ҚАЗАҚСТАНДА ӨМІР САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
Мазмұны
Кіріспе
Қазақстанда өмір сапасын жақсарту жолдары
Қорытынды
Қолданылғанәдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еліміздегі халықтың өмір сапасын жақсарту өзіміздің қолымызда екені анық. Ал бұл мәселелрдің проблемалары өте көп, бірақ олардан шығу жолдары саналы. Осы жұмыста біз өмірді Қазақстанда жақсартуға кедергі болатын біраз мәселелерді қарастырамыз. Олар:
- Жұмыссыздық;
- Медициналық білім;
- Жемқорлық;
- Қарт кісілердің тұрмысы;
- Тұрғындардың орташа жалақысы
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.
Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.
Бұл жұмыссыздыққа жалпы шолу болып кетті. Енді келесі мәселе- жемқорлық пен транспортқа қысқаша тоқталайық.
Жемқорлыққа байланысты мәселелерді түбегейлі шешпейінше, мемлекеттік басқару жүйесін қалыпты жүзеге асыру мүмкін емес. Бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси- құқықтық мәселелерінің ішінде жемқорлықпен күресу шаралары басты мәселелердің бірі болып саналады. Оның көкейтестілігінің бірнеше себептері бар. Дамып келе жатқан еліміздегі халықтың жіктік топтарының пайда болуы, пайда күнемдік мақсаттағы қарым-қатынастар, дау-жанжалдар және әшкереулер, халық алдында биліктің беделін түсіруде. Жалпылап алғанда экономикалық дамуды тежеп, болашақ қоғамдық- экономикалық және саяси тәртіпке кері әсер етуде.
Жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін тосқауыл болып табылады. Жемқорлық – жедел жоюды талап ететін, адамның танымдық қасиетінен айырып, саламатты дамуына кері ықпал ететін құбылыс.
Қазіргі уақытта экономика өсімі халықтың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізді және қаладағы автомобильдер санының күрт артуына түрткі болды. Көлік белсенділігінің жоғары деңгейі өмір сүру жайлылығын нашарлататыны барлығымызғы мәлім. Ол қалада қозғалу жылдамдығын төмендетеді, халықтың өнімсіз уақыт шығыстары мен экономикалық сектордағы көліктің кідіруі арта түседі.
Ендігі проблема – көп қарастырылмайтын проблемалар деп айтуға болады. Бірақ оны сол күйінде шетке ығыстырып қою- дұрыс емес . Өйкені, мәселе біздің аталарымыз бен аналарымыз және болашақтағы өзіміз туралы. Еліміздегі қарттарымыз – біздің қалай «өткеніміз» болса , солай «болашағымыз» да . Еліміздің өмір сапасын жақсарту , мемлекет деңгейін көтеру – тікелей соларға байланысты.
«Нарықтық қатынастар алғаш орнай бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатында ең маңызды міндеттердің бірі – еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болды. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде ХХ ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын. Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі жүцеден тұрады:
- Өзінің ішкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.
- Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады.
Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады: жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрығыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі жұмыс берушілер есебінен болады. Жоғарыда көрсетілгендей, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттарының бірі – жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсету. Жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы құрудың негізгі көзі жұмыскерлердің жұмыспен қамтылған кездегі өздерінің қаржылық аудармасы болып табылады. Олардың құрылуы мен жұмсалуы қамсыздандырудың қор жинау жүйесіне ұқсас болып келеді. Олар жұмыссыздық басқа түскен кезде «қамсыздандырулық төлем» болып саналады.
Мұндай қамсыздандыру төлемі уақытша материалдық есеп қайтару ретінде кімдер алдын ала жарнама жасаса немесе олар үшін бұл жарнаманы басқалар жасаса, ол сондай-ақ, кімде-кім жұмыс іздесе төленеді. Егер осы аталған факторлар болмаса, онда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы өзінің шын мәніндегі мазмұнын жоғалтады және ол төленуі тиіс емес. Егер де жұмыссыз адам өзі жұмыс істегісі келмесе, жұмыс істеуге ықыласы болмаса, онда ол өз еркімен өзінің еңбекке деген конституциялық құқығынан бас тартқаны болып саналады және осыған байланысты жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға өз құқығын жоғалтады. Жұмыссыздықтан қорғаудың жүйесінде бір-біріне бағынышсыз үш түрлі қызмет бағыты бар.
- Жұмыспен қамтуды (жаңа жұмыс орындарын құру) кеңейтудің жағдайы мен мүмкіншіліктерін жақсартуды қаржыландыру.
- Кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру.
- Жұмыссыздарға жұмыс іздеуде ұтқыр қоныс аударуға мүмкіншілік тудыру.»/1/
Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Әйелдердің де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі – олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.
«ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында(27.01.2012ж.) жүзеге асырылуға тиісті 10 бағыттың бірі Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы деп аталады, Онда мынадай үш маңызды міндет қойылған:
Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.
Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу.
Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру.»/2/
«Экономикалық теорияда “жұмыссыздықтың табиғи деңгейі” – деген ұғымды пайдаланады. Оның мөлшері өзгермелі, оның деңгейі әр елде әр түрлі 2 пайыздан 7 пайызға дейін. Мемлекет жұмыссыздықты осы табиғи деңгейден асырмау бағытында іс-шаралар жүргізуге міндетті.
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:
- ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады.
- Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей бөлінбеуіне соқтырады.
- Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та қалады.
Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде экономикаға мемлекеттің араласуы қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді.
- Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек биржасы арқылы кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан өткізуге көмек көрсету.
- Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар) ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.
- Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.
- Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау»./3/
«Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 ж.ж.) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%- ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі. Мысалы, жылына (1983 ж) жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі 9,5% немесе 3,5 % — ке жетті, артық ұйғарудың табиғи деңгейі 6%. Осы 3,5% санын Оукен коэффициентіне (2,5) көбейтсек, онда 1983ж. ЖҰӨ көлемінің көлемінің төмендеуі 8,75% құрайды. Басқа сөзбен айтқанда, егер де 1983 ж. Жұмыссыздық деңгейі толық қамтамасыз етілсе, ЖҰӨ нақтыға қарағанда 8,75% — тен көп болар еді.»/4/
Ал енді тиімді еңбекпен қамту дегенді қалай түсінеміз?
Толық еңбекпен қамту дегеніміз халық шаруашылығы көлемінде еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету.
Тиімді еңбекпен қамту дегеніміз қоғам қажеттілігін өте аз еңбек шығынымен қанағаттандыра білу.
«Оукен заңы экономикалық белсенділік пен жұмыссыздықтың арасындағы сандық өзара байланысты сипаттайды. Осы заңға сәйкес, ЖҰӨ-нің әр жылғы өсу деңгейі жобамен 2,7 пайызға тұрақты деңгейдегі жұмыссыздықтың үлесін ұстайды. ЖҰӨ-нің әр қосымша 2 пайызы жұмыссыздықтың үлесін 1 пайызға азайтады. Осыған сәйкесті жағдайда: ЖҰӨ-нің өсу қарқынының 2 пайызға әр қосымша қысқаруы жұмыссыздық мөлшерінің 1 пайызға өсуіне алып келеді.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік- экономикалық нәтижесі:
- Жұмыссыздық экономикалық шығынға әкеледі, ЖҰӨ-нің деңгейін төмендетеді.
- Жұмыссыздық адамдар үшін табысты жоғалтуға, өмір сүру деңгейін төмендетуге, қылмыстың көбеюіне, өлімнің өсуіне әкеледі.
- Жұмыссыздықтың ұзаққа созылуынан жұмыскерлердің мамандығы жоғалады.
Еңбек рыногын мемлекеттік реттеудің негізгі төрт бағытын бөліп алуға болады:
- жұмыспен қамтамасыз етуді ынталандыру мен мемлекеттік секторда жұмыс орындары санының көбеюі;
- жұмыс күштерін дайындау және қайта әзірлеу;
- жұмыс күшін жалдауға көмектесу;
- жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру;
Еңбек рыногының негізгі элементтері – еңбек биржасы болып табылады.
Еңбек биржасы – жұмысшылар мен кәсіпкерлердің арасында жұмыс күшін сату-сатып алу мәмілесін жасау кезіндегі делдалдықты жүзеге асыратын, сонымен бірге жұмыссыздықты тіркейтін мекеме.»/5/
«Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі – күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі – әлеуметтік теңсіздік.
«Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр.Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады.Сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет –қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.»/6/
«Соңғы жылдары адамдардың денсаулығына олардың барлық саладағы белсенді тұрмыс-тіршілігінің, шығармашылық белсенділігінің, білімге ұмтылысының басты тірегі ретінде айрықша көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыдан алғанда денсаулық шығындары мен оны реформалауды адам капиталына салынған инвестициялар деп қарастырған жөн.
Халық денсаулығы – елдің табысты экономикалық дамуына адам капиталының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Денсаулыққа салынған инвестициялар адам капиталының бәсекеге қабілеттілігінің дамуы мен өсуіне негіз болады.»./7/
«Тұрғындардың өмір сүру сапасы мен олардың лайықты өмір сүрулерінің факторы ретінде денсаулық сақтау деңгейін арттыруға төмендегі бағыттар бойынша қол жеткізуге болады:
- денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесін қалыптастыру ЖІӨ-ге шаққандағы денсаулық сақтауды мемелекеттік қаржыландыру 5,0-6,0 пайызға дейін арттырудан басталуы тиіс
- медициналық мекемелер мен емханаларды медициналық дәрі-дләрмектермен, согл сияқты заманауи медициналық жабдықтармен қаматамасыз ету арқылы қалыптасып отырған ахуалды жақсарту
- шалғайдағы аудандарда көрсетілген әлеуметтік қызметтердің базалық тізбесін беру және денсаулық сақтауға қолжетімділікті ұлғайту сапасын ұдайы арттырып отыру ауылдағы стационарлық емдеу желілерін сақтау кепілдігімен қамтамасыз ету.» /8/
«Алдыңғы қатарлы елдердің сапаны басқару және пациенттердің қауіпсіздігі бойынша тәжірибесі ірі клиникаларды, ең жаңа виртуальдық роботтармен – тренажерлермен жабдықталған симуляциялық орталықтарды құрудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты, практикадан өтетін дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің машықтарын пысықтау үшін ірі көп бейінді клиникалардың базасында 16 өңірлік симуляциялық орталық құру және оларды қазіргі заманғы муляждармен, фантомдармен кезең-кезеңімен жарақтандыру қарастырылуда. Медицина қызметкерлері өзінің барлық әрекетін автоматизмге дейін пысықтау мүмкіндігіне ие болады және бұл сапаны басқаруға, дәрігерлік қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді»./9/
Әр мемлекеттің денсаулық сақтау секторы экономика құрылымының үлкен материалдық, қаржы және адами ресурстарын тұтынады. Мемлекеттің денсаулық сақтауға бөлген үлкен шығындары – бұл елдің бюджеттік шығын бөлігі емес, бұл алдымен экономикалық қайтарым әкелетін инвестициялар екенін түсінуіміз қажет. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың оптималды моделі Қазақстан үшін – нарықтық қатынасы бар бюджеттік модель. Бұл тұрғындарды тәуелсіз жалпыға бірдей медициналық көмекпен қамтуға және қажеттілікке мүмкіндік береді, тұрғындардың осал топтарын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді, медициналық қызметтің еңбек мотивациясының механизмін дамытуға да мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру, ұйымдарды жетілдіру» деп аталатын 4-ші тармағына сәйкес, мемлекетте емделушінің мүддесі үшін денсаулық сақтау моделі құрылды. Бүгінгі таңда бағдарламаның нақты бағыттарын дамыту және жүзеге асыру жалғасуда:
- Денсаулық сақтау жүйесін тиімді құру, бастапқы медициналық-санитарлық көмектің басым дамуы негізінде.
- Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесін және менеджментін жетілдіру.
- Денсаулық сақтауды қаржыландыру механизмін жетілдіру.
- Медициналық қызметтің жоғары сапасымен және қол жетімділігімен қамтамасыз ету.»/10/
Осы міндеттерді дұрыс орындау үшін қаржыландыруды ұйымдастырып жүргізу керек. Қаржыландыру жүйесін жетілдіру мемлекеттік бағдарламаның басымдық міндеттерінің бірі болып табылады.
«Медициналық ұйымдарға азаматтардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында 2005 жылы әр облыс көлемінде облыстық деңгейде бюджетті нығайту жүргізілді, бұл да облыс ішінде тұратын әрбір адамға шығыстарды тең бөлуге мүмкіндік берді.2007-2009 жылдары денсаулық сақтауға мемлекеттік шығыстар абсолюттік сипатта ұлғайды, бірақ ЖІӨ үлесі түрінде тұрақты болып қалды, шамамен 2.1-2.2%-дан бастап, болжауынша 2010 жылы 2,3%-ға жетеді. 2010 жылы БҰДЖ енгізілуімен ауруханалар бюджетін республикалық деңгейде орталықтандыруға байланысты республикалық және жергілікті бюджеттерден жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың құрылымы өзгергені байқалады. Осылайша, 2007-2012 жж. жергілікті бюджеттердің үлесіне денсаулық сақтау шығыстарының 70-75%-ға дейін келсе, 2010 жылы болжалды деректер бойынша республикалық бюджеттің үлесі 58,2% мөлшерде болды.Қаржы министрі Болат Жәмішевтың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесіне бөлінетін бюджет шығыстары 2012 жылы — 439,2 млрд. теңгені құраса, 2013 жылы — 440,3 млрд. теңге, 2014 жылы — 430 млрд. теңге шамасында қарастырылып отыр.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бағытталған заттардың көлемі (капиталдық шығындарды есепке алмағанда) 2004 жылы 90,5 млрд. теңгеден 195,1 млрд. теңгеге дейін немесе 1 тұрғынға есептегенде 2004 жылы 6025 теңгеден 2007 жылы республика бойынша 12673 теңгеге өсті, өңірлер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің орташа көрсеткіші 11969 теңгені құрады.
Денсаулық сақтау саласының жан басына шаққандағы шығыстары 2012 жылы 26338,21 теңгені құрады, немесе 2005 жылмен салыстырғанда, ол 13933 теңгеге өсті. Бұл көрсеткіштер денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға жылдан жылға бөлінген қаражаттардың жоғарылағанын көрсетеді. Бірақ қандай дамыған ел болмасын ол елдің бюджетті шектеулі болып табылады сол себепті, қаржыландыру мөлшерін жоғарылату шешім болып табылмайды.» /11/
Сондықтан денсаулық саласын қаржыландыуда инновациялық тәсілдерді қолдану қажет:
— Алға қойылған мақсатқа қол жеткізетіндей стратегиялық жоспардың және инновациялық реформалардың болуы. Бұл реформаларды қаржыландырудың тиімділігін арттыруға негіздеу қажет, яғни тұрғындардың және мемлекеттің де қаражаттарын үнемделетін орта қалыптастыру.
-«Медициналық көмек көрсетуді құрылымын модернизациялау. Медициналық көмек көрсету құрылымын модернизациялау моделі осы медециналық көмекті тұтынушыға бағытталған. Және жаңа технологияларды еңгізу арқылы комплекстік медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру. Бұл комплексті медециналық қызмет көрсету қызметті тұтынушыға бағытталғандықтан, ол тұтынушымен тиімді жұмыс жасауға негізделген. Ол өз кезегінде ұйымдастыруға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
— Өз кезегінде, комплексті медициналық қызмет көрсетудің инновациялық тәсілдерін жүзеге асырғанда көптеген кедергілер орын алады, бірақ сонымен қоса қызмет көрсету тиімділігі жоғарылайды және шығындарды азайтуға мүмкіндік туады. Денсаулық саласын инновациялық қаржыландыруды жүзеге асыру маңызды мәселе, осыларды шешуге жұмсалған қаражаттар негізделген және нәтижесі ақталу қажет.
Тиімділігін арттырудың тағы бір тәсілі бұл жоғары білімді мамандарды топтастыру және ұйымдастыру, қызмет көрсету мәдениетін өзгерту, алдын ала тексеруден өткізуді жетілдіру.Қаржыландыру жүйесі медициналық көмекпен ресурстарды қолданудың тиімділігін жоғарылату керек.
Сол үшін:
- құқықтық базасын құру, тұрғындарды медициналық сақтандыруға тұрғызу;
- бюджеттен бөлінетін қажаттардың бөліну ретін қалыптастыру;
- медициналық көмекке қойылатын тарифтердің әдісін жетілдіру;
- медициналық көмекке кететін қаражаттырдың бөлігін жабу үшін тұрғындарды өз еркімен медициналық сақтардырылуын ұйымдастыру;
- медициналық қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті қалыптастыру.»/12/
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жетілдіру келесідей мүмкіндіктер береді: бір жағынан әлеуметтік және экономикалық ұйымдастыру проблемаларын шешуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан халықтың денсаулық көрсеткішіне оң әсерін тигізе отырып адамдық капиталды жоғарылатады. Адамдық капиталдың жоғарылығы экономикалық қызмет етуші тұлғаның өнімділігін жоғарылатады. Бұл өз кезегінде жалпы ішкі өнімнің артуына әкеліп, ел экономикасында өсу болады. Экономикалық өсу жалақыны жоғарылатады. Жоғарғы жалақы тауар мен қызметке сұранысты арттырады. Сонымен қоса адамдық капиталдың жоғары болуы еңбекке жарамды халдық санын арттырып, сәйкесінше еңбекке жарамсыз халық санын азайтады.
«Практикалық денсаулық сақтау мамандарының кәсіби деңгейін арттыру үшін денсаулық сақтау саласының кадрларын үздіксіз кәсіптік дамытуды/білім (ҮКД) енгізу, білім беру ұйымдарының желісін жетілдіру, ҮКД саласындағы медициналық факультеттер мен ғылыми ұйымдардың бірлескен қызметін үйлестіру жалғасатын болады. ҮКД қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің рөлін және жауаптылығын, оның ішінде жұмыс орындарында Ғаламторды еркін пайдалануды қамтамасыз ету есебінен күшейту жоспарланып отыр»./13/
Медициналық ЖОО-лардың, колледждердің түлектерінің білімдері мен машықтарын бағалау институтын енгізу жоспарлануда. Осындай білімді тәуелсіз бағалау тетігін құру түлектердің және оны даярлаған ЖОО-ның білім беру сапасына жауаптылығын арттыруы тиіс.
«Медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін даярлау сапасының критерийі кәсіби құзыреттілік болып табылады. Білім беруде құзыреттілік тәсіл негізгі құзыретіне негізделген студенттер мен оқытушыларға арналған білім беру бағдарламаларының болуын көздейді. Медициналық ЖОО-ларда ғылыми қызметті дамыту арқылы ғылым мен практиканы ықпалдастыру қағидаты, білім беру қызметіне денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандарын тарту түлектің сапалы дайындығына және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.»/14/
«Медициналық қызметкерлерді жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге ынталандыру сапа менеджментінің құрамдас бөлігін құрайды. Медициналық көмек сапасы денсаулық сақтау жүйесінің кешенді параметрлерінің талдау нәтижелерін сипаттайтын, ұйымның ресурстық мүмкіндіктерін анықтайтын, басқару тиімділігін, функционалды қасиеттерін, жұмысының нәтижелерін бағалайтын маңызды аспект. «Медициналық көмектің сапасы» атты түсінік адамдардың медициналық қызметтің нәтижелілігінен қалыптасады. Мысалы, пациентке емдеуден күтілген нәтижелердің үмітін қаншалықты ақтағаны маңызды.
Өйткені пациентті медициналық көмектің жылдамдығы, дәрігердің қаншалықты ықылас танытқаны, ем-шаралардың оның өмірінің сапасына қандай әсер еткені туралы сұрақтар толғандыратыны анық. Сондықтан пациентке медициналық көмек сапасы деңгейін анықтауда қызмет көрсету туралы ақпарат маңызды. Медициналық көмектің сапасы көптеген елдерде,соның ішінде дамыған елдер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Көптеген зерттеулер осы мәселеге арналған»./15/
«Алдыңғы қатарлы елдердің сапаны басқару және пациенттердің қауіпсіздігі бойынша тәжірибесі ірі клиникаларды, ең жаңа виртуальдық роботтармен – тренажерлермен жабдықталған симуляциялық орталықтарды құрудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты, практикадан өтетін дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің машықтарын пысықтау үшін ірі көп бейінді клиникалардың базасында 16 өңірлік симуляциялық орталық құру және оларды қазіргі заманғы муляждармен, фантомдармен кезең-кезеңімен жарақтандыру қарастырылуда. Медицина қызметкерлері өзінің барлық әрекетін автоматизмге дейін пысықтау мүмкіндігіне ие болады және бұл сапаны басқаруға, дәрігерлік қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді.
Практикалық денсаулық сақтау мамандарының кәсіби деңгейін арттыру үшін денсаулық сақтау саласының кадрларын үздіксіз кәсіптік дамытуды/білім (ҮКД) енгізу, білім беру ұйымдарының желісін жетілдіру, ҮКД саласындағы медициналық факультеттер мен ғылыми ұйымдардың бірлескен қызметін үйлестіру жалғасатын болады. ҮКД қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің рөлін және жауаптылығын, оның ішінде жұмыс орындарында Ғаламторды еркін пайдалануды қамтамасыз ету есебінен күшейту жоспарланып отыр.
Медициналық ЖОО-лардың, колледждердің түлектерінің білімдері мен машықтарын бағалау институтын енгізу жоспарлануда. Осындай білімді тәуелсіз бағалау тетігін құру түлектердің және оны даярлаған ЖОО-ның білім беру сапасына жауаптылығын арттыруы тиіс.»/16/
«Міндеттер:
- Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының ұлттық аккредиттеу жүйесін одан әрі дамыту;
- Азаматтарды медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын іріктеу және қабылдау жүйесін жетілдіру;
- Интернатура және резидентура түлектерінің біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалау жүйесін жетілдіру;
- Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының университеттердің әлемдік рейтингісіне қатысуы.
1-міндет. Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының ұлттық аккредиттеу жүйесін одан әрі дамыту:
- медициналық білім беру ұйымдарының ұлттық институционалдық аккредиттеуді аяқтау;
- медициналық және фармацевтикалық білім беруде дипломға дейін (жалпы медицина) және ЖОО-дан кейінгі деңгейлерде мамандандырылған аккредиттеуді енгізу;
- мемлекеттік медициналық колледждерде институционалдық аккредиттеуді енгізу.
2-міндет. Азаматтарды медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарына іріктеу және қабылдау жүйесін жетілдіру:
- азаматтарды медициналық және фармацевтикалықбілім беру ұйымдарына іріктеу рәсімдерін әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
- медициналық білімнің ерекшелігін ескере отырып, азаматтарды білім беру ұйымдарына қабылдаудың Үлгілік тәртібіне толықтырулар мен өзгертулер енгізу;
- медициналық және фармацевтикалықбілім беру ұйымдарының қызметкерлерін әңгімелесу, психометриялық тестілеу өткізуге үйрету.
3-міндет. Сала мамандарының біліктілік деңгейін, оның ішінде интернатура және резидентура түлектерін тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу;
- сала мамандарының біліктілік деңгейін, оның ішінде интернатура және резидентура түлектерін тәуелсіз бағалау жүйесінің 2 республикалық орталығын құру;
- сала мамандарының біліктілік деңгейін, оның ішінде интернатура және резидентура түлектерінің білімі мен машықтарын тәуелсіз бағалау үшін сарапшыларды дайындау;
- сала мамандарының біліктілік деңгейін, оның ішінде интернатура және резидентура түлектерінің білімі мен машықтарын тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу;
- білімі мен машықтарын бағалау үшін стандартталған пациенттерді даярлау.»/17/
Қазіргі кезде жемқорлық – мемлекеттің басты бір проблемасына айналды. Жемқорлыққа байланысты мәселелерді түбегейлі шешпейінше, мемлекеттік басқару жүйесін қалыпты жүзеге асыру мүмкін емес. Бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси- құқықтық мәселелерінің ішінде жемқорлықпен күресу шаралары басты мәселелердің бірі болып саналады. Оның көкейтестілігінің бірнеше себептері бар. Дамып келе жатқан еліміздегі халықтың жіктік топтарының пайда болуы, пайда күнемдік мақсаттағы қарым-қатынастар, дау-жанжалдар және әшкереулер, халық алдында биліктің беделін түсіруде. Жалпылап алғанда экономикалық дамуды тежеп, болашақ қоғамдық- экономикалық және саяси тәртіпке кері әсер етуде. Әдетте, мемлекет жаңару жене даму сатысында болған кезіндегі жемқорлық деңгейі өте жоғары болуы мүмкін.
Бүгінгі таңда Қазақстан жай ғана жаңару сатысын емес, қоғамдық, мемлекеттік және экономикалық тәртіптердің түбегейлі өзгеру сатысын бастан кешіруде. Сол себепті Елбасы өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында мемлекеттік жеті басымдықтың біреуін жемқорлықпен аяусыз күресті атаған болатын. Жемқорлықтың орын алуына жол бермеуге барлық қоғам өкілдері атсалысқанда ғана нәтиже шығары анық.
Жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін тосқауыл болып табылады. Жемқорлық – жедел жоюды талап ететін, адамның танымдық қасиетінен айырып, саламатты дамуына кері ықпал ететін құбылыс. Жемқорлыққа қарсы күрес жемқорлыққа итермелеген теріс әрекеттің қандай себептермен орын алғандығын қарастыруды талап етеді. Жемқорлықтың шығуы мен даму себебін анықтау – теріс пиғылдың қоғамға қаншалықты залал тигізетіндігін дәлелдейді.
Қазіргі қоғамда жемқорлықты тікелей мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Жемқорлықтың шығу себебі мен дамуы белгілі бір ұжым арасында қалыптасып, кең етек жая бастайды. Мемлекеттік қызметкерлер өзінің заңды қызметін өз бас мүддесіне пайдалануы қоғамдық наразылықты тудырады. Белгілі бір ортада орын алған жемқорлық біртіндеп дамып, мемлекет мүддесін қарастырудан тыс қалады. Бұндай келеңсіз жәйттер орын алған мекеменің беделі түсіп, әлеумет алдындағы құлдырауына алып келеді. Қызметкерлердің заң алдындағы өз міндетін белгіленген талаптарға сай орындамауы мемлекетке зиян келтіріп, экономиканың, ұлттың тоқырауына алып келеді. Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту – заман талабы болып отыр.
Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіріп, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендететіні белгілі. «Қазақстан – 2050» Стратегиясының маңызды міндеттерін іске асыру барысында және Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына кіру мақсатында еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің тиімділігін арттыруымыз керек. Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіріп, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендететіні белгілі.
«Елде сыбайлас жемқорлықты тоқтату үшін не істеу керек?» десек, ең алдымен халықтың билікке деген сенімін арттыратын шаралар алған дұрыс. Ол үшін мемлекеттік қызметтің басты міндеті – халыққа адал қызмет ету, қажет жағдайда өз мүддесінен ел мүддесін әркез жоғары қою.
Егер әділін айтсақ, бұл күнде құқық қорғау орындарына тұрғындардың сенімі төмендеген. Оған себеп – өздері. Мәселен, облыстағы көптеген жеке қожалықтар ақ адал малының ұрланғанын, сол барымташылардың ішінде күштік құрылым өкілдері, учаскелік полицейлердің жүргенін айтып шағымданады. Ал, оны қорғайтын сот, прокуратура болса, оның өзі де жәбірленушінің емес, ұры-қарының сөзін сөйлейтін фактілер кездеседі. Сонда ет бүлінбес үшін тұз себеміз, ал тұз бүлінсе не істемекшіміз? Міне, бұл арада күштік құрылым басшылары бізбен бірлесе, адал жұмыс істегені дұрыс болар еді.
«Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады?
- Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу;
- Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу;
- Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу;
- Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру;
- Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету;
- Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану;
- Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету;
- Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда);
- Жеке және заңдыиялық орталықтарды құрудың қажеттілігін көрсетіп отыр. тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу;
- Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.
Прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция жемқорлық заң бұзушылықтарды айқындау, тоқтату, ескеру және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартумен айналысады. Сіз аталған органдарға жемқорлық қылмысы мен әкімшілік заң бұзушылық жөнінде өтінішпен шағымдана аласыз. Белгіленген мерзім ішінде сіздің өтінішіңізге жазбаша жауап келеді, өтінішіңізді қарастырудың қорытындысы жария етіледі.
Есте сақтаңыз! Егер сіз жемқорлықпен күресте жәрдем көрсететін болсаңыз, онда сізге қол сұғылмаушылыққа байланысты мынандай мемлекеттік кепілдіктер тағайындалады:
- егер сіз жемқорлық заң бұзушылық фактісі бойынша хабарлассаңыз немесе жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз – онда мемлекет қорғауында боласыз;
- егер сіз жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз, онда сіз туралы жеке ақпарат мемлекеттік құпия болып есептеледі, тек прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары, салық, кеден қызметі, шекара полициясы мен соттың сұрау салуы бойынша ғана жария етіледі. Бұл ақпарат жария етілсе, заңда бекітілген жауапкершілікке тартылады;
- егер Сіз жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз, қажет жағдайда, жемқорлықпен күресті жүргізіп жатқан органдар сіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуі керек.»/18
Сурет 1. Халық арасында жемқорлық туралы жүргізілген сұхбат нәтижелері
Ескерту : мәліметтер ресми сайттан алынды www.stat.gov.kz
Қазақстанда өмір сапасын және өмір сүру жағдайын жақсарту мәселесі ретінде еліміздің қарт кісілерінің жағдайын қарастырсақ болады. Бүгінгі жастың күндердің күнінде қария болатыны, оның да самайына ақ түсетіні анық. Сондықтан қартаю мәселесіне де көз жүгіртіп қойғанымыз артықтық етпес. Өкінішке қарай қарт адамдарға тиісті назар аударылып отырған жоқ. Мәселен, халықтың осы санаты денсаулық сақтау саласындағы заң шығарушылардың назарынан тыс қалған. Олар өмірлік маңызды қызметтерді жүйелендірілмеген негізде алады. Оларға медициналық көмекті ұйымдастыру жалпы жұртшылыққа көмек көрсету қағидатына негізделіп жасалған. Егде жастағылардың ерекшеліктері еш ескерілмеген. Олардың белгілі бір бөлігі жұмысқа қабілетті болғанына қарамастан, қарт адамдар еңбек нарығында да кемсітушілікке ұшырап жүр. Айтылғандарды ескере келе, Қазақстанда қарт адамдардың жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарлама жасау қажет .
«Мысалы, бізде геронтологиялық және гериатриялық мәселелер әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, заңдық қорғау, білім беру жүйесінде тиісінше шешілді деп айта алмаймыз. Олай дейтініміз, Қазақстанда егде тартқан адамдарға қатысты нақты стратегиялық жоспар жоқ. Ал БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстанды тез қартаюшы мемлекеттердің қатарына жатқызған. 2050 жылға қарай елімізде қарттардың саны 2,5 есе, яғни 25 пайызға өседі деп болжап отыр. Қазір елімізде орта жас – 70. Қазақстанда халықтың басым бөлігі, яғни 68 пайызы 15-64 жас аралығындағы жандар болса, 25 пайызы – 0-14 жастағы жеткіншектер, ал 7 пайызы – 65 және одан үлкен жастағылар. Бірақ жасы 65-тен асқандардың саны бізде ТМД елдерімен салыстырғанда аздау екен. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті директорының орынбасары Ерболат Мұсабек осыдан 2-3 жыл бұрын: «65 жастан асқандардың үлесі 7 пайыз. Ресей, Беларусь пен Украинада бұл көрсеткіш 12-13 пайызға жуық» деген болатын. Десек те, БҰҰ сарапшылары 2030 жылға қарай қариялардың үлесі 11,5 пайыз болатынын, 2050 жылы Қазақстан тұрғындарының төрттен бір бөлігі 65 жастан асқандар болатынын жеткізген. Мамандардың айтуына қарағанда, туу көрсеткішінің төмендеуі егде тартқан топтағы тұрғындардың артуына алып келмек.
Айта кетейік, геронтология – ағзаның қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ал гериатрия – егде және қарт адамдардың ауруларын зерттейтін клиникалық медицина саласы. Алматы қалалық ардагерлер үйінде С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің Геронтология және гериатрия инновациялық ғылыми мектебі істеп тұр. «Қазір ардагерлер үйінде 293 қария бар. 58-ге жуығы 1-2 топтағы мүгедектер. Қалғандары – зейнеткерлік жастағы қариялар» дейді Ардагерлер үйі директордың әлеуметтік істері жөніндегі орынбасары Нұрзия Әлімбекова. Бұл мектептің жұмыс істеп келе жатқанына екі жыл. Геронтология және гериатрия инновациялық ғылыми мектебінiң жетекшісі Айнұр Ешманованың айтуынша, мектепте қартаю бойынша медициналық, әлеуметтік салада қандай мәселелер кездесетінін зерттеу бірінші орынға қойылып отыр. Медицина ғылымдарының докторы Айқан Ақанов: «Әр жастағы адамның өзінің проблемалары бар. Қазір елімізде егде жастағы адамдарға қатысты жоспар жоқ. Сол үшін мемлекеттік бағдарлама дайындау керек. Мемлекет, үкіметтік емес ұйымдар және сала мамандары басымызды қосуымыз керек» дейді. Өйткені осыған дейін қартаю мәселесі негізінен, мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында қарастырылып келді. Енді 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында ескерілмек. Десек те, мамандар бұл мәселені жеке бөліп шешкен дұрыс деген пікірде.
Бұл тұрғыда Айнұр Ешманова алдағы уақытта үлкен ғылыми конференция өткізуді жоспарлап отырғандарын және қартаюға байланысты ұлттық бағдарлама дайындалып жатқанын айтады. Қартаю шағында кездесетін проблемалар – медициналық, әлеуметтік және экономикалық. Медициналық-әлеуметтік проблемаларға келетін болсақ, 75 және одан асқан жандардың 50 пайызы жүруге қиналады, 45 пайызы өз бетімен әрекет етуге қауқарсыз болады, 40 пайызының көру қабілеті нашарлайды екен. Сол себепті 2002 жылы БҰҰ-ның қартаю мәселелері жөніндегі екінші дүниежүзілік ассамблеясында Мадрид халықаралық жоспары қабылданған. Құрылып отырған Ұлттық іс-қимыл жоспарының мақсаты қарттардың өмір сүру деңгейін жақсарту, денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділігін арттыру мен оларды еліміздің әлеуметті-экономикалық дамуына жұмылдыруға бағытталған. Мадрид жоспарын 159 елдің өкілдері қабылдаған.
Бізде тұрғындардың қартаюына қанша алаңдаушылық білдірілгенімен, Мадрид халықаралық жоспарын жүзеге асыру аясында бірде-бір шара жасалған жоқ. Егде жастағылардың жағдайын жақсарту бойынша Ұлттық жоспар да қабылданбады. Қазақстанда бұл мәселемен тек үкіметтік емес ұйымдардың түрлі секторлары мен басқа да ұйымдар жұмыс істейді. Бұл – кешенді жұмыс талап ететін салааралық және дисциплинааралық мәселе. Сондықтан мемлекеттің, азаматтық қоғамның, ғалымдар мен мамандардың бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында ғана нәтиже шығаруға болады». /19/
Қарт адамдардың өмірінің қамтамасыз етудің болашақтағы моделі деп, егде жастағы жалғызбасты адамдардың арнаулы үйлерін айтуға болады яғни жалғызбасты адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға әлеуметтік қызметтің жаңа түрі — әлеуметтік пәтер.
Алматы көшелерінің бірінде консервті комбинат пен АДК сауда үйі арасында жасыл үй орналасқан. Бұл өте ерекше үй. Әлеуметтік. Ол әлеуметтік тұрғын ғимаратта бір пәтерге айырбастап мемлекетке өз үйлерін жоғалтқан жалғыз қарт адамдар тұрады. Қарттарға арналған бұл әлеуметтік үй 2001 жылы ашылды . Қазіргі уақытта ол Қазақстандағы сондай жалғыз үй.
Еліміздегі қарттарымыз – біздің қалай «өткеніміз» болса , солай «болашағымыз» да . Еліміздің өмір сапасын жақсарту , мемлекет деңгейін көтеру – тікелей соларға байланысты.
«Қарт кісілер мен олардың балаларының күтім жасауға қатысты мәселелерді алдын- ала ойластырғандары жақсы. Бәлкім, ата- ананың балаларымен тұрғаны дұрыс болатын шығар. Ия болмаса қандай да бір басқа көмекке жүгіну керек болар. Осындай мәселелерді шешіп алғанның арқасында олар бейнет- азапты алдын ала көріп, соған дайын болады. Жиі алдын ала жоспар құрмаған отбасыларына дәл қиындық туындаған уақытта асығыс шешім қабылдауға тура келіп жатады. Алайда, бір сарапшының айтуынша, бұл шешім қабылдауға ең тиімсіз болып табылады»./20/
Қазіргі уақытта 65 жастан асқан қарт адамдар қазақстандықтардың жалпы санының жеті пайызын құрайды. БҰҰ мәліметтері бойынша сарапшылар 2030 жылға қарай елде егде адамдардың саны 11,5 пайызға дейін құрайды, ал 2050 жылға қарай Қазақстан халқының төрттен 65 жастан болады деп болжап отыр. Міне осыған сүйене отырып елімізде қарт адамдар көрсеткіштерінің өсуі , олардың қаншалықты маңызды екенін көрсететінін байқай аламыз.
Сурет 2. БҰҰ сарапшыларының мәліметтері бойынша 2030, 2050 жылғы Қазақстандағы болжамалы егде кісілердің халық арасындағы көрсеткіші
Ескерту: мәліметтер ресми сайттан алынды www.stat.gov.kz
Ендігі қарастырылатын мәселелердің бірі- халыққы арналған ауызсудың қауіпсіздігін қадағалау. Халық денсаулығын жақсарту – мемлекеттің басты міндеті . осыған байланысты «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды» қарастырамыз.
«Сумен жабдықтау көздерінің және судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:
- Жерүсті және жерасты көздерінен шаруашылық-ауызсу мұқтаждықтарына су беретін сумен жабдықтау көздері және су құбыры құрылыстары Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарына сәйкес санитарлық қорғаныш аймағы болуы тиіс.
- Су дайындау станцияларына, сору станцияларына және өңделмеген суды шығаруға арналған алаңдарды, жерасты және жерүсті суларын жинау құрылысына, шаруашылық-ауызсу су құбырының құрылыстарына, резервуарлар мен су айдайтын мұнараларға, құрылыс қоршауына жанасуға арналған алаңдарды таңдауға қойылатын талаптар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
- Коллекторлы жабдықтар, құбырлар мен резервуарлар судың қажет емес қоспалармен ластануын болдырмайтын, ауызсу үшін жарамды материалдардан дайындалуы тиіс. Тазалауды жеңілдету үшін және бактериялық өсуін болдырмау үшін олардың ішкі беті тегіс болуы және мүмкіндігінше саңылау болмауы тиіс.
- Ауызсумен жабдықтау жүйесінде қолданылатын технологиялық жабдық оның дербес немесе технологиялық кешендер мен жүйелердің құрамында пайдаланылуына қарамастан, жарылыс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы тиіс.
Ауызсу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:
Суды тұтынушыларға орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау жүйелерімен, үйдегі бөлу жүйелерімен, дербес ауызсумен жабдықтау жүйелерімен және көлік құралдарындағы ауызсумен жабдықтау жүйелерімен берілетін адамның тұтынуына арналған ауызсу індеттік және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз болуы және қолайлы органолептикалық қасиеттері болуы тиіс»./21/
Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі көрсеткіштері: халықтың ақшалай табысы, жалақының мөлшері, күнкөріс минимумының шамасы, тағайындалған зейнетақының орташа мөлшері, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық адамзат әлеуетінің дамуы мен пайдаланылуы деңгейін кешенді түрде бағалау ретінде қарастыратын адамзаттың дамуы индексінің көрсеткіші. «Халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасын арттыру қоғамдық дамудың қазіргі кезеңде республиканың әлеуметтік саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. 19 ғасырдың 90-жылдарының 1-жартысында өтпелі кезеңнің объективті қиындықтарымен байланысты тұрмыс деңгейінің төмендеу үрдісі орын алды. Соңғы жылдары Қазақстан халқының тұрмыс деңгейі өсуі байқалды. 1996 – 1997 жылы, әсіресе, 1999 – 2000 жылы еліміздің экономикалық өрлеуге бет алуы халықтың табысы мен тұрмыс деңгейінің көрсеткіштеріне игі ықпалын тигізді»./22/
«2000 жылы халықтың барлық ақшалай табысының нақты өскендігі байқалды. Бұл жылы халықтың жылдық ақшалай табысының орташа мөлшері 1999 жылдың осындай көрсеткішінен 16,9%-ға асып түсіп, 47795 теңгеге жетті. Халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 2000 жылы 3,6%-ға өсті. Ұзақ пайдаланылатын тауарлар бағасы деңгейінің біршама тұрақтандырылуына орай қолдағы ақшалай табыс көлемінің өсуі халықтың төлем төлеуге қабілетті сұранысын арттырды.
Сондай-ақ ішкі нарықтың күнделікті сұраныс тауарларымен және ұзақ пайдаланылатын тауарлармен молығуы оларды тұтыну көлемінің көбеюіне септігін тигізді. Халықтың мәдени-тұрмыстық және шаруашылық тауарларымен қамтамасыз етілуі кеңестік кезеңдегімен салыстырғанда көбеюі өтпелі кезеңдегі оң құбылыс болды. Мысалы, 1985 жылы халықтың 100 отбасына шаққанда 36 магнитофоннан келсе, 2000 жылы бұл көрсеткіш 115 данаға жетті, телефонмен қамтамасыз етілу 38 данадан 55 данаға артты, электрлі шаңсорғыштың саны тиісінше 33 данадан 65 данаға, жеңіл автомобильдің саны 16-дан 26-ға, тоңазытқыш 97-ден 118-ге көбейді. Жеке меншіктегі автомобильдің саны тұрақты түрде артқаны байқалды. 1998 жылы мың адамға шаққанда 62 автомобильден келсе, 2000 жылы 65 автомобильге жетті. 90-жылдары халықтың тұрғын үй жағдайы айтарлықтай жақсарды. 1985 жылы тұрғын үймен қамтамасыз етілудің орташа көрсеткіші бір тұрғынға шаққанда 12,9 м2 болса, 1999 жылы ол 16,5 м2-ге көбейді. Үкіметтің елдегі экон. ахуалды жақсарту жолында жүргізген нысаналы іс-қимылы нәтижесінде жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі, табыс пен трансфертті ескергенде, 2000 жылы 31,8%-ды құрап, айтарлықтай азайды, ал 1998 жылы бұл көрсеткіш 39%-ды құраған болатын.
Адамның дамуы индексінің (АДИ) көрсеткіші (халықтың жан басына шаққандағы өндірілген нақты ЖҚӨ-нің көлемі, өмірдің ұзақтығы мен тұрмыс сапасы, білім алу және білімді жетілдіру мүмкіндігі) 1991 жылдан 1995 жылға дейінгі кезеңде 0,768-пункттен 0,726 пунктке дейін төмендеді. Бұдан кейінгі жылдары халықтың жан басына шаққанда нақты ЖҚӨ көлемінің ұлғаюы нәтижесінде АДИ көрсеткішінің өсу серпіні, сондай-ақ туған адамның өмір жасы ұзақтығының артуы (1995 жылы 63,5 жастан 1999 жылы 65,5 жасқа ұзаруы) байқалды. Білім деңгейі индексінің 0,927 пунктке дейін көбеюі халықтың сауаттылық деңгейінің жоғары екендігін дәлелдейді.
Халықтың Тұрмыс деңгейін дәйектілікпен жасарту, әлеум. теңсіздікті төмендету, кедейліктің ауқымын қысқарту, халықтың неғұрлым осал жіктерін қолдау мақсатымен ҚР Үкіметі “Білім”, “Халықтың денсаулығы” бағдарламаларын, кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасын қабылдады. Халықты әлеум. қорғау жүйесі қайта құрылды, халыққа мемлекет тарапынан атаулы әлеум. көмек көрсетіле бастады. Халықтың неғұрлым осал жіктерінің әлеум. қорғалуын қамтамасыз ету үшін мүгедектік бойынша асыраушысынан айрылған жағдайда, құрсақ көтеріп, бала туғанда арнаулы жәрдемақы бөлінетін болды, оралмандарды әлеум. қорғау жөнінде нысаналы іс-шаралар жүргізіледі, медицина-демографиялық ахуалды жақсарту жолында салауатты тұрмыс-салты насихатталудауылы 2005 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы айына 15463 теңгені құрап, алдыңғы жылғымен салыстырғанда 20,6 пайызға көбейді, мұның өзі 2000 жылғымен салыстырғанда 2,5 еседей көп.
2000 – 2005 жылы тұтыну бағасының өсуінен халықтың атаулы ақшалай табысының тұрақты түрде арту үрдісі байқалды. Нақты ақшалай табыстың өсімі бұл кезеңде 2000 жылғы 1,3%-дан 2001 – 2005 жылы 10,3 – 13,8%-ға дейін жетті. Елімізде соңғы уақытта өріс алған экон. өрлеу халықтың Тұрмыс деңгейінің жоғарылауына игі ықпалын тигізді. Табысы күнкөріс минимумынан төмен жұртшылықтың үлесі 2005 жылы 9,8%-ға төмендеді және табысы азықаласытүлік қоржынының құнынан төмен жұртшылықтың үлесі 1,6%-ға азайды. Кедейлік шегінде тұрған үй қожалықтарының үлесі 2002 жылы 6,4%-дан 2005 жылы 2,2%-ға дейін азайды. Халықтың жан басына шаққандағы нақты ЖҚӨ-нің көлемі валютаның сатып алуға жарамдылығының тепе-теңдігі бойынша 2005 жылы 8060 АҚШ долларын құрады.
Елімізде макроэкономикалық жағдайдың жақсаруына орай жалақы мен зейнетақы да дәйектілікпен көбейіп келеді. 2005 жылы орташа айлық атаулы жалақы 34066 теңгеге, ал зейнетақы мөлш. 11877 теңгеге дейін өсті. 2001 жылы атаулы жалақының сатып алуға жарамдылығы 3,5 есені құраса, ал зейнетақының жарамдылығы 123,9% болса, 2005 жылы тиісінше 5,2 есеге және 231,6%-ға жетті. Соңғы бес жылда (2001 – 05) пәтерлердің көл. 3,6%-ға көбейді. 2005 жылы тұрғын үй құрылысында 254 млрд. теңгеге күрделі инвестиция игерілді, мұның өзі 1998 жылы деңгейден 9,9 есе көп. Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 07 жылдарға арналған бағдарламаларына сәйкес жалпы ауданы12 млн. м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланды»./23/
Тұрғындардың өмір сүруіндегі келесі мәселе — мектептердің жетіспеуі болып табылады.
«Қазіргі заманда елдің бәсекеке қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. 2011-2020 жылдарға арналған білім беру бағдарламасы үздік халықаралық стандарттар бойынша сапалы білім беру мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жоғары білім беру.
- Жоғары оқу орындарының 65% халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредитациядан өтсе, 30% тәуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредитациядан өтті.
- Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және оқуларын бітірген соң мамандықтары бойынша бірінші жылы жұмысқа тұрғызылған ЖОО түлектерінің үлесі: 2015 жылға дейін — 78%, 2020 жылға дейін — 80% құрайды.
ТжКБ
- Колледждердің 30%ұлттық институционалдық аккредитациядан өтті.
- Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде мемлекеттік тапсырыспен оқыған және оқуларын бітірген соң бірінші жылы жұмыспен қамтылған түлектердің үлесі 2015 жылы — 78%, 2020 жылы — 80% құрайды.
Орта білім
- Білім беру жүйесі 12 жылдық оқу моделіне толық ауыстырылады. Және электрондық оқыту жүйесі 2015 жылға дейін мектептердің – 50 пайызына, ал 2020 жылы – 90 пайызына енгізіледі.
- 160 «тірек мектебі» — шағын құрамдағы мектептерге арналған ресурстық орталықтар құрылмақ.
- Ал инклюзивтік білімге жағдай жасалған мектептердің үлесі 2015 жылы -30 пайызға дейін, 2020 жылға дейін — 70 пайызға дейін жетеді.
- Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын игерген оқушылардың үлесі 70 пайызды шамалайды.
Мектепке дейінгі тәрбие 3-6 жастың аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамту көрсеткіші 2020 жылға дейін 100 пайызға жетеді»./24/
«ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылы жалпы республика бойынша 112 жаңа мектеп пайдалануға берілді, оның ішінде 86-сы — ауылдық елді мекендерде. Мектептердің жалпы санынан бастауыш мектептердің үлес салмағы 12,2% құрайды, негізгі мектептер — 14,7%, орта мектептер — 69,3%. Бастауыш мектептердің жалпы санынан 95,6% ауылдық елді мекендерде орналасқан, негізгі және орта мектептер бойынша бұл көрсеткіш тиісінше 93,6% және 70,5% құрайды. 2012/2013 оқу жылының басына күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 2533,9 мың адамды құрады, ол өткен оқу жылымен салыстырғанда 0,4%-ға кем.
Қарастырылып отырған оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде балаларды оқыту 7 тілде жүргізілді: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, неміс, және ағылшын. Қазақстан Республикасында қазақ тілінде 3838 және орыс тілінде 1442 оқытатын мектептер басым (орта және жоғары оқу орындары жанындағы мектептерді, арнайы түзету мектептерін қоспағанда). Сонымен қатар 60 мектепте оқыту өзбек тілінде, 13-і — ұйғыр, 8-і — ағылшын, және 2-уі — тәжік тілінде жүргізіледі. Сондай-ақ 2161 мектепте оқыту екі немесе одан көп тілдерде жүргізіледі. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқыту тек қана өзбек тілінде жүретін мектептер саны 2 мектепке өсті.
2012/2013 оқу жылында республика мектептерінде білім беру бағдарламасы аясында, сонымен қоса факультативті және дербес пән ретінде, дүнген (4140 оқушы), түрік (2194), ұйғыр (4087), ағылшын (1624), поляк (645), күрд (426), әзірбайжан (339), корей (197), татар (42) және басқа ұлттық тілдерді оқыту ұйымдастырылды. 2012/2013 оқу жылының басына республикада әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқыту мүмкіндігімен 1644 мектеп, одан 289 мектеп — гимназиялық және 65 мектеп лицейлік сыныптармен жұмыс істеді»./25/
Кесте 1.Күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны.
Ескерту: мәліметтер ресми сайттан алынды www.stat.gov.kz
Сурет 3. Қазақстандағы барлық мамандықтағы дәрігерлер саны
Ескерту: мәліметтер ресми сайттан алынды www.stat.gov.kz
Сурет 4. Қазақстандағы соңғы 4 жылдағы туылу көрсеткіштері
Ескерту: мәліметтер ресми сайттан алынды www.stat.gov.kz
Сурет 5. Қазақстандағы соңғы 4 жылдағы табиғи өсім көрсеткіштері
Ескерту: мәліметтер ресми сайттан алынды www.stat.gov.kz
Қорытынды
«Өмір сапасы» ұғымы, оның азаматтарының дамыту үшін мемлекет тарапынан берілген кешенді нақты әлемдегі жағдай, ғой, жан-жақты болып табылады. азық-түлік, киім-кешек, тұрғын үй, өмірі мен мүлкін қауіпсіздік — Бұл өмір сапасы адам негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктер ғана емес анықталады ескеру тиіс.
Менің ойымша, бүгін өмір елдің сапалы шамамен үш топқа бөлуге болады. Арнаны киініп баспана қамтамасыз ету және өмір сүру үшін немесе одан кем қауіпсіз қоршаған ортаны құру — Біріншіден, сіз өз азаматтарының, тіпті негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаншалықты бағытталған кедей елдерге, қосуға болады. Екінші топ (дамушы елдердің тобы) бірінші міндеті тобын қол жеткіздік, ал қазір әрекет әр түрлі материалдық тауарлар нарықтық қанығу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалған сол шартты қамтуы мүмкін. Соңында, үшінші топ азаматтардың демократиялық құқықтары іске асырылатын және рухани дамуы үшін ең жақсы жағдайлар берген дамыған елдердің, тұрады. Бұл жіктеу бойынша, Қазақстан қауіпсіз екінші топтағы елдердің қатарында болады.Халықтың табысы. Айта 2001-2005 жылдарға арналған атап өткен жөн. Қазақстан халқының орташа айлық табыс, орташа есеппен (256 АҚШ $ 118-ден дейін) 2-ден көп есеге артты. осы елде табыстың құнын орташаланған болғанына қарамастан, ол Қазақстандағы ең бай 20 пайызға және ең кедей 20 пайызы арасындағы табыс алшақтық жылдан-жылға төмендеп деп. айтуға болады 2001-2005 жылдарға арналған алшақтықты көрсетеді Джини индексі. 0.322-ден 0,290 дейін төмендеді. Осы көрсеткіштің есептеу әдісіне сәйкес, мәні «0» халықтың барлық топтары үшін табыс тамаша теңдікті білдіреді.Жұмыссыздық. ол 2006 жылы айтуға болады, елдегі жұмыссыздық 7,8 пайыз пайыз, басқа 0,3 төмендеді.Ол жастар арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары белгілейді. жұмыссыздар 24 пайыз бөлігі ретінде 15 және 24 жас аралығындағы жатыр. ауылында артық жұмыс табу қаласында мүмкіндігі. Қонақ үйлер және демалыс. Қазақстанда орташа Lodging халық саны бір адамға 17,5 шаршы метр. 2001 жылы ол 16,3 шаршы метрді құрады. Алайда, razlichayutsya.Zdorove айтарлықтай ауылдық және қалалық халықтың өмір сүру жағдайларын. Ресми статистика туберкулез және (әсіресе балалар арасында) басқа тыныс алу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісіктер, анемия бар адамдардың ауру, асқазан-ішек жолдары, жүрек-қантамыр жүйесі, эндокриндік жүйе, сондай-ақ Қазақстан паразиттік аурулардың аурулары тұрақты өсіп отырғанын көрсетеді.Қазіргі кезеңдегі өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында келесі міндеттерді шешу қажет:
- Өмір сүру ұзақтығын арттыру. Бұл елде бала туудың ынталандыру, сондай-ақ, қазірдің өзінде туған, бірақ адамдардың өмірін сақтап қалу үшін ғана емес, қажет, атап айтқанда, орташа өмір сүру ұзақтығының өте жоғары гендерлік айырмашылыққа назар аудару керек;
- Нәресте азайту үшін денсаулық сақтау проблемаларын шешу, ана өлімі, ВИЧ және басқа да негізгі аурулардың таралуын тоқтатуға және жоқтықты қысқарту;
- Тау-кен компаниялары мен табиғи ресурстарды жалдау ақысының ұлттандыру кіріс ашықтығын қамтамасыз ету;
- Кәсіби үкімет құру, билікті орталықсыздандыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;
- Кеңес дәуірінде қол жеткізілді білім сапасының жоғары деңгейіне қалпына келтіру, сондай-ақ экономика мен адам дамуының қажеттіліктеріне негізделген оны одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
- Іргелі және қолданбалы ғылымның дамуына ықпал ету
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Жолдасова Г. Экономика негіздері: Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2011.-186-187б
- http://www.zhasotan.kz ҚР Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 27.01.2012ж.- 1 — міндет
- Қазақстан Республикасындағыеңбек рыногы: 2010 жыл. ҚР-ның Статистика жөніндегі Агенттігі, 2011ж. http://www.gov.k
- http://www.newskz.ru «Жұмыссыздық және оның негізгі заңдылықтары» 2012-2017ж
- Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқу құралы.-Алматы: «Экономика». -212б
- http://www.udp-rk.kz ҚР Президенттінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012ж. — 8- сын-қатер
- Глазьев С.Ю, Сәбден О.С. ХХІ ғасырдың технологиялық жаңғыруы.-Алматы: Елорда, 2011. – 346б.
- Арменский А.Е, Наумов Е.А. ХХІ ғасырдың технологиялық жаңғыруы.-Алматы: Елорда, 2011. – 351б.
- http://www.ukgfa.kz Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы – 2 бөлім.
- http://www.inform.kz Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы.-2-бөлім
- http://group-global.org «Денсаулықты сақтауды қаржыландыру экономикалық өсудің негізі»2010-1017ж
- http://www.ukgfa.kz ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. — 4- бөлім
- http://www.ukgfa.kz Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы
- http://www.ukgfa.kz ҚР медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы – 1 бөлім
- http://med-kz.ucoz.com Медициналық қызмет сапасын бағалау
- http://www.ukgfa.kz ҚР медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы – 1 бөлім
- http://www.ukgfa.kz ҚР медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы – 2 бөлім
- Алшанов Р. А.. Казахстан на мировом аграрном рынке: достижения и пути развития. Алматы. 2010.
- http://malimetter.kz Қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетудің жағдайы және оның Қазақстандағы сипаты
- Жубаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы Алматы, 2013 , 15-16б.
- http://adilet.zan.kz «Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы ҚР-ның Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы №456 Қаулысы
- https://kk.wikipedia.org Тұрмыс деңгейі, 2016ж
- https://www.inform.kz Тұрғындардың орташа жалақысы, 2016ж «ҚазАқпарат»
- https://strategy2050.kz ҚР-сында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдардағы мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламалық міндеттер
- http://www.inform.kz Қазақстанда күндізгі жалпы білім беретін мектептер, 2016ж «ҚазАқпарат»
Құрастырғандар: Жағыпар Д., Лес А.