ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ СҰРАНЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОҒАН ӘСЕР ЕТЕТІН  ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

Мазмұны

Кіріспе

Қазақстан азаматтарының тұтынушылық сұраныстары және оған әсер ететін  факторлардың әсері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі әлемді тұтыну қоғамы деп те атайды.Осы қоғамдық тұтыныс бұрыннан бері жеке  адам қызметінің және тұтас алғанда өндіріс пен экономиканың дамуының басты қозғаушы күші ретінде саналған.Қазіргі уақытта,нарықтық шаруашылықтың ең негізгі категорияларрыныңбірі болып тұтынушылық сұраныс табылыды.Қазіргі экономика жағдайында тұтынушылық сұранысқа алуан түрлі факторлар әсер етеді.Тұтынушылық сұраныс мазмұнының,формаларының,тұтынушы талғамдары мен қалауларының өзгеруі,нарық жағдайларының,әлеуметтік экономикалық жүйенің қызмет ету шарттарының өзгеруі,сондай-ақ,тұтынушылық сұраныстың нарықтың көптеген аса маңызды үдерістеріне әсерінің күшеюімен байланысты осы тұтынудың және оған әсер ететін факторлар табиғатының тәжірибелік маңыздылығы бүгінгі күнге арта түсуде.

Сонымен қатар,экономикалық саясаттың  негізгі бағыттарын,өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттарын,әр түрлі  нарықтардың теориясы мен ұйымдастырылуын зерттеуде тұтынушылық сұраныстың рөлі көтеріліп келеді.

Тұтынушылық сұраныс теориясы неоклассикалық нұсқада сұранысты нарықтың ажырамас элементі ретінде, оның бағалық және бағалық емес факторларын,сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігін,тоғыспалы икемділігін,икемдік коэффициттерін,сұраныс заңын және оның ерекше жағдайларын зерттейді.(Гифферн қайшылығы,Веблен әсері).

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-36

Адамдар қажеттілігінің дамуы бойынша,тұтынушы қалауларының өзгеруіне,тұтынуға ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің көбеюіне,демалысты ұйымдастырудың әдістеріне байланысты тұтынушылық сұраныстың және оның факторлары мен құраушылырының арнасы кеңейіп,олардың арасындағы өзара байланыстар бара-бара күрделене түсуде. Адамдардың  тұтынушылық сұраныспен байланысты іс-әрекеттерінің кеңістігі өмір сүру тіршілігінің барлық жақтарына еніп келе жатқан қазіргі заманғы  және коммуникациялық технологиялардың аса қарқынды түрде дамуы жағдайларында тіпті кеңейіп барады. Адамдар ресурстарның маңызды бөлігін өздерінің тұтынушылық сұранысымен тұтынушылық таңдауымен,көптеген факторларды аныққтап бағалауға байланысты іс-әрекеттерге жұмсайды.

  • Ресми және ресми емес институттармен тығыз байланыста болу;
  • Адамдардың тұтынушылық таңдауы мен тұтынушылық мінез-ұлықтық іс-әрекетінде белгілі бір ережелер мен нормаларды қалыптастыру;[2]

Адамдар іс-әрекетінің экномикалық,әлеуметтік,мәдени,психологиялық жақтарын біріктіру. Тұтынушылық сұраныстың институционалдық детерминанттары осы аталған белгілеріне байланысты классикалық бағалық және бағалық емес факторлар сияқты қас-қағым сәтте қалыптаспайды. Өйткені индивидтер, өздерінде өмір бойы ұзақ уақыт қалыптасқан салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарына негізделген қалаулары мен дағдыларын бірден өзгерте алмайды.

Сондай-ақ,қандайда ел болмасын,ондағы қалыптасқан инститтуттар,мәселен,меншік құқықтары ,заңдылық бағасы, жұмыс істеп тұрған ұйымдық  құрылымдар да жылдам өзгере қоймайды. Сондықтанда, бағалық және бағалық емес факторларға қарағанда,институционалдық факторлардың қалыптасу үдерісі өте күрделі. Тұтынушылық сұраныстың институционалдық детерминантттары әсіресе,жеке тұтынушылық сұранысқа әсер етеді.

Қазіргі уақытта, кейбір жағдайларда нарықтың жетелеген түрлерінде тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс неокласикалық тәртіппен жүрмегендіктен тұтынушылық сұраныстың дамуының институционалдық бағытының қажеттілігі мен маңыздылығы артып келеді. Адамдар тұтынысының дамуымен мен күрделілігімен,тауарлардың олардың әртүрлі категориялары бойынша ассортиментерінің кеңеюімен байлысты сұраныстың бағалық факторға деген тәуелділігі сондай бір салыстырмалық сипатқа ие болып барады. Тауарлардың функционалдық сипаттамаларына және дизайнның жақсаруына байланысты сұраныс заңына қайшы келетін құбылыстарда жиі кездеседі, яғни сапасы жоғары тауарға сұраныс оның бағасы   өссе де артып отыратындығын сипаттайтын тура тәуелділік қалыптасуы мүмкін. Институционалдық факторлардың әсеріненбағалар мен табыстарға байланысты тұтынушылық сұраныстың байланысы бұзылуы мүмкін.

Баға және табыс сияқты дәстүрлі факторларға   табиғаты аса   күрделі болып табылады және   олар өзіне экономикалық   сипаттағы әр түрлі компоненттермен бірге, психологиялық және физиологиялық   сияқты эконмикалық емес факторларды да біріктіреді.

«Осыған байланысты, қазіргі дамыған   қоғам жағдайында тұтынушылық сұраныстың осындай факторлары бірінші орынға шығады, сол себепті, мұндағы негізгі мәселелер   ретінде халықтың тұтынушылық сұранысын реттеу қарастырылады, ал тұтынушының алдында не салып алу керек?   және қай жерден сатып алу керек? деген маңызды   сұрақтар туындайды». Көптеген экономистер тұтынушылық сұраныстың институционалдық детерминанттары ретінде беделді тұтыныс, тұтынушылық несие және тұтынушының   трансакициондық шығындары сияқты дәстүрлі емес факторлары бөліп көрсетеді.

1.Беделді тұтыныс.

Беделді немесе ауқатты тұтынудың бірқатар ерекшіліктері бар:

  • «Беделді сұраныс құбылысы Веблен бойынша ауқаттылардың парықсыздығымен тығыз байланысты»;
  • Беделді сұраныс олгархиялық топтарға тән және ол оның беделі мен абыройынан хабардар етеді;
  • Беделді сұраныс қоғамддық өндіріс үшін ысырапшылдыққа алып келеді;
  • Беделді ссұраныс құбылысы жеке меншікпен жіне ең алдымен, өндіріс құрал-жабдықтарын иемденумен байланысты;
  • Ауқатты топ өкілдерінің қоғамдық ысырапшылдығы әмбебап сипатқа ие бола отырып қоғам дауының қыр көрсетушілік және жыртқыштық кезеңінің заңды құбылысын сипаттайды.
  1. Тұтынушылық несие.

Қазіргі уақытта, әсіресе елімізде тұтыну несиесіне сұраныс тез қарқынмен өсіп келеді және банктер де оны белсенді түрде дамытып келеді. Қазақстанда бүгінгі күні қажеттіліктері.

  1. «Трансакциондық шығындар. Тұтыну сұранысының институционалдық детерминантасы ретінде трансакциондық шығындар тұтынушылардың игіліктерді сатып алу келісімдерімен байланысты болып табылады. Нәтижесінде, белгілі бір трансакцияны іске асырғаннан кейін келісімге қатысушы тұлғалардың әл-ауқаттылық деңгейлері артады – тұтынушы тауарды сатып ала отырып» [3] өз қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырады, ал сатушы өз тауарын сата отырып өз пайдасын арттырады. Қазақстандық тұтыну нарықтарында тұтынушылардың трансакциялары отандық және шетелдік сауда желілерінің өзара бәсекелесу объектісі болып табылады.

Осыған байланысты, қазақстандық экономикада соңғы өнімдерге деген тұтынушылық сұраныстың бірқатар ерекшеліктерін ашып көрсетуге болады:

  • тұтынушылық сұраныстың үздіксіз өсіп отыруымен бірге үнемі кейінге қалдырылып отыратын сұраныстың да орын алуы;
  • көлеңкелі экономиканың аса маңызды ауқымымен байланысты тұтынушылық шығындар мен табыстардың сәйкессіздігі;
  • өте кең диапазондары бар тұтынушылық қалаулармен сипатталатын халық табыстарының едәуір теңсіздігі мен дифференциациясы (қазір елімізде Джини коэффициенті 0,3-ке тең);
  • тұтыну құрылымында импорттық тауарлар үлесінің артуы;
  • «жекелеген тұтынушылардың бағаға деген толеранттылығы, ал ол өз кезегінде Гиффен тауарлары тізімін арттыруға алып келеді» [4]

Тұтынушылардың бір сауда белгісінен екінші бір сауда белгісіне жылдам ауысып отыруы; белгілі бір тұтынушылық мәдениеттің қалыптасуы; тұтынушылық сұраныс бағытында мінез-құлықтың үнемі өзгеріп отыруы; отандық тұтынушылардың беделді сұранысында аймақтық өзгешеліктердің орын алуы.

  • «Қазақстандық экономикада сауда желілерінің дамуына мүмкіндік беретін және әсер ететін факторлар да бар.
  • Тұрғындардың орташа жалақыларының және нақты ақшалай табыстарының өсуі;
  • Қазақстанның сыртқы сауда айналымының өсуі;
  • Aзық-түлік тауарлары мен тұтыну заттары сияқты ең негізгі сегментті қамтитын тұтынушылық нарықта отандық сауда желілерінің жоғары қарқынмен өсуі;
  • Қазақстандық нарықты аса қарқынды түрде жаулап келе жатқан шетелдік сауда ритейлорларының жоғары бәсекелік қабілеттілікке ие болуы;
  • Электрондық коммерция саласында сауда желілері қызметінің негізін құрайтын ІТ-технологиялардың қарыштап дамуы.
  • Басқа елдерде кеңінен таралған бизнесті жүргізудің әртүрлі формалары мен үлгілерін белсенді түрде қолданып соларды сырттан импорттау;»

Тұтынушылық таңдау мен тұтынушылық сұраныс теориясының қыр-сырын зерттеу арқылы біз қандай да бір нақты тауарлар мен қызметтерге сұраныстардың қалыптасу үдерістерін қарастыруға мүмкіндік аламыз. Сонда импорт тауарлары азайып, экспортқа тауар шығару қанат жаяды. Қазақстан Республикасының азаматтарының тұтынушылық сұраныстарын қанағаттару — өкіметтің, отандық кәсіпкерлердің  басты міндеті.

Қазіргі ХХІ ғасыр әр елдің экономикалық жарысы негізінде  тұтыну қоғамы деп те атайды. Осы қоғамдық тұтыныс бұрыннан бері жеке адам қызметінің және тұтас алғанда өндіріс пен экономиканың дамуының басты қозғаушы күші ретінде саналған. [5]

«Елімізде тұтынушылық сұраныстың кеңеюіне  халықтың табыс мөлшері мен жалақының өсуі көбірек  ықпал етеді. Осылайша, соңғы деректер бойынша  нақты ақшалай табыс 7,4%-ға, нақты жалақы 7,2%-ға өсті. Жұмыссыздық 5,3% -ды құрады.2012 жылғы наурыз айының қорытындылары бойынша инфляция 5,6-5,8% деңгейін құрады және 2012 жылғы маусымның аяғындағы 5,9-6,1% жылдық инфляцияға сәйкес келеді. 2012 жылғы сәуір-маусымда жұмыртқа, сүт, көкөніс, ет өнімі сияқты азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерінің, білім беру қызметінің бағаларының төмендеуі күтіледі. 2011 жылғы 2 тоқсанда Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарында (халықтың орташа жан басына шаққанда) ең көп тұтынатын сүт және сүт өнімдері, ең аз тұтынатын балық және теңіз өнімдері болып» табылады. Сүт өнімдерін ең көп тұтынатындар – Алматы болып тіркелген.  Балық және теңіз өнімдерін Атырау облысы, ең аз тұтынатындар Оңтүстік-Қазақстандықтар. Ет және ет өнімдерін Алматы облысы – Оңтүстік-Қазақстан облысы көп тұтынады. Алматы облысы елімізде барлығынанда көп жеміс тұтынса, ең аз Жамбыл облысы тұтынады екен. Атырау облысы Қазақстанда ең көп қант қоданса, джем, шоколад және кондитерлік өнімдерді ең аз жақсы көретіндер Астана. Тұтынушылық сұраныстың дамуының институционалдық бағыты шеңберінде «институционалдық детерминанттар» категориясы ерекше бөліп көрсетіледі. Өйткені индивидтер өздерінде өмір бойы ұзақ уақыт қалыптасқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына негізделген қалаулары мен дағдыларын бірден өзгерте алмайды. [6]

Көптеген экономистер тұтынушылық сұраныстың институционалдық детерминантары ретінде келесі дәстүрлі емес факторлары бөліп көрсетеді. Сұраныс- нарықтың ұсынатын бағасының әрбір  шамасымен тұтынушылардың сатып ала алатын немесе сатып алуға дайын тауарларының санын көрсетеді. Сұраныстың өзгерісіне бағалық немесе бағалық емес факторлар әсер етеді:

1.Зерттеп отырған тауардың бағасы.

2.Басқа тауарлардың бағасы

3.Тұтынушылардың ағымдағы табыстары.

Бірақ сатып алушылардың саны туралы айтқанда,олардың жасы мен жыныстық құрамын,жанұялардың орташа санын,зейнеткер жасындағы адамдардың үлесін тағы басқа ерекшеліктерді де есепке алған жөн.

Сұраныс қисығының оңға немесе солға  жылжуы сұраныстың өзгеруін бейнелейді,ол сұраныс функциясын  анықтайтын факторлардың,яғни бағалық емес факторлардың әсерінен орын алады. Сондықтанда, сұраныс көлемінің өзгеруі мен сұраныстың өзінің өзгеруін шатастырмау қажет. Енді біз ұсынысты талдауға көшсек, нарықта ұсыныс әрқашанда сатушылар тарапынан орын алады.

Сұраныс қисығының үш нұсқасын қарайық (3-сурет). Бұл жерде көңіл аударатын негізгі мәселе, сатып алушылардың сатушыларға төлейтін ақшасының жалпы сомасы болып табылады. Сатушының жалпы саудадан түсіргені барлық уақытта бағаны сатылған тауарлардың санына көбейткенге немесе РхО көбейтіндісіне тең. 3, а-суретте бағаның екі рет құлдырауы, сұраныстың да екі рет өскенін, ал жалпы саудадан түсімнің    өзгермегендігін сипаттайды. 3, б-суретінде бағаның үш рет төмендеуі сатып алудың екі рет қана өсуімен қосарланды және жалпы саудадан түсіргені кеміді. Басқа жағдай 3, в-суретінде көрсетілген. Саудадан түсім өседі, өйткені    баға кемігендіктен сұраныс көп өсті. Рыноктағы сұраныс көлемінің баға төмендегенде қандай мөлшерде өсетіні немесе баға өскенде кемитіні бағаға байланысты сұраныстың  икемділігінің дәрежесін сипаттайды.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-37

Сұранысқа әсер ететін маңызды фактор – ол сатып алушылардың саны. Мысалы, нарықта Алмат пен Бауыржан деген екі сатып алушы бар, олардың жеке сұраныс функциялары төменде берілген.Онда олардың жеке сұраныстарын қоу арқылы нарықты сұранысты анықтауға болады.Сонда бұл жерде сұраныстың екі түрі пайда болады: жеке сұраныс-бұл бір сатып алушының сұранысы, ал нарықтық сұраныс-сол жеке сұраныстардың қосындысы және жиынтығы.

Сұраныс қисығы дегеніміз сұраныс заңының графикалық көрінісі мен бейнеленуісатып алушылардың берілген уақыт мезетәнде әр түрлі тауардың   қандай көлемін сатып алуға болатындығын көрсететін қисық сызық.Көрсетілген қисық теріс көлбеулі және кемімелі болып келеді.

«Нарық дегеніміз тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы:

  1. Өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар-ақша қатынастары;
  2. Сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік
  3. Тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы.
  4. Сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм.Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады». [8]

Біз енді нарықтық механизмнің әрекет етуі мен даму заңдылықтарын және оның негізгі элементі болып табылатын сұраныспен ұсынысты одан әрі терең талдау үшін икемділік деген ұғымды қарастырамыз. Экономикалық агенттіктердің   тарапынан бағаның және табыстың өзгеруіне деген мүмкін реакцияларды зерттеуде икемділік ұғымы   маңызды рөл ойнайды. «Икемділік ұғымын да жоғары да аталған, ағылшын экономисі Альфред Маршалл өз зерттеуінде алғаш рет қолданып, микроэкономика ұғымын енгізген болатын.Кейін бұл ұғым туралы идеяларды ағылшын экономисі Джон Хикс пен американ экономисі Пол Самуэльсон және тағы басқа да ғалымдар әрі қарай дамыта түсті. Икемділік дегеніміз-Бұл бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі»[9].

Ең алдымен, икемділіктің сұранысқа қалай әсер ететіндігін қарастыру қажет.Осы жерде сұраныс икемділігінің үш түрі болады: Сұраныстың баға бойынша икемділігі-бұл тауар баағасының 1 пайызға өзгкргендігі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент.Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің абсолюттік шамалары емес салыстырмалы шамалары ған маңызды болып табылады. Бұл айтпасада түсінікті, мысалы: сникерстің бағасы 10 тенгеге өсті десек,онда оның өзгеруін байқамау мүмкін емес,өйткені ол тауардың бағасы осылай өсуі өте маңызды болып табылады,сондықтан ол сұраныс көлемін өзгертеді.Ал «Вольво» автокөлігіне баға 10 тенгеге өсті десек онда оның өзгеруі тұтынушының сұраныс көлеміне мүлдем ісер етпейді,сондықтанда бағаның сұраныс көлемінің өзгеруң салытырмалы шамада беріледі.

Сұраныстың  5 түрі бар:

  1. Икемді сұраныс-бағаның сұранысқа қарағанда сұраныс көлемінің бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады.
  2. Икемсіз сұраныс-бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азрақ өзгеруінің көрсететін жағдай, бұл жердде икемділіктің көлемі 1-ден төмен болады.
  3. Бірлік икемді сұраныс-бағаның және сұраныс көлемінің 1 пропорциядан өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде 1-ге тең.
  4. Абсолютті икемді сұраныс-бағаның өте аз өзгеруіне, немесе мүлде өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгертетін жағдай.Мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады.
  5. Абсолютті икемсіз сұраныс-бағаның өзгеруі сұраныс көлемінің өзгермеуі, салыстырмалы өте аз өзгеретінін көрсететін жағдай.Мұнда икемділіктің мәні 0-ге тең.Жиынтық сұраныс қисығы баға деңгейі мен өнім өндірісіндегі тауарлар нарығы мен активтер нарығының тепе-теңдігін көрсетеді. Жиынтық сұраныс қисығының кез-келген нүктесінде, мәселен графикте көріп отырғанымыздай В нүктесінде тауарлар нарығы мен активтер нарығы тепе-тең. Біз енді жиынтық сұраныс қисығының неліктен қарама-қайшы икемді екендігін түсіндіре аламыз. Мәселен, тауарлар және активтер нарығы осы берілген баға деңгейіне Рв өндіріс көлемі деңгейіне Үв тепе-теңдікте болады»[10].

Сұраным заңына байланысты сұранымға ықпал жасаушы басты фактор баға.

Сонымен бірге бағалық емес факторлар да бар. Олар:

  • тұтынушылар таңдауы (талғамы);
  • сатып алушылар саны;
  • сатып алушылар табысы;
  • балама тауарлардың бағалары;
  • қолайлы жағдайды күту;
  • рыноктың көлемі;
  • тауарлардың жеңілтіктері;
  • халықтың өсімі жатады. [11].

Тұтынушылар әр қашанда тауарды арзан сатып алғысы, ал өндіруші қымбат сатқысы келеді. Өндіруші тұтынушыға шекті максималды бағаны ұсынады.

Егер мемлекет рыноктық механизмге араласпаса, яғни бағаны қадағаламаса, бәсекелік рынокта сұраным мен ұсынымның арасында тепе-теңдік орнайды және тауардың рыноктық бағасы мен оның жалпы көлемі белгіленеді. Ұсыным көлемі сұраным көлеміне сәйкес келгенде тепе-тең баға пайда болады. Сұранымның артуы тепе-тең баға мен тауардың тепе-тең мөлшерін өсіреді.Сұранымның кемуі тепе-тең баға мен тауардың тепе-тең мөлшерін кемітеді.Тауарға ұсынымның өсуі тепе-тең бағаның азаюына және тауардың тепе-тең мөлшерінің көбеюіне әкеледі.Ұсынымның кемуі тепе-тең бағаның өсуіне және тауардың тепе-тең мөлшерінің азаюына әкеледі. Сөйтіп, рынокта сұраным мен ұсыным барлық кезде тепе-теңдікте бола алмайды, бірақ рынок тепе-теңдікке ұмтылады. Cонымен, тепе-теңдік баға-бұл баға мен тауардың мөлшерінің өзгерістері теңелген жағдайдағы сатып алу мөлшері мен сату мөлшері үйлесетін баға. Егер, баға тепе-теңдіктен жоғары болса, онда ұсыным сұранымнан асып кетеді де, нәтижесінде тұтынушыда артықшылық болады немесе керісінше – мұқтаждық туады. Жоғары баға өндірушілерді көп өнім өндіруге итермелейді. Мұндай бағада сатып алушылар саны азаяды. Өндірілген өнімнің аз бөлігі ғана сатылуы мүмкін. Ал қалған бөлік молшылық болып қалады. Молшылық — ұсынымның сұранымнан асып кетуі. Молшылық бағаның төмендеуіне әкеледі. Бағаның одан әрі төмендеуі өндірістің қысқаруына, сұраныстың көбеюіне әкеліп, сұраным мен ұсыным теңеседі. Баға одан әрі төмендегенде сұраным ұсынымнан асып кетеді. Бұл дефицит деп аталады.Тепе-теңдік баға көптеген факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін, олардың ең маңыздысы – салық салу мен бағаны бақылау. Бұл мемлекет араласуымен іске асырылады. Салық салу салдары тұтынушыларға да, өндірушілерге де теріс әсер етуі мүмкін, себебі, салықтың өсуінен баға өседі, яғни тұтынушы сұранымы азаяды, соның нәтижесінде өндіріс қысқарады. Бұл кезде рыноктық тепе-теңдік нүктесі өте жоғары деңгейге жылжиды.Рыноктық баға құруға мемлекеттің араласуы да сұраным мен ұсынымның тепе-теңдігін бұзады. Ол әлеуметтік маңызы бар тауарларға рыноктық тепе-теңдіктен төмен деңгейде баға белгілеуде мәжбүр ету арқылы көрсетіледі.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-38

«Елбасымыздың 2012 жылғы халыққа жолдауында Қазақстан халқыныңдамушы отыз елдің құрамына кіруге ықпалдасатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше болу тапсырмасы жүктелген болатын»[13].

 Қазір бүкіл дүние жүзі өздерінің азаматтарының өмірі мен денсаулығының сапасын, қоршаған ортаның сапасын, сондай-ақ бәсекелестікке төтеп беретін өнім сапасын арттыру жолын қарастырып, дамыта түсуде. Рыноктық экономикада бәсекелестік ортаның болуы сапа мәселелеріне аса қатты көңіл бөлуге мәжбүр етті. Біздің еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымыенуі көптеген ұйымдарда, өндірісте, өкілдіктерде жаңа басқару жүйесіне көшу қажеттілігін тудырды, ол аз шығынмен өндіруді, жоғары сапалы өнімді шығаруға және де Қазақстан нарығында талап етілетін және бәсекеге төтеп беретін деңгейге жетуі қарастырылады. Сол себептен әрбір өнім мен қызмет көрсету сапасы анағұрлым жақсы болуы үшін, өнім сапасына деген сұраныс та күн«сайын артуда. Бүкіләлемдік сапа күні бүкіл әлемде әр жыл сайын қараша айының екінші бейсенбісінде тойланады. Біріккен ұлттар ұйымы қолдау мақсатында Еуропалық сапа ұйымымен ЕСҰ бекітілген. Алғашқы Бүкіләлемдік сапа күні іс-шарасы 1989 ж. тойланды. Ал 1995 жылдың осы күнге сай келетін аптасын Еуропалық сапа ұйымы «Еуропаның сапа апталығы» деп жарияланды. Бүкіләлемдік сапа күнінің мақсаты өнім мен қызметтің жоғары сапа мәнін арттыру, сонымен қатар сапа мәселелеріне назар аудартатын салаларын іске қосу болып табылады. Сапа мәселелері әрдайым әлемдегі барлық жетекші экономика назарында.Көптеген дамыған елдерде өткізілетін Бүкіләлемдік сапа ұйымы мен Еуропаның сапа апталығы іс-шараларыадам өмірінің сапасын арттыру мен қоғамды тұрақты дамуын қамтамасыз етуі үшін өнімнің, қызметтің, мемлекеттік»[14] және муниципалдық басқару сапасын маңыздылығын айқындау үшін бағытталған.Бұл жерде тек қана адамдар мен қоршаған ортаға арналған өнімдер қауіпсіздігіне ғана емес, сондай-ақ, тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру деңгейі, олардың физикалық және психикалық жай-күйін қамтамасыз ету жөнінде айтылады. Сапаны басқару кәсіпорынға бірден-бір басты бәсекелестік  қарқындылығын қамтамасыз ететін, айтарлықтай күрделі әрі қиын процесс болып табылады.

Сол себепті, Қазақстан Республикасы да өз кезегінде сапаны жақсарту мақсатында мықты алпауыт державалармен сауда қатынасын жасасуда, сонымен қатар «Президентіміз халық тұтынатын отандық өнімімізді дамытып, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын жыл санап арттыру тапсырмасын жүктеді. Шын мәнінде біздің өмір сүруіміздің сапасы сөзсіз өзімізге байланысты. Әрдайым санына емес, сапаға мән бер! Сапаны сезінгенде ғана санына да жетесің…»[15]

Еліміздің нарықтық экономика деңгейінің жоғарлауына байланысты отандық өнім шығарушы және қызмет көрсетуші кәсіпорындардың ,  ұйымдар мен қоғамдардың саны қазіргі уақытта арта түсуде және де осы мекемелердің қызметтері үшін тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар сыртқыларда да жаңа шарттарды анықтады. Кәсіпорындар тұтынушылар сұраныстарын арттыру мақсатында шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің сапасын, қойылатын талаптарды орындауымен үнемі жақсартуда,  яғни басты принцип өнім сапалы болған сайын сұраныс жоғары әрбір кәсіпорын өнімдердің, процестердің, қызметтердің адамдардың өмірі мен денсаулығына, азаматтардың мүлкіне қоршаған ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет. Осы кәсіпорындардың жүзеге асыратын қызметі, олардың қызмет, процесс, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі әрдайым тексеріледі. Бақылау мен қадағалау, сертификаттау бойынша жұмыстар уәкілетті мемлекеттік органмен атқарылады. Қазіргі таңда кәсіпорындар өз тәжірибелерінде ұлттық жөне халықаралық нормалармен үйлескен ережелерді зерттеп, қолданады. Олар өз қызметтеріне «жақсарту және өнім, қызмет сапасын жоғарлату мақсатында Қазақстан Республикасында ұлттық стандарттар болып қабылданған, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ИСО 9000 сериялы стандарттардың талаптарын орындауда. Сапа менеджментінің жүйесін қабылдау стандарт талабына сай қоғамның стратегиялық шешімі болып табылады. Сапа менеджментінің»[16] жүйесін жобалау мен ендіру өзгеруші қажеттіліктермен, арнайы мақсаттармен, көсетілетін қызметпен, қолданылатын процестермен, ұйымның мөлшерімен және құрылымымен анықталады.

XXI ғасыр сапалы өнімнің ғасыры, яғни еңбек сапасы, өнім және қызмет қоршаған «орта сапасы сияқты қасиеттерді белгілейді. Сапа – саясатты және экономикалы категория. Сондықтан да сапа ұлттық экономиканы қатайтудың негізгі жағдайы. Мұны алдыңғы қатарлы мемлекеттің тәжірибесі көрсетті. Ұйымда және кәсіпорында сапа мәселесін шешу сапа жүйесін ендіру болып табылады, яғни ИСО 9000 сериялы стандартына сәйкес. Бұл сәйкестікті растайтын сертификат, нарық жағдайында өндірілген өнімнің бәсекелестік жағдайында өте қажет. Бәсекелестік – нарықтың кез-келген өзгерісіне байланысты өзгеріп, ұйымды жаңа нарықтық жағдайға дайындайды. Өнімнің өндірісте ең жоғары көрсеткішке бағытталуы барлық субъектінің стратегиялық бағытталуына әкелу керек. Сапа менеджментінің тәжірибелі және теориялы дамуының жаңа кезеңі ИСО 9000 сериялы стандартының жаңаруымен байланысты. Сапа жүйесі үшін үрдістің өзара байланысын анықтау қажет. Бұл үрдістерді басқаруда өзгерістерді таңдау үлкен мәнге ие. Сапа жүйесі үшін сәйкес құжаттарды жасау қажет болып табылады, ресурстар және ақпараттар сапаны жақсарту үрдісін іске асыру үшін қажет. ИСО 9000:2000» [17] стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің құжатамасы келесіден тұрады: сапа аумағында саясат және мақсаттар құжаттамалы түрде реттелуі керек, сапа үрдісін басқаруды іске асыру және жоспарлау үшін басшылық ету және де осы үрдістерді басқару қажет. Сапа саясаты ұйым мақсатына сәйкес болуы керек және әрқашан сапа менеджмент жүйесінің нәтижесін өсіруге әсер ету керек.

 Қазақстан Республикасының президенті «Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында мынаны атап өтті, яғни Қазақстан аз уақыт ішінде Батыс елд  ерінің сапаны басқару жөніндегі жарты ғасырлық тәжірибесін игеруі қажет деді»[18]. Соңғы кезде сапаны басқару мәселесі жалпы әлемдік сипаттамаға айналды. Қазір барлық мемлекеттің нарықтық жүйесі, нарықты бағындыратын сапалы тауарға және қазыметке   ұмтылды. Қазіргі заманғы өндірістің мақсаты жоғары сапалы өнімді шығару және қызыметі қөрсету болып табылады. Тұтынушы сапасына байланысты бағасын сәйкестендірді, өйткені жоғарғы сапа пайдалану шығынын төмендетеді.  Біздің еліміздің Бүкіләлемдік халықаралық сауда ұйымына енуі көптеген ұйымдарда, өндірісте, өкілдіктерде жаңа басқару жүйесіне көшу қажеттілігін тудырды, ол аз шығынмен өндіруді, жоғары сапалы өнімді шығаруға және де Қазақстан нарығында талап етілетін және бәсекеге төтеп беретін деңгейге жетуі қарастырылады.

Қазіргі ХХІ ғасыр әр елдің экономикалық жарысы негізінде  тұтыну қоғамы деп те атайды. Осы қоғамдық тұтыныс бұрыннан бері жеке адам қызметінің және тұтас алғанда өндіріс пен экономиканың дамуының басты қозғаушы күші ретінде саналған. Қазіргі заманғы экономика жағдайында тұтынушылық сұранысқа алуан түрлі факторлар әсер етеді. Тұтынушылық сұраныс мазмұнының, формаларының, тұтынушы талғамдары мен қалауларының өзгеруі, нарық жағдайларының, әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызмет ету шарттарының өзгеруі, сондай-ақ, тұтынушылық сұраныстың нарықтың көптеген аса маңызды үдерістеріне әсерінің күшеюімен байланысты осы тұтынудың және оған әсер ететін факторлар «табиғатының тәжірибелік маңыздылығы бүгінгі күні арта түсуде. Елімізде тұтынушылық сұраныстың кеңеюіне  халықтың табыс мөлшері мен жалақының өсуі көбірек  ықпал етеді. Осылайша, соңғы деректер бойынша  нақты ақшалай табыс 7,4%-ға, нақты жалақы 7,2%-ға өсті. Жұмыссыздық 5,3% -ды құрады.2012 жылғы наурыз айының қорытындылары бойынша инфляция 5,6-5,8% деңгейін құрады және 2012 жылғы маусымның аяғындағы 5,9-6,1% жылдық инфляцияға сәйкес келеді. 2012 жылғы сәуір-маусымда жұмыртқа, сүт, көкөніс, ет өнімі сияқты азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерінің, білім беру қызметінің бағаларының төмендеуі күтіледі. 2011 жылғы 2 тоқсанда Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарында (халықтың орташа жан басына шаққанда) ең көп тұтынатын сүт және сүт өнімдері, ең аз тұтынатын балық және теңіз өнімдері болып табылады. Сүт өнімдерін ең көп тұтынатындар – Алматы болып тіркелген.  Балық және теңіз өнімдерін Атырау облысы, ең аз тұтынатындар Оңтүстік-Қазақстандықтар. Ет және ет өнімдерін Алматы облысы – Оңтүстік-Қазақстан облысы көп тұтынады». Алматы облысы елімізде барлығынанда көп жеміс тұтынса, ең аз Жамбыл облысы тұтынады екен. Атырау облысы Қазақстанда ең көп қант қоданса, джем, шоколад және кондитерлік өнімдерді ең аз жақсы көретіндер Астана. Тұтынушылық сұраныстың дамуының институционалдық бағыты шеңберінде «институционалдық детерминанттар» категориясы ерекше бөліп көрсетіледі. Өйткені индивидтер өздерінде өмір бойы ұзақ уақыт қалыптасқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына негізделген қалаулары мен дағдыларын бірден өзгерте алмайды.[19] Көптеген экономистер тұтынушылық сұраныстың институционалдық детерминантары ретінде келесі дәстүрлі емес факторлары бөліп көрсетеді.

1.Беделді тұтыныс.

Беделді немесе ауқатты тұтынудың бірқатар ерекшелігі беделді сұраныс олигархиялық топтарға тән және ол оның беделі мен абыройынан хабардар етеді. Беделді сұраныс тек олигархиялық топ өкілдеріне ғана тән құбылыс емес, сонымен қатар, халықтың басқа да орташа тап өкілдеріне, яғни салыстырмалы бай адамдарға да байланысты болып келеді. Беделді сұраныс тіпті төменгі тап өкілдеріне де тән, бірақ ол ерекше сирек жағдайларда (үйлену тойын өткізу) ғана орын алуы мүмкін.

  1. Тұтынушылық несие.

Қазіргі уақытта, әсіресе елімізде тұтыну несиесіне сұраныс тез қарқынмен өсіп келеді және банктер де оны белсенді түрде дамытып келеді. Қазақстанда бүгінгі күні қажеттіліктері мен сұраныстары толығымен қарыз құралдарына тәуелді болып табылатын тұтынушылардың жаңа бөлігі (сегменті) қалыптасып келеді. Көбінесе, несиелердің 45%-ы тұрмыстық техниканы, телефондарды, аудио және бейнетехниканы сатып алу үшін алынады, 20-25%-ы мақсатсыз несиелерге тиесілі, ал қалған үлесін жылжымайтын мүлік бойынша ипотекалық несие мен автонесиелеу теңбе-тең бөліседі

3.Трансакциондық шығындар. Тұтыну сұранысының институционалдық детерминантасы ретінде трансакциондық шығындар тұтынушылардың игіліктерді сатып алу келісімдерімен байланысты болып табылады. Нәтижесінде, белгілі бір трансакцияны іске асырғаннан кейін келісімге қатысушы тұлғалардың әл-ауқаттылық деңгейлері артады – тұтынушы тауарды сатып ала отырып өз қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырады, ал сатушы өз тауарын сата отырып өз пайдасын арттырады. Қазақстандық тұтыну нарықтарында тұтынушылардың трансакциялары отандық және шетелдік сауда желілерінің өзара бәсекелесу объектісі болып табылады.

Осыған байланысты:

  • қазақстандық экономикада соңғы өнімдерге деген тұтынушылық сұраныстың бірқатар ерекшеліктерін ашып көрсетуге болады:
  • тұтынушылық сұраныстың үздіксіз өсіп отыруымен бірге үнемі кейінге қалдырылып отыратын сұраныстың да орын алуы;
  • көлеңкелі экономиканың аса маңызды ауқымымен байланысты тұтынушылық шығындар мен табыстардың сәйкессіздігі;
  • өте кең диапазондары бар тұтынушылық қалаулармен сипатталатын халық табыстарының едәуір теңсіздігі мен дифференциациясы;
  • тұтыну құрылымында импорттық тауарлар үлесінің артуы;
  • «жекелеген тұтынушылардың бағаға деген толеранттылығы, ал ол өз кезегінде Гиффен тауарлары тізімін арттыруға алып келеді
  • отандық тұтынушылардың беделді сұранысында аймақтық өзгешеліктердің орын алуы.» [20]

Қазақстандық экономикада сауда желілерінің дамуына мүмкіндік беретін және әсер ететін факторлар да бар. Олар:

  • тұрғындардың орташа жалақыларының және нақты ақшалай табыстарының өсуі;
  • қазақстанның сыртқы сауда айналымының өсуі;
  • азық-түлік тауарлары мен тұтыну заттары сияқты ең негізгі сегментті қамтитын тұтынушылық нарықта отандық сауда желілерінің жоғары қарқынмен өсуі;
  • қазақстандық нарықты аса қарқынды түрде жаулап келе жатқан шетелдік сауда ритейлорларының жоғары бәсекелік қабілеттілікке ие болуы;
  • электрондық коммерция саласында сауда желілері қызметінің негізін құрайтын ІТ-технологиялардың қарыштап дамуы.
  • басқа елдерде кеңінен таралған бизнесті жүргізудің әртүрлі формалары мен үлгілерін белсенді түрде қолданып соларды сырттан импорттау;
  • өндірісті ұйымдастыру, басқару, қызметкерлерді ынталандыру, инвестициялау, табыс таба білу бойынша желілік ритейлор ретінде қатысатын фирмалардың көп пайдаға кенелуі.[21]

Тұтынушылық таңдау мен тұтынушылық сұраныс теориясының қыр-сырын зерттеу арқылы біз қандай да бір нақты тауарлар мен қызметтерге сұраныстардың қалыптасу үдерістерін қарастыруға мүмкіндік аламыз. Сонда импорт тауарлары азайып, экспортқа тауар шығару қанат жаяды. Қазақстан Республикасының азаматтарының тұтынушылық сұраныстарын қанағаттару — өкіметтің, отандық кәсіпкерлердің  басты міндеті.

«Жоғарыдағы мəліметтері көрсетіп отырғандай, тұрғындарға арналған несие қоржыны құрылымында басты орынды тұтынушылық несиелер алады. Берілген несиелердің 70 % жуығы тұтынушылық несиелердің үлесінде, өйткені азаматтар қысқа мерзімді қаржы тапшылықтарын осы несиелерді алып жабады. Тұрғындардың тұрғын үй салуға жəне сатып алуға несиелері, оның ішінде ипотекалық»[22]

«Несие қоржынын талдау мына кезеңдерден тұрады:

  • қарыздар сапасын бағалау критерийлерін таңдау;
  • бағалаудың əдістерін анықтау (нөмірлік немесе баллды жүйеде бағалау);
  • тəуекел тобына қарай жіктеу;
  • əрбір топ бойынша тəуекел пайызын анықтау;
  • жалпы несие қоржыны бойынша əрбір топтың көлемінде тəуекелдің абсолюттік шамасын есептеу;
  • қарыздар бойынша мүмкін болар зияндарды жабуға арналған резервтер көздерінің шамаларын анықтау;
  • қаржы коэффициенттері жүйесінің, сондай-ақ оны құрылымдық талдау негізінде несие қоржыны сапасын бағалау.» [23]

Тұтынушы таңдау іс-әрекеті моделі (мінез-құлқы) – тұтынушылардың әр түрлі тауарлар мен қызметтерге сұранымының қалыптасу процесі. Тұтыну игіліктерін алу сферасындағы адамдардың әрекеттері санасына тәуелді және айқын болжауға келмейді. Алайды кез келген тұтынушы өмір салтынан бірқатар айрықша белгілерді табуға болады:

  • Тұтынушы сұранымы оның жеке бюджет мөлшеріне әсер ететін табыс деңгейіне тәуелді болады. Табысы шекті болғандықтан, тауарлар саны шекті.
  • Әрбір тұтынушы өз ақшасына барлық мүмкін болатын заттарды, яғни жиынтық пайдалылықты барынша арттыруға ұмтылады (4 сызба).
  • Орта қалыпты тұтынушының талғамының айқын жүйесі және әсемдік, сәндік көзқарасы бар.
  • Тұтынушы сұранымына рынокта өзара алмасатын және бір-бірін толықтыратын тауарлардың бар немесе жоқ болуы әсер етеді.

Берілген заңдықтарға тіпті саяси экономика классиктерінің өздері назар аударған. Бүгінгі ғылым тұтынушы мінез-құлқын шекті пайдалылық теориясы және талғамсыздық қисықтары әдісімен анықтайды.Пайдалылық немесе Ютиль (ағыл. utіlіty) – тұтынушының тауарлар және қызметтер жиынын тұтынудан алатын ләззаты немесе сезімдік қанағаттануы. Пайдалылық жалпы және шектіге ажыратылады. Жалпы пайдалылық (total utіty-TU) – барлық игілік бірліктерін тұтынудан алған жиынтық пайдалылық. Бұдан шекті пайдалылықтың ерекшелігі, ол жалпы пайдалылықтың өсіндісі болып табылады. Шекті пайдалылық (Margіnal utіlіty-MU) – тауар немесе қызметтің бір қосымша бірлігін тұтынудан туындайтын қосымша пайдалылығы. Өнімнің кез келген санының жалпы пайдалығын шекті пайдалылық көрсеткіштерін қосу арқылы анықтайды. Мысалы, тұтынушы 10 алма сатып алады. Олардың жалпы пайдалылығы 10 ютильге тең, егер 11-ші алма сатып алынса, онда жалпы пайдалылық өседі де 11 ютильге тең болады. Шекті пайдалық, яғни қосымша 11-ші алманы тұтынудан алған қанағаттану былай анықталады:

Пайдалылық максималды ету ережесі математикалық мәні былай өрнектеледі:

Тұтынушының бір тауарды тұтынудағы қанығуы мөлшеріне қарай ол үшін бұл тауардың субъективті пайдалылығы қысқарады. Мысалы, бірінші телевизорды алуға қажеттілік өте жоғары болса, екінші және үшінші телевизорларды алуға сәйкесінше төменірек болады. Бұл кемімелі шекті пайдалылық заңы әрекет ететінін көрсетеді. Тауардың пайдалылығының төмендеуі екі салдарға әкеледі: табыс әсері және орын ауыстыру әсері. Бұл туралы айтып кеткен болатынбыз. Тұтынушы іс-әрекеттік мінезінің терең түсіндірмесі шектеу және талғамсыздық қисықтары әдісімен беріледі. Бюджеттік шектеу ақшалай табыстың тұрақты шамасында сатып алынатын екі өнімнің әр түрлі комбинацияларын көрсетеді. Мысалы, егер А өнімі (апельсин) 15 мың тг, В өнімі (алма) 10 мың тг тұрса, онда 120 мың тг. табысы бар тұтынушы бұл тауарды 12-ші кестеде көрсетілгендей әр түрлі комбинацияда сатып ала алады. Бюджет шектеуінің орналасуы бірқатар факторларға тәуелді болады. Олардың ең бастысы ақшалай табыстың шамасы және өнім бағасы. Ақшалай табыс әсері. Ақшалай табыстың өсуі бюджеттік шектеуді оңға жылжытады, ақшалай табыстың төмендеуі оны солға жылжытады. Баға өзгерісі әсері. Екі өнім бағасының нақты табыс өсуіне эквивалентті төмендеуі, графикті оңға жылжытады. Керісінше, А және В өнімдеріне бағаның өсуі графикті оңға жылжытады. Талғамсыздық қисығы – бірдей тұтыну маңызы бар немесе пайдалылығы бірдей екі өнімнің әр түрлі комбинациясын көрсететін қисық. Мысалы, А (апельсин) және В (алма) өнімдері. Айталық, тұтынушыға оларды қандай үйлесімде сатып алса да бәрібір болсын делік: 12 апельсин және 2 алма, 6 апельсин және 4 алма. Екі өнімнен құралған барлық жиындардың тұтынушы үшін пайдалылығы бірдей. Бір өнімнің қандай да бір санынан бас тарту арқылы жоғалтқан пайдалылықтың орны басқа өнімнің қосымша санынан алынатын пайдамен толтырады. Бірақ, пайдалылық деңгейі бойынша ажыратылатын талғамсыздық қисықтарының жиындары да бар. Талғамсыздық қисықтарының бұндай әулеті талғамсыздық картасы деп аталады. Тұтынушы мінез-құлқын түсіндіруге талғампаздық қисықтары тұрғысынан көзқарс тұтынушы бюджетіне және талғампаздық қисықтарына негізделеді.

а)

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-39

б)

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-40

 

Сұраныс пен ұсыныстың Қазақстандағы экономикалық процестерге әсері:

Бұл бөлімде біз Қазақстандағы экономиканың әртүрлі салаларына сұраным мен ұсыным заңдарының практикадағы әсерін талқылаймыз. 2001 жылы Қазақстанда электроэнергия мен оның өндіруіне сұраным мен ұсыным өседі. Ұлттық электрлік желілер қайта құрылады. Алда Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік жүйелерін біріктіру жоспарлануда. Бұл туралы “Транзиттік экономиканың шарты бойынша энергетикадағы заңдылық пен реттеушілік” атты өткен конференцияда энергетика мен минеральді ресурстар Министерствосының мемлекеттік энергетикалық қадағалау Комитетінің төрағасының орынбасары Есет Жұмабеков айтты. Азиаттық энергетикалық рыноктың жағдайын талқылау үшін Алматыға Армения, Грузия және АҚШ мемлекеттерінің өкілдері келді. Олар екі негізгі мәселелерді көтерді. Бірінші – коммерциялық энергетикалық кәсіпорындарды мемлекеттік реттеу. Қазақстан үшін бұл өте актуалды, өйткені салаларды реформалағаннан бері (1995 жылдан бастап) өкімет энергетикалық саламен байланысты заңдарды өзгертуге тиіс болып отыр. Екінші – электроэнергияның көтерме сауда рыногы. Бұл сұрақ та біздің елімізге маңызды, себебі Қазақстанда ЖЭО көп, олар жылу мен электр өндіреді. Олар бәсекелестікте тек қана электроэнергияны өндіруге мамандандырылған компаниялардан артта қалады. Есет Жұмабековтың ойынша мемлекеттің энергетикалық рыногында осы жылы электроэнергияны жеткізуші ЖЭО болады. Ол Жамбылдағы ГРЭС мысал етіп келтіреді. Есет Жұмабеков егер Қазақстанның осы кәсіпорынды тұрақты тиелімдеуге шамасы жетпесе, онда оны көгілдір отынның жетпегенінен әлсіремейтін Ресейге беруге тиіс деп санайды. Қазір бұл кәсіпорын еліміз үшін пайдалы емес. Әзірге энергетикалық қуаттың артылуы болып жатқан Солтүстік және Шығыс Қазақстаннан басқа аймақтар көрші мемлекетке тәуелді болып отыр. Атырау және Маңғыстау облыстары айрықшылыққа жатады. Батыс Қазақстан және Ақтөбе аймақтары өздері пайдаланып отырған электроэнергияның 68%-ын импорттап отыр. Дегенмен де өкінішті ағаттықтарға қарамастан Қазақстанның энергетикалық рыногында тұтас ахуал тұрақтанып отыр. Зерттеулер 0,2 немесе 0,25 реттікте ауылшаруашылық өнімге деген сұраным икемсіз екенін көрсетеді. Ауа-райының қолайлығына немесе өндірістің тиімділігінің өсуіне байланысты ауылшаруашылық өнімнің молаюы ауылшаруашылық өнімнің бағасын және шаруалардың жиынтық түсімін (табыс) бір жола азайтады. Өнімге деген сұранымның икемсіздігі шаруалар үшін үлкен егіннің алымы ұнамсыз екендігін білдіреді. Саясаткерлер үшін шаруалардың табысының өсуі шаруалық өндірістің шектігіне байланысты екенін білдіреді. Автоматтандырудың ықпалы, яғни шапшаң технологиялық процестің жұмыспен қамтылу деңгейіне ықпалы өндірілген өнімге деген сұранымның икемділігіне байланысты. Фирма жаңа технологиялық жабдықтар құрды, бұл технологиялық жұмыссыздыққа, 500 жұмысшының жұмыстан шығуына әкелді деп болжап көрелік. Сонымен бірге технологиялық процеске байланысты шығындардың азаюы мен тауарлардың бағаларының түсуіне әкелді. Енді фирманың тауарды сатуының көлеміне бағалардың түсуінің және керекті жұмысшылардың санының ықпалы өнімге деген сұранымның икемділігіне байланысты. Икемді сұраным сатудың кеңейтуін қамтамасыз ете алады. Бұндай жағдайда фирмадан шығарылып тастаған жұмысшылар (бәрі немесе 500 ден де көбі) басқа бір фирмаға жұмысқа алынады. Сұранымның икемсіздігі сату көлемінің өсуі мен фирманың өндірісі көп болмағандығына байланысты жұмысшылардың кейбіреулерінің (немесе ешқайсысы) жұмысқа алынатынын білдіреді. Үкімет қандай тауарлар мен қызмет көрсетулерді акциздеуді таңдай отырып, оларға деген сұранымның икемділігіне көңіл бөледі. Мысалы, белгілі бір өнімге 1 доллар салық орнатылды деп ойлап көрейік, ал сатудың көлемі 10000 бірліктерді құрайды. Салық салудан түсетін табыс 10000 долларға тең екені айқын. Ал енді салық 1,5 долларға дейін көтерілсе, жоғары бағаға сату 5000 бірлікке, салық салудан түсетін табыс 7500 долларға түседі. Сұранымы икемді өнімге салықтың өсуі салық салудан түсетін табыстың қысқаруына әкеледі. Бұл заң шығарушыларды акцизді салық қабылдай отырып, сұранымы икемсіз өнімді, мысалы алкогольді ішімдіктер және темекілерді іздеуге итермелейді.[25]

Қорытынды

Біздің қорытындыларымыз бойынша, егер адал қарыз алушының қызметінде материалдық қиыншылықтар пайда болатын болса, онда банк өз тарапынан пайда мөлшерін төмендетпеу үшін қарызалушыға несиені өтеудегі əр түрлі кезеңдерді ұсынуы қажет. Жүргізілген талдаудың көмегімен қарызалушылардың қаржылық сипаттамасына арнайы бағыттар ұсынуға болады, яғни, несиені өтеу үшін ақша ағымдардың мөлшерін жобалау жəне қарызалушылардың несиені өтеудегі тиімді жолдарын талдау қажет. Қалыптасқан несиелік қоржынның тиімділігін анықтауды оның құрылымы бойынша анықтауға болады. Осылардың арқасында несие берудегі несиелік қоржынды басқару скорингтік үлгі бойынша жəне несиені берудегі несиелік тəртіптің құрылуы жүзеге асырылады. Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы «27 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі жөнінде сын айтты және жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.» Осыған байланысты бүгін Агенттіктің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтуға және осы саладағы жүйелі проблемаларды жою бойынша бірқатар ұсыныстарға тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.
«2010 жылғы мамырда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң қабылданды, осыған сәйкес Бәсекелестікті қорғау агенттігі мынадай өкілеттіктер бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалды:
— тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

— тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
— осы салада қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасу.

Осы заң қабылданғанға дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерімен қоғамдық бірлестіктер айналысты. Тұтынушы маркетингі — əлеуетті тұтынушылар мен шынайы тұтынушылардың əлеуметтік-экономикалық жəне психологиялық түрлерін, олардың өмір сүру стильдерін, дағдыларын, қажеттіліктерін, мотивтерін жəне түрлі маркетингтік құралдарды қолдана отырып, тұтыну нарығына əсер ету шараларының жүйесін жасау. Жоспарлы жəне жүйелі маркетингтік шаралармен жүзеге асатын аталған маркетинг нарықтағы белгілі бір тауарлар мен қызметтерге деген сұранысқа əсер етуге мүмкіндік береді.

Нарыққа тұтыну тауарларын ұсынатын кəсіпорындар мен фирмалар тұтынушылар санының көп болуын талап етеді. Ал өндірістік-өнеркəсіптік бағыттағы тауар өндірушілер көбіне бір ғана сатып алушы-тапсырыс берушімен шектеледі. Кəсіпорынның əлеуетті сатып алушылардың саны нарықтағы əрбір келісімнен пайда табу мүмкіндігінің жоғары болуына байланысты. Осы келісімдер қаншалықты көп болса, тұтыну тауарларын өндіретін фирмаларға соншалықты тиімді. Маркетинг тарихы маркетингтің қазіргі жəне əлеуетті тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеуге бірден емес, біртіндеп келгенін көрсетті. Тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау жəне қанағаттандыру тұтынушы маркетингтің тар аядағы мақсаты ғана емес, барлық ресурстарды жоспарлаудың, тиімді, əрі ұтымды қолданудың міндетті шарты. Көптеген кəсіпорындар үшін, инвестициялық капиталдан пайда табу бастапқы міндет болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – 2013.27-бет
  2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М. Ә. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2014.32-бет
  3. Мухамедиев В. М. Микроэкономика- Алматы: 2011.26-бет
  4. Я.Ә. Әубәкіров, Қ. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е.Байжұманов, С. Досқалиев, Ж. Жәйшебеков. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2014 ж.,95-бет
  5. Молдахметова А.Б., Өтебаев М.Ө. Микроэкономика: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2013.69-бет.
  6. Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет. -2015.-9 қаңтар.
  7. С.С. Мәуленова,   С. Қ. Бекмолдин,    Е.Қ. Құдайбергенов “Экономикалық  теория” оқулық  І-бөлім – Алматы, 2014.45-бет
  8. Өтеев Р. А., Бердисугиров Е.М Экономика негіздері – Алматы: 2013. 53-бет
  9. Әубәкіров Я., Байжумаев Е., Досқалиев С. Экономикалық теория негіздері.-Алматы: 2013. 479-бет
  10. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми сайтының статистикалық мəліметтері. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://www.nationalbank.kz/? HYPERLINK «http://www.nationalbank.kz/?&switch=kazakh»&HYPERLINK «http://www.nationalbank.kz/?&switch=kazakh»switch=kazakh
  11. Осипова Г. М. “ Экономикалық  теория ”  Алматы  2012 ж.,68-бет
  12. comprezi.com
  13. Түркістан. Халықаралық саяси апталық-2015-№45,-12 қараша
  14. К. Хамитова. Экономика негіздері- Астана: 2011. 136-бет
  15. Егемен Қазақстан: Жалпыұлттық республикалық газет. -2016.-№130.-9шілде.
  16. http://www.government.kz
  17. Дүйсенова Н., Мынатаев М. Экономикалық теория- Астана: 168-бет. Әкімбеков С., Баймұхаметова А. Жаңа экономика- Астана: 2015. 198-бет
  18. https://egemen.kz/article/serpintanytatynsat
  19. economics.kazgazeta.kz
  20. Керімбек Ғ.Е Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік- Алматы: 2013. 78-бет
  21. Е.Қ. Құдайбергенов- Экономикалық жүйелер-Астана:56-бет
  22. Есенғалиева Қ. С. Микроэкономика.- Алматы, 2015.23-бет.
  23. Сатыбалдин Қ.Д., Оралтаев Т.Қ. Микроэкономика- Алматы: 2011, 96-бет.
  24. Жүнісов Б.А. Микроэкономика- Астана: 2011 г. 74-бет.
  25. C.Қ.Құрманбаев, Ш.Т.Аитимова, Е.К.Мудакинова-Алматы 2011. 296-бет

Құрастырғандар: Кеңесбек А.Қ., Зетбек Б.М.

Яндекс.Метрика