ҚАЗАҚСТАН ҒАЛАМДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА

«Уақыт өткен сайын әр кезеңнің өзіндік бет-бейнесі қалыптасып, ағысы мен қоғамдық талабы өзгеріп, мың құбылуда. Біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырдың ең басты ерекшелігі – халықаралық, қоғамаралық интеграциялық процестің күшейіп, арта түсуі болып отырғаны рас. Мұны бір сөзбен – Жаһандану үрдісі деп атаймыз.[1]

«Жалпы ғаламдану ұғымына түсінік бере кетсек, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global— әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді.» [2]

“Жаһандану үрдісінің өзіндік пайдасы мен қатар қауіпті тұстары да аз емес сияқты. Соңғы кездері әлемді бір-бірімен виртуалды байланыстыру компьютер мен интернет желілерінің дамуы әсерінен  дамығандығын көріп жүрміз. Жаһандану мәселесі тым ауқымды. Осыған байланысты Қазақстанда талай-талай еңбектер мен ғылыми зерттеулер жазылып  жатыр, әрі уақыт өткен сайын қоғамға деген қарым-қатынас  жағын зерттеуді қажет етуде. Жаһандану үрдісі әлемнің өзге елдері секілді біздің еліміздің алдына да өте күрделі де принципті мәселелер қойып отыр.»

«Қазақстандық  философтар, социологтар, саясаттанушылар мен тарихшылар жаһандану мәселелеріне соңғы он жылдықта  ғана бет бұра бастады. Г.А.Куанова мен А.К.Кажмуратова қазақ институтының экономикалық қауіпсіздік қызметкерлері ретінде, ұлттық экономикаға жаһандану әсерінің кейбір аспектілеріне ерекше назар аударды. Біріншіден, бұл алыс әлемдік сауданың өсу қарқынынан  асып, тікелей шетелдік инвестициялардың өсуі өте жоғары көрсеткіш болды. Бұл инвестициялар технологиялар трансферті, индустриялық қайта құрылымдау, ұлттық экономикаға тікелей әсер етіп жаһандық компанияларды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Екінші аспект технологиялық инновацияларға қатысты. Жаңа технологиялар елдер арасындағы бәсекелестікті жандандыру, жаһанданудың қозғаушы күштерінің бірі еді. Жаһандану нәтижесінде, сауданың өсуі, оның ішінде қаржылық, құқықтық, басқару, ақпараттық және «көзге көрінбейтін» қызметтін барлық түрлері халықаралық сауда қарым-қатынастардың негізгі факторына айналды. Зерттеушілер жаһандану процесінің дамыған және дамушы елдер үшін әсер ету дәрежесі түрлі болды деп есептейді. Мәселен, экономикалық дамыған елдер үшін, жаһандану негізінен одан әрі дамыту үшін қолайлы оң әсер әкеледі. Дамушы елдер үшін, жаһандану экономикалық пайда техникалық прогресс және одан әрі ырықтандыру сауда байланысты жоғары өсімге қол жеткізу мүмкіндігі болып табылады». [3]

«Жаһандану үрдісі көптеген әсіресе дамушы немесе біз секілді кеше ғана өз тізгінін өз қолына алып, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан мемлекеттер үшін сандаған мәселелерді көлденең тартатыны барған сайын айқындала түсуде. Жаһандану дүниесіне кірудің дұрыс формуласын табу, оған бейімделу, жаһандық бәсекелестік күшейіп отырған жағдайда әлемдік экономикалық, саяси-әлеуметтік қатарда қолайлы өзіндік позицияда болу өте маңызды мәселенің біріне айналып барады.1-кестеде көріп отырғанымыздай Қазақстанның жаһандану денгейі бойынша  82-орынға тұрақтанған. Бұл нені көрсетеді? Бұл біздің елімізде жаһанданудың әлі де жақсы дамымағандығын, көптеген іш-шаралар жүргізу керектігін көрсетеді.”

1-кесте. Цюрих Федералды политехникалық мектебі жасаған рейтинг.  [4]

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-29

Жаһандану мәселесі өз мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, Қазақстан халқының мәдениетіне, көпғасырлық дәстүрге, халық даналығына әсер етуде. Еліміздің дамуының өзгеше ерекшеліктерінің бірі, оның болашаққа деген ұмтылысы болып табылады. Мемлекет басшысы жаһандану үрдісінде жастар саясатына ерекше көңіл бөлген болатын. Сонымен қатар, XXI  ғасыр жаңару кезеңі, жастар қоғамды, экономиканы дамытушы, қозғаушы күш деп айтқан болатын. Тарихпен дәлелденген мәселе ретінде — жастар кез-келген мемлекеттің болашағы. Әлемдік өркениетке ену процесі жастардан іскерлік пен біліктілікті, ақылдылық пен парасаттылық талап етуде. Жастар саясаты — жарқын болашақ кепілі. Елбасының жаһандандыру мәселесінің оң және теріс әсерін салыстыра келе, оны салмақты, жүйелі басқару қажеттілігін айтқан. Расында, әлем елдерінің арасындағы экономикалық алмасу, ақпараттық, адамдардың еркін қозғалысы арқылы жүзеге асырылатын жаһандану жағдайы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек екендігін дәлелдеуде. Елдің экономикалық деңгейі, әлемдегі бәсекелестік орны оның адам капиталына  байланысты деген еді Президент. Бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторы ретінде ғылым мен білім жаңа технологияларды атады. Ғылымды дамытуда ұсынылған Жоғары ғылыми — техникалық комиссия құру, Ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдау болып табылады».[5]

«Көптеген ұйымдар жаһандану жағдайына байланысты өз пікірлерін айтып,елдің жағдайын баяндауда.Соның ішінде  «Саясат» журналы ұйымдастырған Алматы қаласының тұрғындары мен Қазақстанның даму институтының жаһандану туралы тексеру қорытындысын оқырмандарына хабардар етті. Онда жаһандану Қазақстандағы саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайына қалай әсер етуі мүмкін деген сұраққа жауап беру керек болды:

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-30

Редакция респонденттерге Қазақстанға жаһандану әсері туралы сұрақтардың жауаптарына қарап, пессимистік көрінісіне бейім деген қорытындыға келді.» [6]

«Жаһандану жағдайы ғалымдармен, саясаткерлер, дипломаттардың алаңдаушылығын тудыртуда. Себебі мемлекеттің ұлттық егемендік мәселесіне қауіп төндіртіп отыр. Мұның бәрі Қазақстан мемлекетінің, қазақ халқының ұлттық мүдделеріне қайшы келетін ұстанымдар жиынтығы болып табылады. Жаһандану, жаңару мен өзгерістер кезінде ең күрделі міндет — өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін, тұтастығын, экономикалық дербестігін сақтап қалу. Әлемдік трансұлттық компаниялардың, ұйымдар мен одақтардың саясаты мен мақсаты біздің ұлттық мүддеге қайшы келетіні белгілі. Сондықтан қазақ мемлекетін нығайту келешек президент пен парламент институттарының жауапкершілігін арттыру болып табылады.  Ахмет Байтұрсынов сөзімен айтқанда, Қазақ елін «олжалы жерде үлестен, ордалы жерде орыннан, жоралы жерде жолдан қалдырмау»».[4]

“Сондықтан да Қазақстанның Жаһандану деңгейіндегі даму жолдарын табу проблемасы жан-жақты зерттеуді талап етеді. Әзірге бізде Жаһандану үрдісіндегі ұстаным проблемасын зерттеу, өкінішке орай көрші жатқан Ресей еліндегідей, Орталық және Шығыс Еуропадағыдай өтпелі кезең елдерінде орныққан тұрақты және жүйелі талдау, талқылау сипатына ие бола қоймаған. Қазақстан – бүгінде әлемде өзіндік саяси-әлеуметтік, демократиялық бет-бейнесі қалыптасып, өзіндік орнын белгілеп келуде. Сондықтан да еліміздің жалпы әлемдік-экономикалық және саяси-әлеуметтік жүйеге кіріккен қазіргі заманда дамыған мемлекет болуына қол жеткізгіміз келсе, онда дүниежүзілік үрдістер мен проблемаларды ой елегінен өткізіп, қарастырудан қашпауымыз керек секілді.”

«Профессор Мұрат Әбдіровтің  әлемдік жаһандану үрдістері объективті оған қарсы тұру мүмкін емес деген шешімге келді. Бүкіл әлем экономика арқылы бір-бірімен жақындасуда. Өз тәуелсіздігін алған жылдардан кейін Қазақстанда әлемдік жаһандану үрдісіне белсене араласып келеді.
Оның айтуынша осы аз ғана уақыт аралығында жаһандану үрдісінің басты қауіп — Қазақстан батыс елдері үшін тек шикізат көзі ретінде ғана танылып отыр. Ал елдің ішкі жағдайы, болашағы, халықтың тұрмыс тіршілігі үшін олар бас ауыртпайды. Қазақстанда Астана, Алматы, Атырау қалалары ғана қарқынды дамуда. Ал қазба байлығы жоқ кейбір аймақтарда халықтың тұрмыс тіршілігі төмендеп, жұмыссыздық етек алуда. Мұндай жағдай ел болашағы үшін өте қауіпті.

Діни экстримизм, лаңкестік оқиғалары негізінен артта қалған Пәкістан, Ауғанстан сияқты елдерде көп орын алады. Қазақстанға да болашақта осындай қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да атқарушы билік, заң шығарушы органдар ғалымдар мен мамандар, сарапшылар пікірімен санасып, үкіметтің саясатына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізуі керек деп ойлаймын. Жаһандану процесі Қазақстанға екі жақты болуы мүмкін. Қазіргі техниканың жетістігінің барлығы батыста екендігін мойындауымыз керек. Біз солардың деңгейіне көтерілуіміз керек. Қазақстан әлемдік деңгейден тыс қалатын болса, онда еліміз болашағы бұлыңғыр елдерінің біріне айналуы да мүмкін. Сондықтан тек шикізат көзі ретінде танылып отырған елдердің жоғары дамыған елдер қатарына жетуі қиынырақ.

Ал профессор Кеңес Қожахметов ауылшаруашылығы ісі алға шығуы керектігін,өндіріс күштері де дамуы керек екендігін ,әйтпесе, Қазақстан жаһандану үрдісіне жұтылып кетуі әбден мүмкін екендігін айтып өтті.»[7]

“Тұтастай алғанда, бұл мәселені оң және теріс тұстары жаһандану үдерісіне қатысушылардың экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететіні анық.Бұл жағдайда,біздің ойымызша, жаһандану елдің мүмкіндіктерін барынша кеңейту мақсатында және тұрақты экономикалық өсу үшін бізге керек, сондай-ақ біздің экономикамызға оның келеңсіз салдарын азайту үшін қажет.Шындығында, егемендігіміз бен ұлттық мүдделерімізді қорғау, сақтау керектігін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ  өзін-өзі оқшаулау саясатына қарағанда жалпы экономикалық, саяси, мәдени, рухани әлемнің даму процесіне қатысқанымыз неғұрлым тиімді болып табылады. Ғаламдану проблемаларын шешу үшін, менің ойымша, Қазақстан халқының ұлтына, әлеуметтік жағдайына, дініне қарамастан бір мүддеге  біріктіру қажет. Бейбітшілік сақтау, планетаның ластануы,ұйымдасқан қылмыс, терроризм, есірткі тасымалы, ЖИТС, т.б. ғаламдық проблемаларға жатады.Ортақ болашақ үшін бұл проблемалар бірге қаралуы тиіс деп ойлаймыз. Және жаһандану процесінде артта қалмауымыз үшін халықтың ой-пікірі, сана-сезімі өте жоғары болуы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. http://group-global.org/kk/publication/17887-zhahandanu-urdisi-men-leumettik-zheliler
  2. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%83
  3. http://articlekz.com/article/5172
  4. https://www.youtube.com/watch?v=uCf_rtkKKHs
  5. Оhttp://kalamger.ucoz.kz/publ/konferencii_v_astane/predsedatelstvo_kazakhstana_v_obse_v_2010_godu/zhaandanu_mselesi_zhne_europaa_zhol_badarlamasy/12-1-0-81
  6. http://www.articlekz.com/article/5174
  7. http://www.azattyq.mobi/a/1153431.html

        Құрастырғандар: Керімбек С., Тілеухан М.

Яндекс.Метрика