ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕР ҮШІН БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ

Мазмұны

Кіріспе

Жоғары технологиялық өндірістер үшін білім беру және дайындау

Қорытынды

Қолданған әдебиеттердің тізімі

Кіріспе

Өндіріс саласында жұмысшы кадрлардың атқаратын рөлі, әсіресе, саяси-әлеуметтік, тарихи – философия теориясында алатын орны айрықша. КСРО тұсындағы жұмысшы-металлургтердің қоғамдағы орны мен тарихи тәжірибесін объективті тұрғыдан зерттеудің маңызы жоғары. Кеңестік қоғамдағы түрлі өнеркәсіп саласындағы жұмысшы кадрлардың өткен даму тәжірибесін тарихи шеңбердезерттеу арқылы отан тарихына елеулі  үлес қоса аламыз. КСРО-да бірте-бірте жоғарыға көтеріледі» деген ұстанымды халық санасына күштеп енгізгені белгілі.

«Бүгінгі таңда ХХ ғасырдың  60-80жылдардағы металл өндіруші сала  жұмысшыларының  кәсіби шеберлігі мен жалпы білім дәрежесінің тарихын зерттеудің өзектілігі даусыз.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Егеменді ел құру сапарындағы республикамыздың экономикасы мен саяси-әлеуметтік салаларын әлемдік озық елдер қатарына жеткізу өндіріске, ондағы жұмысшылар ұжымдарына аса күрделі міндеттер қояды деген тұжырымы өндіріс тәжірибесін ғылыми әдіснама аясында зерттеу міндетіне жол ашады. Өйткені, болашақ даму өткеннің тәжірибесінсіз болмайды. Сондықтан, зерттеуде КСРО тұсындағы Қазақстан металлургя өнеркәсібінің жұмысшы кадрларының қалыптасу кезеңіне ғылыми тұрғыдан баға беру мақсатын алға қойдық .Осы кезеңде қара металлургия саласы КСРО өнеркәсібінің алып салаларының біріне айналды.Түсті металлургия  индустриясының даму қарқыны 50-шы жылдар көрсеткіштерімен салыстырғанда үш есеге артқан КСРО бойынша Қазақстан мұнай өндіретін ірі өңірге айналды ,индустрия саласы қызметкерлеріне ,жалпы және кәсіби мамандығы бар жұмысшы кадрларға сұраныс бірнеше есе өсті. Осы жылдары мамандар даярлау түрі бойынша 3-5 есе ұлғайып, бұл оқу орындары түлектері металлургия өндірісіне елеулі орынға көтерілген»/1/.

Бұл тақырыпты зерттеу ісіне КСРО тұсында да қызығушылықтар жоғары болды. Көптеген зерттеушілер біршама құнды еңбектер жазып, Отан тарихына өз үлестерін қосты. Сол кездегі саяси идеология бағытына орай жоғарыда аталған жарияланымдар «Жұмысшы табы әлемдік эволюцияның және КСРО мемлекетінің жетекші қоғамдық саяси-әлеуметтік күші» деген тұжырымды берік ұстанды. Осындай ұстанымға коммунистік партияның бағдарламасы, қаулы – қарарлары негіз болды. Мұрағат қорларының деректерін талдай келе, «жұмысшы кадрларының жетекші ролін нығайту, сөзсіз, оның идеялық-саяси кемелденгеніне, білімділігіне және кәсіби мамандануына байланысты» деген тұжырым аясында жұмысшылардың мәдени-техникалық деңгейін көтеру мәселесі қолға алынғандығына көз жеткіздік

Қазақстан Республикасының халыққа 2004 ж. Жолдауында айтылып кеткендей: «2015 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы қабылдау білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау үрдісін жеделдетуге мүмкіндік береді»/2/.

Мамандықтардың қайта құрылымдау қажеттілігі ғылым мен техниканың жаңы бағыттарының шапшаң дамуы, ғылымдардар түйісіндегі жетістіктер, жарынды технологияларды құру ,жоғары және орта кәсіби білімі бар мамандарды дайындауды талап етеді. Әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, жақын болашақта ақпараттық технологиялар, биоинженерия, қуатты компьютерлік қолдаумен жаңа физикалық принциптерді үйлестіретін жоғары өндірістік технологиялар, экология және де басқа салалардың мамандарына сұраныс аса жоғары және тұрақты болады. ХХІ ғасырда техникалық білімді дамытустратегияларының негізгі бағыттарының бірі өндіріс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін озық технологияларменен тікелей жұмыс істеу мақсатында қайта құрылымдық ізденістер негізінде жаңа мамандықтарды  қалыптастырып ашу қажеттілігі туындайды.

Қазақстанның жақын арада ғылыми-технологиялық дамуындағы ең негізгі рөлдердің бірі постиндустриалды, өнеркәсіптік өндіріс аясына интеллектуалды технологияларды дамыту мен кең көлемді енгізу бағыттарына байланысты проблемаларды шешуге арналған мамандарды дайындауға бағытталған білім беру жүйесі алады.

Индустриялды –инновациялық экономиканы қалыптастыру бөлігіндегі  мемлекеттің міндеттері мен функцияларының көптігіне қарамастан бұл үрдістің ең басты міндеті – экономика талаптарына жауап беретін еңбектік қорларды қалыптастыру, инновацияларды қабылдау,  қуат беру,  игеру және нарыққа тиімді енгізу болып табылады.

«Қазақстандағы білім беру жүйесі жеделдетілген жаһандану, бәсекелестік және ақпараттандырудың әлемдік үрдістеріне сәйкес, жауапты сезінуге және дамушы күш болуы керек»/3/.

Ғылыми техникалық үрдістің жылдам дамуы техниканың дамуының бірнеше ұрпағына және мамандықтарға талаптың түбегейлі өзгеруінің бірнеше үрдістеріне пара-пар келеді. Үзіліссіз аралық білім алу жүйесі негізінде жұмысшы білімдердің жаңа бөлімдерін жинақтап, өмір ағымында ауыртпалықсыз бірнеше мамандықты игеріп,бейімделуге мүмкіндік береді. Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбектік кезеңінің қырық жылдық тәжірибесін назарға алу негізінде 2005 жылы білім алатын жастар 2045 жылы ғана белсенді жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие бола алады.

Қазақстан қандай білім беру үрдісін қалыптастыру және дамыту қажет?

«Қазіргі уақыта республикада мемлекеттік , мемлекеттік емес жеке жоғары  250 оқу орындары мен олардың филиалдары бар.Бастапқы және орташа кәсіби білім беру жүйесінде 312 кәсіби мектептер(лицейлер) және 382 колледж қызмет етеді»/4/.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0

1-Сурет. Жалпы техникалық және мамандандырылған білім беру бойынша оқуға қабылдау және оқуды бітіруші түлектер

Ескерту: www.stat.gov.kz

Қазіргі уақытта жоғарғы білім беруде 12 мыңнан астам оқу пәндері бойынша сабақ беріледі. Өкінішке орай, барлық пәндер сәйкес оқулықтармен,зертханалармен, сондай-ақ практикаға қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылмаған. Мұнымен қатар жоғарғы білім беруде техникалық мамандықтарға тұрақты түрде сұраныс үрдісі байқалуда. Соған орай білім беру мақсаты мен жоспарын құру талап етіледі.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: өңдеу өнеркәсібі саласындағы жеткілікті тәжірибесі бар, маманданған,топта жұмыс істей алатын, еңбек нарығындағы талаптар мен технология өзгерісіне бейімделгіш, іргелі білімі бар белсенді жаңа мамандар даярлау.

«Өндіріске бұрын кәсіби техникалық училищелер дайындаған кәсіби мамандардың жетіспеушілігін сезінуде. 2003 жылы кәсіби мектептерге балалардың тек 20% оқуға түсті, ал түскісі келгендер үш есе көп болатын. Сөзсіз, әрбір салада мамандыќ қамтамасыз етудің өз мәселері бар. Мысалы, тау-кен, металлургиялық кешендерде ғалымдар және инженерлі-техникалық қызметкерлер мен жұмысшылардың біліктілігінде, санында айтарлықтай қалыптасуға жол берілген.Мамандарды негізінен минералды шикізаттарды өндіру, байыту және бастапқы қайта өндеу бойынша шығару жүзеге асырылады. Металды прокаттау, ұнтақтық металлургия, композициялық материалдарды, арнайы және таза металдарды өндіру технологияларында мамандықтардың күрт жетіспеушілігі байқалуда. Ғалымдардың және кәсіби инженерлі-техникалық қызметкерлер мен жұмысшылардың жоқтығы металлургияда 4 және 5 технологиялық өндіру деңгейлерінің дамуын баяулатады.

Сонымен қатар, Қазақстанның экономикалық әлеуеті, интеллектуалды базаның, құқықтық қамтамасыз етілуі, ғылыми өнімдерге жоғары талап етілгендігі білім беру индустриясының қалыптасуы мен дамуындағы маңызды алғышарттар болып табылады. Мәселенің осылай шешілуі кәсіби дайындық дәрежесін жоғарылатады, себебі мамандық ресурстар ел дамуының базалық көрсеткіші болып табылады. Білім берудің бұл мәселесін шешу- стратегияны жүзеге асырудың негізгі критерийлерінің бірі ретінде қарастырылуы қажет»/5/.

Ал енді шет елдегі мамандарды дайындау жүйесіне келетін болсақ, бізбен салысттырғанда олар әлде-қайда алға жылжыған.Жаңа уақыт білім  беру мекемелерінің жаңа түрлерін құруды талап етеді. XX ғ. 50-ші ж. аяғында және 60-шы ж. басында Еуропаның көптеген елдерінде ғылыми сыйымды өндірістердің қалыптасқандарын қайта құрылымдау және де жеелдетілген дамыту және технологиялық салаларда қызмет ету үшін мамандардың қажеттілігі туды.

«Дамыған елдерде кәсіби, әсіресе, жоғарғы білім қалыптасқан дәстүрлерді иемденіп,тұрақты негізде мемлекет қажеттіліктері мен талаптарына сай бағдарланып отырды». Мысал ретінде Германиядағы жоғарғы білімді беру жүйесін қарастырайық, оның ерекше белгісі  500-жылдық мерейтойдан асқан университеттердің және сонымен қатар өткен ғасырдың аяғында құрылған салыстырмалы жаңа вуздардың болуы. Германияда жоғарғы білім негізін университеттер және оларға теңестірілген жоғары оқу орындары құрайды. Мұндай жоғарғы оқу орындарында білім алу,  әдетте,  мемлекеттік емтихандарды тапсырумен немесе магистр атағын иемденумен, емтихандарды тапсырумен аяқталады. Одан соң диссертацияны қорғап немесе аспирантураны аяқтағанға дейін оқуды жалғастыруға болады. Университетте оқу мерзімі 7 жылды құрайды. Бірақ, қазіргі уақытта Германия үкіметі бұл мерзімді қысқарту мүмкіндігін қарастырып  жатыр»/6/.

Соңғы онжылдықтарда мамандар аз уақыт аралығында оқу орындарының дамуының арқасында білім алу дәрежесі артты.Сонымен қатар оқу мерзімдері университеттерге қарағанда аз. Мамандандырылған жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін түлектер диплом жұмысын қорғайды. Жеке оқу мекемелері Бундесвер және басқарудың Жоғары федералды мектебінен басқа жоғары оқу орындарына тиесілі болады. Білім алу жүйелерін дамыту үшін федерациялар мен жерлердің арнайы комиссиясы құрылған. Ол жоғары оқу орындарындағы білім беруді және ғылыми зерттеулерді дамытуды жоспарлаумен айналысады. Білім беруді және ғылыми бағдарламаларды қаржыландыру федералды бюджет және жерлер бюджеттері қаражаттарынан жүзеге асырылады.

«Әрбір елдің кәсіби білім беруді дамытуға қатысты өз ерекшеліктері бар. Сонымен қатар шетелде үлкен мән күрделі бизнес жобаларды және ғылыми-технологиялық сипаттағы бағдарламаларды басқару бойынша жоғарғы білікті менджерлерді, биліктің жергілікті органдарының мемлекеттік қызметкерлерін оқытуға  (қайта оқытуға), сонымен қатар менеджмент және инновациялық кәсіпкерлік саласындағы жеке фирмалардың қызметкерлерін дайындауға үлкен мән беріледі»/7/

Иә, расында да шетелдік мамандарды дайындау жүйесі олар үшін тиімді құрастырылған. Мысалы ретінде, Нидерландия және Бельгия мемлекеттеріндегі кәсіби дайындау процесі. Олар түлектеріне баса назар аударады. Оларға кейіннен халықаралық ғылыми – техникалық бағдарламаларда тең құқықты қатысуын қамтамасыз етеді.

«Ұлыбританияда ерекше орында – инженерлік мамандықтардың беделін қалыптастыру, ол аймақта машина құрылысы мен электроника облысындағы шетелдік фирмаларды кең тартуға бағытталған саясатпен  негізделеді»/8/.

Ең жақсы әрі ең жоғарғы көрсеткішті батыс елдері көрсетеді. Көбіне кәсіпкерді дайындау принципі осы ел принципі бойынша құрылған. Технологияның ең жоғары дәрежесі бар фирма әкімшіліктері жастарды жұмысқа қабылдау кезінде математика, физика, химия бойынша фундаменталды (негізгі) дайындықты алған мамандарға артықшылық береді. Мамандарды дайындау проблемасын шешу, өз кезегінде, ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытумен ажырылмас бөлігі болып табылады. Оның құраушы элементтері  ақпаратқа қол жетерлік және оның толықтығы, ғылымды басқару және қолдау жүйесі , ғылымға деген қызығушылық  сонымен қатар қатар ғылым мен ақпараттық сектордың озып дамуын қамтамасыз ететін барлық инфрақұрылым болып табылады.  Ақпараттық технологиялардағы біздің артта қалушығымыз елдің болашақ интеллектуалды мамандарын дайындауға  тікелей қатынасты.

«Қазақстан  экономикасының дамуы үшін фундаменталды зерттеулер инженерлік өндірулердің біртұтас ғылыми техникалық аяға қосу керек. Әрине, бүгінгі күні мемлекет ғылымның кең аясын қаржыландыра алмайды. Отандық ғылым мен техниканың тұрғылары аса берік және олардың негізінде қос секторды дамытудың нақты мүмкіншіліктері бар. Сонымен бірге, ел мен ғылымныњ дамуы үшін сындарлы мәнге ие жаңа бағыттарда ізденістерді  шоғырландыру қажет»/9/.

Бұл бағыттар арқылы біздің еліміз солардың әрқайсысында критикалық технологиялардың нақты жиынтығы бар, олардың негізінде ғылыми сыйымды және жоғары технологиялық өнімдердің сапалы жаңа түрлерін өндіруді жүзеге асыру болжануда. Дәл осы бағытта өндірістер тұтынушылық сұраныстың жоғары дәрежесіне негізделуі керек.

Ғылым мен технологияда аясына қаржылық қаражаттар ағымын тек ғылымды экономиканың нақты секторының тиімді элементі ету жолымен жетуге болады. Өндірістерді тез коммерциялап, оларды нарықпен қабылданатын тауарлар немесе қызметтерді өндіруге жеткізе алғандар ғана табысқа жетеді. Сондықтан отандық экономиканың дамудың инновациялық жолына өтуі жақын жылдарға және ұзақ мерзімді болашаққа негізгі бағыт болуы керек. Нарық жағдайларында технологиялар мен техниканың табысты дамуының формалары мен әдістері біздің елде әлі жеткілікті игерілмеген. Экономиканың басқа аяларына қарағанда ғылымдағы бұл үрдіс баяу жүргізілуде қажеттілігімен айшықталады.

«Өте маңызды келесі жайтқа тоқталып өту қажет. Тарихи қалыптасқандай, Қазақстанда басты ғылыми-технологиялық бағыттар: геологиялық ғылымдар, тау-кен ғылымдары, металлургия, химия баѓытына баѓытталды. Осы бағыттар ел экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына, ғылыми және инженерлі-техникалық мамандардыњ қалыптасуына әсер етті. Бұл бағыттар өздерінің басымдық жағдайын қазіргі уақытта да сақтауда және елдің жаңа экономикасының ғылыми-технологиялық қамсыздандыруында «локомотив» рөлін орындауда. Болашақта бұл бағыттардың рөлі мен орнын сақтау қажет, себебі салаларда әлемдік нарықта бәсекелесу  мүмкіндігі бар»/10/.

Отандық экономиканың инновациялық жолына өтуі жақын жылдарға және ұзақ мерзімді болащаққа негізгі бағыт болуы керек. Нарық жағдайларында технологиялар мен техниканың табысты дамуының формалары мен әдістері біздің елде әлі жеткілікті игерілмеген. Экономиканың басқа аяларына қарағанда ғылымдағы бұл үрдіс баяу жүргізілуде. Ғылыми-техникалық аяның стихиялық өзін-өзі ұйымдастыруына сенбеу керек.

«Ғылым және ғылыми қызмет көрсету аясында маңызды рөлді қолданбалы ғылым алады, онда ғалымдар мен ірі мамандардың айтарлықтай бөлігі шоғырланған, ол ғылым мен өнеркәсіптік өндірістің академиялық секторы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Салалық ғылыми-техникалық ұйымдар қызметінде зерттеулер нәтижелерін өндірісте игеру тәуелділігімен айқындалуы қажет» /11/.

Қазіргі таңда тау-кен, металлургия, машина құрылысы, ядерлік энергетика, электроника, байланыс салаларының ғылыми-техникалық әлуетін жоғарлатуға бағытталған республикалық мақсаттық бағдарламалар қатары жүзеге асырылуда. Бұл бағдараламалар ғылым мен техника дамуының салалық басымдықтарын анықтайды. Республикалық бағдарламалардан басқа индустриалдық-инновациялық қызметті қолдау бойынша аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламалар бар. Ел алдында тұрған негізгі міндет — бәсекеқабілетті технологиялар мен техниканың өндірістерін жеделдету мен кеңейту. Яғни, ғылыми зерттеулердің, тәжірибелі-конструкторлық өндірулердің және тәжірибелі нұсқауларды өндіру бойынша, оларды сынақтан өткізу, өнеркәсіптік өндіріске енгізу және сервис бойынша жұмыстар санын өсіру керек. Бұл кешенді «ғылыми-техникалық өндірістер» түсінігімен біріктіруге болады. Бұл үрдісті ең жақсы ұйымдастыру мен тиімді басқару — өнім құнын азайтуға , өндіріс уақытын қысқартуға , сапасын жақсартуға негізгі жол  болып табылады.

«Ғылымның негізгі қиыншылықтары зерттеу саласында емес, ол машиналар мен жабдықтардың принципиалды жаңа түрлерінің ғылыми зерттеулері мен өндірулерінің нәтижелерінің «материализациялануында» яғни, технологиялық үрдістерде олардың тәжірибелі қолдануымен  шектелуінде»/12/.

Әрекет етуші етуші ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдардың көбісінің тақырыбы  өндіріс пен ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге, отандық экономиканың импорт алмастырушы және экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару бойынша саясаттық қамтамасыз етуге өте әлсіз бағдарланғандықтан олар артта қалуда. Соңғы жылдары аналитикалық, зертханалық және компьютерлік қамтамасыз ету бағытындағы институттардың материалдық-техникалық базасының нашар екендігі байқалады. Бұл жағдай отандық ғалымдар мен инженерлерге бәсекелі нарықтық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Ғылыми өнімнің сапасының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкессіздігі байқасақ болады. Осы себептен отандық зерттеулер нәтижелері есеп берулер және жеке сызбалар ретінде сүрелерде қалуда, нарыққа жол таппауда. Кеңестік кезең уақытында Қазақстанда ғылымның оңтайлы емес құрылымы құрылған болатын, қазір бұл диспропорция өсті. Сондықтан жобалық конструкторлық және эксперименталды секторларды өсіру керек. Жаппай жекешелендіру кезеңінде институттар эксперименталды өндірістерден, ал заводтар – конструкторлық бюролардан айрылды. Негізгі қорларды жаңғырту, жаңа жабдықтарды сатып алу, тұрып қалған немесе банкротталған кәсіпорындарды өткізу есебінен институттардың эксперименталды базаларын қалпына келтіру бағытында жедел шараларды қабылдауды  талап етіледі .

«Мемлекеттік ғылыми ұйымдарды аттестациялау, мемлекеттікеместерді аккредитациялау қажет. Іс-қимылдар олардың негізгі қызметінің тиімділігін асыру және отандық ғылымның бәсекелі дәрежесін қолдау мақсатында жүргізілуі тиіс. Ғылыми-техникалық аяны реформалау барысында жобаларды өндіріске ендіруді жүзеге асыратын ұйымдар саны айтарлықтай қысқарды» Конструкторлық және жобалық-технологиялық жұмыстарды атқаруға мамандалатын институттар соңғы онжылдықта үлкен жоғалтуларды басынан өткізді және өз қызметін толық дерлік тоқтатты. Конструкторлық және технологиялық жұмыстарды, жаңа техниканың тәжірибелі нұсқауларын жасауды, өнімді технологиялық дайындауды және сертификациялауды енгізетін 21- ғасыр кезеңі қорытынды және ең маңызды кезеңі  болып табылады»/13/.

Ғылыми-техникалық аяға тән сипат – ғылым мен өндіріс аясында тиімді байланыстың жоқтығы. Талдау көрсеткендей, ғылыми ұйымдармен әріптестікті қазақстандық ұйымдардың аз ғана бөлігі жүзеге асырады . Кейбір салалар қайта құру жылдары ішінде ғылыми-технологиялық базадан толық жоғалтты. Ғылымдағы сабақтастық , онжылдықтар бойы құрылған ғылыми мектептерді сақтау туралы сұрақ өзекті болып табылады. Сонымен қатар, жоғарғы жоғары білікті мамандардың арасында жасы ұлғайған ғалымдардың  үлесі көбеюде.

Қайта құру жылдарында Қазақстан ішінде инженерлі-технологиялық жұмысшылардың біліктілігін арттыру үрдістерінде қарама-қайшышылықтар пайда болуда. Мемлекеттік статистика бойынша мәліметтерге сәйкес, оның білім беру дәрежелері өсті. Жоғары оқу мекемелерінен мамандарды дайындау бірінші кезекте мемлекеттік емес мекемелер есебінен өсті, олар экономистер мен заңгерлерді, банктік істің және бухгалтерлік есептің мамандарын дайындауды бірнеше рет арттырды. Сонымен қатар ғылыми, инженерлік еңбектің беделі құлады, кіші және орта бизнес, кездейсоқ жалақылар аясына техникалық бағыттағы мамандардың кету үрдісі орын ала бастады . Еңбекке қабілетті инженерлі-техникалық қызметкерлер мен жұмысшылардың біліктілікті жоғалту үрдісі   айқын өзін көрсете бастады.

«Бүгінгі күні қоғамды жоғары технологиялық индустрияны құрумен және инновацияларды игерумен кім айналысатындығы ойландырады. Сондықтан жаңа ғылыми сыйымды технологиялар бойынша кәсіби мамандарды дайындау бүгінгі күннің ең мәнді және қажетті тақырыптардың бірі болып  табылады»/14/.

Инновациялық үрдіс оқу-ғылыми және ғылыми-өндірістік консорциумдарды құру сияқты интеграцияланудың жаңа тетіктерін жүзеге асырылыуы мүмкін. Олардың қызметінің негізі — ғылыми-зерттеу институттарының лабораторияларында және кафедраларда құрылған ғылыми-технологиялық өндірістерді кәсіпорындарға енгізу, оның барысында өндіріс мамандарын, сонымен қатар студенттерді де біруақытылы мақсаттық дайындау жүргізуімен  анықталады.

«Ақпараттық технологияларда, микробиологияда, космостық зерттеулерде, медицинада және ғылыми білімнің басқа салаларында болып жатқан революциялық өзгерістер ғылыми мекемелерді жоғары технологиялық жабдықтармен кешенді жарақтандыруға сәйкес жаңа амалдарды талап етеді . Бұл сұрақты шешуде ең маңызды құраушысы ретінде зерттеулерге және оқытудың қазіргі құралдарының өндірістеріне капитал салымын өсіруді және оларды өндіріске енгізуді қарастыруға  болады»/15/.

Болашақ маман докторантураға дейін бүкіл жүйені жаңғырту мен жетілдіру білім мекемелерін қазіргі оқу материалдық базамен қамтамасыз ету дәрежесіне тәуелді. Оның қазіргі жағдайын талдау әлеуетінің айтарлықтай төмендігімен анықталады. Соңғы  жыл ішінде білім беру ұйымдарының оқу материалдық базасы жаңғыртылған жоқ және қазіргі уақытта физикалық және моральді тозудың шегінде жатыр. Бұл негізінен оқу өнімдерін орталықтандырылған қамтамасыз етудің және оның өндірісінің жеке индустриясының жоқтығымен байланысты. Бүгін білім беру мекемелері үшін жабдықтардың негізгі бөлігін және барлық дерлік лабораторлық аспаптарды республика басқа елдерден алады және өңдейді. Сонымен қатар, Қазақстанда химия, физика, электроника, электротехника және басқа гуманитарлы емес пәндер бойынша оқыту үшін құрылғылардың, аспаптардың, стендтердің, оқу жабдықтарының кең номенклатурасын ұйымдастыру және шығару үшін нақты мүмкіндік бар.

«Білім беруді реформалау саласында нақты саясат қажет, оның негізгі бағыттары келесідей болуы мүмкін: білім берудің барлық дәрежелерінің сапасының көрсетікіштерінің халықаралық стандарттар қолдану жолымен білім беру сапасын жоғарлату; жастар кәсіпкерлігін қолдаудың тетіктерін мемлекеттік дәрежеде құру, аймақтық дәрежеде гранттар мен стипендиялар жүйесін енгізуді болжайтын, жас ғалымдарды қолдаудың мақсаттық бағдарламасын жүзеге  асырады»/16/.

Жастар жаңа заттарға, технологияларға  бейім болады. Бұл аяға қабілетті жастарды тарту үшін жеке ғылыми идеяларды, өз білімдерін жүзеге асыру есебінен алынған қаржылық табыс өмір сүрудің жеткілікті дәрежесін қамтамасыз ете алатындай деңгейде болуы керек. Ғылыми және өндірістік тәжірибені иемденетін мамандарды әлемнің басты фирмаларындағы талаптарға сәйкес сынақтан өткізу және қайта дайындау жүйесін ретке келтіру керек.

«Қазіргі  әлемде ғылыми және инженерлік кадрлардың саны мен сапасы білімдер экономикасының дамуын сипаттайтын негізгі параметрлердің бірі болып табылады»/17/.

Ғылыми-педагогикалық қауымдастық ауыл жастарын, сонымен қатар оралмандарды жоғары технологиялар мен қазіргі техниканы игеруге қалай белсенді тартуды талқылап, ұсыныстар беруі керек. Ел аймақтарының қатарында оқушыларды орыс тілі мен ағылшын тіліне (неміс) оқытудың сапасы ешқандай сынды көтермейді.

«Өндірістердің ғылыми-техникалық дәрежесінің өсуі мамандардан қызметтің нақты облысында қолдануға қажетті техникалық дайындықты ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай жеткілікті фундаменталды білімдерді, сонымен қатар экономика, басқару, экология, құқық, информатика саласындағы білімдерді талап етеді. Өндіріске ғылым мен техниканың жетістіктерін жаппай енгізу маманның кәсіби қызметінің техникалық базасын тұрақты өзгертуді, жаңа техника мен технологияны тез игеруді талап етеді»/18/.

Елде  кәсіби мамандармен еңбек нарығының қалыптасуы маманның жоғары кәсіби бейімділігін қамтамасыз ететін терең білім алуды талап етеді, себебі қызметтің барлық түрлерін орындауға, сыбайлас мамандықтарды орындауды талап етуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайларда техникалық білім беруді дамыту фундаменталды және арнайы білім берудің жеткілікті дәрежесін иемденетін, болашағы бар технологиялық үрдістерді игеруге қамтамасыз етуге қабілетті кәсіби құзыретті мамандарды дайындау болжануы  қолданысқа енгізу керек.

Қорытынды

Қорыта келе өндірістік білім беру жүйесінің маңыздылықтарына тоқтала кетсек: «біріншіден, eліміздің егемендігімен ере келген Отан тарихы-Қазақстан Республикасының тарихы бағдарламасына диссертация қамтыған жұмысшы кадрлардың жалпы және кәсіби дайындығын жетілдірудің сатылық кезеңдері енгізілсе, ол курста осы зерттелген тақырыптың басты мазмұнымен талданған басқа да проблемалардың бүгінгі күнге де қатыстылығы қамтылып, XXI ғасырдағы жалпы білім мен кәсіби даярлық мәселелері жөнінде болжамдар мен ой қорытындылары негізінде нақты ұсыныстар тұжырымдалса»/20/;

«екіншісі, облыстық тарих-өлкетану мұражайларындағы ел өндірісі тарихына арналған экспозицияларда жұмысшылардың кәсіби өсу дәрежесі сол кезеңге сай республикада, өнеркәсіптік аймақтарда, облыстарда жұмысшы тобын қалыптастыру мен жұмысшы қозғалыстарын онан әрі дамытудағы ұйымдастырушылық, саяси-үгіт, мәдени-көпшілік жұмыстарының нәтижелері ақиқатты беттері шынайы   көрсетілсе»/21/;

«үшіншісі, мектеп оқушылары арасында кәсіптік-техникалық мамандыққа бағдарлау жұмыстарын белсене қолға алып жүргізілсе, өндірістік ұжымдармен оқу орындарының өзара байланыстарын онан әрі нығайту сол арқылы сала  жұмысшыларының жаңа буынын қалыптастырып тәрбиелеуге күш салса»/22/;

«төртіншісі,  баспасөз, үгіт-насихат құралдары, әдебиет пен өнер шығармаларында соңғы 20 жылдық қорында жалпы индустрияның даму тарихы, өндіріс ұжымдары мен олардағы кадрлар даярлау мәселелері жеткілікті жан-жақты талданып баяндалуына билік орындарының назары  аударылса»/23/;

Зерттеу  барысында анықталғаны өнеркәсіп жұмысшыларының сапалық құрамын жетілдірудегі ұйымдастырушылық және саяси-үгіт қызметінің жаңа түрлері мен әдістерін жаңа деңгейге көтеру, өндірісті техникалық жарақтандыру мен технологиялық жаңарту арқылы жұмысшының жалпы мәдениет дәрежесінің үздіксіз болуы.

«Қазақстан жағдайында өндірістік салаларды дамыту тәжірибесі бүгінгі таңда әлем аясында елеулі серпіліс туғызуда. Республика жұмысшы кадрларының өз әріптестерімен әлемдік қатынастардағы үлес салмағы біршама өсіп, дүниежүзілік көлемде айтарлықтай беделі артуда»/24/.

«Бүгінде егемен мемлекет ретінде танылған Республикамыздың әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына қосылу үшін қазақстандықтар еліміздегі өндірістік салаларды жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр. Ол дәрежеге жетудің маңызды кепілінің бірі өз мамандығына жетік кәсіби даярлығы және жалпы білімі бар жұмысшы кадрларды қалыптастыру, тәрбиелеу және олардың қабілетін тиімділікпен өндірісте  пайдалану»/25/.

Кәсіби мамандарды дайындау шарттарын қанағаттандыра отырып, біз осы жұмыста айтылып кеткен батыс пен шығыс елдердің өзіне тән принципін  өзіміздің ағынымызға қарай, жаңа мемлекет экономикасын біршама көтеретін, негізгі экономикалық тепе-теңдіктін негізі немесе нышаны болатын жаңа мамандарды, жұмысшы кадрларды даындау методикасын  құруға мүмкіндік аламыз. Сол арқылы шет елдерден қымбатқа түсетін мамандарды шақыруды қойып, өз кезегімізде нарықтық экономикаға өткен, жақсы маманданған мемлекет дәрежесіне жетуге үлкен мүмкіндік аламыз.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 5-тарау, білім беру қызметін ұйымдастыру-26 бет.
  2. Б.Н.Исабеков Ғылымның даму нәтижелері және елдің стратегиялық басымдықтары. Вестник Каз ГАУ: Исследования и результаты.- 2008.-4 бет.
  3. Мамандар даярлау сапасын жақсартамыз/[Қарағанды мем ун-тінің оқу-тәрбие жұмысынан].//З.Молдахметов///Соц Қазақстан -6 бет.
  4. «Дуалды оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі»-2010-10 бет.
  5. Б.Н.Исабеков Кәсіпкерлікті өркендетудің индустриалды-инновациялық негіздері. Түркістан: Тұран, 2008-334 бет.
  6. Мамандар даярлауда қажет.//Егемен Қазақстан.2013-13 қыркүйек (№211)- 1,2- бет.
  7. Серпін -2050/Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті//Б.Жанұзақова//Атырау-2015-25шілде (№82)-7 бет
  8. Министрлермен өткен келелі кеңес/Р.Тәуірханқызы//Егемен Қазақстан-2015-19 қыркүйек (№180)-2 бет.
  9. Мамандар даярлау сапасы/[Қарағанды мем ун-тінің оқу-тәрбие жұмысынан].//З.Молдахметов///Соц Қазақстан -6 бет.
  10. Мамандар даярлауды жетілдірейік.[Жоғары оқу орындарында]./Ұ.Ысқақова//Соц Қазақстан -27 бет.
  11. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.1-4 бет.
  12. Савицкий И .Социальный заказ/ВВШ , 1991, №5-7 бет.
  13. КупцовО.В. Непрерывное образование : подходы и решения , 2009, №7-3 бет
  14. Халықаралық тәжірибелерге негізделген оқытудың дуалды жүйесін енгізу ренсрективасы . 2008-5, 6 бет.
  15. Охрана труда в химической промышленности: учебник для студентов химико-технологических специальностей под ред. Г.В.Макарова –496 бет.
  16. Линецкий В.А., Пряников В.И. Охрана труда, техника безопасности и пожарная профилактика на предприятиях химической промышленности. М.:Химия — 440 бет.
  17. Медведева В.С., Билинкис Л.И. Охрана труда и противопожарная защита вхимической промышленности. М.:Химия.-296бет.
  18. Вредные вещества в промышленности. Ч.: сост.Ж.И.Абрамова,А.Я.Бройтман. Л.:Химия -832бет.
  19. «Қазіргі білім беру технологияларының әдіснамалық негіздері» ,Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы 2008ж, №8-20 бет.
  20. Саймон Б.Общество и образование.М.,2007ж-94 бет.
  21. «Техникалық Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жолдары», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы 2007ж №4-13бет.
  22. Денисенко Г.Ф. Охрана труда: Учебное пособие инженерных специальностей вузов. М 1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы-13 бет.
  23. «Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы 2009ж; №2-26 бет : Высшая школа-320 бет.
  24. Кәсіптік бағдар беру мен дуалды оқыту жүйесінің сұранысқа ие кадрлар даярлаудағы рөлі. Толеукул А.А. Алматы,2013ж.-7 бет.
  25. Өндірістік оқыту сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану. Алматы, 2013ж. -11 бет.

Құрастырғандар: Елшібек Қ., Асылхан Н.

 

Яндекс.Метрика