ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЦИКЛІ

Мазмұны

  1. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Жиынтық сұраныс және ұсыныс.
  2. Экономикалық цикл:мәні,себептері, фазалары.
  3. Қысқа мерзімдік, орта мерзімдік,ұзақ мерзімдік циклдары.
  4. Экономикалық өсудің типтері және факторлары. Қазақстанның инновациялық дамуы.

1.Макроэкономикалық тепе-теңдік. Жиынтық сұраныс және ұсыныс.

«Сан алуан жанама, сондай-ақ тура нысандар мен әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге ықпал жасау олардың қаржылық түрлерін кіріктіреді. Бұлайша ықпал етудің мақсаты — ұлттық шаруашылықтың эволюциясын қамтамасыз ету, бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің белгілі бір уақыт кезеңдерінде әлеуметтік сфераны дәйекті бұлжытпай дамыту.

Экономиканы реттеу үдерістерінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда мүмкін болатынын есте ұстаған жөн.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді ұйғарады:

  • сұраным мен ұсыным;
  • тауар және ақша массасы;
  • жинақақша мен инвестициялар;
  • инфляцияжәне жұмыссыздық;
  • еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу;
  • қаржылық ресурстар және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;
  • мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары;
  • бюджеттапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері;
  • төлем балансының активі мен пассиві.

 Аталған ара қатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-теңдікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше басқаларында үйлесімсіздікті тудыратыны анық. Бұдан басқа, макроэкономикалық деңгейге мүдделердің, қажеттіліктердің және олардың артында тұрған ірі экономикалық объектілердің: секторлардың, ұлттық шаруашылық салаларының, өңірлердің, шаруашылық кешендердің мүмкін болатын ресурстарының үйлесімсіздігі шығады. Егер бұған реттеудің жоғарыда аталған параметрлері мен объектілеріне қосылатын қажеттіліктер мен ресурстардың компоненттерін біріктіретін шаруашылық жүргізудің кейінгі (келесі) деңгейлерінде қажеттіліктер мен ресурстарды теңестірудің қажеттігін қосса,онда толық макроэкономикалық тепе-теңдікке жету елестетпелі міндет болып қалатынымен келісуге тура келеді.

Нағыз экономикалық қызметке (кез келген экономикалық жүйеге сияқты) осы мезетте қоғамда іс-әрекет ететін қарама-қарсылық күштер мен үрдістердің, шаруашылықтық мінез-құлықтың топтауырындарын (стереотиптерін), әр түрлі бағыттағы мүдделерді бейнелеп көрсететін «тепе-теңсіздіктің қалыпты жай-күйі» тән қасиет. Мұндай жарым-жартылай жай-күйлердің көбінің жиынтығы барлық экономикалық параметрлердің белгілі бір теңгерімділігін қанағаттандырады. Сондықтан да экономикалық жүйенің жарым-жартылай тепе-теңдігінің бір жай-күйінен экономикалық параметрлердің көп санының теңгерімділігін жақсартуға жауап беретін және қоғамның ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін басқа тепе-теңдігіне эволюциясы кезінде ықпал етудің нысандары мен әдістерін дүркін-дүркін өзгертіп отыру ұйғарылады.Батыстың қаржы теориясыңда мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін «мультипликатор» ұғымы пайдаланылады.»[1]

«Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:

1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;

2) табыстар (немесе бөлу) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.

 Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың ара қатынасын шығыстардың мультипликаторы, ал салықтық төлемдердегі өзгерістің тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы деп атайды. Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің құны мына формула бойынша қалыптасады: ЖІӨ = C + Ig + G + Xn

 Бұдан ары, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп шығарылады.Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып түзетілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ болып саналады.

Кейнстік моделдерде шығыстардағы өзгерістер тудырған өндіріс көлемінің, табыстың және жұмыстылықтың арасындағы тепе-теңдік түсіндіріледі. «Өндірістің тепе-теңдік деңгейі — өнімнің осы көлемін сатып алу үшін жеткілікті жалпы шығыстарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемі немесе ТҰӨ-нің тепе-теңдік деңгейінде сатылған тауарлардың (ТҰӨ-нің) жалпы саны сатып алынған тауарлардың (C + Ig + G + Xn) жалпы санына дәле-дәл тең»».

 Тиісінше, өндірістің жалпы көлемінен жалпы шығыстардың кез келген асып кетуі тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады, мұның өзі соңғының өсуіне апарады; жалпы шығыстардың кез келген жетіспеушілігі ТҰӨ-нің төмендеуін тудырады.

Жиынтық шығыстардың басым бөлігі С элементі болып саналады, ал деңгейлес білікке оның ылди бұрышы тұтыну деңгейін айқындайды: бұрыш 45°-қа жақынырақ болса, үй шаруашылықтарының тұтыну деңгейі көбірек болады. Биссектриса мен тұтыну сызығы арасындағы сатылас бойынша айырым жинақақшалардың (олардан инвестициялар үшін қаражаттар қалыптасады) шамасын көрсетеді.

Биссектрисаның С, Ig, Хn шығыстарының сызықтарымен қиылысуы «ТҰӨ шығыстары» жүйесінің» тепе-теңдік жай-күйін сипаттайды. Оның үстіне, шығыстардың әрбір элементінің дәйекті қосылымы тепе-теңдік нүктесін оңға жылжытады, мұның өзі ТҰӨ-мен өлшенетін ұлттық өндірістің үстелуіне сәйкес келеді.

 Шығыстарда бір шамаға, мысалы, аb-ға өсу ұлттық өнімнің үлкен шамаға — QQ1-ғa өсуін тудыратын жағдай моделдің келтірілген сызбасындағы есте кқаларлық болып табылады. Бұл әсерді өндіріс көлеміне жұмсалатын қарастырылған шығыстардың мультипликаторлық (көбейтушілік) әрекеті, ал құбылыстың өзін мультифликатор тудырады.

Құбылыстың мәні мынада: экономика үшін кірістер мен шығыстардың қайталанып отыратын, үздіксіз ағыны, ондағы бір экономикалық агенттің шығындаған ақшалай қаражаттарын басқасы табыс түрінде алатын және әрбір келесі циклда өшшеде, бірақ ТҰӨ-нің көп дүркіндік өзгеріміне жеткізетін тізбекті реакция туады. Табыстың бір бөлігін экономикалық агент тұтынбауы, керісінше жинақтауы үдерістің басылуын тудырады. Табыстағы түсім ақшалардың үлесі аз болса, әрбір циклдегі кезекті жұмсалым көп болады және тиісінше мультифликатор жоғары болады. Мультифликатордың сандық мәні шығыстардағы өзгерім өсімі ТҰӨ-ні қанша рет өсіретінін және керісінше — шығыстардың қысқаруы мультифликаторға ұлттық өнімнің дүркіндік азаюын тудыратынын білдіреді.

 Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі «үнемдеуге шекті бейімділік» MPS және «тұтынуға шекті бейімділік» — МРС ұғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы, екіншісінде — тұтынуға өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара қатынаспен білдіруге болады:Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.» [2]

«Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ- нің мөлшерін азайтуға жеткізетін табыстардың қысқаруын тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді. Бұлардың барлығы табыстар-шығыстар жүйесінен кему болып табылады, яғни ішкі тұтынысты шалмайды. Инвестициялармен, экспортпен және мемлекеттік сатып алумен толтырылуы мүмкін шығыстардағы үзілімді жасай отырып, тұтыныс азаяды.

Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстар графигінің ауысуын және ТҰӨ- нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-қарсы салық мулътипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның табыстардың тұтыну компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:мұндағы: Т — салықтық төлемдердің мөлшері.Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен MPS-тің осы мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекет шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Табыстар мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін баланстандырылған бюджет мультипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен G әр қайсысы 10 миллиард теңгеге көбейтетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 миллиард теңгеге көбейетінін күтуге болады. Сонымен, баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:

мұндағы:

— баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы;

— шығыстардың мультипликаторы;

—  салықтардың мультипликаторы.

Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі үрдісті қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.

Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады — табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, «сұраным ұсыным болып табылады», теңгерілмейді. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.

Жинақтау тұтынушының жиынтық табысының бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сүранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.

Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің ең жақсы деген моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: «табыстар -сұраным», бірақ «табыстар — жинақтау» емес.» [3]

«Жинақтау инвестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс пен тұтыну арасындағы айырмашылыққа тең.

 Егер табысты ақшалай түрде емес натуралды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді.Өндірістік және капиталдық тауарлардың жалпы шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным болып аталады.Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық элемент болып есептелінеді. Бұл модельдің бірден-бір міндеті экономиканы тұрақты өсу жолына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.

Жиынтық сұраным — тауармен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез-келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.

Жиынтық ұсыным — кез-келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель.

Басқаша айтар болсақ, тепе-тендік жағдайы ресурстарды толық қолданғандык өрсетпейді. Тәжірибеде мынандай жағдайлар кездеседі: өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдануды қамтамасыз еткенде, ЖҰӨ-м тепе-тендігін құруға талап еткен деңгейден жоғары болып келеді. Егер ол жоғары болса, онда ЖҰӨ тепе-тендігіне жету үшін өндіріск өлемін қысқарту қажет, яғни өндіріс ресурстарын толық қолданбау жағдайын бөлу керек. Бұл кезде еңбек ресурстарында толық қолданбау қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады. Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолданғанда ЖҰӨ тепе-теңдігін құруға талап етілген деңгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай артып кетпейді.» [4]

2.Экономикалық цикл:мәні,себептері,фазалары.

«Қоғам біркелкі түрде экономикалық өсуге, жұмыссыздықты толық жоюға және баға деңгейінің тұрақтылығына ұмтылады.Экономикалық (іскерлік) цикл деп өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу  деңгейінің өзгеруін айтамыз. Циклдік өзгерістердің себептері төмендегідей: автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б.

Макроэкономика ғылымында экономиканың циклдігі туралы тұрақты теория жоқ деп айтуға болады, бірақ әр түрлі көзқарастар бар, дегенмен көптеген экономистер өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейі  жиынтық шығындарды анықтайды деп есептейді.

Жалпы айтқанда,  экономикалық (іскерлік) цикл – бірнеше жылдар ішіндегі экономикалық активтілік деңгейлерінің бірінен кейін бірі келіп тұратын өсулер мен құлдырауларының өзгеруі. Кейбір экономикалық циклдер ұзақтылығымен және қарқындылығымен бір-бірінен ерекшелінеді. Бірақ олардың барлығы әрқалай  аталатын бірдей фазалар арқылы өтеді:

1.Шың.

2.Құлдырау.

3.Құлдырау немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесі.

4.Көтерілу.

Циклдер бірдей фазалардан өтсе де, олар өздерінің ұзақтылығы және белсенділігімен ерекшелінеді. Сондықтан экономистер экономикалық циклдердің орнына экономикалық тербелістер дегенді қолдануды дұрыс көреді, өйткені циклдер тұрақты түрде өтеді. Экономикалық цикл — бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның  бірінші (бастапқы) циклы- өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем қабілеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі.

Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие- ақша кәсіпорындар құлдырап,жойыла бастайды. Экономикалық  циклдың келесі фазасы депрессия («depressia» — латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді.). Бұл фазада өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін ақша капиталы пайда болады.

Келесі фаза – тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуынын ынталандырады. Циклдың кезекті фазасы- өрлеумен алмасады.» [5]

«Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капиталы ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының (%) нормасы төмендейді.Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда  қалыптасқан бірнше теориялық көзқарастар бар.

Ағылшын экономисі Дж.Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері («шекті тиімділік») пайыз мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.

Қазіргі Дж.Кейнстің ізбасарлары – «неокейнстіктер» — мәселен американ экономиксі – Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сыйпаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе терісәсер етіп, өндірістің өсуінен оның қысқаруына бет бұрыс жасайды.

Американ экономиксі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері «неокейстіктерден» айырмашылығы олар нарықтық экономиканың циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы арасындағы алшақтық және тұрлаусыз ақша ұсынымы нарықтық экономика тұрақсыздығының себебі болып табылады.

Монетаристік мектептің негізін қалауші Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жүргізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға бағытталуы қажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-ның монетарлық саясаты» еңбегінде баяндаған. Бұл жұмыс 1963-ші жылы шыққан болатын.» [6]

«Нарықтық экономиканың циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсартуды жоғарыдағы аталған әртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаған әкеледі: мемлекет антициклдық   бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей реттеуі қажет.

 Мәселен, Ф.Энгельстің пайымдауынша, нарықтық анархияны «өндірісті  қоғамдық- жоспарлы реттеу» арқылы жоюды алға тартады. Дж.Кейнстің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын мемлекеттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекет өндірісінің құлдырауын жеке күрделі қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмауы үшін қажет.

Мәселен, К.Маркс экономикалық циклдың дағдарысының қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын — оқтын жаппай жаңаруымен қарастыраған.

Қазақстан   экономикасының   дағдарыстан  кейінгі   жылдары   өсуі, яғни экономикалық циклдың  тұрақтануы  келесі   факторлардың   әсер  етуіне  байланысты   болды:

  • қалпына  келтіруге  байланысты  өсу,   бұл  тауарлар   және   қызметтер      өндірісін   толық   немесе   жартылай   қалпына   келтірумен   білінді.  Бұл,  әсіресе,   қара   және   түсті  металдар    электр  жылу  энергетикасы,  тамақ   өнімдері,   құрылыс  материалдарын,    тігін   және   тоқыма   бұйымдары   өндірісі,   көлік   және   байланыс   қызметі   және   т.б.
  • канъюнктуралық   өсу,   әлем   нарығында   өнімдеріне  сұраныс  әрқашан   жоғары   болатын  салалардың   дамуымен   байланысты.  Қазақстан   жағдайында    бұл,    әсіресе,    мұнай   және   газ   өндіруді   дамыту
  • жүйелік   өсу    тауарлар   және   қызмет   өндірісінің   жаңа   сегменттерін    енгізуден   кейін   болады.   Бұл   факторға   шағын  кәсіпкерліктің   қаржы  секторының   дамуын,   жылжымайтын  мүлік  пен  автомобильдерді     сатуды,    үй —  шаруашылығы   секторында    тауарлар  мен   қызметтер   өндіруді   жатқызуға   болады.

           Инновациялық   өсу   факторы  Қазақстанда   «Индустриалдық  —  инновациялық   даму   стратегиясын»   жүзеге    асыру   салдарынан   пайда   болды.   Бұл   әзірге   қалыптасу   сатысында.    Бұл   фактор  әзірге    Қазақстан   экономикасының   дамуына   елеусіз  ғана    әсер  етеді.   Ең   жоғарғы   қарқын   инновациялық   қарқын  телекоммуникация    және  ақпараттық   қамтамасыз  ету   салаларында  болуда.» [7]

«Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстың, ғылыми –техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық ролінің өсуімен және мемлекеттің экономикалық ролінің өсуімен туындаған. Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және тереңдей түсті, сонымен қатар депрессия фазасы ұзақтығының ұлғаюымен ерекшелінеді. Мұндай құбылыстар экономикалық дағдарыстар кезеңінде байқалады. Бұл құбылыстар көптеген индустриалды – дамыған елдердің  экономикасын қамтыды.

Бір жағынан макроэкономиканың ғылым сіңіргіш жаңа салалар- прибор құрау, робот құрау қарқынды дамуда, екінші жағынан дәстүрлі салалар- көмір, металлургия, тоқыма және т.б. құлдырады, бұл олардың техникалық, технологиялық артта қалуымен түсіндіріледі. Осылай құлдырау құбылыс құрылымдық  дағдарыс  деп аталады.Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономиканың кезеңділігін анықтайды.

Экономиканың циклдық теориясы оның өсу теориясы сияқты экономиканың динамикалық теориясының маңызды бөлігіне жатады. Бұл теориялар арқылы экономикалық жүйенің дамуы, қозғалысы түсіндіріледі. Макроэкономикалық тепе-теңдік келісімділікпен өзара байланыстылығы, экономикалық құбылысының тепе-теңдігіне осы келісімділіктің оқтын-оқтын бұзылынуының қайталануы арқылы қол жетеді. Макроэкономикалық үрдістер өлшенетін және бағаланатын экономикалық индикаторлар үшін ұдайы тұрақсыздық олардың өсулері мен құлдырауларының оқтын-оқтын ауысулары және керісінше болулары оларға тән сипат. Бұл өзгерістер экономикалық циклдарды — жұмысбастылықтың, өндірістің және инфляция деңгейлерінің оқтын-оқтын тұрақсыздығын сипаттайды. Көрсеткіштер динамикасы экономикалық конъюнктураны көрсететіндіктен, циклдар теориясын кейде конъюнктура теориясы деп те атайды.

Циклдар бір құлдыраудың (дағдарыс) басынын екінші құлдырау басына дейінгі кақыт интервалын анықтайды. Цикл графика түрінде 5-ші суретте берілген. Циклдың классикалық нұсқасында бір-бірін жүйелі түрде ауыстырып отыратын 4 кезеңді бөлуге болады: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу. Қазіргі замандағы жағдайларда циклдар өздеріне экономиканың мемлекеттік реттеушілік ықпалын бастан кешіп отыр және классикалық нұқсадан сипаты мен ұзақтығы жағынан айрықшаланады. 5-ші суретте екі кезеңді: құлдырау мен өрлеуді бөліп алатын қазіргі заманғы түсініктеме берілген. Сөйте тұра кез келген ағым ерекшелігінде (5-ші суретті қараңыз экономикалық циклдың конъюнктураның сатыларына тән өзіндік белгілерін айыруға болады.» [8]

«Экономика ғылымында экономикалық циклдардың интегралды теориясы болмайды. Әртүрлі мектептердің экономистері циклділіктің әртүрлі себебтеріне көңіл қояды. Мысалы, циклділікті сыртқы факторларымен (экстерналды) байланыстыратын теориялар себебтерінің ішінен соғыс, төңкеріс, бағалы ресурстардың ірі кен орнын табуды, технологияны өзгертетін жаңалық ашуды және өнер табысын атап өтеді. Циклділіктің себебтерін экономика үшін ішкі мән-жайлардан деп білетін тұжырымаларды: негізгі капиталдың ұсталу мерзімі секілді, ақша массасының тұрақсыз мөлшері, инвестициялар, жинақтау, тұтыну, мемлекеттің экономикалық саясаттағы өзгерісі секілді факторлар бөліп шығады. Көптеген экономистер циклділіктің басты себебі — тұтас шығындардың тұрақсыздығы деп санайды.Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

  1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
  2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
  3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
  4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

  1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
  2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
  3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

  1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
  2. Инвестициялар өседі.
  3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
  4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
  5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

  1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
  2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
  3. Тауарлардың бағасы өседі.
  4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
  5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.» [9]

3.Қысқа мерзімдік,орта мерзімдік,ұзақ мерзімдік циклдары.

«Экономикалық кезең (цикл) — бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең- кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраулармен сипатталады. Экономикадағы кезеңділіктің негізгі себептерінің бірі ретінде көптеген экономистер тұтыну мен инвестициялардың өзара қатынастарының ауытқуын атайды. Экономикалық өсудің кезеңдік ауытқуын Кейнсиан мектебі акселерат принципімен және мультппликационды — акселерациондық механизмнің әрекетімен түсіндіреді.

 Экономикадағы кезеңдік ауытқуларға әсер ететін факторлар сыртқы және ішкі  болып бөлінеді.

 Сыртқы факторлар — халықтың санының өзгеруі, технологиядағы түпкілікті өзгерістер, соғыстар және саяси оқиғалар.

 Ішкі факторлар — тұтыну, инвестициялау, үкіметтің қызметі (қазынагерлік және монетарлық саясат арқылы).

Қазіргі даму кезеңіне экономиканың кезеңдік сипатының кейбір ерекшеліктері тән:

  1. Кезеңнің мерзімдерінің қысқаруы (орташа 3-5 жыл);
  2. Дағдарыстардың әлсіреуі (ЖҰӨ-нің төмендеу тереңдігінің азаюы);
  3. Кезең құрылымының өзгеруі (кейбір фазаларының түсуі) немесе олардың уақытша байқалуы. Осы өзгерістерге себепші негізгі фактор экономиканы мемлекеттік реттеу болып табылады.

Дағдарысқа қарсы саясат — бұл мемлекеттің экономикалық белсенділіктің дағдарыс алдындағы құбылуын реттеу және экономикалық дағдарыстардың дамуына жол бермеу жөніндегі шараларының жиынтығы.» [10]

«Экономистер іскерлік белсенділік тербелістерін түсіндіретін әр түрлі теорияларды ұсынған. Кейбір тұжырымдамалардың авторлары ірі техникалық жаңалықтар (мысалы, темір жол, автомобильдер, синтетикалық талшықтар) инвестициялар мен тұтыну шығындарына, яғни өндіріске, жұмыс және баға деңгейіне үлкен ықпал етеді деп санайды. Бірақ мұндай ірі жаңалықтар үнемі пайда бермейді, экономикалық белсенділіктің тұрақсыздығы осымен түсіндіріледі.

Енді бір ғалымдар экономикалық циклдер салдарын саяси немесе кездейсоқ оқиғаларға жатқызады. Мысалы, соғыс экономикалық тұрғыда күйретуші құбылыс болып табылады. Әскери жағдай кезіндегі әскери өнімдерге деген үлкен сұраныс жұмысбастылыққа және инфляцияға әкелуі мүмкін. Ал бейбітшілік орнағаннан кейін, әскери шығындар азайғанда экономикалық құлдырау байқалады.

Таза монетарлық құбылысты цикл деп есептейтін экономистер де бар. Үкімет көп ақша қаражатын шығарған кезде инфляциялық тоқырау пайда болады, ал ақша қаражатының жеткіліксіз болуы өндірістің құлдырауына және жұмыссыздықтың артуына әкеледі

Пікірлердің осындай әртүрлілігіне қарамастан, жұмысбастылық пен ішкі өндірістің деңгейін анықтайтын факторды көпшілік экономистер шығындарының жалпы немесе жиынтық деңгейіне санайды. Нарықтық экономикада кәсіпкерлік сектор қызмет көрсетіп, тауар шығарады, мәселе оны ұтымдықпен сата алуда. Көп фирмаларға жалпы шығындардың төменгі деңгейінде  көп мөлшерде тауар шығару және қызмет көрсету тиімді емес деп саналады. Осыдан өнеркәсіптің, жұмысбастылықтың, табыстың төменгі деңгейінде болатындығы көрінеді. Жалпы шығындардың жоғары деңгейі өндіріс өсуі табыс әкелетінін білдіреді, сондықтан өндітіс, жұмысбастылық және табыс та өседі. Экономика ресурстардың толық жұмыс істеуіне жеткенде өндірістің табиғи өсуі тежеледі де, қосымша шығындар тек қана баға деңгейін көтереді.» [11]

«Циклдық теорияны жасауда айрықша орынды Николай Дмитриевич Кондратьев (1892-1938жж) алады. Ол Петербург университетінің түлегі, кейіннен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінің мәжілісінде 1926-шы жылы 6 –шы ақпанда жасаған «Коньюктураның үлкен циклдары » баяндамасы оған әлемдік атақ әкелді. Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-ші жылы шыққан кітапта баяндады. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса, бұдан басқада   48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі бола бастады. Мәселен, Н.Д. Кондратьев мынандай үлкен циклдарды қарастырады. Ол (цикл) қоғамдық өндірісті технологиялық базасының радикалды өзгеруімен және оның құрылымдық қайта құрылуымен түсіндірілді.

Әдетте циклдарды классификациялағанда екі критерий қолданылады: ұзақтығы немесе циклдың мерзімділігі :оны қозғаушы циклдар , бұл соңғысы оны жүзеге  асыруды гензисі мен механизмін алдын-ала анықтайды. Осы критерийлерге сәйкес циклды классификациялаудың белгілі айқындамалары қабылданған:

  1. Н.Д.Кондратьевтің циклдары немесе ұзақтығы 40-60 жылға созылған ұзын толқынды циклдар. Оның басты қозғаушы күші – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикальды өзгеруі және оның құрылымдық қайта  құрылуы.
  2. Белгілі американ  экономиксі С.Кузнецтің (1901-1983жж) циклдары және олардың ұзақтығы  20 жылмен шектеледі. Ал қозғаушы күштері — өндірістегі ұдайы өндіріс құрылымының жылжуы боп табылады (бұл циклдер көбінесе ұдайы өндірістік немесе құрылыс болып та аталады).
  3. 3. Жеке шаруашылық циклдары. Бұл 1 жылдан бастап 12 –і жылға дейінгі кезеңді қамтиды және инвестициялық белсенділіктің тербелісіне байланысты өмір сүреді.

Соңғы екіжүзжылдықта аэкономистер типті экономикалық шеңберді көрсетуге талпынды.Бұл шеңберлердің біршамасы өз құраушыларының атымен аталады.Өзінің ұзақтығымен ерекшеленетін іскер шеңберлердің бірқатар белгілі типтерін қарастырамыз: қысқа мерзімді,орташа мерзімдіжәне ұзақ мерзімді циклдар.

Қысқа мерзімді Китчин циклі.Оны американдықстатистик-экономист Дж.Китчин атап көрсеткен, мұндай шеңбердің ұзақтығы екі-төрт жыл шамасын құрайды да,тауарлы-материалдық қордың көлем тербелісімен  түсіндіріледі.Сондықтан Китчин шеңберінің тағы бір атауы- қорлар шеңбері(тауарлы-материалдық қордағы инвестицияларды атып отыр).

Орташа мерзімді Жугляр цикл ұзақтығы-8-10 жыл,француз экономисі Клемент Жуглярдың атымен аталған.К.Жугляр алғаш рет бағаның уақытша жүйесін пайыздық төлемдері мен айқын мақсаттарға арналған Орталық банктің резервтерін жүйелі қолданды,яғни шеңберді талдау үшін алғашқылардың  бірі болып шеңбер фазасын бөліп көрсетті(оның терминдерде ”көтеру”,”жарылу”,”жою”).»[12]

«Кондратьевтің ұзақ мерзімді циклдары,(конъюнктураның ұзын толқындары)орыстың экономист-ғалымы Николай Дмитриевич Кондратьевтің атымен байланысты.Н.Д.Кондратьевтің ”ұзын толқынды” циклдары – ұзақтығы 45-60 жыл.Экономиканың толқын секілді қозғалуының себебі – қоғамдық өндірістің технологиялық базаларындағы радикалды өзгерістер;оның құрылымдық қайта құрылуы.

Экономикалық ауытқу ол экономиканың маңызды параметрлерінің тұрақты жағдайдан ауытқуы. Ол ауқымы мен уақыты жағынан қысқа, орта, ұзақ мерзімге бөлінеді. Қысқа мерзімді ауытқуда нарықтық конъюктура әсерінен өндірістің көлемі маңызды емес түрде ауытқиды. Баға дәрежесі аз мөлшерде өзгереді. Бірақ көп тауарлардың бағасы өзгермейді. Мысалы, АҚШ-та фирмалардың бестен екісінің бағасы жылына бір рет өзгереді, фирмалардың алтыдан бірінің бағалары бір жылдан көп уақытқа өзгереді. Төмен инфляция жағдайында тұрақты баға кәсіпкерлерге тұтынушыларды “ұстап қалуға” мүмкіндік береді. Жұмыспен қамтамасыз ету белгілі уақытта маңызды емес түрде өзгереді, оның ауытқуы жеке кәсіпорындардың жалақы мөлшерінен тәуелді болады. Пайда нормасы қысқа мерзімде өзгере қоймайды.

Орта және қысқа мерзімде ауытқу басқаша болады, тепе-теңдік жағдайдан маңызды түрде ауытқиды. Қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрақтану бұзылады, экономикалық өсу уақытша дағдарысқа ауысады. Жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды, жеке дағдарыстар белгілі бір сфераға немесе экономикалық салаға тән. Дағдарыстың бірнеше түрлері бар:

  1. Қаржы дағдарысы – мемлекеттік қаржының терең бұзылуы, бұл бюджеттің терең тапшылығы. Қаржы дағдарысының шегі ол мемлекеттің шетел займына төлем қабілеттілігінің болмауы.
  2. Ақша-несие дағдарысы – ақша-несие жүйесінің бұзылуы. Коммерциялық және банк несиесінің күрт қысқаруы, салымдардың банктерден толық алынуы. Бұл кезде банктер жойылады, тұрғындар мен кәсіпкерлер нақты ақшаны іздейді, құнды қағаздардың курсы төмендеп, банк пайызының нормасы төмендейді.
  3. Валюта дағдарысы – жеке елдер валютасының құнсыздануы, банктерде валюта резервтерінің зайып кетуі, валюта курсының төмендеп кетуі.
  4. Биржалық дағдарыс – құнды қағаздар курсының күрт төмендеп кетуі, олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасы қызметінің қысқаруы.
  5. Аграрлық дағдарыс – ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу көлемінің қысқаруы, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаның төмендеуі.
  6. Құрылымдық дағдарыс – өндіріс салалары арасындағы қатынастардың бұзылуы.
  7. Салалық дағдарыс – халық шаруашылығының бір саласында болады. Бұл дағдарыс өндіріс құрылымының өзгеруімен, шаруашылық байланыстардың бұзылуымен сипатталады.» [13]

4.Экономикалық өсудің типтері және факторлары. Қазақстанның инновациялық дамуы.

 «Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

 Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.

Экономикалық циклдар созылмалдығы жағынан: қысқа мерзімді (2-4 жыл), орта мерзімді (10-12 жыл) және ұзақ мерзімді (50-60 жыл) болып бөлінеді. Циклдар бір-бірімен қабаттасып, бір мезгілде жүреді. Мұндайда қысқа цикл ауқымында тепе-теңдікке тұрақты құрылымдарға сұраныс ауысады, ұзақ мерзімді цикл өндірістің технологиялық тәсілінің өзгеруіне байланысты шығады (5-ші суретті қараңыз).

Экономикалық циклдың қазіргі модельдеріндегі талданатын конъюнктуралы тұрақсыздықтың себебтері инвестиция динамикасы мен ұлттық арасындағы тәуелділікті қалыптастыратын мультипликактор мен акселатордың өзара әрекеттестігі. Көлемдерді қалыптастыру және теңестіру үрдістері өзінің стратегиялық мақсаттары мен өзара бәсекелестікті көздеген экономикалық субъектілердің үйлестіру әрекеттерінің жоқтығына байланысты.» [14]

«Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш – оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процесстерге бет бұру .» [15]

«Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жақсартудың негізгі құралы болып отыр. Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін жаңа технологияларды және ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.»[16]

«Индустриалды-инновациялық саясат – бұл мемлекет арқылы бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мен оларға қолдау көрсететін шаралар кешені. Өнімнің, тауардың бәсекеге қабілеттілігі ең алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге ие. Дамыған елдердің экономикасының үздіксіз алға басуы инновациялық қызметті үнемі қолдап, қуаттайтын және ынталандыратын саясаттың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл саясат ел экономикасының бұзып-жарып алға шығуын қамтамасыз ететін озық технологияны, басқарудың жаңа түрлерін, ғалымдар мен өнертапқыштардың ойлап шығарған жаңа дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруға бағытталған. »[17]

«Жалпы, президентіміздің өзі тікелей ендіріп отырған индустриалды-инновациялық саясаттың басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын инновациялық технологияларды ендіру жолымен мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізу екені мәлім. Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында еліміз мүмкіндігінше тез осы жүйеге көшу керектігін атап өтеді. Сонымен қатар, «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау керектігін де айтқан болатын. Жалпы, индустриалды-инновациялық саясат бойынша өңдеуші өнеркәсіптер және қызмет көрсету салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісін дамыту мәселесі ең бірінші орынға қойылады.» [18]

«Индустриялық-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттары бойынша елімізде жұмыстар жүргізіліп келеді. Мемлекет жоғары технологиялы өндірістер қалыптастыруға, оның ішінде шетелдік те, салааралық та технологиялар трансфертінің тиімді жүйесін жасауға жәрдемдесу үстінде. Сонымен қатар, жоғары ғылыми-технологиялық әлеуеті бар ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік ұйымдар мен кәсіпорындар желісі бар қалаларда қазіргі заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазіргі заманғы элементтерінің қызметін (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдауда. Индустриядан кейінгі экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазіргі ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану мүмкіншілігі біздің елімізде де берілген. Қазақстан қазірдің өзінде мына салалардағы әзірлемелер негізінде ғылымды көп қажет ететін өндірістерді дамыту үшін белгілі бір ғылыми базаға ие, оның ішінде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың  генотиптері, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнімдер және басқаларды жасау. Ғылыми-техникалық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуіне бағытталған заң шығару базасы да елімізде барынша жетілдіріліп жатыр. Бұл дегеніміз, бізде индустриалды-инновациялық саясаттың алғышарты жасалып қойғанын көрсетеді.» [19]

«Президентіміздің жемісті еңбегінің арқасында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылды. Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Ендігі уақытта Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілеттілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру. Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты.

«Еліміздің алдында тұрған үлкен мақсат – мынадай алмағайып заманда экономикамызды түзеп, жағдайымызды жөндеп, индустриялық Қазақстанды жасау. Сол кезде еліміздің келбеті өзгереді, басқа кадрлар даярланады, басқа ұрпақ өседі, экономика жаңарады. Біз шынымен де 30 өркендеген, өскен елдің арасына енеміз. Мақсатымыз – сол. Осындай мақсат қойған ел қызметкерлерінің жұмысы да қызық болады. Істеген жұмысыңның ертең нәтижесін көресің өзің. Қолыңмен істейсің, көзіңмен көресің, елдің ризашылығына бөленесің. Осы жұмысты атқару – бәрімізге бақыт. Осы бақытты пайдаланып еңбектенейік, халқымызға қызмет етейік», – деп айтқан болатын елбасымыз Н.Назарбаев үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға арналған кеңесте.

Жалпы, 2014 жыл – Қазақстандағы индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы аяқталатын жыл. Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай, 2 шілде күні Үкімет Президент Н.Назарбаев алдында елдегі индустрияландыру саясатының барысы жайында жартыжылдықтың ресми мәліметін паш етіп еді. Индустриалды-инновациялық бағдарлама туралы атқарушы билік Елбасы алдында есеп беріп, 2014 жылдың І жартыжылдығының нәтижелері сараланды. Шындығында, бағдарлама барысы елдік дамудың келбетін көрсетіп қана қоймай, келешекке деген нық сенімді айқындай түскен секілді. Өйткені, дәл осы күні Мемлекет басшысы жалпыұлттық телекөпір арқылы ел аймақтарымен байланысып, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы дүниеге келтірген инвестициялық жобалардың және бір парасының тұсауын кесті. Үкіметтің өткен бесжылдық ішінде ел дамуының бас бағдарына баланған индустрияландыру саясатына бар күш-жігерін арнағаны сөзсіз. Өйткені, бұл Президенттің тікелей қадағалауда ұстап отырған тапсырмасы. Сонымен қатар, Елбасы өзінің бір сұхбатында «Менің арманым – индустрияланған Қазақстанды көру» деген болатын. Бұл дегеніміз, индустриалды-инновациялық саясаттың жүзеге асуы президент тарапынан тікелей қадағаланып отырғанын көрсетеді.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға арналған кеңестің қорытындысы бойынша, сонау жылдары дағдарыс дауылы дамуға кедергі келтіріп, экономиканы тұралатып тұрған тұста қолға алынған индустрияландырудың бергені аз емес. Үкімет те Индустрияландыру картасында межеленген бағдарламалардың нақты орындалуына баса мән беріп, көрсеткіштердің орындалуын қатаң қадағалаған. Нәтижесі де баршылық. Мәселен, индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асқан 4-5 жыл ішінде 672 жоба іске қосылыпты. Ең бастысы, 69 мыңға тарта жаңа жұмыс орындары ашылған. Сөйтіп, жаһанды жұмыссыздық атты құбылыс жалмап тұрған тұста Қазақстанның осы саладағы көрсеткіші уыста ұсталды.

Сонымен қатар, өткен жылдар ішінде индустрияландыру арқасында Қазақстанда бұған дейін шығарылмаған 325 түрлі жаңа өнімдер өндірісі игеріле бастаған. Бұл да индустрияландыру саясатының ел игілігіне айналғанының нақты көрінісі.» [20]

«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы 12 негізгі индикатордың 10-ында жоспарлы өсім көрсеткіші тіркеліпті. Мәселен, 2008 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіп саласындағы қосылған құн салығының нақты өсімі 2013 жылы 24,5 пайызға артқан. Ел кәсіпорындарының инновациялық белсенділік көрсеткіші де екі есеге өсіпті. Жалпы ішкі өнімдегі энергияның қамтымдылық деңгейі 2008-2012 жылдар аралығында 13,6 пайызға төмендеген. Бұл бәсекелестікке қарай бетбұрысты білдірсе керек.

Тоқтала кететін жайт, машина жасау, құрылыс индустриясы мен химиялық өнеркәсіп салалары өңдеуші өнеркәсіптегі өсімнің негізгі драйверлері саналады. Бұл ретте машина жасау 75 пайызға, металл емес өндіріс пен минералды өнімдер 47 пайыз, химиялық өнеркәсіп 28 пайызға өскен. Бұдан бөлек, Үкімет индустрияландыру картасындағы жобалардың жүзеге асуын жүйелі қадағалап келеді. Жұмыс тобының мәліметтеріне қарағанда, картадағы жобалардың 80 пайызында жұмыс жоспарға сай жүріп жатса, шамамен 300 жоба өздерінің толық өндірістік қуатына мінген. Тұтастай алғанда, Индустрияландыру картасына ілінген жобалар арқасында 3,2 триллион соманың өнімдері шығарылған. Ал Карта аясындағы жобалардың шет мемлекеттерге экспортқа шығарған өнімдер құны 133 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Үкімет қазір 48 республикалық жобаны жіті бақылауға алған. Ал сол 48-дің 15-і бірінші бесжылдық аясында іске қосылады деп жоспарланса, республикалық жобалардың басым бөлігі, атап айтқанда 8 трлн. теңгені құрайтын 33 жоба келесі бесжылдықта іске қосылмақ. Сөйтіп, индустрияландыру бағдарламасының нақты нәтижелері екінші бесжылдықта сезіле бастайтынға ұқсайды. Бейнелі түрде алсақ, бірінші бесжылдық индустрияландырудың іргетасын қалады, енді негізгі жұмыс жанданбақ. Ендеше, бұл кезең Үкіметтен бұрынғыдан да сауаттылықты талап етеді.» [21]

Пайдаланылған  әдебиеттер

1)Бисенғазиева М.Б. «Макроэкономика»,Алматы,2001 ,(13 б)

2) Темірбекова А.Б. «Экономикалық теория», Алматы 2008, Экономика (85-86 б.)

3)  Шеденов  Ө.Қ. ; Сағындықов Е.Н.; Жүнісов Б.А.; Байжомартов Ү.С.; Комягин Б.И.  «Жалпы экономикалық теория», Алматы 2004, (15 б.)

4)  Ивашковский С. И. «Макроэкономика» ,Дело 2000,(54 б)

5) Мэнкью Л.С. «Экономикалық теория», Алматы 2005, (18 б.)

6) Әубәріков Я.Т.  «Қазіргі  қоғамдағы экономикалық теория», Алматы 2010, (44 б.)

7)  Темірбекова А.Б. «Экономикалық теория», Алматы 2008, (104 б.)

8)  Қасенов Қ.Қ. «Макроэкономика негіздері»,Алматы 2010, (65-66 б.)

9) С.М.Мұсабеков. «Экономикалық теория», Алматы 2005 (8-9 б.)

10) С.С.Мәуленова; С.Қ.Бекмолдин; Е.Қ.Құдайбергенов. «Экономикалық теория», Алматы 2003, Экономика (28 б.)

11) Қ.С.Есенғалиева. «Экономика негіздері», Алматы 2011, Экономика (56 б.)

12) Г.Жолдасова. «Экономика негіздері», Астана 2008, Фолиант (35 б)

13) Мамыров О.Д. «Макроэкономика», Алматы 2008,  (35 б)

14) Будро М.,Виллош Ч. «Судостроение»,Алматы 1998, (109-110 б)

15) Г.Жолдасова. «Экономика негіздері», Астана 2008, Фолиант (73 б)

16) С.С.Мәуленова; С.Қ.Бекмолдин; Е.Қ.Құдайбергенов. «Экономикалық теория», Алматы 2003, Экономика (48 б.)

17) С.М.Мұсабеков. «Экономикалық теория», Алматы 2005 (41 б.)

18)Мақсатұлы Е.Т.  «Экономика негіздері», Алматы 2004 (27 б.)

19) Қ.С.Есенғалиева «Экономика негіздері», Алматы 2011, Экономика (75 б.)

20) Есенов К.О. «Экономика», Алматы 2011, (105 б.)

21) С.М.Мұсабеков. «Экономикалық теория», Алматы 2005 (59 б.)

Құрастырғандар: Кабиденова Ф., Муканов М.

Яндекс.Метрика