ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЫСАНДАРЫ
Мазмұны
- Натуралды және товарлы шаруашылық.Тауарлы шаруашылықтың тарихи қалыптасуы.
- Тауар және еңбек, тауар туралы еңбек құнының теориясын бағалау.
- Субъективтік құндылық және шекті пайдалылық.
- Ақшаның пайда болуы мен мәні.Ақшаның қызметтері.Қазіргі ақшалар.
- Натуралды және товарлы шаруашылық.Тауарлы шаруашылықтың тарихи қалыптасуы.
“Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші типі- натуралды шаруашылық. Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, рынокқа жеткізуге ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол универсалды қол еңбегіне негізделу анағұрлым таза түрінде қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым дағдымен сипатталады. Өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндіріледі.
Үш басты сұрақ: нені? қалай? және кім үшін өндіреміз? дейтін мәселелерді өз шаруалылықтарының сұранымымен ескере отырып, шаруашылық иелері (өздері әрі жұмыскерлер) шешті. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан әдет-ғұрып пен көсемнің еркі үлкен роль атқарды.
Басым форма ретінде натуралды шаруашылық оған тарихтың өлшеп берген жолын әлдеқашан жүріп өтті. Алайда, «өндірдік-тұтындық» принципі бойынша байланыс айырбассыз және қоғамдық микро-макро деңгейлерінен де көрінеді. Микродеңгейдегі натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсететін бау-бақша жерлеріндегі жұмыс мысал бола алады. Ал, макродеңгейде бір ғана елдің шегінде , өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған автархия саясатын келтіруге болады. Мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық дамуының артта қалуына әкеледі, шаруашылықты тәуелсіздікке жеткізбейтіндіктен реакциялық болып табылады.” [1]
“Натуралды шаруашылық — қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы, оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни, натуралды дегеніміз — адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілері мыналар:
- өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым,
- өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші типі – натуралды шаруашылық.
Натуралды деп адамдардың өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізуге ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Натуралды шатуашылық қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық қоғамда орын алды. Өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталады; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс).
Үш басты сұрақ – нені? қалай? және кім үшін өндіреміз? дейтін мәселелерді өз шаруашылықтарының (патриалхалды отбасы) сұранысын ескере отырып, шаруашылық иелері шешті. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан әдет-ғұрып пен көсемнің еркі үлкен рөл атқарды.
Басым нысан ретінде натуралды шаруашалық оған тарихтың өлшеп берген жолын әлдеқашан жүріп өтті. Алайда «өндірдік-тұтындық» принципі бойынша байланыс аса тұрақтылығын көрсетті, оның элементтерін қазіргі заманғы қоғамның микро, макро деңгейлерінен де көреміз. Микро деңгейдегі натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсететін бау-бақша жерлеріндегі жұмыс мысал бола алады. Ал макро деңгейде бір ғана елдің шегінде, өзін өзі қамтамасыз етуге бағытталған автархия саясатын келтіруге болады. Мұндай саясат елдің әлемдік нарықтан оқшаулануына, экономикалық дамуының артта қалуына әкеледі.
Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі.
Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылықты айтамыз.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты – нақты бір өнім шығаруға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихи 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы айырбастың болуына жағдай жасады. Екіншісінде – қолөнер егіншіліктен бөлініп шықты да,нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Осы кезеңде нарықтық байланыстар ұдайы қалыптасты.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жекеменшік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен оқшауланды.
Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.
Нарықтың мынадай үлгілері белгілі: дамымаған, еркін, реттелетін, деформацияланған. Әр нарық үлгісіне тауарлы өндірістің ерекше моделі сәйкес келеді:
- Дамымаған нарықтың тауарлы өндірісі.
- Еркін нарықтың тауарлы өндірісі.
- Реттелген нарықтың тауарлы өндірісі.
- Деформацияланған нарықтың тауарлы өндірісі.
- Дамымаған нарықтың тауарлы өндірісі (жай тауар өндірісі) – қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншік болуына, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негіделген. Жай тауарлы өндіріс кезінде шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан, жалпыға ортақ емес.
- Еркін нарықтың тауарлы өндірісі (нарықтық экономика). Түбегейлі жаңа белгіге ие болды, ол жалпы ортақ сипат алды, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:
а) адамның жұмыс күші тауарға айналды және өндірушінің өз еңбегінің орнына жалдамалы еңбек келді;
б) Қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды.
- Реттелген нарықтың тауарлы өндірісі – экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болмауымен сипатталады.
Реттелген нарықтың тауарлы шаруашылықтың бірнеше модельдері бар:
а) Әлеметтік нарықтық шаруашылық
- Деформацияланған нарықтың тауарлы өндірісі – әміршіл-әкімшіл экономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісінен дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білідіреді.
Бұл экономиканың екі ммоделі бар: жоспарлы дерективалық және нормативті.
Нарықтық экономика моделін таңдау бұл ұлттық экономикаға мемлекеттің ықпал етуінің әдістер жүйесін таңдау[2]
“Нарықтық экономиканың негізі тауарлы шаруашылық екені даусыз.
Алайда тауарлы шаруашылық нарықтық шаруашылықтан бұрын пайда болды және оның орнығуына дейін бірнеше жүзжылдықтар бойы әрекет етіп келді.
Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі. Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс рыноктың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты- нақты бір өнім шығаруға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.
Қоғамдық еңбек бөлінісі тарихи 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы айырбастың болуына жағдай жасады. Екіншісінде – қолөнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Осы кезеңде рыноктық байланыстар ұдайы қалыптасты.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір-бірінен оқшаулануы. Ал жеке меншік арқылы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көрсетті.
Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты.
Рыноктың мынадай үлгілері белгілі: дамымаған, еркін, реттелетін, деформацияланған. Әр рынок үлгісіне тауарлы өндірістің ерекше моделі сәйкес келеді:
- дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;
- еркін рыноктың тауарлы өндірісі;
- реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;
- деформацияланған рыноктың тауарлы өндірісі;
- Дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі(жай товар өндірісі) қоғамдық еңбек бөлінісіне,өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуына, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезінде шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғана рынокқа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.
- Еркін рыноктың тауарлы өндірісі( рыноктық экономика) түбегейлі жаңа белгіге ие болды, ол жалпы ортақ сипат алды, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:
а) адамның жұмыс күші тауарға айналды және өндірушінің өз еңбегінің орнына жалдамалы еңбек келді;
б) қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рынок арқылы сатуға арналды.
Бұл кезеңдері тауарлы өндіріс еркін бәсекенің болуымен сипатталатындықтан, оны әлі күнге дейін еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе «еркін экономика» деп атайды.” [3]
“Натуралды шаруашылық дегеніміз патриархалды отбасы немесе қауымдық шаруашылық көлемімен шектелген, басқа шаруашылықтармен экономикалық байланыстары жоқ тұйық шаруашылық. Натуралды шаруашылықтың мүшелерінің барлық қажеттіліктері тек сол шаруашылықта өндірілген өнімдер арқылы қанағаттандырылды. Өндіріс қолмен қимылға келтірілетін қарапайым еңбек құралдары арқылы жүргізіледі. Шаруашылыктың экономикалық негізі қауымдық меншік болды. Шаруашылық процестері көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге сәйкес тікелей реттеліп отырды.
Натуралды шаруашьшық өте ұзақ уақыт мерзімді қамтыды. Ол алғашқы қауымдық қоғамнан бастап құл иеленуші және феодалдық қоғамдарда шаруашылықтың басым түрі болды. Натуралды шаруашылықтың қалдықтары қазіргі заманда да әлемнің кейбір елдерінде (әсіресе, Азия, Африка елдерінің кейбіреулері мен Тұнық мұхитының аралдық елдерінде) кездестіруге болады.
Натуралды шаруашылықтың ыдырауына, тауарлы өндірістің пайда болуына не себеп болғаны туралы айтпас бұрын, тауарлы шаруашылықтың мәнін түсініп алған дұрыс.
Тауарлы шаруашылық дегеніміз шаруашылық субъекттерінің әрекеттері рынок арқылы байланыстырылатын, өнімнің қоғамдық сипаты тікелей емес,жанама жолмен (рынок арқылы) анықталынатын, өндірісшілердің экономикалық оқшаулылығы мен зквиваленттік қатынастарына негізделген шаруашылық түрі.”[4]
“Тауарлы өндірісте өнімді жеке экономикалық, оқшауланған өндірісшілер өздері тұтыну үшін емес, басқалар тұтыну үшін, рынокта сату үшін өндіреді. Демек, мұндай өндірісте шаруашылық субъектерінің қатынастары негізінде ақшалы-тауарлы қатынас түрінде көрініс табады, өндіріс пен тұтыну нарық арқылы байланыстырылады. Өнім тауар ретінде белгісіз біреулерге және белгісіз нарыққа өндіріледі.
Белгілі Мажариялық (Венгрия) экономист, тоталитарлы-социалистік мемлекет «солшыл ревизионист» деп қудалаған Янош Корнап тауарлы шаруашылықтың негізгі белгілерін төмендегідей қысқаша таныстырған:
1.Тауар өндірушілердің нарыққа тосқауылсыз кіру және одан кез келген уақытта шыға алу мүмкіншілігі;
2.Нарықта бәсекенің әділ жүргізілуі және оны көпшілік болып қолдау;
3.Жеке меншіктің еркін қалынасуы және қорғалуы;
4.Рыноктық жүйенің негізгі белгілері және қозғаушы күштері ретінде жеке инициатива мен кәсіпкерлік.
Тауарлы шаруашылық натуралды шаруашылыққа қарағанда экономикалық прогресті керемет жылдамдатты, өйткені ол шаруашылық субъектерін еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістерін үнемі жаңалап отыруға объективті ынталандырады. Сондықтан тауарлы шаруашылық алғашқы қауымдық қоғамның соңғы кезеңі мен құл иеленуші дәуірден бастап бүгінге дейін дамытылып жатыр.” [5]
“Оқу-әдістемелік әдебиеттерде тауарлы өндірістің өмірге келу себептері мен шарттары деп қоғамдық еңбек бөлісуі мен өндірісшілердің экономикалық оқшаулылығы атап көрсетіледі. Бұл жерде себептері мен шарттарын (қажетті жағдайларын) шатастырмау керек. Ондай шатастыру үлкен методологиялық қателік болып табылады.
Қоғамдық еңбек бөлісуі тауарлы өндірістің, ақшалы-тауарлы қатынастардың қалыптасуының шарты. Ол өздігінен тауарлы өндірісті өмірге алып келе алмайды. Сондықтан қоғамдық еңбек бөлісуі тауарлы өндірістің пайда болуының негізгі себебі емес. Бірақ ол тауарлы өндірістің қалыптасуына қажетті жағдайларды жасап береді. Еңбек бөлісуі болмаса айырбас қатынастары орын алмайды, демек тауарлы өндіріс мүмкін болмайды.
Еңбек бөлісуі барысында адамдар белгілі бір өндірістермен шүғылданып, өнімнің белгілі бір түрін өндірумен мамандандырылады. Айырбас кезінде тұтыну қасиеттері әртүрлі өнімдер өзара айырбасталады. Ешкім бір түрлі затты дәл сондай тұтыну қасиеті бар затқа айырбастамайды, өйткені ешқандай қисын жоқ. Ондай әрекеттен нәтиже де шықпайды, пайда да таппайды. Демек,айырбас орын алуы үшін нарыққа өндірісшілер тұтыну қасиеттері мүлдем өзгеше әртүрлі тауарлармен келуі тиісті.
Егер, кейбір оку құралдарының авторлары сияқты, еңбек бөлісуін тауарлы шаруашылықта өмірге алып келетін себеп деп есептесек, онда бірден келесі көлденең сұрақтарға тап боламыз:
1.Неге алғашқы қауымдық қоғамда тауарлы өндіріс пен ақшалы-тауарлы қатынастар болмаған?Ол қоғамда еңбек бөлісуі болған еді ғой?
2.Неліктен экономикалық ғылым ақшалы-тауарлы қатынастарды тарихи өтпелі категория деп есептейді?
3.Егер болашақ қоғамдар ақшалы-тауарлы қатынассыз қоғамдар түрінде қалыптасатын болса, қоғамдык еңбек бөлісуі жойылып, адамдардың барлығы еңбектің бір ғана түрімен шұғылданады ма?
Қоғамдық еңбек бөлісуі — жалпылама және мәңгі экономикалық заң. Ешқашан еңбек бөлісуі жоқ қоғам болған емес және болмайды. Кез келген қоғамда қандай түрде болмасын, адамдардың арасында еңбек бөлісуі объективті орнайды. Тіпті көне замандарда, яғни адамдар жартылай жабайы өмір кешкенде де қарапайым түрде табиғи еңбек бөлісуі орнаған болатын (жас мөлшеріне және жынысына қарай). Кейінірек қоғамдық еңбек бөлісуі орнап (мал шаруашылығы мен егіншілік шаруашылықтарының бөлініп шығуына байланысты), ол уақыт өткен сайын тереңдеп отырды. Қазіргі таңда еңбек бөлісуінің тереңдегені соншалық, өндірісшілер көп жагдайда өнімді басынан аяғына дейін өндірмейді, тек қүрамдас бөлігін ғана дайын тауар етіп өндіріп, сатады. Сонымен катар еңбек бөлісуі өндіріс сферасынан асып түсіп, қызмет көрсету салаларын, ақыл-ой еңбегін де қамтып отыр.
Еңбек бөлісуінің объективті орнауының себебі ол адамдардың экономикалық күш-қуатын арттырады, уақыттарын үнемдеуге мүмкіндік алып береді. Еңбек бөлісуі кезінде адамдардың мамандандырылуымен қатар еңбек кұралдары да мамандандырылып, жетілдіріледі. Егер алғашқы қауымдық қоғамда қарапайым еңбек құралдары қауымдық шаруашылықтың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай деңгейдегі еңбек өніміділігін қамтамасыз ете алмағандықтан адамдар кауымдасып, бірлесіп еңбек етуге мәжбүр болса, кейінірек еңбек құралдарының жетілдірілуі жеке шаруашылықтардың бөлініп шығуына жол ашып берді. Өйткені, біріншіден, жетілген еңбек кұралдары қауымның қажеттіліктерінен артық өнім өндіру мүмкіншілігін берді. Екіншіден жеке отбасылар шаруашылықтары қауымнан тысқары және оған тәуелсіз өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Қауымда артық өндірілген өнімдерді олардың басшылары (патриархтар мен күштілер) иемденіп отырды. Сөйтіп біртіндеп жекеменшік қалыптаса бастады.
Меншіктік қатынастар мен нарықтық қатынастардың даму дәрежесіне байланысты тауарлы өндірістің екі түрі ажыратылады: қарапайым және капиталистік (дамыған).
Карапайым тауарлы өндіріс ертеректе қол өнершілер мен шаруалардың шаруашылығы түрінде қалыптасып, олардың өзінің және отбасы мүшелерінің еңбегімен жүргізілді. Қарапайым еңбек бөлісуі мен карапайым еңбек кұралдары колданылғандықтан еңбек өнімділігі төмен болды. Бірақ, ол натурапды шаруашылыққа қарағанда прогрессивті болды, өйткені жеке меншік өндірісшілердің негізгі мүдделерін қозғалысқа келтірді. Жеке меншік жағдайында оқшауланған шаруашылықтардың иелері егеменді шешім қабылдау мүмкінділігін алды. Жеке меншік тауар өндірушілердің жоғары белсенді қызмет атқаруының негізі болып табылады.
Капиталистік жүйе орнауына байланысты тауарлы өндіріс дамыған түрге өтіп өндірістер негізінде жалдамалы еңбек арқылы жүргізілетін болды. Капиталдың қорлануы арқылы шағын өндірістер бертін келе ірі және алып өндірістерге айналды. Ақшалы-тауарлы қатынастар жалпылама сипат алып, Қоғамдық- экономикалық өмірдің көптеген сфераларында тарады. Ақшалы- тауарлы қатынастардың кең жайылғаны соншалық, адамның жұмыс істей алу қабілеті мен (жұмысшы күші), ақыл ой еңбегі де тауарға айналды[6]
- Тауар және еңбек, тауар туралы еңбек құнының теориясын бағалау.
“Тауар ерекше экономикалық игілік ретінде кез келген экономикалық жүйенің жасаушысы болып табылады.Адам еңбегінің нәтижесіболып табылатын өнім тауарға айнала алады.Себебі ол өзінің ғана емес, басқа адамның тұтынуына арналады, айырбасқа және сату-сатып алуға бағытталады.
Тауар-бұл сатуға арналған және айырбас үшін өндірілген адам іс-әрекетінің нәтижесі.Тауардың 2 қасиеті бар:
1.Тұтыну құны,тауар осы қасиеті арқылы сатып алушылардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыра алу қабілетіне ие бола алады.
- Айырбас құны, яғни тауардың зат бола отырып басқа бір затқа айырбастала алуы.
Тауардың осындай екі қасиетінің болуы оның табиғатының екі жақтылығын көрсетеді.Ол сол тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығынан туындайды. Демек, кез келген тауар өндірушінің еңбегі екі жақты сипатқа ие болады: бірінші жағынан, бұл белгілі бір тұтыну құнын жасайтын пайдалы еңбек, ал екінші жағынан, бұл адамның жұмыс күші шығындары, оның нақты түріне тәуелсіз жалпы еңбегі.”[7]
“Тұтыну құнын жасайтын еңбек нақты еңбек деп аталады. Мәселен, ағаш ұстасының нақты еңбегінің нәтижесі-үстел, тігіншінікі –көйлек және т.б болып табылады.Бірақ ағаш ұстасы да,тігінші де нақты еңбек түріне тәуелсіз қаншама энергия жұмсай отырып,ақыл-ой және дене еңбегін шығындайды. Адамның осындай шығындары тұрғысында барлық еңбек бірдей және ол оның нақты түріне тәуелсіз болып табылады. Мұндай еңбекті абстрактілі еңбек деп атайды.Демек, нақты және абстрактілі еңбек –бұл тауарды жасайтын сол бір еңбектің екі жағы.
Нарық жағдайында тауардың құны жеке еңбек шығынымен емес, қоғамдық қажетті еңбек шығынымен және қоғамда қажетті жұмыс күшімен анықталады.
Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты – өндірістің қалыпты жағдайында және еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығының орташа деңгейінде өнімді дайындауға кететін орташа уақыт. Бұл уақыт нарыққа әкелінген тауар массасымен анықталады. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты және тауардың құны еңбек өнімділігінің әсерінен тұрақты түрде өзгеріп отырады.Уақыт бірлігіне шаққандағы өндірілген өнімнің санын еңбек өнімділігі деп атайды.
Еңбек қарқындылығы- уақыт бірлігіне шаққандағы жұмыс күшінің шығындары. Оны еңбек өнімділігінен ажырата білу керек.
Еңбек өнімділігінің артуы кезінде уақыт бірлігіне шаққандағы өнімдер саны артады, ал өнімнің құны төмендейді.Еңбек қарқындылығының артуы кезінде өнімдер саны адамның дене шығындарымен бірге өсіп, нәтижесінде өнімнің құны өзгеріссіз қалады. Осыған байланысты, тауардың нарықтық құны еңбектің жеке шығынымен және жеке жұмыс уақытымен анықталады. Осыны құн заңы деп атайды.
Құн заңы тауар өндірісі жағдайында өндірісті реттеудің негізі болып табылады. Құн заңы тауардың құн бойынша айырбасталу үдерісіне көрініс табады. Ол тауардың қоғамға қажетті еңбегінің мазмұнымен өлшенеді. Тауарды құн бойынша сату және сатып алу заң ретінде күшіне енеді.
Еңбек құны теориясы және шекті пайдалылық теориясы негізгі құн теориялары болып табылады.”[8]
“Тұтыну бағалылығы — бұл заттың пайдалылығы, адамның қандай болмасын қажеттігін оның қанағаттандыра алатын қабілеті. Осы арқылы бір өнім басқаларға ұқсамайды, өйткені олардың тұтыну қасиеттері өзгеше болады. Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады.
Осыған сәйкес, тауардың құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және қажетті жұмыс уақытымен белгіленеді. Егер еңбек өрекеттерінің қаркындылығын тұрақты деп болжамдасақ, онда тауар өндіруге жұмсалған қажетті еңбектің мөлшері өскен сайын, оның құны арта түседі. Өнімдердің тұтыну құны оларды бір-бірінен алшақтатса, құн оларды біріктіреді.
Тұтынудағы бағалылық пен құн тауарда қатар, бір мезгілде орын алады және олар бір-бірімен алмаса алады. Тұтыну құнының өзгерістері ертелі-кеш құнының өзгерістеріне әкеліп соғады. Керісінше, құнының өзгеруі тұтыну құнының өзгерістеріне әкеп соғады. Осы пайымдауды әзірше дәлелсіз қабылдайық — дәлел кейін келтіріледі. Мынаны ескертейік: тауардың құны қандай болмаса сондай еңбек уақыты емес, тек оны өндіруге нақты қажет еңбек уақыты құрайды. Әр қоғам осы қажетті уақытты реттеу үшін өзіне тән механизмдер колданады. Мысалы, классикалык капитализм тұсында тауарды өндіруге керек қажетті уақыт өндірістік орташа жағдаймен белгіленеді.” [8]
“Өнімдердің көп түрлі болуы, олардың әр қайсысының тұтыну бағалылығының ұқсас болмағаны сияқты, еңбектің де түр-түрге бөлінуінен, олардың жеке түрінде қолданылатын еңбек операцияларының ұқсас болмауынан туады. тауардың тұтыну құнын өндіруге қажет операциялардын, нақты жиынтығы, нақты еңбек деп аталады. Сонымен қатар еңбектің екінші жағын жұмысшы күшінің физиологиялық мағынада жұмсалуы құрайды. Жұмысшы күшін жұмсау бағытынан келсек, өндірушілер арасында тек жұмсалған еңбектің саны жағынан ғана айырмашылық болады: біреу көбірек, біреу азырақ еңбек жұмсайды. Еңбектің физиологиялық шығындарын экономикалық есепке алып және осы еңбектің физиологиялық шығындарын салыстыру, абстракты еңбек деген түсінікті құрайды.Сонымен, тек еңбектін өнімі ғана емес, еңбектің өзі екі жакты процесс: нақты және абстрактылы еңбек процесі болып табылады. Нақты еңбек тауардың тұтыну құнын, ал абстрактылы еңбек — құнын құрайды. Нақты еңбектің нәтижесі өнім, ал осы өнімнің қажеттіліктерді қамтамасыз ететін ерекше қабілеті, оның тұтыну құны болады.
Игіліктің ақырғы, үшінші бөлшегінің пайдалылығы 6-ға тең. Өңдірушінің қарамағындағы осы ақырғы бөлшектің пайдалылығы шекті пайдалылық деп аталады. Егер игіліктер болжаусыз көп біртекті бөлінген болса; тұтынушы игіліктің барлық бөлшектерін бірдей бағалайды. Бөлшектердің бағалылықтарының негізінде олардың шекті пайдалылығы жатады. Осылайша, игіліктің жалпы экономикалық бағалылығын табу үшін, шекті пайдалылықты игіліктің бөлшектерінің санына көбейту керек.Шекті пайдалылық теориясы адамдарға өмір сүру үшін материалдық игіліктердің белгілі бір жиынтығы қажет дейді, игіліктердің адамның белгілі бір қажеттігін қамтамасыз ететін қабілеті, оның пайдалылығы деп аталады.
Адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін игіліктер әр шамада болады: мол шамада, сирек шамада. Мол игіліктермен экономикалық теория айналыспайды. Оның назар аударатыны тек сиректігі әр дәрежеде болатын игіліктер. Міне осы игіліктерді үнемдеу қажет. Игілікті тұтынушының субъективтік бағалауы, осы игіліктің бағалылығын құрайды. Субъективтік бағалау немесе игіліктің бағалылығы, бір жақтан, игіліктің пайдалылық дәрежесімен, екінші жақтан, оыың сиректігімен белгіленеді.
Егер белгілі бір игіліктің қоры болса, осы қордың көлемі, оның сиректігінің дәрежесін көрсетеді, ал оның қажеттіліктерді канағаттандыра алатын қабілеті — оның пайдалығын көрсетеді.
Игіліктердің көбі бөлінеді, сондықтан олардың жалпы пайдалылығы және қордың әр данасының пайдалылығы болады. Өндірушіде белгілі бір игіліктің үш бөлшегі бар делік. Енді осы қажеттіліктің бастапқы қарқындығын сан жағынан көрсетуге болады. Ол 10-ға тең дейік. Енді өндіруші осы игіліктің қорының бірінші бөлшегін тұтынды дейік. Игіліктін, әр бөлшегінің пайдалылығы қажеттіліктің қарқындылығын көрсететін болғандықтан, бірінші бөлшектің пайдалылығы 10-ға тең деуге болады.
Бірінші бөлшекті тұтынғаннан соң, қажеттілік аздап қанағаттандырылады және оның қарқындылығы өндіруші үшін 8-ге дейін төмендейді. Енді, игіліктің екінші бөлшегінің пайдалылығы 8-ге тең болады.
Жалпы қорытынды мынадай: пайдалылықты субъективтік бағалаудың негізінде, осы өнімді өндіруге қажет тиімді технология тандап алынады.
Осы сияқты еңбектік теория тек технологияны ғана емес, осымен қатар өнімді де, тіпті экономиканың басқа да параметрін ретке келтіруге мүмкіндік береді. “[9]
“Нақты еңбек (технология) абстракты еңбектің белгілі мөлшерде жұмсалуын талап етеді. Осы технологияның негізінде өндірілген өнімнің тұтыну құны жөне құны болады. Кейін осы өндірілген өнім тұтынылып, өзінің тұтыну құнымен технологияны қайта қалпына келтіреді. Ал өнімнің құны абстракты еңбектің шығынының қажетті көлемін қалпына келтіреді. Егер осы тізбекте үйлесімділік жоғалса, шаруашылық жүйе басқа технологияға көшуі керек, немесе басқа өнім өндірумен айналысуы керек. Міне осылай тұтыну құны тұрақты түрде құнға айналып жоне керісінше болып отырады.
Тандандыратын мына жағдай. Экономикалық жұйе біреу. Осы жұйені сан жағынан сипаттап түсіндіретін құн теорясы екеу. Сонда осы екі теорияның біреуі қате болғаны ма? Олай емес. Бұлардың эрқайсын дұрыс және дұрыс емес деуге болады. Олар сыңаржақты. Бұлар шаруашылықты өр түрлі жағынан сипаттайды. Әрқайсы өз тұрғысын қамтиды, басқада тұрғы барын ескермейді. Сондықтан, құн теориясының даму болашағы осы екі варианттың ғылыми синтезімен байланысты деп тұжырымдағымыз келеді. Құннын , козғалысы объективтік және субъективтік процестерді біріктіріп ие болатын біртұтас процесс. Сондықтан еңбектің объективтік шығындары да және субъективтік шекті пайдалылықта, жалғыз ғана құнның құрылу процесінің көрініс формалары болып табылады.
Құнның дәстүрлі еңбек теориясы өндіріспен айналысуға беріліп кетіп, тұтынумен жетімсіз есептескен.
Құнның еңбек теориясы адамдардың оздерінен тыс қалыптасатын объективтік еңбек пропорцияларымен қалай есептесіп отыру керектігін дәлелдей алмады. Еңбек пропорцияларының өзгерістеріне сәйкес келетін субъективтік бағалау оны осы мәселелерден құтқарадьі.
Шекті пайдалылық теориясы өз жағынан, керісінше, өндірісті ұмытып, бар назарын тұтынуға аударған. Бұл тұрғыда еңбек теориясы шекті пайдалылық теориясының жақтылығын жояды. оны толықтырады. Шекті пайдалылық теориясы субъективтік бағалаудың неге басқаша емес осылай болып қалыптасуын дөлелдей алмады. Ал енді біз айта аламыз: субъективтік бағалаудың негізін еңбек шығындары түрін алатын объективтік негіз құрайды. “[10]
- Субъективтік құндылық және шекті пайдалылық
“Құндылық объективтік және субъективтік екі бөліктен тұрады. Пәндік құндылықтарға заттардың қажеттілігі, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық және жақсылықтың іске асуыжатады”[11].
“Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жету жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. Пәндік құндылық – баға берудің объектісі болса, субъективті құндылық –олардың өлшемі мен әдісі болып табылады” [12]
“Құн заңы бойынша тек рынокта ғана айырбас кезінде еңбек шығынының қоғамдық қажетті деңгейі анықталады. Тек рынокта ғана кұнның көріну нысаны айырбас құн түрінде болады. Қысқартып айтқанда, құн өндірісте жасалынады, рынокта айқыңдалады. Егер тауар рынокта сатып алынса, ол біреудің тауар өндіруге жұмсаған еңбек шығыны қоғамдық қажетті шығын ретінде бағаланғаннан емес, сатып алушының тауарды бағалағаны.
Адамдардың әр түрлі материалдарды және рухани игіліктер мен қызметтерді бағалауы оларды өндіруге қоғамдық кажетті еңбектің жұмсалуына байланысты емес, олардың пайдалылығында. Белгілі бір тауарды өндіруге еңбек шығыны жұмсалуы адамдардың қайсыбір пайдалылықты қажетсінуінен. Осы жерде қандай да бір еңбек шығыны болсын оның қоғамдық қажеттілігін кім және немен анықтайды деген сұрақ туады. Оған рынок деп жауап береді. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың пайдалылығы ғана еңбек шығынан қоғамдық қажеттілік сипат береді.
Бір нақты жағдайда, іскер адам шаруашылық шешім қабылдарда немесе жеке тұтыну процесі негізінде пайдалылығын салыстыру ылғи болып отырады. Мысалы, егер адам С витамині жетіспеушіліктен ауырып қалса, бұл арада оған пайдалы алма ма, әлде қарыз ба, деген сұраққа жауап өзінен-өзі айқын. Жалпы, қажеттіліктерді салыстырмай, әрбір ретте түрлі материалдық, не рухани игіліктердің пайдалылығын бағаламай ешқандай экономикалық іс-әрекеттің болуы мүмкін емес. Сонымен қатар шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың ішінде пайдалылық өлшеу өлшемін табу мәселесі қызу пікірталас туғызды. Бұл мәселенің мәнін тек шекті пайдалылық, сұраныс жайы және басқа категорияларды зерттегеннен кейін анықтауға болады. Бұл туралы басқа тарауда қаралады. Шекті пайдалылық теориясы субъективті бағалауды игіліктің сиректігімен, яғни оның көлемін байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері, бағалылықты пайдалылықтан шығарады.. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша, адамның әрбір игілікті субъективті бағалауы, оның шекті пайдалылығымен анықталады, ал объективті айырбас пропорциялары немесе тауарлардың бағасы субъективті бағалауға байланысты және түбінде ол да шекті пайдалылықпен анықталады. Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын экономисі А.Маршалл болып табылады. Шекті пайдалылық теориясының біржақтылылығын ол бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру деп көрсетті. А. Маршалл шекті пайдалылык теориясын ұсыныс пен сұраныс теориясымен, өндіріс шығындары теориясымен байланыстырды.” [13]
“Нарықтық сұраныс көптеген жекелеген тұлғалармен алынатын шешім негізінде қалыптасады. Әр түрлі қажеттіліктердің арасындағы өзіндік құралдарын білу үшін белгілі бір салыстыру негізі болуы қажет. Осындай негіз ретінде экономистер 19 ғ. аяғында пайдалылықты енгізді.” [14]
«Пайдалылық» термині ағылшын философы И. Бентаммен енгізілді. Экономистер утилистаристтік доктринасын қабылдап, әртүрлі игіліктерді салыстыру гипотезасына негізделген тұтынушылардың тәртіп теориясын жасауға мүмкіндік алды. Ол бойынша, берілген бағаларда тұтынушы әр түрлі игіліктерді тұтынуда ең үлкен пайда немесе тұтынудан қанағат алуға тырысады.Бұдан біз пайдалылықтың өзіндік, субьективті мінезде екенін көреміз. Мысалы, шылым шегетін адам, темекінің денсаулыққа зиян келтіретінін біле тұра, оны өте жоғары бағалайды.” [16]
“Қанағат пен пайдалылықты максимумге жеткізу үшін тұтынушы тауарларды салыстыра алуы мүмкін екендігі мәлім. Бұл мәселені шешудегі екі негізгі бағытты көрсетеді:
- Мөлшерлік (кардиналистік)
- Реттік (ординалистік)
19 ғ. соңғы үштігінде Уильям Джевонс, Карл Менгер, Леон Вальрас бір мезетте және бір-бірін танымай мөлшерлік пайдалылық теориясын ұсынды. Оның негізінде әр түрлі игіліктердің пайдалылығын өлшеу мүмкіндік гипотезасы жатты. Бұны Альфред Маршалл да айтты. Бұл теория үлкен сынмен кездесті. Ф. Эджуорт, В. Парето, И. Фишер мөлшерлікке альтернативті пайдалылық теориясын ұсынды.” [15]
“Мөлшерлік бағыт әр түрлі игіліктерді пайдалылықтың болжамдық бірліктерде-ютилдерде (ағылшын сөзінен utility — пайдалылық) — өлшеу мүмкіндіктерін көрсетуде негізделген.Мысалы, тұтынушы күнделікті 1 алмадан қанағаты 20 ютил десек, 2 алманы күнделікті тұтыну — 38 ютил, 1 темекі мен 2 алманы тұтыну — 50 ютил, 2 алма, 1 темекі, 1 апельсинді күнделікті тұтыну – 63 ютил т.с.сБір тауар немесе тауар жиынтығының пайдалылықтың мөлшерлік бағалануының индивидуалды, субъективті мінез бар екенін айтып кету қажет. Мөлшерлік бағыт тауардың ютилде пайдалылығын объективті өлшеу мүмкіндігін ұйғармайды.Бір тауар бір тұтынушы үшін үлкен рөл алады, ал екінші тұтынушыға – ешқандай. Жоғарыда айтылған мысалда шылым шегетін адамның 1 алмаға 1 темекі қосуы оның темекіні жақсы көретіндігін білдіреді.Сонымен, тауар жиынтығының кез келген тұтыну пайдалылығына ютилде тұтынушы мөлшерлік баға бере алады. Бұл мөлшерлік пайдалылық теориясында айтылады. Оны жалпы пайдалылықтың функциясы ретінде жазуға болады.” [15]
Шекті пайдалылық ұғымында маржинализм теориясының мәні зор.
“Маржинализм шек деген мағынаны білдіреді 19 ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Бұл теорияның негізін қалаған австриялық экономисттер Карл Менгер, Фридрих фон Визер. Маржинализмнің басты категориялары ретінде қарастырылды:
- Шекті пайдалылық;
- Шекті өнімділік;
- Шекті шығындар.
Маржинализм өзінің өмір сүру кезеңінде 2 этаптан өтті.
Алғашқы этап өкілдері: Құн ұғымы туралы түсінік сақталды, бірақ маржиналисттер оны өз ағымдарына сәйкес өзгешелікпен ұсынды. Яғни құн тек еңбектің шығындары емес, сондай-ақ тауардың пайдалылық шегі ретінде қарастырылады.
2 этап өкілдері айтуы бойынша:Бағаны категориялық түрде емес, сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын жүйе ретінде қарастырады. Енді экономикалық жүйе принцип ретінде экономиканың элементтерінің тепе-теңдік өзара ішкі байланысы қарастырылады.” [13] “Маржинализмнің субъективті бағыты бойынша теорияларды Карл Менгер ұсынды. Менгер бұл бағыттың түсініктерін либералдық экономикамен байланыстырып көрсетті. Экономиканың қозғаушы күші болып адамның қажеттіліктерін өтейтін игіліктің топтары жүреді. Игіліктің өзі қолданылатын шеңберіне байланысты бірінші реттік (қажеттілік), екінші реттік (өндірістік) болып бөлінеді.
Пайдалылық – адамдар игілікті сұраныс пен ұсыныс мөлшерерінің арақатынасына тәуелді процесс.
Менгер теориясының негізгі мәні математика тіліне аударылғанда, кез-келген шаруашылық топтары шартты экстремумға ұмтылатыны байқалды. ” [16]
“Уильям Стенли Джевонс – Саяси экономика теориясы еңбегін жазған ағылшын экономисті. Ол өз кітабында көрсеткен: Айырбас жүретін тауарлар арақатынасы олардың кері шекті пайдалылығына тең. Джевонс теоремасы: Рационалды пайдалануда сатып алынған тауардың пайдалылық дәрежесі олардың бағасына пропорционал.Еңбек – игіліктің бағалық пропорциясына жанамалай әсер етеді, еңбек мөлшерінің өсуі игілік мөлшерінің де артуына себеп болады, сонымен қатар оның шекті пайдалылығының кемуіне себеп болады.” [14]
“Шекті пайдалылық ұғымы арқылы еңбекті тек өндіріс факторы ретінде қарастырмайды. Еңбектің шығыны артып кеткен жағдайда теріс пайдалылыққа ауыса бастайды.Фридрих фон Визер – шекті пайдалылық терминін енгізген, сондай-ақ альтернативті шығын ұғымын ұсынды.
Визер заңы: Анық пайдалылық кейбір қажеттілікті толық өтей алмаған жағдайда сол тауарға жұмсалатын ресурс арқылы өндіріледі. Нәтижесінде құндылық пен баға өндіріс шығынына тәуелді болмайды, керісінше тұтынушы игілігінің құндылығы болуы арқасында өндірістік ресурстар бағасы пайда болады.” [12]
- Ақшаның пайда болуы мен мәні.Ақшаның қызметтері.Қазіргі ақшалар және оның түрлері.
Ақшаның пайда болуы мен мәні. “Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша ай налысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар. Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады: ақша бірлігі, эмиссиялық жүйе және ақша түрлері Ақша бірлігінің – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, заңды түрде бекітілген ақша белгісі. ҚР-дың ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша бірліктерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесе болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етіледі.” [19]
“Эмиссия тәртібі – бұл әр елдің орталық банктерінің айналысқа ақша шығаруын білдіреді. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.” [17]
“Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 долларлық бакн билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік монеталар жүреді”. [16]
Валюталық бағам дегенміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.” “Ақша жүйесінің мынадай типтері болады:
– металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;
– несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болады:
– қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;
– қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;
– ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар жасауға ерік берілді.
Биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн төлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі келді.
Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.
Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиз (алтын валюта) стандарты.
Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализм талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
– алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;
– алтын монеталарды құюға рұқсат етілді;
– толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;
– алтын және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.” [15]
“Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг сияқты.
Алтын девиз стандарты – банкноталардың алтынға, шетел валютасына айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валютасына тәуелділігін көрсетеді. Германия, Австралия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз стандарты бекітілген.
1929 – монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады.” [18]
Ақшаның қызметтері. “Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
-Құн өлшемі және баға масштабы;
-Айналыс (айырбас) құралы;
-Төлем құралы;
-Қорлану және қор жинау құралы;
-Дүниежүзілік ақша.
“Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді.Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады, Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар өлшей алады.
Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық таурлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрай алатын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауарлар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретіндегі қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Құн өлшемі қызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады. Баға масштабы заңдық сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын жоғалтты.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен белгіленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнында жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері атқарады.
Несие ақшалар тауарлардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.Мұндай ақшалардың меншік құны болмайтындықтан да, олардың толық бағалы емес ақшалар деп аталады.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келеді.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Ақша айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Таур айналысы мынадай процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды сатып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада мынадай түрде беруге болады: Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар).
Ақша айналысының тауaр айналысынан айырмашылығы ақша тауарды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
Тауар мен ақшаның қарама- қарсы қозғалысы;
Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
Ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуымен түсіндіріледі.
Сонымен ақша, ақша айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі – несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса көп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақша қор жинау құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше қозғалыс формасына ие: Т (міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).Ақшаның төлем құралы қызметін мен айналыс құралы қызметтері арасында өзара айырмашылықтар бар. Ақша айналыс құралы ретіндегі делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін тудыруы мүмкін.
Ақша тәлім құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтастыруға болады:
тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер,
банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
сақтандыру міндеттемелері;
әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алудың қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асады:
Көсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (дипозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктердегі басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байланыстың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.” [11]
“Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына өтеді» — деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретіндегі алтынның қызмет етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ – доллары, Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы – еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық қордың СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.
1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде жаңа валюта «Еуро» енгізілген. Еуропалық валюталық Одаққа бастапқыда он бір ел қатысқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін пайдаланылды. [14]
Қазіргі ақшалар және оның түрлері.“Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз ақшалар (толық бағалы) және құндық белгілері (толық бағалы емес) ақшалар. Нағыз ақшалар – бұл номиналдық оны байындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.
Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып табылады.
Алғашқы монеталар VII ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі. Өздерінің тұрақтылығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
— алтын өндірісін тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
— жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
— алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.
Сонымен, алтын айналдысы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.” [1]
“Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшаларды білдіреді.
Оған мыналар жатады:
· құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
· құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшаларға және несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері болған:
— металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
— металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
— бағалы металлдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте қымбатқа түсуі;
— эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақщаларды шығаруы;
— қате бюдждет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы.. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 жылы.. Австрияда және 1769 жылы.. Ресейде пайда болды. Бірініші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жылы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж.. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металлға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мелекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.” [17]
“Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлемқұралы қызметін атқаруымен де байланысты келеді”. [19]
“Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және несиелік карточкалар.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексель.
Вексельдің түрлері «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:
Жай вексель (соло) – вексельдің ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (эмитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)сипаттайтын вексель.
Трассант тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре берді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.
Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттердің вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.
Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
Достық вексель – кейіннен банктен оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.
Бронзалық вексель – нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің мынадай өзіне тән қасиетттері бар:
дерексіздік, яғни вексельде мәмлені нақты түрінің көрсетілмеуі;
дауыссыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрге төленуге тиістігі;
айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданғанға дейін және одан кейін де вексель айналысы дамып келеді.
Вексель айналысын бірінші болып қолданушылардың қатарына Казкомерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқы астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясs 5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде « Қазақстан темір жолы » ҰК-ның 200 млн теңге бағалаған вексельдерін өтеді.
Мұндағы «домицилиант» — вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, Вексельде делдал ретінде қатысатын банк.
Банкнота (ағыл. сөзінде «bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктың айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:
мерзімділігіне қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса, ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.
Экономикалық әдебиетте банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.
Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:
— жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
— эммисиалық әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарады;
— қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
— ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнот алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі орталық банктің вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.
Жай банкнота – бұр қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.
Олар металлға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады:
— шаруашылық несиелеу жолымен;
— мемлекетті несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкроттардың шығарылуы барысында.
Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993 – 1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995 – 1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банкінің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы;ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды. Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы. Чектің мынадай түрлері бар:
— ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
— ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
— мәлімдеуші чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
— есеп айырылысу чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;
— жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;
— кепілдендірілген чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:
— біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
— екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
— үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы. Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
— Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
— Кредиттік карточка – оның эмитенті менкарточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және т. б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолдануда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.” [20]
Пайдаланылған әдебиеттер
- Әубәкіров Я.,Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.Алматы 1994.31-36бет
- Әубәкіров Я. Нәрібаев К. Жатқанбаев Е. Байжұмаев Е. Досқалиев С. Жәйшібеков Ж Экономикалық теория негіздері.Алматы, “Санат”,1998.66-68бет
- Темірбеков А.Б. Экономикалық теория. Алматы, “Экономика баспасы”,2008.156-159бет
- Әубәкіров Я. Байжұмаев Б. Жақыпова Ф.Н. Табеев Т.П. Экономикалық теория.Алматы, “Қазақ университеті”,1999.103-107бет
- Белгібаева Қ.Қ. Әлеуметтік-экономикалық статистика. Алматы, “ Қазақ университеті ”,2006.188-191бет
- Есімжанова С.Р.Маркетинг. Алматы, “Экономика”,2003.88-91бет
- Ниязбеков Р.Н. Рахметов Б.А. Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Алматы, “Экономика баспасы”,2008. 190-195бет
- Дуламбаев Р.Т. Кәсіпорын экономикасы. Алматы, “Кәсіпорын экономикасы”,2011. 56-58бет
- Мұсабеков С.М. Экономикалық теория. Алматы 2005.147-155бет
- Әубәкіров Я. Қазіргі қоғамдағы экономикалық теория.Алматы 2005.201бет
- Әубәкіров Я. Экономикалық теория негіздері. Оқулық.-Алматы, “Санат”,1998,124-132 бет
- Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері, Алматы, “Экономика”,2007,188-189 бет
- Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория – Ақтөбе, “А-Полиграфия”,2004,23 бет
- Дәуренбекова А.Н. Өндірісті ұйымдастыру, Астана, 2007,99 бет
- Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы:ИздатМаркет 2004. 5-14б
- Есенгалиева К.С. Микроэкономика. “Медиа”,2007,144 бет
- Есенгалиева К.С. Микроэкономика. “Медиа”,2007,87 бет
- Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория – Ақтөбе, “А-Полиграфия”,2004,47-52 бет
- Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы:ИздатМаркет 2004. 18-21б
- Дәуренбекова А.Н. Өндірісті ұйымдастыру, Астана, 2007,68 бет
- Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері, Алматы, “Экономика”,2007,174 бет
- Баймұратов О.Б. Қазақстан қаржы нарығы,2007. Алматы: “Санат” 2001. 8-29б
- Сейітқасымов Ғ. С. Ақша, несие, банктер. – Алматы: Экономика, 2001. 44б
- Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы:ИздатМаркет 2004. 12-16б
- Есенгалиева К.С. Микроэкономика. “Медиа”,2007,63 бет
- Жукова Е.Ф. Общая теория денег и кредита. – Москва: Банки и биржи, 1995.121 стр.
- Әубәкіров Я. Экономикалық теория негіздері. Оқулық.-Алматы, “Санат”,1998,112 бет
- Дәуренбекова А.Н. Өндірісті ұйымдастыру, Астана, 2007,133 бет
- Әубәкіров Я.,Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.Алматы 1994.88-92бет
- Сейітқасымов Ғ. С. Ақша, несие, банктер. – Алматы: Экономика, 2001. 77-78б
- Баймұратов О.Б. Қазақстан қаржы нарығы,2007. Алматы: “Санат” 2001. 36б
- Экономикалық теория негіздері. Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев. Оқулық.-Алматы, “Санат”, 1998, ,62-63б
Құрастырғандар: Билал Г., Оналбекова Б.