік беру жүйесіне бағытталған заңдар қабылданды. Бірақ та бұл жағдайлар нәтижелі шешім бермеді, керісінше кедейлік проблемасы Қазақстанда да көптеген басқа да КСРО елдеріндегідей одан әрі күрделене түсті.
Осыдан екі-үш жыл бұрын уақытта жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен жұмыстың жағдайына, олардың қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар болды. Мыңдаған, он мыңдаған дипломды мамандар ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс істеді, ал бұл салалық жұмыссыздықтың орнын алып отырғанын көрсетеді». /1/
Бүгінде жұмыссыздарды қайта оқыту, мамандықтарын өзгерту мәселесі бекер көтеріліп жүрген жоқ. Мәселен, әртүрлі ғылыми – зерттеу институттарына ғылыми қызметкелер емес, үй шаруасындағы әйелдер көбірек қажет болады, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне тәрбиешілер емес, «көңілтабатындар» тезірек орналасады және т.б.
Күні кешеге дейін бізде жұмыссыздық дейтін атымен жоқ деп, мұны социалистік жүйенің негізгі артықшылықтарының бірі ретінде мақтан етумен күлдік. Бір есептен, солай екені рас та болатын – оның қандай жолдармен қамтамасыз етіліп келгені өз алдына әңгіме. Ал нарықтық қатынастарға көшумізге байланысты бідің елімізде , басқа ТМД елдеріндегі секілді, жұмыссыздар армиясы күрт көбейді. Босаған немесе қысқарған әрбір жүз жұмыссыздың бесеуі — жоғары білімді, әрбір он адамның екеуі – орта кәсіпті маман, әрбір бес адамның үшеуі – жалпыға бірдей орта білімді азамат.
Жұмыссыздықпен күресуде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жұмыспен қамтамасыз ету департаменті біраз шаруалар атқаруда. Жұмысқа орналастыру, жәрдемақы, стипендия тағайындау істерін мүмкіндігінше жүзеге асыруға тырысуда.
Осыған орай шұғыл қолға алып, мұхият жүзеге асыратын шаралар аз емес.
Біріншіден, жұмыс берушілерге талапты күшейте қажет олар қысқарту жасаған кезде жұмысшыларының шағын жекеменшік бизнеспен айналысуына қамқоршы болса құба-құп. Яғни, пайдаланылмай тұрған құрал- жабдықтарды , станоктарды, көліктерді жекешелендіріп, солардың қолына берген дұрыс та болар, бәлкім. Алғашқы кезеңде жекеменшік өндірісті ұйымдастыруға тиісті қаражат бөлінсе тіпті жақсы.
Екіншіден, қысқарту қарсаңында кәсіпорындар мен ұйымдар аудандық жұмыспен қамту орталықтарына тиісті дәлелдемелер мен жұмысқа орналастыру жөніндегі ұсыныстарын айтуға міндетті деп ойлаймыз.
«Қазіргі облыстағы жұмыспен қамтылу жағдайын тұрақты деп сипаттауға болады. Бұл экономикадағы оң өзгерістерге байланысты. Облыстың еңбек рыногында біртіндеп жұмыспен қамтылғандар артып, жұмыссыздардың кемуін оң құбылыс деп бағалауға болады. Жұмыссыздық деңгейі айқын төмендеу тенденциясына ие.
Экономикасы дамыған елдер кәсіпорындар мен компанияларында жұмыс күшін жалдау екі жағдайды ескере отырып жүргізіледі:
- біріншіден, фирманың ағындағы тұтыныстарын, оның қосымша даму стратегиясын және фирманың өз ішінде кадрлар дайындау мүмкіндіктерін ескеру керек;
- екіншіден, жұмыс күшінің ұлттық нарығының жағдайын ескеру керек.
Жұмыс күшін жалдау кезінде төмендегідей тәсілдер қолданылады:
- жоғарғы және орта оқу орындарынан мамандарды тарту;
- жұмыспен қамту (биржа) орталығы арқылы кадрларды жалдау;
- жарнамалық хабарлау мен жаппай ақпараттық құралдар көмегімен кадрларды тарту;
- орналасатындарды конкурстік (бәсекелестік) негізде мұхият таңдау, сондықтан бір жұмыс бірнеше орналасатындарды тарта білу;
Талдау іс — әрекеті мұқият талқыланып, онда әр түрлі тестілерді қолдану ескерліді.
Тестілер жұмыс орнына таласатын іздемпаздың лауазымды қызметіне байланысты әр түрлі болып құрылады. Тесті жалпы интеллектуалды деңгейі тексеруге, кейде әр түрлі дайындық деңгейін байқататын, жалпы және өндірістік сипатты көрсететін сауалдарға, оның ішінде талапкердің таңдап алған мамандығы бойынша сұрақтарға негізделіп жасалады. » /2/
«Елбасымыз кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясында:
- кіші кредиттер жүйесін енгізу;
- шағын және орта бизнесті дамыту;
- еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдылықпен дамытуға және бұларға шетел инвестиция мен ұлттық капиталды белсенді тарту;
- қоғамдық жұмыстарды, ең алдымен жол құрылысы мен орман отырғызуды дамыту;
- жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілік кедергілердің бәрін алып тастау, және т.б.» /3/
Қорыта келгенде, яғни біздің еліміздегі еңбек нарығының жағдайы жылдан жылға жоғарлауда. Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек нарығындағы жағдайды отырып , жұмыссыздарды қайта оқыту шаралары, қарастырылған, жастар, әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесі белгіленген. Әрине, біз тез арада жұмыссыздықты мүлдем жоя алмаймыз. Бірақ халықты жұмыспен қамту мәселесін алға қойып, оған қолымыздан келегенінше шаралар жасауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.http://kursik.kz/kurstyq-zhumystar/madenietttanu-filosofiya-aleumettanu-dintanu/kedejshilik.html
2.http://www.freepapers.ru/68/azastan-respublikasynda-zhmyspen-amtudy-taldau/78493.511013.list6.html
3.http://www.freepapers.ru/68/azastan-respublikasynda-zhmyspen-amtudy-taldau/78493.511013.list6.html
Құрастырғандар: Қыпшақбай Б.Б., Иманқұл А.Қ.