ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

“Қазіргі таңда әлемдік экономиканы дамыту өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Себебі кез келген мемлекет өзінің халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартқысы келетіндігі анық. Бұл мәселе Қазақстанды да айналып өтпеді. Кеңес Үкіметі құлдырап, Қазақстан Республикасы Кеңес Одағының құрамынан шығып, өзінің Тәуелсіздігін иеленген кезде еліміздің алдында өте ауқымды мәселе тұрды, яғни Қазақстан Республикасының басқару саясатын, экономикасын түгелдей өзгертіп, нарықтық қатынастарға бет бұру қажеттілігі мәселесін шешу. Жиырма жылдан астам уақытта Қазақстан Республикасы әлемдік аренада өзінің күшін, мүмкіндіктерін көрсетіп, көптеген жетістіктерге жетті. Еліміз тәуелсіздік жылдарында жаһандық экономикада ілгері дамып, кең байтақ еліміздегі «қара алтын», газ, уран және басқа да пайдалы қазбаларды әлемдік тауар рыногына экспорттап келеді. Осыған сәйкес Қазақстан әлемдік аренада өзінің позицияларын нығайтып, экономиканың дамуына көп жұмыс жасайды. Сонымен қатар, елімің демографиялық жағдайда да, экономикалық жағдайда да біршама ілгері дамығандығын көруге болады.

Біздің Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Халыққа жолдаған Жолдауларының барлығы дерлік экономикалық тәуелсіз мемлекетті қалыптастыруға бағытталды. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында да Елбасымыз индустриалды-инновациялық дамуды баса назарға алды.”[1]

Иә, қазіргі таңда әлемдік экономиканы дамыту өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Қазақстанның даму бағытының негізгі мақсаты – жақсы өмір стандарттарын ұсынатын, өзінің қажеттіліктерін жүзеге асыра алуға мүмкіндік беретін қоғам құру, яғни инновациялық типті қоғам құру. Шетелдік елдер тәжірибесінен көргендей, индустриалды-инновациялық даму бағытын ұстану жақсы өмір стандарттарын құруға және өздерінің қажеттіліктерін жүзеге асыра алатын азаматтары бар ел болуға мүмкіндік береді, сондықтан біз де инновациялық типті қоғам құруға ат салысуымыз керек.

“Әлемдік даму үрдісі қазіргі ғылыми-техникалық серпілісті түбегейлі жаңа даму деңгейіне шығаруға себепші болып отыр. 90-шы жылдардың басында экономикалық даму парадигмасы өзгереді де, батыстың алдыңғы қатарлы шаруашылық іс-әрекеттің материалдық емес саласын жеделдетіп дамуымен ерекшеленетін «Жаңа экономикасы» көшті. «Жаңа экономика» аясында шынайы түрде білімге, яғни экономикалық өркендеудің жаңа сапалық түрін қамтамасыз етуші жаңартулар мен инновацияға негізделген нарықтың жаңа шаруашылық субъектілері құрылды.

Қазіргі уақытта технология, құрал-жабдықтар, кадр даярлау, өндірісті ұйымдастыру сипатында іске асқан «жаңа білім» үлесіне экономикасы дамыған елдерде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімінің 70-тен 84 пайызына келді. Жаңадан қалыптасқан жағдайда кәсіпорын акционерлеріне негізгі құнды қарайтын дәл осы зияткерлік капитал, ал оның маңызды құраушылары нарықтық бағалау мен беделге ие болып отыр. Экономиканың инновациялық белсенділігі басым сипатқа ие болуда, бұл өз кезегінде, кәсіпорындардың өз статегиясын түбегейлі өзгертуіне, жаңа бәсекелестік ортада және тіршілік етудің негізі ретінде зияткерлік түрде арттыруға жетелейді.”[2]

“Бүгінгі таңда кез-келген мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыруының негізгі міндеті ретінде инновациялық, өндірістік және ғылыми дамуы арқылы білімге негізделген экономикаға көшу мәселесі қойылды. Бұл ғылыми бағдарламалардың  мақсатты бағдарлануын және өндірістік жүйені жаңғыртуды сонымен қатар, ғылыми салаға жүйелік көзқарасты қажет етеді. Ұлттық инновациялық жүйелердің модельдерін зерттеу өндірістің, ғылымның және инновацияның дамуындағы мемлекеттің рөлін дәлелдеді. Мемлекеттік инновациялық қызметке ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруға бағытталған инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған инновациялық саясат жатады.  Инновациялық саясат технология мен ғылымның даму болашағына және болжауына негізделеді. Инновациялық саясаттың негізгі бағыттары индустриалдық саясаттың бағыттарымен анықталады және инновациялық қызметті ынталандыру мен мемлекеттік қолдауды іске асыру мен байланысты.

Қазақстандағы инновациялық экономиканы қалыптастыру ХХІ ғасырдағы даму бағыты болып табылады. Қазіргі кезде, Қазақстанда инновациялық қызметті қолдауға және дамытуға біршама іс-шаралар атқарылды:

  • Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы;
  • Қазақстанның барынша бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы;
  • Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту бағдарламасы;
  • 2010-2014  жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданды.”[3]

“Жалпы, президентіміздің өзі тікелей ендіріп отырған индустриалды-инновациялық саясаттың басты мақсаты экономика салаларын инновациялық технологияларды ендіру жолымен мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізу. Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында еліміз мүмкіндігінше тез осы жүйеге көшу керектігін атап өтті. Индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан 4-5 жыл ішінде 672 жоба іске қосылған. Ең бастысы, 69 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылған. Сонымен қатар, өткен жылдар ішінде индустрияландыру арқасында Қазақстанда бұған дейін шығарылмаған 325 түрлі жаңа өнімдер өндірісі игеріле бастаған. Бұл да индустрияландыру саясатының ел игілігіне айналғанының нақты көрінісі.”[4]

Индустриялық-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттары бойынша елімізде жұмыстар жүргізіліп келеді. Мемлекет жоғары технологиялы өндірістер қалыптастыруға, оның ішінде шетелдік те, салааралық та технологиялар трансфертінің тиімді жүйесін жасауға жәрдемдесу үстінде. Президентіміздің жемісті еңбегінің арқасында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылды.

“Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты. Жалпы алғанда, қазіргі таңда ЖІӨ көлемінің 25,6% мен халықтың 22,2%-ын жұмыспен қамтып отырған индустрия өндірісінде елдің шаруашылық белсенділігі арта отырып, өндірістік-техникалық потенциалын күшейтерліктей деңгейде жұмыс жүргізіле бастады.”[5]

“Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

2002 жылдың шілде айында қабылданған  “Инновациялық қызмет” туралы Заңы Республиканың ғылыми саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экономикасын әрі қарай дамыту.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал-кез келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекеттің көркеюінің негізгі жолы — ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.”[6]

Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз.  Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен  ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда  инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке  ұмтылғандығының айғағы. Іс-қимылымызда инновациялық үлгіні бағдар ету Қазақстан қоғамы идеологиясының бір бөлігіне айналуы тиіс. Себебі Жапония және АҚШ мемлекеттерінің осылай жасағаны бар. Белсенді қалыпта болатын иннова­ция­­ларға ұлттық қабілеттілікті қалып­тастыру мен қолдау үшін бүкіл қоғам осы саладағы жетістіктерді аса маңызды ұлт­тық басымдық ретінде қарастыратын идея­лар мен құндылықтарды жете ұғы­нуы қажет деп ойлаймын. Мемлекет тарапынан қаражат бөлініп, мамандар даярлап, мамандардың біліктілігін артыра отырып, инновациялық технологияларды дамыту қажет. Инновациялық қызметті қолдап, инновациялық қабілеттілікті дамыту қажет. Сол кезде ғана еліміз еңсесін тік ұстар, тұғырлы мемлекетке айналады.

Джон Кеннеди айтқандай: «Елім маған не істейді емес, мен еліме не істей аламын?» деген сұрақты жастар өздеріне қойса, онда әрине еліміз қарқынды инновациялық серпінге дайын болады және дами түседі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. http://group-global.org/kk/publication/10213-kazakstan-ekonomikasynyn-innovaciyalyk-damuy
  2. http://group-global.org/kk/publication/5912-innovaciyalyk-ekonomikany-kalyptastyru-zhagdayyndagy-adam-resurstarynyn-roli
  3. http://bnews.kz/kk/news/post/214887/
  4. http://bauka.kz/index.php?
  5. http://stud.kz/referat/show/5434

Құрастырғандар: Нұрмағанбет Г., Низамханов И.

Яндекс.Метрика