ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Мазмұны

Кіріспе  

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудағы басқарудың маңызы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

2011 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында республикамыздың бәсекеге қабілетті әлемнің 50 елі қатарына қосылу міндеті қойылды. Бұл міндетті қысқаша анықтап шығу үшін бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі Қазақстанның тұғырын, берілген рейтингін есептеу әдіснамасын және бірқатар басқа да мәселелерді қарастыру керек.

«Бәсекеге қабілеттілікті арттыру ең алдымен бәсекеге қабілеттілік дегеннің мәнісін түсініп алу арқылы анықталады. Қазірдің өзінде Президенттің аталған Жолдауын талқылау барысында алға тартылған міндеттің әр түрлі түсінілгенін байқау қиын емес: көбіне әңгіме “ең дамыған”, “ең табысты”, “ең бәсекеге қабілетті” елдер туралы болып жатады. Біздің ойымызша, Қазақстанды бәсекеге қабілетті елдің бірі ету мақсаты қойылғанын анық түсіну керек. Және де жалпылама емес, белгілі бір әдіснама, дәлірек айтқанда, жыл сайын есептеліп отыратын Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) белгілеген бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексі (БҚӨИ) (Growth Competitiveness Index) бойынша бәсекеге қабілетті ету мақсаты көзделіп отыр. Қазіргі кезде 2013 жылдың қорытындысы бойынша БҚӨИ бағалаудың басқа үлгісі жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексімен (ЖБҚИ) алмасты. Бірақ Президент Жолдауы БЭФ елдердің бәсекеге қабілеттілігін БҚӨИ бойынша бағалап отырған 2010 жылдың наурызында жасалған болатын, сондықтан да бұрынғы нұсқада қабылданған бағалау критерийінің индексін де қарастырған жөн.» [1]

Сонымен, Қазақстанның Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ)  анықтаған әлемнің 50 дамыған елінің қатарына қосылу міндетін орындау үшін ең алдымен технологиялық даму және қоғамдық институттар дамуы сияқты мәселелерге ерекше назар аудару керек, өйткені макроэкономикалық ортадағы жағдаят біршама жағымды қалыптасып отыр. Қоғамдық институттар индексі келісімшарттар мен заңнамалық және жемқорлықтың өзара бірдей деңгейдегі  индексішілік индексінен құралады. Бұл екі индексішілік индекс те тексеру жүргізу және сауалнамалар арқылы есептеледі.

Келісімшарттар мен заңнамалық индексішілік индекс үшін мынадай сұрақтар енгізеді: елдің сот төрелігі саясаткерлерден, азаматтармен фирмалардан қаншалықты тәуелсіз; қаржылық активтер заңмен қаншалықты қорғалған; мемлекеттік тапсырыстарды реттеуде үкімет объективті ме; ұйымдасқан қылмыстың бизнеске әсері қаншалықты.

Жемқорлықтың индексішілік индексі үшін экономиканың әр түрлі салаларындағы – экспорттық-импорттық операциялар кезіндегі, қоғамдық бөліктегі және салық салу саласындағы парақорлықтың таралу деңгейін анықтайтын сұрақтар енгізіледі.

«Технологиялар индексі көбіне статистикалық мәліметтерден тұрады, алайда оған ішінара тексеру материалдары да енуі мүмкін. Мәселен, статистикалық мәліметтер мынадай сандық-көрсеткіштерден тұрады:

  • 1 млн. халыққа шаққандағы патенттер (инновациялар индексін есептегенде қолданылады);
  • елдің 1000 тұрғынына шаққандағы ұялы телефондар, елдің 10000 тұрғынына шаққандағы Интернет пен Интернет-хосттардың тұтынушылары, елдің 100 тұрғынына шаққандағы негізгі телефон және компьютер желілері (ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың индексішілік индексін есептегенде қолданылады).

2013 жылы бұрын есептеулер жүргізілген бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексінің орнына қазіргі кезде қолданылып отырған жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) келді (Growth Competitiveness Index). “Тиімділікті арттырушы” топ жоғары білім беру және оқыту, нарықтық тиімділік және технологиялық дайындық – үш шамадан тұрады. “Инновациялық түрткіжайттар” тобы бизнестің жетілгендігі және инновациялар екі шамасынан құралады. Тоғыз шаманың әрқайсысы бойынша есептеулер жүргізу үшін статистикалық мәліметтер мен сауалнама жауаптарының нәтижелері пайдаланылып, жалпы алғанда 89 көрсеткіш есептеледі».[2]

Бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексімен салыстырғанда, Жаһандық бәсеке индексінде (ЖБИ) қолданылатын критерийлер жүйесінің айрықша елеулі жетістіктеріне кешенділік және бәсекеге қабілеттіліктің түрлі жақтарын қамту әрекетін жатқызуға болады.

Ендігі кезекте бұрын қамтылмаған денсаулық сақтау, білім, өндіріс және нарық инфрақұрылымдарының даму деңгейі, кейбір еңбек нарығының мәселелері, менеджмент, бизнес пен технологиялылықтың дамуы сияқты параметрлер бағалануда. Берілген индексте бұдан бұрынғы бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексінде кездеспеген ЖІӨ, экспорт және импорт көлемі сияқты кейбір негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бой көрсетеді. Демек, жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі құрылысқа деген кешенді тәсілімен сипатталатындығы және қарастырылып талданатын елдерді әбден орындылықпен бағалайтындығы ткуралы қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің бірқатар кемшіліктері бар, ол бағалау критерийлері бөлігінде де кездеседі. Біздің пікірімізше, бұл кемшіліктерді төмендегідей топтарға жіктеуге болады:

  • Көрсеткіштер тұжырымдалуымен байланысты жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне кіретін кемшіліктер.
  • Бәсекеге қабілеттіліктің кейбір параметрлерін анықтаудағы жеткіліксіз әділдік.
  • Индекстегі бәсекеге қабілеттіліктің түрлі қырларының толық күйде көрінбеуі.

Бәсекеге қабілеттілік – күрделі экономикалық категория, ол төмендегідей бірнеше деңгейлерде қарастырылуы мүмкін:

  • тауардың бәсекеге қабілеттілігі;
  • тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі;
  • саланың бәсекеге қабілеттілігі;
  • елдердің бәсекеге қабілеттілігі.

Экономикалық, оның ішінде шетелдік те әдебиетте бәсекеге қабілеттілік осы ұғым жататын объектінің сипатына байланысты әр түрлі мағынада талдап түсіндірілетіндігін атап өткен жөн. Басқару иерархиясының деңгейлері бойынша бәсекеге қабілеттілік серпінінің белгілері мен факторларына өзіндік ерекшеліктер тән: кәсіпорын – сала – аймақ – ұлттық экономика.

Бәсекеге қабілеттіліктің неғұрлым толық ұғымы ашық нарық жағдайында қызметі іске асырылатын кәсіпорын деңгейінде зерттелген және құрылымданған. Бәсекеге қабілеттілік ұғымын макродеңгейде қабылдау қиындық тудырады, себебі ол ұлттық экономика позицияларын және оларды ұлттық экономиканың нығайта білу, яғни экономикалық өсім қарқынын үдету, халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру және азаматтардың нақты табыстарын көбейту қабілетін бейнелейді.

«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі» ұғымы туралы пікір-таластың көптен бері жүріп жатқандығына қарамастан, оның біртұтас анықтамасы әлі табылған жоқ. Бұны макроэкономикалық бәсекеге қабілеттілік мәселесінің айрықша күрделі, ал оны зерттеу үдерісінің аса көлемді және жан-жақты екендігімен түсіндіруге болады. Біздің елімізде реформаға дейінгі жағдайда негізінен өнімнің сапасы және оны өндірудің тиімділігінің ғана зерттелуі айтарлықтай маңызды фактор болып есептеледі. Шын мәнінде, бәсекелік ортаның әр түрлілігі бәсекеге қабілеттілікті ол көрініс табатын барлық салаларда, әрқандай шаруашылық және салықтық режимдерде зерттеу әдіснамасын (методологиясын) қалыптастыруды талап етеді.

Микроэкономика деңгейінде өнімнің (қызметтің) бәсекеге қабілеттілігі оның сапасы және бағасының ара қатысымен, жеткізу шарттарымен, төлем формаларымен, транспорттау түрлерімен және басқа да факторлармен анықталады. Өндіріс шығындары мен өнім сапасы арасындағы өзара тұрақты байланыстарды, сонымен қатар салыстырылып отырған объектілер қызметінің басқа да параметрлері арасындағы ара қатынасты анықтау олардың бәсекеге қабілеттілігін талдаудың күрделі міндеті болып табылады. Мұндайда зерттеудің параметрлік әдістерін қолдану бәсекеге қабілеттілікті мезодеңгейде (сала деңгейінде) бағалауға жақындата түседі, бұнда еңбек өнімділігі, өндірістің ғылыми және капиталдық сыйымдылығы, өнімнің техникалық деңгейі, импорт алмастыру деңгейі, халықаралық кооперациялық байланыстар және т.б. сияқты көрсеткіштер пайдаланылады.

Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы әлемдік аренада елдердің қандай да бір саланың бәсекеге қабілеттілік дәрежесімен байланысты белгілі бір мамандандырылуына алып келеді. Айталық, «АҚШ-та неғұрлым бәсекеге қабілетті салалар авиация және аэрокосмос, бірегей машина жасау, автомобиль құрастыру және жасау, суперкомпьютерлер өндірісі және программалық қамтамасыз етуді әзірлеу болып саналады.

Жапония өнеркәсібінің негізгі салалары ішінде әлемдік нарықта анағұрлым бәсекеге қабілеттілері – электрондық және электротехникалық, автомобиль өнеркәсіптері, кеме жасау, станок жасау (оның ішінде робот жасау) және т.б.

Азияның жаңа индустриалды елдері (Корей Республикасы, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Тайланд) көпшілік тұтынатын тауарларды (киім, аяқ киім, тұрмыстық электроника және т.б.), сол сияқты ғылыми сыйымды бұйымдарды (электрондық компоненттер, дербес компьютерлер, микроЭВМ, перифериялық жабдықтар және т.б.) өндіру бойынша бәсекеге қабілетті салалар құра білді және күн өткен сайын Жапония мен Батыс Еуропа елдерінің сәйкес өнімдерімен сәтті бәсекелесіп жүр.

Өз кезегінде Азияның жаңа индустриалды елдеріне әлемдік нарықта Қытайдың сәйкес, яғни аналогиялық салаларының өнімдері үлкен бәсеке танытуда, Қытай бұл тұрғыда өте күшті бағалық бәсекелік артықшылыққа ие.

Елдің халықаралық нарықтағы бәсекелік артықшылығын детерминанттардың әлдебір жиынтығы, яғни автор атап көрсеткендей «ұлттық ромб» анықтайды. Оған келесідей төрт компонент енеді:

  • факторлық шарттар, яғни осы салада жемісті бәсекелесу үшін қажетті нақты факторлар (мысалы, білікті жұмыс күші немесе инфрақұрылым);
  • сұраныс шарттары, яғни осы сала ұсынатын өнімдер немесе қызметтерге ішкі нарықта сұраныс қандай?
  • туыстас және бірін-бірі қолдайтын салалар, яғни халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті туыстас немесе қолдаушы салалардың елде барлығы немесе жоқтығы;
  • фирманың стратегиясы, оның құрылымы және бәсекелестері, яғни елде фирмаларды басқаруды құру үдерісін анықтайтын жағдайлар қандай және ішкі нарықтағы бәсекенің сипаты қай түрде?

Екі қосымша айнымалы бар, олар елдегі жағдайға елеулі дәрежеде өз ықпалын жүргізеді:

  • кездейсоқ, яғни фирма басшылығы бақылай алмайтын оқиғалар;
  • мемлекеттік саясат.[3]

Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің заманауи анықтамалары негізінен экономикалық және әлеуметтік даму ұйымы қабылдаған оның жалпы анықтамасына сәйкес келеді. Бұл бойынша қабілеттілік халықаралық бәсеке үшін ашық компаниялар, өнеркәсіп салалары мен ел аймақтарының табыс пен жалақының салыстырмалы түрдегі жоғары деңгейін қамтамасыз етуі деп анықталады.

Тиісінше ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің төмендегідей факторлары, яғни елдің еңбек өнімділігі мен өмір сүру сапасы бойынша қол жеткізген деңгейі, қолданыстағы жаңа технологиялар, қалыптасқан бәсекелік орта және жүргізілу үстіндегі бәсекелік стратегия, сол сияқты елдің саяси және экономикалық одақтарға қатысуы бағаланады. Шындығына келсек, сонымен бірге мынадай дәстүрлі факторлар, яғни тиімді географиялық жағдай, бай табиғи ресурстарды иелену және еңбек пен табиғи ресурстарға салыстырмалы түрде қолайлы бағаның орын алуы көбіне-көп ескеріле бермейді. Соған қараматан, өнімділік пен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының жақындасу үдерісі жүріп жатыр деп есептеуге болады.

«Біздің ойымызша, М. Портердің жетістігі елдің бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасауы болып саналады, оның негізгі көрсеткіштері өмір сүру деңгейі мен еңбектің қоғамдық өнімділік деңгейі болуы тиіс (реформаға дейінгі кезеңде біздің еліміздің өнеркәсібі АҚШ және Жапониямен салыстырғандағы еңбек өнімділігінің деңгейімен, сол сияқты сыртқы сауда балансының сальдосымен сипатталды). Бәсекелік артықшылықтардың М. Портер қалыптастырған 4 детерминанты мынадай: өндірістік факторлардың параметрлері; ішкі сұраныстың параметрлері; әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті туыстас және бірін-бірі қолдайтын салалардың барлығы; фирмалардың стратегиясы, олардың құрылымы және бақталастығы. Сонымен бірге елдегі фирмаларды құру мен оларды басқарудың ғана емес, сол сияқты ішкі нарықтағы бәсеке ерекшеліктерінің де сипатын анықтайтын жағдайларды, серпінді өнертабыстар мен технологиялар жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін бәсекелік ортаның болуын, сонымен қатар үкіметтің саясатын және оның бәсекелік артықшылықтардың дамуына сәйкестігін ескерген жөн.»[8]

Осымен байланысты Қазақстандағы арзан жұмыс күшінің факторын бәсекеге қабілеттіліктің уақытша әлеуетті (потенциалды) шарттарының бірі ретінде қарастыруға болатынын ерекше атап өткен жөн. Сонымен бірге бұл арзаншылық төмен төлем қабілеттілігі сұранысымен байланысты ішкі нарықтың өте баяу кеңеюіне алып келеді. Сондықтан еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің артуын мардымсыз болса да басып озып, алдына түсуіне қол жеткізу қажет. Бұл өз кезегінде тек өндірістегі жұмыс күшін сақтауға және олардың біліктілігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар өндіріс шығындарының да техникалық прогресс жолымен орнын толтыруға жәрдемдеседі. Ел үкіметі еңбек төлемақысы мен оның өнімділігінің өсу қарқындарының ұтымды ара қатынасын қолдау үдерісін басқарып отыруы тиіс. Бұл міндетті ойдағыдай шешу қазақстандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне жол бермейді. Жалпы қазақстандық өнеркәсіп өнімі өзінің қымбаттығымен, өзіндік құнының жоғарылығымен ерекшеленеді. Макробәсекеге қабілеттілікті талдау кезінде ұлттық валютаның бағамы, шығарылған өнім бірлігіне кеткен, валюта бағамына сәйкестендірілген өндірістік шығындар, валютаның тұрақтылығы, нарықтық квоталар, кедендік тарифтер сияқты маңызды көрсеткіштерді назардан тыс қалдырмаған жөн.

Сол сияқты бәсекелік артықшылықтардың тұрақтылығы мен олардың келешегінің көрсеткіштері, еңбек пен капиталдың жиынтық шығындарының бірлігіне сәйкес келетін өндірілген өнім саны, жаңа технологияларға салынған инвестициялар көлемі, ғылым мен кәсіби білім беру деңгейі, кәсіпорындар мен ұйымдардың компьютерлік техникамен толық қамтамасыз етілуі, елдегі ішкі және сыртқы жағдай, әлеуметтік және саяси күштердің балансы, елдің экспорттық экспансиясы мен экономикалық өсімінің қарқыны, оның әлемдік өндіріс пен сыртқы саудадағы үлес салмағы, сыртқы саудадағы құндық көрсеткіштер мен тарифтік емес шектеулер, ұлттық тауар өндірушілерге берілетін субсидиялар мен қаржылық жеңілдіктер, экспортерлер мен импортерлер үшін ақпараттық базаны құру, экспортерлерді сыртқы нарықта қорғау, елдің экономикалық байланыстарының көлемі мен оның ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) жұмысына қатысуы сияқты т.б. көрсеткіштер де маңызды болып саналады.

Заманауи жағдайда көптеген елдердің экономистері тарапынан мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылықты қолдаудың алғышарттарын қамтамасыз етудегі рөлін күшейту қажеттігін мойындау байқалады. Мемлекеттің реттеушілік функциясы өтпелі кезеңдік экономикаларға ие елдерде ерекше мән иеленеді, себебі бұл жаңа бәсекелік ортаны қалыптастыру, құрылымдық қайта құру, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруы және экономикалық тұрғыдан өсуі үшін жағдайлар туғызу міндеттерімен тығыз байланысты.

Дамыған батыс елдерінің ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін басқару саласындағы тәжірибесі айрықша қызығушылық танытады, өйткені жаңа бәсекег қабілетті салаларды құру мәселесі ұлттық даму стратегиясымен өте тығыз байланысты. Біздің еліміз үшін әлемдік нарықтағы бәсекелік позицияларды сақтау мәселесі өте өткір болып саналады, себебі қазіргі жағдайда елдің келешектегі бәсекеге қабілеттілігінің өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін факторлар елеулі дәрежеде өз мәнін жоғалтуда. Осымен байланысты экономиканың бәсекеге қабілетті салаларының қарқынын үдету басты мақсаты болып саналатын мемлекеттік саясат үлкен мәнге ие болады.

Жүйелік әдістеме деп объектілерді нысанның (объектінің) қызмет ету және пайдаланылу нәтижесіне әсерін тигізетін және өз үлесін қосатын өзара байланысты және өзара қатынасты элементтердің жиынтығы болып табылатын көп компоненті жүйе ретінде қарастыруды айтамыз. Әр түрлі өзара байланысты бөліктерден тұратын нысандарды зерттеу кезінде жүйелік әдістемені қолданудың қажеттігі мұндай нысандарда эмердженттілік принципінің көрініс табатын жағдайымен айқындалады, бұған сәйкес жиынтық нысан жеке-жеке, бір-бірінен алшақ түрде қарастырылатын, оны құрайтын элементтердің әрбіріне тән сапа иеленеді. Бұл элементтерді біртұтас жүйеге біріктіру жүйенің жекелеген бөліктерінің емес, керісінше олардың өзара байланысы мен бірлескен іс-әрекетінің ықпалымен туындайтын қосымша, әрі синергетикалық әсердің (эффектінің) пайда болуына алып келеді.

Басқарудың инновациялық әдістемесінің мәні өндірістік жүйе дамуының қозғаушы күші болып табылатын базалық, ғылыми сыйымды технологиялар саласындағы инновациялық қызметті жандандыру үшін қажетті өндіріс дамуына бағыт беруде жатыр. Өндіріс факторлары мен инвестициялар ғылыми негізделген инновациялық қызметтің мақсаты емес, керісінше оның құралы болуы тиіс.

«АҚШ-тың бәсекеге қабілеттілік бойынша кеңесі «өндіріс және өнімділік, жалақы және жеке кіріс, жұмысбастылық, қор жинау және инвестиция, сауда, зерттеулер және технологиялық даму, солардың ішінде  капитал бойынша да ұлттық және халықаралық мәліметтерді жүйелі түрде талдау жасайды». Бұл ұйым дайындаған 2010 жылғы бәсекеге қабілеттілік индексі АҚШ-тың өркендеуі және экономикалық өсуінің қозғаушы күшін талдайды, жаһанды экономикада америкалық экономиканың бәсекелесу қабілетіне әсер ететін негізгі факторларды анықтайды және ең негізгі әлсіздіктері мен күшіне баға береді. Ауыспалы жаһандық экономикалық ландшафтының жасырын үрдістерін және негізгі фактілерін кең ауқымда анықтау мақсатында ішкі және халықаралық дереккөздердің кең шеңберінен объективті мәліметтер өңделуде.

Сөйтіп, бәсекеге қабілеттілік алдымен елдің дамуының сыртық экономикалық компоненттерімен теңдестіріледі. Ең алдымен, тұтынушы үшін, яғни өз тауары мен қызмет түрін сату мүмкіндігі үшін «жарыс», «қарсыластық» мағынасын білдіретін алғашқы «бәсекелстік» терминіне сүйене отырып, бәсекеге қабілеттілікті әлемдік нарықты өз өнімімен қамтамасыз етуші ретіндегі елдің жетістігі деп түсінген дұрыс. Бірақ, бұл проблема  әдістемесінде көрсетілмеген. Біздің ойымызша, жеткіліксіз болып есептелетін экспорт бір көрсеткіште, «нарықтық тиімділік» параметрін бағалауда көрініс береді. Сонымен қатар түрлі елдер бойынша салыстырмалылықты және талдауды қамтамасыз ету мақсатында абсолютті емес шартты көрсеткіштерді қолдану қажет, мысалы, экспорттың ЖІӨ-ге, жан басына шаққандағы арақатынасы және т.б» [4]

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБҚИ) елдің экономикалық қуатын, ЖІӨ, өнеркәсіптік өндірістің көлемін, инвестицияны және т.б. бағалауға мүмкіндік беретін маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге өте аз көңіл бөлінген. ЖІӨ көрсетілетін жалғыз көрсеткіш те «нарықтық тиімділік» параметрлері құрамына кіргізілген, экономика көлемін сипаттайды және мына формула түрінде берілген: ЖІӨ + экспорт + импорт. Ұлттық экономиканың технологиялылығы және дамығандығына қатысты экономиканың технологиялығын барабар көрсете бермейтін, сол бір – телефондар, компьютерлер және Интернетті қолданушылар сияқты көрсеткіштер қолданылған, ал объективті индикаторлар болып табылатын ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіп үлесі (немесе жоғары технологиялылық салалар), инвестициялар және басқалар қолданылмаған.

Егер адам дамуының индексін есептеудегідей әлеуметтік көрсеткіштерге тірек жасалған болса, экономикалық көрсеткіштерге индекс авторларының аса мән бермеуін түсінуге болар еді. Алайда әлеуметтік көрсеткіштер де үзінді түрінде көрсетілген. Денсаулық сақтау, білім беру, ғылымның кейбір жақтарын сипаттайтын көрсеткіштер де бар. Бірақ біріншіден, бұл бағалаулар бір жақты және толық объективті емес (дәлірек айтқанда, ғылыми жетістіктер саны және патенттер саны бойынша ғана бағаланған), екіншіден, бағалаупроцесінен әлеуметтік сфераның толықтай бөлігі қалып қойған. Өмір сапасын, қоғамның әлеуметтік жігін, жоқ-жітік адамдардың санын және т.б. бағалауға мүмкіндік беретін түрлі көрсеткіштер берілмеген. Денсаулық сақтаумен байланысты бөлім болғанымен, онда елдің медициналық жүйесі – медициналық мекемелер саны, кереует-орын, медицина қызметкерлері және басқаларды сипаттайтын бірде бір көрсеткіш, денсаулық сақтауға кететін шығын, экономикалық көрсеткіштер де жоқ. Сол сияқты білім беру, ғылым, мәдениетте де солай. Шын мәнінде, бәсекеге қабілеттіліктің мәдениет сияқты бөлігі ЖБҚИ-да мүлде жоқ, ал қазіргі жағдайда, көбінесе мәдениеттің даму деңгейі елдің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін анықтайды.

«Баса айтылған кемшіліктердің үш тобымен қатар мынадай кезеңдерге де тоқталып өтуге болады. Статистикалық емес, сауалнамалық, сұраулық сипаттағы көрсеткіштер санының өте көп болуы да, біздің ойымызша, дәлелді емес және бұл бір жақты бағалауға әкеледі. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде (ЖБҚИ) кіретін 89 көрсеткіштің ішінен тек 23-і ғана статистикалық болып табылады. Осымен байланысты Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін (ЖБҚИ) 9 параметрінің кейбірі тек сұрақ негізінде бағаланады. «Институттар» және «бизнестің жетілгендігі» осындай параметрлер болып табылады, ал көптеген жағдайларда объективті статистикалық мәліметтер бір-екі көрсеткішті ғана береді («инновациялар», «жоғары білім және оқыту», «инфрақұрылым»).

Баяндалғандардың барлығы бәсекеге қабілеттілікті және әдістемелік сипаттағы маңызды кемшіліктерді анықтау үшін, сонымен қатар басқа халықаралық индекстер және рейтингілермен салыстырғандa  жеткіліксіз толықтығын көрсетеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, Қазақстанның әлемдік бәсеке кеңістігіндегі орнын бағалаудың дәлдігін жетілдіру мақсатында бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың әлемдік экономикалық форумының ЖБҚИ-да жоғарыда айтылған кемшіліктерінсіз көбінесе статистикалық сипаттағы объективті экономикалық көрсеткіштерге бағытталған жеке критерийлерін дамыту қажет. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың келесі критерийлерін ұсынуға болады:

  • әлемдік саудадағы елдің позициясын сипаттайтын критерийлер;
  • экспорт/ЖІӨ;
  • әлемдік экспорттағы елдің үлесі;
  • ЖІӨ-ге қатысты ішкі сауда сальдосы;

Жалпы экономикалық сипаттағы критерийлерге:

  • САҚП бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ;
  • жан басына шаққанда өнеркәсіптік өндіріс;
  • әлемдік ЖІӨ-дегі елдің ЖІӨ үлесі;

Әлеуметтік даму критерийлері:

  • адам дамуының индексі;
  • табыс/ең төменгі күнкөріс минимумы;
  • тұрғындардың орта топ үлесі;
  • табыс деңгейіндегі алшақтық (Джини коэфиценті және басқалар);
  • салалар бойынша арнаулы әлеуметтік көрсеткіштер: медицина (кереует-орын саны және басқалар), білім беру, ғылым, тұрғын үй (тұрғын үйдің қол жетерлік индексі).

Технологиялылық критерийлер:

  • ЖІӨ-мен байланысты ғылымға кеткен шығын үлесі,
  • ЖІӨ-дегі жоғары технологиялық салалар үлесі,
  • Экономикасы жағынан инвестициялау қарқыны орташа жоғары технологиялық салаларға берілетін салыстырмалы инвестициялар динамикасы.

Ұлттық экономиканың қазіргі жаһандық экономикалық жүйе жағдайларына сәйкестілігін сипаттайтын институционалды критерийлер:

  • капиталға айналуы,
  • ұлттық банктік жүйенің әлемдегі ұстанған жолдары,
  • ұлттық қаражат нарығын капиталға айналдыру, оның ішінде әлемдік капиталдануға қатысты салыстырмалы көрінісі.

Жеке нарықтардағы ұлттықэкономиканың бәсекеге қабілеттілік критерийлері:

  • тауар нарығы – қазақстандық өнімнің әлемдік және аймақтық нарықтардағы үлесі,
  • инвестициялар нарығы – Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тартудың көлемі және шартты көрсеткіштері; сонымен қатар прайм-рэйтпен салыстыру бойынша әлемдік қаржылық нарықтағы қазақстандық эмитенттердің құнды қағаздар бойынша пайыздық төлемі .
  • жұмыс күшінің нарығы – қазақстандық мамандардың шетелдерде қажеттілігі; Қазақстанның шетелдік жұмыс күші үшін қажеттігі.» [5]

Келтірілген критерийлер белгілі бір халықаралық рейтингте көтерілу үшін ғана емес, бәсекеге қабілеттілікті өсірудің нақты жағдайлары және бағыттары туралы толық объективті мәлімет беріп, бәсекеге қабілеттілікті өсірудің кешенді және жүйелі мәселелерін шешу үшін маңызды бола алады. Әлемде елдің бәсекеге қабілеттілігін өсіру бойынша шараларды жоспарлау үшін оның бұл әлемде ертең қажет болатынын білу керек және бұл бағыттағы жұмыстарды бүгіннен бастау керек. Жалпы алғанда, елдің дамуының ұзақ мерзімді, стратегиялық мақсаты бойынша бұл даму тиімділігінің агрегирлік критерийі жан басына шаққанда ЖІӨ, жүргізіліп отырған экономиканы жетілдірудің негізгі мақсаты – азаматтардың тұрмысын жақсарту болып табылады. Қазақстандық экономиканың ұлттық моделі қалыптасуының көрсетілген екі бағытына ие бола отырып, даму мақсатының жүйесін, сонымен бірге оның жетістіктерінің жолдары мен әдістерін анықтауға болады.

«Ұлттық бәсекеге қабілеттілікті бағалайтын индекстердің өзгерісі оларды есептеу әдістемесінде көрініс тапқан, бұл өз кезегінде жекелеген елдердің позициясының орын ауыстыруына алып келді. 2013 жылы қайтадан өзгерістер енгізді. Мысалы, «макроэкономика» параметрі «макроэкономикалық тұрақтылық» параметрімен алмастырылды, сол сияқты бірқатар жаңа компоненттер енгізілді («столптар» — pillars). 2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан әлемнің 133 елі арасында жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша 61-орын иеленді ( жыл сайын бағаланатын елдер санын арттыру үстінде). Оның үстіне  бұрынғыша 2012 және 2014 жылдар үшін бағаланушы елдер рейтингін қайта есептеді. Нәтижесінде жаңартылған бағалар Қазақстан 2012 ж. 50-ші орын, 2013 жылы 56-шы орын алғандығын көрсетті. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа критерийлерге сәйкес Қазақстан бес жыл бұрын-ақ әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елі қатарына енді, бірақ соңғы кездері өз позицияларын жоғалтып, 67-орынға дейін сырғыды. Мысалы, 2016 жылы БЭФ рейтингісінде Қазақстан әлемнің 134 елі арасында 67 орынға дейін төмен түсті.»[7]

«Көшбасшылардың (лидерлердің) алғашқы «ондығы» да өзгерді . Енді ең озық позиция Швейцарияға тиесілі, ол бұрын GCI-06 индексі бойынша 6-шы орында болатын. АҚШ 2011 ж. иеленген бірінші орнынан ығысып, 2-ші орынға түсіп қалды. 1993-2003 жылдар аралығында әлемдегі ең үздік инновациялық жүйені құра білген және бәсекеге қабілеттілік өсімі индексі бойынша 2012-2015 ж. әлемнің 115 елі арасында 1-ші орын иеленген Финляндия GCI-07/08 критерийі бойынша әлемнің 134 елі арасында алтыншы орынға кейін шегінді. GCI-07 жаңа критерий бойынша тек екі ел ғана өз позицияларын төмендетіп алды, олар: Жапония мен Германия – сәйкесінше 1-ші және 2-ші позициялар. 2014 ж. бағалаулары бойынша көшбасшылар ондығынан Ұлыбритания шығып қалды, сөйтіп ол он екінші орынға сырғыды да, өзінің оныншы орнын Канадаға берді.»[8]

1-Кесте. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша 10 көшбасшы елдер, 2011-14 ж.

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-92

Ескерту: мәліметтер Амренова Ғ.Қ. Қазақстанда экономикалық бәсекенің даму перспективасы/ Ғ.Қ.Амренова // Заманауи әлемдегі ғылым мен білім: халықаралық ғыл.-практ.конф.материалдары.-2-том.- 42-43 б..-Қарағанды: Болашақ- Баспа,2013 статьясынан алынған.

2013-2014 ж. қорытынды бағалары бойынша Қазақстан ТМД елдері арасындағы өзінің көшбасшылық позициясын жоғалтып алды. Ендігі лидер әлемнің 134 елі арасында 51-ші орын алатын Ресей болып табылады. 2011 жылы БЭФ 62-орын алған Өзбекстанды рейтингке алғаш рет енгізді, алайда 2014 ж жылғы рейтингте Өзбекстан жоқ. ТМД елдерінің тізімінің соңында әдеттегідей Қырғызстан тұрады.[6] (2-кесте).

2-кесте. ТМД елдері бәсекеге қабілеттілігінің рейтингі

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-93

Ескерту:  мәліметтер Каликова М.А. Ұлттық экономикалық- инновацияны құрудың басты бағыты ретінде/ М.А. Каликова// Ғаламдық экономикалық үдерістердің тұрақсыздығы жағдайындағы инновациялық даму. Б.Ж. Ермекбаевой, Б.М. Мухамедиева, Р.Т. Дуламбаевой.-2-бөлім.- 3-7  еңбегінен алынған.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-90

Сурет 1. ТМД елдері бәсекеге қабілеттілігінің рейтингі

Ескерту: мәліметтер Купешова С. Т. Ел аралық қатынастар / С.Т. Купешова// Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративті құрылымдардың дамуы. К.Е. Кубаев.-1-бөлім. – 147-151 б..-Алматы: Қазақ үн-ті, 2008 статьясынан алынған.

 «Экономикалық өсім мен дамудың базалық негіздері» подиндексі бойынша Қазақстан әлемнің 134 елі арасында 74-орынға, ал ТМД-да Ресей (56-орын) мен Әзірбайжаннан (62-ші) кейінгі үшінші орынға орналасты. «Тиміділікті күшейтушілер» подиндексі бойынша ТМД-да Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші, ал «инновациялар және даму факторлары» подиндексі бойынша Әзірбайжан, Украина және Ресейден кейінгі төртінші орын иеленді. Соңғы подиндекс бойынша ТМД елдері арасындағы көшбасшылық позицияға Әзірбайжан (57-ші орын) ие, бірақ бұл инновациялық даму саласындағы нақты картинаны бейнелей алмайды деп ойлаймыз. Бұл жерде сарапшылық бағалаудағы субъективизм айқын көрініс тапқандығы сөзсіз, себебі ол бағалаулар 2014 жылы 134 елдің 11 000-нан астам бизнес лидерлеріне сауалнама жүргізу негізінде құрылған. Инновациялық саланың даму контексінде ТМД-ның барлық республикаларының ішінде көшбасшылық позицияға Ресей ие, ол 2016 жылы әлемнің 134 мемлекеті ішінде 73-орын иеленді. БЭФ жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекстерін инновациялық саланың дамуы бойынша бағалайды. «Инновациялар мен даму факторлары» подиндексі бойынша Қазақстан көрсетілген елдер арасында 77-орын алды, сөйтіп өзінің 2012 жылмен (84-орын) салыстырғандағы позициясын едәуір жақсартып, ал 2013 жылмен (73-орын) салыстырғандағы позициясын төмендетіп алды.» [9]

Егер бұрын қолданылған бәсекеге қабілеттілік индексінде бәсекеге қабілеттіліктің макроэкономика, қоғамдық институттар және технологиялылық деген үш компоненті ескерілген болса, жаңа жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде мұндай компоненттер тоғыз: институттар, инфрақұрылым, макроэкономика, денсаулық сақтау және бастауыш білім, жоғары білім, біліктілікті көтеру, нарықтық тиімділік, технологиялар, бизнестің жетілгендігі, инновациялар. «Қазақстан 2011 жылдың нәтижесі бойынша 51 орыннан 2013 жылдың нәтижесі бойынша 56 орынға шегініп, бір жыл ішінде бірнеше пунктерді жоғалтты. Бұл индексте 50 орында Индонезия тұр, Қазақстан қазір одан 0,07 баллға (4,26 қарсы 4,19) қалып келеді. Дегенмен ЖБҚИ бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде ең күшті тұғырларды иеленіп отыр. Салыстыру үшін: Ресей – 66 орынды, Әзербайжан – 64, Украина – 78, Армения – 82, Грузия – 85, Молдова – 86, Тәжікстан – 96, Қырғызстан – 107 орынды алып тұр.»[10]

2013 жылы Қазақстанның рейтингіндегі тұғыры туралы Бүкіләлемдік экономикалық форум сарапшылары түсініктеме жасалған болатын. Бұл түсініктемелер төмендегідей:

«Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі туралы  әзірлеуші жетекші ғалымдардың бірі, бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) жаһандық бәсекеге қабілеттілік желісінің басшысы және бас экономисі Аугусто Лопес-Кларос өз пікірін білдірді: «көптеген ерекше дамыған салаларына қарамастан, Қазақстанда институционалды ортаны дамыту үшін әлі көп іс атқару қажет. Бұл істерде елдің заңды тәуелсіздік, жекеменшік құқығын сақтау, үкіметтің тиімділігі, қоғамның саясаткерлерге сенімі және қауіпсіздігімен байланысты өз институттары сапасының төмендеу процесін бастан өткергенін ескеру керек. Сондай-ақ инновациялар, бизнестің жетілгендігі және технологиялық әзірлік рейтингтері бойынша да төмендеулер байқалып отыр. инновациялар рейтингінің төмендеуі байқалып отырған ғылым мен инженерияға байланысты дағдылардың жетіспеушілігін, компанияларда келтірген аздаған шығындарын және басқа елдермен салыстырғандағы университеттер мен компаниялардың әлсіз достастығын көрсетеді. Биліктің реформалар бойынша алдағы жылдағы жоспарлары анық».[11]

Бұл түсініктемелерден Қазақстанда бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолындағы негізгі проблемалары анық көрініп тұр. Бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) баспасөз ақпараты да, А. Лопес-Кларостың да пікірлері жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін құрайтын жеке индексішілік индекс немесе қазіргі аталуымен «бағаналар», «бағандар», («pillars») бойынша елдің тұғырын бағалауға саяды. Осы бағандар немесе шамалар бойынша Қазақстанның жағдайын мүмкіндігінше жан-жақты қарастыруға тырысайық.

Кестеден ел тұғырының макроэкономика және нарықтық тиімділік  бойынша едәуір жақсы орында екені, ал денсаулық сақтау және бастауыш білім беру, институттар , бизнестің жетілгендігі  және инновациялар бойынша мүлде төмен екені көрінеді. Ал жоғары білім беру, технологиялық дайындық және инфрақұрылымдар бойынша Қазақстан орташа деңгейде тұр. Соңғы екі орын бойынша олардың шамалары елдің әлеуетіне барабар деп мойындалуы екіталай. Индустриалды инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруда Қазақстан үшін ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің технологиялық өлшемі – технологиялылық дайындық  және инновациялармен байланысты БҚӨИ екі шамасы өзекті болып отыр.

«Бірқатар жыл бойында Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін БӨИ (Growth Competetiveness Index — GCI), яки бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексі негізінде бағалады. Алайда 2006 жылдан бастап БЭФ басқа әдіснаманы пайдалана бастады және жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін – ЖБИ (Global Competitiveness Index – GCI) есептеуге көшті. Әдістеменің кейбір өзгерістеріне қарамастан, 2012-2013 жылдары қолданылған бағалау критерийлерін қарастырған дұрыс деп есептейміз.

БӨИ үш компонент негізінде есептелді:

  • технологиялық индекс (Technology Index – TI);
  • қоғамдық институттар индексі (Public Institutions Index – PII);
  • макроэкономикалық орта индексі (Macroeconomic Environment Index – MEI).

Бұл ретте зерттеліп отырған елдер екі топқа, атап айтқанда «негізгі инноваторлар» және «негізгі емес инноваторларға» бөлінді, олардың әрқайсысы үшін индексті есептеу әдістемесі БӨИ компоненттеріне берілетін салмақ мәндері бойынша ажыратып қаралады. «Негізгі инноватор» елдер үшін  есептеледі»[9]

«Негізгі емес инноватор» елдер үшін:

«TI = 1/8 инновациялар подиндексі + 3/8 технологиялар трансферті подиндексі + ½ ақпараттық және коммуникацяилық технологиялар подиндексі.

Талдау TI индексінің есебі мүлтіксіз болмағандығын көрсетті. Бұл бағаланатын елдердің бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) рейтингіндегі қорытынды орналасуында көрініс тапты. Мысалы, Ресей рейтингі тек GCI-05 қорытынды индексі ғана емес, TI индексі бойынша да тым төмен болып, 73-орын иеленді. Бірақ Ресей жоғары дамыған ғарыштық өнеркәсіпке, ғалымдардың миллиондаған санына, жоғары білім берудің биік сапалы жүйесіне және әскери-өнеркәсіптік кешенге ие, соңғысы өнімінің экспорты бойынша ол әлемде 1-ші орын алады. Нәтижесінде GCI-05 индексі бойынша, мысалы, Ресейдің алдына Біріккен Араб Әмірліктері (18-орын), Катар (19), Чили (23), Кувейт, Кипр, Тунис, Иордания, Ботсвана, Гана сияқты елдер мен инновациялық-технологиялық сферасының дамуы және технологиялық жетістіктері күмән тудыратын көптеген басқа да мемлекеттер шығып кетті.» [11]

Осымен байланысты TI индексін есептеу әдістемесі мүлтіксіздіктен тым алыс деген тұжырым жасаған жөн. Осы индексте ескерілетін статистикалық мәліметтерден тек бір көрсеткіштің, яғни патенттер санының ғана нақ инновациялық, ғылыми қызметке қатысы бар. Ұялы телефондар, Интернет пен интернет-хосттар, телефон линиялары мен компьютерлерді пайдаланушылар саны іспетті көрсеткіштер елдің инновациялық дамуы мен технологиялық деңгейін сипаттай алмайды. Бұны көбіне елдің технологиялық және инновациялық сезінушілік, сол сияқты ұялы телефондар мен компьютерлерді кеңінен қолданатын.

PII индексі мен оған енетін «келісімшарттар мен заңнама» және «жемқорлық» подиндекстеріне келсек, олар тек сауалнамалық мәліметтер негізінде ғана есептеледі және оларға статистикалық көрсеткіштер енгізілмейді, сондықтан да олар тым субъективті. Оның ішінде «келісімшарттар мен заңнама» подиндексіне төмендегідей сұрақтар енеді: елдің сот төрелігі саясаткерлер, азаматтар және фирмалар ықпалынан қаншалықты тәуелсіз, қаржылық активтерді заң қаншалықты қорғай алады, мемлекеттік тапсырыстарды бөлу кезінде үкімет объективті ме, ұйымдасқан қылмыстың бизнеске әсері қаншалықты елеулі?

«Жемқорлық» подиндексін зерттеуге экономиканың әр түрлі салаларында, атап айтқанда экспорттық-импорттық операцияларда, қоғамдық секторда, салық салу және т.б. салаларда парақорлықтың тарау деңгейін анықтайтын мәселелер енеді.

«2012 жылдан бастап бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) жаһандық бәсеке индексті (ЖБИ) пайдалана бастады, ол 2013 жылы модификацияға ұшырады: егер оған 2012 жылы тоғыз компонент енсе, енді ол он екі болды. Бұл он екі компонент үш топқа бөлінген. Бірінші топ – «базалық талаптар» төрт параметрден тұрады: «институттар», «инфрақұрылым», «макроэкономикалық тұрақтылық», «денсаулық сақтау және бастауыш білім». Екінші топ – «тиімділікті күшейтушілер» алты параметрден тұрады: «жоғары білім және кәсіби дайындық», «тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі», «еңбек нарығының тиімділігі», «қаржы нарығының даму деңгейі», «технологиялық даярлығы», «нарықтың көлемі». Үшінші топ – «инновациялар және даму факторлары» екі параметрден тұрады: «компаняилардың бәсекеге қабілеттілігі» және «инновациялар». ЖБИ-дің он екі компонентінің әрқайсысы бойынша позицияларды есептеу үшін статистикалық мәліметтер мен сауалнама нәтижелері пайдаланылады. Жалпы ЖБИ-ді есептеуде 110 көрсеткіш қолданылады. GCI-07/08 компоненттері мен оларды құрайтын көрсеткіштерді толығырақ қарастырып көрейік.»  [12]

Интеллектуалдық меншікті қорғау, қоғамдық қорлар бағыттарының өзгерісі, саясаткерлерге деген қоғамдық сенім, соттардың тәуелсіздігі, үкіметтік шенеуніктер шешімдеріндегі фаворотизм (фавориттерді қолдау), құқықтық нормалардың тиімділігі, үкімет саясатының ашықтығы, мемлекеттік шығындардың бейберекеттігі, мемлекеттік реттеудің ауыртпалығы, бизнестің терроризмнен шығынға ұшырауы, полициялық қызметтің сенімділігі, қылмыс пен зорлықтан туындар бизнес шығындары, ұйымдасқан қылмыс секілді көрсеткіштер бойынша бағаланады.

Жеке институттар фирмалардың этикалық мінез-құлқы, корпоративтік басқарудың пәрменділігі, миноритарлық акционерлер мүдделерін қорғау, аудит пен бухгалтерлік есеп стандарттар ықпалының күші сияқты көрсеткіштер бойынша бағаланады. Барлық 18 көрсеткіш сауалнама негізінде анықталады.

Екінші компонент «инфрақұрылым» сегіз көрсеткіш бойынша бағаланады, оның ішінде тек телефон линиялары мен жол ұзындығы ғана статистикалық мәліметтер ұсынылған. Қалған алтауы келесілер: инфрақұрылымның жалпы сапасы, жолдар сапасы, теміржол инфрақұрылымының даму деңгейі, порттық инфрақұрылым сапасы, әуе транспорты инфрақұрылымының сапасы, электрлендіру ұсыныстарының сапасы. Соңғы алтауы бүкіләлемдік экономикалық форумның(БЭФ) таңдап алатын сарапшылар сауалнамаларының нәтижелері негізінде бағаланады.

«Үшінші компонент «макроэкономикалық тұрақтылық» бойынша Қазақстан келесідей көрсеткіштер негізінде анықталады:

  • бюджет тапшылығы (профициті);
  • ұлттық қор деңгейі;
  • инфляция;
  • пайыздық мөлшерлемелер бойынша спрэд;
  • мемлекеттік қарыз.

Төртінші компонент «денсаулық сақтау және бастауыш білім» 11 көрсеткіш негізінде есептеледі, олардың сегізі денсаулық сақтау, ал үшеуі білім саласына жатады. Денсаулық сақтау бойынша сегіз параметр төмендегідей:

  • безгектің, яки малярияның бизнеске ықпалы;
  • құрт ауруының (туберкулездің) бизнеске әсері;
  • СПИД-тің бизнеске әсері;
  • балалар өлімі;
  • өмір сүрудің күтулі ұзақтығы;
  • безгектің кең таралуы;
  • туберкулездің кең таралуы;

Бастауыш білімге жататын көрсеткіштер: бастауыш білім беру сапасы, бастапқы қабылдау (бұл жерде мектепке алғаш баратын балалар саны ескеріледі) және білімге кететін шығындар. Барлық параметрлер статистикалық мәліметтерден тұрады». [5]

Факторлардың екінші тобы – «тиімділікті күшейтушілерге» бес компонентке біріктірілген  параметр енеді.

Бесінші компонент «жоғары білім және кәсіби дайындық» та, негізінен сауалнамалық сипаттағы көрсеткіштерден тұрады. Статистикалық мәліметтер тек орта мектеп пен жоғары оқу орындарына түскендерді, сол сияқты білімге кететін шығындарды бейнелейтін «қабылдау саны» параметрлерін есептеуде ескеріледі. Қалған алты параметр сарапшылар сауалнамасы негізінде анықталады. Айталық, сарапшылық жолмен білім беру жүйесінің сапасы, математика және басқа да ғылыми пәндердің оқытылу сапасы, мектептерді басқару сапасы, мектептердегі Интернетке қол жетімділік, сонымен қатар «жұмыстағы оқуды» (біліктілікті арттыруды) бейнелейтін екі көрсеткіш айқындалады». [13]

«Тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі» екі негізгі параметрге біріктірілген 16 көрсеткіш (олардың бесеуі статистикалық мәліметтер, ал қалғандары сауалнама нәтижелері болып табылады) негізінде есептеледі. Негізгі параметрлер мыналар:

  • ішкі және шетелдік бәсеке енетін бәсеке;
  • сұраныс жағдайының сапасы.

Өз кезегінде «ішкі бәсеке» параметрі келесі көрсеткіштерге негізделген:

  • ішкі бәсекенің қарқындылығы (интенсивтігі);
  • нарықтық басымдық дәрежесі;
  • антимонополиялық саясат тиімділігі;
  • салық салу дәрежесі және оның әсері;
  • толық салықтық мөлшерлеме;
  • бизнесті жасау үшін талап етілетін процедуралар саны;
  • бизнесті бастау үшін талап етілетін уақыт;
  • ауыл шаруашылығы саясатына кететін шығындар.

«Шетелдік бәсеке» параметріне:

  • саудалық кедергілердің кең таралуы;
  • өлшенген сауда тарифтері;
  • шетелдік меншіктің кең таралуы;
  • тікелей шетелдік инвестицияларға бизнес-ережелердің әсері;
  • кедендік процедуралардың ауырпалығы;
  • ЖІӨ-ге шаққандағы импорттың үлесі енеді.»[14]

Жетінші компонент «еңбек нарығының тиімділігі» 12 көрсеткіш негізінде есептеледі, олардың бесеуі статистикалық мәліметтер, ал қалған жетеуі сарапшылардың сауалнамалары негізінде қалыптасады. «Бұл 12 көрсеткіш екі топқа агрегатталады:

  • икемділік;
  • дарынды (қабілетті) пайдалану тиімділігі.

«Икемділік» параметрі сегіз көрсеткіш негізінде анықталады, олар:

  • кәсіпкердің еңбек қатынасындағы ынтымақтастық;
  • еңбекақыны анықтау икемділігі;
  • жұмыс күшінің еңбекақы енбейтін шығындары;
  • жұмыспен қамту қатаңдығы;
  • жалдау және жұмыстан шығару әдістері;
  • салық салу деңгейі және ықпалы;
  • толық салықтық мөлшерлеме;

жұмыстан шығару шығындары (мысалы, фирманың өз қызметкерлерін қысқартумен байланысты шығындары; жұмыстан шығару шығындарына қызметкер жалдау, демалыс жәрдемақыларын төлеу, еңбекақы бойынша берешекті өтеу, заңдық мәселелерді ретке келтіру және т.б. жөніндегі шығындар енуі мүмкін).

 Сегізінші компонент «қаржы нарығының даму деңгейі» екі топқа, атап айтқанда «тиімділік» және «сенімділік және құпиялыққа» агрегатталған. Бірінші параметр алты көрсеткіш (бес сауалнамалық және бір статистикалық) негізінде есептеледі, олар:

  • қаржы нарығының күрделілігі;
  • ішкі қор нарығы арқылы қаржыландыру;
  • көмек қаржыға (ссудаға) қол жетімділік дәрежесі;
  • капитал ағынына қойылатын шектеулер;
  • инвесторларды қорғау.» [14]

Тоғызыншы компонент «технологиялық даярлығы» сегіз көрсеткіш негізінде анықталады, олардың жартысы статистикалық мәліметтер (ұялы байланыс пен Интернетті, оның ішінде кең жолақты байланыс пен дербес компьютерлер негізінде пайдаланушылар), ал қалған жартысы сауалнамалық (тікелей шетелдік инвестициялар, технологиялар трансферті, соңғы технологиялардың қабылдануы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы заңнамалық база).

Оныншы компонент «нарықтың көлемі» бірінші, ішкі нарық көлемінің индексі, екінші, шетелдік нарық көлемінің индексі негізінде анықталады. Екі индекс те статистикалық мәліметтерден шығарыла отырып айқындалады.

Он бірінші және он екінші компоненттер ұлттық экономиканың инновациялық сипаттамаларын бейнелейді. Айталық, «компаиялардың бәсекеге қабілеттілігі» компоненті жергілікті бәсекенің қарқындылығы, антимонополиялық саясаттың тиімділігі, импорт (статистикалық мәліметтер), саудалық кедергілердің кең таралуы, шетелдік меншікке қатысты шектеулер негізінде анықталады.

 «Инновациялар» компоненті келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады ғылыми-зерттеу институттарының (ҒЗИ) саны, компаниялардың зерттеу мен дамуға кететін шығындары, университеттер мен компаниялар арасындағы зерттеуге қатысты ынтымақтастық, жоғары технологиялы өнімді үкіметтің сатып алуы, ғалымдар мен инженерлердің қол жетімділігі, патенттер (статистикалық мәліметтер), интеллектуалды меншікті қорғау, инновацияларға деген қабілеттілік.

Жалпы бұндай сан ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жиынтық бағалау үшін жеткілікті. Алайда ЖБИ-ді есептеу әдістемесі артықшылыққа да, кемшілікке де ие. Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін бағалауға деген неғұрлым салмақты, әрі кешенді көзқарасты орнықтыру және оның әлемнің басқа елдерінің экономикаларымен салыстырғандағы бәсекелік артықшылықтарын талдау үшін оларға кеңірек тоқталған жөн.

«ЖБИ-дің артықшылықтары қатарына бірінші кезекте бұл индексте оның үш подиндекске негізделген ізашарымен салыстырғандағы жүзеге асырылған нәтижелерін жатқызуға болады, олар бойынша ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бағаланады. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі өлшенетін индекстер бойынша есептеу әдіснамасының өзгеруімен байланысты БЭФ-тің 2010 ж. Баяндамасында былай делінген: «Соңғы бес жыл бойы біз ұлттың бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін Джеффри Сакс пен Джон МакАртур жасаған бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексін пайдаландық. …Бәсекеге қабілеттілікті неғұрлым кең өлшеуде өнімділікті алға сүйрейтін көптеген факторларды ескеру мақсатымен ендігі жерде біз Бүкіләлемдік экономикалық форум үшін Колумбия университетінің профессоры, өсім мен бәсекеге қабілеттілік бойынша жетекші эксперт Хавьер Сала-и-Мартин жасаған индексті қолданатын боламыз». [15]

ЖЬИ-де салыстырғанда ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің әр түрлі жақтарын бағалауға қатысты кешенді көзқарас орнықтыруға талап етілген. ЖБИ-де бұрын қамтылмаған денсаулық сақтау, білім беру, тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі, еңбек нарығы, қаржы нарығы, нарық көлемі және т.б. сияқты параметрлер де бағаланады. жаһандық бәсекеге индексінде (ЖБИ)  индексінде  қамтымаған ЖІӨ және экспорт пен импорт көлемдері сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер бар.

Сонымен бір мезгілде жаһандық бәсекеге индексінде(ЖБИ) бірқатар елеулі кемшіліктерге ие, оларды келесідей топтарға бөлуге болады:

«Бұл индексте көбіне-көп пайдаланылатын параметрлер атауларының тұжырымдары нені бағалауға бағытталғаны жайында анық түсінік бермейді. Осындай сипаттағы тұжырымдар мысалдары өте көп, оларға «меншік құқығы», «үкіметтік реттеудің ауыртпалығы», «бизнестің терроризмге қатысты шығындары (қылмыс пен зорлық)», «ұйымдасқан қылмыс», фирмалардың этикалық мінез-құлқы» және т.б. жатқызуға әбден болады. Бұл тұжырымдар олардың ағылшын тілді нұсқасына сәйкес келтірілген. Сондықтан қандай да бір көрсеткіш нені және қалай бағалайтынын тек жалпылай аңғаруға болады. Мысалы, «ұйымдасқан қылмыс» көрсеткіші қылмыс санын, қылмыстық топтар саны, ұйымдасқан қылмыстың бизнеске әсерін немесе тағы да нелерді білдіреді? Мұндай тұжырымдар әдістемелік көзқарас тұрғысынан мүлтіксіз болып саналмайды. Тіпті көптеген кемшіліктерге ие  индексінде де подиндекстер тұжырымдары түсінікті де нақты еді. Айталық, «қоғамдық институттар» индексінің параметрлері сауалнама жүргізу үшін анық тұжырымдалған, атап айтқанда «ұйымдасқан қылмыс бизнеске елеулі әсерін тигізе ме?» деген сияқты сұрақтар ретінде ұсынылған. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың қолданыстағы басқа да критерийлері осындай түрде тұжырымдалған» [16]

Бәсекеге қабілеттіліктің кейбір параметрлерінің анықтау кезіндегі жеткіліксіз объективтілік бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) индексінің алдыңғы версиясына да тән болатын, тек ішінара қазіргі нұсқасында сақталған. Әңгіме бәсекеге қабілеттіліктің бірқатар параметрлері жеткілікті түрде кешенді және тек бір жақты ғана бағаланатындығында болып отыр. Алдыңғы индексте бұндай бағалаудың мысалы ретінде елдің технологияландырылуы алға шықты, ол үш подиндекс, оның ішінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар подиндексі негізінде бағаланды. Онда Интернет, ұялы телефондар, компьютерлер, телефон линиялары мен интернет-хосттар пайдаланушыларының саны бойынша статистикалық мәліметтер қолданылды. Сонымен бір мезгілде тиісті салалардың дамуын, олардың ел экономикасына қосқан үлесін және экономиканың технологияландырылу деңгейін бейнелейтін өзге де экономикалық көрсеткіштерді (мысалы, салаларға салынған инвестициялар көлемін, осы салаларда жұмыспен қамтылғандар санын) сипаттайтын көрсеткіштер болған жоқ. Елдің технологияландырылуы көбіне-көп инновациялық емес, тұтынушылық бағытта бағаланды, оның нәтижесінде осы рейтингтің жоғарғы позицияларында жаңа технологияларды жасаушы емес, тұтынушы елдер орналасты.

Мұндай көзқарас жаһандық бәсеке индексінде (ЖБИ) де сақталды. Мысалы, ЖБИ-дің төртінші компоненті – «денсаулық және бастауыш білім» – біріншіден, денсаулық сақтау мен білімнің әр түрлі көрсеткіштерін біріктіретін өте оғаш құрамға ие, екіншіден, бұл сфераларды аса ерекше түрде бағалайды. Бұл компонентте он бір көрсеткіш барлығын алдында атап өткенбіз, олардың үшеуі білімге, ал қалған сегізі денсаулық сақтауға жатады. Осымен бір кезде денсаулық сақтау бар-жоғы үш ауру, туберкулез және безгек ауруларының кең таралуы негізінде бағаланады. Ал көрсетілген соңғы ауру әлемнің барлық аймақтары үшін тән емес. Денсаулық сақтау сол сияқты өмір сүрудің күтулі ұзақтығы мен бала өлімі көрсеткіштері бойынша да бағаланады. Бұл жерде онкологиялық және жүрек-тамыр ауруларының есебі ескерілмеген, ал олар өлім-жітімнің негізгі себептері болып табылады. Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесі дамуының экономикалық және басқа да көрсеткіштері жоқ, бұл халықтын аурудан қорғалу деңгейін бағалауға мүмкіндік бермейді, аурудың алдын алу мен қоғамға салауатты өмір салты стандарттарын еңгізуге баға берілмейді. Авторлар өз еркімен таңдап алған тек үш ауру бар болып шығады, олардың негізінде денсаулық сақтауға қатысы бар сегіз көрсеткіштің алтауы құрылады, яғни көрсетілген үш ауру елдің осы саладағы бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.

Бұл ЖБИ-ді бағалау кезінде қолданылатын басқа да компоненттерде орын алған бір жақты көзқарас екендігі күмән тудырмайды. Мысалы, жаһандық бәсеке индексінде (ЖБИ)  алтыншы компонентінде («нарықтық тиімділік») еңбек нарығына арналған және жеті көрсеткіш енген жеке подиндекс бар. Алайда бұл подиндексте еңбек нарығын бағалау негізі ретінде бүкіл әлемде қолданылатын базалық, негізін құраушы индекаторларға орын табылмады. Бірақ әйелдердің жеке секторда жұмыспен қамтылуын немесе ақыл-ой иелерінің елден кетуін сипаттайтын жекелеген көрсеткіштер орын алған (тап осындай тұжырымда – brain drain).

«Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) сарапшылары пайдаланатын көзқарас мәселесі GCI-06 индексі үшін де өзекті болып қалып отыр, себебі ол қандай да бір бағаланушы саланың даму деңгейін әрдайым дәл бейнелей алмайды және әрі қарай жетілдіруге мұқтаж.

Жаһандық бәсеке индексінде (ЖБИ)  индексінде, жоғарыда атап өтілгендей, 110 көрсеткіш негізінде ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің он екі компоненті бағаланады. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетттілігін бағалауға арналған он екі компонент ЖБИ-дің 2006 ж. тоғыз компонентімен, оның үстіне БӨИ-дің үш параметрімен салыстырғанда елеулі әдіснамалық прогресс болып отырғаны сөзсіз. Алайда, біздің ойымызша бағалау нысанларының елеулі түрде артқанына қарамастан, ел дамуының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын барлық мәселелер ЖБИ-де көрініс тапқан жоқ.» [17]

«Жоғарыда айтқандай, бәсекеге қабілеттілік ұғымы кең көлемде түсіндіріледі. Тағы бір көзқарасты келтірейік. Гарвард университетінің профессоры Роберт Лоуренстің пікірінше, «әсіресе ұлттық экономикаға қатысты бәсекеге қабілеттілікті анықтау өте қиын». Р. Лоуренс ол тек сыртқы саудаға ғана жатпайды, бірақ экономикалық өсім, инфляция, жұмыссыздық, халық табысындағы үлкен айырым және әсіресе халықтың өмір сүру стандарттары іспетті критерийлер бойынша да бағалануы тиіс. АҚШ-тың бәсекеге қабілеттілік бойынша кеңесі «өндіріс және өнімділік, еңбекақы мен жеке табыстар, жұмыспен қамтудың өсуі, жинақтар мен инвестициялар, сауда, зерттеулер мен технологиялық даму және  капитал бойынша ұлттық және халықаралық мәліметтерді жүйелі түрде талдап отырады». [18] Осы ұйым жасаған 2012 жылғы бәсекеге қабілеттілік индексі АҚШ-тың экономикалық өсуі мен гүлденуінің қозғаушы күштерін талдайды, американдық экономиканың жаһандық экономикада бәсекеге түсе білу қабілетіне әсер ететін негізгі факторларды айқындайды және оның неғұрлым маңызды әлсіздіктері мен күштерін бағалайды. Өзгермелі жаһандық экономикалық ландшафттың кең контексіндегі негізгі деректер мен жасырын үрдістерді анықтау мақсатында ішкі және халықаралық көздердің кең шеңберінен алынған объективті мәліметтер өңделеді.

«Американдық сарапшылар ең алдымен бәсекеге қабілеттілікті ел дамуының сыртқы экономикалық компонентімен теңдестіретінін аңғару қиын емес. Шынында да «бәсеке» терминінің алғашқы, «жарыс», «күндестік» дегенді білдіретін нұсқасынан шығара отырып, бәсекеге қабілеттілік деп елдің өз өнімін әлемдік нарыққа жеткізуші ретіндегі жетістігін түсінген әбден дұрыс болмақ. Алайда бұл мәселе ЖБИ әдістемесінде тіпті де көрініс таппаған. Экспорт тек бір көрсеткіште (89-дың ішінен), «нарықтық тиімділік» параметрін бағалау кезінде ғана өз көрінісін тапқан. Сонымен бірге әр түрлі елдер бойынша талдау мен салыстырмалылықты қамтамасыз ету үшін абсолютті емес, керісінше салыстырмалы көрсеткіштерді қолданған жөн. Мысалы, экспорттың ЖІӨ-ге, адам басына шаққандағы ара қатысы және т.б» [20]

Жаһандық бәсеке индексінде (ЖБИ) ұлттық экономиканың технологияландырылуын бейнелейтін өте маңызды көрсеткіштерге жеткілікті түрде назар аударылмаған. Айталық, экономиканың технологияландырылуын барабар түрде бейнелей алмайтын телефондар, компьютерлер және Интернетті пайдаланушылар секілді көрсеткіштер пайдаланылады. Ал өңдеуші өнеркәсіптің (немесе жоғары технологиялы салалардың) ЖІӨ-дегі үлесі, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға құйылатын инвестициялар және т.б. сияқты анағұрлым объективті индикаторлар қамтылмаған.

«Егер адам дамуы индексін есептеу кезінде орын алатын әлеуметтік көрсеткіштер ғана тірек етілсе, онда индекс авторларының экономикалық көрсеткіштерге тым аз көңіл бөлуін түсінуге болар еді. Алайда әлеуметтік көрсеткіштер де ЖБИ-де фрагментарлық түрде ғана көрініс тапқан. Денсаулық сақтау, білім бері, ғылымның жекелеген жақтарын сипаттайтын көрсеткіштер ғана бар. Бірақ, біріншіден, бұл бағалаулар бір жақты және ерекше объективті емес (айталық, ғылыми жетістіктер мен патенттер саны бойынша ғана бағаланады), ал екіншіден, бағалау үдерісінен әлеуметтік сфераның тұтас блоктары орын таппаған. Өмір сүру сапасын, қоғамның әлеуметтік тұрғыдан бөлінуін, кедей адамдар санын және т.б. бағалауға мүмкіндік беретін қандай да бір көрсеткіштер де жоқ. Әрине, денсаулық сақтаумен байланысты тарау бар, дегенмен онда елдің медициналық жүйесін, яки медициналық мекемелер, төсек орын, медициналық персонал және т.б. сипаттайтын бірде-бір көрсеткіш орын алмаған.»[22] Денсаулық сақтауға кететін шығындар іспетті экономикалық көрсеткіштер де жоқ. Тап осындай жағдай білім беруге, ғылымға, мәдениетке де қатысты. Мәдениет секілді бәсекеге қабілеттіліктің осындай кесіндісі ЖБИ-де тіпті жоқ, алайда заманауи жағдайда нақ мәдениеттің барлық өз көрінісінде даму деңгейі елдің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.

Қорытынды

Ал енді ұлттық экономика деңгейіндегі бәсекеге қабілеттілік анықтамасына келсек, зерттеушілер «бәсекеге қабілетті ел» термині үлкен өзіндік мәнге ие емес деп есептейді, өйткені мемлекеттің экономикадағы негізгі мақсаты – өз азаматтарын өмір сүрудің жоғары (арту үстіндегі) деңгейімен қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатқа қол жеткізу ең алдымен ресурстарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Нақты ұлттық бәсекеге қабілеттілік, оның көзқарасынша, өндірістің нақты салаларындағы жетістікті немесе сәтсіздікті және елдің әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орынын анықтайды. Ұлттық бәсекеге қабілеттілік өнеркәсіптің тұрақты даму және инновацияларды өндіру қабілетімен анықталады. Алғашында ұлттық компаниялар бәсекелік артықшылыққа қол жеткізеді, бұл жолда олар өздері бәсекелесетін негізді өзгертіп отырады.

«2011 жылдан бастап бүкіләлемдік экономикалық форум(БЭФ )жаһандық бәсеке индексі(ЖБИ) пайдалана бастады, ол 2012 жылы модификацияға ұшырады: егер оған 2011 жылы тоғыз компонент енсе, енді ол он екі болды. Бұл он екі компонент үш топқа бөлінген. Бірінші топ – «базалық талаптар» төрт параметрден тұрады: «институттар», «инфрақұрылым», «макроэкономикалық тұрақтылық», «денсаулық сақтау және бастауыш білім». Екінші топ – «тиімділікті күшейтушілер» алты параметрден тұрады: «жоғары білім және кәсіби дайындық», «тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі», «еңбек нарығының тиімділігі», «қаржы нарығының даму деңгейі», «технологиялық даярлығы», «нарықтың көлемі».Ал осы артықшылықтарын ұстап қалу оларға тауарды, өндіріс тәсілін және басқа да факторларды үнемі жетілдіруге мүмкіндік береді. Тіпті бәсекелестері оларды қуып жете және басып оза алмайтын дәрежеге дейін тез жетеді. Бәсеке – бұл тепе-теңдік емес, керісінше тұрақты өзгерістер.» [24]

Саланы жетілдіру және жаңарту – үздіксіз үдеріс. Сондықтан елдің бәсекелік артықшылығын түсіндіру негізінде жаңару мен жетілдіруді ынталандырудағы, яғни инновациялар өндірісін қолдаудағы ел рөлі жатыр. Сөйтіп, бәсекеге қабілеттілікті құру және оны қолдау үдерісі ерекше таратылмағанын байқаймыз. Елдер экономикасындағы, олардың мәдениетіндегі, халқындағы, инфрақұрылымындағы, басқарудағы, ұлттық құндылықтарындағы, тіпті тарихындағы айырмашылықтар – бұның барлығы қандай да бір дәрежеде ұлттық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігіне әсерін тигізеді. Портер жаһанданудың күннен-күнге үдеу үстіндегі мәніне қарамастан ұлттың бәсекеге қабілеттілігі нақты, локалды жағдайларға тәуелді факторлардың жиынтығымен анықталатындығын көрсетеді.

«Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі туралы  әзірлеуші жетекші ғалымдардың бірі, бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) жаһандық бәсекеге қабілеттілік желісінің басшысы және бас экономисі Аугусто Лопес-Кларос өз пікірін білдірді: «көптеген ерекше дамыған салаларына қарамастан, Қазақстанда институционалды ортаны дамыту үшін әлі көп іс атқару қажет. Бұл істерде елдің заңды тәуелсіздік, жекеменшік құқығын сақтау, үкіметтің тиімділігі, қоғамның саясаткерлерге сенімі және қауіпсіздігімен байланысты өз институттары сапасының төмендеу процесін бастан өткергенін ескеру керек. Сондай-ақ инновациялар, бизнестің жетілгендігі және технологиялық әзірлік рейтингтері бойынша да төмендеулер байқалып отыр. инновациялар рейтингінің төмендеуі байқалып отырған ғылым мен инженерияға байланысты дағдылардың жетіспеушілігін, компанияларда келтірген аздаған шығындарын және басқа елдермен салыстырғандағы университеттер мен компаниялардың әлсіз достастығын көрсетеді. Биліктің реформалар бойынша алдағы жылдағы жоспарлары анық».[25]

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы халыққа Жолдауында елдің әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 мемлекетінің қатарына ену міндеті алға қойылды. Қазақстанның бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Осымен байланысты Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтингін есептеп шығару әдіснамасын, яки методологиясын қарастыру лайықты іс деп санаймыз, өйткені алға қойылған міндет осы ұйымның рейтингіне бағыт ұстайды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мырзалиева Г.А. Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар/ Г.А. Мырзалиева// “М. Ауэзов – жаңа дәуір данышпаны’’ атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция еңбектері. 2007 ж. 15-16 қараша.-Т.8.- 108-110б..-Шымкент, 2007
  2. Халықов М. Қазақстандағы экономикалық бәсеке/ М. Халықов//Презтдент және халық.-2007.-28 қыркүйек(N 39) – 3б
  3. Купешова С. Т. Ел аралық қатынастар / С.Т. Купешова// Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративті құрылымдардың дамуы. К.Е. Кубаев.-1-бөлім. – 147-151 б..-Алматы: Қазақ үн-ті, 2008
  4. Қалназаров А. Венчурлық инвестициялық саясат өзін ақтай ма?/ А. Қалназаров// Ана тілі.- 2009.- 16/22 шілде(№28).- 2б
  5. Каликова М.А. Ұлттық экономикалық- инновацияны құрудың басты бағыты ретінде/ М.А. Каликова// Ғаламдық экономикалық үдерістердің тұрақсыздығы жағдайындағы инновациялық даму. Б.Ж. Ермекбаевой, Б.М. Мухамедиева, Р.Т. Дуламбаевой.-2-бөлім.- 3-7 б.- Библиогр.:12 атау..- Алматы: Қазақ ун-ті, 2010 ж
  6. Садықова А. Дамыған мемлекеттерде ұлттық бизнестің даму тәжірибесі/ А. Садықова// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.- 2011.- №1.- 30-34 б.-Библиогр.: 7 атау
  7. Примбетова С. Инновациялық кәсіпорындарды дамыту – экономиканы жаңғыртудың басты бағдары/ С. Примбетов// АльПари.-2012.- №1/2.- 42-44 б.
  8. http://kazekonom.kz/news/6979
  9. Суйеубекова А. Ж. Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуының теориялық негіздері/ А.Ж. Суйеубекова// ҚазҰУ хабаршысы Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.-2011.- №2.- 119-122 б.-Библиогр.: 7 атау.
  10. Шарапиева М.Д. Венчурлық бизнес инновация дамудың механизмі ретінде/ М.Д. Шарапиева// -148-152 б.- Алматы : Қазақ ун-ті, 2012
  11. Шарапиева М.Д. Қазақстан Республикасында ұлттық бизнесті тиімді басқарудың жолдары/ М.Д. Шарапиева// ҚазҰУ хабаршысы. -2012.- №1.-20-25 б
  12. Аязбаева Г.Б. Бәсекенің қалыптасу көздері/ Г.Б. Аязбаева, М.А. Каликов, Ж.Ж. Жұматай жб.//-271-274б..-Алматы : Қазақ ун-ті, 2012
  13. Закирова А.Т. Қазақстандағы даму институттарының жаңашылдық әрекеті/ А.Т. Закиров, Г.М. Имранова, М.А. Каликова жб//.-2012.-№2(054)7- 209-212б.
  14. Унербаева Р.У. Бәсекені ұйымдастыру мен басқарудағы ерекшеліктер/ Р.У. Унербаева , М.Д.Шарапиева// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы=Вестн.КазНУ. Сер.экономическая-2013.-№3-70-74б.
  15. Халықов М. Ұлттық бизнестегі әдіс-қаржыландырудың қуатты көзі/ М.Халықов// Президент және Халық-2016.- 12 сәуір ( № 15).-2б
  16. Амренова Ғ.Қ. Қазақстанда экономикалық бәсекенің даму перспективасы/ Ғ.Қ.Амренова // Заманауи әлемдегі ғылым мен білім: халықаралық ғыл.-практ.конф.материалдары.-2-том.- 42-43 б..-Қарағанды: Болашақ- Баспа,2013
  17. Шораева А.Б Қазақстандағы қаржыландырудың негізгі мәселелері/А.Б. Шораева// Академик Кулажанов К.С.-169-171б..-Алматы,2014=Академик Кулажанов К.С.: Ғылым мен білімге арналған ғұмыр
  18. Кәрімбай Е. Экономиканы басқару мен ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі/ Е.Кәрімбай, Ж.Т.Бейсенбаев//.-94-96 б..-Алматы,2014
  19. Бектемиров Қ.Ж. ҚР бәсекенің дамуы /К.Ж.Бектемиров ,С.К. Тажиева//-112-113 б ..-Алматы,2014
  20. Тюлеубай Б. Ұлттық экономиканың түсінігі, қалыптасу тарихы/ Б.Тюлеубай, А.С. Ашимова // 46-51 б..-Усть-Каменогорск,2015
  21. Бимендиева Л.А. Бәсекелестік– тәуекелге негізділген бизнес/ Л.А. Бимендиева, Қ.Б.Әбенов//-130-132б..-Алматы,2015
  22. Садыханова Д.А. Қазақстан Республикасындағы инновациялық жобаларды қаржыландыру ерекшеліктері/ Д.А. Садыхановна// ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы.-2016.-№1/2.-261-264б.
  23. Жорабаева Ж.Қ. ҚР инновациялық жобаларды қаржыландыру дамуының мәселелері/ Ж.К. Жорабаева , Н.С. Сабитова// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.-2016.-№2/2.-203-206б.
  24. Кукиева А.Ж. Қазіргі кезеңдегі индустриалды-инновациялық даму ерекшеліктері мен негізгі мәселелері/ А.Ж. Кукиев,Д.А. Садыхановна// ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы.-2016.-№3/2.-225-229 б.
  25. Копжасарова Г.А. Қазақстан Республикасындағы инновациялық кәсіпкерлік : теория мен даму механизмдері/ Г.А.Копжасарова : филос.ғыл.док…дис./Алматы,2016
  26. Ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайы және оның даму тенденциясы// «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2016 ж., №4 185-189 б.

Құрастырғандар: Мұса Ә., Әлдібеков Қ.

Яндекс.Метрика