Среда, Март 20
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Нұрлан Әлімжан Әйгерім Қалаубаевамен қай кезден бері бірге екенін айтты

Ел ішінде актер Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаева көңіл жарастырыпты деген қауесет желдей сеіп жүр. Осыған байланысты актердің өзі Әйгеріммен ара-қатынасы туралы Қазақстан Ұлттық арнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасында ашып айтты.

«Әйгерім де, мен де аяқ басып жүріп жүрміз. Бізде достық махаббат. Әйгерім 16 жаста болғанда, мен 17 жаста болғанмын. Біз сол кезден бері рухани дос, бір-бірімізге тілеулес болатынбыз. Әйгерім өнердегі тұлғалардың бәрімен дос. Оның досы көп. Ол менің досым, кейде сынаушым. Кейде «Нұрлан, ана клипте былай істеу керек еді, киімің дұрыс болмай қалыпты» деп сын айтып отырады. Мен қыз бен жігіттің арасында достық болмайды деп ойлайтынмын, сөйтсем болады екен», – деді Нұрлан Әлімжан.

Айта кетсек, желі қолданушылары Әйгерім мен Нұрлан екеуін бір-біріне олардың дуэт болып орындаған «Өткінші жауын» бейнебаянынан кейін қоса бастаған еді.

Источник  http://alashainasy.kz/

Яндекс.Метрика