XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

Қазақ  тарихында 18 ғасырдың басы небір дүбірлі оқиғаларға толы  болды. Бұл кезеңде халқымыз бейбітшілікті мұрат етіп, өзінің ата-бабаларының мұра еткен  Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ жерінде жазда тұрғындардың негізгі бөлігі орналасқан оңтүстік өңірінен Бетбақдаладан әрі асып Сарыарқаға, одан әрі Солтүстікке қарай ескі қоныстарына  бағыт алып, кейде 2-3 мың шақырымға дейінгі  жердегі өзінің қашаннан бергі жайлауына қарай мыңғырған малдарын айдап көшсе, қыста ежелгі қонысына келіп тұрақтады. Көшпелі мал шаруашылығы тараған аудандар ел даласының орасан зор кеңістігін алып жатты.

Бұл кезде мал қысы-жазы өз аяғымен жайылатын. Жайылым ауыстыра отырып, расында да, қазақ ауылдары кең байтақ даламен қыста Орталық Азиямен шектескен ең оңтүстігіне, ал жазда орталық, солтүстік Қазақстан далаларында қоныс аударып жүрді. Ертеде барлық қазақтардың ойлайтынымен дәлелінің түп негізі мал болды,- деп жазды Ш. Уалиханов.

Біз өз өмірімізді мал шаруашылығының талаптарына бейімдеп құрып келдік. Біздің бабаларымызда тұрақты қыстау, дәл сол сияқты жазғы жайылым үшін бөлінген жер болған жоқ. Бір жерде шөп шықпай қалған кезде, біздің әкелеріміз ешқандай қашықтықтан тайынбай, басқа, неғұрлым қолайлы жерлерге кетіп қалатын-деп атау көрсетуі сондықтан. Жалпы, бұл кезде қазақтардың шаруашылығың үш негізі болды. Оның біріншісі-көшпелі мал шаруашылығы болса, екіншісі- отырықшы егін шаруашылығы, үшіншісі- қолөнер кәсібі мен сауда-саттық болды. Осының ішінде негізгісі мал шаруашылығы болғаны белгілі. Шаруашылықтың бұл түрімен айналысқан қазақтар таулы, далалы өңірде қой, жылқы, түйе және сиыр өсірді. Бұл төрт түлік мал деп аталғаны баршаға белгілі. Мал жылдың төрт маусымында жайылымдарда бағылды. Мұның өзі кең өріс-қоныс болуын, сонымен бірге шөптің сонысы мен судың тұнығын таңдап, көшіп-қонып жүруді қажет етті. Сонау заманнан келе жатқан тәжірибеден туған шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырған еді.

Сөйтіп, 18 ғасырдың басында да қазақтардың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болып қала берді. Ол ішсе тамақ, кисе киім, жол жүрсе көлік болды. Кей жылдары айналып соғатын індеттерге, жұттарға қарамастан мал өсіру баяу болса да дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан малшылық кемелдене түсті.

Жылдың төрт маусымын маусымын мал соңында өткізіп, көшіп-қонып жүрген,  сауда мен қолөнер орталығы қалалардан қашық қазақ қауымы өз тұрмыстарына қажетті киім-кешек, ішіп-жеу, үй-жай, құрал-жабдық, қару-саймандардың барлығын өз қолдарымен жасап алуға  ақыл-қайраттарын аямай жұмсады. Мұның негізгі шикізаты мал шаруашылық өнімдері және мекендеген жерлерінің табиғи байлықтары болды. Өрмек тоқу, теру илеу өнері үй басына жалпыласты, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Қылшықты жүндерден бау, басқұр, қап тоқылды, қылдан арқан-жіп есілді. Малдың сүтінен түрлі тағамдар жасалды.Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүні кәдеге пайдаланылды.

Қазақтар мал шаруашылығымен қатар аңшылық кәсібімен де айналысты. Аңшылық өз алдына жеке кәсіп болған жоқ, оның халық шаруашылығында үлес салмағы да шамалы ғана болды, қазақтар малын баға жүріп, аңшылық істеді. Аң-құс аулаудың ата тәсілдері  мен құрал-саймандары, ғасырлар бойы ен даланы мекендеп, түз тағыларының тіршілік тәсілдері мен өмір сүру заңдылықтарын бақылаған халық тәжірибесінен туылды.

Жетісу жері мен Оңтүстік Қазақстан өңірі ертеден бері егіншілік мәдениеттің бесігі болған орын еді. Қазақ хандығы дәуірінде бұл аймақтардың дәстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды. Сырдария, Арыс, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында суармалы егін шаруашылығы жақсы жолға қойылды. Өзен суларын тартып жер суландыратын каналдар мен арықтар болды. Су өздігінен арыққа ағып шықпаған жерлерде шығыр орнатылды. 16-ғасырда Сауран маңында қарыз арқылы жер суару жүйесі де болған екен.

Оңтүстік Қазақстандағы Сауран, Созақ, Сығанақ, Отырар, Сайрам, Түркістан қалалары Қазақ хандығы мен Шайбани аулеті арасындағы ұзақ күресте тартылған арадай ары-бері өте келіп, ақырында Қазақ хандығының құрамына қосылды. Бұл қалалар тегінде Жұңғоның ішкі өлкелерінен батыс елдеріне баратын Ұлы Жібек жолының сауда керуен жолы үстіне орнаған қолөнер-сауда орталықтары еді. Олар Қазақ хандығы кезінде де Жұңғодан, Мауараннахрдан және орыс мемлектінен келетін керуен саудаларының түйілісетін тораптары болды.

Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарының бірі — Әбілхайыр хандығындағы ру – тайпалардың саяси жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар, хан ұрпақтарының билік үшін таласы, ойрат тайпаларымен соғыста жеңіліске ұшырауы — халық бұқарасының Әбілхайыр ханға наразылығының өрши түсуіне себепші болды. Сонымен қатар феодалдық езгі мен қанау бұқара халықты ауыр күйзеліске ұшыратты. Көшіп — қону тәртібі жиі бұзылады. Халық бейбіт өмірді аңсады. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайда дер кезінде, өз мақсат — тарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналып, қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Моғолстан ханы Есен — бұға Керей мен Жәнібекті Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Оларға Шу бойынан қоныс бөліп берді.
1465-66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Қазақ мемлекетінің ХVI-XVII ғғ. әлеуметтік — экономикалық жағдайы бір қалыпты болды.

Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Табиғи — климаттық жағдай шаруашылық өмірдің барлық  қырынан байқалды. Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша, “ертеден қазақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біз өмірімізді мал шаруашылығының ыңғайына қарай бейімдеп отырдық”. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі өзіне тән айырмашылығы бір жерден екінші жерге көшіп-қонып отыруы болды (жайлау, күздеу, қыстау, көктеу). ХІХ ғасырдың басына қарай жеке рулар арасында жайлау мен қыстау жерлеріне бөлініс басталды.

Қазақтардың көшпелі-жайылымдық шаруашылығының негізгі жүйесі экстенсивті сипатта болды. Қазақтардың шекара өңіріндегі орыс елімен сауда байланысының дамуында малдың жекеленген біртіндеп ішкі сауда дами бастады, бірақ ол негізінен айырбас түрінде болды. Айырбас саудасы тек қана рулар арасында ғана емес қазақ жүздерінің арасында да жүрді, ал кей жерлерде ақшаға да сауда жасалды. Айырбас сауданың дамуы барысында Қазақстанда несие сауда қатынасы кең қанат алды. Көпестер мен Сібір казактары заттарды қазақтарға несиеге  әкеліп беріп, көп жағдайда оларды алдап кетіп отырды. Қазақтар арасында арнайы сауда серіктестіктерін құрып, жоғары өсіммен несиеге ақша беріп отырған арнайы саудагерлер де пайда болды.

Ақша-тауар қатынасының дамуы кедей-батрақтардың пайда болуына әкелді. Ақша табуға жұмысқа кеткен көптеген қазақтар балық аулаумен айналысты, шеп бойындағы бай тұрғындарға жалданып түрлі жұмыстар істеді. Қазақтардың тек аз бөлігі ғана тау-кен өндірістерінде (Баянауыл таскөмір өндіру, Қарқаралы қорғасын, т.б.) жұмыс істеді. Шеп бойындағы орыс шаруашылығына жалданған қазақтардың жағдайы өте нашар болды, олар көп жағдайда еңбек ақыларын да дұрыс ала алмай, өз қожайындарының қанауына түсті.

Қазақстан аумағы көне заманнан көшпелілер тұрағы болған. Ол күрделі тарихи, саяси және этникалық процестер аренасы болды. Ең дәуірлік оқиға – шаруашылықтағы өзгерістер, қоғамдық және саяси ұйымдағы өзгерістер ХІХ ғасырда ғана туды. Қазақ халқы өзінің мыңжылдық тарихында көптеген күрделі оқиғаларды басынан кешті, саяси әлеуметтік, экономикалық даму сатысын өтті. Қазақстан үшін ХІХ ғасырдың ерекшелігі – оның алдындағы дәуірден – қазақ халқының қоғамдық саяси мәртебесінде болды. Бұл енді құлдықтағы халық еді. Қазақтар ХІХ ғасырда шаруашылық салада, әлеуметтік қатынастарда қиындықтар көрді, сонымен бірге, бұл – ұлттық тәуелсіздігін ауыр түрде басынан өткізген халық еді. 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Пайдаланған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы мен мәдениетінің очерктері

Қазақтың көне тарихы

Құрастырған: Абилкайрова Жансая

Яндекс.Метрика