Франчайзингтік бизнес неге сондай танымал

 

Кезкелген кәсіпкердің бизнес әлемінде алғашқы сәтті қадамынан кейінгі іс-шарасы   бизнесінің дамуы болып табылады. Әрине экономиканың әр түрлі саласында бизнесін жүргізіп отырған  мыңдаған кәсіпкерлерге бизнестерін тез арада дамыту үшін барлығына бірдей қолдануға болатындай іске жарайтын кеңес беріп жол көрсету бір жағынан қыиын шаруа емес, ал екінші жағынан оның іске жарамдылығы және нәтижелігіне кепіл беру үлкен жауапкершілік.   Бірақта шет ел және соңғы жылдары отандық бизнесте әсіресе сауда, тамақтану  мен қызмет көрсету салаларында елеулі жетістіктерге жеткендерде аз емес.   Соның себепшісінің бірі франчайзингтік бизнес екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Өйткені франчайзинг тез арада бизнестің өсуі мен кеңейуіне мүмкіндік береді. Франчайзингтік бизнеске екі тараптың яғни франчайзер мен франчайзидің  қатысуы осы бизнестің оларға беретін мүмкіндіктері мен олардың бұдан көретін пайдасы туралы айтып кеткеніміз жөн.

Сонымен франчайзинтік бизнес франчайзерге беретіні:

Біріншіден, франчайзинг бизнесті кеңейте отырып, қосымша ақша табуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, франчайзи франчайзердің көрсеткен қызметі мен қолдауы үшін оған ақша төлейді.

Үшіншіден, франчайзерге франчайзингтік бизнес мүлдем  жаңа нарықтарға шығуға және жұмыс істеп отырған ескі нарықта өзінің беделін арттырып, еркін әрі сенімді бизнес жасауына мүмкіндігін береді.    

Төртіншіден, франчайзинг тұтынушыларға бұған дейін естімеген және көрмеген өнімдермен (тауарлармен) танысуға және тұтынуға мүмкіндігін береді.   

Бесіншіден, франчайзингтік бизнес жүйесі жаңа салалардың пайда болуына және олардың дамуына әкеледі.

 

Енді франчайзинтік бизнес франчайзиге беретіні: 

Біріншіден, франчайзинг сіздің жеке бизнесіңіз бар екенін білдіреді және ол бизнесті жүргізу барысында кездесетін проблемлар мен қиындықтарды шешуде жалғыз емес екендігіңізді (франчайзер сіздің бизнес партнерыңыз) көрсетеді.

Екіншіден, франчайзинг бұл бизнестің тез және тиімді бастамасы.

Үшіншіден, франчайзинг франчайзиге бизнесті ашу кезіңінде қолдау табуға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, франчайзинг франчайзиге франчайзердің тауар атауын және сонымен байланысты оның  беделі мен абыройын пайдалану мүмкіндігін береді.

Бесіншіден, франчайзинг франчайзидің  тұрақты қолдаушысы бар екенін білдіреді.

Яндекс.Метрика