ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАР.ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҮДЕРІСТЕРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК  ИНСТИТУТТАРДЫҢ РӨЛІ

Мазмұн

Кіріспе

Әлеуметтік институттар. Жастардың әлеуметтену үдерістеріндегі әлеуметтік  институттардың рөлі

Қорытынды

Қолданған әдебиеттердің тізімі

Кіріспе

«Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан – 2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі болып табылады. Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты» /1/.

Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалықтұрғыдан  дамып келе жатқан мемлекет  болғандықтан   әлемде өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жастардың әлеуметтену үдерістеріне, жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарына әсер етеді. Жас ұрпақтың өз тәжірибесінде әлеуметтенуі — азаматтық қоғамның қалыптасып дамуының, азаматтардың әлеуметтік талғамдылығының алғышарты.

Жастар халықтың елеулі бөлігін құрайды және маңызды әлеуметтік, экономикалық, саяси және адамгершілік міндеттерді шешуде, ел болашағында маңызды рөл атқарады. Жастар-еліміздің болашағы, ертеңі. Қазіргі таңда қоғамда  көптеген  әлеуметтік  үдерістер  орын алуда, Шығыстан да, Батыстан да өзгенің бәрі құйыла бастайды. Басқа құндылықтарды бойларына сіңіртіп, рухани дүниесін өзгелерге билетіп қою еліміздің өркениеттілік деңгейін көтереді деп айту қиын. Қоғамның бейбіт өміріне қажетті  озық игіліктерге  жол аша келе, олардың дәстүрлі мәдениет пен отандық тарихтан алынған өмір үлгілерімен қосылу тетіктерін зерттеу  түспейтін өзекті мәселеге жатады.

Жастар, бір жағынан, жаңа жағдайларға тез бейімделеді және табысқа жету мен белсенді өмірлік стратегияны жүзеге асыруда сәйкесті үлкен мүмкіндіктерге ие болады, ал басқа жағынан, макро-әлеуметтік үдерістердің бұзылған әсеріне көбірек ұшырайды. Олар басқа әлеуметтік демографиялық топтарға қарағанда, өзгермелі қоғамдық жағдаятты тез сезінеді және саяси үрдістерге көбірек бейім болады. Жастар әлеуметтенудің объектісі және субъектісі болып табылады және сол арқылы жеке тұлғаға айналады.

Б.Тілеухан: «Біз ата – бабамыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп отырмыз. Ендігі кезек — жастарда. Жастар – жас шыбық сияқты. Қалай исең, солай иілуге әзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге ат салысу – басты парызымыз. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек»/2/. Белгілі  қоғам  қайраткері Б.Тілеухан  елінің болашағын ойлау үшін жастардың бойында отаншылдық сезім болу керектігін баса айтқан.Демек,жастардың   бойында  мұндай  қасиеттердің  ұялауында ,әлеуметтенуінде әлеуметтік  институттардың  атқаратын  қызметі үлкен.

 Әлеуметтену  дегеніміз- үздіксіз  жүретін  әлеуметтік үрдіс. Адам  тулғаннан  бастап, өмірден  өткенге  дейін  жүреді. Қоғамға  қалыпты бейімделген,қалыптасқан  немесе  жаңа  әлеуметтік  нормаларды  игерген  адам  қоғамда  тұлғалық  дамуға, жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді.

Әлеуметтік институт — бұл адам баласының әлеуметтік ойының ұлы жемісі. Біздің тұрмысымыздың барлық маңызды салаларын қамтитын күнделікті өмірдің ұжымдық түрлері ондаған, тіпті жүздеген жылдар тұрақты қызмет етуге қабілетті. Әлеуметтік институтар адам өмірінде кездейсоқтық емес,  тұрақтанған, сенімді әрекеттестік, жетекші рөл атқарады.  Сол себепті де әлеуметтану үшін институттар талдаудың аса маңызды объектілердің бірі, ал олардың қызметін түсіндіру әлеуметтанудың өзегі болып саналады. Сол себепті де қазіргі әлеуметтану ғылымы институт проблемасына ерекше көңіл бөледі. Қоғамда жеке әлеуметтік институттар ерте заманнан қалыптасқан. Мысалы, отбасы, мемлекет, білім және т.б. Уақыттың сұранысына орай жаңа әлеуметтік институттар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы қазіргі нарықтық және демократиялық жағдайлардан туындаған нарықтық институттар, демократиялық институттар және т.б.     Күнделікті өмірде институтты әртүрлі әлеуметтік құрылым деп түсінеміз. Адамның қауіпсіздігі, оның білімі, денсаулығы, шаруашылық қызмет, демалыс, тағы басқа біздің күнделікті өміріміздің мәнін құрайтын құбылыстар институттық сипатқа ие болды. Бұл — институттанған, қалыптасқан, тәртіптелген, нығайтылған, жүйеге түскен әлеуметтік өмір. Мысалы, отбасы институты, білім институты, армия институты, дін институты, т.с.с.

«Индивидтердің қоғамдағы өмірі әлеуметтік институттар арқылы ұйымдастырылады. «Институт» термині (лат.institutum сөзінен шыққан) «құру – ұйымдастыру», «орнату – белгілеу» деген түсінікті білдіреді. Әлеуметтану мен саясаттануда институт адам – тіршілік әрекетінің қайсыбір жақтарын реттейтін және олардың рөлдері мен мәртебелерінің жүйесін ұйымдастыратын нормалардың, ережелердің және символдардың тұрақты кешені ретінде анықталады. Әдетте институт деп адамдар мінез-құлқының стандартталған тәсілдері түсіндіріледі, бұлардың көмегімен әлеуметтік-саяси құрылым – әлеуметтік-саяси қатынастар жүйесі уақыт пен кеңістікте өзінің өмір сүруін сүйемелдейді. Мысалы, отбасы институты – бұл қоғам қабылдап, тұқым жалғастырумен байланысқан ер адаммен және әйел адамның тұрақты бірлескен өмірінің формасы. Бұдан отбасындағы өзара қатынас нормалары, отбасын құру ережесі, рөлдік міндеттер мен құқықты бөлу, символдар жүйесі жатады, бұлар арқылы қоғам осы өмір саласымен байланысқан өзінің түсініктерін бекітеді. Бұл саяси мәселе. Мысалы, қазіргі қоғамда отбасы неке одағын бұзуға еркіндігі, әрі тек құқығы бар, олардың некесінен туған балаларына біріккен жауапкершілігі бар, өз бетінше отбасын құруды жоспарлауға, балалардың санын реттеуге, керексіз жүктілікті тоқтатуға құқығы бар еркек пен әйелдің моногамды одағы және әлеуметтік-саяси  құбылысы ретінде түсіндіріледі. Қазіргі қоғам өзінің мүшелерінен некені міндетті түрде діни бекітуді талап етпейді. Тіптен азаматтық некеде тұрмайтын екі адамның ұзақ мерзімді бірлескен өмірі қайсыбір аспектілерде, қазіргі қоғам отбасы ретінде қарастырады. Қазіргі отбасы, әдетте, нуклеарлы, аз балалы, оның идеалы құқықпен, міндеттермен, және жауапкершілікпен, сонымен қатар, еркіндік теңдігімен сипатталады.

Осының бәрі бірігіп, қазіргі қоғамдағы отбасы кең жайылған сипаттамасын қалыптастырады. Аталмыш мысалдан біз әлеуметтік институттың не екенін анығырақ түсінетін боламыз. Әрбір қоғамда, әлеуметтанушылардың, саясаттанушылардың айтысына қарағанда, міндетті түрде әлеуметтік институттардың минимум бес тобы болады. Оларға мыналар жатады:

  • Саяси институттар, бұлар билікті жүзеге асырудың және билік төңірегіндегі қатынастардың регламенті.
  • Экономикалық институттар, — тауар өндіру мен бөлудің және қызмет көрсетудің регламенті.
  • Стратификация институттары, бұлар қоғамдағы мәртебелік позициялар мен табыстарды бөлуді реттейді.
  • Туыстық институттар, — туыстардың, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды ұйымдастыратын, халықты ұдайы өндіруді және салт-дәстүрлерді таратуды қамтамасыз ететін институттар.
  • Мәдениет институттары. Мұның құрамына дін, білім және өзінің мәдениет институттары кіреді. Бұлар жаңа ұрпақтардың әлеуметтенуі үшін, әлеуметтік, саяси құндылықтарды сақтау мен жеткізу үшін жауапты»/3/

Әлеуметтік институттар – адамдардың қайсыбір нақты және маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін немесе жеке бастық, топтық, қоғамдық, саяси сипаттағы белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылған бірлестігі. Әлеуметтік институттар – бұл институттар шешетін белгілі бір мақсаттардан, міндеттерден шығатын, мінез-құлық стандарттары, үлгілері жүйелерінің көмегімен іске асатын бәрінен де маңызды әлеуметтік-саяси құндылықтар мен нормалардың, әлеуметтік-саяси қатынастардың жүйесі. Демек, әлеуметтік-саяси құрылымның тұрақтылығымен, өз элементтерінің терең кіріктенуімен, сол элементтердің және сол әлеуметтік институттардың функцияларының көптүрлілігімен, икемділігімен және динамикалығымен ерекшеленетін институттар, салыстырмалы түрде жоғары ұйымдасқан әлеуметтік-саяси жүйелер түзілімі. Адамдардың мінез-құлқын тиімді тәртіптейтін және қоғамның негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың үйлесімді әрі балансталған жүйесі, біртұтас ретіндегі қоғамды сақтаудың және дамытудың маңызды жағдайлары (алғы шарттары) болып табылады.

«Қоғамдық өмірдің қайсыбір саласында әлеуметтік-саяси тәртіпті белгілеу жүйесі яғни қайсыбір әлеуметтік институт қалыптасуы үшін оған қажетті алғышарттар болуы тиіс. Біріншіден, қоғамдағы индивидтердің көпшілігі осы институтқа деген әлеуметтік-саяси қажеттілігін мойындауы керек. Екіншіден, қоғам сол қажеттіліктерді қанағаттандыруда тиісті құралдарды иеленеді, атап айтқанда ресурстарды (материалдық, еңбек, ұйымдық), функцияларды, әрекет жүйесін, индивидуалдық мақсаттылықты, мәдени ортаны құратын символдар мен нормаларды иеленуі керек. Бұлардың негізінде жаңа институт қалыптасады»/4/.

Әлеуметтік институт – өзара келісілген жүйе арқылы мақсатты бағыт-бағдар ұстаған мінез-құлық стандарттарын жүзеге асыратын, жүйеде олардың пайда болуы мен топтасуына әлеуметтік институттың нақты шешетін міндеттерінің мазмұны септігін тигізген әлеуметтік-саяси қызмет пен әлеуметтік-саяси қатынастардың белгілі бір ұйымы, -деген қорытынды жасауға болады. Функцияларын атқара отырып, әлеуметтік институттар өздері сәйкестендірген мінез-құлық стандарттарына келісіп, оның құрамына енген адамдардың әрекетін мадақтау және осы стандарттардың талаптарынан ауытқыған мінез-құлықты басып жанышады, яғни индивидтердің мінез-құлқын бақылайды, тәртіптейді.

Әлеуметтік институттардың әлеуметтік ортамен өзара әрекеті, олардың қызметінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Егерде институт өзінің алдына қойған мақсаттарын тиімді шешуді қамтамасыз еткен болса, онда өзара іс-әрекет айтарлықтай қиыншылыққа соқтырмайды. Алайда әлеуметтік институттар әлеуметтік-саяси өзгерістердің ықпалында және жаңа қоғамдық қажеттіліктердің қалыптастыруының нәтижесінде уақыт талаптарына жиі жауап бере бермейді. Қайсыбір институттардың қызметіндегі осындай сәйкессіздіктердің нәтижесінде дисфункция құбылысы пайда болуы мүмкін. Бұл құбылыстар сыртқы, формальді (ұйымдық) салалармен қатар, олардың қызметінің мазмұнына, сипатына әсер етуі мүмкін.

 «Әлеуметтік институт өзінің өмір сүру барысында сол қоғамның іргелі мақсаттарын, құндылықтарын, қажеттіліктерін сәйкестендіру жолы мен өмірде орын алған әлеуметтік-саяси жүйе үшін адамдардың алуан түрлі қылықтарын және әрекеттерін белгілі бір өміршең қажетті қызмет және әлеуметтік-саяси  қатынас типіне апарады.

Осының арқасында ол қайсыбір қоғамдық өмір саласындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды тәртіптейтін, адамдардың көптеген индивидуалдық және топтық әрекеттерін кіріктіретін және үйлестіретін қоғамның әлеуметтік құрылымының жетекші компоненті ретінде алда тұрады. Мысалы саяси институттар (мемекет, саяси партиялар) қоғамның әлеуметтік топтары мен қауымдастықтарын әлеуметтік-саяси кіріктеуін іске асырады; мәдениет институттары (шығармашылық одақтар, театрлар, мұражайлар және т.б.) құндылықтарды, идеаларды, үлгілерді бекіту және қолдау көрсету жолымен адамдардың мінез-құлқын нормативті реттеу функциясын атқарады.

Көптеген институттар – бюрократиялық ұйымдар болғандықтан олар өзіндік бір «ауруларға» шалдығады. Революция немесе тездетілген әлеуметтік өзгерістер кезеңінде көптеген дәстүрлі институттар өз қызметін тоқтатады, болмаса жаңа міндеттерді шешуге бейімделеді. Екінші жағынан, жаңа қоғамдық институттарды қалыптастыру уақытты талап етеді. Нәтижесінде адамдар қатал қиыншылықтарға ұшырайды. Бұдан дәстүрлі өмір салаларындағы қоғамдық тәртіпті қолдауда және жаңа әлеуметтік-саяси қатынастарда пайда болатын жөнсіздік көрінеді.

Қоғамның тәртібі бұзылған институттардың мұндай өтпелі кезеңдерін Э. Дюркгейм аномия деп атаған. Әрбір жеке адамның өмірі және әлеуметтік топтардың қызметі шешуші дәрежеде әлеуметтік институттардың тиімді жұмысына байланысты болғандықтан қоғамтанушылар әрқашан осы мәселені зерттеуге үлкен маңыз берген.

Әлеуметтік институттардың әлеуметтік ортамен өзара әрекеті, олардың қызметінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Егерде институт өзінің алдына қойған мақсаттарын тиімді шешуді қамтамасыз еткен болса, онда өзара іс-әрекет айтарлықтай қиыншылыққа соқтырмайды. Алайда әлеуметтік институттар әлеуметтік-саяси өзгерістердің ықпалында және жаңа қоғамдық қажеттіліктердің қалыптастыруының нәтижесінде уақыт талаптарына жиі жауап бере бермейді. Қайсыбір институттардың қызметіндегі осындай сәйкессіздіктердің нәтижесінде дисфункция құбылысы пайда болуы мүмкін. Бұл құбылыстар сыртқы, формальді (ұйымдық) салалармен қатар, олардың қызметінің мазмұнына, сипатына әсер етуі мүмкін. Формальді ұйымдар тұрғысынан алғанда, мысалы Кеңестер жүйесі заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінуге негізделседе қоғамның заманауи саяси ұйымдарының демократиялық әдістеріне сәйкес келмейді»/5/.

«Посткеңестік қоғамдағы білім институттары мазмұны жағынан алғанда білім беру тұжырымдамасының өзін өзгертуді, басқа пәндерді таңдауды және басқа т.б. өзгертуді қажетсінеді, яғни қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынастардың және еңбек нарығында болатын өзгерістердің қажеттіліктеріне бағыт-бағдар ұстауы тиіс. Десекте дисфункция құбылысы қайсыбір дәрежеде кез-келген қоғамдық  институттардың қызметіне тән. Нарық институттары (корпорациялар, банктер, биржалар және т.б.) капиталды тиімді қайта бөлудің және еңбекті ынталандырудың қуатты механизмдері болып табылады. Алайда мемлекет қор биржаларындағы алып-сатар операциялар мүмкіндігін, рыноктарды монополиялық басып алуларды шектейтін және т.б. қорғайтын құқықтық аспектілердің тұтас жүйесін қабылдап, осы институттардың қызметінің экономикалық, саяси және әлеуметтік салдарын тұрақты түрде бақылауға алуға мәжбүр болып отыр»/6/.

Осылайша, әлеуметтік институт – өзара келісілген жүйе арқылы мақсатты бағыт-бағдар ұстаған мінез-құлық стандарттарын жүзеге асыратын, жүйеде олардың пайда болуы мен топтасуына әлеуметтік институттың нақты шешетін міндеттерінің мазмұны септігін тигізген әлеуметтік-саяси қызмет пен әлеуметтік-саяси қатынастардың белгілі бір ұйымы, -деген қорытынды жасауға болады. Функцияларын атқара отырып, әлеуметтік институттар өздері сәйкестендірген мінез-құлық стандарттарына келісіп, оның құрамына енген адамдардың әрекетін мадақтау және осы стандарттардың талаптарынан ауытқыған мінез-құлықты басып жанышады, яғни индивидтердің мінез-құлқын бақылайды, тәртіптейді.

«Қазіргі заманауи әлеуметтік-саяси даму азаматтық қоғам тұжырымдамасын бекітуді талап етеді, яғни айтарлықтай ықпалы бар әртүрлі үкіметтік емес институттар дамуы мемлекеттік биліті теңестіру үшін және оған кедергі жасамай, заңдылық пен тәртіпті сақтауға қолдау көрсету үшін, қарама-қарсы топтық мүдделердің арасындағы егестер мен қақтығыстарды жөнге салу үшін басымдық орнатуына және қоғамның ыдырауына жол бермеуге тиіс. Азаматтық қоғам-бұл әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани-адамгершілік қатынастары дамыған қоғам. Онда мемлекет пен экономика өзара анық ажыраған екі саланы құрайды және де мемлекеттің инструментальді сипаты болады, мемлекет экстремальды көрініс беретін индивилдуалдық мүдделерді бақылай отырып, оның өзі де базасы бар  институттардың бақылауында болады»/7/.

Әлеуметтік институт-бұл адам баласының әлеуметтік ойының ұлы жемісі. Біздің тұрмысымыздың барлық маңызды салаларын қамтитын күнделікті өмірдің ұжымдық түрлері ондаған, тіпті жүздеген жылдар тұрақты қызмет етуге қабілетті. Әлеуметтік институттар адам өмірінде кездейсоқтық емес, тұрақтанған, сенімді әрекеттестік, жетекші рөл атқарады. Сол себепті де әлеуметтану үшін институттар талдаудың аса маңызды обьектілердің бірі, ал олардың қызметін түсіндіру әлеуметтанудың өзегі болып саналады. Сол себепті де қазіргі әлеуметтану ғылымы институт проблемасына ерекше көңіл бөледі.

«Әлеуметтік үрдіс-әлеуметтік институттардың және қоғамның тіршілік әрекетінің, әлеуметтік өзгерістерінің, әлеуметтік динамикасының негізі әрі қайнар көзі»/8/.

«Әлеуметтік үрдістер социум үміріндегі обьективті қоғамдық жағдайларға байланысты пайда болады, бірақ осы қоғамның атынан басқару институттары оны қоғамдық деңгейде бақылауға алады»/9/.

Қазіргі қоғам әлеуметтік институттар жүйесінің ұлғаюымен және күрделенуімен сипатталады. Бір жағынан, сол бір ғана қажеттілік көптеген арнайы институттарды туындата алады, екінші жағынан, әрбір институционалдық кешен, мысалы отбасы, коммуникация, қызмет көрсету өндірісі, одақты бөлу, индивидуалдық және ұжымдық қорғау, тәртіп пен бақылау қажеттіліктерді жүзеге асырады.

Әлеуметтік институттарда тарих барысында болатын өзгерістер институттардың өздерінде сақталған ішкі себептерге, әдетте үстем етуші әлеуметтік топтардың мүдделеріне осы институттың өмір сүру тиімділігі төмендеуіне байланысты болады, ал сыртқы факторларда бұл, мысалы қоғамның жаңа білім алуына, түсінігіне, дүниетанымына байланысты болады.

Әлеуметтік институттарға және олардың қоғамда өмір сүру ерекшеліктеріне саяси-әлеуметтанулық талдау жасау үшін оларды типтеу айтарлықтай маңызды.

«Олардың қызметін тәртіптеудің регламентация қаталдығы мен тәсілдеріне байланысты әлеуметтік институттар формальді және формальді емес болып табылады. Формальді әлеуметтік институттар өздерінің мәнді айырмашылықтарына қарамастан бір ортақ белгімен бірігеді: осы бірлестіктегі субъектілердің арасындағы өзара әрекет формальді ескерілген заңдардың, ережелердің, баптардың және т.б. негізінде жүзеге асады. Мұндай институттардың (мемлекет, әскер, шіркеу, мешіт, білім беру жүйесі және т.б.) қызметінің және өзін-өзі жаңартуының жиілігі әлеуметтік-саяси мәртебелерді, рөлдерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді әлеуметтік-саяси өзара әрекетке қатысушылардың арасында жауапкершілікті бөлуді, қатал регламенетациялаумен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ әлеуметтік институт қызметінің талаптарына жауапсыз қарағандарға қатаң тәртіп қойылады. Формальді әлеуметтік институттар қазіргі қоғамдарда зор рөл атқарып, қатары артып келеді. Формальді емес әлеуметтік институттар өз қызметінде белгілі бір нормалармен және ережелермен тәртіптелсе де, бірақ олар қатты регламентацияны иеленбеген, ал олардағы нормативті-құндылықты өзара қатынастар: жарлықтар, заңдар, жарғылар және т.б. түрінде анық белгіленбеген. Достық формальді емес әлеуметтік институтқа мысал бола алады»/10/.

Қызметтің мазмұны мен бағытталуына байланысты әлеуметтік институттар әртүрлі: саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, діни, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, отбасы және т.б. типтерге бөлінеді.

Әлеуметтік институт ретінде экономиканың ерекшелігін анықтау үшін мұнда пайда болатын әлеуметтік-саяси өзара әрекетті қатынастардың негізгі екі типі саналатын мәртебелік және келісім-шарттық көзқарасы тұрғысынан қарастыру пайдалы.

««Мәртебе» категориясы айтарлықтай көп мағыналы. Латынның «status» сөзі әдетте «белгілеу», «істің хал-жәйі», «тұрақты позиция» ретінде аударылады. Ол ғылыми категория ретінде әдетте, объектінің белгілі бір орныққан статикалық хал-жәйін білдіру үшін қолданылады»/11/. Мәртебелерді айқындаудың қатарына, ең алдымен, мемлекеттік билік пен басқару органдарының құрылымы мен құзырын анықтайтын конституциялық нормалар жатады. Экономика да «келісім-шарт» категориясы ерекше рөл және міндет атқарады. Тарихи жағынан келгенде экономика жалпы тайпалық түрде, өнімді өндірудің отбасылық формасында, құл еңбегі институты түрінде (жеке меншіктік немесе құл иеленушілік) өмір сүреді. Одан кейінгі уақыттағы оның дамуы еркін тауар өндірушілердің келісім-шарт қатынастарына негізделді. Мәртебелік қатынастардан келісім-шарттық қатынастарға айту ортақ бағыт болып табылды, ол жеке бастамаларға еркіндік беріп, өндірістің тез өсуіне әкелді.

Қоғамда анық жөнге салынған, тәртіптелген, бақыланатын және тұрақталған әрекеттерді қалыптастыру – қоғам дамуының басты жолы. Әлеуметтік институттардың мазмұны, олардың жиынтығы, әлеуметтік тәртіптеу жүйесі қоғамдық құрылысты анықтайды, соған сәйкес экономикалық, саяси құрылысты, мәдениеттің, білімнің типтерін және т.б. айқындайды. Қарапайым тілмен айтқанда, егер де сіз қоғамды түсінгіңіз келсе – онда әлеуметтік институттарын нысана етіп алыңыз, тәртіптеудің механизмдерін зерттеңіз. Сонда ғана сіз бұл қоғамның әлеуметтік-саяси байланыстарының сипатын аңғарасыз. Қоғамның дамуы көбіне-көп әлеуметтік институттар арқылы жүреді. Әлеуметтік институттардың көптүрлілігі, олардың дамығандығы қаншалықты ол индивидтердің алуан түрлі қажеттіліктерін кәсіби деңгейде сенімді, тұрақты қанағаттандыруға қабілетті болуы – бұлар қоғам кемелдігінің ең дәл критерилері болып саналады.

Жас ұрпақтың дамуына мүдделі негізгі үш орта өзара жинақтала келе қоғамдық ортаны құрайды. Олар — отбасы, білім институттары және отбасы мен білім институттарынан тысқары жатқан адамдық, материалдық, ғылыми-техникалық, өндірістік және ақпараттық орта. Жастардың әлеуметтенуінің әртүрлі құраушыларын талдау, олардың ойдағыдай әлеуметтенуінің маңызды шарты және әлеуметтік тәрбиенің міндеттері мен мақсаттарының қоғамның даму стратегиясымен сәйкес келуі — осындай қорытынды шығаруға мүмкіндік болып табылады.

Жастардың әлеуметтенуіне әсер ететін әлеуметтік факторлар жас адамдардың әлеуметтенуінің рефлексивті механизмі арқылы анықталады. Бұл механизм олар берген әлеуметтік факторлармен нормалар, стандарттар, құндылықтар, ережелер жоқтайтын немесе қабылдайтын, бағалайтын, талдайтын аймақтағы автокоммуникация, ішкі диалог ретінде көрінеді. Бұл диалогты өзі бөлек кезінде екі жоспарда көрсетуге болады: басқа адамдармен сөйлесу ретінде (бұл әлеуметтенудің әлеуметтік факторларын көрсетеді: отбасын, достық микроортаны, қоғамдық институттар мен ұйымдарды, еңбектік және оқу ұжымдарын және т. б.) және әр түрлі -өзіндік «Мен»-імен.

Бүгінгі өмірге(ата-ананың қамқорлығынсыз) әлеуметтік және психологиялық бейімделу қиындығы және бұл қамқорлықтан тезірек құтылуға деген тілегі.

Жастарды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі қайшылықтардың туындау себептері:

  • Құндылықтар жүйесінің өзгеруі (бұзылуы), оның нәтижесінде аға буын жастарды жаңа өмірге үнемі толыққанды әзірлей алмайды;
  • Қоғамның әлеуметтік құрылымының түп тамырымен және өте тез өзгеруі көптеген әлеуметтік топтарға қатты соққы болды.

Тәрбиелеу мен білім беру институттарынан өткен адамның одан әрі жетілу, яғни әлеуметтенуі барысында адамның өзін мақсат ретінде қоя білуі маңызды рөл атқарады. Мысалы, адамның өзін-өзі басқару, игеру, жетілдіру деңгейі жоғары болған сайын, сыртқы орта әсері аз болады. Ал керісінше жағдайда сыртқы ықпалдың деңгейі мол. Осы тұста жастардың өз уақыттарын дұрыс ұйымдастырмауы, өзін-өзі игере алмауының салдарынан түрлі орта әсерлеріне ұшырап отыр. Мәселен, субмәдениет, секталар, қылмыстық топтардың, т.б. дұрыс әлеуметтенбеген немесе маргинал жағдайдағы жастарға ықпал етіп отыр.

Жеке адамның даралануы, жекеленуі — ол оның қоғамдық өз қызметін атқаруы тиімді орындау ұшін қажетті әлеуметтік  талаптардың, құндылықты мөлшерлік ұйғарымдардың, жекелік және іскерлік қасиеттерді, белгілі әрекеттердің нәтижесі. Құндылықты қазыналарды игеру барысында жөне оның қорытындысында жеке адамдардың мінез-құлқының ішкі әлеуметтік реттеу жүйесі қалыптасады.

«Қазақстандағы білім беру саласын жетілдіру бойынша Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында түбегейлі жаңа мақсаттар қойылып, білім саласы жеке жетілдіру бағыты ретінде көрсетілген»/12/.

 Өйткені, білім — ұлттың бәсекеге қабілеттігін арттырудың басты құралы болып табылады.Болашақ білім жүйесінде университеттердің атқаратын қызметі ерекше болады. Қандай да бір университет болмасын, ол адамға жан-жақты мәдениет беру құралы болуы керек. Университеттердің мұндай болуына толық мүмкіншіліктері бар. Университет жұмысшы күшін өндірмейді. Оның басты міндеті — адамның адамгершілік қасиеттерін дамытып, қалыптастыру. Студенттер бүгінде әлеуметтік жиынтық ретінде көптеген әлеуметтік параметрлер бойынша: ата-аналардың әлеуметтік статусымен анықталатын әлеуметтік-таптық; әлеуметтік-аумақтық (қалалықтар немесе ауыл тұрғындары, әртүрлі өңірлік құрылым өкілдері), әлеуметтік-этникалық, діни болып жіктелген. Қазіргі кезеңде жіктелу және басқа елеулі белгілер бойынша: материалдық жағдай, өмірлік ұстаным, құндылықтар, өмір жағдайының аймақтық ерекшеліктері бойынша күшейеді. Осы үдеріс әлеуметтенуге саралық келісті пайдалануды шарттайды, бұл тұлғаны әспеттеуге емес, оны дамытуға, жетілдіруге және тұтастай студенттік проблеманы тиімдірек шешуге мүмкіндік береді. Студенттің әлеуметтену институтының ең маңызды элементі жоғары білім жүйесі болып табылады.

Біздің республикамызда тіл мәселесі негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Жоғарыда айтып өткендей,жастардың отансүйгіштік қасиетінің дамуында әлеуметтік институттардың алар орны ерекше. Осы тұрғыда ұлттық тіліміздің мәселесі алға қойылады. Осы мақсатта жұмыс істеген әлеуметтік институттардың нәтижесі  ретінде  КазГЮУ универститетіндегі қазақ  және  орыс  бөлімдерінде білім  алатын студенттердің  2011,2015,2016  жылғы статистикасын  мысал  ретінде  алуға  болады.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-28

Сурет 1 . КазГЮУ унивеситетіндегі қазақ, орыс бөлімшелері, 100-баллдық  шкаламен

Ескерту: http://kazguu.kz/kz/ сайтынан алынған

Статистика  бойынша  қазақ бөлімдерінде  оқитын  студенттердің көрсеткіші 2011-ші жылмен  салыстырғанда 2016-шы  жылы  5  есе  артқан. Бұл жастардың  ұлттық  тілімізге  деген ұлттық  тілге  сүйіспеншілігінің  артқандығын  көрсетеді.

Отбасы — ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады. Отбасы — белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез — құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Сонымен қатар отбасы — некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын төп. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады. Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік, өзара сыйластық, т.б. жатады. Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың коғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады. Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың санының өсуі, т.б.) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.

%d1%81%d1%85%d0%b5%d0%bc%d0%b0-6

Сурет 2. Қазіргі отбасы мәселелері

Ескерту: www.5fan.ru сайтынан алынған

«Отбасы ерекшелігі әлеуметтік институт ретінде аса маңызды функциялардың бірін-қоғам мүшелерін ұдайы өндіруді, олардың алғашқы әлеуметтендірілуін атқарады»/13/.

Отбасы — белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлі-зайыптылар, ата-аналар  мен  балалар  арасындағы  қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт   болып табылады. Сонымен қатар отбасы — некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара  жауапкершілікпен  және  өзара   көмек  көрсетумен  байланысқан  шағын   топ.  Неке  отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы  болып   саналады.Неке-бұл тарихи келiсiлген, қоғамдық рұқсат етiлген және реттелген әйел мен еркек арасындағы қатынастар, олардың құқығын бiр-бiрiне мiндетiн,  балаларына, өз ұрпақтарына, ата-аналарына қатынастарын орнатады. Басқаша айтсақ, неке-ол отбасының дәстұрлi құрылу құралы, оны қоғамдық бақылау қоғамның өзiн өзi сақтауы мен дамуының бiрден бiр қаруы, жолы.

Қазақстандағы әрбір төртінші неке ажырасумен тынады. Бұл жағдайдың басты себебі – қазіргі жастардың отбасын құруға дайын еместігі мен сәтті қарым-қатынастың негіздерін білмеуінен туындайды. Қазіргі қоғамда «студенттік неке» деген ұғым бар, оның мәні – асығыста үйленген жастардың ажырасуы. Деректерге сүйенсек, елімізде әрбір төртінші неке сәтсіз аяқталатын көрінеді. Жасыратыны жоқ, бұл – ащы болса да шындық.

Кесте 1. Қазақстандағы неке және ажырасу

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-27

Ескерту: http://yvision.kz  сайтынан алынған

Статистикадан байқайтынымыз, отбасылардың ажырасу көрсеткіші жыл санап өскен.

Қазіргі таңда әсіресе жастар арасында өзіне қол жұмсау оқиғалары көбейіп кетті.Жастарымыздың арасында суицидтың жиіленуі қоғамымыздың ең басты проблемасына айналды. Ол бүгінде 15-19 жас аралығыныдағы жасөспірімдердің арасында өлімнің негізгі себебіне айналған. Мұндай қайғылы оқиғалар саны жыл өткен сайын артуда.

Қазақстан психоаналитиктер ассоциациясының президенті Анна Құдиярова: «Өз-өзіне қол салу – түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын проблема. Әрдайым адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында түсініспеушілік орын алып жатса, ата-ана баласын түсіне алмаса, күйеуі әйелін түсінбесе немесе керісінше дегендей, жақын жандардың бір-бірін түсінбеуі осындай қайғылы оқиғаларға алып келеді»/14/.

Руслан Жасанов, облыс прокурорының аға көмекшісі: «Суицид ата-анасының ажырасуы, әкесінің басқа әйелмен отбасын құруы, анасының қызын түсінбеуі… бірнеше  мәселе қабаттасып кетуінен болады. Сондай-ақ, өтпелі кезеңнің де кері әсері бар»/15/.

Психолог мамандардың айтуынан байқайтынымыз-жастарды суицидке итермелейтін ең негізгі фактор жалғыздық болып табылады. Бұдан келіп отбасы институты мәселесі туындайды. Расымен де, қазіргі таңда бала ойымен санасып, тәрбиесіне ынтамен көңіл бөлу өте сирек кездесетін жайт. Соның салдарынан, жастардың өзіне деген сенімсіздігі, өзін жек көруі, өзін керексіз сезініп, өзіне-өзі қол жұмсауы қалыпты жағдайға айналғандай.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-29

Сурет 3.Суицидке апаратын себептер100%-дық шкаламен

Ескерту: https://tengrinews.kz сайтынан алынған

Статистикада көрсеткендей, жастарды суицидке итеретін негізгі себеп-отбасылық, жеке бастық мәселе. Сондықтан отбасылық институттарды дамыту-қоғамды сақтап қалудың бірден бір кепілі.

Қазіргі таңда жастар арасында басты алаңдатушылық тудыратын мәселе діни ұйымдар мен олардың іліміне сенушілердің күн санап өсуінде болып отыр.

«Дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері, яғни миссионерлер өздерінің нанымдарын таратуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Негізінен заң аясында тіркеліп, жария түрде жұмыс атқарған сияқты көрінгенімен, астарлы түрде көптеген жұмыстарды атқарады»/16/.

«Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Сөзіміздің дәйекті болуы үшін соңғы кездердегі деректерге назар аудара кетсек, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. 2012 жылғы қайта тіркеу шарасынан бұрын еліміздегі тіркелген ұйымдардың саны 4551-ге жеткені белгілі» /17/.

Бүгінгі жастарымыздың рухани көңіл-күйіне тікелей әсері бар денсаулық мәселесі. Шын мәнінде, қазіргі жастарымыздың денсаулығы көңіл көншітерлік деп айта алмаймыз. Олай дейтініміз, соғы кезедері көптеген жас азаматтарымыздың өз денсаулығына деген немқұрайлылығынан туындаған ауру-сырқау түрлерінің көбейіп кетуі. Солардың ішінде дәл қазір саны жағынан да, өзектілігі жағынан да алдыңғы орында тұрған ауру түрлеріне жастар арасында кең атараған туберкулез, тыныс алу мүшелері, онкологиялық, нашақорлық, жыныстық қатынаспен берілетін әртүрлі ауру түрлерін жатқызуға болады. СПИД ауруын жұқтырған жастар саны да алаңдатуда..

Қазіргі таңда қоғамымызға дендеп енген ғасыр дерті адамзаттың сорына айналып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсуімізге елеулі кесірін тигізуде. Әсіресе, есірткіге еліктеушілік жастар арасында белең алып бүгінгі күннің өткір мәселесіне айналуда. Сонымен бірге, жастардың толыққанды дамуына әлі де салауатты өмір салты мен жалпы спортқа деген көзқарасты қалыптастыру мүмкін болмай отыр. Әлеуметтік мәселелердің  шешілмеуі, экологиялық жағдайдың нашарлауы, жастардың денсаулығына әсер етіп түрлі аурулардың туындауы болашық буын өкілдерінің тағдырына алаңдаушылық туғызуда. Республикалық санитарлық-эпидемиялық орталықтың мәліметінше қазірде туберкулезбен, педикулезбен, өткір инфекциялық ауруға шалдыққандар қатары артқан. Жастар арасында кең етек ала бастаған жыныстық ауруларда көбейюде.

Жалпы жастардың денсаулығының нашарлауына ең бірінші экологиялық жағдай, сондай-ақ психологиялық ауыртпалық, тағам құнарлығының кемуі, еңбек етудің ауыр жағдайы және күтпеген оқыс оқиғалар сияқты себептерді келтіруге болады. Бұл бүгінгі заман құбылысы. Осы күннің салдарынан болашақта ұрпақтың денсаулығы әлеуметтік-экономикалық факторлардан әсерінен туындайтын гендік ауытқуларға әкеп соғуы мүмкін. Міне, бұл болса адамның тозуына әкелетін құбылыс. Сондықтан осындай күрделі мәселенің алдын алу үшін жастардың спортқа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген құлшынысын арттырған жөн

Наркоманияның етек жаюы барша адамзатқа, оның денсаулығына, сайып келгенде еліміздің экономикалық-саяси дамуы мен тұрақтылығына әсер етпей қоймайды. ТМД мемлекеттері арасында көшбасыға айналған еліміздің экономикалық өрлеуіне қарамастан, халқымыздың саны мен есірткіге тәуелді болған жастар арасындағы пропорцияның өте жоғары болуы көңіл қынжылтары анық. Бұл жастардың тек патриоттық тәрбиесіне ғана емес, бүкіл еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне, яғни жастарымыздың да болашағына әсер ететін фактор.

Еліміздің ірі қалаларында әртүрлі демалыс орындары, түнгі клубтар, интернет залдары мен компьютерлік ойындар орталығы көбейіп жасөспірімдердің уақыты мен санасын өзіне тәуелді қылуда. Жастарымыз осындай мән-мағынасыз жолдармен кете берсе ертеңгі шынтуайт өмірді ұмытып, виртуалдық дүниеге алданып, психикалық ауруға, депресияға ұшырауы әбден мүмкін. Бұндай ауруға ұшыраған жас өспірім қоршаған ортаны ұмытып,  білім алу, кітап оқу дегендерді теріс көріп, тәулік бойы компьютердің алдында телміріп отырудан ләззат алатын болады. Ал бұл өз кезегінде оның нағыз азамат болып қалыптасуына кері әсерін тигізері анық. Сондықтан осындай мәселелерге жол бермеу үшін мемлекет тарапынан жас буын өкілдерінің санасына кері әсерін тигізетін орталықтардың жұмысын реттеп, тәртіпке келтіретін заңдық нормалар қабылдауын талап етеді.

Мәселен, осындай проблемаларды шешу үшін заңдық нормалармен анықталған, мемлекеттің қаржылық қолдауымен «Қазақстан жастарының патриоттық тәрбиесі» атты бағдарлама қабылданып, осы сарында тиімді жұмыс атқарудың маңызы зор. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты жалпы Қазақстандық жастарға Отанына деген патриоттық тәрбиесін жетілдіру болуы тиіс.

«Еліміздің қаншалықты бай әрі өркендеп дамып келе жатқанына қарамастан, жетім-жесірлер мен кедей-кепшіктеріміздің саны арта түспе-се, кеміп отырған жоқ. 90-жылдардың басында мемлекет қамқорлығында тек 80 мыңдай жетім балалар болса, соңғы мәлімет бойынша олардың саны 120 мыңға жетіп отыр»/18/.

Тәрбиеленушілердің қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық тұрғысынан дертке шалдыққан немесе жүйке жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне кедергі келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді яғни, балалар шынайы өмірге даярланбайды.

Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар тәрбиеші педагог қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың шеңберіндегі әлеуметтік байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады. Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады.

«Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктер ең алдымен қоғамның обьективті процестерінен  туындап, болашақта жастар мәселесін қайшылыққа әкеп тіреуі мүмкін. Жастар – қоғамның саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық салаларының толыққанды қалыптасуына және оның тұрақтылығына ықпал ететін негізгі әлеуметтік-демографиялық топ. Демократиялық даму жағдайында жастар мен қоғамның өзара қарым-қатынасы еркін түрде өрбиді»/19/.

Жалпы бүгінгі таңда қоғамымызды алаңдатып отырған мәселелер жеткілікті, соның ішінде әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азаймай отыруы алаңдатады. Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша қылмыстық іске кәмелеттік жасқа толмағандар саны динамикалық түрде өсуде. Қылмысқа бару көбінесе нашақорлық, таксикомания, алкоголизмнің кең қанат жайюымен байланысты болып отыр. Мұндай заттарды дәл бүгінгі күні еш қыйындықсыз табуға болады. Айталық, алкогольді ішімдіктерді тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендер мен дүңгіршектерден ешбір қиындықсыз алуға, ал есірткі заттарын кез-келген түнгі ойын-сауық орталықтарынан табуға болатыны бәрімізге мәлім.

Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б.

«Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады»/20/

Бәсекеге қабілеттілік — жастардың жаңа заман жаңалығын меңгере отырып, Қазақстан азаматы ретінде дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілетті бола тұрып, әлем жастарымен терезесін теңестіруі. Техниканың құлағында ойнап, қазақ тілін меңгеріп, ал элем тілдерінде еркін сөйлеген азаматтың алар асуы алда.

Білім, кәсібилік -жастардың және еліміздің басты капиталы.

«Елімізде сауаттылық деңгейі жоғары көрсеткіштерге ие екені белгілі. Халықтың 99,5 пайызы еауатты, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 177 елдің ішінен 14-орынды алады. Қазақстан соңғы 12 жылда адамның даму индексінің орнықты артуы нәтижесінде 20 түғырға алға басып, элем бойынша 73-орында тұр. Ал білімді сипаттайтын жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 11 құрамдас бөлігінің тек бір ғана “Жоғары оқу орындарына қабылданған студенттер саны” индикаторы бойынша еліміз елу үздік ел қатарына кіріп отыр»/21/.

Жастар саясаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде жастардың өсіп-өркендеуін, азаматтық қалыптасуын алғышарттайтын құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларды құрып, нағайтуды көздейді. Бұл міндеттерді іске асыру үшін мемлекетке ең алдымен концептуалдық, құқықтық-нормативтік негіз жасау шарт. Міне, осы міндетті іске асыру бүкіл мемлекеттік жастар саясатының ойдағыдай жүруіне септігін тигізеді. Бұл міндеттердің неғұрлым ойдағыдай шешілуі, жастар саясатының тиімділігін соғұрлым арттыратыны анық.

«Жастардың болашақта патриот азамат болып қалыптасуында маңызды орын алатын аспектілердің келесі бір тетігі – жастар ұйымдарына көрсетілетін мемлекеттік қолдау механизмдері. Дәл қазіргі уақытта республикамыздың Әділет министірлігінде 157 жастар ұйымы тіркелген. Олардың бағыт-бағдарлары әртүрлі, соның ішінде экологиялық, ақпараттық, құқықтық қорғау, салауатты өмір салтын насихаттайтын, мәдени-ағартушылық болып бөлініп кете береді. Айталық, «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Анти-Спид», «Қазақстан болашағы үшін», «Жастар салауатты өмір салты үшін», «Жастар таңдауы», «Ұлттық пікірталас орталығы», «Жастар парламенті», «Қазақстан жас лидерлер ассоциациясы», «Қазақстан жастар одағы» т.б. осындай ұйымдар республика көлемінде жұмыс атқаруда» /22/.

«Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу ретінде жекелеген жасқа, сол сияқты жастар тобына олардың әлеуметтік қызмет ету қабілетін жақсарту немесе қалпына келтіру мақсатында көмек көрсетуге бағытталған кәсіпқой қызмет түсініледі. Әлеуметтік жұмыстың басты міндеті жастардың бойында өздерінің проблемаларын дербес шешу, нарықтық экономиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына бейімделу, өз бетінше өмір сүру дағдыларын үйрену және өзін өзі басқару қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Бұл қызмет түрінің субъектісі – жастарға арналған әлеуметтік қызметтер, жастарға әлеуметтік көмек көрсету және қорғау, олардың бастамаларына қолдау көрсету жөніндегі мамандандырылған мекемелер» /23/.

Жоғарыда атап өткеніміздей, осы тектес мәселелердің  шешілуінде әлеуметтік институттардың алар орны ерекше. Жастардың әлеуметтенуі-келесі болашақ ұрпақтың саналы, сапалы өмірінің көрсеткіші. Қоғамды қалыптастырып, дамыту, алға жылжыту-жастардың қолында.

«Қоғамдағы әрекет етуші әлеуметтік институттар жүйесі әрбір индивидті және олардың алуан түрлі қауымдастықтарын (отбасылық, аумақтық, кәсібилік, діни және т.б.) қызметтің қайсыбір саласына қосатыны оларға отбасында, жұмыста, оқу орнында және т.б. нормативпен тәртіптелетін мінез-құлық типін таңатынын айтуымыз керек. Қоғамда әрекет етуші әлеуметтік институттар көп түрлі болған сайын, олардың қызметі масштабты болған сайын, қоғам соғұрлым адамдар дамуының үлкен мүмкіндіктерін иеленеді, әлеуметтік-саяси қатынастарда ол соғұрлым кемелді болады. Сондықтан әлеуметтік институттардың даму ерекшеліктері мен тенденцияларын анықтау аса саяси маңызды»/24/.

Әлеуметтік институттар – бұл институттар шешетін белгілі бір мақсаттардан, міндеттерден шығатын, мінез-құлық стандарттары, үлгілері жүйелерінің көмегімен іске асатын бәрінен де маңызды әлеуметтік-саяси құндылықтар мен нормалардың, әлеуметтік-саяси қатынастардың жүйесі. Демек, әлеуметтік-саяси құрылымның тұрақтылығымен, өз элементтерінің терең кіріктенуімен, сол элементтердің және сол әлеуметтік институттардың функцияларының көптүрлілігімен, икемділігімен және динамикалығымен ерекшеленетін институттар, салыстырмалы түрде жоғары ұйымдасқан әлеуметтік-саяси жүйелер түзілімі. Адамдардың мінез-құлқын тиімді тәртіптейтін және қоғамның негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың үйлесімді әрі балансталған жүйесі, біртұтас ретіндегі қоғамды сақтаудың және дамытудың маңызды жағдайлары (алғы шарттары) болып табылады.

Әлеуметтік институттар жастардың  әлеуметтік және экономикалық өміріне ұмтылуы және белсенді қатысуына, өз қабілетін іске асыруы және өзін-өзі дамыту үшін тиісті жағдайлар жасауға дағдыландыру ықпал етеді. Әлеуметтік-экономикалық күйзелісті бастан кешіріп отырған қоғам өміріне кірген жасөспірімді азамат ретінде қалыптастыру  үшін, оның болашақтағы мүмкіндіктерін кеңейту үшін жұмыс істейді. Мұндағы негізгі ой, қоғамды қылмыстан және т.б. келеңсіз құбылыстардан құқықтық тұрғыда қорғай отырып әлеуметтендіру мен тәрбиеге қол жеткізу.

 «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты. Өйткені, сапалы білім беру елімізді индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты алғышарты болып табылады. Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес. үгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда»/25/.

Жер шарының бір мүшесі ретінде Қазақстан әлемдік жаһандану процесінен тұмшаланып тыс қала алмайтын болса, еліміздің жастары әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Демек, әрбір жастың Отанын шексіз сүюінің астары бое қуыс болмауы керек. Елдің саяси, экономикалық, элеуметтік жэне т.б. түрлі сферасының өрге басуына әр жастың қосатын өзіндік үлесі бар.

Қорытынды

Бүгінде ұлттық мәдениетте тән құндылықтар жүйесінің қирауы мен қоғамдық сананың өзгергендігі анық байқалады. Оның себебі, жастарға әсер ететін түрлі факторлар. Ол факторлар Шығыстан да Батыстан келіп құйылып жатқан жаңашылдықтар. Мысалы, отбасы мәселесі-ажырасу, есірткі қолдану, өзіне-өзі қол жұмсау, жұмыссыздық, денсаулықтың нашарлауы және т.б. Бұл мәселелердің барлығы қоғам дамуын әлсіретеді.

Қалыптасып жатқан қоғамдағы жастардың осындай мәслелерге жауап бере алу қабілеттілігін арттыру шарасының бірі, әрі негізгісі-әлеуметтік институттар. Ондай институттар тұлғаның мінез құлқын реттейді, белгілі бір мақсаттарда, мүдделерде, жоспардарда, талаптарда, сезімдерде көрініс береді, адамның өз мақсатын айқындауға ықпал етеді.

Әлеуметтік институттар – адамдардың қайсыбір нақты және маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін немесе жеке бастық, топтық, қоғамдық, саяси сипаттағы белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылған бірлестігі. Әлеуметтік институттар – бұл институттар шешетін белгілі бір мақсаттардан, міндеттерден шығатын, мінез-құлық стандарттары, үлгілері жүйелерінің көмегімен іске асатын бәрінен де маңызды әлеуметтік-саяси құндылықтар мен нормалардың, әлеуметтік-саяси қатынастардың жүйесі.

Қоғам мен мемлекет алдындабарынша салмақты, ғылымға негізделген жастар саясаты арқылы жастардың бойындағы күш-қайратты дұрыс арнаға бағыттауға қолайлы жағдайлар туындату және олардың әлеуметтік мүдделерін, қажеттіліктерін өмірдегі болашағына іске асыруға көмек көрсету міндеті тұр. Жастардың құндылық және адамгершілік бағдарларының серпінін білу, оларды әлеуметтік-мәдени тұрғыдан талдау, жастардың рухани-мәдени саладағы мүдделері мен қажеттіліктерінің дамуындағы үрдістерді білу, қоғамның мемлекеттік жастар саясаты мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен жастарға тигізетін ықпалын жүйеліетуге мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, әлеуметтік институттар адам өміріндегі маңыздылығымен және қажеттіліктерді қанағаттандыруымен ерекшеленеді. Адам өмірінің барлық саласын қамтиды. Адам баласының туылғаннан бастап барлық өмірі әлеуметтік институттармен байланысты, яғни ол адам өміріне тікелей әсер етеді. Болашақ-жастардың қолында болғадықтан, жастардың әлеуметтенуінің маңызы үлкен.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.А.Қазақстан – 2050 стратегиясы: Бір халық, бір ел, бір тағдыр // Түркістан. – 2014. – 23 қантар. 25 бет
  2. studfiles.ru/preview/5427697/page:3/ «Қоғамдағы жастар орны». 3 бет
  3. Хабаршы. «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы №2 (38). Алматы.-2012 Р.Б.Әбсаттаров «Әлеуметтік институттардың саяси прблемалары» 128 бет
  4. Хабаршы. «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы №2 (38). Алматы.-2012 Р.Б.Әбсаттаров «Әлеуметтік институттардың саяси прблемалары» 129 бет
  5. Хабаршы. «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы №2 (38). Алматы.-2012 Р.Б. Әбсаттаров «Әлеуметтік институттардың саяси прблемалары» 136 бет
  6. Хабаршы. «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы №2 (38). Алматы.-2012 Р.Б. Әбсаттаров «Әлеуметтік институттардың саяси прблемалары» 131 бет
  7. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. Екі томдық.-1-том.-Алматы: Қарасай, 2012.-208 бет
  8. Хабаршы. «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы №2 (38). Алматы.-2012 «Әлеуметтік үрдістер: саяси талдау» 139 бет
  9. Федосеев А.С. Социальные и политические процессы.-М.,2011.-19 бет
  10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының баяндамалары. 2.2014. 132 бет
  11. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. Екі томдық. 2-том. – Алматы, 2012. – 208 бет.
  12. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» «Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан. (akorda.kz)
  13. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы.-Алматы: Қазақ университеті, 2011. 25 бет
  14. azattyq.org/a/Kazakhstan_suicide_children/1819157.html «Қазақстан жастар арасындағы суицид  бойынша әлемде 4  орынға шықты»
  15. http://www.aktobegazeti.kz/?p=50457 «Суицидтің зардаптарын балаға ерте жастан түсіндірген дұрыс
  16. Абдуррахман К., Түмер Г. Діндер тарихы. – Анкара 2015. 411 бет
  17. Шәпиев Б. Діни бірлестіктер іс-әрекеттерінің бағыттары. Әдістемелік құрал.-Алматы.2014, 5 бет
  18. http://www.kazakhstanzaman.kz/5726/zherde-zhetim-zhy-lasa-k-kte-perishte-aj «Жерде жетім жыласа, көкте еріште қайғырады» 02.05.2014
  19. Колков В.В., Колков С.В., Шахина Н.А. Государственная молодежная политика и социальная работа с молодежью: Учебное посмобие. – М.: Социально-технический институт, 2012.45 бет
  20. Ағыбаев А. «Жасөспірімдер жауапшылығының ерекшеліктері қандай?» — // Заң газеті.-№7.-2011.- 4бет.
  21. Қазақстаның 2020: Болашаққа жол: Қазақстан Республикасының жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымжамасы//ҚазАқпарат.-2010
  22. Кебина Н.А. Молодое поколение Казахстана: сегодня и завтра. //Социология молодежи. 2015, № 4. 22 бет
  23. Концепция государственной социальной службы помощи населению: Семье и личности / Под ред. Л.С. Ржанициной. М., 2012. 75 бет
  24. Ізденіс. Қазақстан Республикасы Халықаралық ғылыми журнал-қосымшасы. №1, 2015. 45бет
  25. http://e-history.kz/kz/contents/view/2057 © e-history.kz «Ел ертеңі-білімді жастар»

Құрастырғандар: Әмірханова А., Берікқызы Б.

Яндекс.Метрика