ҚАЗАҚСТАНДА ҚОНАҚ ҮЙ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУ

                                                                                                       Мазмұны

Кіріспе

Қазақстанда қонақ үй индустриясын дамыту

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

 «Қонақжайлылық индустриясы» қонақтарды күту және оларға қызмет көрсетуге байланысты қызмет нарығында мамандандырылған кәсіпкерліктің әр түрлі нысандары үшін жинақталмалы түсінік болып табылады. Бұл саладағы қызметтің барлық түрлерін қамтитын біртекті тізім жоқ. Бірақ негізгі бағыттарды атап көрсетуге болады, олардың қатарына қоғамдық тамақтандыру, қонақтарды орналастыру, тасымалдау және демалысын ұйымдастыруды жатқызуға болады.
Бүгінгі таңда қонақ жайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр.  Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз.

«АҚШ-да қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнесінде клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі етіп американдық мектебін таңдадық. Бұл мектептің көрнекті өкілдері, қонақжайлық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметшілер, олар өз индустриясының басқа кәсіпорын қонағы жағдайында болғанда өздеріне қандай қызмет көрсетуді қалайтын болса, қонақтарға да сондай қызмет көрсетуі тиіс деп айтады».[1] «Қонақ үйлер мен мотельдердің Американдық ассоциациасының мәліметтері бойынша, АҚШ қонақ үй индустриясы 44700 қонақ үйлер мен мотельдерден тұрады. Басқа елдерден ерекше АҚШ-та лауазымды, үкіметпен белгіленген қонақ үй классификациясы жоқ. Бірақ қонақ үйлерді тұрған орны, бағасы мен көрсетілетін қызмет түрлері бойынша жіктейді. Қонақ үйлер бөлмелерінің бағасы бойынша бюджеттік, экономдық, орташа, бірінші дәрежелі, апартаментті және көрікті болып бөлінеді. Өзінің тұрған орнына байланысты қонақ үйлер орталық, курортты, казинодағы, әуе вокзалды, автострадты болады».[2]

Сервистік қызмет – бұл біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандырудағы реабилитациялы-альтруистік стилі құрылып жетілдірілетін адамзат қарым-қатынастарының саласы болып табылады. Қонақ үй сервисін дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін сервис мәдениетін дамыту керек. Қызмет көрсетудің жоғары мәдениеті қызметшілерге қонақтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Қонақ үй қызметтерінің маркетингі саласында жұмыс істейтін адамдар, өз тауарының төрт спецификалық белгілерін ұмытпауы керек. «Бірінші, материалды тауарларға қарағанда қызметтерді, оларды тікелей көрсету сәтіне дейін, дәмін татып, ұстап көріп, көруге және естуге болмайды. Екінші, қонақ үй индустриясында қызмет көрсету қызмет көрсететін адамды да, қызмет көрсетілетін адамды да қажет етеді, яғни қызметтер көзі мен объектісінен ажырамайды. Үшінші, қонақ үй саласының қызметтері құбылмалы, оның сапасы қызмет қандай жағдайда және кіммен көрсетіліп жатқандығына байланысты болады. Және төртінші, қызметтер сақтауға келмейді». [3]

«Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан шұғыл ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта өндіріліп – тұтынылатынында. Зерттеушілер сапаны қонақ үміттерін қанағаттандырып, одан асу мүмкіндігі ретінде анықтайды. Сапаға ұмтылу – шексіз үрдіс, бірақ бүгінгі күн қонақ үй бизнесіндегі барлық бірлестіктер онымен айналысатын уақыт. Қызмет көрсету сапасының моделі танылған бес сатылы модель ретінде кең қолданылады. Ол қызмет көрсетудің сапасын қонақтың үміттерін қанағаттандыру көзқарасынан анықтайды. Модельді жасағандардың айтуынша қызмет көрсетудің бір қадамы – қонақтардың үміттерін және қызмет көрсету сапасында қандай қиындықтар туу мүмкіндігін білу болып табылады. Басқаша айтқанда, фирма өз қонағының үміттерін білу, және де сол күтулерін үлгілі сапамен іске асыру керек». [4]

Қонақ үй шаруашылығының тарихы мен қазіргі жағдайын айтпас бұрын  «қонақ үй» сөзінің анықтамасын біліп алумыз керек. «Сонымен,қонақ үй дегеніміз уақытша тұруға арналған кәсіп орын. Қонақ үйде рұхсат етілетін минималды бөлмелер саны 10 болуы тиіс. Қонақ үй  бұл қолданушыларға қаражат деңгейіне байланысты номер түрін ұсынатын, тәулік бойы технологиялық процессте жұмыс істейтін, негізгі қызмет пен қоса қосымша қызмет түрлерін көрсететін, өнімдерін ұсынатын және ыңғайлық пен комфорт тудыратын ғимарат».[5] «Ал қонақжайлылық –кез келген қамқор қызмет көрсетушінің құпиясы.Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі».[6] «Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде – Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы әртүрлі болған.Кейбіреулері «қонақжайлық» сөзі ескі француз сөзі «ospis» — біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді яғни – қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар – дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және қорғаныс жөнінде келісім құрған. «Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты. Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында орналасады».[7] Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады.Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді.Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. «Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты. Сауда байланысының дамуына байланысты Еуропада қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV – ғасырда Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII–XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді.Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты».[8] Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді.

«Қонақ үй кәсіпорындарын орналасуына, көрсетілетін қызметтің деңгейіне және қызметтердің ауқымына қарай жүйеленеді. Бүкіл Әлемдік Туристік ұйымның жүйесіне сәйкес, орналастырған орнына қарай қонақ үйдің келесідей түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады:

  • қала орталығында орналасқан қонақ үйлер;
  • жол бойындағы, ережеге сай ашық автотұрақтарымен бірге аз қабатты қонақ үйлер;
  • қала шетінде және әуежайларда орналасқан қонақ үйлер;

Жүзбелі отельдер – бұл қонақ үй етіп жасалынған, теңіз, өзен немесе көл жағалауында орналасқан туристтердің демалысы және орналастыруға арналған жүзбе құралдар. Қажет жағдайда мұндай қонақ үй туристтермен қоса суда келесі тұраққа ауыстырылуы мүмкін.
Деңгейіне, ассортиментіне және қызмет құнына қарай қонақ үй кәсіпорындары бірнеше типке бөлінеді:

  • минимум қызмет көрсететін арзан қонақ үйлер немесе шектеулі қызмет көрсететін қонақ үйлер. Сонымен қатар тамақтану орындары болуы да болмауы да мүмкін
  • „люкс“ қонақ үйлері – фешенебельді декормен көркемделген, жоғары сапалы жиһазбен жабдықталған, жақсы жабдықталған қоғамдық бөлмелер және номер санына сәйкес персоналдың үлкен санына ие болуы тиіс.

Бүкіл Әлемдік Туристік ұйымның қазіргі заманғы қонақ үй нарығында қонақ үй қызметін тұтынушыдан тәуелсіз қонақ үйлердің келесідей типтерін ерекшелеп көрсетуге болады:

  • 100 – 400 номерлік «люкс» қонақ үйлер қала орталығында орналасқан өте жоғары бағаға, жоғарғы деңгейдегі тұрғындарға элитарлы қызмет түрлерін ұсынуға бағытталған.
  • Жоғарғы класты қонақа үйлер 400 – ден 2000 –ға дейінгі номерлерге ие, қала шетінде орналасқан және оқыталған персоналмен көрсетілетін қызметтің кең ауқымын бизнесмендерге, конференция қатысушыларына, жеке тиристтерге ұсынады, ол қымбат жиһазбен және құрал-жабдықтармен жабдықталған. Тұру құны – орташадан жоғары.
  • Орта деңгейлі қонақ үйлер тұтушылардың кең ауқымына бағытталған, номерлердің сан алуан түріне ие. Бағаның орташа деңгейін ұстана отырып, эксплутациялық шығыстарды төмендете отырып, заманауи технологияны қолдануға талпынады.
    Апарт – отель, әдетте 100 – 400 – ге дейінгі жағдайы жасалған, жиһазбен жабдықталған номерлері болады. Бағасы маусымға және орналастыру шарттарына сәйкес өзгеріп отырады. Ұзақ мерзімге қалатын туристтер мен бизнесмендерге бағытталған.
    Мотель – авто көлікпен саяхаттап жүрген туристерге арналған номерлер саны 150-ден 400-ге дейін болуы мүмкін, автотрассаға жақын жерде орналасады, персоналдың кішігірім штатына ие және заманауи жақсы жабдықталған номерлері үшін қымбат емес, қолайлы бағаны ұсынады. Тамақтану қызметі болмайды.

Бунгало – туристерді орналастыруға арналған, жеңіл материалдан тұрғызылған кішігірім құрылыс. Өзінің кең таралуын халықаралық жастар туристтік орталықтарында алған.

Акватель – стационарлы кеме. Курортты қонақ үйлер 100 – ден 500 – ге дейін номер санымен, қаладан оқшау орналасқан және су қоймаларының жанында, табиғи жерлерде орналасады, қызметтің толық жиынын ұсынады, көптеген спорттық құрылыстар, балаларға арналған алаңшалар бар; бағалары – орташадан жоғары, туристтердің түрлі категориясына бағытталған.

Таймшер – 50 – ден 250-ге дейін номер санына ие, тіпті бөлек ғимараттары болуы мүмкін. Пәтер типтес номерге және курортты қонақ үй типтес жағдайға ие. Таймшердің бағасы маусымға тікелей байланысты. Көп сұранысқа ие маусымнан, тартымды уақыттарда тұру құны арзанырақ.

Экономиканың бұл облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады.Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй  шаруашылықтарын басқара отырып, сондай – ақ басқа мемлекеттерде қонақ үй тұрғызумен айналысты.Лондонда қонақ үй синдикаты, Францияда «Қонақ үй қожайын одағы» құрылды. Бұл мекемелердің  жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ үй қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады.1906 жылы «Халықаралық қонақ үй иелерінің одағы» құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктірді».[9]

«Қазақстанда да  қонақ үй шаруашылығының көне тамыры тереңде жатыр. Оның пайда болуы алғашқы қоныстардың, көлік жолдарының және сауда қатынастарының дамуымен байланысты.Алғашқы қонақ үйге ұқсас ғимараттардың ашылуын біздің эрамыздың алғашқы ғасырына қатыстыруға болады. Ұлы Жібек жолы бойындағы аймақтардың зерттелуінен біз көне көпестермен саяхатшылардың үлкен керуендермен түйелер арқылы қатынайтынын білдік.Олар керуен жолының бойындағы қалаларда немесе елді-мекендерде шатыр құрып түнейтін болған.Қазақ хандығының құрылуы қонақ үй шаруашылығына еш кері әсерін тигізбей,бірқалыпты дамуды байқатады. Қонақ үй кешендері дамуының одан арғы тарихы Қазақстанның Ресейге қосылу кезеңі болып табылады. XIX ғасырдың алғашқы жартысының соңына қарай Қазақстан толығымен Ресей империясының қол астына енген кезде соғыс қорғаныстарын,жаңа жолмен қалалардың салынуы қонақ үй шаруашылығының одан ары қарайғы дамуын талап етті. Сол жылдардағы қонақ үйлердің мысалы ретінде бекеттірді,қонақ үй палаткалармен шатырларды айтуға болады. Осылайша қарқынды дамыған  Қазақстан қонақ үй шаруашылығы 1903 жылы  Алматы қаласында алғашқы «Европа» қонақ үйінің салынуына әкеп соқты».[10] «Тарихты артқа тастаған Қазақстанда қазір 1559-қа жуық қонақ үй жұмыс істесе,оның басым көпшілігі Астанада, Алматыда, Қарағандыда, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан обылыстары аумағында орналасқан.Қонақ үй шаруашылығын туристік шаруашылықтан бөліпқарауға болмайды. Ал соңғысымен біздің елдің жағдайы тамаша емес. Әрине сыртқы туризм бізде біршама жақсы дамыған: қазақстандықтар үшін шетелде демалуды әдетке айналдырған – 45,8%, ішкі туризм бойынша – 37,9% көрсетсе, туристердің Қазақстанға келу көрсеткіші небәрі 16,3%-ке ғана жетеді. Мемлекет осылардың соңғысына мұқтаж, себебеі оның арқасында елге шетелдік валютаның көп келуімен, өндіріс салаларының қарқынды дамуына бастау алады. Қазақстанға туристерді келтіру үшін бірқатар жұмыстар атқарып, оның ішінде қонақ үй инфраструктурасын қолға алу керек. Еліміз қарқынды дамудың нарықтық жолына түскендіктен Қазақстан көптеген шетелдік әріптестерімен жұмыс жасап, әр қаладағы біріккен өнеркәсіптермен және шетел өкілеттіліктерімен қатар әр қаланың қонақ үй өмірі біршама қайта жанданды. Жаңа қонақ үйлер пайда болып, ескілері жаңартылып немесе қайта күрделі жөндеуден өткізілді». [11] Айта кетерлік жайт, Қазақстандағы бірдей жұлдызды қонақ үйлердің сапа деңгейінің әр түрлі екендігі ешкімге жұмбақ емес. «Тіпті арнайы маман емес, қарапайым турист көзімен-ақ кейбір жұлдызы төмен қонақ үйлердің қолайлығымен қызмет көрсету деңгейі, оның жоғары жұлдызды «ағайындарына» қарағанда әлдеқайда биік екендігін көруге болады. Дәлірек айтсақ, сол сияқты, бірақ төмен деңгейлі бағамен қолайлы, европалық деңгеймен салынған 3 жұлдызды қонақ үй, тек бизнес туристерге ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның табиғат кереметін тамашалауға келген қарапайым шетел қонақтарына да ұнайтыны сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан қонақ үйлері ең алдымен елге келетін туристер ағымының 86 % құрайтын алыс шетел адамдарының, содан кейін тек 14 % құрайтын ТМД туристерінің қалауынан шығуға жұмыс істеуі қажет.

Қонақ үй кәсіпорындары кез келген туристік өнімнің базасы болып отыр. Кез келген сапарда орналастыру қызмет жиынтығының құрамына кіреді, өйткені келген жерінде адамның түзейтін орыны болу керек . Бұл негізгі қызметті қызмет көрсету деңгейі және типтері бойынша ажыратылатын қонақ үй кәсіпорындары көрсетеді.

Статистика мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында 2011 жылы қонақ үйлердің  64,1% — ті кішігірім кәсіпорындарына, 26,1% — ті орташа кәсіпорындарына, 9,8% -ті ірі кәсіпорындарына жатады». [12]

Кесте 1. Қонақ үйлер мен қонақ үйлік кәсіпорындар

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-39

   Ескерту: ҚР- ның Статистика Агенттігінен алынған мәлімет. http://stat.gov.kz

«2015 жылы 1 қаңтарда республикада 195 қонақ үйлер, мотельдер, жатақханалар тіркелген. 2010 жылмен салыстырғанда қонақ үйлердің , мотельдердің, жатақханалардың саны отыз бірлікке артқан. Қонақ үйлердің басым бөлігі қалаларда орналасқан. Республика бойынша кішігірім кәсіпорындардың саны басым болып келеді.

Қонақ үйлердің санынң қарқынды өсуі 2005 — 2007  жылдарға келеді. Ол туристтердің Қазақстанға ағылып келуімен байланысты». [10]

«Қызмет көрсету стандарты деп – клиентке міндетті түрде көрсетілетін қызмет ережелерінің жиынтығы, өндірістік операциялардың жоғарғы деңгейдегі сапаны кепілдеу. Стандарт белгілі бір критерийлерден тұрады, олар қонақүй шаруашылығының персонал қызметін және клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасының деңгейімен бағаланады:

  • Ақпарат немесе брондау жайлы хабарламаға жауап уақыты (15; 20; 30 секунд);
  • Орналастыру қызеті кезіндегі уақыт. Клиенттердің көп келуіне қарамастан, қонақүй шаруашылығында қатарда тұру уақыты көп ұзамау керек (5; 10; 15мин);
  • Белгілі бір қызмет түріне кететін уақыт шығыны. Мысалы, клиенттің номерге кіргеннен бастап 3 мин кем емес жүкті жеткізу; тәулік ішінде клиенттің жеке заттарын тазалау және жинастыру және т.б.;
  • Сыртқы кейіп және униформаның болуы;
  • Персоналдың тіл білуі және т.б.

Қонақ үй бизнесін не мейрамхана бизнесін басқаруда аса үлкен маңызға қызметкерлердің уақытысымен демалыс алып тұрулары да ие болады. Негізгі ережелер жинағында қызметкерлердің демалыс алуларына байланысты бірнеше тараулар қарастырылған. Бұл ережелерді сақтау қаншалықты дағдарыс ауыр болғанымен де  іс жүзінде жүзеге асу керек. Оларға келесілерді жатқызуға болады:

  • мейрам күндері;
  • науқастану;
  • жақсы қатысымдық үшін сыйақы;
  • демалыстар:
  • әскери шақыру;
  • сот міндеттері;
  • туысқандардың көз жұмуы;
  • кезексіз демалыс;

Бұлардың әрқайсысының өзінің белгіленген мерзімі бар және олар қызметкердің атаулы қонақ үйінде атқарған қызмет мерзіміне байланысты болып келеді». [13]

Енді 2010-2013 жылдар аралығындағы қонақ үй индустриясының дамуымен танысайық.

Төмендегі кестеде 2010-2013жылдардағы аймақтық туризмнің даму мәселелері жөніндегі статистакалық мәліметтер ұсынылған:

Кесте 2. 2010-2013 жылдардағы өңірлік туризмнің даму көрсеткіштері.

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-40

Ескерту : ҚР- ның Статистика Агенттігінен алынған мәлімет. http://stat.gov.kz

Байқап отырғанымыздай ішкі туризм мен сыртқы туризм қарқынды дамуда,соған байланысты қонақ үй бизнесіне деген сұраныс арта түсетіні сөзсіз. Жоғарыда атап өткендей қарқынды дамып жатқан қонақ үйлер қатарына люкс классты қонақ үйлерді жатқызамыз. «Деректерге сүйенсек, елімзде мұндай қонақ үйлердің саны 70 екен, ал олардың жалпы нөмірлік қоры -6432 номерді құрайды. Оның біраз бөлігі Алматы мен Астана қалаларына тиесілі. Қонақ үй шаруашылығы саласында дәл осындай үлестілірімді инвестияциялық саясаттың көбінесе ірі компаниялардың қолдауымен өткізілетіндігімен түсіндіреміз. Төмен бағалы қонақ үйлердің даму деңгейі жоғары классты қонақ үйлерден біршама төменірек. Мұндай құбылыстың ең басты жағымсыз жағы – әлсіз бәсекелестіктің пайда болуы. Бірақ ,жалпы Қазақстан экономикасының дамуын ескерсек, қонақ үй шаруашылығы одан әрі дами түспек деген болжам жасай аламыз.Қазірдің өзінде инвесторлар тарапынан Қазақстандағы қонақ үйлердің құрылысына бөлінген қаржы қоры Ресей мен Еуропа елдерімен салыстырғанда инвестция қорынан асып түседі. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек 2010-2030 аралығындағы қонақ үй бизнесінің даму мүмкіншіліктері өте зор». [14]

«Стандарттау – нормалар, ережелер және талаптар бойынша орнатылатын қызмет: оның мақсаты өнім қауіпсіздігін, жұмыс және қызметпен қоршаған ортаны, тұтынушының өмірін, денсаулығын және мүлігін қамтамасыздандыру; техникалық және ақпараттық сыйыстыру, сондай-ақ өнімдердің өзара алмасуын; өнім сапасын; ғылым, техника және технология деңгейінің дамуына сәйкес жұмыс және қызмет; өлшемдердің бірігуі; ресурс түрлерінің барлығын үнемдеу; табиғи және техногенді апаттардың туындау мүмкіндігін ескере отырып шаруашылық нысандарын қауіпсіздендіру; елдің қорғаныс қабілетін және мобильдік дайындығын қамтамасыздандыру».[15]

«Қазіргі уақытта стандарттау мақсаттары оның екі бірдей маңызын көрсетеді. Бір жағынан басты мақсаты – бұл қауіпсіздік бойынша міндетті талаптарды орнату, техникалық және ақпараттық сыйыстыру, сондай-ақ өнімдердің өзара алмасуы және шаруашылық нысандарының қауіпсіздігі, ал екінші жағынан — өнімнің тұтынушылдық көрсеткіші бойынша оның сапасын жоғарылату негізінен кепілдемелер жасау және ресурстарды үнемдеу.

Стандарттау бойынша нормативті құжаттарға Қазақстанның мемлекеттік стандарттары жатады; стандарттау бойынша нормалар, ережелер және кепілдемелер; ортаққазақстандық техника-экономикалық ақпараттарды топтастырушылар;салалармен кәсіпорындар стандарттары; ғылыми-техникалық, инженерлік және де басқа қоғамдық ұйымдардың стандарттары».[16]

«Туристік және қонақүйлік қызмет көрсету стандарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің бір бөлігі болып табылады, ол жүйе туризм және қонақүйлік менеджмент саласында мақсаттармен тапсырмаларды анықтайды, негізгі ұстанымдарды және жұмыс ұйымдастырылуын, нормативті құжаттардың санатын, стандарттардың түрлерін және халықаралық ынтымақтастық бойынша негізгі шарттарды. Туристік қызмет көрсету өрісінің стандарттау мақсаты көрсетілген сапа деңгейімен және турөнімнің немесе жеке туристік қызметтің тұтыну қауіпсіздігін қамтамасыздандыру, туристік өнім тұтынушыларының мүдделерін нарықтағы ізгіліксіз бәсекелестіктен қорғау.

Халықаралық және отандық машықтануда стандарт деген сөз астында стандарттау бойынша нормативті құжат деп ұғамыз, ол келісім негізінде жасалады, маңызды сұрақтар бойынша мүдделі жақтардың басым бөлігінің қарсылық тудырмайтыны жайлы мінезделеді (өндіруші және тұтынушы), мақұлданған органмен бекітілген және қолдануға міндетті».[17]

«Стандарт қонақүй қызметін нарықта реттеудегі әсер ететін құрал болып табылады, яғни әділетсіз өндірушілерден саудашыларға дейін және қонақүй қызметін тұтынушыларға әсер ететін құжат. Стандарт өз табиғатында  шамалы қажетті талаптарды реттейтін, кез келген өнімді немесе қызметті өзінің деңгейіне сәйкес қауіпсіздігіне, сапасына және де тағы басқа критерияларға арналады.

Стандарттың нысаны болып: қызмет көрсетудің қызмет көрсетуші өндіріс үдерісі, немесе оның қорытындысын стандарттауға жатады. Қызмет көрсету дегеніміз орындаушы және тұтынушының арасындағы қарым-қатынасы, сонымен қатар жеке қызметтегі орындаушының тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады». [18]

«Байқап отырғанымыздай ішкі туризм мен сыртқы туризм қарқынды дамуда,соған байланысты қонақ үй бизнесіне деген сұраныс арта түсетіні сөзсіз. Жоғарыда атап өткендей қарқынды дамып жатқан қонақ үйлер қатарына люкс классты қонақ үйлерді жатқызамыз. Деректерге сүйенсек, елімзде мұндай қонақ үйлердің саны 70 екен, ал олардың жалпы нөмірлік қоры -6432 номерді құрайды. Оның біраз бөлігі Алматы мен Астана қалаларына тиесілі. Қонақ үй шаруашылығы саласында дәл осындай үлестілірімді инвестияциялық саясаттың көбінесе ірі компаниялардың қолдауымен өткізілетіндігімен түсіндіреміз. Төмен бағалы қонақ үйлердің даму деңгейі жоғары классты қонақ үйлерден біршама төменірек. Мұндай құбылыстың ең басты жағымсыз жағы – әлсіз бәсекелестіктің пайда болуы. Бірақ ,жалпы Қазақстан экономикасының дамуын ескерсек, қонақ үй шаруашылығы одан әрі дами түспек деген болжам жасай аламыз.Қазірдің өзінде инвесторлар тарапынан Қазақстандағы қонақ үйлердің құрылысына бөлінген қаржы қоры Ресей мен Еуропа елдерімен салыстырғанда инвестция қорынан асып түседі. Ғалымдардың  зерттеулеріне сүйенсек 2010-2030 аралығындағы қонақ үй бизнесінің даму мүмкіншіліктері өте зор». [8]

Кесте 3. 2010-2030 жылдар аралығындағы нөмірлер қорының өсу-кему көрсеткіштер

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-51

Ескерту : http://group-global.org алынған мәлімет

«Инвесторлардың құрылыстарды басқару мен рәсімдеу жұмыстарында да, құрылыстың эксплуатациясы мен қонақ үй менеджементіне де көбінесе шетелдік мамандырдың жұмылдыруын кадрлардың жетіспеушілігімен байланыстырамыз.Соның әсерінен люкс классты қонақ үйлердің барлығы шетелдік менеджментпен басқарылады. Ал, бұл шығындарды одан сайын көбейтіп жобаның өтемділігіне кері әсерін тигізеді.» [19]

    «Ең алғашқы халықаралық бренд желісімен ашылған қонақ үйлер 2005- 2008 жылдар аралығында Батыс Қазақстанда ашыла бастады. Ақтауда, Атырауда Renaissance және Атырауда Marriott Executive Apartments. Тек 2011жылы ғана ешқандай халықаралық бренд желісі ашылмады. Оның орнына Алматы қаласында осыған дейін Hyatt америкалық қонақ үй желісінің құрамында болған Rakhat Palace қонақ үйі ашылды. 2012 жылы Бурабайда Rixos және Шымкентте Canvas қонақ үйлері ашылды».[20]

Кесте 4. Орналастыру орындарының толтырылымдылығы (төсек-орын)

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-42

Ескерту : ҚР- ның Статистика Агенттігінен алынған мәлімет. http://stat.gov.kz

Қазақстандық инвесторлар халықаралық қонақ үй желілерін Қазақстан нарығына енгізу жалғасуда. 2005 жылдан бастап халықаралық қонақ үй брендтері айтарлықтай көбейді.

«2013 жылы халықаралық брендтер арасында ашылған қонақ үйлерден ең рекордтық жалпы нөмірлік қор 589 құрады. 2013 жылы 3 халықаралық брендтік қонақ үй желісі қолдануға берілді: Астанада 248 нөмерлі Park Inn желісі Rezidor Hotel Group, Алматыда 196 номерлі Best Western Atakent Park Hotel және Алматыда 145 номерлі Marriott International компаниясындағы халықаралық бренд The Ritz-Carlton. Қонақ үй саласындағы ең басты оқиғалар 2014 жылға сәйкес келеді. Олар: Астанада қаласында орналасқан 283 номерге арналған Marriott, 229 номерлі Hilton Garden Inn, Ақтөбеде ашылған 177 номерлі Sheraton, 135 номерлі Өскеменде Dedeman және Шымкент қаласында ашылған 186 номерлі Rixos қонақ үйі». [10]

Кесте 5. Санаттар бойынша орналыстыру орындарының саны

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-43

Ескерту : ҚР- ның Статистика Агенттігінен алынған мәлімет. http://stat.gov.kz

«Жалпы үстінгі жылдағы көрсеткіштер бойынша 2015 және 2014 жылдарда қонақ үй көрсеткіші 274 қонақ үйге артқан. Бірақ, мұндағы 5-жұлдызды қонақ үй еш өзгеріссіз қалған. Себебі, EXPO көрмесіне байланысты түгелдей серпін 2017 жылға жоспарланып, күш жұмсалуда. Дегенмен, байқағанымыз санаты жоқ қонақ үйлер саны күрт өсуде. Оған нақты себеп қазіргі экономикалық жағдайға байланысты көпшілік туристер қауымы арзан тұрақтану орнын таңдауда». [12]

 «Әлемдік тәжірбиені бақылай отырып, отандық қонақ үй бизнесін дамытуда бірнеше ұсыныстарды қарастырайық:

  • шағын және орта бизнес саласындағы құқықтық нормалар мен экономикалық әдіс-тәсілдерді үнемі жетілдіріп отыру;
  • мемлекеттік қорлар мен мемлекеттік емес қорлардың тарапынан инвестициялық жобаларға салықтық жеңілдіктер ұсыну;
  • потенциалды инвесторларға барынша ақпараттық және кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • инвестордаың құқықтары мен мүдделерін мемлекеттік кепілдік беру арқылы қорғау;

Қонақ үй бизнесін басқару жүйесінде келешекте кешендік,жүйелік тәсілдемелермен қатар, жергілікті институттар мен үкімет тарапынан заңды және экономикалық шараларды қабылдау арқылы, қонақ үй топ-менеджерлерінің ұйымдастыруымен өзіндік стандарттарды қалыптастыра білу керек.

Біріншіден , жоғарыда атап өтілгендей, инфрақұрылым кешенін дамыту мәселесі алға тартылуы керек. Қазақстан Республикасының туризм саласының дамуы бүгінде  оның кең мүмкіндіктерін  қолайлы және оптимальды түрде қолдана білумен тығыз байланысты. 2030 жылға қарай орайластырып жасалған субъектілер болжамында туристтер ағымы мен басқа да көрсеткіштер санының 15%-ға, ал туристтік қызметтердің 30 млн.теңгеге өсетіні мәлімделген.

Екіншіден ,туризм саласының даму бағдараламасын негізге ала отырып , қонақ үй шаруалышылығы саласында электронды жылдамдылық мәселесі алға тартылуы керек. Яғни, Еуропа елдерінің тәжірбиесіне сүйенсек қонақ үй нөмірлерін стохастикалық модельге негізделген жедел брондау жүйесін табыс  көзінің 94 % -ды құрап,клиенттер санының өсуіне ықпал етеді.

Осы секілді мәселер дәл қазіргі сәтте EXPO-2017 қарсаңында жедел түрде өз шешімін табуы қажет.Себебі, «ИА Новости Казахстан» ақпараттық агенттгінің деректеріне сүйенсек , аталмыш іс-шараға туристтердің ең көп бөлігі Қытай Халық Республикасынан келмек,одан басқа бұл көрмеге 100 мемлекет қатысады деп күтуліде. «EXPO-2017»  ұлттық компаниясының қонақ үй нысандарының басым көпшілігін Бурабайда орналастара отырып, өңірлерде халықаралық туризмнің дамуына жол ашып отыр». [21]

 Қонақүй шаруашылығы индустриясы қазіргі таңда халықаралық туризмде негізгі орынды алады. Қонақүй индустриясының дамуы маманданған қонақүйлік кәсiпорындардың санының көбеюiмен орын алуда. Қызмет түрлерi кең дәстүрлi қонақүйлер, қарапайым және маманданған қонақүйлер ұсынылуда. Сол ұсынылған қонақүйлердің көптеген дамыған желісін көш бастаған ел АҚШ болып табылады. Туризмнің негізгі бағыттары туризм индустриясының осы яғни қонақүй шаруашылығының көлеміне және ұсынылатын орындардың сапасына тікелей байланысты.

«Қазіргі «Қонақүй шаруашылығы индустриясы» дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын – сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды. Алматыдағы бес жұлдызды қонақүйдің бір күндік құны 55 мың теңгеден басталады. Кейбірінде 500 мың теңгелік номерлер де бар. Кей кезде бағасы мен сапа сәйкес келе бермейді.

Қонақ үй бизнесіндегі стратегиялық бәсекелестіктегі артықшылықтарды қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі болып өзінің бәсекелестеріне қарағанда неғұрлым жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады.. Осыған сүйеніп, тұтынушы әуелі қызмет көрсетушіні таңдайды, сонан соң олардың ұсынған қызметін өздерінің күткендерімен салыстырады. Егер де көрсетілген қызмет олардың күткенімен сәйкес келмесе, клиент қызмет көрсету фирмасына бар ынтасын жояды, ал егер де сәйкес келсе немесе олардың күткендерінен асып түссе, олар бұл қызмет көрсетушіге болашақта тағы келуі мүмкін».[10]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-55

Сурет 1. Алматы қаласы бойынша  қонақ үйлер категориясының үлесі

Ескерту —  [21] дереккөзден алынды

1-суретте Алматы қаласында жалпы 122 қонақ үй бар екендігі көрсетілген. Оның 6% 5* категориялы қонақ үйлер, 32% 3* эконом кластағы  қонақ үйлер және 4* 12%қонақ үйлер,  62% категориясыз қонақ үйлер. Туристтер көбінесе 3* қонақ үйлерді таңдайды. Себебі, олар эконом класстағы қонақ үйлер болып саналады.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-56

Сурет 2. Алматы қаласы бойынша мейрамханалар рейтингі

Ескерту – [22] дереккөзден алынды

2-суретте Алматы қаласының мейрамханалар рейтингі көрсетілген. Тұтынушылардың пікірін ескере отырып жасалған зерттеуде Devyatka мйерамханасы толық 5 ұпай алған. Қалған мейрамханаларда қызмет көрсету сапасы сәл төмен болған.

Кесте 6 – Алматы қаласындағы қонақүйлер рейтингі

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-44

Ескерту – [12] дереккөзден алынған мәлімет.

6-кестеде Алматы қаласындағы қонақ үйлер рейтингі көрсетілген. Рейтинг жасағанда қызмет көрсету сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы, қосымша қызметтердің болуы сияқты критерийлер есепке алынып жасалды. «Ең жоғары көрсеткіш «Д.Рами» қонақүйі алған. Ондағы қызмет көрсету сапасы өте жоғары болып саналады. Толық 10 баллдың 9,4 баллын алды. Екінші орында «Ритц Карлтон» қонақ үйі. Ол 5* қонақ үй, қонақтарға өте жақсы қызмет көрсетеді. Үшінші орында 8,7 баллмен «Салтанат» қонақ үйі. 8,4 балл жинаған Интерконтиненталь мен Риксос қонақ үйлері төртінші және бесінші орында.

 «Қазақ­стан» — Алматы қаласының орталығында орналасқан республикалық дәрежедегі жоғары класты мейманхана. Өзінің ерекше пішінімен бұл қонақ үй — Алматы қаласының символдарының бірі. 1000 орындық мейманхана ғимаратының 25 қабатының 21 қабаты (бір, екі, үш бөлмелі) қонақжай бөлмелерінен, төменгі екі қабаты қоғамдық қызмет көрсету жайларынан тұрады. Төменгі қабаттарда қонақтарды тіркеу, оларға тұрмыстық, техникалық қызмет көрсету (пошта, телеграф, жинақ кассалары, медициналық жәрдем, жолаушылар кассасы, “Интурист” бюросы, т.б.) бөлмелері орналасқан. Жылына 266 мың адамға қызмет көрсете алады. Жиналыстар, семинарлар, т.б. өткізуге арналған қосымша орындары, 116 орындық мәслихат залы, бизнес орталығы, жазғы кафе, банкет залы, ұлттық асхана, іскерлік кездесулер өткізуге арналған кең холл-вестибюль бар.

Ғимараттың оңтүстік павильонында 4 банкет залы бар мейрамхана орналасқан. Ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін “Космос” кафесі жұмыс істейді».[23]

Кесте 7 – «Қазақстан» қонақ үйіне SWOT-талдау

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-45

Ескерту – [12] дереккөзден алынған мәлімет.

7-кестеге сәйкес Қазақстан қонақ үйінің жақсы жақтарына орналасқан орнын айтуға болады. Себебі, Достық даңғылы Алматы қаласының орталық көшелерінің  бірі. Сәулетшілер пішінін ерекше қылып салған. Бағасы басқа 4* қонақ үйлерге қарағанда біршама төмендеу. «1977жылы салынған себепті ғимараты ескі, реконструкциядан өткізу керек. Персоналдарды үнемі әртүрлі тренингтерге, біліктілігін көтеру курстарына жіберіп отыру керек. Мүмкіндігіне шетелдік туристтер ұлттық брендті көргісі келеді,сол себепті нарықта сұранысқа ие бола алады. Экономикалық дағдарыс пен басқа да жаңа қонақ үйлер алға жылжуына өте көп әсер етеді. Егер дағдарыс бола қалса немесе бәсекелестер пайда болса, банкротқа ұшырауы мүмкін.

«Қазақстан» қонақ үйінің негізгі қызметтері: қауіпсіздік қызметі, қабылдау және орналастыру қызметі, швейцар қызметі, номерде қызмет көрсету, шетелдік төлқұжаттарды рәсімдеу.

Қосымша қызметтері: жүк сақтау бөлмесі, сейф, трансфер, автожуу,бизнес центр,жаттығу залдары,вай фай, туристтік агенттіктер, 220 орындық Алтынемел конференц залы

Қонақ үйде жалпы саны 360 номерден тұрады. Оның ішінде 5 категория бар».[24]

Кесте 8 – Қазақстан қонақ үйіндегі номерлердің бағасы

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-46

Ескерту – [14] дереккөзден алынған мәлімет.

8-кестеге сүйене отырып, қонақ үйдегі номерлердің бағасын көруге болады. Барлық номерлер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Номерлердің айырмашылығы көлемінде және интерьерінде. Қазақстан қонақ үйінде бағалары басқа 4* мейманханалармен салыстырғанда біршама төмендеу.

««Лесная сказка» таудағы курортты қонақүйі бес жарым гектар территорияда орналасқан. Белсенді демалыс және табиғатпен үндесуге арналған жыл бойғы, көп функционалдық курорт. Ой-Қарағай шатқалында орналасқан «Лесная сказка» таудағы курортты қонақүйі қазақстандық жерлердің барлық ерекшеліктерін қамтыған. Беткейлердегі қылқан жапырақты ормандар, Іле Алатауының бөктері, жартастардағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, ерекше флора мен фауна, таза ауаның жоғары концентрациясы, энергетикалық ағындар орындары – бұның бәрі қаланың жанындағы тамаша демалысқа кепіл болады. Алматы қаласынан қырық минуттық жерде теңіз деңгейінен 1650 метр биіктікте орналасқан. Қысқы демалыс: тау шаңғысы, арқанды парк, құрал-жабдықтарды жалға алу Жазғы демалыс: треккинг, атқа міну, пейнтбол, скалодром, арқанды аттракцион. Қонақтар атқа мініп, әсем табиғатта серуендей алады. Қазақтың ұлттық мақтанышы киіз үйінде қонақтар демала алады. Орталық Азиядағы ең үлкен скалодром орналасқан».[25]

Кесте 9 – «Лесная сказка» таудағы курортты қонақүйінің тұрғын бағасы

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-41

 Ескерту – [15] дереккөзден алынған мәлімет.

9-кестеге қарай отырып, «Лесная сказка» демалыс орнындағы бағалар туристтерге қолайлы және жағымды болып келеді. Олар ағаштағы үйді немесе коттедждерді таңдай алады. Туристтер отбасыларымен немесе достарымен келіп жақсы көңіл-күйде демалады. Отбасылармен келетін болса балаларға арналған әр түрлі ойын-сауық шараларын ұйымдастырады

««Антрекот» мейрамханасы тұрағы бар, дәмді тағам ұсынып, сапалы қызмет көрсететін демалыс үшін таптырмас жер болып табылады. Қонақтарға европалық, жапон, араб,мексикалық ас үй тағамдарын ұсынады. Қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі бар. Отбасымен демалуға жақсы жағдай жасалған: балалар ойнайтын алаң, келген қонақтың өзі кәуап пісіре алады. Жұмыс уақыты: 12.00-00.00. Абай даңғылы бойында орналасқан. Отбасылық мерекелерге, туған күн, той т.б өткізуге арналған. Бағасы: 7000 теңге». [26]

Кесте 10 – «Антрекот» мейрамхансына SWOT-талдау

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-42

Ескерту – [15] дереккөзден алынған мәлімет.

10-кестеде «Антрекот» мейрамханасының күшті жақтарына орналасу орны жатады. Алматы қаласының орталық көшесінде орналасқан.Және дәмді тағамдар мен әртүрлі сусындардан қонақтар дәм тата алады.Жаз кезінде жаздық алаңға, қыста жабық ғимаратта орналасады. Балаларға арналған ойын алаңдары бар. Бірақ жаз мезгіліндегі алаңдағы үстелдердің үсті шаң және оны үнемі сүртіп отыратын даяшылардың жоқтығы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалмайтынын көруге болады.Және қонақтардың қасында үй жануары-мысықтардың жүруі кейбір қонақтарға ыңғайсыздық тудырады.

«Ritz-Carlton қонақ үйі 26 мемлекеттің ең үлкен қалаларында және атақты курорттарында орналасқан 80 қонақ үйді басқарады. Персонал саны 38 мың адам. Ritz-Carlton Hotel Company бюджеті 2015 жылы $673,4 млн болды. Ritz-Carlton  —  «люкс» класс қонақ үйлерінің халықаралық желісі. Желінің штаб-пәтері Мэриленд (АҚШ) штатында орналасқан. Ритц Карлтон Almaty 2013жылы 4 қарашада ашылған болатын. Барлығы 145 номер бар. Номер тау және қала көрінісі көрінеді. Номер желдеткіш және теледидармен жабдықталған. Телефон, спутниктік каналдар, сейф, жұмыс үстелі, жылу, душ, фен, халат. Тегін будильник-қоңырау қызметі бар. Тегін вай фай жүйесі орнатылған».[27]

Кесте 11 – Ритц Карлтон Алматы қонақ үйіндегі қызметтердің жіктелуі

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-49

Ескерту – [27] дереккөзден алынған мәлімет.

11-кестеде негізгі қызмет қосымша ақша төленбей ұсынылатын қызметтер. «Қосымша қызметтер 1 күнге төленген ақшаның үстіне қосымша ақша төленеді».[28]

Кесте 12 – Риксос, Рахат Палас, Ритц Карлтон қонақ үйлеріндегі люкс номер бағасы

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-50

 Ескерту: [29] дереккөзден алынған мәлімет.

12-кестеге қарай отырып, Ритц Карлтон қонақ үйінде бағасы басқа 5* қонақ үйлерге қарағанда жоғарырақ екендігін көруге болады. «Бірақ бағасына сай сапалы қызмет көрсетеді.Және бәсекелестеріне қарағанда қонақтар өте көп болатындығын ресми сайттағы мәліметтеріне қарап көруге болады. Қонақтардан шағымдар мүлде түспейді, тек жақсы жағымды тілектер ғана жазылатынын ақпараттардан көруге болады».[29]

Сонымен, қонақ үй шаруашылығына мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар іске асырылуда. Елімізде соңғы 5 жылда қонақ үй шаруашылығы дамып келуде. Еліміздің көпетген ірі қалаларында қонақ үйлер көбейіп саны да бірте -бірте артуда. Елордамыз Астана қаласында да халықаралық стандарттарға сай қонақ үйлер желісі іске қосыла бастады. Оған мысал ретінде жоғарыда кестеде көрсеткеніміздей бренд қонақ үйлер желісі айтуға болады. Олар: RIXOS,  XILTON, MARRIOT сынды қонақ үйлерді айта кетсек болады. Аталған қонақ үйлер халықаралық стандарттарға сай салынған қонақ үйлер желісіне кіргізуге болады.Жалпы қонақ үй шаруашылығының елімізде даму қарқыны жақсы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласында өткен конферецияда : «Қазақстанның болашағы- экономикасының дамуында. Ал со экономиканы дамыту үшін көптеген салаларды алға тарту керек. Солардың бірі- туризм.» -деген. Олай болса, сол туризмнің артуына байланысты Қазақстанда қонақ үйлер санын арттыру керек.

Қорытынды

Қорытындылай келе елімізде соңғы 5 жылда қонақ үй шаруашылығы дамып келуде. Экспо-2017 көрмесіне туристтер көптеп келеді. Сол себепті қонақ үйлер санын көбейту керекпіз.

«Қазақстан» қонақүйіне барған кезде SWOT-талдау жасалынды. Күшті, әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері зерттелінді. Бағаларын зерттеп, номер категориясы бойынша айырмашылықтары анықталынды. «Лесная сказка» тау курортты демалыс орнында туристтер өздеріне ыңғайлы жатын орынды таңдай алады. Сол себепті бағаларын зерттеп қарастырылды. Бағалары туристтер үшін қолайлы. «Антрекот» мейрамханасына зерттеу жүргізген кезде SWOT-талдау жасалынды. Әлсіз тұстарын ескере отырып, жақсы жағына түзету керек. Ал жақсы жағын тиімді пайдалану керек. Қауіп-қатерден сақтану керек. Мүмкіндіктерін  дұрыс қолданып, дамыту керек. «Ритц Карлтон» қонақ үйіне бәсекелестермен бағаларын салыстырды. Бағасы жоғары болғанымен, соған сай қызмет көрсетеді. Қонақтар әр түрлі іс-шаралар, конференциялар өткізіп тұрады. Қонақтар бұл қонақ үйде Алматы қаласының ерекше көрінісін көре алады. Жалпы оқу тәжірибесінде көптеген мәліметтер жиналып, зерттелінді. Әрбір кәсіпорынның ерекшеліктері мен баға саясаты түсіндірілді. Ұйымдық-басқару құрылымдары, кәсіпорынның бәсекелестері жайлы мағлұматтарды пайдалан отырып, нарық зерттелінді. Қонақтар көп кезде қандай амал қолдану керек, «өлі маусымда» қандай амал қолдану керек екендігі жайлы айтылды.

Қонақ үй шаруашылығын дамытуда айтарлықтай биік белестерге жету үшін осы қызметте қызмет ететін мамандардың білім деңгейін, қызметтер түрін арттыру керек. Сонымен қатар осы қызметтегі қызметшілердің жұмыс бағдарлары нақты болғаны жөн. Қонақ үй қызметінің шаруашылығы – бұл адамдар арасындағы тығыз қарым-қатынас,  алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Қызмет көрсетушілердің күш қуаты демалушыларға арналып, қонақтардың ой-көңілін жаулап алу мақсатында үлкен дәрежеде қызмет көрсету. Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер, атақ абыройға ие бола алады. Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы өз үйі. Ал үйде адам өзін жақсы сезініп, көтеріңкі көңілде болып, оны әрқашан шын жүректен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болуы шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта –қайта келу тілегін қалыптастыру керек. Қонақ үйдің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы да саналы қызмет көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады.Елімізде қонақ үй шаруашылығы соңғы жылдары даму үстінде.Аса ірі қонақ үй кешендері салынып,жеке,кіші отельдер саны артып,ескі қонақ үйлер жүйесі жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрету сапасы жоғарғы дәрежеде деп айтуға алі ерте.Алдағы уақытта қонақ үй шаруашылығының дамуы туризмнің дамуымен тікелей байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Азар В.И. «Экономика и организация туризма». М: 2008ж. 95 б.
  2. Азар В.И. «Экономика и организация туризма». М: 2008ж. 113 б.
  3. Раева Р.А. «Гостиничный бизнес: пути становления и развития», Издательство университет «Туран», Алматы: 2011ж.- 46б.
  4. С. Медлик, Х. Инграм «Гостиничный бизнес». М: 2010ж. 114 б.
  5. Гостиничный и туристический бизнес: Учебник/Под ред. А.Д.Чудновского.-М.: ЭКМОС,2005ж.-352б.
  6. Браймер Р.А. «Основы управления в индустрии гостеприимства». М.: 2010ж. – 176 б.
  7. Гостиничный и туристический бизнес: Учебник/Под ред. А.Д.Чудновского.-М.: ЭКМОС,2005ж.-363б.
  8. «G-Global» жаңалықтар сайты http://group-global.org
  9. Кусков А.С. М.: «ДАШКОВ И К’», 2009 «Гостиничное дело»
  10. http://forbes.kz/,
  11. ҚР Статистика агенттігінің ресіми Интернет-ресурсы:www.stat.gov.kz
  12. Жунусбекова Б.Б. «Организация туризма и гостиничного бизнеса в Республике Казахстан». Алматы: 2012ж – 98 б.
  13. Квартальнов В.А. Туризм, Москва, «Финансы и статистика», 2003ж.- 158б.
  14. Раева Р.А. «Гостиничный бизнес: пути становления и развития», Издательство университет «Туран», Алматы: 2011ж.- 79 б.
  15. Сорокина А.В. «Организация обслуживания в гостиницах и туристских комплексах». М: 2009 – 210 б.
  16. Сорокина А.В. «Организация обслуживания в гостиницах и туристских комплексах». М: 2009 – 214 б.
  17. Александрова А.Ю. «Международный туризм». Учебное пособие для вузов. М.: 2009ж. – 321 б.
  18. Сорокина А.В. «Организация обслуживания в гостиницах и туристских комплексах». М: 2009 – 217 б.
  19. Квартальнов В.А. Туризм, Москва, «Финансы и статистика», 2003ж.- 58б.
  20. Туризм в Республике Казахстан в 2010ж. / статистический сборник / Агентство РК по статистике Смаилова А.А. 2010ж. –120б.
  21. Қазақстан Республикасы статистикалық агенттігі Stat.gov.kz
  22. «National Business» журналы / бас редакторы Денис Кулькин / қаңтар-ақпан, 2015, №1, 67 б.
  23. «Туризм инфрақұрылымы» туризм мамандығына арналған оқулық. / — Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 2010 ж. – 266 б.
  24. Гончарова И.В., Розанова Т.П., Морозов М.А., Морозова Н.С. Маркетинг туризма, М.: Федеральное агентство по туризму, 2014 ж.
  25. «Лесная сказка» демалыс орнының ресми сайты http://skazka.kz/
  26. Антрекот мейрамханасы ресми сайты entrekot.kz
  27. «Ritz Carlton» қонақүйінің ресми сайты ritzcarlton.com
  28. «G-Global» жаңалықтар сайты http://group-global.org/kk
  29. Қазақстан Республикасы статистикалық агенттігі Stat.gov.kz
Яндекс.Метрика