ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ
Мазмұны
Кіріспе
Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру тәжірибесін талдау
Қорытынды
Қолданған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жоғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі, біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды; екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады. Жоғары мектептегі оқу процесінің теориясы мен практикасында болашақ педагог-психологтардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне жеткілікті мән берілмеген.[1]
Оқытушы оқыған кез келген дәріс тақырыбы студентке түсінікті бола бермейді. Оның себептерінің бірі – студенттің басты қызығушылық объектісі – мамандық алу. Ал, оқылған дәріс оның болашақ мамандығымен байланыссыз болса, оны игеруге құлқы болмайды. Онымен қоса, оқу процесінің бастапқы кезеңдерінде, студенттерде қойылған проблеманы шешуге қажетті өзіндік жұмыс істеу дағдылары әлі толық қалыптаспайды. Сондықтан, оқу процесінің алғашқы кезеңдерінде оқытушы тек проблема қою ғана емес, оны шешу жолдарына студенттерді баулуы тиіс. Бұл орайда, СӨЖ рефарат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындауға ықпал етуі қажет.
Көптеген психологтар мен педагогтардың зерттеулерінде ЖОО студенттері оқу процесіне бейімделу жағдайында өзіндік жұмыстарды орындауда, оның сан алуан түрлері мен формалары бойынша біршама қиыншылықтарға кездеседі. Соның салдарынан, оқып-үйренушілер оқу-тәрбие жұмыстарына, өзіндік жұмыстарға енжарлық танытып, оқу үлгерімдерінің төмен болуы орын алады.
Білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты. Ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі.
Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар “жеке маман тұлғаны” өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт .Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын «тұлғаны» дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты білім жүйесін ұлттық модульде құру және ол үшін өркениетті елдерде берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет.
Қазіргі қоғамдық сұраныс – өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді.Адамның қоғамдық мәні – өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі,санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.[2]
Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған. Жоғарғы мектептің орта мектептен ең басты айырмашылығы- оқыту жұмысының әдісі және оқушылардың жеке деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, студенттің өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты. Өзінідік жұмысты оқытушының дұрыс басқара білу және студенттердің дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері болып табылады.
Бүгінгі күні бүкіл дүниежүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін болсақ, жылдам қарқынмен оқыту үрдісінің сапалы да жемісті жолы аудиториялық сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы студенттердің өздік жұмыстарына уақытты көбірек беріп, олардың шығармашылық қабілетінің өсуіне әсері жоқ оқу пәндерін барынша азайту. Және де оқу жылының барысындағы студенттердің еңбек санының дұрыс бөлінуіне ерекше көңіл бөлу, себебі семестрдегі жүйесіз берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі «үлгермеушілікке» және білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты, өздік жұмыстарын орындау үшін әр студентке оқу-әдістемелік құралдарын көрсетіп, өздік жұмыстарына семестрдің басында дұрыс тапсырма беру, соған байланысты әр тапсырманың ұйымдастыру-әдістемелік материалдары болуы тиіс.
Студенттердің қарқыны қай пәнді болсын оқу кезіндегі өздік жұмыстарының дәрежесімен сипатталады. Сонымен, студенттердің өздік жұмыстарының ішкі мазмұны – мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін құрған амалдарын білдіреді десек те болады.
Негізінен алғанда, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:
— студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,
— әдістемелік қамтамасыз ету,
— бақылау және орындалу бағасы,
— талдау және жетілдіру.
Әр оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне студенттердің өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың сағатпен көрсетілген еңбек сиымдылығы, бақылау мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және басқа да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі керек. Студенттердің өздік жұмыстарының түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын, оқушының дайындық сатысын, студенттердің өздік жұмыстарына бөлінген сағаттар санын ескерген жөн.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі – коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәселені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет. Мысалы, студенттердің жазған «мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық жұмыстарын» әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді. Тәжірибе көрсеткендей, бір курстық жобаны 2-3 студент орындаса жобаның практикалық сапасын арттыруға болатындығы көрінеді, яғни, бұл топтастырған тәсіл өз бетімен жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге, шығармашылығын және жауапкершілігін арттыруға себебін тигізетіндігі анық. Өйткені жобалау кезінде студенттер таңдау еркіндігін алады.Білімгерлердің өздік жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді[3].
Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру – студенттің қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар студенттердің өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады. Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт – студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.
Жоғарғы оқу орнына түскен кешегі талапкерлер студент болған соң, жоғарғы оқу орны шарттарына орай бейімделу кезеңінен өтеді. Бұл кезең өзінде жаңа әлеуметтік орта мен жоғары оқу орындарындағы оқу және ғылыми ізденістер, болашақ кәсіби қызмет шарттарына дағдылану жағдайларын қамтиды.
Бірінші курс студенттерінің көпшілігі кітап, лекция конспектілерімен жұмыс істеу, өз еңбегін дұрыс ұйымдастыру, пәндердің күрделілігін есепке ала отырып аудиториядан тыс орындалатын жұмыстарға берілетін уақытты тиімді пайдалана алмайды. Осыған орай оқытушылардың басты мақсаты – бірінші курс студенттерін жаңа жағдай шарттарына бағдарлануға тәрбиелеу, оларды оқу және оқудан тыс уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету, болашақ ісінің кәсіби шеберлігіне деген қызығушылық сезімін ояту. Сонымен қатар ұйымдастырушының әдеттері мен іскерлігін дамытудың қалыптасуына, кәсіби білімді меңгеру мен түрлі оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға ықпал ету.
Кез келген курс студенттері өзінің жас ерекшелік және дара ерекшелік қасиеттерінің дамуын бастан кешірді. Осы ерекшеліктерді көп ғұламалар зерттеген. Актуальды даму өрісі адамның игеріп үлгерген және соның негізінде танымдық және басқа да мәселелерді өзі дербес шеше алатын әдіскерлік пен дағдылар жүйесіне әсер етеді. Актуальды дамудың деңгейі іргелес өрісті, яғни оқу процесінде баланың өзі немесе үлкендердің көмегімен игере алатын іскерлік өрісін белгілейді. Іргелес даму өрісі дегеніміз – баланың ертеңгі күні. Арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық процесс жағдайларында мұның өзі әлдеқайда ертерек әрі тиімдірек өтеді. Егер сыртқы жағдайлар ішкі күштердің кез келгенінің дамуына қолайлы жағдай жасамаса, онда соңғыларының мүлдем ашылмай қалуы да мүмкін немесе қызмет етудің бұрмаланған формаларын қабылдауы ықтимал.
Педагогикалық білім студент дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс. Тек сонда ғана ол оқыту процесінде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады.
Студент мәселені шешуге ынталанып, нақты, бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құштарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесін өзін ықтиярсыз мәжбүрлеу емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынан кешіреді.
Еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет:
1. Әрбір ұстаздың өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу.
2. Студенттің актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру.
3.Студенттің әрбір пәннің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту.
4. Студенттің кәсіби білікті, білімді шебер тұлға қасиеттерін санасына құйып дүниетанымын кеңейту.
Әр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде студенттерідің өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Себебі, студенттердің өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. [4]
Қазіргі таңда өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс. Студентің өзіндік жұмысы — болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырады. Осыған орай оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеріуді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі.
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады. Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Олар педагогикалық әдебиеттерде алғаш өзіндік жұмыс мәселелерін В.К.Буряк, Е.Я.Голант, Б.П.Есипов, Р.Г. Лемберг, Р.М. Микельсон, И.И. Пидкасистый, Е.С.Саблик, М.Н. Скаткин еңбектерінде зерттелініп, оқу үрдісінде білім алушылардың өзіндік жұмысын жүйелі түрде қолдану негіздері қарастырылды. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мәнін дидактикалық тұрғыда қарастырғандар: А.Е.Абылқасымова, Н.А.Адельбаева, С.И.Архангельский, М.В.Буланова-Топоркова, М.Г.Гарунов, И.И. Кобыляцкий, Р.Н. Низамов еңбектері арналған. Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады. И.Т.Протасовтың ойынша, өзіндік жұмыс біліктілік пен іскерлік жиынтығы. Г.Н.Кулагина өзіндік жұмысты студенттің іс-әрекет құралы белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсінеді. Г.Н.Дари өзіндік жұмыстың мәнін былайша айтады. Бұл жұмысты студент өз бетімен орындайды, ол өзінің біліміне, іскерлігі мен сеніміне, өмірлік тәжіріибесі, дүниетанымына сүйене отырып атқарады.[5] Өзіндік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу т.б. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Сондықтан оқу орындарында әрбір курста оқытушылардың басшылығымен студенттер жаттығуларды өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылады. Студенттерндің өзіндік жұмысы болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететіндіктен жаттығулардың маңызы зор. Білік дағдылардың барлық түрлерін қалыптастыруда жаттығулардың маңызы зор. Олардың негізінде дағдылар автоматтандырылып, біліктілер жетіледі. Ал күнделікті, жүйелі жаттығуларсыз, білік, дағдылар өз қасиеттерін жоғалтады.
Өз бетімен жұмыстың маңыздысы — студенттің өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыс жасау барысында Р.Сүлейменов өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу шығармашылық жұмыстар деп топтастырады. «Шығармашылық еңбекте студенттің іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі тиіс».
Шығармашылық жұмыстар студентердің дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Онымен қатар өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі. Оқытушының сабаққа дайындалғанда өзінің әрекеттерін ойластыруымен шектелмей, деңгейіне қарай студенттің әркетіне мән беруі тиіс. Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру-өте күрделі мәселе. Сондықтан студенттердің өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек. Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы — сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар:
— жаңа білімді меңгеруі;
— жаңа білімді бекіту;
— білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.[6]
Студенттердің жұмыстарының барлық топтарын оқытушы оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі – оқыту үрдісінің барлық кезеңіндерінде қолдануға болады. Сондай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:
— Студенттерге өзіндік жұмыстар туралы түсінік беру.
— Студенттердің өз бетімен тапсырма орындау әдістерін таныстыру.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
1.Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;
2.Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;
3.Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;
4.Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі.
Студенттердің өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн болар.
1.Студенттердің дербестік қабілетін мейлінше арттыру.
2.Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
3.Студенттерге оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
4.Таным ақыл-ой қабылетін дамыту.
Ескерту: Мәліметтер http://www.group-global.org сайтынан алынды
Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді.Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың өлшемінің көрсеткіштері жоғары оқу орындары түлегінің өзгеретін ортаға, қоғамға тез бейімделе алуы, түлектің жаңа мамандықтарды меңгеруге уақыт пен күш шығармай еңбек ете алатын сабақтас салалардың саны, дұрыс басқару шешімдерін қабылдау қабілеті және жүйелі түрде басқару дағдысының болуымен анықталады. [7].
Жоғары оқу орны жұмыстарының нәтижесі – білім алушылардың кәсіптік білім беру оқу бағдарламаларына сәйкес білімдері сапасымен анықталса, ал мамандарды даярлаудың сапалық өлшемі – мемлекеттік жалпыға білім беру стандартындағы біліктілік талаптарымен анықталған теориялық дайындық деңгейі арқылы бағаланатын маманның кәсіби құзыреттілігі болады.
Ғалым Б.Т.Кенжебековтың пікірінше, «жоғары білімді маманның кәсіби құзіреттілігі сол маманның жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің және ішкі психикалық жағдайларының күрделі жүйесі, оның кәсіби қызметі мен қабілетін іске асыру дайындығына, былайша айтқанда, іскерлігі мен мүмкіндігіне сай жұмыс істеу қажеттілігінен келіп шығады» — деп айтылады.
Бұл мәселелерді шешу үшін студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру жолдарын, олардың бойында өзіндік еңбек дағдысын дамытуда, шығармашылық белсенділігін және ынта-ықыласын тәрбиелеуде оқытушылардың жауапкершілігін арттыру керек.
Өзіндік жұмыстар студенттердің танымдық және кәсіби іс-әрекеттеріне қызығушылығының дамуына, білімдерін тереңдетуге, кәсіби біліктіліктері мен дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік беріп, студенттің өз бетімен игеру арқылы алатын білімінің сапасына тікелей ықпал етеді. Сондықтан да еліміздің жоғары оқу орындарында өзіндік жұмысты жаңаша, тиімді ұйымдастыру – бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда болашақ маманды кәсіби бағытта даярлаудың, жоғары оқу орнының оқыту мақсаты мен пәнді оқыту мақсатының талаптары ескерілуі тиіс. Сондықтан студенттердің танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға әсер ететін әдістемелік тәсілдер мен стимулдарды жасауда студенттердің өзіндік жұмысын қандай да бір жүйе ретінде қарастыру қажет. Жүйе – белгілі бір тұтастықты құрайтын өзара байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы .
Студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. Өз-өзін дамыту арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жоғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі, біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды; екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады. Жоғары мектептегі оқу процесінің теориясы мен практикасында болашақ педагог-психологтардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне жеткілікті мән берілмеген.
Педагогика-психология саласындағы атақты ғалымдар өз еңбектерінде өзіндік жұмыс мәселесін психологиялық тұрғыдан қарастырған.[8]
А. Н. Леонтьевтің психологиялық іс-әрекет теориясына сүйене отырып, П. Я. Гальперин мен Н. Ф. Талызина ақылдық қимыл іс-әрекеттерін кезеңдер бойынша қалыптастыру теориясын жасаған. Ол үш типті іс-әрекет негіздерін көрсеткен. Біріншісі – толық емес әрекет, ол көп қатерлер мен қиындықтардың негізінен тұрады, екіншісі шамалы толықтыру әрекеттеріне негізделеді, ал, үшіншісі – өз бетінше толық іс-әрекет жасау негізінде өтеді. П. И. Пидкасистый «өзіндік танымдық жұмыс» және «өзіндік жұмыс» ұғымдарын ажырата білуге назар аударады. Оның пікірінше, өзіндік жұмыс оқып-үйренушілердің өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастырудың тек құралы ғана болып табылады. Ол оқу өзіндік танымдық қызмет процесінде жүреді, бірақ, ол өзіндік жұмысты орындау процесінде жүреді деген сөз емес деп есептейді. Мысал үшін, оқытушы оқу материалын баяндағанда, студент салыстыру, беттестіру, деректі ойша талдау және т. б. ойлау амалдарын жүргізеді. Дәл осы кезде студент ешқандай тапсырма алған жоқ, өзіндік жұмыс та жоқ, бірақ өзіндік танымдық қызмет орын алып отыр.[9]
Жалпы алғанда, өзіндік жұмыс (CӨЖ) – біртұтас педагогикалық процестің, жоғары білім берудің негізі. Ол бір жағынан студенттердің дәрісханадан тыс жұмысы ретінде, басқа жағынан сабақ кестесі бойынша студенттің дәрісханада жүзеге асыратын жүйелі, жоспарлы, мақсатты жұмысы. Оны ұйымдастыру жауапты теориялық және практикалық міндет, маңызды ғылыми проблема. Өз бетінше жұмыс істеуді дәрісханада және одан тыс жерлерде ұйымдастырудың әр қандай түрлері мен типтерін қолдана отырып, студенттердің өздігінен ізденіп оқуына, білімін дамытуға ықпал етіп, оны ұйымдастыра білу өте қажет.
Жоғары оқу орындарында СӨЖ ұйымдастыру сыртқы және ішкі мақсаттарға сәйкес қызмет атқарады және дамытылады. СӨЖ атқарудың сыртқы мақсаты қоғамның мамандарды даярлауға қоятын талаптарымен анықталады. Мамандарды дайындаудың сапасын арттыру міндетін шешудің негізі оқыту сапасын күшейту болып отыр. Ол бірнеше факторлармен айшықталады. Ең бастысы, маманды даярлау деңгейіне нарықтың қояр талабы және оқытудағы экстенсивті және интенсивті факторлардың арақатынасының өзгеруі болып табылады. Әрине, осы орайда мәселе қарқынды фактор пайдасына шешілуі керек екендігі түсінікті.
Жұмыста болашақ педагог-психологтардың өзіндік жұмыс істеу технологиясын педагогикалық негізде жобалаудың жүйесі ұсынылды. Сонымен, студенттердің өзіндік жұмыстарының тиімділігін арттыру екі бағытта жүргізілді: біріншіден – студенттердің орындаушылық қызметтерін белсендіру (жандандыру); екіншіден – өзіндік танымдық қызметті кеңінен ұйымдастыру.
Т.Т.Ғалиев жүйені «қойылған мақсатқа жету үшін қарастырылатын заңдылықпен байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы» деп нақтылайды. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға мынандай негізгі дидактикалық талаптар қойылады:
- Студенттердің өзіндік жұмыс жүйесі негізгі дидактикалық міндетті шешуге, яғни студенттердің танымдық қабілеттіліктерін дамытуға, өздігінен білім алу, оны кеңейту және тереңдету, практикада қолдана білуге ықпал ету керек
- Жүйе — теория мен практиканың байланысының, түсініктілік пен жүйелілік, саналылық пен шығармашылық белсенділігінің, жоғары ғылыми деңгейде оқыту қағидаларының талаптарына сай болу керек;
- Жүйе құрамындағы жұмыстар түрлі біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін оқу мақсаты мен мазмұны жағынан әр алуан болуы тиіс.[10].
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру барысында оқытушыларда кездесетін қиындықтарды мұқият зерттеу, бізге, бұлардың көпшілігі оқытушының кәсіби шеберлік деңгейімен тығыз байланыста деген қорытындыға келуге мүмкіндік берді.
Сонымен бірге зерттеу барысында өте тәжірибелі оқытушылар студенттерді өзіндік жұмысқа мақсатты бағытта оқытуды жүзеге асыруда, өзінің педагогикалық іс-әрекеті барысында ешқандай қиындық байқалмайтындығы анықталды. Осы мақсатта олар әртүрлі тәсілдерді қолданады:
— Мәтіннің мағыналы өңделуі, оқу материалы көлемінің көбеюі, ондағы алғашқы идеяны, қағидаларды, заңдылықтарды айқындау, тапсырмалардың жалпылама шешілу тәсілдерін меңгеру, студенттердің белігілі -бір түрдегі тапсырмалар жүйесін жасауы;
— Оқу және тыңдау мәдениеті, қысқа және ең тиімді жазба тәсілдері (көшірмелер, жоспарлар, тезистер, конспектілер, аннотация, реферат, пікір, жалпы кітаппен жұмыс әдістері);
— Есте сақтау (оқу материалын құрастыру, мнемотехниканың ерекше әдістерін тірек ретінде бейнелі және есту жадтарына қолдану);
— Өзіндік бақылаудың әр түрін қолдануда, өз жұмысын кезеңмен бақылауда, тексеру «бірліктерін» айқындауда, біркелкі тексеруде және т.б. шоғырлауға назар аудару;
— Қосымша ақпараттар іздестіру (интернет, библиографиялық материалдармен, анықтамалармен, каталогтармен, сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс) және оны үй үй кітапханасында сақтау;
— Емтихандарға, сынақтарға, семинарларға, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарға дайындық;
— Уақытты тиімді ұйымдастыру, уақыт шығыны және есебі, еңбек пен демалысты, қиын ауызша және жазбаша тапсырмаларды, еңбек гигиенасының жалпы ережелерін (режім, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтануы және т.б.) орынды ұйымдастыру. [11]
Біз, ой еңбегін ұйымдастырудың жалпы әдістерін, сонымен бірге, оқу жұмысының, мысалы, мәтінмен жұмыс жасаудағы, нақты тәсілдерін келтірдік. Осы айтылғандардың қалыптасуы, негізгі алғышарттардың бірі ретінде және сонымен бірге басқа да оқу пәндерінде студенттердің өзіндік жұмысының негізі ретінде қызмет етеді.
Бұл жағдайда, студенттердің өзіндік жұмысы аудиториялық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру оқу іс-әрекеттерінің теориясына негізделеді. Әсіресе, бұл сыртқы бақылаудан өзіндік бақылауға өтуге және байланысына, сонымен бірге, ішкі бағалаудан өзіндік бағалаудың және оқытушы тарапынан бағалануының қалыптасуын болжайды. Сәйкесінше, студентте жұмыстағы шынайы өзбетінділік қабілетінің қалыптасуы мүмкін бе деген сұраққа болымды жауап алу, оқытушылар мен оқушылардың бірлесіп әрекет етуіне, олардың бұл жұмыстың өзіндік іс-әрекет түрлерінің ерекшелігін сезінуіне, субъектіге қоятын талаптарға сай болуына және оған интеллектуальды қанағат беруіне байланысты.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын оқыту бағдарламасының болуы қажет пе деген сұрақ, бұл бағдарламада не болуы керек екендігін белгілеуге мүмкіндік берді:
— білімгерлердің жеке танымдылық қажеттілігін кеңейтуде, тереңдетуде, жоғары оқу орнында алған біліміне диагностика қою;
— өзінің интеллектуальды, жеке тұлғалық және физикалық мүмкіндіктерін анықтау, әсіресе оқу орнынан бос уақытын дұрыс бағалау;
— өзіндік жұмыстың мақсаттарын анықтау — таяу және қашықтағы, яғни танымдылық қажеттілікті қанағаттандыруда ол қажет пе сұрағына жауап беру;
— зерттеу объектісін білімгерлердің өз бетінше таңдауы және өзі үшін таңдау себебін негіздеу;
— ұзақ мерзімді және таяу уақыттағы өзіндік жұмыстың нақты жоспарын жасау;
— өзіндік бақылау уақыты мен формасын анықтау.
Белгілі оқыту технологияларымен байланысты бағдарламаларды іске асыруда әрбір студент мыналарды біліп және қолдануға тиіс:
— өзіндік қабылдау және өзін-өзі бағалау технологиялары;
— өзін-өзі басқару технологиясы;
— аудиториялық сабақтардағы жұмыс технологиясы;
— студенттер еңбегін ғылыми ұйымдастыру технологиясы.[12]
Студенттердің өзіндік жұмысын оптимальды ұйымдастыру, сонымен бірге тиімді, ойластырылған, жалықтырмайтын бақылау арқылы оның нәтижелілігін айқындау да маңызды. Бақылаудың әртүрлі әдістері мен формаларын мұқият зерттеу, олардың кеңес, коллоквиум, жеке әңгімелесу, коспектілерді оқу, жазбаша бақылау жұмыстарын тексеру, емтихан алдында тесттік сұрақтармен студенттердің жұмысын бақылау, мемлекеттік емтихандар, студенттердің қызығушылығын, пікірлерін және көңіл-күйлерін анықтау түрінде жүргізілетінін айқындауға мүмкіндік берді. Қосымша сабақтар сабақты қандай да бір себептермен жіберген немесе білім деңгейі төмен студенттер үшін жүргізіледі.
Бұл сабақтарда студенттер жіберілген сабақтары бойынша өзіндік сынақ тапсырады. Коллоквиум топтық (жазбаша немесе ауызша) бақылау жұмысы болып табылады, мұнда студенттер білімі бірнеше тақырыптар бойынша тексеріледі. Коллоквиум қорытындысы бойынша студенттер тарапынан жіберілген қателіктерге талдаулар жасалады, олардың себептері анықталады, келесі сабақтарға дайындық нұсқаулары беріледі. Жеке әңгімелесу негізінен үй тапсырмасын орындаумен байланысты. Жазбаша бақылау жұмыстары студенттерге алдын-ала ескертусіз жүргізіледі, мұның мақсаты курстың қандай да бір күрделі тақырыбы бойынша олардың білімін тексеру. Бақылау жұмысының нәтижесі, кафедрада талқыланады және сынақ немесе емтихан барысында ескеріледі. Компьютер көмегімен студенттерді емтихан алдында сұрау, пән бойынша жай білім деңгейін бақылауға есептелген. Алайда, компьютерлік техниканы барлық оқытушы және барлық оқыту пәндері бойынша қолданбайды. Ал мемлекеттік емтихан, қорытынды бақылаудың өзіндік формасы болып табылады.
Студенттердің өзіндік жұмысы, оқу іс-әрекетінің өзіндік формасы ретінде әрбір оқытушы тарапынан айрықша назар аударылуын талап етеді. Бұл оқытушының ұйымдастыру және басқару іс-әрекетінің маңызды екендігіне ерекше көңіл аударады және білімгерлердің оқу іс-әрекетінің шынайы субъектісі негізінде сезінуін қажет етеді.
Қазіргі заманымызда қоғамға өз бетімен жұмыс атқаратын, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап, сондай-ақ қолдана алатын кәсіби-маман тұлғасы болуы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру процесі жатады.
Студенттердің танымдық қызметі барысында өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл мәселеге көптеген ғалымдар, мысалы, Ястребова Е.Б., Ерецский М.И., Гарунов М.Г., Блохина Р.А., Сабодашев В.П., Вербицкий А., т.б үлкен мән беріп, зерттеген. Бұл зерттеулердің өзектілігі – студенттердің теориялық және практикалық білімді саналы игеріп, интеллектуалдық қызмет жасай білуге тәрбиелеу болып табылады. Сонымен бірге студенттер жай ғана беріліп жатқан дайын біліммен қаруланып ғана қоймай, білімді тауып, ізденіп алуына, яғни студенттерді оқи білуге үйрету маңыздырақ. Инновациялық білім беру – тұлғаға бағытталу, білім берудің негізділігі, шығармашылық, кәсіби бағдар, ақпараттық технологияларды қолдану деген түсініктердің жиынтығы. Сондықтан оқытушыны студенттердің қандай қасиеттерін, сапаларын дамыту керек, қалайша өзін-өзі дамыта білуіне көмектесуге болады деген сұрақтар толғантуы керек. Студенттердің ең алдымен, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, өзін-өзі бақылау мен бағалау әдет-дағдысын қалыптастыру тұлғаның шыңға (акме-шын, акмеология) жету жолы болмақ.[12]
Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) басқа жұмыстардан ерекшелігі – студент өз алдына мақсат қояды, оған жету үшін жұмыс түрін, тапсырманы таңдайды.
«Өзіндік жұмыс» бәрінен бұрын басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін аяқтайды. Адамның ешбір білімі, егер де ол өзінің қызметінің объектісіне айналмаса, қажетті нәтиже бере алмайды. Өзіндік жұмыс жасай білудің негізі, алғашқы дағдысы мектепте қалануы тиіс. мектептен жаңа оқу орнына келген студент, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттілігі төменділігінен, жұмыс жасау тәсілдерін білмегендігінен көп қиналады. Электронды кітапхана, интернет ресурстарын пайдаланумен қатар, энциклопедия, сөздікпен жұмыс жасау дағдысы жоқ студенттерде кездеседі. Сондықтан да, студенттердің өзіндік жұмыс жасауына көмек беру оқытушының негізгі міндеттерінің біріне айналуы тиіс.
Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті тұлғаларды қажет етеді. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың дәрежесі. Осы заманғы ақпараттық технологиясын игеру болашақ дәрігерлерді даярлау ісінде міндетті кілт деуге болады.
Жоғары оқу орындарындағы студенттердің өздік жұмысы оқыту лекция, практикалық, лабораториялық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Лекция ақыл-ой әрекетінің тек 1-деңгейін, (тану) және біліммен танысу деңгейін қамтамасыз етеді. Ал СӨЖ ақыл-ой әрекетінің 2-деңгейін: қабылдау мен қайта жаңғырту және білім көшірмесін игеруін қамтамасыз етеді. Одан әрі ол алған білімді практикада қолдану, ептілік, шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Оқытушы студенттің білім алуға деген мотивін дамытуға, ішкі ынта-ықыласымен білім алуға ұмтылуына көмектеседі.
Оқытушының бақылауымен студент:
— Зерттеушілік іскерлігімен дағдысын қалыптастырады;
— Өткен материалдарды жалпылай алу және қайталау;
— Алған білімді қолдану, оларды толықтыру, кеңейту дағдысын қалыптастырады;
— Оқытушы студенттің психофизи-ологиялық және академиялық үлгерімін ескере отырып, өз бетімен жұмыс жасауға бағыт-бағдар беріп, олардың дербестігінің дамуына мүмкіндік жасайды.
— Студентпен бірлесекен іс-әрекет барысында оқытушы – студенттің уақытын тиімді пайдалануға беретін түсіндірмелі-иллюстративті (схема, таблица, тезис, т.б.) материалдарды қолдануды үйрету, қажетті әдебиетті іздеу жолдарын көрсету;
— Өзіндік белсенділігін, дербестігін дамыту үшін проблемалық баяндау, шығармашылық ізденіс әдістерін қолданған дұрыс.
— Оқытушы студентке жеке тапсырма таңдауға (курстық жұмыс, реферат, ғылыми баяндама, үлгі сабақ жоспарын құруға) көмектеседі.
— Әдебиеттермен қамтамасыз болуға, олармен жұмыс жасай білуге;
— Тиімді әдіс-тәсілдер, тапсырма орындау жолдарын қолдана білуге үйретеді;
— Жеке не бірнеше студентке кеңес береді, студенттердің бір-бірімен жұмыс жасауын үйлестіреді.
Жоғары оқу орындарындағы студент-тердің өздік жұмысы (СӨЖ) барлық оқу бағдарламасының басым бөлігін құрағандықтан, оның тиімді болуы маманның кәсіби бағыттылығының талаптарына сай жасалған өздік жұмысты ұйымдастыру үлгісінің дұрыс құрылуына байланысты болады. Алайда студентке қойылатын негізгі талаптар төмендегідей жіктелініп көрсетіледі:
— Студенттің шығармашылық потенциалын белсендіру: студент оқу тапсырмасын өз бетінше орындау барысында ғылыми әдебиеттермен, әдістемелерді талдаумен танысу және шығармашылық технологиясын меңгеуді жүзеге асырады.
— Өз бетінше білім алу және өзіндік дамуға ынтасын тәрбиелеу: шығармашылық белсенділігін қабілетін белсендіру, кәсіби даярлық қасиетін жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды шешу барысында шығармашылық бағытын дамыту, жалпы және жеке дара зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру т.б.
— Оқу іс-әрекетке деген мотивациясын жоғарылату: білім беру процесінде тұлғаның позициясын белсендіру, субъективті жаңа білімдердің негізгі қатынасы, яғни білімді өз бетінше алу функциясы, нақты студент үшін жаңа және тұлғалық маңыздылығы.
— Танымдық белсенділікті дамыту: өз бетінше ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы немесе мәселені шешуде өзіндік бағытты табу, өз бетінше білім алуға тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан қалыптастыру, оқу процесіндегі оқу-танымдық процесс белсенділігінде студенттердің оқыту әдісінің белсенділігі жанама қызығушылығымен басымдылық танытып, жүзеге асады.[13]
Студенттердің өзіндік жұмыс жасаудағы қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе студенттерді оқытуда болып табылады. Мұндай оқыту оқу іс-әрекетінің өзінің модельдеу тәсілдерін қалыптастыруды, студенттердің ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу материалымен жұмыс істеудің ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең, сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспек-тілердің, оқу-практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды қамтиды. Осы тұрғыда Қ.Салпынова ұсынған оқу жұмысының тәсілдері үлкен қызығушылық тудыруы мұмкін:
— «мәтінді мағыналық қайта өңдеу тәсілдері, оқу материалын үлкейту, оның ішінен бастапқы идеяларды, принциптерді, заңдарды бөліп көрсету, міндетті орын-даудың жалпыланған тәсілдерін саналау, мектеп оқушыларының белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін өз бетінше құру;
— оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалар мен «динамикалық оқу») және тыңдау мәдениетінің тәсілдері, қысқа және неғұрлым ұтымды жазу тәсілдері (жазып алу, жоспарлар, тезистер, конспект, аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы тәсілдері);
— есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын құрылымдау, бейнелі және есту естеріне сүйене отырып мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану);
— зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни мектеп оқушысының өзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, өз жұмысын сатылап тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін» бөлуге сүйенетін;
— қосымша ақпаратты іздеудің жалпы тәсілдері (библиографиялық материал-дармен, анықтамалар, каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс) және оларды үйдегі кітапханада сақтау;
— емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу тәсіл-дері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу мен жұмсаудың, еңбек пен оқуды, ауызша және жазбаша қиын тапсыр-маларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек гигиенасының жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтығы, т.б.) тәсілдері». Бұл жерде ақыл-ой еңбегін ұйымдастырудың жалпы тәсілдері де, оқу жұмысының нақты тәсілдері де, мысалы, мәтінмен жұмыс істеу келтірілгені айқын.
Соңғылардың қалыптасқандығы студенттердің барлық оқу пәндері бойынша өзіндік жұмыстарының негізгі алғышар-ттарының бірі және де негізі болады.
Тағы атап өтейік, жалпы студенттердің өзіндік жұмысы — оқу іс-әрекеті тұрғысынан, сыныптық оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға негізделеді. Соның ішінде бұл оқытушының сыртқы қадағалауынан студенттің өзін-өзі қадағалауына және де сыртқы бағалаудан оның өзін-өзі бағалауының қалыптасуына өтуі мен олардың байланысына қатысты және бұл, өз кезегінде, оқытушының бақылау мен бағалауды жетілдіруін ұйғарады.
Өздік жұмыстың тиімді ұйым-дастырылуы тек өздік жұмыстың жүйесіне ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шарттардың орындалуына да байланысты:
— Студенттің аудиториядағы және өздік жұмысының көлемінің дұрыс үйлесімі, студенттің оқу жүктемесінің тиімді болуы, сабақ кестесінің дұрыс құрылуы, оқытушының өздік жұмыстың күрделілігін анықтауда студенттің уақытын, орындау мүмкіндігін, оқу әдістемелік әдебиетпен қамтылуын ескеруі студенттің өздік жұмыс нәтижесіне үлкен әсер етеді.
— Әдістемелік тұрғыдан студенттің аудиториядағы және одан тыс өздік жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өздік жұмысты орындауға оқу орынның материалдық-техникалық базасының, оның қызметкерлерінің лайықтылығы. Студен-ттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға қатысушылардың өз қызметтерін дұрыс атқаруы.
— Студенттердің өздік жұмысының процесін шығармашылық процеске айналдыру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету. Оқу орынның кітапханаларында қажетті оқу әдебиеттерінің қорының, электрондық оқу құралдары мен электронды оқыту бағдарламасының және қазіргі таңдағы мықты ақпарат көздерінің бірі – интернеттің болуы. Оқу процесінің компьютерленуі студенттің өздігінен білім алуына және ақпарат көздерімен жұмыс жасауына, өзіндік бақылау жасауына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады. Сондықтан өздік жұмысты тиімді қолдануда мазмұнды динамикалық түрде өзгертуге және соңғы ғылыми жаңалықтармен жаңартуға болатын, әрі қолданысқа икемді электронды оқулық-тардың маңызы зор.
— Студент пен оқытушы арасындағы қатынасты студент белсенділігімен оның өз бетімен білім алуға ұмтылуы бағытына өзгерту жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ соған сәйкес студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдіс-терін, формаларын, түрлерін, құралдарын дұрыс таңдау және қолдану студенттің өздік жұмыс нәтижесіне ықпал жасайды. Студенттердің өздік жұмысының тиім-ділігін және оны орындауға студенттің ынтасын арттыруда дидактикалық құралдары мен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Әр өздік жұмыстың мақсаты айқын, түсінікті, оның көлемі мен мазмұны оқу мақсатына сай, студентті орындауға ынталандыратындай жасалып, оны орындауға студенттің жағдайы мен мүмкіндігі болуы тиіс. Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары алған білімді жаңа жағдаятта қолдануды, жаңадан өздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің танымдық қабілеттерін арттыратындай болуы қажет.
— Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға, яғни оқу формасына (күндізгі, сырттай), білім деңгейіне, оқу курсына, мамандыққа, пәнге, орындалу орнына байланысты ерекшеліктерді ескеру.
— Студенттің өздік жұмыс мәселелерін шешуде білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ашуға, ой қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасау. Мұның өзі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру үлгісін жүзеге асырумен тікелей байланысты. Нәтижесінде өздігінен жұмыс жасау, өз бетінше білім алу, өз кәсіби әрекетінде ғылыми ізденіс жасау іскерлігі мен дағдысы, аналиткалық ойлауы қалыптасқан, өз әрекетін басқара алатын, өз жұмысының нәтижесінде өзіндік бақылау жасайтын студенттің шығар-машылық тұлғасы қалыптасады.[14]
Олай болатын болса, ғылыми негіздегі ұйымдастырылған студенттердің өздік жұмысы мен студенттердің оқу-танымдық әрекеттерін басқару жұмысы олардың саналы белсенділігін, жоғары оқу-кәсіби мотивациясын, оқу процесінің сапасын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жоғарғы оқу орындарындағы оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай студентті пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, студенттің оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастырып, жаңа технологияларды пайдалана отырып жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр. Қазіргі педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде студенттердің танымдық іс-әрекетін сабақ уақытында, сабақтан тыс уақытта және отбасы арасында қалыптастыру мәселелері көптеп зерттелуде.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатындағы мақсаттың бірі – жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық іс-әрекеті мен белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі – таным теориясы және студент тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Ендеше жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып саналады.
Психология мен педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі – жастардың жеке тұлғасының дамуы. Жеке тұлғаның дамуына студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру, қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі. Белсенділік оқушының әрекеті және пәнімен қосылғандағы дәрежесін айқындайды. Студенттер алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана алу керек және олардың танымдық іс-әрекеттер ұстанымдарына негізделіп қалыптасқаны жөн. Танымдық іс-әрекеттер оқыту үрдісінде қалыптасып, тұлғалардың бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде одан әрі дамиды.[15]
Студенттердің танымдық іс-әрекеті оқу үрдісіне негізделе отырып дамиды. Яғни бұл іс-әрекеттер қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Олардың ішінде ең маңыздысы – оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Яғни студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуы оқытушының оқытуына да байланысты болып келеді екен. Дидактар бұны педагогикалық жағдай, оқу-тәрбие үрдісі жағынан қарастырған.
Пән бойынша өтілетін материалдарды игеруге қатысты танымдық іс-әрекеттерді негізге ала отырып қарастырып көрейік. Әр түрлі мамандықтағы студенттерге басты оқыту формаларын төмендегідей жинақтауға болады.
— дәріске байланысты әдебиеттер мен қажетті оқу құралдарын өз бетінше оқып талдау, ой елегінен өткізу;
— арнайы жаттығулар мен тапсырмаларды орындау;
— оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жасау;
— рефераттарды дайындап талдау;
— өзіндік жұмыстарды дайындау;
— ғылыми бағыттағы жұмыстарға қатысу, ғылыми зерттеулер жүргізу.
Оқытушы осы аталып өтілген факторлардың барлығын ой елегінен өткізіп, әр қайсысының тиімді пайдалану жолдарын білуі шарт. Осы оқыту формалары мен әдістерін дұрыс таңдау арқылы ғана пәнді жақсы игеруге болады, танымдық іс-әрекет пен қызығушылықты, пәнге деген құштарлықты арттыруға, студенттердің сабақтан тыс уақытта өзіндік жұмыстарын емін-еркін орындауына, әдебиеттерді тиімді пайдалануына септігін тигізеді. Жоғарыда аталған факторлардың ішінде студенттердің танымдықіс-әрекетінің қалыптасуна жазу жаттығуларын орындаудың қалай әсер ететіндігін байқап көрелік.
Жазу үйрету сабағы студенттерге білім берумен қатар, олардың ой-өрісінің, ақыл-парасатының, ес, зейіннің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. Жазба жұмыстар студенттердің ойлау қабілетін арттырып, ойын сауатты да жүйелі беруге тәрбиелейді. Студенттерді жазба жұмыстарына дағдыландыру ісі бірінші класта әліппеден басталса, кейінгі кластар мен жоғарғы курстарда әдебиеттік оқу мен грамматикамен ұштастырылады. Ойын түрікше дұрыс жеткізе біліп, сауатты жазуға студенттерді үйрету үшін әрбір оқытушы орфография мен грамматиканы тығыз байланыста оқыту қажет.
Студенттердің танымдық белсенділіктерінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда оқытушы танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе студентке шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде студентке белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.
Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар төмендегіше сипатталады:
- оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде оқытушы мен студенттің бірлескен әрекеті арқылы
- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы ;
- танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы ;
- оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы ;
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы .[16]
Оқыту үрдісінде студенттің танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру, оқуға, болашақ мамандықтарына деген құлшынысын арттыру, шығармашылық біліктілігі мен қызығуын дамыту болып табылады екен.
Танымдық іс-әрекет оқу-үрдісінің дамыта оқыту негізінде жүзеге асады. Дамыта оқыту – дәстүрлік білім беруге қарама-қарсы әдіс. Дәстүрлік оқыту оқытушының жеке түсіндіруі, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі, студенттердің үлгі бойынша жаттығу жұмыстарын орындауы, яғни дайын білім алуға негізделсе, дамыта оқыту студенттерге өз бетінше сұрақ қоя білуге және олардың пікірталастарымен, көзқарастарымен санасатын, жалпы ақылдаса, пікірлесе отырып шешім қабылдауға, жалпы ойлауын, танымын дамытуға негізделген (бағытталған) оқыту түрі.
Адам дүние тануында, өз қажеттілігін өтеу мақсатымен қабылдайды, оны ой елегінен өткізіп ойланады. Бұл процесс қабылдаудың, ойлаудың немесе түсінудің жемісі ғана емес, адамның ортамен санасының арасындағы процестерді жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет нәтижесі. Ендеше барлық таным процестері (түсіну, қабылдау, ойлау, ес) танымдық іс-әрекеттер құрамындағы әрекет, іс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылып отырады.
Танымдық іс-әрекет оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық әрекет танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде студенттерде танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.
Адам дүние тануында, өз қажеттілігін өтеу мақсатымен қабылдайды, оны ой елегінен өткізіп ойланады. Бұл процесс қабылдаудың, ойлаудың немесе түсінудің жемісі ғана емес, адамның ортамен санасының арасындағы процестерді жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет нәтижесі. Ендеше барлық таным процестері (түсіну, қабылдау, ойлау, ес) танымдық іс-әрекеттер құрамындағы әрекет, іс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылып отырады. Оқу процесінде қолдануда басқару оқытудың берілген нәтижелеріне жету үшін оқытушының студенттер ұжымына және жекелей студентке жүйелі, мақсатты түрде ықпал етуін білдіреді.
Басқару – бұл процестің оның табиғатына кері ағымын тездету, не басып тастау емес, керісінше, процестің табиғатын барынша ескеру, процеске оның логикалық ағымымен әр ықпалды сәйкестендіру.
Оқу процесін басқаруды айрықша белгілері келесідей болады:
- әрқашанда күрделі реттеумен өзгешеленетін саналы және жоспарлы ықпал ету;
- басқаратын жүйе бөлігі (оқытушы) мен басқару обьектісі (студент)
- арасындағы себеп-салдарлы байланыстардың болуы;
- динамикалық немесе басқаратын жүйе бөлігінің бір сапалық қалыптан екіншісіне өтуге қабілеттілігі;
- сенімділік, яғни, басқару жүйесінің берілген қызметтерді процесс ағымының белгілі бір жағдайларында орындау қабілеттілігі;
- тұрақтылық – жүйенің түрлі сыртқы және ішкі қарсылықтарға қарамастан белгіленген траектория (қозғалған дененің жүріп өткен жолы) бойынша қозғалысын сақтау, қызмет етудің белгіленген тәртібін ұстану қабілеттілігі.
Басқару процесі басқарудың көптеген циклдерін бір уақытта бірізділікпен орындаудан туындайтын циклдық және үздіксіз ретінде көрінеді. Басқарушылық цикл мақсаттарды бекіту мен міндеттерді анықтаудан басталады да, оларды шешумен, қойылған мақсаттарға жетумен аяқталады. Қандай да бір мақсатқа жеткен соң жаңа мақсат қойылады да, басқарушылық цикл қайталанады. Мақсат -әрекет – нәтиже – жаңа мақсат – үздіксіз басқарушылық процестің кестелік бейнесі осындай. Ол ғылыми және оқу-тәрбиелік процестерге қолданбалы.
Оқу процесін нәтижелі басқару белгілі бір талаптарды орындауда мүмкін болады:
- оқыту мақсаттарын қалыптастыру;
- басқарылатын процестің бастапқы деңгейін (қалпын) орнату;
- оқыту процесінің негізгі өтпелі жағдайларын қарастыратын әрекеттер бағдарламасын құру;
- оқыту процесінің жағдайы туралы (кері байланыс) белгілі бір өлшемдер бойынша ақпарат алу;
- кері байланыс каналы бойынша алынған ақпаратты қайта өңдеу, оқу процесіне түзету жұмыстарын енгізу және құру.
Басқару процесіндегі оқытушының міндеті басқарылатын процесс жағдайын өзгерту мен оны алдын ала белгіленіп қойған деңгейге жеткізуден тұрады. Қатаң түрде айтқанда, оқу процесін басқару осы процестің әр қатысушысының орнын, оның функцияларын, құқығы мен міндеттерін анықтауды, оның өз міндеттерін барынша жақсы орындауына жағымды жағдайлар туғызуды қарастырады.
Оқу процесінде қолданылатын кері байланысты жүзеге асыру екі мәселенің шешімін табады:
- кері байланыс мазмұнын анықтау – оқу бағдарламаларын құруда база үшін қабылданатын оқытудың психологиялық теориялары мен оқыту мақсаттарының негізінде бақыланатын сипаттамалар жиынтығын анықтау.
- кері байланыс жиілігін анықтау.
Н.Ф.Талызина ерекше атап көрсеткендей, оқытудың басқару жүйесі ретінде өзіндік ерекшелігі негізінен ең алдымен оқу, меңгерудің басқарылатын процесі — әрқашанда нақты бір тұлғамен жүзеге асырылатындығынан тұрады. Өзіндік факторлардың көптүрлілігі мен күрделілігі сондай, негізгі оқу бағдарламасын құруда олар әрқашан да есепке алына бермейді. Жаппай оқытуда ең жақсы жағдайда негізгі бағдарлама студенттердің белгілі бір тобы үшін типтік ерекшеліктердің тек кейбір жүйесіне бейімделуі мүмкін. Ал нақты студенттер тобын оқыту процесінде оларға қойылған мақсатқа тезірек жетуге мүмкіндік беретін қандай да бір қосымша ерекшеліктер анықталуы мүмкін. Білімдерді меңгеруді басқару процесінде оқытушыға студенттердің фактілерді салыстырып қорытындылауды, қорытынды шығаруды, алынған мәліметтерді сыни тұрғыдан талдауды үйренді ме жоқ па анықтауы; олар оқулық материалын қалай меңгергенін, олардың меңгеруге уақыттары жете ме жоқ па және т.б. білуі керек. Нәтижелі оқыту процесін жүзеге асыру үшін оқыту процесін оқушылардың танымдық іс-әрекетінің процесі ретінде қарастыратын теория қажет. [17]
Студент алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын
біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. “Жақсы оқушы”, “Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.[18]
Қорытынды
ЖОО оқыту мен тәрбиелеу жеке тұлғаның кәсіптік тәжірибемен, сапамен, өзіндік дамуымен және қалыптасумен қамтамасыз етуге міндетті. ЖОО оқыту мен тәрбиелеу студенттің жеке тұлға ретінде максималды дамуына, яғни толық жағымды өзгеріс процесіне, сапаның қалыптасуына, тәжірибесіне әсер ету.
Психология кәсіптік оқыту мен тәрбие жұмысында студенттердің жоғары білім алудың әр деңгейінде оқу- тәрбие процесінің психологиялық заңдылықтарын зерттеуді қарастырады.
Жеке тұлғаның кәсіптік дамуында екі негіз бар: іс-әрекеттің операциялық жағының қалыптасуы (кәсіптік білім, дағды, ойлау және іскерлік) және жеке бас сферасы (мотивтер мен қызығушылықтар, кәсіптік сапа және т.б.).
Оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға екі субъект қатысады:
Оқытушы алдына педогогикалық мақсат қойған, осы мақсатқа жету жолында әдіс – тәсілдерді, қорытындыны талдап, әрекетін нақтылап, оқытудың нәтижелі болуына жан –жақты қатысады.
Студент оқыту мен тәрбие процесіне өзіндік көзқараспен қарап активтілік немесе пассивтілік білдіреді. Оқытушы мен студенттің бірлескен жұмыстары олардың жалпы іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Студенттерді тәрбиелеу – бұл олардың психикасына әсер ету және жеке тұлғаның қасиеті мен сапасын, бағыттылығын, саналығын, жауапкершілік сезімін, адамдармен жұмыс істеу қабілетін, тәртіптілігін, өзіндік дамуын, өзіндік сынының және т.б. қалыптастыру мақсатындағы іс-әрекет. ЖОО оқу – адамның әлеуметтенуінің негізгі кезеңі. Әлеуметтену – бұл қоғамның өмірлік шарттарына сай жеке тұлғаның қалыптасу процесі.
Студенттерді тәрбиелеу жұмысының формалары:
— Анкеталау, әлеуметтік сұрау арқылы олардың қызығушылығын және құндылық бағдарларын анықтау.
— Көркемөнерпаздық ұжым және қызығушылық бойынша бірлестіктер жұмысымен қамтамасыз ету.
— Еліміздің мәдени өмірі, киномотограф, көркем әдебиеттер жайлы мәлімет беру.
Студенттерді тәрбиелеу мен оқыту ЖОО-ң білім беру процесінің бірлігі жағынан өзара байланысты. Әрбір ЖОО студенттерді тек қана біліммен қаруландырмайды, сонымен қатар кәсіптік дайындық пен жан –жақты дамуына үлкен үлес қосады. Одан арғы оқыту (магистратура, аспирантура т.б.) жеке тұлғаның дамуында ерекше орын алады. Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық бірілігің мағынасы негізінде жеке тұлғаның бағыттылығын, мінез-құлқы, дүниетанымы, студенттің қасиеті, ақыл-ойының дамуы, эстетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету қажет. Оқыту мен тәрбиелеу барысында студенттердің жас ерекшелігін әлеуметтік-психологиялық және индивидуалды қасиеттерін, оқуға деген көзқарастарын ескеру қажет. Студенттердің өзіндік тәрбиелеу мен өзіндік білімін жетілдіруді активтендіру ЖОО болашақ маманды дайындап шығарудың бірден бір көзі.
ЖОО оқыту мен тәрбиелеудің спецификасы:
- ЖОО бітіргеннен, кейінгі қажетті іс-тәжірибелік білім беру;
- Студенттердің жас ерекшелік, әлеуметтік-психологиялық және индивидуалды қасиеттерін ескеру;
- Оқыту мен тәрбиелеудің кәсіптік бағыттылығы;
- Оқытудың ғылыми, қоғамдық және өндірістік іс-әрекетпен байланыстыру.
- Оқыту мен тәрбиелеу процесінде студент белсенді болу қажет.
Оқытушы оқу-тәрбие процесіне ғана көңіл бөлмей, сонымен қатар келешектегі жұмысына қажетті іс-әрекетін, дағды мен ікерлігін, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру керек.
Пайдаланған әдебиеттер
- Асанов Н. Өзіндік жұмыстардың ерекшеліктері.Алматы, 2013. 125-126 б.
- Р.Б.Исмаилова Студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері.//Бастауыш мектеп- №5,6-2012, Б.36-37 б.
- Кулекеев Ж.А., Пивень Г.Г., Нургужин М.Р., Каланова Ш.М., Падиарова И.П. Системы менеджмента качества организаций высшего профессионального образования. Теория и практика. – Караганда: Издательство КарГТУ, 2014. – 356 с.
- Галиев Т. Системный подход к интенсификации учебного процесса. – Алматы: Ғылым, №2. – 303 с.
- http://www.kazustaz.kz/ustaz/712-studentterd-zndk-zhmystaryn-yymdastyry-timdzholdary.html Мерлан
- С.К.Сулейменов. Теория и практика урока в условиях развивающего обучения М., 2011. 89 б.
- Махмутов М.И. Современный урок. 2-е изд. — М., 2010. 78 б.
- Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: пед. ғыл. докт. … автореф.: 13.00.08. – Шымкент, 2010. – 40 б.
- https://rector.kz/umkd/id/11553
- Ғалиев Біріккен оқу іс-әрекетіндегі ұлттық таптаурындардың танымдық рөлі. Ұлт тағылымы. № 3, 2013. 24-25 б.
- http://www.okmpi.kz/kk/node/376 М.Ж.Ілесқызы
- http://www.rusnauka.com/24_NNP_2012/Pedagogica/2_115771.doc.htm Дандыбаева А.К., Сабанбаева Н.И
- Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Кұдиярова. Педагогика. Дарын — Алматы-2013.142 б.
- Салпынова Қ. Танымдық қызығуды дамыту. Қазақстан мектебі. № 4, 2015. 19 б.
- Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2009. 62 б.
- Рысбаев Е, Ильясов С. Танымдық белсенділікті дамыту – өзекті мәселе. Қазақсатан мектебі. № 2. 2014. 29 б.
- http://www.group-global.org/kk/node/4256 О.Г.Қойшымановна
- Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2014. – 184-185 б.
Құрастырғандар: Дуйсинова С., Мұратова Г.