ӘЛЕМДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БРЕНДТІ ҚАЛЫПТСАТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мазмұны
Кіріспе
Әлемде Қазақстандық брендті қалыптсатыру жолдары
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазір бәрі де «бренд» ретінде танылғысы келеді. Өзінің қаласын брендке айналдырғысы келген әкімдер, партиясын брендке айналдырғысы келген көшбасшылар, өзін брендке айналдырғысы келген әншілер, компаниясын немесе шығарған өнімдерін брендке айналдырғысы келген кәсіпкерлер т.б. өте көп. Шындығы сол, бәсекелестік өршіген бүгінгі заманда мықты брендке айналып қана сен қарсыласыңды жеңе аласың. Бренд — бұл үлкен күш, таусылмас қуаттылық.
Жалқы есімдердің жеке адамдарға дүниедегі жеке-жеке заттар мен құбылыстарға атаулы болып келетін сөздері екені белгілі.Жалқы есімдерсіз адамзат қармы-қатынасының болуы мүмкін емес.Осы себепті жалқы есімдердің ұтымды қолдану аясы өте кең.Тіпті оның қызметіне жүгінбейтін ешқандай ғылым я жағдайды жоқ десе де болғандай.Практикада пайдалануы мен тиімділігі сондай саланың бірі – экономика саласы. Экономика ғылымы шикізатты өндіріп қана қоймай,тауарды тұтынушыларға тиімді жылжытуды да қарастырады.Маркетинг стратегияларының бірі бір сөзбен айтқында жарнаманың көрінетін тұсы осы.Жарнаманың өзі тілге тікелей қатысты болғандықтан филологиямен әбден біте қайнасады.Филологияның қорамсағындағы барлық жебелер жеке әріптен бастап бүтін мәтіндерге дейін жарнаманың адырнсында тартылады.[1]
Жарнама дегеніміз маркетинг негізін салушылардың бірегейі Ф.Котлер бойынша «қаржылау көзі анық көрсетілмеген төлемді ақпарат құралдары арқылы орындалатын коммуникацияның дербестелген фомасы» Осы күнгі жарнаманың атасы атанып кеткен Альберт Ласкер бұл жөнінде «Мөр басылған сауда» деген.[1]
Айта кететін нәрсе ,кез-келген марка бренд бола алмайды.Брендинг – бренд жасаудың ,оны күшейту мен қоғамға ендірудің процесі болғандықтан үнемі тек қана сәтті маркаларды желеп-жебеуге мүдделі.
Бренд(ағылшынның Brand-тағба ,кертпе сөзінен)-бұл мақсатты ортаға бағытталған ,ұсынылуы мен стимулдауы сәтті жүзеге асқан танымалдық пен үлкен сұранысқа ие болған аты мәшһұр марка. Әрқилы әртекті концепцияларға ұрынып,шатаспау үшін Ресейдегі брендинг зерттеушісі Владимир Тесаковтің ен жиі кездесетін деп анықтаған брендке қатысты 5 анықтамасына жүгінеміз:
— Бренд тұтынушының өзін көрсету құралы
— Бренд тауар образы
— Бренд сапа кепілдігі
— Бренд сатуға немесе жалға беруге болатын меншік
— Бренд тауардың тұтынушылық сапасының көрсеткіші,имидж ,құн бағамы.[1]
Бүгінгі таңда «бренд» ұғымы әлдеқашан өзінің бастапқы «кіші Отаны»-маркетинг шеңберінен шығып кеткен.Қазір бренд категориясы барлық салаларда кең колданылып жатыр.
Мен әлемде қазақстандық брендті қалыптастыру жолдарын іздестірдім. Енді солардың біріне тоқталып өтсем.
Бәрімізге белгілі «Рахат» кондитерлік фабрикасының «Қазақстан» шоколадын алсақ болады.Қазақстан осы шоколад арқылы да қазіргі уақытта әлемге танылып отқан жағдай бар. Және де Қазақстанның экспортқа шығаратын бірден-бір тауарлардың бірі осы шоколад болып тұр.
Ал енді осы компанияға тоқтай кететін болсақ:
«Қазақстан Республикасында шоколад өндіру 1942 жылдың наурыз айында Алматы қаласында басталған болатын. 1964 жылы шоколад және конфет цехтарының құрылысы басталды, шағын фабрикалар бастамасы қаланды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең алғаш 1992 жылы өзінің маркасын регистрациялаған «РАХАТ» АҚ кондитерлік фабрикасы болатын. «РАХАТ» фабрикалары Алматы және Шымкент (2001
жыл) қалаларында орналасқан. Қазіргі күні «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 250-ден астам атауға ие, 10 түрлі топқа жататын әр алуан кондитер өнімдеріне толы. «Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс жасайды. «Рахат» АҚ сату ауқымы бүкіл Қазақстанды қамтиды, компанияның 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесі бар. «Рахат» АҚ-нда ИСО 9000 сериясы стандарттары негізінде сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) әзірленді және енгізілді. АҚ СМЖ-нің ҚР СТ 9001-2001 талаптарына сәйкестігі «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ АФ сертификатымен расталған. Сапа менеджменті жүйесі – кәсіпорын процесстерін басқару жүйесі» [2].«Рахат» АҚ өнімі Қазақстан нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда – Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.
«Қазақстан» шоколады. «Құрамында 45%-дан көп ұнтақталған какао болатын ванильді ароматты, сүтті шоколад. 2001 жылы «Жыл таңдауы» республикалық байқауы барысында «Қазақстан» шоколады «Жылдың № 1 шоколады» құрметті атағын алды.» [2]
Жақында болған БҰҰ-ның тәттілер сайысында жеңімпаз болды:
БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде алғаш рет шоколад фестивалі өтті. «Тәтті сайысқа» қатысқан Қазақстанның шоколады әлемдегі ең тәтті болып танылды. Сүт, жеміс-жидек пен жаңғақ қосылған сан алуан кондитерлік өнімдер көпшілік назарына ұсынылды. Өз жерінде шоколад шығарылмайтын елдер какао-боб қосылған торт пен тоқаш, пудинг пен мусс әкелді. Мыңдаған дәмдер арасынан Қазақстан жайған дастархан ел назарын ерекше аударды. Еліміздің кондитерлік фабрикалары жеткізіген тәттінің неше түрі талайды таңдай қақтырды. Тіпті Австрияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Ян Киккерт «Қазақстан шоколады тәттілігі жағынан бельгия және швейцария өнімнен асып түсті» деді. Сөйтіп, біздің еліміз әлемге танымал шоколад брендтеріне едәуір бәсекелестік тудырды. Енді осыған байланысты фестивальға қатысушылар тек қазақстандық тәттіні тоқбасар ретінде тұтынатын болды. Словакияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Франтишек Ружичка Қазақстан шоколадын «адамға жақсы көңіл-күй сыйлайтын баламалы энергия көзі» деп атады. Расын айтсақ, шоколад әлеміне саяхат БҰҰ штаб-пәтеріндегі ресми дебаттардың неғұрлым нәтижелі өтуіне себін тигізді. [3]
Сурет-1. «Қазақстан» 100 грамм плитка шоколадының Ресейдегі өзге шоколадтармен 2011 жылғы салыстырмалы сатылым бағасы.
Ескерту-мәліметтер https://drive.google.com/file/d/0Bz9jcOsTPpJ9OU5Tb0QwZjBQS2c/view сайтынан алынған.
Сурет-2. «Қазақстан» 100 грамм плитка шоколадына 2011 жылдағы өзге елдердегі сұраныс үлестері.
Ескерту –https://drive.google.com/file/d/0Bz9jcOsTPpJ9OU5Tb0QwZjBQS2c/view мәліметтер сайтынан алынған.
«Осы статистикалық диаграммалар арқылы «Қазақстан» 100 грамм плитка шоколадына деген сұраныс пен салыстырмалы сатылым бағасын көре аламыз.
1 – диаграммада көрсетілгендей Ресей территориясындағы «Қазақстан» 100 грамм плитка шоколадының сатылым бағасы салыстырмалы түрде қол жетімді болып табылады. Еліміздегі бағамен салыстырғандағы бағасының қымбаттылығы кедендік салықпен түсіндіріледі.
2 – диаграммада «Қазақстан» 100 грамм плитка шоколадына 2011 жылдағы өзге елдердегі сұраныс үлестері көрсетілген. «Қазақстан» шоколады Қырғызстан мен Тәжікстан елдерінде үлкен сұранысқа ие, дегенмен ол Украина кондитерлік өнімдерімен бәсекеле ала отырып, Ресей нарығында 2010 – 2011 жылдары өз үлесін арттырды. Шоколадымыздың мұндай сұранысқа ие болуы, оның сапасының жоғарылығын танытады.
Қазақстан Республикасындағы кондитерлік өнімдер өндірісі бойынша «Рахат» АҚ көшбасшы болып табылады. 20 жылдық үлкен еңбек арқасында ол өз беделін тек ТМД емес, сондай – ақ Еуропа елдеріндегі көрмелерде ақтап келеді. 2011 жылдың жарты жылдығында (қаңтар –тамыз) 2010 – мен салыстырғандағы шоколад өнімділігі 13,4% артты, яғни 56,1 мың тоннада 63,6 мың тоннаға дейін артты. Жаңа технологиялар арқасында «Рахат» АҚ шоколад өнімдерінің сапасы артып, Ресей нарығындағы Украина кондитерлік өнімдерін ығыстаруда. «Рахат» АҚ Қазақстанның шоколадтық империясы үміт артуда. Осылайша біз Қазақстан шоколады сияқты кондитерлік өнімдерді көптеп шығарып әлемдік нарыққа шығаруымыз керек.» [2]
Ал енді туризм саласына тоқтала кететін болсақ:
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан еліміз үшін туризм саласы экономиканы дамыту көздерінің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды. Сонымен қатар бұл өз кезегінде көліктік, инфрақұрылымдық, сауда орындары, денсаулық сақтау қызметтерін жетілдіруді қажет етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің дамудың ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмді экономиканың маңызды салаларының бірі деп жариялады.
«1993 жылы егемен Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымына мүше болып, туризмді дамытудың алғашқы бағдарламасын жасаған болатын. Ал 1997 жылы «1997-2003 жылдары аралығында Ұлы Жібек жолындағы тарихи орталықтарды қайта жаңарту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және туристік инфрақұрылымдарды құру туралы» мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Қазақстан-2030 дамуының стратегиялық бағдарламасында да бұл саланың аса зор маңызы бар екені атап көрсетілген. Тиімді және бәсекеге қабілетті туристік бизнесті және осы мақсатқа сәйкес имиджді орнықтыру мақсатындағы 2003-2005 жылдарға арналған жоспарланған жоба табысты жүзеге асырылды.
2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту тұжырымдамасының аясында Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстық 5 аймақтық кластерлер анықталды.»[2] Астана және Алматы қалалары бизнес-туризмнің даму орталықтарына жатады. Шығыс Қазақстан экологиялық туризм, ал Алматы қаласы — тау туризмінің даму орталықтары ретінде қарастырылады. Оңтүстік Қазақстан аймағы мәдени туризмді дамыту орталығы, ал Батыс Қазақстан — аумағы мәдени, «жағажай» демалыс ретінде анықталады.
Қазақстанның басқа аймақтарында негізінен ұзақ мерзімді туристік өнімдердің ішінен ішкі туризмді дамыту қарастырылған.
ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында туризм дамыту мәселесіне арнайы назар бөлінген. Бағдарламада қойылған мақсаттарға сәйкес, мемлекет іскер топтармен бірігіп еліміздің барлық облыстарында туристік инфрақұрылымды белсенді қалыптастыруда. Бұл орайда, халықаралық түристік орталықтарды, курорттарды және демалыс аймақтарын құрастыру саласындағы келесі үш ірі жобаны атап өтуге болады: Маңғыстау облысындағы «Кендерлі», Ақмола облысындағы «Бурабай» және Алматы облысы Қапшағай суқоймасы жағалауындағы «Жаңа Іле». Аймақ деңгейіндегі жобалардың ішінде Ақмоладағы «Шаржұм» демалыс аймағын, «Қатон Қарағай» емдеу-сауықтыру кешенін, «Шеберлер ауылы» этнографиялық кешенін және де Алматы облысындағы «Талхизді» секілді жобалар көзге түседі.
Сонымен қатар, «Батыс Европа – Батыс Қытай» көлік коридоры бойында дамып келе жатқан туристік кластерлердің маңызы зор. Қазіргі таңда жаңа түристік бағыттар, оның ішінде, қалалық туризм, белсенді және санаторийдегі демалыс, тарихи-мәдени туризм, сондай-ақ экотуризм.
«Қазақстанда 9000 аса археологиялық және тарихи мұралар, 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, олардың арасында 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парк ашылған.»[3] Елдегі ең танымал орындар Алматы облысындағы «Алтын Емел» мен «Іле-Алатау ұлттық паркі», Павлодар облысындағы «Баянауыл», Ақмола облысындағы «Көкшетау» мен «Бурабай» болып табылады. «Тамғалы Тастағы» жартасқа салынған суреттер, Шарын шатқалы, «Сыңғырлауық құмдар» және «Бесшатыр» сақ қорғандары аса көрнекті деп саналады. Экотуризмді көпшілік арасында тарату мақсатымен «Іле-Балхаш Регатасы» және «Ертіс меридианы» секілді шаралар үнемі ұйымдастырылады.
Қазақстанда тау шаңғысы спортымен шұғылдануға қажетті барлық жағдай жасалған, бұл тұрғыдан алғанда еліміз биік таулы елдерден кем емес. Әсіресе, Алматыдағы «Шымбұлақ» пен «Медеу» спорт кешендерін, Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай демалыс аумағын атап өтуге болады.
Қазақстан тұрақты даму мен беделі көтерілуінің арқасында бүкіл дүние жүзіне танылып отыр және осыған туризм өз үлесін қосады. «Бұған дәлел ретінде Дүниежүзілік Туристік Ұйымның 18-ші Бас Ассамблеясы, Астанала өтетін ЭКСПО-2017 — Дүниежүзілік көрмесі және Алматы-2017 Дүниежүзілік Универсиадасы секілді ірі халықаралық шаралардың Қазақстанда өткізілуі деп айтуға болады.»[3]
Осы туристік аумақтар ішінен бірнешеуін объект ретінде алатын болсақ:Медеу мұз айдыны және Шымбұлақ, Бурабай көлі,Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
Медеу мұз айдыны:
Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. «Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.
Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі «Азия дауысы» халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.»[4]
Медеу — Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. «Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады.
Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы — 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.»[4]
Шымбұлақ —« Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық. Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген»[5]. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады. Осы жұмыстардың барлығы 2011 жылғы Азия ойындарының қарсаңында аяқталмақ.
Сонымен бірге мұнда соңғы үлгідегі уақыт өлшейтін құралдар, әлемдік жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге лайықты ақпараттық көрсеткіштер қойылады. Тау шаңғысы мен сноубордтың халықаралық мектептері бой көтермек. «2000 автокөлікке арналған жерасты автопаркингтер, Медеу мен Шымбұлақ арасында жүретін 4,5 шақырымдық аспалы жолдар салынған. Осы жолдар арқылы тау шаңғысы кешеніне он бес минутта көтерілуге болады. Болат арқандарға секундына 5 метр жылдамдықпен жүретін 115 кабина орнатылады, яғни, олар бір сағатта 2000 адамды тауға көтермек. Курортқа балаларын алып келетін туристерге ыңғайлы болу үшін, «бэби-лифт» — көтергіші бар балалар алаңы да жасалып қойылған. 2510 метр биіктікке орналасқан бұл кешеннен таудың кереметтей көріністері, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндерінің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы (желтоқсан мен сәуір аралығында) – бұл жерге туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларының легін өзіне баурап тартатын болады.»[5] Мұнда демалыстың басқа түрінен гөрі, айдындай тайғанақ мұз жолдарын қалайтын шаңғышылар, шеберліктерімен деміңді ішіңе алып таң қалдыратын, экстримальді секіретін және қилы бұрылыстар жасап түсетін батыл сноубордшылар келеді. Сөйтіп, Шымбұлақ қараша – мамыр аралығында шаңғы жарыстарын өткізетін, шаңғы тебетін мекенге айналса, жаз айларында қар жамылғысы бар тауларды тамашалайтын, туристер көп келетін, қалалықтар дем алатын тамаша орынға айналмақ.
Енді статистикаға көшсек:
Медеу мен Шымбұлаққа бару қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие болып отыр. Chimbulak Development-тің бас директорының өз сұхбатында осы жақындағы сезонда аталған демалыс орындарына келетін адам саны біршама есеге артыпты. «Медеу қазіргі сезонында 260 мың адам қабылдап алды ,бұл алдыңғы сезонға қарағанда 60 мың адамға көп.Ал Шымбұлақтың да конақтары 20%-ға өсіпті. Бұл демалыс орнын осы сезонда 90 мың адам пайдаланыпты. Және де бұл тек қана аспалы жолмен келген адмадар саны. Өзінің жеке көлігімен келген адамдар саны да осының жартысындай-дейді демалыс орнының басшысы.Аталған демалыс орындары күніне :Медеу 13 мың адамнан қабылдап алса,Шымбұлақ 10 мың адамнан қабылдап алаған екен.»[6]
Бұл сандар біздің туристік орындарымыздың біртіндеп трендке айналып бара жатқандығын білдіреді.Адамдар жай ғана сырғанауға емес олар тауды аралауға да қызығып келеді екен. Бұның барлығы осы туристік орындардың Қазақстанның брендіне айналып келе жатқандығын білдіреді. Ал енді біз осы орындардың бүкіл әлемге әрі қарай танылып,туристердің көптеп келуі үшін : әлемдік деңгейде жарнама жасауымыз қажет.
Екіншіден бәрімзге де белгілі Қазақстанның туризмі басқа елдердікіне қарағанда біршама қымбатқа түседі. Сондықтан да біз бағаларды төмендетуіміз қажет. Және де жақында өткен қысқы универсиадада біздің елімзге коптеген елдереден туристтер келді .Енді солар өз елдеріне барғанда біздің еліміз жайлы жақсы отзывтар айтып туристтер келуі жоғарылайды деген үміттеміз.
Бурабай көлі:
Ата-бабаларымыз қасықтай қаны қалғанша ұлтарақтай жер үшін Жан алысып, жан берісті. Міне, соның нәтижесінде ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр жер ұрпағына мұраға қалып отыр. Оны ұқсатып ұстау, әрине, өз қолымызда. Кең байтақ даламыз көз сүріндірер көркем өлкелерден кенде емес. Сондай жер шоқтығының бірі – Бурабай.
Жыл сайын алыс-жақын шет елдерден туристер ағылып келеді. Келушілер қысы-жазы толастамайды. Туризим саласы бізге ең бірінші экономикалық тұрғыдан орасан пайда әкеледі. Екіншіден, шетелдіктерге қазақ халқы туралы жағымды мағлұмат беретін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Көкшетау маңында орын тепкен Бурабайдағы экономиканың іргелі салаларының бірі қалай дамуда? Оның даму қарқынын көзбен көріп, көңілге түю үшін Ақмола облыстық туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары Шынарбек Бүркітбаев туристік насандарға «саяхат» жасатты. Жол-жөнекей Шынарбек аға өз саласының қыр-сырымен таныстып, ұзақ-сонар әңгіме айтты.
– Аймақтық жерлерде спорт басқармасы мен туризм басқармасы бөлек болуы керек. Өйткені, спорттың өзі өте ауқымды сала. Спортқа кіріктірілген туризм саласы бойынша бар-жоғы үш-ақ маман жұмыс істейді. Бұл Қазақстанның барлық аймақтарында қалыптасқан жағдай. Ал спорт саласына қатысты 15-20 адамға дейін еңбек етеді.[7]
Қысқасы, бізде маман жетіспейді. Мысалы, жыл сайын болжау жұмыстарын жүргізу керек. Маркетингтік зерттеулер көп уақытты алады. Оған үш адам үлгере алмай жатады. Десек те, соңғы жылдары Ақмола облысы туризм бойынша біршама жетістіктерге қол жеткізгенін атап өткен жөн. «2005 жылы облыстық бюджеттен 10 000 000 теңге бөлінген болатын. Соның арқасында көптеген шаралар өткізілді. Жыл қорытындысында салық төлемі ретінде мемлекеттік бюджетке 115 000 000 пайда түскен екен. Көріп отырғаныңыздай, тек қана туризмнің өзі-ақ мемлекет қазынасына он есе пайда әкелді. Соны көрген облыс әкімі туризмге бөлінетін қаржыны екі есеге арттырды. 2006 жылы 20 000 000 теңгеге жәрмеңкелер өткіздік, дөңгелек үстелдер өткіздік. Өз өнімдерімізді көрсету үшін шет елдерге адамдарымызды жібердік. Соңында салық қызметі ретінде 236 000 000 мемлекеттік қазынаға пайда түсті. 2008 жылы 16 000 000 қаржы бөлінді. Соған қараматан салық есебі ретінде мемлекет 482 000 000 пайда тапты.»[7] Әлбетте, бұл бұған дейінгі жылдарда жасалған қажырлы еңбектің нәтижесі. Үш жылдың динамикасын сізге әдейі айтып отырмын. Көптеген елдерде туризм экономиканың негізіне айналған. Соның арқасыда әлеметтік мәселелер өз шешімін тауып жатады. Қазақстанның байтақ жері бар, Каспий секілді алып теңізі бар. Елімізде қарақ шақты туризмнің түрін дамытуға болады. Экологиялық, мәденит, білім, спорт туризмдерімен қатар, біз қазір іскерлік туризмге көп көңіл бөліп жатырмыз. Астана – Ақмола облысының жүрегінде орналасқандықтан, саяси тұлғалар Бурабайда бір демалып кеткенді ұнатады. Қазақтың көрсететін жерлері көп қой!
Бурабайға күніне бес мың саяхатшылар келіп жатады. Біз тір тәулік ішінде он бір мың демалушыны қабылдай алатын жағдайдамыз. Бізде демалу нысандары үшке жіктеледі. Бірінші – элиталы демалыс нысандары. ««Оқжетпес» шипажайы секілді бұл демалыс орындарында тәуліктік бағасы 20 000-нан 80 000-ға дейін жетеді.»[8] Оның ішіне төрт мезгіл тамағы, жатын орны және емдеу қызметі кіреді. Бұлар қаражаты бар адамдарға арналған. Екінші – қарапайым адамдарға арналған нысандар. Олардың бір тәуліктік бағасы төрт жарым мыңнан алты жарым мыңға дейін барады. Үшінші – балалар демалуға арналған нысандар. Елбасының тапсырмасы бойынша «Балдәурен» орталығы ашылған болатын. Одан өзге де жиырма шақты балалар демалу үшін құрылған лагерлер бар.[8]
Бурабайдың көл жағалай жайқалған ақ қайыңдары қанша қарасаң, да көз тоймайды… Оны аруға да, аққуға да теңеген ғой қайран қазақтың ақындары. Осындай көркем көл жигенде орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына ат басын тіредік. Оның бас директоры Мұхитдин Бекболатұлы өзінің жуықта ғана шетелден оралғандығын жеткізді. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Еуропа бизнес ассамблеясы серіктестерінің ұсынысы бойынша «European Guality» халықаралық марапатына ие болған екен. Аталмыш халықаралық корпорация өзінің кезекті мәжілісінде осындай шешім қабылдаған. Балғындардың оқу-сауықтыру орталығы осылайша өзіндік бағасын алып отыр. Мұнда 5-9 сынып оқушылары жыл он екі ай бойы денсаулықтарын түзеп, білімдерін жалғастырып, таңдаған шығармашылық ұстанымын шыңдай алады. Жайлы жатар орын, концерт және спорт залдары, жабық бассейн, жоғары интерактивті технология бойынша жарақталған кабинет-сыныптар, ғаламтор байланысы балалар игілігіне берілген. Мұнда еліміздің әр түкпірінен келген жеткіншектермен қатар, алыс және жақын шетел балғындарының тынығуына да мүмкіндік ескерілген. Ол ең алдымен халықаралық байланысты нығайтуға игі септігін тигізіп келеді.
Балалардың этнографиялық сабақ өтуіне арналған үлкен киіз үйге бас сұқтық. Астынан жылынатын он екі қанаттық киіз үйдің ішінде қазақ жиһаздары көздің жауын алады. Андай жерде тұрған бесік, шымлдық, сандық, келі-келсап және тағы басқа бұйымдарды осы жерден табуға болады. Бұдан кейін жасөспірімдердің спортпен шұғылданатын кешеніне кірдік. Жаңа заман үлгісінде салынған бассейндердің үлгісі қайран қалдырды. Одан әрі түрлі өсімдіктер өсетін жылыжайларға бардық. Одам бойынан асатын қиярлар да бізді таң-тамаша етті. Балалар мұнда биология сабағы бойынша тәжірбие жасап қана қоймайды, дәруменге бай жемістерін күнделікті тұтынатыны қуантады. Біз «Балдәуреннен» шыққаннан кейін Шынарбек ағаның жұмыстарымен «Самал» қонақ үйіне бет түзедік. Зәулім қонақ үйдің сән-салтанаты туралы ұзақ айтып жатпай-ақ қоялық. Сонда түстеніп алып, біз Абылай хан алаңына қарай тартып отырдық. Алыстан Оқжетпестің сұлбасы көрінді. Жақпар-жақпар тастары ішіне қаншама сыр бүгіп жатқанын бір құдайдан басқа ешкім білмейді… Әнекей, Абылай ханға арналған ескерткіш аспанмен бой таластырып тұр!
Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бурабай көлінің жағасында, Абылайдың Көкшетаудағы киелі қонысында ханға тұрғызылған еңселі ескерткішті ашып тұрып, мынадай сөздер айтып еді: «Иә, Абылай аңызға айналған тұлға, бірақ біз ата тарихының бар шындығын ашу үшін сол аңыздан ақиқатты ажыратып алуымыз керек. Және оны өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу үшін жасауымыз керек».
Алаңда Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы термелер дауыс зорайтқыш апараттың күшімен аңырап тұр. Бұл да бір төл әндерімізді қадірлей бастағанымыздың нышаны емес пе? Қазақтың жәдігерлерін көрсететін мұражай да осында екен. Келісті қос батырдың мүсіні де көз тартады. Онда көп аялдай алмадық. Әрмен қарай, Айнакөлді айналып жүріп кеттік. Көкшетаудағы сексен көлдің бірі де, бірегейі осы айнадай жарқыраған Айнакөл! Көл ортасындағы Жұмбақтастың өзі сулулық деген ұғымға жауап бергендей ме, қалай?[9]
«Статистикаға көшетін болсақ: Бурабайда осы жылы өткен жылдарға қарағанда 7 жүздеген мың адам емес ,1млн-ға жуық адам демалыпты. Бірақ бұл көрсеткіш өте аз. Қазақстанымыздың ең әдемі де көрікті жерімізді ,басқаша сөзбен айтқында Лапландиямызды жылына 1 ғана млн адам колдануы адам қуантпайды.»[8] Не істесе болады: бұл жерде де осы мәселе : демалыс орындарымыздың көп елдерге белгісіз болуы және де қымбатшылдық.Және де Алматыда өткен қысқы универсиада секілді ойындарды біз Бурабайда да өткізу керекпіз. Сонда туристтердің келуі көбейеді. Мен өзім Көкшетаға барып көргенмін.Расымен де ол жер әлемнің ең әдемі жерлерінің бірі. Ол жердің көркемдігі қазіргі бренд болып жатқан Турция ,Швейцария,Малайзия секілді елдерден қалыспайды. Сондақтан да біздің өзіміз де басқа елдерге демалысқа шықпай өз еліміздің экономикасына қаражатымызды жұмсауымыз қажет деп ойлаймын.
Ал енді діни туристік жерлерімізге тоқтала кететін болсақ: ең адамдар көп баратын Қожа Ахмет Яссауи кесенесін алдық.
Тарихына тоқтала кетейік:
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. «Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салына бастаған.»[9]
«Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, …» деп Әзірет Сұлтанды ұлықтаған халқымыздың даналық сөзі Хақ Расулдың сүннетін бекем тұтып, Ислам Ақиқатын паш еткен, хәл ілімі мен хикмет дәстүрін орнықтырған Ясауи бабамыздың Пайғамбарымызбен рухани жалғастығын, бүкіл мұсылман әлемінің өркендеуіне тың серпіліс берген діни, рухани ықпалын айғақтайды. Хикмет дәстүріндегі Пайғамбарға сүйіспеншілік пен құрметтен бастау алып, ұстазды құрметтеуге ұласатын осы үрдіс даламыздағы мұсылмандық дәстүрдің мызғымас негізі болды.
«Қожа Ахмет Ясауи – шамамен 1040 жылы (кей деректе 1103 немесе 1093, 1095) Сайрам (кейбір деректер бойынша Ясы) қаласында дүниеге келіп, жүз жиырма бес жыл жасаған Түркі әлеміндегі мұсылмандық дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз.»[10] Әкесі – Ибраһим, анасы – Қарашаш ана. Ясауидің ата-анасының зияраттары Сайрамда. Деректерде Қ. А.Ясауидің Ибраһим атты ұлы мен Гаухар атты қызы болғаны айтылады. Қ.А. Ясауи ұрпақтары осы қызынан тарайды. Кашифи «Рашахат-ул айн-ил хайат» атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабаның шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сырын үйренгендігі туралы мәлімет береді. Қ.А. Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани хикмет», «Мират-ул Қулуб», «Пақырнама» сияқты бізге жеткен мұраларынан көрінеді. Ясауи қалыптастырған хикмет дәстүрінің Ислам ақиқатын халықтың жүрегіне жол тауып сіңірудегі маңызы зор болды. Олар хикмет дәстүрін таратуда зікір практикасының үш түрін: алқа зікірі, арра зікірі, құпия зікір формаларын қатар алып жүрді.
Ясауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам кемелдікке жетуі үшін қажетті білім – қәл ілімін игеріп, Құдайдың фазылымен берілетін – хәл іліміне жетуі керек. «Диуани хикметте» арифтердің Сұлтаны бастан-аяқ өзінің ғашықтық күйін, ғаріптік хәлін жырлайды. «Ариф ғашық тариқаттың дүр данасы» деген Ясауи р.ғ. Ақиқатқа ішкі тәжірибе, өзін-өзі тану, діл тереңіне үңілу арқылы жетуге үндейді. Қ.А. Ясауи қылуетке түсуінің мәнісін халқымыз – Пайғамбарға деген махаббаттың және сүннетке адалдықтың үлгісі ретінде аңызға қосқан. Қ.А. Ясауи Ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылатын, түркі сопылығына негізделген тариқат жолын қалыптастырды. Бұл жолдың негізгі әдептері: шәкірттің ұстазға құрметі, адалдығы мен мойынсұнуы, Алланы тануға, жомарттыққа, тәуекелге, тафаккурға ұмтылу. Шәкірттердің негізгі міндеттері: кемелдікке жетуге, хаққа жақындауға тырысу, қауіп пен үміт хәлінде болу, үнемі Алланы еске алып, зікірету,Ақиқатжайлысөйлеу.
Суннаға негізделген дәстүрлі жолы: көппен бірге намаз оқу, таң сәріде ояу болу, дәретпен таза жүру, өзін үнемі Алланың құзырында сезіну. Тариқаттың ерекше қасиеттері: қонақжайлық, Ясауиге (р.ғ.), әулиелерге, ұстаздарға дұға жасау. Кемелдікке жетудің төрт шарты: макан (кеңістік), заман (уақыт), ихуан (бауырластық), рабт-и сұлтан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік). Жария зікір салу осы тариқаттың негізгі шарты. Қ.А. Ясауидің тариқат силсиласында: Суфи Мұхаммед, Хакім ата, Зеңгі баба, Садр ата сияқты әулие ұстаздармен қатар түркі дүниесіндегі ғұламалардың барлығы өзін Ясауи силсиласынанмын деп санағаны белгілі. Ал, бүгінде мұражайдағы құнды жәдігерлер – Тайқазан, лауха, шырағдандар, қақпа есіктер және тағы басқалардың Әмір Темір тарапынан Әзірет Сұлтан кесенесіне сыйға тартылуы оның Ясауи іліміне деген зор құрметінің айғағы. Бұл жәдігерлердің терең символдық мәні, ғибраттық тағлымдық мағынасы Әмір Темір Көрегеннің де осы ілімді терең меңгергендігін білдіреді. Оның тек жиһангер қолбасшы ғана емес, адамгершіліктің туын жоғары ұстаған кемел тұлға екендігінкөрсетеді. [10]
Қ.А. Ясауи сәулет ғимараты айқын, дәл әрі үйлесімді жоспармен салынған. Деректерде Әмір Темір кесененің салынуына бұйрық беріп, әрі жобасын жасауға да тікелей қатысқан. Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимараты – аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. «Оның ені – 46,5м, ұзындығы – 65м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені – 50 метрге жуық, порталдық аркасы – 18,2 м және биіктігі – 37,5м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған.»[10] Қ.А. Ясауи кесенесі жамағатхана, қабірхана, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана және бірнеше құжыра бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен ерекшеленеді.
Сәулет ғимараты сансалалы қызмет атқаруымен қатар, қоғамның да саналуан деңгейіндегі мүшелерінің басын бір жерге қосып, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты, ынтымақ пен өзара қамқорлықты қамтамасыз еткен орталық болған. Кесененің бүкіл сәулет жобалық композициясының орталығы – жамағатхана (қазандық) бөлмесі. «Жамағатхана – күмбезге дейінгі биіктіктігі – 36 м, ұшар басына дейін – 37,5 м қабырғалары 18,2 м болатын, үлкен шаршы бөлме. Жамағатханаға екі жағынан екі деңгейдегі – 3,2 x 4,6 м болып келетін сегіз құжыра бөлмелер жапсарлас салынған.» Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі –– жамағатхананың төрінде орналасқан әулиелердің Сұлтанының қабірханасы болып табылады. Қабірхананың дәл ортасында шымқай жасыл тастан (нефрит тасы) әулиенің құлпытасы орнатылған. Төбесі қосқабатты, сырты қатпарлы күмбезбен көмкеріліп, сырты мозаикамен қапталған. Оң жағында жамағатханамен созылыңқы келетін жолбарысхан дәлізі арқылы жалғасатын, мешіт бөлмесі мен кітапхана орналасқан. Мешітке ерекше көрік беріп тұрған михраб ойығының беті мозаикамен және өсімдік тектес өрнектер бедерленген майоликалық тақташалармен әшекейленген. Қабірхананың сол жағында ғұламалардың сұхбатына, ғылыми жиындарға, пікір алысуға арналған үлкен ақсарай орналасқан. Әулие мазарының жанында келелі мәселелер, маңызды мемлекеттік істерді шешетін орынның сайлануының өзінен әулиені құрметтеген халықтың әрбір ісінде Құдайдың қолдауынан, әулиенің шарапатынан үміт еткені көрінеді.
Үлкен Ақсарай – жамағатханамен және кіші Ақсараймен дәліздер арқылы жалғасады. Кесененің оңтүстік-батысында асхана-халимхана бөлмесі орналасып, жамағатханамен дәліз арқылы байланысқан. Бұрын мұнда Әмір Темірдің уақыфтық қолхаты бойынша «Хәлім ботқа» тамағы дайындалып, таратылған. Халқымыз салт-дәстүрінде үлкен орны бар, дүниеден өткен адамның аруағын құрметтеп ас нәзір беру салты әулиенің басында ғасырлар бойы жүйелі түрде орындалған. «Ғимараттың оңтүстік шығыс бөлігінде биіктігі 16 м, қабырғалары 6,3 м күмбезді бөлме – Құдықхана орналасқан.»[10] Кесененің жалпы архитектуалық құрылымдық жобасы мен композициясы бұл құрылыстың – Ясауи тариқаты дәруіштерінің діни-ғұрыптық құлшылық, ғибадатын орындаған, Түркілік мұсылмандық дәстүрдің қалыптасуының кіндік орталығы болғанын көрсетеді. Бұл сәулет ғимараты, барша жәдігерлерімен бірге ғасырлар бойы дәстүрлі Исламның жасампаздық рухын, асыл мұратын әйгілеп тұрды. Осынау зор діни-ғұрыптық, рухани-ағартушылық кешеннің бүкіл құрылымдық тұтастығымен қатар, көркем безендірілуінің өзінен, яғни ою-өрнектерінде таңбаланған терең мағыналы Құран аяаттары, Пайғамбар хадистері мен халық даналығынан Дәстүрлі Исламдағы басты қағида, негізгі ұстанымды көреміз.
Батыс қабырғада «Алла Раббым және Мұхаммед пайғамбарым» сөздер жазылған. Бұл жазулар сәнді көркем өрнектерінің өзі өзара ұштаса ұласып, шексіз, үздіксіз қозғалысты ишаралауы арқылы Алла есімі мен оның пайғамбарын үнемі естен шығармай жад етуге шақырады. Кесененің солтүстік қабырғасында «Пенде жоспарлайды – Алланың қалауы болады» деген жазу таңбаланған. Яғни, адамның ниет қылған ісінің Құдайдан сұрап, ниет тілеуді түзетіп алып бастауға шақырады. Гүлдестелерде, қабырғаның әр тұсында, әралуан өрнектермен Алланың көркем есімдері, пайғамбар есімі таңбаланған. «Бүкіл жаратылыстың иесі Алла», «Бағыт көрсету Аллаға тән», «Күш-құдірет Алланікі», «Мәңгі-бақилық сипат Аллаға тән», «Ұлылыққа жету Алламен болады» деген Алла-Тағаланың ұлық сипаттарын ұлықтап, мадақтаудан тұратын сөздер жазылған. Ал кесененің шығыс қабырғасында Алланы пәктейтін – «Сұбһан-Алла», мақтайтын – «Алһамду-лилла», ұлықтайтын – «Аллаһу Акбар» тәспихтары өзара ұштаса ұласып жатқан геометриялық өрнектерде таңбаланған. Құл қажы Хасан Күрди Ширазидің есімі, жұмыстың аяқталған жылы жазылған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Ясауи ілімінің өміршеңдігінің үлгісі, халықтың рухани, діни, қоғамдық, әлеуметтік қажеттіліктеріне сай жан-жақты қызмет атқарып келген, елдіктің және мемлекетшілдіктің ордасы болған ғимарат. Бүгінгі еліміздің тәуелсіз даму жолына түсіп, халқымыздың рухани мұраларына зерттеудің өзектілігі артқан тұста оның – Ясауи ілімінің ашық кітабы ретіндегі танымдық-ғибраттық мәні арта түсуде.
«Еліміздегі ең адамдар көп баратын жер осы Түркістан қаласы: мұнда келген адамдардың айтуы бойынша климатынан басқа ешқандай жағымсыз жақтары жоқ екен.Осы жылы келген адамдар саны:250 мың,өткен жылға қарағанда 50 мыңға көбейген»[16]
Алакөл
Әлемдегі саяси дағдарыс, лаңкестік оқиғалар жаһандық туризмге көлеңкесін түсірмей қойған жоқ. Осы орайда жазғы демалысын тиімді пайдалануға тырысатын отандастарымыз үшін түрлі жеңілдіктермен шетелдік компаниялар ұсыныстарын әзірден-ақ жарнамалай бастады. Алайда, соңғы жылдары отандық туризмнің де дамып келе жатқаны баршаға аян. Бурабай, Каспий жағалауындағы Кендірлі демалыс аймағы өз алдына тамаша ұсыныс болса, Мойылды, Жаңақорған, Сарыағаш сынды шипажайлар көптен талайдың көңілінен шыққан. Ыстықкөлден «жалыққандар» соңғы жылдары шипалы Алакөлде демалып жүр. Қазақта «Мың естігеннен бір көрген артық» дейтін мақал бар. Егер Алакөл туралы «мың естіп, бір көруді» армандап жүргендер болса, олардың сенімін бекіте түсу үшін Алакөлге барғандардың өкінбей қайтатына сендіретін бірнеше деректі ұсынамыз. Алакөл — тұзды ағынсыз көл. Ол Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шегарасында орналасқан. «Көлдің оңтүстік-шығыс жағында Жоңғар қақпасы бар. Батысында Көктұма ауылы, ол қазақ-қытай шегарасынан 80 шақырым жерде жатыр. Шығысында — Қабанбай ауылы. Бұл ауыл дамыған туристік инфрақұрылымымен ерекше, Қабанбайдың шығысында 15 шақырым жерде Барлық-Арасан курорты орын тепкен. Алакөл — емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа көл бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы медицинада дәлелденген. Алакөлді бірқазан, аққу, көкқұтан, тырна, шағала сынды 60 түрлі құс мекендейді.»[11] Алакөлдің суы тұзды. Сондықтан судағы минералдар тыныс алу мүшелері мен сүйек-бұлшықет және жүйке жүйесі аурулары мен тері ауруларынан айықтыратын таптырмас қасиетке ие. Алакөлде курортты демалыс орындарының орналасу себебі — суының минералдарға бай болуында, оның құрамында Менделеев кестесінің элементтерінің көбі кездеседі, құрамы жағынан Қара және Өлі теңіздерге ұқсайды. Сондықтан бұл аймақта демалушылар емдік туризммен шұғылданады. Көл жағалаулары тек емдік саяхат үшін ғана емес, тыныштықты қалайтын туристерге де көп ұсыныс жасайды. Бұл ретте Алакөл аумағындағы балық аулау мен аңшылық өте танымал. Туризм бұл аймақта соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, шығысындағы Қабанбай мен батысындағы Көктума ауылдары да демалыс аймағы саналып, туристік қызметтер ұсынып келеді. «Алакөл Теңіз деңгейінен 247,3 м абсолюттік биіктікте орналасқан. Көлдің аралдарымен қоса есептегендегі аумағы 2696 км2, ұзындығы 104 км, ең шығыңқы ені 52 км, жағалауларының ұзындығы 384 км, орташа тереңдігі 22,1 м, ең терең жері 54 м, көлдің су көлемі 58-60 км3. Су жиналатын алабы 47859 км2. Алакөлдің ең ірі шығанағы — Алакөл шығанағы. Ол көлдің оңтүстік-шығысындағы тау аралық ойыста орналасқан. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері — Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты.»[11] Алакөл — өте келбетті, табиғи рельефі сұлу қазаншұңқырға жатады. Оған батыс жағалауындағы Тоқта тауы, шығысындағы Барлық жотасы, түстік шығысындағы Жоңғар Алатауы, сол жағындағы мұнартқан Тарбағатай жотасы, сондай-ақ, жергілікті жұрт «Арал төбе» атайтын ортасындағы аралдар айрықша әр береді. Кеңес кезінде Алакөлде Ғарышкерлер үйі жұмыс істеді. Онда тек кеңестік ғарышкерлер ғана емес, басқа капиталистік алпауыт елдердің де көктен оралған ұшқыштары бойындағы радиациядан осы көлде демалу арқылы арылатын. Көл жағасы құстар мен өсімдік дүниесіне бай. «Алакөл фитопланктоны құрамында балдырдың 58 түрі, зоопланктонның 80 түрі бар.»[12] Балыққа бай (алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан т.б.). Аққу, қаз, үйрек, балықшы, бірқазан т.б. құстар, қамыс арасында теңбіл мысық, өзен сағаларында ондатр кездеседі. Жағалауы — шабындық және жайылым. Сөз қорытындысында айта кетелік, Алакөл суы емдік қасиетке бай. Оны заманауи медициналық зерттеулер жүргізу барысында дәлелдеген. Демалушылардың көбі Алакөлге шипа іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит, тері ауруларына шипа болып, адам денсаулығына жағымды әсер етеді.
«Ал енді келіп демалғандар адамдар санын айта кетейік 300 мың-ға жуық адам.Бірақ та бұл алдыңғы жылға қарағанда көп:120мың адам.»[12]Бұл жердегі де мәселе осы: төмен инфраструктура, жоғарғы жақта отырған адамдардың туризм саласын дамытуға аса көп көңіл бөлмеуі,ішкі нарықтық бәсекелестіктің болмауы.Арасынан теріп болсын Қазақстанның ең көп туристтері баратын орындар туралы мағлұмат беріп кеттім.
Сурет 3. 2015-2016 ж.ж демалыс орындарына келген демалушылар саны.
Ескерту – мәліметтерhttp://www.express-k.kz/news/?ELEMENT_ID=72031 сайтынан алынған.
Ендігі кезекте бренд ұғымын мен ұлттық бұйымдарымызға бере кетейік.
Қазақтың ұлттық киімдері.
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», — деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған.
Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.
Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұқсамайтын киім ұлгілерін табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.
Қазақ халқының ұлттық киімдеріп ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлсек; ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ, ішік, саптама, етік жатады. Ал әйелдер киімдеріне: қос етік, койлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрік, көкірекше жатады.
Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз» «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», «қабырға» тігістермен әдеміленіп сырылады. Тақияны пүліштен, қыжымнан ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елідей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрышы формалы төрт не алты сайдан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.
Шапан – Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі. Оны қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап немесе қос астарлап сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы да болады. Шапан: сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қыз-келіншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдан тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. .
Ішік — қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіреден, сеңсеңнен, әр түрлі аң терлерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Ішік тігілетін терінің түріне қарай: елтірі ішік, сең сең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік, пұшпақ ішік, орман ішік, жанат ішік, бұлғын ішік т.б. деп аталады. Ішік тігетін теріні шел майынан, көк етінен арылтып алған соң ашыған айран жағып илейді. Тері әбден иі қанғанда ирек ағашпен тарап, қолмен ұқалап, керіп – созып жұмсартылады.
Қос етек көйлек – жібек, торғын, шәйі сияқты асыл матадан тік жаға, кең етек етіп тігілетін көйлек. Етегіне өрнектеліп, бүрмеленген қос желбіршек салынады, сондықтан оны «қос етек көйлек» деп аталады.
Сәукеле – әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері тәж, төбе, құлақ бау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп алтын жіппен әшекелейді.
Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде оданда биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртыны зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулеп басады. Оның етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптеп көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек шашақтың шоқтарын тағады. Шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшкейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Сәукелеге ұзын құлақ бау тағады. Оны шеті шырайландыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріледі. Түбіне сәнді түйреуіш түйреледі. Қазіргі кезде де кейбір жерлерде қалындықтың басына сәукеле кигізіп, ақ желек жабатындар да кездеседі.
Кимешек – жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өң бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәнді үшін шылауыш немесе күндік сияқты ақ мата оралады.
Бөрік – қазақтың ертеден қалыптасқан ұлттық бас киімі, оны бағалы аң терісінен және төлдің елтірісінен тігеді. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. Құндыз бөрік, сусар бөрік, кәмшат бөрік, жанат бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік т.б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді. Бөріктің төбесін көбінесе алты сай (қиық), төрт сай болып келеді. Оны тіккенде алдымен өлшіп алып, жұқа киізден алты не төрт сай етіп пішеді. Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары үш бұрыш тәрізді, етек жақтары тік төрт бұрыш сай болып. Осы қиындылықтардың бір бетіне шүберектен астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып жиі етіп сыриды. Одаң соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін өбістіріп ішінен де, сыртынан да жөрмеп тігеді. Оның сыртын асыл матамен (барқыт, пүліш, қамқа т.б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бүдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарлап тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып)көшкереді. [13]
Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі, жібек шашақ тағып, зер жіппен, жібек жіппен кестелеген, меруерт, маржан тізбелер, алтын, күміс түйме қадаған. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шашақтар ұстаған. Бөрікті қазақ халқы сияқты қаракалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр т.б. халықтар да киеді.
Көкірекше – жейденің немесе көйлектің сыртынан киетін жеңсіз, жеңіл киім. Оның өңірі мен етегі өрнектеліп, кестеленеді. Қыз балалардың көкірекшесінде теңгелер, маржан сияқты әшекей заттар қадалады. Ыңғайлы, ықшам көкірекшені көбінесе балалар жейденің, көйлектің сыртынан киеді.
Ұлттық киімдеріміз әлемдік сахнада біршама жетістктерге жетіп жатыр. Солардың бірі:
Қазақтың шапаны мен сәукелесі Жапония, Моңғолия, Шотландия, Трансильвания, Қытай мен Филиппин елдерінің үйлену киімдерін артқа тастап, үздік бестікте орналасты.
«Бұл өте жақсы жетістіктердің бірі. Және де біздің ұлттық киімдеріміз осы жылы болатын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде 100-қазақстандық бренд ретінде бүкіл әлемге көрсетілмек.»[13] Бұл да біздің ұлттық киімдерімізді шет елдіктерге дәріптеуге зор үлесін тигізеді деп ойлаймын.
Басқа елдерде қайталанбас салттар, дәстүрлер қазақта жеткілікті. Тек соны әлемге танылдыра алмай жүрміз. Мысалыға, «айтыс» өнерін алып қарайық. Бұл өнер тек қазақ пен қырғызға ғана тән. Ал, бұл керемет өнерді басқа елдерге көрсетсек, олардың таң қалатыны анық. Әлемнің басым бөлігі суырып салма ақындардың болатынын білмейді де, естімеген де шығар. Бұл өнерге аздап ұқсайтын, жаһандану арқылы бүкіл әлемге танылып жатқан «рэп» өнері бар. Мұнда да әлеуметтік, рухани т.б. түрлі проблемалар айтылады. Алайда, рэп айтыстың маңына да жолай алмайтынын бүкіл әлем білуі тиіс емес пе? Шындығы сол, қазақ тілінде басқа елдер сөйлей бастағанда ғана айтыс «бренд» бола алады. Көптеген мәдени және экономикалық мәселелер осылайша тілге келіп тіреліп жатыр. Мұны жоғарыдағы ағаларымыз ұғуы тиіс.
Қазақтың өзіне тән ерекшелігі кез келген салада жоғары қызмет ете алады. Мысалыға, музыка саласындағы домбыра, қобыз т.б. аспаптарымыз кейбір елдерде мүлде жоқ. Мұның өзі қазақты танылдырудың басымдығы. Дәл осы аспаптарды қолдана отырып осы заманға лайық стиль жасап, әлемге шығаратын болсақ, онда қазақтың өнері өрге өрлемек. Қазақтың музыкалық аспаптары бүтін бір ансамбль құра алады. Оны тек жаңа заман талабымен үндестіре білу қажет. Сонымен қатар, қазақтың әндерін, әншілерін де жеке «бренд» ретінде әлемге танылдыра алмай отырмыз. Бүгінде қазақ эстрадасының әншілері той-томалақтан ары аса алмауда. Мәселен, шетелдік көптеген әншілер бренд ретінде танылып үлгерді. «50 сент» десе АҚШ, «Дима Билан» десе Ресей еске түседі. Ол әншілердің әрбірі өз елінің танымалдығын арттырып, бренд ретінде көтеруде.
Қазақтың биінің де жеткілікті деңгейде зерттелгеніне күмәнмен қарауға болады. Мұның бір дәлелі – «қара жорға» биінің аспаннан жай түскендей пайда болуы. Осыған дейін ондай бидің бар екенін көбіміз білмей келдік. Тіпті, қазақта «қамажайдан» басқа би бар дегенге көп адам сенбейтін. Осы биді әлемге танылдырғаны үшін қытайдағы қандастарымызға алғыс айтуымыз керек. Олар өзге елдің ішінде бола тұрып қазақты әлемге танылдыруда зор үлес қоса білді. Он үш мың адам бір мезетте қара жорғаға билеп әлемдік рекорд орнатты. Сонымен қатар, қазақтың шешендік өнері, ұлттық ойындары (көкпар, асық, тоғызқұмалақ т.б.) Қазақстанды бренд ретінде әлемге танылдыруға зор көмек бере алады. Тек осы басымдықтарымызды дұрыс қолдана алсақ игі. Әлем бізді дәл осы мәдениетіміз арқылы ғана жақсы ажыратады.
Елді әлемге таныстыруда мәдениеттің рөлі әрқашан шиеленісті болып көрінеді: елдің мәдени жетістіктерін әлемдік аренада ұсыну қажет болғанымен, олар әруақыт «сатыла бермейді» немесе экономикалық тілмен айтар болсақ туризмдегідей, коммерциялық компаниялардың брендингтегідей салынған инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз етпейді. Сондықтан, мәдениетке көбінесе «пайдасыз» әрекет статусы беріледі, елді жалпы таныстыру шеңберіндегі филантроптық немесе қайырымдылық міндеттеме ретінде қарастырылады. Дегенмен, елімізге туристтер тарту үшін де еліміздің керемет мәдениетін әлемге танылдыруымыз керек емес пе?
Егер, мәдениетке міндеттеме деп қарайтын болсақ, біз оның елдің шынайы рухы мен мәнінің таныстырушысы ретіндегі қызметін түсінбейміз. Ел брендінің имиджін байыту, мемлекет құндылықтарын тереңірек түсіну барысында мәдениеттің рөлі өте маңызды. Мәдениет мемлекеттік брендке бірегей өлшем қоса алады, себебі тұтынушылардың коммерциялық хабарламаларға сенімсіздік пен сезіктенуінің ұлғаюы барысында мәдениеттің коммерциялық емес табиғаты анық көрінеді. Еліміздің теңдессіз мәдениетін көру арқылы тұтынушылар Қазақстанның шығарған өнімдеріне, өнімдерінің сапасына сенім білдіре алады. Демек, экономиканы дамыту үшін де мәдениетті дамыта білуіміз қажет.
Мәдениет – бұл елдің бірегей сипаты. Мемлекет мәдениетін қайта таныстыру оның имиджіне «тектілік» деген сипат береді. Мысалы, батыстық тұтынушылар жапондық поэзияны, мәдениетті, өнерін, тағамдары мен философиясын үстіртін білсе де, ол коммерциялық Жапонияға, оның өнімділігі, технологиялары мен миниатюризациялауға қарсы пункт ретінде әсер етеді. Бұл қатаң, өнімділігі жоғары мемлекет деген әлеуеті қауіпті имиджін азайтуға көмектеседі, сол арқылы басқаларға роботтар емес, шын адамдар жасаған тауарларды сатып алатынынан хабар береді.[17]
Ел-брендін тұтынушының, яғни, басқа елдің санасында орнықтыру үшін елге кіріп-шығатын орындардың (әуежайлар, теміржол вокзалдары, кедендік өткелдер) маңызы өте жоғары. Бұл жерлер елдің имиджін көтерудің стратегиялық маңызды объектісі болып саналады. Елге келген шетелдіктер алғаш пікірін осы кіреберістерден қалыптастыра бастайды. Қазақтың қонақжайлылығын, дарқандылығын, мәдениетке бай екенін осында көрсете бастау керек. Олар қазақтың құндылықтарын дәл осында сезіне бастауы тиіс. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық тағамдары елге кіріп-шығатын жерлерде және елге келген шетелдік қонақтар көп баратын аймақтарда болуын қамтамасыз ету керек.
Еліміздің брендін әлемге орнықтырудағы аса маңызды құралдардың бірі – киногерлік. Қазақ киногерлері жаңа бағытқа түсуге талпыныс жасап отыр, алайда жаңа буын өкілдері түсірген кинолардың көбісі тек проблемаларды ашып көрсетуге тырысады, көптеген кинофестивальдарда орын алып жатқанына қарамастан, қазақтың мінезін, тарихын, мәдениетін не салт-дәстүрін керемет дәрежеде көрсете алатын бірде-бір фильм түсірілген жоқ. Киногерлік мемлекет тарапынан қолдау тауып қана қоймай, тапсырыс беру арқылы имидждік кинолар түсіртуі тиіс.
Ел-брендінің тағы бір атрибуты – мемлекеттік деңгейдегі оқиғалар мен ұлттық мейрамдар. Олардың әрқайсысы жеке бренд ретінде таныла алады. Тойлауға келгенде алдына жан салмайтын, әр мейрамды лайықты деңгейде атқара алатын жағдайдағы халықпыз. Бірақ, мейрамның қажеттілігі аяқастынан пайда болмайды, оған жағдай жасалуы керек. Бұл үшін шетелден әншілерді шақыра салу жеткіліксіз. Өте маңызды тарихи мейрамдардың өзі уақыт өте келе өз беделінен айырылады, бұған мүлде жол берілмеуі керек. Мемлекеттік деңгейі бар оқиғалардан бренд жасау үрдісіне сәйкес жасалуға міндетті. Ол қарапайым мейрам емес – ел бренді архитектурасының маңызды бөлшегі. Оны тойлау – сахнадағы әншілерді тамашалаудан үлкен маңызы бар оқиғалар. Мысал ретінде «Тәуелсіздік күнін» алып қарайық. Оны кез келген елде басты мейрам ретінде өте жоғары деңгейде атап өтеді. Оларда бүкіл халық шеруге шығып, сол шеруде өз елдерінің жалауын ұстап шыққан қаншама адамдарды көруге болады. Олар сол арқылы патриотизмдерін нығайтуда. Ал, бізде бұлай емес. Әзірше бұл брендтің болуға тиіс бағыты анық та, орнықтыруы мен сезімдендіруі жоқ, атрибуттарынан тек демалыс күні анық. Халық «Тәуелсіздік күні» дегенде ең бірінші есіне алатыны «демалыс берілетін болды». Ал, шын мәнінде, мұндай ұлы күн келгенде қуанып, шаттанып тойлауымыз керек емес пе? Еліміздегі кез келген мейрамды алып қарамаңыз, бәрі де сондай.[17]
Тұтынушы мейрам-брендтерді өз өміріне үйлестіруі қажет, ал мұны «жоғарыдан» түскен бұйрықпен шеше салуға болмайды. Тіпті, не үшін керек екені белгісіз мейрамдар да жеткілікті. 1-мамыр күні тойланатын мейрамға тек жаңа атау беріле салған, көп халық не тойлайтынын да білмейді, мұнда брендтің басымдығы атымен жоқ, ал қалғанын айтпай-ақ қойса да жеткілікті. Жаңа брендке жаңа атрибут керек, не жаңа мейрамдар керек, не мейрамдарға ел брендіне сәйкес жаңа атрибуттар енгізу қажет. Бұл атрибуттар қайталанбас болуы тиіс символдар, дәстүрлер мен аңыздар – жаңа деңгейде қайта жаңғыртылуы тиіс.
Наурыз мейрамында бәрі бар сияқты: брендтің басымдығы – салт-дәстүрді сақтау құндылығы мен қазақ еліне бағытталғандығы, орнықтыруы – күн мен түннің теңелуі, сезімдендіруі – көктемнің шығуы, құстардың қайтуы мен гүлдердің шыға бастауы, атрибуттары – наурызкөже мен ұлттық киімдер. Алайда, осының өзі қажетті деңгейде тойланбайды. БАҚ-тағы мейрамға дайындық қажетті деңгейде атқарылмайды, яғни, ол қажетті мөлшерде қызмет етумен қамтылмаған.
Еліміздегі өтіп жатқан жаһандық кездесулер, қысқы Азиада ойындары, 2017 жылы өтпекші болып жатқан EXPO көрмесі т.б. бәрі де елдің танылуы үшін, еліміздің бренд ретінде қалыптасуы үшін жасалып жатыр.[15] Миллиардтаған доллар қаржы кетіп жатқаны да жасырын емес. Алайда, еліміздегі кейбір керітартушылықтың кесірінен бұл қаржылар дұрыс жұмсалмай жатқаны да ақиқат. Жемқорлық жайлаған қоғамымызда мұндай үлкен сомадағы қаржыны игеру дұрыс жолға қойылмаған. Оның үстіне, біздегі «бренд» жасаушылар стратегиялық жағын дұрыс ойластыра алмауда. Көбісі орыстанған қазақтар немесе өзге елден алып келінген «бренд» мамандары болғандықтан, «Қазақстанды» қазақтың мәдениеті, дәстүрі жағынан көрсету сапасыз шығуда. Ел-брендінің тауар-бренді немесе адам-брендінен айырмашылығы – ел көлемінде пайда болған кез келген бренд оның атрибуттары бола алады. Бүкіл әлемге әсер ете отырып ел образын басқалардың көзіне анағұрлым жақсы етіп көрсету үшін елдің брендін көрсететін барлық атрибуттарды дамыту керек. Мәселен, осыдан елу-алпыс жыл бұрын Жапонияның тауарлары мүлде сұранысқа ие болған жоқ. Тіпті, әлем олардың өнімдерін қазіргі қытай тауарларындай сапасыз деп ұқты. «Бұл жағдай 1980 жылдары өзгеріп, жапон тауарларын сапаның белгісі, жаңашыл тауарлар деп қабылдана бастады.»[17]«Жапонияда шығарылған» деген сөздің өзі әлем жұртшылығының санасына ерекше әсер етіп, соңы Жапониядан шыққан кез келген өнім сапалы болып көрінді.
Қырғызстан «барахолкадағы» киімдерді, Ресей темірді, Қазақстан ұнды сатса, Италия Ferrari, Gucci, Pasta сатады. Әлемнің көптеген дамыған елдері брендтік өнімдерді экспортқа шығару арқылы ел-брендін де танылдырып жатыр. Мәселен, Голливуд десе АҚШ, Волливуд десе Үндістан, Ағылшын тілі десе Англия (тіл де брендке айналған), тіпті Нексия десе көршіміз Өзбекстан есімізге түседі. Мұның бәрі «бренд» технологиясының арқасы. Олар осы тауарлар арқылы елдің брендін көтеріп, тұтынушының санасын басқарып отыр. Ал, шын мәнінде, Қазақстан шикізаттан ары аса алмай жатқан ел. Бізде Бораттан басқа «бренд» жоқ. Әлем бізді солай таниды.
«Бізге осы да жарайды», — деген ел ешқашан алысқа бармайды. «Бренд», шын мәнінде, халықтың рухымен тығыз байланыста. Мәңгілік ел – бренд ел.
Қорытынды
Қазіргі заманда «күн астындағы орын» үшін күрес бүкіл адамзаттың санасында жүріп жатыр. Брендтер адамдардың ойлау жүйесіне ерекше әсер етеді. Күш-қуатты, еңбекті, үлкен қаражатты жұмсағанда аяуға болмайтын ең басты бренд – ел. Әрине, бұл жағына келгенде Қазақстан күш пен еңбекті қайдам, қаржыны аяп жатқан жоқ.
Бір-бірімен туристтер, инвестиция тарту, экспорт, саяси және мәдени әсер ету үшін күресуде. Ел мықты болу үшін ол мықты «брендке» айналуы қажет. Жоғарыда атап өткенімдей ел-брендін көтеру үшін әртүрлі атрибуттарды дамыту шараларын қолға алғанымыз жөн. Брендсіз ел туристтерсіз қалуы, саяси беделінен айырылуы, өнімдерін экспортқа шығара алмай қалуы мүмкін. Сондай-ақ, елдің азаматтары ұлттық мақтаныштан, патриотизмнен, басқалардың сыйласымдылығынан айырылса, оның компаниялары мен кәсіпорындары әлемдік нарықтан мүлде жоғалып кетуі ғажап емес. Біз бар күшімізді осы еліміздің дамуына жұмсауымыз қажет.
Ел-брендінің мақсаты – елдің позитивті, жағымды образын жасау болып табылады. Мұны жүзеге асыру үшін бір ғана емес, бірнеше жобаларды қатар жүзеге асыру керек. Мәселен, бүгінде «Қазақстан – батыс пен шығыс қақпасы», «Қазақстан – ең қонақжай мемлекет» деген сияқты ұғымдарды басқалардың санасына барынша орналастыруға еліміз тырысып бағуда. Бірақ, бұдан бөлек неге «Қазақ тілі – әлемдегі ең бай тіл», «Көкпар – қазақтың ұлттық ойыны», «Қымыз, шұбат, қымыран – қазақтың үздік сусындары» т.б. ұғымдар мен атрибуттарды да қатар бермеске? Ел-брендін қалыптастыру үшін атрибуттардың көп болуы және де пайдалы. Демек, Қазақстанды тек қонажай халық деп қана емес, басқа да көптеген қырлары арқылы бренд ретінде танылдыруға болады.Сондықтан да мен осы жазғанымнан «қонақжайлылықтан» да басқа даму жолдары бар екенін барынша түсіндіруге тырыстым.
Атрибуттардың өте қуатты және көп болуы ел брендінің қалыптасуына үлкен басымдықтар береді: елдің танымалдығы мен беделінің көтерілуі, инвесторлардың сенімі, халықаралық саяси ықпалы мен рейтингісінің артуы, тауар мен қызмет экспортының өсуі, сыртқы туризмнің дамуы т.б. Бүгінде «еуропалық сапа», «неміс сапасы», «жапон сапасы», «британ сапасы», «американдық сапа» т.б. сөздер әлем бойынша жиі қолданылады. Себебі, швейцария сағаты, неміс автомобилі, жапон электроникасы, британ шәйі, америка компьютері, италия киімдері т.б. деген олардың сапасына ешкім күмән келтіре алмайды. Ал, «Қазақстан немесе қазақ сапасы» дегенді қашан естідіңіз? (Дұрысы, қашан естиміз?)Ол әзірге белгісіз… Бірақ та біз бәрімзі жұмылған жұдырықтай бірігіп еліміздің дамуына атсалыссақ бұл уақыт та біршама жақындай түсер деген ойдамын.
Ел-брендіне әсер ететін брендтер өте көп, оған аймақтары да, билік органдары да, мерекелері де, БАҚ, жекелеген адамдар да, мәдениеті де, салт-дәстүрлері де, жалпы ел өміріне араласатындардың барлығы да жатады. Солардың бәрі ел брендіне қарама-қайшы болмауы керек, оларды ел брендінің архитектурасына үйлестіру қажет, әйтпесе өзіне ғана емес, басты бренд – «Қазақстан» брендіне де зиянын тигізеді. Еліміз «бренд» ретінде қалыптасуы үшін мәдениетті, қазақ тілін ең бірінші орынға қойғаны жөн. Кез келген бренд ретінде танылған дамыған елдер дәл солай жасайды.
Пайдаланған әдебиеттер
[1]. Мамырайхан.А. «Президент және халық» газеті 19.09. 2008ж №38 (159)
[2].https://drive.google.com/file/d/0Bz9jcOsTPpJ9OU5Tb0QwZjBQS2c/view
«Қазақстан шоколады»
[3].http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/155839-aza-stan-b-ny-shokolad-festivaline-atysty
«Қазақстан БҰҰ-ның шоколад фестиваліне қатысты» 27.12.2016ж
[4].http://botschaft-kaz.de/kaz/index.php?option=com_content&view=article&catid=41:tourismus&id=150:2010-01-21-11-45-10&Itemid=25 «Қазақстандағы туризмнің дамуы туралы» 2013ж
[5]. http://kaztrk.kz/news/universiada-2017/universiada-2017-medeu-sport-kesheni-zhasandy-muz-aidyny-bar-dunie-zhuzindegi-en-iri-keshen-13814 «Медеу-спорт кешені-жасанды мұз айдыны бар дүниежүзіндегі ірі кешен» 23.12.2016ж
[6]. http://e-history.kz/kz/map/view/77 «Шымбұлақ» 2016ж
[7].https://forbes.kz/news/2016/01/28/newsid_104931 ««Медеу» и «Шымбулак» побили рекорды посещаемости» 28.01.2016ж
[8].http://kazgazeta.kz/?p=67 «Туризм Жер шоқтығы – Бурабай»21.01.2010ж
[9].http://bnews.kz/kz/news/obshchestvo/kokshetauda_burabai_aimaginda_turizm_salasinin_damui_boiinsha_otiris_otti-2015_03_18-1129877 «Көкшетауда Бурабай аймағында туризм саласының дамуы бойынша отырыс өтті» 18.03.2015ж
[10].http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/region/south_kazakh_oblast/memorial/yassayu «Қ.А.Яссауи кесенесі XVI-XV ғасыр»2015ж
[11].http://www.kazinform.kz/en/otandyk-turizm-oryndary-alakolge-bargandar-nelikten-okinbey-kaytady_a2901855 «Алакөлге барғандар неге өкінбей қайтады?»10.05.2015ж
[12].http://halyktravel.kz/alakol-samoe-populyarnoe-mesto-u-turistov «Алаколь самое популярное место у туристов»2015ж
[13].http://www.express-k.kz/news/?ELEMENT_ID=72031 «Число туристов на озере Алаколь в Алматинской области может достигнуть 300 тыс.человек в 2016г»20.04.2016
[14].http://testent.ru/load/referaty/referaty/aza_khal_yny_ltty_kiimderi/8-1-0-3517«Қазақ халқының ұлттық киімдері» 29.10.2013
[15].https://www.nur.kz/kk/1207302-alemdik-reytingte-qazaqtynh-ulttyq-ki.html«Әлемдік рейтингте қазақтың ұлттық киімі бестікке енді» 08.02.2016ж
[16].http://abai.kz/post/view?id=375 «Қазақстан 2050-мәңгілік ел»22.04.14ж
[17].http://otzovik.com/reviews/mavzoley_hodzhi_ahmeda_yassaui_kazahstan_turkestan/ «Мавзолей Ходжи Ахмед Яссауи»07.06.2013
[18].http://yvision.kz/post/410131 «Мәңгілік ел-бренд ел»17.04.2014ж
[19]. Эллвуд А. Основы брэндига, Изд-во Файр-Пресс. 2002.
[20]. Өтепов Р.«Қазақстан-Заман» 2-сәуір 2004ж. №14(473).
[21]. Сариева Р. «Қызылординские вести» газеті 2005ж 3.09 №41(162).
[22].Боранбаев Е. «Алаш айнасы»газеті 19.09.2009ж №17 (17).
[23]. Раманқұл А. «Мәдени Мұра»журналы 2014 желтоқсан айының басылымы,28 бет
[24]. Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И. Комягин. Жалпы экономикалық теория/–Ақтөбе
[25]. С.С. Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайберген. Экономическая теория в XXI веке, 2004. -751с
[26]. «Егеменді Қазақстан» газеті, 2015 жылғы қараша айының басылымы,10бет.
Экономикалық теория/. –Алматы
[27]. Гусева О.В. Брэндинг как система потребительской коммуникации // Изд-во СПбГУЭиФ. 1998.
[28]. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы: Оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті,
[29]. Дуэйн Н. Политика брэнда, Изд-во ИД ВЕСЬ. 2003.
Құрастырған: Атымтайқызы Ә.