ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУЫЗ СУ ТАПШЫЛЫҒЫ

 «Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз. Адамзатқа алдағы бес-он жылдың ішінде бір амалын таппаса, судың сұрауы қымбатқа түсейін деп тұр. Ішуге жарамды таза су жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі түрде пайдаланған дұрыс.

 Жер асты су қорын “нәзік ресурс” деп айтуға болады. Олай дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне табиғи және техногендік процестер зор ықпал етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы жер асты сулары уран өндірудің технологиясына байланысты бүлініп, жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізуде. Өскемен қаласындағы зауыттардың бірінен кезінде далаға ағып, жерге сіңіп кеткен жүздеген тонна сынап қазір жылжып, Ертіс өзенінің арнасына жақындап қалды. Егер бұның алдын алып, шара қолданбаса, сынап өзеннің суына қосылады да, төменгі ағыстағы елді мекендерге орасан зиян келтіріп, шығынға батырады. Бұл жерде адамдар өз қолдарымен табиғи таза суды жарамсыз етіп отыр». [1]

«Көптеген елдердің ең басты проблемасына айналған су мәселесі кермиық даласы шөлейттеніп бара жатқан Қазақстан үшін де өзекті тақырып. Өйткені 1950 жылдары Қазақстанда 120 млрд. текшеметр шамасында су қоры болса, қазір оның көлемі 100 млрд. текшеметрге дейін кеміді деген де болжамдар бар.

Мамандар мұндай су қорының азаюын біздің өзендеріміздің трансшекаралық екендігімен, су бастау алатын елдердің де суды пайдалану көлемін көбейтіп келе жатқанымен байланыстырады. Себебі, Памир мен Тянь-Шань шыңдарындағы мәңгілік мұздықтар 1957 жылмен салыстырғанда 30 пайызға кеміген, ал ол 2025 жылға қарай 50 пайызға дейін азаймақ. Мұндай ғаламдық жылыну түбінде Орталық Азиядағы, оның ішінде Қазақстандағы су арналарының суалып-тартылып, жаппай құрғақшылық жағдайына әкелуі мүмкін. Бұл өзекті мәселеге осы тұрғыдан талдау жасасақ, шындығында да еліміздің ауыз суы Ресей, Қытай, Орталық Азия елдеріндегі су жолдарына тікелей тәуелді екеніне көз жеткіземіз». [2]

«Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендішгін айта кеткеніміз жөн. Жер асты суларының анықталған қорлары  15,8 текше шақырымды құрайды, оның  2,6 текше шақырымы пайдаланылады. Бұл сулар өте минералды болғандықтан  және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады. Жерасты сулары  Қазақстанда пайдаланылатын су  мөлшерінің 8  пайыздан астамын құрайды. Болашақта олар республиканың су қажеттіліктерінің  25 пайызын қамтамасыз етуі мүмкін. Жерасты суларның бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының  63 пайыздан астамы республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде жатыр. Республикамызда анықталған жерасты суларымызддың 60 пайызының  16 пайызы ғана пайдаланылады. Осы мөлшердегі жерасты  суларының 52 пайызы  шаруашылық-ауыз су мақсатында, 22 пайызы техникалық мақсатта, 9 пайызы жер суғару үшін және 7 пайызы  жайылымдарды  суландыру үшін пайдаланылады, 69 қала, 4000 – нан астам елді-мекен, 100-ден астам өндірістік кәсіпорын жерасты суларымен қамтамасыз етілген, 90 мың гектарға дейінгі жерлер суғарылады. Жерасты суларын пайдалану үлесі республикамызда анықталған қорлардың 15, 6 пайызын, ал жалпы табиғи суларды пайдаланудың 7, 5пайызын құрайды». [3] 

«Шаруашылық және ауыз су ретінде пайдаланатын су тоғандарына құятын ағындардағы суды былғаушы зиянды заттардың шептік мөлшері арнайы ережемен белгіленген және онда зиянды заттар тізімінде 400- ден аса атау тіркелген. Өндірістік мақсатта пайдаланылатын судың өзі жұмыс істеушілерге зиянсыз, құрал-жабдықтардың жемірілуін, олардың түбіне тұз тұруын туғызбайтындар және өнім сапасына кері әсер етпейтіндей болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы алқаптарын суғаруға жұмсалатын су өсімдікке зиянсыз және өнім, түсім мен топырақ сапасын нашарлатпайтын болуы тиіс. Су қоймалары да әр түрлі мақсатта қолданылатындықтан, оларды былғанудан сақтау шараларын негіздеу үшін зияндылық дегеннің, өзі не екені, оның қандай дәрежелері, белгісі бар екенін анықтап алу керек болады. «Жерүсті суларын төгін сулармен былғанудан сақтау ережелері» бойынша судың былғану белгісіне оның дәм арқылы білінетін қасиеттерінің өзгеруі құрамында адамға, жан-жануарларға, құсқа, балыққа, жемдік және кәсіптік ағзалар зиянды заттардың болуын жатқызады. Сондай-ақ су ағзаларының қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен, судың қызуыда қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен судың қызуыда бақылауда болуы тиіс.
Соңғы жайт бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауында да арнайы көрсетіледі, онда «егер су, оның құрамын немесе түбінің бедерін өзгерту салдарынан су пайдаланудың кез келген түрінің бірі үшін жарамсыздық танытса, оны былғанған деп есептеу керек» деп жариялаған». [4]

Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықтың ісі екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Республикамыздағы су ресурсының бітіп қалмауы біздің қолымызда. Ол – суды ысырап етпей, шашып-төкпеу. Ас үйде, жуынатын бөлмеде «су үйге келіп тұр» деген түсінікпен мөлшерден тыс шашып-төгу кімнің отбасында болсын кездеседі. Көзіңізге өзен-көлдердің азайған, солғанын елестетіп көріңізші! Суды есепсіз құрта берсек, осыған жетуіміз де әбден мүмкін… Бүкіл тіршілік иелерінің мекені біреу, ол – жер шары. «Суды шашып-төкпеу», «суды тиімді пайдалану» деген қағиданы балабақшадағы баладан, еңкейген қартқа дейін ұстанса екен. Шылым, сыра, арақ-шарапты жарнамалағанша, суды тиімді пайдалану, табиғатты қорғау секілді жайттарды ұғындыратын жарнамалар дүкенде, көшеде, кез-келген жерде тайға таңба басқандай көрсетілсе жақсы болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер

Құрастырғандар: Әжікелді Х., Жамалбеков Ә.

Яндекс.Метрика