ЕЛІМІЗДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

Мазмұны

Кіріспе

Елімізде медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Батыс елдерінде кез-келген азаматта медициналық сақтандыру полисі болса, Қазақстанда ерікті медициналық  сақтандыру дамымаған. Неге сақтандырудың  осы түрі кенжелеп отыр? Медициналық сақтандырудың қандай түрі тиімді, ерікті сақтандыру немесе міндетті сақтандыру ма? Жалпы медициналық сақтандыру дегеніміз не? Қазақстанға міндетті медициналылық сақтандыруды енгізу туралы заң жобасы да қызу талқыға түскен еді.   «Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірінен ерекшеленетін негізгі 3 денсаулық сақтау жүйесін қарастыруға болады. Бұл толықтай мемлекет қаржыландыратын денсаулық сақтау жүйесі; міндетті сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асатын денсаулық сақтау; жеке яғни ақылы медициналық жүйе. Дамыған мемлекеттердің еш қайсында бұл жүйелер тәжірибе жүзінде таза күйінде жұмыс істемейді. Бір мемлекетте денсаулық сақтау жүйесінің 2 түрі де пайдаланып кете береді. АҚШ-та ерікті медициналық сақтандыру мен ақылы медициналық көмек ерекше дамыған. АҚШ-тық денсаулық сақтау моделі басқа ешбір елде таза түрінде пайдаланылады деп айту қиынға соғады. Көптеген елдерде денсаулық сақтау саласын мемлекет қаржыландырса да, халық ерікті және жеке медициналық сақтандыру қолданады. Медициналық сақтандыру – денсаулық сақтаудағы халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі, медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Негізінде медициналық сақтандырудың 2 түрі бар. Бұл міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру. Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты – міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету. Міндетті медициналық сақтандыру дамыған елдердің көпшілігінде бар және азаматтардың денсаулығын қорғауға арналған конституциялық құқығын іске асыруға бағытталған. Ал ерікті сақтандыру адамның қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жиналған қаражат азаматтардың тегін медициналық көмек алуы үшін жұмсалады. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлері аталған сақтандыру жүйесі арқылы орындалмақ. Зейнеткерлерге, еңбек жасына толмаған азаматтарға, мүмкіндігі шектелген азаматтарға қызмет тегін көрсетіледі. Міндетті медициналық сақтандыру кез келген тұрғынды медициналық сақтандырумен қамтамасыз етеді. Оның басты маңыздылығы да сонда. Медициналық сақтандыру ең алдымен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып, емделуге мүміндік алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ақшасы бар азаматтардың емдеу ақысы дәрігерлерге сол қордан төленеді. Ал медициналық қызмет үшін жасалатын төлемдер қордағы ақшадан алынатын болғандықтан, енді емдеу мекемелері арасында бәсекелестіктің басталатыны сөзсіз. Өз кезегінде бәсекелестік медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады. Көбірек пайда табуға тырысқан медицина қызметкерлерінің емделушілерге барынша сапалы қызмет көрсету көрсеткіші жоғарылайды. Өйткені емделушілер қай дәрігерге баратынын өзі шешеді.»[1].

Міндетті медициналық  сақтандыру мәселесі жөнінде талай  қызу пікір таластар да болады. Біреулер міндетті медициналық сақтандыруға қарса болса, біреулер қолдайды. Қолдағандар қатарында Парламенттің төменгі палатасының депутаты Владимир Нехорошев те болған.«Мәжіліс депутаты Владимир Нехорошев міндетті медициналық сақтандыру бізге керек екенін және сақтандырудың осы түрі медицина саласындағы қызмет көрсету мәдениетін көтереді деп те пікір білдіріп, әлемдік тәжірибеде міндетті медициналық сақтандыру жақсы нәтиже бергенін айтқан болатын»[2].

Көптеген тәжірибелер негізінде және де белгілі,беделді,танымал адамдардың пікірі бойынша Қазақстанда өз бастауын алады.«Қазақстанда 90-жылдары міндетті медициналық сақтандыруды жүзеге асыру  жолдары да қарастырылып, осы мақсатта (ФОМС) Міндетті медициналық сақтандыру фонды құрылған. Алайда фондтың басшысы  өзінің қызмет дәрежесін пайдаланып, фонд қаражатын жымқырып,шетел асып кеткені белгілі. Нәтижесінде міндетті медициналық сақтандыру фонды жұмысын тоқтатады, ал халық медициналық сақтандырусыз қалады. »[3].  Әрине, осындай жағдайлардан кейін бүгінгі күні халықтың міндетті медициналық сақтандыруға күмәнмен қарайды.Алайда медициналық сақтандыру жүйесіне сенім білдіргендер де болған.

«Қазақстан медициналық  сақтандыру жүйесін енгізуге 2014-2015 жылдарға қарай дайын болады»  деген пікірді Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов айтқан болатын. Оның пікіріне сүйенсек, сақтандырудың бұл түрі экономиканың тұрақты дамуына ықпал етеді. Алайда, сақтандыру медицинасы мен қазіргі қолданыстағы мемлекеттік-бюджеттік медицина арасында аса үлкен айырмашылық байқалмайды екен. Ұлыбритания тәжірибесіне сүйенсек, бюджетті модель халықтың барлық әлеуметтік топтарына қол жетімді, әрі оның қызметін бақылауға біршама жеңіл.Міндетті медициналық  сақтандыру Қазақстан үшін әлі ерте дегеннің өзінде, бұл жүйенің бізге керектігі байқалады. Мысалы, 2011 жылдың маусым айында міндетті медициналық сақтандыру туралы тағы да сөз болған еді. ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева бала денсаулығын міндетті медициналық сақтандырау мәселесін заңнамалық деңгейде шешуді ұсынды.«Республикалық бюджет есебінен мамандандырылған медициналық көмек, сондай-ақ шетелде емделуді, талап  ететін дертке шалдығып қалу жағдайына  байланысты 18 жасқа дейінгі балаларды  міндетті медициналық сақтандыру мәселесін  заңнамалық деңгейде шешу қажет деп есептеймін», – деді З. Бәлиева Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың атына жолдаған сауалында»[4].

Медициналық сақтандыру туралы әңгіме қозғала бастағаннан бастап қызу пікірлерге түсе бастаған.Тиімді,пайдалы жақтарын ескеру ең маңызды болып табылған.

«Елімізде жаңа жүйені жүзеге асыру мақсатында арнайы әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру қоры құрылмақ. Қазақ­стан­дықтар осы қорға ай сайын міндетті жарналарын аударады. Ал қорда сақталған қаржы науқастанған жандардың емделуі үшін емханаларға беріліп отырады. Жаңа қабылданған құжаттың ережесіне сай, қазақстандықтарға медициналық қызметтің екі пакеті ұсынылады. Оның алғашқысы – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет, ұғынықты тілмен айтқанда мемлекеттің есебінен медициналық көмек алу. Мұнда жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік ауруларға, сонымен қатар, төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері енеді. Бұл қызмет барлық азаматтар үшін қолжетімді. Екіншісі – жаңадан құрылатын медициналық сақтандыру қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Яғни, бұл пакетке енетін қызмет түрлері азаматтардың әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударған жарнасы арқылы жүзеге асады. Екінші қызмет түрлеріне амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек, стационарлық көмекті алмастыратын көмек, қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек, мейірбикелік қарау және жоғары технологиялық көмек кіреді. Жаңа заң жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой: «Аталмыш пакетті алу құқығы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы ҚР азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұл­ға­ларға беріледі. Сонымен қатар, экономикалық белсенділігі төмен халық үшін төлемақы мемлекет есебінен жүргізіледі. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін, ал қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады», – деді. Сондай-ақ, ерікті медициналық сақтандыруға қатысқан азаматтарға арналған қызмет түрі де бар. Бұл азаматтар медициналық қызметтерді жеке сақтандыру компанияларымен жасалған келісімшарт бойынша алады»[5].

Медициналық тұрғыда міндетті сақтандыру еліміздің ешбір заңнамасында қарастырылмаған. Түрлі сырқатқа шалдыққан бүлдіршіндер жан-жақтан көмек іздеп, халыққа алақан жаюға мәжбүр болып отыр. Шетелдерде ота жасалу тікелей мемлекеттік квота арқылы жүргізіледі. Квоталар сырқат балалардың біріне бұйырса, енді біріне жете бермейді.

«Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, артып барады. Мәселен, дәл осы жастағы 100 мың баланың аурудың негізгі түрлеріне шалдығуы 2003 жылы 87,6 %-ға ұлғайса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 93,6%-ға артқан»[6].Ауыр сырқатқа шалдыққан кей бүлдіршіндерге дәрі алу мәселесі қиындық тудырған. Оның үстіне қазір медициналық қызметтің де сан түрі шығып, біршама қымбаттағаны да құпия емес. Біздің елімізде бала тұрмақ, ересек адамдар медициналық сақтандырудан өтпеген. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, көптеген дамыған елдерде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі оңтайлы жолға қойылған.

«Біздің мемлекетіміз мемлекеттік  бағдарламаның шегіндегі белгілі  бір медициналық көмекті ғана қамтамасыз ететін қажетті мединалық көмек алуға кепілдік береді, бірақ ол біздің азаматтарымыздың тұтыныстарын үнемі қанағаттандыра бермейді. Қазіргі кезде көптеген сақтандыру ұйымдары ерікті сақтандыру қызметтерін ұсынып отыр, ол азаматтардың жеке тұтыныстарын есепке ала отырып қосымша медициналық қызметтердің мейлінше лайықты нұсқаларын қамтамасыз ете алады.

Қазақстандағы Сақтандыру нарығында  ерікті медициналық сақтандыруға деген сұраныс төмен. Бар жоғы 2%-ды құрайды екен. Сақтандыру нарығындағы мамандардың ойынша бұл көрсеткіш 1-2 жылда өзгере қоймас. Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді. Сақтық полисінің құны қызметтердің ассортиментіне, емдеуге жататын сырқаттардың түріне, сақтандырылған ауруға қызмет көрсетілетін емдеу мекемелеріне байланысты болады. Ерікті медициналық сақтандырудың негізгі құндылығы қазіргі құрал-жабдықпен жарақталған және жоғары сыныптық мамандары бар клиникаларда сапалы медициналық жәрдем алу мүмкіндігі болып табылады. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,ең дұрысы міндетті және ерікті медициналық сақтандырудың үйлесімі болып табылады. Мысалы, АҚШ-та «Медикор» жүйесі – егде адамдар үшін, «Медикэйд» жүйесі – кедейлер, жұмыссыздар мен мүгедектер үшін; ГФР-де – сыркатты сақтандыру. Медициналық сақтандырудың шетелдік жүйелері, әдеттегідей, өзін-өзі сақтандыру қағидатында (жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің және мемлекеттің негізінен төменгі әкімшілік буынның қатысуы) жұмыс істейді және нысандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшеленеді. Медициналық сақтық қорғаудың ұжымдық (сапалық), қоғамдық (мемлекеттік) және жеке (жекеше) жүйелері бар. Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылған. Сақтық қорларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтаушылардың табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына қарай сараптанған»[7].             Медициналық сақтандыру бойынша барлық жағдайда да дұрыс орындалады деген жағдайлар болуы мүмкін емес.Әртүрлі жағдаяттарда задап шегушілердің жағдаяттары қарастырылады.Ол жағдаяттар белгілі бағдарламаларда қарастырылған.«Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011– 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында  атап көрсетілгендей, денсаулық сақтау секторы үшін қосымша ресурстарды  жұмылдырудағы және өз денсаулығы үшін жауапкершілікті арттырудағы бағыттардың  бірі болып табылады»[8]

Біздің елімізде медициналық сақтандырудың ерікті түрін пайдаланылады. Бірақ халықтың көпшілігі медициналық сақтандырудың не екенін біле бермейді. Халықтың санасында кеңес кезіндегі «медицина тегін» деген ой қалыптасып қалған. КСРО кезінде медициналық сақтандыру деген түсінік мүлдем болмаған. Қазақстанда ерікті медициналық сақтандыруға халық көңіл аудара бермейді немесе медициналық сақтандыру туралы мүлдем хабары жоқ болған. Халық медициналық сақтандыру полисін тек өзіне қажет болғанда ғана алады. Жалпы медициналық сақтандыру өте қажет болады. Бірақ оның қажеттігін халық түсіне бермейді немесе халықтың кейбір бөлігінің өз денсаулықтарын сақтандыруға жағдайы жетпеуі әбден мүмкін.

«Қазіргі заман жаңа заман. Нарық талаптарына сәйкес біз жан-жақты білім жинап, заман ағынымен қатар жүзуіміз керек. Қай тәсіл өмірімізді жеңілдететінін жете зерттеп, оны қолданысқа енгізудің жолын табуымыз қажет. Сол жаңашылдықтың бірі медициналық сақтандыру. Бұл өз кезегінде, медициналық қызмет көрсететін — медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің еңбегінің саны мен сапасына нақты баға беруге мүмкіндік тудырады. Басқа жағынан, науқастар емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан емделушілердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады. Жалпы алғанда, медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, осы саладағы жұмысты біршама жүйелеуге жол ашады.Медициналық сақтандырудың  жұмыс істеуі медициналық қызмет көрсету саласынды нарықтық қатынас  тудырады. Бұл өз кезегінде, медициналық  қызмет көрсететін – медициналық  мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің еңбегінің саны мен сапасына нақты баға беруге мүмкіндік тудырады. Басқа жағынан, науқастар емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан емделушілердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап таға алады, ал қажеттік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады. Жалпы алғанда, медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, жүйесіз жүрген істерді біршама жүйелеуге жол ашады. Бұл әлемдік тәжірибеде дәлелденген»[9].

Қолға алынған алғашқы міндетті медициналық сақтандыру жүйесі сәтсіз аяқталады деген көзқарастарда болғандар көп болары сөзсіз. Сондықтан алдағы уақытта аталмыш жүйе сол алғашқы жүйенің кебін кие ме деген қорқыныш та бар. Менің ойымша,осы орайда медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылған жағдайда бұл жүйені талай уақыттан бері қолданып келе жатқан басқа елдердің озық тәжірибесіне сүйене отырып енгізген дұрыс. Ендігі кезде, медициналық сақтандыруға бөлінетін, жиналған қаржының қатаң бақылауда болуы міндетті болары сөзсіз.  «Науқастардың сұранысына орай қолжетімді болып, азаматтарымыз қай жерде жүрсе де міндетті медициналық сақтандырудың аясында медициналық көмекті ала алатындай болғаны жөн. Қандай сақтандыру жүйесін енгізсе де, бірінші орында қарапайым халықтың жағдайы ескерілуі керек. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен шетел азаматтарды міндетті медициналық сақтандырудың тетіктерін әзірлеу көзделген, бұл да саланы одан әрі дамыту үшін мүмкіндік туғызады. Денсаулық адам өміріндегі ең зор байлық. Бірақ адамдар оған сырқат бойын алып, мазалай бастаған кезде ғана назар аударады»[10].

Міндетті медициналық  сақтандыру жүйесін дамыған елдердің барлығы дерлік пайдаланады. Ал ең алғашқы міндетті медициналық сақтандыру қашан және кімнің бастамасымен пайда болды?Ол:

«Германияда Отто фон Бисмарк тұсында  жұмысшы тапқа міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыратын құқықтық нормативтік актілерді жасау қолға алынады. Германияда 1871 жылы өндірісте жазатайым жағдайдан сақтандыратын әлеуметтік сақтандыру енгізіледі, 1880 жылы медициналық көмекті қаржыландыру жүзеге асырылып, 1883 жылы ауруға шалдыққан кезде жәрдемақы берілетін болды. 1883 жылы канцлер Отто Фон Бисмарктың бастамасымен Германияда міндетті медициналық сақтандыру туралы заң шығарылады. Бұл заң бойынша белгілі бір өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер ауыру жағдайына сақтануға міндетті болған. Сақтандыру фондтары жұмысшылардың және олардың жұмыс берушілері міндетті төлемдері арқылы қаржыландырылатын. Әлеуметтік сақтандырудың осы түріне тарихта «Пруссиялық социализм» немесе «Бисмарк моделі» атау берілген. Кейін әлеуметтік сақтандырудың осы моделін басқа европа елдері де қолданысқа енгізеді. 1887 жылы Австрияда, 1898 жылы Францияда, 1894 жылы Норвегияда, 1900 жылы Жаңа Зеландияда, 1901 жылы Швецияда. Бисмарк үкіметінің денсаулық сақтау саласына байланысты қабылдаған бірнеше заңнамалары әлеуметткік сақтандырудың дамуына үлес қосты. Міндетті медициналық сақтандыруға неігзделген денсаулық сақтау жүйесін кейін «Бисмарктың денсаулық жүйесі» деп атап кеткен»[11].

Көптеген алпауыт мемлекеттердің өз мемлекеттінде жасалынған медициналық сақтандыру жобаларының негізі Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымның жоспарымен жүргізіле бастайды. «Бүкіләлемдік Денсаулық  сақтау Ұйымы 191 елдің денсаулық  сақтау саласын жете зерттеп, ең үздік  деп Францияны атады. Зерттеу мынадай критерийлерге сүйеніп жасалды: тиімділік, қолжетімділік, халық мұқтаждығына сәйкестік. Францияда ең жақсы ауруханалар, ең білікті дәрігерлер, заманауи техникалық жабдықтау және осының бәріне халық толықтай қолжеткізе алады. Екінші орынға Италия мемлекеті орнықса, үшінші, төртінші және бесінші орындарға кішкентай мемлкеттер Сан-Марино, Андора, Мальта табан тіреді. Әрі қарай Сингапур мен Испания орынығып, сегзінші орын Оман мемлекетіне бұйырды. Сондай-ақ, үздік ондыққа Австрия мен Жапония да кірді. Денсаулық сақтау саласына бюджеттен қыруар қаржы бөлетін АҚШ тек 37 орынды қанағат етіпті. БДҰ (ВОЗ) тізімінде біздің Қазақстан 64 орында болса, бұрыңғы кеңес елдерінің ішінен Литва -73, Белорусия -74, Эстония -79, Молдавия -101, Армения -104, Латвия -105, Әзербайжан -109 орындарды иеленді. Рессей болса бұл тізімнің 130-орынына түсіп, 131-орынға Гондурас мемлекеті табан тіреген. Алпауыт Қытайға тек 144 орын бұйырып, осы тізімнің соңғы орнына Сьерра-Леона орныққан»[12].

Әртүрлі мемлекеттердің медициналық сақтандыру жүйелері бойынша әлемдік рейтинг бойынша жетістіктерге елдердің ішінде индустриялды дамыған мемлекеттер туралы мәліметтер жиналады. «CommonwealthFundтәуелсіз ұйымы  ең үздік денсаулық жүйесін  тек индустриальды дамыған 7 мемлекеттің  ішінен анықтады.

Бұл  ұйым  медицина  саласының  сапасы, емдеудің  тиімділігі   және  қолжетімділігі,  өмір сүру ұзақтығы, өмір сүру сапасы сияқты көрсет-кіштерге негізделген. Нәтижесінде дамыған елдер мынадай тізіммен орнықты: 1-Нидерланды, 2-Ұлыбритания, 3-Австралия, 4-Германия, 5-Жаңа Зеландия, 6-Канада, 7- АҚШ. АҚШ денсаулық сақтау саласына ең көп қаражат жұмсағанымен бұл тізімде де бірінші бола алмады. Бір американдыққа денсаулық сақтау саласына жұмсалатын 7,3 доллар, голландықтар жұмсайтын 3,8 доллардан тиімдірек бола алмады. АҚШ та медициналық көмектің қол жетімділігі төменгі деңгейде. Себебі Америкада ең қымбат медицина, әлі де қымбаттау үстінде. Нидерландыда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру және медициналық көмекпен қамтамасыз ету туралы заңнамалар өте жақсы жұмыс істейді. Бұл елде халық жақсы ақпараттандырылған және өзіне ең қолайлы, ең сапалы емнің түрін таңдай алады. Сол себептенде, Euro Health Consumer Index (EHCI) жүйесіде Нидерланды денсаулық сақтау саласын европадағы ең үздік деп біледі»[13].

АҚШ мемлекеттерінің медициналық сақтандыру қорларындағы жағдаяттар бойынша әртүрлі басылымдарда өзіндік зерттеулер жасалып қорытындылау жұмыстары жүреді. «Американың Newsweek саяси-қоғамдық басылымының рейтингі бойынша өмір сүруге ең қолайлы мемлекет Финдляндия болса, ең үздік денсаулық сақтау жүйесі Жапонияда екен. Жапония азаматының орташа өмір сүру ұзақтығы 82 жас. Азаматтардың өмір сүру ұзақтығы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігінің бір көрсеткіші болып табылады. Алайда Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының пікірінше азия аймағындағы ең үздік медицина Сингапур елінде. Әр жыл сайын Сингапурға емделу үшін 500 мың адам келеді екен. Сингапурда медицинаның барлық саласы бойынша өте білікті мамандар жұмыс ісдейді. БДҰ-ның мәліметіне сүйенсек, бұндай ең көп білікті мамандар азия аймағы бойынша Сингапурда ғана бар. Бұл елдің дәрігерлері АҚШ, Европа елдерінен және Жапонияда білім алып, тәжірибе жинайды. Осы арқылы Сингапур денсаулық саласы батыс пен шығыс медицинасының ең жақсы жақтарын жинаған.

Европа және АҚШ-пен салыстырғанда бұл елде емделу және диагностика өте арзан, яғни, қол жетімді. Ал Қазақстан денсаулық саласына жаңадан енгізілген Біріңғай Ұлттық Денсаулық сақтау бағдарламасы осы Сингапур медицинасының тәжірибесіне қарап жасалған. Осы уақытқа дейін Сингапурда бұл бағдарлама жақсы нәтижелер көрсетті. Медициналық қызметтің сапасын бұл елде үкімет қадағалайды. Заңнамалық жүйесі жоғары деңгейде жұмыс істегендіктен, кез-келген емделуші өз мүддесінің толықтай қорғалатынын біледі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының ең үздік ондықта Оман мемлекеті сегізінші орында тұр. Бұл таңғаларлық жетістік. Осыдан жиырма жыл бұрын Оманда балалардың 23% бес жасқа жетпей өлетін. Ал бүгінгі күні әлемдегі ең үздік денсаулық сақтау жүйесінің бірі болып отыр. Бұл елде 1970-жылдары дәрігерлер өте аз болатын. Науқас медициналық көмек алу үшін төрт күн жол жүретін. Алайда бұл жағдай қазір өзгерді. Мұнай саласының дамуы бұл елде денсаулық сақтау жүйесіне қаражатты көп мөлшерде бөлуге жол ашты. Қазір Оманда жергілікті, аудандық, аймақтық медициналық мекемелерден құралған үлкен желі жұмыс істейді. Әрбір медициналық мекемеде кадр саны 5 мың адамнан кем емес.»[14].

Әртүрлі мемлекеттерде лайықты баға алған медициналық сақтандыру жүйесі медициналық мекемелер бойынша табысқа жеткен мемлекеттерде болады. «Франция денсаулық сақтау жүйесіне тоқталатын болсақ, бұл денсаулық  сақтау жүйесі өзінің күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл жүйеде медициналық  көмек көрсету және денсаулық  сақтауды қаржыландыру мемлкеттік және жеке секторды біріктіре отырып, міндетті медициналық сақтандыру негізінде жұмыс істейді. Медициналық көмек кең көлемде ауруханалардың деңгейде ғана емес, амбулаториялық деңгейде де жүзеге асырады. Денсаулық сақтау жүйесі Франция халқының сұранысына толықтай жауап береді. Евро Кеңестегі өзге елдерге қарағанда Францияда туылу және өлім деңгейі жақсы көрсеткішке жетті, алайда СПИД індетіне шалдыққандар және алкоголь мен шылым пайдалану деңгейінің жоғары болуы жақсы көрсеткіштерге кері әсер етеді. Медициналық көмекке халықтың бір деңгейде қолжетімділігін Ұлттық медициналық сақтандыру қамтамасыз етеді. Ұлттық медициналық сақтандыру Франция халқының 99% қамтиды. Франция азаматының медициналық сақтандыруына қаржы азаматтың жалақысынан ұсталып отырады. Тіпті зейнеткерлерден де медициналық сақтандыруға ақша ұсталады. Азамат аяқ астынан ауруханаға түскен кезде оның емінің ақысын медициналық сақтандыру төлейді.

Франциямен бірге үздік  ондыққа кіретін Австрия мемлекетінің денсаулық сақтау жүйесі сақтандыруымен ерекше. Бұл елдің әлеуметтік саясаты өте тиімді жұмыс істейді. Австрия ден-саулық сақтау саласына жалпы табысының 8,3% жұмсайды. Австирялық дәрігерлер табиғат апаттарының салдарын жою жағынан жақсы жұмысымен атақты, ал Австрияда медициналық жабдықтары ерекше сұраныс-қа ие. Австрия мемлкеті бірінші болып 2005 жылы электронды медициналық қызмет көрсетуді енгізді. Барлық азаматтарда элетронды карта болады. Бұл картада азамат туралы барлық ақпарат сақталады, оның жеке,әлеуметтік, медициналық сақтандырулардың нөмері. Осы карта арқылы азамат Австрияның кез келген жерінде медициналық көмек алуына, дәріханадан дәрі сатып алуына да мүмкіндік туды. Е-карта арқылы емделуші туралы барлық ақпарат комьпютерлік базада сақталады. Дәрігер е-карта номерін енгізу арқылы науқас туралы толық ақпаратты компьютер базасынан алады. Бұл карта адам дүниеге келгеннен бастап қолданысқа беріледі.

БДҰ-ның стандартына сай Италия ең үздік медициналық қызмет көрсететін мемлкеттер қатарына жатады. БҰҰ-ның деректеріне сәйкес, Италияда орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 76 жас, әйел адамдарда 82 жас. Бұл елде дәрігерлер өте көп, 160 адамға 1дәрігерден келеді. Бұл әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш. Италия үкіметі денсаулық сақтау жүйесіне жалпы табысының 6% жұмсайды. Италия медициналық сақтандырудан Франциядан кейінгі екінші орын алады. Италияның Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жергілікті денсаулық сақтау органдарымен басқарылып, Евро кеңестің азаматтарына тегін немесе өте арзан медициналық қызмет көрсетеді. Шетел азаматтары да Италия жеріне аяқ басқаннан кейін медицианлық сақтандыруды алуға міндетті. Италия жерінде медициналық сақтандырусыз тұру заңға қайшы келеді. Медициналық сақтандыру жеке және мемлкеттік болып бөлінеді. Әр азамат медициналық сақтандырудың өзі қалағанын таңдауға құқылы. Әлемдегі ең үздік денсаулық сақтау жүйесі ретінде саналатын Испанияның медициналық қызметі БДҰ –ның рейтингінде үздік ондыққа кіреді. Испанияның медициналық қызмет көрсету саласы «көп нұсқалы» болып келеді. Бұл елдің Ұлттық днесаулық сақтау жүйесі халықты түгелдей қамтиды және медицианлық қызметке тең деңгейде қолжетімділік принціпіне негізделген. Денсаулық сақтау саласы салықтың арқасында қаржыландырылады. Қазіргі кезде халықтың 93,9% тегін медицианылқ көмек алуына құқылы. Испанияның мемлекеттік медициналық мекемелерінде емделу тегін. Дегенмен, емделуші ішетін дәрілер бағасының 40% төлеуге міндетті. Бірақ қазіргі уақытта зейнеткерлер мен жұмыссыздарға дәрілер тегін жіберіледі. Сонымен қатар Испания үкіметі алкоголь мен темекіге төленетін салықты көбейту арқылы денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражатты арттырды. Испанияда жедел жәрдем қызметі өте жақсы дамыған. Әр бір мемлекеттік медициналық мекемеде міндетті түрде жедел жәрдем қызметі жұмыс істейді. Әр әкімшілік округте білікті мамандар жұмыс істейтін, жоғары сапалы жабдықталған мемлекеттік медициналық мекеме болуға тиіс. Сонымен қатар өзге де европа елдеріндегідей Испанияда да сақтандыру жүйесі жақсы дамыған. Көптеген медициналық сақтандыру компаниялары бар. Компаниялар сан түрлі медициналық сақтандыруды ұсынады. Жеке сақтандырудан бастап, отбасылық сақтандыруға дейін бар.

Канаданың денсаулық сақтау жүйесі» үкіметі мақтан тұтатын  салалардың бірі. Медициналық қызмет көрсету Medicare деп аталатын денсаулық сақтау бағдарламасымен жұмыс істейді. Бұл бағдарлама бойынша медицианлық қызмет көрсету жергілікті басқару, федаралды басқару органдары арқылы үкімет белгілейтін ортақ принциппен жүзеге асырылады. Қаржыландыру да жергілікті округтің бюджетінен жүргізіледі. Канада десаулық сақтау саласы алғашқы емдеу, яғни, терапевттік жүйесіне негізделеді. Терапевттердің жұмысына ерекше көңіл аударылады. Канадада медициналық қызмет көрсету тегін. Америкамен салыстырғанда Канадада медициналық қызмет қолжетімді.

Ал Европаның саяси  тұрақты елдерінің бірі әрдайым сапалы медициналық қызметпен ерекшеленген. Бұл « Швейцария. Швейцария денсаулық сақтау жүйесінің негізі « міндетті медициналық сақтандыру. Аты айтып тұрғандай, медициналық сақтандыруды барлық азаматтар жасауға міндетті. Бұл жерде медициналық сақтандырудың тек жеке түрі ғана бар. Бірақ бұл мемлекетке де, азамат-тарға да өте тиімді. Ал медицина Швейцарияда өте қымбат. Мысалы дәрігерге жай қаралу 200 доллар тұрса, толықтай диагностикалық тексеруден өту 2000 доллар шамасында болады. Швейцария нейрохирургия, кардиохирургия , онкология және пластикалық хирургиядан алғашқы қатардан көрінеді. Сонымен қатар Швейцария дәрі шығарудан да әлемдік көшбасшыладың бірі.»[15].

Бүкіләлемдегіеңүздік Денсаулық сақтаужүйесімен ерекшеленетін мемлекеттер туралы ақпарат болады. Әрбір елдің денсаулық  сақтау саласында өзіне тән ерекшеліктері бар.. Отандық денсаулық сақтау жүйесінде соңғы жылдары көптеген реформалар жасалып, түрлі бағдарламалар қабылданды, қаржыландыру да жақсарады. Денсаулық сақтау саласындағы кемшіліктерді жою арқылы болашақ ұрпаққа жарқын өмір сыйлайтынымызға сенейік. «Дәрігерге сау болып кіріп, ауру болып шықтым» деп, дәрігер емдеудің орнына керісінше боламайтынына қашан сенімді боламыз? Біздің Денсаулық сақтау саласында «Бірыңғай Ұлттық Денсаулық сақтау жүйесі» бар, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бар. Бүгін, ертен жағдайдың жақсаратынына сенейік. Астана бір күнде салынған жоқ. Әр бір істің сәтті аяқталуына уақыт керек.   «Алайда  солкездеақ бұл тәжірибеміз  аяқсыз қалған еді. Енді міндетті  медициналық сақтандыру мәселесі  тағы да көтерілді.Жуырда ғана осы саланың мамандары елімізде  міндетті медициналық сақтандыру  бағдарламасын талқылауға сақтандыру  компаниялары қатысуы керек деген  пікірін алға тартты.

 Бірқатар дамыған мемлекеттерде сақтан­дыру медицинасы өз жұмысын сәтті жүргізіп келеді. Мәселен, Ұлыбританияда міндетті медициналық сақтандыруға азаматтардың төлеген салығынан ақша бөлінсе, Германия, Франция сияқты елдерде әлеуметтік салым салынады. Ал өзге мемлекеттерде жұмыс беруші өз қызметкері үшін медициналық сақтандыруға ақша құяды. АҚШ-та медициналық сақтан­дыруға ақша бө­лу — әр азаматтың өз құзырын­дағы мәселе. Дегенмен полиссіз дәрігердің көмегіне жүгіну қиын. Сол себепті де сақтандыру мәселесі АҚШ-та алғашқы орынға қойылған. Ал біздің елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі арагідік тал­қы­ға түсіп келеді. Бұған дейін ел аумағындаөз қалауымен медициналық  сақтан­ды­рудан өтушілер ғана болған. Яки шетелдік ком­па­ния­ның талабы бойынша, қызметкер медициналық  сақ­тандыруға тіркеледі. Әйткенмен, өз еркімен денсаулығын сақтандыру­ға шетелдік компания болмаса, жер­гілікті компаниялар һәм жұмыс бе­рушілер мүдделі емес. «Архимедес Қа­зақ­стан» медициналық сақтандыру компаниясының мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы сақтандыру компанияларының сыйақы мөлшерлемесі83,6миллион долларды құраса, төлем құны 61 мың миллион долларға  теңестірілген. Ал медициналық көмекке ел халқы өткен жылы 2,8 миллиард доллар жұмсаған. Соңғы жылда өз еркімен медициналық сақтандыруға тіркелу жүйесі қарқын алды. Бір жыл ішінде бұл нарық 36 пайызға ұлғайған»[16].

Қазақстанның медициналық  көмек көрсетуі тегін екені баршаға аян болатын шығар. Мемлекет бюджет қаржысы есебінен әрбір азаматқа аккредитациядан өткен, яки мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінде кепілдендірілген медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық көмекке жұмсалатын мемлекеттік шығын көлемі жалпы ішкі өнімнің үш пайызын құрап отырады. Әйтсе де, ел аумағында әрқилы қызметін ұсынатын жекеменшік медициналық мекемелер жетерлік болар. Мойындау керек, науқастар мемлекетке қарасты емханадан гөрі, жекеменшік медициналық мекеменің табалдырығын тоз­дырады. Себебі жекеменшік меке­менің қыз­мет көрсету сапасы әлдеқайда жоғары әрі сергелдеңі де аз. Сондықтан да сақтандыру саласының мамандары елімізде міндетті медициналық сақ­тандыру жүйесін енгізу қажет деп санайды. «Осылайша денсаулық сақтау мекемелерінің қызмет көрсету сапасы артып, халыққа әрбір медициналық көмек қолжетімді болады һәм әр адам өз денсаулығына мұқият мән береді» дейді мамандар.

«Соңғысын, яки еліміздегі әрбір аза­­маттың өз денсаулығына жауапкер­шілікпен қарауы үшін денсаулық сақтау жүйесін дамыту қажеттігін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та биылғы халық­қа Жолдауында тілге тиек еткен болатын»[17]. Бірақ міндетті медициналық сақтандыру енгізуге мемлекет асығар емес. Мамандар алдағы бір-екі жылдың ішінде бұл мәселе оңтайлы шеші­мін табады деген сенімде. «БТА Сақтандыру компаниясының» басқарма төрағасы Сергей Лаврентьев міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілсе, медициналық қызмет көр­сетілетін тұтынушылар саны көбейіп, сапа арта түседі деген сенімде. «2010 жылы денсаулық сақтау саласына жалпы ішкі өнімнің 4 пайызы бөлінді. Бұл аз қаржы емес. Бұған дейін тек 2,3 пайыз ғана бөлінетін. Ал 4 пайыздық көрсеткіш біздің еліміз үшін көп қаражат. Егер сақтандыру компаниялары да өсе бастаса, бұл қаражат көлемі артып, қызмет көрсету сапасы да жоғарылай түседі» дейді ол»[18].

Міндетті медициналық  сақтандыру жүйесін енгізу қажет-ақ болашақта. Біріншіден, Қазақстанда медициналық көмек көрсету нарығы әлдеқа­шан дамыған. Оның үстіне, елімізде тегін медидциналық қызмет көрсету жүйесі қол­да­­ныс­та болғанымен кейбір қызмет түрі ақылы болары сөзсіз. Халықтың өз денсаулығына мән беріп, мемлекетке иек артпай, өзіне қажетті дәрі-дәрмегіне ақша жинауы керек. Сонда ғана сапалы қызмет көрсетіліп, ел ішінде түрлі дертке шалдығатындардың саны азаяр ма еді…

«Мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшыға қойылатын талап: Үш тараптың да медициналық сақтандыруды қаржыландыруда жауапкершілігі жоғары болу керек. Мемлекет азаматтардың денсаулығын сақтау туралы конституциялық құқықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды, яғни медициналық білім мен ғылымды дамытуы қажет. Ал жұмыс беруші өзінің қоластындағы жұмышылары үшін ӘМСҚ-на жарна төлеп, өз еркітерімен медициналық сақтандыруға қатысулары қажет. Жұмысшы болса міндетті медициналық сақтандыру жұмыстарына қатысуды өзінің жауапкершілігіне алып, ауруды басқару бағдарламаларына араласады.

Сақтандыру бойынша қазақстандықтарға медициналық қызмет пакетінің базалық және сақтандыру түрлері ұсынылады. Базалық сақтандыру бәріне қолжетімді. Мұнда жедел жәрдем, санитарлық авиация, кездейсоқ әлеуметтік маңызы бар ауруға тап болған жағдайдағы әлеуметтік көмек және профилактикалық екпе қызметтері ұсынылады.Ал сақтандыру пакеті жаңадан құрылған медициналық сақтандыру қорынан берілетін болады. Оның қызметіне амбулаторлық емхана көмегі, стационарлық көмек, медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі, жоғары технологиялық көмек кіреді.Медициналық сақтандырудың пайдасыМедициналық сақтандыру арқылы қазақстандық кез келген медициналық ұйымды таңдай алады. Осы арқылы жеке медициналық орталықтр арасында немесе мемлекеттік медициналық қызмет көрсету орталықтарында бәсекелестік пайда болады. Қызмет көрсету сапасы жақсарады. Қалтадан шығатын шығын көлемі де азаяды. Мысалы 80 мың теңге алатын тұлға ӘМСҚ-ға ай сайын 1600 немесе жылына 19200 теңге төлеп, сақтандыруды алып, жеке клиникалардың қызметін пайдалана алады. Ал көрсетілген медициналық қызметке бөлінеді»[19]. Медициналық сақтандыру бойынша барлық жағдайда да дұрыс орындалады деген жағдайлар болуы мүмкін емесі рас.Әртүрлі жағдаяттарда задап шегушілердің жағдаяттары қарастырылады.

«Сақтандыру полисінде  зардап шегуші қандай оқиғаларда ем алу  шығындары төленетіні, қандай оқиғалар сақтандыруға жатпайтындығы және қай  кезде турист өз шығындарын көтеретіні көрсетілуі тиіс. Сақтандыру полисі кенеттен болған ауру немесе қауіпті жағдайлардан туристің науқастануына байланысты емдік көмек алуын қарастырады. Ұзақ өмір бойы ауырып келе жатқан аурулары бар адамдар сақтандыру компаниясының есебінен ем ала алмайды. Олар саяхат алдында өздерін емдейтін дәрігеріне міндетті түрде қаралуы керек. Саяхат кезінде дәрігердің барлық ұсыныстарын орындап, ұсынылған диетанықатаң түрде сақтау қажет (әсіресе, тағамдары «өзгеше» болып келетін елдерде). Ұстамалы және рецептивті аурулар кезінде әрине алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі, бірақ ары қарайғы туристің ем алуы өз есебінен болады. Сақтандыру компаниясы саяхатшының ішімдік ішкен немесе есірткі шеккен кезінде алған зақым, жарақаттары үшін шығындарын төлемейді. Сақтандыру полисі бойынша  төленьейтін аурулар қатарына әртүрлі  жұқпалы аурулар жатады. Кейбір жағдайларда, бір жағынан сақтандыруға жататын, мысалы, кенеттен тістің ауруы сақтандыру полисінің шегінде төленбеуі де мүмкін. Егер турист өзінің тісі ауыратынын білсе, онда тіс ауруы кезінде шығындары өтелуі қарастырылған бағдарламасы бар полисін қымбатырақ болса да алғаны ұтымды болады. Бұндай жағдайда сақтандыру компаниясы клиентке тісінің ем алу шығындарын төлеп беруге міндетті болады. Сақтандыру полисінде бұл бағдарлама қарастырылмаса, тісті емдету едәуір қымбатқа түседі.

 Емдік қызметтің сапасы, тегін  көмек алу процесі тікелей  ассистанспен байланысты. Медициналық  мекеме мен сақтандыру компаниясының  ынтымақтаса жұмыс істейтін делдалмен  байланысты болады. Ассистанс қаншалықты ірі орнықты болса, соншалықты емнің сапасыоны тегін алу процедурасыжақсырақ болады. Көрсетілген дәрігерлік қызмет көрсетуде төлемнің 2 түрі бар. Бірінші тәсілінде төлемді сақтандыру компаниясы тікелей өзі жүзеге асырады, клиент тек дәрігер жазып берген дәрі-дәрмекті ғана сатып алады. Екінші тәсілінде медициналық мекемелермен клиент өзі сол жерде төлем жасайды, ал сақтандыру компаниясы оған келген соң шығындарын чек немесе басқа да құжаттар арқылы қайтарып береді. Бірінші тәсіл айтарлықтай ыңғайлы болады» [20].

Медициналық сақтандыру жобасы бойынша қарапайым халықтың барлық құқықтары қорғалу бойынша Ата заңмен қадағаланады.«Денсаулық сақтау органдары  мен мекемелерiн медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс iстеуге ұйымшылдықпен  және кезең-кезеңiмен өтуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

  • Қазақстан  Республикасының Денсаулық сақтау  министрлiгi әзiрлеген медициналық сақтандыруды енгiзудiң осыған қосылған бағдарламасы мақұлдансын.
  • Қазақстан  Республикасының Денсаулық сақтау  министрлiгi:

Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң келiсуi бойынша республикада Медициналық сақтандыруды енгiзу бағдарламасын орындау жөнiндегi шаралардың жоспарын бiр ай мерзiмде әзiрлейтiн болсын;

Мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, медициналық сақтандыру жағдайында тиiстi мекемелердiң және азаматтардың  жұмысын реттейтiн құжаттарды, сондай-ақ  медициналық көмектiң медициналық-экономикалық стандарттарды және оған бақылау жасау өлшемдерiн әзiрлеп, бекiтсiн;

Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша сақтандыру медицинасы шарттарының негiзiнде жұмыс iстейтiн мекемелердi қаржыландыру тәртiбiн әзiрлеп бекiтсiн. Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi 1993 жылғы 15 желтоқсанға дейiн сақтандыру  медицинасы жағдайына кезең-кезеңiмен көшiрiлетiн аудандарды анықтап, оларда мiндеттi медициналық сақтандыру қорын құратын болсын.

Мыналар  бекiтiлсiн:

  • Мiндеттi медициналық сақтандыру кезiнде көрсетiлетiн медициналық жәрдемнiң кепiлдiктi мөлшерi туралы ереже (N 1 қосымша);
  • Емдеу-профилактикалық  мекемелердi тiркеу туралы ереже (N 2 қосымша);
  • Медициналық  сақтандыру мекемелерi туралы үлгi ереже (N3 қосымша);
  • Жұмыс iстемейтiн азаматтарда мiндеттi медициналық сақтандыру үлгi шартының нысаны (N4 қосымша);
  • Жұмыс iстейтiн азаматтарды мiндеттi медициналық сақтандыру үлгi шартының нысаны (N 5 қосымша);
  • Азаматтарды  ерiктi медициналық сақтандыру үлгi шартының нысаны (N 6 қосымша);
  • Азаматтарды  мiндеттi медициналық сақтандырудың сақтық полисiнiң нысаны (N 7 қосымша);
  • Медициналық  сақтандыру полисiн жүргiзу жөнiндегi нұсқау (N 8 қосымша);
  • Медициналық сақтандыру бойынша емдеупрофилактикалық  көмек  (медициналық қызмет) көрсетуге  арналған шарттың нысаны (N9 қосымша);
  • Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры туралы ереже (N10 қосымша);
  • Әскери қызметте  жүрген адамдарға, сондай-ақ олардың  отбасы
  • Мүшелерiне медициналық  сақтандыру жүйесiнде медициналық  көмек көрсету туралы ереже  (N 11 қосымша);
  • Түрмеде жазасын  өтеп жүрген немесе қамауда  отырған адамдарға медициналық сақтандыру жүйесiнде медициналық көмек көрсету туралы ереже (N 12 қосымша);
  • Азаматтарды медициналық сақтандыруға жарна төлеу тәртiбi  (N13 қосымша);
  • Мiндеттi медициналық сақтандырудың картасының нысаны  (N 14 қосымша);

Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 қарашадағы N 1174 қаулысымен  мақұлданған  Медициналық сақтандыруды енгiзу бағдарламасы .Негiзгi мақсаттары мен жетекшi бағыттары

Әлеуметтiк экономикалық түбегейлi өзгерiстер, нарықтық қатынастардың  интенсивтi дамуы республика халық  шаруашылығының бүкiл инфрақұрылымын  қамтып, әлеуметтiк аса маңызды  салалардың бiрi — денсаулық сақтау iсiнiң жайына да әсер етерi даусыз.

Қазiргi уақытта республика халқының денсаулық жағдайы алаң туғызып отыр; демографиялық көрсеткiштер нашарлап, бала тууы мен адам өмiрiнiң орташа ұзақтығы азаюда, халықтың табиғи өсу қарқыны бәсең, негiзiнен қатерлi iсiк, жүрек қан тамыры, нерв-жүйке, тыныс жолдары мен асқазан ауруларының көбеюi есебiнен балалар мен ересектер арасында науқастану соңғы жылдары 1,5 есе өстi.

Дүниеге  келген 1000 нәрестенiң 147-сi ауру болып туады. Сәбилердiң ауру болып тууының жалпы саны бiр жылда 47 мыңнан асып отыр.

Нәрестелердiң өлiмi азайғанмен, бұрынғысынша жоғары күйде қалып отыр.

Республикада  аналар өлiмi көбейiп отыр. Ересек адамдардың денсаулық ахуалы нашарлай түсуде, мұның өзi өмiрiнде алғаш рет сырқаттанушылардың тiркелуiнен көрiнiп отыр. Республика аймақтары бойынша ересектердiң науқастануы 12-24 процентке көбейдi. Жасөспiрiмдер арасында (11 процентке дейiн) науқастардың көбейiп отырғаны байқалуда. Жүйкенiң бұзылуы, қатерлi iсiк аурулары өсiп келедi. Термы жаханный шарлатана балластный туберкулезе парсы кресс марселец дурында.

Республикада  бардовый гепатит ауру нарыдай  жоғары, тыркаться да эпидемиология жаты кордельер болып қалуда, сарыппен (бруцеллез) ауыратындар саны 1,5 есе өстi, аурухана iшiнде жұқпалы аурулардың шығуы белең алуда. Күл (дифтерия) ауруымен ауыратындар 1,5 есе көбейдi, сал (полиомиелит) ауруының марселец күн тәртiбiнен түскен жоқ және бұл дерт жөнiндегi болжам да көңiл көншiтпейдi.

Оның бергi жағында денсаулық сақтау бюджетiнiң жаты да республика халқына көрсетiлетiн медициналық жәрдемнiң сапалық көлемiн толық қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi. Денсаулық сақтаудағы дағдарыстық жағдай денсаулық сақтауды коммерциялаудың басқаруға бой бермей етек алуынан асқына түсуде.

Қалыптасқан  жағдайда саланы реформалауды  және оны ұйымдастыру, басқару  мен қаржыландырудың жаңа принциптерiмен үйлестiргенде ғана денсаулық сақтау мекемелерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiне және халықтың барлық жiктерiнiң медициналық жәрдем алуына қол жеткiзуге болады.

Медициналық  сақтандыру бағдарламасы республикадағы  нақты экономикалық және әлеуметтiк  жағдайды кешендi тұрғыда бағалауға негiзделiп, медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнiң негiзгi қағидаларын ескере отырып жасалған»[21].Медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша ең маңызды жағдаят ол бюджет қаражатын тиімді пайдалану болатын.

«Бюджеттiк  ресурстарды ұтымды пайдаланып  және бюджеттен тыс ресурстарды тарту негiзiнде республика халқына медициналық жәрдем көрсетудiң кепiлдiк көлемiн сақтау, саланы басқарудың медициналық-экономикалық негiздерiн жасау.

Қәзiргiсiн  кезең-кезеңмен реформалау және медициналық құрылымда шаруашылық жүргiзумен оны ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгiзу.

Бюджет қаражатынан  және мiндеттi медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыратын түрлерi мен көлемдерiн белгiлей отырып, халықтың барлық жiктерiн медициналық көмекпен кепiлдi қамтамасыз ету басты бағыт болып табылады.

Бағдарламаның  екiншi бағыты ерiктi медициналық сақтандыру жүйесi мен медициналық коммерциялық құрылымдардың даму жолдарын айқындайды»[22].

Ерікті медициналық сақтандыру жүйесі мен медициналық коммерциялық құрылымдардың даму жолдары туралы үлкен басты жоба  «100 нақты қадам» бағдарламасында сүбелі орын алады.« Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары жаңа тарихи заманда дамыған отыз мемлекеттердің қатарына қосатын нақты жоспар. Бұл құжат елімізге «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыруға мүмкіндік береді және күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай жасайды. Бағдарламада айтылғандай, бұл жоспар «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қоя салмай, оларды «жүйелі емдеу» нәтижесінде қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негізделген.

Денсаулық сақтау саласында оң өзгерістерді енгізетін қадамдар Ұлт жоспарында айқындалған. Атап айтқанда: 80-қадамда – «Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу», 81-қадамда – «Жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу», 82-қадамда – «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссиянықұру».
Бүгінгі таңда «Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу туралы» жобасын жүзеге асырудың Жол картасы жасалып, бекітілді. Аталған құжат Қазақстанда енгізіліп отырған медициналық сақтандыру жүйесі үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде жасалған. Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін, жұмыс берушілер – жалдамалы жұмысшыларға төлейді, ал қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өз денсаулықтарын өздері сақтандырады. Сонымен қатар, мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы – 4, 2018 жылдан бастап – 5, 2023 жылдан – 6, 2024 жылдан 7 пайызға сатылай өсетін болады. Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5 пайызын құрайтын болады. Келесі жылдан бастап аударым – 2, 2018 жылы – 3, 2019 жылы – 4, 2020 жылы 5 пайыз көлемінде болмақ.

Қызметкерлер жарнасының мөлшерлемесі – кірістің 2 пайызы көлемінде. Олардың аударымы 2019 жылы – 1, 2020 жылдан бастап – 2 пайызды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) 2020 жылға қарай олардың кірісінің 7 пайызын құрайтын болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады. Оның 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, сонымен қатар, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмыскерлері.
Медициналық сақтандыруын тексеру үшін медициналық ұйым қызметкері емделушінің ЖСН нөмірін бірегей электрондық дерекқорға енгізу арқылы біле алады. Егер жарналары төленіп отырса, онда ол сақтандыру ұсынатын барлық қызметтерді қолдана алады. Жарнасы болмаса ол адамға медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көмек көрсетіліп, басқа шығындарды өз қаражатынан төлейді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, азаматтарға медициналық қызметтің 2 түрлі пакеті ұсынылады. Біріншісі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол – Қазақстанның барша азаматтары үшін қолжетімді. Пакеттің құрамына жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік мәні бар аурулар, сондай-ақ төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері кіреді. Екіншісі – жаңадан құрылатын медициналық сақтандыру қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Оған амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды есептемегенде), қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғары технологиялық көмек кіреді.

Сарапшылардың болжамы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізгеннен соң еліміздегі медициналық көмек көрсетудің деңгейі айтарлықтай өсетіні, сондай-ақ, дәрігерлердің жалақысын арттыру мүмкіндігі пайда болады. Ауруханалар жоғарғы санатты жабдықтар мен қымбат дәрі-дәрмектер ала алатын болады. Сондай-ақ бұл жүйе адамға тексеруден өтуіне, қажет болған жағдайда өз қаржысын жұмсамай ем алуына мүмкіндік бермек»[23].

Сонымен, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлеуді бастаймыз. Аталмыш жүйе елімізде кезең-кезеңімен жүзеге аспақ.  «Яғни, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, жарты жыл бойы төлеп келген жарнамызды кәдеге жарата бастаймыз.

«Қалалық №1 емхананың бөлім меңгерушісі Маржан Жабасованың айтуынша, міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру жүйесін енгізу – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспары аясында жүзеге асқан Үкіметтің алдына қойған тікелей міндеттерінің бірі. Бұл біздің еліміз үшін аса маңызды әлеуметтік реформа болмақ. Енді медициналық сақтандыру жүйесі бізге не береді деген мәселеге келсек, дәрігер Маржан Жабасова ол- біріншіден, тұрғындарды медициналық қызметке кететін елеулі шығындардан қаржылық тұрғыда қорғауға, жоғары сапа­лы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге, медициналық қызмет көрсету жүйесінің тиімділігі және қаржылық тұрақтылығының кепілін арттыруға мүмкіндік ту­дыратынын айтады. Өз кезегінде бұл медицина қызметінің тұрғындар үшін қол жетімділігін арттыруға оң ықпал етпекші. Жүйе сондай- ақ, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкерлердің ортақтаса атсалысуына негізделген.

Маманның  сөзінше, жаңа жүйе бойынша медициналық қызметтердің бірнеше түрі тегін болады. Атап айтқанда, мемлекет жедел жәрдем қызметін, санитарлық авиацияны, әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуді, төтенше жағдайда көмек көрсетуді және алдын алу шараларына қатысты екпелерді өз міндетіне алады.

Жүйе енгізілгеннен кейін еліміздің барлық тұрғыны – баладан бастап зейнеткерге дейін тегін медициналық көмек аясында барлық қажетті дәрігерлік көмекті  алады.

Жүйені енгізу кезеңдеріне келетін болсақ, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалардың аударымдары мен жарналарының қорға төлеу мерзімі басталады. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін жарналарды төлеуді бастайды. Осылайша, Қазақстан  Республикасының  азаматтары мен оралмандарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығы жүзеге асырылады,- дейді дәрігер.

Тағы бір айта кететіні, жаңа жүйе бойынша азаматтардың жеке шығындары да азаяды. Әдетте,  денсаулық сақтаудың жалпы шығындары бойынша елімізде 35 пайыздан жоғары болса, ал,  дүние  жүзі  елдерінде  20 пайыз деңгейінде екен. Осыған дейін көрініс алып келген дәрігерлерге «ризашылығын» білдіру үшін берілетін «бейресми төлемдер», медициналық көмекке өз қалтасынан төленетін қаражаттың кемитінін айта кеткен жөн.

Экономикалық белсенділігі төмен тұрғындар үшін жарнаны мемлекет төлесе, жалдамалы жұмыскерлер үшін олардың жұмыс берушілері төлейді. Салық төлеу органдарында тіркелген жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарна төлеуді өздері қамтамасыз етеді.
Жалпы, Ұлт денсаулығын сақтау – мемлекет назарындағы басты мәселелердің бірі. Сондықтан да, медицина саласындағы реформалар халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Болашақта әлеуметтік медициналық сақтандыру шаралары сәтті жүзеге асса, халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігі артып, аурулардың алдын алу мен күрделі ауруларды емдеу ісі одан әрі ілгерілей түспек. Біздің міндетіміз  –  сапалы да тиімді медициналық көмек көрсету арқылы емделушілердің сеніміне ие болуына қол жеткізу. Өйткені, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл мемлекеттің әлеуметтік мүдделерін қорғау саласындағы халықтың денсаулығын сақтау жүйесі,- дейді Маржан Жабасова»[24].

Міндетті медициналық сақтандыру туралы мемлекет басшысы Назарбаев Н. Депутаттарға тапсырма береді.«Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында медицина саласына баса көңіл бөлінген. Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, жекеменшік медицинаны дамыту және дәрігерлік қызмет сапасын арттыру мәселелері кеңінен қарастырылған. Отандастарымыздың әлеуметтік дамуына және әлеуметтік қорғалуына қатысты бұл қадамдардың берері мол».[25].

Республиканың     медициналық    сақтандыру    бағдарламасы     орташа  қуаты болып табылады және Қазақстандағы  экономикалық  реформалардың ең қиын өтпелi кезеңiне сақталады. Қазақстан  Республикасының Үкiметi республика  азаматтары алдындағы Қазақстан    Республикасының Конституциясында  көзделген денсаулық қорғау саласындағы өзiнiң әлеуметтiк мiндеттемелерiн толық  орындайды, халықтың барлық топтарына  медициналық  көмек  көрсетудiң  қол жеткен деңгейi мен сапасын сақтауға кепiлдiк бередi.

Бұл ретте үкiмет қабылдаған медициналық-әлеуметтiк бағдарламаларды орындау үшiн бюджеттiк қаражат бөлудi, ал медициналық мекемелер осы бағдарламаға сәйкес медициналық көмек көрсетудiң толық көлемiнде және сапалы болуын көздейдi. Сөйтiп, денсаулық сақтаудың қазiргi жүйесiнiң күйзелiске ұшырауына жол берiлмейдi.

Экстремальды медицина,шұғыл медициналық көмек, жұқпалы және бiрқатар басқа аурулар жөнiндегi бағдарламаларды бюджеттен қаржыландыру сақталады. Сондай-ақ мiндеттi медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының шеңберiнде еңбекке жарамсыз, жұмыс iстемейтiн адамдарға және бюджеттегi мекемелердiң қызметкерлерiне медициналық жәрдем көрсету бюджет есебiнен болып қала бередi. Жұмыс iстейтiн азаматтарға медициналық көмек беру iсi жұмыс берушiлердiң сақтандыру төлемдерi есебiнен қалыптасатын мiндеттi медициналық сақтандыру қорлары қаражатынан қаржыландырылатын болады. Дами бастаған ерiктi медициналық сақтандыру жүйесi қосымша медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыру iсiн өз мойнына алады. Бюджеттiк сақтандыру  медицинасы медициналық қызмет  көрсету нарқын ұйымдастырудың бәсекелестiк принциптерiн iске  асыруға мүмкiндiк туғызады, олай болмайынша қызмет көрсету сапасын арттыру мүмкiн емес.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бауыржан ӨТЕУЛИЕВ/ Міндетті медициналық сақтандыру — уақыт талабы//
  2. Ақтөбе облыстық саяси-қоғамдық газеті.-2016.-№1698.-22 маусым.Б.6 http://www.aktobegazeti.kz/
  3. Мұсаева А./Медициналық сақтандыру//Егемен Қазақстан:Жалпы ұлттық республикалық газет.-2016.-№138.-21 шілде.-Б.1,2
  4. Обязательное социальное медицинское страхование (ОСМС, ФОМС) вводится в Казахстане с 1 июля 2017 года//«Учет все для бухгалтера» сайты .https://uchet.kz
  5. ГүлфайрузТӨРЕМҰРАТОВА//Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халыққа не береді? //Мұнайлы Астана:республикалық саяси газеті.-2017 1 ақпан №258 http://www.m-astana.kz
  6. Паттеев Шәмшидин Әшенқожаұлы//Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі екінші рет енгізілмек//Түркістан халықаралық саяси апталық газеті: 2015 жыл 25 қараша: turkystan.kz/
  7. Қазақстан Республикасның статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтыstat.gov.kz
  8. Медициналық сақтандыру жүйесі қажет пе?//Қазақ Ұлттық медицина университетінің ресми сайты: https://kaznmu.kz
  9. Қазақстан Республикасы Президентәнәі 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдардаға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
  10. Страченко А./Качество медицинской помощи //Менеджер здравоохранения.-2013.-№4.-Б.51-53
  11. Жуманова Ф./Сами за себя в овете.Стоит ли внедрять в Казахстане обязательное медицинское страхование?//Вечерный Алматы:Общественно-политическая газет.-2015.-№120.-8 қазан Б.27
  12. Татибекова Б./Пути совершенствования системы социального страхования от потери работы//Труд в Казахстане-2016.-№1589.-Б.3
  13. Ә.Нысанбаев /«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы/– Алматы,2011ж- Б.236
  14. Мадина ОМАРҚҰЛОВА/Медициналық сақтандырудың артықшылығы мен кемшілігі//Жәрдем республикалық қоғамдық апталық газеті:№69 (28008) 2013 ж, 5-бет http://zhardem.kz/
  15. Медициналық сақтандыру жүйесі қажет пе?// Қазақ Ұлттық медицина университетінің ресми сайты: https://kaznmu.kz
  16. Әнуарбеков Ә/Қайта келген ескі шапан.Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі екінші рет енгізілмек//Түркістан: Халықаралық саяси апталық газеті-2015.- №45.-12 қараша.-Б.1,4. /turkystan.kz/
  17. Мәтібаева Э./Медициналық сақтандыру оның тиімділігі неде?/Егемен Қазақстан:Жалпы ұлттық республикалық газет-2016.-№130.-9 шілде.-Б.3.
  18. ҚР денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2010-2015 жж арналған Мемлекеттік Бағдарламасы/ҚР Президентінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 жарлығы
  19. Артымович Л/ Идем на поправку.с 2017 года в Казахстане будет внедрена система социального медицинского страхования/Общественно-политическая газета-2015.-№142.-4 августа. С.6
  20. Маржан Нүсіпбек/ Міндетті әлеуметтік сақтандыру//Жеті күн журналы-2016.-№158.-6 маусым.Б.2 .http://7kun.kz
  21. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,//Әлеуметтік медициналық сақтандыру көкжиегі//2015 жыл 24 желтоқсан// Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау сайтынан rcrz.kz
  22. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ http://adilet.zan.kz/
  23. Оналбаева Ләйлә Ескендірқызы /Медициналық сақтандыру туралы 100 сұрақ-жауап//Кербұлақ жұлдызы аудандық апталық газеті №10(3862) 10.03.2017 жыл
  24. Шолпан Иманбекова Тараз қалалық  №5 емханасының бас дәрігерінің сөзінен //Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру// http://densaulyk.zhambyl.kz/
  25. Жансерикова Ж/Медициналық сақтандыру заңы күшіне енді//„Мұнайлы Астана„республикалық қоғамдық саяси газеті.-2017 жыл 18 қаңтар №121
  26. http://www.m-astana.kz
  27. Дәуіржан Төлебаев//Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «100 нақты қадам» Ұлт жоспары//http://anatili.kazgazeta.kz/

Құрастырғандар: Малкаждар Ш., Сағатбекұлы Д.

 

Яндекс.Метрика