ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мазмұны
Кіріспе
Қазақстан экономикасын әртараптандыру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанда экономиканы үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту саясатын жүзеге асыру шеңберінде, ішкі қаржылық ресурстарды тарту және тиімді пайдалану мәселесі ерекше өзектілікке ие болуда. Экономиканы әртараптандыру «таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады» деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында.
Қазіргі экономиканың өрлеу сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін өндірістің индустриалды-инновациялық дамуына негізделген. Қазіргі кезде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында шикізаттық емес саладағы инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі екендігі белгілі.
Сонымен қатар, аталған стратегиялық міндет экономиканы әртараптандыру, өңірлік және ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы, оның тұрақты және теңдестірілген түрде өсуін қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес келуі тиіс. Өндірістің индустриалды-инновациялық өсуін қамтамасыз етпей әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру қиын.
Әртарапандырудың ең негізгі сегменті, экономиканың негізгі секторы өнеркәсіп болып табылатыны белгілі.
Сонымен қатар, республиканың барлық аймақтарында әлеуметтік-экономикалық жобаларды, оның ішінде өнеркәсіп өндірісін дамыту, индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру жолымен қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын жергілікті жерде жақсарту, біздің пікірімізше, елдегі барлық халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасын арттырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Еліміздің индустриалды-инновациялық өсуін ынталандыру мәселелерінің ғылыми және тәжірибелік тұрғыда шешуді қажетсінуі дипломдық тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.
Отандық ғылымда индустриалды-инновациялық өсуді ынталандыру мәселесіне қызығушылық соңғы жылдары айқынырақ байқала бастады. Бұл мынадай екі себепке байланысты: біріншіден, экономиканы әртараптандыру және оның шикізат тәуелділігін азайту арқылы сервистік-технологиялық экономикаға өту, екіншіден, экономистер дамыған нарықтық елдердің тәжірибесін көбінесе қолданбалы көзқарасы тұрғысынан зерттеді.
Дегенмен қазіргі таңдағы ел экономикасының аймақтық даму жағдайында жекелеген аймақтардың өндірісті әртараптандыру деңгейін бағалау жан-жақты зерттелмеген.
Қазақстан Республикасында экономиканы әртараптандыру бойынша мәселелері мен даму болашағының жай-күйін жан-жақты зерттеу негізінде әлемдік тәжірибені қолдана отырып, экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті өндірісті құрудың басым бағыттарын талдау өнеркәсіп өндірісі тетіктерінің дамуын жетілдіру бойынша теориялық негіздемелер мен механизмдерін ұсыну болып табылады.
«Әртараптандыру» категориясы экономикалық түсініктемелердің ең қиын және де кешенді түріне жатады. Әртараптандыру (diversification – өзгерту, түрлендіру алғашқы латын сөзінен) капитал (қор) концентрациясы түрлерінің бірі. Демек өз өндірістерін әртараптандыру арқылы фирмалар өздері жаңа салаларға және сфераларға енеді.
Кейбір сөздік құрастырушылардың ойынша, әртараптандыру ол негізгі өндірістің мамандырылуымен тікелей байланысы жоқ жаңа тауар нарығында өнеркәсіптің қызмет саласын кеңейтуге арналған маркетинг стратегиясының бір түрі өндірістің басқа салаларына ену деп түсіндіріледі [1]. Олар әртараптандыру мағынасының бір-бірімен байланысы жоқ өндірістің біруақытта дамуына, өндірістік бұйымдар ассортиментін кеңейтумен байланысты екенін дәлелдейді. Яғни әртараптандырудың нәтижесінде өндіріс өзінің дәстүрлі қызмет сферасынан ауытқып жаңа салаларға бет бұрады. Демек, бұл өндірістің қорытындысында оның бұрынғы қызмет сферасына тікелей байланысы жоқ өнім өндіріледі деген сөз.
Кейбір әдебиеттерде әртараптандыру бір өнім өндіруге негізделген өндірістік құрылымның біржақтылығынан кеңейтілген номенклатуралы өнімнің көппрофильді өндірісіне өтумен анықталады.
Әртараптандыру тақырыбын көптеген атақты ғалымдар мен мемлекеттік саясатты жасаушылар кеңінен зерттеген. Әртараптандыру теориясы 1930 жылдардағы Ұлы тоқырау дағдарысынан басталады. Бұл теория тәуекелі жоғары және өмір сүру жағдай сапасы төмен аймақта көп түрлі өндірістерді ұлғайтумен қатар бір мезгілде барлық өндірістерде құлдырауды бастан кешіретінін тұжырымдайды.
Біздің көзқарасымыз бойынша, әртараптандыру түсінігін айқындау үшін біруақытта бірнеше көзқарастарды қарастыру қажет.
Бәрінен бұрын, әртараптандыру экономикалық құбылыс ретінде көрсетілуі мүмкін. Бұл жерде, оның екі аспектісі көрінеді:
- Біріншіден, әртараптандыру жалпы еңбек бөлінісінің үдеріс нысаны ретінде көрінеді;
- Екіншіден, осы үдерісті кәсіпорынның сыртқы өзгеретін ортаға бейімделу нысаны ретінде көрінеді;[1]
Әртараптандыру сонымен қатар, кәсіпорын қабылдайтын шешімдердің жиынтығын білдіреді. Бұл жоспарда кәсіпорынның басшылық тұрғысынан қарағанда, субъективті көзқарасты білдіреді. Бұл бағытта әртараптандыру өндірістік және кәсіпорынның стратегиялық элементі ретінде белгіленуі мүмкін. Әртараптандыру, техникалық жағынан да қарастырылуы мүмкін – кәсіпорын қызметін өзгерту түрінің үдерісі ретінде. Осы өзгеріс шығарылатын тауардың көлемін кеңейту және жаңа нарықты игерумен іске асырылады.
«Жаңа заманғы халықаралық әдебиеттерде «әртараптандыру» түсінігінің құрылымдық компоненттер ретінде екі параметр белсенді түрде аталынып келеді. Біріншісі, әртараптандыру стратегиялық (маркетингтік стратегия бойынша), екіншісі, өндірістік (өнімнің стратегиясы бойынша) шешімдерді қабылдау аспектілері көрсетілінеді. Әртараптандырудың көп жоспарлылық үдеріс көзқарасы (экономикалық құбылыстың аспектісін ескере отырып) ғылыми әдебиеттерде әлі тәжірибеден өтпеген. Осыған байланысты «әртараптандыру — экономикалық құбылыс» деген түсінігіне нақты түсіндіре кетейік»
Әртараптандырудың макроэкономикалық анализі шеңберінде, оны еңбек бөлінісінің құбылысы ретінде қарастыру керек. Бұл мағынада әртараптандыру үдерісі қызметтің технологиялық түрімен өзара байланыспаған кәсіпорын қызметінің қатарласуын бейнелейді. Осы құбылыстың институционалды шеңбері кәсіпорынмен байланысты.Еңбек бөлінісінің ерекшелік нысаны ретінде әртараптандыру, алдағы уақыттағы тереңдеу бағыттарының бірін және осы үдерістің дамуын көрсетеді. Бұл қозғалыста белгілі шектеулердің бар екенін белгілеп көрсету қажет. Оларды анықтау үшін еңбек бөлінісінің тереңдеу үдерісіндегі логикалық анализіне барлық экономика және бір кәсіпорын деңгейінде көңіл аудару қажет. [2]
Айтарлықтай, отандық экономика шеңберінде еңбек бөлінісі өндірістік қызметтің қатпарласуынан бастап, ең ұсақ өндірістік аймақтарына дейін жүре отырып ұзақ уақытта жүзеге асады. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, белгілі кезеңде шекаралар пайда болады. Олар технологиялық парасатпен байланысты.
«Кәсіпорын деңгейінде еңбек бөлінісінің әртүрлі түрлері (өндірістік, функционалды) бар. Кәсіпорынның дамуына сәйкес, қызметтің әртүрлілігі көбейеді. Бірақ микродеңгейдегі осы үдерістің шекаралары жеткілікті түрде қатал болып келеді. Пайда болатын тосқауылдар екі жағдаймен байланысты:
- Қаржылық аспект. Кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері барлық уақытта шектеулі, кәсіпорын қызметтің көп түрі мен бағытын шамадан тыс қамти алмайды.
- Басқарушылық аспект. Шамадан тыс өндірістерді тиімді басқару өте күрделі болып келеді.
Осы жағдайды ескере отырып, әртараптандыру үдерісіне келесі анықтаманы беруге болады. Әртараптандыру еңбек бөлінісінің формасын көрсете отыра, белгілі оның бағыттарын институционалды түрде ұйымдастырушылық-өндірістік бірлігі шеңберінде, өндірістердің өзіндік түрлерін технологиялық жағынан тетігін қалыптастыра алатын түрін көрсетеді.
Отандық экономика шеңберінде еңбек бөлінісінің үдерісі өндірістің технологиялық жағынан байланысқан және технологиялық дискретті түрлерін қамтиды. Бірақ, бұл жерде өндірістік-құқықтық бірлік (кәсіпорынның) шеңберінде шектеу қойылмаған үдерістер жайлы айтылып келеді.
«Кәсіпорын шеңберінде еңбек бөлінісінің үдерісін қарастыруда, үдеріс бірнеше нұсқаларды қамтитынын ескере кету керек. Өндірістік үдерістің бөлінуі бірнеше кезеңдерге жіктелінеді. Соның арқасында қызметтің дербес тетіктері қалыптастастырылады (мысалы, кәсіпорындарында цехтар түрінде). Осындай бөлінуді өндірістік-технологиялық деп атауға болады. Өндірістік-функционалдық қызметтер түрінің кәсіпорында бөлінуі (бөлімдер мен қызметтердің жүйесі). Мысалы, өндіріс, бухгалтерия, құқықтық бөлім, қауіпсіздік қызметі, күзетші туралы әңгіме болуы мүмкін.
Еңбектің бөлінуі бірнеше өзара байланыспаған қызметтер түріне жатуы мүмкін (әртараптандыру құбылысын түсіндіреді), еңбек бөлінісінің өндірістік-маркетингтік немесе өндірістік-стратегиялық түрде көрсетуге болады.
Еңбек бөлінісінің мәселесін анализдеуде, «әртараптандыру» анықтамасын экономикалық құбылыс ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Бірақ, әртараптандыру шаруашылық шешімдерін қабылдауда субъективті үдерісті көрсетеді (демек, кәсіпорынның стратегиясын). Бұл жерде жаңа өнім өндірісін немесе жаңа нарықты игеруді қаржыландыру туралы айтып отырмыз». [3]
Әртараптандыруға осы тұрғыдан қарағанда, маңызды методологиялық аспектіні белгілеуге болады. Ол келесі де қорытындыланады: Неғұрлым кәсіпорын қосымша жаңа қызмет түрін бастауда немесе жаңа нарықты игерсе, демек соғұрлым жүргізілетін әртараптандыру жоғары деңгейде жүргізіледі. Стратегия тұрғысынан қарастырылатын категория тағы да бір жіктемені белгілеуге негіздеме береді. Экономикалық әдебиеттерде әртараптандыруды кең және тар мағынада қарастыру қабылданған. Әртараптандырудың кең мағынасын қарастыруда, келесіні атап көрсету керек: әртараптандыру өндіріс үдерісінің жиынтық элемент тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар басқару, демек менеджмент тұрғысынан да қаралады.Әртүрлі елдерде бұл анықтаманың кең және тар мағынасының дифференциациясы бар. Мысалы, Батыс Еуропа қабылданғандай, АҚШ-да осы анықтаманы қолдануда өнеркәсіп стратегиясындағы кең көлемді өзгерістерді есепке алады. Бұл айырмашылық екі құрлықтың бизнесті дамытудағы біркелкі емес жағдайлармен шартталған.
XX ғасырда американдық корпорациялар орташа жоғары қаржылық және өндірістік мүмкіндіктерді еуропалықтарға қарағанда көбірек иеленді. Өздерінің өндірістерін дамыту барысында тәуекелділік жаңалықтарды қолдану оларға әдетті болды. Нәтижесінде американдық өндірістік тәжірибе еуропалықтарға қарағанда бай болды. Сондықтан фирманың іскерлік мінез-құлық ғылымында көрініс табатын көптеген терминдерді қарастыруда американдық тәжірибенің анализін келтіреді.Сондықтан да «әртараптандыру» мағынасын түсіндіруде көбі американдық экономистер қарастырады.
«Экономикалық құбылыс ретінде әртараптандырудың шығу себебінің анализі әртүрлі экономистердің белгілі аймақтар көзқарастарын көрсетеді. Шығу себебі ретінде бәсекелестік күрес шартының өзгерісін атап көрсетуге болады. Өз кезегінде, бұл терең жағдайлармен суреттелінеді:
- Қатал бәсекелестіктің көтерілуімен (халықаралық сауданың өсу факторы әсері есебінен);
- Экономикалық кеңістіктің тығыздалу әсерінен бәсекенің өсуімен;
Бәсекенің күшеюі кәсіпкерлерді әртараптандыру шараларына ғана түрткі болған жоқ. Басқа шаралардың есебіне шығындарды азайту, маркетингтік стратегияны күшейту болып табылады (1.-сурет).
Экономикалық әдебиеттерде әртараптандыру себептерін ынталандыратын тізімдер нақты баяндалады:
- Өмір сүруге деген фирманың талпынысы. Осы ынталандыру қолайсыз емес нарықтық, өндірістік немесе материалдық әсер етуіндегі қарсы қимылында көрініс табады. Басқа сөзбен айтқанда, сыртқы ортаның негативті аспектілері қатынасындағы фирманың әрекеті туралы әңгіме қозғалады.
- Өндірістік бағдарламаны өзгерту есебінен, өзінің дамуында тұрақтылыққа қол жетуде фирманың бағдарлануы.
- Фирманың өндірістік утилизациялау мәселесін шешу қажеттілігі.
- Өзгеретін тұтынушылық қажеттілікке фирманың бейімделуі».[4]
1-сурет. Әртараптандырудың бейімделу стратегиясы
Ескерту: мәліметтер Кукиева А.Ж. Қазіргі кезеңдегіиндустриалды-инновациялық даму ерекшеліктері мен негізгі мәселелері/ А.Ж. Кукиев,Д.А. Садыхановна// ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы.-2016.-№3/2.-225-229 б. статьясынан алынған.
«Тағы да мысалы, кәсіпкерлерді әртараптандыруға ынталандыратын жағдайлардың бір жіктемесін айтуға болады.
- Жалпы экономикада өсу қарқынының төмендеуі және фирманың осы жағдайды бейтараптандырудағы талпынысы;
- Мемлекеттің экономикалық және саяси дамуындағы қолайсыз жағдайларда фирманың тұрақтап қалуы;
- Техникалық прогрестің бәсеңдеуі;
- Дәстүрлі өндіріске құйылған капиталға пайда мөлшерінің құлдырауы;
- Кәсіпкерліктің кеңістік экспансияға деген талпынысы;
Жағдайлар себептерінің түсіндіру көзқарастарын атап көрсеткенде, әртүрлі экономистер ұстанымындағы тек айырмашылықтармен ғана анықталынбайды. Сонымен қатар, жағдайлар мен уақыт параметрі әсер етеді» [5]. Әртараптандырудың даму үдерісін талдау, тарих тұрғысынан қарағанда, осы экономикалық құбылыс өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өткен. Ғылыми әдебиеттерде фирмалардың «экономикалық шоғырлануы» теоретикалық негіздеме алды. Бірігу күрделі көлемдегі өндірістердің артықшылығын қамтамасыз етті және синергетикалық нәтижені алып келді. Бұл кезеңнің себебі ретінде ішкі өндіріс тиімділігінің өсу көзінің таусылуын атауға болады.
Әртараптандыру үдерісінің көп аспектілік түсінігі өндірістік теориясын терең және жан-жақты қалыптастыруға мүмкіндік береді Жалпыланған экономистердің қорытындылары кәсіпкерлерге білім алуға көмек көрсетеді. Себебі жеке кәсіпкерліктің осы білімді жинақтауға көп уақыттары кетеді. Сондықтан әртараптандыру үдерісінің зерттеулері кәсіпорынның дамуына бағытталған ұтымды инвестициялау жолдары туралы білімді жасап шығаруға көмектесті. Сондықтан кәсіпорын әртараптандыру мақсаттарын белгілейді.
«Әртараптандырудың мақсаттары аз уақыт аралығында нәтижеге жетуге бағытталған стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді
Әртараптандыру мәселесін зерттеуде ғалым-экономистер, оны жүргізудегі әдістертерді бөліп көрсетеді. Әртараптандыру әдістерінен келесілер жатады:
- Бейімделу. Барлық персонал, соның ішіндегі жабдықтар тауарлар мен қызметтердің әртүрлілігін жүзеге асыру үшін қолданылуы керек. Бұл әдіс персоналдың зерттеу рухымен жаулап алынған кәсіпорындарға тән.
- Экспансия (кеңею). Өнім ассортиментінің ұлғаюына алып келетін жабдық пен ұйымның сапа санын ұлғайту есебінен өнімділікті көтеру.
- Жұтып алу. Белгілі қызмет аясында әрекет ететін фирма ақция немесе қолма-қол үшін сатып алу жолымен жаулап алынады. Орталық міндеттер жаңа бөлімдерге таралады, жаулап алынған компанияның басқару тәжірибесі мен қабілеті жалпы қайтадан компанияда жұмыс істей бастайды.
- Бірігу. Шамалы бір көлемдегі және қызмет ету түріндегі кәсіпорындардың бірігуі.
- Қосылу. Қандай да бір кәсіпорынға деген қызуғушылық, басқа кәсіпорын үстінен бақылау. Бірақ оған қарамастан біріккен кәсіпорын тәуелсіз құрылым ретінде жұмыс істей береді.
- Инвестициялар. Инвестицияның құйылуы барысында кәсіпорын осыдан белгілі артықшылықтар түрлерін иеленуі керек, мысалы, басқа фирмалардың ынтымақтастығынан белгілі пайда табу. Кейбір жағдайларда кәсіпорындар жаңа корпорация құруы мүмкін.
- Жәрдемдесу. Қызметті кеңейту немесе әртараптандырудағы өзгерістер туралы жабдықтаушыға немесе тұтынушыға ақпараттық қолдау көрсету.
Көрсетілген әртараптандыруды жүзеге асыру әдістерінің бастапқы екеуі өндірістің әртараптандыруына, ал қалғандарын бизнестің әртараптандырылуына жатқызуға болады»[6].
Әртараптандырудың басты коммерциялық мақсаты болып нарықтық мүмкіндікті қолдану есебінен және бәсекелік артылықшылықтарды орнату есебінен пайданы көбейтуболып табылады. Бірақ бәсекелік артылықшылықтарды алудың нақты жолдары, олай болса, әртараптандырудың экономикалық алғышарттары да әртүрлі болып келеді
«Индустриялық-инновациялық даму жағдайындағы ұлттық экономиканың бәсекелік даму ерекшеліктері«Индустрияландыру» (латын тілінен аударғанда – «жігер, ынта, қызмет» мағынасын білдіреді) – халық шаруашылығының барлық саласында, оның ішінде өнеркәсіпте, ірі машиналық өндірісті құру үдерісі. Индустрияландыру
келесіні қамтамасыз етеді:
- ел экономикасында өнеркәсіп өнімі өндірісінің басым болуы;
- аграрлы немесе аграрлы-индустриалды елдің индустриалды-аграрлы немесе индустриалды ел қатарына өтуі.
«Индустрияландыру» дәстүрлі (аграрлық) қоғамның қазіргі заманғы қоғамға (өнеркәсіптік) ірі машина өнеркәсібін және өндірістік технологияларды құру жолымен айналуын сипаттайтын әлеуметтік процесс.
Индустрияландырудың міндеті – «экономикалық өсудің» нарық жағдайындатепе-теңдікке өзі келетін машина арқылы өмір сүру стандартын арттыру болып табылады (ХХ ғасырдың 50-60жж. – өркениеттің жаңа сапалы деңгейге өтуінің
қозғаушы күші ғылыми-техникалық революция болған жаппай индустрияландыру кезеңі).
Индустриялық дамуға қатысты теориялық негіз болған өнеркәсіпті
ұйымдастыру саласындағы зерттеулер болып табылаыды. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ұйымдастыру теориясына зерттеушілер мен мемлекет басшылығы тарапынан ерекше көңіл бөлінді. Алайда экономикалық ұғым ретінде бәсекеге қабілеттіліктеп дербес қарастырылды.
Ұдайы, үздіксіз инновация өндіріп отыруға қабілетті аймақтық экономиканы қарастырғанда (Б. Асхайм, А.Изаксен) 3 аспектіні ескеру керек:
- аймақтық құрылымдық басқарудың болуы;
- белгілі бір өнім түрін өндіруде аймақтық мамандану;
- аймақтың өнеркәсіптік және инновациялық құрылымдарының орталығын дамыту арасындағы айрмашылық. Аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтау үш негізгі факторды ескеруі керек:
- аймақтың шаруашылық механизмінің қызмет ету тиімділігі (тауарнарығындағы бәсекеге қабілеттілік немесе өндіріс қамтамасыз ететін бәcекеге қабілеттілік);
- аймақтың инвестициялық тартымдылығы (аймақта инновациялық және инфрақұрылымдық әлеуеттің болуы)
- тұрғын халықтың жоғары өмір сүру деңгейіне жету.
Осылайша, «аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – аймақтық экономика субъектілерінің өнімді өндіру және әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық, инновациялық және инвестициялық факторлармен, сонымен бірге халықтың жоғары өмірлік сапасын қамтамасыз ететін артықшылықпен шарттастырылатын ішкі және сыртқы нарықтарда тиімді қызмет ете білу қабілеті». Мемлекет пен оның аймақтарының бәсекеге қабілеттілігінің қарастырылған талдамасы (интерпретациясы) бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың қалыптасы процесін жүйелі түрде көрсете алады, сонымен қатар микро-, мезо- и макро-деңгейде бәсекеге қабілеттілікке әсер ететін факторлар мен критерийлерді, негізгі бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді»
Ұлттық экономикалардың экономикалық даму кезеңдерінің сыныптамасына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасының қазіргі даму деңгейі аралас факторлық-инвестициялық даму типіне жатады. Оған минералды-шикізаттық қорлардың көп мөлшері, және сәйкесінше әлемдік нарыққа шикізаттық бағытталған факторлардың басыңқылығы, өңдеуші саланың жеткіліксіз даму деңгейі негіз болады.
Ұлттық экономиканың қалыптасу факторлары мен бағыттарын анықтаудыңәдістемелік нұсқасы М. Портердің детерминантты жүйесіне негізделген, сонымен қатар сол автордың өзіменинфрақұрылымдық және ақпараттық құраушылармен толықтырылған.Халықаралық тәжірибе мен Қазақстан экономикасының даму өзіндік ерекшелігін (спецификасы) талдау нетижесі елэкономикасының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың негізгі бағыттары келесі болуы керек екенін көрсетіп отыр:
- инфрақұрылымды және экономиканы реттеу механизмдерін жетілдіру;
- өндірістің ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін қалыптастыру;
- тиімді басқару жүйесін құру;
Бәсекелік артықшылықтардың барлық жиынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: ресурстық – ерекше сапаға немесе мөлшерге ие ресурсқа ие болу (табиғи,еңбек, инвестициялық, т.б.); операционды – бар ресурстарды қолдану тиімділігі немесе деңгейлік сипат (инфрақұрылымдық, инвестициялық орта, ғылыми-техникалық, біліми, т.б. орта);стратегиялық – бәсекелік артықшылық субъектісін дамытудың анықталған стратегиясы мен осы стратегияның сапасы (бәсекелік орта, әлеуметтік-мәдени, инновациялық, ақпараттық, ғаламдық).[7]
Дамудың қазіргі сатысында артықшылықтардың түрлері ресурстықтан стратегиялыққа күрделенуде және соңғылары маңыздырақ болып келе жатыр. Бәсекелік күрес барлық деңгейлердегі стратегиялардың күресіне айналып бара жатыр, ал стратегиялық құраушы (компонента) бәсекеге қабілеттіліктің негізгі сипаттамасына айналып келе жатыр.
Экономикалық бәсекеге қабілеттілік концепцияларының ішінде атап өтетіні:
- кластерлік концепция, оның шегінде түрлі салалардың фирмаларының бірігуі жүзеге асады, мұнда бұл бірігудің ішкі ресурстарды тиімділі қолдану қабілеті принципиалды маңызға ие болып табылады. Осылайша бәсекелік орта жетіледі, кәсіпкерлік орта жақсарады, өндірістің табыстылығы артады, халықты жұмыспен қамту мәселесі шешіледі, интеграциялық әлеует (потенциал) күшейеді;
- бәсекеге қабілеттілік әлеуетінің жинақталу концепциясы, бұл концепцияға сәйкес елдер бәсекеге қабілетті дамудың 4 сатысынан өтеді . Алайда аталған сатыларға инфрақұрылымдық және ақпараттық сатыларды қосу орынды болады деп ойлаймыз, себебі олар экономиканың әр түрлі даму деңгейінде бәсекенің сәттілігінң критикалық факторын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді;
- бәсекелік дамудың екі жолы концепциясы (жоғарғы жол — әлемдік білім мен технологияны жеделдетіп игеру, өзіміздің ҒЗТКЖ мен инновациялық өндірісіміз арқылы бәсекеге қабілеттілік пен экономикалық өсу, төменгі жол -өндіріс шығындарын азайту және өзіміздің төмен бәсекелі өнімімізге бағаны төмендету арқылы бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу);
- «кеңістіктік даму» концепциясы, ауқымды ұғыммен қызмет
етеді:территориалды, аймақтық кеңістік, локализция зоналары, кеңістіктік факторлар мен координаталар, даму поюстері мен дәліздері, кеңістіктік коммуникациялар (стратегиялық жоспарлаудың қалыпты жабдықтарын (инструментарий) кеңейтеді);
- ғаламдық даму концепциясы, бұл концепцияның шегінде ел үшін жеке ғаламдық позициялық негізгі бағыттарын дайындау қажет.[9]
«Жоғарғы жолмен» дамитын инновациялық экономиканың локомотиві ұдайы және жедел қарқынмен жоғары тұтынушылық және нарықтық құндылыққа ие жаңа өнімдер шығарып отыру болып табылады, ол өнім техникалық жағынан соншалықты күрделі немесе интеллектуалды меншік туралы заңмен соншалықты жақсы қорғалған болуы керек, тіпті артта дамушы елдер кешігуші жағдайда болатын немесе уақытша бағалық бәсекеге қатыса алмайтындай болуы керек. Көптеген дамушы елдер факторлық немесе инвестициялық экономика кезеңінде тұрып қалады да өз өнімінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алмайды, осылайша «төменгі жол» траекториясында болады.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың халықаралық тәжірибесі
Экономикалық өсу және ел дамуының экономикалық тұрақтылығын бағалауды интенсивті зерттеу соңғы 25-30 жылда басталды. Бәсекеге қабілеттілік мәселесі әлемнің барлық елдеріне қатысты болып табылады, себебі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі сол елдің әлемдік экономикадағы орнын сипаттайтын көрсеткіш болып отыр. Сондықтан әлсіз экономикалы ел бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейіне ие бола алмайды. 2015 жылға Қазақстан экономикасының экспорттық мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа сапалы деңгейге шығару көзделіп отыр және бұл күрделі процесс болып табылады. Бұл процесті өлшеу көрсеткіштерін білмей және бағалаусыз басқару оны мүмкін емес. Әлемдік тәжірибе көрсетіпотырғандай ұлттық экономиканың дамуын бағалайтын бірнеше әдіс бар. Қазақстан үшін сол әдістердің тек біреуіне сүйенуге болмайды, яғни экономиканың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың ұлттық әдістерін құру үшін бар әдістердің интеграциясын жүзеге асыру керек. [9]
ҰлттықэкономикалардыңәлемдікдеңгейдебәсекегеқабілеттілігінзерттеуменМенеджменттіДамытуинституты, БүкіләлемдікЭкономикалықФорум, ДүниежүзілікБанк, Халықаралықвалютақоры, т.б. ұйымдар айналысады.
Бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттілік индекстерінің әр түрлі жүйелері елеулі түрде ерекшелінеді, тіпті бір мәселені шешуге (елдерді бәсекеге қабілеттілік деңгейі бойынша бір өлшеммен ранжирлеу) бағытталған көрсеткіштер жүйелерінің өзі әр түрлі болуы мүмкін. Көрсеткіштер жүйелерінің арасындағы концептуалды айырмашылықты келесі бағыттар бойынша сипаттауға олады:
- Ұлттық бәсекеге қабілеттілікті анықтауға фундаменталды әдіс;
- Ұлттық бәсекеге қабілеттілікті уақыт бойынша өлшеу;
- Нақты көрсеткіштер жинағын таңдау.
Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды көрсеткіштер жүйесі болып Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның (ӘЭФ) «Әлемдік бәсекеге қабілеттілік индексі» және Менеджментті Дамыту Институтының бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштер жүйесі табылады. Қазақстан үшін маңызды шара 2005 жылдан бастап оның Әлемдік
Экономикалық Форумның бәсекеге қабілеттілікті анықтау тізіміне қосылуы және 2007 жылы Менеджментті Дамыту Институтымен келісімге қол қойылып, оның бәсекеге қабілеттілік туралы жылдық есебіне енгізілуі болып отыр. Аталған екі жүйе әдістемесі бойынша ерекшелінеді. Әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің индексі макродеңгейдегі экономикалық факторларға көңіл бөлінеді, бірақ экономиканың нақты секторын бағалаудың төмен деңгейін қамтиды. Менеджментті Дамыту Институтының көрсеткіштер жүйесі ұлттық бәсекеге қабілеттілік концепциясына фундаменталды ерекше әдіспен қарауы және экономиканың нақты секторын өлшеуге көбірек икемделген. Бүкіләлемдік Экономикалық Форум да, Менеджментті Дамыту Институтының да мақсаты дамушы елдерге даму сатыларынан мақсатты түрде өтуіне, экономикалық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді [10].
Менеджментті Дамыту Институтының елдің бәсекеге қабілеттілігін модельдеу үкімет ең нашар 20 көрсеткішті жақсартуға күш салса бәсекеге қабілеттілігі қалай өзгеретінін анықтауға көмектеседі. Институт мамандары әлемдік шаруашылықтағы елдердің бәсекеге қабілеттілігін зерттеу барысында бәсекеге қабілеттіліктің «Алтын ережесін» қалыптастырды. Егер ел сол ережеге сүйенсе бәсекеге қабілеттілігін сақтауға немесе көтеруге мүмкіндік алады.Қазақстан Республикасының Үкіметі соңғы жылдар бойы аймақтық даму мәселесімен мақсатты түрде айналысып келеді.
Жекелеген мәселелі территорияларды (шағын қала, ауылдық аймақ) дамытудың мемлекеттік бағдарламалары дайындалып, іске асырылды. 2006 жылы республиканың аймақтық стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын анықтайтын маңызды құжат – «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму стратегиясы» әзірленді. Әзірленген Стратегия шегінде аймақтық даму әдістемесі қайта қаралды. Аймақтарды тиімді дамыту шараларының кешенін жүзеге асырудың негізіне «өсу нүктелері» концепциясы алынды. Мемлекет өсу полюстерін – қарқынды дамушы аймақтарды дамытуды ынталандыруға күш салатын болады. Сонымен қатар бір уақытта аймақтардың мұндай дамуы әлеуметтік зардаптарға әкелуі мүмкін, аймақтық айырмашылықтар мен әлеуметтік қысымға соқтыруы мүмкін.
Аймақтың бәсекеге қабілеттілігін көтерудік халықаралық тәжірибесін қолдану және оны бағалау экономикалық факторларды, сонымен қатар әлеуметтік даму – адами потенциалды ескеретін факторлар жүйесіне негізделетін бәсекеге қабілеттілікті бағалауды қажет етеді. Осы арада бәсекеге қабілеттілікті кешенді бағалауға негізделетін отандық зерттеулер ерекше қызығушылық туғызады.
Қазақстан аймақтарын жүйелі жинақтаушы рейтингтік бағалаумен маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы (МТЗО) айналысады, бұл зерттеу орталығы ҚР дамытудың мемлекеттік институттар тобына кіреді. МТЗО ҚР аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін дамытудың негізгі көрсеткіштеріне келесілерді жатқызады:
- Тұрғын халықтың өмір сапасы индексі – жан басына шаққандағы ЖАӨ, халықтың сатып алу қабілеттілігін талдау, жұмыссыздық деңгейі, күнкөріс минимумынан төмен табысты халық үлесу, халықтың тұрғын-үймен қамсыздандырылуы, медициналық қызмет көрсеткіштерінен құралады.
- Өнімділік индексі – еңбек өнімділігі, аймақтардың инвестициялық белсенділігін бағалау, аймақта ауыл шаруашылықтық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды үлестіру, адам капиталы көрсеткіштерінен құралады.
- Инновациялық индекс – келесі көрсеткіштерден тұрады: ғылыми зерттеулерге кететін жиынтық шығын (жалпы шығындардан %-да), технологиялық инновациялар шығындарының үлесі, ақпараттық технологиялар шығынының үлесі, ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, доктаранттардың 10 мың адамға шаққандағы саны, негізгі ақпараттық технологиялардың болуы .
- Инфрақұрылымдық даму индексі – келесі көрсеткіштерден құралады: автокөлік жолдарының тығыздығы, теміржолдардың тығыздығы, аймақтың
- кәсіпорындарында негізгі қорларының болуы, т.б.[11]
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін индустриалды-инновациялық саясат негізінде арттыруДиссертациялық жұмыстың 2-тарауында келтірілген есептеулер менталдаудың нәтижесі брйынша бәсекеге қабілеттілік пен индустриялық-инновациялық дамудыңоң байланысы анықталды, яғни индустриялық-инновациялық даму деңгейі жоғары болған сайын бәсекеге қабілеттілікдеңгейі жоғары болады. Дегенмен зерттеу нәтижесі республиканың кейбір аймақтарын есепке алмағанда аймақтардыңиндустриялық-инновациялықдамудеңгейітөменекенін көрсетті
Ұлттық экономикалардың экономикалық даму кезеңдерінің сыныптамасына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасының қазіргі даму деңгейі аралас факторлық-инвестициялық даму типіне жатады. Оған минералды-шикізаттық қорлардың көп мөлшері, және сәйкесінше әлемдік нарыққа шикізаттық бағытталған факторлардың басыңқылығы, өңдеуші саланың жеткіліксіз даму деңгейі негіз болады. Қазіргі даму жағдайында өсу полюстері ретінде әлемдік нарықпен интеграцияланған экономикалық дамудың қозғаушы күші қарқынды дамушы аймақтар бола алады, сондықтан аймақтық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне баса назар бөлінуі тиіс. Халықаралық тәжірибе мен Қазақстан экономикасының дамуының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың негізгі бағыттары келесі болуы керек:
- инфрақұрылым мен индустриялық әлеуеттің мүмкіндіктерін сапалы игеру негізінде инновациялық үдерістердің кіріктірілуі;
- өндірістіңғылыми- техникалық және инновациялық әлеуетін қалыптастыру;
- ғылым-сыйымды және өңдеу саласының дамуын одан әрі ынталандыру;
- адам капиталын дамыту және оны тиімді қолдану.
Бәсекеге қабілетті экономиканы құру – алдымен инфрақұрылымдық әлеуетті сапалы түрде игеріп (қажет жағдайда жаңартып), одан кейін инновацияның осы инфрақұрылымдық және индустриалдық үдерістерге кіріктірілуі маңызды болып табылады.Келесі бағыттың факторлар тобы — өндірістің ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуетін қалыптастыру – өнімнің технологиялылығын, ғылым және зияткерлік сыйымдылығын көтерумен байланысты және өндірістің бәсекеге қабілеттілігін құрайды, сонымен бірге қазіргі таңда анықтаушы фактор болып табылады, өйткені ғылыми, технологиялық және техникалық жаңалық деңгейі шығын деңгейі мен шығарылатын өнімнің сапасының шарты болып табылады.
Ғылыми-техникалық және инновациялық дамуға және жекелеген салаларды, аймақтарды, өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге салынған инвестициялардың тиімділігі басқару жүйесінің рационалдылығынан Қaзaқстaн экономикaсының дaмуындағы оңтaйлы процесс мемлекетте социалды тұрaқтылық пен хaлықтың әл-aуқатын өсіруде көптеген басты сұрақтар қамтылып отыр. Экономикaның бaрлық сaлaлaрының тұрaқты өсуі, халықaрaлық қaуымдaстықтың елімізді мойындaуы Қaзaқстан мемлекетінің берекелі өмірінің негізі болып отыр.
Индустриaлды-инновaциялық сaясaт – бұл мемлекет aрқылы бәсекеге қaбілетті лігі тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары дамыған технологиялaр индустриясын қaлыптaстыру үшін кәсіпкерлікке қолaйлы жaғдaйлaр жaсaп және оларғa қолдaу көрсететін шaрaлaр кешені. Өндірілген өнімнің , тaуaрдың бәсекеге қaбілеттілігі ең aлдыңғы орынғa шығып отырған бүгінгі жaһaндaну зaмaнындa инновaциялық қызмет мaңызды мәнге ие. Дaмыған елдердің экономикaсының үнемі aлға бaсуы инновaциялық қызметті үнемі қолдaп, қуaттaйтын және ынтaлaндырaтын сaясaттың aрқaсындa мүмкін болып отыр. Бұл сaясат ел экономикaсының бұзып-жaрып aлға шығуын қaмтaмaсыз ететін озық технологияны, бaсқaрудың жaңa түрлерін, ғaлымдaр мен өнертaпқыштaрдың ойлaп шығaрғaн жaңa дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруғa бaғыттaлғaн. [12]
Қaзіргі кезде инновaциялық типі бар экономикaны әлемнің көптеген елдері қолданудa. Аса дaмыған біршама мемлекеттер инновaцияны дaмытуды көне кездерден бaстaған. Солардың бірі қазіргі таңда экономикaсы қaрыштап дaмып, әлемдік экономикaдa көш бaстaп келетін Америка Құрама Штаттарын айтуға болады.Қазақстанның да басты мақсаттарының ең маңыздысы –индустриалды инновациялық жағдайларды дамыту арқылы әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстан Республикасының интеграциялануында нәтижелі,қорытындылаушы жүйесін құру. Негізінен индустриалды-инновациялық бағыттар дағдарыстан кейінгі Қазақстанның дамуы моделінің негізі болып табылады.
Елбасы халыққа Жолдау жолдағанда «Қазақстан – 2050» даму Стратегиясын ұсынып,таныстырды. «Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында белді орын алуы. Бұл жаңа бағыттың экономикалық саясаты –коммерциялық пайда алу, ақша салымдары (инвестициялар) мен бәсекеге қабілеттілік негізінде қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтылатын экономикалық прагматизм». Ел экономикасының қарқынды өсуінің қажетті шарты ғылыми-техникалық, өндірістік, қаржылық және институционалдық саланың бір-бірімен тығыз байланысты қалыптасуына ықпал ететін инновациялық жолға ауысу болып табылады. Сонымен бірге ең басты міндет ғылымның дамуын, жаңалықтар қозғалысы, жетілген өндірістік технологияларды дайындау және енгізуге ынталандыруға итермелейтін индустриалды-инновациялық саясатты қалыптастыру. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа кезең – жаңа экономика» атты мақаласында «Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен каныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылым көздерін көп қажет ететін және ақпараттық озық технологияларға негізделген осындай сапалық басқа құбылысқа ауысу дүниежүзілік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды», – деген сөздер елдегі бүгінгі таңдағы даму бағыттылығын айқындайды. [14]
Сондықтан Қазақстан бәсекеге қабілетті экономиканың моделін таңдап, басты мақсаты шикiзат бағытынан мүлде қолын үзуге ықпал жасайтын экономика салаларын диверсификация жолымен елдiң тұрақталып дамуына , ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылатын индустриялық-инновациялық стратегияны біртіндеп іске асыра бастады.
Мемлекетте негізгі индустриалды -инновациялық саясатта келесі шаралар бол міндетті:
- инновация шараларының экономика, құқық және ұйымдастырудағы негізгі көздерін қалау;
- өндірістің тиімді жақтары мен нарық ішіндегі тауарды өндірушілер өнімдерінің бәсекелік қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар арқылы арттыру;
- кәсіпкерлер қауымының инновaциялық белсенділік қабілетін көтеру және инновaциялық әрекеттерді aсыруғa бөлініп берілген мемлекеттік қaржылaрды дұрыс қолдaну;
- ел ішіндегі инновациялық өнімді халықаралық нарыққа өткізуде қолдау жасау және ел ішіндегі өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетін арттыру.
Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесідей нәтижелерді күтуге болады:
- Өндірістік жүйеде ресурстарды қолдана отырып,ұлттық экономика жағдайын тұрақтануы.
- халықтың өмір сүруі жағдайы мен әл ауқатының біршама жақсаруы.
Президентіміз «Нұр Отан» партиясының 12-съезінде ел экономикасының aлдaғы бесжылдық уақыттағы жедел индустриaлды дaму кезінде негізге алынатын жеті бaсты бaғытты айқындап берген болатын:
- Aгроөнеркәсіп кешені;
- Құрылыс сaлaсы;
- Мұнaй өңдеу
- . Метaллургия;
- Химия өнеркәсібі және фaрмацевтикa;
- Энергетикa;
- Көлік және телекоммуникaция инфрaқұрылымын дaмыту . [15]
«Aдaмзaт Үшінші индустриялық революцияшыл дәлізінде тұр, ол өндіріс жайлы ұғымды өзі өзгертеді. Технологиядағы түрлі жаңалықтар әлемдік нарыққа өз әсерін тигізіп жатыр.Біз бұрынғығa қaрaғaндa мүлдем өзгешелеу технологиялық болмыстa өмір сүріп жaтырмыз. Цифрлық және нaнотехнология, регенерaтивтік медицинa және бaсқа дa көптеген ғылыми жетістіктер қоршaп тұрған ортaны ғaнa емес, aдaмның өзін трaнсформaциялaп, күнделікті шындыққа айналады. Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз» деген еді. Ал, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты Қaзaқстaн Xaлқына Жолдaуындa Президентіміз «үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы ел өнеркәсібін жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді» деп атап көрсетті.
Елбасы мәлімдегендей, «Қазақстан-2030» Стратегиясын айтылған уақытынан бұрын жүзеге асырып, ұлттық мемлекеттіліктің мызғымас, берік жүйесінің негізін қалап, ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп, ұлттық бірлігікті қaмтамасыз етті. Еліміздің тәуелсіз, қaлыптасқан, егеменді мемлекет ретінде де халықаралық беделділігі де өсті. Экономикажағдайында адам басына шаққандағы ЖІӨ-нің көлемі 2012 жылы 1993 жылмен салыстырып қарағанда 1,5 мың доллардан 12 мың долларға жетіп, 7 есеге өсті. Еліміздегі aлтын вaлюталық резервтік қорлары 87 миллиард доллaрдaн асып, ЖIӨ-нің 49%-ын құрaды.Зaмaнaуи aca дамыған елдің негізгі бәсекеге қабілеттілік басымдылығы адами кaпитал жағдайында сапасына және тұрғындардың тұрмысын қамтамасыз ететін факторларға тікелей байланысты. Соңғы жылдарда экономикалық өсу және мемлекет жүргізген белсенді әлеуметтік саясат ел азаматтарының өмір сүру деңгейін едәуір жaқсaртуға мүмкіндік берді. [16]
Индустриялық-инновaциялық дaмудың 2003-2015 жылдaрғa aрнaлғaн стрaтегиясының негізгі бaғыттaры бойыншa республикaмыздa жұмыстaр aтқaрылып келеді. Мемлекет жоғaры технологиялық өндірістерді қaлыптaстырудa, оның ішінде шетелдік те, сaлaaрaлық тa нaно технологиялaр трaнсфертінің тиімді жүйесін жaсaуға жәрдем десу үстінде. Сонымен қaтaр, жоғaры ғылыми-технологиялық әлеуеті бaр ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ұйымдaр мен кәсіпорындaр желісі бaр қaлaлaрдa зaмaнaуи ғылыми және инновaциялық инфрaқұрылымдaрды жaсaп, оның қaзіргі зaмaнғы элементтерінің қызметін (технопaрктер, ұлттық ғылыми ортaлықтaр, ғылыми-технологиялық aймaқтaр және c.c.) қолдaудa. Индустриядaн кейінгі экономикa тұрғысынaн aлғaндa озық сaлaлaрды дaмытудa қaзіргі ғылыми-техникaлық әлеует сaлaлaрын пaйдaлaну мүмкіншілігі біздің елімізде де берілген.[17].
Қaзaқстaн қaзірдің өзінде мынa сaлaлaрдaғы әзірлемелер негізінде ғылымды көп қажет ететін өндірістерді дaмыту үшін белгілі бір ғылыми бaзaғa ие, оның ішінде: биотехнологиялaр (aуыл шaруaшылығы дaқылдaрының жaңa сорттaры мен жaнуaрлaрдың генотиптері, бaктериялaр штaмдaры және бaсқaлaры); ядролық технологиялaр; ғaрыштық технологиялaр; жaңa мaтериaлдaр, химиялық өнімдер және бaсқaлaрды жaсaу. Ғылыми-техникaлық және өндірістік ұйымдaр мен кәсіпорындaрдың инновaциялық қызметін ынтaлaндыруғa, ғылым мен инновaциялaр сaлaлaрынa инвестициялaр тaртуға, өнеркәсіп пен қызмет көрсету сaлaсынa инновaциялaрдың жылдaмырaқ енуіне бaғыттaлғaн зaң шығaру бaзaсы дa елімізде бaрынша жетілдіріліп жaтыр. Бұл дегеніміз, бізде индустриaлды-инновaциялық сaясaттың aлғышaрты жaсaлып қойғанын көрсетеді.
Қaзaқстaндa индустрияландыру жағдайына байланысты неше түрлі бaғдaрлaмaлaр бaр. Соның бірі «Өнімділік — 2020» бaғдaрлaмaсы.
Кесте 1. «Өнімділік — 2020» бағдарламасы Оперaторының функциялaры:
Ескерту: мәліметтер Суйеубекова А. Ж. Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуының теориялық негіздері/ А.Ж. Суйеубекова// ҚазҰУ хабаршысы Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.-2011.- №2.- 119-122 б.-Библиогр.: 7 атау. еңбегінен алынған.
Бизнестегі мемлекеттік қолдау шаралар көмегімен ЖIӨ нақтылай өсуі шамамен 30% (16,1 трлн.теңгеден 35,3 трлн. теңгеге дейін) құрап; өңдеуші өнеркәсіп ұлғаймалы көрсетілген қарқынмен өсе бастады (өндірістің өсуі – 22,8%, тау-кен өндіру секторындағы өсу – 20,4%); өңдеуші сектордағы еңбек өнімділігі 1,6 есе (37,3 мың АҚШ долл./адамнан 57 мың АҚШ долл.адамға дейін) өсті.
Жаңа индустрияландыру саясатының шеңберінде жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға бағытталған «Өнімділік-2020» бағдарламасы іске асырылуда. Өнеркәсіптің 8 саласынан кәсіпкерліктің 71 субъектілері қазір оның қатысушыларына айналып отыр (жобалардың неғұрлым көп саны құрылыс материалдарын шығару индустриясына арналған 21 жобаға және машина жасау саласындағы 18 жобаға келеді).Оның ішінде 67 жоба кешенді жоспарды әзірлеу және сараптау үшін 81,2 млн. теңгеге арналған төлемді алды. 14 жоба бойынша 21,2 млрд. теңгенің ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру мақұлданды. 174,7 млн. теңгеге арналған 32 жоба инновациялық гранттарды алды; 13 жоба бойынша 24,6 млн. теңге сомасына халықаралық стандарттарға (API, ASTM, GMP, EN) сәйкес өнімді сертификаттау және сапа менеджменті жүйесі негізіндегі шығындардың бір бөлігі өтелді.
«Өнімділік 2020» бағдарламасының арқасында шамамен 5 мың жаңа жұмыс орындары құрылды.Қазіргі уақытта ҚР ИДМ Қазақстандық индустрия дамыту институты индустрияландырудың екінші бесдылдығының міндеттерін іске асыру мақсатында «Өнімділік-2020» бағдарламасын дамытып жетілдіру , соның ішіндегі кәсіпкерліктегі субъектілерді қолдауда жаңаша құралдарды енгізу жөнінде ұсыныстар әзірледі.
Индустрияландырудағы екінші бесжылдығы (2015-2019 жж.) ҮИИМДБ логикалық жалғасы болып табылады. Ол бірінші бесжылдықтың сабақтарын және жалғасып жатқан жаһандық рецессиямен, халықаралық бәсекелестіктің шиеленісуімен байланысты қатерлерді және Әлемдік өнеркәсіптегі ағымдағы трендтерді ескереді. Бағдарлама секторлардың шектеулі санындағы күш-жігерлер мен ресурстарды шоғырландырумен өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға, кластерлік тәсілді және тиімді салалық реттеуді қолданумен өңірлік мамандануға бағытталатын болады. Оның негізгі мақсаты – еңбектің өнімділігін, активтердің өнімділігін арттыру арқылы қазақстандық экономиканың тиімділігін арттыруға және ресурстарды тиімді пайдалануға арналған тренді жалғастыру.[18]
Мемлекетте индустриалды-инновациялық стратегияның барысында, аймақтардың өз ішінде бәсекелестік қaбілеті жоғaры және экспортқa бейімделген секторлaрды aнықтaу aрқылы, жaлпы аймақтардың дaмуынa институционaлды қолдaуды көрсету бүгін мемлекеттің негізгі мaқсaты болып отыр.
Сурет 2. Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдар аралығында ірі кәсіпорындар бойынша еңбек өнімділігі ( мың тг/ адам)
Ескерту- мәліметтер Қазақстан республикасының статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz
3-сурет. Өндірісті әртараптандырудағы мақсаттар түрі
Ескерту: мәліметтер Кәрімбай Е. Бизнесті басқару мен ұйымдастырудағы Қазақстан тәжірибиесі/ Е.Кәрімбай, Ж.Т.Бейсенбаев//.-94-96 б..-Алматы,2014 статьясынан алынған.
Бір немесе бірнеше секторлардың басымдылығынан өтуді және жанжақты дамыған, экономикалық дағдарыстарға салыстырмалы түрде тұрақты көпсалалы шаруашылыққа қол жеткізу мақсатында экономиканың жаңа бәсекеге қабілетті секторларын құруды білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде термин бірінші рет ХХ ғ. 50-жылдарында қолданылған және дамыған елдердің экономикасында шаруашылық жүйелерінің құрылымдық қайтақұрылуымен байланысты жаңа құбылыстарды білдірген: қызмет ету саласын өндірістегі өнім мен қызметтердің сұрыптамасын ұлғайту есебінен кеңейту, белгілі бір тауарлар мен қызметтерді өндіруде тар маманданудан бас тарту, тиімділікті жоғарылату мақсатында шаруашылық қызметті жанжақты дамыту.
Ресурстық базаны әртараптандыру – экономика ресурстарының жиынтығының жанжақты дамуы. Оның құрылымында табиғи, еңбек, салалық, қаржылық, кәсіпкерлік, ғылыми ресурстар секілді ресурстардың түрлерін бөлік көрсетуге болады.
Тауарлар мен қызметтер өндірісін әртараптандыру – бір-бірімен байланысты емес өндірістердің көптеген түрлерін біруақытта дамыту, өндірілетін құралдар мен қызметтердің сұрыптамасын кеңейту.
Сауда серіктестерін әртараптандыру – екіжақты және көпжақты келісімдердің қатысушылары болып келетін, мемлекеттер және халықаралық құқық субъектілерімен іскерлік байланыстарды кеңейту.
Қазақстанда термин 2002 ж. «Инновациялық қызмет туралы» бірінші заң қабылданғаннан бастап қолданыла бастады. Басым болып келген импортты алмастыру тәсілі, өз кезегінде, 2003 ж. қабылданған Индустриалды-инновациялық даму стратегиясына трансформацияланды.
Жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында республика кен өндіру және ауыр өнеркәсіп салаларында өндіріс көлемін айтарлықтай ұлғайтты. Осылайша, мұнай өндіру көлемі 3,5 есе артып жылына 80 мың тоннаға дейін; темір мен хром өндірісі – 2 есе; мыс өндірісі – 1,6 есеге артты. Ферроқорытпа мен алюминий өндірісі 2 есе; электр қуатының өндірісі 1,3 есе өсті.Сонымен қатар, Қазақстан өзінің шикізаттық артықшылықтарын пайдалана отырып, өңдеуші секторларды да дамытуда. Автомобиль құрылысы, вагон құрылысы, авиатехниканы жинақтау салалары пайда болды. Елдің инновациялық деңгейге өтуі үшін босалқы дайындамалар құрылуда.
2009 жылдан бастап инновациялық белсенділік екі есе – 2009 ж. 4%-дан 2012 ж. 7,6%-ға дейін ұлғайды.Кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға шығындары 325,6 млрд. теңгеге жетті, бұл көрсеткіш 2011 ж. деңгейінен 67% жоғары, және 2009 ж. деңгейінен 10 есе артық.Шығарылатын инновациялық өнім көлемі 379 млрд. теңгені құрады, бұл деңгей 2011 ж. 60,6%-ға және 2009 ж. көрсеткіштен 2,5 есе жоғары.
Осылайша, ЖІӨ-де инновациялық өнімнің үлес салмағы 0,85%-дан 1,3%-ға дейін ұлғайды.[20]
Экономиканы әртараптандыру үрдісі – күрделі және кешенді міндет. Өз экономикаларының қайта құрылымдалуын және әртараптандыруын түрлі кезеңдерде Жапония, Финляндия, Ирландия, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан тиімді жүзеге асырған болатын. Экономиканы тиімді әртараптандырудың көрнекі мысалы болып Норвегия тәжірибесі табылады. Көмірсутекті ресурстардың айтарлықтай қорына ие бола отырып, Норвегия өндірілетін мұнай мен газдың 90% экспортқа жіберіп және алынатын табыстарды инновациялық қызмет пен әлеуметтік салаға инвестициялау арқылы өндіруші өнеркәсіп үлесінің төмендеуіне қол жеткізді.
Бүгінгі таңда Қазақстан да осы сценарий бойынша келе жатыр. 2013 ж. 22 мамырда өткен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 26-шы бірлескен отырысының қорытындысы бойынша келесілерді жүзеге асыру жоспарланып отыр:
- ғылыми топтарды басқару үшін Қазақстанға әлемдік атағы бар 7 ғалымды тарту;
- 7 қазақстандық компанияны жоғары технологиялық тапсырыстармен қамтамасыз ету;
- 7 инновациялық тәуекелшіл (венчурлік) компанияларды құру.
Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес, инновациялар – аясы тар мақсат емес. Олар экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорт үлесінің 2025 ж. қарай екі есе және 2040 ж. үш есе артуының жалпы мақсатына қызмет етуі қажет. Берілген мақсаттар индустриаландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру, жасыл технологияларды қолдануды кеңейту, ғылыми-инновациялық даму, жетекші инновациялық кластерлерді дамыту арқылы іске асатын болады.[21] Жалпы, ұлттық экономиканы әртараптандыру оның өнімділігінің немесе тиімділігінің өсуіне септігін тигізуі қажет. Өнімділік өндірістің жалдамалы еңбек секілді жеке факторларының бірлігіне немесе ауыл шаруашылығындағы жер бірлігіне есептеліне алады немесе оны әртүрлі өндіріс факторларының біріктірілуін ұйғаратын жиынтық өнімділікпен салыстыруға болады. Жұмысбасты бір жұмысшыға шаққандағы өнімділік жұмыс уақытының ұлғаюы, еңбек қарқындылығының күшеюі, жұмыс күші тарапынан шеберліктің өсуі есебінен немесе капиталды құрал-жабдықтарды енгізу, технологияларды жетілдіру және анағұрлым жақсы басқару есебінен өсуі мүмкін. Масштаб әсері тұрақты емес болған жағдайда (return to scale), өнімділікке, сонымен қатар, өндіріс көлемінің деңгейі әсер етеді.
Сурет 3. Қазақстан Республикасында 2014 жыл бойынша негізгі капиталға инвестициялардың үлес салмағы (пайызбен %)
Ескерту- мәліметтер Қазақстан республикасының статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz
Экономиканы әртараптандыру – табыс кілті. Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып табылады.
Қазақстанда, егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бір қызметкер жылына 17 мың доллардың өнімін өндіреді екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асып түседі. [22]
Қорытынды өте түсінікті – бізге жағдайды түзету – өнімділікті арттырып, инновацияларды ендіру керек. Басқарудың барлық деңгейінің жұмысына баға беру мен жаңағы өлшемдер бойынша қаржылай қолдау көрсету және бақылау Үкіметтің басты міндеті болады. Инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізеді.
Менің тапсырмам бойынша Үкімет Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және Елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын әзірледі. Бұл құжат – таяудағы бес жылда біз нені, қайда және қашан салатынымыздың толық іс-қимыл жоспары.
Бүгінде әңгіме инвестицияларының жалпы көлемі 6,5 триллион теңгелік 162 жобаны іске асыру туралы болып отыр, ал бұл ел ІЖӨ-сінің 40%-дан астамы, олар бізге таяудағы үш жылда ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын тікелей ашуға мүмкіндік береді. Алдағы бес жылда қуатты газ-химиясы кешенін, минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі зауыттарды, бірқатар ірі электр-энергетикалық стансаларды – Балқаш ЖЭС-ін, Мойнақ ГЭС-ін, Екібастұз 2-ші ГРЭС-інің жаңа блогын және басқа көптеген кәсіпорындар пайдалануға берілетін болады.2014 жылға қарай біз барлық 3 мұнай өңдеу зауытын реконструкциялаймыз және бүкіл мұнай өнімдерінің түр-түрі бойынша ішкі қажеттілігімізді толық қамтамасыз ете аламыз. Әр өңірдегі әрбір индустриялық жоба жергілікті биліктің ғана емес, сонымен бірге жұртшылықтың да айрықша бақылауына алынуы керек. Бұл жұмыс таяудағы онжылдықта бүкіл еліміздің жалпыұлттық міндетіне айналуы тиіс. Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ене аламыз. “Нұр Отан” ХДП үшін 2020-Бағдарламасын орындау жұмыстың басты өзегіне айналуы тиіс. Ешкім сыртта тұрмауы керек, өйткені, тек осылай ғана біз Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеуін қамтамасыз етеміз.
Бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде Премьер-Министр бастаған бірыңғай басқару орталығы (штабы) және облыстарда әкімдер басқаратын орталықтар құрылады. Біз 2009 жылы “Жол картасы” бағдарламасы бойынша қалай жұмыс істесек, солай жұмыс істеуге тиіспіз. Министрлер, әкімдер барлық ағымдағы мәселелердің шешілуі үшін жауапты болады. Олар барлық ресурстарды жұмылдырады да. [23]
Индустриялық даму – бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер.
Қазақстан табысты индустриялық держава болады – мен бұған әбден сенімдімін.
Әртараптандырудың басқа бір маңызды сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады. Оның дамуы негізгі үш бағыт бойынша жүруі керек. Біріншіден, негізгі салмақ еңбек өнімділігінің артуына түсірілуі тиіс. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды екен. Ауыл үшін өсу перспективасы міне осында. Сондықтан біздің міндетіміз – 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру.
Бұл күрделі міндетті аграрлық-индустриялық әртараптандыру ғана, яғни ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылығындағы жаңа көзқарас шеше алатын жағдайда. Әлемдік тәжірибені пайдалану, оны біздің ауыл шаруашылығымызға жедел ендіру керек.
Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80%-дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұл үшін мүмкіндіктер бар. Үшіншіден, экспорттық әлеуетті іске асыру, бірінші кезекте бұл Кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдерінің рыноктары. Біз қазірдің өзінде “Жетіген-Қорғас”және “Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара” темір жол желілерін салып жатырмыз, олар іс жүзінде біздің өнімдерге Қытай мен Парсы шығанағы елдерінің рыноктарына жол ашады. Біз салуға кірісетін “Батыс Қытай-Батыс Еуропа” автожолы – тауарлар үшін маңызды магистраль.
“Болашақтың экономикасы” секторларына жеке тоқталғым келеді. Нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйе оның негізі болуы тиіс. Бізде қазірдің өзінде бұл бағыттағы әзірліктер бар. Біз одан әрі ілгері кетеміз. Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады. Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды көшіру, жасанды жүрек және өкпе, бағаналы жасуша және ұзақ жасау медицинасы саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен әзірліктер жүргізеді. [24]
Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергиялар физикасыме нтехникасы мәселелерімен айналысатын болады. Тақырып аралық аспаптық орталық инжинир ингорталығы, зертханалық база және конструкторлық бюро болып табылады.Барлық үш орталық биылғы жылы құрылатын болады. Үкіметке біздің индустрияның 2010 жылғы басымдықтарын ескере отырып, елдің ғылыми технологиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспарын әзірлеуді тапсырамын.
Сондай-ақ,“Ғылымтуралы” жаңа заңның әзірленуін жеделдету қажет. Бұлбіздің болашақ дамуымыз үшін маңызды. Сауаттысаудасаясаты – экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қолдау Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады. 2010 жылғы 1қаңтардан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының құрылуы – бұл қазақстандық барлық интеграциялық бастамалардың серіппелілігі.
Үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптастырылуы болады. Бұл капиталмен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етілетін интеграцияның әлдеқайда жоғары деңгейі. ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерге қолдау білдіре отырып, Үкімет Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына сай келетін жағдайларда Бүкіләлемдік сауда ұйымын кіру үдерісін жандандыруы тиіс. [25]
Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды.
Әрине, айтылып жүргеніндей, “бәсеке жоқ жерде ұйқың жақсы, бірақта өмірің нашар”. Ал қазақстандықтар жақсырақ өмір сүрмек және өз жоспарларын жүзеге асыруға кедергі келтіретіндерге жол бермеу ниетінде.
Қорытынды
Жaлпы aйтқaндa, ел экономикaсын өрге сүйрейтін елімізде әлеуметтік-экономикaлық жaңғыртудың бaсты бaғытының бірі — индустриялдық-инновaциялық дaму хaлықтың әлеуметтік жaғдaйын жaқсaртуғa оң ықпaлын тигізетіндігі aқиқaт.Сондықтан Қазақстан республикасының азаматтары өз арасында жаңашылдықты тудыру үшін адам капиталын дамыту керек.Индустриалды-инновациялық бағдарламалар,жобаларды жеткілікті деңгейде халықаралық деңгейге шығарып қана қоймай,ол идеяларды паттентеп нарыққа ұсынуды практика жүзінде дәлелдеу керек.
Қазіргі экономиканың өрлеу сипаты мемлекеттік тұрғыдан реттелетін өндірістің индустриалды-инновациялық дамуына негізделген. Қазіргі кезде ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында шикізаттық емес саладағы инновациялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық өндірістерді құру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі екендігі белгілі.
Сонымен қатар, аталған стратегиялық міндет экономиканы әртараптандыру, өңірлік және ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы, оның тұрақты және теңдестірілген түрде өсуін қамтамасыз ету мақсаттарына сәйкес келуі тиіс. Өндірістің индустриалды-инновациялық өсуін қамтамасыз етпей әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру қиын. Әртарапандырудың ең негізгі сегменті, экономиканың негізгі секторы өнеркәсіп болып табылатыны белгілі.
Сонымен қатар, республиканың барлық аймақтарында әлеуметтік-экономикалық жобаларды, оның ішінде өнеркәсіп өндірісін дамыту, индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру жолымен қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын жергілікті жерде жақсарту, біздің пікірімізше, елдегі барлық халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасын арттырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Еліміздің индустриалды-инновациялық өсуін ынталандыру мәселелерінің ғылыми және тәжірибелік тұрғыда шешуді қажетсінуі дипломдық тақырыптың өзектілігін айқындай түседі.
Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігін тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшінтолымдыстратегияәзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ оның орындалуына қатаң бақылау орнату қажет болады. Жалпы, президентіміздің өзі тікелей ендіріп отырған индустриалды-инновациялық саясаттың басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын инновациялық технологияларды ендіру жолымен мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізу екені мәлім. Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында еліміз мүмкіндігінше тез осы жүйеге көшу керектігін атап өтеді. Сонымен қатар, «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау керектігін де айтқан болатын. Жалпы, индустриалды-инновациялық саясат бойынша өңдеуші өнеркәсіптер және қызмет көрсету салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісін дамыту мәселесі ең бірінші орынға қойылады
Пайдаланылған әдебиеттер
- Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2007, бейсенбі.-5б
- Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет
- етуінің нәтижесі ретінде» // Хабаршыжурналы№6, 2009ж.-26б
- БердалиевК.Б «Қазақстанэкономикасынбасқарунегіздері»,Алматы – 2008.-18б
- Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтыэкономика негіздері» Алматы «Экономика»-2007ж-105-110б
- Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»Алматы «Экономика»-2007ж-150-155б
- Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2010ж.-Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва2011г,,343-350б
- Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2012.,122-132б
- Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2014ж.,56-78б
- НазарбаевН.Ә. ҚазақстанРеспубликасының ұзақмерзімдік (2030 ж. дейінгі) дамустратегиясы.Алматы–2009,224-262б
- РайхановН. «Қазақстанныңэкономикалықреформажолыөзінше» // Ақиқат -2006ж«Экономикалықсаясат», // ЭкономикаАлматы–2012, 98-102бІльясовҚ.Қ., ҚұлпыбаевС. «Қаржы», // Алматы,2015ж., 88-97б
- «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Алматы – Экономика, 2007ж.ҚазақстанРеспубликасыныңпрезидентініңхалыққажолдауы. 2009жыл, маусым,225-234б
- «БанкиКазахстана» №3, 2006ж. // ҚазақстанРеспубликасыныңҰлттықБанкі 2010жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдыңқаңтар-ақпанғаарналған.-25-30б
- СәйденовӘнуар. Ұлттықвалюта: белестіжылдарбедері. //ЕгеменҚазақстан2008ж. – 15қараша, 6бет.
- Жангелді ШЫМШЫҚОВ / ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ/ Астана Ақшамы газеті/ http://www.astana-akshamy.kz/?p=14179
- Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағыты қатаң қадағалауда ақаласы/««El.kz» әлеуметтік желісі – Интернеттегі қазақша мәдени, этнографиялық контентті дамытуға арналған әлеуметтік желіhttp://el.kz/m/articles/view/
- Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы/ http://alashainasy.kz/economica/kazakstan-respublikasyinyin-industrialdyi-innovatsiyalyik-damu-strategiyasyi-65563/
- «Қазақстандық индустрия дамыту институты АҚhttp://kidi.gov.kz/uploads/posts/12.pdf карта
- ҚазақстанPеспубликасының Пpезиденті — Елбасы Н.Ә.Назаpбаевтың «Қазақстан-2050» стpатегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
- Мырзалиева Г.А. Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар/ Г.А. Мырзалиева// “М. Ауэзов – жаңа дәуір данышпаны’’ атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция еңбектері. 2007 ж. 15-16 қараша.-Т.8.- 108-110б.
- Суйеубекова А. Ж. Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуының теориялық негіздері/ А.Ж. Суйеубекова// ҚазҰУ хабаршысы Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.-2011.- №2.- 119-122 б.-Библиогр.: 7 атау.
- Садықова А. Дамыған мемлекеттерде бизнестің даму тәжірибесі/ А. Садықова// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.- 2011.- №1.- 30-34 б.-Библиогр.: 7 атау
- Примбетова С. Инновациялық кәсіпорындарды дамыту – экономиканы жаңғыртудың басты бағдары/ С. Примбетов// АльПари.-2012.- №1/2.- 42-44 б.
- Кукиева А.Ж. Қазіргі кезеңдегі индустриалды-инновациялық даму ерекшеліктері мен негізгі мәселелері/ А.Ж. Кукиев,Д.А. Садыхановна// ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы.-2016.-№3/2.-225-229 б.
- Копжасарова Г.А. Қазақстан Республикасындағы инновациялық кәсіпкерлік : теория мен даму механизмдері/ Г.А.Копжасарова : филос.ғыл.док…дис./Алматы,2016
- Ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайы және оның даму тенденциясы// «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2016 ж., №4 185-189 б.
Құрастырғандар: Жумакулова М., Байменов С.