ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ДАМУЫ

Мазмұны

Кіріспе

Қазақстанжағдайындағы франчайзингтің дамуы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазір кез келген кәсіпкер өз тауар маркасын дүниеге алып келіп, оны заңды тіркей алады. Бірақ тауар маркасын брендке айналдырып, оны қоғамға танымал ету үшін қыруар қаражат керек. Сонымен қатар коммибояжерлердің белсенді жұмысы, жарнамалық компания тағы басқа рухани және материалдық ресурстарды қажет ететін жұмыстар жасалуы керек. Мұндай инвистицияны Қазақстан кәсіпкерлерінің басым бөлігінің қалтасы көтермейді. Сондықтан қазіргі кезде кәсіпкерлерге франчайзинг арқылы танымал тауар маркасын қолдану құқығын сатып алған өте ыңғайлы. Бұл жағдайда ірі компания — франчайзор кәсіпкерге қажетті технологиямен қамтамасыз етіп, қызметкерлерді оқытуға кепілді. Ал кәсіпкер болса, тек осы компанияның тауар маркасын қолдануға міндетті.Осындай себептерге байланысты бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік формасының қалыптасуы мен дамуының ұйымдық-экономикалық тетіктерін әзірлеу басымды бағыт болып саналады.

«Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі заманғы кезеңі стратегиялық тұрақты инновациялық дамуға көшумен елдің жаһандық кеңістікке жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған экономика мен қоғамдағы тереғ құрылымдық және иституциялық қайта құрылумен сипатталады. Республикадағы бизнесті дамыту болашағы бар нысандарыны бірі франчайзинг болып табылады.

Франчайзингтік  қатынастардың  негізгі кемшіліктеріне франчайзингтің құнын, фирма өсімінің, шарт мерзімінің және тәуелсіздіктің шектеулілігін жатқызу шарт. Франчайзингтің  құнына  ең алдымен франчайзи франчайзердің сауда маркасын, атын, өнімін, технологиясын, «ноу-хау» және т.б. пайдалану құқығын алғаны үшін төлейтін франчайзингтік төлем кіреді. Осы жерде  егер франчайзер  жаңа компания немесе тез өсу кезеңіндегі компания болса, оның капиталға деген қажеттілігі күрт өседі және ол бұл проблеманы көбінесе франчайзи есебінен шешуге тырысатындығын есте ұстау керек. Бұл  жағдайда  франчайзингтік  төлем жоғары  болуы мүмкін. Сондықтан  көптеген франчайзилер әріптес іздеген кезде ірі, тұрақталған фирмаларды таңдауға тырысады.  Франчайзи бұдан басқа материалдар мен толықтырушыларға, құрал-жабдықтарға, еңбек ақы төлеуге кететін шығындарды көтереді.  Шығынның мөлшері мен құрылымы франчайзи-фирмасының түрі мен франчайзингтік қатынастың сипатына тәуелді. Фирма қызметінің аумақтық өрісін кеңейтуі көбіне оның негізгі өсу жолы болып табылады.  Дегенмен  дәл осы фактор франчайзингтік шартта шектеуші факторға айналады.  Франчайзи тек шартта көрсетілген аумақта ғана әрекет ете алады.» [1]

«Франчайзинг, франшизинг (ағылш. franchіse — лицензия, айрықша құқықтық); франшиза (фр. franchise — жеңілдік) – коммерциялық концессия, нарықтық субъектілер арасындағы қарым-қатынастардың түрі, бір тарап (франча́йзер) екінші тарапқа (франчайзиге) ақы (роялти) үшін белгілі бір бизнес түрін, әзірленген бизнес-моделін және оның жүргізу әдісін пайдалануға береді. Бұл лицензиялаудың дамыған түрі, онда бір тарап (франчайзер) екінші тарапқа (франчайзиге) өз атынан тауарлық белгілер және/немесе франчайзердің брендін пайдалана отырып ақылы әрекет етуге құқық береді.

«Франчайзинг» сөзі ағылшын терминінен аударғанда қандай да бір қызметті жүргізудегі еріктілікке құқықты анықтау мағынасын білдіреді. Орта ғасырларда мұндай артықшылықтарды кез келген тұрпаттағы коммерциялық қызметке франшизаны беру жолы арқылы корольдер иемденген. Франчайзинг(ағылш. franchising — құқық, ерекшелік) кәсіпкерлік, жалғасымды іскерлік ынтымақтастық формасындағы үрдісінде, ірі компания, жеке-дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобына өнімді өндіруге, тауарлар сауда-саттығына және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір мерзімге және белгілі бір шартта қызметтерін ұсынды. «Франчайзинг» терминінің екінші балама түсінігі француздың «franchise» — жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған. Франчайзингтің қалыптасу мен даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген.

  «Франчайзинг ұғымы Жалпы мағынасында франчайзинг — тауар таңбасын немесе коммерциялық белгілерін жалға беруді білдіреді. Франшизаны пайдалану шарттары франчайзер (франшизаны ұсынған адам) және франчайзи (франшизаны алатын адам) арасында регламенттеледі. Шартының мазмұны әртүрлі болуы мүмкін  қарапайымнан өте күрделіге дейін, құрамында өте ұсақ егжей-тауар белгісін пайдалану ережелеріне дейін өзгешеленеді.» [3]Әдетте келісім-шартта франшиза пайдаланғаны үшін аударымдар сомасы реттеледі (ол тіркелген параметрлеріне белгілі бір кезеңдегі құрамдас сату пайызы болуы мүмкін). Талап аударымдарды болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдайда франчайзи франчайзерден белгілі бір тауар саны, жұмыс немесе қызметтер сатып алуға міндеттенеді. Тауар немесе бренд белгісін пайдалану шарттары жеке тармақпен шартталану мүмкін. Бұл талаптар өте қарапайым (мысалы, франчайзи брендті нақты сала бойынша пайдалануға құқығы бар), сондай-ақ қатал (франчайзи дүкендегі жабдықтарды, мысалы сөрелердің көлемі мен түсі, қызметкерлердің киімдері франчайзердің нақты талаптарына сәйкес пайдалануға міндеттеледі) болуы мүмкін. «Филип Котлер франчайзингтің мынадай белгілерін көрсетті:

  • франчайзер өзінің тауар таңбасын пайдалану үшін бөлінген сома алады;
  • франчайзи жүйесінің бөлігі болу үшін бастапқы жарна төлейді;
  • франчайзер франчайзиге бизнестің жүргізу жүйесін ұсынады;» [4]

«Франчайзинг сөзі француз тілінен шыққан, оның « FRANCHISE» сөзін аударғанда жеңілдік, артықшылық, салықтан босату деген мағына береді.  Бұл сөз алғаш рет 1800 жылдары  пайдалана басталған, бұл жылдары франчайзинг «байланысты үйлер» атты жүйе ретінде қалыптасқан. Франчайзинг өз бастауын Еуропа елінде, ортағасырлық Францияда пайда болған. Ол өз қызметін жалғастырып, барлық Еуропа елдері бойынша, және көптеген қала басшылары франчайзиді нарықтық саудагерлерге -белгілі бір нарықтық шекте , қандайда бір тауарға қатысты сауда жүргізуге ерекше құқықты ұсыну. 1840 жылы неміс сыра өндірушілері осындай құқықты кейбір таверналар мен барларға өздерінің сыраларын сатуға және сыра өндірушілердің  белгілерін қолдануға рұқсат берген. 1860 жылы франчайзинг жүйесін «SINGER» дегенг тігін машинасын өндіруші фабрика ары қарай дамытып, өзінің өндірісін көркейткен. Нарықта жоғары бәсекеге ие болу үшін, франчайзингті «GENERAL MOTORS»  компаниясы сауда қатынастарында пайдаланып, қазіргі таңда әлемдегі ең ірі, сапалы өнім өндіруші компаниялардың бірі болып тадылады. 1880 жылдары енген ерекшеліктер мен жеңілдіктер: автомобильбік, құрылыстық, су құбырлары, көгілдір отын, электр қуаттары компанияларында қолданыла бастады.» [5]

«Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы
«Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа
кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда
бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік
артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға
ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және
оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңаинновациялық сипатын құруды айқындады.» [6]

Франчайзинг эволюциясының бұл кезеңінде — өндірушілер таруарды сатып алып, таратуға құқықтарды беруге ынталылығымен ғана сипатталады. Америкада франчайзингтің әйгілі болуы екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуына байланысты миллиондаған американдық азаматтардың экономикалық сахнаға айта оралуымен және сол кездегі «балалар әсеріне»  байланысты он мыңдаған американдық компанилардан франчайзингті қолданып,өздерінің меншікті бизнестерін құра бастауымен тығыз байланысты болды. Тек өздеріне ғана сенімділік білдіретін және де өте ойлы түрде тәуекелдікке бара отырып, қаржылық тәуелсіздікті  иемденгісі келетін адамдар үшін франчайзинг бизнесті табысты бастаудың жаңа нысаны болды.

Қазақстан жұртшылығының жартысынан жуығын ауыл тұрғындары құрайды. Демек, өзінің «мұнайлық имиджіне» қарамастан біздің мемлекетініміз аграрлы ел. БҰҰ-ның Қазақстандағы даму туралы арнайы есебінде мемлекеттің экономикалық дамуы және тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі жекелеген кәсіпорындардың отандық инвестициялары арқасында соңғы жылдары ілгерілеушіліктердің болғандығы, ұлғайғандығы сапаның жаңарғандығы атап көрсетілген.[7]Тағы айта кетсем, Үкіметтің кедендік алымды  көтеруі экономикамыз және ауыл шаруашылығымыз үшін өте маңызды шаралардың бірі болып отыр.

Франчайзинг барынша типтік нысанда ХІХ ғасырда пайда болды. Сол кезде «Байланған үйлер» деп аталған жүйені Англияның сыра қайнатушылары қажетті сату мөлшерін ұстап тұру үшін қолдана бастады. Ұсынып отырған қарыз немесе мүлікті жалға алғаны үшін айырбасқа сыра қайнатушы өз сырасымен спирт сусындарын өткізу рыногы ретінде тұрғын ауасына ие болды. «Байланған үйлер» үйлер жүйесі тиімді коммерциялық тетік болып табылып, осы күнге дейін қолданыста болды. [8]

Сондықтан франчайзингтің басым ерекшелігі ол франчайзер үшін шағын болса да, бірақ өз өнімдерінің кепілді тұрақты сату және айырбастау көлемі болып табылады. Егер табыс тұрақты болса, онда оны болашаққа жоспарлап жаңа бағыттар дамытуға болады.

Сонымен қатар, қарапайым бизнес қатысушылардың бірқатар ауыртпалық шығындық қиындықтары (персоналды оқыту және іріктеу, сапасын бақылау және т.б франчайзерге ауыртпалық түсірмейді. Сонымен қатар, франчайзингтік желіні дамыту арнайы қаржы салымдарын қажет етпейді және онымен қоса бренд үшін тамаша жарнама болып табылады.  Тексерілген бизнес-жүйесін пайдалану Өз франшизасын нарықта ұсынудан бұрын, франчайзер өз бизнес-жүйесін жетілдіріп және барлық бизнес-процестерінің тиімділігін дәлелдеу тиіс. Сонымен қатар франчайзингтік желіні тиімді дамыту үшін франчайзердің флагмандық кәсіпорыны болуы тиіс, соның негізінде бизнес клондау жүргізіледі. Сондықтан франшизаны сатып алу кезінде кәсіпкер тексерілген және қазірдің өзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген бизнес- модельдің иегері болады. Өз ісін ашу мүмкіндігі Франчайзердің белгілі бір дәрежеде франчайзиді бақылауға құқығы бар. Ол негізінен серіктестер қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған- серіктес кәсіпорындардың ықтимал проблемалардың пайда болу сатысында анықтап шешімін іздеу. Осыған қарамастан франчайзи экономикалық және заңдық дербестігін сақтайды.

Франчайзинг- бизнесті ұйымдастыруға көпке танымал және сәтті амалдың бірі. Қазіргі күні еліміз Орталық Азияда франчайзинг секторының дамуы жөнінен көш басшыға айналып отыр. Бұл саладан жқмыс жасап жақсы табысқа жетуге болатынын көз жеткізген кәсіпкерлер франчайзингтік компаниялар қатарын жыл санап арттырып келеді. Сондықтан да франчайзинг ұлттық  бизнестің бөлінбес бір бөлігіне айналып үлгерді.[9]

Яғни, жаңадан ашылған тәуелсіз кәсіпорыннан басты айырмашылығы франчайзер серіктестерін көптеген проблемалар шешіп және тәуекел жағдайында оларға үнемі қолдау көрсетеді.Сондықтан кәсіпкерлер танымал брендтің табысты бизнес-идеясын және қызметін сатып алады. Осылайша, олардың қаражаттарды пайдалану мүддесіне сай болмауы мүмкін.

«2007 жылдан 2011 жылдар арасында франчайзинг айналымы 100% дерлік ұлғайды және қазіргі таңда шамамен бір миллиард долларды құрайды. Бұл Қазақстанның франчайзинг секторы бойынша Орталық Азияда көшбасшы болып табылатынын сенімділікпен айтуға болады. 2002 жылдан бастап франчайзинг туралы арнайы заң шығарылған, ол заң бойынша шамамен 150 франчайзингтік жүйе және 1000-нан астам франчайзингтік ұйымдар жұмыс істейді. Тек қана 2003-2007 жылдар арасында елде франчайзингтік жүйелер 2,5 есе дерлік өсті. Франчайзингтің орташа жылдық айналымы үш еседен аса өсті. Франчайзингтік компаниялардың арқасында жұмыс орындарының саны көбейді және сектор көрінісі түрлендірілді. Республикамыз үшін шағын бизнестің негізін қалау формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады.» [10] «Қазақстанда франчайзингті дамытудың негізгі қиындықтарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Ірі бизнес пен шағын бизнес кәсіпкерліктің арасында
    байланыстың болмауы. Ірі компаниялар франчайзингі жүйесін емес,
    аймақтық дамудың филиалдық түрін артық кіреді.
  • Бизнесті ұйымдастырудың осы схемасының артықшылықтары
    туралы шағын бизнестің хабардарлығының жеткіліксіздігі.
  • Шағын бизнестің айқын еместігі, ал франчайзингтің негізінде
    қаржылық есептілік пен роялтиді есептеу ережелерінің айқындығы жатады.
  • Мемлекеттік жеңілдіктердің, банктік несиелердің және басқа да қаржыландыру көздерінің болмауы»[11]

Осылайша, атақты сусындар өндірушінің өнімі жай қарабайыр импорт түрінде ғана қол жетімді болған жоқ. Компанияны құру барысына жергілікті компания қызметкерлердің қатысуымен ұлттық өнім жасалынды. «1994 жылы Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бірінші 5-жұлдызды «Рахат Палас» қонақ үй пайда болды. Кейіннен бұл қонақ үй «Hayatt Regency» халықаралық франчайзингтік қонақ үйлер желісінің бөлігіне айналды. 90-ыншы жылдардың ортасынан бастап халықаралық өндірушілердің көптеген сәнді киімдерінің дүкендері және бутиктері елдегі франчайзинг жүйе бойынша ашылды. Мысалы, Қазақстандағы 90-ыншы жылдардың екінші жартысындағы «Adidas» фирмалық дүкеннің пайда болуын атап өтуге болады.» [12]

Осылайша Қазақстанда көптеген қонақ үйлер, фирмалар, бутиктер ашылып мемлекетіміз күннен-күнге, жылдан-жылға дамып келе жатыр.

Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесі шет ел экономикасында танымалдылыққа қол жеткізгенмен, біздің мемлекетте қалыптасушылық үрдісінде. Қазақстандағы франчайзингті зерттеуші әрі қолдаушы мекемелер мен ұйымдардың мәліметтеріне сүйенсек 2010жылдың қаңтарына Қазақстандағы франчайзингтің жүйе 350 брендпен саналып, франчайзингтің қызмет атқарушы кәсіпорындар саны 3000бірлікке жақындаған. Франчайзингтің секторда 20000-ға жуық адамдар жұмыспен қамтылып,барлық франчайзхингтік компаниялар айналымы 550 млн АҚШ долларын құраған.[13] Франчайзингтік бизнестің қызмет атқаруындағы негіділікті қамтамасыз етуші терминологиялардың сипаты топтастырылған автор тарапынан зерттеушілік танытылған. Франчайзингтік кәсіпкерлік саладағы жан-жақтылықты танытатын қызметтік ерекшеліктері көрсетілген.

«Қазақстандағы франчайзингтің дамуына бірнеше мамандандырылған және мамандандырылмаған институттар ықпал етті:

  • Ұлттық Зияткерлік Меншік Институты (Казапатент). Тауар белгілерінің айналым секторын реттеу және франчайзингтік келісім шарттарды тіркеу оның негізгі миссиясы болып табылады.
  • Еуразиялық Франчайзинг Қауымдастығы (EAFRAN). Агенттіктің негізгі миссиясы – кәсіпкерлерге франчайзинг және оны лицензиялау мәселелері бойынша тегін кеңестер беру.
  • «Даму» – Шағын Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры. Қордың негізгі миссиясы – франшиза сатып алғысы келетін кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру. Сондай-ақ, Қазақстандағы франчайзингке бірқатар банктер, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар жанама түрде қолдау жасайды.

Франчайзинг туралы заңнама Франчайзинг арнайы 2002 жылғы “Кешенді кәсіпкерлік лицензия/франчайзинг заңы” бойынша реттеледі. Сонымен қатар, франчайзингті 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 45-тарауы реттейді. Тауар белгілерінің мәселелері үшін арнайы тауар таңбалары туралы заң арналған.»[14]

Кәсіпкерлікті ұйымдастырудағы франчайзингтік жүйенің субъектілері тұрғысында франчайзер (компания, шаруашылықтық субъект және т.б) мен франчайзи (жеке кәсіпкер, кәсіпорын т.б) қарастырылса, ал объектісі ретінде осы екеуінің арасындағы өткізіліп, қабылданатын франчиза (айрықша құқықтар кешені бизнес жолы, тауарлар мен қызметтер т.б) қарастырылады.[15]

Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар үлесі басым болып табылады. Бірақ, соңғы кездері франчайзинг жүйесі бойынша белсенді түрде дамып келе жатқан бірқатар отандық компаниялар қалыптасқан.

Сервистік франчайзингтің негізгі бағыты –тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, франчайзи мен франчайзер жүргізетін ортақ саясаттың негізінде тұтынушыға белгілі сауда маркасы кәсіпорнында, белгілі-бір уақыт аралығында қандай мөлшердегі және қандай сападағы қызмет ұсынылатындығы белгілі болады.[16]

 Қазақстандағы франчайзинг нарығының тағы бір ерекшелігін атап кетуге болады. Ол франчайзингтің ел ішіндегі көші-қонының өте сирек кездесуі. Яғни ірі бизнес пен шағын кәсіпкерлік арасындағы байлыныстың жоқтығы. Ірі компаниялар өңірлік дамуды франчайзингтік системадан қөрі филиалдық нысанды артығырақ деп есептейді. Корпоративтік және мемлекеттік франчайзинг әлемде өте кең таралған. Ірі мемлекеттік және жеке компаниялар шағын және орта кәсіпкерлерге франчайзинг жүйесі арқылы бизнес жүргізу технологиясы мен әдісін үйретеді.

Франчайзингтік қатынастардың субъектісіне және объектісіне байланысты жіктеуден франчайзингтік жүйедегі байланыстардың күрделілігі критерийлері шығады. Осыған сәйкес екі негізгі топты бөліп көрсетеміз: қарапайым франчайзингтік жүйелер тобы және күрделі франчайзингтік жүйелер тобы.

Жіктелудің келесі критерийі франчайзингтің атқаратын өндірістік, өткізу, экономикалық, әлеуметтік қызметтерге байланысты. Осы аталған функциялар кәсіпорынның атқаратын негізі шаруашылық сипатына қарамастан кез-келген франчайзингтік жүйенің дәрежесіне сәйкес келеді. Сонымен жіктелудің келесі критерийі қызмет түрі бойынша жіктеудің түрін ұсынамыз.

Қызметтің кез – келген сферасын таңдау турына немесе жанама түрде көптеген факторларға әсер етеді. Бұл факторлардың ішінде франчайзингті жіктеу критерийі ретінде анықталған франчайзингтік компаниялардың даму нысандары, әдістері мен түрлеріде бар.[17]

Франчайзингтің классикалық үлгісі. Франчизаны сатып алушы кәсіпкер франчайзердің қолдауына сүйене отырып жаңа кәсіпорын ашып, өз бизнесін дамытатын франчайзингтік бұл үлгісі, соңғы жылдары франчайзерді барынша аз шығындардың негізінде жедел дамудың қосымша қамтамасыз ету бағытына өзгерді.[18]

Жоғарыда айтып өткендей, франчайзи шағын бизнес субъектісі болып табылады, және экономикалық үрдіске қатыса отырып шағын кәсіпкерлік нарығының басқада субъектілері сияқты белгісіздік және тәуелділік факторларының әсеріне ұшырайды.

 «1994 жылы Қазақстанның сусындар нарығына америкалық «Coca Cola» компаниясы өз өнімдерімен келді. Компания газдалған сусындарды өндіру және өткізумен айналысады. Нарықтың осы сегиентінде  «Coca Cola» компаниясының үлесі 38%. Ал 1995 жылы Алматы қаласында «Алматы Кока Кола Ботлерс» сусындарды құю зауыты ашылды. Компания өз қызметінде өндірістік франчайзингті қолданады, ол негізінен зауыттың өндіріс технологиясы, сусындарды әзірлеу мен құю жүйесі және тасымалдау шарттары сипатында болады. Ал 1996 жылы қазақстандық нарықта франчайзинг жүйесі бойынша даму шешімін алғаш қабылдаған отандық «Сеймар» инвестициялық — өнеркәсіптік компаниясы бұл салада көшбастаушы болды. «Сеймар» компаниясы үшін франчайзинг бизнесті бағалауда маңызды критерий болып табылатын компанияның табыстары мен шығындарын плюс-минус  5 пайыз дәлдігімен жоспарлау мүмкіндігі түрінде тиімді болды. «Алматы Құс» АҚ тиімділігін, рентабельділігін және өткізу көрсеткіштерін жо,арылату мақсатында, компания өзінің «Сеймар» сауда маркасының фашизасын жеке кәсіпкерлерге, жанұялық кәсіпорындарға ұсынды. «Алматы Құс» АҚ құрамындағы франчайзилермен қарым — қатынастарды қатаң қадағалайды. Келісім шарттары жарты жылда бір рет қайта қарастырылады. Франчайзилер жемді тек «Алматы Құс» АҚ құрамындағы Қапшағай комбижем зауытынан ғана сатып алуға міндеттенеді, сонымен қатар олар ай сайын амортизациялық өтемдерге сәйкес теңгемен роялти төлемдерін жүргізеді.» [19]

Алайда, маманданған кадрлар және франчайзинг бойынша толық ақпараттың болмауынан, көптеген фирмаларда бұл іс эксперимент жүзінде ғана қалып қойды.

Алайда бұл желілердің өмірлік цикі ұзаққа бармады, өйткені нарықта айтарлықтай қолдау таппады және сұраныс деңгейі төмен болды.

«Франчайзингтің дамуының екінші кезеңі(2000-2004жж.) — Қазақстанға ірі франчайзингтік фирмалардың келуімен, қазақстандық франчайзингтік қауымдастығының қалыптасуына себеп болған бүкіл елдің кәсіпкерлері мен аймақ басшыларына франчайзингтік семинарларын жүргізу бойынша USAID шараларының жүзеге асырылуымен байланысты.» [20]

 Осы жылдары франчайзинг экономиканың әр түрлі салаларында қалыптасты: қоғамдық тамақтандыру, ақпараттық технологиялар, бөлшек сауда, туризм, мұнай өндіру, денаулық сақтау тауарлары мен қызметтері, биологиялық белсенді қоспалар, емдік косметика және тағы басқада салалар қалыптасты.

Франчайзер жеке түрде ал құқық иесімен шарт бойынша жұмыс жасаушы франчайзи бірнеше болуы мүмкін. Бірыңғай стандарттар бойынша жұмыс жасайтын өткізу желісі құрылады. Осы желі бар бизнесті франчайзингкке ауыстыру жолымен немесе нөлден бастап құрылуы мүмкін. [21]Сонымен франчайзинг жұмыс жасауының принципиалды тетігін келесі суреттен көруге болады.

Схема

Сурет  1. Франчайзингтің жұмыс жасау механизмі

Ескерту: «Манап А.С/Қазақстан Республикасында франчайзингті дамыту.-Алматы баспасы.-2012.-146 бет» алынған.

«1999 жылдың желтоқсан айында «Анкара» қонақүйі өз жұмысын бастады, қазіргі кезде белгілі InterContinental қонақ үй желісінің франчайзилердің бірі болып табылады.

1999 жылы Алматыда лицензия бойынша Баскин Роббинс халықаралық балмұздақ желісінің бірінші нүктесі ашылды.

2002 жылы Қазақстан Республикасының 24 маусым 2002 жылы № 330 «кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)» Заңы пайда болды.

2007 жылы Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице президенті Кисиков Бекнұрдың авторлығымен шыққан Қазақстандық франчайзинг туралы бірінші басылым пайда болды.

2013жылғы Ұлттық “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры қазақстандық франчайзинг үшін арнайы көрме және конференция ұйымдастыруды бастады. [22] Біздің ел қатарлы нарықтық экономикасы дамушы елдерге лайықты, әйгілі тауарлармен меңгеріліп, қолданылған технологиялардың иегерлері – әйгілі фирмалар шегінде өздерінің құқықтары үшін белгілі бір сыйақыға келісушілік танытып, басқа жеке-дара кәсіпорынға осы технологияны және өзінің тауар маркасын сол тауарларды сату мен қызмет көрсету үшін рұқсат беру қатынасының жүйесі кең таралуда. Осы қатынас франчайзингтік қатынасты білдіреді.

Франчайзинг-дайын бизнесті сатушы делдал, яғни өндірістік базасы, кеңсесі құрал-жабдықтары және жылжымайтын мүлкі бар, бизнестің әрі оның жан-жақты құрылымының жоспарына дейін дайын бүтін компанияны саудалаушы. Бырақ еліміздегі франчайзинг даму жағынан,Нидерландыдан  35 жылға қалыс келеді екен.[23]

Франчайзинг батыс нарығы үшін бизнестің көптен бері етене таныс формасы болса, Қазақстан үшін жаңа форма болып табылады. Кәсіпкерліктің бұқаралық топтары қалыптасып, жүздеген адамдары өзінің бизнесімен айналасуға ұмтылыс білдіріп жатқан біздің ел үшін франчайзинг тәжірибесі өте маңызды.

«Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу мүмкіншілігі келесілерде анықталады:

  • Франчайзер үшін, сонымен франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.
  • Салық салыну базасының қықаруы
  • Франчайзер үшін мүмкін кездесетін артықшылықтар:өткізу нарығыныңжылдам кеңеюі, сату көлемінің ұлғаюы мен бизнестің территориалдық түрде таралуы;
  • шұғыл басқару қажеттілігінен босатылуы;
  • меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;
  • лицензиядан сатудан табыс;
  • франчайзи төлемінің есебіне қосымша табыстар иемдену;
  • меншікті сауды желісі арқылы өткізу бойынша шығындардың қысқаруы;
  • жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз бизнесмендер сәттілікке күштірек ынталандырылған;[24]

Франчайзинг, біздің ойымызша, Қазақстанның нарығына өте оңды болып табылады, тауар мен қызметтерді үлестірудің және маркетингтің бірегей жүйесі болып табылады. Франчайзинг франчайзермен франчайзи арасындағы әріптестік қарым-қатынасты бекітуден басталады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру қолға алынған 6жыл барысында бағдарламаға қатысушылар 1.6млрд АҚШ долларының, яғни 534 млрд теңгенің салығын төледі, 17.4 млрд АҚШ долларына, 5.8трлн теңгеге тең өнім шығарылды. Сонымен қатар 300мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, бұрынғылары сақталды.

Табанды еңбек пен ұмтылыстың арқасында соңғы жылдары Қазақстан аумағынан тыс та таныла бастадық. Бизнесті Павлодарда бастадықта, франчиза мәселесінде быраз ойланып барып, оқу арқылы өрісімізді кеңейту жайлы шешім қабылдадық. Міне енді сатылып көрігін қыздыра түсеміз деген үміттеміз.[25]

Осылай республикада әр түрлі меншіктегі фирмалардың арасында франчайзингті кең дамыту негізі пайда болды

Сонымен Қазақстан Республикасында франчайзерле өз атымен, бөгде маркалы тауарды және қызметті пайдалана отырып дами алады. Бұл елдегі кәсіпкерліктің дамуынаоң әсерін тигізері сөзсіз.

Франчайзинг бизнесмен үшін кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірибені иемденбей, кішігірім алғашқы капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өрісалады.

Бірақ та бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингте өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері орын алған.

Қорытынды

Қорыта келгенде, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындамен аз уaқыт аралығында  мүмкіндік береді. Сол себепті, франчайзингің Қазақстанда қарқынды дамуы үшін келесі шарттарды орындау қажет:

  1. Қазақстандағы Франчайзинг ассоциациясының қызметін кеңейту. Қазіргі таңада ҚФА қызметі тек Алматы қаласымен шектеліп қалған сияқты, өйткені ҚФА-ның ай сайынғы көрмелері, консультация кеңестері, яғни, франчайзингті дамыту шаралары тек, Алматы мен Астанада болған екен. Осы жерде Қазақстандағы басты қалаларында кеңселері болса, франчайзингті дамыту щаралары көптеген қалаларда жүргізілсе, шағын және орта бизнестің қарқынды дамуына өз үлесін тигізер еді. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекет тарапынан, нақтырақ айтсам, Экономика және жоспарлау министрлігі үлкен қолдау көрсетіп; экономикалық жетістікке жетуде франчайзинг тиімді құрал бола алар еді.
  2. Франчайзинг жүйесі арқылы кәсіпкерлікпен айналысамын деген адамдарға, кәсіпкерлер иелеріне кредиттік жеңілдіктер беретін бағдармалар жасау. Қазір кезде кәсіпкерлер үшін банктен кредит алу ең үлкен қажеттілік болып табылады.Ал, отандық банктерден кредит алу кәіпкелерге үлкен тәуекелдікті талап етеді. Бұл кәсіпкерлер үшін қиындық тудырады.Сол себепті, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, франчайзинг жүйесі арқылы кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға «кредиттік жеңілдіктер» атты бағдармалар жүргізілсе, Қазақсатндағы франчайзингтің дамуына үлкен септігін тигізер еді.

3.Қазақстан мемлекеті ТМД мемлекеттері ішінен бірінші болып, 2002 жылы «Комплекстік кәсіпкерлік лицензия туралы» заң қабылдаған болатын. Шетелдік мамандардың пікірінше, Қазақстандағы заң жүйесі франчайзингтің дамуына ықпал жасайтынына сенімді. Бірақ, қазіргі таңда мемлекет тарапынан күткен үміттері ақталмай отыр. Әрине, франчайзинг дамуда, бірақ жоғарғы қарқында дамып жатыр деу қиын. Сол себепті, бұл жағдайға менің ұсынысым мынадай:

«Комплекстік кәсіпкерлік лицензия туралы» заңға толықтырулар енгізу. Себебі, кәсіпкелердің айтуынша, заңда еркін франчайзинг жуйесімен жұмыс істеу мүмкіндіктері толық қамтылмаған деуге болады.Сондықтан минмстрлік тарапы заңды қайта қарап, қазіргі нарықтық экономиканың барлық шарттарын орындайтындай, еркін кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін жағдай жасауы тиіс деп ойлаймын.

Осындай маңызды шаралар франчайзингтік жүйемен дамитын кәсіпкерлер санын көбейтетініне сенімдімін. Себебі, әрбір адам немесе кәсіпорын иесі жаңа кәсіпкерлік ашқысы келсе немесе кәсіпкерлігін ұлғайтқысы келсе, мұндай жағдайда франчайзингтік жүйені пайдалану өте тиімді. Франчайзингтің Қазақстандағы болашағы – үлкен жетістіктерге жетелейді.

Франчайзинг 20 ғасыр бизнесінде «төңкеріс» тудырып, жалпы қалыптасқан іскерлік қарым-қатынас нормларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық енгізілімдер  франчайзинг сияқты бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде, дамыған алдыңғы қатарлы елдерге елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан да, франчайзинг 21 ғасырдың ұтымды, оңтайлы іскерлік үлгісі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Даурунов И., Курбанова Г., Шишкина А. Малый бизнес Казахстана:состояние и проблемы развития / Результаты мониторингового обследования 2007 г. Алматы: РГП «Институт экономических исследований», 2007. -268 б.
  2. Ишина Л.Н., Пономаренко Г.В Франчайзинг как способ ведения бизнеса в России.-М.: ЗАО «Издательство «Экономика» 2005.-223 с.
  3. СейдахметовА.С. Предпринимательство: учеб.пособие / А.С. Сейдахметов, К.Ж.Елшибекова — Алматы: Экономика, 2010.- 304 с.
  4. ЛапницкаяЛ.ЧемодановаЕ.Франчайзинговая модель организации бизнеса// Маркетинг. М., 2008. № 3. -105-114 бб.
  5. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент. — СПб.: Питер, 2004. — С. 575. — ISBN 5-94723-311-8б.
  6. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаға онжылдық-Жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»Жолдауы;
  7. Франчайзинг ауылдың қолдаудың әмбебап үлгісі/ А.Саттар// Алматы ақшамы.-2013.18ақпан (№ 20).-2 бет.
  8. Франчайзинг- қызмет көрсету саласы кәсіпорындары интеграциясының жаңа түрі ретінде/Манап А.С /Статистика, учет и аудит 2012.-.№1.-145-148 бет
  9. Франчайзинг ұлттық бизнестің бір бөлігіне айналды/ Жұмабайқызы Г.// Айқын.-2012.-28 шілде (№139).-4 бет
  10. 10.Рыкова И.В Франчайзинг:  новые технологии, метадология, договоры-М.: Современная Экономика и право 2010г 95-96сс.
  11. Манап А.С/Қазақстан Республикасында франчайзингті дамыту.-Алматы баспасы.-2012.-108 бет
  12. Кисиков Б. Франчайзинг в Казакстане –Алматы : Образовательный фонд «игілік», 2011.-292 с
  13. Дусембаев А.А /Франчайзингтік бизнес: қалыптасу үрдісі және ерекшеліктері.-Қарағанды университетінің хабаршысы.Экономика сериясы  -№4.-101-107 бет
  14. Франчайзингтік терминология http://triarh.kz/franchajzing/terminologiya-franchajzinga/ -27.01.2014.
  15. Байгозина Ж.Б /Франчайзингтік бизнестің қалыптасуының теориялық негіздері.- Шығыстың аймақты хабаршысы.-2015.-№2.-252-259 бб
  16. Уокер Дж. Введение в гостепримство.- М.Юнити 1999.-106 бет
  17. Сирополис Н.К. Управление малым бизнесом. — 140с
  18. Руббе В.А Крупный и мелкий бизнес: связи и противоречия // Известия Академия наук. Сер.экономическая.-1985.-№2.-116с
  19. Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы №124-3 «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы 11-13бб.
  20. «Даму» Кәсіпкерлікті даму қоры» https://www.damu.kz/kz
  21. Манап А.С / Франчайзингтің жіктелуі / ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы  -№5.-105-108 бет
  22. Бағдарлама «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жанындағы Ұлттық Франчайзингті дамыту орталығы» 2009ж 16-18бб.
  23. Франчайзинг- отандық кәсіпкерлікті дамытудың бір бағыты/ К.Сатиева// Алаш айнасы.-2013.-11 желтоқсан (№216).-4 бет
  24. Қазақстан туризмі. 2008-2012 //Статистикалық жинақ.-Астана: Стат.,2013.-133 б.
  25. Франчайзинг-табысты бизнес кілті/ Алдаберген Кемпірбаев//Айқын.-2016.-12 қараша (170).-7б.

Құрастырғандар: Есімхан А., Абдувахап А.

Яндекс.Метрика