ҚР ВЕНЧУРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ

 

Мазмұны

Кіріспе

Венчурлік бизнестің қазақстан республикасында даму перспективалары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан экономикасы әкімшіл-әмірішілдіктен нарықтық экономикаға өтуде қиын кезеңдерден өтті. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық экономикаға өтуде қажетті мынадай бағыттарды ұстануда-мемлекеттік меншікті жекешелендіру,қаржылық,несиелік саясат,құнды қағаздар нарығын құру,жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлікті қолдау,шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.

XXI ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.

«Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады»[1].

Қазіргі таңда Қазақстанның инновациялық дамуы – біз үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның үстіне бүгінде ел Президенті әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру мақсатын қойып отыр. Жаңғыртуларсыз, жаңа технологияларсыз және тұтастай инновацияға екпін бермейінше бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Әрі мұны бәрі түсініп отыр. Егер әлемдік тәжірибеге көз салсақ, нақ осы инновация дамыған мемлекеттер экономикасын өсірудің негізгі құралы ретінде венчурлік бизнес саласын дамыту әсер еткенін көруге болады. Осыдан шығатын ендігі мәселе – шикізат тәуелділігіне ие Қазақстан экономикасын осы салаға бағыттап, айырықша көңіл бөле отырып, сол саланы барынша қарқынды дамыту. Өкіншке орай, венчурлік бизнес саласы елімізде кенжелеп келеді. Сол себепті қарастырылып отырған тақырыбымыз бүгінгі күнде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Жалпы, венчурлік бизнес дегеніміз — технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады.

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда.

«Инновациялық іс-әрекеттердің нақты секторға қызмет көрсету жүйесін кешенді ілімін зерттеп, тұжырымдамасын әзірлеуге дамыған елдердің шетелдік ғалым-экономистері: Н.Леончев, И.Перлаки, В.Д. Хартман, Э.Мэнсфилд, Р.Фостер, Б. Твисс, И Шумпетер, Э.Роджерем, Ф. Никсон, Б.Санто және басқалары елеулі үлес қосқан. Олардың инновация ұғымын өздерінің зерттеу объектілері мен құралына байланысты қолданған жұмыстарында жалпы ілімдік тұрғыда қарастырған ғылыми еңбектері қызығушылық туғызады.

Отандық ғалым-экономистер А.Қ.Қошанов, М.Б.Кенжегузин, А.Е.Есентугелов, О.Сабден, Б.Н.Исабеков, Д.Муканов, Т.Исахметов, Р.С.Каренов, С.Шілікбаев, А.Ж.Орманбаев, А.Акчурин, А.Н.Дауренбекова, Н.Урузбаева, О.Қалдыбаев, К.Қажымұрат еңбектерінде кәсіпкерліктің инновациялық даму мәселелері кеңінен талданып, қомақты зерттеу жұмыстары жүргізілген»[2].

Венчурлік инвестициялау тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке алынбаған, үлкен тәуекелділікке ие жоғары ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.

Шағын бизнес жүйесінде инновациялық процеске өз қызметін арнайтын бөлігі маңызды роль атқарады. Оған жоғары дәрежеде елдің интенсивті экономикалық өсуі және халық шаруашылығының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату тәуелді болып табылады. Шағын инновациялық бизнеске салааралық сипат тән. Мұндай бизнестің объектісі – оны ғалымдардың шығаруынан тәжірибеге енгізуге дейінгі барлық идеялардың ғылыми қозғалысы, яғни венчурлік бизнесті жүзеге асыру кезеңдері деп ойлаймын.

Теориялық талдау негізінде венчурлік қаржыландырудағы инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың қалыптасқаны анықталды:

  • инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс ретінде қарастырған.
  • инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді. Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі, венчурлік бизнестің негізгі қозғаушы күші. Оның негізі — өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.

Шағын инновациялық бизнесті көбінесе тәуекелдік және венчурлік деп атайды. Бұл шағын бизнестің инновациялық қызметтің өзінің ерекшеліктерінен басқа, сыртқы орта өзгеруінен жоғары тәуелдігімен сипатталады. Шағын бизнестің тәуекелділік деңгейін туралы орташа есеппен алғанда әрбір он венчурлік фирмалардың тек бір-екеуі ғана жетістікке жететін фактісі көрсетеді. Тағы да бір инновациялық жобалардың көңіл толтырмайтындығы: орташа алғанда жүзден тек екеуі ғана қаржыландырылады.

Жоғары тәуекел сонымен қатар, оның жоғары компетенциясымен де жүргізіледі: инновациялық жобаларды енгізуден мүмкін пайда нормасы бұрынғыға қарағанда жоғары болуы мүмкін, инновациялық салаға және сәйкес шағын бизнестің өмір сүруіне мүмкіндік береді, басқа жағдайда болмас та болар еді. Сонымен қатар, инновациялық жобаның жүзеге аспау қаупі жоғары екенін есте сақтау қажет. Егер де осындай жобалар көп болып, олар салалық жоспарда жайғастырылса, заң бойынша тәуекел саны минизацияланады және инновациялық бизнестің жетістікке жету ықтималдылығы жоғарылайды. Сондай-ақ, сәтті инновациялық жобалардан түсетін пайданың жоғарлығы соншалықты, ол сәтсіз басталған барлық шығындардың орнын толтыра алады. Осыдан тәжірибе жүзінде дәлелденген инновациялық жобаларды орталықтандырумен және қаржылық тәуекелді диверсификациялау негізінде оларды енгізуді ұйымдастырумен айналысатын венчурлік қор деп аталатын тиімділікті қызмет ету дәлелдемесі шығады. Мұндай қорларда шетелде шағын инновациялық фирмаларды қаржыландыру үшін арналған капитал шоғырланады.

Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация — өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.

Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.

«Инновацияның дамуына қозғаушы тетік — бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолдары мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа иеленеді. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді.

Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2009 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2009-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты — шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған».[3]

ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.

Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады.

Венчурлік кәсіпкерлікте көптеген ұйымдастырушылық формалары бар. Олардың ішінде «тәуелсіз», көбінесе инвестициялық қор капиталын пайдаланатын ұсақ, инновациялық фирмалар; сыртқы венчурлік қор капиталы деп аталатын, өнеркәсіптік корпорациялардың үлестік негізде ұйымдастырылған енгізушілік фирмалар; ерікті венчурлі бөлімше ретіндегі кәсіпкерлік топтың негізі болып табылатын корпорацияның «ішкі венчурлі бөлімі».

«Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні:

  • инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы;
  • ол- шетел фирмаларының Ресейдегі  зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады.»[4]

Қазақстандағы ғылымның негізгі проблемаларының бірі ғылыми зерттеулердің аяқталмаушылығы, олардың өндірістен қол үзушілігі болып табылады. Ғылыми әзірлемелердің қажетсіздігі, ғылым жүйесіндегі қазіргі құрылымдық диспропорция және соның салдарынан өнеркәсіптегі инновациялық белсенділіктің төменгі деңгейі өндіріс факторларының өнімділігін арттыру ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс негізінде ғана мүмкін бола тұрса да, экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін жете бағаламаумен түсіндіріледі.

Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді.

«Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті. Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру. Қазіргі таңда Қазақстан венчурлік капиталы және тікелей инвестициялау ассоциациясы құрылып, оған 9 венчурлік қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі таңда 5 венчурлік қор 5,6 млрд теңге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр. Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлік қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер. Венчурлік инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму деңгейінен өтеді». [5]

Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.

Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңды реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы концессия туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.

Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасаудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды.

Кесте 1. Инновациялық компанияның даму деңгейлері

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-85

Ескерту: мәліметтер Аязбаева Г.Б. Венчурлық капиталдың қалыптасу көздері/ Г.Б. Аязбаева, М.А. Каликов, Ж.Ж. Жұматай жб.//-271-274б..-Алматы : Қазақ ун-ті, 2012 статьясынан алынған.

Әлемдік экономикада концессияның рөлі ұлғаю үрдісінде. Егер де ХХ ғасырда концессияны тек жер қойнауын пайдалануда қолданса, 1990 жылдан бастап концессияғамемлекеттік меншіктің көптеген басқа да объектілері беріле бастады.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда. Әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда, т.б.

Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы «ұзын» ақшаларды қажет етеді. Біздің ойымызша, зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобаларды өтеу мерзімінің ұзақтығында. Өйткені бюджет 3 жылға жоспарланады, сондықтан бюджеттік жүйе 3 жыл өткен соң қаржыландыруға кепілдік бере алмайды және салық кодексіне енгізілетін өзгерістерде кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан заң потенциалды концессионерлердің құқықтарын толық қолдай алмай отыр.

Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор. Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық циклді қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы қажетті құрал-жабдықтарды лизингке алу болып табылады.

«Лизинг қазіргі кезде Қазақстанда да қалыптасу және даму кезеңін өткеруде. Лизингті дамыту үшін заңдық-құқықтық актілердің қабылдануы банкілер мен саудалық құрылымдар құрған, мемлекет немесе ҚР заңдары бойынша заңды тұлға болып есептелетін және шетел компаниялары тарапынан қаржыландырылатын түрлі лизингтік компаниялардың пайда болуына септігін тигізді. Лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банкілердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банкілердің көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны қарқынды түрде арта түсті»[6].

 «Мәліметтері бойынша лизингтігк операциялар көлемінің ауылшаруашылығы машиналары, құрал-жабдықтары және компьютер лизингі операцияларында қарқынды түрде артқандығы байқалады. Көрсетілген жылдар барысында негізгі өсім құрылыс жабдықтарының лизингінде байқалып отыр. 2008 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 63,8 есеге өскен (Кесте-2). Республикамызда көрсетілген лизингтік қызметтердің жалпы көлемінің артуына қарамастан, лизингтің даму деңгейі әлі күнге дейін қойылған талаптарға сай емес. Бұл, ең алдымен, лизингтің ұйымдық-экономикалық тетіктерінің тиімсіз әрекеттілігіне, лизингтік қызметтердің құрамы мен түрлеріне қатысты ақпараттардың тапшылығына, осы саладағы мамандардың білімдері мен тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне және лизингтік компаниялардың басым көпшілігінде инвестициялық мүмкіншіліктің төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпорындар мен банкілердің үлесі бар компаниялар лизингілік қызметтерді ұсынуда. Ал жеткілікті потенциалы бар ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар лизингілік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда.

Франчайзинг кәсіпорынның өз өнімін сату нарығын шұғыл кеңейтуге кәсіпорында жоқ елеулі қаржылық салымдарсыз мүмкіндік береді. Франчайзинг франчайзердің саудалық белгісімен жұмыс істей отырып, пайда өсімін, оның өзін (франчайзер компания) және өнімін жарнамалануын қамтамасыз етеді.» [7]

Кесте 2. Лизингтік қызметтер

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-86

Ескерту: мәліметтер Тюлеубай Б. Венчурлік кәсіпкерліктің түсінігі , қалыптасу тарихы/ Б.Тюлеубай, А.С. Ашимова // 46-51 б..-Усть-Каменогорск,2015 еңбегінен алынған.

«Қазақстанда 2014 жылы франчайзинг айналымы 500 млн. АҚШ долларын құрады. ҚР «Франчайзинг туралы заң» (2012ж.) қабылданды, 150 франчайзинг жүйесі және 1000-нан аса франчайзинг пункттері жұмыс істейді. Қазақстан ұлттық франчайзинг ассоциациясы құрылды. Франчайзинг мемлекеттік деңгейде қолдау тауып отыр. Соның арқасында 2011-2014 ж.ж. франчайзинг жүйесі елімізде 3 есеге өсіп отыр. Франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтіндер саны 14000 адамды құрайды. Бірақ франчайзингтің одан ары дамуына келесі факторлар кері әсер етуде: франчайзинг секторына мемлекеттік жеңілдіктердің қарастырылмағандығы, интеллектуалды меншіктің нашар қорғалуы, кәсіпкерлердің «ұзын» ақшаны алуға шектеулігі, франчайзинг туралы ақпараттың жетіспеушілігі.»[8]

Дамыған экономикалы елдерде (АҚШ, Жапония, Финляндия) өнеркәсіп кәсіпорындары НИОКР-ды өзін өзі ақтау мен өзін өзі қаржыландыру шарттарында жүзеге асырады және мемлекеттік шығыстардың үлесіне  орта есеппен 30 % келгенде, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге арналған барлық ұлттық шығыстардың 70 %-ына дейін игереді. Атап айтқанда, соңғы жылдар ішінде мемлекеттің ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсаған шығыстары: Швецияда ІЖӨ-ден 4 %-ға жуық, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда – шамамен ІЖӨ-ден 3 %-ды, Ұлыбритания мен Францияда – 2 %-дан астамды құрады. Еуроодақ өзінің барлық мүшелеріне  ғылымға бөлінетін қаржының деңгейін ІЖӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынады.

Қазақстанда соңғы бес жыл ішіндегі ғылымды қаржыландыру көлемі  шамамен ІЖӨ 0,2 %-ын құрайды, бұл жеткіліксіз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерін негізге ала отырып, 2010 жылға қарай ғылымды ІЖӨ-нің 2 % деңгейіне дейін және 2015 жылы 2,5-3 %-ға дейін қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру қажет.[8]

Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, венчурлік бизнес ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестіктің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі. Венчурлік бизнестің нақты ролі келісілерде айқындалады:

  • қажеттіліктерін өтейді;
  • арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етед.
  • іғылыми-техникалық базалардың негізінқұрайды.

Венчурлік бизнес өз кезегінде дамыған ірі компаниялармен бәсекеге түсіп, үлкен жетістіктерге жете алады. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, фирманың іскерлік стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 6 жыл және одан да көп уақыт қажет. Венчурлік кәсіпорындар үшін бұл мерзім жарты жылдан жеті жылға дейін барады. Екіншіден, дәстүрлі саналатындай, технологиялық инновациялар- ірі бизнестің саласы. Бірақ статистика бойынша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін технологиялық инновацияның радикалды 95%-ы венчурлік бизнес саласынан шықты. Қазіргі кезде шағын фирмаларда инновация мен ашылулар ірі фирмаларға қарағанда 24 есе көп[9].

Әлемдік тәжірибеде венчурлік қаржыландырудың негізгі үш орталығы бар, олар: АҚШ, Канада, Европа мен Оңтүстік-Шығыс Азия. Осы мемлекеттер әлемдік венчурлік нарықты қаржыландырып, бақылап отыр. Көп инвесторлардың назарын даму перспективасы жөнінен Израиль, Индия, Австралия елдері қызықтырып отыр. Ал, мамандар көзқарасы бойынша Қытай әлі күнге дейін шешілмеген мәселе ретінде қалып отыр. Ал, Таяу Шығыс елдері (Израильден басқа), Оңтүстік Америка және Африка мемлекеттері венчурлік инвесторларды қызықтыра алмай отыр.

АҚШ, Нидерланды, Германия, АҚШ, Жапония, Ұлыбритания елдері әлемдегі ең ірі жоғары сапалы технологияларды экспорттаушылар болып табылады. АҚШ ең көп тәуекелге бел буатын болғандықтан, венчурлік бизнес саласы да бірінші орында. Елдің ғылыми- техникалық даму әлеуеті сәйкесінше сол елдің инновациялық жобаларының жүзеге асырушылық мүмкіндігін сипаттайды. [9].

«Көптеген мемлекеттердің ғалымдары ұзақ уақыт бойы шағын бизнеске анықтама беруге тырысқан. АҚШ Комитет Конгрессі кіші бизнеске 700-дей анықтама берген. Шағын бизнесті сипаттау үшін көптеген критерийлер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, депозиттер көлемі, пайда көлемі. Олардың кең тарағаны жұмысшылардың саны болып табылады. Германияда шағын бизнеске 1-ден 500-ге дейін жұмысшылары бар кәсіпорынды жатқызады. Олар төрт категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін; 50-ден 99-ға дейін; 100-ден 199-ға дейін; 200-ден 499-ға дейін. Германияда жылдық айналымы 3,5-нан 11,5 миллионға дейін болатын кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға жатады. Жұмыс орындарының үштен екі бөлігін шағын кәсіпкерлік қамтамасыз етеді» [10].

Кесте 3. Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-87

Ескерту: мәліметтер Жорабаева Ж.Қ. ҚР инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландыру дамуының мәселелері/ Ж.К. Жорабаева , Н.С. Сабитова// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.-2016.-№2/2.-203-206б. еңбегінен алынған.

«Жапонияда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының критерийлері заңмен анықталған: өнеркәсіпте, көлік саласында және құрылыста- 300 адамға дейін, көтерме саудада- 100, қызмет көрсету саласында- 50. Заң бойынша жарғылық капитал да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыс және көлік саласында- 770 мың доллардан аспау керек, көтерме саудада- 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында- 77 мың доллар.

Ресей заңнамасы бойынша кіші кәсіпкерлікке жататындардың жұмыскерлер саны келесідей болу керек:

  • өнеркәсіпте- 200 адамға дейін;
  • құрылыста- 100 адамға дейін;
  • көтерме саудада- 50 адамға дейін;
  • ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;
  • ғылым мен өндірістік емес салада- 25 адамға дейін;
  • бөлшек саудада- 15 адамға дейін.

Қазақстан Республикасының заңы бойынша шағын бизнеске жататын кәсіпорындардың жұмысшылар саны келесідей болу керек:

  • өнеркәсіпте, құрылыс саласында және ауылшаруашылықта- 50 адамға дейін;
  • саудада және тұрмыстық қызмет көрсету саласында- 30 адамға дейін;
  • көлік және байланыс саласында- 25 адамға дейін;
  • ғылым мен инновациялық салада- 20 адамға дейін» [11].

Қазіргі заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады, бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар- тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарым-қатынастардың нақты формальды түрде болмауы.

«Шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанның шағын бизнесіне келесідей анықтама беруге болады. Бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, шектелген географиялық аймақта жұмыс істейтін және нарықтың шектелген үлесіне иеленетін, негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайтын, басқару ісін осы кәсіпорынның негізін қалаушылар жүргізетін кәсіпорындар шағын бизнеске жатады. Шағын бизнес мемлекет экономикасына қажетті жаңа жұмыс орындарды қамтамасыз етеді. Американ Экспресс мәліметі бойынша, барлық жаңа жұмыс орындар ірі компаниялармен қамтамасыз етілмейді, олар жаңа ғана құрылған шағын фирмалармен бірге пайда болады. Мысалы, 1987 жылы жаңа жұмыс орындарының өсу темпі АҚШ-тың 12 миллион шағын фирмаларда 500 ірі компаниялардың жұмыс орындарының өсуінен 3 есе көп болған.

Кіші бизнес ірі фирмалардың және компаниялардың жақсы жұмыс істеуі үшін жағымды шарттар қалыптастырады. Мысалы, Жапонияда 50- жылдардан бастап контракт арқылы ірі фирмалардан мамандандырылған шағын фирмаларға берілген жұмыстың көлемі өте тез өскен. 1966 жылмен 1981 жылдары арасында ірі компаниялармен контракт арқылы жұмыс істейтін шағын фирмалардың үлесі 53,5 %-дан 65,5 %-ға дейін көбейген. Ал, электронды өнеркәсіпте бұл үлес 1981жылы 85,7%- ға дейін жетті» [12].

Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі- коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы.

Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес- жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды іс-шаралар Әлемдік тәжірибеде франчайзинг кеңінен қолданылып отыр. Ал ҚР шетел франшизасының үлесі үлкен. Қазақстанада негізінен дистрибьютивтік/саудалық франчайзинг ғана дамып отыр, ал шет елде керісінше, кәсіпкерлік франчайзингінің үлесі саудалық франчайзингтен жоғары.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.

Соңғы он жылда Қазақстанда, басқа да ТМД елдеріндегідей технологиялық деградация тенденциясы орын алды. Өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа технологиялар әлсіз меңгерілді, прогрессивті өнім өндірісі төмендеді, ғылыми-техникалық потенциал қысқарды.

Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің қазіргі жағдайы абсолютті сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша сапасының нашарлауы тенденциясына ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты.

«Дамығын елдер тәжірбиесі көрсеткеніндей, экономикалық дамудың негізгі гранты – ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80-жылдардан бастап барлық алдыңғы қатардағы елдер белсенді ғылыми-техникалық саясат жүргізе бастады. Бір ғана мысал, ол елдердің ғылымға жұмсаған шығындарынан да көруге болады. Атап айтсақ, 2015 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге ие: АҚШ – 246 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,9℅), Жапонияда – 94,2 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0℅), Германияда 45,8 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,35℅), Францияда – 28,0 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,25℅), ал Швецияда 7,6 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 4,0℅) болып отыр. Бұл кестеде Қазақстан Республикасы ең төменгі орын болып отырғанын көреміз. Басқа мемлекетке қарағанда бізде ғылымға арналған шығын көлемі аз болып отыр» [13].

Кесте 4.­ 2015 жылы Әлемдегі мемлекеттердің ғылымға арналған шығындары

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-88

Ескерту: мәліметтер Кукиева А.Ж. Қазіргі кезеңдегі

индустриалды-инновациялық даму ерекшеліктері мен негізгі мәселелері/ А.Ж. Кукиев,Д.А. Садыхановна// ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы.-2016.-№3/2.-225-229 б. статьясынан алынған.

Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.

«Жалпы бірінші бөлімді қортындылай келген де, қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл — өнеркәсіпте жаңалықтар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік акт, үкімдер бойынша жүзеге асырылады.

Ғылыми-техникалық саланы дамытудың негізгі қағидаттары мыналар болуға тиіс: жүйелілік; бәсекеге қабілеттілік; ашықтық; коммерцияландыруға бағдарланушылық; серпінді сипат және әлемдік ғылыми кеңістікке кіру; ғылымды, білімді және өндірісті біріктіру»[15].

Венчурлік бизнес көпшілікке әлі де танымал емес істің осы түріне соңғы жылдары ғана айрықша назар аударыла бастады. Басқасын былай қойғанда, отандық қаржы шолушысының бірі түйіндегендей, Қазақстан азаматтарының қаржылық кеңістіктегі жаңалық болып отырған венчурлық қорлардың нақты қызметін терең біле қоймайтыны да шындық. Әрине, оған қорлар жұмысының ашық-жариялы «мөлдірлік» сипатқа ие болмауы да көп әсер етуде. Елімізде бес венчурлық қордың бар екендігіне, ал кеше оның алтыншы нұсқасының құрылғанына қарамастан, ол жалпақ көпшілік үшін әлі де жұмбақтау бизнестің түрі болып тұр.

Инновацияны дамытуды бұл ретте әлемдегі жаңа бетбұрыстарға оң қадам басқан Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыруға қажетті жағдайлардың ең негізгісі деуге де болады. Инновациялық-индустриялдық жобаларды жүзеге асырып, оны қоғамның алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жетуіне жұмыс істету үшін орасан қаржы қажет. Ал сол қаржылардың басым бөлігі өркениетті елдерде осы венчурлық қорлардың қолында ғана тиімді жұмсалды. Шетелдерде банктің пайызы жоғары несиеден гөрі венчурлық қордың қаржысын тәуір көреді. Өйткені онда «жоғары пайыз жоқ, тек үлкен тәуекел бар»

 Жапония және Оңтүстік Корея сияқты елдерде ірі кәсіпорындар үшін  технологиялар трансферті саласында мемлекеттік қолдау (зайбатсу, чеболи) жүзеге асырылды. Мемлекет патенттер, лицензиялар алуға қаржы қаражатын бөлді және оларды осы кәсіпорындарға  оларды өндіріске енгізу үшін берді. Жапонның Mitsubischi корпорациясы өндірісінің құпияларын игерген Hundai корпорациясы айқын мысал бола алады.

Осыған байланыстығылыми-техникалық қызмет нәтижелерін нарыққа жылжыту үшін мемлекет пен ұлттық даму институттарының рөлін ескере отырып, технологиялар трансфертін іске асырудың дәл схемасын әзірлеу қажет.

Технологиялар трансферті жүйесін іске асырудың негізгі бағыттары қазақстандық мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен шетелдік зерттеу ұйымдарының немесе жеке кәсіпорындардың арасындағы зерттеу және коммерцияландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығын ынталандыру, ғылыми-зерттеу институттарын, компанияларды және үкіметтік ведомстволарды тартатын бірлескен ғылыми-зерттеу кешендерін құру, шетелдік патенттерге лицензиялар сатып алу, инновациялық менеджмент саласында менеджерлер даярлау болуға тиіс.

Тап бүгінде ұлттық инновациялық жүйені құрудың бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталып жатыр. Ендігі мақсат – венчурлық бизнеспен «Қазына» да, оның еншілес компаниялары да емес, жекеменшік секторлардың тікелей айналысуын қамтамасыз етуіне тіреліп тұр. Дамыған елдерде бизнестің бұл түрі, негізінен, қалталы адамдардың қолында. Ал бізде оны құрып, аяғынан нық тұрғызуды мемлекет «Қазына» тұрақты даму қоры» арқылы ғана жүзеге асыру үстінде. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында индустриалды-инновациялық стратегияның аясында инновациялық технологияларды өндіріс пен өнеркәсіпке белсенді түрде енгізу керектігін атап көрсеткенін ескерсек, венчурлық инвестициялық саясаттың қандай маңызды тетік екендігін шамалай беруге болады. Аталған стратегияны жүзеге асыру үшін жалғыз «Қазынаның» ұмтылысы жеткіліксіз екендігі және анық .

Жалпы «Инновация» ұғымы ағылшынның «innovation» сөзінен аударғанда жаңа енгізілімдер, жаңалықты ғылыми- техникалық игеру мағынасын береді.Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық үрдіс 4 қолданбалы кезеңдерден құралады:

  • іргелі ізденістік ғылыми- зерттеулік жұмыстар жүргізілді;
  • қолданбалы ғылыми-зерттеулік жұмыстың соңғы іске асуына мүдделі, инвесторлардың тапсырыстары мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми- зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады;инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико- экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өнделетін тәжірибелі- конcтрукторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады;
  • сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық- сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезең.

Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларына келетін болсақ, оның келесідей негізгі үш түрі бар.

Бұрыннан қызмет етуші компаниялар шегінде қалыптасатын шағын кәсіпкерлік субъектілері жас компаниялардың құрылуының прогрессивті әдісі болып саналады. Жаңа компаниялар ірі, алдыңғы қатарлы компаниялармен бұрын ғылыми- зерттеулік және оқу- білімдік мекемелерде жұмыс істеген инженерлер мен ғалымдарды өздерінің инновациялық бағдарламалары мен жаңа өнімдерін әзірлеп, іске асыру үшін олардың күш-жігер, ойларын шоғырландыру және қолдану мақсатында жәрдемдік көмек көрсетіледі.

«Тәуекелділік- венчурлік фирмалар елеулі түрдегі тәуекелділіктегі инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін құрылатын субъектілерді сипаттайды. Жаңа технологиялар мен жаңа өнімдер саласында жаңа керемет ойларды игерген бірнеше адамдардан құралатын жобалық топ, сол өздерінің жаңа жобаларын іске асыру үшін қажетті қаржылық және басқа да құралдарды иемденбегендіктен венчурлік технологияларға маманданған венчурлік қорлар немесе инвесторлармен ынтымақтастық құрады.

Венчурлік фирма-ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе,күйіп кету мүмкіндігі мол. Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-та пайда болған. Венчурлік бизнес АҚШ-та пайда болып және сол жерде кең қанат жайды. Кез-келген кіші инновациалды бизнес материалдық және қаржылық ресурстарда шектеулі. АҚШ-та кіші инновациалды бизнесті дамыту үшін арнайы комплекстік бағдарлама әзірленген. Ол бағдарлама бойынша мемлекет кіші кәсіпкерлікті федералды бюджеттен тікелей қаржыландырады. АҚШ-тағы венчурлік бизнестің негізгі мәні: инновациялық фирмалар жаңалықтарын өткізу инвесторлардың көмегімен жүргізілуінде және кейіннен инвесторлардың осы қалыптасқан компанияның акцияларын сатып алғанда бағаға жеңілдіктер болуында. Қазіргі уақытта Ресейде венчурлік кәсіпкерліктің дамуына барлық алғышарттар қалыптасты. Біріншіден, ол- дамыған құнды қағаздар нарығының болуы. Екіншіден, ол- шетел фирмаларының Ресейдегі зиялы меншік нарығына өтуі,яғни шетел инвесторларының отандық инвестиция жобаларына инвестиция салуы. Алғышарттың бірі болып мемлекеттік зиялы меншіктің жасырын жекешелендіруі болып келеді. Ғылыми жаңалық ашқан шағын кәсіпорынды дамыту аса маңызды, оның тиімділігі экономикада, сонымен қатар әлеуметтік салада байқалады»[16].

Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізі республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.

Кесте 5. ­ Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері және оларды салыстыру

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-89

Ескерту: мәліметтер Суйеубекова А. Ж. Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуының теориялық негіздері/ А.Ж. Суйеубекова// ҚазҰУ хабаршысы Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.-2011.- №2.- 119-122 б.-Библиогр.: 7 атау. еңбегінен алынған.

«ҚР-да зерттеулер мен әзірлемелерді орындаумен айналысатын ұйымдар саны 2005 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 35 бірлікке артқан. Осы жылдардағы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада 13,2 млрд. теңгеге өскен. Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардағы персоналдың орташа тізімдік саны осы жылдарда 8,76 адамға кеміген.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымындағы ғылыми-техникалық қызметтің басты бағыты 46,4% құрайтын қолданбалы зерттеулер болып табылады. Ғылыми-техникалық әзірлемелердің 2011 жылғы үлес салмағы 2014  жылмен салыстырғанда 6 еседен артық мөлшерге өсіп, 34,7% құрады. Іргелі зерттеулер ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінің 11,7%-ын құрайды. Көбінесе коммерциялық негізде көрсетілген ғылыми-техникалық қызметтердің үлесі 7,2%-ға жетті.» [17]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-89

Ескерту: мәліметтер Кәрімбай Е. Венчурлық бизнесті басқару мен ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі/ Е.Кәрімбай, Ж.Т.Бейсенбаев//.-94-96 б..-Алматы,2014 статьясынан алынған.

 «Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы тиесілі.

Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ. Қазіргі уақытта ғылыми әзірлемелердің тек аз ғана үлесі коммерциялық қолданыс тауып отыр. Көптеген қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялар тәжірибелік-құрастыру жұмыстары кезеңінде арнайы қызметтердің жоқтығы және өндірісті игеру проблемасына кезігіп отыр, бұл технологияларды енгізу процесін тежейді. Қазақстанда инновациялық өнімді нарыққа жылжыту жөніндегі сервис әлсіз дамыған. Осы орайда инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлар жасау (тәжірибелік-құрастыру бюросы мен инжинирингтік ұйымдар, коммерцияландыру офистері) өте қажет».[18]

Кесте 6. ­2012- 2015 жылдарда ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі (млн теңге)

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-90

Ескерту: мәліметтер Халықов М. Венчурлық әдіс-қаржыландырудың қуатты көзі/ М.Халықов// Президент және Халық-2016.- 12 сәуір ( № 15).-2б еңбегінен алынған.

«2009 жылы 2000 жылмен салыстырғанда орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 23490,8-ге (485,1%-ға) артқан. Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың құрылымында жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстардың (709,5%), құрылысқа арналған жобалық жұмыстардың (534,2%) осы жылдардағы өсу қарқыны басқалармен салыстырғанда жоғары.» [19]

Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.

Инновациялық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.

Қазақстан еліндегі қалыптасушы нарықтық экономикаға қажетті масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестің берік құқықтық негізі құрылды. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілер санының тұрақты өсіп келе   байқалады.

Кесте 7. 2011 жылдың соңы мен 2013 жылдың бас кезеңі бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік

субъектілері мен кәсіпкерлердің саны

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-91

Ескерту: мәліметтер  Копжасарова Г.А. Қазақстан Республикасындағы инновациялық кәсіпкерлік: теория мен даму  механизмдері/ Г.А.Копжасарова : филос.ғыл.док…дис./Алматы, 2016 еңбегінен аоынған.

«Мұны 2011 жылдың соңы мен 2012 жылдың бас кезеңінде жеке кәсіпкерлер саны мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (заңды тұлғаларға) қатысты статистикалық мәліметтер дәлелдейді. 2011 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 36,7%-ға өскен. Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында шағын кәсіпкерлік қарқынды дамып отыр. Тіркелген шағын кәсіпкерлік және фермерлік субъектілердің үлес салмағы аталған облыстар бойынша, сәйкесінше, 17,1%, 12,2%, 12,2% құрап отыр.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.

Ал 2012 жылдың бас кезінде экономиканың шағын бизнес секторында жұмыс істейтіндердің саны 1280,9 мың адамды құрды, оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны 731,1 мың адамға жетті. Шағын бизнес субъектілерінің өнім (жұмыс, қызмет) өндіру көлемі мен түрі және салалар мен шаруашылықтар бойынша таралымына қарағанда олардың көбісі сауда (72,8%), өнеркәсіп (6,7%) және құрылыс (4,1%) салаларына шоғырланғандығы байқалады». [20]

Инновациялық жобалар ғылымды көп қажет ететін өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жасауға, немесе оның техникалық деңгейін жоғарлатуға, жаңа технологияларды енгізу және қолданылатын технологиялардың дамуына бағытталған.

Ұлттық Инновациялық Қор ИЖ-ды қаржыландыруды жарғылық капиталда заңды тұлғаның жарғылық капиталының қалыптасу немесе көбею кезінде акцияны үлесті сатып алу жолымен немесе қаржылық лизинг жолымен бақылаусыз үлестік қатысу түрінде іске асырады.

«2011 жылғы жағдай бойынша инновациялық кәсіпкерлік саласында баяу белсенділік байқалады. Атап айтқанда, соңғы 2 жыл ішінде  жеке бірге инвесторлар «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-мен («ҰИҚ» АҚ) бірлесіп 11 жобаны жалпы сомасы 16 миллиард теңгеге қаржыландырды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі  2012 жылы 352 кәсіпорынды ғана инновациялық белсенді деп таныды, бұл елдегі кәсіпорындардың жалпы санының 4,4 %-ын ғана құрайды. Бұл көрсеткіш ЕС елдеріндегіден (орта есеппен 40 %) немесе  өтпелі экономикалы елдеріндегіден, мысалы Болгариядан (16 %) немесе Латвиядан (18 %) төмен. Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін  ең алдымен тек ғылыми-техникалық қызметтің өнімі ретіндегі инновациялық жобаны айқындаудан арылу қажет. Сондай-ақ жоғары тәуекелді жобаларды қаржыландыруға отандық және шетелдік жеке инвесторларды тарту тетігін әзірлеу қажет. Технологиялық инновацияларға келетін болсақ, кәсіпорындардың қазіргі кездегі инновациялық төмен белсенділігін ескере отырып, мемлекет бастапқы кезеңде осы секторлардағы зерттеулерге жұмсалатын шығындардың жалпы көлемінің 100 %-ына дейін, алайда кәсіпкерліктің мүдделі өкілдерін зерттеулерді қаржыландыруға неғұрлым кейінгі сатыларда біртіндеп қоса отырып, олармен тұрақты диалог жасау шартымен қаржыландыруға тиіс. Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін елде мемлекеттің және жеке меншік бизнестің қатысуымен тиісті инфрақұрылымды дамыту қажет.  Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2012 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2012-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды.

Стратегияның мақсаты — шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған. ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады. Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады. Қазақстанда ғылымға бөлінетін шығыстар соңғы жылдары ЖІӨ-нің 1,1 пайызынан аспайды, яғни ғылыми-техникалық қызметі елдің экономикалық дамуының негізі болып табылмай отыр. Оның басты себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

  • бұл ғылымды, инновацияны қаржыландырудың төмендігі;
  • халықтың ақпараттық білім деңгейінің төмендігі;
  • секторлардың толықтай технологиялық жарақтанбауы;
  • Ілікті мамандардың жетіспеушілігі;
  • Меншік құқығын қорғау деңгейінің төмендігімен байланысты». [21].

Елімізде саланың құрылымдық бөлінісі бойынша қаржыландырудың 71 пайызы қолданбалы зерттеулерге тиесілі болса, тек шамамен 8 пайызы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінеді. Тек 21 пайыз көлеміндегі іргелік ғылымға арналған шығыстар, тұтастай алғанда орташа әлемдік деңгейге сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда және бұрынғы СССР территориясында орналасқан басқа да мемлекеттерде нарықтық экономикаға көшумен, ғылыми-техникалық орталықтарды орналастыруының өзгеруімен, оларды қаржыландыру мүмкіндіктерін іздеумен байланыста ғылыми-техникалық парктерді және технополистерді ұйымдастыруға әлемдік тәжірибенің маңызы зор.

Технопарктік құрылымдар (технополистер, технопарктер, «теплицалар», технологиялық және инновациялық орталықтар) нарықтық экономика конъюнктурасының тез өзгерушілік жағдайындағы шағын инновациялық фирмалардың қалыптасуында маңызды мәнге ие. Олар аймақтық деңгейде шағын бизнестің өзіндік инкубаторлары болып табылады, берілген аймақ үшін маңызды шағын инновациялық кәсіпорындарының қалыпты тіршілік әрекеті үшін қажетті инфрақұрылым құрады.

«Қазір әлемде 300-дей технополис есептеліп жатыр. Сонымен қатар, республикада технополисті ұйымдастырушылар университеттер немесе ғылыми-техникалық орталықтар емес, әлемдік тәжірибедегідей тауарлы-шикізат биржалары, коммерциялық банктер. Технополистің классикалық моделі үлкен мүдделілік білдіреді.

Технополистер «жоғары технологиялар» зоналарының өзіндік территорияларын қалыптастырады. Басында оларды қалыптастыру ядросы болып инновациялық процесстің жеке факторын ұйымдық жұтушы, «венчурді» инфрақұрылымдық құрастырушы ретінде қарастыратын университеттер табылды. Әсіресе осы құраушылар маңайында өнеркәсіптік корпорациялар, ғылыми-зерттеу бөлімшелері, лабораториялар, ақпаратты-есептеу орталықтары шоғырландырылды. Жалпы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылды. Ең ірі технополистердің ішінен әлемге танымал деп айтуға болатын Калифорниядағы қазіргі ЭВМ-нің басты өндірушісі «Силикондық долинаны» айтуға болады. Оның зонасында 17 ірі электронды өнеркәсіп концерндерінің кәсіпорындары шоғырланған, олар, «ИБН», «Хьюлетт-Паккард», «Тексас инструментс», «Ксерокс», «Дженерал электрик».

Технопарктер – бұл жоғары оқу орындар негізінде немесе ғылыми – зерттеу институттар негізінде бұл ЖОО ғылыми потенциалын өңделген технологиялар арқылы шағын инновациялық кәсіпорындар территориясында орналасатын технопарктерді дамыту үшін ұйымдастырылатын құрылымдар технопарктер үлкен университтетті орталықтарда жасалады. Технополистерді және технопарктерді жасау мақсаты инновациялық қызмет субъектілерін ұйымдастыру болып табылады. Олар елдің инновациялық инфрақұрылымның бөлігі болып табылады және ғылыми – зерттеулер нәтижесін қолдану үрдісін тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді»[22].

Қазақстанның қазіргі заманғы өнеркәсібіндегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейі экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін жете бағаламауға негізделген, ал өндіріс факторларының өнімділігін арттыру ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс негізінде ғана мүмкін.

Қазақстан ішкі нарықта озық технологиялар мен жаңа енгізілімдерге шектеулі төлем қабілеттілігімен, экономиканың нақты секторы тарапынан перспективалық – олардың коммерциялық қолданылуы тұрғысынан – ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелеріне төмен сұраныстың болуымен, инновациялық өнімнің қалыптасқан нарығының болмауымен сипатталады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы жүргізген талдамалық зерттеулерінің деректері бойынша 2005 жылы қорғаған әрбәр сегізінші ғылым докторы мен әрбір жүзінші ғылым кандидаты ғана ғылыми салада жұмыс істеуге қалған. ҒЗИ мен университеттердің ескірген материалдық-техникалық базасымен бірге кадрлардың тұрақтамауы айғағы ғылыми әзірленімдердің коммерциялануына теріс әсер етеді. Осы жағдайларда экспорттық әлеуетті елеулі түрде ұлғайту үшін барынша тиімді әдіс технологиялар трансферті болып табылады.

Инновациялық кәсіпкерлікті жандандыруда венчурлік, концессиялық, лизингттік және франчайзингілік бизнестерді қалыптастыру және дамыту бойынша механизмдерді жетілдірудің негізгі бағыттары:

Қазақстанның алдында нарық субъектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылыми сыйымды технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған іс-әрекеттерді жандандыру міндеті тұр.

«Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі болатын факторлары келесідей:

  • өз қаржыларының жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар арқылы несиелерге қол жеткізудің қиындығы;
  • инновациялық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сәйкес инженерлік-транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік қойма орындарының жеткіліксіздігі;
  • инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы заңдардағы өзгертулер туралы хабарсыздығы, әкімшілік кедергілер және кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде билік органдарының нақты тәртіптерінің жоқтығы;
  • инновациялық кіші кәсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының білікті мамандарының жеткіліксіздігі.
  • Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі және орта ұйымдарымен өзара әрекеттесу және кооперациялануын дамыту туралы мәселе ерекше зер салуды талап ету қажеттілігі.

Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мәселені шешу қажет:

  • инновациялықкәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау;
  • инновациялықкәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау;
  • инновациялықкәсіпкерлік субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту».[23].

Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады: инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту; инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету; инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру; тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау; инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.

Ерекше назар инфрақұрылымдық инвестициялық жобалардың әзірленуіндегі өңірлік инвестициялық бағдарламаларға қарай бағытталуына бөлінеді. Әрбір облыс әкімшілігі ішкі және сыртқы инвесторлармен жұмысты, оларға қажетті және толық ақпарат бере отырып, бюрократтық кедергілердің жойылуына көмектесе отырып, үйлестіреді және тәртіптендіреді.

Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін: білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту; инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.

«Елдің халықаралық нарықтағы бәсекеде жеңіп шығу қабілетін көтеру үшін мынадай шаралар қолданылуы тиіс:

  • белсенді индустриялық инновациялық саясат жүргізу арқасында кәсіпорындардың технологиялық қайта жарақтандырылуының мерзімін азайту;
  • шикізат базасы, білікті қызметкерлер мен мамандардың арқасында дүниежүзілік қаржы қорлары жұмысының жүйесіне қосылу;
  • жаңа жоғары технологиялық тауарлар өндіру мен қызмет түрлерін идеядан — өнімге дейін игеру;
  • ұлттық экономиканың диверсификациялануы мен модернизациялануын қаржылық жағынан қамтамасыз ету;
  • инновациялық мақсатқа арналған қаржылық қорлардың үлестірілуі мен қолдануының тиімді механизмін жасау. Бұған басым инновациялық жобалар портфелін жасаушы арнайы салалық ғылыми-инновациялық инжинирингтік орталықтар мысал бола алады;
  • инновациялық өндірісті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында мұндай өндіріспен айналысушы кәсіпорындарға жобадағы қуатына жеткенге дейін қосымша, мүлік және жер салығынан босату жеңілдігін беру;
  • шикізат экономикасына арқа сүйеуді тоқтату. Әлемдік нарықтағы тиімді ахуалды пайдалана отырып, экономиканың мұнай-газ саласын жоғары технологиялық машина жасау, металл өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, өндірістік әрі әлеуметтік инфрақұрылым салаларын жетілдіруге локомотив ретінде қолдану;
  • экономиканың шикізаттық емес салаларында халықаралық деңгейдегі сапаға сай өнім өндірісінің үлесін өсіруді сатылы және тиянақты түрде жолға қою, мұның нақты мүмкіндігі алғашқы пилоттық кластерлерді құру және дамыту барысында қалыптастырылмақ;
  • өнеркәсіп салалары үшін инновациялық мүмкіндіктерді іздестіріп, олардың тиімді комбинацияларын құру. Бұл нақты инновациялық жобаны таңдау мен жүзеге асыруға кеп саяды;
  • қазақстандық энергетикалық компаниялардың өнімін өткізетін дәстүрлі әлемдік нарықтарда тұтынушы үшін күрестің күшеюі себепті, Қазақстан стандарттарын дүниежүзілік ИСО/МЭК стандарттарына үйлестіру;
  • қазір аймақтарда шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымы кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейіне пропорционал түрде дамуда. Демек, аймақтардағы, яғни облыстардағы бизнес-инфрақұрылымдарды дамытуда олардың әрбірінің күшті әрі әлсіз жақтарын есепке алатын арнайы саясат қажет;
  • кәсіпкерлік саласында агенттік түріндегі арнайы өкілетті орган керек. Оның міндеті шағын және орта бизнесті жоспарлы түрде қорғау мен дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру болып табылмақ». [24]

 Бұл жауапкершілік тетігін жасауға және мемлекеттік органдардың орталық әрі жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін шешуде оперативті қимылдауына мүмкіндік береді. Ел экономикасының халықаралық тауар нарықтарындағы бәсекелестік қабілетін дамыту үшін қолданылып жатқан кластерлік стратегия білім беру мен мамандардың біліктілігі сапасын көтермейінше жүзеге асуы неғайбыл. Қазіргі қоғамда нарық күресінде артықшылыққа көбінесе білім әрі зияткерлік байлық арқылы қол жеткізіледі.

«Алдағы жоспарланған Қазақстан экономикасыныңмодернизациясы кәсіпкерлік саласында өзара байланысты мәселелерді шешуді көздейді. Сонымен, мемлекет салық режимін «тек өнеркәсіптік саясаттың көп аспаптарының бірі ретінде қолдануы» қажет. Бәсекелестікті дамыту мәселесі кәсіпкерлікті дамытуда басты мақсат болуы қажет. Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен ынтымақтастығына ықпал ететін әкімшілік және нормативті алғышарттарды құру қажет. Ол келешекте ірі кәсіпорындардың кіші бизнестің «тапсырушысы және локомотиві» қызметін атқаруға мүмкіндік тудырады. Мемлекеттің қатысуымен жеке копорацияларды құру және соның негізінде ірі аймақтық холдингтерді құру аймақты даму мақсатында инвестицияларды тарту мүмкіндігін тудырады. Олардың әрекетіндегі негізгі бағыттар «аймақтағы тауарға және шағын және орта кәсіпорындардың қызметтеріне қатысты сұранысты, кірісті және ұзақ мерзімді негізде құру» болып саналады. Ұтымсыз кәсіпорындарды қайта құру және қалпына келтіру әлеуметтік – кәсіпорындық корпорацияларды құруға бағытталуы қажет.

Бұл корпорациялар өз кезегінде «нарыққа қажетті өнеркәсіп пен жаңа технологияларды» дамытуға ықпалын тигізуі қажет. Мемлекет экономиканың түрлі саласына кәсіпкерліктер мен капиталдардың қатысуларының бәсекелестік негіздерін  құруға бағытталған кәсіпкерлік мәдениеттің дамуына ықпалын тигізуі қажет. Осы аталған мәселелер зерттеу барысында нақтыланды. Ғылымды дамытуға жеке секторды тартудың тиімсіз тетігі Қазақстандағы ғылыми-техникалық саланың әлі де әлсіз буыны болып қала береді.  Дамыған экономикалы елдерде (АҚШ, Жапония, Финляндия) өнеркәсіп кәсіпорындары  НИОКР-ды өзін өзі ақтау мен өзін өзі қаржыландыру шарттарында жүзеге асырады және мемлекеттік шығыстардың үлесіне  орта есеппен 30 % келгенде, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге арналған барлық ұлттық шығыстардың 70%-ына дейін игереді.  Атап айтқанда, соңғы жылдар ішінде мемлекеттің ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсаған шығыстары: Швецияда ІЖӨ-ден 4 %-ға жуық, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда – шамамен ІЖӨ-ден 3 %-ды, Ұлыбритания мен Францияда – 2 %-дан астамды құрады. Еуроодақ өзінің барлық мүшелеріне  ғылымға бөлінетін қаржының деңгейін ІЖӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынады. Қазақстанда соңғы бес жыл ішіндегі ғылымды қаржыландыру көлемі  шамамен ІЖӨ 0,2 %-ын құрайды, бұл жеткіліксіз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерін негізге ала отырып, 2010 жылға қарай ғылымды ІЖӨ-нің 2 % деңгейіне дейін және 2015 жылы 2,5-3 %-ға дейін қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру қажет. Ғылымды одан әрі дамыту үшін мемлекеттік саясаттың басымдықтары мыналар болуға тиіс:

  • қазіргі ғылыми-техникалық әлеуетті индустриядан кейінгі экономика тұрғысынан озық салаларды дамытуға пайдалану;
  • мемлекет үшін маңызды ғылыми-техникалық бағыттар салаларында зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдай жасау;
  • жоғары технологиялы өнімнің экспортына бағдарланған ғылымды қажетсінетін және ресурс үнемдеуші әрі экологиялық таза өндірістерді әзірлеуге бағытталған зерттеулерді дамыту.

Ғылыми-техникалық саланы дамытудың негізгі қағидаттары мыналар болуға тиіс:

  • жүйелілік;
  • бәсекеге қабілеттілік;
  • ашықтық;
  • коммерцияландыруға бағдарланушылық;
  • серпінді сипат және әлемдік ғылыми кеңістікке кіру;
  • ғылымды, білімді және өндірісті біріктіру».[25]

Инновациялық кәсіпкерлік ортаның негізгі элементі коммерциялық бәсекеге қабілетті идеяны жеткізуші болып табылады, ол өзінің табиғатына байланыссыз оны іске асыру тұрғысында мемлекеттің қолдауына сенуге құқылы. Инновация – бұл нарықта табысты іске асырылатын қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнімі.

Ерекше назар инфрақұрылымдық инвестициялық жобалардың әзірленуіндегі өңірлік инвестициялық бағдарламаларға қарай бағытталуына бөлінеді. Әрбір облыс әкімшілігі ішкі және сыртқы инвесторлармен жұмысты, оларға қажетті және толық ақпарат бере отырып, бюрократтық кедергілердің жойылуына көмектесе отырып, үйлестіреді және тәртіптендіреді.

Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін: білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту; инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату керек.

Қорытынды

Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіруде венчурлік, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері жалпы инновациялық кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қозғаушы күш ретінде әсер етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті өркендетудің бұл түрлері кеңінен ұлттық инновациялық жүйені дамыту барысында қолданған жөн.

Ғылыми-техникалық саланы дамытудың негізгі қағидаттары мыналар болуға тиіс:

  • жүйелілік;
  • бәсекеге қабілеттілік;
  • ашықтық;
  • коммерияландыруға бағдарланушылық;
  • серпінді сипат және әлемдік ғылыми кеңістікке кіру;
  • ғылымды, білімді және өндірісті біріктіру.

Жалпы мамандардың айтуынша, венчурлық бизнесті дамыту үшін, ең бастысы, инновациялық инфрақұрылымнан басқа, инвестициясын тәуекелі жоғары жобаларға салушылар да, тәуекелі жоғары инновациялық жобаларды ұсынушылардың да жеткілікті болуы шарт. Ал бізде соның екеуі де тапшы. Екінші жағынан отандық ғалымдар жасаған инновациялық жобалар елімізде қолдау таппай, көпшілігі Қытайдың өндірісін дамытуға үлес қосуда. Ондай жағдайлардың болуы да бір жағынан заңды секілді. Өйткені біз венчурлық бизнесті енді ғана үйреніп, әліппесінен бастап жатқан елміз.

Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту көптеген шығындарға алып келуі мүмкін. Өйткені инновация ол әрқашанда жаңа бастама, жаңа идея. Одан қандай нәтиже болатынын болжауға болады. Бірақ нақты тәжірибеде тәуекелді әртараптандыру қажет. Курстық жұмыста кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыруда және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инноваиялық тәуекелділік деңгейін төмендету тетіктері тиімділігін көрсетті.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену мақсатын жүзеге асыру барысында индустриалдық-инновациялық қызметтегі келесі бағыттарды кеңінен дамыту негізгі мәнге ие болуы қажет:

  • ғылыми-технологиялық әлеуетті жоғары ғылыми-технологиялық және өнеркәсіптік ұйымдар желісі бар қалаларда ғылымдық және инновациялық инфрақұрылымның (технологиялық парктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және т.б.) қазіргі заманғы элементтерінің қызметін құру және қолдау көрсету;
  • экономиканың стратегиялық маңызы бар алдыңғы қатарлы салаларын дамытуда өзімізде бар ғылыми-техникалық әлеуетті қолдану;
  • бүгінгі таңда Қазақстанда бірқатар бағыттар бойынша отандық зерттеулер негізінде ғылыми-сыйымды өндірісті дамытуға мүмкіндік беретін ғылыми база бар, оның ішінде, жаңа материалдар, химиялық өнімдер, заман талабына сай жаңа өнімдер шығару және т.б;
  • отандық тауар өндірушілерге жағдай жасау мақсатында уақытша жеңілдікпен қарыз құралдарын беру, салықтық жеңілдіктер беру және Қазақстанда өндірілмейтін импорттық машиналар мен құрал-жабдықтарды әкелуде ҚҚС босату.

Осыдан келіп, инновациялық қызметтің қозғаушы тетігі венчурлік бизнестің Қазақстанда кеңінен дамуы үшін келесі шараларды қолдану қажет:

  • отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлік қорларды құру;
  • инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
  • гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиiмдiлiгi мен технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-құрастырулық жұмыстарды қаржыландыру;
  • инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгiзудi қаржыландыру;
  • ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерiн құруға қатысу;
  • ғылыми-техникалық өнiм нарығын қалыптастыруға қатысу.

Зерттеулер негізінде концессиялық қатынастарды реттеу, шарттарын жасасудың үлгілері, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібі айқындалды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын жүзеге асыру жолдары көрсетілді. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, болашақта концессия аумағындағы заңдылықты дамыту және жетілдіру керек. Сонымен қатар, концессиялық бизнесті ынталандыру үшін мемлекет тарапынан келесідей шаралар қолдану керек.

ҚР-дағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалы әлі де жеткілікті деңгейде қолайлы болып тұрған жоқ. Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін:

  • білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;
  • инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметінің реттемелеу деңгейін жоғарылату керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Мырзалиева Г.А. Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар/ Г.А. Мырзалиева// “М. Ауэзов – жаңа дәуір данышпаны’’ атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция еңбектері. 2007 ж. 15-16 қараша.-Т.8.- 108-110б..-Шымкент, 2007

2.Халықов М. Қазақстандағы венчурлық бизнесті қалыптастыру жолдары/ М. Халықов//Презтдент және халық.-2007.-28 қыркүйек(N 39) – 3б

3.Купешова С. Т. Венчурлық бизнестің мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық өсуіне қосатын үлесі/ С.Т. Купешова// Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративті құрылымдардың дамуы. К.Е. Кубаев.-1-бөлім. – 147-151 б..-Алматы: Қазақ үн-ті, 2008

4.Қалназаров А. Венчурлық инвестициялық саясат өзін ақтай ма?/ А. Қалназаров// Ана тілі.- 2009.- 16/22 шілде(№28).- 2б

5.Каликова М.А. Венчурлық қаржыландыру- инновациялық экономиканы құрудың басты бағыты ретінде/ М.А. Каликова// Ғаламдық экономикалық үдерістердің тұрақсыздығы жағдайындағы инновациялық даму. Б.Ж. Ермекбаевой, Б.М. Мухамедиева, Р.Т. Дуламбаевой.-2-бөлім.- 3-7 б.- Библиогр.:12 атау..- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010 ж

6.Садықова А. Дамыған мемлекеттерде венчурлық бизнестің даму тәжірибесі/ А. Садықова// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.- 2011.- №1.- 30-34 б.-Библиогр.: 7 атау

7.Примбетова С. Инновациялық венчурлық кәсіпорындарды дамыту – экономиканы жаңғыртудың басты бағдары/ С. Примбетов// АльПари.-2012.- №1/2.- 42-44 б.

8.. Суйеубекова А. Ж. Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуының теориялық негіздері/ А.Ж. Суйеубекова// ҚазҰУ хабаршысы Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.-2011.- №2.- 119-122 б.-Библиогр.: 7 атау.

9.Шарапиева М.Д. Венчурлық бизнес инновация дамудың механизмі ретінде/ М.Д. Шарапиева// -148-152 б.- Алматы : Қазақ ун-ті, 2012

10.Шарапиева М.Д. Қазақстан Республикасында венчурлық бизнесті тиімді басқарудың жолдары/ М.Д. Шарапиева// ҚазҰУ хабаршысы. -2012.- №1.-20-25 б

  1. Аязбаева Г.Б. Венчурлық капиталдың қалыптасу көздері/ Г.Б. Аязбаева, М.А. Каликов, Ж.Ж. Жұматай жб.//-271-274б..-Алматы : Қазақ ун-ті, 2012

12.Закирова А.Т. Венчур- Қазақстандағы даму институттарының жаңашылдық әрекеті/ А.Т. Закиров, Г.М. Имранова, М.А. Каликова жб//.-2012.-№2(054)7- 209-212б.

13.Унербаева Р.У. Венчурлық бизнесті ұйымдастыру мен басқарудағы ерекшеліктер/ Р.У. Унербаева , М.Д.Шарапиева// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы=Вестн.КазНУ. Сер.экономическая-2013.-№3-70-74б.

14.Халықов М. Венчурлық әдіс-қаржыландырудың қуатты көзі/ М.Халықов// Президент және Халық-2016.- 12 сәуір ( № 15).-2б

15.Амренова Ғ.Қ. Қазақстанда венчурлік бизнестің даму перспективасы/ Ғ.Қ.Амренова // Заманауи әлемдегі ғылым мен білім: халықаралық ғыл.-практ.конф.материалдары.-2-том.- 42-43 б..-Қарағанды: Болашақ- Баспа,2013

16.Шораева А.Б Қазақстандағы венчурлік қаржыландырудың негізгі мәселелері/А.Б. Шораева// Академик Кулажанов К.С.-169-171б..-Алматы,2014=Академик Кулажанов К.С.: Ғылым мен білімге арналған ғұмыр

17.Кәрімбай Е. Венчурлық бизнесті басқару мен ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі/ Е.Кәрімбай, Ж.Т.Бейсенбаев//.-94-96 б..-Алматы,2014

18.Бектемиров Қ.Ж. ҚР венчурлық бизнестің дамуы/К.Ж.Бектемиров ,С.К. Тажиева//-112-113 б ..-Алматы,2014

19.Тюлеубай Б. Венчурлік кәсіпкерліктің түсінігі , қалыптасу тарихы/ Б.Тюлеубай, А.С. Ашимова // 46-51 б..-Усть-Каменогорск,2015

20.Бимендиева Л.А. Венчурлік бизнес – тәуекелге негізділген бизнес/ Л.А. Бимендиева, Қ.Б.Әбенов//-130-132б..-Алматы,2015

21.Садыханова Д.А. Қазақстан Республикасындағы инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландыру ерекшеліктері/ Д.А. Садыхановна// ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы.-2016.-№1/2.-261-264б.

22.Жорабаева Ж.Қ. ҚР инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландыру дамуының мәселелері/ Ж.К. Жорабаева , Н.С. Сабитова// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.-2016.-№2/2.-203-206б.

23.Кукиева А.Ж. Қазіргі кезеңдегі  индустриалды-инновациялық даму ерекшеліктері мен негізгі мәселелері/ А.Ж. Кукиев,Д.А. Садыхановна// ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы.-2016.-№3/2.-225-229 б.

24.Копжасарова Г.А. Қазақстан Республикасындағы инновациялық кәсіпкерлік : теория мен даму  механизмдері/ Г.А.Копжасарова : филос.ғыл.док…дис./Алматы,2016

25.Ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайы және оның даму тенденциясы// «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2016 ж., №4 185-189 б.

 Құрастырғандар: Мелдебек Н., Жүрсінбек Н.

 

Яндекс.Метрика