ЖЕЛІЛІК САУДА ҒАЛАМДАНУДЫҢ БІР БЕЛГІСІ РЕТІНДЕ

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тарауында тосқауыл қойылмаған екі торап болды: бірі – дінге баулыған діни секталар болса, екіншісі – желілік маркетинг.  «Желілік маркетинг» деп аталған, жариясы жасырын жүретін фирмалардың әдетте қолданыстағы бұйымы болады. Тауарды сату және сатып алумен шектелмейтін фирмалардың негізгі қызметі – адам санын арттырумен, топтаумен сауда желісін құру.” [1]

Желілік маркетинг — белгілі бір тауар және қызмет түрін тәуелсіз дитрибьюторлар яғни сатушы агенттер  желісі арқылы тұтынушыға жеткізу. Тұтынушылардың әрқайсысы тауарды сатуға және өзіне құқықтары бірдей серіктес тартуға мүдделі. Желінің әрбір қатысушысының табысы олар шақырған агенттердің тауар сату көлемінен, өздерінің жасаған сауда көлемінен және қосымша сыйақыдан не бонус құралады. Желілік маркетинг бөлшек сауданың, жекелеген сату түрлерінің ерекше түрі. Мұнда өндіруші компанияның дистрибьторлары тұтынушылармен тікелей байланысты өз бетінше орнатады. Сатылым үйде де офистерде де бола береді. Нақты бір өнімді сатумен бірге дистрибьютор тұтынушыға жаңа тұытнушы тауып оның сауда көлемінен бекітілген пайыздық үлес алып отыруына ұсыныс жасайды. Осындай ұсыныс пен шартты негізге алып тұрақты тұтынушы жаңа тұтынушы шақырып, ол тағы да басқа тұтынушыларды тартып, осылайша тұтынушы-сатушыдан құралатын көпдеңгейлі желі пайда болады. Тұтынушы-сатушыны әр компанияда әртүрлі атайды, олар — серіктестер, тәуелсіз дистрибьюторлар, бизнес-делдалдар, кеңесшілер, тәуелсіз агенттер. Шетелдік фирмалардағы желілік маркетинг ең алғаш 1945 жылы АҚШ-та пайда болды. АҚШ- тағы баға белгілеу мен бағаны жанама реттеудің негізгі бағыттары:

  • рестрикциондық несие-ақша саясаты, федералды резервтік жүйенің;
  • тауарлар мен қызмет көрсетуді федералды сатып алуды;
  • мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту;
  • рационалды салық саясаты.

Тауар өнімдерінің өтімділігін қарастыра отырып Қазақстандағы маркетингтік жүйе мүмкіншілігін қарастыру қажет болды. Халыққа жалғамалы желілік маркетинг туралы білігін, сауатын ашу үшін зерттеу көздері керек.

Еліміздегі «желілік маркетинг» атты құбылыстың байқалғанына көп уақыт болды. «Кедейлер жұмыс іздейді, ал байлар желі құрады» деген қызмет ететін «бағыныштылар тобын» құрды. Бұл жағдайда өнім шығарушы  компания да тауардың сапалы болуын қамтамасыз  ете алады деген сылтау басым болады. Осындай тәсілмен, тұтынушы, сатушы және өндіруші, яғни, үш тараптың да мүддесі қанағаттандырмақ болып адал сауданың атын жамылып, сатушысын да, тұтынушысын да тақырға отырғызып кететін компаниялар да жетерлік. Аздыратын, деніңізді сау ететін, байлығыңызды тау ететін, бәрін қатыратын, ақшаға батыратын алаяқ фирмалардан аузы күймегендері кемде-кем шығар. Тікелей сауда мемлекет экономикасына тиімді әсер етеді дегенімізбен, осы мәселе мемлекетте іс жүзінде енді ғана қолға алынуда.

Қазақстанда бизнеспен айналысушылардың 90 пайыздайы шағын кәсіпкерлік саласында. Әлемде желілік бизнесті сылтау етіп халықты тақырға отырғызғандар көптеп саналады. Соның бірі – пирамида. Ол пирамидалар Мысырдағыдай мәңгілік емес, ең соңында мұнда келгендердің, көпшілігі алдынып қалып жатқаны анық.

Бүгінде желілік маркетингтің «тұрақты өкілдері» – жастар. Неге екені де түсінікті, олардың жігері мықты, қажырлы, әрі аз ақшаға да қанағат ете алады. Сондықтан болар, студент қауымының көбісі осы жартасты жағалайды.[2]

Өйткені, қазақтың көп жастары, орта жастағы апа-ағаларымыз бүгінде тек қана осы желілік маркетингтің арбауына түсіп отыр. Желілік маркетингтің неше түрлі алдамшы, айлакер топ екендігін көпшілік түсіне бермейді. Өйткені, олар жойылмайтын әлемдік бизнестің кең тарапты түрі. Оған еліміздің заңнамасы айқара есік ашып отыр. Демек, халыққа мұндай жалғамалы желілік маркетингтің жолына тосқауыл болар заңдар қажет.

Бұл мемлекеттік тапсырыстарға ауыз ашпайтын, тендерлерден дәмесі жоқ мемлекетті қанаушылардың нақ өзі. Қазіргі таңда әлемді таңқалдырған екі түрлі экономика бар, оның бірі интернет, екіншісі желілік маркетинг. Жетпіс жылдай тарихы бар бизнестің тың моделі біздің елде әуесқой деңгейден енді асып, жаңаша қитұрқы сипат алуда. Алайда, қарапайым халықтың басым бөлігі желілік маркетингті былай қойғанда, «бизнес» деген ұғымның не екендігінен хабарсыз. Бұл жайды пайдаланып жүрген алаяқтар қалың бұқараны желілік маркетинг негізінде қызмет ететін ресми компаниялар мен жалған желілік немесе қаржылық пирамидалар арқылы тақырға отырғызуда. Еңбек етпей, бір-ақ сәтте мол олжаға кенелемдеп, басын жарға соққандар көбеймесін десек, қоғамның желілік маркетинг тұрғысындағы біліктілігін арттыру қажет.

Жүйелі маркетингтің барлығы да Қазақстан Республикасында заңсыз қызмет жасайды. Олар біздің елде тіркелмеген. Жүйелі маркетингпен айналысатындардың Ресейде немесе басқа шет елдерде тіркелетін себебі сондықтан.Жүйелі маркетингке жаңа адам тартқан кезде бұл компанияның ұзақ, әлденеше ондаған жыл бойы жұмыс істеп келе жатқаны, сенімділігі, сондай-ақ беріле айналысқан жағдайда көп табыс, мол жеміс болатыны баса айтылады. Дегенмен, қаншалық сенімді компания болса да, барлық қауіптен сақтандырылса да, ешкім оның күні ертең банкрот болып кетпейтініне кепілдік бере алмайды. Тарих сахнасынан компания тұрмақ, тұтас ел, империялар жоқ болғаны мәлім. Немесе жүйелі маркетингпен айналысуға тыйым салынбайтынына күмәніміз жоқ. Сондықтан бүкіл үмітін, болашағын бір компанияға байлау ақымақтық.Әдетте жүйелі маркетингпен айналысқан адам еріксіз осы компания орналасқан шетелдің тілеулесіне айналады. Материалдық  құндылық қағба болған заманында желілік маркетинг не істетпеді.Бұл да бір ойланатын нәрсе. Әсіресе, бизнесінің дәмін ала бастаған соң ол өзіне де, өзгеге де тыным беруді қояды. Бұл тізімде ешқандай шек болмауы тиіс. Жүйелі маркетинг әлемінде өте үлкен қаржы айналып жүр. Бұл жерде ақша ғана емес, үлкен саясат та бар. Жүйелі маркетингпен айналысатындардың жан-дүниесі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, талғамы бірте-бірте бір-біріне қатты ұқсай бастайды. Әрине, бұл заңды процесс. Бұл материалдар – тегін дүние емес, сайып келгенде байлыққа құштарлықты арттыратын, осы жолға табандылыққа үйрететін, қажет болған жағдайда түрлі құрбандықтарға баулыйтын біртұтас жүйе.

Қорытындылай келгенде бүкіл компанияларды салыстырып қарағанымызда, байқағанымыз мынау: барлығы классикалық пирамида негізінде құрылады және құзар шыңындағы бір ғана адамды байытуды көздейді. Қабырғасы жоғарыдан төмен қарай қаланады. Желілік сауданың бар көздегені-арзан жұмыс қолын жинау болып табылад. Осы жолда адамдарды алдап-арбауға дейін барады. Неде болса желілік маркетинге ұрынбағандар, қазіргі таңда көп болмаса, аз емес.Сондықтан желілік маркетингтің құрылымын мемлекет реттегені абзал.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. http://kazakia.kz/желілік-маркетинг-адал-кәсіп-көзі-м/
  2. http://www.minber.kz/2011/10/желілік-сауданың-желігі/

Құрастырған: Ұлдана Г.

Яндекс.Метрика