Бизнес-жоспар (бизнес-план) дегеніміз не?

«Арман — адамға қанат» — деген халықтың нақыл сөзі бар. Бірақта  арман мен алға қойған мақсат екі бөлек нәрсе. Өйткені мақсаттың арманнан басты айырмашылығы  оған қалай жетудің нақты жоспардың болмауы. Басқа сөзбен айтқанда мақсатқа жетудің нақты жоспары болмаса, мақсатыңыз жайғана арман болып қала береді. Сондықтан да біздің мақсатымыз ойыңызда жүрген жоспарыңызды қалайда болса да жүзеге асуына қол үшін беру.

Сонымен «Бизнес-жоспар  дегеніміз не?» деген қойылған сұрағымызға оралайық. Бүгінгі таңда экономикалық терминдерге (сөздерге) анықтама көп. Әр түрлі кітапта әртүрлі анықтама беріледі. Біз көптеген берілген анықтамаларды саралап сіздердің назарыңызға мынадай қысқада-нұсқа анықтама ұсынып отырмыз.

Бизнес-жоспар дегеніміз – бастайын деп отырған кәсіпкерлік ісіңіз туралы ұсақ-түйегіне дейін суреттейтін құжат. Жай сөзбен айтқанда сіз өз бизнесіңізде алға қойған мақсатқа  апаратын жол сызбасы. Сондықтан да, бизнес-жоспар бұл:

  • Болашақ бизнесіңіздің немесе бизнес жобаңыздың негізгі мәселелерін суреттейтін құжат;
  • Бизнесті жүргізу барысында пайда болатын (кездестін) барлық проблемаларды (қиындықтарды) талдау;
  • Пайда болатын проблемалардың (қиындықтардың) алдын ала шешімін табу.

 

Осыған байланысты бизнес-жоспар болашақ кәсіпкерге келесі мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • Болашақ бизнестің нақты бағытын (мысалы: сауда, өндіріс, қызмет көрсету саласы) анықтауға;
  • Қандай нарықта (қалада, ауданда, ауылда) жұмыс істеу керектігін анықтауға;
  • Бизнесіңіздің қысқа (1 жылға дейін) және ұзақ (3 жылға дейін) мерзімді мақсатыңызды анықтауға; (мысалы: бір жылда қандай мақсатқа жетуді көздеп отрысыз);
  • Қандай тауар сатумен немесе қандай қызмет көрсетумен айналысасыз, клиентеріңіз кімдер болады, кімдермен жұмыс істейсіз секілді меселелерді анықтауға;
  • Бизнесіңізді жүргізуге байланысты шығындарыңызды есептеп анықтауға;
  • Бизнесіңізді жүргізуде қандайда бір қосымша пайда әкелетін мүмкіндіктерді анықтауға;
  • Бизнесіңіздің маркетингтік іс-амал әрекетін (жарнама, клиенттерді тартудың жаңа жолдарын табу және т.б.) анықтауға;
  • Түсетін пайдаңызбен бизнесіңіздің қаржы жағдайын есептеп анықтауға;
  • Бизнесіңіздің күшті және осал (әлсіз) жақтарын анықтауға.

Сонымен қатар, бизнес-жоспар кәсіпкерге келесі сұрақтарға жауап беруге көмектеседі:

  • Қандай бизнесті таңдауға?
  • Сіз ұсынайын деп отырған тауарға немесе қызмет түріне сұраныс қандай болмақ?
  • Бизнесіңізді бастауға қандай ресурстар (ақша, адам, ғимарат) қажет?
  • Бизнесіңізді бастауға қанша ресурстар (ақша, адам, ғимарат) қажет?
  • Ұсынайын деп отырған тауар немесе қызметіңіздің бағасы қанша болады?
  • Шығындарыңыз қанша болады?
  • Бизнесті жүргізуден түсетін пайда қанша болады?
  • Бизнесіңіздің өзін- өзі ақтау (яғни салған ақшаның қайтуы) мерзімі қандай?
Яндекс.Метрика