ТІЛ-ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ

Қазақ тілі-батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер-қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының өмірімен тығыз байланысқан.Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі .

Тіл — ұлттың бірлігі. Ал ұлттың болашағы — оның ана тілі. Тіл — халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі. Әр нәрсенің түп-тамыры болатыны сияқты, ана тіліміздің де түп-тамыры бар. Заңғар жазушы Шығыс Айтматов өскелең ұрпақ тілімізбен бірге өсіп — өнеді, тілімізбен бірге өркендейді деген. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ана тіліне тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда қай сала болмасын, реформаның ең басты мақсаты — ой-өрісі жаңаша, мемлекеттік тілді жақсы деңгейде меңгере алатын маман болу.

Менің ойымша,тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болуымен ғана шектеліп қана қоймайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі- бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы , шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы қазақ тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.

Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар:

1.Қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді;

  1. Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды;

3.Кеңес үкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі.Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан біздің ата-бабаларымыз қазақ тілімізді ойдан шығармаған.Яғни, тілімізді дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю деп ойлаймын.Сонымен қатар, халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі- оның қазақ  тілі. Өзінің тілі жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғауы тиіс.

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар,біздерміз. Біздің міндетіміз – еліміздің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін біз өз еліміздің тарихын, тілін жетік білуіміз керек.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады. Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі.Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын қолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда.

Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі — әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.
Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті.Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар.Сол себепті, өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – қазақ тілі.

Қазақ тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту — бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік!

Қолданылған әдебиеттер:

  1. http://wikipedia.kz ;
  2. kz;
  3. zharar.com.

Құрастырғандар: Досиханова Динара

Яндекс.Метрика