ҚР-ДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мазмұны
Кіріcпе
ҚР-дағы ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің маңызды мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі уақытта дүниежүзі жаһандық қаржылық, экономикалық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Соған қарамастан, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында Қазақстан Тәуелсіздік алған уақыттан бері дербес даму жолына түсіп, әлемдік қауымдастық алдында өз орнын айқындап, дағдарыстар толқынын еңсеріп келеді. Бұл ретте Мемлекет басшысының бастамасымен республикамызда ауқымы кең ұтымды жобалар мен инновациялық бағдарламалар тиімді жүзеге асырылуда.
«Еліміз 2010 жылдан бастап үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бүгінгі таңда Қазақстан Давос экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік Индексінде 42-орынға және бизнес үшін ең қолайлы елдердің рейтингісі бойынша 41-орынға жайғасты». [1] Алайда, экономикамыздың ауыл шаруашылығы секторының жаңаша бағытта дамуына агроөндірістік кешеннің ғылыммен тығыз байланыста болмауы, жекеменшік ұсақ шаруалардың әлсіздігі, инновацияға бейімделмеген ауыл кәсіпкерлері мен фермерлері үшін қажетті ресурстардың жетіспеушілігі едәуір кедергі келтіруде. Осы факторлардың салдарынан, әсіресе ұсақ тауарлы өндіріс орындарында инновациялық технологияларды енгізуде көптеген қиындықтар кездесуде.
Ауыл шаруашылығы бүгінгі таңда біз ойлағандай қарқынмен дамып келе жатқан жоқ. Бұл ауылдық жерлердегі жұмыс жасайтын нарықтық субъектілердің құрылымына байланысты. «Қазір елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 191,5 мыңнан астам агроқұрылымдар мен 1,6 миллион үй шаруашылықтары айналысады. Агроқұрылымдардың 185,5 мыңы немесе 95,8%-ы — шаруа қожалықтары. Бұл шаруа қожалықтарының көбінің даму қарқыны үдемелі инновацияға негізделген жұмыстар атқаруға жеткіліксіз. Сондықтан бүгінгі күні ауыл шаруашылығындағы шағын өндірістің сақтап қалынуы — өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда жалпы өнімнің 31%-ы шаруа қожалықтарының үлесінде және олардың 40 пайызының жерлері 10 гектардан аспайды». [2] Мұндай шағын қожалықтардың өндіріп отырған тауарларының бәсекеге қабілеттілігі төмен, инновациялық технологияларды қолдануға, адам денсаулығына қауіпсіз азық-түлік өндіруге, жоғары білікті мамандарды жұмысқа тартуға мүмкіндіктері жоқ.
«Шаруа қожалықтарын алып қарасақ, 66%-ының ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлері 50 гектарға дейін және 83%-ының егістік алқаптары 50 гектардан аспайды. Мал шаруашылығы өнімділігінің төмендігінің басты себебі — олардың 72%-ы үй шаруашылығында шоғырланған».[3] Сондықтан бүгінгі күні бізге өндіріске алдыңғы қатарлы агротехникалық шаралар кешенін қолдануға қабілетті, ірі тауарлы аграрлық құрылымдар қажет. Осындай кәсіпорындарда ғана инновациялық технологиялар мен ғылыми жобалардың нәтижелерін енгізуге және жаңа форматтағы мамандарды сонда жұмысқа орналастыруға мүмкіндік бар. Мұның бәрі өндіріс, білім және ғылым интеграциясы жағдайында ғана жүзеге асырылмақ.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі есе арттыруға жаңа технологиялардың арқасында қол жеткізіледі. Елбасы Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамыту отандық экономиканы әртараптандыруда маңызды роль атқаратын сала ретінде айрықша атап көрсеткен. Аграрлық кешеннің серпінді дамуы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамыту арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
«Шағын бизнес — нарықтық экономиканың маңызды элементі, онсыз мемлекет жан-жақты дами алмайды. Ол көп жағдайда экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын анықтайды. Шағын бизнес әсіресе ауыл шаруашылық салаларында кең көлемде дамыған. Тәуелсіз еліміздің аграрлық реформаны жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік маңызды мәселелерінің бipi болып табылады. Қазіргі кезде шағын бизнес бәсекелестікке қабілеті бар аграрлық өндірістік құрылымдардың бір бөлігіне айналып және еліміздегі экономикалық үрдістердің белсенді қатысушысы болып табылады.Ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің негізгі формалары – шаруа(фермер) қожалықтар және жұртшылық шаруашылықтар.» [4]
2015 жылы қазан айының соңында ауыл шаруашылығындағы шағын өндіріс мәселелерін шешуге арналған «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заң қабылданды. Ауыл шаруашылық кооперативтерін құрудың маңыздылығын шетелдік тәжірибелер дәлелдейді. «Мысалы, АҚШ-та 1950 жылдан 2006 жылға дейінгі аралықта шағын шаруа қожалықтарының саны 3 есеге азайған, ал орта шаруа қожалық иелері 2 есеге өскен. Ауқымды мемлекеттік қолдауға қарамастан осы аралықта орташа есеппен жылына 200 мыңға жуық шағын шаруа қожалықтары жұмысын тоқтатқан. Себебі бұған дейін 70%-ға дейінгі шығынды мемлекет қаражаттандырып отырған. Америкалық ғалымдардың болжауынша, осы көрсеткіш одан әрі жалғасатын болса, жақын аралықта елдегі фермерлік шаруашылықтардың саны 1,2 миллионнан аспауы мүмкін. Оның ішінде, 50 мың ірі шаруа бірлестіктер (жалпы фермерлер көлемінің 5%-ы) ауыл шаруашылығы өнімдерінің төрттен үш бөлігін өндіріп, Америка Құрама Штаттарының халқын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Канада елінің жағдайын алып қарасақ, онда ірі шаруа қожалықтарын шоғырландырудың жалпы үлесі 70%-дан астамболғандықтан, ірі фермерлік қожалықтардың тәжірибесіне деген қызығушылық артуда». [5]
«Ұлыбританияның аграрлық секторында мал азығын дайындайтын орындарда, тыңайтқыштар өндіретін зауыттарда және өзге де агрөөндіріс кешенінде ауыл шаруашылығы техникасын бірлесе пайдалану тәжірибесі жолға қойылған. Швеция, Дания, Норвегия, Финляндияда ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа да секторлары арасындағы тұрақты байланыстарды басшылыққа ала отырып, сату және қызмет көрсету кәсіпорындары, өңдеулердің кең желісі жұмыс жасайды. Мұндағы жүйе арқылы ауылшаруашылық ұжымдары 80%-ға дейін фермерлік өнімдерді өндіред»і.[6]
Жапонияда ауылшаруашылық тауарларды өндірушілерге жеткізу, өнімдерді өндіру мен сату, сондай-ақ несиелендіру кооперативтері — ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың басты мақсаты.
Шетел тәжірибелері негізінде шоғырландыру ауыл шаруашылығының барлық салаларында маңызды жұмыс жасайтынын дәлелдеп көрсетті. Шоғырландырудың жоғарыда аталған принциптері еңбекті ынталандыру, табысты әділетті бөлу, өнеркәсіптікте туындайтын қарама-қайшылықтарды азайту секілді бірқатар артықшылықтарға негізделген. Бұған қоса шоғырландыру үрдісінің құрамына тасымалдау, сақтау, өткізу және өндірістік қызмет көрсетумен айналысатын бөлімшелер енуі қажет. Осылайша, кооперация үдерісін кең ауқымда түсінуге болады. Бұл, біздің пайымдауымызша, тауар өндірушілердің экономикалық тұрғыдағы өзара тығыз ынтымақтастығы мен бірігу үлгісі болып табылады. Нәтижесінде, екі немесе одан да көп адам қамтылған фермерлік және жеке шаруа қожалықтарының кооперативтерге бірігуі ірі тауар өндіруші корпоративтік ауылшаруашылық кәсіпорын мекемелері мен олардың бірлескен ұйымдық үлгілерін мойындауға алып келеді. Олар жалпы экономикалық тиімділік үшін бірігеді, сондай-ақ өндірістік циклдың барлық кезеңдерін шикізаттан бастап нарыққа дайын өнімді шығарудың жолдарын толығымен қарастыруы қажет. Ең бастысы, кооперативке қатысушылар экономикалық тұрғыдан дербес болуы, өзінің өндірістік құралдарының иесі болуы, өзі өндірген өнімге иелік етуі және әрбір кооператив мүшесінің жер пайымен қосқан үлесіне сай алынған пайданы өзара бөлісуі тиіс. Яғни, интеграция және кооперация үдерісін дамыту шаруашылыққа инновациялық технологияларды ендіруге, жекелеген өнімдерге деген сұраныстың ұлғайып, сапаның артуына мүмкіндік береді. «Кооперативтер кұру арқылы өндірілетін өнім түрлерін арттыруға (диверсификация) жағдай туғызады. Әрбір шаруашылық өзінің өнім өндіру қызметі аясында жерді өңдеу, бағымындағы малдарға жағдай жасау, өнімдері қайта өңдеу, техникамен қамтамасыз ету, өнімдері сатып-сатып алу тәрізді біршама операциялар жүргізеді. Осы ресурстарды біріктіру мен бірлесе жұмыс жасау арқылы өндірістен алынатын кірісті бірнеше есеге ұлғайтуға болады».[7]
Ғылыми-техникалық даму өндірістің әрдайым жаңғырып тұруын қажет ететіні белгілі. Ұсақ фермерлердің жаңа технологиялар мен заманауи техникаларды пайдалануға жағдайы толық жете бермейді. Осының салдарынан ірі және ұсақ кәсіпорындар арасындағы өнім өндіру көрсеткішінің едәуір алшақтығы байқалуда. Үдеріске қатысушылардың мүмкіндігіне сай кооперацияның «тікелей» (вертикалды) және «көлбеу» (горизонталды) саналатын екі түрі бар. Көлбеу кооперация — қызметіне қарай немесе белгілі бір өнімді өндіруге маманданған ауылшаруашылық кәсіпорындарының бірігуі арқылы жасалады. Сондықтан олардың құқықтық мәртебесі мен экономикалық дербестігі сақталады.
Кооперативтердің тікелей үлгісі — өнім өндіруші шаруашылық субъектілердің тек қана бірігуі емес, сонымен қатар, олардың өндірген өнімдерін сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және тұтынушыға жеткізу. Осыған орай, кірістің аз ғана бөлігі жалпы басқаруға беріледі. Аталған үлгі маркетингтік қызметтің кең дамуына, республикадағы жекелеген аймақтардың сыртқы және ішкі нарығын бақылауға айтарлықтай мүмкіндік береді. Ол халық шаруашылығының басқа да салаларында агроөндірістік интеграцияны дамытуға, өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіруге, сонымен қатар жер, еңбек және материалдық ресурстар, тауар айналымындағы шығындарды төмендетудің тиімді жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. Осы форма республиканың жеке аймақтарында ішкі және сыртқы нарықты зерделеуде маркетингтік қызметті кеңінен дамыту үшін ерекше ықпалға ие.
Кооперативтік шаруашылықты құрудың негізгі шарты — оны ұйымдастыру үшін біріктірілген кәсіпорындардың және шаруашылықтардың мүдделерін сақтау. Қызметтің мақсаты мен сипатына байланысты кооперацияның төмендегі түрлерін анықтауға болады: тұтынушылық, өндірістік, кәсіпшілік, жабдықтау, өткізу, несиелік, тұрғын үй және т.б. Қазақстанда ұсақ тауарлы шаруашылықты кооперациялау жұмысы бірнеше жылдардан бері жүргізіліп келеді. Алайда ұсақ шаруа қожалықтары өз еріктерімен кооперативке бірігуге ынталары жоқ. Ал ынталандыратын экономикалық және басқа да механизмдердің күші жоқтығынан ауылдықтар жарнаны бөліп беруге келіспейді. Елімізде кооперация өз деңгейінде дамымай отырғандықтан, нәтижелі қызмет етумен олардың қалыптасуына жағдай жасауда және ауылда кооперацияны дамытуда қолданыстағы заң барлық кедергілерді жоюы тиіс.
Бүгінгі таңда елімізде өндірілген өнімді қаражаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ауыл шаруашылығы жерлерін үнемді пайдалануға, аграрлық кешеннің жұмысын жақсартуға үлес қосады. Өндіріске жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды енгізу ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруға ықпал етеді. Бұл жерде біз ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың негізі кооперацияда екенін түсінуіміз керек. Осы орайда, Елбасы ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай жасап, ірілендірудің алғышарттарын қалыптастыру талабын қойып отыр. Осы талаптарды орындаудың басты жолы – ұсақ шаруаларды кооперацияға біріктіріп, кластерлік бағыттарды дамыту. Аграрлық секторды жаңғырту және алдыңғы қатардағы озат агротехникалық шараларды өндiрiсте тиімді қолдану үшін ірі тауарлы кәсiпорындар қажет. « Қазіргі кезде Қазақстанда кооператив құрамына кірген шаруа қожалықтарының үлесі 1,5 пайыздан аспайды. Экономикалық ынтымақтастықтың және даму ұйымының мәліметтері бойынша дамыған елдерде бұл көрсеткіштер өте жоғары».[8]
«Дүниежүзінде кооператив қозғалысы ауылшаруашылық өндiрiстің 100%-ын, тамақ өндіру өнеркәсiбінiң 45-50%-ын қамтиды. Еуропа елдерінде ауылшаруашылық кооперативтері азық-түлiк өнiмдерінің 60%-на дейiн өндіреді. АҚШ-та кооперативтер ауылшаруашылық өнімінің 30%-ын нарыққа шығарады. Жапонияда ауылшаруашылық кооперативі өндірген өнімнің 90%-ын өңделіп, нарыққа сатылады және олар фермерлерге ауыл шаруашылығына керекті техникалар мен қондырғылардың 80%-ын қамтамасыз етіп отырады».[9] Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, кооперацияның агроөндірістік кешенінде зор рөл атқаратынын айта кету керек. Ауылдық жерде тұратын халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ауылшаруашылық жерлерін тиімді және құнарлығын сақтауға, адам капиталын жоғарылатуға, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға ерекше ықпал етеді. Осы бағытта біздің ғалымдар кооперативтің түрлері мен формаларын негіздеуге, оның жұмысы мен кірісін құрылтайшылар арасында әділ бөлуді реттейтін заңдық құжаттарын дайындауға, кооперативтің тиімді жұмысына қажетті инновациялық технологияларды әзірлеп, оны өндіріске енгізуге қызмет көрсетіп келеді.
Ұсақ шаруашылық құрылымдары өздерінің өндіріп отырған өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеріп, инновация енгізіп, халық денсаулығына қауіпсіз тұтыну тауарлары мен жоғары білікті мамандардың қызметін пайдалану мәселесін жеке-дара шеше алмайды.
«Ауыл шаруашылығы әлі де инвестиция тарту үшін тиімсіз сала болып тұр. Оған тартылған жалпы инвестицияның үлесі 2,3 пайыздан аспайды. Бұл жерде мемлекеттің қолдауы қажет.».[10]
«Салыстырмалы түрде алғанда, Еуропа мен Американың дамыған елдерін санамағанда Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін Беларусь елінің ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауы 17%, Ресейде 7% болса, Қазақстандағы мемлекеттік қолдаудың көрсеткіші 5%-дан аспай отыр. Еуропаға қарағанда, біздің елімізде өндірілетін өнімге кететін шығын 3 есе көп. Сол себепті, жаһандық дағдарыс заманында қол қусырып, қарап отыру жарамайды. Алдымыздағы стратегиялық міндет – Қазақстан шикізат өндіруші ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығында өңделген қосымша құны жоғары тауарларды экспорттаушы ел ретінде бәсекеге қабілетті мемлекет болуын қамтамасыз ету». [11]
«Ақтөбе — аграрлық сала дамыған аймақ. Жаңа бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында атқарылар іс-шараларды зор өндірістік әлеуеті, әлеуметтік инфрақұрылымы, аграрлық саласы дамыған экономикалық жағынан толыққанды аймақ саналатын Ақтөбе облысында қолға алып отыр. Бұл өңір — Елбасымыздың алға қойған міндеттерін шешу үшін үлкен мүмкіндіктерге ие, аграрлық Сектордың индустриалды-инновациялық дамуының негізінде экпорттық өнімдердің көлемін арттырып, тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын республикамыздағы ірі облыстардың бірі. Облыс басшысы Бердібек Машбекұлы Сапарбаев мемлекет қойып отырған талап-міндеттер үдесінен шығып, аймақтың инновациялық-индустриялық бағытта жаңаша дамуына ерекше көңіл бөлуде. Ең соңғы есеп бойынша облыста өнеркәсіп өнімі мен инвестиция тарту, құрылыс ауқымы төмендегенімен, ауыл шаруашылығы саласында едәуір өсім бар. Ресми дерек бойынша осы жылдың қаңтар-ақпан айларында 18,8 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Өсім сүт, ет және жұмыртқа өндірісінде тіркелген. Бұл негізінен өңірде ауыл шаруашылығымен қатар өнімді жұмыс істей бастаған шағын және орта бизнестің өркендеуімен тығыз байланысты. Облыс басшысының айтуынша биыл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 5,2 миллиард теңге субсидия бөлу қарастырылған. Шағын ферма салу пилоттық жобасына 2,3 миллиард теңге бөлу қарастырылуда. Ал «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 4,1 миллиард теңге берілмек.
Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегіне сүйенсек, биыл 553,3 мың гектарға дәнді, майлы дақылдар, мал азығы мен көкөніс егіледі. Суармалы жер көлемі 12 мың гектардан 18,6 мың гектарға дейін ұлғаяды. Аталған іс-шаралардың барлығы да өндіріс пен ғылымды, тәжірибе мен технологияларды үйлестіру арқылы тиімді жүзеге асырылатыны белгілі. Бұл ретте Ақтөбе облысы ілгері қадамдар жасап келеді. Бүгінгі күні Қазақстаннан тыс жерлерде де өте жоғары сұранысқа ие Ақтөбе бидайы жоғары құрамдағы ақуыз және ұлпасымен ерекшеленеді. Әйтсе де, жаңа технологиялардың көмегімен жергілікті шаруалар ғалымдармен бірлесіп бидай сапасын арттыруды көздейді».[12]
«Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды фактор болып табылады. Өңірдің топырақ-климаттық жағдайлары мал шаруашылығы мен өсімдік өнімдерінің барлық түрін өсіру үшін қолайлы. Ақтөбе облысындағы егіншіліктің негізі — астық өнімдерін өндіру. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Осы орайда, өзара ынтымақтастық бағыты мемлекет қойған міндеттерді шешуді жеделдетіп, әлемдік нарықтағы экономиканың агарлық секторындағы тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік беретінін сеніммен айта аламын».[13]
Елімізде қабылданған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ғылыми-техникалық серпіліске жол аша бастады. Өндірісте жаңа технологияларды игеру — бүгінгі күннің басты талабы. Қазақстанның аграрлық саласының сыртқа өнім шығару мүмкіндігі мол. Өндіріс пен ғылымды байланыстыру мәселесінде де әлеуетіміз баршылық. Экспортты күшейту үшін бұл мүмкіндікті жіберіп алмауымыз қажет екенін әр ауыл шаруашылығында жұмыс жасайтын кәсіпкер түсінуі тиіс. Осы орайда ғылым, білім, өндіріс интеграциясын күшейту арқылы ұсақ шаруашылықтарды ірілендіре отырып ел экономикасын инновациялық бағытта өркендету қадамын жетілдіре түсу басты принципке айналуы тиіс.
«Соңғы 2006-2009 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің ішінде шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарының үлесі 73 пайызды құрайды. Дегенмен, өркениетті кезеңдегі шағын бизнестің маңызы мен ондағы өндіріс қарқындылығын арттыру барысына әліде қажетті мән берілмейді. Оның көптеген мәселелері күні бүгінге дейін өз деңгейіндегі ғылыми және практикалық шешімдерін таппай отыр». [14]
«Ауылдық елді мекендерді дамыту тек қана ауыл шаруашылығын өркендету емес, одан әлдеқайда кең ұғымды, яғни ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуын көздейді. Ауылдың тұрмысын жақсарту олардың тұрақты өндірісін және әлеуметтік сала мен қоршаған ортадағы жетістіктерін жақсарту арқылы мүмкін болады.Рыноктік қатынастар жағдайында тәуелсіз мемлекет тұрғысынан аталған мәселелерді шешудің басты жолы — еркін шаруашылық жүргізу, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өндірісті икемді ұйымдастыру және кооперация мен интеграцияның алуан түрлі формаларын игеру, инновация мен прогрессивті технологияларды кеңінен қолдану мәселелері зерттеу тақырыбының өзектілігін көтере түседі. Осы жерде Елбасының «түрі жеке меншік, мазмұны ұжымдық шаруашылықтар күш біріктіргенде ғана тығырықтан шыға аламыз» деген сөзі ой салады. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік қолдаудың тұтастай жүйесі қалыптасып келеді. Елдегі көп көлемде тараған шағын бизнес, әсіресе шаруа қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары бұл көмектен көбінесе қалыс қалуда. Рыноктің мүмкіндігі экономикалық тұрақтылық пен макроэкономикалық тепе-теңдікті ұстап тұруда шектеулі болғандықтан, аграрлық секторда шағын бизнестің тұрақты дамуы үшін мемлекеттік қолдаудың жан – жақты бағыттарын жетілдіруді талап етеді». [15]
«Шағын бизнестің теориялық және практикалық мәселелеріне әлемдік экономикалық әдебиеттерде ерекше көңіл бөлініп, ғалымдар: Р. Кантильон, Н. Бауде, Ж.Б. Сэй, Дж. Кларк, К. Маркс, Й. Шумпетер, А.П. Дракер және т.б. айтарлықтай үлес қосқан. ТМД елдері үшін шағын бизнестің қалыптасу және оның даму заңдылықтары мәселелерінің нақты жаңашылықтарына қарамастан, кеңестік кезеңдегі экономикалық әдебиеттерде маңызды және жинақтап қорытындыланған еңбектер бар. Отбасылық еңбектік шаруа шаруашылықтарының теориясын алғаш рет жасаған орыс ғалымы А.В. Чаянов шаруа қожалықтары мақсатының классикалық анықтамасын берді «…өзінің қарауындағы өндіріс құрал-жабдықтары мен отбасының жұмыс күшін барынша толық пайдалану жолымен шаруашылық жүргізуші отбасының өмір сүруіне қаржы табу,- дей келіп, ұсақ шаруашылықты қорғау — жанталасқан шаруа жүйесінің бірнеше ұрпағын қорғау»,- деген еді».[16]
«Ауылдағы шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау мемлекет тарапынан ұйымдастырылған ұлттық холдинг — «ҚазАгро» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Холдингтің миссиясы нәтижелілік, ашықтық және Холдингтің құрылымдарын тиімді корпоративтік басқару принципінде АӨК индустриялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.Аграрлық сектордағы шағын бизнесті ұйымдастыруда ауыл шаруашылық ерекшеліктері мен басқа қолайсыз жағдайларды бәсеңдетуші әртүрлі факторлар топтарын есепке алу қажеттілігі туындайды. Әсіресе, ғылыми-техникалық прогресс адамзаттың өмір үлгісіне мәнді ықпал етеді, осы кезде әлеуметтік-экономикалық даму жаңа мазмұнға ие болады» .[17]
Шағын бизнес — рыноктік экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол бизнес – талап, рыноктік ұсыныс, сұраныс және бәсеке арқылы рыноктік механизмнің әрекеттерін толықтырады және жетілдіреді, яғни монополизмді залалсыздандыра отырып, рыноктік механизмнің әрекет етуіне ықпалын тигізеді. Кәсіпкерлік пен бәсекелестіктің әсерінен рыноктік механизм экономикалық қатынастардың дамуына үлесін қосады. Мұнда өндірістік қызмет экономикалық жағынан әлсіз, әрекет етуге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның орнына олардың тиімді қызмет ететін болашағынан үміт күттіретіндеріне қолайлы жағдай жасайды. Адам жаңа кәсіпорынды құрып дамытқанда, рынокты жаулап алудың жолын тапқанда, бизнесті бұрынғы идеяларынан басқа жаңаша тәсілмен жүзеге асырғанда кәсіпкерліктің өзінше орны пайда болады. Ендеше шағын бизнестің дамуы кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. Кәсіпкер деген ұғымның өзі шағын бизнесті басқарушы деген мағынаны білдіреді. «Ауылдағы шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау мемлекет тарапынан ұйымдастырылған ұлттық холдинг — «ҚазАгро» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Холдингтің миссиясы нәтижелілік, ашықтық және Холдингтің құрылымдарын тиімді корпоративтік басқару принципінде АӨК индустриялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады». .[18]
Республикасының АӨК салаларының тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы жетекші басқарушы компания болады. Ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларының қаржылық операторы бола отырып Холдинг АӨК өндірістік, ақпараттық және сервистік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік және тартылған қаражатты қолжетімді, мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін болады. Келер жылы Холдинг және оның барлық еншілес құрылымдары корпоративтік басқару рейтингіне ие болады, ол қызметінің ашықтығы мен адам әлеуетін дамытудың жоғары өлшемі негізінде Холдинг компаниясы тобының корпоративтік дамуының жоғары мәдениетін дәлелдейді.
« Холдингтің қызметінің стратегиялық бағыттары:
- Индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек өнімділігінің артуы.
Ішкі азық-түлік нарығын дамыту және реттеу арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу.
- АӨК экспорттық әлеуетін дамытуға және іске асыруға көмек көрсету.
- Корпоративтік басқару сапасын және Холдинг қызметінің ашықтығын жоғарылату.
«ҚазАгро» Холдингінің қызметін қолданушылардың құрылымы келесідей: 0,1 % акционерлік қоғамдар (АҚ), 10,8 % жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС), 27,8 % шаруа (фермер) қожалықтары (Ш(Ф)Қ), 0,2% ауылдық тұтыну кооперативтері (АТК), 60,1 % жеке тұлғалар олардың басым бөлігі шағын және орта агробизнестің өкілдері.
Ұлттық холдингтің еншілес кәсіпорыны – «ҚазАгроҚаржы» АҚ АӨК-нің сапалы дамытуға бағытталған техникалық және технологиялық үрдістерді қаржыландыру үшін екі бағытта қаржылық лизинг жүргізуде:
- агроөнеркәсіп кешені субъектілерін жаңа технологиялық жабдықпен, ауыл шаруашылығы техникасымен, арнайы техникамен және асыл тұқымды малдармен қамтамасыз ету;
- агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін ауыл шаруашылығы өнім қайта өңдеу жөніндегі жабдықты сатып алуды қаржыландыру». [19]
«Елдің қарқынды экономикалық дамуының жалпы көрінісінде қала мен ауыл тұрғындары өмірінің деңгейінде тепе-теңсіздік сақталуда, олардың аймақтық табыстарында едәуір айырмашылық бар. Ауылдық жерлерде елдің тұрғындарының 47%-ы тұрады, ресми статистика мәліметі бойынша олардың бестен бірінің табысы күнкөріс деңгейінен төмен.
Осыған қарамастан, ауылдық жерлерде екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) қаржылық қолдау көлемі аз олардың филиалдары азайып келеді және белсенділігі төмен. Cол себепті қазіргі кезде ұлттық холдинг құрған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы ауылдық жерлерде қаржылық көмек көрсетудің негізгі көзі болып табылады. Алайда, зерттеулер көрсетіп отырғандай шаруа (фермер) қожалықтары және жеке қосалқы шаруашылықтарын мемлекет тарапынан қолдау жеткіліксіз деңгейде. Тікелей мемлекеттік қолдау қаражатының тек 15 пайызы ғана шаруа қожалықтарына берілген, ал жұртшылық шаруашылықтары оларды мүлдем алмайды. Сондықтан кәсіпкерлік секторды қалыптастыру мен дамудағы мемлекеттің саясаты, біздің ойымызша, кәсіпкерлерге қажетті қолайлы жағдайларды құрайтын шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесін жетілдіру қажет».[20]
Әлемде болып жатқан соңғы өзгерістер ауыл шаруашылығы саласының маңызын күрт жоғарылатты. Бүгінде дүние жүзіндегі барлық мемлекеттер үшін елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса өзекті мәселеге айналды. Соңғы кездері әлемдегі ас қорының азаюына байланысты астық экспортына төтенше мән беріліп жатқанымен, Қазақстанда мал шаруашылығының маңызы одан артық болмаса, кем емес. Қазақстан – ауыл шаруашылығының қай саласында да жоғары жетістіктерге қол жеткізуге толық мүмкіндігі бар аграрлы ел. Десек те, ішкі нарық әлі де құс етінің импортына тәуелді болып келеді. «Жыл сайын елімізге АҚШ, Түркия, Германия, Венгрия және басқа да шет елдерден 130 мың тоннаға жуық құс еті тасымалданады. Бұл олқылықты жою үшін холдинг құс етін өндіруді қолға алған кәсіпорындарды қаржыландырып келеді. Мұндай жобалардың бірі — республика-ның оңтүстігіндегі «Ордабасы құс» ЖШС».[21]
Бүгінгі күнге дейін елімізде күркетауықтың еті өнеркәсіптік деңгейде шығарылмайтын. «Ал Ұлыбританияда бір адам жылына 7 кг, АҚШ-та — 9 кг, Израильде 15 кг күркетауық етін тұтынады».[22] Бұл еттің дәмділік және диеталық артықшылығы мол, одан сан түрлі өнім даярлауға болады.«ҚазАгроның» қаржылай қолдауының арқасында. «Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданындағы жаңадан ашылған құс фабрикасы жылына 4800 тонна күркетауық етін өндіруді қолға алып, алдағы уақытта бұл көрсеткіш 10 000 тоннаға дейін артатын болады».[23] Болашақта, тіпті, күркетауықтың отандық кроссын шығару да жоспарланған. Сол арқылы шетелдік нарыққа тек күркетауық етін ғана емес, асыл тұқымды құсты экспорттауға жол ашылады.
Мал шаруашылығы жұмыс орындарын көп беретін сала, әрі өнеркәсіптік технологиялықдамуға бейім. Былайша айтқанда, көп сатылы, яғни кластерлі болып табылады. Одан әрі бұл өнімдерді тереңдетіп өңдеу арқылы сақталу жағдайы мен өтімділік қасиетін арттыра беруге болады. Сондай іс дұрыс ұйымдастырылған жағдайда алыстағы таудың бір қойнауында бағылып жатқан бір отар қойдан осындай кластерлік сатылар арқылы қаншама табыс түсіріп, қаншама адамға жұмыс тауып беретін мүмкіндік туындайды.Асыл тұқымды мал басын арттыру үшін АҚШ, Канада, Австралия, Еуропадан жоғары генетикалық әлеуеті бар мал әкелінуде. Бұл, негізінен, дүние жүзінде кеңінен танымал ангус және герефорд етті мал тұқымдары. Аталған тұқымдардың артықшылығы — малдың жел мен суыққа төзімділігі мен тез салмақ қосуында. «Осы жылы холдингтің еншілес компаниялары қаржыландырған жобалар аясында «Crown Батыс», «Щучинск қалалық сүт-ет зауыты», «SC Food», американдық «Global Beef» компаниясымен бірлесіп құрылған «ҚазBeef» кәсіпорындарына шетелден 5 мыңға жуық асыл тұқымды мал әкелінген болатын. Жануарлар жергілікті жағдайға жақсы бейімделіп, төлдеу нәтижесі 98 пайызды құрап, жоғары көрсеткішке қол жеткізілді. Мал төлдері келер жылдың басында сатылымға шығарылатын болады».[24]
«АӨК-дегі шағын бизнесті дамытуды қолдау мақсатында келесідей шараларды қарастыру қажет: ауыл территорияларында шағын бизнес субъектілеріне қарыз беру бойынша қызметті жүзеге асыратын ауылдық тұтыну кооперативтеріне қаржылық көмек қорын қалыптастырып, толықтыру үшін берілген қарыздарының 25 %-ы мөлшерінде субсидияларды қарастыру ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, өндіру, өткізу, шағын бизнес субъектілеріне ветеринарлық, өнімді тасымалдау бойынша қызмет көрсететін кооперативтердің шығындарының 40%-ын субсидиялауды қарастыру, аудандарға ауылдық тұтыну кооперативтерін дамытуға субвенциялар бөлу». [25]
Экономикалық тұрақтылықты ұстап тұру шектеулі болғандықтан, аграрлық секторда шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу және қолдау айтарлықтай болуы қажет. Зерттеу нәтижесінде ауылдағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жолдары, шаруа қожалықтары мен үй шаруашылығын несиелеу жүйесі, жеке қосалқы және үй шаруашылықтарын мерзімдік несиелеу бағыттары ұсынылған
Экономикалық жүйеде шағын және ірі бизнес өзара тығыз байланысты. Нақты экономиканың қалыптасуы және дамуы ең бірінші нарықтық ортаны құрайтын шағын бизнестің дамуымен тікелей байланысты, яғни шынайы экономикада қоғамдық қажеттіліктердің өзгерісіне тез әсер етушілік және қозғалмалылық қажет. Өйткені, шағын өндіріс пен ірі меншік бірін-бірі толықтырушы ретінде қызмет жасайтын кәсіпорындар. Демек, ірі меншік иелерінің шаруашылық кешеніне шын мәнінде шағын кәсіпорындар өз үлесін тигізеді. Мына диаграммада еліміздегі ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымын көруге болады.
Сурет 1. 2016 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің)
жалпы шығарылымы (млрд. тенге).
Ескерту – мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі ресми сайтынан алынған www.stat.gov.kz
Сурет 2. 2016 жылғы қаңтар-қарашада өсімдік шаруашылығы өнімдері (млрд. тенге).
Ескерту – мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі ресми сайтынан алынған www.stat.gov.kz
Осы жалпы шығарылым екі құрама бөліктерден тұрады. Яғни өсімдік шаруашылығы өнімдері мен мал шаруашылығы өнімдерінен тұрады.Бұл диаграммалардан осы екі саланың республикамыздың әр ауданынға қандай жағдайда екенін салыстырмалы түрде қарастыра аламыз.
Сурет 3. 2016 жылғы қаңтар-қарашада мал шаруашылығы өнімдері (млрд. тенге)
Ескерту – мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі ресми сайтынан алынған www.stat.gov.kz
«2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұтастай республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 3 615,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2015жылдан 5,5%-ға жоғары
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі өсімдік шаруашылығы өнім құнының – 7,8%-ға және мал шаруашылығы өнімі құнының – 2,7% өсуімен түсті.
2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2015 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өңімдері өндірісінің ұлғаюы республиканың 14 өңірінде байқалған».[26]
Сурет 4. 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы өнімдері (қызметтер) көлемінің өзгеруі (+,-)
Ескерту – мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі ресми сайтынан алынған www.stat.gov.kz
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында шағын және орта бизнесті дамытуға біршама бетбұрыс жасалды. Нәтижесінде кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар саны 3 есе, оның субъектілері бойынша өндірілген өнімі 2 есе өсті. Алайда, аграрлық бизнестің даму көрсеткіштері : жұмыс істеушілер саны, өндірілген өнім көлемі, бюджетке төлемдер түсіру талаптарға сай келмейді.
«Бизнестің мақсаты- тауар өндіру, қызмет көрсету, меншік иелеріне: жеке адам есебіне, серіктестіктерге, т.б.іріленген құрылымдарға пайда түсіру. Міне бұдан экономиканы басқару, оның ұйымдастыру құрылымын реттеу шаруашылықты жүргізудің бизнеске негізделген мына төмендегі жаңа принциптері туындайды:
— өнім өндіруді көбейту оның бәсекелестік деңгейін көтеру
— тауардың сапасын үнемі жақсарту мақсатында өндірісті басқаруды жетілдіру
-тұрғындардың әлеуметтік экономикалық жағдайын тұрақтандыру және жақсарту
-қоғамның орташа тобының негізі ретінде меншік иелерінің қалың қауымын қалыптастыру».[27]
«Агроөнеркәсіп кешенін жекешелендіру және реформалау барысында Алматы облысында бұрынғы кеңшарлар мен ұжымдар орнында барлығы 25434 агроқұрылымдар, оның ішінде 24680 шаруа қожалықтары, 333 өндірістік кооперативтер ,63 акционерлік қоғам, 195 серіктестіктер, 24 мемлекеттік шаруашылықтар қалыптасты.
Қазір барлық ірі қараның 84 пайызы, қой мен ешкінің 82, жылқының 83, шошқаның 79 пайызы тұрғындардың жеке меншігінде.
2001 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі(сараптамалық бағалау бойынша ) 67,4 млрд теңге (үстіміздегі жылғы ағымдағы бағамен) немесе 2000 жыл деңгейіне 106,1 құрады, соның ішінде мал шаруашылығының өнімдері 30,9 млрд. Теңге ( 101), өсімдік шаруашылығы өнімдері- 36,5 млрд.Теңге( 1109,9) болды».[28]
Ауыл шаруашылығында шағын және орта бизнесті ұйымдастыру — агроқұрылымдардың жекешелендіруден кейінгі кездегі дамуының айқын белгісі.
Мүлікті мемлекет меншігінен айыру барысында қалыптасқан жаңа шаруашылықтық нысандарының ең қолайлы мөлшерін айқындау кәсіпкерлікті ұйымдастыру және оны дамытудың алғашқы шарты. Бұл сайып келгенде, ауыл шаруашылығы өндірісін бизнеспен ұштастыра басқару, агробизнес субъектілерінің ең тиімді өндірістік құрылымын айқындау, меншіктік қарым- қатынастарды шаруашылықтың барлық формалары бойынша тереңдете беру міндеттерінен туындайтын объективтік құбылыс
«Аграрлық бизнестің тиімділігін арттыруда маркетингтік қызмет ерекше рөл атқарады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі маркетингтік қызмет, ол жөніндегі экономикалық ұғым өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Ауыл шаруашылығыныңжоғарыда аталған ерекшеліктері өнімдердің біркелкі өндірілмеуінің, оның деңгейінің жыл ішінде өзгеріп тұруының басты себебі. Осыған байланысты өндірістік шығын да саудадан түскен түсім- ақша, т. б. мөлшері де жыл ішінде біркелкі болмайды, олар тiпті айлар бойында да өзгеріп отырады. Ал тұрғындар болса, азық- түліктік өнімдердің, тұтынуға дайын тауарлардың жыл бойы бірқалыпты өндіріліп отырылуын талап етеді. Ауыл шаруашылығының мұндай ыңғайсыздығының кері әсерлігінің бетін қайтарып, өнімдерді бір қалыпты өндіру, тұтынушыларды әрқашан дайын өнім түрлерімен қамтамасыз етудің шешулі шарты маркетингтік жүйені игеру».[29]
Маркетингтік қызметтің құрамдас бөлігі жарнама. Аграрлық өнеркәсіптік кешенінің нарықтық қарым- қатынастарға көшуінің қазіргі қиын да өтпелі кезеңінде жарнама беру өз дәрежесінде емес. Көптеген өнімдер мезгілімен, дер кезінде өтпей, қоймаларда ұзақ сақталып дүкен сөрелерінде жатып қалуының көп себептерінің бірі біздегі жарнама жұмыстарының ойдағыдай ұйымдастырылмағанында
«Жарнамалық қызмет нарыққа түсетін тауарлардың сапасын жақсартуға, нәтижесінде олардың бәсекелестік деңгейін көтеруге де белгілі ықпал жасайды. Экономикасы мықтап дамыған елдерде азық-түлік нарығы түрлі өнімдермен толы фирмалар жарнама үшін қаржы аямайды. Өйткені, оған жұмсалатын шығындар 2- 2,5 есе пайдамен қайтарылатынына шетелдік кәсіпкерлер сенімді. Шағын және орта бизнесті ұйымдастыру нарықтық ақпараттарды жолға қоюмен тығыз байланысты. Бұл тұста маңызды мәселелер қатарына, біріншіден, бағаны жатқызуға болатын болса, екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс динамикасын айқындайтын ақпараттар».[30]
Ауыл шаруашылығында шағын және орта бизнесті ұйымдастыруда бизнес- жоспардың рөлі айықша. Кейбір зерттеулерде нарықты жоспарлауға, ал жоспарлауды оған қарама- қарсы көрсетіп жатады. Бірақ, өндірістік қарым- қатынастардың жаңарған қазіргі жағдайында бизнестік қызметті шаруашылықтар деңгейінде жоспарлау ауадай қажет. «Экономикасы дамыған шет мемлекеттердің іс- тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес- жоспар әркімнің ойлаған ойының орындалуының және басталған жаңа жұмыстың ізгі қорытындымен аяқталуын сендіретін құжат. Оның негізінде әрбір аграрлық құрылым өз жұмысын тиянақты түрде ұйымдастыру, өндірістің көлемін, әрі сапасын сұранысқа қарай болжамдайды, кeлешекте атқарылатын жұмыстарға бағдарлама жасайды. Мұнда бәсекелестік, тәуекелдік, маркетинг, менеджмент, сондай- ақ шығындарды есептеу, қаржы көздерін анықтау, т. б. кешенді түрде қарастырылады».[31]
Қорытындылай отырып, бизнес жоспар шағын және орта бизнесті ұтымды ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі, ол қазіргі аграрлық құрылымдардың тиімділігін арттыруға, сөйтіп аграрлық өнеркәсіптік кешенін тұрақтандыруға белгілі ықпалын тигізeді
Қорытынды
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында шағын және орта бизнесті дамытуға біршама бетбұрыс жасалды. Нәтижесінде кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар саны 3 есе, оның субъектілері бойынша өндірілген өнімі 2 есе өсті. Ауыл шаруашылығында шағын және орта бизнесті ұйымдастыру — агроқұрылымдардың жекешелендіруден кейінгі кездегі дамуының айқын белгісі.
Аграрлық бизнестің тиімділігін арттыруда маркетингтік қызмет ерекше рөл атқарады. Агроөнеркәсіп кешеніндегі маркетингтік қызмет, ол жөніндегі экономикалық ұғым өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Ауыл шаруашылығыныңжоғарыда аталған ерекшеліктері өнімдердің біркелкі өндірілмеуінің, оның деңгейінің жыл ішінде өзгеріп тұруының басты себебі. Осыған байланысты өндірістік шығын да саудадан түскен түсім- ақша, т. б. мөлшері де жыл ішінде біркелкі болмайды, олар тiпті айлар бойында да өзгеріп отырады. Ал тұрғындар болса, азық- түліктік өнімдердің, тұтынуға дайын тауарлардың жыл бойы бірқалыпты өндіріліп отырылуын талап етеді. Ауыл шаруашылығының мұндай ыңғайсыздығының кері әсерлігінің бетін қайтарып, өнімдерді бір қалыпты өндіру, тұтынушыларды әрқашан дайын өнім түрлерімен қамтамасыз етудің шешулі шарты маркетингтік жүйені игеру
Маркетингтік қызметтің құрамдас бөлігі жарнама. Аграрлық өнеркәсіптік кешенінің нарықтық қарым- қатынастарға көшуінің қазіргі қиын да өтпелі кезеңінде жарнама беру өз дәрежесінде емес. Көптеген өнімдер мезгілімен, дер кезінде өтпей, қоймаларда ұзақ сақталып дүкен сөрелерінде жатып қалуының көп себептерінің бірі біздегі жарнама жұмыстарының ойдағыдай ұйымдастырылмағанында.
Жарнамалық қызмет нарыққа түсетін тауарлардың сапасын жақсартуға, нәтижесінде олардың бәсекелестік деңгейін көтеруге де белгілі ықпал жасайды. Экономикасы мықтап дамыған елдерде азық-түлік нарығы түрлі өнімдермен толы фирмалар жарнама үшін қаржы аямайды. Өйткені, оған жұмсалатын шығындар 2- 2,5 есе пайдамен қайтарылатынына шетелдік кәсіпкерлер сенімді. Шағын және орта бизнесті ұйымдастыру нарықтық ақпараттарды жолға қоюмен тығыз байланысты. Бұл тұста маңызды мәселелер қатарына, біріншіден, бағаны жатқызуға болатын болса, екіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс динамикасын айқындайтын ақпараттар.
Ауыл шаруашылығында шағын және орта бизнесті ұйымдастыруда бизнес- жоспардың рөлі айықша. Кейбір зерттеулерде нарықты жоспарлауға, ал жоспарлауды оған қарама- қарсы көрсетіп жатады. Бірақ, өндірістік қарым- қатынастардың жаңарған қазіргі жағдайында бизнестік қызметті шаруашылықтар деңгейінде жоспарлау ауадай қажет. Экономикасы дамыған шет мемлекеттердің іс- тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес- жоспар әркімнің ойлаған ойының орындалуының және басталған жаңа жұмыстың ізгі қорытындымен аяқталуын сендіретін құжат. Оның негізінде әрбір аграрлық құрылым өз жұмысын тиянақты түрде ұйымдастыру, өндірістің көлемін, әрі сапасын сұранысқа қарай болжамдайды, кeлешекте атқарылатын жұмыстарға бағдарлама жасайды. Мұнда бәсекелестік, тәуекелдік, маркетинг, менеджмент, сондай- ақ шығындарды есептеу, қаржы көздерін анықтау, т. б. кешенді түрде қарастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.www.m.inform.kz/ Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 42-орынға шықты\\30.09.2015 15:55
2.Нұрымов Б.\Қазақстан Республикасының ғаламдану жағдайындағы ұлттық экономикасы\Алматы\147-б
3.Оспанов Д. Кәсіпорындар экономиканың қозғаушы күші // Семей таңы. – 2010. – 20 тамыз.-б.2.
4.«Экономикалық теория негіздері» Н.Балқияұлы, Алматы.231-б
5.Шүмеков З.Ш. Сүйіндіков Ж.С. Жаңағұлов А.Ш. « Экономикалық теория» Қарағанды, 2010. 247-б
6.Мубарак Тлеуберген. Экономическая оценка сельского-хозяйства. – Алматы: Қазақ университетi, 2013. — 235 с.
7.http://group-global.org/kk/publication/5590-kr-dagy-auyl-sharuashylygyndagy-shagyn-biznestin-manyzdy-mseleleri\\ҚР-дағы ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің маңызды мәселелері’\\Muratbaeva Aliya Melisovna
8.Шүмеков З.Ш. Сүйіндіков Ж.С. Жаңағұлов А.Ш. « Экономикалық теория» Қарағанды, 2010. 247-б
9.«Экономикалық теория негіздері» Н.Балқияұлы, Алматы.235-б
10.Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ,. Экономикалық теория негіздері. Оқу кұралы — Алматы, Санат, 2010ж 312- б
11.Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл, орман және балық шаруашылығы. (статистикалық жинақ) Шымкент. 2011ж.
12.http://www.aktobegazeti.kz/?p=38121\\Ауыл шаруашылығының тұрақты даму жолы — кооперация\\Мамыржан Ботабеков\\31 наурыз 2016
13.Нұрымов Б.\Қазақстан Республикасының ғаламдану жағдайындағы ұлттық экономикасы\Алматы\147-б
14.http://group-global.org/kk/publication/5590-kr-dagy-auyl-sharuashylygyndagy-shagyn-biznestin-manyzdy-mseleleri\\ҚР-дағы ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің маңызды мәселелері’\\Muratbaeva Aliya Melisovna
15.Сағындықов.Е.Н., Жүнісов.Б.А., Байжомартов.Ү.С., Комяши.Б.И.,Жалпы экономикалық теория: Оқулық. – Актөбе, «А — Полиграфия», 2009. – 384 б,;
16.www.kazagro.kz Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры туралы\Светлана Боярская\20.10.2016 12:47
- www.kazagro.kz Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры туралы\Светлана Боярская\20.10.2016 12:47
18.www.baiterek.gov.kz \Холдингтің стратегиясы\Сағындықов Е\14.11.2013
19.http://group-global.org/kk/publication/5590-kr-dagy-auyl-sharuashylygyndagy-shagyn-biznestin-manyzdy-mseleleri\\ҚР-дағы ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің маңызды мәселелері’\\Muratbaeva Aliya Melisovna
20.Нұрымов Б.\Қазақстан Республикасының ғаламдану жағдайындағы ұлттық экономикасы\Алматы\147-б
21.Stat.alem.kz \ Білдіңіз бе? \ Тамақ өнеркәсібі жайлы \ Салменов Е.
22.www.kazagro.kz \ Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстанда болды\10 наурыз\Н.Нұрахмет
23.http://group-global.org/kk/publication/5590-kr-dagy-auyl-sharuashylygyndagy-shagyn-biznestin-manyzdy-mseleleri\\ҚР-дағы ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің маңызды мәселелері’\\Muratbaeva Aliya Melisovna
24.«Экономика» С. Әкімбеков, А.С. Баймухаметов, У.А. Жанайдаров, Астана.2014,41-б
25.www.stat.gov.kz Ауыл шаруашылығының 2016 жылғы қаңтар айына қарасты аудандар бойынша статистикасы
26.Экономикалық теория бойынша практикалық; оқу кұралы /профессор Жатқынбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2010ж. З00 бет.
27.Оспанов Д. Кәсіпорындар экономиканың қозғаушы күші // Семей таңы. – 2010. – 20 тамыз.-б.2.
28.Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ,. Экономикалық теория негіздері. Оқу кұралы — Алматы, Санат, 2010ж. 115-б
29.Упушев, Е.М. Провольствие, экономика. – Алматы: НИЦ Ғылым, 2011. — 396 б.
30.Қалдыбаев О., Теміров Е. “Нарықтық экономикалық анықтамалық”. Алматы, 2011 61-б
31.Мубарак Тлеуберген. Экономическая оценка сельского-хозяйства. – Алматы: Қазақ университетi, 2013. — 235 с.
Құрастырғандар: Зекенова А., Кеңесбек Ә.