ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА
Соңғы жылдары экономика мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.[1]
Қоғамда «жасыл» экономика сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін біздің мемлекеттің Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі. Бірақ біз бұл түсінік деп не тұспалданады және оның негізгі бағыттары қандай екенін осы мақалада толығырақ анықтауға тырысып көреміз. [2]
Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді. [2]
«Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары:
Бірінші бағыт — жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. [2] Бұл жерде Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер және орманға ие болуы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.
Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі. Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді.
Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы.
Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды: жердің құнарлылығын басқару; суды тиімді пайдалану; өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару; фермаларды механикаландыру.
Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған.
Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру. Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді.
Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту. Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады.
Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару. Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған. [2]
Елді индустриялық-инновациялық дамытудың және Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу жоспарының аясында жаңаша сипат алған «Жасыл экономиканы» игерудегі алғашқы қадамдар жасалды.[3] Елбасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне «жасыл» экономикаға көшу стратегиясын дайындаудыжүктеді. Премьер-министрдің өкімімен стратегияны әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында барлық мемлекеттік және жергілікті органдардың, ұлттық холдингтердің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.[3]
Қазақстанда күн және жел энергетикасын дамыту ең қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жел энергетикасының тиімділгі еуропалық одақ елдерімен салыстырғанда екі есе тиімді. Күн энергетикасы жөнінен әлемнің ең үздік аймақтарымен теңдесе алады. Жасыл экономикаға көшу тиімділігінің бірнеше факторы бар. Халықаралық сараптама бойынша, жасыл жобаларға салынған инвестицияның 2/3-і өзін-өзі ақтаса, 1/3-і бес жыл көлемінде шығынсыз деңгейге қол жеткізеді. Энергия тиімділігінің артуына қарай инвестицияның тиімділігі 50 пайызды құрайды. «Жасыл» экономикаға салынған инвестиция активтердің жылдам өсіп келе жатқан санатына кіреді. Мысалы, жаңғыртпалы энергия көздеріне салынған халықаралық инвестициялар көлемі жағынан қазба байлықтары инвестицияларының көлеміне жақындайды. [3]
«Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді:
- ішкі жалпы өнімнің өсімі;
- елдің табыстарын ұлғайту;
- елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру.
Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді.
«Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына құралдарды инвестициялауды жоспарлайды:
- ауыл шаруашылығы;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
- энергетика;
- балық аулау;
- орман шаруашылығы;
- өнеркәсіп;
- туризм;
- көлік;
- қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу;
- су қорларын басқару. [2]
Қазақстан Республикасының Президенттің жолдауында үнемі Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту жөніндегі Тұжырымдамасына сілтеме беріледі. Нақты іс шараларды анықтап қарайтын, жүзеге асыру қабылданған кезде ол еліміздің экономикалық дамуын әлемдік экологиялық талаптарға және стандарттарға негіздеп жасауға мүмкіндік беретін өте үлкен және кешенді құжат болып табылады.
Тұжырымдамада бекітілген баламалы және қайта қалпына келетін энергия көздерін дамыту Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 ның басты идеясымен үндесіп жатыр.
Ұсынылған жоспар бойынша, біздің энергосебет 2030 жылға қарай, 11% -жел және күн көздерінен, 8% -атом, 10% — гидро, 21% — газ бен 49% — көмірден тұратын болады. Ал, 2050 жылға қарай, жел және күн көздерінің үлесі 39% дейін өседі, АЭС мен ГЭС үлесі 14%, газ станциялары 16% , және қалған 31% көмір станцияларынан құралып, қайта қалпына келмейтін ресурстарды елеулі түрде үнемдеуге және қатты жанармаймен жұмыс істейтін станциялар, атмосфераға шығаратын қауіпті қоқыстар жағдайын елеулі түрде жақсартуға мүмкіндік береді. Тағы бір, Тұжырымдамада қозғалған маңызды мәселелердің бірі – су ресурстарын сақтау және үнемдеу.[1]
Су, электр энергиясы мен басқа да ресурстарды үнемдеу тек қана қоғамдық пайда әкеліп қоймай, отбасылық бюджеттің сақталуына жол ашады.Егер біз Қазақстанды ұрпақ үшін сақтап қалғымыз келсе, еліміздің өсуі мен өркендеуі туралы ойлайтын болсақ, әрқайсысымыз өзіміздің санамызды өзгертіп, қоршаған ортаға көзқарасты өзгертуіміз керек. [1]
Біздің мемлекетіміз «жасыл» экономикаға ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай аламыз. Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса алады. Күн сайын біз әлемді тазартып, жақсарта аламыз. [2]
Қортындылай келе біз Қазақстанның жарқын болашағына сенетін азаматтар мен азаматшалардың саны артып, өз елі үшін тынбай еңбек ететін ұрпақ тәрбиелегенді құптар едік. Себебі, өз елін, өз жерін сыйлайтын адам — ол сол елдің болашағын жарқын ететін адам. Еліміздің әрбір азаматы жоғарғы білім алып, өз аяғымызға нық тұрып, жоғары мамандандырылған жумыс күшін дайындауымыз керек. Өйткені, біздің табиғи қорымызды қазіргі жағдайда өзіміз, яғни Қазақстан толығымен басқарып отырған жоқ. Сондықтан біздің қазба байлығымыз сарқылып жатыр деген ойдамыз. Жоғары мамандандырылған жұмыс күшін қолдана отырып біз әлемдегі державалармен текетресіп, бәсекеге түсе аламыз. Дамыған елдердің дәрежесіне жете отырып, көптеген алға қойған мақсаттарға жетеміз деп ойлаймын. Білімді халық ол жарқын болашақтың кепілі ғой. Жасыл экономика бұл күрделі сұрақтардың басты шешімі болып табылады. Оны дамыту арқылы зиянды қалдықтардың ауаға таралуын қысқарту, табиғи қорларды үнемдеп тұтыну, энергия тиімділігін арттыруға қол жеткіземіз. Жаңа экономиканың стратегиясы табиғи технологиялардың дамуына инвестицияларды тартып, ел экономикасын жаңа белеске жеткізеді. Экологияға бағытталған жасыл экономиканың жарқын болашағы бар.[3] Сондықтан жасыл экономиканы барша жастар қолдап, оны дамыту үшін бар күш жігерімізді салуымыз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- http://yvision.kz/post/388808;
- http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/bus_nat_eco/ecologiya/article/green_ekonomika&lang=kk;
- http://www.astana-akshamy.kz/?p=7134.
Құрастырғандар: Атхан Ж., Оспан А.