ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҒАЛАМДАНУ ҮРДІСТЕРІ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ

 Жаһандану дегеніміз — бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол — біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады.      Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита.

 «Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі.
Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды.» [1]
 Жаһандану (глоболизация) — дүние жүзіндегі барлық елдерде экономика, өмір салты (киім, өнер, тамақтану, т.б.), мәдениет пен ақпарат құралдарының ортақ бола бастауы. Мысалы, біз европаша киінеміз, корейдің фунчозасынсыз той өткізбейміз, жапонның сушиын жейміз, батыс әндерін тыңдап, киноларын көреміз, Махаббат күнін тойлаймыз, Фейсбукқа тіркелеміз және сол сияқты. Бұлар барлық елдерге ортақ үрдіс бола бастады.
 Жаһандану мысалдарына айта кететін болсақ, жаһандану үрдісінің ішкі қайшылықтарын көрсететін әр-түрлі нүсқасы. Жаһандану процестеріне нақтылы балама жолдар ұсынбай-ақ олар жаһанданудың ішкі өзгермелілігін көрсетеді. Ол ең алдымен жаһандану жүзеге асырылатын үлгілерге қатысты — либералдық (кейде «неолибералдық» ұғымы қолданылады) немесе әлеуметтік бағытталған, яғни, «солшыл» (саяси мағынада) үлгі. Жаһандану баламалары, әсіресе, ақпараттық салада аса шиеленіскен: жаһандану жасаған ақпараттың бүкіл халыққа кеңінен ашықтығы (осыған орай, демократия кеңістігінің кеңеюі), әр-түрлі саяси күштер тарапынан ақпаратпен алдап- арбау қаупінің артуы және демократиялық институттардың кірпияздығын, оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру нәтижесі. Жаһандану барысында жаңа билік ықпалы полюсін және мемлекеттік билік институттарын құрайтын трансұлттық корпорациялар қарама- қарсылығы қоғам өміріндегі өз орнын жаңаша анықтау қажеттігін туғызады. Жаһандану баламалары жаһандануды басқаруда мемлекет немесе трансұлттық корпорациялар үстемдік етуші күшті таңдауды білдіреді. Жаһандану баламаларының болуы ғаламданушы әлем жағдайында адам үшін оның жағымсыз салдарын азайтып, одан барынша пайда көруге, жаһандану процестеріне өздігінше ықпал етуге мүмкіндік береді.[2]
 Өркениетаралық диалог баламаларының бiрi ретiндегi еуразиялық идеяны практика жүзiнде iске асыру аймақтық экономикалық институттар мен аймақтық қауiпсiздiк құрылымдарын ЕурАЗЭҚ, ШЫҰ, АӨСШК аясында кезек бойынша жасау арқылы жүредi. Саяси, әлеуметтiк-экономикалық және мәдени байланыстардың көптеген бағыттары бойынша түрлi халықаралық ұйымдардың, интеграциялық құрылымдарды дамыту бағдарламаларының тұтас қатары жұмыс iстейдi. Бұл қазiр-ақ өзiнiң нәтижелерiн бере бастады. Гуманитарлық салада осы өңiрдегi халықтар мәдениеттер диалогынан баяғыда-ақ мәдени ынтымақтастыққа ауысты, соның iшiнде, мәселен, Гуманитарлық ынтымақтастық Қоры, ТМД елдерiнiң мәдени ынтымақтастық Кеңесi, шығармашылық және ғылыми интеллигенция Форумы, кiтапханаралық ынтымақтастық Ассамблеясы сияқты түрлi үйлестiрушi құрылымдардың қызметi арқылы да. Айталық, мәдени ынтымақтастық жөнiндегi мемлекетаралық Кеңес гуманитарлық байланыстардың басымдықтарын жасайды, ал оның жобалық жұмысы интеллигенцияның қоғамдық форумдары ұсыныстарының негiзiне құралады. Гуманитарлық ынтымақтастық Қоры мәдениет, ғылым, спорт, жастар байланысы саласындағы жобаларға қолдау көрсетедi. Ұлттық әдебиеттерге, кiтап шығаруға, өзара аудармалар жасау мен кiтапхана iсiне қолдау көрсететiн жобалар шешушi бағыттардың бiрiне айналады. Сонымен, тұрақтылық пен экономикалық өсiп-өркендеуге мүдделi түрлi мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың белсендi үлгiсiн жасау арқылы бiздiң өңiрiмiздегi елдердiң жаһандану үдерiстерiне бейiмделуiн әбден нақты тұрғыда жұмсартуға болады. Бұл әсiресе, осы елдердiң бәрi бiрдей ұлттық-мемлекеттiк идеяны қалыптастырып үлгiрмеуi себептi де аса маңызды. Қазiргi кезеңде еуразиялық кеңiстiктегi халықтар үшiн ұлттың қайта өркендеуге ұмтылуы өзектi мәселе, бұл олардың мәдени сәйкестiктi ұғынуынан айқын көрiнiс табады. Осы мәселе жаһандық мәдени ағындардың алдында айрықша осал етедi, солардың жаппай таралуы қазiргi заманғы ақпараттық коммуникациялар арқылы жеңiлдетiледi. Сондықтан жаһандану мен мәдени байланыстың (қарым-қатынастың) этникалық, ұлттық, дiни және лингвистикалық (тiлдiк) өзiндiк ерекшелiктердiң сақталуына сеп болған жөн. Еуразия елдерiнiң өңiрiндегi мәдени саналуандықты сақтауға ұмтылулары қажет, бiрақ сонымен қатар өздiгiнен оқшаулану әрекеттерiнiң әрқашан мәдени тоқыраумен аяқталғанын ұмытпау керек.
 ЖаҺандану артықшылықтары мен кемшіліктеріне келетін болсақ, дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-қатерлер. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік — экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш — жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің «ойын ережелеріне» бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуығылымтехника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді.
Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе — қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет — оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте — қоғамдық және саяси — бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз — бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру құралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфрақұрылымдық іргетасына негізделген.
Жаһандану келесі артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Оң жағы:
— жылдам технологиялық өсуі;
— өнімдерінің саны мен сапасын арттыру; жаңа жұмыс орны; Ақпаратқа еркін қол жеткізу жақсартуға және жақсартылған өмір сүру; әр түрлі мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті. Жаһандану оң мәні бағалау мүмкін емес: шексіз көбейтеміз мүмкіндіктер адамзат толығымен ескере үйлестіру үшін жағдай өз өмірінің барлық аспектілерін қабылдайды. Экономика, саясат, мәдениет және өмірдің басқа да салаларында Жаһандану адамзаттың әмбебап міндеттерді шешу үшін елеулі негіз төндіреді.
Жаһанданудың жағымсыз аспектілерді:
— көптеген елдердің экономикасының тұрақсыздығы;
— екі ел арасындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына алшақтықты; қоғамның стратификациясы; ТҰК өсіп келе жатқан ықпалын; көші-қон өсті ауқымын; жаһандық проблемаларды асқынуы; сәйкестілік жоғалуын бұқаралық мәдениет енгізуді.
Жалпы, үкіметаралық құрылымдар жүйесі экономиканың жаһандану burnoprotekayuschey туындап қажеттіліктері артында пайда болды. Ол тиімді оның оң нәтижелерін пайдалану және оның теріс әлеуметтік және экономикалық салдары төтеп мүмкін емес болып табылады. Бірінші кезекте, демографиялық процестер мен қоршаған ортаны қорғау, экологиялық және техногендік апаттар және олардың зардаптарын алдын алу оңтайландыру бойынша әлемнің елдер мен аймақтар арасында өмір сүру алшақтық, азайту үшін, кедейшілікпен күресуге тиімді тетіктерін құру қажет. [3]
Жаһанданудың артықшылықтары: жаңа жұмыс орындары мен Бангалор сияқты қалалардың дамуы.
Жаһанданудың кемшіліктері: шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында арзан әрі әділетсіз еңбек шарттарының, яғни жұмыскерлері өте ауыр жағдайда жұмыс істейтін мекемелердің көбеюі.
Біздің  ойымзша, жаһандану  үрдісінің  оң   жетістіктерін негізінен  экономика  саласынан байқауға  болады   және   ақпарат алмасу  мен қауіпсіздік         жөніндегі      ұжымдық      шаралар      қабылдау    саласында  да  етістіктер    баршылық.  Конгрестегі  жалпыхалықтық талқылаудың     мазмұны сол,      жаһан діндері мен  діни ағымдардың барлығының  қызметі,   қалай  болғанда да жаһандану  үдерісінің  бір бөлшегі  болып табылады.    Сондықтан да   олардың миссиясы  —   бейбітшілік  жолында  бірлесіп  әрекет ету  және жаһандану  дәуірінде   адамдар үшін   рухани   құндылықтардың маңызын  адамзаттың есіне салып отыру.   Осы  тұрғыдан  алғанда,    аталмыш миссияның  күрделілігіне  қарамастан,  Қазақстан    ол  міндетті  тамаша атқарып  отыр   деп санаймын.   Қазақстан    мәдениет   диалог  пен  ынтымақтастықты  дамытуға белсенді  қолдау көрсете  отырып,  барлық  діндердің  өкілдерінің басып   қосу  үшін     қолынан  келгенді жасауда.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. http://szh.kz/264820/жаһандану-деген-сөзді-қарапайым-түрде-қалай-түсінуге-болады
  2. http://kk.wikipedia.org/wiki/Жаһандану
  3. http://kk.wikipedia.org/wiki/Жаһандану

Құрастырғандар: Пірмахан Ә., Аубакирова А.

Яндекс.Метрика