Франчайзинг қалай жүзеге асады?

Франчайзинг келесі түрде жүзеге асады: Франчайзер яғни белгілі бір бизнестің үлгісін немесес тауар атауын (брэндтің атын) ақыға жалға беруші мен Франчайзи яғни белгілі бір бизнестің үлгісін немесес тауар атауын (брэндтің атын)  ақыға жалға алушы франшиза келісім-шартын жасасады. Франчайзи бірлескен бизнесте өзінің ниеті мен мақсатын көрсету үшін франчайзерге бастапқы жалға алу сыйақысын төлейді. Одан кейін франчайзи франчайзерден белігілі бір тауардың атауын, бизнестің үлгісін немесе өндірістің (қызмет көрсетудің) технологиясын пайдалану құқысын иеленеді (алады). Артынша бас компанияның немесе франчайзердің мамандары франчайзи және оның қызметкерлерін оқытады, бизнесті қалай жүргізу керек туралы ақпарат беріп, оның жоспарын жасауға көмектеседі.

Бизнес іске қосылып, жүргізілгенен кейін, оған қадағалау жасап, құрылған жоспарға сәйкестігін, өнім мен қызмет көрсетудің сапасының франчайзердің яғни бас компаниясының стандарттарына сай келеуіне мұқият қадағалау жүргізеді.

Осыған байланысты, франчайзердің яғни бас компанияның міндеттері:

  • Франчайзингтік жүйеге қатысты барлық төлемдерді белгілеу. Төлемдер (жалға алу сыйақысы) мен төлем міндеттері франчайзинг (франшиза) келісім-шартында екі жақтың қатысуымен яғни франчайзермен (жалға беруші) және франчайзимен (жалға алушы) анықталып белгіленеді;
  • Іскерлік және техникалық ақпараттар мен барлық нұсқаулар мен ережелерді франчайзиге беруге;
  • Барлық франчайзилерге қатысты қолданылатын сапаны бақылау жүйесін құруға;
  • Франчайзидің талабы мен қажеттілігі бойынша тұрақты түрде қолдау көрсетуге (яғни қызметкерлердің біліктілігін артыруға, басқару және кеңес беру);
  • Эксклюзивті (яғни қайталанбас) тауарлармен қамтамасыз ету туралы келісім-шарттарды жасасуға көмек көрсетуге;
  • Егерде франчайзи франчайзерден тағы бір қосымша тауар белгісін немесе өндірістің (қызмет көрсетудің) технологиясын пайдалану құқысын (франшиза) жалға алуға ниет білдірген жағдайда оның құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жасауға;
  • Франчайзиге тиісті территориясын қамтамасыз етуге (яғни бір ауданда бір өнім немесе бір қызмет көрсету түріне бір франшиза келісім-шарты жасалады. Мысалы, мағынасы жоқ бәсекелестік ортаны тудырмау мақсатында, 10 мың тұрғыны бар Жуан-төбе ауылында бір франчайзимен ғана келісім-шарт жасасады);
  • Келісім-шартты бұзу немесе ұзартуға қатысты жағдайларды анықтауға.

75

Франчайзидің міндеті:           

  • Бастапқы жалға алу сыйақысын және франчайзингке қатысты өзгеде төлемдерді жасауға;
  • Франчайзердің сауда (тауар) белгісін қолдануға;
  • Өндірістің немесе қызмет көрсетудің технологиясын пайдалану барысында франчайзердің стандартына сәйкес болуға;
  • Франчайзердің жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеуге.
Яндекс.Метрика