Стартаперлер деген кімдер?

Кезкелген бизнесті бастау мен ұйымдастыру оңай шаруа емес. Ал оны жүргізу өте қиын. Сондықтанда әдетте бизнесті екі немесе бірнеше адам бірігіп бастайды. Ал стартап түріндегі жаңа бизнес-жобаны дұрыс жолға қойу команданда түрінде (бір топ адам) жұмыс істеуін талап етеді. Мысалы кезінде бастамасы стартап түрінде болған бәрімізге танымал Apple компаниясының туындасы iPhone (Айфон) ұялы телефондарын адамдардың  99,9% пайызы осы компанияның басшысы Стивс Джобспен  байланыстырады. Ал шын мәнінде  iPhone (Айфон) ұялы телефондарын жасап шығару барысында көптеген мамандар мен программисттер еңбектенді. Мысалы: Стив Возняк, Тони Фаделл, Терри Ламберт, Энди Гриньон және тағы басқалар.

Осыған байланысты стартаперлер бұл жаңа бизнес жобаны дамыту мақсатында жұмыс істейтін адамдарды атаймыз. Бұл іске әртүрлі жастағы адамдар қатысуы мүмкін. Мысалы сауда-саттық саласында жаңа бизнес жобаны дамыту барысында әртүрлі іс шараларды жүргізуді талап етеді (жарнама, клиенттерді жинау үшін үйлер мен фирмаларды аралау, тауардың үлгісін дүкендер мен базарларға тарату, жастардың арасында тауарды таныстыру мақсатында үгіт насихат жұмыстарын жүргізу). Әрине бұл мақсатта ең дұрысы өз командаңызға жастарды тарту болып табылады. Өйткені осы мақсаттағы жұмыс шап-шаңдықпен жылдамдықты қажет етеді.

Яндекс.Метрика