Стартаптардың қандай түрлері бар?!

Бүгінгі күні стартаптың түрі көп. Кезкелген стартап  өнімнің ерекшелігі, тауарды нарықта өткізу, ғылым сиымдылығы (ғылымды көп қажет ететін өндіріс немесе өнім) секілді белгілері бойынша жіктеледі.
Мысалы, стартаптың көп тараған түрлеріне тоқтайтын болсақ, олар:

Өнім мен қызмет көрсету түрінің көшірмесін жасау стартапы. Мысалы, қазір біз білетін көп өнімдердің түрлері шын мәнінде мүлдем жаңа өнім емес. Олардың 99,9% пайызы батыстың, американың өнімдерінің көшірмесі. Егерде біз білетін «Фейсбук» пен «В-контакте»  интернеттегі әлеуметтік желілеріне мұқият көз салсақ, олардың көп ұқсастығын көре аламыз. Мысалы сідердің назарыңызға, «Фейсбук»  (бұл өнімді жасаған 1984  жылы туылған Майкл Цукерберг) таза американдық өнім, нарықта 2004  жылы пайда болды.

Ал «В-контакте» ресейлік өнім нарықта 2007 (бұл өнімді жасаған 1984 жылы туылған Павел Дуров) пайда болды.
Шынында да осы күнгі өнімдер мен қызмет көрсетулердің көп ұқсатықтары болса да,  олардың өз тұтынушылары мен табынушыларыда аз емес. Яғни стартаптың бұл түрін өз бизнестеріңізде қолдануға болатынын көрсетіп отыр.

Нарықты жаулау мақсатында бизнесте аса белсенділік таныту стартапы. Әдетте, мұндай стратегияға (стратегия дегеніміз — белгілі бір мақсатқа жету үшін амалдар мен әрекеттердің жиынтығы) сүйенген бизнес бірнеше стартаптарды біріктіре отырып, нарықтың бір бөлігін жаулауды көздейді. Мысалы, бағаны төмендету арқылы немесе негізгі өнімге арзандатып қосымша өнімді қоса ұсыну. Оған мысал келтірсек, «ТЕЛЕ2» ұйялы телефон байланыс қызметін көрсетуші компанияның «қолданбаған бірліктерді (еденицы) халыққа қайтару» амалы арқылы өздерінің абономентерлерінің (клиенттерінің) санын көбейту, немесе сол секілді  «БИЛАЙН»  ұйялы телефон байланыс қызметін көрсетуші компанияның «Ұтымды (выгодный) микс»: ұйялы байланыс + үйдегі интернет + телевизия тиімді бағамен бір шотта атты клиенттерге ұсыныстарын айтуға болады.

Тәуекелге бойұру стартапы. Бұл стартап түрінің ерекшілігі белгісіздік пен әрі тәуекелділікпен байланысты. Яғни стартапшылыр таңдаған саланың (өнім немесе қызмет көрсетудің) болашағы бұлыңғыр әрі белгісіз. Бірақ өнімге аяқ астынан сұраныс пайда болған жағадайда бұл стартап үлкен пайда әкелетіні сөзсіз. Мысалы, осы күні барлық ұялы телефондарда бейнені фото мен видиоға түсіру үшін арнайы камерамен жабдықталғанын бәрімізде білеміз. Бірақта бұл идеяны ойлап тауып және жүзеге асырған «TransChip» компаниясы екенін бәрі біле бермейді. 1999 жылы  құрылған «TransChip» компаниясы алғашқы болып ұялы телефондарына арналған фотокамераны жасауды бастады.

Әрине бастапқыда бұған қызуғушылық танытқандардың саны өте аз болды.  Бірақ 2004 жылы жағдай күрт өзгерді. Оған түрткі болған Корея мен Жапониядағы өткізілген футболдан әлем чимпионаты. Футболдан кезекті ойын кездесуі  барысында ойын алаңына ағылшын құрама командасының танымал ойыншысы  Дэвид Бэкхем  шыққан сәтте кореяның футбол көрермендері оны ұялы телефондарының камерасына жанталасып түсірген сәттін көптеген телеканалдар тікелей эфирде көрсетті. Нақ осы сәттен бастап біздің ойлап тапқан өніміміз ұялы телефон индустриясында (өндірісінде) төңкеріс (революция) жасады деп айтуға болады. Міне, осы мысалдан  белгісіздік пен әрі тәуекелділікке бойұрудың нәтижесінде әлемдік деңгейде жетістікке жетудің көрінісі  болып табылады.

Алғашқысында бұл идеяның болашағына көп адамдар күмән келтірді. Шыны керек, өзімде бұған сенім кіремедім дейді, — бұл идеяның авторы,  «TransChip» компаниясын құрушысы  Виктор Ариэль.  Өйткені тұтынушылардың бұған көзқарасы қандай болатыны белгісіз болды. Бірақ, суретке немесе видиоға түсу үшін арнайы құралдар бар екенін және  ұйялы телефонның негізгі қызметі адамдармен байланысқа шығып сөйлесу екенін біле тұра біз бұл идеяны жүзеге асыруды қолға алдық.

Дәстүрлі стартаптар. Бұл стартаптың ең қарапайым, оңай және көп тараған түрі. Мұнда нарыққа инновациялық өнімді ұсыну емес, ең бастысы нарыққа жаңа өнім немесе жаңа қызмет көрсету түрімен шығу болып табылады. Әрине мұндай старттап 99,9% пайызы бұған дейін басқа елдер мен қалаларда жұмыс істеп тұрған бизнестің көшірмесі болып табылады.  Мысалы, бүгінгі күнде әрбір ата-ана өз балаларына жақсы білім беруге тырысады. Мақсат біреу – балаларына болашағы бар әрі жұмыс беруші тарапынан үлкен сұранысқа ие мамандыққа оқыту. Ал 21 ғасырда ондай мамандықтар: техникалық, инжинерлік, IT яғни компютерлі-ақпараттық, медициналық, биологиялық мамандықтары болып табылады. Бұл мамандықтардың негізі математика екенін бәріміз білеміз. Сондықтан да баланың математика және логика бағытында ой санасын жастайынан дамыту қажет. Осы бағытта еліміздің кейбір үлкен қалаларында бірнеше жылдан бері «Ментальная Арифметика» оқыту курстары жұмыс істеуде.

Жоғары технологияларға сүйенген старттаптар. Бұл бизнес ғылым салындағы ашылған жаңалықтарды тауар немесе өнім түріне айналдырып нарықа ұсыну арқылы өте үлкен пайда көруді көздейді. Бірақ мұндай стартап өте үлкен көлемде қаржы салуды талап етеді. Сондықтан да бизнестің мұндай түрініе үлкен алып компаниялар қатысады. Мысалы,  «StoreDot» компаниясы ұялы телефон және  өзгеде құралдарға арналған аккумулятор батареяларын тез зарядтаудың технологиясын дайындауымен танымал. Бұл технологияға сәйкес, егер үйреншікті аккумулятор батареяларын  зарядтау бір сағат төңірегінде уақыты алса, ал енді аккумулятор батареяларын  зарядтау бар жоғы 1-2 минуты алатын көрінеді. Ең бастысы «StoreDot» компаниясы бұл өнімді жаппай өндіріске 2017 жылдың аяғында шығаруды жоспарлап отыр.

Яндекс.Метрика