ЕЛІМІЗДЕГІ БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Мазмұны
Кіріспе
Еліміздегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіпкерлікті тұрақты дамыту үлгісін қалыптастыру жөніндегі Мемлекет басшысының негізгі ойын жүйелі іске асыруда. Еліміз үшін сындарлы кезеңдерде мемлекетімізде қабылданған батыл шаралар аз уақыт ішінде орнықты отандық кәсіпкерлер буынын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қоғамда, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа өзгертулер жүргізуге бағытталған, және де экономиканың сапалы құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың кезекті дәуірі болып табылады.
Елбасы өткізген “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі” атты алғашқы форумнан кейінгі ой:
“Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі” деген ұғым әлемдік тәжірибеде өткен ғасырдың басында қалыптасып, өркениетті елдерде уақыт талабына сай тұрақты дамып келе жатқан үрдіс. Қазақстанда бизнестің қарапайым халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі туралы идеяны алғаш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерді. Президент еліміздің бизнес өкілдерімен өтетін үлкенді-кішілі басқосулардың бәрінде дерлік, біз сіздердің бай-қуатты болуларыңызға барынша жағдай жасадық, жылдар бойы сіздердің компанияларыңыздың көтерілуіне жан-жақты көмек көрсеттік. Енді сіздер халыққа қарай бет бұруларыңыз керек. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарса, бизнестің болашағы да көркейеді, деген пікірді үнемі кәсіпкерлердің санасына сіңіріп келеді.
Қазақстанда бизнесті қолдауға қатысты мемлекет тарапынан қомақты қаржы ресурстары бөлінетінін білеміз. Бірақ елімізде шағын және орта бизнес соншалықты дамып кеткенін көріп отырған жоқпыз.Бизнесті қаржылай қолдау қажет. Бірақ кез-келген компания белгілі уақыттан соң аяққа тұрып, отандық экономиканы алға сүйрейтін күшке айналуы тиіс. Бұл – дамудың заңдылығы. Өкінішке қарай, біздің отандық компаниялардың ұзақ уақыттан кейін «есейіп кеткенін» байқамадық. Биыл Қазақстанның тәуелсіздікке ие болып, нарықтық экономикаға көшкеніне 26 жыл. Осы уақыт аралығында елімізде заманауи бизнес талаптарына жауап беретін, экономикалық интеграцияға бейім бизнес құрылымдар қалыптасты деп кесіп айта алмаймыз.Еліміздегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесінің қолданысқа енгізілуін шетелдегі кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін тәжірибеде қолдану және өзге елдердегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі даму тенденцияларына талдау жасаудан бастауға болады.Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Үкімет тарапынан бизнес-ортаны жақсартуға бағытталған шаралар, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілікті жақсарту бойынша кәсіпкерлердің тарапынан да әрекеттер қажет.
Қазіргі таңда ғылымсыз, оның жетістіктерін жаңа прогрессивті технологиялар түрінде, техникалық шешімдер, инновациялық материалдар және өнімдер түрінде қолданбастан экономиканың сапасының ғана емес, саны жағынан да көтерілуі және халықтың дәулеттің артуы мүмкін емес. Өркениет дамуының замануи кезеңі экономикалық парадигмалардың, технологиялық құрылыстың ауысуымен сипатталады. Ғылым өндірістік күшпен алға қарай басатын өндірістің анықтаушы факторына айналады.
«Тәжірибе жүзінде ғылыми саясатты дамыту, реттеудің бірнеше шаралары мен механизмдерін жасау, ғылыми секторға қолдау көрсету, ынталандыру бойынша және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒТҚН) коммерциялаудың арнайы қаржылық жолдарын енгізу бойынша қолға алынған жұмыстарға қарамастан Қазақстан экономикасының инновациялық даму деңгейі, оның ғылымды қажет ететін салалары төмен болып отыр. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне (ДЭФ ЖБИ) сәйкес, Қазақстан «Инновация» факторы бойынша 85-ші орында тұр. Ал «Технологиялық дайындық» факторы бойынша 61-ші орынды иеленген. Инновациялық белсенді мекемелердің үлесі 8%-дан аспайды.»
Мәселенің «тамыры», оның ішінде отандық бизнестегі, нақты сектордағы субъектілерге сондай-ақ, қаржылық институттарға – банктерге, инвестициялық компанияларға және қорларға қатысты болып тұр. Олардың өндіріске инновацияны енгізуге және ғылыми-техникалық жобаларға түзетуге әзірше нақты шығын шығармай отыр. Себебі, бұдан ешқандай пайда көріп тұрған жоқ, яғни қосымша табыстың немесе кэштің кірісі жоқ. ҒТҚН технологиялық жүзеге асыруды ескермегеннің өзінде, маркетингтік талдау жасаудың қиын болып тұр.[1]
Оған объективті және субъективті бірнеше себептер бар. Біріншісі және ең негізгісі – біздің бизнес технологиялық модернизация жолына ерте шыққан дамыған және дамушы Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне қарағанда әлі де жас. Басында қазақстандық бизнес басқалары сияқты бастапқы капиталды қалыптастыру үшін жылдам әрі шығыны аз «сатып алу-сату» формасы мен қалыптасты. Артынан ірі шет елдік компаниялардың белсенді араласуы мен отын-энергетикалық ресурстарды алу және жүзеге асыру саласындағы және осыған байланысты қызмет көрсету, қызмет ету бағытындағы бизнес қосылды. Қазақстанның дәстүрлі мамандандыру салалары – металлургия және ауылшаруашылығы да көтеріле бастады.
Біртіндеп ауылшаруашылық өнімді қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі, машина жасау, химия және мұнай-химиялық салалары сияқты басқа да салалар көтеріліп, дами түсті. Олардың барлығын бір ғана технологиялықтың, күрделіліктің, инновациялықтың, бәсекеге қабілеттіліктің деңгейінің төмендігі біріктіреді. Дәл осы жерде ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін пайдалану көмектесетіні анық. Бірақ, біріншіден, кәсіпкерлер мен бизнесмендер өз қызметтері бойынша отандық зерттеулердің бар екенінен хабарсыз. Екіншіден, қазақстандық ғалымдардың инновациялары және ғылыми-техникалық шешімдері өндірушілердің күткеніндей болып шықпайды. Олардың техникалық-технологиялық сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетсіз, көбінесе шетелдік иновациялар мен және ғылыми зерттемелері мен тәжірибе жүзінде танысу мүмкіндігінің жоқтығынан, өзінің салалық мамандануы бойынша әлемдік трендтерден қалып қойған.[2]
Сондықтан да бизнес тәуекелге бара алмайды. Оның батыс және оңтүстік-шығыс елдеріндегідей (азияның «жолбарыстары» мен «айдаһарлары») ҒТҚН күш салатын өмірлік қажеттілігі мен сұраныстары жоқ. Жеңілдеу табыс көздері арқылыпайда табу «терезелері» әлі де толығы мен жабылған жоқ. Ұзақ уақыт бойы тәрбиеленіп, қалыптасатын инновацияларға деген қызығушылық пен «талғам» да белгілі бір мәдениет те жоқ.
ҒТҚН коммерцияландыру процесін тездету үшін біздің елімізде бірнеше қадамдарды қолдану қажет. Ғылыми-техникалық жетістіктер мен инновацияларды коммерцияландырудың алгоритмі жасалып, мемлекеттік қолдаудың тікелей және жанама әдістері анықталып, мемлекет, бизнес, ғылым мен білім, даму институттарының бір-бірімен де өзара әрекеттесуінің нақты механизмдері болуы тиіс.[3]
Ең алдымен, ғылыми сала мен бизнес-секторы арасындағы түсініспеушіліктен арылу үшін түйісу нүктесін табу қажет. Бизнес пен ғылым маңызды технологиялық мәселелер шешімін табуда көзқарастары бір жерден шығып, бір арнада болуы үшін бір-бірін «ести білуі» және түсінуі керек.
Бір жағынан, ғалымдардың өздерінің де ҒТҚН жасап, шаруашылық тәжірибеге енгізуге байланысты болжалды қаржылық бағыттарымен ұсыныстары бар. Екінші жағынан, бизнес инновациядағы өз талаптарын ашық көрсетіп, «мәселе бағасын» көрсете отырып, басымдығы бойынша салалардың техникалық-технологиялық ішкі талаптарын қалыптастыруы қажет.
Мемлекет өзінің салалық бөлімшелері және даму институттары атынан немесе квазимемлекеттік құрылымдары – ұлттық компаниялары арқылы осы екі портфельдің түйісуінен кейін жұптарды (бизнес-ғылым) табуға және серіктестер пулын (ғылыми бөлімшелер/зерттемелер авторлары; бизнес құрылымдар – ҒТҚН тұтынушы; бизнес құрылым – ҒТҚН өндіруші)табуға дүниежүзілік қолдау көрсетуі тиіс.
Сонымен бірге мекемелерде тәжірибе жүзінде іске асырылған ҒТҚН және ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыратын инвесторлар үшін несие беруге ұқсас белгілі бір мемлекеттік кепілдік беру мехнаизмдерін немесе сақтандыру және қауіптен хеджерлеудің басқа тәсілдерін қарастырғаны дұрыс.
Технологияларды және инновацияларды коммерцияландырудың барлық түрінің процесіне қатысушы инвесторларға бизнестерін жүргізу үшін салықтан босату, өндірісін жетілдіру немесе кеңейтуге несие алу барысында проценттік көрсеткішін азайту сияқты нақты қандай да бір жеңілдіктер жасалуы тиіс.
Коммерциялау процесіне ең алдымен квазимемлекеттік құрылымдар және вертикальді-біріктірілген холдингтер, сондай-ақ өзінің салалық секторларының жүйесін жасаушы кәсіпорындар мен ұйымдар отандық ғылыми және ғылыми-техникалық зерттемелерге мемлекеттік тапсырыс беру арқылы бастама жасауы тиіс.
ҒТҚН қаржыландыруға жер қойнауын пайдаланушы мекемелер қаржысының 1%-н таңдау механизмі ықпалды аспап болуы керек. Бұл жерде осы қаржының ғылыми секторды қолдау атын өтірік жамылып жүрген құрылымдарға емес, тиісті жерге – отандық зерттемелерді коммерциялауға жұмсалуын бақылауға алу қажет.
Материалдық ынталандырудан бөлек, жетекшілік және демеушілік институттарын дамыту қажет. Бизнес өкілдеріне «Үздік инвестор-жетекшіге/демеушіге» деген ғылыми-техникалық зерттемелерді коммерциялағаны, демеушілік көрсеткені, ұйымдастырғаны және кеңес бергені үшін жеке тұлғаларға және компанияларға аталымын ұйымдастыру керек.[4]
Ғылым экономиканың барлық салаларының әлемдік даму трендінен қалыспауы тиіс. Ол үшін отандық ғалымдар, зерттеушілер, өнертапқыштар шетелдік ғылымның соңғы жаңалықтарынан хабардар болып, дамыған елдердегі технологиялық форсайттар саласындағы зерттеулермен, инновацияға деген бизнес талаптарымен және оның әлемдегі тәжірибеге енгізілуімен танысып отыруы қажет. Біздің елде және шет елдегі маңызды және үлкен сұранысқа ие ғылыми-техникалық жобалар, технологиялық форсайттар нәтижесі туралы ақпараттар салынатын ақпараттық-талдамалы платформаларды (интернет-порталдар) құру қажет.
Экономикадағы және бюджеттік үнемдеудегі дағларысқа қарамастан, ғылым дұрыс қаржыландырылуы тиіс (жеткілікті көлемде әрі уақытылы, жылдық күнтізбенің 3-4-ші айларында емес, бірінші айынан бастап). Қаржыландыру отандық бизнеске қажетті деген қолданбалы ғылым бағыттарына үлкен көлемде бөлінуі тиіс.
«ҰҒТАО» АҚ-нда ақпараттық негізі инновациялар мен патенттердің деректер қоры (ИПД) болып табылатын «Ғылыми-зияткерлік қызмет нәтижелерінің картасы» интерактивті порталы құрылып жатыр. ИПД ақпараттық ауқымы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, сонымен қатар олардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық әсерін анықтау нәтижесінде алынған патенттік қабілеттілік көрсеткіштері, өнертапқыштық ойдың бар болуы, қорғау құжаттарының саны бойынша ҰҒТАО тіркелген ҒЗТКЖ туралы есептерді жүйелендіру және талдау жасау негізінде қалыптастырылды.
ҒЗҚНК ИПД логикалық жалғасы болып табылады және өзектілігін, нарықтық әлеуетін, коммерциялық тартымдылығын патент қабілеттілігін (әр жоба – патент немесе қорғау құжаттарының басқа түрі 3 қоржыннан тұрады – инфестициялық паспорт, зияткерлік меншік нысаны және шұғыл маркетингтік шолу туралы мәліметтер) бағалай отырып, орындаушы- ұйымдардың ғылыми зияткерлік қызметінің активтер қоржынын ұсынады.
ҒЗҚНК ерекшелігі – жылдам іздеу мен қолайлы навигация. ҒЗҚНК арқылы инновациялардың бірегей деректер қорына эксклюзивті тікелей қол жетімділік жүзеге асырылатын болады. Жобалар туралы ақпарат аймақтық және салалық белгілері бойынша топтастырылады.[5]
Коммерциялық тартымдылықты, нарықтық әлеуетті алғашқы жылдам-бағалау «Инновациялық технологиялар паркі» Инновациялық кластерді басқару органы ретінде АКҚ қызмет атқаруы үшін маңызды, әрі өзекті мүмкіндіктер мен тиімді инвестициялар туралы шешімдер қабылдау процессін айтарлықтай жылдамдатады және жеңілдетеді.
АКҚ және Инновациялық кластердің басқада қатысушылары үшін пайда төмендегідей болып табылады:
– Қарапайым, әрі қолайлы навигациямен, сараптамалық сүйемелдеумен салалық және аймақтық тиістілік бойынша топтастырылған отандық инновацияларға on-line режимде қол жетімділіктің бір орталықта шоғырлануы;
– Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелері (ҒТҚН) туралы ақпаратты өздігінен жинауды және өндеуді жүзеге асыру қажеттілігінің болмауы;
– Қосымша іргелі талдау жүргізуді қаржыландыру және/немесе мақсаттылығы туралы шешімдер қабылдауды жеңілдету және жылдамдату үшін патенттік қызметтілігін, инновациялардың экономикалық, маркетингтік және коммерциялық аспектілерін алдын-ала бағалаудың бар болуы;
– ҒЗИ және ЖОО, ғалымдар мен зерттеушілердің қамтылу ауқымы тек Алматы шеңберінде емес, сонымен қатар барлық Қазақстан болып табылады.
– Бизнесті әртараптандыру мақсатында экономикалық қызметтің қызықтыратын саласында келешегі бар, әрі коммерциялық тартымды инновациялық шешімдерді, сонымен қатар ҒЗТКЖ қаржыландыру құралы ретінде жер қойнауын пайдаланушылардың ЖЖТ 1% -ын таңдау мүмкіндігі;
– Отандық компаниялардың бәсекеге қабілеттігін дамыту және арттыру үшін инновацияларды жайғастыру;
– ҒТҚН коммерциализациялауға мониторинг жасау.
ҒЗҚНК аясында «Ақылды индустрия», «Ақылды орта», «Таза және жасыл технология», «Е-коммерция және медиа» АКҚ негізгі бағыттары және платформалары бойынша, сонымен қатар акселерация бағдарламасы, инкубация, стартап бағдарламасы бойынша АКҚ этаптарында топтастырумен Алматы қ. Ғылыми-техникалық жобалардың ұсыныстығына арналған арнайы қосымша («терезе») құрылуы мүмкін. [6]
«Ғылым және бизнес: инновациялық көпір» диалогтік алаңы негізі болып табылатын «S2B» (science to business) форматындағы коммуникативтік шаралар жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша тиісті ортақтастық қалыптастыру және ынтымақтастықтың нақты жолдарын, формаларын және әдістерін талқылау үшін ғылыми-зерттеу, бизнес, қаржы институттарының және венчурлық қорлардың өкілдері кездесетін ғалымдар мен инвесторлардың жүйелі диалогына арналған ұйымдастырушылық платформа ретінде қызмет атқарады. Диалогтік алаңда кәсіпкерлік және инвестициялық құрылымдар тарапынан кейінгі қаржыландыру және материалдық-техникалық қолдау көрсету үшін бизнестің өзекті технологиялық мәселелерін шешетін ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды анықтау және іріктеу жүргізіледі.
Орталықта ағымдағы жарты жыл ішінде жалпы сомасы 56 млрд теңгеден аса қаржыландыруды талап ететін 50 астам ғылыми-техникалық жобалар ұсынылған 3 диалогтік алаң (ДА) өтті.
Болжамдалған ақпараттық-сараптамалық және коммуникативтік құралдары бойынша қаржыландырудың орташа жылдық көлемі ҒЗҚНК жобасымен айналысатын қызметкерлерінің еңбекақысын және диалогтік алаңдарды өткізуге арналған шығындарды төлеу қорынан тұратын 38 милн. теңгені құрайды.
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық дамуы экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін қазіргі кездегі 25,6% дан 50%-ға жеткізуді көздейді. Осыған байланысты, ҚР Үкіметімен бизнес-климатты жақсарту және отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізіліп отыр. Өйткені, кез-келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта бизнес.
Кәсіпкерлік дегеніміз — бұл өзінде үнемі түрдегі тәуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сәйкес келтіріліп отыратын экономикалық қызмет. Бизнестің отаны ретінде АҚШ елін қарастырады. Өйткені бұл елдің кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі анағұрлым мол, екіншіден, ел үкіметі де кәсіпкерліктің дамуына ерекше көңіл бөледі.
Қазақстанда шағын және орта бизнестің қалыптасып дамуы 4 кезеңнен өтті:
- Тәуелсіздікке дейінгі шағын бизнес (1986-1990 жж);
- Нарықтық экономикаға көшудің ерте кезеңіндегі шағын бизнес (1991-1996 жж);
- Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңіндегі шағын бизнес (1997-2000 жж);
- Шағын бизнестің қазіргі заманғы даму кезеңі.[7]
Алғашқы үш кезең Қазақстанның тәуелсіздік алуымен, нарықтық қатынастырдың дамуымен және республикада меншіктің жаңа нысандарының пайда болуымен байланысты. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың нормативті-заңды және институционалды негіздері біртіндеп қалыптасты.
2001 жылдан бастап Қазақстанда шағын бизнестің қазіргі заманғы даму кезеңі жеке кәсіпкерлік саласында қызметті реттеуге бағытталған бірқатар кешенді шаралар енгізумен сипатталады.
Қазақстан Республикасының экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі халықаралық салыстырымда салыстырмалы төмен болып келеді, 2012 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 20,4% құрады. Салыстыру үшін Алманияда ЖІӨ-дегі ШОБ –тің үлесі 57%, Италияда – 55%, АҚШ пен Ұлыбританияда – 52% құрайды. Шағын және орта бизнестегі жұмысбастылық үлесі бойынша Италия және Алмания — сәйкесінше 71 және 70% алдыңғы орында, бұл көрсеткіш Қазақстанда 22,5% құрайды. Шағын және орта бизнестің өнімділігі АҚШ-та жоғары деңгейде, Қазақстанда ШОБ-тің жалпы өнімділіктегі үлесі 22,9% құрайды[8].
Жалпы жылдар бойынша салыстырғанда Қазақстанда жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесінің жоғарылауы байқалады. Шағын бизнес саласындағы Қазақстанның арнайы бағдарламалары елдің экономикалық өсуімен парапар келеді. Бұл белгілі бір дәрежеде елде жүргізіліп отырған шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігімен де түсіндіріледі.
КӘСІПКЕР КЕЛБЕТІ
Қазақстанның ШОК — бұл 26,2% ЖІӨ, 17% экспорттың, 33% жұмыспен қамтылғандардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің 99%- дан астамы
Еліміздегі кәсіпкерліктің 83,4%-ы — заңды тұлғалар ретінде құрылмаған субъектілер (ЖК және Ш(Ф)Қ)
Ірі кәсіпорындар санаулы ғана (барлық субъектілердің 0,2%-ы)
Шағын кәсіпкерлік сауда саласына, қызмет көрсетудің өзге де секторларына және ауыл шаруашылығына маманданған
Орта және ірі кәсіпорындар басым жағдайда өнеркәсіп секторында қамтылған
Еліміздің квазимемлекеттік секторы активтерінің мөлшері ЖІӨ-нің 60%-н құрайды
Еліміздегі кәсіпкерлердің 26,4%-ы — «мұқтаждық бойынша» кәсіпкерлікпен айналысатындар
Әлеуетті кәсіпкер — 25-34 жас шамасындағы ер адам
2016 жылдың басында Қазақстанда 1 332 762 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеді. Субъектілердің басым бөлігін жеке кәсіпкерлер мен шаруа (фермерлік) қожалықтары құрайды. Бұл ретте ірі кәсіпорындар саны жұмыс істеп тұрған субъектілердің тек 0,2%-ын құрайды.
Сурет 1.Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің мөлшеріне қарай ара қатынасы
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК Кезең: 2016 жhttp://i.forbes.kz/storage/npp_atameken.pdf
Субъектілердің 99,8%-ы шағын және орта кәсіпкерлікке (бұдан әрі – ШОК) жатқызылады. Ірі кәсіпорындар мен ШОК субъектілерінің осындай арақатынасы әлемнің дамыған елдеріне де тән. Сонымен, жұмысшыларының саны 250- ден асатын кәсіпорындардың (Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың баламасы) үлестік салмағы Германияда 0,49%, Канадада — 0,26%, Ұлыбританияда — 0,28%, Испанияда 0,12%-ды құрайды. ЭЫДҰ елдері бойынша орташа алғанда бұл көрсеткіш 0,2% деңгейінде.
Сурет 2. Кәсіпорындардың көлеміне қарай арақатынасы(ЭЫДҰ)
Дереккөз: oesd.stat.org3 Кезең: 2012 ж.http://i.forbes.kz/storage/npp_atameken.pdf
ЭЫДҰ елдерінде ірі кәсіпорындардың үлесі Қазақстандағыдай 0,2%-ды құрайды Мұнымен қатар, қазақстандық ірі кәсіпорындардың ерекшелігі олардың ішінде мемлекеттік және квазимемлекеттік кәсіпорындар үлесінің көптігі болып табылады. Сонымен, республикада жұмыс істеп тұрған 2419 ірі кәсіпорынның 627-сі мемлекеттік болып табылады, ал 500- ден астамы – мемлекетпен үлестес. Сарапшылардың бағалауы бойынша, еліміздегі квазимемлекеттік сектор активтерінің мөлшері ЖІӨ-нің 60%-на жетті. Нәтижесінде 2014 жылы тек «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ тобы мемлекеттік бюджеттің салық кірістерінің 20%-ын төледі (1 048 млрд теңге). Қазақстанда мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесі елеулі Салаларға бөліп көрсететін болсақ, субъектілердің барынша көп саны (70%) ауыл шаруашылығында, сауда саласында және қызмет көрсетудің өзге де салаларында шоғырланған.
Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сауда мен ауыл шаруашылығына мамандануы, ал ірі және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнеркәсіпке мамандануы айқын байқалады. Бұдан басқа, ірі және орта кәсіпорындар елеулі деңгейде мемлекеттік басқару, білім беру және денсаулық сақтау салаларында орын тапқан, бұл олардың құрамындамемлекеттік кәсіпорындар көптігінің салдары болып табылады.[9]
Сурет 3. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардан салалар бойынша құрылымы
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК Кезең: 2016 ж http://i.forbes.kz/storage/npp_atameken.pdf
Қазақстан Республикасы жаңа жүйеге өту арқылы өзінің экономикалық даму жолында бірқатар жақсы жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік алды. Яғни, бұрынғы қалыптасқан жоспарлы экононмикадан шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне ауысу шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз бетінше, дербес қызмет етуіне жағдай туғызды.
Елімізде бизнестің қарапайым халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі туралы идеяны алғаш рет ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнес өкілдерімен өтетін кездесулерде «Біз сіздердің бай-қуатты болуларыңызға барынша жағдай жасадық, жылдар бойы сіздердің компанияларыңыздың көтерілуіне жан-жақты көмек көрсеттік. Енді сіздер халыққа қарай бет бұруларыңыз керек. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарса, бизнестің болашағы да көркейеді» деген пікірді үнемі кәсіпкерлердің санасына сіңіріп келеді.Әлеуметтік сала – қоғам өміріндегі басты салалардың бірі, сондықтан да азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағдар қазіргі заманғы мемлекеттің басты міндетіне айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру – тұрлаулы даму шарттарының бірі» деп бірнеше рет атап өтті [10].
Қазіргі заманда бизнесті жүргізу оның әлеуметтік жауапкершілігімен біте қайнасқан, оның мәнісі салықтарды, әлеуметтік аударымдар мен басқа да міндетті тәлемдерді толық және уақтылы төлеуде, жұмыс орындарын сақтауда, еңбекшілердің құқықтарын қамтамасыз етіп, қорғауда, әлеуметтік кепілдіктер беруде, еңбекақыны уақтылы төлеудежатыр.
Кезінде Э. Карнеги әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі қағидаларын былайша тұжырымдаған: біріншісі – қайырымдылық қағидасы, екіншісі – қызмет ету қағидасы. Әлеуметтік жауапкершілік деп қайырымдылық та, демеушілік те, жебеушілік те, мейірімділік те түсініледі». Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы іскерлік бастамаларды қолдаудың, іскерлік ортаны дамытудың арқасында ғана кәсіпкерлерде адамдарға жәрдемдесуге деген ұмтылысты оятуға болатынын түсінеді. [11]
Халықаралық стандарттар бойынша бизнесті жүргізу үшін корпоративті әлеуметтік жауапкершілік концепциясын білу қажет. Әр түрлі зерттеушілер бұл терминнің мағынасын әр түрлі талдағанымен, бұл концепцияның негізгі құраушылары өзгеріссіз қалады, мысал үшін салықты толық көлемде және тиісті түрде төлеу, бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңасын даярлау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және сақтау, әлеуметтік гарантиялар, адал компенсациялық пакет ұсыну және қызметке жас мамандарды алу. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласына байланысты мәселелер, өндірістік қызмет ауқымды болған сайын кеңейе берді.
Соңғы бірнеше онжылдықта, бизнес өзінің қоршаған ортаны қорғау бойынша, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, жергілікті қауымдастықтардың өмір сүру сапаларының жоғарлауы, адам құқығын сақтау, жемқорлыққа қарсы күрес сияқты мәселелердің маңыздылығын қоғам сезінә үшңн өз жауапкершілігінің үлкен жолын жасады.Нәтижесінде тек қана компанияға пайда әкелуге ғана бағдарланбай, сонымен қатар қоғамдық іс шараларда жақсартуға және экологиялық тұрақтылықты сақтауға бағдарланып,корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік біртіндеп бизнестің жаңа философиясына айналды. [12].
Әлеуметтік жауапты бизнес әрқашанда мемлекет тарапынан қолдау тауып, қоғам тарапынан қоштау көреді.Осы тұрғыдан алғанда зерттелетін тақырып өткір де өзекті мәселе болып табылады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның өмір сүрі сапасына әсер ететін жанама айқындалған немесе айқындалмаған заңнаманың (этика, экология қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық және т.б. саладағы) ережелер мен нормаларын ұстану үшін бизнес субьектілерінің жауапкершілігі. Жауапкершілік бизнес қажеттіліктері мен қоғамның қажеттіліктерін елемей немесе көңіл болмауы нәтижесінде бизнестің осы түрі үшін ресурстық база болып табылатын аумақтарда, еңбек күшінің ұдайы өндірісін баяулату кезінде пайда болады.
Нарықтағы компанияның жетістігі – белгілі бір салымдардың мемлекеттің әлеуметтік бағытына жұмсалуы болып табылады. Практикада көрсеткендей, жоғарғы әлеуметтік жауапкершілік фирманың немесе кәсіпорынның қалыпты имиджін құруына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде компанияға келесідей айқын пайда береді:
- тұтынушылардың артуы, әріптестер байланысының тұрақтануына;
- сақтандыру мен несие алу жеңілдігіне;
- мемлекеттік құрылыммен қарым – қатынастың жақсаруына;
- ішкі және халықаралық нарықта компанияның рейтингінің жоғарылауына мүмкіндіктер береді.Бизнес әлеуметтік жауапкершілік қағидалары өмірге қоғамдық күтілімдер негізінде келген, және олар жалпы түрде келесілерге келіп тіреледі: ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, азаматтар мен тұтынушылардың құқығын қорғау сынды салаларды ашық және белсенді әрекет етуі керек. [13]
Яғни, өз табысының жартысын қоғам қажеттіліктері жұмсауы қажет, және бұл ашық, жүйелі, ауқымды түрде болуы керек және өзекті мәселерді шиеленістерді болдырмай, саясат және дін аумағында ешбір басымдықсыз әрекет етуі керек. Бизнес әлеуметтік жауапкершіліктің Қазақстандық үлгісі әзірге мемлекетке, меншік иесі және жұмысшыларға бағытталады, дегенмен қоғамның дамуына қарай жергілікті қауымдастықтарды, тұтынушылар және басқа да стейкхолдерлерді тарту орын алады.
Сурет 1. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің элементтері
Қазақстандағы әлеуметтік жауапты бизнестің мәселелеріне қатысты пікір алмасу мен келешек жоспарларының нәтижелі моделінің және жалпы ұлттық деңгейде оның практикалық жүзеге асыру мүмкіндігінің инициаторы «Атамекен» ҚР кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің бірлестігі, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) даму бағдарламасы және «Перспектива» политикалық зерттеулер орталығы.[14]
Қазақстанның бәсекеге қабілетті және қарқынды дамитын 50 мемлекет қатарына кіру стратегиясының шеңберінде, Президент Нурсултан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің халықаралық стандарттардын қоғамды келешекте модернизациялаудың ең басты мақсаты ретінде еңгізудің қажеттілігіне коңіл аударды.
«Коллективті-шарттық механизмдерді дамыту және жетілдіру қажет. Бұл жұмыс ақысына және еңбекті сақтау мен қауіпсіздігіне, тағы адамдардың экологиялық қауіпсіздігі, мамандардың кәсіби даярлығы мен біліктілігін жоғарылатуға қатысты. Бизнес әлеуметтік объектілер құрылысы мен өнірді дамытуға қатысуы қажет»-деді Елбасы.[15]
Қалыпты даму үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты сұрақтар Қазақстан Республикасымен ұлттық басымдылық пен ерекшеліктер негізінде және халықаралық процесстер, БҰҰ Ғаламдық шартымен қоса бағдарламалар мен бастамаларға белсенді қатысу арқылы анықталып, жүзеге асырылады.
Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады.Әлеуметтік жобаларды іске асыру жөніндегі бағыттар бизнес құрылымдар тарапынан белсенді қолдау тапқан. Кәсіпкерлердің инвестициялары аймақтардың әлеуметтік дамуына әсерін тигізуде: жаңа мектептер, денсаулық сақтау мекемелері, оңалту орталықтары, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау объектілері салынуда, табысы аз азаматтарды қолдау жүзеге асырылуда. Республиканың көптеген кәсіпорындары қызметкерлерді, әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді ұстауды, тегін тамақтандыруды және кәсіпорындардың қызметкерлеріне вакцина егуді ұйымдастыруды, тұрғын үй құрылысына пайызсыз несие беруді, балалар мен ересектер үшін дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізуді, құрылыста көмек көрсетуді және басқаларды әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етеді.[16]
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандырудың, озық тәжірибені насихаттау және кеңінен таратудың маңызды шараларының тағы да бірі Мемлекет басшысының Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын белгілеуі болып табылады (ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығы). Сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы «Парыз» наградасы – мемлекеттің бизнеске білдірген сенімінің айғағы екенін және еліміз тап болған экономикалық күрмеуі қиын жағдайларды тізе қосып, біріккенде ғана еңсеруге болатынын атап өтті. Конкурсты «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы бірлесіп ұйымдастырады. Осының өзі біздер, яғни сайысты ұйымдастырушылар үшін де, қатысушылар үшін де үлкен жауапкершілік артады, себебі бұл конкурста көптеген бизнес құрылымдардың ішінен шынайы құндылықтар жасауды жеке мақсаты емес, күнделікті қызметінің кредосы деп санайтын, ең таңдаулы кәсіпкерлер іріктеледі. «Парыз» конкурсында 2008-2013 жылдары өтті, конкурста еліміздің барлық өңірлерінен 2720 кәсіпорын қатысты.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі алғашқы форумды өткізу – корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік саласындағы бизнес сұхбатын және билікті дамытудағы маңызды серпін болды. Жезқазған қаласында (2010 жылы) өткізілген форумда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әлеуметтік-бағдарланған бизнес құрылымдары арасында Біріккен ұлттар ұйымының Жаһандық келісімшарт қағидаттарының қозғалысы туралы келісімге қол қойылды. [17]
БҰҰ Жаһандық келісімшарт қағидаттарының қозғалысы жөніндегі келісім ішкі әлеуметтік жауапкершіліктің енгізілуіне ықпал етті.
Бүгінде аталмыш Келісімге Қазақстанның ұлттық экономикалық «Атамекен Одағы» палатасы, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы, Қазақстанның тауар өндірушілер мен экспорттаушылар одағы, сондай-ақ республиканың 226-дан астам кәсіпорындары қосылды. БҰҰ Жаһандық келісімшарт қағидаттарының қозғалысы туралы келісімі бойынша жұмыс берушілердің әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы міндеттемелерін орындау нәтижесінде:
-кәсіпорындардағы ең төменгі еңбекақы мөлшері шамамен 10,1 пайызға өсті;
-орташа еңбекақы мөлшері орташа есеппен 12,7 пайызға артты;
-кәсіпорындардағы жастардың салыстырмалы үлесі артты.
Министрлік әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі меморандумдардың екі түрінің мониторингі бойынша жұмыс жүргізуде: Әлеуметтік жобаларды іске асыру жөнідегі меморандумдар; Өндірістік процестердің тұрақтылығы, әлеуметтік қорғау, еңбек құқығын және ірі тау-кен кәсіпорындарының қызметкерлерге кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар. Сондай-ақ, негізгі тұтынушы тауарларға және қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға байланысты меморандумдар қабылдануда.[18]
Еліміздегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесінің қолданысқа енгізілуін шетелдегі кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін тәжірибеде қолдану және өзге елдердегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің негізгі даму тенденцияларына талдау жасаудан бастауға болады. Зерттеушілер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің кем дегенде төрт моделін бөліп қарастырады.
Манипулятивті модель – қоғамдық пікірді манипуляциялау, фирманың коммерциялық мақстаттарына жету үшін оның бірбағыттылы өңделуі. Нарықтық экономика қалыптасуының бастапты сатыларында дәл осындай айтылу сөзсіз орынды. Дегенмен, нарықтық қатынастардың, әлеуметтік-саяси өмірдің жетілуіне, экономиканың тұрақтануына қарай бұл ыңғайдың залалдық пен алдын болжай алмайтынтындық тұстары ғана анық көрініп қоймай, фирманың мақсаттары мен ұзақмерзімді мүдделері үшін бірбетті қауіп байқалады.
Ақпараттандыру моделі. Бұл модельге жарнамалық-насихат әсерінен фирманың әлеуметтік ортасы оның әрекеттерін дұрыс түсініп, адекватты үн қатуына, оған қалыпты қарап, қолдау танытуы үшін фирманың мүмкіндіктері мен тілегін түсіндіру мақсатында қоғамды ақпараттындыру.
Өзара түсіністік моделі. Бұл жағдайда мәселе тек өз мүддеңді дұрыс ұғындыру ғана емес, сонымен қатар өзгенің де мүдделеріне түсіністікпен қарау.
Әлеуметтік серіктестік моделі. Анағұрлым кемелденген модель, қоғамдық пікір және әлеуметтік ортаны түгел түсіну, талдау және зерттеуге бағытталған, нарықпен ғана емес, сондай-ақ фирманың әлеуметтік ортасы: билік органдары, БАҚ, қоғамдық ұйымдар, ұйымдаспаған көпшілікпен, өз қызметкерлерімен өзара жауапты қарым-қатынастар орнату .
Модельдердің қай-қайсысы болсада, бір-біріне басымдық танытып тұр – бизнес өзі әрекет ететін қоғамға қатысты әрқайсысы да адекватты және адекватты емес болуы мүмкін.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің американдық моделі дәстүрі жағынан ең бай болып саналады. Британдық және контитентальды жүйелер сыртқы демеушілердің арқасында соңғы 20-25 жылда өз дамуында біраз импульс алды. Американдық доктрина, британдық және континентальды жүйелерге қарағанда соңғы 100 жыл ішінде америка қоғамының даму ағымымен ақырындап қана унисонға жылжи отырып, айтарлықтай трансформацияға ұшырамады. Британдық іскерлік қауымдастық әлеуметтік жауапкершілік идеясына, континентальды бизнеске қарағанда әлдеқайда сезімтал. Американың бай мұрасына қарамастан, соңғы 20-25 жыл көлеміндегі британдық және континенталдық модельдер еліміз үшін бүгінгі тенденцияларды ескере отырып айтатын болсақ, өте пайдалы.
АҚШ пен Европадағы корпоративті әлеуметтік жауапкершілік моделінің біраз бұрын ғана ашық және жасырын формалары анықталған еді.[19]
Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің ашық формасы корпорацияның қоғам қызығушылық танытатын мәселелерін шешуді ғана өзіне алуындағы корпорация қызметін білдіреді. Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің ашық формасы әдетте ерікті және өздігінен анықталатын тәртіп сызығын, корпорация өзі қабылдайтын корпорацияның стратегиялары мен бағдарламалары жөніндегі сұрақтарды қарастырады.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің жасырын формасы қоғам мүддесі үшін корпорация жауапкершілігі корпорациялармен алдын ала келісілген немесе оларға ұйғарылған еліміздің ресми және ресми емес институттарын білдіреді. Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің жасырын формасы әдетте, қоғамдық, саяси және экономикалық мүдделерді заңды тұлғаның тиісті және негізделген корпорацияға қатысты міндетті талап ретінде қарастыруға алып келетін құндылықтар, нормалар мен ережелерді қамтиды.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің американдық үлгісі. Ұзақ уақыт бойы, корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің тек американдық құбылыс екендігі жайында пікірлер айтылып жүрді. Шындығында, бизнестің филантропия және ерікті көмек көрсету дәстүрі АҚШ-та сонау 19 ғасырда кең тараған.
Америка кәсіпкерлігі табиғатына тән, субъектілердің толық мүмкіндігіне сүйенетін қоғамның барлық саласы бүгінгі күнге дейін өзін-өзі реттеп келді. Мысалы, жұмысшы-жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынасы осы екі жақтың арасындағы келісімшарт пәні болып табылады.
Денсаулықты сақтау құқығын американдық әдетте өз еркімен таңдайды, яғни медицина мекемесінің қызметіне жүгіну қажет пе, жоқ па екендігін (мұннан медициналық сақтандырудағы еркінділік шығады). Бұл аумақтарда мемлекеттік реттеу қоғам мүшесінің ажырамайтын базистік құқықтарына қатысты.[20]
Демек, корпоративті әлеуметтік жауапкершілік аумағындағы бастамалардың бәрі корпорациялар үшін табиғаты жағынан ерікті болып табылады. Америка бизнестің қоғамды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша көптеген механизмдерін жасап шығарды, мысалы: бизнестің есебінен алуан түрлі әлеуметтік бағдарламаларды шешуге бағытталған шексіз корпоративті қорлар саны. Американың кәсіби мектебі, бәріне белгілі жеке сектормен қаржыландырылады, ал бұндай жүйе әлемнің еш бір елінде жоқ (дегенмен, білім беру, денсаулық сақтау, және өзгеде әлеуметтік маңызды аумақтардың мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жүйе қалыптасқан елдермен салыстырмағанда). Соңғы жақсылықтар, бизнестің білім беруге өз еркімен құю, қызметкерлер үшін зейнетақы және сақтандыру жүйелеріне және өзгеде әлеуметтік маңызды бағдарламаларға ерікті мүдде танытып отырғандығымен түсіндіріледі. Корпорацияның қоғам алдындағы әлеуметтік жауапты ісі тиісті салықтық жеңілдіктермен және заңды деңгейде бекітілген шегерімдермен ынталандырылады. АҚШ үшін мемлекеттік жеке секторға мүмкінідігінше аз араласуы тән. Бұған қарамастан, Америка дәстүрлі түрде бизнесі және оның өкілдерінің алуан түрлі коммерциялық емес жобаларды жүйелі түрде қаржыландыруымен белгілі.
Еуропадағы континентальды корпоративті әлеуметтік жауапкершілік моделі. Компанияның өзінің стейхолдерлерімен арасындағы қарым-қатынас мәселесі жөніндегі заңнама талаптарының шегінен шыға отырып, корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің компанияның өз ықыласымен іске асырылатын АҚШ-пен салыстырғанда, европалық корпорациялар қоғам алдындағы міндеттерін шектеу мәселесінде әлдеқайда көзге көрінерлік. Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктың европалық моделі компания әрекетінің ашық бағыты бола алмайды. Керісінше, АҚШ-та корпоративті әлеуметтік жауапкершілік ретінде дәстүрлі түрде қарастырылатын корпоративті әрекет (яғни, бизнес-қауымдастықтың өз ұсынысымен жүргізілетін), Еуропада ережеге сай тиісті елдің заңдары, стандарттары және нормаларымен реттеліп отырады. Осыдан келіп, компанияның экономикалық, құқықтық, этикалық жауапкершілігі мен қайырымдылық қызметін қарастыратын корпоративті әлеуметтік жауапкершілік моделі жөнінде айта келе, әлеуметтік жауапкершіліктің континентальды моделінің америкалық моделден ерекшелігін ажырата аламыз: [21]
Экономикалық жауапкершілік негізінен бизнестің табысы аспектісінде және компанияның акционерлер алдындағы жауапкершілігіне негізделеді (америкалық тәсіл). Еуропалықтар қарым-қатынастың аталмыш тобына ұйымның жұмысшылары және жергілікті қауымдастықтар алдындағы жауапкершілігін жатқызады;
Құқықтық жауапкершілік Еуропадағы әлеуметтік жауапкершіліктің кез-келген формасының негізі болып табылады. Еуропалық бизнес мемлекетті қабылданған ережелерді орындауды іске асырушы институт ретінде қарастырады, салыстырмалы түрде АҚШ-та осы сынды мемлекеттік реттеу жеке еркіндік мәселесіне араласу болып саналады;
Әлеуметтік мәселелердің көп бөлігін европалық комиссия этикалық жауапкершілік саласына жатқызады. Еуропада қоғамның бизнеске жоғары назар аударуы осынысымен түсіндіріледі. Мысалға, атомды энергетика, медициналық дәрі-дәрмектерді жануарларға сыннан өткізу, гендік инженерия европалықтардың назарынан түспейді;
Еуропада қайрымдылық АҚШ-пен салыстырғанда аса әйгілі емес. Бұл Еуропада Америкамен салыстырғандағы салық ауырпалығымен түсіндіріледі. Нәтижесінде, европалық компаниялар филантропиялық акцияларға заңды бекітілген механизмдер арқылы ғана қатысады.
2015 жылдың 10 сәуірінде ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасының орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева Республикалық үшжақты комиссияның (РҮК) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша кезекті отырысына қатысты.
РҮК-тің отырысының дәстүрлі мәселесі – салалар мен аймақтардағы еңбек қатынастарының жағдайын қарауда басты назар аударылатын аса проблемалық кәсіпорындар мәселелері болды.
Еңбек даулары картасының қорытындысына сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айында Қарағанды және Ақмола облыстары жоғары қауіп-қатер аймағында болды. Қараганды облысы бойынша «АрселлорМитталТеміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС және «Оливия» ЖШС кәсіпорындары проблемалы болып танылса, екінші аймақта ондай кәсіпорындардың саны 21-ге жетті. Көптеген жағдайда негізгі фактор кәсіпорындардың толымсыз жұмыс уақытына көшуі болды, ол өз кезегінде еңбекақының кешіктірілуіне және азайтылуына, кейбір штаттық бірліктердің қысқартылуына әкеліп соқтырды.
Еңбекақы бойынша берешекке қатысты: 2015 жылдың 3 сәуіріндегі жағдайға сәйкес республиканың 37 кәсіпорыны 2544 жұмыскері алдында 457,1 млн теңге көлемінде қаржы берешек, оның тең жартысы құрылыс және мұнай-газ салаларындағы кәсіпорындарға тиесілі.
Оқыс оқиғалардың нәтижесінде өндірісте 393 адам зардап шекті, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы көрсеткішке қарағанда 3,7% төмен. Зиян шегушілер қатарынан көз жұмғандардың саны 29 % азайды.
Қаралған екінші мәселе аймақ әкімдері және жұмыс беруші кәсіпорындар арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдардың өндірістік үрдістерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктері мәселелері бойынша жүзеге асырылу барысы болды.
2015 жылдың 6 сәуіріндегі мәліметке сәйкес республика бойынша жалпы саны 2,1 млн.-нан асатын жұмыскерлермен 46 мыңнан аса меморандумдар жасалды.
Республикалық үшжақты комиссияның (РҮК) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша 2015 жылдың 24 ақпанындағы шешімін орындау мақсатында барлық аймақтарда әлеуметтік әріптестермен кеңестер өткізіліп және жұмыс орындарын сақтау және қызметкерлерді босатуды болдырмау сұрақтары бойынша аймақтық әлеуметтік әріптестік келісімдерге өзгертулер енгізілді.
Ағымдағы отырыста сондай-ақ, Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бойынша ұлттық тұжырымдама талқыланып қабылданды.
Оның алғашқы жобасы «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП және «Орта Азия Еуразия қоры» корпоративтік қорымен 2013 жылы әзірленген. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы 2014 жылғы қарашада тұжырымдама жобасын ұсынған соң, жоба түзетуге жіберілген.[22]
Тұжырымдаманың басты мақсаты – өз кезегінде қоғамдағы, сондай-ақ, мекеме ішіндегі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге жәрдемдесетін бизнесті жауапкершілікпен жүргізу моделін қалыптастыру.Әлеуметтік жауапкершілік элементтерін енгізу кәсіпорын және жұмыс беруші үшін нақты басымдықтар әкеледі. Тұжырымдамаға әлеуметтік жауапкершіліктің 7 сұрағы енгізілді: адамдардың құқығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделерін сақтау, адал ресми тәжірибе, корпоративті басқару, қауымдастықтар өмірі мен дамуына атсалысу.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті экономикалық ынталандыруға негізделген Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің Ұлттық Тұжырымдамасы жобасын жасап шығарды.
«Осыған байланысты 2012-2014 жылдарға арналған үш жақты Бас келісім аясында Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Бизнесті экономикалық ынталандыруға негізделген Қазақстандағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Тұжырымдамасының Жобасын» әзірлеу бойынша тапсырма қойылды. Бүгінгі таңда сарапшылардың қатысуымен Тұжырымдамаға ұсыныстар жасалып, Тұжырымдама жобасы әзірленуде. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған тұжырымдаманы ағымдағы жылы қабылдауды жоспарлап отыр».
Сонымен бірге, ол аталған тұжырымдама Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының қатысуымен жасалғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта Тұжырымдама жобасы талқылау үшін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланған. [23]
Айта кеткен жөн, тұжырымдама қабылданған соң оны тиімді жүзеге асыру үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы КӘЖ принциптерін жүзеге асыру бойынша бірқатар шаралар қолдануды жоспарлаған.
ҚазАқпарат — Қоғамда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген ұғым бар. Бизнестің күш-қуатын әлеуметтік салаға жұмылдыру арқылы келетін қайырымдылық шара талай жанға қанат бітіріп, қиын күнде қолдау болады. Қазақстанның көптеген ірі бизнес өкілдері бұл жауапкершіліктен қашқан емес. Айталық, әр қаладағы аулаларды абаттандыру, балабақшаларға құрал-жабдықтар алып беру, балаларға мектеп салып беру, тағы да басқа игі істердің маңында үнемі үлкен жүректі кәсіпкерлер жүреді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен қайырымды кәсіпкерлер бірлесе атқарып отырған «Даму-көмек» жобасы осыдан 6 жыл бұрын дүниеге келген болатын. Жобаның арқасында талай кемтар жандар сүйікті кәсібімен шұғылдануға мүмкіндік алды. Петропавл қаласының тұрғыны Айсұлу Есманованың құлағы нашар естиді. Айсұлу мүмкіндігі шектеулі екендігіне қарамастан іс тігіп, көрпек көктеп, әсемдеп көйлек тіккенді жақсы көреді. Ол көбінде қоржын, қамзол, шапан сияқты ұлттық бұйымдар тіккенді ұнатады. Тапсырыс та мол. Дегенмен, қолында тігін машинасы болғанымен, тапсырыстарды орындауға қажетті мата, ине-жіпті алдыруға қаржылық жағдайы жетпеді. Бұл орайда оған жергілікті «Тұйғымбаева Н.Ж.» жеке кәсіпкерлігі көмекке келді. Енді Айсұлудың сантүрлі заттарды тігуге арналған фурнитурасы түгел. «Өз ательемді ашуды армандаймын. Бүгінде мүгедектерді қолдауға арналған бағдарламалар жоқтың қасы. Осының өзіне қуанышым қойныма сияр емес» дейді Айсұлу Есманова.. Солтүстік Қазақстан облысында «Даму-көмек» жобасы басталғалы бері 40-тан астам мүгедек жандарға осындай көмек көрсетіліпті. Тағы 10 шақты мүмкіндігі шектеулі азаматтың өтініші мейірімді кәсіпкердің көмегін күтіп жатыр. Арқалық қаласының тұрғыны Зина Нұрпазылованың да кәсіпкерлерге айтар алғысы шексіз. Жастайынан сылақшы, жүргізуші, кинолог сияқты кәсіптерді меңгеріп, адал еңбегінің жемісін көрген. Алайда, күндердің бір күнінде оқыс жағдайға ұшырап, мүгедектің күйін кешті. Десе де, ол қол қусырып қарап отырғанды ұнатпайтын. Сөйтіп, ол металдарды дәнекерлеуді меңгерді. Темір шарбақтарды, терезеге арналған темір тор, қақпаларды оп-оңай дәнекерлейді. Осылайша ол елге өз қызметін ұсынатын кәсіпкерге айналды. Қолынан келгенше елге қызмет етіп жүргенде Зинаның алдынан көп ұзамай бір кедергі шықты. Ескі дәнекерлеу құралы бұзыла беретін болды. Жаңасының құны арзан емес. Сосын ол «Даму-көмек» жобасы аясында жаңа дәнекерлеу құрылғысын алуға өтініш берді. Кәсібін жаңа бастаған Зина көп күткен жоқ. Арқалықтық бизнес-вумен Ғалия Ерғалиева әріптесінің жағдайына қаныққан соң бірден жаңа құрылғыны алып берді. «Сіз нағыз батыр әйелсіз!» деп Зинаның ерік-жігеріне риза болған Ғалия Ерғалиева. Тағдырдың қатал сынына мойымаған тағы бір жас кәсіпкер — Арай Сейітова. Қант диабеті науқасына байланысты ІІ топ мүгедегі атанған ол ештеңеге қарамастан ақауына қарамастан жастайынан сұлулық салондарында тырнақ күтушісі болып жұмыс істеді. Алайда, оған денсаулығы мүмкіндік бере бермейтін болды. «Даму-көмек» жобасының арқасында «Parasat Consulting»ЖШС басшылығы оған тырнақ күтіміне қажетті құрал-жабдықты сатып алып берді. Сонымен бірге, Арайдың денсаулығын ескере отырып, клиенттердің үйіне барып жұмыс істеуге қолайлы маркетингтік стратегия құрастырды. Яғни, «Parasat Consulting» Арайдың өз кәсібін бастауына жол ашты. Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы мүгедектердің 626 мың адамды құрайды екен. Бұл — бүкіл халық санының 3,7 пайызы. Соның тек 90,3 мыңы еңбекпен қамтылған. Осы көрсеткішті күннен күнге үлғайтып, жұмыссыз мүгедектердің санын азайту, оларға қиын сәтте қол ұшын созу — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін терең ұғынатын әрбір бизнес өкілінің қолынан келетін сауапты іс. [24]
Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, тұжырымдама жобасын қазір Ұлттық палата дайындауда.«Жыл соңына дейін бизнестің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасы қабылданбақ. Біздің ойымызша, ынтымақтастықтың жалғыз құралы ретінде тұрақты шешім қабылдап, әлеуметтік ахуал құрып, қоғам мен кәсіпкерліктерде тұрақтылықты орнататын тиімді әлеуметтік диалог құруды айтуға болады», — дейді Нұржан Әлтаев.
Ұлттық тұжырымдамада жазылатын нормалардың бірі ұжымдық келісімдердің тек ірі кәсіпкерліктерде ғана емес, сонымен қатар орта деңгейлі кәсіпкерліктерде де құрылады.
«Меморандумның құрылуы Палатаның күшті әлеуметтік әріптес болу және әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселесін реттейтін және тиісті шара қолдану мақсаттарын ілгерілетуге қызмет етеді», — деп хабарлайды ҰКП.
Сонымен қатар, әлеуметтік әріптестік бойынша салалық және өңірлік комиссия жұмыстарын жандандыру мен әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелерді талқылау жоспарлануда.[25]
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуелсіздік жылдарында еліміз әлемдік экономиканың халықаралық ақша-тауар қатынастарына тығыз ықпалдасқан бөлігіне айналды. Әлемде орын алып жатқан дағдарыс көріністері, сөзсіз, еліміздің экономикасына кері әсерін тигізеді. Экономикамыздың құрылымының әртараптылығының төмендігі ахуалды қиындата түседі: шикізат секторының басымдығы байқалады. Қазақстанның ДСҰ мен ЕАЭО кіруі отандық бизнеске жаңа талаптар қояды. Бұл жағдай шетелдік компаниялар үшін ішкі нарықтың ашық болуына және бәсекелестіктің шұғыл өсуіне алып келеді. Бұл ретте мемлекетіміз, ДСҰ мен ЕАЭО-ның басқа мүшелері секілді, бизнесті қолдау шараларында шектеуге ұшырайды. Кәсіпорындардың қаржылай дербес болуын және бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру үшін тұғырнамалар құру, біртіндеп қолмен басқарудан өзін-өзі реттеудің жүйелік шараларына көшу – қазіргі күрделі жағдайларда жемісті бәсекеге түсудің бірден-бір сенімді формуласы. Кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту негіздері 1992 жылдан бастап, мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру барысында қаланған болатын. Мемлекет теңдессіз шаралар қабылдап, кәсіпкерлікті дамытудың жемісті шетелдік үлгілерін бағдарға ала отырып, бизнеске қолдау көрсетуді жалғастыруда. Бүгінгі таңда қолмен басқарудан өзін-өзі басқарудың жүйелі шараларына көшуге, экономикада сыртқы жағдайларға тез бейімделетін механизмдерді құруға мүмкіндік беретін шешімдердің көш басында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары тұр. Мемлекет қолайлы жағдай жасай алады, алайда кәсіпкерлер өздері ұзақмерзімді дамуға қамданбаса, тіпті бірлесе атқарылған әрекеттер қауқарсыз болады. Отандық бизнестің үнемі құбылып тұратын жағдайларда тиімді өмір сүру дағдыларын иелене бастауы, инновациялар мен заманауи тәсілдерді енгізе отырып, өз өнімділіктерін арттыруы, басқарушылық және өндірістік процестерді жетілдіруі, халықаралық деңгейде бәсекелесуге үйренуі маңызды.Ел экономикасының нақты мүмкіндіктеріне қарай, халыққа әлеуметтік қамқорлықтың деңгейі әр кезеңде әртүрлі жағдайда болған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл мәселе аса күрделі болды. Алайда, соңғы он жылда мемлекеттің адам капиталының даму дәрежесін көрсететін білім мен ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларына жұмсап жатқан қаражатының сегіз есе өсуі бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың қарқындылығын байқатады. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының нәтижесінде жыл өткен сайын республикамызда әлеуметтік міндеттемелер қомақты бола түсіп, біз ТМД мемлекеттері арасында көшбасшылар қатарындамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Закон Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 381-V «О коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности»;
- «План Нации. Сто конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ»;
- Государственная программа инфраструктурного развития «Нұрлыжол» на 2015 – 2019 годы», утвержденная Указом Президента РК от 6 апреля 2015 года № 1030;
- https://www.dalanews.kz/tag/biznes/page/2
- Исследовательский проект «Малый и средний бизнес Казахстана: современная ситуация и перспективные направления роста» (2010г.). Аналитический департамент медиа-холдинга «BusinessResource», Алматы, 2010,
- Назарбаев Н. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы халыққа арнаған Жолдауыakorda.kz
- Материалы из официального сайта Комитета по статистике РК МНЭ РК http://stat.gov.kz
- Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан–2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жылғы 14 желтоқсан -//http://www.akorda.kz.
- http://i.forbes.kz/storage/npp_atameken.pdf
- Зарецкий А. Д., Иванова Т. Е. Корпоративная социальная ответственность: мировая и отечественная практика: учебное пособие.изд. 2-е, доп. и перераб.- Краснодар: Просвещение-Юг, 2013.
- «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ. Ерлік Ержанұлы. «Қазақстанда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік дамудың бастапқы сатысында тұр» — Алматы. 2012 ж. 26 қаңтар.
- Бадокина, Е.А. Формирование корпоративной социальной ответственности и рост рыночной капитализации компаний / Е.А.Бадокина, Н.В.Кучерина // Вестник Научно-исследовательского центра корпоративного права, управления и венчурного инвестирования Сыктывкарского государственного университета. — 2007. –
- Mallen B. (2005), «Қазақстандағы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік – бейнелеу «,Бизнесті құрметтеу, қарашадағы басылым 82, 16 мамыр 2005 ж. келесі сайттан алуға болады //www.amcham.kz/working_groups
- Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» от 30 ноября 2015 г.;
- Послание Президента народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: единая цель, единые интересы, единое будущее» от 17.01.2014г.;
- Есберген Р.А. Государственная поддержка малого и среднего бизнеса\Р.А.Есберген. — Актобе: РИО АГУ им. К. Жубанова, 2010.
- Садықова А. Дамыған мемлекеттердебизнестің даму тәжірибесі/ А. Садықова// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.- 2011.- №1.- 30-34 б.-Библиогр.: 7 атау
- Шарапиева М.Д. бизнес инновация дамудың механизмі ретінде/ М.Д. Шарапиева// -148-152 б.- Алматы : Қазақ ун-ті, 2012
- Ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайы және оның даму тенденциясы// «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2016 ж., №4 185-189 б.
- Шлихтер А.А. Направления и механизмы взаимодействия социально-ответственного бизнеса с некоммерческим сектором США. – М.: ИМЭМО РАН, 2010.
- Мырзалиева Г.А. Қазақстан аймақтарының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар/ Г.А. Мырзалиева// “М. Ауэзов – жаңа дәуір данышпаны’’ атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция еңбектері. 2007 ж. 15-16 қараша.-Т.8.- 108-110б..-Шымкент, 2007
- Власть, бизнес, общество в регионах: неправильный треугольник / под ред. Н. Петров и А. Титков; Моск. Центр Карнеги. — М.: Российская политическая энциклопедия (РОССПЭН), 2010.— 431 с.
- Рябец И.Н. Социальная ответственность бизнеса: социологический аспект анализа //Сучаснісуспільніпроблеми у вимірісоціологіїуправління: ЗбірникнауковихпрацьДонДУУ. Т.Х. Вип.140. Серія «Соціологія». – Донецьк: ДонДУУ, 2009. – С. 134-139.
- Бизнестіңәлеуметтікжауапкершілігіжөніндегі конкурс ресми сайты // http://paryz.kz
- Қайырымды Болайық, Ағайын Немесе Бизнестің Әлеуметтік Жауапкершілігі Хақында Бірер Сөз /А. Бижанов // http://www.egemen.kz/?p=5450
Құрастырғандар: Есенбек Ж., Раманқұл Э.