ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
Мазмұны
Кіріспе
Жаһандану және ұлттық тәрбие мәселесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болудың биік мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы – мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет. Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады, өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса, еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге отар ел болып тұрғанымызда «туған ұлт”, «ұлттық”, «ұлтшылдық”, «ұлттық идея”, «ұлттық мүдде”, «ұлттық тәрбие” мәселесі туралы сөз қозғау мүмкін болмады. Өйткені, бұл жайында сөз қозғау отарлаушы елдің «жасампаз” интернационалистік идеологиясына қарсы шыққандық деп есептелетін.
Енді ұлттық биік сананы қалай қалыптастырамыз, оны жүзеге асырудың жолдары қандай деген мәселеге келейік. Қазір барлық елдер мен мемлекеттер біркіндікті жаһандану жағдайында өмір сүруге бейімделу үстінде. Негізгі кіндігі еркін таңдау және жеке бастама жасай алатын жеке адам бостандығы идеясына негізделген Батыс өркениеті болып отыр. Соңғы жылдары жаһанданудың бір тетігі ретіндегі батыстану – бұл тек батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік реттеудің мәдени-өркениеттік қалыптар кешенін де қабылдау екенін түсінген дәстүрлі қоғамды жақтаушылардың табанды қарсылығына тап болуда. Бұл тұрғыда негізгі келіспеушілік өркениеттердің өзара кірігуі мен ұштасып кетуіне қарсылықта болып тұр. Анығырақ айтқанда, жаһандану барысында Батыс мәдени құндылықтарының басымдық танытуы жергілікті халықтың байырғы төлтумалық сипатының жоғалуына түрткі болуы мүмкін деген қауіпке әкеліп тірейді. Өйткені, өткен ғасырдың орта шегінен айтыла бастаған өркениет бәсекесі қазір шын мәнінде ақиқатқа айнала бастады. Бәсеке бүгінгі күні экономикада, саясатта, идеологияда, мәдениетте, білімде, ақпаратта, технологияда, тағы басқа салаларда қызу қарқынмен жүріп жатыр. Рас, Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет, алайда, Батыс өркениетінің қоршаған ортаға тек пайда табу көзі деп қарауға үйретуі, оны технологиялық тұрғыдан бөлшектеп сату түрінде түсіндіруі, бұл мәселеде бізге үлгі бола алмайды. Сондықтан Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік жақсылықтың нышаны емес. Тағы да қайталап айтудың реті келіп тұр, батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндірісті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды еш уақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату және пайда табу. Қанша аз уақыт жұмсалса, сонша пайдасы көп. Алайда басы ашық мәселенің бірі – қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан, өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Бұл шығар күндей анық мәселе. Жаһандануды әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алғанда ғана осынау қауіптілеу болып көрінетін құбылыстың игілігін көреді.
Көне замандардан бастау алған адамзаттық бірігуге ұмытылыстың стихиясымен байланыстырған авторлар бүл үдерістің ең бастапқы тарихи нұсқаларын протожаһандану деп атап, одан соң қазіргі күйіне шолу жасап, неожаһандану заманының туып келе жатқандығы туралы тоқтамадарды одан әрі өрістетті. Құрылымдық-функционалдық талдаулар арқылы тұтас жаһандану құбылысын жеке-жеке бөліктерге ажыратып, әрқайсысының атқарар қызметі мен олардың арабайланысын талдады. Оның экономикалық, мәдени, саяси, рухани, ақпараттык т.б. салаларьш таразылай келе өз ойларын шет елдік жэне отандық философтардың, саясаттанушылардың, элеуметтанушылардың пікірлерімен нығайта түсті. Сондай-ақ бүл құбылыстың табиғи-эволюциялық тұрғыдан болмай қоймайтын обьективті сипатын байыптап, жагымды және болуы ықтимал жағымсыз жақтары бар екендігі туралы пікірлерді де сарапталды». Нәтижесінде, қазіргі жаһандану заманындағы Қазақ Елінің даму бағдары мен ұстанған бет-алысы туралы мәселесінің қойылуының алғышарттары зерделенді. Жер бетінде сан мыңдаған жылдарар бойы тіршілік еткен адамзат бүгінгі заманда адам мен табиғаттың, қоғам мен әлемнің органикалық бір тұтастығы, адамзаттың ортақ тағдырға негізделгендігі жөніндегі идеяға қайта оралып отыр.
«Бүткіл адамзатты толғандыратын ғаламдық мәселелер, экономикалық-саяси, мәдени-әлеуметтік біртұтас кеңістік кұру элемдік қауымдасудың жаңа сатысына өрлеуді қажет етеді. «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деп жалпы бүтіндік идеясын болмыстық және ғұмыр кешулік түрғыдан қысқа ғана тұжырымдаған халқымыздың даналығы бүгінгі күнгі жаһандану үдерісініц бүкіл адамзатқа арналған жалпылама түпкі идеясы болып табылады. Алдымен, негізгі мәселе «Жаһандану дегеніміз не?» деген сауалдың жауабы берілуі тиіс».[1]
Жаһандану үрдісінің шығу тегін сараптауда, оның негізгі атрибуты болып табылатын табиғи-тарихи түрде ынтымақтастық пен бірлікке ұмтылу беталысының түп бастауларына тоқталу қажет. Осы «бірлік» идеясы адамзаттың есте жоқ ескі заман тарихына көз жіберсек, оның стихиялы түрде іске асқан алғашқы формаларына кезігеміз. Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамының өкілдері антропогенездегі адамның жер бетінде әр түрлі аймақтарда қатар пайда болғандығы туралы теорияға сәйкес, өздерімен бірге жарыспалы түрде тіршілік етіп жатырған басқа қауымдастықтардыалғашында білген жоқ деп топшыласақ, олар бірнеше шағын қауымдастықтардан кұралған дербес тіршілік етудің адамзат эволюцияциясындағы бастапқы үлгілерін қалыптастырғандығы шындық. Ендеше, жаһандану үдерісінің бірігу сапасының алғыбасқышы да ежелгі тайпалар мен рулық қауымдастықтардың құрылуынанан тұратын топтасулар болып табылады. Сондықтан адамның қауымдастыққа алға ұмтылуларының — биологиялық, философиялық, элеуметтік, тарихи, психологиялық, мәдени қырлары бар екендігі сөзсіз. Қауымдасудың биологиялық қыры — адамның табиғи түрде топтасуға бейімделген.Оның тіршілік етуінің езі «қоғамдық» сипатты болып табылатын негізге байланысты. Адамның жер бетіндегі саналы сүт қореқті жануар ретіндегі биологиялық негіздеріне сәйкес, ол — жаратылысы бойынша да қоғамдастыққа ұмтылатын субьект. Хайуанаттар жалпы эволюцияда тіршілік ету тәсілі жөнінен; жалғыз, оқшау өмір сүретін, топтасып қауымдасатын түрлерге бөлінсе, адам соңғысына жатады. Бұл топтасуға ұмтылудың негізі — тобырлық инстинкті. Осы инстинкт санаға қатыссыз кез-келген тіршілік иелерінің кеңістік бойынша белгілі бір ареалда тұтасуына, табиғи-биологиялық түрде, өздігінен алып келеді. Яғни, адам да жер бетінде өмір сүру үшін эволюцияның заңдылыгы ретінде ерікті-еріксіз түрде қауымдастыққа ұмтылатын тіршілік иесі ретінде тағайындалған,одан басқа жол жоқ екендігін тарих дәлелдеген.Философиялық қыры бойынша- адамның биологиялық, әлеуметтік, психологиялық қырлары тұтастай алғанда бірігіп ғұмыр кешуге бағытталған. Ол — бірігу мен қауымдасуға жаратылысынан бейімделген, генетикалық тұрмысынан бүткіл адамзатқа ортақ қасиет. Әрбір жеке субьектінің қай кезеңде болмасын қоғамда өзіндік орны айғақталған, қандай қоғам болмасын өзінің мүшесін өзімен тұтастандырады.
Әлеуметтік қыры — биологиялық жағынан топтасудың жоғары адамдық деңгейінен туындайды. Нақтырақайтқанда, хайуанаттық топтасудан адамдардың қоғамдасуының айтарлықтай айырмашылығы бар. «Қоғам мен адам» қатар аталатын өзара байланысты, әрі органикалық бірлік. Сондықтан қазіргі әлеуметтану мен педагогикадағы элеуметтендіру үрдісі — кез-келген адамды қауымдастыққа біріктіру, оның шарттары мен қағидаларын мойындауға мәжбүрлеу больш табылатын жылпылама әдіснама.
«Тарих адамның коғамнан тыс өмір сүре алмайтындығын дәлелдеді. Осыған сәйкес, Аристотель тұжырымдағандай: «Адам — қоғамдық-саяси жануар» болып табылады. Ендеше, қауымдасудың тарихи қыры — адамзат пайда болғаннан бергі қалыптасып келе жатқан қоғамның эволюциясына байланысты. Тарих — адамзат қоғамының бүгінгі күнге дейінгі қалыптасуы мен дамуының жалпылама картинасы, реалды өмір сүруінің нақты дәлелдемесі мен айгағы. Дегенмен, тарихи жады адамзаттың саналы өмір кешіп, қоғамдық өзіндік сананың қалыптасу кезеңінен бастау алады. Тарих — жеке дара оқшау өмір сүретін адамдардың тіршілігін емес, тұлға мен қоғам тұтасқан адамзаттың ғұмыр кешуін саралайды. Әрине, адамдар тарихты жасау үшін қауымдасқан жоқ, бірақ, қауымдастықтың бүгінгі күнге дейінгі эволюциясы тарихты құрайды. Демек, тарих — адамзаттың қауымдасып қана өмір сүре алатынының куәсі, басқа екінші жол жоқ»[2]. Мәдени қыры-адамзаттың алғашқы еңбек құралдарын пайдаланып, бірігіп тіршілікетудің тиімділігін бастан өткізгеннен кейін: еңбек бөлінісі, жанұя, генетикалық тұтас әлеуметтік кеңістік құру, мораль мен тілді қалыптастыру қызметтері туындайды. Адам мен қоғамның пайда болуы туралы ілімде басты үш фактор: еңбек, мораль, тіл — қауымдасуға қажетті мәдениеттік атрибут. Осы орайда, орта ғасырлық түркі ойшылы Әль-Фарабидің: «Адам — мәдени хайуан» деген тұжырымы еске түседі. Олай болса, мәдениет адам болмысының атрибуты, бірақ ол жеке, оқшау тіршілікте дами алмайды. «Мәдениет — сананың ажырамас қасиеті десек, мәдениеттің өмір сүруінің, дамуының шарты — қоғам.Осы мәдени шарттардан экономикалық қырлары туындайды. ол — алғашқы қауымдық құрылыстағы еңбек белінісінен бастау алады, яғни, алғашқы шаруашылык жағдай, оны орнықтыру адамзаттың сөзсіз қауымдасу қажеттігін туғызды».[3] Материалдық мәдениет тарихы мен тұрмыстык шаруашылықты дамыту бұдан басқа жол жоқ екендігін көрсетті. Осы экономикалық қыры бүгінгі заманда өркендей түсіп, тұтас экономикалық кеңістік қүресу идеясын жаңартып отыр. Яғни, экономикалық өрлеудің негізгі шарты интеграцияда екендігін ұғынған адамзат ғаламдық бірігу идеясын үғынып жатыр. Ол шағын экономикалық кеңістіктерден ірі аймақтық бірлестіктерге дейін ұмтылатын үрдіс ретінде бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып қалыптасып қалған түсініктерден-ақ байқалады.
«Жаһандану үрдісінің шығу тегін зерделеуде, оның қазіргі заманғы кейпіне дейінгі «протожаһандандыру» деп аталып жүрген көздерін ашу маңызды іс».[4] Қазіргі жаһанданудағы саналы ұсынылып жүрген бірігу идеясы, алғашқы қауымдық құрылыстағы ұйысудың заңды тарихи жалғасы болуы керек дегенді білдіреді. «Қазіргі замандағы жаһандандыруды зерделеуші ғалымдарымыз оның түпбастапқы тамырларына үңіле отырып, бұл үрдістің алғашқы бастаулары әлдеқашан-ақ қалыптасқандығын атап өтеді. Хомосапиенстің дамуы бойынша әр түрлі туыстықтар тайпаларга құрылды, тайпалар – халықтыққа халықтық үлкен ұлтқа бірікті. Адамзаттың бүткіл тарихы — жаһанданудың үздіксіз үрдісі (Герман княздықтарының бірігуі, Біртұтас Европа т.б.). Жаһандандыруды ешкім де таңдап алған жоқ. жердегі «күдік» — бастапқыда жаһандану үрдісінің болашақ іске асуына емес, оның кері кетушілік жақтары болуы мүмкін екендігіне сүйенсе, «үміт» — ілгерішілік қырларының болатындығын байыптайтын психология түрінде қалыптасқан еді. Кей сәтте үміт пен күдік бір арнаға тоғысып, жағымсыз ықпалдардан сақтануда нақты өмірлік, қоғамдық, шараларды іске асыруды, қорғаныш тетіктерін нығайтуды, жағымды сыртқы әсерлерді тез қабылдауды қолға алуда. Бұлар сайып келгенде, мемлекет немесе ұлт болашағы туралы тұлғаныстарды белсенді түрде ұғынады.Бұл бізге жаһандану жағдайындағы этноэкология мен экоэтнология мәселесін ұсынады».[5] Экоэтнология, яғни, ұлт тазалығы этноэкологияны, демек, ұлттық экологиялық мәселелерді шешудің негізгі шарты. Алдымен ұлттық тазалық этноболмыстың сақталуы мен өрлеуіне қызмет ете келе, өз аймағындағы экологиялық мәселелерді шешудің өз-дігінше жаңа өлшемдерін ұсынады. Кезкелген ұлттық мемлекеттің ұсынылған ұлттық идеясының басты талабы да — ұлт тазалығы. Бұл тіл мен діннің, моральмен салт-дәстүрдің өзіндік ерекшеліктерінің сақталуы мәселесін қамтамасыз етудің рухани-психологиялық құралы болып табылатын болса, ұлтжандылықты қалыптастырудағы этно-педағогика негіздерін пайдалану экоэтнологияны құрудың элеумеггік құрылымы екендігі сөзсіз.Осыдан жаһанданудағы экожүйе мен ұлт-жандылықтың экологиялық мәселесі туады. Яғни, тұтас экожүйені қалыптастыру ұлтжанды азаматтың елі мен жеріндегі экологиялық мәселелерге алаңдайтын болуын қамтамасызетуі тиіс. Қандайда шағын немесе аз топтан тұратын ұлт болса да популяция өзін-өзі сақтауға құқылы әрі ол үшін күресуге де дайын. «Сондықтан әрбір этнос өзіндік ұлттық идеясын жасап, ұлттық сезімін қайтадан бекіте түсуге мүмкіндік алады. ¥лттық микропопуляциялар табиғи обьективті дамудың туындысы, сондықтан өмір-шеңдігін сақтауға да қүдылы болып келеді. Бүл тек шағын ұлттарға ғана қатысты емес, белгілі бір дін бойынша біріккен ұлыстар, саяси-әлеуметтік мүдде бойынша топтасқан қауымдастықтарға да байланысты.Әрине, адамзат пен ұлт болмысының озара келісімі элемдік дамуда өзекті болып отырған шақта көп ұлттық кеңістік плане-тада бейбіт өмір сүрудің басты талабы».[6] Биоэволюция ұлт болмысының жойылуы мен қүлдырауын талап етпейді, оның адамзаттық қауымдастықпен келісімді өмір сүруіне қашанда мүмкіндіктер туғызады. Осыдан әрбір этностың және ондағы тұлғаның қалыптасу дәрежесі айғақталады. «Биожаһандандыру қазіргі заманғы Қазақстан азаматын қалыптастырудың табиғиландшафты болып табылатын макрофакторы ретінде ұсы-нылған шарттарын қабылдауды қажет етеді. Макрофакторлар да адамды қалыптастыру мен тэрбиелеуде маңызды қызмет атқарады, олай болса, биожаһандық үрдісті түтас ландшафты ретінде тану қажет. Осыдан Қазақстан азаматын қалыптастырудың биоэлсу-меттік қырлары туындайды. Ендеше, Жаһандану аясындағы ұлт болмысын сақтау оның тарихилық үстанымға жүгіне отырып, жаңа-шылдыққа бейімделудің бірлігінен тұрады.Осы бірлік, біріншіден, жаһандану ықпалымен элемгс жайылып, елімізге келіп жеткен қүндылықтар тасқынын іріктеумен, сарауламен, сүзгіден өткізумен міндетті түр-де сабақтасуы тиіс. Бұл — еліміздің үстанған саяси бағдарына, ұлттық мүддемізге сай келмейтіндеріне шек қоюмен шешімін табады. Қазақи қүндылықтарға кереғар жағдайға тап келгенде қолданылатын «Заман сондай, енді қайтеміз» деген қазіргі кездегі келісімпаздық сүзгі тым әлсіз, ол — психоаналитикалық тұрғыдан алғанда, түлғаның жауапкершіліктен қашуы мен жағымсыз қылықтардан өзін ақтап алуға келіп түйіседі. Бұл жердегі ұлттық танымға қайшы келетін құбылыстарды жинақтаған «заман» түсінігі, шындап келгенде, алмай-қоймайтын құдіретті тасқын сияқты болып елестейді. Бұл — алдамшы елес». Бір уақыттарда келешекте, кезегі келгенде, қайта жаңарған өзінің игіліктілігінен айнымайтындығы мен мүлтіксіздігі мойындалған түркілік моральдік рухани құндылықтар өзге елдерге де «заман ықпалындай» болып қабылдануы мүмкін. Демек, Қазақстанның болашақтағы алдында түрған маңызды міндеттерінің бірі — тек экономикалық жағынан ғана алдыңгы сатыларға қарай өрлеу емес, рухани моральдік дағдарыстарды реттеуде де элемдік сахнада көшбасшы болу. бабаларамыздың рухы, ұрпақтарымыздың лебі алдында да құқымыз да жоқ.
«Қазақ ағартушы-педагогтерінің оқушыларга үлттық тәрбие беру және болашақ мүғалімдерді даярлау туралы ой-пікірлері қазіргі кезге дейін ерекше күнды болып келеді. Мәселен, Байтүрсынов өзінің «Қазақ» газетінде жариялаған мақалаларында, «Тіл туралы», «Әдебиет танытқыш», «Баяншы», «Тіл ашар», «Әліпби», «Сауат ашқыш», «Әліппе астар», «Оқу қүрал» (хрестоматия) тәрізді еңбектерінде жан-жақты айтып, өзі тікелей оны іске асырып отырды».[7]
Сол еңбектері арқылы ол Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Бүл жүйенің элементгері: үлттық жазу жүйесі, үлттық негіздегі бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік қүралдары, ұлттық мектепке керек заттар, мектеп ісін жандандыратын үлтжанды мүғалімдер мен тәрбиешілер. Осы жүйенің барлық элементтерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет-ғүрпын, салт-дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға үлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын екшеп көрсетті. Ахмет Байтүрсыновтың «Әліпбиі» — қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі.
«Бұл — араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық «Оқу құрал». Бүл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты — бастауыш сыныптарда балаларды оқыту және сауатын ашу. Кітапта автор әрбір әріпті жеке-жеке түсіндіріп, бүлардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады.
А.Байтүрсыновтың «Әліпбиінің» ерекшелігі: әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар үшін тәрбиелік маңызы зор, айтары қүнды өлендер мен тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Соларды берудегі мақсат — «окушы әріптерді толық меңгерді ме, жоқ па?» деген ойға жауап алу болса, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нүсқалар оқушыларды адамгершілік пен адалдыққа, еңбекқорлық пен мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой болды».[8]
«Әліпбидегі» жыршының сөзінен үзінді бүған толық дәлел бола алады:
Жақсыдан жаман туады, Жаманнан жақсы туады, Бір аяқ асқа алғысы, Адам айтса нанғысыз.
Бұл өлең жолдары адамның жақсы немесе жаман болуы оның тегіне ғана емес, сонымен қоса, бүл оның тәрбиесіне де байланысты деген қорытынды шығады.
Ахмет Байтүрсыновтьщ «Әліпбиіндегі» қазақ халқының зор даналығын көрсететін ауыз әдебиетінің тәрбиелік мазмүнды түрлі жанрларының пайда-лануға үсынылуы, бастауыш сынып оқушьшарьша үлттық тәрбие берудегі әсері мен ықпалы ерекше, оны қазіргі кездің өзінде жазуда басшылыққа алу қажет деп санаймыз.
«Әдебиет танытқыш» еңбегінде ол қазақтың ауыз әдебиеті — халық дана-лығы, тәрбие негізі екенін ерекше бағалап, оның түрлерін былайша жіктеді: ертегілер, аңыз- әңгімелер, өтірік өлендер, үгіт өлеңдер, үміт өлевдер, толғау-лар мен термелер, ділмәр сөздер, тақпақтар, мақалдар мен мәтелдер, той-бастар, жар-жар, неке қияр, беташар, бата, бесік жыры, т.б.
Сондай-ақ, сол еңбегінде А.Байтүрсынов үлттық одет-ғурыптарға байла-нысты ғүрып сөздердің: «тойбастар», «жар-жар», «некеқияр», ‘ беташар», «бата», «бесік жыры», т.б. мазмүнына, тәлімдік мүмкіндіктеріне жан-жақты тоқтала-ды. Ауыз әдебиетінің түрлі үлгілерін ол бастауыш мектепте оқушылар-ға үлттық тәрбие беруде өзінің «Әліпби», «Оқу қүрал» (хрестоматия), «Сауат ашқыш», «Тіл ашар» секілді және т.б. оқу қүралдарында кеңінен пайдаланды.[9]
Ұлттық тәрбие туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы – қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы – парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған этнос пен мемле¬кеттің мүддесі қатар тұруға тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде бүкіл адамзат баласы жасаған өркениеттермен қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ мәдениетінің) мүшесі болып саналамыз. Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа дейін жасаған озық тәжірибелері мен жетістіктерін қолдан келгенше түгел игеріп, қажетімізге пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағидның біріне айналуға тиіс. Бұл үшін қазақ ұлтын қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интел¬лектуалды сапаға көтеріп алу тиімді.
«Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді тұрмысқа бейімделген дала халқы емес. Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы “қызыл идеологияның” қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын қала халқына айналып, сапалық жағынан көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет құруға көшіп отыр. Сонымен бірге “Мәңгі ел” ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз халық. Қазіргі кезде әлем жұртшылығы ұлы реформатор, ұлт лидері деп таныған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей бастамасымен Үкімет осы бағытта үлкен мемлекеттік бағдарлама жасап, барлық деңгейдегі билік өкілдері елдің индустриялық-инновациялық даму жолына түсуін қатаң бақылауына алып, жіті қадағалап отыр. Түсінген адамға мұның түпкі астарында да мемлекеттік идеядан туындаған ұлттық мүдде, ұлттық ұстын жатыр. Елбасының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтойына орай аталған жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары мен студенттеріне арнап оқыған “Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс” атты дәрісінде осы мәселені жан-2жақты талдап, келешегімізге қандай жолмен баруымыз керектігін тағы бір айқындап берді».[10]
Соңғы жылдары қол жеткізген табыстар һәм тәжірибелер ата-бабаларымыздан қалған аса қүнды мүраларымыз саналатын ұттық тәрбие потенциалының, эсіресе бүгінгі ғаламдық жаһандану жағдайында аса зор және қажет екені белгілі болып отыр. Аталмыш сала бойынша соңғы жылдар көшінде жүргізілген зерттеу жұмыстары мен ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, сондай-ақ мемлекеттік һәм бүқаралық деңгейде кабылданған маңызды шешімдер мен құжаттар, авторлық бағдарламалар мен ғылыми-шығармашылық жобалар — ұлы жәдігеріміздің өскелең ұрпақ жадына сақтап, күрделі шақта кәдесіне жаратар мұхтасар құрал бола алғанын жокқа шығармаймыз.
Осы термин жөнінде аз айтылып және жазылып жатқан жоқ. Оның еліміздің өткен дәуірінде, кейінгісінде тіпті М.Жүмабаевтың «ұлт тарбиясынан» Б.Момышүлының «халық тэрбиесіне» дейінгі аралығында жас үрпақтың заман талабына сай болуына бірден-бір тұтқа бола алуына маңызды рөл атқаратын құрал ретінде ұлт санасында өзгерусіз сақталып келе жатқан қүбылыс екені кең тұрғыда бағаланып келді.[11]
¥лттық тәрбиенің пән оқулығы ретінде, өз кезегінде әрбір оқу ордасында арнайы кафедралар ашу, мамандар дайындау сияқты сипатта өрбуіне мол мүмкіндіктер ашылуда.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықәтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тығыз байланысты. Интеллектуалды ұлт болу деген тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі иірімінде ұлттық негіз, ұлттық ұстын, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын жақсартумен ғана шектелмейді, рух тазалығын тәрбиелеу арқылы да биік мұратқа жетуге болады. Ал, оның түпкі мақсатында инновациялық терең білім алу қажеттілігі мен технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту сұранысы менмұндалап тұр. Өкінішке орай, бүгінгі таңда біздің елімізде интеллектуалдық тапшылықты” “дефициті” қай кездегіден де жоғары.
Осы орайда мынадай бір сауалға жауап беру маңызды деп есептеймін. Елдік сананы қалыптастыру үшін неге ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қоямыз? Біздің ойымызша, ұлттық тәрбие өзара тығыз байланысты екі бастаудан нәр алуға тиіс. Оның біріншісі, қазақ халқының тарихи тағдыры қалыптастырған мейірім, жарасым, төзім, шапағат, парасат, ізет, бақыт туралы арман-аңсар. Таратып айтсақ, осындай арман-аңсардың мәдениет пен өнерде, салт-дәстүрде, тіл мен ділде, діни сенім-нанымда түрліше көрініс¬тері болуы керек. Екіншісі, бүгінгі тарихи кезең аясындағы нақты бастан кешіріп отырған қоғамдық-психологиялық ахуал. Бірінші жағдайға қатысты ойымызды одан әрі өрбітер болсақ, халықтың мәдениеті мен әдебиеті, өнері мен салт-дәстүрі, тілі мен ділі, сенім-нанымы мен діні дегенде тарихтың сүзгісінен сараланып өткен рухани құндылықтарға басымдық сипат берілуі керек. Мұның өзі қоғамның тарихи, психологиялық даму бағытында екінші мәселенің де оң шешімін табатын жолмен ілгері басуына кепіл бола алар еді.
Осы мәселе бойынша оқушылар мен студенттер, ата-аналар мен зерттеушілер арасында жүргізілген сұхбат-сауалдар бойынша ұлттық тәрбие жөнінде болашақта ауқымды және стратегиялық бағытта жұмыстар жүргізу қажеттілігі туындауда. Тұжырым орайында, аталған ойлардың бүгінгі заман желісіндегі қиындықтарға қарамастан көптеген тәжірибелер жинақталып келе жатқанын атап өткеніміз жөн.
Дегенмен, қол жеткізген табыстар мен барынша ұтымды жобаларға талдау жасай отыра, ұлттық тәрбиенің оқу-тәрбие процесінде кешенді жүзеге асырылуының технологиялық картасының қажеттілігі туындап отырғанын ескерген жөн. Осыған орай төмендегідей нақты ой-тұжырымдарды баяндауды мақсат еттік.
Ұлттық тәрбиенің үздіксіз процесс екенін ескере отыра, оның халық түрмысымен барынша жанасуы мен ілкімденуі ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігінен бастау алғаны абзал, Бұл мәселеге әлемдік деңгейдегі іс классикалык педагогикалық ой-түжырымдар үлкен назар аударады. Оның басымдылық көріністері жаңа отбасы дәстүріндегі нәрестенің адам бойында пайда болуы және оның жарық дүниеге келу құрметіне байланысты ырым-тыйымдардың, салт-сана мен тәлім-тәрбиелік тәжірибелер жиынтығын айтамыз.Осы тәжірибелер кеңістігі уақыт өте келе жалпы үлттық тэрбиенің фундаменті болып қалыптасатынына біздер табиғи жағдайда көзайым боламыз.
«Ең алгашқы ұлттық тәрбие әліппесі бала ес біле бастаған шақта пайда болатын сұрақ-жауаптар мектебі -дүниетаным жэне салт-дәстүр тақырыбынан бастау алмақ. Оның нәтижелілігі Я.О.Коменский, Қайқауыс Гиланшаһ һэм Мария Монтессори еңбектерінде ерекше назарға ілініп, өз кезегінде ата салты мен ұрпақ тағдыры арасындағы ғасырлық сабақтастың мәңгілік байланыста болатынын паш еткенін байқаймыз. Оған бүгінгі таңдағы ерте жастан бастап білім беру әдіс-тәсілдерінің оқу-тәрбие практикасында кеңінен қолданылуы бұл жөнінде халықтық педагогикалық тэжірибелердің көне замандардан бері өзіндік мәңгілік классикалық моделін жоғалтпай келе жатқаны мұрындық болғанын ескерген жөн».[12]
¥лттық тэрбие мәселесіне байланысты сұрақтардың тілі шыға бастаған баланың ересектерге себепті-себепсіз жаудыртуы тегін емес, Ол сұрақтар жөнінде өзіміздің жеке отбасылық өмірімізде кездескен «Ата неге бата береді?», «Құдай Ата қайда?», «Қозы неге маңырайды?», «Жер неге жасыл?», «Аспан неге көк?» т.б сүрақтар баланың біреуден үйренгені арқылы емес, керісінше ішкі жан-дүниесімен тығыз байланыста көрініс тапқанына ерекше мән беруіміз қажет. Ендігі арада біздер тілашар тұс пен мектепалды кезеңіндегі балаларға ұлттық тәрбиенің қай түрі немесе әдісі керек екенін білгеніміз абзал. Әрине, бүгінгі қоғамдық-психологиялық ахуал дегенде осы бағыттағы әлемдік тәжірибелердің озық үлгілері мен жетістіктері де назардан тыс қалмауға тиіс. Түсінген кісіге қазіргі заман көзімен қарасақ, қоғам түбегейлі өзгерген. Жастардың психологиясы, таным түйсігі мүлдем басқаша. Бүгінгі қоғамдық қатынастар өкшебасар ұрпақты бәрібір өз дегеніне көндіруде. «Тіпті ұлттың құрамы да ала-құла. Ұлттың (отбасының) құрамы ала-құла болған соң, тілі де біркелкі емес. Осыған байланысты бүгінгі қазақ отбасының ұлттық тәрбиесі күрделі өзгерістерді бастан кешіруде. Мұндай өзгерістерге біз әрқашан дайын болуымыз керек. Ол үшін білім арқылы тәрбиелеудің әлемдік озық үлгілеріне арқа сүйегеннен ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық. Сонда ғана біз бәсекелестікке қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуге қол жеткізе аламыз.»[12]Халықаралық деңгейдегі білімнің басты ерекшелігі – күшті нарықтық бәсекеге қажет кадр даярлау болса, оның алғы шарты білім ар¬қылы тәрбие берудің ішкі механизмін қалыптастыратын жүйе құру деген сөз.
Дүниежүзілік тәлім-тәрбие берудің озық тәжірибелерін игермей ұлттық тәрбие идеясын толыққанды жүзеге асыра алмаймыз. Бүгінгі тарихи-психологиялық ахуал бізден осыны талап етіп отыр. «Онсыз білім де, тәрбие де өз деңгейінде болмайды. Шын мәнінде тәуелсіздік дегеніміздің өзі ұлттық мәдениеттің сақталуы және халыққа рухани қызмет ету әлеуеті емес пе?! Ол-ол ма, ұлттық бостандық үғымының түпкі мазмұн-мағынасы да осыған саяды. Жастарды ойдағыдай тәрбиелеуде біздің мүмкіндігіміз бар. Өйткені, ол үшін батыс мәдениетімен, білімімен бәсекеге түсе алатындай ХХІ ғасырда рухы биік мәдениетіміз бен біліми әлеуетімізді қалыптастыруды қолға алу өте-өте маңызды. Рухы мен мәдениеті биік, білімі терең деңгейдегі ұлт жаһандану деген алып мұхиттың үстінде өзінің келбетін жоғалтпайды. Ондай ұлттың да, мемлекеттің де болашағы жарқын. Ол үшін ұлттық тәрбиені дамытудың ғылыми негізделген тұжырым-дамасын жасау керек.
«Президенттің “Интеллектуалды ұлт – 2020” ұлттық бағдарламасындағы идеямен қаруланған Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы қолға алып отыр. Әрине қиын, қиын да болса тәуекелге бел буып отырған жай бар. Сол мүмкіндікті пайдаланып бүгінде біз университетте тәрбие мәселесіне, оның ішінде ұлттық тәрбие проблемасына бірінші кезекте ден қойып отырмыз. Өйткені, ұлттық тәрбие бастауларынан нәр алған мәдениетті, парасатты жастар оқу-білімді өзінің өмірлік мұратына айналдырып, жан-жақты ізденетіні, ғылыммен шұғылданатыны сөзсіз. Білім мен ғылым шындығында, аса зор өндіргіш күш, үлкен байлық. Сондықтан да әлемдік жаңа идеология білім күшіне сүйенеді.»[13] Сондай-ақ қазіргі замандағы білім беру жүйесінің міндеті қазіргі жастарымыздың білім алып қана қоймай, тәрбиелі, әдепті, ұлтжанды, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды болуын қамтамасыз ету.
Қазақ халқының ұлттық тілі -түркі тектес тілдердің ішіндегі ең бай, әуезді, бейнелі, ойға оралымды, ауаны ауқымды, келешегі келбетті тіл. «Бір кезде профессор Қ.Аханов: Дүние жүзіндегі мыңдаған тілдердің ішінде, біздің тіліміз он үшінші орында тұр» деп, ғылыми тұжырым жасаған болатын. Педагог,ақын- Мағжан Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екиінді тарихы, сар далада үдере көшкен түрмысы, асықпайтын саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды терең тіл жоқ. Түрік тілімен сөйлеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші. Қазақ тілін қолданбақшы… Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болмақ, сөз жоқ, түрік елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз кәміл» деген еді [Мағжан Жұмабаев»[14]
Ғасырлар бойы қалыптасып, барынша байып келе жатқан мемлекеттік тіліміз –ұлттық тәрбиенің қуатты құралы. Қандай тәрбие болса да тәрбие жұмысы белгілі бір ұлттың тілінде жүргізілетіндіктен, біз тәрбиені ұлттық тәрбие деп түсінеміз. «Ұлттық тәрбиеде сол ұлтгың тілінің рөлі зор екендігі айқын көрінеді.Ұлттық тәрбие (жан тәрбиесі, тән тәрбиесі) ұлттық тілдің құдіретімен нәресте дүниеге келмей тұрьш, оның ата-анасыныц «жар таңдау» ксзеңінен басталады. Қазақ халқы болашақ отау иелерінің «көргенді», «тәрбиелі», «жаны таза». «тәні таза», «ақылды, саналы» болуын қалап, «қудандастық», «шаңырак көтеру».[14] үй болу үрдістеріне аса зор жауапкершілікпен қараған. Осының бәріне ана тілінің шешендігі, өнегелі өрнектері. эстетикалық әсерлері пайдаланылган болатын. Қазақ халқының ұлттык тәрбиесі қазақ тілінде: отбасында, балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында, қоғамдық орындарда тәрбиеленушінің жас ерекшеліктеріне қарай (отбасын құруга дайындық кезеңі, ана құрсагындағы даму кезеңі; нәресте, балбөбек, сәби, балдырған, бүлдіршін, өрен, жеткіншек, жасөспірім. жастық кезеңі) жургізіліп, өмір бойы жалғасады.Әрбір адам «талбесіктен» бастап «жербесікке» дейін ұлтіық тілде тәрбиеленеді. Үздіксіз тәрбиеде ана тілінің Ұлттық тіл арқылы жеке тұлганың ұлттық болмысы, ұлттық мінезі, ұлттық әдебі,ұлттық мәдениеті, ұлттык салт-дәстүрлері, ұлттық психологиясы қалыптасады, сөйтіп, ана тілі ана сүтімен бірге жеке тұлғаны ұлттық құндылықтармен қаруландырады да, оның ұлттық қасиеттерін қалыптастырады.Ұлттық тәрбиенің басты құралдары: ұлттық әдебиет,ұлттық мәдениет, ұлттық салт-дәстүрлері ұлттық тіл аркылы тәрбиелік қағидаларын іске асырады. Ғасырлар бойы халықтың іс-тәжірибелері арқылы қалыптасқан салт-дәстурлері (қыз абыройы, жігіт намысы, сыйласым, ата-ана міндеті, бала парызы т.б.) — ұлттық тәрбиенің алтын арқауы. Олар отбасында, балабақшада, мектепте, ұжымдарда, қоғамда жан-жақты қолданылып жүр.Ұлттық тәрбиеде халық қазіргі отбасында, балабақшада, мектепте қолданылып жүргесін тіл құралын — «тілашар» дәстүрін қалыптастырды: бесік жыры, тұсау кесер жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, мақал-мәтел, ойын өлең-дері баланың эстетикалық сезімін оятып, сан үйретіп, тілін ширатьш, ойын дамытып, намысын қозғап, жадын жақсартып, қиялын шарықтатьш, сыйласымдық харекетін дамытады. Сөйтіп тілашар дәстүрі арқылы баланың сезімі сергіп, түйсігі түріліп, қабылдау қабілеті қалыптасады. Ұлттық әдебиеттің тәрбиелік қуатымен жеке түлғада ұлт, ар, намыс пайда больш, жігер-қайраты ұшкырланады, зердесі тереңдеп, ұлттық мінез құлқы қалыптасады. «Осының бәрі тек ана тілінің құдіретімен іске асырылады.Ұлттық тіліміздің қажеттілік ауқымы оқу-тәрбие ісінде жоғары дәрежедс екендігін өмір дәлелдеп отыр. Сол қажеттіліктерді өтеу жолында: отбасында, балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында, қоғамдық орындарда ұлттық тэрбиенің бағдарламалары, оқу құралдары ұлттык тілде түзілген. «Балабақшадағы ұлттық тәрбие» оқу қүралымен қатар, мектептегі ұлттык тәрбиенің оқу кұралдары.Отбасында, мектепте, балабакшада, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде жүргізіліп жатқан ұлттық тәрбие жұмыстарында қажеттілікті өтеуге лайықты аталған оқу құралдары мен бағдарламаларын одан әрі дамыта даярлап, оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдалану қажеттігі туып отыр. Мемлекеттік тіліміздің оқу-тәрбиелік қажеттіліктерін іске асыру үшін, ең әуелі ана тілінде жүрғізілетін тәрбие жұмыстарын жоспарлы түрде жан-жақты жүргізіліп, бас-пада жарияланған және жарияланатын оқу қүралдары мен бағдарламаларын жан-жақты пайдалану қажеттілігі туындады. Оған қажетті нәрсе жабылып қалған кітаиханаларды қайта ашып, оқу қүралдарын мемлекепік сұраныспен қайта шығарып, мемлекетіік гілде жазылған оқулықтармен, көркем эдебиетпен оқушыларды қамтамасыз ету қажеттілігін өтеу мүмкіндіктерін пайдалану керек. «Қаражат қатшылығын» себен қылудың орнына, сол «қатшылықты» жеңу жолдарын іздеп, бұл жолдағы күресте жеңіп шығу-елдік намысқа байланысты.Қазақ тілінің бағы жанатын жағдайларға жетуі үшін, ең әуелі осы тілде жүрғізілетін тэрбие жүмыстарын жауапкершілікиен қолға алатын болсақ, біздің үлттық-мәдениетіміздің де өркені өседі».[15] Өнерпаз, меймандос, иманды, дана халқымыздың әдет-ғұрпы, әдебі, дәстүрі, салты тек ана тілінде ғана салтанатты дэрежеде үрпағымыздыц үлттық мэдениетін калыптастыруға зор себін тигізіп келеді. Оған ешбір «ғаламдастырудың» қажеті жоқ. Өркендеген халқымыз ғаламдағы өркениетті өрнекгерді өнеге тұта қабылдап, өз мәдениетін жаңаша тұрғыда көркейте алады.Еліміздегі білім ордаларының қара шаңырағына айналған университетіміздегі химия және биология факультеттің қазіргі таңда еліміздің жоғары оқу орындарының ішіндегі алар өзіндік орны ерекше. Себебі, қазіргі заманда қоғам жастардың тек білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейде мэдениет пен ғылымның түрлі салаларын да терең меңгерген маман болуын талап етеді. Студенттің тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой-пікірдегі тәуелсіздігі болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі студенттердің білімінің қалыптасу жэне элеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады. «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалык университетінің ежелден қалыптасқан өзіндік дәстүрлері, ұлттық ерекшеліктері бар-2009-2010 оқу жылынан бастап, осы университеттің ректоры ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Ж.Пірәлиевтің тікелей ұсынысымен және басшылығымен университетімізде жоғары білімді кәсіби мамандар даярлау ісі құндылықтарға, халықтық тәрбиеге білім берудің қазіргі заманғы инновациялық технологияларында негізделген оқу-тәрбие арқылы жүзеге асырылуда. Оқу мен тәрбие мэселесі, негізінен, ұлтгық кадрлар даярлау ісіне бағытталған. Тәрбиенің негізгі салалары: жалпы тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу».[16]
Ұлттық тәрбиенің түрлері туралы теориялық түсінік. Жалпы тәрбиелеу: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, отансүйгіштік тәрбие, дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, экологиялық тәрбие болып сараланады..
Ақыл-ой тәрбиесі — тәрбиеленушінің акыл-ойын дамытып, жігер-қайратын (сезім-қабілеттерін), өмір құбылыстарының, заңды-лықтарын жан-жақты ұғынуын, ой туйіндей білуін іске асыру үшін жүргізілетін әсерлі эрекет. Ақыл-ой тәрбиесінің нәтижелі болуы тәрбиеленушінің ой-сезіміне, қабілетіне, жігер-қайратына, ынта-ықыласына, іске икем-ділігіне, болмысына байланысты. «Санасызға сан айтсаң да ұқпайды», «жетесізге жеті айтсаң да ұқпайды» деп халық бекер айтпаған. Бірақ педагогика ғылымы тәрбиеленушіге «ұқтырудың» қызықтыру, эсерлендіру, ынталандыру т.б. тәсілдерін ұсыньш, адамның ақыл-ойын да-мытуға болатынын дәлелдеп көрсетеді.
«Ақыл-ой тәрбиесі сөз әуелі тәрбиеленушінің ойын дамытып, ақыл-санасын қалыптастыруды көздейді. Ол үшін тәрбиеші түсіндіру, білім беру, ақыл айту, үлгі-өнеге керсету, ақылдасу, пікірлесу т.б. игі іс-әрекеттердің тәлімді тәсілдерін қолданады. Тәрбиеленушінің ой қабілетін, түсінігін қалыптастыру үшін «оңайдан қиынға, аздан — көпке» тәсілі қолданылып, оның ықыласын арттыру көзделеді. «Сенен түк шықпайды», «топассың», «түсінігің нашар» деп, шыдамсыздықпен тәрбиеленушінің сағын сындырып, жанын жасытатын «ұстаз-сымақтар» ақыл-ой тәрбиесінің сабырлы салтын бұзып, тәрбие ісіне зор зиян келтіреді. «Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға» (Абай) дегендей, білім беру, ақыл айту, үлгі-өнеге көрсету, ақылдасу, пікірлесу кезінде де тәрбиелснушінің бейімді, жақсы жақтарын тауып, оны дамыта білу қажет».[17]
Халықта «ақылы асса, аға» деген сөз бар. «Ерекше қабілетті» тәрбиеленушінің феномендік ерекшелігіне көңіл бөліп, оның ақыл-қабілетіндегі «артықшылықты» ардақтай, дамыта білу қажет. Бірақ артықшылықты артық бағалауға болмайды. Әрнәрсенің қалпы бар. Даму — қайшылыққа байланысты. «Дарынды» тұлғаның қабілетінде де, іс-әрекеттерінде де қайшлықтар болады. Соны таба біліп, тәрбиелеуші тәлімін төтештеп, тәлімді тәсілмен жүргізуге тиіс. Халық «баймын деп, тасыма, кедеймін деп, жасыма» деп ақыл айтады, инабатты, иманды ұрпақ өсіру үшін, «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп өсиет айтады. Иманды халық өз ұрпағын тек жақсылық істеуге (имандылыққа) тәрбиелейді. Ақыл-ой тәрбиесі, көбінесе, білім беру ісінде жан-жақты жалғасып,тәрбиеленушінің ойлану ауқымын, ой қисындылығын (логикасын), білуге құштарлығын, ғылымға бейімділігін дамытады. Сөйтіп, акыл-ой тәрбиесі адамгершілік, дене еңбек тәрбиесімен, эстетикалық, экологиялық тәрбиелермен байланысып, тәрбиеленушінің саналы, білімді, ойлы (ақылды) болып тәрбиеленуіне себепші болады.
«Ақыл-ой тәрбиесі жан-жақты сапалы жүргізілсе, ол тәрбиеленушінің алдынала болжай білу, ой түйіндей білу, ой саралай білу, ой қорыта білу қабілеттерін дамытады. «Алдын ойламаған ұрады», «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар», «сансыз ойды саралай біл», «ой қорыта білмесең, опық жейсің күнде сен» деп, халық ақыл-ой тәрбиесінің мақсаттарын мағынасы зор мақалдармен жеткізеді. Ақыл-ой тәрбиесінде оқыту ісінің жетекшілік мәні зор. Адамның ақыл-ойының қалыптасуы үшін, оның біліктілігін қалыптастырып дамыту, танымдық қасиеттерін қалыптастыру қажет болады. Ал, білім мен біліктілік ауқымы заманға қоғамдық, саяси-элеуметтік құрылысқа, өркениеттік өмір қозғалысына сәйкес болуы қажет. «Адамды заман билейді, жаманды заман илейді (Абай) дегендей адамның ақыл-ойы заманына сәйкес (әсіресе білімі) болу қажеттілігі ақыл-ой тәрбиесінің мақсаттарын күрделендіре түседі.Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі мақсаты -тәрбиеленушінің ойлау қабілетін дамыту десек, ол үшін, ойлай білуді, ой-қисындарының айқын болуын алгоритмдік (дәлелдік) тәсіл-дерімен қалыптастыру қажет. Бүл тәсілдер, әсіресе, бағдарламалап оқыту ісінде кеңінен қолданылады. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» (Абай) дегендей, ақыл-ой тәрбиесін беретін адам білімді, білікті, көргенді, өнегелі, өркениетті болу керек. «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме» деп халық ақыл айту үшін, тәрбиешінің адалжанды, білімдар, ақылды болуы қажет екендігін дәлелдейді. Халық өсиет, насихат, өнеге тек тәрбиеленушіге лайықты, халықтың қажетіне сәйкес болу керек деп, тәрбиеленушіні «құрғақ ақыл» «бос сөзден» аулақ болуға бейімдейді. «Ақыл — жастан, дау — қарындастан» деп халық жас адамның ақыл-қабілетін жоғары бағалайды да, ақыл-ой тәрбиесінің биіктен басталатынын дәлелдейді».[18]
Адамгершілік тәрбиесі — адамды сыйлау, адамға жақсылық жасау, кісілік дәстүрлерді жеке тұлғаньщ бойына сіңіру, оған инабатты, иманды, көпшіл болуды үйрету т.б. адамдық, азаматтық қасиеттерді қаыптастыру әрекеті. «Адамның күні адам мен», «қошқар болар қозының маңдай жағы дөң келер, адам болар жігіттің арқа-басы кең келер», «баланы жастан…» деп халық адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық-психологиялық негіздерін айқын көрсетеді.Адамгершілік тәрбиесінің тарихи, таптық, діндік, өркениеттік мән-мағынасы бола тұра, ол — үнемі озық үлгілермен дамып, адам баласын мәдениет шыңына бастап келе жатқан өркендеп бара жатқан тэрбие тағылымы, адамның адамдыгының кредосы (негізі).Адамгершіліктің негідері: кісілік (гумандық), ерлік, табандылық, мақсаттылық, ұлттық намысты қорғау, қоғамшылдық, азамат-тық борышты сезіну, құқықтық нормаларды іске асыру, отансүйгіштік т.б. адамгершілік тәрбиесінің нәтижелері болып табылады».[19]
Кісілік рәсімдер: имандылық — ізеттілікті, сыйласымды, жақсылыққа сенуді, тек жақсылық жасауға бейімделуді; салауаттылық — таза жүруді, есіріктен аулақ болуды, ар-ұятты қастерлеуді, оғаш құлық көрсетпеуді; қайырымдылық — адамға, айналасына жақсылық жасауды, көмек көрсетуді адам баласына мейірімді болуды, табиғатты қорғауды; перзенттік парыз — Отанға, ата-анаға қымет етуді, перзенттік борыштар мен міндеттерді өтеуді, Отанын сүюді, адамдарды ардақтауды; әдептілік — ізетті, инабатты, қайырымды, мейірімді болуды, әрқашан эдеп сақтауды, әдеппен сөйлеуді, жақсы мінезділікті; өнерпаздық — өнерді сүйе білуді, өнер үйренуді, өнер адамдарын ардақтауды; ататекті қастерлеу — ата текті сыйлауды, ата дэстүрлерін жалғастыруды, бүкіл адамзаттың адамгершілік қасиеттерін қабылдап, қастерлей білуді; бірлікшілдік -дос, жолдас, туыс, үжым бірлігін сақтауды, үлттық (халықтық) бірлікті қастерлеуді; қазақи қонақжайлылық — кез келген адам баласын күтіп, оған жағдай жасауды, сыбаға беру, қонақ кәде жасауды, аш-арыққа көмек көрсетуді; ар-намыстылық — ар, ұят, намыс сезімдерін қалыптастыруды, ұлттық және адами намысты қорғай білуді, алға талпыну ісін қолдауды көздейді.Адамгершілік тәрбиесі саяси-элеуметтік жағдайдағы құқықтық нормалардың бұзыл-мауын мақсат тұтады, ұлттық сананың дамып қалыптасуына себебін тигізеді, эділетсіздікке қарсы күресе білуді үйретеді.Адамгершілік қасиет жеке түлғаның бойына игі іс-әрекеттер, әдет-ғұрыптар, әдептілік нормалары, салт-дәстүрлер мен салт-сана арқылы қалыптасады. Жас ұрпақтың адам-гершілік қасиеттерін дамыту үшін, оларға игі іс-әрекеттерді үйрету, елін сүйген ерлер-дің кісілік (гумандық), адамгершілік іс-әрекеттерін үлгі тұту тэсілдері қоданылады. (Мысалы, әл-Фарабидің, Абайдың адамгершілік қасиеттері мен өнегелері т.б. ұлы адамдардың ұлылық өмірлері мен, тарихи тэлімдік еңбектері — адамгершілік тәрбиесінің басты қүралы).Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі ешбір руға, ұлтқа бөлмей, жалпы адами тәрбиенің негізі ретінде көрінеді. Ұлттық тәрбиенің негізгі мақсаты — жас ұрпақты «атаның ұлы ғана болмай, адамзаттың ұлы» болуға тәрбиелеу. Адам болған соң оның адамгершілігі болу қажет. Сондықтан халық адамгершілікке жат қылықтар мен әдепсіз әрекеттерге қарсы аяусыз күреседі. Біз тәрбие ісінде осы бір ата дәстүрдің жалғасын жарқырата беруге міндеттіміз.
Патриоттық (отансүйгіштік) тәрбиесі — тәрбиеленушіні Отанын (отбасын, ұлтын, туған жерін, мемлекетін) сүюге, азаматтыққа тэрбиелеу әрекеті.Халық «туған жерге туыңды тік», «туған жердің топырағы да ыстық», «туған жер-ден топырақ бүйырсын» деп, отансүйгіштік тэрбиенің қозғаушы күші ретінде туған жер-ге деген сүйіспеншілікті арттыру қажет деп санайды. Халық батырлары тек туған елін, туған жерін ғана емес, жалпыадамзатмүддесін (бостандықты) қорғаған. Сондықтан олардың өнегелері жас ұрпақты патриотизм рухында тэрбиелеудің күшті қүралы екендігі — даусыз.Отансүйгіштік тэрбиесі жас ұрпақты ұлтаралық достықты қастерлей білуге, ұлттық қарама-қайшылықты тудыруға қарсы)тәрбиелеуді мақсат тұтады.«Досыңа достық — қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол» (Абай) деген қағида бойынша, ұлтаралық достықтың отан сүйгіштік тәрбиеде алатын орнын халық жоғары бағалап, Отан үшін күресте адамгершілік биігінен көрініп, дұншанға да әділетті болуды уағыздайды.Отан сүйгіштік тәрбиенің қозғаушы күштері — ұлттық (отандық) мақтаныш пен ұлт-тық намыс. Ел қорғауда, еңбекте, ғылымда, өнерде, ел басқаруда ұлттык мақтаныш тұгатын (мысалы: каһарлы Қарасай батыр, еңбек ері Жазылбек Қуанышбаев, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев, атақты әнші Роза Бағланова, халық көсемі Дінмұхаммед Қонаев) ұлы бейнелердің өнегелері ұлттық мақтаныш ретінде отансүйгіштік тәрбиенің қуатты қүралы етіп пайдалану педагогтық шеберлікпен ұқсалады».[19] Иманды, қайырымды, каһарман, шешен, өнерпаз, еңбекшіл, қабілетті қазақ халқының ұлттық намысын қорғау — сол халықтың ұрпағы ретінде, оның үлттық қасиеттерін сақтап, жас ұрпақты нағыз қазақ, нағыз азамат болып өсуге тәрбиелеудің қозғаушы күші болып табылады. «Отанды сүю деген имандылықтан басталады», — дейді халық. Ұлттық әскери-патриоттық тәрбие осының бәрін де қамтиды.
Аңқаулық мінезді тәрбиелеу.
Әр нәрсені аңғармаудың, сезінбеудің, байқамаудың, танымаудың, қызықпаудың, толық білмеудің, ескермеудің салдарынан пайда болатын мінез — аңқаулық.
«Аңқау абайламай басынан айырылады не алдындағы асынан айырылады» деп, халық аңғармаудың кесірін баса айтып, ұрпағын аңғарымпаздыққа тәрбиелейді. Тәрбиеленуші аңғарымпаз болу үшін оған сездіру, оны қызықтыру керек болады.
Әрбір тұлғаның гендік (тектік) ерекшеліктеріне байланысты, оның сезімталдығы да әр дәрежеде болады. Аңғалдық мінез сезімталдығы тәрбиеленбеген тұлғада қалыптасады да, оның сезімталдығын арттырудың тәсілдері қолданылады (түсті, істі, сапаны. санды ажырата білу т.б.).
Аңғалдық мінезде, көбінесе, байқамаудың кесірі көп тиеді. Байқамау білместіктен, байқаусыздықтан пайда болады. Байқаусыздығын сезіне білген, мойындаған адам өзінің аңғалдыгын ескеріп, «сақ болуды» ойлайды. Сөйтіп, ол аңғалдығын бірте-бірте жоюға тырысады. Аңғалдықты аңғару арқылы жеңіп, әрбір адам өзін-өзі тәрбиелей білуге тиіс болады.
Аңқаулық танымдық сезімді де көрсетеді. Жеке тұлғаның танымдық сезімі нашар болса, ол жақсыны, адамды, іс сапасын, көргенін, үйренгенін танымай, әр нәрсені бағалай алмай, шала ойлап, аңқаулық көрсетеді. Мұндай аңқаулық, көбінесе, жасы «келген», денсаулығы нашарлаған адамда болады. Мұндайда ойлау, түйіндеу арқылы танымдық сезімді ұштау ксрек.
Әр нәрсеге қызықпау да аңқаулық пен аңғалдықты тудырады. Сондықтан танымға немқұрайлы қарауға болмайды. Әр нәрсені толық білу, есте сақтау — аңқаулықты болдырмауға себепші жағдайлар.
Аңқаулық мінезді ескерту, талап ету, сынау, мысалдар келтіру, көркем (күлдіргі) шығармаларды тұлғаның өзіне орындату арқылы да тэрбиелеуге болады.
Арсыздық мінезді тәрбиелеу.
Жеке тұлғаның басында имансыздықтан, ұлтсыздықтан, әдепсіздіктен, намыссыз-дықтан, ақымақтықтан пайда болатын қырсық мінез.
«Иманды қазақ халқы «малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы» деп. арын жанынан биік қояды. Имандылыққа үйрететін тәлім-тәрбиелік қағидаларға көңіл аудармай, көргенсіз өскен тұлға арсыздық жасайды.[20]
Ар ұят арқылы қалыптасады. «Ұятсызда иман жоқ» деп, халық ар-ұяты қальштаспаған қараниетті түлғадан аулак болуды уағыздайды. «Арым — Ұлтым» деп, иманды тұлға арын ұлттық сақтап, ұятын ұлағаттайды.
Арсыздық мінез көбіне, әдепсіздіктен пайда болады. Халықтық (ұлттық) әдеп жеке тұлғаның адами қасиеттерін (ізеттілігінің, инабаттылығының, әдептілігінің) ұлттық болмысқа сай келуін талап етеді, «эдептілік-әдемілік» деп, әдепті болуды талап етеді.
Әдепсіздік жеке түлғаның тэрбиесіздігінен пайда болып, арсыздық мінез туғызады.
Әрбір жеке тұлға (ұлттық түлғанамыст сезініп, түшынып, түйсініп, бойына сіңіре білмесе, онда ар-ұят болмайды. «Ұятсыз, арсыз салтынан. Қалғып кетер артынан» деп, Абай дана айтқандай, үятсыз, арсыз адамда адамгершілік қалыптаспай, арсыздык мінез абыройсыздыкка ұшыратады». Бүкіл элемдік интеллектуалды әлеует өзінің дүниетанымдық негізін білім мен ғылым біртұтас кеңістігіне жаңа философиялық пайыммен қағида шығаруга бағдарлап отыр.[21]
Бұл бағдардың нысаналы тірегі, субстанциясы зиялылық-креативтік көз-қараспен қарап, әрбір ғылымнан тұжырымдар шығару жеке түлғалардың еншісіне бағынысты екенін аңғарамыз. Олай болса, Қазақстан Республикасы шеңберіндегі ұлттық тәрбиеге қатысты мәселелер басқа үлттар мен ұлыстар және дүниежүзілік халықтардың таным-түсінігінің деңгей-ліктеріие тәуелді тұжырымдар легі пайда болады. Сол себепті таза, автономды ретроқағида түрғысында қазақи көзқараспен әлемдік халықтардың тұжырымдарын бір жүйеге келтіреміз деу кемшіліктің ең дөрекісі.
Әлем халықтарының ұлттық тәрбие жайлы көзқарасыныңтүжырымдарын бір жүйеге түсіруге ықпал жасау қиындық келтірсе де, ұлттық психология нышаны және ұлт киесі болып қалыптасқан қазақи тәлім-тәрбиені ескермесек, оның сан ғасырлық жүйесін ілгерілету траекториясын күні бұрын жобаламасақ, қазақ болу қалпымыздан айрыламыз. Жаһандасудан алшақ кете алмайтындығымыз диалек-тикалық зандылық екенін ескерсек, үлттық тэрбиенің әлемдік кеңістіктегі жүйе сыңайында бір орталықтан үйлесім табуы, басқарылуы, алгоритмделуі, құбылыстар мен үдерістерге түсуі біздерді терең ойға қалдырады. «Қазақи ұлт тәрбиесінің жүдеу тартуының бір өткір мәселесі ол аталған жүйенің әлі де болсын халықтық педагогика нысанында тарихи қағидамен бернеленбеуінде.Өйткені, белгілі бір жанрға қатысты мәтіндемені тұтас, көкейкесті мәселеге қатысты проблемалы сұрақпен зерделеп, одан ой-тұжырым шығарудың орнына үзік-үзік цитата келтіру қанымызға сіңіп кетті. Осындай үдерістің салдарынан ұлттық тәрбие мәйегінің 1) игілікті өмір сүруді қамтамасыз етер мүмкіндігі; 2) қоршаған табиғатттан нәр алу сауаттылығы; 3) табиғатқа ілтипатпен қарауы. Жоғарыдағы ұлт мәйегінің жүйесі бүгінгі таңда өзінің табиғи қалпынан айрылды. Оның бір мысалы адамның өзіне-өзінің интеллектуалды-рухани күш-қуат нышаны ретінде сенімі сейіліп, ұдайы шаршап-шалдыққан жастарды көреміз.»[22]
Аталып өткен көкейкесті мәселенің туу себеп-салдарына көптеген дәлелді материалдарды кездестіреміз. Бірақ, өкінішке орай ол тығырықтан шығу амалдары, ойлау өнері дегенге әлі де марғаулықпен қараудамыз.
Ұлттық тәрбиенің мәйегі дегенде біздер адамның қолынан келер жәйттері бар да, келмейтін тұстары жоқ деген тжырымның оған кесел екенін байқадық. Кеңестік дэуірден бері санамызға батпандап кірген бұл тұжырым мысқалдап шығатын түрі жоқ.
«Антропоцентризмні eң бағыты біздерді Ай мен Марсты миымызға сыйғыза алатындай сенім берді. Неғүрлым жалған ұстаным,жалған сенім миға орныққан сайын нағыз ғылыми пайым-парасат сағымдай жеткізбейді.
Бүгінгі таңда адамның қауқары шектеулі екеніне әлемдегі катаклизма, табиғи апаттар дәлел. Адам табиғатқа, микрокосмосқа тәуелді деген ұстаным — ұлттық тәрбиенің кредосы. Макрокеңістіктен адам өмір жолын дұрыс таңдай алуына ертедегі ата-бабаларымыз отбасы төңірегінде қам жасаған. Адам үшін қадірлісі — өсіп-өнген отбасы».[23]
Отбасының сонау ежелгі түркі дәуірінен қалыптасқан ұлттық тәрбие мәйегінің жүйесінен бүгінде жұрнақ та қалмаганы баршаға аян. Ол жүйені қалпына келтіру қолдан келе ме? — деген күрделі сұраққа жауап табу әлі ертерек. Десек те, оның жүйесін ежелгі дәуір көздерінен бағамдауға мүмкіндігіміз бар.
«Отбасылық дәстүр жүйесінің тірегі — ер баласы бар ата-аналарға қошамет көрсету басымдықта болып келгені байқалады. Бұл ойымызға дәлел Қорқыт Ата кітабының бірінші хикаясында Баяндыр хан жылына бір той жасап, оғыз бектерін қонаққа шақыратын еді. Тойға түйеден-бура, жалқыдан-айғыр, қойдан-қошқар сойылсын деп жарлық береді. Сол күні бір жерге ақ отау, бір жерге қызыл отау, енді бір жерге қара отау тіктіріп қояды. Тойға жиналған бектерден ұл баласы барларын ақ отауға, ұлы жоқ қызы барларын қызыл отауға, ұлы да, қызы да жоқ конақтарды қара отауға кіргізеді. Қара отауға кірген қонақтарға қара қойдың етін беріп, қара кигізге отырғызады. «Не ұлы не қызы жоқ жандарды тәңірінің өзі қарғаған, бізде солай етеміз» дейді екен Баяндыр хан», — деген үзіндіден біздер ер балаға қазақ үлт болып жаралғанға дейін оғыздарда осындай салт-дәстүр болғанын байқаймыз».[24]
Бүгінгі таңда бұл жүйе зандылығы келмеске кетіп, санамызда ер баланың сан ғасырлық киесі бар деген ұстаным мүлдем жойылғанына куә болып отырмыз. Жоғары оқу орнында әрбір мамандыққа сәйкес топтарда бірлі-жарым кездесетін ұлдарымыз қыз балалардан тайсақтайтын жаман әдетке бой алдырып келеді.
Түбінде топ бастар жігерлі, тұлғалы, айбарлы, айбынды, сұсымен төменгі деңгейліктегілерді ықтыратын қарымы сейіліп, оның орнына ұнжырғасы түскен, салы суға кеткен пұшайман ұлдардың саны көбейіп барады.
Біздер Қорқыт заманын кексеп, сол кездегі аталған салт-дэстүрді қайта оралтайық деген ойдан аулақпыз. Бірақ, ұлдарымыздың сәл ауыртпалыққа бор кеміктей езіліп, қыздарға ұқсап жылауға әзір тұруы түбінде халқымыздың түбегейлі өмір сүруіне қауыпты демекпіз.
Баласыз Дерсе ханның тілегі қабыл болып, бала сүйеді. Бұл аңыз Қорқыт кітабынан барша қазақ жұртына белгілі. Ұлттық тәрбиенің жүйе қүрылымында тілек тілеу, мақсат қою, оған сәйкес іс-әрекет алгоритмі алты алаштан келе жатқан дәстүр. Міне, бүл үдеріс әлем халықтарына да жат емес.
«Ұлттық тәрбиенің -жалпы мәнділігі әрбір түлғаның табиғи мүмкіндігіне қарай өзін-өзі танып, сол перцептивті қабылдау іс-әрекетіне сәйкес тұжырым құра білуі. Кеңестік дәуірден қалған тоталитарлық жүйе таңбасы — жоғарыдағы түлғалардың иерархиялық түсінігі барлық өзінен төмендегілерге міндет ретінде ұсынылады. Нақтылап айтсақ, бәріміздің ой-тұжырымдарымыз бірдей болу тұрғысындағы үдеріс басымдықта екеніне бірталай адам көздерін жеткізді. Әр тұлғаның генеологиялық, аксиологиялық, онтологиялық пайымдамасы жинаған, трансформациядан өткізген тұжырым-түйініне бағыныгаты. Сол себепті диагностикасыз студенттерге көпдеңгейлікті тапсырмалар беруден сақ болған абзал. Мәселен, бүкіл ауыл азаматтары Раушанның төс қалтасындағы мөрге тәуелділікті сезген ер адамдар киелі қасиеттерінен айрылып, көңілдері жәбірленіп, шарасыз өмір кешу суретін Бейімбет Майлин алдын-ала болжаған.[25] Бұл көріністен халық даналығын еске алуға тура келеді:
Құм жиылып тас болмас,
Құл жиылып бас болмас» — тұжырымдама жасауда түлғалар бір-бірінің создері мен сөйлемдеріне өте кірпияздықпен қарап, жайсақтықты түзетуде айрықша мәдениет таныта алуы даурықпалықтан сақтайды.
Тұжырымдама жүйесі бүтіндік, бейтарап-тылық, қүралымдық, иерархиялық, ақпарат көз сияқты ұсақ бөліктерден тұрады.
Ұлттық тәрбие мәйегінің ерекшелігі -тектілік зауал (карма), яғни қарғыс алған тұқьш, оулет, адам дегенді білдіреді. Сол себепті өштесу, кек алу, зұлымдық жасау жэне т.б. көлеңкелі іс-әрекеттерден аулак болуға қатысты философиялық түжырымдар басымдық мэнде екені аңғарылды. Ұлттық тәрбиенің қазақи болмысы оң жақтағы іс-әрекет, яғни жақсылық, ізгілік, мейірімділік, табандылық, айбарлылық, айқындылык, бастамашылдық. тәуекелдік және т.б. оңтайлы үдерістер адамға бақ-құт әкеледі деген түжырым
Аталып өткен түжырымдарымызды анықтау үшін бірталай ашқарып жүргені ұстанымдарымызды ортаға салуды жөн көрдік.
«Ұлттық тәрбие индикаторы:
- Адамныц мәдени деңгейіндегі танымның жүйелілігі:
— жеке әлемдік көзкарас;
— жалпы көзқарас;
— кәсіптік көзқарас.
- Өзінің пэніне байланысты ғылыми деңгейін арттырудың танымдык, маңызын үзбей дамыту жүйесінің амалдары:
— пәннің заңдылықтарын қоғам заңдылықтарымен ұштастыру;
— жеке ұжымдық таным қабілеттері;
— өздігінен танымдық деңгейліктерді шыңдау.
Екіншісінің индикаторы: Өндірістік жағдайларға оқытудың міндетті білім мөлшерлерін ыңғайлау:
— идеологиялық;
— құқықтық;
— модальдық-этикалық;
— саяси;
— ғылыми;
— өнер (мәдени);
— діни.
Үшінші индикаторы:
— салыстыру;
— дәлелдеу;
— шығармашылық;
— рефлексиялау.
Төртінші индикаторы, басқарудың езі-өзін дамыту жолдары:
— өздігінен жұмыс істеу мөлшерін,шапшаңдығын зерттеу;
— жуық уақыт аралығындағы өз-өзін дамыту күрылымын жобалау;
— өздігінен қүрылған жұмысты өмірде пайдалану, бағдарлама жасау;
— рефлексиялау.
Бесінші индикатор, өз-өзін дамьгга басқару үрдісінің өнімд тәсілдері:
— даму деңгейін зерделеу;
— даму деңгейін жобалау;
— оны жүзеге асыру бағдарламасы;
— рефлексиялау».[26]
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы жылдары қол жеткізген табыстар һәм тәжірибелер ата-бабаларымыздан қалған аса құнды мұраларымыз саналатын ұлттық тәрбие потенциалының, әсіресе бүгінгі ғаламдық жаһандану жағдайында аса зор және қажет екені белгілі болып отыр. Аталмыш сала бойынша соңғы жылдар көшінде жүргізілген зерттеу жұмыстары мен ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, сондай-ақ мемлекеттік һәм бұқаралық деңгейде кабылданған маңызды шешімдер мен сұкаттар, авторлық бағдарламалар мен ғылыми-шығармашылық жобалар — ұлы жәдігеріміздің өскелең ұрпақ жадына сақтап, күрделі шақта кәдесіне жаратар мұхтасар құралбола алғанын жокқа шығармаймыз. Аталмыш термин һақында аз айтылып һәм жазылып жатқан жоқ. Оның еліміздің өткен дәуірінде, кейінгісінде тіпті М.Жүмабаевтың «ұлт тәрбисінен» Б.Момышүлының «халық тәрбиесіне» дейінгі аралығында жас ұрпақтың заман талабына сай болуына бірден-бір тұтқа бола алуына маңызды рөл атқаратын құрал ретінде ұлт санасында өзгерусіз сақталып келе жатқан қүбылыс екені кең тұрғыда бағаланып келді.Ұлттық тәрбиенің пән оқулығы ретінде, өз кезегінде әрбір оқу ордасында арнайы кафедралар ашу, мамандар дайындау сияқты сипатта өрбуіне мол мүмкіндіктер ашылуда.Ұлттық тәрбиенің үздіксіз процесс екенін ескере отыра, оның халық түрмысымен барынша жанасуы мен ілкімденуі ата-ананың бала тэрбиесіне деген жауапкершілігінен бастау алғаны абзал, Бұл мәселеге әлемдік деңгейдегі кслассикалык педагогикалық ой-тұжырымдар үлкен назар аударады.Абай дана «…өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп, қазақ тілін жоғары бағалаған. Қасиетті казак халқы өз тілін өзегіндей бағалай, көп тілді меңгеру үшін, ең әуелі өз тілін өңменін сала үйреніп алады. Өйткені, ұлттық тіл — ұлттық тәрбиенің басты құралы. Тілсіз тәрбие болмайды. ¥лттық тәрбие ұлттық тілде жүргізіледі.
Әрдайым өз ана тілімізді қадірлей білейік.Ең бастысы Ұлттық тіл-тәрбиенің басты құралы екенін.
Адамзаттық түрғыда дамуымыздың түрі — ұлттық болғанымен, мазмұны — адамзаттық болатындығын ескерсек, ғылым меи мәдениетімізде де, саясатымыз бен экономикамызда корытынды шығаратын дүниелеріміз жоқ емес.
«Жаһандану үдерісінің осы мәселеге қатысты алғандағы бір ерекшелігі немесе акпараттық мәні — әлемдегі әр түрлі қиюласқан идеологиялардың өзіндік ішкі күресі мен тайталасы дәуірін бастан өткізе-тіндігі болып отыр. Ақпараттық кеңістік тым абстрактілі құбылыс болса да, әрбір идеология оған билік жүргізуге тырысып келеді. Мәселен, қазіргі қазақ қоғамындағы идеологиялық-ақпараттық кеңістікте: америкаландыру, вестернизация, исламдандыру, қайта қазақтандыру сияқты жагымды-жағымсыз немесе жагымсыз-жағымды қырлары бар әр түрлі идеялар билікке таласып келеді. Осы тұста, біздің қайта қазақтандыру үдерісіміздің бәсекеге қабілеттілік деңгейіне байланысты сауалдар туындайды. Шындығында, технологиялық ақпараттық желілерде бұл үдерістің идеологиялық белсенділігі жоғарыда атап өткен басқаларымен салыстырғанда жоғары емес, мысалы, интернет желілерін қазақшаландыру деңгейі тіптен төмен деп айтуымызға болады.[28Алғашқы қауымдық қүрылыс қоғамының өкілдері антропогенездегі адамның жер бетінде әр түрлі аймақтарда қатар пайда болғандығы туралы теорияға сәйкес, өз-дерімен бірге жарыспалы түрде тіршілік етіп жатырған басқа қауымдасгықтарды алғашында білген жоқ деп топшыласақ, олар бірнеше шағын қауымдастықтардан кұралған дербес тіршілік етудің адамзат эволюцияциясындағы бастапқы үлгілерін қалыптастырғандығы шындық.
Ендеше, жаһандану үдерісінің бірігу сапа алғыбасқышы да ежелгі тайпалар мен рулық қауымдастықтқауымдастыққа алғашқы ұмтылуларының — биологиялық, философиялық, әлеуметтік, тарихи, психологиялық, мәдени қырлары бар екендігі сөзсіз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Келімбетов. Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. — Алматы: Жазушы. – 2014ж-242бет
- Кенжалин Ж. Ұлтты үлығылау үлағаты. «Ақиқат» журналы, №8.2015ж-17б
- Сүйінішәлиев X. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. — Алматы: Санат.2013ж.-147б
- Аймауытов Ж. Психология. Алматы: Рауан, 1995. — 352 б.
- Әбенбаев С. «Эстетикалық мәдениет негіздері». — Алматы 2015ж.-25б
- Ақылдың кені. Құрастырған Қ. Жарықбаев — Алматы: Қазақстан, 2014. -256.
- Әбенбаев С.Ш. Ұлттық-эстетикалық мәдениет негіздері. — Алматы, 2016.
- Жаңғырған салт-дәстүрлер. — Алматы 2013ж.-32б
- Ғабитов Т.Мүтәліпов Ж.Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері Алматы.2013ж124б
- Елеукенов Ш. Сүлулыққа іңкәрлік. — Алматы: Білім, 2013 — 328 бб.
- Қазакстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.Қазақсган Республикасы Президентінің 2012 жылғы 7желтоқсандағы № 18 Жарлығы
- Батырдан қалған өсиет / Ә. Садықова // Егемен Қазақстан.- 2014.- №72-75 22 наурыз
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» «Заңындағы: (2011 ж.. шілде). Егемен Қазақстан газеті.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазакстан халқына Жолдауы. — Астана. 1 наурыз 2012 ж. Егемен Қазақстан.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдама жобасы. — Астана, 2012 ж.
- Жарышбаев Қ., Қалиев С. Қазактың тәлім-тәрбиесі, — Алматы, 2013. — 352 б.
- Байжігітов Б.К. Бейнелеу өнерінің философиялык мәселелері: Кеңістік пен уақыт ырғағындағы тұрақты сурет үлгілері. — Алматы, 2011. -192 б.
- Егемен Қазақстан газеті. «Қазақстан — 2030» Стратегиясы: өркендеудің өрелі өрісі, 29 қаңтар, 2013
- Т.Тәжібаев.Абай Қунанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастары. Алматы. ҚМБ, 2014. 58-6.
- Қ.Бөлеев. Қазақтың халық педагогикасы. Жамбыл 2011. 20-6.
- Құрсабаев М.Қ. Қазақнама. Шығармалар жинағы. — Астана, 2015, 506 бет
- Қорқыт ата.Қорқыт және оның нақыл сөздері тақырыбындағы материалдары.2011 ж
- Мадиев Х.Р. Созидательное поведение Человека Планеты Земля.Астана 2012ж
- Бахтиярова Г.Р. Халық-тағылымы тәрбие қайнары. — Алмагы: Ғылым, 2012.
- Н.Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек», «Егемен Қазақстан» 31 мамыр 2011.
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасыны жобасы- Астана, 2012 ж.
- Жарыщбаев Қ., Қалиев С. Қазактың тәлім-тәрбиесі, — Алматы, 2012- 352 б.
- Байжігіпюв Б.К. Бейнелеу өнерінің философиялык мәселелері- Алматы, 2013-192 б.Құрастырғандар: Абдувахитов А., Ерсінбек Е.