«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА» — ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ СЕРПІЛІСІ
Мазмұны
Кіріспе
«Жасыл экономика» — экономикалық дамудың серпілісі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Екіншілері, бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.
«Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
«Жасыл» экономика және балама энергия көздерінің халыққа тигізер пайдасы –орасан. Қазіргі кезде Дүние жүзі шаруашылығы жер қыртысының пайдалы қазбаларын көп тұтынуда, соның салдарынан пайдалы қазбалардың қоры жылдан-жылға азаю үстінде. Осындай келеңсіз құбылыстар төмендегі жағдайға әкеліп соғады.
Дүние жүзі халықтары өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында орасан зор энергия тұтынуда, соның салдарынан қазіргі таңда энергия тапшылығы байқалуда. Осы мәселенің алдын алу, энергия тапшылығын жою үшін балама энергия көздерін пайдалану өте маңызды. Балама энергия көздері бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ, көмір) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
Қазіргі таңда пайдалы қазбалардың қорының азайуы, экологиялық мәселелердің ушығуы, дүниежүзілік энергия тапшылығы және халықтың эканомикалық, әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы үрдістері ұлғаю үстінде. Аталған мәселелердің алдын алу және болдырмаудың бірден-бір жолы ол «Жасыл экономика» және балама энергия көздерін айқындап, олардың қорларын тиімді пайдалану.
Осы экономиканы жүзеге асыру мақсатында заңнамаларымызға енгізілген өзгерістер жаңартылатын энергия көздерін пайдаланушы энергия өндіруші компанияларды қолдауға, экологиялық таза көлік құралдары өндірісін ынталандыруға, сонымен қатар, су ресурстарының бөлінісі арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы проблемалы салаларды жетілдіруге және реттеуге бағытталған. Бұл, сәйкесінше, экономиканың түрлі салаларының дамуына оң әсерін тигізеді.
Біздің мемлекетіміз «жасыл» экономикаға ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай аламыз. Дегенмен біздің көпшілігіміз олардың үлесі ештеңе білдірмейді, бұл табиғатты қорғауға жатпайды деп санаймыз. Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса аламыз. Және сенің үлесің теңіздегі тамшы болады деп ойлау қажет емес. Күн сайын біз әлемді тазартып, жақсарта аламыз.
Жасыл экономика – экономикалық ғылымда экономиканы табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады.
«Жасыл экономиканың негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ:
- шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;
- шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес;
- жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты.
Жасыл экономиканың артықшылықтары мыналар деп атай аламыз:
- бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану мүмкіндіктері;
- газбек жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;
- қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыру;
- климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбетондық технологияларды қолдану;
- қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;
- кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және т.б.
Жасыл экономиканың қағидалары:
- әділеттілік қағидасы (теңдік);
- адамгершілікті құрметтеу қағидасаы (барлығы үшін өркендеу);
- сақтық қағидасы (ғаламшарға шекті жүктемені есепке алу);
- қатысу қағидасы (шешімдерді қабылдауда кеңінен қатысу);
- басқару қағидасы (есепке бағыныштылық);
- тұрақтылық қағидасы (экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу)
- тиімділік қағидасы (тұрақты өндіріс пен тұтыну)»[1].
Жасыл экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталады.
«Жасыл экономиканың сегменттері ретінде бола алады:
- энергияларды тудыру, іздестіру (мысалы күн, жел, гидро немесе теңіз, биоотын және т.б.);
- энергияны сақтау (отындық элементтер, батареяларды жақсарту);
- энергетикалық инфрақұрылым (басқару және өткізу);
- энергетикалық тиімділік (ғимаратты жарықтандыру, шыны және т.б.);
- тасымалдау (көлік құралдары, логистика, құрылым, отын);
- су және ағынды сулар (суды тазарту, ағынды суды тазарту, суды қорғау);
- ауа және қоршаған орта (тазарту, қауіпсіздік, ауаға шығарылуды бақылау, мониторинг);
- материалдар (нано, химия, био және т.б.);
- өндіріс/өнеркәсіп (жетілдірілген орау және қаптау, ақылды өндіріс);
- ауыл шаруашылығы (табиғи пестицидтер мен тыңайтқыштар, аква дақылдар, жер ресурстарын басқару);
- рециклинг & жолдары (қалдықтарды басқару). Рециклинг – бұл өнеркәсіптік өндіріске өнеркәсіп, құрылыс және тұрмыстық қалдықтардағы көптеген материалдарды қайтадан қайтара қолдану» [2].
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша Жасыл экономикаға ауысу бойынша тұжырымдамалар, түрлі іс-шаралар жасалуда.Осы құрылған жоспарлар бойынша келешекте Қазақстанның болашағы жарқын болуына өз септігін тигізеді.
«Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:
- ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;
- қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;
- қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;
- ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады
Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:
- бірінші кезең — 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;
- екінші кезең — 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;
- үшінші кезең — 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.
«Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары:
Бірінші бағыт — жаңартылатын энергия көздерін енгізу.
Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.
Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.
Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.
Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы
Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды:
- жердің құнарлылығын басқару;
- суды тиімді пайдалану;
- өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару;
- фермаларды механикаландыру.
Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру
Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.
Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру
Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.
Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту
Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.
Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару
Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.
«Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді:
- ішкі жалпы өнімнің өсімі;
- елдің табыстарын ұлғайту;
- елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру.
Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді.
«Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына құралдарды инвестициялауды жоспарлайды:
- ауыл шаруашылығы;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
- энергетика;
- балық аулау;
- орман шаруашылығы;
- өнеркәсіп;
- туризм;
- көлік;
- қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу;
- су қорларын басқару»[3].
Біздің мемлекетіміз «жасыл» экономикаға ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай аламыз. Дегенмен біздің көпшілігіміз олардың үлесі ештеңе білдірмейді, бұл табиғатты қорғауға жатпайды деп санаймыз. Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса аламыз. Және сенің үлесің теңіздегі тамшы болады деп ойлау қажет емес. Күн сайын біз әлемді тазартып, жақсарта аламыз. Сол себепті біз бүгіннен бастап «таза» болашақты қалай құруға болатындығы туралы ұсыныстардың кішігірім тізімін құрдық.
- Электр көздерін ажыратыңыз! Мысалы, егер сіз бөлмеде болмасаңыз бөлмедегі жарықты сөндіріңіз, сондай-ақ егер оларды сол сәтте пайдаланбасаңыз құралдарды розеткада қосылған күйінде қалдырмаңыз.
- Синтетикалық аспаптардан/құралдардан бас тартыңыз! Біздің барлығымыз әр түрлі химикаттарды пайдаланумен жаңа тазалау құралдарын пайдалана отырып, ыдыс-аяқты жууға дағдыланғанбыз. Дәл осындай құралдар бірінші кезекте қоршаған ортаға, сондай-ақ адамның өзіне де зиян келтіреді.
- Энергияны үнемдеңіз. Тіпті қазірден бастап үйге күн жылытқыштарын сатып алуға және орнатуға, сондай-ақ энергия үнемдегіш шамдарды пайдалануға болады.
- Қоқысты сұрыптауды бастаңыз! «Жасыл» экономикаға ауысудың маңызды бағыттарының бірі қалдықтарды кәдеге жарату, сондай-ақ оларды қайталама өнім ретінде пайдалану болып табылады.
- Электрондық тасымалдағыштарды пайдаланыңыз! Қағазды пайдалану кесілген ағаштардың үлкен санын талап етеді.
- Экологиялық таза өнімдерді сатып алыңыз! Бұл біздің әрқайсымыздың денсаулық жағдайымызды айтарлықтай арттырады, сондай-ақ экологиялық таза ауыл шаруашылығын құруға көмектеседі.
- Жаяу көбірек жүріңіз. Пайдаланылған газдар табиғатты ластаудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Пайдаланылған газдың шығуының сәл де болса азаюына біздің әрқайсымыз жасай аламыз.
- Браконьерлікке жол жоқ! Адамдардың заңсыз әрекеттерінен өсімдіктер мен адамдардың сирек түрлері қазіргі кезде мүлде жоғалып кетті. Табиғаттың бірегейлігін сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз.
- Табиғатты қорғайық! Өзіңнен кейін қоқысты қалдырмау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау немесе гүлдердің байламдарын үзбеу сияқты ережелерді қарапайым сақтау табиғат жағдайында маңызды көрініс табады.
«Жасыл» экономика кедей елдердің дамуына және бай елдердегі кедейлердің қысқаруына ықпал етеді.
«Халықаралық сарапшылардың пікірінше мемлекет «жасыл» экономикаға көшуде мынадай міндеттерді шешуі тиіс:
- экологиялық салықтарды енгізу;
- «қоңыр» өнеркәсіп үшін мемлекеттік субсидияларды азайтып, экологиялық талаптарды күшейту; «Қоңыр» өнеркәсіп қазіргі күнгі дәстүрлі яғни ресурстарды ысыраппен пайдалануды, өндірісте көміртектің көп пайдаланылуын білдіреді.
- «жасыл» өнеркәсіпке мемлекеттік инвестициялар жасау;
- жаңа «жасыл» технологияларды трансферттеу мен енгізу» [4]
Қазіргі таңда әлеуметтік жағдайы,экономикасы дамыған елдер мен мемлекеттер қаншама.Қазақстан да осы экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуға ұмтылуда.
«Энергия (электр энергиясы, жылу, мұнай және газ) – Мұнайгаз секторы Қазақстанның маңызды саласы болып қалып отыр. Ол ЖҰӨ 30% мен экспорттың 60% құрайды. Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу үшін мұнайгаз секторына бірыңғай сенім артудан біртіндеп арылуы тиіс;
Су – Қазақстан су тұтыну көлемін қысқартуды басыңқы бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Сонымен бірге таза ауыз су тапшылығын елдегі халықтың 20% сезініп отыр, кейде су сапасын нормативтік талаптарға сай келмейді. Сумен қамсыздандыру ЖҰӨ 2% ғана құрайды;
Қалдықтар. Қалдықтарды қайтара өңдеу бар болғаны 20%. Үкімет 2020 жылға қарай қалдықтарды утилизациялауды 70% жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі күні Қазақстан қауіпті қалдықтарды жинақтаудан Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің арасында екінші орында болып табылады.
Ауыл шаруашылығы, балық аулау және орман шаруашылығы. Аталған сектор көшет газдарының шығарылымының 10% құрайды. Ауыл шаруашылығы ұлттық ЖҰӨ 5% мен экспорттың 2% құрайды. Қазақстан үшін бидай өсіру мен оны эксорттау ісі басыңқы болып қала береді, себебі біздің еліміз бидай экспорттаушы әлемдік бестікке енеді.
Көлік. Қазақстандағы тасымалдаудың басым бөлігі дизель/бензинге тиісті. Ол ең алдымен ауаны ластауға әсерін тигізеді. Тасымалдау секторы Қазақстанның ЖҰӨ 8% береді, сондықтан да елдің көлік әлеуетін арттыру маңызды болып табылады»[5].
Табиғи ресурстардың орнына түрлі жаңа технологиялар қолданылуда. Мемлекетіміздің алтын капиталы саналатын адам денсаулығын жақсарту, әсіресе жас ұрпақтың тәнінде ақау, жанында кірбің болдырмау мәселесі ел болғалы бері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтып келе жатқан табанды тапсырмасы екендігін атап өткіміз келеді.
«Қазіргі уақытта елімізде жасыл энергетиканың, яғни айтқанда күн, жел сияқты энергия көздерін пайдалану мөлшері 1,33% құрайды. Болашақта, дәлірек айтқанда, алдағы екі-үш жыл көлемінде мұндай энергияны пайдалану мөлшерін 35% көтеру жоспарланып отыр.
Осыған байланысты, облыста баламалы энергия көздерiн дамыту бағытында 35 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олар жалпы қуаты 50,7 МВт жалпы құны 13,2 млрд тенге болатын энергия көздерін қалпына келтірудің 7 нысаны,атапайтқанда,6 су электр станциясы, 1 жел электр станциясы іске асу жоспарланған. 2017 жылы қуаты 150,1 МВт жалпы құны 59,3млрд тенге 12 су элетр станциясын қолданысқа енгізбек.. Жел энергетика саласында қуаттылығы 90 МВт құрайтын 2 жоба жүзеге асырылуда. Күн энергетика саласында жалпы қуаттылығы 349 МВт құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда. Ал, Сайрам ауданындағы «Ақбай Шымкент» және Шымкент қаласындағы күн электр станциялары iске қосылып, қызмет көрсетуде.»[6].
Қазіргі таңда пайдалы қазбалардың қорының азайуы, экологиялық мәселелердің ушығуы, дүниежүзілік энергия тапшылығы және халықтың эканомикалық, әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы үрдістері ұлғаю үстінде. Аталған мәселелердің алдын алу және болдырмаудың бірден-бір жолы ол «Жасыл экономика» және балама энергия көздерін айқындап, олардың қорларын тиімді пайдалану.
«Ғалымдардың пікірінше, бүгінде құрылысы басталған қуаты 1320 МВт болатын «Балқаш ЖЭО салу» жобасын іске асыру қоршаған ортаға теріс әсерін тигізеді. Бұл жылу электр станциясы ашық тәсілмен өндірілетін Екібастұз көмірімен жұмыс істейтін болады. Жылу электр станциясы жұмыс істеуі үшін тәулігіне 186 вагон (немесе 4 состав) құрамында күлі 40 пайыздан асатын Екібастұз көмірін тасуға тура келеді. Күл үюге атшаптырым алаң бөлуді талап ететін, оны тазартуға заманауи технологиялардың пайдаланылуына қарамастан Екібастұз көмірін тасымалдау мен оның қалдықтары қоршаған ортаны ластау қаупін күшейтеді. Оның үстіне, станцияның жұмысы Балқаш көлінің су айдынындағы жылу алмасуға әсерін тигізіп, өңірдегі экологиялық ахуалды одан әрі нашарлата түседі»[7].
Сайып келгенде,Қазақстан жалпы экологиялық және экономикалық жағдай шарттарының бұзылуының жаһандық проблемасымен және соның салдарынан әлеуметтік әл-ауқаттың нашарлау қаупімен бетпе-бет келді. Сондықтан да, бұл қордаланып қалған проблемаларды шешудің тиімді жолдарының бірі елімізді «жасыл экономикаға» көшіру болып табылады.
«Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында көмірсутегі экономикасының дәуірі бірте-бірте аяқталып келе жатқаны анық екенін, адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатқанын атап өтті. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді»[8].
Еліміздің «Жасыл» экономикаға көшу жайлы жоспарлар елбасымыздың жолдауларында, статегияларында қарастырылған. Егер де осы берілген бағыт-бағдар бойынша жүретін болсақ,онда туған жеріміз Қазақстан әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарында өз орнын ойып алатын болады.
«Қазақстан-2050» Стратегиясының жасыл экономикаға көшу бағытындағы тұжырымдамасының негізгі мақсаты:
- су және жер ресурстарын қайта қалпына келтіру, табиғат капиталын пайдалану тиімділігі бойынша ЭЫДҰ елдерімен иық теңестіру;
- 2030 жылға қарай атмосфераға шығарылатын қалдықтар бойынша стандарттарды еуропалық деңгейге жеткізу;
- 2050 жылға қарай ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығының 50%-ға төмендеуіне қол жеткізу;
- 2050 жылға қарай энергияның балама және қайта қалпына келетін көздерінің жиынтық өнімділігінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу;
- тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарататын индустрия құру;
- тиімді инфрақұрылымы бар газ саласын құруды қамтамасыз ету болып табылады»[9].
Қазақстанның жарқын болашағы дарынды да қабілетті азамат пен азаматшаның қолында.Осы мақсатта елордамыз Астана қаласында бүкіләлемдік деңгейде өтетін «ЭКСПО- 2017» Халықаралық көрмесі ұйымдастырылған болатын.
«Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» ҰҚ АҚ арасында арнайы меорамдумға қол қойылып, «ONLINE EXPO 2017″ Халықаралық байқауын бірлесе өткізу жөніндегі республикалық штабы құрылды.Байқаудың мақсаты еліміздің бүкіл ғылыми жинағын жинақтап,ең үздік «жасыл жобаларды»табуды және олардың жүзеге асуына жағдай жасады. Қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге сай, көрме тақырыбының «Болашақтың энергиясы» аталуы өте орынды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты жұртшылықтың назарын энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға аудару және жаңартылатын энергия көздері мен энергияның басқа да баламалы көздерін пайдалануды ынталандыру болып табылады. Халықаралық көрме Қазақстан Республикасына жаңа технологияларды тартуға мүмкіндік береді, бұл технологиялар баламалы энергетиканы дамытуға, «жасыл» энергетиканы өркендетуде алдыңғы қатардағы елдермен тәжірибе алмасуға, климаттың өзгеруі мен көмірқышқыл газының шығарындыларына байланысты мәселелерді неғұрлым тиімді шешуге, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері тақырыбына бизнес-қоғамдастықтың назарын аударуға үлкен әсері болады[9]».
Астанада ірі көрмені өткізу қуат үнемдеу – күн, жел, те¬ңіз, мұхит және термалдық сулардың энергетикалық ресурста¬рын енгізу мәселесін кеңінен талқылауға жағдай жасайды
«Жаңартылатын энергия – таусылмайтын көздерден алынатын энергия. Жаңартылатын энергияны пайдаланудың негізгі қағидаты оны қоршаған ортада үнемі болып жататын процестерден алуға және оны өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікке пайдалануға саяды. Жаңартылатын энергия табиғи жолмен жаңарып тұратын табиғи ресурстардан алынады. Жаңартылатын энергия көздері деген ұғым энергияның мынадай нысандарын: күн энергиясын, геотермальды энергияны, жел энергиясын, теңіз толқынының, ағыстардың, судың толуының және мұхиттың энергиясын, биомасса энергиясын, гидроэнергияны, әлеуеті төмен жылу энергиясын және жаңартылатын энергияның басқа да «жаңа» түрлерін қамтиды»[10].
Қазіргі таңда жер шарында адамзат баласының көбеюінің салдарынан,қоршаған ортаның шектен тыс ластануының салдарынан жер бетінде дәстүрлі энергия шикізаттарының таусылу қаупі зор.Сол себептен Астанада осындай ірі көрмені өткізу қуат үнемдеу – күн, жел, теңіз, мұхит энергетикалық ресурстарын енгізу мәселесін кеңінен талқылауға жағдай жасайды.
«Болашақтың энергиясы» тақырыбының маңызы – бүгінгі күні адамзаттың ең өзекті мәселесіне айналған табиғи қуат көздерін тиімді пайдалану мәселесін көтеруінде. Мұны шешу қазір көптеген елдер үшін стратегиялық міндетке айналды. Тақырыптың өзегінде электр қуатын қолжетімді ету және кедейшілік деңгейін төмендету сияқты планетарлық көлемдегі мәселені шешу жатыр. Ендігі кезекте бүкіл әлемге «жасыл экономика» және экологиялық қауіпсіз даму сияқты тың бағыт қажет. Жер бетінде дәстүрлі энергия шикізаттарының таусылу қаупі зор. Ал оларды пайдаланудың нәтижесінде қоршаған ортаға тигізер зияны да зор. Сондықтан, халықаралық қауымдастықта халықаралық көрме шеңберінде басқосып, мәселені бірігіп шешу тілегі жатқаны айтпаса да түсінікті. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде «жасыл экономика» бағытына көшіру жөніндегі бастамасымен үндесіп жатыр. Астанада осындай ірі көрмені өткізу қуат үнемдеу – күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық сулардың энергетикалық ресурстарын енгізу мәселесін кеңінен талқылауға жағдай жасайды. Осы арада атап айтатын жайт, негізгі және аса жауапты, күрделі де қызықты жұмыс енді басталады. Мемлекет басшысы бұл іс-шараға жауапты адамдарды айқындады, Үкіметтің және елорда әкімдігінің алдында тұрған міндеттер мен мақсаттар айқындалды. Енді тек іске кірісу керек. Алдымен, 2017 жылға дейін ең жоғары технологияларды пайдалана отырып, осы ЭКСПО-ға болашақта келіп қатысушы елдер үшін барлық қажетті жағдайлар жасау міндеті тұр. Және оны астанамыздың бұдан да тартымды, халқымыздың заңды мақтанышы болатындай, сөйтіп, Қазақстанның халықаралық көрмелер тарихына өз парағын жазатындай деңгейде жасау керек.» [11]
Кез келген мемлекет қоршаған ортаның ластануын азайтуға, экономикалық және әлеуметтік жағдайды, әсіресе, шалғайдағы және алыс орналасқан өңірлердің жағдайын жақсартуға, техногендік апаттардың әлеуетті қаупінің болмауына жағдай жасайды.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген елде дамудың «жасыл» жолы мемлекеттің мақсатты түрде қолдауы арқасында ғана тиімді жүзеге асады.
«Бүгінде Еуроодақта «жасыл экономика» секторы 2 трлн. еуроға жуық іскерлік айналымға ие және 22 млн. астам адамды немесе ЕО-ның еңбекке жарамды халқының 9%-ын жұмыспен қамтуда. Бұл елдерде «жасыл» секторға ауқымды мемлекеттік қолдау қарастырылған. «Жасыл» технологиялар нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Германия. Қазіргі кезде әлем бойынша патенттелетін бүкіл технологиялардың экология саласындағы 23%-ы және күн мен жел энергетикасы саласындағы 30%-дан астамы неміс компанияларына тиесілі.
«Жасыл» сектор кәсіпорындарында 2 млн-ға жуық адам немесе Германияның экономикалық белсенді бүкіл халқының 4,5%-ы жұмыс істейді және бұл көрсеткіш тұрақты өсуде. Соңғы жылдар ішінде, тек қайта қалпына келетін энергетика саласында ғана 370 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылған. Германияда энергетика негізгі және неғұрлым табысты жасыл сала болып табылады. Жасыл технологияларды ойдағыдай дамытудың арқасында Германия парниктік газдар эмиссиясының деңгейін төмендетуге айтарлықтай қол жеткізе алды. Жаңартылатын энергия көздеріне ауысқанда үй иелеріне салықтық женілдіктер ұсынылады, сонымен қатар, автомобильдер үшін экологиялық таза түрлерін қолданатын жүргізушілерге қалалық автотұрақтарда тегін орындар беріліп, салық төлеуді азайту көзделуде.
Көшбасшы елдердің көпшілігінде ЖЭК-ті жеделдетіп игеру белгілі бір мемлекеттік саяси, заңнамалық және тікелей қаржылық қолдау арқылы жүзеге асырылып жатқанын атап өткен жөн. Электр генерациялаушы қондырғылар саласында ЖЭК-ті дамытуды ынталандырудың неғұрлым кең таралған нысаны тіркелген тарифтер болып табылады. Бұл ынталандырушы шаралардың мәні мынаған саяды: тіркелген тарифтер – ЖЭК-ке электр қондырғыларынан сатып алынатын электр энергиясына арнайы белгіленген және энергияны генерациялаудың рентабельділігін қамтамасыз ететін жоғарылатылған тарифтер. Олар бүгінде әлемнің 65 елінде қолданылады және электр қондырғыларының түрлері мен қуаты бойынша сараланады. Бұл тарифтер ұзақ мерзімге 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бекітіледі. Айталық, Германияда мұндай тарифтер алғаш рет 2000 жылы енгізілді және 2010 жылы түзетулермен осы уақытқа дейін қолданылып келеді»[12].
ЖЭК енгізу және дамыту жағынан алда келе жатқан елдерде халықтың басым бөлігі туған елінің экологиясы үшін өздерінің азаматтық ұстанымын жоғары қойып, «жасыл» энергетиканы ынталандыру тетіктеріне қолдау көрсетіп келеді.
Біздің еліміз жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қолайлы жағдайлары бар елдердің бірі болып табылады. Республикада баламалы энергия алу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі тұрғысынан жел, күн энергияның ең қолайлы көздері бар.
«Жаһандық экономикалқ сынақтарды былай қойғанда ЭКСПО -2017эмтихандары баршамызды толғандыратыны белгілі. Ал, жасыл технологиялаға негізделген жаңа энергетиканы белсенді дамытуға кіріскеніміз ішкі-сыртқы ресурстардың толымдылығын кепілдендіреді. Қазақстанның теориялық жел әлеуеті жылына 1820 млрд. кВт сағатқа жуық, гидроэнергетиканың әлеуеті жылына 30 млрд. кВт* сағат, ал күн энергетикасының әлеуеті – жылына 2,5 млрд. кВт* сағат деп бағаланған.
Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңы қабылданған соң басталды. Бұл Заңда: «Жаңартылатын энергия көздерi – табиғи жаратылыс процестерi есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, сондай-ақ, бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын» деп атап өтілген»[14].
Жасыл эканомика Қазақстан Республикасына жаңа технологияларды тартуға мүмкіндік береді, бұл технологиялар баламалы энергетиканы дамытуға, «жасыл» энергетиканы өркендетуде алдыңғы қатардағы елдермен тәжірибе алмасуға, климаттың өзгеруі мен көмірқышқыл газының шығарындыларына байланысты мәселелерді неғұрлым тиімді шешуге үлкен әсері болады.
«Әлемде ЖЭК-ті дамытуды ынталандырудың ең тиімді тәсілі тіркелген тарифтер болып табылады, сондықтан ҚР Үкіметі энергияның «жасыл» көздерін дамытуда дұрыс жол таңдап алды деп айтуға болады. Айталық, инвестициялар тарту және осы секторды дамыту мақсатында ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен ЖЭК негізіндегі электр станциялары үшін инфляцияға жыл сайын индекстеу мүмкіндігімен 15 жыл мерзімге мынадай тіркелген тарифтер (қосымша құн салығынсыз) бекітілді: жел – 22,68 теңге/кВт.сағ., күн – 34,61 теңге/кВт.сағ., шағын ГЭС – 16,71 теңге/кВт.сағ., биогаз қондырғылары – 32,23 теңге/кВт.сағ»[15].
Бұдан басқа, Заңға сәйкес, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС құрылды.
«Бұл Заңда көзделген тәртіппен жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне жеткізілген электр энергиясын толық көлемде орталықтандырылған түрде сатып алуды жүзеге асыратын «KEGOC» жүйесінен негізгі потстанцияға дейінгі 220кВт қуаттағы 8 шақырымдық әуе желісі тартылып, 20 шақырымдық жол салынды»[16].
Бүгінде республикада күн энергетикасын пайдалану бағытында өнеркәсіптің жаңа саласы құрылуда. Күн энергиясын игеру мақсатына барлық технологиялық циклға керекті шикізаттар мен жабдықтар өзімізде шығарыла бастады. Атап айтқанда, «Астана қаласында үш жылдан бері халықаралық стандарттарға сәйкес келетін фотоэлектрлі модульдер шығаратын «Astana Solar» ЖШС жұмыс істеп тұр. Зауытқа керекті кремний Алматы облысы Үштөбе қаласында өндіріліп, ол Өскемен қаласына жіберіледі. Өскеменде кремний түрлі қоспаларды тазарту арқылы өңделіп, содан фотоэлектр пластинкалары мен күн ұяшықтары дайындалады. Кейін олар Астанаға жеткізіліп, соңғы кезеңде дайын өнімі – күн модульдері дайындалады. Ал, жаңа өнімдерге шикізатты түгелдей Қазақстан кремнийінен алады. Зауыттың өнімі барлық облыстарға кең тараған. Іске қосылғанына аз уақыт өтсе де, зауыт өнімдеріне сұраныс артуда. Зауытта шығарылған батарея 25 жылға дейін жұмыс істейді. «Astana Solar» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2017 жылы болатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысып, өз жобаларын көрсетуді мақсат етеді. Сонымен қатар, олар өз өнімдерін шет елдерге шығаруды да жоспарлап отыр»[17].
Аталған өндіріс орындарында мыңға жуық жоғары, білікті инженер-техник қызметкерлер мен жұмысшылар істейді. Күн, жел энергиясымен пайдалану, әсіресе, электр желілерінен шалғайда жатқан аймақтар, алыс мал жайылымдары мен бригадалық стандар үшін, шаруа қожалықтары үшін таптырмас дүние.
«Соңғы кездері республикада ЖЭК-ті пайдалану бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл ретте Жамбыл облысы көш бастап келеді. Облыста 2010 жылы барлық ЖЭК нысандарының орнатылған қуаттылығы 1,5-2 МВт-ты құраған болса, қазіргі таңда, жалпы қуаттылығы 88 МВт болатын 8 ЖЭК (СуЭС-4, КүнЭС-2, ЖелЭС-2) нысандары пайдалануға берілді. Барлық ЖЭК нысандар электр желілеріне қосылған және электр энергиясын бірыңғай энергетикалық жүйеге тасымалдайды.
2015 жылдың шілде айында «СПК «Тараз» АҚ Британдық «United Green» компаниясы және «Самұрық Қазына Инвест» ЖШС-мен бірлесіп алғашқы пилоттық «Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясының құрылысы» жобасын пайдалануға берді. Бұл жоба Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір барысында ашылды. Аталған нысан Орталық Азия бойынша ең ірі күн электр станциясы болып табылады. Мұнда 192 мың энергия өндіретін күн панельдері қолданылған. Бүгінде нысанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Британдық «United Green» инвестор компаниясы жыл соңына дейін станцияның қуатын 100 мегаватқа дейін арттыруды жоспарлауда. Бұл өз кезегінде 30 000 үйді жарықпен қамтамасыз етуге жеткілікті»[23].
Елімізде түрлі ресурстарға,пайдалы-қазбаларға,шикізат көздеріне бай облыстар мен аудандар өте көп.Өз кезегінде, Оңтүстiк Қазақтан облысы республикадағы баламалы энергия көздерi (жел, күн, кiшi гидроэнергия) бойынша ең әлеуеттi өңiр болып есептеледі.
«Осыған байланысты, облыста баламалы энергия көздерiн дамыту бағытында 35 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Олар жалпы қуаты 50,7 МВт жалпы құны 13,2 млрд тенге болатын энергия көздерін қалпына келтірудің 7 нысаны,атапайтқанда,6 су электр станциясы, 1 жел электр станциясы іске асу жоспарланған. 2017 жылы қуаты 150,1 МВт жалпы құны 59,3млрд тенге 12 су элетр станциясын қолданысқа енгізбек.. Жел энергетика саласында қуаттылығы 90 МВт құрайтын 2 жоба жүзеге асырылуда. Күн энергетика саласында жалпы қуаттылығы 349 МВт құрайтын 12 жоба жүзеге асырылуда. Ал, Сайрам ауданындағы «Ақбай Шымкент» және Шымкент қаласындағы күн электр станциялары iске қосылып, қызмет көрсетуде»[24].
Жаңартылатын энергия көздеріне ауысқанда үй иелеріне салықтық женілдіктер ұсынылады, сонымен қатар, автомобильдер үшін экологиялық таза түрлерін қолданатын жүргізушілерге қалалық автотұрақтарда тегін орындар беріліп, салық төлеуді азайту көзделуде.
«Әлемдік тәжірибеде бұған дейін энергия көздерін өндірудің сан алуан әдістері пайдаланып келгені белгілі. Алайда, оның бәрі мамандардың мәлімдеуінше аза энергетика қатарына кірмейді. Таза энергетианың бастауы тек жасыл энергия емес газ-турбиналқ электр станциялары да бола алады деп тұжырымдайды. «Жасыл» сектор кәсіпорындарында 2 млн-ға жуық адам немесе Германияның экономикалық белсенді бүкіл халқының 4,5%-ы жұмыс істейді және бұл көрсеткіш тұрақты өсуде. Соңғы жылдар ішінде, тек қайта қалпына келетін энергетика саласында ғана 370 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылған. Германияда энергетика негізгі және неғұрлым табысты жасыл сала болып табылады. Жасыл технологияларды ойдағыдай дамытудың арқасында Германия парниктік газдар эмиссиясының деңгейін төмендетуге айтарлықтай қол жеткізе алды»[25].
Сурет 1. ЖЭК объектілерінің қуатының МВт бойынша көрсеткіші.
Ескерту: мәліметтер Егемен Қазақстан газеті №255 31.12.2015 алынды
Біздің мемлекетіміз «жасыл» экономикаға ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай аламыз. Дегенмен біздің көпшілігіміз олардың үлесі ештеңе білдірмейді, бұл табиғатты қорғауға жатпайды деп санаймыз. Біздің әрқайсымыз қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қоса аламыз. Және сенің үлесің теңіздегі тамшы болады деп ойлау қажет емес. Күн сайын біз әлемді тазартып, жақсарта аламыз.
Қорытынды
Қорыта келе, «жасыл» экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр.
Жалпы, осы экономиканы жүзеге асыру мақсатында заңнамаларымызға енгізілген өзгерістер жаңартылатын энергия көздерін пайдаланушы энергия өндіруші компанияларды қолдауға, экологиялық таза көлік құралдары өндірісін ынталандыруға, сонымен қатар, су ресурстарының бөлінісі арқылы қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы проблемалы салаларды жетілдіруге және реттеуге бағытталған. Бұл, сәйкесінше, экономиканың түрлі салаларының дамуына оң әсерін тигізеді.
Дүние жүзі халықтары өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында орасан зор энергия тұтынуда, соның салдарынан қазіргі таңда энергия тапшылығы байқалуда. Осы мәселенің алдын алу, энергия тапшылығын жою үшін балама энергия көздерін пайдалану өте маңызды.
Елімізде жаңартылған энергия көздерін дамытуға жасыл жолдарына көшуіне Парламент қабылдаған Заңмен, Астанадағы «Болашақ – энергия» ЭКСПО – 2017 көрмесінің өтуі сөзсіз қуатты серпіліс береді.
Біздің мемлекетіміз «жасыл» экономикаға ауысу саласындағы саясатты белсенді жүргізіп жатқанда, біз осы үдерістің бөлігі ретінде қазірден бастап «таза» болашақты құруға қадамдар жасай аламыз.
Энергия тұтыну – адамзат тіршілігінің міндетті шартына айналды. Оны қамтамасыз етуде экологиялық таза энергия өндіру заман талабы. Сондықтан да, қанша қиыншылықтар кездессе де, оларды жеңіп, жаңартылған энергия көздерін дамытуға барынша атсалысқанымыз абзал.
Пайдаланған әдебиеттер:
- http://gbpp.org/category/publication/page/4
- http://group-global.org/ru/node/61979
- Б.Абаған. «Жасыл экономика жолында» \\Егемен Қазақстан № 39 (28263) 6- қазан 2016 – 6 б
- Н.Назарбекова. «XXI ғасырдың қайтарымды балама қуат көздерін игеру-кезек күттірмейтін іс »\\География және табиғат №4 2014ж
- Ж.Жағыпарұлы «Ел әлеуетін әлемге әйгілейтін көрме» \\Егемен Қазақстан № 135 (28613) 17-шілде 2015 – 5 б.
- Ж.Сәдуақас. «Өнертапқыштар мен инноваторлар жетістігі \\Егемен Қазақстан» № 135 (28613) 17-шілде 2015 – 5 б.
- Мазбаев О.Б., Увалиев Т.О., «Дүниежүзінің табиғат ресурстары географиясы», Алматы, 2013 – 265-267
- http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-nenazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2014-zhylgy-17-kantar
- http://akikat.kazgazeta.kz/?p=7261
- https://pdf.egemen.kz/2016/10/27/1313/
- . http://akikat.kazgazeta.kz/?p=7261
- География және табиғат «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау» №5 2013ж
- Б.Санақұл. «Қанаттандырушы қалақшалар \\ Егемен Қазақстан » № 135 (28613) 17-шілде 2015 – 7 б.
http://akikat.kazgazeta.kz - Қ.Андас. «Өңірлік дамудың мүмкіндігі» \\Егемен Қазақстан № 135 (28613) 17-шілде 2015 – 6б.
- https://expo2017astana.com/kz/history-expo/istoriya-ekspo-s
- Гайфутдинова В. К 2030 году использование возобновляемых источников не превысит 5% // Капитал. – 2013. – 26 февраля. – [Электронный ресурс] // http://kapital.kz/details/11635/k-2030-goduispolzovanie-vozobnovlyaemyh-istochnikov-ne-prevysit-5.html
- Дияр С. К., Токтабаев А. Р. «Зеленая» экономика – новый путь развития // Деловой Казахстан – 7 марта. – № 8 (355). – [Электронный ресурс] // http://dknews.kz/zelenaya-ehkonomika-novyjjput-razvitiya.htm
- Нагорный Ю. EXPO-2017: шанс повернуть на «зеленую экономику» // Деловой Казахстан. – 2013. – 25 января. – № 2 (349). – [Электронный ресурс] // http://dknews.kz/expo-2017-shans-povernut-nazelenuyu-ehkonomiku.htm
- Сабитова В. EXPO-2017 принесет лишь политические дивиденды // Капитал. – – 03 апреля. – [Электронный ресурс] // http://kapital.kz/economic/13609/expo-2017-prineset-lish-politicheskiedividendy.html
- Белоголовов В. Ф. О принципе конвертации сырьевых объектов (природного капитала России) в активы зеленой экономики // Местное устойчивое развитие. – 2013. – № – [Электронный ресурс] // http://fsdejournal.ru/node/468
- Волобуева Я. А. «Зеленая экономика» как приоритетное направление инновационного развития // Экономика и менеджмент инновационных технологий. – 2012. – Май. – [Электронный ресурс] // http://ekonomika.snauka.ru/2012/05/928
- Байзаков С. Б., Муханов М. Н. Зеленый рост как фактор инновационного развития Казахстана// Местное устойчивое развитие. – 2013. – № 7. – [Электронный ресурс] // http://fsdejournal.ru/node/415
- Р.Халелов. «Таза энергетика өндіреді \\ Егемен Қазақстан» №255- 31 желтоқсан -2015 – 6б.
Құрастырғандар: Жақсыбай Н., Қусанова Н.