«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы»

Жыл басынан бері Бостандық аудандық жұмыспен қамту орталығына 1286 адам өтініш берген. Оның 90 пайызы — ұзақ мерзімде жұмыссыз жүргендер. Сол себепті мемлекет қолдауына жүгінуге мәжбүр болған. Биылдың өзінде ауданда 900-ге жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы екі қолға бір күрек тапқан. Бүгінде Алматыдағы жұмыссыздар қатарында есепші, заңгер, қаржыгер және экономист секілді мамандар көп, деп жазады Алматы телеарнасы.

Алматыда «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарын жүзеге асыру әлі де жалғасып жатыр. Нақтырақ айтсақ, инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылық саласы есебінен қаладағы жұмыссыздардың қатарын азайту көзделуде. Былтырдан бері жұмыспен қамту орталығының Бостандық аудандық бөлімшесі 40 адамды тегін оқуға жіберген. Олар біліктіліктерін арттырып, кейбірі кәсіби қайта даярлау курстарынан өткен. Сұранысқа ие кәсіптердің ішінде аспазшы, есепші, электрик және басқа да мамандықтар бар.

«Алматы қаласы «Жұмыспен қамту — жол картасы 2020″ бағдарламасы бірінші және үшінші бағыт бойынша жұмыс жасайды. Бірінші бағытымыз — инфрақұрылым және коммуналды шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету. Осы мақсатта Алматы қаласы бойынша биылға 29 нысан жоспарланып отыр. 1924 жаңа жұмыс орындарын ашылуда. Оның ішінде 970 тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар жұмыс пен қамтылады деп жоспарлануда»,- деді Алматы қаласы Бостандық аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Гүлім Ұйтқыбаева.

Бостандық ауданы бойынша биыл жұмыс сұрап орталыққа 1286 адам келген. Оның 900-ге жуығы жұмыспен қамтылған. Ішінде 119 адам әлеуметтік жұмыс орнымен қамтамасыз етіліпті. Әлеуметтік жұмысқа орналасқандардың жалақысының 38 пайызын Үкімет төлейді. Биыл тәжірибесіз 43 маман кәсіпорындарға жұмысқа жіберілген. Сондай-ақ 720 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Екі қолға бір күрек тапқандардың бірі — жауапкершілігі жоғары құрылысшы мамандығын меңгерген Алтынбек Әлиев.

«Мен жұмыспен қамту орталығынан жұмыс іздеп келген едім. Сол жердегі қызметкерлер мені осы жаққа жіберді. Рахмет сол кісілерге. Осы жерде құрылысшы болып жұмыс істеймін»,- деді құрылысшы Алтынбек Әлиев.

Осылайша, халықты жұмыспен қамтитын мамандар белсенді қызмет атқаруда. Жұмыс тауып беру — міндет қана емес, адамды табыс жолына итермелеу қоғам үшін де пайдалы іс.

Басқарма басшысының баяндамасына құлақ түрсек,  Алматы қаласындаы жұмыссыздық   деңгейі  жыл басы­нан бергі уақытта  0,1 пунктке азайып, еңбек нарығын­дағы жұмыссыздық деңгейі экономикалық жағынан қабілетті тұрғындарды есептегенде 5,5 пайызды құрап, тұрақты қалыпта келе жатқанын аңғаруға болады.

Алматыда жұмыс күші артық болғанмен, олардың кәсібінің көбі сұранысқа сәйкес келмейтін көрінеді. Ал жұмыссыздардың санының басым бөлігі әйелдердің үлесінде  екен. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық 62,5 пайызды құрап отырса, оның 70 пайызы жоғары білімді. Жастар арасындағы, әсіресе, 15 пен 28 жас аралығындағы  жастар  арасындағы  жұмыссыздық мәселесі де бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып тұрған жәйі бар. Алматы қаласындағы 138-дей жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген 175 мың жас маманның басым бөлігі Алматыда қалғылары келеді.  Бірақ, нарық талабы олардың бұл арманының бірден орындалуына мүмкіндік бермей тұрған көрінеді.  Бұрынғыдай сұраныс бойынша маман қабылдау жүйесі жоқ. Ал оқу орындарын бітірген   түлектерінің жұмыспен қамтылу мәселесіне оқу орындары бастарын қатырмайды.   Осы жағдайларды ескерткен басқарма басшысы алдағы уақытта оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, жұмыссыздық жағдайына тек жұмыспен қамту басқармасы мен бөлімдер ғана емес, маман дайындап отырған оқу орындарының басшы­ларының да қызығушылығын ояту керектігін ескерте келе, оған   алдағы уақытта  қолданыстағы  Еңбек Кодексіндегі сынақ мерзімін алып тастау жөніндегі өзгеріс көмегін тигізер деген үмітін  де білдіріп өтті.  Алматыда  жұмыс күші де, жұмыс та бар дегені­мізбен, кәсіби мамандардың жетіспейтіндігін басқарма басшысы Ербол Шымкентбайұлы жасырмады. Алматы сынды қала үшін инженер, технолог, программист, смета жасайтын мамандар, ІТ мамандары, техникалар мен құрал-жабдықтарды жөндеуші мамандардың жетіспеуі,   әрине, үлкен олқылық деуге болады.

 Жыл басынан бастап  555   мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыс­пен қамтылса, 13 мүмкіндігі шектеулі жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен қамтылып, 48 адам кәсіптік оқуға, ал 401-і  қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілген.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналып екі   мәрте  Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліпті. Басқарма басшысы бұл жәрмеңкелердің  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жолын ашып, өз қабілеттеріне лайық жұмыс тауып, кәсіп игерулеріне үлкен   мүмкіндік бергенін атап өтті.

Қала  әкімінің орынбасары  Юрий  Ильин   басқарманың жұмысын оң бағалап, осы бағытта атқарылған жақсы   істерді жалғастырып, Алматыдағы жұмыссыздар қатарын азайту мақсатында әлі де көп жұмыстар атқарылу керектігін айтты. Ең бастысы, жақсы бастамалар бар, соны жалғастыру керек деп жиынды қортындылады  қала әкімінің орынбасары.

«Кәсібі бардың нәсібі бар» деген емес пе, осы жиында біз жастардың  жұмысшы кәсібіне деген  қызығушы­лығының  жоқтығын аңғардық.  Заңгер, экономист, банк қызметкері деген мамандық алған жастардың мейрам­хана­ларды жағалап, официант болып жұмыс істеп жүргені  өкінішті-ақ. «Қайран есіл уақыт-ай» дейсің, сол бес жылдың орнына  балаларымыз бір-екі жылда маман болып шығатын өзге ұлт өкілдері көбірек қалайтын жөндеуші, дәнекерлеуші, аспазшы, шаштараз, қонақ үй қызметкері мамандықтарын игерсе,  40  мың жұмыссыз­дың саны  азаяр ма еді, кім білсін. Қазіргі балалар  маман­­дықты өздерінің емес, ата-аналарының қалауымен таңдайтыны және жасырын емес, әркім өз орнын табу үшін  мамандық игеруді ұл-қызымыздың өз еркіне бергеніміз жөн шығар.

%d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%82-1                                                                              %d1%81%d1%83%d1%80%d0%b5%d1%82-2

   Ермекова Мадина Жеңіскызы                                                                                                    Тұрғанәлі Айдана

Яндекс.Метрика