ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

Мазмұны

Кіріспе

Қазақтан және Орталық Азия экономикалық қауіпсіздігі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Кез-келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашанда өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі саясатқа айналды. Жаһандану үрдісі күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік мәселесі, әсіресе экономикалық қауіпсіздік бағыты ерекше орын алды. Өйткені әлемдік қауымдастықта егеменді ел ретінде әрекет ету мемлекеттің экономикалық қуаттылығы, ал түбінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің бірден-бір көрсеткіші – ұлттық экономикалық даму деңгейі болады.[1]

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерінің нақты және әлуетті қатерлерден қорғалған жағдайында өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ашық экономика бағытында дамып келе жатқан Қазақстан Республикасына, осы жағдайларда ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастыру, оны қорғау мен жүзеге асыру қажет. Ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру мен оларды қорғаудың дәстүрлі құралы протекционистік саясат. Әлемдік рыноктағы шиеленісті бәсеке барысында талаптарына сай түрленгендіктен, біздің еліміздің алдында әлемдік тәжірибеге сүйеніп, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүмкін болатын шаралар жүйесін жасақтау өзекті болып табылады. Себебі, әлемде ғаламдану үрдістері кең құлашын жайып отырған кезеңде, Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануынсыз өтуі мүмкін емес. Интеграция барысында ел экономикасы оң нәтижелерін, ұтымды тұстарын, қауіпсіздігін жоғалтып алмауы керек. Осы тұрғыдан елдің экономикалық қауіпсіздігін макро-, мезо-, микродеңгейлерде қамтамасыз ете білу бүгінгі күннің өзекті талабы болып отыр. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізуге үлес қосылады. Дегенмен, экономикалық қауіпсіздіктің ұлттық негіздерін қамтамасыз ету және оның ұлттық күш-қуатты нығайтудағы маңызы жете зерделенбеген. Қазақстанда ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің теориялық негіздері мен тәжірибелік қамтамасыз етілуін нақты белгілеп берген зерттеулер жоқтың-қасы. Экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері — жалпы экономикалық жүйенің жай-күйі, оның орнықтылығы мен жұмылғыштығы туралы жалпы түсінік беретін ең елеулі параметрлер.[2]

Оның маңызды көрсеткіштері: жалпы ішкі өнімнің өсуі, тұрмыс деңгейі мен сапасы, инфляция қарқыны, жұмыссыздық нормасы, экономиканың құрылымы, халықтың мүліктік жағынан жіктелуі, экономиканың қылмыстық сипат алуы, шаруашылыктың техникалық базасының жай- күйі, бәсекелесуге қабілеттілік, импортқа тәуелділік, ішкі және сыртқы борыш, т.б

Экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәні — сақталмауы экономиканы күйрететін, елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды ушықтыратын шекті шама. Бұл орайда Экономикалық қауіпсіздіктің нақты жай-күйін сипаттау үшін көрсеткіштердің өзінің емес, оның шегінің маңызы зор. Бұл шектің шамасы экономиканың дамуы деңгейіне, қалыптаскан дәстүрлерге, ағымдағы шаруашылық жағдайға байланысты. Көрсеткіштер жүйесі мен олардың шекті мәнін әзірлеу — экономика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары — қауіпсіздікке төнген ішкі және сыртқы қатерлерге жол бермеуге бағытталған тәсілдердің, саналы іс-қимылдардың жиынтығы.Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісі ішкі және сыртқы қауіптерден немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, экономикалық қауіпсіздік – ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады (1-сурет).

Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің сандық және сапалық көрсеткіштері бар болғанымен, оның негізгі түйіні ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру қабілетімен көрінеді. Экономикалық мүдде қоғам мен мемлекеттің қысқа мерзімдегі мақсаттарына ғана емес, ұлттық экономиканың стратегиялы дамуын қалыптастыруға әсер етеді. Оны жүзеге асыруда басты субъект мемлекет болып табылады.[3]

%d1%81%d1%85%d0%b5%d0%bc%d0%b0-10

1- Сурет. Экономикалық қауіпсіздіктің жалпы сипаты

Ескерту: Мәліметтер Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің сайтынан алынған www.korkyt.kz

Экономикалық қауіпсіздік жағдайы кері шамалармен – қауіптермен анықталады. Экономикалық қауіпсіздік қатерлері деп – ішкі және сыртқы факторлардың (немесе олардың жиынтығы) әсерімен экономиканың негізгі звеноларының, оның басқару жүйесінің бұзылу қаупі, ұлттық байлықтың азаюы, технологиялық артта қалуы, қаржы-несиелік және валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми және әлеуметтік регресс, қоғамдағы интеграцияның бұзылуы, конституциялық әлеуметтік құқықты қамтамасыз ету мүмкіндігінің жоқтығы әсерінен ситуациялық дамудағы потенциалдық мүмкіндікті айтамыз. Осылайша, экономикалық мүддеге қатер дұрыс дамушы қоғамдық ұдайы өндірістің жолын бұзатын экономикалық қауіптерді туғызады. Жалпы түрде оларды ішкі және сыртқы қауіптерге байланысты топтарға бөлуге болады.

«Қазақтан жағдайындағы ішкі экономикалық қатерлерге жататындар:

 — горизонтальді және вертикальді түрдегі шаруашылық байланыстардың бұзылуы;

— шаруашылықтың техника-технологиялық базасының азаюы;

— жұмыссыздық;

— инфляция;

— салық салудан көпшіліктің қашуы;

— қазақстандық экономиканың монополизациясы;

— экономиканың және қоғамның қылмысы;

— ішкі және сыртқы қарыздың ірі көлемділігі;

— валюталық ресурстардың азаюы.

Қазақстандық экономиканың сыртқы экономикалық қатерлеріне келесілерді жатқызамыз:

  • импорттық тәуелділіктің өсуі;
  • экономиканың тым ашық болуы;» [4]

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселесі  және оны шешу жолдары

«Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2013 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауында экономикалық қауіпсіздік мәселесі 10 сын-қатермен айқын көрсетілген. Жаңа сын-қатерлерге төтеп беру үшін ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа сая­си бағыты жасалды. Сонымен, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз — тұрақты экономикалық өсу, қоғамдық қажеттердің тиімді түрде қанағаттандырылуы, басқарудың жоғары сапасы, экономикалық мүдделердің ұлттық және халықаралық деңгейлерде қорғалуы қамтамасыз етілетін жай-күйі. Экономикалық қауіпсіздік — ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі. Тарихи және қисынды тұрғыда Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттіліктің қалыптасуымен, қоғамның экономикалық мүдделерін сезінумен катар пайда болады.[5]

Сонымен қатар, мемлекеттік шараларды қолдануды талап ететін экономикалық қауіпсіздіктің келесі ықтимал қауіп-қатерлеріне назар аударған жөн.

Бірінші. Өнеркәсіптің өндіруші және қайта өңдеуші салаларының бірдей дамымау үрдісі.

Экономиканың шикізатқа бағытталуы бір жағынан, оның шикізатқа деген әлемдік бағалардың ауытқуына күшті тәуелділігін байқатса, екінші жағынан шикізаттық емес сектордың дамуы үшін елеулі түрде кедергі келтіретін фактор болып табылады, ол Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінде барабар емес рөлге ие болуына әкелуі мүмкін.

Екінші. Қазақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуында теңгерімсіздікдің (дисбаланс) сақталуы.

Өңірлердің даму деңгейінде де едәуір айырмашылықтар бар, ол ұлттық табыстың жан басына шаққанда өндіріс деңгейіндегі алшақтықты туындатады. Бұл реттелмейтін ішкі еңбек миграциясының өсуіне әкеліп, әлеуметтік мәселелерді шиеленістіруі мүмкін.

Әрине бұл бағытта мемлекет тарапынан тиісті қадамдар жасалуда. Дегенмен, олар әлі де болса осы мәселелерді түбегейлі шеше алмай отыр.

Үшінші. Қаржы саласында қалыптасқан кейбір үдерістер. Кредит берудің күрт өсуі банк кредиттерінің сапасы туралы мәселені өткір қоюда. Қазіргі уақытта банк активтерінің 70%-ы кредиттермен ұсынылуда.

Мұнайды өндіру көлемінің және оның бағасының өсуінің салдарынан қаржы ресурстарының құйылуының едәуір артуы айырбас бағамы мен инфляцияға күшті қысым жасайды. Мұнайды өндірудің жоспарлы түрде кеңейтілуін ескерсек, аталған үрдіс күшейе түсуі мүмкін.

Төртінші. Қазақстанның Дүнижүзілік сауда ұйымына кіруі үшін экономиканың жекелеген секторларының (мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, машина жасау және т.б.) дайындығы төмен деңгейде қалуы.

Қазақстандық өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті деңгейінің төмендігі келіссөз үдерісі үшін қажетті, талдау құрамдасын жетілдіруді талап етеді.

Импорттық тауарлар мен қызметтердің Қазақстан нарығына келіп түсуінің күшеюінен болатын салдарларға жасалған жан-жақты экономикалық есептеулер жоқ. Қазақстанның заңнама саласының жүйелі сипатының, халықаралық заңнама жүйесімен үйлесуіне дайындығының салдарлары мәселесі жеткілікті пысықталмаған.

Төлем балансы бойынша көптеген есеп-шоттар көрсеткіштері әліде тұрақты болмай, теріс сальдо көрсетіп отыр. Мысалы, қызмет көрсету мен табыс баланстарында теріс сальдоның мөлшері 10 АҚШ млрд. асып кеткендігі рас.

Бесінші. Экономиканың «көлеңкелену» деңгейінің жоғарлығы. Бағалауға қарасақ, экономиканың 20%-ы «көлеңкеде» қалуда. Сонымен қатар, экономикада қазіргі бар «көлеңкелеу» кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлықпен қысым жасаудан туындаған бизнес жүргізу рәсімдерінің сақталып отырғанынан болып отыр.

Көлеңкелі экономиканың басым бөлігі саудада, шағын және орта бизнес деңгейлерінде сақталып отыр.

Сондай-ақ, бизнесті ашу, ұйымдастыру, жүргізу және мемлекетке салық төлеу салаларында мемлекет тарапынан рәсімдік кедергілер болғандықтан, көлеңкелі экономика сақталып отыр.

Алтыншы. Экономикалық дамудың негізгі проблемаларының бірі халықты әлеуметтік қорғаудың әлсіздігі болып отыр. [6]

Ұлттық банктің биылғы мәліметі Қазақстандықтардың жағасын ұстатып отыр.2014 жылдың қорытындысы бойынша ЖСҚ мөлшері 157,062 млрд. долларды құраған.Яғни, бұл көрсеткішті жан басына шағып есептесек, әр бәр қазақстандық шет елге 4,7 мың доллардан қарыз  болып шығып отыр. Бұл жалпы ішкі өнімнің 74,2 пайызын құрайды. Түрлі кәсіптік бағыттағы қарыздарды есептемегенде ЖІӨ-нің 36,8 пайызын көрсетеді.

Елдің жалпы сыртқы қарызының (ЖСҚ) бақыланбайтын өсуі қатерді күшейтуде. 2011 жылдың басында ЖСҚ 124 млрд. АҚШ долларынан асты. ЖСҚ-ның өсуінде негізгі рөл мемлекет кепілдік бермеген, жекеше сектордың қарыздарына тиесілі болып отыр.

ЖСҚ көлемінің өсе түсуі, ең алдымен мемлекеттің беделіне кері әсерін тигізіп, капиталдың ішкі нарықтарының өсуін тежеп, қаржы секторының тұрақтылығынан айырылуына әкеліп соқтырады.[7]

Жұмыссыздық пен кедейшілік, қоғамның әлеуметтік жіктелуі, өмірлік қажетті медициналық қызметтерге қол жеткізудің тарылуы, білім стандарттарының жеткіліксіздігі, азық-түлік пен ауыз судың сапасы, сәбилер өлім-жітімінің көбейе түсуі Қазақстанның сапалы өсу жолына шығу процесіндегі басты негізгі қатерлер болып табылады.

Проблемалар мен қатерлердің күшеюі макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуына, «голланд ауруына», шикізаттық емес сектордың бәсекеге қабілетінің кемуіне, отандық тауарлар нарығынан шығып қалуға әкеліпсоқтыруы мүмкін.

Осы орайда экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерлердің тереңдеуіне және дамуына жол бермеу мақсатында тиісті басымдықтар мен стратегиялық міндеттерді айқындау керек. Экономикалық қауіпсіздік саласындағы мақсат ұлттық экономиканы ғаламдану жағдайында жұмыс істеуге бейімдеу, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. [8]

Басты қауіп-қатерлердің дамуына жол бермеу мақсатында және Қазақстан экономикасының даму үдерістерін мұқият ескере отырып, экономикалық қауіпсіздік саласында алдағы уақытта және кезеңде негізгі басымдықтар мыналар болып табылады: 1. Экономиканы әртараптандыру (диверсификациялау). 2. Салалық және өңірлік алшақтықты азайту. 3. Қазақстанның әлемдік экономикалық кеңістікке кірігуінің тиімді тетігін жасау. 4. Қаржы тұрақтылығын нығайту. 5. Бәсекеге қабілетті ғылыми-зияткерлік әлеуетті дамыту. 6. Әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.  [9]

Қызылорда облысы көлемінде әр ауданда тоқсан сайын әлеуметтік сауалнама жүргізіледі. Соның бірнеше кезеңдегі нәтижелерін қорытындылай келе тұрғындарды мынадай мәселелердің толғандыратындығын атап өтуге болады:

— тамақ өнімдерінің бағасы және қызметтер тарифі. Мұны сауалнамаға қатысушылардың — 51 пайызы атап өткен;

— жұмыспен қамту мәселесі халықтың — 39 пайызын толғандырады;

— жол ахуалы — 31 пайызын;

— су, жылу, электр энергиясымен жабдықтау және тұрғын үй салу мәселесін қамтитын тұрғын үй коммуналдық  саласы — 24 пайызды құрап отыр;

— халықтың 23 пайызын денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы толғандырады екен.

Облыс халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында жыл сайын облыс бойынша  230 мың тоннадан аса күріш салысы,  90 мың тоннаға жуық картоп, 80 мың тоннадай көкөніс, 100 мың тоннадан аса бақша, 15 мың  тоннадан аса ет, 70 мың тонна сүт, 30 млн. данадай жұмыртқа өнімдері өндіріліп келеді.

Ұлттық тұтыну нормасы бойынша облыс халқының бір жылдағы қажеттілігі күрішке 1,5 есеге, картопқа 1,9 есеге,   көкөніс-бақшаға 3,0 есеге артық. Сонымен қатар, сиыр, қой, құс еттеріне, сүтке, жұмыртқаға қажеттілікті жергілікті өндіріс толық қанағаттандыра алмайды. Жетіспейтін өнім көлемі республиканың өзге өңірлерінен тасымалданады. [10]

  • Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татулық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіліп келеді.
  • 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің Республика әлемнің 130 мемлекетімен жипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
  • Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем назарына ие.

Экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін факторлар мониторингі жедел ақпараттық-сараптамалық бақылау жүйесі ретінде экономикадағы күрделі макроэкономикалық және салааралық теңсіздіктерді айқындайды және әлеуметтік-экономикалық индикаторлардың тұрақсыздығын бейнелейді.           Іс жүзінде, аталмыш мониторинг экономиканың дағдарыстық немесе жағымсыз құбылыстарын анықтайды. Оларды тек анықтап қана қоймай, жаңа қатерлердің туындау мүмкіндіктерінің алдын-алу жолдарын қарастыруы тиіс. [11]

Осылайша, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін факторлар мониторингі осы қауіптердің алдын-алу шараларын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар болып табылады. Ол қысқа, орта, ұзақ мерзімді мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақты талдау элементі болуы тиіс.

Біз нақты сектордың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өндірістің жекелеген салаларына қатысты қауіпсіздік қатерлері деңгейін төмендету сызбасын ұсынамыз. Сызба екі түрлі бағытта жүзеге асырылады.

Алғашқы болжамдық-бағыттық кезеңде әлеуетті қауіптер анықталады және қауіптерді жоюдың тұжырымдамалық үлгілері жасақталады.

Екінші іскерлік жобаларды жасақтау кезеңінде, белгілі бір қауіптің алғышарттары анықтала бастағанда, қауіпті төмендетудің жобалық, нақты сызбалары жасалады (жобаның технико-экономикалық негіздемесі көлемінде).

Мұнда қауіпсіздік қатерлерін төмендетудің мүмкін боларлық сызбалары келтіріледі [12]

Экономикалық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың:

— ұлттық экономиканың, оның iшiнде оның индустриялық-инновациялық құрамдас бөлiктерiнiң тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз етуге;

— Қазақстанның қаржылық, энергетикалық, азық-түлiк және көлiктiк тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге;

— Қазақстанның дүниежүзiлiк экономикалық жүйеден экономикалық оқшаулануына жол бермеуге;

— экономикалық шешiмдердi қабылдауда, соның iшiнде экономикалық кiрiгудiң ұлттық органдардан жоғары тұратын органдар шеңберiнде шешiмдер қабылдауда Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiн сақтауға;

— экономиканы әрi қарай әртараптандыру, ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiзiн сақтау мен нығайтуға;

— Қазақстанның геосаяси айналасында туындайтын терiс факторлардың әсерiнен мемлекет экономикасының осал деңгейiн барынша азайтуға;

— отандық және халықаралық қаржы институттарымен өзара тиiмдi ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, отандық экономиканы қалпына келтiру мен дамытуға арналған iшкi, сыртқы кредиттiк ресурстар мен инвестициялық мүмкiндiктер бағытының басымдығына;

— мемлекеттiк бюджет тапшылығының шектi рұқсат етiлетiн деңгейiнен асып кетпеуiне және оның кiрiс бөлiгiн нығайтуға;

— бюджет қаражаты мен мемлекеттiк ресурстардың мақсатсыз пайдаланылмауына жол бермеуге, көлеңкелi экономика көлемiн қысқартуға;

— сыртқы қарыздың «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мөлшерге қарағанда ұлғайып кетуiне жол бермеуге;

— Қазақстан өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы қатерлi теңдессiздiкке жол бермеуге;

— бәсекенi көтермелеу және монополизмдi шектеу жағдайында ел экономикасында отандық тауарларды өндiру мен қызмет көрсету үлесiн арттыруға;

— отандық тауарлар мен қызметтер көрсетудiң бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн арттыруға;

— iшкi және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерiне қарамастан азық-түлiк тауарларының мемлекеттiк ресурстарында басымдық қалыптастыруды, жаңартуды және толықтыруды қамтамасыз етуге;

— экономиканың жай-күйi және шет мемлекеттермен тауарлы-экономикалық қатынастар туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шешiмдермен және iс-қимылдармен қамтамасыз етiледi.[13]

Экономикалық қауіпсіздік объектілері — жалпы елдің экономикалық жүйесі, сондай- ақ оның құрамдас элементтері: табиғи байлықтары, өндірістік және бейөндірістік қорлары, жылжымайтын мүлік, қаржы ресурстары, адами ресурстар, шаруашылық құрылымдар, отбасы, адамның жеке басы, т.б. Экономикалық қауіпсіздікке төнген қатер — елдің шаруашылығына келеңсіз әсерін тигізетін, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіретін құбылыстар мен үдерістер. Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті мақсатқа сай және жүйелі қорғаушы ұйымдық жүйе ретінде тек ХХғ. құрыла бастады. Соңғы жарты жүз жылдықта ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерлерін қалай есептеу керек және онымен қалай күресу керектігі бойынша экономист-теоретиктердің үш негізгі тәсілі құрылды :

—  сыртқы экономикалық қауіпсіздікті қорғаудың камералисттік концепциясы ( ХIХғ. ортасынан бастап );

—  ішкі макроэкономикалық қауіп-қатерлерден қорғаудың кейнсшілдік концепциясы ( ХХғ. II жарты жылдығынан бастап);

—  әкімшілік тосқауылдардан қорғаудың институтционалдық концепциясы

(ХХғ. аяғынан бастап).

 Экономикалық қауіпсіздік құрылымы былай сипатталады: Технологиялық қауіпсіздік бәсекеге қабілетті ғылыми-техникалық өнім өндіру негізінде халықаралық технологиялық нарықтарда ұдайы қатысумен анықталады. Азық-түлік қауіпсіздігі сапалы тамақ өнімдерін өндіруге арналған табиғи-шикізат ресурстарын қолданумен және осы тамақ өнімдерін халықтың жаппай тұтыну мүмкіншілігімен өлшенеді. Қаржы-несиелік қаржы жүйесінің тұрақтылығымен, ұлттық валюта тұрақтылығымен, алтынвалюта қорларының жеткіліктілігімен немесе тұрақты экономикалық өсуге жағдай жасаумен ескеріледі. Өндірістік қауіпсіздік индустриялық потенциалдың дамуында, техникалық өнім өндірудің тұрақтылығында және тиімділігінде, мемлекеттің экономикалық тіршілік әрекетін қамтамасыз ету қызметінің керектігінде көрінеді. Сыртқы экономикалық қауіпсіздік ашық экономиканың сақталуы кезіндегі халықаралық еңбек бөлінісі жағдайында ішкі нарықтың сыртқыэкономикалық әсерлерден қорғануымен сипатталады.

Инвестициялық қауіпсіздік оның инвестициялық тартымдылығының деңгейіне, ұлттық экономикалық мүдделерді сақтауды ескере отырып, тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану және оны қайтару қабілеттігіне байланысты. Энергетикалық қауіпсіздік ішкі өнеркәсіптік өндірісті қолдану үшін өзіндік энергия тасушыны және энергияны жеткілікті өндіруді қамтамасыз ету мүмкіншілігімен анықталады. Көлік-байланыс қауіпсіздігі әлемдік нарыққа шығатын альтернативтік негіздерді иеленуге рұқсат беретін көлік-байланыс артерияларының бар болуымен көрсетіледі. Әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық) қауіпсіздік бұзушы әлеуметтік күштің төмен деңгейімен, қоғамның өмірге керек қажеттіліктерін қанағаттандырумен қамтамасыз етілетін қорғану жағдайын білдіреді.[14]

Жалпы, экономикалық қауіпсіздік деген жүйенің күрделі ішкі құрылымы бар, соның ішінде оның үш маңызды элементтерін бөлуге болады:

  1. Экономикалық тәуелсіздік. Экономикалық тәуелсіздік абсолюттік сипатқа ие емес, себебі халықаралық еңбек бөлінісі ұлттық экономикаларды бір-бірінен өзара тәуелді қылдырады. Осы жағдайларда экономикалық тәуелсіздік ұлттық ресурстарды бақылау мүмкіншілігін білдіреді. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін және әлемдік саудаға, кооперациялық байланысқа, ғылыми-техникалық жетістіктерді айырбастауға тең қатысуға рұқсат беретін өндіріс, тиімділік және өнім сапасының осындай деңгейіне шығу керек.
  2. Ұлттық экономиканың бірқалыптылығы мен тұрақтылығы меншікті барлық оның формаларында қорғау, кәсіпкерлік белсенділік үшін сенімді кепілдеме мен жағдай жасау, ахуалдың бірқалыптылығын бұзатын факторларды тоқтату (экономикадағы қылмыстық құрылымдарымен күресу, табыстарды бөлуде маңызды алшақтықтарды болдырмау ж.т.б.) дегенді білдіреді.
  3. Өзін-өзі дамытуға және прогреске қабілет. Бұл әсіресе қазіргі, динамикалық дамушы әлемде маңызды. Инвестициялар мен инновацияларға қолайлы климат жасау, өндірісті ұдайы жаңарту, қызметкерлердің кәсіби, білім және қоғамдық-мәдени дәрежесін жоғарлату ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен өзін-өзі қорғаудың керекті және міндетті шарты болып жатыр.[15]

Экономикалық қауіпсіздіктің шектік мәндері маңызды – бұл шекті шамалар, бұларды сақтамау экономиканың және мемлекеттің әлеуметтік саласының жөнді дамуына кедергі, экономикалық қауіпсіздік аймағында жағымсыз, күйрететін тенденцияның қалыптасуына алып келеді.

Бірақ осы шектік мәндер қандай болу керек деген сұраққа бірмағыналы жауап жоқ.  Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шектік мәндерді нағыз сақтамауда да, кейбір елдердің экономикасы бірқалыпты дамып жатыр және қарқыны, осы шектік мәндерді қатаң сақтайтын мемлекеттерге қарағанда, асқан. Барлық осы критериялар мен көрсеткіштер бір-бірімен үйлесу керек. Қ.Р экономикалық қауіпсіздік міндеттері мемлекеттік органдардың, меншік формаларына тәуелсіз ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың шешімдері мен әрекеттері арқылы құрылады және іске асады. Бұл міндеттерге кіреді:

—  жалпымемлекеттік құндылықтар мен мүдделердің тұрақты жүйесінің қалыптасуы;

—  ұлттық мүдделерді қорғау;

—  мемлекеттегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау.

Ұлттық-экономикалық мүдделер:

—  ұлттық экономиканың өрлеуі және экономикалық өсу;

—  халықтың құт-берекесінің жақсаруы;

—  табиғи-шикізат және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану;

—  стратегиялық салаларда мемлекеттік бақылаудың сақталуы;

—  мемлекеттің халықаралық экономикалық рейтингін жоғарлату.

Экономикалық приоритеттер:

—  ұлттық экономиканың дамуы, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің негізінде мемлекетке әлеуметтік тұрақтылықты нығайту, отандық өндірушіні қолдану;

—  мемлекеттің сыртқы ресурс көздеріне, еркін сауда нарықтарына, әуе байланыстарына басқа әлем мемлекеттерімен тең шартта шығуды қамтамасыз ету;

—  «Стратегия-2030ж.» сәйкес Қазақстанның болашақ гүлденуі негізі ретінде білім, ғылым және мәдениеттің дамуы;

—  Ғылыми сыйымды өндіріс пен отандық технологияның дамуына бағытталу.[16]

ҚР экономикалық қауіпсіздік стратегиясы – республиканың экономикалық қауіпсіздігіне бағытталған мемлекеттік саясаттың құрама бөлігі және басты мақсаты – экономикалық егемендік пен мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету. Кең стратегиялық жоспарда мемлекеттің қауіпсіздік приоритеттерінің құрылымын құрайды:

—  азаматтардың қауіпсіздігі – халықтың қазіргі және болашақ ұрпағы – қоғамның негізгі субъектілері;

—  қоғамның және оның негізгі экономикалық және басқа субъектілерінің қауіпсіздігі;

—  мемлекет қауіпсіздігі (билік және салалар мен аймақтарды – экономикалық, әлеуметтік, ғылыми және қоғамның тұрақты дамуының басқа секторларын – басқару институттарының). Cонымен, бұл бөлімшеде экономикалық қауіпсіздіктің мәні мен мазмұны, сондай-ақ оның құрылымы айқындалды.

«Қазақстан-2050» стратегиясы – тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт. Міне, осы Елбасының соңғы Жолдауында еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мәселесі кең, ауқымды тұрғыда талданған. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлер айқын аталған:

Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі.
Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.

Төртіншісын-қатер – судыңтымтапшылығы.
Бесіншісын-қатер – жаһандықэнергетикалыққауіпсіздік.
Алтыншысын-қатер – табиғиресурстардыңсарқылуы.
Жетіншісын-қатер – Үшіншіиндустриялықреволюция.
Сегізіншісын-қатер – үдейтүскенәлеуметтіктұрақсыздық.
Тоғызыншысын-қатер – өркениетімізқұндылықтарыныңдағдарысы.
Оныншысын-қатер – әлемдікжаңатұрақсыздыққаупі. [17]

Экономикалық қауіпсіздікөтеауқымдыұғымболғандықтан, оған Елбасы өз Жолдауында атапкөрсеткен сын-қатерлердің барлығы кіреді. Әлемдік тұрақсыздықпен өзге де мәселелереліміздің Экономикалық  қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан, экономикалық қауіпсіздік мәселесі  өте өзектіжәне елдің алдыңғы қатарлы мәселесі.

Елбасы да бұл мәселеніәрдайым назарда ұстайды және оның шешілуіне барлық жағдай жасап жүр.  Кез-келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашанда өзекті болып, заманталаптарын асайк үрделене түсіп, мемлекет және қоғамө мірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі саясатқа айналды. Жаһандан  уүрдісі  күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік  мәселесі,  әсіресе экономикалық  қауіпсіздік бағыты ерекше орын алды. Өйткені әлемдік қауымдастықта егеменді елретінде  әрекетету  мемлекеттің экономикалы ққуаттылығы, ал түбінде  ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің бірден  – ұлттық экономикалық даму деңгейі болады. [18]

Қазіргі ұлттық экономиканың қуаттылығы өндіргіш күштердің дамудеңгейімен ғана анықталмай, бірінші кезекте мемлекеттің сол өндіргіш күштердің немесе ұлттық экономиканың белсенді дамуына жағдайжасап, ұлттық мүдделерді анықтап, оларды қорғау мүмкіндігі мен көрінді. Жаһандану үрдісінің ұлттық экономикаға тигізетін оң ықпалын  барынша тиімді пайдалану меноныңтерісәсеріне тойтарысберумемлекеттің белсендііс-әрекетіменжүзегеасады. Сондықтан ҚазақстанРеспубликасының Президент іНұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасын талқылауда «Қауіп-қатерлердіалдын-алаанықтап, жоюға, тұтастай алғандаелдіңдағдарыс қақарсыәлеуетінарттыруға бағдарланға нтиімді деосызаманғы ұлттыққауіпсіздік жүйесінқалыптастыруқажет, бұл реттеаталған жүйе халықаралы ққауіпсіздік саласындағы осызаманғыәлемді күрдістергебейімдікеліп, икемді, қауіпсіз ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру жөніндегі белсендііс-әрекетке қабілеттіболуы тиіс» депкөр сеткен.[19]

Мемлекетті ңұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерінің нақты және әлеуетті қатерлерден қорғалған жағдайынд өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамда сбөліктерді біріктіреді. Ашық экономика бағытында дамып келе жатқа нҚазақстан Республикасына, осы жағдайларда ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастыру, оны қорғау мен жүзеге асыру қажет.Ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру мен оларды қорғаудың дәстүрлі құралыпротекционистік саясат. Әлемдік рыноктағышиеленісті бәсеке барысынд аталап тарына сай түрленгендіктен, біздің еліміздің алдынд аәлемдік тәжірибегесүйеніп, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудіңмүмкі нболатын  шаралар жүйесін жасақтау өзекті болып табылады. Себебі, әлемде ғаламда нуүрдістеріке ңқұлашы нжайып отырғанкезеңде, Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануынсыз өтуімүмкі немес. Интеграция барысында елэкономикасы оң нәтижелерін, ұтымдытұстарын, қауіпсіздігін жоғалтыпалмауы керек. Осытұрғыдан елдіңэкономикалық қауіпсіздігін макро-, мезо-, микро деңгейлерде қамтамасыз етебілу бүгінгі күнні ңөзектітал быболып отыр. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуарқылы ұлттық қауіпсіздікке қолжеткізуге үлес қосылады. [20]

Ұлттық мүдде және экономикалы ққауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарына тоқталсақ, кез- келген мемлекет өзініңұлттық қауіпсіздігін қамтамасызету үшін қолынан келгенін жасайды. Себебі, бұл – оның тәуелсіздігінің мызғымастығының кепілі. Бұл ретт еҚазақстантабиғ ресурстарға бай, экономикалы қпотенциалымол мемлекеттердің біріәрі тәуелсіздігіненді қалыптастырып кележатқанел ретіндеұлттық қауіпсіздігіне қаттымән беруі шарт. Әсіресе, экономикалыққауіпсіздігіне.

Мемлекетэкономикасыныңқауіпсіздігінтөмендегікөрсеткіштербойыншаанықтайды:

  1. Өмір сүрудің сапасы мендеңгейі;

2.Инфляциядеңгейі;

3.Жұмыссыздық деңгейі;

4.Экономикалықөсу;

5.Бюджеттапшылығы;

6.Мемлекекеттіңқарызыныңмөлшері;

7.Алтын-валюталықрезервжағдайы;

8.Көлеңкеліэкономиканыңдеңгейі;

9.Экологияныңжағдайы;

10.Азық-түлікқауіпсіздігі.[21]

Осы ретте Қазақстанның осы көрсеткіштер бойынша қаншалықты ұлттық экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін талдап, сараптап көрсек.

Жалпы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне келсек, онда оның аспектілеріне мұқият тоқталу керек болады және оны атап қана қоймай, оның мемлекетке маңызды екенін көрсету.

Экономикалық қауіпсіздік елдің ұлттық қауіпсіздігі құрылымының ең маңызды құраушысы, өйткені қауіпсіздіктің барлық қалған түрлері жеткілікті экономикалық қамсыздандырусыз әрекет ете алмайды.  Экономикалық қауіпсіздік – бұл экономиканың жай-күйі, онда жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің, аймақтың немесе кәсіпорынның экономикалық мүдделері ішкі және сыртқы қауіптерден сенімді түрде қорғалуы; ол елдің де, жеке адамның да, кәсіпорынның да тұрақтылығының негізі. Экономикалық қауіпсіздік дәстүрлі түрде экономикалық жүйенің сапалы маңызды сипаттамасы ретінде қарастырылады, экономикалық жүйе халық өмірінің қалыпты жағдайын қолдау, халық шаруашылығының дамуын ресурстармен тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық-мемлекеттік мүдделерді тізбекті түрде жүзеге асыру қабілетін анықтайды.[22]

Әрине, экономикалық қауіпсіздіктің қауіптерін болдырмау, оларға қарсы шығу және олардың жағымсыз әсерін жоққа шығару қабілеті де болуы тиіс.  Қауіптер жалпы экономикаға ғана емес, сонымен бірге оның құрамдас бөліктері болып табылатын салаларға, өнеркәсіптік аудандарға, жекелеген кәсіпорындарға және т.б. бағытталуы мүмкін. Басқаша айтқанда, экономикалық қауіпсіздік ұлттық экономиканың тиімді динамикалық өсуіне, қоғамның, мемлекеттің сұраныстарын қанағаттандыруға, әр түрлі қауіптер мен залалдардан кепілдендіруші ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсеке қабілетін қамтамасыз ету қабілетіне жағымды ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдайлардың жиынтығы.  Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды қызметінің құрамына кіреді. Экономикалық қауіпсіздік мәселесі ешқашанда өзінен өзі әрекет етпеген. Ол қоғамның дамуының әрбір сатысындағы экономикалық өсу міндеттерінен шығатын туынды болып табылады. Осы мәселенің нақты мазмұны қазіргі уақытта қалыптасқан ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты өзгереді.

Республикалық және аймақтық деңгейде жасалатын және жүзеге асырылатын экономикалық саясаттың шаралары мен механизмдері Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы қауіптерін жоюға бағытталған.

ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементтеріне мониторинг және экономикалық қауіпсіздік қауіптерін анықтайтын факторларды болжау жатады.[22]

Мемлекеттік стратегияны жүзеге асыру үшін экономиканың жай-күйінің сандық және сапалық параметрлері (шекті мәндері) әзірленуі тиіс, олардың шегінен шығу елдің экономикалық  қауіпсіздігі қауіптерін туындатады, ол мыналарды сипаттайды:

—  ЖІӨ-нің динамикасы мен құрылымы, өнеркәсіптік өндірістің көлемдері мен қарқындары, көрсеткіштері, шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымы және жекелеген салалардың динамикасы, капитал салымдары және т.б.;

—  елдің табиғи-ресурстық, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетінің жай-күйі;

—  шаруашылық механизмнің өзгермелі ішкі және сыртқы факторларға бейімделу қабілеті;

—  қаржылық-бюджеттік және кредиттік жүйенің жай-күйі.

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекет қызметі келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

1) экономикалық дамудың іс-жүзіндегі немесе болжанатын параметрлері экономикалық қауіпсіздіктің шекті мәндерінен ауытқыған жағдайларды анықтау және елдің қауіпті аймақтан шығуы бойынша кешенді мемлекеттік шараларды әзірлеу;

2) Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігі қауіптерін жою немесе туындауына жол бермеу бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында жұмыстарды ұйымдастыру.

Сыртқы қауіптер тұрғысынан индикаторлар ретінде мемлекеттік борыштың шекті қол жеткізілген деңгейі, әлемдік нарықтағы позицияларды сақтау немесе жоғалту, ұлттық экономиканың және оның маңызды секторларының (соның ішінде қорғаныс өнеркәсібі) шетелдік техникаға, жинақтаушы бұйымдар мен шикізаттың импортына тәуелділігі қарастырылады.

Қауіпсіздіктің төмендеуінің шекті деңгейлерін жалпы шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық мәндегі көрсеткіштер жүйесімен сипаттауға болады, атап айтқанда төмендегілерді айқындайды:

—  экономикалық белсенділіктің, өндіріс көлемдерінің, инвестициялау мен қаржыландыру көлемдерінің төмендеуінің шекті рұқсат етілген деңгейі, одан тыс жағдайда техникалық заманауи, бәсекеге қабілетті базисте елдің дербес экономикалық дамуы, қоғамдық құрылыстың демократиялық негіздерін сақтау, қорғаныс, ғылыми-техникалық, инновациялық, инвестициялық және білім беру әлеуетін қолдау мүмкін емес.

—  халықтың көп бөлігінің өмір деңгейі мен сапасының шекті рұқсат етілген төмендеуі, одан тыс жағдайларда бақылауға көнбейтін әлеуметтік, еңбек, ұлтаралық және басқа қақтығыстар; «адам капиталының» ең өнімді бөлігін және өркениетті қоғамның  органикалық бөлігі ретіндегі ұлттың ең өнімді бөлігін жоғалту қаупі туындайды;

—  табиғи-экологиялық әлеуетті қолдау және ұдайы өндіру шығындарын төмендетудің шекті рұқсат етілген деңгейі, одан тыс жағдайда, табиғи орта элементтерін қайтарымсыз бұзу, экономикалық өсудің өмірлік маңызды ресурс көздерін жоғалту, сондай-ақ өмір сүрудің едәуір аумақ-тарын, өндіріс пен рекреацияның орналасуы, қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығына түзетілмес зиянның келтірілуі және т.б.[23]

Экономикалық реформа жылдарында Қазақстанның өнеркәсіптік құрылымында мұнай, газ және қара мен түсті металлургия өнімдерін өндірумен байланысты салалардың үлес салмағы артты. Қазақстан ірі отын-энергетикалық аймақ болып табылады. Электроэнергетикалық саланың дамуы Қазақстанның алдыңғы 5-10 жылда  экономикалық негізделген энергетикалық еркіндік деңгейіне жетуді және өзінің жеке біріктірілуші қуатын озық деңгейде дамытуды  көздейді. Қазақстан мұнай қоры бойынша көптеген мұнай өндіруші елдердің алдында. ҚР  көмірсутектерінің қоры бойынша әлем елдерінің ондығына кіреді және  ТМД-да Ресей Федерациясынан кейінгі екінші орын алады.Қазір республикамызда 172  мұнай, 42 конденсаттық және 94 газ кен орындары бар. Оларды барлаудағы алынған мәліметтер мынадай: мұнай және конденсат қоры 2,8 млрд.тонна, мұнай -39,8 млрд баррель, ал газ 3 трлн. метр. куб. [24]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-41

Сурет 2. Мұнай және газ жүйесінің дамуының 1995-2015 жж аралығындағы статистикалық бағамы.

Ескерту: Мәліметтер Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің сайтынан алынған www.korkyt.kz

Қазақстан экономикасының дамуы өз тәуелсіздігін сақтап, ұлттық жаңғырудың (модернизацияның) кепілі ретінде барша халықтың әлеуметтік жағдайының деңгейін жақсарті мен рухани өсуіне толық мүмкіндік жасап, жер мен жер қойнауының байлығын халқының мүддесін қорғайтын деңгейде пайдаланып, шет елдік инвесторлар трансұлттық корпорациялардың экспанциясына жол бермеу керек.Бұл мақсатта: ұлттық негізгі байлығы жер мен  жер қойнауының қазынасы халықтың ортақ байлығы екенін бекітіп, мемлекет тек оны пайдалануды реттеп отыруға құқылы болуын жүзеге асыру; экономиканың стратегиялық даму салаларын қатаң мемлекеттік бақылауда ұстау; индустриялық даму бағыты жер қойнауы қазынасы мен табиғи басқа байлықтар ресурстарын шикізат түрінде сыртқа шығаруды неғұрлым тежеп, отандық ғылым мен жаңа технологияны пайдаланып, ішкі және сыртқы сұранысқа сай сапасы жоғары, халықаралық деңгейдегі өндірістік өнім шығаруды жолға қою.[25]

ҚОРЫТЫНДЫ

«Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары  (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде)» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  1. Ұлттық және экономикалық қауіпсіздіктер кез-келген ұлттың, мемлекеттің қорғалған жай-күйі болып, барлық мемлекеттік органдар жүйесі қорғану іс-шараларына жұмылдырылады. Мұндай үдеріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік заңы бойынша да байқалып отыр. Ұлттық қуаттылыққа келетін болсақ, ол қолда бар ресурстарды ұтымды пайдаланып, керісінше, өзге мемлекеттерге қауіп төндіретін элементтермен ерекшеленеді.
  2. Қазақстан Республикасы ұлттық қуатының стратегиялық ресурстары екі бөлімнен яғни қатаң және жұмсақ (идеационалдық) факторлардан құралуы керек. Қатаң факторларға экономикалық ресурстар; қаржы ресурстары; территория; табиғи ресурстар; Әлемдік мұхитқа шығу жолы; білім, ғылым және технология саласындағы ресурстар, басқару ресурстары және әскери ресурстар жатады. Сонымен бірге, адам мен қоғамның қауіпсіздігі, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етілуі, әлемдегі сапалық жаңа сауда-қаржылық жағдайларда елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде келесі бағыттар жүзеге асырылуы тиіс: экономиканы қалпына келтіруге дайындық үдерісінде Қазақстан оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін реформаларды жеделдетіп іске асыруы керек.

Бірінші түйінді бағыт — дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық — бірінші онжылдық кезеңінде нәтижесі көрінетін шараларды қамтиды. Бұл біршама қолайлы бизнес орта құру, қаржы секторын нығайту және құқықтық жүйені жетілдіру.

Екінші түйінді бағыт шеңберіндегі іс-қимылдар елді үдемелі индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және инфрақұрылымды дамыту нәтижесінде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге ықпал ететін болады. Бұл экономикалық үлгіні өзгертуге және экстенсивті, шикізаттық даму жолынан индустриялық-инновациялық дамуға көшуге мүмкіндік береді. Елді инфрақұрылымдық дамыту жоспарлары экономиканы үдемелі әртараптандыруға және елге шетел инвестицияларын тартуға ықпал ететін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғыртуға шоғырланады.
3.Ұлттықэкономиканыңқауіпсіздігінқамтамасызетуэкономиканы жемісті әртараптандырумен, республиканың орнықты дамуымен тікелейбайланысты.

Соның ішінде:

  • жаңартылатын ресурстар мен энергия көздері негізінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу, жел энергетикасының, күн және геотермалдық энергетиканың дамуы үшін ынталандырушы жағдайлар жасалады, су ресурстарын бірігіп басқару принциптерін ескере отырып, елдің су ресурстарын тиімді пайдалану технологиялары енгізіледі, сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде одан әрі күш-жігер жұмсалады;
  • Экономиканы әртараптандыру экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жөніндегі жоспарлармен үйлестіріледi.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. http://www.rusnauka.com/47_NIO_2015 Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Құрманбаев С., Әбілқасым А.Б.
  2. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыру бағыттары // Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинақтары, Қызылорда , 2012 жыл. 0,25б.т
  3. Экономика // Алматы,2010ж.-360б.-(Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің осы заманғы оқу басылымдары.)
  4. Экономикалық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы факторлары // Саймагамбетова А.О., диссертация, Қызылорда,2012 ж. 17б
  5. http://www.group-global.org/kk/node/3347 Мухатай Г.Ш.
  6. Қазақстан экономикасын басқару негіздері.// Давлетбаева Н.Б., Қадырғалиева Р.Ф.,оқу құралы,Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды ҚарМТУ баспасы,  Қарағанды,2012 ж,7-8б
  7. http://www.old.qamshy.kz Нұргелді Әбдіғаниұлы
  8. Қазақстан Экономикасының өркендеуі және экономика ғылымының  үлесі//Қазақстанның  ғаламдық экономикаға интеграциялануы,Алматы,ҚР БҒМ Экономика институты,2013ж,259б
  9. Қазақстанның қазіргі кездегі қаржы жүйесіндегі рөлі мен маңыздылығы// экономика негіздері.-2010. №4-5, 31-32б.
  10. Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы http://sayasat.e-kyzylorda.gov.kz Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының қорытындысы бойынша атқарылған жұмысы.
  11. Саяси қоғамдық газет «Қазақстан Заман»//Экономикалық қауіпсіздік,Алматы,2013ж5б
  12. Сыртқы экономикалық қауіпсіздік және оны қамтамасыз етудегі протекционистік саясат //. Профессор Сейсенов Б.С. 70 жылдығына арналған «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Қызылорда, 2011ж.
  13. Қазақстан экономикасын басқару негіздері.//Қадырғалиева Р.Ф.,Давлетбаева Н.Б., оқу құралы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, ҚарМТУ баспасы, Экономикалық даму мен өсу мерзімі. ҚР экономикасын басқарудағы шаралар жүйесі,  Қарағанды,2012 ж,15б.
  14. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу// Байгісиев М.,Экономикалық әдебиеттер сериясы, Алматы ,раритет, 2010ж, 21б
  15. Қазақстан экономикасын басқару негіздері.//Давлетбаева Н.Б., оқу құралы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, ҚарМТУ баспасы, Мемлекеттендіру мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы, Қарағанды, 2012ж. 26б.
  16. http://www.topreferat.com.kz/referattar/quqyq/11344-ekonomikalyk-kauipsizdik.html Алшанов Р.А.
  17. Послание Президента к народу Казахстана «Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира»//Экономика и жизнь.2008г №1,23б
  18. Бағалы қағаздар нарығы/Көшенова Б.А. Оқу құралы.Экономика, Алматы,2010ж, 404б.
  19. Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясының еңбектер жинағы//1-бөлім, Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, Жаһандану жағдайындағы ұлттық экономика,Алматы,2012ж, 253б
  20. Маркетинг және мененджмент негіздері. Оқулық, Сатыбалдыұлы С.,Байтанаева Б.,
  21. 2-басылым, Фолиант баспасы,Астана,2007ж,31б
  22. Ученые записки Академии экономики и права/Молдабаев С.Д.,Алматы,2010 ж,95б
  23. Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару Шеденов Ө.Қ., Алматы,2014ж,28б.
  24. Қаржы//Экономикалық ғылымдар-Қаржы// Құлпыбаев С.,Қаржы мамандығы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқулық,Экономика негіздері.-2010. 38-40б.
  25. http://www.inform.kz/kz/alemdik-ekon Қиынов Л.
  26. http://www.old.abai.kz/node/2840 Қазақстан Республикасы ұлттық саясаты тұжырымдамасының Жобасы

Құрастырғандар: Барат А., Аликқызы А., Серік Ж.

Яндекс.Метрика