Бизнес немесе кәсіпкерлік дегеніміз- адамның өзінің ойын іске асыру арқылы пайда табуға бағытталған іс-әрекетті мен амалы.

Бірақта кезкелген іс-әрекетті бизнес немесе кәсіпкерлік ретінде қарастыруға болмайды. Мысалы, заңға қайшы және қоғам (басқа адамдарға) мен қоршаған ортаға зиян мен залал келтіретін іс әрекеттер (ұрлық, алаяқтық, алдау және тағы басқа).

Сонымен қатар, біреуге жолданып жұмыс істеу немесе біреудің тапсырмасымен іс-әрекет қылуды да бизнес реттінде қарастыруға болмайды.

Сондықтанда бизнестің (кәсіпкерліктің) тек өзіне ғана сай белгілері бар. Олар:

Біріншіден — кезкелген бизнестің мақсаты, ол пайда табу;

Екіншіден — кезкелген бизнес тәуекелге (риск) бару болып табылады;

Үшінщіден — бизнес әрқашанда ақша салумен байланысты;

Төртіншіден — бизнес жаңашылдықпен байланысты (яғни жаңа тауар сату немесе нарықты жаңа қызмет түрін ұсыну);

Бесіншіден, бизнес ол әрқашанда жауапкершілік (яғни, қарыз алсаңыз қарыз берушінің алдындағы жауапкешілік, тауар сатсаңыз тауардың сапасына байланысты жауапкершілігіңіз және тағы басқа);

Алтыншыдан, экономикалық тәуелсіздік (яғни бизнесті жүргізушінің тауар мен қызметі сату мен алуда біруге тәуелді емес).

Яндекс.Метрика